"Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға 2013 жылға арналған қаражатты бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 ақпандағы № 113 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 16 қыркүйектегі № 960 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға 2013 жылға арналған қаражатты бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 ақпандағы № 113 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      «5.1.5-мақсат. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендер арасындағы қайтымсыз шығындарды азайту» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 1-жолдағы «10 610 048» деген сандар «10 714 048» деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 2-жолдағы «883 146» деген сандар «1 189 741» деген сандармен ауыстырылсын;
      «5.1.6-мақсат. Пенитенциарлық жүйеде туберкулезбен және АИТВ/ЖИТС-пен сырқаттанушылық пен өлім-жітім деңгейін төмендету» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 1-жолдағы «1 163 168» деген сандар «847 029» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Барлығы» деген жолдағы «16 451 741» деген сандар «16 546 197» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С.Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады