Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 855 қаулысы.

      Ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру және басқару жүйесін оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті оған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетін қосу арқылы қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендіру комитетiмен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С.Ахметов


      Қазақстан Республикасы

      Үкіметінiң

      2013 жылғы 26 тамыздағы

      № 855 қаулысымен

      бекітiлген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.11.2015 № 941 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі туралы ережеде:

      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Министрліктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, аудандарда, қалаларда, қалалардағы аудандарда және көліктегі аумақтық органдары, сондай-ақ мынадай ведомстволары: Ішкі әскерлер Бас қолбасшылығы - Ішкі әскерлер комитеті, Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті, Тергеу комитеті, Криминалдық полиция комитеті, Әкімшілік полиция комитеті және Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бар.".

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.01.2024 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі № 710 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 33, 349-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Жалғыз терезе" қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің тізбесінде:

      "Халыққа қызмет көрсету орталықтары немесе уәкілетті мемлекеттік органдар арқылы көрсетілетін қызметтер*" деген 2-бөлімде:

      18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) зейнетақы қорларына, Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру;".

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.02.2014 № 131 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.02.2014 № 131 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.02.2014 № 131 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.03.2015 № 140 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      9. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 N 115 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      10. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 14.07.2016 № 403 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады