Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидаларын бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 931 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 973 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.12.2015 № 973 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 193 бұйрығын қараңыз.


      «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 202-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      С. Ахметов

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң         
2013 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 931 қаулысымен   
бекiтiлген     

Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 202-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау тәртібін айқындайды.
      2. Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау (бұдан әрі – бағалау) – тиісті саланың уәкілетті органы мен жергілікті атқарушы органның мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген мүлікті және мемлекетке тиесілі акциялар мен заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін басқару жөніндегі қызметінің тиімділігін айқындау құралы.
      3. Бағалау мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген мүлікті және мемлекетке тиесілі акциялар мен заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін басқару тиімділігін айқындау мақсатында жүргізіледі.
      4. Бағалау:
      1) есепті кезеңде тұтас және түрлері бойынша: республикалық және коммуналдық мемлекеттік мүліктің жай-күйі туралы талдамалық ақпаратты;
      2) мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалауды, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаларды және мемлекетке тиесілі акциялар мен заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін басқару жөніндегі қызметтерінің тиімділігіне қарай тиісті салалардың уәкілетті органдарын және жергілікті атқарушы органдарды бағалауды;
      3) мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеуді қамтиды.
      5. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) ұйымдар – мемлекеттік заңды тұлғалар (мемлекеттік мекемелер және мемлекеттік кәсіпорындар) және мемлекеттің бақылауындағы акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер (бұдан әрі – мемлекеттің бақылауындағы АҚ (ЖШС));
      2) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, (республикалық маңызы бар қаланың және астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
      3) тиісті саланың уәкілетті органы – мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) басшылықты жүзеге асыратын және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген шарттарда республикалық мүлікке қатысты құқықтарды иеленетін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған орталық атқарушы орган. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мүлікке қатысты құқықтарды өзге мемлекеттік органдарға берген жағдайда, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының тиісті саланың уәкілетті органы туралы қағидалары осындай мемлекеттік органға қолданылады.
      6. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының тиісті салаларының уәкілетті органдарына және жергілікті атқарушы органдарына қолданылады.

2. Бағалауды жүзеге асыру тәртібі

      7. Бағалауды ұйымдардың, тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік мүлік пен ұйымдарды басқару жөніндегі 2013 жылдың қызметінің нәтижелері бойынша 2014 жылдан бастап жыл сайын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
      8. Бағалау екі кезеңде жүзеге асырылады:
      1) бірінші кезең – тиісті салалардың уәкілетті органдарынан және жергілікті атқарушы органдардан бағалау жүргізуге қажетті ақпарат жинау;
      2) екінші кезең – тиісті салалардың уәкілетті органдарының және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі қызметін балдық жүйе бойынша бағалау (осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес әрбір көрсеткіш бойынша 2 балдан артық емес).
      9. Бағалау мынадай ақпараттың негізінде жүзеге асырылады:
      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі қызметінің нәтижелері туралы есеп (бұдан әрі – есеп).
      Есепте бағалау критерийлері бойынша көрсеткіштерді толтыру кезінде есепті жылы тиісті саланың уәкілетті органы немесе акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) мемлекеттік акциялар пакетін (жарғылық капиталына қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығы мен мемлекеттік заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган ауысқан ұйымдар, сондай-ақ жаңадан құрылған ұйымдар ескерілмейді.
      Есеп жасау үшін ақпарат көзі мыналар болып табылады:
      ұйымдардың жылдық қаржылық есептілігі;
      мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет бақылауындағы АҚ-ның (ЖШС-нің) бекітілген, түзетілген даму жоспарлары мен оларды орындау жөніндегі есептері;
      мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының ұйымдарды бюджетке салықтық емес түсімдер түскен кезде және мемлекет активтерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы тұрғысынан тексеруінің нәтижелері;
      мемлекеттік заңды тұлғалардың балансына бекітілген мүлікті түгендеуді, паспорттауды және қайта бағалауды жүргізу нәтижелері;
      2) еркін нысанда жасалатын және мынадай мәліметтерді қамтитын есепке талдамалық жазба:
      жағымды жақтары мен кемшіліктерін баяндай отырып, есептің көрсеткіштерін талдау;
      есепті жылы тиісті саланың уәкілетті органы немесе акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) мемлекеттік акциялар пакетін (жарғылық капиталына қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығы мен мемлекеттік заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган ауысқан ұйымдардың атаулы тізбесі;
      төлемге қабілетсіз мемлекеттік кәсіпорындарды және мемлекет бақылауындағы АҚ-ны (ЖШС-ні) қаржы-экономикалық сауықтыру жөніндегі ұсыныстар;
      ұйымдарды басқару кезінде анықталған жүйелі кемшіліктер мен проблемалар;
      ұйымдарды басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар;
      3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының ұйымдарды бюджетке салықтық емес түсімдер түскен кезде және мемлекет активтерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы тұрғысынан тексеруінің нәтижелері туралы мәліметтер;
      4) мемлекеттік мүлік тізілімінің деректері.
      10. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың жиырмасыншы қазанына дейін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті, есепке талдамалық жазбаны және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының ұйымдарды бюджетке салықтық емес түсімдер түскен кезде және мемлекет активтерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы тұрғысынан тексеруінің нәтижелері туралы мәліметтерді ұсынады.
      11. Тиісті салалардың уәкілетті органдары және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші қарашасына дейін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті, есепке талдамалық жазбаны және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының ұйымдарды бюджетке салықтық емес түсімдер түскен кезде және мемлекет активтерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы тұрғысынан тексеруінің нәтижелері туралы мәліметтерді ұсынады.
      12. Тиісті салалардың уәкілетті органдары және жергілікті атқарушы органдар бағалау жүргізу үшін ұсынылатын ақпараттың дұрыстығын және толықтығын қамтамасыз етеді.
      13. Бағалау мынадай критерийлер бойынша жүргізіледі:
      1) «Қаржылық нәтижесі теріс ұйымдардың санын азайту» критерийі қаржылық нәтижесі теріс ұйымдардың болуын/болмауын немесе санының өзгеруін көрсетеді.
      Нөлдік қаржылық нәтиже оң нәтиже ретінде айқындалады;
      2) «Мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігінің және мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) акцияларының мемлекеттік пакетіне (жарғылық капиталына қатысу үлестеріне) дивидендтердің (табыстардың) бюджетке түсуін қамтамасыз ету» критерийі мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігінің және мемлекет бақылауындағы АҚ-ның (ЖШС-нің) мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтердің (мемлекеттік қатысу үлесіне таза табыс бөлігінің) бюджетке түсуінің уақтылығы мен толықтығын көрсетеді.
      Осы критерий бойынша есепті кезеңде оң қаржылық нәтижеге ие және акциялардың мемлекеттік пакетіне (мемлекеттік қатысу үлесіне) таза табысының бір бөлігі мен дивидендтерді (таза табысының бір бөлігін) бюджетке аударудан босатылмаған мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) қаралады.
      3) «Бекітілген нормативтер мен заттай нормаларды сақтау» критерийі бойынша мыналар айқындалады:
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен бекітілген мемлекеттік органдардың аппаратын және ерекше үй-жайларын орналастыруға арналған алаңдар нормаларының бұзылуы белгіленген мемлекеттік мекемелер саны;
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен бекітілген мемлекеттік органдарға көліктік қызмет көрсету үшін қызметтік автомобильдердің тиістілігі нормативтерінің бұзылуы белгіленген ұйымдар саны;
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына және Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарының тиістілік табелінің бұзылуы белгіленген мемлекеттік мекемелер саны;
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен бекітілген әкімшілік аппараттарды орналастыруға арналған алаңдар нормаларының бұзылуы белгіленген мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны;
      тиісті салалардың уәкілетті органдары белгілеген арнайы көлік құралдарының тиiстiлiк нормативтерiнің бұзылуы белгіленген мемлекеттік кәсіпорындар саны;
      4) «Мемлекеттік заңды тұлғалардың балансында бекітілген мүлікке түгендеуді, паспорттауды және қайта бағалауды жүргізу» критерийі бойынша балансында паспорттауды жүргізуді талап ететін объектілері бар мемлекеттік заңды тұлғалардың болмауын/болуын көрсетеді;
      5) «Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарлары мен олардың орындалуы бойынша мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) есептерін беру» критерийі бойынша мыналар айқындалады:
      мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарларын ұсынбаған мемлекеттік мекемелер мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны;
      мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген даму жоспарларын орындау бойынша есептерді ұсынбаған мемлекеттік мекемелер мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны;
      6) «Даму жоспарының көрсеткіштерін жоспарлау сапасы» критерийі бойынша бекітілген (түзетілген) даму жоспарында сандық бағалауға жатқызылатын, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында (аумақтарды дамыту жоспарында) көрсетілген стратегиялық бағыттары мен мақсаттарын орындау бойынша ұйымның қызметін сипаттайтын шешуші көрсеткіштері айқындалмаған мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны айқындалады.
      7) «Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) қаржылық жай-күйінің тұрақтылығы» критерийі төлемге қабілетсіз мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ-ның (ЖШС-ның) болмауын/болуын көрсетеді.
      Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) қаржылық жай-күйінің тұрақтылығы ағымдағы өтімділік коэффициенті мен меншікті айналым қаражатымен қамтамасыз етілу коэффициенті бойынша айқындалады.
      Ағымдық өтімділік коэффициенті бойынша шаруашылық қызмет жүргізу және ұйымның жедел міндеттемелерін уақтылы өтеу үшін ұйымның меншікті айналым қаражатымен жалпы қамтамасыз етілуі айқындалады.
      Ағымдық өтімділік коэффициенті ағымдық (айналым) активтерінің ұйымның ағымдық (қысқа мерзімді) міндеттемелеріне қатынасы ретінде есептеледі.
      Меншікті айналым қаражатымен қамтамасыз етілу коэффициенті бойынша ұйымның қаржылық тұрақтылығына қажетті меншікті айналым қаражатының болуы айқындалады.
      Меншікті айналым қаражатымен қамтамасыз етілу коэффициенті меншікті айналым қаражатының ұйымның айналым активтері шамасына қатынасы ретінде есептеледі. Меншікті айналым қаражатының мөлшері меншікті қаражат пен оның айналымнан тыс активтері арасындағы айырма ретінде есептеледі.
      Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) мына шарттардың бірі болған кезде:
      1) ағымдық өтімділік коэффиценті есепті кезеңнің соңында 1,5-тен кем мәнге ие болса;
      2) меншікті айналым қаражатымен қамтамасыз етілу коэффиценті есепті кезеңнің соңында 0,1-ден кем мәнге ие болса төлемге қабілетсіз болып саналады.
      15. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган:
      1) тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдар бойынша олар ұсынған деректерді іріктеп қайта тексереді;
      2) балдық жүйе бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бағалау жүргізеді және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау парағын толтырады.
      16. Бағалау нәтижелері бойынша тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдарды мынадай тәртіппен топтау жүргізіледі:
      1) мемлекеттік мекемелерді басқару қызметін жүзеге асыратын тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдар:
      тиімділігі жоғары (10-8 балл);
      тиімділігі орташа (7-4 балл);
      тиімділігі төмен (3-0 балл);
      2) мемлекеттік кәсіпорындарды басқару қызметін жүзеге асыратын тиісті салалардың уәкілетті органдары:
      тиімділігі жоғары (18-16 балл);
      тиімділігі орташа (15-8 балл);
      тиімділігі төмен (7-0 балл);
      мемлекеттік кәсіпорындарды басқару қызметін жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар:
      тиімділігі жоғары (16-14 балл);
      тиімділігі орташа (13-8 балл);
      тиімділігі төмен (7-0 балл);
      3) акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін басқару қызметін жүзеге асыратын тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдар:
      тиімділігі жоғары (14-12 балл);
      тиімділігі орташа (11-6 балл);
      тиімділігі төмен (5-0 балл);
      4) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекет қатысатын үлестерін басқару қызметін жүзеге асыратын тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдар:
      тиімділігі жоғары (14-12 балл);
      тиімділігі орташа (11-6 балл);
      тиімділігі төмен (5-0 балл).
      17. Бағалау қорытындылары бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау жөніндегі жылдық есепті Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірмей ұсынады.

Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін
бағалау қағидаларына          
1-қосымша                  

Критерийлер және көрсеткіштер баллдары

Р/с

Критерий/көрсеткіш атауы

Балл

1

2

3

1

Қаржылық нәтижесі теріс ұйымдардың санын азайту


Қаржылық нәтижесі теріс ұйымдардың болмауы

2

Болуы

0

Есепті жылдағы өзгерістер:


азаю жағына қарай

1

арту жағына қарай немесе өзгеріссіз

0

2

Мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігінің және мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) акцияларының мемлекеттік пакетіне (жарғылық капиталына қатысу үлестеріне) дивидендтердің (табыстардың) бюджетке түсуін қамтамасыз ету

Таза табыстың тиісті бөлігін және мемлекет меншігіндегі мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтерді бюджетке уақтылы және толық аудармаған ұйымдардың болмауы

2

Болуы

0

3

Бекітілген нормативтер мен заттай нормаларды сақтау

3.1

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен бекітілген мемлекеттік органдардың аппаратын және ерекше үй-жайларын орналастыруға арналған алаңдар нормаларының бұзылуы белгіленген мемлекеттік мекемелер саны

Бұзушылықтардың болмауы

2

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының есепті кезеңде тексерулер жүргізбеуі

1

Бұзушылықтардың болуы

0

3.2

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен бекітілген мемлекеттік органдарға көліктік қызмет көрсету үшін қызметтік автомобильдердің тиістілігі нормативтерінің бұзылуы белгіленген ұйымдар саны

Бұзушылықтардың болмауы

2

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының есепті кезеңде тексерулер жүргізбеуі

1

Бұзушылықтардың болуы

0

3.3

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына және Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарының тиістілік табелінің бұзылуы белгіленген мемлекеттік мекемелер саны

Бұзушылықтардың болмауы

2

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының есепті кезеңде тексерулер жүргізбеуі

1

Бұзушылықтардың болуы

0

3.4

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен бекітілген әкімшілік аппараттарды орналастыруға арналған алаңдар нормаларының артуы белгіленген мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны

Бұзушылықтардың болмауы

2

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының есепті кезеңде тексерулер жүргізбеуі

1

Бұзушылықтардың болуы

0

3.5

Тиісті салалардың уәкілетті органдары белгілеген арнайы көлік құралдарының тиiстiлiк нормативтерiнің бұзылуы белгіленген мемлекеттік кәсіпорындар саны

Бұзушылықтардың болмауы

2

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының есепті кезеңде тексерулер жүргізбеуі

1

Бұзушылықтардың болуы

0

4

Мемлекеттік заңды тұлғалардың балансында бекітілген мүлікке түгендеуді, паспорттауды және қайта бағалауды жүргізу


Балансында паспорттауды жүргізуді талап ететін объектілері бар мемлекеттік заңды тұлғалардың болмауы

2

Болуы

0

5

Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарлары мен олардың орындалуы бойынша мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) есептерін беру

5.1

Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарларын ұсынбаған мемлекеттік мекемелер мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны

Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарларын ұсынбаған мемлекеттік мекемелер мен мемлекет бақылауындағы АҚ-ның (ЖШС-нің) болмауы

1

Болуы

0

5.2

Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген даму жоспарларын орындау бойынша есептерді ұсынбаған мемлекеттік мекемелер мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны

Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген даму жоспарларын орындау бойынша есептерді ұсынбаған мемлекеттік мекемелер мен мемлекет бақылауындағы АҚ-ның (ЖШС-нің) болмауы

1

Болуы

0

6

Даму жоспарының көрсеткіштерін жоспарлау сапасы


Барлық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ-та (ЖШС-де) бекітілген (түзетілген) даму жоспарында сандық бағалауға жатқызылатын, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында (аумақтарды дамыту жоспарында) көрсетілген стратегиялық бағыттары мен мақсаттарын орындау бойынша ұйымның қызметін сипаттайтын шешуші көрсеткіштері айқындалған

2

Бекітілген (түзетілген) даму жоспарында сандық бағалауға жатқызылатын, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында (аумақтарды дамыту жоспарында) көрсетілген стратегиялық бағыттары мен мақсаттарын орындау бойынша ұйымның қызметін сипаттайтын шешуші көрсеткіштері айқындалмаған мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ-ның (ЖШС-нің) болуы

0

7

Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) қаржылық жай-күйінің тұрақтылығы

Төлемге қабілетсіз мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ-ның (ЖШС-нің) болмауы

2

Төлемге қабілетсіз мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ-ның (ЖШС-нің) болуы

0

Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін
бағалау қағидаларына           
2-қосымша                 

Тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органы мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі қызметінің нәтижелері туралы есеп
_____________________________________________________________________
(тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның атауы)

_______________
(есепті кезең)

Р/с №

Көрсеткіштер

өлшем бірлігі

барлығы

оның ішінде:

мемлекеттік мекемелер

мемлекеттік кәсіпорындар

мемлекет бақылауындағы акционерлік қоғамдар

мемлекет бақылауындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер

1

2

3

4

5

6

7

8


Ұйымдар саны

бірлік






Есепті кезең басында

бірлік






Есепті кезең соңында

бірлік






Ауытқу (есепті кезеңнің соңы минус есепті кезеңнің басы)

бірлік






1

«Қаржылық нәтижесі теріс ұйымдардың санын азайту» критерийі*

қаржылық нәтижесі теріс ұйымдар саны:

Есепті кезеңнің алдындағы жылдың соңында

бірлік






Есепті кезең соңында

бірлік






ауытқу (есепті кезеңнің соңы минус есепті кезеңнің алдындағы жылдың соңы)

бірлік






2

«Мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігінің және мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) акцияларының мемлекеттік пакетіне (жарғылық капиталына қатысу үлестеріне) дивидендтердің (табыстардың) бюджетке түсуін қамтамасыз ету» критерийі*

Оң қаржылық нәтижеге ие және акциялардың мемлекеттік пакетіне (мемлекеттік қатысу үлесіне) таза табысының бір бөлігі мен дивидендтерді (таза табысының бөлігін) бюджетке аударудан босатылмаған ұйымдар саны

бірлік


Х




Таза табыстың тиісті бөлігін және мемлекет меншігіндегі мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтерді бюджетке уақтылы және толық аудармаған ұйымдар саны

бірлік


Х




3

«Бекітілген нормативтер мен заттай нормаларды сақтау» критерийі*

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен бекітілген мемлекеттік органдардың аппаратын және ерекше үй-жайларын орналастыруға арналған алаңдар нормаларының бұзылуы белгіленген мемлекеттік мекемелер саны

бірлік



Х

Х

Х

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен бекітілген мемлекеттік органдарға көліктік қызмет көрсету үшін қызметтік автомобильдердің тиістілігі нормативтерінің артуы белгіленген ұйымдар саны

бірлік



Х

Х

Х

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына және Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарының тиістілік табелінің бұзылуы белгіленген мемлекеттік мекемелер саны

бірлік



Х

Х

Х

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен бекітілген әкімшілік аппараттарды орналастыруға арналған алаңдар нормаларының бұзылуы белгіленген мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны

бірлік


Х




Тиісті саланың уәкілетті органдары белгілеген арнайы көлік құралдарының тиiстiлiк нормативтерiнің бұзылуы белгіленген мемлекеттік кәсіпорындар саны

бірлік


Х


Х

Х

4

«Мемлекеттік заңды тұлғалар балансында бекітілген мүлікке түгендеуді, паспорттауды және қайта бағалауды жүргізу» критерийі*

Балансында паспорттауды жүргізуді талап ететін объектілер бар мемлекеттік заңды тұлғалардың болмауы

бірлік




Х

Х

5

«Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарлары мен олардың орындалуы бойынша мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) есептерін беру» критерийі*

5.1

Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарларын ұсынбаған мемлекеттік мекемелер мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны

бірлік


Х




5.2

Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген даму жоспарларын орындау бойынша есептерді ұсынбаған мемлекеттік мекемелер мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны

бірлік


Х




6

«Даму жоспарларының көрсеткіштерін жоспарлау сапасы» критерийі*


Бекітілген (түзетілген) даму жоспарында сандық бағалауға жатқызылатын, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында (аумақтарды дамыту жоспарында) көрсетілген стратегиялық бағыттары мен мақсаттарын орындау бойынша ұйымның қызметін сипаттайтын шешуші көрсеткіштері айқындалмаған барлық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны

бірлік


Х




7

«Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) қаржылық жай-күйінің тұрақтылығы» критерийі*


Төлемге қабілетсіз мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны

бірлік


Х




      Ескертпе: «Х» белгіленген алаңдар толтырылмайды;
      * есепте бағалау критерийлері бойынша көрсеткіштерді толтыру кезінде есепті жылда акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) мемлекеттік акциялар пакетін (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығын және мемлекеттік заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның ауысуы болған ұйымдар, сондай-ақ жаңадан құрылған ұйымдар ескерілмейді.

      Тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның жетекшісі

__________ ____________________________
(қолы)    (қол қоюдың толық жазылуы)

Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін
бағалау қағидаларына           
3-қосымша                   

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының ұйымдарды бюджетке салықтық емес түсімдер түскен кезде және мемлекет активтерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы тұрғысынан тексеруінің нәтижелері туралы мәліметтер
_____________________________________________________________________
(тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның атауы)

_____________
(есепті кезең)

Р/с №

Тексерілген ұйымның атауы

Тексеру жүргізген мемлекеттік қаржылық бақылау органының атауы

Тексеру нәтижелері

Бұзушылықтар анықталған жоқ

Анықталған бұзушылықтар:

Тиістілік нормативінің (нормаларының) артуы

Мемлекеттік тіркеудің болмауы

Үй-жайлар

(бірлік/ ш.м)

Көлік құралдары (бірлік)

Жылжымайтын мүлік объектілері (бірлік)

Көлік құралдары (бірлік)

1

2

3

4

5

6

7

8

Тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның басшысы

__________ _______________________________
(қолы)     (қол қоюдың толық жазылуы)

Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін
бағалау қағидаларына          
4-қосымша                 

Бағалау парағы
_______________________________________________________
(тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның атауы)

_______________
(есепті кезең)

Мемлекеттік мекемелерді басқару

Р/с

Критерий/көрсеткіш атауы

Балл

1

2

3

1

Қаржылық нәтижесі теріс ұйымдардың санын азайту


2

Бекітілген нормативтер мен заттай нормаларды сақтау


2.1

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен бекітілген мемлекеттік органдардың аппаратын және ерекше үй-жайларын орналастыруға арналған алаңдар нормаларын сақтау


2.2

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен бекітілген мемлекеттік органдарға көліктік қызмет көрсету үшін қызметтік автомобильдердің тиістілігі нормативтерін сақтау


2.3

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына және Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарының тиістілік табелін сақтау


3

Мемлекеттік заңды тұлғалар балансында бекітілген мүлікке түгендеуді, паспорттауды және қайта бағалауды жүргізу



Жиыны:


Мемлекеттік кәсіпорындарды басқару

Р/с

Критерий/көрсеткіш атауы

Балл

1

2

3

1

Қаржылық нәтижесі теріс ұйымдардың санын азайту


2

Мемлекеттік кәсіпорындар таза табысының бір бөлігінің бюджетке түсуін қамтамасыз ету


3

Бекітілген нормативтер мен заттай нормаларды сақтау


3.1

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен бекітілген әкімшілік аппараттарды орналастыруға арналған алаңдар нормаларын сақтау


3.2

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен бекітілген қызметтік автомобильдердің тиістілігі нормативтерін сақтау


3.3

Тиісті салалардың уәкілетті органдары белгілеген арнайы көлік құралдарының тиiстiлiгі нормативтерiн сақтау


4

Мемлекеттік заңды тұлғалар балансында бекітілген мүлікке түгендеуді, паспорттауды және қайта бағалауды жүргізу


5

Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарлары мен олардың орындалуы жөніндегі есептерді ұсыну


5.1

Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарларын ұсыну


5.2

Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген даму жоспарларын орындау бойынша есептерді ұсыну


6

Даму жоспарының көрсеткіштерін жоспарлау сапасы


7

Мемлекеттік кәсіпорындардың қаржылық жай-күйінің тұрақтылығы



Жиыны:


Акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін басқару

Р/с

Критерий/көрсеткіш атауы

Балл

1

2

3

1

Қаржылық нәтижесі теріс ұйымдардың санын азайту


2

Акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтердің бюджетке түсуін қамтамасыз ету


3

Бекітілген нормативтер мен заттай нормаларды сақтау


3.1

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен бекітілген әкімшілік аппараттарды орналастыруға арналған алаңдар нормаларын сақтау


3.2

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен бекітілген қызметтік автомобильдердің тиістілігі нормативтерін сақтау


4

Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарлары мен олардың орындалуы бойынша мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) есептерін ұсыну


4.1

Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарларын ұсыну


4.2

Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген даму жоспарларын орындау бойынша есептерді ұсыну


5

Даму жоспарының көрсеткіштерін жоспарлау сапасы


6

Мемлекет бақылауындағы АҚ қаржылық жай-күйінің тұрақтылығы



Жиыны:


Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік қатысу үлестерін басқару

Р/с

Критерий/көрсеткіш атауы

Балл

1

2

3

1

Қаржылық нәтижесі теріс ұйымдардың санын азайту


2

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікте мемлекеттік қатысу үлесіне таза табыстың бір бөлігінің бюджетке түсуін қамтамасыз ету


3

Бекітілген нормативтер мен заттай нормаларды сақтау


3.1

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен бекітілген әкімшілік аппараттарды орналастыруға арналған алаңдар нормаларын сақтау


3.2

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен бекітілген қызметтік автомобильдердің тиістілігі нормативтерін сақтау


4

Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарлары мен олардың орындалуы бойынша мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) есептерін ұсыну


4.1

Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарларын ұсыну


4.2

Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген даму жоспарларын орындау бойынша есептерді ұсыну


5

Даму жоспарының көрсеткіштерін жоспарлау сапасы


6

Мемлекет бақылауындағы ЖШС қаржылық жай-күйінің тұрақтылығы



Жиыны:


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады