"Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудитор таңдау жөнінде конкурстық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 539 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 қыркүйектегі № 923 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Қаулы 2013 жылғы 29 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудитор таңдау жөнінде конкурстық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 539 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау жөнінде конкурстық комиссия құру туралы»;
      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау жөнінде конкурс өткізу үшін мынадай құрамда комиссия құрылсын:»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Конкурстық комиссия заңнамада белгіленген тәртіппен 2013 жылғы 1 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының 2013 – 2014 жылдарға арналған жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау жөнінде конкурс өткізсін және оның нәтижелері бойынша конкурс жеңімпазын айқындасын.».
      2. Осы қаулы 2013 жылғы 29 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С.Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады