Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2014 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С.Ахметов
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2014 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан:
Астана - Алматы автомобиль жолының Астана - Қарағанды, Алматы - Қапшағай учаскелерін салуға;
Астана - Павлодар автомобиль жолын салуға;
«Жезқазған - Бейнеу» теміржолын салуға;
ЭКСПО-2017 өткізуді дайындауға;
тікелей инвестициялар қорын қалыптастыру үшін «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға 2014 жылға арналған республикалық бюджетке берілетін 150 млрд. теңге мөлшерінде нысаналы трансферт бөлінсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев