Терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 877 қаулысы.

      "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.10.2023 № 928 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С.Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 28 тамыздағы
№ 877 қаулысымен
бекітілген

Терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу қағидалары

      1. Осы Терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу тәртібін белгілейді.

      2. Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен сақтандырылған мүлікті қоспағанда, терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу көрсетілген тұлғаларға (бұдан әрі – мүлік иелері) тиесілі жоғалған немесе бүлінген мүліктің құнын төлеу арқылы жүргізіледі.

      3. Мүліктің құнын өтеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған кезде мүліктің жоғалуы немесе зақымдануы, терроризм актісінің жасалуы мен мүліктің жойылуы немесе зақымдануы арасында себепті байланыстың болуы негіз болып табылады.

      4. Мүліктің құны мүлік иесіне Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 19 және 20-баптарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларына сәйкес жергілікті бюджеттерде ағымдағы қаржы жылына бекітілген көлем шегінде жергілікті атқарушы органдардың шұғыл шығындарға арналған резервтерінде көзделген қаражат есебінен жергілікті атқарушы органның ақша қаражатын төлеуі арқылы өтеледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.11.2017 № 700 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Мүлікке меншік құқығы немесе өзге де заттық құқық, осы мүліктің құрамы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген тиісті құжаттармен, сондай-ақ мүлік иесінің және куәгерлердің түсініктемелерімен расталады.

      6. Мүліктің өтелетін құнының мөлшерін айқындауды мүлік иесінің және бағалаушының қатысуымен жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.

      Мүлік құнын өтеу мөлшері зақымдалған мүлікті қалпына келтіру (жөндеу) үшін қажетті шығыстар және (немесе) мүліктің зақымдануы салдарынан оның арзандауының мөлшері ескеріле отырып, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының нарықтық құнын бағалау туралы есеп негізінде не терроризм актісі нәтижесінде жойылған мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы есеп негізінде жойылған немесе зақымдалған мүліктің ескіруін ескергенде мүлік құнын өтеу кезінде жергілікті жерде қолданылатын нарықтық баға бойынша белгіленеді.

      Зақымдалған мүлікті қалпына келтіру (жөндеу) шығыстары оны қалпына келтіруге жұмсалатын шығыстардың сметасымен немесе калькуляциясымен расталады.

      Мүлік иесінің мүлікті бағалауды жүргізуге, зақымдалған мүлікті қалпына келтіруге (жөндеуге) жұмсалатын шығыстардың сметасы мен калькуляциясын жасауға байланысты көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша құжаттамамен расталған шығыстары мүліктің өтелетін құнына қосылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.10.2023 № 928 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Осы Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген мән-жайлар кезінде жоғалған немесе бүлінген мүліктің құнын өтеу үшін мүлік иесі терроризм актісін жасау себебі бойынша қылмыстық іс қозғалғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған келтірілген мүліктік зиянды өтеу туралы өтініш береді.

      Келтірілген мүліктік зиянды өтеу туралы өтініште: жоғалған немесе бүлінген мүлік, бүлінген мүлікті қалпына келтіруге (жөндеуге) жұмсалатын шығыстар және (немесе) мүліктің бүлінуі салдарынан оның арзандау мөлшері не болмаса жоғалған мүліктің құны көрсетіледі.

      Жергілікті атқарушы органға келтірілген мүліктік зиянды өтеу туралы өтінішпен мүлік иесінің өзі жүгінуі мүмкін болмаған жағдайда, оның жақын туыстары, сондай-ақ заңды өкілдері, олар он сегіз жасқа (кәмелеттік жасқа) толмаған жағдайда сенімхат негізінде жүгіне алады.

      8. Келтірілген мүліктік зиянды өтеу туралы өтінішті жергілікті атқарушы орган осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттар жергілікті атқарушы органға келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде қарайды.

      9. Келтірілген мүліктік зиянды өтеу туралы өтінішке қоса мүлік иесі жергілікті атқарушы органға:

      1) жеке тұлғалар үшін – мүлік иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ал заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесін;

      2) қылмыстық істі жүргізуші органның мүлік иесін терроризм актісінен жәбірленуші деп тану туралы қаулысының көшірмесін;

      3) мүлікке меншік құқығын немесе өзге де заттық құқықты, оның құрамын, бүлінген мүлікті қалпына келтіруге жұмсалатын шығыстарды, мүліктің бүлінуі салдарынан оның арзандау мөлшерін, жоғалған мүліктің құнын (олар бар болса) растайтын құжаттарды ұсынады.

      10. Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған кезде өтінішті қарау тоқтатыла тұрады, ал өтініш беруші хабарламаны алған кезден бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей жетіспейтін құжаттарды ұсынудың қажеттігі туралы жазбаша хабардар етіледі.

      Егер көрсетілген мерзімде өтініш беруші жетіспейтін құжаттарды ұсынбаған жағдайда, мүліктік зиянды өтеу туралы өтініш қаралмастан өтініш берушіге қайтарылады. Өтінішті қараудан бас тарту өтініш берушінің өтінішті қайта жолдау мүмкіндігінен айырмайды.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.10.2023 № 928 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Өтінішті тіркеу осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келтірілген мүліктік зиянды өтеу және жүргізілген төлемдер туралы өтініштерді тіркеу журналында жүзеге асырылып, мүліктің меншік иесіне өтініштің қабылданғаны туралы растау қағазы беріледі.

      12. Жергілікті атқарушы орган өтініш тіркелген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін анықтау үшін мүлік иесі Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес таңдаған бағалаушыда мүліктің немесе жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының құнын бағалауды ұйымдастырады.

      Бұл ретте бағалауды ұйымдастыруға байланысты шығыстар жергілікті атқарушы органға жүктеледі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.10.2023 № 928 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. Мүлікті жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын немесе оның құнын бағалауды ұйымдастыру мынадай кезеңдерден тұрады:

      1) мүлік иесінің бағалаушылар палаталарының интернет-ресурстарында орналастырылған бағалаушылар палаталары мүшелерінің тізілімдеріне сәйкес бағалаушыны таңдауы;

      2) мүлік иесімен келісу бойынша бағалау жүргізілетін уақыт пен жерді айқындау;

      3) зақым келген мүлікке бағалау жүргізу;

      4) мүлік иесін бағалау туралы есеппен таныстыру.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.10.2023 № 928 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      14. Мүлікке келтірілген залалдың мөлшеріне бағалау жүргізу кезінде оны қалпына келтіру құны зиян келтірілген күнге дейінгі мүліктің есептелген амортизациясы (тозуы) шегеріліп, залал келтірілген күнгі қолданыстағы нарықтық құнның негізінде есептеледі.

      15. Мүлік жойылған кезде келтірілген залалдың мөлшері залал келтірілген күнгі нарықтық құнның негізінде айқындалады.

      Егер мүлікті қалпына келтіру техникалық тұрғыдан мүмкін болмаса немесе экономикалық тұрғыдан негізсіз болса, ол жойылды деп саналады. Мүлікті қалпына келтіру, егер бұл ретте мүлікті қалпына келтіруге жұмсалатын шығыстар оның залал келтіру басталған күнгі нарықтың құнының сексен пайызынан асып кетсе, экономикалық тұрғыдан негізсіз деп саналады.

      16. Егер жергілікті атқарушы орган осы Қағидаларының 12-тармағында белгіленген мерзімде бағалаушыда бағалауды ұйымдастырмаса, онда мүлік иесі бағалаушыны өзі таңдап, оның көрсететін қызметтерін пайдалана алады. Мүлік иесінің бағалаушы көрсететін қызметтерге ақы төлеу бойынша құжаттамамен расталған шығыстары өтелетін залал сомасына қосылады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.10.2023 № 928 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      17. Бағалаушы бағалау туралы есепті жасағаннан кейін жергілікті атқарушы орган өтініш пен тиісті құжаттар негізінде заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінен залалды өтеуге қаражат бөлуді көздейтін шешім жобасын әзірлейді.

      Мүлік құнын өтеуден бас тартылған жағдайда жергілікті атқарушы орган өтініш берушіге бас тарту себептерін көрсете отырып, жазбаша хабарлама жібереді.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.10.2023 № 928 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      18. Жергілікті атқарушы орган ақша қаражатын банктік үш күн ішінде мүліктің меншік иесінің өтінішінде көрсетілген ағымдағы немесе жинақ шотына аударады.

      19. Залал өтелгеннен кейін келтірілген мүліктік зиянды өтеу және жүргізілген төлемдер туралы өтініштерді тіркеу журналында залалдың өтелген күнін, мөлшерін және төлем құжатының нөмірін көрсете отырып, тиісті жазба жүргізіледі.

      20. Жоғалған немесе зақымдалған мүлік иесі мен жергілікті атқарушы орган арасында туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.

      21. Төлемдерді заңсыз алуға бағытталған іс-әрекет Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылыққа әкеп соқтырады.

  Терроризм актісінің салдарынан
жеке және заңды тұлғаларға келтірілген
мүліктік зиянды өтеу қағидаларына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.10.2023 № 928 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Өтініш нысаны

      __________________________________________әкімі
(облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала)
______________________________________________
(лауазымды тұлғаның Т.А.Ә. (бар болса)
______________________ тұратын немесе орналасқан
______________________________________________
(өтініш берушінің деректемелері Т.А.Ә. (бар болса)

Келтірілген мүліктік зиянды өтеу туралы өтініш

      Сізден ____________________________________________________________________

      (болған уақыты, жері, оның сипаты)

      терроризм актісінің жасалуына байланысты__________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (зақымдалған мүлікті қалпына келтіруге (жөндеуге) жұмсалатын шығыстар және (немесе) мүліктің зақымдалуы

      салдарынан оны арзандату мөлшері не жоғалған мүліктің құны) қоса алғанда, келтірілген материалдық

      залалды өтеуді сұраймын.

      Материалдық залалды мына мекенжай бойынша: _____________________________________

      (облыс, аудан, қала, тұратын, орналасқан жерінің мекенжайы)

      өтеуді сұраймын.

      Банктің атауы ___________________________________________________________________

      Банктің БСК, ЖСК_______________________________________________________________

      _________________________атына ағымдағы немесе жинақ шоты_______________________

      (Т.А.Ә. деректемелері (бар болса)

      Алушының ЖСН № ____________________________________________________

      Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:

      1. _________________________________________________________________________

      2. ______________________________________________________________________________

      3. ______________________________________________________________________________

      4. ______________________________________________________________________________

      5. ______________________________________________________________________________

      _______ "__" __________                         Өтініш беруші ______________

      (жылы, күні, айы)                                           (қолы, Т.А.Ә. (бар болса)

      _______________________________________________________________________________

      (кесу сызығы)

      Азамат ___________________________________________ өтініші № _______________ болып

      тіркелді. Өтініш қабылданған күн __________________________

      Өтінішті қабылдаған тұлғаның Т.А.Ә. (бар болса), лауазымы және қолы _________

      _______ "__" _________                         Өтініш беруші ____________________

      (жылы,күні, айы)                                                 (қолы, Т.А.Ә. (бар болса)

  Терроризм актісінің салдарынан
жеке және заңды тұлғаларға келтірілген
мүліктік зиянды өтеу қағидаларына
2-қосымша

Келтірілген мүліктік зиянды өтеу туралы өтініштерді және жүргізілген төлемдерді тіркеу журналы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.10.2023 № 928 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с

Өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болса) немесе деректемелері

Келіп түскен күні, кіріс №

Тұратын, орналасқан мекенжайы

Материалдық залалды өтеу себебі (оқиға орнының қысқаша сипаттамасы, уақыты)

Келтірілген материалдық залалдың мөлшері

Төленген ақша қаражаты бойынша төлем құжатының № және күні (тіркеушінің қолы)

1

2

3

4

5

6

7









Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады