"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 833 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1005 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 529-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:
      16-тармақта:
      1. Орталық аппараттың функциясында:
      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «16) медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарын әзірлеу және бекіту»;
      25)48) тармақшалар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 52) тармақшамен толықтырылсын:
      «52) дәрілік заттарды ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі формулярлық комиссия қызметінің ережесі мен тәртібін бекіту;»;
      2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
қарамағындағы ұйымдар мен олардың ведомстволарының тізбесінде:
      Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар деген 1-кіші бөлімде:
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Атырау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптау орталығы;»;
      Қазыналық кәсіпорындар деген 2-кіші бөлімде:
      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «23. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптау орталығы;»;
      Жауапкершілігі шектеулі серіктестік деген 3-бөлімнің 1-тармағы алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады