"Астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1676 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 тамыздағы № 811 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «Астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1676 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 15, 248-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларында:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленді және астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу тәртібін, оның ішінде астық қабылдау кәсiпорындарында астықты қабылдау, өлшеу, тазалау, кептiру, сақтау және тиеп жөнелту жөніндегі операцияларды ресiмдеу және есепке алу, астық сақтау қоймаларында сақтаудағы астықтың мөлшерін айқындау тәртiбiн айқындайды.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Өндiрiстiк-технологиялық зертхана (бұдан әрi – ӨТЗ) маманы қолданыстағы және мемлекетаралық стандарттарға (бұдан әрі – стандарттар) сәйкес астық сапасын айқындау үшiн астықтың әрбiр келiп түскен автомобиль партиясынан сынаманы iрiктеп алады. Сынаманы ірiктеп алу кезiнде маман дақылдың және автомобильдiң мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiсiнiң тауарлық-көлiктік жүкқұжаттың деректеріне сәйкестiгiн тексередi. Iрiктеп алынған сынама бойынша астықты орналастыру үшiн қажетті сапасын алдын ала талдау жүргiзiледi. Алдын ала талдау нәтижелерi бойынша жүкқұжаттың бiрiншi данасында астықты түсiру нүктесi көрсетiледi.»;
      мынадай мазмұндағы 9-1-бөліммен толықтырылсын:
      «9-1 Астық сақтау қоймаларында сақтаудағы астықтың мөлшерін айқындау тәртібі
      68-1. Астық сақтау қоймаларындағы астықтың көлемін есептеу кезінде элеватор конструкциясының деректерін, сүрлемнің, шанақтардың, қоймалардың, көлемі мен нысанын, сондай-ақ оларда сақталатын астық сапасының жай-күйін басшылыққа алу қажет.
      68-2. Астық сақтау қоймаларында сақталатын астықтың мөлшерін айқындау үшін облыстық аумақтық инспекция бастығының бұйрығымен мынадай құрамда комиссия құрылады: мемлекеттік астық инспекторы, астық қабылдау кәсіпорнының басшысы (басшының орынбасары), материалдық жауапты тұлға және ӨТЗ маманы (бұдан әрі – Комиссия).
      Астық қолхаттарын не олардың бөліктерін ұстаушылардың жазбаша өтініші бойынша астық қолхаттарының астықтың іс жүзінде болуымен қамтамасыз етілу мәселесі бойынша тексерулер жүргізу кезінде Комиссия астық қабылдау кәсіпорнында сақталатын астықтың барлық көлемін өлшеуді жүзеге асырады.
      68-3. Астық қабылдау кәсіпорны Комиссияға мынадай құжаттарды:
      1) астық қолхаттарының тiзiлiмiн;
      2) астықтың сандық-сапалық есебі кiтабын;
      3) астық сақтау қоймасындағы астық пен ыдыстың қозғалысы туралы есепті;
      4) астықты сақтауға арналған ыдыстар мен қоймалардың паспорттық деректерін;
      5) сүрлемдік корпустардың, еденде сақтау қоймаларының орналасу, астық кептіргіштердің, тиеу-түсіру нүктелерінің, таразы жабдығының, элеватордың сүрлем картасының орналасу схемасын;
      6) сақталудағы астықты, оның ішінде астық натурасы көрсеткішінің соңғы тексеріп қарау деректерін ұсынады.
      Қажет болған кезде Комиссия қолданыстағы стандарттарға сәйкес астық натурасын (сүрлемдерде және еденде сақтау қоймаларында таңдай отырып) дербес анықтауға құқылы.
      68-4. Комиссия астықты өлшеуді жүргізген кезде белгіленген тәртіппен тексеруден өткен (тексеру туралы сертификаты, таңбасы, лейблі немесе пломбасы бар) арнайы өлшегіш аспаптар (өлшеуіш – нақты градуирленген, тозбайтын жабындысы бар өлшегіш лента не лазерлік қашықтық өлшегіш – лазерлік сәулені пайдалана отырып, қашықтықты өлшеуге арналған аспап) пайдаланылады.
      Лазерлік қашықтық өлшегішті пайдаланған кезде шаң-тозаңдық жапқыштан кедергілердің пайда болатынын ескеру қажет.
      68-5. Астықты өлшеу кезінде элеватордың жұмыс мұнарасындағы жедел шанақтар босатылуы тиіс.
      Комиссия өлшеу жүргізуді элеватордың жоғарғы қабатынан сүрлем үстіндегі галереядан бастайды. Сүрлемді визуалды тексеру жарық беруші фонарьдың көмегімен жүргізіледі. Өлшеуіш жүкпен бірге сүрлемге люк арқылы жүктің астық үйіндісінің беткі қабатымен жанасқанға дейін түсіріледі. Өлшеуіш созылады және люктан бастап үйіндінің беткі қабатына дейінгі еркін кеңістіктің биіктігі өлшенеді. Комиссия мүшелері салыстырып тексеру кезінде бірдей болуы тиіс өлшеу жазбаларын қатар жүргізеді.
      68-6. Астықты орталық ось бойынша беру және шығару кезінде дөңгелек сүрлемдегі Ес (тонна) астық мөлшері мынадай формула бойынша анықталады:

      мұндағы:
      y – астықтың көлемді массасы, тонна/текше метр;
      R – сүрлемнің ішкі радиусы, метр;
      Н1 – сүрлемнің жоғарғы конустық бөлігінің биіктігі, метр (Н1 = R tg формуласы бойынша есептелінеді, мұндағы – сүрлемді толтыру кезіндегі астықтың табиғи еңісінің бұрышы (=260); tg = 0,49);
      Н2 – сүрлемнің цилиндрлік бөлігінің биіктігі, метр;
      Н3 – сүрлемнің төменгі конустық бөлігінің биіктігі, метр (паспорттық деректерге сәйкес).
      Дөңгелек сүрлемдер үшін өлшеу нәтижелері осы Қағидаларға 27-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өлшеу актісімен ресімделеді.
      Дөңгелек сүрлемдегі астықтың орналасу схемасы осы Қағидаларға 28-қосымшада келтірілген.
      68-7. Элеватордың дөңгелек сүрлемдері (сүрлем-жұлдызша) арасындағы астықты өлшеу дөңгелек сүрлемдердегі өлшеуге ұқсас жүргізіледі.
      Сүрлем-жұлдызшадағы астық мөлшері Еж (тонна) былайша есептелінеді.
      Алдымен сүрлем-жұлдызшаның орта бөлігіндегі Fж (шаршы метр) қимасының ауданы анықталады:

      Сүрлем-жұлдызша қимасының ауданын цилиндр қимасының ауданына теңестіре отырып, баламалы диаметр мен радиусты анықтайды:

      Сүрлем-жұлдызшаның жоғарғы бөлігінің биіктігі H1 = Rэ tg ; төменгі бөлігінің H3 = Rэ tg ; орта бөлігінің Н2 = Hс - Rэ (tg + tg ) болады.
      Сүрлемнің жоғарғы (Е1), орта (Е2) және төменгі (Е3) бөліктерінің сыйымдылығы дөңгелек сүрлем үшін сияқты есептелінеді:

      Осылайша, сүрлем-жұлдызшасының сыйымдылығы Еж (тонна):

      Сүрлем-жұлдызшалар үшін өлшеу нәтижелері осы Қағидаларға 29-қосымшаға сәйкес өлшеу актісімен ресімделеді.
      Сүрлем-жұлдызшадағы астықтың орналасу схемасы осы Қағидаларға 28-қосымшада көрсетілген.
      68-8. Шаршы сүрлемдегі астықты өлшеу дөңгелек сүрлемге ұқсас жүргізіледі.
      Шаршы сүрлемнің жан-жақпен сыйымдылығын есептеу а сүрлем-жұлдызшаның сыйымдылығын есептеуге ұқсас жүзеге асырылады.
      Алдымен мына формула бойынша баламалы диаметр мен радиусты анықтайды:

а2 = Rэ2

      бұдан: Rэ = 0,564а, Dэ = 1,128а.

      Сүрлемнің жоғарғы бөлігінің биіктігі Н1 = Rэ tg төменгі бөлігінің Н3 = R tg ; орта бөлігінің Н2 = Нс - Rэ (tg + tg ) болады.
      Астықпен толтырылған шаршы сүрлемнің жалпы сыйымдылығы Ес(тонна):

Ес = у Rэ2 (1/3 Н1 + Н2 + 1/3 H3) =
= у а2 (1/3 Н1 + Н2 + 1/3 H3) болады.

      Өлшеу нәтижелері шаршы сүрлем үшін осы Қағидаларға 30-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өлшеу актісімен ресімделеді.
      Шаршы сүрлемдегі астықтың орналасу схемасы осы Қағидаларға 28-қосымшада келтірілген.
      68-9. Тиеу және шығару тесіктері орталық ось бойынша жобаланбаған элеватор сүрлеміндегі астықтың мөлшерін анықтау дөңгелек сүрлемдегі өлшемге ұқсас жүзеге асырылады.
      Астықпен толтырылмаған көлем мынадай болады:
       = 260 болғанда дөңгелек сүрлемнің жоғарғы бөлігінде

V = K1 D3

      шаршы

V` = K3 a3

       = 360 болғанда дөңгелек сүрлемнің түбін толтыру

V3 = K2 D3 - Q

      шаршы

V3 = K4 а3 - Q1

      мұндағы: K1 және K3 – жоспардағы тиеу тесігінің орналасуына байланысты коэффициенттер;
      K2 және K4 - жоспардағы шығару тесігінің орналасуына байланысты коэффициенттер;
      D – сүрлемнің ішкі диаметрі, метр;
      d – тиеу тесігінің диаметрі, метр;
      а – шаршы нысанындағы сүрлем жағының ішкі көлемі, метр;
      Q – дөңгелек сүрлемнің шығару тесігінің нақты көлеміне түзету:

Q = АD - B (A = 0,28535 d; В = 0,0951 d)

      Q1 – шаршы сүрлемнің шығару тесігінің нақты көлеміне түзету:

Q1 = 0,36327 d a2 - 0,951 d3

      Дөңгелек сүрлемдер үшін K1 және K2 коэффициенттерінің мәндері осы Қағидаларға 31-қосымшада келтірілген.
      Шаршы сүрлемдер үшін K3 және K4 коэффициенттерінің мәндері осы Қағидаларға 32-қосымшада келтірілген.
      68-10. Элеватор шанақтарындағы (тік бұрышты, дөңгелек, сопақша тәріздес) астықтың мөлшерін анықтау осы Қағидалардың 68-11-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
      Тік бұрышты және дөңгелек сүрлемдер (шанақтар) астық сақтау үшін ыдыстар, сепараторлар мен кептіргіштерге дейін және олардан кейін жинақтау ыдыстары ретінде, қалдықтарды жинақтау үшін, астықты вагондар мен автокөлікпен жіберу үшін пайдаланылады. Сапақша тәріздес шанақтар қабылдау құрылғыларында автомобиль және темір жол көліктері үшін қолданылады.
      68-11. Тік бұрышты шанақтың геометриялық көлемі V (шанақтың жоғарғы жиектері арқылы өтетін жазықтықтағы шанақтың ішкі қуысының көлемі) (текше метр) мына формула бойынша анықталады:

      мұндағы: Нб – шанақтың биіктігі, метр;
      а, б – шығару тесігінің мөлшері;
      А, В – шанақтың жоғарғы жиегінің мөлшері.
      Егер шанақ шаршы түрінде болса, онда А=B және Aв=Вв, онда:

      Пирамидалы және параллелепипедті бөліктерден тұратын құрамдастырылған шанақтардың көлемі мынаған:

      мұндағы: Нв – параллелепипедтің биіктігі, метр;
      Нн – пирамидалды бөліктің биіктігі, метр.
      Үйінді жүктерге арналған шанақтың нақты сыйымдылығы шанаққа материалдарды төккен кезінде пайда болатын табиғи еңісінің бұрышына байланысты.
      Ыдысқа салынатын астық мөлшері А (тонна) мынадай формула бойынша анықталады:

А=Vy

      68-12. Қоймадағы астық мөлшерін анықтауды осы Қағидалардың 68-13-тармағына сәйкес жүзеге асыру ұсынылады.
      68-13. Астық қоймаларында сақтаудағы астық көлемін анықтау бойынша өлшеу және есептеу кезіндегі қателікті барынша азайту үшін:
      1) толық қоймада астық үйіндісінің орналасуын тиісті геометриялық қалыпқа келтіру, астық үйіндісін ұзындығы мен ені бойынша жоғарыдан тегістеу;
      2) толық емес қоймаларда бір ыдысқа салу тәсілімен, екінші жағынан и еңістіктің бұрышын жасай отырып, геометриялық қалып жасау талап етіледі.
      Қабырғалар жанындағы үйіндінің биіктігі қызыл сызықпен шектелуі тиіс. Қызыл сызықтың биіктігі қойманың конструкциялық көлеміне байланысты.
      Қоймадағы астықтың үйіндісі геометриялық пішіні күрделі кескінге ие, оның көлемі жеке қарапайым геометриялық денелерді жасайтын бес көлемнің сомасымен анықталады.

Ежалпы = Е1 + Е2 + Е3 + Е4+ Е5

      мұндағы: Е1 – мына формула бойынша анықталатын төменгі параллелепипедтің көлемі:

Е1=A B h

      А – қойманың астыңғы жағы бойынша ұзындығы, метр;
      В – қойманың астыңғы жағы бойынша ені, метр;
      h – қойма қабырғасының жанындағы үйіндінің биіктігі, метр.
      Е2 – мына формула бойынша анықталатын жоғарғы параллелепипедтің көлемі:

Е2= A1 B1 h1

      А1 – қойманың жоғарғы қабатының ұзындығы, метр;
      В1 – қойманың жоғарғы қабатының ені, метр;
      H – қойманың ортасындағы үйіндінің биіктігі, метр;
      h1 – қойманың ортасындағы және қабырға жанындағы үйіндінің айырмашылығы, метр.
      Е3 – мына формула бойынша анықталатын екі үлкен бүйір призманың көлемі:

Е3 = (С h1 А1)/2
С = А - А1; С = В - В1

      Е4 – мына формула бойынша анықталатын екі кіші кесік призманың көлемі:

Е4 = (С h1 В1)/2

      Е5 – мына формула бойынша анықталатын барлығын алғанда пирамиданың көлеміне тең төрт бұрышындағы үйіндінің көлемі:

Е5 = (С h1)/3

      Қоймадағы астықтың жалпы көлемі жоғарыда көрсетілген көлемдерді қосу жолымен анықталады:

      Үлгілік емес қоймалардың паспорттық сыйымдылығын мына формула бойынша есептеуге болады:

Q= (A B h + ((A+A1)/ 2 (B+B1)/2) (H-h) y K

      мұндағы: К – қойманың ұзындығына байланысты түзету коэффициенті (ұзындығы 15 метрге дейін – 0,9; 15 метрден 30 метрге дейін – 0,86; 30 метрден 45 метрге дейін – 0,82; 45 метрден 60 метрге дейін – 0,78; 60 метрден жоғары – 0,75).
      Бұл жағдайда астық үйіндісінің жалпы көлемі Еқойма (текше метр) төменгі параллелепипед (Еп = A B h) және жоғарғы қиық пирамида көлемдерінің сомасы ретінде есептеледі:

Еқойма = [А В h+((А+а)/2) ((В+b)/2)(H-h)] у;

      мұндағы: – астықтың табиғи еңісінің бұрышы (=250).
      Өлшеу нәтижелері осы Қағидаларға 33-қосымшаға сәйкес қойма үшін өлшеу актісімен ресімделеді.
      Қоймадағы астық үйіндісі осы Қағидаларға 34-қосымшаға сәйкес схемалық түрде көрсетілген.»;
      осы қаулыға 1234567 және 8-қосымшаларға сәйкес 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33 және 34-қосымшалармен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 8 тамыздағы
№ 811 қаулысына   
1-қосымша      

Астықтың сандық-сапалық 
есебiн жүргiзу қағидаларына
27-қосымша       

_________________________________
астық қабылдау кәсіпорнының атауы
толтырылған күні
20__ жылғы «___» ________________

Дөңгелек сүрлемдер үшін өлшеу актісі

Р/с

Сүрлем №

Сүрлемнің паспорттық биіктігі

Қуысты өлшеу деректері

Сүрлемнің толтырылған бөлігі (үйінді)

Жоғарғы конустық бөліктің биіктігі

Түптің конустық бөлігінің биіктігі

Астықтың ортаңғы бөлігінің биіктігі

Сүрлемдегі астықтың көлемі

Астықтың көлемді массасы, у

Сүрлемдегі астық мөлшері

Нс

Нөлшеу

Нүйіндісөлшеу

Н1 = R tg , tg = 0,49

элеватордың паспорттық деректеріне сәйкес, Н3

Н2үйінді1

Ес= R2 (1/3Н12+1/3Н3)

Астық натурасы, тексеріп қарау журналы бойынша көлемді массаға ауыстырылған грамм/литр, тонна/текше метр

Ес = у Ес

(метр)

(метр)

(метр)

(метр)

(метр)

(метр)

(текше метр)

(тонна/текше метр)

(тонна)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 8 тамыздағы
№ 811 қаулысына   
2-қосымша      

Астықтың сандық-сапалық 
есебiн жүргiзу қағидаларына
28-қосымша       

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 8 тамыздағы
№ 811 қаулысына   
3-қосымша      

Астықтың сандық-сапалық 
есебiн жүргiзу қағидаларына
29-қосымша       

_________________________________
астық қабылдау кәсіпорнының атауы
толтырылған күні
20__ жылғы «___» ________________

Сүрлем-жұлдызша үшін өлшеу актісі

Р/с

Сүрлем №

Сүрлемнің паспорттық биіктігі

Қуысты өлшеу деректері

Сүрлемнің толтырылған бөлігі (үйінді)

Жоғарғы конустық бөліктің биіктігі

Түптің конустық бөлігінің биіктігі

Астықтың ортаңғы бөлігінің биіктігі

Сүрлемдегі астықтың көлемі

Астықтың көлемді массасы, у

Сүрлемдегі астық мөлшері

Нс

Нөлшеу

Нүйіндісөлшеу

Н1 = R tg , tg = 0,49

элеватордың паспорттық деректеріне сәйкес, Н3

Н2үйінді1

Езв = Rэ2(1/3Н12+1/3Н3)

Астық натурасы, тексеріп қарау журналы бойынша көлемді массаға ауыстырылған грамм/литр, тонна/текше метр

Еж = уЕж

(метр)

(метр)

(метр)

(метр)

(метр)

(метр)

(текше метр)

(тонна/текше метр)

(тонна)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 8 тамыздағы
№ 811 қаулысына   
4-қосымша      

Астықтың сандық-сапалық 
есебiн жүргiзу қағидаларына
30-қосымша       

_________________________________
астық қабылдау кәсіпорнының атауы
толтырылған күні
20__ жылғы «___» ________________

Шаршы сүрлем үшін өлшеу актісі

Р/с

Сүрлем №

Сүрлемнің паспорттық биіктігі

Қуысты өлшеу деректері

Сүрлемнің толтырылған бөлігі (үйінді)

Жоғарғы конустық бөліктің биіктігі

Түптің конустық бөлігінің биіктігі

Астықтың ортаңғы бөлігінің биіктігі

Сүрлемдегі астықтың көлемі

Астықтың көлемді массасы, у

Сүрлемдегі астық мөлшері

Нс

Нөлшеу

Нүйіндісөлшеу

Н1 = R tg , tg = 0,49

элеватордың паспорттық деректеріне сәйкес, Н3

Н2үйінді1

Ес= Rэ2(1/3Н12+1/3Н3)

Астық натурасы, тексеріп қарау журналы бойынша көлемді массаға ауыстырылған грамм/литр, тонна/текше метр

Ес=уЕс

(метр)

(метр)

(метр)

(метр)

(метр)

(метр)

(текше метр)

(тонна/текше метр)

(тонна)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 8 тамыздағы
№ 811 қаулысына   
5-қосымша      

Астықтың сандық-сапалық 
есебiн жүргiзу қағидаларына
31-қосымша       

Шаршы сүрлем үшін K1 және K2 коэффициенттерінің мәндері


y/D

K1 (=260 градус болғанда)

K2 (=260 градус болғанда)

0,00

0,1278

0,1902

0,05

0,1288

0,1917

0,10

0,1315

0,1959

0,15

0,1364

0,2031

0,20

0,1429

0,2125

0,25

0,1512

0,2253

0,30

0,1614

0,2404

0,35

0,1731

0,2579

0,40

0,1864

0,2776

0,45

0,2010

0,2993

0,50

0,2167

0,3229




      Ескертпе: 1 – сүрлем үстіндегі астықтың еңіс бұрышы, градуспен;
      2 – сүрлем түбінің ылди бұрышы, градуспен.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 8 тамыздағы
№ 811 қаулысына   
6-қосымша      

Астықтың сандық-сапалық 
есебiн жүргiзу қағидаларына
32-қосымша       

Шаршы сүрлем үшін K3 коэффициентінің мәні
( = 260 градус болғанда)


Z

Шама мәні y

0,01,0

0,10,9

0,20,8

0,30,7

0,40,6

0,5

0,01,0

0,373

0,344

0,321

0,303

0,293

0,289

0,10,9

0,344

0,313

0,287

0,269

0,258

0,254

0,20,8

0,321

0,287

0,260

0,241

0,229

0,225

0,30,7

0,303

0,269

0,241

0,220

0,208

0,203

0,40,6

0,293

0,258

0,229

0,208

0,195

0,191

0,5

0,289

0,254

0,225

0,203

0,191

0,187

Шаршы сүрлем үшін K4 коэффициентінің мәні
( = 360 градус болғанда)

Z

Шама мәні y

0,01,0

0,10,9

0,20,8

0,30,7

0,40,6

0,5

0,01,0

0,556

0,613

0,478

0,452

0,436

0,430

0,10,9

0,513

0,466

0,428

0,400

0,384

0,378

0,20,8

0,478

0,428

0,388

0,359

0,341

0,335

0,30,7

0,452

0,400

0,359

0,328

0,310

0,302

0,40,6

0,436

0,384

0,341

0,310

0,292

0,285

0,5

0,430

0,378

0,355

0,302

0,285

0,276

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 8 тамыздағы
№ 811 қаулысына   
7-қосымша      

Астықтың сандық-сапалық 
есебiн жүргiзу қағидаларына
33-қосымша       

_________________________________
астық қабылдау кәсіпорнының атауы
толтырылған күні
20__ жылғы «___» ________________

Астық қоймасы үшін өлшеу актісі

Р/с

Қойма №

Қойманың астыңғы жағы бойынша ұзындығы

Қойманың астыңғы жағы бойынша ені

Қойма қабырғасының жанындағы үйіндінің биіктігі

Қойманың ортасындағы астық үйіндісінің биіктігі

Қойманың жоғарғы қабатының ұзындығы

Қойманың жоғарғы қабатының ені

Қоймадағы астықтың көлемі

Астықтың көлемді массасы, у

Қоймадағы астық мөлшері



А

В

h

Н

A1

B1

Еқойма=[АВh+((А+а)/2)((В+b)/2)(H-h)]

Астық натурасы, тексеріп қарау журналы бойынша көлемді массаға ауыстырылған грамм/литр, тонна/текше метр

Еқойма= Еқойма у



(метр)

(метр)

(метр)

(метр)

(метр)

(метр)

(текше метр)

(тонна/текше метр)

(тонна)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 8 тамыздағы
№ 811 қаулысына   
8-қосымша      

Астықтың сандық-сапалық 
есебiн жүргiзу қағидаларына
34-қосымша       

4-сурет. Қоймадағы астық үйіндісінің схемасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады