"2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1520 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 893 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1520 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 42-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 91 және 92-жолдармен толықтырылсын:
      «

91

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында инвестициялық жобаларды орындауды ұйымдастыру жөніндегі қызметтер

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салуды және реконструкциялауды ұйымдастыру, жұмыстардың барысы мен сапасын бақылауды жүзеге асыру

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

«ҚазАвтоЖол» АҚ

002 «Республикалық деңгейде автомобиль жолдарының дамуы»

31 484 390

92

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жөндеу жұмыстарын орындауды ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік қызметтер

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, жұмыстардың барысы мен сапасын бақылауды жүзеге асыру

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

«ҚазАвтоЖол» АҚ

003 «Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдық, орташа және күрделі жөндеу, күтіп-ұстау, көгалдандыру, диагностикалау және аспаптық тексеру»

6 700 897

».

      2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   С.Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады