"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау заңнамасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 шілдедегі № 746 қаулысы

      Ескерту. Заңның жобасы ҚР Парламентінің Мәжілісінен кері қайтарып алынды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1450 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау заңнамасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау
заңнамасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу
туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1. 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 93-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 64-құжат; № 14, 72, 74-құжаттар; 2013 жылғы 5 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төреліктің және аралық соттың қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      27-бап. Аудандық (қалалық) соттың және оған теңестірілген соттардың соттауына жататын азаматтық істер
      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 59-бабының 8-тармағында, 82-бабының 2-тармағында, 89-бабының 6 және 7-тармақтарында, 66-бабының 3-тармағында, сондай-ақ «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13-бабының 5-тармағында көзделген істерді қоспағанда, азаматтық істер аудандық (қалалық) және оларға теңестірілген соттарда қаралып, шешіледі.»;
      2) 37-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 59-бабының 8-тармағында, 82-бабының 2-тармағында, 89-бабының 6 және 7-тармақтарында, 66-бабының
3-тармағында, сондай-ақ «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13-бабы 5-тармағында көзделген азаматтық істерді сот атынан әрекет ететін судья жеке-дара қарайды.»;
      3) 273-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Егер «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында немесе «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында өзгеше көзделмесе, сайлауға, республикалық референдумға әзірлік және оларды өткізу кезеңінде, сондай-ақ дауыс беру күнiнен бастап бір ай iшiнде келіп түскен арыз – бес күн мерзімде, ал дауыс беру алдындағы бес күнге жетпейтiн уақыт ішінде, дауыс беру күнi және сайлау, республикалық референдум қорытындылары жарияланғанға дейiн келіп түскен арыз дереу қаралуға тиіс.
      Сайлаушылардың (таңдаушылардың) тiзiмдеріне түзету жасау қажеттiгi туралы сайлау комиссиясының шешiмiне шағым жасау туралы арыз келiп түскен күнi қаралуға тиiс.»;
      4) 274-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «274-бап. Соттың шешімі және оның орындалуы
      1. Арыз негiздi деп танылған сот шешiмi бұзылған сайлау құқығын қалпына келтiру үшiн негiз болып табылады.
      2. Сот шешімі дереу заңды күшіне енеді. Ол тиісті мемлекеттік органға, жергілікті өзін-өзі басқару органына немесе сайлау комиссиясының төрағасына жіберіледі. Сот шешімінің орындалмауына кінәлі лауазымды адамдар заңда белгіленген жауаптылықта болады.
      3. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 59-бабының 8-тармағында, 82-бабының 2-тармағында, 89-бабының 6 және 7-тармақтарында, 66-бабының 3-тармағында, сондай-ақ «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, сот шешіміне шешімнің көшірмесі тапсырылған күннен бастап үш күн ішінде апелляциялық тәртіппен шағым берілуі мүмкін.
      Шағым сотқа келіп түскен күннен бастап үш күн мерзімде, ал дауыс беруге дейін бес күнге жетпейтiн уақыт ішінде, дауыс беру күнi және сайлау, республикалық референдум қорытындылары жарияланғанға дейiн келіп түскен шағым дереу қаралуға тиіс.
      Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы дереу заңды күшіне енеді және шағымдануға жатпайды.».
      2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат;
№ 14, 72-құжат; 2013 жылғы 5 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төреліктің және аралық соттың қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2013 жылғы 11 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2013 жылғы 11 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жаңа түрлерін енгізу және олардың қолданылу салаларын кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2013 жылғы 11 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      541-бап мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «8-1) өтініш берушілер – азаматтардың және қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарының, азаматтардың және қоғамдық бірлестіктердің республикалық референдумға қатысу құқықтарының бұзылуы туралы өтініштері бойынша;».
      2-бап. Осы Заң 1-баптың 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады