"Қазақстан Республикасында минералдық шикізат кешенін дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1530 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 1002 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасында минералдық шикізат кешенін дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1530 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      «1. Бағдарлама паспорты» деген бөлімде:
      «Қаржыландыру көздері мен көлемдері» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бағдарламаны iске асыруға арналған қаржылық шығындар республикалық бюджет есебiнен көзделеді, жыл сайынғы көлемi республикалық бюджетте көзделетiн көлемге сәйкес нақтыланады:
      2010 жылы – 4998,6 млн. теңге;
      2011 жылы – 6591,2 млн. теңге;
      2012 жылы – 13124,6 млн. теңге;
      2013 жылы – 8402,0 млн. теңге;
      2014 жылы – 15890,5 млн. теңге.»;
      «6. Қажетті ресурстар» деген бөлімде:
      бірінші бөліктегі «49525,5» деген сандар «49006,9» деген сандармен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулыға 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      көрсетілген қаулыға 2-қосымша алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:
      5-тармақтың реттік нөмірі 1-жолының «Ресурстарды сипаттау» деген бағанындағы «48211,0» деген сандар «49006,9» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2013 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 1002 қаулысына    
қосымша         

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1530 қаулысына     
1-қосымша         

Қазақстан Республикасында минералдық шикiзат кешенiн дамыту
жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған
iс-шаралар жоспары

Р/с

Iс-шара

Аяқтау нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындалу мерзiмi

Болжамды шығыстар
(мың теңге)

Қаржыландыру көздері

Бюджеттiк бағдарламаның №

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ

2010 ж.
қаңтар, шілде

2010 ж. - 32000

республикалық бюджет

003

2

Қазақстан Республикасында өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасын іске асыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ

2011 ж. - 2013 ж.
қаңтар, шілде

2011 ж. - 16050
2012 ж. - 19050
2013 ж. - 27197

республикалық бюджет

029

3

Геологиялық ақпаратты қалыптастыру:
геологиялық ақпараттың жұмыс істеуін қамтамасыз ету және оны қалыптастыру;
деректер банкін цифрлық геологиялық ақпаратпен толтыру;
«Қазкерн» кешенін құрудың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ

2010 - 2014 жж.
қаңтар, шілде

2010 ж. - 199023
2011 ж. - 178903
2012 ж. - 256544
2013 ж. - 316390
2014 ж. - 1086073

республикалық бюджет

039

4

Өңірлік, геологиялық-түсіру, іздеу-бағалау және іздеу-барлау жұмыстары, оның ішінде:
1:200000 масштабында жер қойнауын геологиялық жете зерттеу;
1:200000 масштабында геологиялық-минерагендік карталау;
1:200000 масштабында терең геологиялық карталау;
1:200000 масштабында гидрогеологиялық жете зерттеу және инженерлік-геологиялық зерттеулер;
жер қойнауының терең құрылымын зерттеу бойынша геофизикалық зерттеулерді жүргізу;
іздеу, іздеу-бағалау және іздеу-барлау жұмыстары;
қатты пайдалы қазбаларға арналған ірі ауқымды алаңдық іздеу жұмыстары;
қатты пайдалы қазбаларға арналған іздеу-бағалау жұмыстары;
көмірсутек шикізатына арналған іздеу-бағалау жұмыстары;
іздеу-барлау жұмыстары

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ

2010 - 2014 жж.
қаңтар, шілде

2010 ж. - 3575974
2011 ж. - 2944726
2012 ж. - 7263734
2013 ж. - 8085313
2014 ж. - 14201011

республикалық бюджет

040

5

Минералдық шикізат базасымен жер қойнауын пайдалану, жерасты сулары мен қауіпті геологиялық процестер мониторингі, оның ішінде:
минералдық шикізат базасы мен жер қойнауы мониторингін жүргізу(2010 – 2014 жж.);
жерасты сулары мен қауіпті геологиялық процестер мониторингі (2010 – 2014 жж.);
жерасты сулары мониторингі (2010 – 2014 жж.);
пункттерде;
жер сілкіністері алғышарттарын зерттеу бойынша бекеттерде;
жерасты суларының техногендік ластану полигондарында;
жерасты суларының мемлекеттік кадастрын жүргізу;
қауіпті геологиялық процестер мониторингі (2010 – 2014 жж.);
бекеттерде;
полигондарда;
жерасты сулары мен қауіпті геологиялық процестер мониторингін жүргізуді сүйемелдеу (2010 – 2014 жж.).

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ

2010 - 2014 жж.

2010 ж. - 743 237
2011 ж. - 675 877
2012 ж. - 585 292
2013 ж. – 615 975
2014 ж. - 603 425

республикалық бюджет

041

6

Өздігінен төгілетін мұнай және гидрогеологиялық ұңғымаларды жою және консервациялау, оның ішінде:
Каспий теңізінің суы басқан аймақта және құрлықта 10 апатты мұнай және газ ұңғымаларын жою;
2013 - 2014 жж.;
өздігінен төгілетін 323 гидрогеологиялық ұңғыманы жою

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ

2010 - 2014 жж.

2010 ж. - 448 411

республикалық бюджет

042

7

Геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу

нормативтік құқықтық актілер

ИЖТМ

2010 - 2014 жж.

талап етілмейді



8

Тиісті бюджеттік бағдарламалар бойынша әр объекті бойынша жоспарларды жыл сайын бекіту

ИЖТМ
ГЖК бұйрығы

ИЖТМ


талап етілмейді



9

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелерін және құқық қолдану тәжірибесін түсіндіру бөлігінде жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен семинарлар, минералдық шикізат базасын толықтыру және жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша жер қойнауын пайдаланушылар мен семинарлар өткізу

семинар

ИЖТМ

2010 - 2014 жж.

талап етілмейді



10

«Қазгеология» АҚ жарғылық капиталын қалыптастыру

«Қазгеология» АҚ жарғылық капиталын қалыптастыру

ИЖТМ

2011 ж.

2011 ж. - 75600

республикалық бюджет

109

11

Кейіннен «Қазгеология» АҚ жарғылық капиталын ұлғайта отырып, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту

«Қазгеология» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту

ИЖТМ

2011 ж.

2011 ж. - 2700000

республикалық бюджет

050

12

Кейіннен «Қазгеология» АҚ жарғылық капиталын ұлғайта отырып, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту

«Қазгеология» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту

ЭБЖМ

2012 ж.

2012 ж. - 5000000

республикалық бюджет

051

      Ескертпе:аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар  министрлігі;
      ЭБЖМ – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі;
      ГЖК – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті;
      «Қазгеология» АҚ – «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» акционерлік қоғамы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады