"Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 ақпандағы № 109 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 тамыздағы № 767 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1011 қаулысымен.

      ПРЕСС-РЕЛИЗ

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 ақпандағы № 109 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 2, 94-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Өңірлік даму комитеті міндеттемелері мен мүлкін Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне бере отырып таратылсын.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі туралы ережеде:
      16-тармақта:
      1. Орталық аппараттың функцияларында:
      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «14) жетекшілік ететін салада/аяда/өңірде стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу тиiмдiлiгiн бағалау жөніндегі әдістемені әзірлеу және бекіту және жергілікті атқарушы органдар үшін оны әдіснамалық сүйемелдеу;»;
      16) тармақша алынып тасталсын;
      96) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «96) өз құзыретіне жататын жерді беру және алып қою, жерді бір санаттан басқасына ауыстыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау жөніндегі жұмысты үйлестіру;»;
      мынадай мазмұндағы 107-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «107-1) жетекшілік ететін салаларда кадрларға қажеттілікті айқындау;»;
      2. Ведомстволардың функцияларында:
      мынадай мазмұндағы 46-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «46-1) өз құзыретіне жататын жерді беру және алып қою, жерді бір санаттан басқасына ауыстыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау;».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады