Бірыңғай экономикалық кеңістік және Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберінде отандық өндірушілердің мүдделерін ілгерілету және қорғау жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 703 қаулысы

      Бірыңғай экономикалық кеңістік және Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберінде Қазақстан Республикасы өндірушілерінің мүдделерін қолдау, ілгерілету және қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Бірыңғай экономикалық кеңістік және Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберінде отандық өндірушілердің мүдделерін ілгерілету және қорғау жөніндегі іс-қимыл жоспары бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 10 шілдедегі
№ 703 қаулысымен   
бекітілген      

Бірыңғай экономикалық кеңістік және Дүниежүзілік сауда ұйымы
шеңберінде отандық өндірушілердің мүдделерін ілгерілету және
қорғау жөніндегі іс-қимыл жоспары

Р/с

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау
(іске асыру) мерзімі

1

2

3

4

5

Отандық өндірушілердің мүдделерін қорғау мақсатында олармен өзара іс-қимылды күшейту

1.

Қазақстандық ұстанымды қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен бизнес-қоғамдастықтың өзара іс-қимылының тиімді тетігін орнату

Экономикалық интеграция мәселелері бойынша өзара  іс-қимыл туралы меморандум

ЭБЖМ, Қаржымині, ИЖТМ, ККМ, АШМ, СІМ, ДСМ, Еңбекмині, БҚА, ТМРА, «Атамекен» одағы» ҚҰЭП (келісім бойынша)

2013 жылғы
1 қазан

2.

КО және БЭК шеңберіндегі интеграция мәселелері бойынша Қазақстанның мемлекеттік органдары мен өңірлік бизнес өкілдері арасында консультацияларды ұйымдастыру

Үйлестіру кеңесі отырысының хаттамасы

ЭБЖМ, Қаржымині, ИЖТМ, ККМ, АШМ, СІМ, ДСМ, ККМ, Еңбекмині, БҚА, ТМРА, ЖАО, «ССДО» АҚ, «Атамекен» одағы» ҚҰЭП (келісім бойынша)

2013 жылғы
15 қазан

Қазақстандық өндірушілердің мүдделерін қорғау мақсатында кедендік-тарифтік саясатты жетілдіру

3.

Бизнес-қоғамдастықпен консультациялардың қорытындысы бойынша кедендік баж салығы мөлшерлемелерінің өзгерістері бойынша ұсыныстар тізбесін қалыптастыру

Сауда саясаты жөніндегі ВАК отырысына ұсыныстар

ЭБЖМ, Қаржымині, ИЖТМ, АШМ, «ССДО» АҚ, «Атамекен» одағы» ҚҰЭП (келісім бойынша)

қажеттiлiгiне қарай

Қазақстандық өндірушілердің мүдделерін қорғау мақсатында тауарлар импорты кезінде сауда шараларын қолдану

4.

Бизнес-қоғамдастықпен консультациялардың қорытындысы бойынша тауарлар импорты кезінде сауда шараларын қолдану бойынша ұсыныстар тізбесін қалыптастыру

Сауда саясаты жөніндегі ВАК отырысына ұсыныстар

ЭБЖМ, Қаржымині, ИЖТМ, АШМ, «ССДО» АҚ, «Атамекен» одағы» ҚҰЭП (келісім бойынша)

қажеттiлiгiне қарай

Қазақстандық өндірушілердің мүдделерін қорғау мақсатында мемлекеттік сатып алу саласын пайдалану

5.

Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының мемлекеттік сатып алу нарығына қол жеткізу шарттарын талдау

Үйлестіру кеңесінің отырысына ұсыныстар

ЭБЖМ, Қаржымині, ИЖТМ, ККМ, АШМ, ДСМ, АЗК, ЖАО, «ССДО» АҚ, «Атамекен» одағы» ҚҰЭП (келісім бойынша)

2013 жылғы
1 қараша

6.

БЭК елдері үшін сатып алу нарығының ашылуы нәтижесінде ықтимал қауіп-қатерлерді барынша азайту бойынша ұсыныстар тізбесін қалыптастыру

Үйлестіру кеңесінің отырысына ұсыныстар

ЭБЖМ, Қаржымині, ИЖТМ, ККМ, АШМ, ДСМ, БҚА, ЖАО, «ССДО» АҚ, «Атамекен» одағы» ҚҰЭП (келісім бойынша)

2013 жылғы
1 қараша

Қазақстандық өндірушілердің мүдделерін қорғау мақсатында тең бәсекелестік жағдайлар жасау

7.

Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасында өзара саудаға ықпал ететін субсидияларды қолдануға тыйым салуға бағытталған ұсыныстарды қалыптастыру

кейіннен Үйлестіру кеңесінің отырысына шығару үшін ЭБЖМ-ге ақпарат

ИЖТМ, ЖАО, «Атамекен» одағы» ҚҰЭП (келісім бойынша)

2013 жылғы
1 қыркүйек

8.

Саудадағы әкімшілік кедергілердің болуына байланысты проблемаларды жою бойынша ұсыныстар қалыптастыру:
әкімшілік кедергілер тізбесін қалыптастыру;
техникалық реттеумен байланысты проблемаларды анықтау

кейіннен Үйлестіру кеңесінің отырысына шығару үшін ЭБЖМ-ге ақпарат

ИЖТМ, Қаржымині, ККМ, ДСМ, АШМ, БҚА, ЖАО, «Атамекен» одағы» ҚҰЭП (келісім бойынша)

2013 жылғы
1 шілде

9.

Белоруссия-Қазақстан-Ресей бизнес-диалогы шеңберінде кеңес өткізу

бизнес-диалог кеңесінің қорытындылары бойынша ЭБЖМ-ге ақпарат

«Атамекен» одағы» ҚҰЭП (келісім бойынша)

әр кеңестің қорытындылары бойынша

10.

Трансшекаралық өңіраралық ынтымақтастықты қарқындату бойынша ұсыныстар қалыптастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ӨДМ, Қаржымині, БҚА, «Атамекен» одағы» ҚҰЭП (келісім бойынша)

2013 жылғы
15 қыркүйек

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
      ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
      Еңбекмині – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
      ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
      ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
      Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      ӨДМ – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі
      СІМ – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
      ЭБЖМ – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
      БҚА – Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі
      ТМРА – Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі
      ЖАО – жергілікті атқарушы органдар
      «Атамекен» одағы» ҚҰЭП - «Атамекен» одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы
      БЭК – Бірыңғай экономикалық кеңістік
      КО – Кеден одағы
      «ССДО» АҚ – «Сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы
      Сауда саясаты жөніндегі ВАК – Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссиясы
      Үйлестіру кеңесі – Экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады