Қорғаныс мұқтажы үшiн жер учаскелерін беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 тамыздағы № 789 қаулысы

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексі 13-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Ақтөбе аудандық пайдалану бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесіне қорғаныс мұқтажы үшін тұрақты жер пайдалану құқығында Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының елді мекендерінің жері санатынан жалпы алаңы 6,8372 гектар жер учаскелері берілсін.
      2. Ақтөбе облысының әкімі және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 5 тамыздағы
№ 789 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Ақтөбе аудандық
пайдалану бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесіне тұрақты
жер пайдалану құқығында берілетін жер учаскелерінің
экспликациясы

Р/с

Берілетін жер учаскесінің жер санаты

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жалпы алаңы, гектар

Оның ішінде:

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

ауыл шаруашылығы алқаптары (жайылым)

басқалары

1

2

3

4

5

6

7

1.

Ақтөбе қаласы елді мекендерінің жері

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесіндегі № 1 учаске

6,3111

-

6,3111

№ 30238 әскери бөлімін орналастыру және оған қызмет көрсету үшін

2.

Ақтөбе қаласы елді мекендерінің жері

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесіндегі № 2 учаске

0,5261

-

0,5261

Жатақхананы пайдалану үшін


Барлығы:

6,8372

-

6,8372


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады