Прокуратура органдарына көліктік қызмет көрсетуге арналған арнаулы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 916 қаулысы

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған прокуратура органдарына көліктік қызмет көрсетуге арналған арнаулы көлік құралдарының заттай нормалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            С.Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2013 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 916 қаулысымен   
бекітілген      

Прокуратура органдарына көліктік қызмет көрсетуге арналған арнаулы көлік құралдарының заттай нормалары

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына көліктік қызмет көрсетуге арналған арнаулы көлік құралдары заттай нормаларының табелі

Р/с

Атауы

Арнаулы көлік құралдарының заттай нормалары (жеңіл автомобильдер базасында)

Арнаулы көлік құралдарының заттай нормалары (жүк автомобильдерінің және жолаушылар автобустарының шассилерінде)

1

2

3

4

1

Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау жөніндегі бөлімше

Бөлімшенің 15 бірліктен тұратын штат санына бір көлік құралы

-

2

Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында заңдылықты қадағалау жөніндегі бөлімше

Бөлімшенің 10 бірліктен тұратын штат санына бір көлік құралы

-

3

Жедел-іздестіру қызметінде заңдылықты қадағалау жөніндегі бөлімше

Бөлімшенің 6 бірліктен тұратын штат санына бір көлік құралы

-

4

Соттарда мемлекет мүдделеріне өкілдік ету жөніндегі бөлімше

Бөлімшенің 9 бірліктен тұратын штат санына бір көлік құралы

-

5

Арнаулы прокурорлар бөлімшесі

Бөлімшенің 6 бірліктен тұратын штат санына бір көлік құралы

Жылжымалы криминалистік зертхана

6

Ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазасын өтеп жүрген адамдар құқықтарының сақталуын қадағалау жөніндегі бөлімше

Бөлімшенің 6 бірліктен тұратын штат санына бір көлік құралы


7

Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау жөніндегі бөлімше

Бөлімшенің 6 бірліктен тұратын штат санына бір көлік құралы

-

8

Сот актілерінің заңдылығын қадағалау және қылмыстық істер бойынша мемлекет мүдделеріне өкілдік ету жөніндегі бөлімше

Бөлімшенің 9 бірліктен тұратын штат санына бір көлік құралы

-

9

Өзге де жедел бөлімшелер

Бөлімшенің 8 бірліктен тұратын штат санына бір көлік құралы

-

10

Ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бөлімше

Бір көлік құралы

-

11

Ішкі бақылау бөлімшесі

Бір көлік құралы

-

12

Жалпы пайдаланудағы көлік құралдары

Бір көлік құралы

Орта немесе шағын сыныпты бес жолаушылар автобусы;
шағын тонналы бір жүк автомобилі

13

Бас прокуратураның, ведомстволары мен мекемелері, сондай-ақ Бас прокуратураның Алматы қаласындағы өкілдігі

Бір көлік құралы

Шағын тонналы бір жүк автомобилі

Прокуратураның аумақтық органдарына көліктік қызмет көрсетуге арналған арнаулы көлік құралдары заттай нормаларының табелі

Р/с

Атауы

Арнаулы көлік құралдарының заттай нормалары (жеңіл автомобильдер базасында)

Арнаулы көлік құралдарының заттай нормалары (жүк автомобильдерінің және жолаушылар автобустарының шассилерінде)

1

2

3

4

Облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралар

1

Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау жөніндегі бөлімше

Бөлімшенің 8 бірліктен тұратын штат санына есептегенде бір көлік құралы

-

2

Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында заңдылықты қадағалау жөніндегі бөлімше

Бөлімшенің 8 бірліктен тұратын штат санына есептегенде бір көлік құралы

-

3

Жедел-іздестіру қызметінде заңдылықты қадағалау жөніндегі бөлімше

Бөлімшенің 5 бірліктен тұратын штат санына есептегенде бір көлік құралы

-

4

Соттарда мемлекет мүдделеріне өкілдік ету жөніндегі бөлімше

Бөлімшенің 8 бірліктен тұратын штат санына есептегенде бір көлік құралы

-

5

Арнаулы прокурорлар бөлімшесі

Тергеу топтарының басшылары үшін бір көлік құралы

Жылжымалы криминалистік зертхана

6

Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау жөніндегі бөлімше

Бөлімшенің 8 бірліктен тұратын штат санына есептегенде бір көлік құралы

-

7

Сот актілерінің заңдылығын қадағалау және қылмыстық істер бойынша мемлекет мүдделеріне өкілдік ету жөніндегі бөлімше

Бөлімшенің 8 бірліктен тұратын штат санына есептегенде бір көлік құралы

-

8

Ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бөлімше

Бір көлік құралы

-

9

Өзге де жедел бөлімшелер

Бөлімшенің 7 бірліктен тұратын штат санына есептегенде бір көлік құралы



 

-

10

Жалпы пайдаланудағы көлік құралдары

Бір көлік құралы

Шағын тонналы бір жүк автомобилі

11

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің бөлімшелері

Бір көлік құралы

-

Аудандардың (қалалардың) прокуратуралары және оларға теңестірілгендер

1

Аудандардың (қалалардың) прокуратуралары және оларға теңестірілгендер

Саны 35 қызметкер болған кезде бір көлік құралы



 

-

Мамандандырылған прокуратуралар

1

Түзеу мекемелеріндегі заңдылықты қадағалау жөніндегі мамандандырылған прокуратура

Бір көлік құралы



 

-

2

Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы

-

«Өзен-Теңіз» сыныбындағы бір катер

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады