Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға 2013 жылға арналған қаражатты бөлу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 ақпандағы № 113 қаулысы

      «2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға 2013 жылға арналған қаражат бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды қамтамасыз етсін.
      3. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың іске асырылу барысы туралы есептер берсін.
      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жартыжылдық қорытындылары бойынша, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
      5. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 11 ақпандағы
№ 113 қаулысына  
қосымша       

Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық
және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға 2013
жылға арналған қаражатты бөлу

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.09.2013 № 960 (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2013 № 1401 (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Іс-шаралар атауы

Жауапты мемлекеттік органдар

Сома, мың теңге

1

2

3

4

5.1-мақсат. Мемлекеттік, қоғамдық және бизнес құрылымдардың қызметін үйлестіру арқылы азаматтардың денсаулығын қалыптастыру, сақтау және нығайту

1

Жұмысшылардың зиянды еңбек жағдайлардағы ең жоғары жұмыс уақытының ұзақтығын анықтау жөніндегі зерттеу жүргізу

Еңбекмині

11 392

2

Кәсіптік аурулар бойынша қауіп топтарын ерте анықтау әдістемесін әзірлеу және енгізу

Еңбекмині

8 361

5.1.1-мақсат. Профилактикаға және мінез-құлықтық тәуекел факторларын бақылауды күшейтуге жүйелі және кешенді тәсіл арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру

1

Телерадиохабарларын тарату арналарында көрнекті қоғам қайраткерлерін қатыстыра отырып, темекі шегуді, алкогольді шектен тыс тұтынуды және есірткіні тұтынудың профилактикасы және емдеу бойынша ақпараттық-насихаттық баспа басылымдарын әзірлеу мен басып шығару және науқандар мен жобалар өткізу

СДШІА

88 125

2

Спортты және салауатты өмір салтын насихаттау жөнінде әлеуметтік бейнероликтер жасау

СДШІА

8 400

3

Бұқаралық спорт түрлері бойынша жыл сайынғы салалық спартакиадалар ұйымдастыру және өткізу

СДШІА

29 756

4

Денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелеріне арналған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік телевизиялық бағдарламасын республикалық деңгейде жасау

МАМ

7 144

5.1.2-мақсат. Халықтың дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету және тамақтануға байланысты аурулардың профилактикасы

1

Халықтың дұрыс тамақтану дағдыларын және тамақ өнімдері қауіпсіздігін қалыптастыру

ДСМ

213 700

2

Дұрыс тамақтану мәселелері бойынша ақпараттық-насихаттау науқанын жүргізу

ДСМ

11 028

3

Дұрыс тамақтану мәселелері бойынша бейне және аудиороликтер шығару

МАМ

750

5.1.3-мақсат. Балалар мен жасөспірімдердің физикалық және психикалық денсаулығын қалыптастыру

1

Мектеп жасындағы балалардың арасында тірек-қимыл аппараты ауруларының профилактикасы бойынша іс-шаралар кешенін әзірлеу, оның ішінде Қарағанды облысының облыстық бюджетіне, Астана қаласының қалалық бюджетіне ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша*

БҒМ

50 000


оның ішінде:

Қарағанды облысының әкімдігі

39 470

Астана қаласының әкімдігі

10 530

5.1.4-мақсат. Жол-көлік жарақаттанушылығын және одан болған өлім-жітімді төмендету

1

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша әлеуметтік роликтер жасау және орталық, республикалық телеарналарда олардың прокатын қамтамасыз ету

ІІМ

21 300

2

Жол қозғалысы қауіпсіздігінің өзекті мәселелері бойынша республикалық телеарнада мамандандырылған бағдарлама жасау

ІІМ

12 200

5.1.5-мақсат. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендер арасындағы қайтымсыз шығындарды азайту

1

Санитариялық тікұшақтар сатып алу және оларды пайдалануды қамтамасыз ету

ТЖМ

8 401 825

2

Шұғыл медициналық-құтқару көмегін көрсету бойынша трассалық пункттерін, оның ішінде Батыс Еуропа - Батыс Қытай трассасында құру

ТЖМ

1 182 974

3

Апаттар медицинасы қызметін көп бейінді ұтқыр госпитальмен жабдықтау

ТЖМ

2 674 200

4

Трассада шұғыл медициналық-құтқару көмегін көрсету пункттерінің жұмыс істеуі

ТЖМ

328 319

5.1.6-мақсат. Пенитенциарлық жүйеде туберкулезбен және АИТВ/ЖИТС-пен сырқаттанушылық пен өлім-жітімі деңгейін төмендету

1

Туберкулезбен, АИТВ/ЖИТС-пен және басқа аурулармен ауыратындарға медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру мақсатында қылмыстық-атқару жүйесі емдеу-профилактикалық мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуын нығайту**

ІІМ

807 214

2

Салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған, оның ішінде бас бостандығынан айырылған адамдар арасында туберкулез, АИТВ/ЖИТС мәселелері жөніндегі ақпараттық материалдарды басып шығару және тарату

ІІМ

3 616

3

АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша жұмыс істейтін ҮЕҰ әлеуетін арттыру, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту

ДСМ

5 850

4

Қамау орындарында АИТВ инфекциясының профилактикасы бағдарламасын іске асыру және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатын адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету бағдарламаларын енгізу. Бас бостандығынан айыру орындарында АИТВ/ЖИТС-пен күрес үшін ҮЕҰ әлеуетін дамыту***

ДСМ

36 426


оның ішінде:

Ақмола облысы

2 148

Ақтөбе облысы

2 351

Алматы облысы

2 264

Атырау облысы

403

Шығыс Қазақстан облысы

5 702

Жамбыл облысы

2 958

Батыс Қазақстан облысы

1 269

Қарағанды облысы

6 272

Қостанай облысы

3 015

Қызылорда облысы

484

Маңғыстау облысы

1 568

Павлодар облысы

2 053

Солтүстік Қазақстан облысы

1 889

Оңтүстік Қазақстан облысы

2 382

Алматы қаласы

842

Астана қаласы

826

Барлығы

13 902 580

      Ескертпе:
      * Мектеп жасындағы балалардың арасында тірек-қимыл аппараты ауруларының профилактикасы бойынша іс-шараларды өткізуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті уәкілетті білім беру органдары жүзеге асырады.
      ** Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесінің емдеу-профилактикалық мекемелеріне арналған медициналық техника, медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен келісіледі. Қылмыстық-атқару жүйесінің емдеу-профилактикалық мекемелеріне арналған медициналық техниканы, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу Қазақстан Республикасының тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      *** Бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдар мен одан босатылған адамдар арасында АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі іс-шараларды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті уәкілетті денсаулық сақтау органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
      ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
      БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
      МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
      СДШІА - Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі
      Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
      ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
      ҮЕҰ - үкіметтік емес ұйымдар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады