«Қазақстан Республикасының аумағында атом электр станциясы орналасатын жерді және конфигурациясын таңдау жөнінде ұсыныстар әзірлеуге арналған комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 881 қаулысына баспасөз-хабарламасы
«Қазақстан Республикасының аумағында атом электр станциясы орналасатын жерді және конфигурациясын таңдау жөнінде ұсыныстар әзірлеуге арналған комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 881 қаулысы (бұдан әрі - қаулы) Мемлекет басшысының атом электр станциясы орналасатын жер мен конфигурациясы жөнінде ұсыныстар енгізу туралы ағымдағы жылғы 23 қаңтардағы кеңесте берген № 01-7.1 хаттама тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі С.Н. Ахметовтің 2013 жылғы 24 тамыздағы тапсырмасына сәйкес әзірленді.
Қазақстан Республикасының аумағында атом электр станциясы орналасатын жерді және конфигурациясын таңдау жөнінде ұсыныстар әзірлеуге арналған комиссияны (бұдан әрі - комиссия) құру атом электр станциясын салу туралы шешім қабылдау мақсатында атом электр станциясын орналастыру жөніндегі алқалы ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді.
Қаулы республикалық бюджеттен қаржы шығынын болжамайды және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға апарып соқпайды.
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа
технологиялар министрлігі