Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау жөнінде конкурстық комиссия құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 539 қаулысы

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.09.2013 № 923 қаулысымен (29.05.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау жөнінде конкурс өткізу үшін мынадай құрамда комиссия құрылсын:

Теңгебаев
Ардақ Мырзабайұлы

– Қазақстан Республикасының Қаржы
  вице–министрі, төраға

Биниязов
Дархан Берікұлы

– Қазақстан Республикасы Қаржы
  министрлігі Бюджеттік кредиттеу,
  Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры
  және қаржы секторы мәселелері бойынша
  өзара іс-қимыл департаменті
  директорының орынбасары, төрағаның
  орынбасары

Құсайынов
Марат Әпсеметұлы

– Қазақстан Республикасының Экономика
  және бюджеттік жоспарлау
  вице-министрі

Баймағамбетов
Ақылжан Мәлікұлы

– Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
  Монетарлық операциялар
  департаментінің директоры (келісім
  бойынша)

Зейнелғабдин
Алтай Болтайханұлы

– Республикалық бюджеттің атқарылуын
  бақылау жөніндегі есеп комитетінің
  мүшесі (келісім бойынша)

Сағиев
Ильдар Ізтұрғанұлы

– Қазақстан Республикасы Президентінің
  Әкімшілігі Әлеуметтік–экономикалық
  мониторинг бөлімінің меңгерушісі
  (келісім бойынша)

Астаев
Ертарғын Кәкімбекұлы

– Қазақстан Республикасы Парламентінің
  Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің
  хатшысы (келісім бойынша)

Сабильянов
Нұртай Салихұлы

– Қазақстан Республикасы Парламентінің
  Мәжілісі Қаржы және бюджет
  комитетінің мүшесі (келісім бойынша)

Байғожина
Айгүл Мырзатайқызы

– Қазақстан Республикасы Қаржы
  министрлігінің Қазынашылық комитеті
  төрағасының орынбасары

        Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.09.2013 № 923 қаулысымен (29.05.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Конкурстық комиссия заңнамада белгіленген тәртіппен 2013 жылғы 1 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының 2013 – 2014 жылдарға арналған жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау жөнінде конкурс өткізсін және оның нәтижелері бойынша конкурс жеңімпазын айқындасын.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.09.2013 № 923 қаулысымен (29.05.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады