"Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ережесі мен құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы № 553 қаулыcына өзгерістер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 861 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 244 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 25.04.2016 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ережесі мен құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 553 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 23, 259-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:

Анисимов               - Қазақстан Республикасы Президентi
Алексей Николаевич       Әкiмшiлiгiнің Ақпараттандыру және ақпараттық
                         ресурстарды қорғау бөлiмi меңгерушiсiнiң
                         орынбасары (келісім бойынша)

Досаев                 - Қазақстан Республикасының Экономика және
Ерболат Асқарбекұлы      бюджеттік жоспарлау министрі

Өскенбаев              - Қазақстан Республикасының Өңірлік даму
Қайырбек Айтбайұлы       бірінші вице-министрі

Алтынбаев              - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас
Мүслім Мұхтарұлы         штабы бастығының орынбасары

Баттақов               - Қазақстан Республикасының Президенті Іс
Ерлан Еркінұлы           басқарушысының орынбасары (келiсiм бойынша)

Арысов                 - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Науаи Бақабайұлы         комитеті Мемлекеттік құпияларды қорғау
                         департаментінің бастығы (келiсiм бойынша)

Испанов                - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
Ілияс Сапарбекұлы        Қаржы, ақпараттандыру және ақпараттық
                         ресурстарды қорғау департаментінің директоры
                         (келiсiм бойынша);

      мына:

«Есмамбетов            - Қазақстан Республикасы Көлік және
Ерлан Қожабергенұлы      коммуникация министрлігі «Телекоммуникация
                         саласындағы техникалық сүйемелдеу және
                         талдау орталығы» шаруашылық жүргізу
                         құқығындағы республикалық мемлекеттік
                         кәсіпорнының директоры»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Есмамбетов            - Қазақстан Республикасы Көлік және
Ерлан Қожабергенұлы      коммуникация министрлігі «Мемлекеттік
                         техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу
                         құқығындағы республикалық мемлекеттік
                         кәсіпорнының директоры»;

      көрсетілген құрамнан: Рүстем Айдарбекұлы Биғари, Дина Мэлсқызы Шәженова, Сәкен Әділханұлы Жасұзақов, Ержанбек Ормаханұлы Нұрбеков шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады