"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 917 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:
      16-тармақта:
      1. Орталық аппараттың функцияларында:
      28) тармақша алынып тасталсын;
      50) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «50) әділет органдары жүйесіндегі кадрларға деген қажеттілікті айқындау;»;
      мынадай мазмұндағы 51), 52) тармақшалармен толықтырылсын:
      «51) мемлекеттік органдарды құқықтық қамтамасыз ету тиімділігін бағалау;
      52) мемлекеттік органдарды құқықтық қамтамасыз ету тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту, оны әдістемелік сүйемелдеу.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      С.Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады