Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 947 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті» мемлекеттік мекемесін оған қосу жолымен;
      2) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерін оларға қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 сәуiрдегi № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
      1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi туралы ережеде:
      2-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;
      2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігi Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесi алынып тасталсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      С. Ахметов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің          
2013 жылғы 12 қыркүйектегі
№ 947 қаулысына      
қосымша           

Қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
Салық комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк
мекемелерiнiң және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тiзбесi

      1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесін қосу жолымен «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң Ақмола облысы бойынша Салық департаментi» мемлекеттік мекемесі.
      2. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесін қосу жолымен «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Салық комитетiнің Ақтөбе облысы бойынша Салық департаментi» мемлекеттік мекемесі.
      3. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесін қосу жолымен «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Салық комитетiнің Алматы облысы бойынша Салық департаментi» мемлекеттік мекемесі.
      4. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесін қосу жолымен «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң Атырау облысы бойынша Салық департаментi» мемлекеттік мекемесі.
      5. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесін қосу жолымен «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаментi» мемлекеттік мекемесі.
      6. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесін қосу жолымен «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң Жамбыл облысы бойынша Салық департаментi» мемлекеттік мекемесі.
      7. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесін қосу жолымен «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң Батыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаментi» мемлекеттік мекемесі.
      8. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесін қосу жолымен «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң Қарағанды облысы бойынша Салық департаментi» мемлекеттік мекемесі.
      9. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесін қосу жолымен «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң Қызылорда облысы бойынша Салық департаментi» мемлекеттік мекемесі.
      10. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесін қосу жолымен «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң Қостанай облысы бойынша Салық департаментi» мемлекеттік мекемесі.
      11. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесін қосу жолымен «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң Маңғыстау облысы бойынша Салық департаментi» мемлекеттік мекемесі.
      12. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесін қосу жолымен «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң Павлодар облысы бойынша Салық департаментi» мемлекеттік мекемесі.
      13. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесін қосу жолымен «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Салық департаментi» мемлекеттік мекемесі.
      14. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесін қосу жолымен «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша Салық департаментi» мемлекеттік мекемесі.
      15. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесін қосу жолымен «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң Алматы қаласы бойынша Салық департаментi» мемлекеттік мекемесі.
      16. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесін қосу жолымен «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң Астана қаласы бойынша Салық департаментi» мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады