"Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру, сондай-ақ барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 мамырдағы № 581 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 981 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 маусымдағы № 435 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.06.2015 № 435 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру, сондай-ақ барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 мамырдағы № 581 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011ж., № 40, 503-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру, сондай-ақ барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асыру қағидасында:

      2, 4, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 19, 20, 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен келiсiмшарт жасасу жолымен берiледi.";

      "4. Барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi тiкелей келiссөздердi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жұмыс тобы жүргiзедi.";

      "6. Келiсiмшарт жасасуға үмiткер тұлға тiкелей келiссөздерге қатысу үшiн осы қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiмдi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына жiбередi.";

      "9. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы өтiнiмдi қабылдайды, арнайы журналда тiркейдi және өтiнiш берушiнi тiкелей келiссөздер жүргiзу туралы немесе тiкелей келiссөздер жүргiзуден бас тарту туралы шешiмнiң қабылданғаны туралы он жұмыс күні iшiнде хабардар етеді.

      10. Тікелей келіссөздер Заңның 58-бабының талаптарына сәйкес ресімделген өтінім келіп түскен күнінен бастап екі ай ішінде жүргізіледі.

      Тікелей келіссөздер жүргізу мерзімі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының шешімімен ұзартылуы мүмкін.

      11. Тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күн тiкелей келiссөздердiң қорытындысы бойынша шешiм қабылданған күн болып есептеледi.

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы өтiнiш берушiнi тiкелей келiссөздердiң қорытындылары бойынша қабылданған шешiм туралы тiкелей келiссөздердің хаттамасына қол қойған күнiнен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзiмде хабардар етуге мiндеттi.

      12. Тікелей келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын беру туралы не беруден бас тарту туралы шешім өтініш берушінің келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау мүмкіндігі туралы куәландыратын деректердің негізінде қабылданады.

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының тікелей келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын беруден бас тарту туралы шешіміне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.

      13. Тiкелей келiссөздердiң қорытындылары бойынша шешiм облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының тiкелей келiссөздер жүргiзу жөнiндегi жұмыс тобының хаттамасымен ресiмделедi.

      Хаттама тікелей келіссөздер жүргiзілген күнінен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жасалады және оған қол қойылады.";

      "19. Өтiнiш берушi тiкелей келiссөздер барысында ұсынған және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы қабылдаған жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу шарттары мiндеттi түрде тiкелей келiссөздер хаттамасына, ал кейiннен келiсiмшартқа қамтылады.

      20. Келісімшартты жасасу үшін барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының тікелей келіссөздер хаттамасы негіз болып табылады. Тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күнінен бастап үш ай ішінде келісімшарт жасалады.

      21. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы осы қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келiсiмшарт жасалған сәттен бастап бес жұмыс күні iшiнде барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келiсiмшартты мемлекеттiк тiркеу актiсiн бередi.";

      көрсетілген қағидаға 1 және 2-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 981 қаулысына
1-қосымша
Барлаумен немесе
өндірумен байланысты емес жерасты
құрылыстарын салуға және (немесе)
пайдалануға жер қойнауын пайдалану
құқығын беру, сондай-ақ барлаумен
немесе өндірумен байланысты емес
жерасты құрылыстарын салуды
және (немесе) пайдалануды жүзеге
асыру қағидасына
1-қосымша
Облыстың, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың
жергілікті атқарушы органы

      _______________________ облысында орналасқан ______________________

       "Жер қойнауын барлаумен және (немесе) пайдалы қазбаларды өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану" үшін тікелей келіссөздерді жүргізу жолымен жер қойнауын пайдалану құқығын алуға

      ӨТІНІМ

       1. Өтініш беруші туралы деректер:

       Заңды тұлғаның атауы: ______________________________________

       Орналасқан жері_____________________________________________

       Меншік нысаны ______________________________________________

       Мемлекеттік тиесілігі_______________________________________

       Тіркеу құжатының нөмірі: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу / қайта тіркеу туралы куәлік* немесе анықтама________________________

       Ескертпе:* "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.

       Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСК)_____________________________

       Басшылар мен қатысушылар (немесе олардың жарғылық капиталдағы үлесінің көлемін көрсете отырып (жарғылық капиталдың жалпы көлемінен) акционерлер) туралы мәліметтер ______________________________________

       Бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығында осындай қағаздардың жалпы санын көрсете отырып, заңды тұлғаның бағалы қағаздарының айналымы туралы мәліметтер___________________________________________

       Өтініш берушінің еншілес ұйымдары туралы мәліметтер____________

       Деректемелер: _______ қ. ____________ е/шоты БСК ______________

       Мекенжайы, телефоны, факс, e-mail______________________________

       Құрылтайшылар: ________________________________________________

       Құрылған күні:_________________________________________________

       Өтініш берушінің тегі мен аты (жеке тұлғалар үшін):____________

       Заңды мекенжайы _______________________________________________

       Азаматтығы ____________________________________________________

       Жеке куәлік № _________________________________________________

       Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)________________________________

       Өтініш берушіні кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде тіркеу _____________________________________________________________________

       1) Өтініш берушінің мүддесін білдіретін басшылардың немесе өкілдердің өкілеттіктері туралы мәліметтерді қоса алғанда, мұндай тұлғалар туралы деректер_____________________________________________

       2) Қызметтің негізгі түрі:_____________________________________

       3) Жұмыс тәжірибесі:___________________________________________

       4) Кәсіпорынның қаржылық жай-күйі, қаржыландыру көзі:__________

       2. Қазақстанның жер қойнауын пайдаланумен байланысты жұмыстардың мақсаттық белгіленімі:

       1) Объектінің атауы:___________________________________________

       Қысқаша геологиялық сипаттамасы:_______________ орналасқан ____

       2) Объектілердің жалпы сипаттамасы:____________________________

      ____________________________________________________________________

      (орналасқан жері, пайдалану кезеңі, ұстауға арналған шығындар, қоршаған орта мониторингінің қадағалау желісінің болуы мен орналасуы).

       3) Объектілердің тау-кен-геологиялық және гидрогеологиялық сипаттамасы:____________________________________________________________________________________________________________

      (оқшаулау сипаттамасы, тау-кен жыныстарының типі, коллектор қаттарының жерасты тереңдігі және тиімді қуаты, оның алаңы, кеуектілік коэффициенті, төселетін және жабылатын су тірегінің сипаттамасы, жерасты суларының табиғи ағысының жылдамдығы, су ағызуды сақтау және басқа, көму (жиып қою) мен ағызудың сапалық және сандық көрсеткіштері, тау-кен техникалық, арнаулы инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық шарттары).

       4) Зиянды заттар, радиоактивті қалдықтар және ағынды сулар түзілетін ұйымдар туралы мәліметтер:_________________________________

      _____________________________________________________________________

      (орналасқан жері және ведомстволық тиесілігі, зиянды заттардың, сарқынды сулардың сипаттамасы: өнімнің атауы, өнім түзілетін техникалық өндіріс немесе процесс, физикалық сипаттамасы, толық химиялық құрамы, уытты компоненттердің болуы, өрт-жарылыс қауіптілігі, ерігіштігі, сақтау кезінде басқа заттармен үйлесімділігі, негізгі ластаушы радионуклидтер, олардың белсенділігі және басқа сипаттамалары, тасымалдау жүйесінің сипаттамасы).

       3. Сұратылатын аумақтың кеңістік шекарасы, оның алаңы:

      (жер қойнауын пайдалану объектісінің әкімшілік-аумақтық байланыстылығы, алаң гектармен)

       4. Жер қойнауын пайдалану құқығы сұралатын мерзім:

      ____ ж. басталған жұмыстардың ұзақтығы _____ жыл ( ________ жж).

       Өтініш беруші облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына барынша жәрдемдесуге және өтінімге сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізу кезінде қажетті кез келген ақпаратты ұсынуға міндетті.

       Өтініш беруші өтінімдегі және қосымшадағы барлық ақпарат нақты және шынайы екендігіне кепілдік береді.

       Өтініш берушінің қолы

       (заңды тұлға, жеке тұлға) __________________

      Мөр орны

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 981 қаулысына
2-қосымша
Барлаумен немесе
өндірумен байланысты емес жерасты
құрылыстарын салуға және (немесе)
пайдалануға жер қойнауын пайдалану
құқығын беру, сондай-ақ барлаумен
немесе өндірумен байланысты емес
жерасты құрылыстарын салуды
және (немесе) пайдалануды жүзеге
асыру қағидасына
2-қосымша

      __________________________________________________________________

      (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының атауы)



Қазақстан Республикасында барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және/немесе пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған келісімшартты мемлекеттік тіркеу
АКТІСІ

      ___________ қ. 20___ ж. "_____" _____

       Осымен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының 20___ жылғы " ____ " _____ тікелей келіссөздер хаттамасының негізінде

      ____________________________________________________________________

      (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының атауы) және

      __________________________________________________ арасында жасалған

       (Мердігер)

      _______________________________________________ келісімшарт тіркеледі

       (тікелей келіссөздер объектісінің атауы)

      Тіркеу № __________

      Облыстың, республикалық маңызы

      бар қаланың, астананың әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады