"Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2135 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 835 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 31 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 27.01.2016 № 31 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2135 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 59, 582-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету ережесінде:
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің формулярлық комиссиясы (бұдан әрі - формулярлық комиссия) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің консультациялық-кеңесші және сарапшы органы болып табылады. Формулярлық комиссия қызметінің ережесі мен тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
      Дәрілік формулярды қалыптастыруды және медициналық ұйымның дәрілік заттарға қажеттілігін анықтауды ұйымның формулярлық комиссиясы медициналық ұйымның бюджеттік бағдарламасының әкімшісі көздеген бюджет қаражаты шегінде жүзеге асырады және ұйымының басшысы бекітеді.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            С.Ахметов     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады