"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 903 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

      «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне
сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

      1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж, № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж, № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж, № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 93-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 64-құжат; № 14, 72, 74-құжаттар; 2013 жылғы 5 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төреліктің және аралық соттың қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 6-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Істерді шешу кезінде соттың заңды бұзуына болмайды және ол заңсыз сот актілерінің күшін жоюға әкеп соғады.»;
      2) 14-баптың екінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Сот ісін жүргізу тілі сотқа талап арыз (арыз) берілген тілге қарай сот ұйғарымымен белгіленеді. Белгілі бір азаматтық іс бойынша іс жүргізу бастапқы белгіленген сот ісін жүргізу тілінде жүзеге асырылады.
      Егер талап арыз берушінің өкілі талап арыз (арыз) берілген тілді талапкердің білмейтіндігі бірінші сатыдағы сотта істі қарауға дайындық барысында анықталса, онда сот талапкердің жазбаша өтініші бойынша сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы ұйғарым шығарады.»;
      «5. Сот ісін жүргізу тілін білмейтін адам істен алып беру туралы мәлімдеген сот актілері іске қатысушы адамдарға жазбаша арыздың негізінде олардың ана тіліне немесе олар білетін басқа тілге аударылып беріледі.»;
      3) 15-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Тараптар азаматтық сот ісін жүргізу барысында өз айқындамасын, оны қорғау тәсілдері мен құралдарын дербес және соттан, іске қатысушы басқа адамдардан тәуелсіз түрде таңдап алады. Сот істің нақты мән-жайларын анықтау мақсатында өз бастамасымен айғақтар жинаудан босатылған, алайда тараптың дәлелді өтініші бойынша оған осы Кодексте көзделген тәртіппен қажетті материалдарды алуға жәрдемдеседі.»;
      4) 16-бап алып тасталсын;
      5) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «20-бап. Сотта істі қарау барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету
      Сотта істі қарау соттың қалыпты жұмысын және сот отырысы залында қатысушы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайда жүргізілуге тиіс. Сот приставтары қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеруді, жеке өздерін тексеруді және олар сот отырысы залына алып келген заттарды тексеруді жүргізе алады.»;
      6) 22-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Сот актілері осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағымдалуы мүмкін.
      2. Іске қатысушы адамдардың осы Кодексте белгіленген тәртіппен сот актісін жоғары тұрған сотқа қайта қаратуға құқығы бар.»;
      7) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «25-бап. Дауларды төрелік немесе аралық соттың шешуіне, сондай-ақ
      медиация арқылы шешуге беру
      Сотқа ведомстволық бағынысты мүліктік дау, бұл заң актілерімен тыйым салынбаған кезде және осы Кодекстің 170-бабының 4) тармақшасына және 192-бабына сәйкес, тараптардың келісімі бойынша медиация арқылы шешілуі немесе төрелік немесе аралық соттың қарауына берілуі мүмкін.»;
      8) 30-бапта:
      бірінші және 1-3-бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар тараптары заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын азаматтар, заңды тұлғалар болып табылатын мүлiктiк немесе мүлiктiк емес даулар жөнiндегi, сондай-ақ корпоративтік даулар жөніндегі азаматтық iстердi қарайды.
      Көрсетілген азаматтық істер бойынша талап талапкер дауды сотқа дейін реттеу тәртібін сақтағаннан кейін ғана қойылуға тиіс.»;
      «1-3. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар баланың тұрғылықты жерін және балаға қарау тәртібін анықтау туралы даулар; ата-ана құқықтарынан айыру (шектеу) және оларды қалпына келтіру туралы; бала асырап алу туралы; бала асырап алудың күшін жою туралы; кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымдарға жіберу туралы; Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасына сәйкес кәмелетке толмағандарға қорғаншылық пен қамқоршылықтан (патронаттан) туындайтын даулар бойынша азаматтық істерді қарайды.»;
      ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ескертпе. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың қарауына жатқызылған істерді кәмелетке толмағанның өкілдерінің өтініші бойынша аудандық және оған теңестірілген сот қарауы мүмкін.
      Істі аудандық және оған теңестірілген соттың қарауы туралы өтініш істі сотта қарауды тағайындауға дейін берілуі мүмкін.
      9) 32-баптың сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Қылмыстық жауапқа заңсыз тартудан, ешқайда кетпеу туралы қолхат, үйде қамауда ұстау немесе қамауға алу түріндегі бұлтартпау шараларын заңсыз қолданудан не әкімшілік қамауға алу түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолданудан бұзылған мүліктік және мүліктік емес құқықтарды қалпына келтіру туралы талаптар талапкердің тұрғылықты жері бойынша қойылуы мүмкін.»;
      10) 35-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Әр жерде тұратын немесе орналасқан бірнеше жауапкерге талап талапкердің таңдауымен жауапкердің біреуі тұратын немесе орналасқан жер бойынша қойылады.»;
      11) 36-бапта:
      екінші бөліктің 4) тармақшасы алып тасталсын;
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Істің сол соттың қарауына жатпайтыны туралы тараптардың арыздарын сол сот шешеді. Істі басқа сотқа беру туралы мәселе бойынша ұйғарым шығарылады. Тараптың (тараптардың) істің сол соттың қарауына жатпайтыны туралы арызын қанағаттандырмай қалдыру туралы сот ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа шағымдануға болады, оның шешімі түпкілікті болып табылады және шағымдануға, наразылық келтіруге жатпайды. Істі бір соттан басқа сотқа беру осы ұйғарымға шағымдану мерзімі өткеннен кейін, ал шағым берілген жағдайда - шағымды қанағаттандырмай қалдыру туралы ұйғарым шығарылғаннан кейін жүргізіледі.»;
      мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:
      «3-1. Осы баптың екінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген жағдайларда істің соттылығы бойынша аудандық және оған теңестірілген сотта қаралуын апелляциялық сатыдағы сот айқындайды.»;
      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Соттардың арасындағы соттылық туралы дауларды апелляциялық сатыдағы сот шешеді, оның шешімі түпкілікті болып табылады және шағымдануға, наразылық келтіруге жатпайды.»;
      12) 37-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Iстердi кассациялық сатыдағы сотта қарауды осы алқаның саны тақ (кемінде үш) судьяларының алқалы құрамы тиісті облыстық және оған теңестірілген сот төрағасының төрағалық етуімен не облыстық және оған теңестірілген сот төрағасының тапсыруы бойынша кассациялық сатыдағы судья жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасында істерді қарауды осы алқа судьяларының саны тақ (кемінде бес) алқалы құрамы осы алқа төрағасының немесе оның тапсыруы бойынша Жоғарғы Сот судьяларының бірінің төрағалық етуімен жүзеге асырады.»;
      13) 41-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Кодекстің 40-бабының бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында және екінші бөлігінде көрсетілген қарсылық білдіру үшін негіздер прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға, сот отырысының хатшысына да қолданылады.»;
      14) 47-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Іске қатысушы адамдардың іс материалдарымен танысуға, олардан үзінділер жазып алуға және көшірмелер түсіруге; қарсылықтарын мәлімдеуге; дәлелдемелерді табыс етуге және оларды зерттеуге қатысуға; іске қатысушы басқа адамдарға, куәлерге, сарапшылар мен мамандарға сұрақтар қоюға; өтініш жасауға, оның ішінде қосымша дәлелдемелерді талап ету туралы өтініш жасауға; сотқа ауызша және жазбаша түсініктемелер беруге; сот процесі барысында туындаған барлық мәселелер бойынша өз дәлелдерін келтіруге; іске қатысушы басқа тұлғалардың өтініштері мен дәлелдеріне қарсылық білдіруге; талаптың негіздерін немесе мәнін өзгертуге, талапты мойындауға, қарсы талап қоюға, қойылған талаптың мөлшерін ұлғайтуға немесе талаптан бас тартуға, істі бітімгершілік келісіммен немесе дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқтауға; сот жарыссөздеріне қатысуға; сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған жазбаша ескертпелер беруге; осы Кодексте белгіленген тәртіппен сот актілеріне шағымдануға; азаматтық сот ісін жүргізу заңнамасында берілген басқа да іс жүргізу құқықтарын пайдалануға құқығы бар. Олар өздеріне берілген барлық іс жүргізу құқықтарын адал пайдалануға тиіс.»;
      15) 49-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Талапкер талаптың негіздерін немесе мәнін өзгертуге, қойылған талап мөлшерін ұлғайтуға не азайтуға немесе талаптан бас тартуға құқылы. Талаптың негіздерін немесе мәнін өзгерту, қойылған талаптың мөлшерін ұлғайту немесе азайту істі мәні бойынша қарау аяқталғанға дейін жазбаша өтініш беру арқылы жүргізіледі. Жазбаша арыз беру жолымен бірінші сатыдағы сот шешім қабылдағанға дейін талаптан бас тартуға болады. Жауапкер талапты тануға құқылы, бұл жөнінде одан қолхат алынады. Тараптар істі бітімгершілік келісіммен немесе дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқтай алады, оларға тараптар қол қояды және сот бекітеді.»;
      16) 57-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Заңмен көзделген жағдайларда мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары өздеріне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру және азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау мақсатында іс бойынша құқықтық қорытынды беру үшін өз бастамашылығы бойынша, іске қатысушы адамдардың бастамашылығы бойынша, сондай-ақ соттың бастамашылығы бойынша бірінші сатыдағы сот істі мәні бойынша қарауды аяқтағанға дейін процеске қатыса алады.»;
      17) 62-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Адвокаттың нақты істі жүргізуге арналған өкілеттігі заң консультациясы немесе адвокаттар алқасының адвокаттық кеңсесі берген сенімхатпен және ордермен куәландырылады, ал ол өз қызметін жеке жүзеге асырған жағдайда – адвокаттар алқасының төралқасы куәландырады.
      Адвокаттың осы Кодекстің 61-бабының бірінші бөлігінде тізбеленген іс жүргізушілік іс-әрекеттердің әрқайсысын жасауға арналған өкілеттіктері нотариалдық куәландырылған сенімхатпен немесе нотариалдық куәландырылған сенімхатқа теңестірілген сенімхатпен расталуға тиіс.»;
      18) 63-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Әрекетке қабілетсіз азаматтар мен толық әрекет қабілетіне ие емес немесе сот тәртібімен әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған адамдардың құқықтары мен бостандықтарын олардың ата-аналары, асырап алушылары, қамқоршылары, қорғаншылары, патронат тәрбиешілері немесе оларды алмастыратын басқа да адамдар қорғайды, олар өздерінің мәртебесін куәландыратын құжаттарды сотқа ұсынады.»;
      19) 66-бапта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Тарап пен іске қатысушы басқа да тұлғалар бірінші сатыдағы сотқа дәлелдемелерді береді және олар сот талқылауында зерттеледі.»;
      мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
      «1-1. Тарап талаптардың немесе оларға қарсы қарсылықтардың негізі ретінде сілтеме жасайтын әрбір дәлелдеменің мазмұны осы дәлелдеме зерттелетін сот талқылауы барысында ашылуға тиіс.
      Тұлға сот талқылауы барысында ашылған дәлелдемелерге ғана сілтеме жасауға құқылы.»;
      үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Бірінші сатыдағы сот тараптарға және іске қатысушы басқа да адамдарға істі дұрыс шешу үшін қажетті қосымша дәлелдемелер табыс етуді ұсынуға құқылы.
      Тарапта бар дәлелдемелерді бірінші сатыдағы сотқа ұсынбау осы дәлелдемелерді апелляция, кассация, қадағалау сатысындағы сотқа ұсыну мүмкіндігін жояды.
      4. Тараптар мен іске қатысушы басқа да тұлғалар үшін дәлелдемелерді ұсыну қиындық келтірген жағдайда, бірінші сатыдағы сот олардың өтініші бойынша дәлелдемелерді сұратып алдыруға жәрдемдеседі.
      Бірінші сатыдағы сот қанағаттандырмай қалдырған, тарапқа қажетті дәлелдемелерді сұратып алуға жәрдемдесу туралы өтініш апелляциялық сатыдағы сот алдында апелляциялық шағымда немесе сот отырысында мәлімделуі мүмкін.»;
      20) 71-бап 3-1-бөлікпен толықтырылсын:
      «3-1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша заңды күшіне енген сот қаулысында белгіленген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның кінәсі осы адам жасаған құқық бұзушылықтың азаматтық-құқықтық салдары туралы істі қарау кезінде қайтадан дәлелденбейді.»;
      21) 77-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Сот істегі бар дәлелдемелерді жиынтықта, бұл ретте заңды басшылыққа ала отырып алаламай, жан-жақты және толық қарау кезінде дәлелдемелерге баға береді.
      Сот үшін ешқандай дәлелдеменің күні бұрын белгіленген күші болмайды.»;
      22) 91-2-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «91-2-бап. Маманның немесе сарапшының адамнан үлгiлердi алуы
      бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Судья өзiнен үлгілер алынуға тиiс адамды, сондай-ақ тиiстi үлгілерді алу туралы ұйғарымды тиісті маманға жiбередi. Ұйғарымда осы iс жүргiзу әрекетiне барлық қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi көрсетiлуге тиiс.
      2. Тиісті маман судьяның тапсырмасы бойынша қажеттi әрекеттердi жүргізеді және сараптамалық зерттеулер үшін талап етілетін үлгілердi алады. Yлгiлер оралады және мөр басылады, одан кейiн маман жасаған ресми құжатпен бiрге судьяға жiберiледi.»;
      төртінші бөлік алып тасталсын;
      23) мынадай мазмұндағы 105-1-баппен толықтырылсын:
      «105-1-бап. Мемлекеттік баж төлеуді кейінге қалдыру
      Сот тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы жеке тұлға берген талаптар бойынша сот тиісті шешім қабылдағанға дейін мемлекеттік баж төлеу мерзімін кейінге қалдырады. Сот шешім қабылдау кезінде мемлекеттік бажды төлеуге байланысты шығыстарды өз пайдасына шешім шығарылмаған тараптан алып береді.»;
      24) 107-баптың 9) тармақшасы алып тасталсын;
      25) 110-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Пайдасына шешім шығарылған тарапқа басқа тараптан іс бойынша жұмсалған барлық шығындарды сот алып береді. Егер талап ішінара қанағаттандырылса, онда шығындар талапкерге қойылған талаптардың сот қанағаттандырған мөлшеріне барабар, ал жауапкерге – талапкердің қойған талаптарынан бас тартылған бөлігіне барабар беріледі.»;
      26) 111-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «111-бап. Өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығындарды өтеу
      1. Пайдасына шешім шығарылған тарапқа сот осы тараппен еңбек қатынастарына түспеген, процеске қатысушы өкілдің көмегіне ақы төлеу жөнінде өзіне екінші тарап келтірген шығындарды іс жүзінде өзі шеккен шығындар мөлшерінде басқа тараптан алып береді. Ақшалай талап бойынша бұл шығындар қойылған талаптың қанағаттандырылған бөлігінің он процентінен аспауға тиіс.
      2. Егер адвокат заң көмегін тарапқа республикалық бюджет қаражаты есебінен көрсеткен жағдайда, сот істі қараудың нәтижелерін негізге ала отырып, адвокаттың көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстарды басқа тараптан республикалық бюджет пайдасына өндіріп береді.»;
      27) 113-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Егер тараптар бітімгершілік келісімін немесе дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді жасау кезінде сот шығындары мен өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығындарды бөлу тәртібін көздемесе, сот тараптар көтерген сот шығыстарын олардың арасында тең бөледі.»;
      28) 114-бапта бірінші бөліктің:
      1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) асыраушысының қайтыс болуы, денсаулығына жұмыспен байланысты келтірілген зиянды өтеу туралы дауларды қарау кезінде;»;
      тармақшадағы «қарау негізінде» деген сөздерден кейін (;) қойылып мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      3) ақталған адамдарға зиянды өтеу туралы дауларды қарау кезінде бюджет қаражатының есебіне жатқызуға міндетті.»;
      үшінші және алтыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Осы баптың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда, азаматтың заң көмегі үшін ақы төлеуден босату туралы және өкілдік етуге байланысты шығындарды өтеу туралы өтінішіне республикалық бюджет есебінен заң көмегі үшін ақы төлеу құқығын растайтын құжаттар мен басқа да дәлелдемелер қоса тіркелуге тиіс.»;
      «6. Тарапты адвокаттың заң көмегі үшін ақы төлеуден босату туралы соттың ұйғарымы шағым жасауға, наразылық келтіруге жатпайды.»;
      29) 128-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Өткізіліп алынған мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш іс жүргізу әрекетін жасауға тиісті болатын сотқа беріледі. Сот бұл өтінішті іске қатысушы адамдарды хабардар етпей және шақыртпай қарайды.»;
      30) 129-бап мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
      «5. Егер тарап хабарлаудың оған түспегенін не кешірек түскенін дәлелдемесе, тараптың көрсетілген мекен-жай бойынша тұратын отбасының кәмелетке толған мүшелерінің біреуінің тапсырылғаны туралы хабарланатын тапсырыс хатпен жіберілген хабарламаны, сондай-ақ телефонограмманы немесе жеделхатты, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе электрондық мекенжай бойынша жіберілетін мәтіндік хабарламаны (СМС) және хабарлаудың немесе шақырудың тіркелуі қамтамасыз етілетін өзге де байланыс құралдарын алуы тарапты тиісінше хабардар ету болып табылады.»;
      31) 130-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Шақыру қағазымен бірге судья жауапкерге талап арыздың көшірмесін жібереді. Талапкерге жіберетін шақыру қағазымен бірге судья талап арызға қарсылықтардың көшірмесін жібереді.»;
      32) 140-бапта:
      2) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) егер ақшаны өндіріп алу туралы талап орындау мерзімі басталған, шарттан туындайтын міндеттемені орындамауға негізделсе және міндеттеменің орындалмауын борышкер жазбаша түрде таныса;»;
      «11) егер кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған міндетті шығыстарға қатысудан жалтарған үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінен берешекті өндіріп алу туралы, сондай-ақ жария шарттардың негізінде нақты тұтынылған көрсетілетін қызметтер (электрмен, газбен, жылумен, сумен жабдықтау, телефон, интернет байланысы, кабельдік телевидение қызметтері, қатты тұрмыстық қалдықтарды тасып шығару) үшін берешекті өндіріп алу туралы талаптар бойынша талап мәлімделген болса, шығарылады.»;
      тармақшадағы «болса, шығарылады» деген сөздер «болса;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12), 13), 14) тармақшалармен толықтырылсын:
      «12) егер берілген сомалардың индексациясы туралы талап мәлімделген болса;
      13) егер әскери қызметті өткеру туралы келісімшартта көзделген біржолғы ақшалай сыйақыны өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса, келісімшарт жасасқан адамның бастамасы бойынша келісімшарт мерзімінен бұрын дәлелсіз себептермен бұзылған жағдайда;
      14) егер шартта көзделген мерзім өткенге дейін өз еркімен қызметін тоқтатқан оқу орындарының курсанттарын оқытуға жұмсалған соманы өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса, шығарылады.»;
      33) 143-баптың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Судья сотқа арыз түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде арызды қабылдаудан бас тарту немесе арызды қайтару туралы ұйғарым шығарады.
      3. Арызды қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым арыз берушінің талап қою бойынша іс жүргізу тәртібімен осы талап бойынша талап қою мүмкіндігіне кедергі келтірмейді.
      Сот бұйрығын беру туралы арызды қайтару туралы ұйғарым қайтару үшін негіз болған кемшіліктерді жойғаннан кейін оны қайтадан беруге кедергі келтірмейді.
      Сот бұйрығын беру туралы арызды қабылдаудан бас тарту туралы немесе арызды қайтару туралы ұйғарым шағымдануға, наразылық келтіруге жатпайды.»;
      34) 144-баптың 1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Судья сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдауға және, егер арыз осы Кодекстің 141-бабының талаптарына сай келмесе кемшіліктерді жою үшін үш күннен аспайтын мерзім белгілеуге құқылы.»;
      35) 146-баптың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) өндiрiп алушы азаматтың тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрғылықты жерi және жеке сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН), өндiрiп алушы заңды тұлғаның атауы, оның атқарушы органының орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), банк реквизиттерi, сондай-ақ егер болған жағдайда, қалалық немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірлері, электрондық мекенжайы туралы мәлімет;
      4) борышкердiң тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған күні, айы, жылы, оның тұрғылықты жерi, жұмыс орны және егер белгілі болған жағдайда, жеке сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН), борышкер заңды тұлғаның атауы, оның атқарушы органының орналасқан жері, егер белгілі болған жағдайда, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), сондай-ақ егер бар болса және белгілі болған жағдайда, қалалық немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірлері, электрондық мекенжайы туралы мәлімет.»;
      36) мынадай мазмұндағы 13-1-тараумен толықтырылсын:
      «13-1-тарау. Істерді жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қарау
      149-1-бап. Жеңілдетілген іс жүргізу тәртібі
      1. Сот істерді жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен, осы тарауда белгіленген ерекшеліктерімен бірге осы Кодексте көзделген талап қою бойынша іс жүргізудің жалпы қағидалары бойынша қарайды.
      Әкімшілік және өзге де жария құқықтық қатынастардан туындайтын істерді жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қарау кезінде осы Кодекстің 3-кіші бөлімінде, шетелдік тұлғалардың қатысуымен істерді қарау кезінде, егер осы тарауда өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 5-бөлімінде белгіленген ерекшеліктер де қолданылады.
      2. Судья істерді арыз өндіріске қабылданған күнінен бастап бір ай мерзімде жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен жеке-дара қарайды. Істерді жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қарау мерзімі ұзартуға жатпайды.
      149-2-бап. Жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қаралатын істер
      1. Жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен мынадай:
      1) егер талаптың бағасы заңды тұлғалар үшін 500 айлық есептік көрсеткіштен, жеке кәсіпкерлер үшін 100 айлық есептік көрсеткіштен аспаса, ақша өндіріп алу туралы талап арыздар бойынша;
      2) талап бағасына қарамастан, талапкер ұсынған, жауапкердің ақшалай міндеттемелерін белгілейтін құжаттарға және (немесе) шарт бойынша берешекті растайтын құжаттарға негізделген талап арыздар бойынша істер қарауға жатады.
      2. Егер жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен істі қарау барысында үшінші адамның іске кіруі туралы өтініші қанағаттандырылса, осы тарауда белгіленген қағидалар бойынша қаралуы мүмкін емес қарсы талап қабылданса, сот талап қою бойынша іс жүргізудің жалпы қағидалары бойынша істі қарау туралы ұйғарым шығарады не егер сот, оның ішінде тараптардың біреуінің өтініші бойынша мынадай:
      1) жеңілдетілген іс жүргізу тәртібі мемлекеттік құпияны жариялауға әкеп соғуы мүмкін;
      2) олардың орналасқан жері бойынша тексеру жүргізу және дәлелдемелерді зерделеу қажет, сараптама тағайындау немесе куәлік айғақтарды тыңдау;
      3) мәлімделген талап өзге де талаптармен, оның ішінде басқа да адамдарға немесе осы іс бойынша қабылданған сот актісіне байланысты, басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылуы мүмкін;
      4) жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен істі қарау, оның ішінде сот қосымша мән-жайларды анықтау немесе қосымша дәлелдемелерді зерделеу қажет деп таныған жағдайда, тиімді сот төрелігінің мақсаттарына сәйкес келмейді деген тұжырымға келді.
      3. Талап қою бойынша іс жүргізудің жалпы қағидалары бойынша істі қарау туралы ұйғарымда іске қатысушы адамдар жасауға тиіс іс-қимыл және осы іс-қимылдарды жасау мерзімі көрсетіледі. Егер талап қою бойынша іс жүргізудің жалпы қағидалары бойынша немесе әкімшілік сот ісін жүргізу қағидалары бойынша істі қарауға көшу олардың орналасқан жері бойынша тексеру жүргізу және дәлелдемелерді зерделеу, сараптама тағайындау және куәлік айғақтарын тыңдау қажеттілігінен туындаған жағдайларын қоспағанда, ұйғарымды шығарғаннан кейін істі қарау басынан бастап жүргізіледі.
      4. Егер азаматтық құқықтық қатынастардан туындайтын екі талап мәлімделсе, бұл ретте олардың біреуі мүліктік сипатта болса және осы баптың бірінші не екінші бөлімдерінде көрсетілген талаптарға жатса, ал екінші талап мүліктік сипатта болмаса және сот осы талап бойынша жеке іс жүргізуді ұйғармаса, талаптардың екеуі де жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қаралады.
      5. Жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен басталған, бірақ талап қою бойынша іс жүргізудің жалпы қағидалары бойынша одан әрі қаралатын істің мерзімі ұзартуға жатпайды.
      149-3-бап. Жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен істі қараудың ерекшеліктері
      1. Талап арыз, осы Кодекстің 149-2-бабының бірінші немесе екінші бөліктерінде көрсетілген іс бойынша арыз және осындай арызға қоса берілген құжаттар сотқа қағаз нұсқада немесе электрондық түрде ұсынылуы мүмкін.
      2. Талап арызды, арызды өндіріске қабылдау туралы сот ұйғарым шығарады, онда істі жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қарау көрсетіледі және жауапкердің немесе басқа да мүдделі адамның он бес жұмыс күні ішінде талап арызға, арызға пікір ұсынуы үшін он бес күндік мерзім белгілейді.
      3. Тараптар істі қарап жатқан сотқа және бір-біріне мәлімделген талаптардың мәні бойынша түсініктемелерді және өз ұстанымы негізделген қарсылықтарды қамтитын құжаттарды сот белгілеген мерзімде ұсынуға құқылы.
      4. Егер талап арызға пікір, арызға пікір, дәлелдемелер мен өзге де құжаттар сот белгілеген мерзім өткен соң сотқа түссе олар қаралмайды және осы құжаттарды берген адамдарға қайтарылады, егер осы адамдардың аталған құжаттарды сот белгілеген мерзімде өздеріне байланысты емес себептер бойынша қайтара алмау себебін негіздеу жағдайы бұған жатпайды. Көрсетілген құжаттарды қайтару туралы сот ұйғарым шығарады.
      5. Судья осы баптың үшінші бөлігіне сәйкес дәлелдемелерді және өзге де құжаттарды ұсыну үшін сот белгілеген мерзім өткеннен кейін тараптарды шақырмай істі жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қарайды.
      Жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қаралатын істер бойынша алдын ала сот отырысы өткізілмейді.
      Сот тараптар ұсынған құжаттарда баяндалған түсіндірмелерді, қарсылықтарды және (немесе) іске қатысушы адамдардың дәлелдерін зерттейді және көрсетілген мерзімдер ішінде ұсынылған дәлелдемелердің негізінде шешім қабылдайды.
      6. Істі жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қарау кезінде осы Кодекстің 23-тарауында және осы Кодекстің 189-бабында көзделген қағидалар қолданылмайды.
      149-4-бап. Жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қаралатын іс бойынша шешім
      1. Жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қаралатын іс бойынша шешім, егер осы тарауда белгіленген ерекшеліктерден өзгеше туындамаса, осы Кодекстің 18-тарауында белгіленген қағидалар бойынша қабылданады.
      2. Жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қаралатын іс бойынша шешім, егер апелляциялық шағым берілмесе, ол қабылданған күнінен бастап он бес күн өткен соң заңды күшіне енеді.
      Апелляциялық шағым берілген жағдайда шешім, егер оның күші жойылмаса немесе өзгертілмесе апелляциялық сатыдағы сот қаулы қабылдаған күнінен бастап заңды күшіне енеді.
      3. Жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен істі қараудың нәтижелері бойынша шешімге, ол қабылданған күнінен бастап он бес күннен аспайтын мерзімде апелляциялық сатыдағы сотқа шағым берілуі мүмкін.
      Бұл шешім, егер ол апелляциялық сатыдағы сотта қараудың нысанасы болса немесе егер апелляциялық сатыдағы сот апелляциялық шағым берудің өтіп кеткен мерзімін қалпына келтіруден бас тартса, сондай-ақ осы іс бойынша қабылданған апелляциялық сатыдағы сот қаулысы осы Кодекстің 366-бабында көзделген негіздер бойынша ғана кассациялық сатыдағы сотқа шағым берілуі мүмкін.»;
      37) 154-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) талапкер істердің осы санаты үшін дауды сотқа дейін алдын ала шешудің заңнамада белгіленген тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолдану мүмкіндігі жойылмаса;
      Дауларды реттеудің сотқа дейінгі тәртібі:
      1) шартты өзгерту немесе бұзу туралы;
      2) жалдау шартын тоқтату туралы;
      3) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы;
      4) неке-отбасылық қатынастар саласындағы;
      5) еңбек заңнамасы саласындағы;
      6) мұрагерлік заңнама саласындағы;
      7) зияткерлік меншік туралы заңнама саласындағы;
      8) шарт бойынша сомаларды өндіріп алу туралы даулар бойынша міндетті болып табылады;»;
      38) 156-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «156-бап. Қарсы талап қою
      1. Жауапкер істі мәні бойынша қарау аяқталғанға дейін алғашқы талаппен бірге қарау үшін талапкерге қарсы талап қоюға құқылы. Қарсы талап қою талап қою туралы жалпы қағидалар бойынша жүргізіледі. Судья қарсы талап қоюды қабылдау туралы ұйғарым шығарады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген қабылдау талаптарына сәйкес келмейтін қарсы талап арыз кері қайтарылуға жатады.»;
      39) 160-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «160-бап. Талапты қамтамасыз ету туралы арызды қарау
      1. Талапты қамтамасыз ету туралы арызды судья жауапкерге және аралық немесе төрелiк сот талқылауы тараптарының iсіне қатысатын басқа да адамдарға хабарламастан, сотқа келіп түскен күні шешеді. Судья талапты қамтамасыз ету туралы арызды қарап ұйғарым шығарады.
      2. Талап арызбен бірге сотқа берілген талапты қамтамасыз ету туралы арызды сот жауапкерге және аралық немесе төрелiк сот талқылауы тараптарының iсіне қатысатын басқа да адамдарға хабарламастан, азаматтық істі қозғап бір мезгілде қарайды.»;
      40) 167-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «167-бап. Істі сот талқылауына әзірлеу мерзімдері
      Азаматтық істерді сот талқылауына әзірлеу, егер заңнамалық актілерде өзгеше белгіленбесе, арыз қабылданған күннен бастап он төрт жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс. Алименттерді өндіріп алу туралы, мертігуден немесе денсаулықтың өзге де зақымдануынан келтірілген зиянды өтеу туралы істерден басқа, ерекше күрделі істер бойынша, сондай-ақ асыраушысынан айрылуына байланысты және еңбек қатынастарынан туындайтын талаптар бойынша айрықша жағдайларда, бұл мерзім судьяның дәлелді ұйғарымы бойынша бір айға дейін ұзартылуы мүмкін.»;
      41) 170-бапта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) қажет болған жағдайларда жауапкерді шақырады, одан істің мән-жайлары бойынша жауап алады, талапқа қандай қарсылықтар бар екенін және осы қарсылықтардың қандай дәлелдемелермен расталуы мүмкін екенін анықтайды; жауапкерге оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;»;
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) кәмелетке толмаған талапкердің немесе жауапкердің өкілдеріне істі соттылығы бойынша беру туралы өтінішпен тиісті тараптың тұрғылықты жеріндегі аудандық және оған теңестірілген сотқа жүгіну құқығын түсіндіреді;»;
      42) мынадай мазмұндағы 16-1-тараумен толықтырылсын:
      «16-1-тарау. Бітімгершілік келісім
      173-1-бап. Тараптардың татуласуы
      1. Сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданады, дауды реттеуде оларға жәрдемдеседі.
      2. Тараптар бітімгершілік келісім жасап немесе, егер бұл заңға қайшы келмесе, басқа да татуластыру рәсімдерін пайдалана отырып, дауды реттей алады.
      173-2-бап. Бітімгершілік келісім жасау
      1. Тараптар процестің кез келген сатысында және сот актісінің орындалуы кезінде бітімгершілік келісімді жасай алады.
      2. Бітімгершілік келісімді тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын және сот әрекетке қабілетсіз не әрекет қабілеттілігі шектеулі деп таныған адамдардың мүдделері қозғалатын, жария-құқықтық қарым-қатынастардан туындайтын істерден басқа, егер осы Кодексте және өзге де заңда өзгеше көзделмесе, талап қою бойынша іс жүргізудің кез келген ісі бойынша жасалуы мүмкін.
      3. Бітімгершілік келісім басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайды және заңға қайшы келмейді.
      4. Бітімгершілік келісімді сот бекітеді.
      173-3-бап. Бітімгершілік келісімнің нысаны мен мазмұны
      1. Бітімгершілік келісім жазбаша нысанда жасалады және оған тараптар немесе олардың өкілдері өздерінде арнайы көзделген сенімхатта немесе өкілдің өкілеттігін растайтын өзге құжатта бітімгершілік келісім жасауға өкілеттіктері болған кезде қол қояды.
      2. Бітімгершілік келісімде тараптардың бір-бірінің алдындағы немесе бір тараптың екіншісінің алдындағы міндеттемелерінің шарттары, мөлшері және оларды орындау мерзімдері туралы келіскен мәліметтер болуы мүмкін.
      Бітімгершілік келісімде жауапкердің міндеттемелерді орындауын кейінге қалдыру туралы немесе ұзарту, талап ету құқығын беру, борышты толық немесе ішінара кешіру не мойындау, сот шығындарын бөлу туралы шарттар және заңға қайшы келмейтін өзге де шарттар қамтылуы мүмкін.
      3. Егер бітімгершілік келісімде сот шығындарын бөлу туралы шарт болмаса, сот бұл мәселені осы Кодексте белгіленген жалпы тәртіппен бітімгершілік келісімді бекіту кезінде шешеді.
      4. Бітімгершілік келісім бітімгершілік келісімді жасасқан адамдардың санынан бір дана асырылып жасалады және оған қол қойылады; осы даналардың біреуін бітімгершілік келісімді бекіткен сот іс материалдарына қоса тіркейді.
      173-4-бап. Соттың бітімгершілік келісімді бекітуі
      1. Бітімгершілік келісімді іс өндірісінде тұрған сот бекітеді. Егер бітімгершілік келісім сот актісін орындау процесінде жасалған жағдайда, ол сот актісі орындалатын жердегі бірінші сатыдағы соттың бекітуіне немесе осы сот актісін қабылдаған сотқа ұсынылады.
      2. Сот бітімгершілік келісімді бекіту туралы мәселені сот отырысында қарайды. Іске қатысатын адамдарға сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарланады.
      3. Бітімгершілік келісімді жасасқан және сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланған адамдар сот отырысына келмеген жағдайда, егер осы адамдардан осы мәселені олар жоқ кезде қарау туралы өтініш түспесе, сот бітімгершілік келісімді бекіту туралы мәселені қарамайды.
      4. Сот бітімгершілік келісімді бекіту туралы мәселені қараудың нәтижелері бойынша ұйғарым шығарады.
      5. Егер бітімгершілік келісім заңға қайшы келсе немесе басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, сот оны бекітпейді.
      6. Сот ұйғарымында:
      1) бітімгершілік келісімнің бекітілгені немесе бітімгершілік келісімді бекітуден бас тартылғаны;
      2) бітімгершілік келісімнің шарттары;
      3) сот шығындарын бөлу көрсетіледі.
      Соттың сот актісін орындау процесінде жасалған бітімгершілік келісімді бекіту туралы ұйғарымда осы сот актісі орындауға жатпайтыны да көрсетілуге тиіс.
      173-5-бап. Бітімгершілік келісімді орындау
      1. Бітімгершілік келісімді оны жасасқан адамдар осы келісімде көзделген тәртіппен және мерзімдерде ерікті түрде орындайды.
      2. Ерікті түрде орындалмаған бітімгершілік келісім соттың бітімгершілік келісімді жасасқан адамның өтініші бойынша берген атқару парағының негізінде мәжбүрлеп орындауға жатады.»;
      43) 177-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      177-бап. Сотта іс қараудың тікелей және ауызша жүргізілуі
      «1. Істі қарау кезінде сот іс бойынша дәлелдемелерді тікелей зерттеуге: жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қаралатын істерді қоспағанда, тараптардың және іске қатысушы басқа адамдардың түсініктемелерін, куәлардың айғақтарын, сарапшылардың қорытындыларын, мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қорытындыларын тыңдауға, құжаттармен танысуға, заттай дәлелдемелерді қарап шығуға, дыбыс жазбаларын тыңдауға және бейнежазбаларды, кино-, фотоматериалдарды көруге, ақпаратты қайта көрсететін өзге де құралдардың материалдарымен танысуға міндетті. Қажет болған жағдайларда іс бойынша дәлелдемелерді зерттеген кезде сот маманның консультациялары мен түсіндірмелерін тыңдайды.
      Тараптардың және іске қатысушы басқа да адамдардың түсініктемелерін, куәлердің жауаптарын, сарапшылардың қорытындыларын, мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қорытындыларын тыңдауды сот бейнебайланыс арқылы нақты уақыт режимінде жүзеге асыруы мүмкін.
      2. Істі қарау ауызша жүргізіледі. Істі қарау процесінде судья ауысқан жағдайда істі қарау басынан бастап жүргізілуге тиіс.»;
      44) 193-баптың бірінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Талапкердің талаптан бас тартуы туралы арызы, жауапкердің талапты мойындауы немесе тараптардың бітімгершілік келісімінің шарттары не дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің шарттары іс материалдарына қоса тіркеліп, жазбаша түрде беріледі, бұл туралы сот отырысының хаттамасында көрсетіледі.»;
      «5. Сот осы Кодекстің 49-бабының екінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша талапкердің талаптан бас тартуын, талапты мойындауын қабылдамаған, бітімгершілік келісімді немесе тараптардың дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін қабылдамаған жағдайларда сот бұл туралы ұйғарым шығарады және істі мәні бойынша қарауды жалғастырады.»;
      45) 194-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «3. Іске қатысушы адамдардың түсініктемелерін сот осы адамдар орналасқан жердегі сот арқылы нақты уақыт режимінде бейнебайланыс құралдарының көмегімен алуы мүмкін.»;
      46) 199-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Он төрт жасқа толмаған куәдан жауап алу, ал соттың қалауы бойынша он төрт пен он алты жас аралығындағы куәдан жауап алу да сотқа шақырылатын педагогтың, ата-анасының немесе өзге де заңды өкілінің қатысуымен жүргізіледі. Көрсеткен адамдар төрағалық етушінің рұқсатымен куәға сұрақтар қоя алады.»;
      47) 216-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Сот шешімінің қарар бөлігі қабылданғаннан және оған қол қойылғаннан кейін, судья сот отырысы залына қайта оралады және сот шешімінің қарар бөлігін жария етеді, шешімге шағым жасаудың тәртібі мен мерзімдерін түсіндіреді.
      2. Шешімнің қарар бөлігін жария еткеннен кейін судья іске қатысушы адамдар мен өкілдердің сот шешімінің көшірмесін қашан алуына болатынын жариялауға міндетті.»;
      48) 217-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Істі мәні бойынша шешетін бірінші сатыдағы сот актісі шешім нысанында бес жұмыс күні ішінде шығарылады. Шешімнің қарар бөлігі іс материалдарына қоса тіркеледі»;
      49) 219-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Сот істі талапкер қойған талаптардың шегінде шешеді.»;
      50) 222-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «222-бап. Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының іс-әрекеттері (әрекетсіздіктері) мен шешімдерін заңсыз деп тану туралы шешім
      1. Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының іс-әрекеттері (әрекетсіздіктері) мен шешімдерін заңсыз деп тану туралы талапты қанағаттандыру кезінде сот дауланып отырған іс-әрекетті (әрекетсіздікті) немесе шешімді заңсыз деп таниды, жеке немесе заңды тұлғаның бұзылған құқықтарын қалпына келтіруді міндеттейді. Нормативтік құқықтық актіні заңсыз деп тану туралы шешімнің қарар бөлігінде ол қабылданған кезден бастап бұл акті қолданылмайды деп есептелетіні көрсетілуге тиіс.
      2. Соттың нормативтік құқықтық актіні заңсыз деп тану туралы шешімі немесе ол туралы хабарлама нормативтік құқықтық акті жарияланған бұқаралық ақпарат құралдарында оны қабылдаған органның есебінен жариялануға тиіс. Жарияланым сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап он күннен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.»;
      51) 229-бап алып тасталсын;
      52) 240-3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «240-3-бап. Апелляциялық, кассациялық немесе қадағалау сатыларындағы соттың сот актісінің орындалуын бұру туралы мәселенi шешуі
      Апелляциялық, кассациялық немесе қадағалау тәртібімен күші жойылған немесе өзгертілген сот актісінің орындалуын бұру туралы мәселені қарауды, егер осы мәселені апелляциялық, кассациялық немесе қадағалау сатыларындағы сот қарамаса, күші жойылған немесе өзгертілген сот актісі орындалған жердегі немесе күші жойылған, өзгертілген сот актісін шығарған бірінші сатыдағы сотта істің қаралған жері бойынша бірінші сатыдағы сот жүргізеді.»;
      53) 249-баптың 7) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) істі өзінің қатысуынсыз қарауды өтінбеген талапкер екінші шақыру бойынша сотқа келмесе;»;
      «9) талап арызды қайтарып алу туралы өтініш берілсе»;
      54) 252-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) соттың іс жүргізу шешімі»;
      55) 257-баптың екінші бөлігі алып тасталсын;
      56) 263-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «263-бап. Сырттай шешімнің көшірмесін салып жіберу
      Сырттай шешімнің көшірмесі тапсыру туралы хабарламамен бірге жауапкерге және талапкерге ол шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.»;
      57) 274-1-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
      «1-1. Арызға азаматтың алқабиге кандидаттардың тізіміне қосылу және алқаби ретінде қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысу құқығының бұзылуы туралы куәландыратын дәлелдемелер қоса тіркелуге тиіс.»;
      58) 281-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Сот отырысының орны мен уақыты туралы тиісті түрде хабарланған аталған адамдардың қайсыбірінің сот отырысына келмей қалуы істі мәні бойынша қарауға кедергі болмайды. Мұндай жағдайда сот жеке ұйғарым шығаруға құқылы, осы ұйғарыммен аталған адамның сотты құрметтемеушілік фактісі туралы, ал арыз қанағаттандырылған кезде – осы адамның заң бұзушылықтарға жол бергені туралы жоғары тұрған органның немесе лауазымды адамның назарына жеткізеді.
      Дәлелді себептермен келмей қалуы туралы сотты хабардар етпеген арыз иесінің сот отырысына келмеуі арызды қараусыз қалдыруға әкеп соғады.»;
      59) 335-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Апелляциялық шағымға Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мөлшерде мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек қоса тіркеледі.»;
      60) 337-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) егер мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат болмаса қайтарылады.»;
      61) 383-5-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «3. Кассациялық шағымға Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мөлшерде мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек қоса тіркеледі.»;
      62) 383-6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «383-6-бап. Кассациялық шағымды немесе наразылықты қайтару
      1. Осы Кодекстің 383-5-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін кассациялық шағым немесе наразылық қаралмай, кассациялық сатыдағы сот судьясының ұйғарымымен оларды берген адамға қайтарылады. Кассациялық шағымды, наразылықты қайтару туралы ұйғарым шағымдануға, наразылық келтіруге жатпайды.
      2. Кемшіліктер жойылғаннан кейін кассациялық шағым, наразылық, егер бұл ретте осы Кодекстің 383-4-бабының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өтпесе, қайтадан берілуі мүмкін.»;
      63) 391-бап мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
      «7. Сот актісін даулау туралы өтінішке Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мөлшерде мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек қоса тіркеледі.»;
      64) 392-бап мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      «7) егер сот актісін даулау туралы өтінішке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат қоса тіркелмесе қайтарылуға тиіс.».
      2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 93-құжат; 2013 ж., № 2, 10, 13-құжаттар; № 7, 36-құжат; № 13, 62, 64-құжаттар; № 14, 72, 74-құжаттар; 2013 жылы 5 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төреліктің және аралық соттың қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы, 2013 жылы 11 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы:
      1) 114-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысушы әрбiр адамға оған тиесiлi құқықтар мен оған жүктелген мiндеттердi, оның ішінде кәмелетке толмағандар қатысқан істер бойынша олардың өкілдеріне істі кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған сотта немесе кәмелетке толмағанның тұрғылықты жеріндегі сотта қарау құқығын түсiндiруге, осы Кодексте көзделген тәртiппен оларды жүзеге асырудың мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге тиiс. Адамның өтiнiшi бойынша қылмыстық процестi жүргiзушi орган оның құқықтары мен мiндеттерiн қайталап түсiндiруге мiндеттi.»;
      2) 273-бап мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:
      «2.1. Тергеуші осы Кодекстің 290-1-бабының 2-тармағында көрсетілген қылмыстар бойынша кәмелетке толмаған сотталушының немесе кәмелетке толмаған жәбірленушінің мүддесін білдіретін тарапқа кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың қарауына жатқызылған істерді аудандық және оған теңестірілген сотта қарау құқығын түсіндіруге міндетті.»;
      3) 287-бап мынадай мазмұндағы 4-1-бөлікпен толықтырылсын:
      «4-1. Анықтаушы осы Кодекстің 290-1-бабының 2-тармағында көрсетілген қылмыстар бойынша кәмелетке толмаған сотталушының немесе кәмелетке толмаған жәбірленушінің мүддесін білдіретін тарапқа кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың қарауына жатқызылған істерді аудандық және оған теңестірілген сотта қарау құқығын түсіндіруге міндетті.»;
      4) 290-1-бапқа ескерту мына редакцияда жазылсын:
      «Ескерту. Кәмелетке толмағанның мүддесін білдіретін тараптың өтініші бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың қарауына жатқызылған істерді аудандық және оған теңестірілген сот қарауы мүмкін.
      Аудандық және оған теңестірілген соттың істі қарауы туралы өтініш сот басты сот талқылауын тағайындағанға дейін берілуі мүмкін.»;
      5) 296-баптың үшінші бөлігі мына редакцияда жазылсын:
      «3. Егер істің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың немесе гарнизонның әскери сотының қарауына жататыны анықталса, ол барлық жағдайларда соттылығы бойынша жіберілуге жатады.»;
      6) 301-бап мынадай мазмұндағы 3-2-бөлікпен толықтырылсын:
      «3-2. Алдын ала тыңдау барысында судья кәмелетке толмаған сотталушының немесе кәмелетке толмаған жәбірленушінің мүддесін білдіретін тарапқа олардың істі соттылығы бойынша аудандық және оған теңестірілген сотқа беру туралы өтінішпен жүгіну құқығын түсіндіреді.»;
      7) 391-бап мынадай мазмұндағы 4-1-бөлікпен толықтырылсын:
      «4-1. Судья кәмелетке толмаған тараптарға және олардың өкілдеріне олардың істі соттылығы бойынша аудандық және оған теңестірілген сотқа беру туралы өтінішпен жүгіну құқығын түсіндіруге міндетті.».
      3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 11, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 2-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар, № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 54-56-құжаттар; № 13, 62, 63, 64-құжаттар; № 14, 72, 74, 75-құжаттар; 2013 жылы 11 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы, 2013 жылы 11 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы, 2013 жылы 11 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 4 шілдедегі Заңы, 2013 жылы 11 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы, 2013 жылы 11 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жаңа түрлерін енгізу және олардың қолданылу салаларын кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы, 2013 жылы 11 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы:
      1) 538-бапқа ескерту мына редакцияда жазылсын:
      «Ескерту. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың қарауына жатқызылған істерді кәмелетке толмағанның қорғаушысының немесе заңды өкілінің өтініші бойынша мамандандырылған әкімшілік сот қарауы мүмкін.
      Аудандық және оған теңестірілген соттың істі қарауы туралы өтініш іс қарау тағайындалғанға дейін берілуі мүмкін.
      Егер тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында мамандандырылған әкімшілік сот құрылмаса, оның қарауына жатқызылған істерді аудандық (қалалық) соттар қарауға құқылы.»;
      635-бап мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:
      «3-1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезде өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан кәмелетке толмағанның қорғаушысына немесе заңды өкіліне істі соттылығы бойынша мамандандырылған әкімшілік сотқа, ал тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында мамандандырылған әкімшілік сот болмаған кезде – аудандық (қалалық) сотқа беру туралы өтінішпен жүгіну құқығы түсіндіріледі.»;
      3) 643-баптың бірінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) өтiнiштердiң, соның ішінде кәмелетке толмағанның тұрғылықты жеріндегі соттың істі кәмелетке толмағанның қатысуымен қарауы туралы істер бойынша өтініштердің және бас тартудың болуын;».
      4. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы. 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; 2013 жылғы 5 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төреліктің және аралық соттың қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2013 жылғы 11 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2013 жылғы 11 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жаңа түрлерін енгізу және олардың қолданылу салаларын кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2013 жылғы 11 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 535-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
      «14) апелляциялық, кассациялық шағымдардан және қадағалау тәртібінде өндіріске қабылдау туралы өтініштерден сот шешімдеріне және қаулыларына мүліктік және мүліктік емес сипаттағы даулар үшін талап арызды беру кезінде төленген мемлекеттік баж сомасынан – 50 %.»;
      2) 547-баптың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекеттік баж:
      1) соттар қарайтын істер бойынша – Азаматтық іс жүргізу кодексінің 105-1-бабын қоспағанда, тиісті арыз (шағым) немесе сот бұйрығын шығару туралы арыз берілгенге дейін, сондай-ақ сот құжаттардың көшірмелерін берген кезде төленеді.»;
      3) 548-бапта:
      бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 1-3) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-3) іс тараптардың бітімгерлік келісімімен аяқталған;»;
      1-1-бөліктің 3) тармақшасы алып тасталсын.
      5. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 22, 174-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат):
      1) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «18-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу кезінде ерлі-зайыптылар
      арасында туындайтын дауларды қарау
      Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу кезінде ерлі-зайыптылардың арасында ортақ мүлікті бөлуге, еңбекке қабілетсіз жұбайын, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға қаражат төлеуге қатысты туындайтын даулар медиация арқылы немесе сот тәртібімен қаралады.»;
      2) 37-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Дау туған жағдайда ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу, сондай-ақ ерлi-зайыптылардың осы мүлiктегi үлестерiн айқындау медиация арқылы немесе сот тәртiбiмен жүргiзiледi.
      Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу кезiнде сот кәмелетке толмаған баланың мүдделерін ескере отырып, ерлi-зайыптылардың талап етуi бойынша қандай мүлiктің ерлi-зайыптылардың әрқайсысына берiлуге тиiс екендiгiн айқындайды. Егер ерлi-зайыптылардың бiреуiне құны оған тиесiлi үлестен асатын мүлiк берiлсе, екінші жұбайға тиісті ақшалай немесе өзге өтемақы берiледі.»;
      3) 73-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Ата-аналары бөлек тұратын кезде баланың тұрғылықты жерi мен заңды мекенжайы ата-аналарының келiсiмiмен белгіленеді.
      Келiсiм болмаған кезде ата-аналардың арасындағы дауды баланың мүдделерiн негiзге алып және оның пiкiрiн ескере отырып, ата-аналардың талап етуі бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қатысуымен медиация арқылы немесе сот шешедi. Бұл ретте сот баланың ата-аналардың әрқайсысына, аға-iнiлерiне (қарындастарына) және апа-сiңлiлерiне үйiрлiгiн, баланың жасын, ата-аналардың адамгершiлiк және өзге де жеке қасиеттерiн, ата-аналардың әрқайсысы мен баланың арасындағы қарым-қатынастарды, баланың дамуы және тәрбиесі үшiн жағдайлар жасау мүмкiндiгiн (ата-аналар қызметiнiң түрiн, жұмыс режимін, ата-аналардың материалдық және отбасылық жағдайын және басқа да осындай жағдайларды) ескередi.
      3. Ата-аналар баладан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқықтарын жүзеге асыру тәртiбi туралы жазбаша түрде келiсiм жасасуға құқылы.
      Егер ата-аналар келiсiмге келе алмаса – дауды қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган, ал оның шешімімен келіспеген жағдайда - осы органның және баланың ата-аналарының қатысуымен медиация арқылы немесе сот шешедi.»;
      4) 183-баптың бірінші тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Тіркеу туралы бастапқы акт жазбалары, сондай-ақ жеткілікті негіздер болған кезде және мүдделі адамдардың арасында дау болмаған кезде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуді тіркеуші орган жүргізеді. Мүдделі адамдардың арасында дау болған кезде азаматтық хал актілеріндегі жазбаларға өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу мәселелері медиация арқылы немесе сот тәртібімен шешіледі.».
      6. «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» 2008 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 20, 80-құжат; 2010 ж., № 24, 153-құжат; 2012 ж., № 5, 39-құжат):
      1) 2-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «14-1) жергілікті және басқа соттардың төрағалары мен сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың судьялары мен сот алқалары төрағаларының лауазымдарына кадр резервіне кандидаттарды енгізуге келісім беру туралы мәселені қарайды;»;
      2) 15-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Жергілікті және басқа да соттың судьясы лауазымына конкурсқа қатысушылар құжаттарын Жоғары Сот Кеңесіне тапсырғаннан кейін Қоғамдық кеңестің және облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысын алуға тиіс.
      Қоғамдық кеңес пен облыстық соттың жалпы отырысының қорытындылары ұсыныс сипатында болатындықтан, олар Жоғары Сот Кеңесі үшін міндетті болып табылмайды.»;
      3) 16-бапта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 5), 6), 7) тармақшалармен толықтырылсын:
      «5) мемлекеттік немесе ведомстволық наградалары бар адамдарға;
      6) судья лауазымына конкурсқа үш реттен астам қатысқан адамдарға;
      7) жоғары білім туралы дипломның орташа бағасының нәтижесі бойынша басымдық беріледі;»;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Арнайы білімнің болуы мамандандырылған соттар судьяларының бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеудің қосымша өлшемі болып табылады.»;
      3-тармақтың 5) тармақшасындағы «болуы ескеріледі.» деген сөздер «болуы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6), 7) тармақшалармен толықтырылсын:
      «6) мемлекеттік немесе ведомстволық наградаларының болуы;
      7) судья лауазымына конкурсқа үш реттен астам қатысқаны ескеріледі;».
      4) 17-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Аудандық және оған теңестірілген сот төрағасының бос лауазымына кандидатураларды Кеңес Жоғарғы Сот Төрағасының тиісті облыстық және оған теңестірілген соттың жалпы отырысының шешімі негізінде енгізген ұсынуы бойынша баламалы негізде қарайды.
      Аудандық және оған теңестірілген сот төрағасының лауазымына кандидатуралар, әдетте, жұмыс істеп жүрген судьялар немесе судья лауазымында кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар адамдар арасынан ұсынылады.
      Облыстық соттардың төрағалары мен сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатуралар, әдетте, жұмыс істеп жүрген судьялар немесе судья лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілі бар адамдар арасынан ұсынылады.
      Бұл ретте аудандық сот төрағасының, облыстық соттардың төрағалары мен сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың судьясы мен алқа төрағаларының лауазымына кандидаттарды іріктеу кезінде кадр резервінде тұрған адамдарға басымдық беріледі.».
      7. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы
4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 9, 43-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат):
      1) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «22-бап. Тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау құқығы
      Тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды тиісті мемлекеттік органдар және сот, төрелік немесе аралық сот өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
      Бұл ретте, тұтынушы тауарды (жұмысты, көрсетілген қызметті) сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуын жою туралы және осы бұзылудан тұтынушыға келтірілген залалды (зиянды) өз еркімен өтеу туралы кінә қойып жүгінуге құқылы.
      Егер күнтізбелік он күннің ішінде сатушы (дайындаушы, орындаушы) қойылған кінәға жауап бермесе немесе бұзышылықтарды жоюдан және келтірілген залалды (зиянды) өз еркімен өтеуден бас тартса, тұтынушы сотқа жүгінуге құқылы.».
      8. «Медиация туралы» 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 2, 27-құжат; 2012 ж., № 6, 44-құжат; 2013 г., № 14, 72-құжат):
      1) 1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қатынастардан туындайтын дауларға (жанжалдарға), егер мұндай даулар (жанжалдар) медиация рәсіміне қатыспайтын үшінші тұлғалардың және сот әрекетке қабілетсіз не әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған адамдардың мүдделерін қозғаса немесе қозғауы мүмкін болса, медиация рәсімі қолданылмайды.»;
      2) 24-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Егер медиацияны жүргізу кезінде тараптардың бірі кәмелетке толмаған адам болса, педагогтің немесе психологтың, кәмелетке толмаған адамның заңды өкілінің қатысуы міндетті.».
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады