"Есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 277 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 7 тамыздағы № 803 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 475 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.06.2015 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 277 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 14, 101-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту ережесі мынадай мазмұндағы 14-1 және 14-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «14-1. Энергия өндіруші ұйымдар тобы мынадай өлшемдер бойынша қалыптасады: энергия өндіруші ұйымдардың типтері, белгіленген қуаты, пайдаланылатын отын түрі, отынның орналасқан жерінен қашықтығы.
      Энергия өндіруші ұйымдар «энергия өндіруші ұйымдардың типі» өлшемі бойынша электр станцияларының мынадай типтеріне бөлінеді:
      1) конденсаттық – тек қана электр энергиясын өндіретін электр станциясы;
      2) жылу электр орталығы – электр энергиясын өндірумен қатар, жылумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйелеріндегі жылу энергиясының көзі болып табылатын жылу электр станциясы;
      3) газ-турбиналық – газ тектес отын түрін энергия көзі ретінде пайдаланатын электр станциясы;
      4) су электр станциясы – су ағыны энергиясын энергия көзі ретінде пайдаланатын электр станциясы.
      Энергия өндіруші ұйымдар «белгіленген қуат» өлшемі бойынша 100 МВт-қа дейін, 100 МВт-тан 300 МВт-қа дейін, 300 МВт және одан жоғары болып бөлінеді.
      Энергия өндіруші ұйымдар «пайдаланылатын отын түрі» өлшемі бойынша көмірмен, жергілікті газбен, импортталған газбен, мазутпен жұмыс істейтіндер болып бөлінеді.
      Энергия өндіруші ұйымдар «отынның орналасқан жерінен қашықтығы» өлшемі бойынша 500 км-ге дейін, 500 км-ден 1000 км-ге дейін, 1000 км және одан жоғары болып бөлінеді.
      14-2. Егер энергия өндіруші ұйымның құрамына бір-бірінен ерекшеленетін бірнеше электр станциясы кіретін болса, онда аталған энергия өндіруші ұйым жеке топ болып қалыптасады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады