РҚАО-ның ескертпесі!
Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат; 2013 жылғы 25 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дербес деректер және оларды қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2013 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2013 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
224-1-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы заңнамалық актісінде белгiленген, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндiрушi ұйымдар өндiретiн электр, жылу энергиясын сатып алу мiндетiн орындамау және (немесе) тиiсiнше орындамау –».
2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; 2013 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
90-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«90-бап. Жекелеген санаттардағы жерлердi алып қоюды шектеу
Суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарын, ауыл шаруашылығы, биологиялық және ирригациялық-мелиорациялық, балық шаруашылығы бейініндегі ғылыми-зерттеу және оқу орындарының тәжiрибелiк алаңдарының, орман және су қорларының жерлерiн алып қоюға ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құрумен және кеңейтумен, халықаралық мiндеттемелердi орындаумен, учаскенiң астынан бағалы пайдалы қазбалар кен орнының табылуымен, жолдарды, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін, электр беру желiлерiн, байланыс желiлерi мен магистральдық құбырларды, елдi мекендердiң ортақ пайдаланудағы инженерлiк-коммуникациялық желiлерiн, сондай-ақ ықтимал орналастырудың басқа нұсқалары болмаған кезде мемлекеттiк маңызы бар объектiлердi салумен байланысты ерекше жағдайларда жол берiледi.».
3. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
125-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы «инфрақұрылымдары объектiлерiн,» деген сөздерден кейін «жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін,» деген сөздермен толықтырылсын.
4. «Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат):
1) 5-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы «арнайы қаржы компанияларынан,» деген сөздерден кейін «жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығынан,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 18-1-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «қатысуына;» деген сөз «қатысуына уәкілетті органның алдын ала хабарламасы не келісімін алу талап етіледі.» деген сөздермен ауыстырылып, осы тармақша мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақшаның талаптары Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының қызметіне табиғи монополия субъектісі қатысатын жағдайларға қолданылмайды;»;
3) 18-4-бапта:
2-1-тармақ бесінші абзацындағы «сатып алу жағдайларын қоспағанда, стратегиялық тауарларды тiкелей стратегиялық тауарларды өндiрушiлерден сатып алуды жүзеге асырады.» деген сөздер «сатып алу;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес электр энергиясын сатып алу жағдайларын қоспағанда, стратегиялық тауарларды сатып алуды тiкелей стратегиялық тауар өндiрушiлерден жүзеге асырады.»;
4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан электр және (немесе) жылу энергиясын сатып алу Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».
5. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат):
5-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің он алтыншы абзацындағы «арнайы қаржы компаниялары жатады.» деген сөздер «арнайы қаржы компаниялары;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он жетінші абзацпен толықтырылсын:
«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы жатады.».
6. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 21-құжат; № 12, 85-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын:
«29-1) электр желілері – электр энергиясын беру мен таратуға арналған шағын станциялардың, тарату құрылғыларының және оларды жалғайтын электр беру желілерінің жиынтығы;»;
33) тармақша «, жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 9-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Энергия өндіруші ұйымның, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымның электр қондырғыларын кешенді сынау мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі мемлекеттік органның рұқсатын алғаннан кейін және электр желілік қағидаларға сәйкес, кешенді сынау жүргізу кезінде өндірілген электр энергиясының барлық көлемін сатып алу-сатуға арналған шарт болған кезде жүйелік оператормен келісілген сынау бағдарламасы бойынша жүргізіледі.»;
3) 10-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын:
«23) осы Заңда және Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.»;
2-тармақтың 3) тармақшасындағы «нарығында;» деген сөз «нарығында электр энергиясын сатып алу-сатуды жүзеге асыруға құқығы бар.» деген сөздермен ауыстырылып, 4) тармақшасы алып тасталсын;
4) 12-баптың 3-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда, энергия өндіруші ұйымдар:»;
5) 13-бапта:
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Электр желiлерiне жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектiлері тiкелей қосылған өңiрлiк электр желiлік компаниялар жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндіретін және беретін электр энергиясын толық көлемде қабылдауға мiндеттi.»;
3-2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мынадай жағдайларды:
электр энергиясын өндірудің тәуліктік кестесін негізге ала отырып айқындалатын көлемде қуаттардың авариялық істен шығуын;
жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығынан сатып алуды қоспағанда, энергиямен жабдықтау мақсаттарында электр энергиясын алуға (сатып алуға) тыйым салынады.».
7. «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., № 13-14, 61-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; 2013 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жаңартылатын энергия көздерi – табиғи жаратылыс процестерi есебiнен үздiксiз жаңартылатын энергия көздерi, олар мынадай түрлерді қамтиды: күн сәулесiнiң энергиясы, жел энергиясы, гидродинамикалық су энергиясы; геотермальдық энергия: топырақтың, жерасты суларының, өзендердiң, су айдындарының жылуы, сондай-ақ бастапқы энергия ресурстарының антропогендiк көздерi: биомасса, биогаз және электр және (немесе) жылу энергиясын өндiру үшiн пайдаланылатын органикалық қалдықтардан алынатын өзге де отын;
2) жаңартылатын энергия көздерінен алынатын электр энергиясын шартты тұтынушылар (бұдан әрі – шартты тұтынушылар) –
көмірді, газды, мұнай өнімдері мен ядролық отынды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерден электр энергиясын сатып алатын электр энергиясы нарығының субъектілері;
жиынтық қуаты отыз бес мегаваттан асатын, бір гидроторапта орналасқан қондырғылары бар гидроэлектр станциялары;
3) жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тариф – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы белгілейтін, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының сатуына арналған тариф;
4) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы (бұдан әрі – қаржы-есеп айырысу орталығы) – жүйелік оператор құратын және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген және Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің электр желілеріне берілген электр энергиясын осы Заңда көзделген тәртіппен орталықтандырылған сатып алуды және сатуды жүзеге асыратын заңды тұлға;
5) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым – жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
6) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындар – қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын сатып алуға жұмсалатын шығындары, электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығындары және Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында белгіленген баға белгілеу тәртібіне сәйкес айқындалатын, оның қызметін жүзеге асыруға байланысты шығындар;
7) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі уәкілетті орган – жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
8) жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектiсi – жаңартылатын энергия көздерiн пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін игеру үшін технологиялық тұрғыдан қажетті және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі меншік иесінің балансындағы, олармен өзара байланысты құрылыстар мен инфрақұрылым;
9) жеке тұтынушыларға атаулы көмек (бұдан әрі – атаулы көмек) – жеке тұтынушылардың қазақстандық өндірушілерден жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғыларын сатып алуға жұмсалатын шығындарының бір бөлігін мемлекеттің өтеуі;
10) тіркелген тариф – жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын осы Заңда белгіленген тәртіппен қаржы-есеп айырысу орталығының сатып алуына арналған тариф;
11) уәкілетті орган – жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
12) электр және (немесе) жылу энергиясын жеке тұтынушы (бұдан әрі – жеке тұтынушы) – орталықтандырылған электрмен жабдықтау экономикалық жағынан орынсыз, электрлендірілмеген елді мекендерде және (немесе) қоныстарда автономды режимде жұмыс істейтін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісінен электр және (немесе) жылу энергиясын тұтынатын жеке тұлға;
13) электр энергиясын нетто-тұтынушы (бұдан әрі – нетто-тұтынушы) – таратушы электр желісіне қосылған және желіден электр энергиясын тұтыну көлемдері мен оған беру көлемдерін бөлек есепке алу жүйелерімен жабдықталған, өзіне меншік құқығымен тиесілі жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісінен электр энергиясын өзінің толық немесе ішінара тұтынуын қамтамасыз ететін жеке тұлға;
14) электр энергиясын тұтыну аймағы – жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі өндірген электр энергиясын тұтынуға кедергі келтіретін техникалық сипаттағы шектеулері жоқ Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің бір бөлігі.»;
2) 2-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Осы Заңның жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын сатып алу үшін тіркелген тарифтерді қолдану тәртібін реттейтін ережелері:
пайдалану мерзімі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен және онымен келісілген техникалық-экономикалық негіздемеде белгіленген өзін-өзі ақтау мерзімінен асып кеткен, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері бар энергия өндіруші ұйымдарға;
жиынтық қуаты отыз бес мегаваттан асатын, бір гидроторапта орналасқан қондырғылары бар және (немесе) реттеудің тәуліктік мерзімінен астамын қамтамасыз ететін су қоймалары бар гидроэлектр станцияларына қолданылмайды.
Гидроэлектр станцияларының көрсетілген параметрлерге сәйкестігін осы Заңның 5-бабының 8) тармақшасында көзделген қағидаларға сәйкес уәкілетті орган айқындайды.»;
3) 3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) тіркелген тарифтерді белгілеуді;
1-2) атаулы көмек ұсынуды;»;
4) 4-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін жобалауды, салуды және игеруді жүзеге асыратын заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық преференциялар беру;»;
5) 5-бапта:
5) тармақшадағы «жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану бойынша техникалық-экономикалық негіздемелерді және объектілерді салу жобаларын» деген сөздер «жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектілерін салудың техникалық-экономикалық негіздемелері мен жобаларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-1), 7-2) және 7-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-1) тіркелген тарифтерді және жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларын бекітеді;
7-2) тіркелген тарифтерді бекітеді;
7-3) қаржы-есеп айырысу орталығын айқындайды;»;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу және сату қағидаларын, сондай-ақ қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен және шартты тұтынушылармен жасалатын шарттарының тиісті үлгілік нысандарын бекітеді;»;
9) тармақша «Конституциясымен,» деген сөзден кейін «осы Заңымен, өзге де» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 6-бапта:
6) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне қаржы-есеп айырысу орталығын айқындау туралы ұсыныс енгізеді;»;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу және сату қағидаларын, сондай-ақ қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен және шартты тұтынушылармен жасалатын шарттарының тиісті үлгілік нысандарын әзірлейді;»;
мынадай мазмұндағы 10-1), 10-2) және 10-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«10-1) тіркелген тарифтерді және жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларын әзірлейді;
10-2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне тіркелген тарифтерді бекіту жөнінде ұсыныс енгізеді;
10-3) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды есепке алуды жүргізеді және олардың тізбесін өзінің интернет-ресурсында жариялайды;»;
7) 7-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне берілетін жылу энергиясын өндіру үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салу жобаларын келіседі;»;
8) 2-тарау мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:
«7-1-бап. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану
объектілері өндіретін электр энергиясын
өндіруге, беруге және сатып алуға қатысушылардың
міндеттері
1. Желілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері қосылған энергия беруші ұйымдар электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштері негізінде айқындалған, өздерінің желілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері берген электр энергиясының көлемдері туралы мәліметтерді ай сайын қаржы-есеп айырысу орталығына ұсынуға міндетті.
2. Шартты тұтынушылар:
1) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндірген электр энергиясын сатып алуға қаржы-есеп айырысу орталығымен жыл сайын үлгілік нысанға сәйкес шарт жасасуға және электр энергиясы берілген ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей оның ақысын төлеуге;
2) ай сайын қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясы берілген айға дейін күнтізбелік он күн бұрын оны шығарудың, желілерге жіберудің, энергия беруші ұйымдарға берудің болжамды көлемдері немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден қабылдау туралы ақпарат беруге;
3) жыл сайын жиырмасыншы желтоқсанға қарай қаржы-есеп айырысу орталығына алдағы жылға электр энергиясын шығарудың, желілерге жіберудің, энергия беруші ұйымдарға берудің болжамды көлемдері туралы ақпарат жолдауға міндетті.
3. Қаржы-есеп айырысу орталығы:
1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген және олар Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесіне берген электр энергиясын жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардан осы Заңның 8-1-бабының 2-тармағында көзделген индекстеуді ескере отырып, қаржы-есеп айырысу орталығы мен жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым арасындағы сатып алу-сату шартын жасасу күні қолданыста болатын тіркелген тариф бойынша осы Заңда белгіленген тәртіппен сатып алуға және шартты тұтынушылар үшін белгіленген ақы төлеу мерзімі аяқталғаннан кейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей оның ақысын төлеуге;
2) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардан сатып алынған электр энергиясын осы Заңда белгіленген тәртіппен, электр энергиясын тұтыну аймағына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тариф бойынша шартты тұтынушыларға сатуға;
3) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын, бір жыл алға болжанатын шығындарды жаңартылатын энергия көздерінің барлық түрлерінен өндірілген және Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесіне берілген электр энергиясының бір киловатт-сағатына есептеп айқындауға және болжамды жылдың он бесінші қаңтарынан кешіктірмей өзінің интернет-ресурсында тиісті ақпаратты жариялауға міндетті.
4. Қаржы-есеп айырысу орталығы осы Заңға сәйкес қолдау жүзеге асырылатын және уәкілетті орган жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне енгізген жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен электр энергиясын сатып алу-сату шарттарын он бес жыл мерзімге жасасады және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын сатып алуды тиісті тіркелген тарифтің қолданылу мерзімінен аспайтын мерзім ішінде жүзеге асырады.
5. Қаржы-есеп айырысу орталығы «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жылдық қаржылық есептілікке аудит жүргізуге және оның нәтижелерін уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
6. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар:
1) ай сайын қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясы берілген айға дейін күнтізбелік он күн бұрын оны шығарудың, желілерге жіберудің болжамды көлемдері туралы ақпарат беруге;
2) ай сайын қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясы берілген айдан кейінгі айдың бесінен кешіктірмей оны шығарудың, желілерге жіберудің тәулік сайынғы нақты көлемдері туралы ақпарат беруге;
3) қаржы есеп айырысу орталығына жыл сайын жиырмасыншы желтоқсанға қарай айларға бөле отырып, электр энергиясын шығарудың, желілерге жіберудің алдағы жылға арналған болжамды көлемдері туралы ақпарат жолдауға;
4) өңірлік электр желілік компанияға және (немесе) жүйелік операторға тәуліктік және айлық (ай басталғанға дейін күнтізбелік он күн бұрын) электр энергиясын беру кестелерін ұсынуға міндетті.
7. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясын беру басталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын сатып алуға қаржы-есеп айырысу орталығымен сатып алу-сату шартын жасасу үшін өтінім береді.
Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасу үшін өтінімге қоса мынадай материалдар мен құжаттарды:
1) құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелерін;
2) берілетін электр энергиясының көлемдері туралы ақпаратты береді.»;
9) мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын:
«8-1-бап. Тіркелген тариф
1. Тіркелген тарифтерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында қолдау көзделген жаңартылатын энергия көздерінің әрбір түрі үшін он бес жыл қолданылатын мерзіммен Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2. Бекітілген тіркелген тарифтер Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, инфляция ескеріле отырып жыл сайын индекстеледі.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарымен көзделген нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі бұрын бекітілген тіркелген тарифтердің деңгейлерін үш жылда бір рет түзетуге құқылы. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітілген тіркелген тарифтерді түзету туралы актісі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде алғашқы ресми жарияланғанынан кейін кемінде бір жылдан соң қолданысқа енгізіледі.
Осы тармақтың күші қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен жасасқан қолданыстағы сатып алу-сату шарттарына қолданылмайды.»;
10) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану
объектілері өндірген электр және (немесе) жылу
энергиясын сату кезіндегі қолдау
1. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым өз қалауымен, өндірілген электр энергиясын мынадай нұсқалардың бірі бойынша:
1) осы Заңның 8-1-бабының 2-тармағында көзделген индекстеуді ескере отырып, өзі мен қаржы-есеп айырысу орталығы арасында сатып алу-сату шартын жасасқан күні қолданыста болатын тіркелген тариф бойынша қаржы-есеп айырысу орталығына;
2) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес жасалған екіжақты шарттарға сай шарттық бағалар бойынша тұтынушыларға өткізуге құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес қызметін жүзеге асыратын жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым өндірілетін электр энергиясын осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген нұсқа бойынша өткізуге көшуге құқылы емес.
2. Қаржы-есеп айырысу орталығы жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындарды электр энергиясын шартты тұтынушылар арасында олардың желіге жіберу үлесіне барабар бөледі.
3. Егер осы Заңның 7-1-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясын сатудан қаржы-есеп айырысу орталығы алған ақша сомасы ағымдағы айда жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындарды өтеу үшін қажетті шамадан аз болған немесе асып кеткен жағдайда, қаржы-есеп айырысу орталығы қайта есептеуді жүргізеді және келесі айға электр энергиясын шартты тұтынушылар арасында шығындарды қайта бөледі.
Шартты тұтынушының нарықтан шығуы, таратылуы себебі бойынша одан ақша толық алынбаған жағдайда, қаржы-есеп айырысу орталығы жоғарыда көрсетілген тұтынушыға есептелген электр энергиясының тиісті үлесін барлық шартты тұтынушыларға Қазақстан Республикасында электр энергиясын тұтынудың жалпы көлеміне қатысты олардың тұтыну көлеміне барабар бөледі.
4. Қаржы-есеп айырысу орталығынан жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын сатып алуға жұмсалатын шартты тұтынушының шығындарын осы шартты тұтынушының электр энергиясын сатып алушылар желіге жіберілген электр энергиясының жалпы көлеміне қатысты сатып алушының сатып алған электр энергиясы көлемінің тиісті үлесіне барабар өтейді.
5. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндірген жылу энергиясын сатып алу-сату шарттары жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесінде айқындалған, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасының өзін-өзі ақтау мерзімінен кем емес кезеңге жасалады.
6. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі өндіретін және орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесiндегi жылу тасымалдағыштың тиісті параметрлерiне сәйкес келетiн параметрлерiмен елдi мекеннің орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесiне берiлетін барлық жылу энергиясын осы елді мекеннің энергиямен жабдықтаушы ұйымы сатып алады.
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі өндiрген жылу энергиясына жұмсалатын шығындар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен энергиямен жабдықтаушы ұйымның тарифiне енгізіледі.
Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым жылумен жабдықтаудың маусымдық сипатына байланысты орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесiне жылу энергиясын беру кезеңдерiн энергиямен жабдықтаушы ұйыммен келiседi.
Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым жылу энергиясын беру кезiнде энергия берушi ұйымдардың жылу энергиясын беру қызметіне ақы төлеуден босатылады.
7. Энергия беруші ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарға желілер бойынша электр энергиясын беруге еркін қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті.
Бұл ретте жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясын беру кезінде энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беру қызметтеріне ақы төлеуден босатылады.
8. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінен өндірілетін электр энергиясының теңгерімсіздігін қаржылық реттеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларына сәйкес, жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тариф бойынша қаржы-есеп айырысу орталығы жүзеге асырады.
9. Нетто-тұтынушы өзіне қызмет көрсететін энергиямен жабдықтаушы ұйымға оның қолданыстағы тарифі бойынша, электр желісінен есепті кезең ішінде өзі тұтынған электр энергиясының көлеміне, нақ сол кезең ішінде электр желісіне нетто-тұтынушы берген көлемді шегере отырып, ақы төлейді.
Электр желісіне есепті кезең ішінде нетто-тұтынушы берген электр энергиясының көлемі желіден нақ сол кезең ішінде өзі тұтынған электр энергиясының көлемінен асып кеткен жағдайда, нетто-тұтынушыға қызмет көрсететін энергиямен жабдықтаушы ұйым жоғарыда көрсетілген асып кету көлемінде, бірақ айына бес жүз киловат-сағаттан аспайтын көлемде нетто-тұтынушы берген электр энергиясын сатуға арналған ұйымның қолданыстағы тарифі бойынша нетто-тұтынушыға ақы төлейді.
10. Мемлекет Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, жиынтық қуаты бес киловаттан аспайтын жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғылары құнының елу пайызы мөлшерінде жеке тұтынушыларға атаулы көмек береді. Атаулы көмек жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғылары іске қосылғаннан кейін төленеді.
11. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғысын сатып алуға атаулы көмек алған жеке тұтынушы осы қондырғыда шығарылған электр және (немесе) жылу энергиясын басқа тұтынушыларға сатуды жүзеге асыруға құқылы емес.»;
11) 10-бапта:
1-тармақтағы «жаңа» деген сөз «жаңадан салынған» деген сөздермен ауыстырылсын;
3, 4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Энергия беруші ұйымдардың электр желілерінің өткізу қабілеті шектелген жағдайда, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым өндірген электр энергиясын беруге басымдық берілуі тиіс. Бұл талап Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесіндегі авариялық бұзушылықтарды жүйелік оператордың жою кезеңдеріне қолданылмайды.
4. Қазақстан Республикасы бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің электр желілеріне электр энергиясын беру-тұтынудың тәуліктік диспетчерлік кестелерін қалыптастыру кезінде жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінен электр энергиясын беру оларға басым тәртіппен қосылады.
5. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін қосу үшін қажетті энергия беруші ұйымдардың қолданыстағы электр және жылу желілерін кеңейтуді және реконструкциялауды энергия беруші ұйым тиісті шығындарды Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ұйымның тарифтеріне қоса отырып, жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін өзінің желілеріне қосуға өтінім берген энергия беруші ұйым электр немесе жылу энергиясының мәлімделген көлемін қабылдауға және беруге желісінің техникалық даяр болмауы себебімен қосудан бас тартуға құқылы емес.
6. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісінен энергия беруші ұйымның желілеріне қосу нүктесіне дейінгі желілерді салуға, желіге қосуға, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісінен энергия беруші ұйымның желісіне қосу нүктесіне дейін энергия беруге және берілетін энергияны өлшеуге байланысты шығындар жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісінің меншік иесіне жүктеледі.».
2-бап.
1. Осы Заң, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағы 3) тармақшасының төртінші абзацын және 5) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 7-тармағының 8) және 11) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын сатып алу үшін тіркелген тарифтерді қолдану тәртібін реттейтін нормалары осы Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін іске қосылған жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілеріне, сондай-ақ қолданыстағы негізгі генерациялайтын жабдықты ауыстыра отырып, реконструкцияланатын объектілерге ғана қолданылады. Бұл ретте реконструкцияланатын объектіде іске қосылатын жаңа жабдықтың құны осы объектіні реконструкциялау жөніндегі жұмыстар басталған кездегі реконструкциялау объектісінің баланстық құнының кемінде елу пайызын құрауға тиіс. Реконструкциялау объектісін реконструкциялау жөніндегі жұмыстар басталған кездегі оның баланстық құнының шамасын аудиторлық ұйым растауға тиіс.
3. Электр энергиясын өндіру үшін осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін іске қосылған жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін пайдаланатын және өңірлік электр желілік компаниялармен және (немесе) жүйелік оператормен жасасқан электр энергиясын сатып алу-сату шарттары бар энергия өндіруші ұйымдар осы Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін күнтізбелік алпыс күн ішінде мынадай схемалардың бірін:
1) жаңартылатын энергия көздерінен өндірілетін электр энергиясын жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасының уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен және онымен келісілген техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген деңгейден аспайтын босату бағалары бойынша қаржы-есеп айырысу орталығына өткізуді;
2) жаңартылатын энергия көздерінен өндірілетін электр энергиясын Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес жасалған екіжақты шарттарға сай шарттық бағалар бойынша тұтынушыларға өткізуді таңдағаны туралы шешім қабылдайды және уәкілетті органға жазбаша хабарлама береді.
Қаржы-есеп айырысу орталығының осы тармақта көрсетілген энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алу мерзімі техникалық-экономикалық негіздемеде белгіленген өзін-өзі ақтаудың қалған мерзімінен аспауға тиіс.
Электр энергиясын өндіру үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар белгіленген мерзімде уәкілетті органға жазбаша хабарламаны ұсынбаған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген схема бойынша электр энергиясын өткізуге құқылы емес.
4. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасының уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен және онымен келісілген техникалық-экономикалық негіздемесі бар кәсіпкерлік субъектілері осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тіркелген тарифтерді бекіту туралы актісі қолданысқа енгізілгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде мынадай схемалардың бірін:
1) жаңартылатын энергия көздерінен өндірілетін электр энергиясын тіркелген тарифтер бойынша қаржы-есеп айырысу орталығына өткізуді;
2) жаңартылатын энергия көздерінен өндірілетін электр энергиясын жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасының уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен және онымен келісілген техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген деңгейден аспайтын босату бағалары бойынша қаржы-есеп айырысу орталығына өткізуді;
3) жаңартылатын энергия көздерінен өндірілетін электр энергиясын Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес жасалған екіжақты шарттарға сай шарттық бағалар бойынша тұтынушыларға өткізуді таңдағаны туралы шешім қабылдайды және уәкілетті органға жазбаша хабарлама береді.
Кәсіпкерлік субъектілері осы тармақта көзделген мерзімде уәкілетті органда жазбаша хабарлама болмаған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген схемалар бойынша электр энергиясын өткізуге құқылы емес.
5. Осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген схеманы таңдаған энергия өндіруші ұйымдардың әрқайсысы үшін және осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген схеманы таңдаған кәсіпкерлік субъектілерінің әрқайсысы үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасының уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен және онымен келісілген техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген босату бағасының деңгейінен аспайтын тарифті және техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес оның қолданылу мерзімін бекітеді.
Тіркелген тарифтерді жыл сайынғы индекстеу осы тармақта көзделген тарифтерге қолданылмайды.
6. Уәкілетті орган осы баптың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген кәсіпкерлік субъектілерінің және осы баптың 5-тармағында көрсетілген энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін үш жұмыс күні ішінде қаржы-есеп айырысу орталығына жібереді.
7. Қаржы-есеп айырысу орталығының осы баптың 5-тармағында көзделген тарифтер бойынша электр энергиясын сатып алу жөніндегі шығындары жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындарға кіреді.
Қаржы-есеп айырысу орталығы уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен және онымен келісілген техникалық-экономикалық негіздемеде белгіленген жобаның өзін-өзі ақтауының қалған мерзімінен аспайтын мерзім ішінде, осы баптың 5-тармағында көзделген тарифтер бойынша өткізілген электр энергиясын сатып алуды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. НАЗАРБАЕВ