Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКСІ МАЗМҰНЫ ЖАЛПЫ БӨЛІМ 1-бөлім. Қылмыстық заң
1-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы
2-бап. Қылмыстық кодекстің міндеттері
3-бап. Осы Кодексте қамтылған кейбір ұғымдарды түсіндіру
4-бап. Қылмыстық жауаптылықтың негізі
5-бап. Қылмыстық заңның уақыт тұрғысын қолданылуы
6-бап. Қылмыстық заңның кері күші
7-бап. Қылмыстық заңның Қазақстан Республикасы аумағында қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарға қатысты қолданылуы
8-бап. Қылмыстық заңның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарға қатысты қолданылуы
9-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстап беру
2-бөлім. Қылмыстық құқық бұзушылықтар
10-бап. Қылмыс және қылмыстық теріс қылық ұғымдары
11-бап. Қылмыс санаттары
12-бап. Әкімшілік преюдиция
13-бап. Қылмыстық құқық бұзушылықтың бірнеше рет жасалуы
14-бап. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы
15-бап. Қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауіпті қайталануы
16-бап. Қылмыстық жауапқа тартылуға жататын адамдар
17-бап. Есі дұрыс еместік
18-бап. Психикасы бұзылған, есінің дұрыстығы жоққа шығарылмайтын адамдардың қылмыстық жауаптылығы
19-бап. Мас күйінде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдардың қылмыстық жауаптылығы
20-бап. Кінә
21-бап. Қасақана жасалған қылмыстық құқық бұзушылық
22-бап. Абайсызда жасалған қылмыстық құқық бұзушылық
23-бап. Кінәнің екі нысанымен жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауаптылық
24-бап. Жазықсыз зиян келтіру
25-бап. Қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға оқталу
26-бап. Аяқталған қылмыстық құқық бұзушылық
27-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаудан өз еркімен бас тарту
28-бап. Қылмыстық құқық бұзушылыққа бірлесе қатысу ұғымы
29-бап. Қылмыстық құқық бұзушылыққа бірлесе қатысушылардың түрлері
30-бап. Қылмыстық құқық бұзушылыққа бірлесе қатысушылардың жауаптылығы
31-бап. Қылмыстық құқық бұзушылыққа бірлесе қатысушының шектен шығуы
32-бап. Топ жасаған қылмыстық құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауаптылық
33-бап. Қажетті қорғаныс
34-бап. Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру
35-бап. Аса қажеттілік
36-бап. Жедел-іздестіру іс-шараларын немесе жасырын тергеу іс-әрекеттерін жүзеге асыру
37-бап. Орынды тәуекел ету
38-бап. Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу
39-бап. Бұйрықты немесе өкімді орындау
3-бөлім. Жаза
40-бап. Жаза ұғымы мен оның мақсаттары
41-бап. Жаза түрлері
42-бап. Айыппұл
43-бап. Түзеу жұмыстары
44-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту
45-бап. Бас бостандығын шектеу
46-бап. Қамауға алу
47-бап. Бас бостандығынан айыру
48-бап. Өлім жазасы
49-бап. Мүлікті тәркілеу
50-бап. Арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру
51-бап. Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру
52-бап. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу
4-бөлім. Жаза тағайындау
53-бап. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері
54-бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар
55-бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар
56-бап. Белгілі бір қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындау
57-бап. Аяқталмаған қылмыс үшін жаза тағайындау
58-бап. Бірлесе қатысып жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшін жаза тағайындау
59-бап. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша жаза тағайындау
60-бап. Қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде жаза тағайындау
61-бап. Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау
62-бап. Жазалау мерзімдерін қосу кезінде оларды белгілеу тәртібі
63-бап. Жазалау мерзімдерін есептеу және жазаны есепке алу
64-бап. Шартты түрде соттау
65-бап. Шартты түрде соттаудың күшін жою
5-бөлім. Қылмыстық жауаптылықтан және жазалаудан босату
66-бап. Шынайы өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
67-бап. Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату
68-бап. Іс жүргізу келісімінің шарттары орындалған кезде қылмыстық жауаптылықтан босату
69-бап. Бітімге келуге байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
70-бап. Кепілгерлік белгіленуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
71-бап. Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
72-бап. Мерзімді кезеңнің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
73-бап. Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату
74-бап. Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру не тағайындалған жаза мерзімін қысқарту
75-бап. Жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдер мен жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектердің жазаны өтеуін кейінге қалдыру
76-бап. Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату
77-бап. Ауыр мән-жайлардың салдарынан жазадан босату және жазаны өтеуді кейінге қалдыру
78-бап. Айыптау үкімі мерзімді кезеңінің өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату
79-бап. Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату
80-бап. Соттылық
6-бөлім. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
81-бап. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
82-бап. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері
83-бап. Кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау
84-бап. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату
85-бап. Тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары
86-бап. Тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларының мазмұны және оларды қолдану мерзімдері
87-бап. Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату
88-бап. Мерзімнің өтуі
89-бап. Соттылықты жою мерзімдері
90-бап. Осы бөлімнің ережелерін он сегіз бен жиырма бір жас аралығындағы адамдарға қолдану
7-бөлім. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары
91-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану негіздері
92-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану мақсаттары
93-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлері
94-бап. Амбулаториялық мәжбүрлеп байқау және психиатрда емдеу
95-бап. Психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу
96-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын ұзарту, өзгерту және тоқтату
97-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданғаннан кейін жаза тағайындау
98-бап. Жазаны орындау мен біріктірілген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары
ЕРЕКШЕ БӨЛІМ 1-тарау. Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылық
99-бап. Кісі өлтіру
100-бап. Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі
101-бап. Жан күйзелісі жағдайында жасалған кісі өлтіру
102-бап. Қажетті қорғану шегін асыра пайдалану кезінде жасалған кісі өлтіру
103-бап. Қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шараларды асыра пайдалану кезінде жасалған кісі өлтіру
104-бап. Абайсызда кісі өлтіру
105-бап. Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу
106-бап. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру
107-бап. Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру
108-бап. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру
109-бап. Ұрып-соғу
110-бап. Азаптау
111-бап. Жан күйзелісі жағдайында денсаулыққа зиян келтіру
112-бап. Қажетті қорғану шегінен асыра пайдалану кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру
113-бап. Қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру
114-бап. Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру
115-бап. Қорқыту
116-бап. Адамның ағзалары мен тінін алуға мәжбүр ету немесе заңсыз алу
117-бап. Соз ауруын жұқтыру
118-бап. Адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ/ЖИТС) жұқтыру
119-бап. Қауіпті жағдайда қалдыру
120-бап. Зорлау
121-бап. Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері
122-бап. Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынаста болу немесе жыныстық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер
123-бап. Жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, лесбияндыққа немесе жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттерге мәжбүрлеу
124-бап. Жас балаларды азғындық жолға түсіру
125-бап. Адам ұрлау
126-бап. Бас бостандығынан заңсыз айыру
127-бап. Психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру
128-бап. Адамды саудаға салу
129-бап. Адамды клондау
130-бап. Жала жабу
131-бап. Қорлау
2-тарау. Отбасыға және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылық
132-бап. Кәмелетке толмағанды қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға тарту
133-бап. Кәмелетке толмағанды әкімшілік құқық бұзушылық немесе қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту
134-бап. Кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен айналысуға тарту
135-бап. Кәмелетке толмағандарды саудаға салу
136-бап. Баланы ауыстыру
137-бап. Бала асырап алу жөніндегі заңсыз қызмет
138-бап. Бала асырап алу құпиясын жария ету
139-бап. Балаларын немесе еңбекке қабілетсіз ата-анасын немесе еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) асырауға арналған қаражатын төлеуден жалтару
140-бап. Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау
141-бап. Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау
142-бап. Қорғаншы немесе қамқоршы құқықтарын теріс пайдалану
143-бап. Кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге заңсыз әкету
144-бап. Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы іс-әрекеттер
145-бап. Кәмелетке толмағандарды эротикалық мазмұндағы өнімді жасауға тарту
3-тарау. Адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқық бұзушылық
146-бап. Азаматтардың тең құқықтылығын бұзу
147-бап. Азаптау
148-бап. Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу
149-бап. Хат жазысу, телефонмен сөйлесу, пошта, телеграф хабарлары немесе өзге хабарлар құпиясын заңсыз бұзу
150-бап. Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу
151-бап. Сайлау құқықтарын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергі жасау
152-бап. Сайлау құжаттарын, референдум құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды дұрыс есептемеу
153-бап. Қоғамдық бірлестіктердің қызметіне кедергі жасау
154-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу
155-бап. Қызметкерлер өкілдерінің заңды қызметіне кедергі жасау
156-бап. Жиналыс, митинг, демонстрация, шеру, тосқауылдар ұйымдастыруға, өткізуге немесе оларға қатысуға кедергі жасау
157-бап. Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу
158-бап. Ереуілге қатысуға немесе оған қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу
159-бап. Журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі жасау
160-бап. Ақпараттық ресурстарға қол жеткізу құқығын заңсыз шектеу
4-тарау. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар
161-бап. Басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу, тұтандыру немесе жүргізу
162-бап. Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу немесе жария түрде шақыру
163-бап. Жаппай қырып-жою қаруын өндіру, иемденіп алу немесе өткізу
164-бап. Соғыс жүргізудің тыйым салынған құралдары мен әдістерін қолдану
165-бап. Соғыс заңдары мен дәстүрлерін бұзу
166-бап. Қарулы қақтығыстар уақытында халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын қылмыстық бұзу
167-бап. Қарулы қақтығыс уақытындағы әрекетсіздік не қылмыстық бұйрық беру
168-бап. Халықаралық шарттармен қорғалатын белгілерді заңсыз пайдалану
169-бап. Геноцид
170-бап. Экоцид
171-бап. Жалдамалылық
172-бап. Жалдамалыларды дайындайтын базалар (лагерьлер) құру
173-бап. Халықаралық қорғауды пайдаланатын адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау
174-бап. Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни араздықты қоздыру
5-тарау. Мемлекеттің конституциялық құрылысы негіздеріне және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылық
175-бап. Мемлекетке опасыздық жасау
176-бап. Шпионаж
177-бап. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының өміріне қол сұғушылық
178-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне қол сұғушылық
179-бап. Билікті күшпен басып алу немесе билікті күшпен ұстап тұру не Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары мен лауазымды адамдарының құзыретіне кіретін өкілеттіктерді шет мемлекет немесе шетелдік ұйым өкілдерінің жүзеге асыруы
180-бап. Қарулы бүлік
181-бап. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп құлатуға немесе өзгертуге не оның аумақтық бірлігін күштеп бұзуға шақыру
182-бап. Экстремистік топ құру, оған басшылық ету немесе оның әрекетіне қатысу
183-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарында экстремистік материалдарды жариялауға рұқсат беру
184-бап. Диверсия
185-бап. Мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету
186-бап. Мемлекеттік құпиялары бар мәлімет жеткізгіштерді жоғалту
6-тарау. Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар
187-бап. Ұсақ-түйектеп ұрлау
188-бап. Ұрлық
189-бап. Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету
190-бап. Алаяқтық
191-бап. Тонау
192-бап. Қарақшылық
193-бап. Ерекше құнды заттарды ұрлау
194-бап. Қорқытып алушылық
195-бап. Алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы мүліктік залал келтіру
196-бап. Көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті иемденіп алу немесе өткізу
197-бап. Шығарылуының заңдылығын растайтын құжаттарсыз мұнайды және мұнай өнімдерін тасымалдау, иемдену, өткізу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу
198-бап. Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу
199-бап. Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, селекциялық жетістіктерге немесе интегралдық микросхемалар топологияларына құқықтарды бұзу
200-бап. Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену
201-бап. Жерге заттай құқықтарды бұзу
202-бап. Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру
203-бап. Ерекше құнды заттарды қасақана жою немесе бүлдіру
204-бап. Бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру
7-тарау. Ақпараттық технологиялар қауіпсіздігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылық
205-бап. Ақпаратқа, ақпараттық жүйеге немесе ақпараттық-коммуникациялық желіге заңсыз қол жеткізу
206-бап. Ақпаратты заңсыз жою немесе модификациялау
207-бап. Ақпараттық жүйенің немесе ақпараттық-коммуникациялық желінің жұмысын қасақана бұзу
208-бап. Ақпаратты заңсыз иелену
209-бап. Ақпаратты беруге мәжбүрлеу
210-бап. Зиянды компьютерлік бағдарламалар мен бағдарламалық өнімдерді жасау, пайдалану немесе тарату
211-бап. Қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды заңсыз тарату
212-бап. Құқыққа қайшы мақсаттарды көздейтін интернет-ресурстарды орналастыру үшін қызмет көрсетуді ұсыну
213-бап. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру кодын, абоненттің сәйкестендіру құрылғысын заңсыз өзгерту, сондай-ақ абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодын өзгерту үшін бағдарламаларды жасау, пайдалану, тарату
8-тарау. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылық
214-бап. Заңсыз кәсіпкерлік, заңсыз банктік қызмет
215-бап. Жұмыстарды нақты орындамай, қызмет көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей мәміле (мәмілелер) жасасу
216-бап. Қаржы (инвестиция) пирамидасының қызметін ұйымдастыру немесе оған басшылық ету
217-бап. Қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын және (немесе) өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату)
218-бап. Кредитті заңсыз алу немесе мақсатсыз пайдалану
219-бап. Облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны мақсатсыз пайдалану
220-бап. Монополистік қызмет
221-бап. Тауар таңбасын заңсыз пайдалану
222-бап. Коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз алу және жария ету
223-бап. Эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар шығару тәртібін бұзуы
224-бап. Бағалы қағаздар эмитенті лауазымды адамының ақпарат бермеуі не көрінеу жалған мәліметтер беруі
225-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіліміне көрінеу жалған мәліметтер енгізу
226-бап. Бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушыларының көрінеу жалған мәліметтер беруі
227-бап. Бағалы қағаздармен операциялар жүргізу қағидаларын бұзу
228-бап. Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу
229-бап. Жалған төлем карточкалары мен өзге де төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе өткізу
230-бап. Акцизделетін тауарларды акциздік маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртібі мен қағидаларын бұзу, акциздік маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану
231-бап. Экономикалық контрабанда
232-бап. Ұлттық және шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау
233-бап. Кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуден жалтару
234-бап. Банкроттық кезіндегі заңсыз іс-әрекеттер
235-бап. Әдейі банкроттық
236-бап. Төлем қабілетсіздігіне дейін жеткізу
237-бап. Жалған банкроттық
238-бап. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзу
239-бап. Банк операциялары туралы көрінеу жалған мәліметтер беру
240-бап. Банктің ақша қаражатын заңсыз пайдалану
241-бап. Азаматтың салық және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруы
242-бап. Ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару
243-бап. Салық төлеушінің салық берешегі есебіне билік ету шектелген мүлікке қатысты заңсыз іс-әрекеттер
244-бап. Заңсыз сыйақы алу
245-бап. Мәміле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүрлеу
246-бап. Рейдерлік
247-бап. Кәсіптік спорт жарыстарының және ойын-сауықтық коммерциялық конкурстардың қатысушылары мен ұйымдастырушыларын параға сатып алу
9-тарау. Коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстық құқық бұзушылық
248-бап. Өкілеттіктерді теріс пайдалану
249-бап. Жекеше нотариустардың, бағалаушылардың, жеке сот орындаушыларының, медиаторлардың және аудиторлық ұйым құрамында жұмыс істейтін аудиторлардың өкілеттіктерді теріс пайдалануы
250-бап. Жеке күзет қызметі қызметшілерінің өкілеттіктерін асыра пайдалануы
251-бап. Парамен коммерциялық сатып алу
252-бап. Міндеттеріне адал қарамау
10-тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық
253-бап. Терроризм актісі
254-бап. Терроризмді не экстремизмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру
255-бап. Террористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу
256-бап. Террористік немесе экстремистік әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік
257-бап. Террористік не экстремистік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау не қаруландыру
258-бап. Адамды кепілге алу
259-бап. Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оған басшылық жасау, сол сияқты оған қатысу
260-бап. Қылмыстық қоғамдастық құру және оған басшылық ету, сол сияқты оған қатысу
261-бап. Трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым құру және оған басшылық жасау, сол сияқты оған қатысу
262-бап. Трансұлттық қылмыстық қоғамдастық құру және оған басшылық жасау, сол сияқты оған қатысу
263-бап. Қылмыстық топтың әрекетін қаржыландыру, сол сияқты мүлікті сақтау, бөлу, қаржыландыру арналарын әзірлеу
264-бап. Заңсыз әскерилендірілген құралымды ұйымдастыру
265-бап. Бандитизм
266-бап. Ғимараттарға, құрылыстарға қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу
267-бап. Әуе немесе су кемесін не жылжымалы теміржол құрамына айдап әкету, сол сияқты басып алу
268-бап. Теңіз қарақшылығы
269-бап. Жаппай тәртіпсіздіктер
270-бап. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар беру
271-бап. Жаппай зақымдау қаруын, қару-жарақты және әскери техниканы жасау кезінде пайдаланылатын технологияларды, ғылыми-техникалық ақпаратты және көрсетілетін қызметтерді заңсыз экспорттау
272-бап. Атом энергиясын пайдалану объектілерінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу
273-бап. Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу
274-бап. Сапасыз салынған құрылыс
275-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қағидаларды немесе нормативтердің талаптарын бұзу
276-бап. Сараптамалық жұмыстарды немесе инжинирингтік қызмет көрсетуді тиісінше орындамау
277-бап. Жарылыс қаупі бар объектілерде қауіпсіздік қағидаларын бұзу
278-бап. Ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу
279-бап. Радиоактивті заттармен, радиоактивті қалдықтармен, ядролық материалдармен заңсыз айналысу
280-бап. Радиоактивті заттарды, радиоактивті қалдықтарды немесе ядролық материалдарды ұрлау не қорқытып алу
281-бап. Радиоактивті заттармен, радиоактивті қалдықтармен, ядролық материалдармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу
282-бап. Айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы
283-бап. Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемденіп алу, біреуге беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру
284-бап. Қаруды заңсыз жасау
285-бап. Атыс қаруын ұқыпсыз сақтау
286-бап. Қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын күзету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау
287-бап. Қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын ұрлау не қорқытып алу
288-бап. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу
289-бап. Бұзақылық
290-бап. Тағылық
11-тарау. Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық
291-бап. Өткізу мақсатынсыз есірткі, психотроптық заттардың, оларға тақылеттес заттардың, олардың прекурсорларының заңсыз айналысы
292-бап. Есірткі, психотроптық заттарды, оларға тақылеттес заттарды өткізу мақсатында заңсыз жасау, қайта өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу
293-бап. Есірткі, психотроптық заттарды, оларға тақылеттес заттарды ұрлау не қорқытып алу
294-бап. Есірткі, психотроптық заттарды немесе оларға тақылеттес заттарды тұтынуға көндіру
295-бап. Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егу
296-бап. Улы заттардың, сондай-ақ есірткі, психотроптық немесе улы заттарды дайындау немесе қайта өңдеу үшін пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы
297-бап. Есірткі, психотроптық заттарды немесе оларға тақылеттес заттарды тұтыну үшін притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау немесе осы мақсаттар үшін үй-жайлар беру
298-бап. Есірткі, психотроптық немесе улы заттарды ұстау қағидаларын бұзу
299-бап. Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу
300-бап. Адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін мән-жайлар туралы ақпаратты жасыру
301-бап. Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызмет көрсету
302-бап. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру
303-бап. Жезөкшелікпен айналысуға тарту
304-бап. Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық
305-бап. Дәрілік немесе басқа құралдарды пайдаланып есеңгірету үшін притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау
306-бап. Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату
307-бап. Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды немесе заттарды дайындау және айналымға шығару не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысу үшін тарту
308-бап. Қатыгездік пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды заңсыз тарату
309-бап. Өлгендердің мәйіттерін және олар жерленген жерлерді қорлау
310-бап. Адам мәйітінің ағзалары мен тінін заңсыз алу
311-бап. Жануарларға қатыгездік жасау
312-бап. Алкогольді ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу
12-тарау. Медициналық қылмыстық құқық бұзушылық
313-бап. Медицина және фармацевтика қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы
314-бап. Клиникалық зерттеулер жүргізудің және профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын қолданудың тәртібін бұзу
315-бап. Заңсыз аборт жасау
316-бап. Науқасқа көмек көрсетпеу
317-бап. Дәрігерлік құпияны жария ету
318-бап. Заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет және есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды алуға құқық беретін рецептілерді немесе өзге де құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау
319-бап. Жалған дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен немесе медициналық техникамен жұмыс істеу
13-тарау. Экологиялық қылмыстық құқық бұзушылық
320-бап. Шаруашылық немесе өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды бұзу
321-бап. Экологиялық тұрғыдан қаупі басым химиялық немесе биологиялық заттармен жұмыс істеу кезінде экологиялық талаптарды бұзу
322-бап. Микробиологиялық немесе басқа биологиялық агенттермен немесе уытты заттармен жұмыс істеу кезінде экологиялық талаптарды бұзу
323-бап. Ветеринариялық қағидаларды немесе өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы күресу үшін белгіленген қағидаларды бұзу
324-бап. Суларды ластау, қоқыстау немесе сарқу
325-бап. Атмосфераны ластау
326-бап. Теңіз ортасын ластау
327-бап. Қазақстан Республикасының континенттік қайраңы туралы және Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағы туралы заңнаманы бұзу
328-бап. Жерді бүлдіру
329-бап. Жер қойнауын қорғау және пайдалану қағидаларын бұзу
330-бап. Жер қойнауын өз бетінше пайдалану
331-бап. Балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу
332-бап. Балық қорын қорғау қағидаларын бұзу
333-бап. Заңсыз аңшылық
334-бап. Жануарлар дүниесін қорғау қағидаларын бұзу
335-бап. Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу
336-бап. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау
337-бап. Ормандарды жою немесе зақымдау
338-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимін бұзу
339-бап. Экологиялық ластау зардаптарын жою жөнінде шаралар қолданбау
340-бап. Көрінеу дәйексіз экологиялық аудиторлық есеп жасау
14-тарау. Көліктегі қылмыстық құқық бұзушылық
341-бап. Теміржол, әуе, теңіз немесе өзен көлігі жүрісі немесе оларды пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу
342-бап. Көлік құралдарын жүргізетін адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы
343-бап. Жүргізушінің алкогольден, есірткіден және (немесе уытқұмарлықтан масаң күйде көлік құралын жүргізуі, сол сияқты көлік құралын жүргізуді алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамға беруі немесе жүргізуіне жол беруі
344-бап. Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу
345-бап. Көлік құралдарын сапасыз жөндеу немесе оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару
346-бап. Жүргізу құқығы жоқ жүргізушінің көлік құралын жүргізуге жол беру
347-бап. Көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру
348-бап. Көліктің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қағидаларды бұзу
349-бап. Поезды қажет болмаған жағдайда өз бетінше тоқтату
350-бап. Көлікте қолданылатын қағидаларды бұзу
351-бап. Магистральдық құбыржолдарды салу, пайдалану немесе жөндеу кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу
352-бап. Құбыржолдарды қасақана зақымдау немесе қирату
353-бап. Құбыржолдарды абайсызда зақымдау немесе қирату
354-бап. Кеме капитанының апатқа ұшырағандарға көмек көрсетпеуі
355-бап. Адамның әуе, теңіз, өзен кемесін немесе шағын кемені масаң күйде жүргізуі, әуе, теңіз, өзен кемесін немесе шағын кемені масаң күйдегі адамның жүргізуіне беру немесе жүргізуіне жол беру
356-бап. Әуе, теңіз немесе өзен кемесін басқаруға құқығы жоқ адамға жүргізуге жол беру
357-бап. Халықаралық ұшу қағидаларын бұзу
15-тарау. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылық
358-бап. Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану
359-бап. Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану
360-бап. Лауазымды адамның өкілеттіктерін иемдену
361-бап. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу
362-бап. Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау
363-бап. Пара алу
364-бап. Пара беру
365-бап. Парақорлыққа делдал болу
366-бап. Қызметтік жалғандық жасау
367-бап. Қызметтегі әрекетсіздік
368-бап. Салақтық
16-тарау. Басқару тәртібіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылық
369-бап. Мемлекеттік рәміздерді қорлау
370-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін - Елбасын жария түрде қорлау және оның абыройы мен қадір-қасиетіне өзгедей қол сұғу, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының бейнесін бүлдіру, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының заңды қызметіне кедергі жасау
371-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына тиіспеушілік кепілдігін бұзу
372-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің абыройы мен қадір-қасиетіне қол сұғу және оның қызметіне кедергі жасау
373-бап. Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының абыройы мен қадір-қасиетіне қол сұғу және оның қызметіне кедергі жасау
374-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қызметіне кедергі жасау
375-бап. Билік өкілін қорлау
376-бап. Билік өкіліне бағынбау
377-бап. Билік өкіліне қатысты күш қолдану
378-бап. Прокурордың қызметіне кедергі жасау және оның заңды талаптарын орындамау
379-бап. Жауапты мемлекеттік қызметтегі лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету
380-бап. Ресми құжаттарды және мемлекеттік наградаларды сатып алу немесе өткізу
381-бап. Құжаттарды заңсыз алып қою, құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді ұрлау, жою, бүлдіру немесе жасыру
382-бап. Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, мемлекеттік пошта төлемі белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу
383-бап. Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау, жою, көрінеу қолдан жасалған сәйкестендіру нөмірі бар көлік құралын өткізу
384-бап. Әскери қызметтен жалтару
385-бап. Жұмылдыруға шақырылудан жалтару
386-бап. Өзінше билік ету
387-бап. Билік өкілінің немесе жауапты мемлекеттік қызметтегі лауазымды адамның атағын өз бетімен иелену
388-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын заңсыз көтеру
389-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп ету
390-бап. Шығарып жіберу туралы шешімді орындамау
391-бап. Қазақстан Республикасының аумағында болу қағидаларын бұзу
392-бап. Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру
393-бап. Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану қағидаларын бірнеше рет бұзу
394-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын құқыққа қайшы өзгерту
395-бап. Қызыл Жарты ай, Қызыл Крест, Қызыл Кристалл эмблемалары мен белгілерін заңсыз пайдалану
396-бап. Байланыс желілері мен ғимараттарын, сондай-ақ мемлекеттік күзетілуге жататын объектілерді күзету қағидаларын бұзу
397-бап. Ақпарат алудың арнаулы техникалық құралдарын заңсыз жасау, өндіру, иемденіп алу, өткізу немесе пайдалану
398-бап. Жиналыстарды, митингтерді, тосқауылдарды, көше шерулерін және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін бұзу
399-бап. Соғыс уақытында немесе төтенше жағдайлар кезінде тыйым салынған ереуілге басшылық ету, кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның жұмысына кедергі жасау
400-бап. Сот заңсыз деп таныған ереуілге қатысуды жалғастыруға арандататын іс-әрекеттер
401-бап. Қоғамдық бірлестіктер мүшелерінің мемлекеттік органдардың қызметіне заңсыз араласуы
402-бап. Заңсыз қоғамдық және басқа да бірлестіктер құру немесе одардың қызметіне қатысу
403-бап. Тіркелмеген немесе олардың жұмысына тыйым салынған қоғамдық, діни бірлестіктердің қызметіне басшылық ету, қатысу, сондай-ақ олардың қызметін қаржыландыру
404-бап. Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзу
405-бап. Саяси партияларды заңсыз қаржыландыру
406-бап. Шет мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарына жәрдем көрсету
17-тарау. Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылық
407-бап. Сот төрелігін жүзеге асыруға және сотқа дейінгі тергеу жүргізуге кедергі жасау
408-бап. Сот төрелігін немесе сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асырушы адамның өміріне қол сұғу
409-бап. Сот төрелігін немесе сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыруға байланысты қорқыту немесе күш көрсету іс-әрекеттері
410-бап. Сотты құрметтемеу
411-бап. Судьяға, алқабиге, прокурорға, сотқа дейінгі тергеу жүргізетін адамға, сарапшыға, сот приставына, сот орындаушысына қатысты жала жабу
412-бап. Көрінеу кінәсіз адамды қылмыстық жауапқа тарту
413-бап. Қылмыстық жауаптылықтан көрінеу заңсыз босату
414-бап. Көрінеу заңсыз ұстау, қамауға алу немесе қамауда ұстау
415-бап. Айғақ беруге мәжбүр ету
416-бап. Дәлелдемелерді және жедел-іздестіру материалдарын бұрмалау
417-бап. Параға коммерциялық сатып алуға не парақорлыққа арандату
418-бап. Көрінеу әділетсіз сот үкімін, шешімін немесе өзге де сот актісін шығару
419-бап. Көрінеу жалған сөз жеткізу
420-бап. Сарапшылық, маманның көрінеу жалған айғақтары, қорытындылары немесе қате аудару
421-бап. Куәнің немесе жәбірленушінің айғақ беруден бас тартуы
422-бап. Жалған айғақ беруді немесе айғақ беруден жалтаруды, жалған қорытынды беруді не қате аударуды параға сатып алу не мәжбүр ету
423-бап. Сотқа дейінгі іс жүргізу деректерін жария ету
424-бап. Мемлекеттік қорғауға жататын адамдарға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету
425-бап. Хаттап тізімделген немесе тыйым салынған не тәркілеуге жататын мүлікке қатысты заңсыз іс-әрекеттер
426-бап. Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамаудан немесе күзетпен ұстаудан қашу
427-бап. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден жалтару
428-бап. Қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау
429-бап. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде, тергеу изоляторларында отырған адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру
430-бап. Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеменің қызметкеріне не оның жақындарына, сондай-ақ сотталған адамға қатысты күш қолданамын деп қорқыту немесе олардың денсаулығына немесе өміріне қол сұғу
431-бап. Сот актісін орындамау немесе орындауға кедергі жасау
432-бап. Әкімшілік қадағалау шектеулерін бұзу, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың сот белгілеген әкімшілік қадағалаудан жалтаруы
433-бап. Қылмысты жасырып қалу
434-бап. Қылмыстық құқық бұзушылықты жасыру
435-бап. Қылмыс туралы хабарламау
436-бап. Адвокаттар мен өзге де адамдардың адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсету жөніндегі заңды қызметіне кедергі жасау
437-бап. Азаматтық алқаби міндетін орындауына кедергі жасау
18-тарау. Әскери қылмыстық құқық бұзушылық
438-бап. Бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау
439-бап. Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мәжбүрлеу
440-бап. Бастыққа қатысты күш қолдану іс-әрекеттері
441-бап. Әскери қызметшілердің арасында бағыныштылық қатынастар болмаған кезде олардың өзара қарым-қатынасының жарғылық қағидаларын бұзу
442-бап. Бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету
443-бап. Қашқындық
444-бап. Әскери қызметті атқарудан жалтару немесе бас тарту
445-бап. Жауынгерлік кезекшілікті атқару қағидаларын бұзу
446-бап. Шекаралық қызмет атқару қағидаларын бұзу
447-бап. Қарауыл (вахта) қызметін атқарудың жарғылық қағидаларын бұзу
448-бап. Ішкі қызмет атқарудың және гарнизонда патруль болудың жарғылық қағидаларын бұзу
449-бап. Бақылаушы қызметін атқару қағидаларын бұзу
450-бап. Қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызмет атқару қағидаларын бұзу
451-бап. Билікті теріс пайдалану
452-бап. Билікті асыра пайдалану
453-бап. Биліктің әрекетсіздігі
454-бап. Қызметке салғырт қарау
455-бап. Батып бара жатқан әскери кемені тастап кету
456-бап. Соғыс жүргізу құралдарын қарсыласына беру немесе тастап кету
457-бап. Тұтқынға өз еркімен берілу
458-бап. Тонаушылық
459-бап. Әскери сипаттағы құпия мәліметтерді жария ету немесе әскери сипаттағы құпия мәліметтер жеткізгіштерін жоғалту
460-бап. Әскери мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру
461-бап. Әскери мүлікті абайсызда жою немесе бүлдіру
462-бап. Әскери мүлікті жоғалту
463-бап. Қару-жарақты, сондай-ақ айналадағыларға қауіп төндіретін заттар мен құралдарды ұстау қағидаларын бұзу
464-бап. Машиналарды жүргізу немесе пайдалану қағидаларын бұзу
465-бап. Ұшу немесе оған дайындалу қағидаларын бұзу
466-бап. Кеме жүргізу қағидаларын бұзу
467-бап. Масаң күйдегі адамның машиналарды жүргізуі, кемелерді жүргізуі, әскери ұшу аппараттарын басқаруы, масаң күйдегі адамға әскери техниканы жүргізуге немесе басқаруға беру не жүргізуге немесе басқаруға рұқсат ету
ЖАЛПЫ БӨЛІМ 1-бөлім. Қылмыстық заң
1-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы Қазақстан Республикасының осы Қылмыстық кодексінен тұрады. Қылмыстық жауаптылықты көздейтін өзге заңдар осы Кодекске енгізілгеннен кейін ғана қолданылуға жатады.
2. Осы Кодекс Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен
нормаларына негізделеді. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заңдық күші бар және Республиканың барлық аумағында тікелей қолданылады. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасы Конституциясының нормалары арасында қайшылықтар болған жағдайда Конституцияның ережелері қолданылады. Осы Кодекстің конституциялық емес деп танылған, оның ішінде адам мен азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасайтын нормалары заңдық күшін жояды және қолданылуға жатпайды. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасының құрамдас бөлігі болып табылады.
3. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Кодекс алдында басымдыққа ие болады және халықаралық шартта оны қолдану үшін заң шығару талап етілетінінен басқа жағдайларда тікелей қолданылады.
2-бап. Қылмыстық кодекстің міндеттері
1. Адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігін сақтау, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу осы Кодекстің міндеттері болып табылады.
2. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін осы Кодексте қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленеді, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті қандай әрекеттердің қылмыстық құқық бұзушылықтар, яғни қылмыстар немесе қылмыстық теріс қылықтар болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшін жазалар мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары белгіленеді.
3-бап. Осы Кодексте қамтылған кейбір ұғымдарды түсіндіру
Осы Кодексте қамтылған ұғымдардың, егер заңда ерекше нұсқаулар болмаса, мынадай мағыналары бар:
адамды қанау - жезөкшелікпен айналысуды басқа адамдардың пайдалануы немесе жыныстық қанаудың басқа да нысандары, мәжбүрлі еңбек немесе қызмет көрсету, құлдық немесе құлдыққа ұқсас әдет-ғұрыптар;
айтарлықтай залал (айтарлықтай мөлшер) - 198, 199-баптарда - айлық есептік көрсеткіштен жүз есе асатын залал мөлшері немесе зияткерлік меншік объектілерін пайдалану құқығының құны не авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілері даналарының немесе өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетістіктер немесе интегралдық микросхемалар топологиялары бар тауарлардың құны; 202-бапта - құны айлық есептік көрсеткіштен жүз есе асатын сомадағы залал; 214-бапта - құны бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын тауарлар саны; 230-бапта - айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын сомада келтірілген залал; 321, 322, 324, 331, 333, 338-баптарда - қоршаған ортаны және табиғи ресурстардың тұтынушылық қасиетін қалпына келтіру үшін қажетті жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі шығындардың құндық көрінісі; өзге баптарда - айлық есептік көрсеткіштен жүз есе асатын сомадағы залал мөлшері; 363, 364-баптарда - елуден үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайданың құны;
аса ірі залал (аса ірі мөлшер) - 188, 189, 190, 191, 192, 194, 202, 204-баптарда - айлық есептік көрсеткіштен екі мың есе асатын мүлік құны немесе залал мөлшері; 214-бапта - сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын табыс; 216-бапта - сомасы бес мың айлық есептік көрсеткіштен асатын табыс; 231-бапта - он мың айлық есептік көрсеткіштен асатын, алып өткізілген тауарлардың құны; 242-бапта - елу мың айлық есептік көрсеткіштен асатын, бюджетке түспеген төлемдер сомасы; 251-бапта - екі мың айлық есептік көрсеткіштен асатын ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайданың құны; 302-бапта - сомасы бес мың айлық есептік көрсеткіштен асатын табыс; 320, 321, 322, 324, 325, 326, 328, 329, 330, 333, 339-баптарда - қоршаған ортаны және табиғи ресурстардың тұтынушылық қасиеттерін қалпына келтіру үшін қажетті шығындардың жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі құндық көрінісі; 362-бапта - азаматқа айлық есептік көрсеткіштен бір мың есе асатын сомада келтірілген залал, не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын сомада келтірілген залал; 363, 364-баптарда - он мың айлық есептік көрсеткіштен асатын ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайданың құны; өзге баптарда - айлық есептік көрсеткіштен екі мың есе асатын сомадағы залал мөлшері;
ауыр зардаптар - осы Кодексте көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгісі ретінде көрсетілмеген жағдайларда мынадай зардаптар: адам өлімі; екі немесе одан да көп адам өлімі; жәбірленушінің немесе оның жақынының (жақындарының) өзін-өзі өлтіруі; денсаулыққа ауыр зиян келтіру; екі немесе одан да көп адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру; адамдардың жаппай ауыру, ауру жұқтыру, сәулелену немесе улану; адамдардың өміріне немесе денсаулығына не қоршаған ортаға қауіп төндіру; қаламаған жүктіліктің болуы; техногендік немесе экологиялық зілзаланың, төтенше экологиялық жағдайдың туындауы; ірі немесе аса ірі залал келтіру, жоғары қолбасшылық қойған міндеттердің орындамай қалдыруы; мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндіру, апаттар немесе авариялар жасау; әскери бөлімдер мен бөлімшелердің жауынгерлік әзірлік және жауынгерлік қабілеті деңгейінің ұзақ уақыт төмендеуі; жауынгерлік міндеттердің орындамай қалдыруы; жауынгерлік техниканың істен шығуы; келтірілген зиянның ауырлығын куәландыратын өзге де зардаптар;
әкімшілік-шаруашылық функциялар - ұйымның балансындағы мүлікті басқаруға және оған билік етуге заңда белгіленген тәртіппен берілген құқық;
әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар - осы Кодекстің 18-тарауында көзделген, шақыру бойынша не келісімшарт бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызметтен өтіп жатқан әскери қызметшілердің, сондай-ақ запастағы азаматтардың жиындардан өтуі кезінде әскери қызмет атқарудың белгіленген тәртібіне қарсы бағытталған әрекеттері;
банда - қаруды не қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолдана отырып немесе қолдану қатерін төндіріп азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатын көздейтін ұйымдасқан топ;
басқа механикалық көлік құралдары - тракторлар, мотоциклдер, өздігінен жүретін машиналар (экскаваторлар, автокрандар, грейдерлер, катоктар);
билік өкілі - мемлекеттік қызмет атқаратын, қызмет бабымен өзіне тәуелді емес адамдарға қатысты заңда белгіленген тәртіппен билік етуге өкілеттік берілген адам, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органның, әскери полиция органының қызметкері, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын әскери қызметші;
болмашы залал (болмашы мөлшер) - 187-бапта - ұйымға тиесілі, он айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мүліктің немесе жеке тұлғаға тиесілі, екі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мүліктің құны;
денсаулыққа келтірілген ауыр зиян - адамның денсаулығына, оның өміріне қауіп төндіретіндей зиян, не денсаулыққа көру, сөйлеу, есту қабілетінен немесе қандай да бір ағзадан айрылуға; ағзаның өз функцияларының жоғалуына; бет-әлпетінің қалпына келмейтіндей бұзылуына; жалпы еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін айтарлықтай тұрақты түрде жоғалтумен ұштасқан денсаулықтың бұзылуына; кәсіби еңбек қабілетін толық жоғалтуға; жүктілікті үзуге, психиканың бұзылуына; нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыруға әкеп соққан өзге де зиян;
денсаулыққа келтірілген жеңіл зиян - адам денсаулығының, денсаулықтың қысқа мерзімге (жиырма бір күннен аспайтын мерзімге) бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін (оннан бір бөлігінен кем) тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан зиян;
денсаулыққа келтірілген орташа ауырлықтағы зиян - адамның денсаулығына, оның өміріне қауіп төндірмейтіндей, денсаулықтың ұзақ уақыт (жиырма бір күннен астам мерзімге) бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін (үштен бір бөлігінен кем) айтарлықтай тұрақты түрде жоғалтуға әкеп соққан зиян;
елеулі зиян - осы Кодексте көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгісі ретінде көрсетілмеген жағдайдағы мынадай зардаптар: адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамның және мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін бұзу; елеулі залал келтіру, жәбірленуші адамның өмірінде қиын жағдайлардың туындауы; ұйымдардың немесе мемлекеттік органдардың қалыпты жұмысының бұзылуы; халық денсаулығы және қоршаған орта жай-күйінің нашарлауы; маңызды әскери іс-шаралардың өткізілмей қалуы не әскери бөлімдер мен бөлімшелердің жауынгерлік әзірлік пен жауынгерлік қабілеті деңгейінің қысқа мерзімге төмендеуі; қарулы топтарды немесе жекелеген қарулы адамдарды, құрлықтағы, әуе немесе теңіз әскери техникасын дер кезінде анықтай алмау немесе оларға тойтарыс бере алмау, адамдардың және көлік құралдарының Мемлекеттік шекарадан кедергісіз заңсыз өтуіне жол беру, контрабандалық жүкті өткізу, шекараны қорғайтын шекара құрылыстарына, техникалық құралдарға залал келтіретін іс-қимылдарға салғырт қарау; келтірілген зиянның елеулі екендігін куәландыратын өзге де зардаптар;
жалдамалы - сыйақы алу және өзге де жеке басының мүдделері мақсатында қарулы қақтығысқа, соғыс іс-қимылдарына немесе мемлекеттің конституциялық құрылысын құлатуға немесе бүлдіруге аумақтық тұтастығын бұзуға бағытталған өзге де зорлық-зомбылық іс-әрекеттеріне қатысу үшін арнайы тартылған, не қарулы қақтығысқа қатысатын тараптың, не көрсетілген іс-қимылдар қарсы бағытталған мемлекеттің азаматы болып табылмайтын, қақтығысып жатқан тараптың қарулы күштерінің жеке құрамына кірмейтін, өзінің қарулы күштерінің құрамына кіретін адам ретінде ресми міндеттерді атқару үшін басқа мемлекет жібермеген адам;
жас бала (жас балалар) - он төрт жасқа толмаған адам (адамдар);
жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам - мемлекет функцияларын және мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін тікелей атқару үшін Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық және өзге де заңдарында белгіленген лауазымды атқаратын адам, сол сияқты Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес саяси мемлекеттік қызметші лауазымын атқаратын адам, оның ішінде Парламент депутаты, судья;
жетекші орындағы адам - ұйымдасқан топтардың (қылмыстық ұйымдардың) басшылары қылмыстық іс-әрекеттерді үйлестіру жөнінде өкілеттіктер берген адам не топ мүшелері өздерінің мүдделерін қозғайтын және олардың әрекетінің бағыты мен сипатын айқындайтын неғұрлым жауапты шешімдерді өз мойнына алу құқығын танитын адам;
заңсыз әскерилендірілген құралым - заңнамада көзделмеген, әскерилендірілген типтегі ұйымдық құрылымы бар, жеке-дара басшылыққа ие, соғысқа қабілетті, қатаң тәртіпке бағынған құралым (бірлестік, жасақ, дружина немесе үш және одан да көп адамнан тұратын өзге топ);
қоғамдық бірлестік лидері - өзінің ықпалы мен беделі арқылы осы қоғамдық бірлестіктің қызметіне жеке-дара басқарушылық ықпал жасауға қабілетті қоғамдық бірлестік басшысы, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктің өзге де қатысушысы;
коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару функцияларын орындайтын адам - мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы не мемлекеттің үлесі елу пайыздан асатын ұйым болып табылмайтын ұйымда тұрақты, уақытша не арнайы өкілеттік бойынша ұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық міндеттерді орындайтын адам;
көлік - теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі сулар, оның ішінде шағын көлемді теңіз және өзен кемелері, әуе, қалалық электр, оның ішінде метрополитен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы магистральдық құбыр жолдар көлігі;
қылмыстық қоғамдастық - бір немесе бірнеше қылмыстық құқық бұзушылықты бірлесіп жасау үшін сөз байласқан екі немесе одан да көп қылмыстық ұйымның бірлестігі, сол сияқты осы қылмыстық ұйымдардың кез келгенінің бір немесе бірнеше қылмыстық құқық бұзушылықты өз бетінше жасауына жағдайлар жасау;
қылмыстық топ - ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым, қылмыстық қоғамдастық, трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық, террористік топ, экстремистік топ, банда, заңсыз әскерилендірілген құралым;
қылмыстық ұйым - қатысушылары ұйымдық, функционалдық және (немесе) аумақтық оқшауланған топтарға (құрылымдық бөлімшелерге) бөлінген ұйымдасқан топ;
қылмыстық іс-әрекеттерді үйлестіру - бірлесіп қылмыстар жасау мақсатында ұйымдасқан топтар (қылмыстық ұйымдар) арасындағы келісу (ұйымдасқан топтар (қылмыстық ұйымдар) басшыларының немесе өзге де қатысушыларының арасында тұрақты байланыстар орнату, қылмыс жасау үшін жоспарлар әзірлеп, жағдайлар жасау, сондай-ақ қылмыстық ықпал ету аясын, қылмыстық әрекеттен түсетін табысты бөлісу);
лауазымды адам - тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкілеттік бойынша билік өкілі функцияларын жүзеге асырушы не мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында ұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды орындайтын адам;
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адам - Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметші, мәслихат депутаты;
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдарға теңестірілген адам - жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланған адам; заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттардың депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органының мүшелігіне кандидат ретінде тіркелген азамат; жергілікті өзін-өзі басқару органында тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін, еңбекақысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті қаражатынан төленетін қызметші; мемлекеттік ұйымда немесе жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі елу пайыздан асатын ұйымда, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингте, ұлттық холдингте, ұлттық компанияда, ұлттық даму институтында, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы өздеріне тиесілі олардың еншілес ұйымында, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы көрсетілген еншілес ұйымға тиесілі заңды тұлғаларда басқару функцияларын орындайтын адам; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері;
отбасылық-тұрмыстық қатынастар - бірге тұратын немесе тұрған; некеде тұрған адамдар; бұрынғы ерлі-зайыптылар; жақын туыстар арасындағы қатынастар;
сыбайлас жемқорлық қылмыстар - осы Кодекстің 189 (үшінші бөлігінің 2) тармағында), 190 (үшінші бөлігінің 2) тармағында), 215 (үшінші бөлігінің 4) тармағында), 216 (үшінші бөлігінің 3) тармағында), 217 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 231 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 246 (үшінші бөлігінің 2) тармағында), 302 (үшінші бөлігінің 3) тармағында), 358, 359 (төртінші бөлігінің 3) тармағында), 361, 362, 363, 364, 365, 366, 367, 451, 452 (екінші бөлігінің 2) тармағында), 453-баптарында көзделген әрекеттер;
террористік қылмыстар - осы Кодекстің 171, 172, 173, 177, 178, 184, 253, 254, 255, 256, 257, 258, 266, 267-баптарында көзделген әрекеттер;
террористік топ - бір немесе бірнеше террористік қылмыс жасау мақсатын көздейтін ұйымдасқан топ;
трансұлттық қылмыстық қоғамдастық - екі немесе одан да көп трансұлттық қылмыстық ұйым бірлестігі;
трансұлттық қылмыстық ұйым - екі немесе одан да көп мемлекеттің не бір мемлекеттің аумағында әрекет жасауды ұйымдастыру немесе оның орындалуын басқа мемлекеттің аумағынан басқару кезінде, сол сияқты басқа мемлекеттің азаматтары қатысқан кезде бір немесе бірнеше қылмыстық құқық бұзушылық жасау мақсатын көздейтін қылмыстық ұйым;
трансұлттық ұйымдасқан топ - екі немесе одан да көп мемлекеттің не бір мемлекеттің аумағында әрекет жасауды ұйымдастыру немесе оның орындалуын басқа мемлекеттің аумағынан басқару кезінде, сол сияқты басқа мемлекеттің азаматтары қатысқан кезде бір немесе бірнеше қылмыстық құқық бұзушылық жасау мақсатын көздейтін ұйымдасқан топ;
ұйымдасқан топ - бір немесе бірнеше қылмыстық құқық бұзушылық жасау мақсатында алдын ала біріккен екі немесе одан да көп адамдардың тұрақты тобы;
ұйымдастырушылық-өкімдік функциялар - қызмет бабымен бағынысты адамдардың орындауы үшін міндетті бұйрықтарды және өкімдерді шығаруға, сондай-ақ бағыныстыларға қатысты көтермелеу шараларын және тәртіптік жазалар қолдануға заңда белгіленген тәртіппен берілген құқық;
ұрлау - пайдакүнемдік мақсатта бөтен мүлікті осы мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып, кінәлінің немесе басқа адамдардың пайдасына құқыққа қарсы, өтеусіз алып қою және (немесе) иемденіп алу;
ірі залал (ірі мөлшер) - 185, 186, 459-баптарда - айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын сомадағы залал; 188, 189, 190, 191, 192, 194, 195, 196, 197, 200, 202, 204-баптарда - айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын мүлік құны немесе залал мөлшері; 198, 199-баптарда - айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын залал мөлшері немесе зияткерлік меншік объектілерін пайдалану құқығының құны не авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілері даналарының немесе өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетістіктер немесе интегралдық микросхемалар топологиялары бар тауарлардың құны; 214-бапта - сомасы он мың айлық есептік көрсеткіштен асатын табыс; 214, 220, 234, 235, 237, 239 және 240-баптарда - азаматқа айлық есептік көрсеткіштен бір мың есе асатын сомада келтірілген залал, не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын сомада келтірілген залал; 216-бапта - сомасы бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын табыс; 217-бапта - жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын сомаға мәміле жасасу немесе ақша қаражатын немесе басқа мүлікті пайдалану; 218, 221, 222, 224, 225, 226, 227, 238-баптарда - азаматқа айлық есептік көрсеткіштен бір жүз есе асатын сомада келтірілген залал, не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептік көрсеткіштен бір мың есе асатын сомада келтірілген залал; 219-бапта - айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын сомадағы залал; 220-бапта - сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын табыс; 228-бапта - айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын қолдан жасалған банкноттардың, монеталардың, бағалы қағаздардың, шетел валюталарының құны; 231-бапта - бес мың айлық есептік көрсеткіштен асатын, алып өткізілген тауарлардың құны; 232-бапта - он бес мың айлық есептік көрсеткіштен асатын, ұлттық және шетел валютасында қайтарылмаған қаражат сомасы; 233-бапта - бес мың айлық есептік көрсеткіштен асатын, төленбеген кедендік төлемдердің құны; 241-бапта - екі мың айлық есептік көрсеткіштен асатын, бюджетке түспеген төлемдер сомасы; 242-бапта - жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын, бюджетке түспеген төлемдер сомасы; 244-бапта - үш жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын, адам алған сома немесе оған көрсетілген қызметтер құны; 251-бапта - бес жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайданың құны; 256-бапта - бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын ақша сомасы, мүліктің, мүліктік сипаттағы пайданың, көрсетілген қызметтің құны; 288-бапта - жеке тұлғаға айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын сомада келтірілген залал, не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептік көрсеткіштен бір мың есе асатын сомада келтірілген залал; 302-бапта - сомасы бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын табыс; 319-бапта - жалған дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың немесе медициналық техниканың бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын құны; 320, 321, 322, 324, 325, 326, 328, 329, 330, 331, 333, 334, 336, 337, 339-баптарда - қоршаған ортаны және табиғи ресурстардың тұтынушылық қасиеттерін қалпына келтіру үшін қажетті шығындардың бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын құндық көрінісі; 341-бапта - екі мың айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі залал мөлшері; 347, 351, 352, 353-баптарда - азаматқа айлық есептік көрсеткіштен бір жүз есе асатын мөлшерде келтірілген залал, не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын мөлшерде келтірілген залал; 362-бапта - азаматқа айлық есептік көрсеткіштен бір жүз есе асатын сомада келтірілген залал, не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептік көрсеткіштен бір мың есе асатын сомада келтірілген залал; 363, 364-баптарда - үш мыңнан асатын он мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүліктің немесе мүліктік сипаттағы табыстың құны; 397-бапта - бес мың айлық есептік көрсеткіштен асатын арнайы техникалық құралдардың құны; өзге баптарда - айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын сомадағы залал мөлшері;
экстремистік қылмыстар - осы Кодекстің 174, 179, 180, 181, 182, 183, 184, 254, 256, 257, 264, 402 (екінші және үшінші бөліктерінде), 403 (төртінші және бесінші бөліктерінде)-баптарында көзделген әрекеттер;
экстремистік топ - бір немесе бірнеше экстремистік қылмыс жасау мақсатын көздейтін ұйымдасқан топ;
4-бап. Қылмыстық жауаптылықтың негізі
Қылмыстық құқық бұзушылық жасау, яғни осы Кодексте көзделген қылмыс не қылмыстық теріс қылық құрамының барлық белгілері бар әрекеттер қылмыстық жауаптылықтың бірден-бір негізі болып табылады. Бір қылмыстық құқық бұзушылық үшін ешкімді де қылмыстық жауаптылыққа қайталап тартуға болмайды. Қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берілмейді.
5-бап. Қылмыстық заңның уақыт бойынша қолданылуы
Әрекеттің қылмыстылығы мен жазаланушылығы сол әрекет жасалған уақытта қолданыста болған заңмен айқындалады. Қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекетсіздік) жүзеге асырылған уақыт, зардаптардың туындаған уақытына қарамастан, қылмыстық құқық бұзушылық жасалған уақыт деп танылады.
6-бап. Қылмыстық заңның кері күші
1. Әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоятын, жауаптылықты немесе жазаны жеңілдететін немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен жақсартатын заңның кері күші болады, яғни осындай заң күшіне енгенге дейін тиісті әрекетті жасаған адамдарға, оның ішінде жазасын өтеп жүрген немесе жазасын өтеген, бірақ соттылығы бар адамдарға қолданылады.
2. Егер жаңа қылмыстық заң адамның жазасын өтеп жүрген әрекеті үшін жазаланушылықты жеңілдетсе, тағайындалған жаза жаңадан шығарылған қылмыстық заң санкциясының шегінде қысқартылуға жатады.
3. Әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын белгілейтін, осы әрекетті жасаған адамның жауаптылығын немесе жазасын күшейтетін немесе жағдайын өзге де түрде нашарлататын заңның кері күші болмайды.
7-бап. Қылмыстық заңның Қазақстан Республикасы аумағында
қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарға
қатысты қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам осы Кодекс бойынша жауаптылыққа тартылуға жатады.
2. Қазақстан Республикасының аумағында басталған немесе жалғастырылған не аяқталған әрекет Қазақстан Республикасының аумағында жасалған қылмыстық құқық бұзушылық деп танылады. Осы Кодекстің күші Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында және айрықша экономикалық аймағында жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтарға да қолданылады.
3. Қазақстан Республикасының портына тіркелген және Қазақстан Республикасының шегінен тыс ашық су немесе әуе кеңістігінде жүрген кемеде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылуға жатады. Қазақстан Республикасының әскери кораблінде немесе әскери әуе кемесінде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам да, оның қай жерде болғанына қарамастан, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауаптылықта болады.
4. Шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдерінің және иммунитетті пайдаланатын өзге де азаматтардың қылмыстық жауаптылығы туралы мәселе осы адамдар Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық құқық бұзушылық жасаған жағдайда халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешіледі.
8-бап. Қылмыстық заңның Қазақстан Республикасының шегінен
тыс жерлерде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған
адамдарға қатысты қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған Қазақстан Республикасының азаматтары, егер олар жасаған әрекет аумағында сол әрекет жасалған мемлекетте жаза қолданылатын қылмыс деп танылса, және егер бұл адамдар басқа мемлекетте сотталмаған болса, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылуға жатады. Аталған адамдарды соттаған кезде жазаны аумағында қылмыстық құқық бұзушылық жасалған мемлекеттің заңында көзделген санкцияның жоғары шегінен асыруға болмайды. Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес қылмыстық жауапқа тарту немесе жазасын өтеу үшін шет мемлекетке беруге болмайтын жағдайларда, олар да осы негіздерде жауаптылықта болады.
2. Басқа мемлекеттің аумағында қылмыстық жаза қолданылатын әрекет жасаған адамның соттылығының және өзге де қылмыстық-құқықтық салдарының, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе немесе басқа мемлекеттің аумағында жасалған қылмыстық жаза қолданылатын әрекет Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қозғамаса, осы адамның Қазақстан Республикасының аумағында жасаған қылмыстық құқық бұзушылығы үшін қылмыстық жауаптылығы туралы мәселені шешу үшін қылмыстық-құқықтық мәні болмайды.
3. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде орналасқан оның әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері шет мемлекеттің аумағында жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауаптылықта болады.
4. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде қылмыс жасаған шетелдіктер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын азаматтығы жоқ адамдар, егер осы әрекет Қазақстан Республикасының мүдделеріне қарсы бағытталған жағдайларда және Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген жағдайларда, егер олар басқа мемлекетте сотталмаған болса және Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық жауаптылыққа тартылса, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылуға жатады.
9-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстап
беру
1. Басқа мемлекеттің аумағында қылмыстық құқық бұзушылық жасаған Қазақстан Республикасының азаматтары, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше белгіленбесе, ұстап беруге жатпайды.
2. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде қылмыс жасаған және Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес қылмыстық жауапқа тарту немесе жазасын өтеу үшін шет мемлекетке ұстап берілуі мүмкін.
3. Егер шет мемлекетте адамға азаптау, зорлық-зомбылық, басқа да қатыгез немесе оның қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынас пен жаза қолдану қатері бар деп пайымдауға айтарлықтай негіздер болса, сондай-ақ өлім жазасын қолдану қаупі жағдайында, егер Қазақстан Республикасының шарттарында өзгеше көзделмесе, ешкімді де сол мемлекетке ұстап беруге болмайды.
2-бөлім. Қылмыстық құқық бұзушылықтар
10-бап. Қылмыс және қылмыстық теріс қылық ұғымдары
1. Қылмыстық құқық бұзушылықтар қоғамға қауіптілігі және жазаланушылық дәрежесіне қарай қылмыс және қылмыстық теріс қылық болып бөлінеді.
2. Осы Кодексте айыппұл салу, түзеу жұмыстарын, бас бостандығын шектеу, бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы түріндегі жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамға қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады.
3. Қылмыстық теріс қылық деп айыпты, қоғамға зор қауіп төндірмейтін, болмашы зиян келтірген не адамның жеке басына, ұйымға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтіру қатерін туғызған, оны жасағаны үшін айыппұл салу, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, қамауға алу түріндегі жаза көзделген әрекет (іс-әрекет не әрекетсіздік), сондай-ақ әкімшілік преюдиция қолданыла отырып жазаланатын әрекет танылады.
4. Осы Кодекстің Ерекше бөлімінде көзделген, формальды болса да, қандай да бір әрекеттің белгілері бар, бірақ маңызы жағынан болмашы, қоғамға қауіп төндірмейтін іс-әрекет немесе әрекетсіздік қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды.
11-бап. Қылмыс санаттары
1. Қылмыстар қоғамға қауіптілігінің сипаты мен дәрежесіне қарай онша ауыр емес қылмыстар, ауырлығы орташа қылмыстар, ауыр қылмыстар және аса ауыр қылмыстар деп бөлінеді.
2. Жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бас бостандығынан айыру екі жылдан аспайтын қасақана жасалған әрекеттер, сондай-ақ жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бас бостандығынан айыру бес жылдан аспайтын абайсызда жасалған әрекеттер онша ауыр емес қылмыс деп танылады.
3. Жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бас бостандығынан айыру бес жылдан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген абайсызда жасалған әрекет ауырлығы орташа қылмыс деп танылады.
4. Жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бас бостандығынан айыру он екі жылдан аспайтын қасақана жасалған әрекет ауыр қылмыс деп танылады.
5. Жасалғаны үшін осы Кодексте он екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру, өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы көзделген қасақана жасалған әрекет аса ауыр қылмыс деп танылады.
12-бап. Әкімшілік преюдиция
Осы Кодекстің Ерекше бөлімінде көзделген жағдайларда қоғамға зор қауіп төндірмейтін қылмыстық құқық бұзушылық үшін, егер әрекет дәл осындай әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде жасалған болса, қылмыстық жауаптылық туындайды.
13-бап. Қылмыстық құқық бұзушылықтың бірнеше рет жасалуы
1. Осы Кодекстің Ерекше бөлімінің белгілі бір бабында немесе бабының бөлігінде көзделген екі немесе одан да көп әрекетті жасау - қылмыстық құқық бұзушылықтың бірнеше рет жасалуы деп танылады.
2. Егер адам бұрын жасаған қылмыстық құқық бұзушылығы үшін сотталған не заңда белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған болса, қылмыстық құқық бұзушылық бірнеше рет жасалған деп танылмайды.
3. Жалғасатын қылмыстық құқық бұзушылық, яғни бір ниетпен және бір мақсатпен қамтылып, тұтас алғанда бір қылмыстық құқық бұзушылықты құрайтын, құқыққа қарсы бірқатар бірдей әрекеттерден тұратын қылмыстық құқық бұзушылық бірнеше рет жасалған қылмыстық құқық бұзушылық деп танылмайды.
4. Қылмыстық құқық бұзушылықтың бірнеше рет жасалуы осы Кодексте неғұрлым қатаң жазаға әкеп соғатын мән-жай ретінде көзделген жағдайларда адамның жасаған қылмыстық құқық бұзушылығы осы Кодекстің Ерекше бөлімінің қылмыстық құқық бұзушылықты бірнеше рет жасағаны үшін жаза көзделетін бабының тиісті бөлігі бойынша сараланады.
14-бап. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы
1. Осы Кодекстің түрлі баптарында немесе баптарының бөліктерінде көзделген адамның солардың бірде-біреуі үшін сотталмауы немесе заңмен белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмауы екі немесе одан да көп әрекеттерді жасап, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы деп танылады. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығында адам әрбір жасаған әрекеті үшін, егер осы әрекеттердің белгілері осы Кодекстің бір бабының немесе бабының бір бөлігінің неғұрлым қатаң жазаны көздейтін нормасында қамтылмаған болса, осы Кодекстің тиісті бабы немесе бабының бөлігі бойынша қылмыстық жауаптылықта болады.
2. Осы Кодекстің екі немесе одан да көп баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтардың белгілері бар бір іс-әрекет (әрекетсіздік) те қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы деп танылады. Адам қылмыстардың мұндай жиынтығында, егер бір әрекеттің белгілері осы Кодекс бабының басқа әрекет үшін неғұрлым қатаң жазаны көздейтін нормасында қамтылмаған болса, әрбір жасалған әрекет үшін осы Кодекстің тиісті баптары бойынша қылмыстық жауаптылықта болады.
3. Егер белгілі бір әрекет осы Кодекстің тиісті баптарының жалпы және арнайы нормаларының белгілеріне сәйкес келсе, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы болмайды және қылмыстық жауаптылық осы Кодекстің Ерекше бөлімінің арнайы норманы қамтитын бабы бойынша туындайды.
15-бап. Қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауіпті
қайталануы
1. Егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған болса, осы адамның ауыр қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады.
2. Қылмыстың қауіпті қайталануы деп:
1) егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін екі рет бас бостандығынан айыруға сотталған болса немесе ауыр қылмысы үшін сотталған болса, адамның ауыр қылмыс жасағаны;
2) егер ол бұрын ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған болса, адамның аса ауыр қылмыс жасағаны танылады.
3. Он сегіз жасқа дейінгі адам жасаған қылмыс үшін соттылық, қылмыстың қайталануын және қылмыстың қауіпті қайталануын тану кезінде есепке алынбайды.
4. Қылмыстардың қайталануы және қылмыстардың қауіпті қайталануы осы Кодексте көзделген негіздер мен шектерде неғұрлым қатаң жазаға әкеп соғады.
16-бап. Қылмыстық жауаптылыққа тартылуға жататын адамдар
1. Қылмыстық құқық бұзушылық жасалған кезде он алты жасқа толған есі дұрыс жеке адам қылмыстық жауаптылыққа тартылуға жатады.
2. Қылмыстық құқық бұзушылық жасалған кезде он төрт жасқа толған адамдардың кісі өлтіргені (99-бап), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені (106-бап), ауырлататын мән-жайлар кезінде денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіргені (107-бап, екінші бөлігі), зорлағаны (120-бап), жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері (121-бап), адам ұрлағаны (125-бап), халықаралық қорғауды пайдаланатын адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасағаны (173-бап), әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни араздықты қоздырғаны (174-бап), Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының өміріне қол сұғушылық жасағаны (177-бап), Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне қол сұғушылық жасағаны үшін 178-бап), диверсия (184-бап), ұрлық (188-бап, екінші, үшінші, төртінші бөліктері), тонаушылық (191-бап, екінші, үшінші, төртінші бөліктері), қарақшылық (192-бап), қорқытып алушылық (194-бап, екінші, үшінші, төртінші бөліктері), ауырлататын мән-жайлар кезінде автомобильді немесе өзге де көлік құралын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленгені (200-бап, екінші, үшінші, төртінші бөліктері), ауырлататын мән-жайлар кезінде мүлікті қасақана жойғаны немесе бүлдіргені (202-бап, екінші, үшінші бөліктері), терроризм актісі (253-бап), терроризмді не экстремизмді насихаттағаны немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақырғаны (254-бап), террористік топ құрғаны, оған басшылық еткені және оның әрекетіне қатысқаны (255-бап, бірінші және екінші бөліктері), террористік немесе экстремистік әрекетті қаржыландырғаны және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік жасағаны (256-бап), адамды кепілге алғаны (258-бап), ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасағаны (266-бап), терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны (270-бап), қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын ұрлағаны не қорқытып алғаны (287-бап), ауырлататын мән-жайлар кезіндегі бұзақылық жасағаны (289-бап, үшінші, төртінші бөліктері), тағылық (290-бап), есірткі, психотроптық заттарды, оларға ұқсас заттарды ұрлағаны не қорқытып алғаны (293-бап), ауырлататын мән-жайлар кезінде өлгендердің мәйіттерін және олар жерленген жерлерді қорлағаны (309-бап, екінші бөлігі), көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіргені (347-бап) үшін қылмыстық жауапқа тартылуға жатады.
3. Егер кәмелетке толмаған адам осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген жасқа толған болса, бірақ психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық дамуы жағынан артта қалуы салдарынан қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезіндегі өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамға қауіптілігін толық көлемінде түсіне алмаса не оған ие бола алмаса, қылмыстық жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
4. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдар шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына, тұрғылықты жеріне немесе өзге де кез келген мән-жайларға қарамастан заң алдында тең.
17-бап. Есі дұрыс еместік
1. Осы Кодексте көзделген қоғамға қауіпті әрекетті жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауруы, психикасының уақытша бұзылуы, ақыл-есінің кемдігі немесе психикасының өзге де дертке ұшырауы салдарынан өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамға қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам қылмыстық жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
2. Есі дұрыс емес деп танылған адамға сот осы Кодексте көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануы мүмкін.
18-бап. Психикасы бұзылған, есінің дұрыстығы жоққа
шығарылмайтын адамдардың қылмыстық жауаптылығы
1. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезде психикасының бұзылуы салдарынан өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамға қауіптілігін толық ұғына алмаған не өз әрекетіне ие бола алмаған есі дұрыс адам қылмыстық жауаптылыққа тартылуға жатады.
2. Есінің дұрыстығы жоққа шығарылмайтын психиканың бұзылуын сот жаза тағайындау кезінде жеңілдетуші мән-жай ретінде есепке алады және ол осы Кодексте көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындау үшін негіз бола алады.
19-бап. Мас күйінде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған
адамдардың қылмыстық жауаптылығы
Алкогольді ішімдікті, есірткі, психотроптық заттарды немесе басқа да есеңгірететін заттарды пайдалану салдарынан мас күйінде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды.
20-бап. Кінә
1. Адам өзінің қоғамға қауіпті әрекетіне (іс-әрекетіне немесе әрекетсіздігіне) және оның қоғамға қауіпті зардаптарының туындауына қатысты анықталған кінәсі, яғни адамның қылмыстық құқық бұзушылыққа және оның қоғамға қауіпті зардаптарына психикалық көзқарасы үшін ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылуға жатады.
2. Объективті айып тағуға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді.
3. Әрекетті қасақана немесе абайсызда жасаған адам ғана қылмыстық құқық бұзушылық үшін кінәлі деп танылады.
4. Абайсызда жасалған әрекет осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында арнайы көзделген жағдайда ғана қылмыстық құқық бұзушылық деп танылады.
21-бап. Қасақана жасалған қылмыстық құқық бұзушылық
1. Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана жасалған қылмыстық құқық бұзушылық деп танылады.
2. Егер адам өз іс-әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынған болса, оның қоғамға қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын ала болжап білген болса және осы зардаптардың туындауын қалаған болса, қылмыстық құқық бұзушылық тікелей ниетпен жасалған деп танылады.
3. Егер адам өз іс-әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынған болса, оның қоғамға қауіпті зардаптары болуы мүмкін екенін алдын ала болжап білген болса, осы зардаптардың туындауын қаламаса да, оларға саналы түрде жол берсе не оларға немқұрайды қараса, қылмыстық құқық бұзушылық жанама ниетпен жасалған деп танылады.
22-бап. Абайсызда жасалған қылмыстық құқық бұзушылық
1. Менмендікпен немесе немқұрайдылықпен жасалған әрекет абайсызда жасалған қылмыстық құқық бұзушылық деп танылады.
2. Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті зардаптар туғызуы мүмкін екенін алдын ала болжап білген болса, бірақ жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен бұл зардаптарды болдырмауға болады деп есептеген болса, қылмыстық құқық бұзушылық менмендікпен жасалған деп танылады.
3. Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті зардаптар туғызуы мүмкін екенін алдын ала болжап білмеген болса, бірақ тиісті мұқияттылық пен сақтық танытқанда, ол зардаптарды алдын ала болжап білуге тиіс және алдын ала болжап біле алатын болған жағдайда қылмыстық құқық бұзушылық немқұрайдылықпен жасалған деп танылады.
23-бап. Кінәнің екі нысанымен жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауаптылық
Егер қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде заң бойынша неғұрлым қатаң жазаға әкеп соғатын және адамның ниетімен ұғынылмаған ауыр зардаптар келтірілсе, мұндай зардаптар үшін қылмыстық жауаптылық, егер адам олардың туындауы мүмкін екенін алдын ала болжап білген болса, бірақ бұған жеткілікті негіздерсіз, менмендікпен оларды болдырмауға болады деп есептеген жағдайда немесе адам бұл зардаптардың туындауы мүмкін екенін алдын ала болжап білмеген, бірақ болжап білуге тиіс және алдын ала болжап біле алатын болған жағдайда ғана туындайды. Тұтас алғанда мұндай қылмыстық құқық бұзушылық қасақана жасалған деп танылады.
24-бап. Жазықсыз зиян келтіру
1. Егер іс-әрекетті (әрекетсіздікті) және туындаған қоғамға қауіпті зардаптарды жасаған адам оны ниетімен ұғынбаған болса, ал мұндай әрекеттерді абайсызда жасағаны және қоғамға қауіпті зардаптар келтіргені үшін осы Кодексте қылмыстық жауаптылық көзделмесе, әрекет жазықсыз жасалған деп танылады.
2. Егер әрекет жасаған адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіптілігін ұғынбаған болса және істің мән-жайы бойынша ұғына алмаған болса не қоғамға қауіпті зардаптардың туындауы мүмкін екенін алдын ала болжамаған болса және істің мән-жайы бойынша оларды алдын ала болжап білуге тиіс болмаса немесе болжап біле алмаған болса, әрекет жазықсыз жасалған деп танылады. Егер әрекет жасаған кезде қоғамға қауіпті зардаптардың туындауын алдын ала болжаған адам жеткілікті негіздерде оларды болғызбауға болатынын есептеген болса не өзінің психо-физиологиялық қасиеттерінің қысылтаяң жағдайлар талаптарына немесе жүйке-психикалық ауыртпалықтарға сәйкес келмеуі салдарынан осы зардаптарды болғызбауға шамасы келмеген болса, әрекет жазықсыз жасалған деп танылады.
25-бап. Қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға оқталу
1. Тікелей ниетпен жасалған қылмыс құралдарын немесе қаруларын іздестіру, әзірлеу немесе бейімдеп жасау, қылмысқа қатысушыларды іздестіру, қылмыс жасауға сөз байласу не қылмыс жасау үшін өзге де қасақана жағдайлар жасау, егер бұл ретте қылмыс адамның еркіне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе, қылмысқа дайындалу деп танылады.
2. Ауыр немесе аса ауыр қылмысқа дайындалғаны үшін, сондай-ақ террористік қылмысқа дайындалғаны үшін қылмыстық жауаптылық туындайды.
3. Тікелей қылмыс жасауға тура бағытталған ниетпен жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), егер бұл ретте қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмеген болса, қылмыс жасауға оқталу болып танылады.
4. Ауырлығы орташа, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауға оқталғаны үшін, сондай-ақ террористік қылмыс жасауға оқталғаны үшін қылмыстық жауаптылық туындайды.
5. Қылмыс жасауға дайындалғаны және қылмыс жасауға оқталғаны үшін қылмыстық жауаптылық осы Кодекстің аяқталған қылмысқа арналған бабы бойынша, осы баптың тиісті бөлігіне сілтеме жасай отырып туындайды.
26-бап. Аяқталған қылмыстық құқық бұзушылық
Егер адам жасаған әрекетте осы Кодекстің Ерекше бөлімінде көзделген құқық бұзушылық құрамының барлық белгілері болса, қылмыстық құқық бұзушылық аяқталған деп танылады.
27-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаудан өз еркімен бас
тарту
1. Адамның дайындау іс-әрекетін тоқтатуы не осы әрекетті жасауға тікелей бағытталған іс-әрекетті (әрекетсіздікті) тоқтатуы, егер адам оны ақырына дейін жеткізу мүмкіндігін ұғынған болса, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудан өз еркімен бас тарту деп танылады. Егер адам осы әрекетті ақырына дейін жеткізуден өз еркімен және біржолата бас тартса, ол осы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылуға жатпайды.
2. Қылмыстық құқық бұзушылықты ақырына дейін жеткізуден өз еркімен бас тартқан адам оның нақты жасаған әрекетінде өзге қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болған жағдайда ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылуға жатады.
3. Егер қылмыстық құқық бұзушылықты ұйымдастырушы мен қылмыстық құқық бұзушылыққа айдап салушы, мемлекеттік органдарға хабарлауымен немесе өзге де қолданылған шараларымен орындаушының құқық бұзушылықты ақырына дейін жеткізуіне жол бермесе, бұл адамдар қылмыстық жауапқа тартылуға жатпайды. Егер орындаушы қылмыстық құқық бұзушылықты аяқтағанға дейін оған күні бұрын уәде еткен жәрдемінен бас тартса немесе көрсетіліп қойған көмектің салдарын жойса, көмектесуші қылмыстық жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
4. Егер ұйымдастырушының немесе айдап салушының осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген іс-әрекеттері қылмыстық құқық бұзушылықты болдырмауға әкеп соқпаса, олардың қолданған шаралары жаза тағайындау кезінде жеңілдететін мән-жайлар деп танылуы мүмкін.
28-бап. Қылмыстық құқық бұзушылыққа бірлесе қатысу ұғымы
Екі немесе одан да көп адамның қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасауға қасақана бірлесе қатысуы қылмыстық құқық бұзушылыққа бірлесе қатысу деп танылады.
29-бап. Қылмыстық құқық бұзушылыққа бірлесе
қатысушылардың түрлері
1. Ұйымдастырушы, айдап салушы немесе көмектесуші орындаушымен бірге қылмыстық құқық бұзушылыққа бірлесе қатысушылар деп танылады.
2. Қылмыстық құқық бұзушылықты тікелей жасаған немесе оны жасауға басқа адамдармен (бірлесе орындаушылармен) бірге тікелей қатысқан адам, сондай-ақ жасына, есінің дұрыс еместігіне немесе осы Кодексте көзделген басқа да мән-жайларға байланысты қылмыстық жауапқа тартылуға жатпайтын басқа адамдарды пайдалану арқылы, сол сияқты әрекетті абайсызда жасаған адамдарды пайдалану жолымен қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам орындаушы деп танылады.
3. Қылмыстық құқық бұзушылық жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен адам, сол сияқты қылмыстық топты құрған не оны басқарған адам ұйымдастырушы деп танылады.
4. Басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге де жолмен қылмыстық құқық бұзушылық жасауға көндірген адам айдап салушы деп танылады.
5. Кеңестерімен, нұсқауларымен, ақпарат, осы әрекетті жасайтын қару немесе құралдар беруімен не оны жасауға кедергілерді жоюымен қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуына жәрдемдескен адам, сондай-ақ орындаушыны, қаруды немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасаудың өзге де құралдарын, осы әрекеттің ізін не құқыққа қарсы жолмен қол жеткізілген заттарды жасыруға күні бұрын уәде берген адам, сол сияқты осындай заттарды сатып алуға немесе өткізуге күні бұрын уәде берген адам көмектесуші деп танылады.
30-бап. Қылмыстық құқық бұзушылыққа бірлесе
қатысушылардың жауаптылығы
1. Бірлесе қатысушылардың қылмыстық жауаптылығы олардың әрқайсысының қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуына қатысуының сипатымен және дәрежесімен айқындалады.
2. Тең орындаушылар өздерінің бірлесіп жасаған қылмыстық құқық бұзушылығы үшін осы Кодекстің 29-бабына сілтеме жасамай, осы Кодекстің белгілі бір бабы бойынша жауап береді.
3. Ұйымдастырушының, айдап салушының және көмектесушінің жауаптылығы, олар бір мезгілде қылмыстық құқық бұзушылықты тең орындаушылар болып табылған жағдайларды қоспағанда, жасалған әрекет үшін жаза көзделетін бап бойынша, осы Кодекстің 29-бабына сілтеме жасала отырып туындайды.
4. Орындаушы өз еркінен тыс мән-жайлар бойынша қылмысты ақырына дейін жеткізбеген жағдайда, басқа бірлесе қатысушылар қылмыс жасауға дайындалуға немесе қылмыс жасауға оқталуға қатысқаны үшін жауаптылықта болады. Өз еркінен тыс мән-жайлар бойынша басқа адамдарды қылмыс жасауға көндіре алмаған адам да осы әрекетті жасауға дайындалғаны үшін қылмыстық жауаптылықта болады.
5. Осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында арнайы аталған, қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі болып табылмайтын, осы бапта көзделген әрекетті жасауға қатысқан адам осы қылмыстық құқық бұзушылық үшін оны ұйымдастырушы, оған айдап салушы не көмектесуші ретінде қылмыстық жауаптылықта болады.
31-бап. Қылмыстық құқық бұзушылыққа бірлесе қатысушының
шектен шығуы
Бірлесе қатысушының басқа қатысушылардың ниетінде болмаған қылмыстық құқық бұзушылық жасауы оның шектен шығуы деп танылады. Оның шектен шыққаны үшін басқа қатысушылар қылмыстық жауапқа тартылуға жатпайды.
32-бап. Топ жасаған қылмыстық құқық бұзушылық үшін
қылмыстық жауаптылық
1. Егер қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға екі немесе одан да көп орындаушы алдын ала сөз байласпай бірлесіп қатысса, ол адамдар тобы жасаған қылмыстық құқық бұзушылық деп танылады.
2. Егер қылмыстық құқық бұзушылыққа оны бірлесіп жасау туралы күні бұрын уағдаласқан адамдар қатысса, ол адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаған қылмыстық құқық бұзушылық деп танылады.
3. Егер қылмыстық құқық бұзушылықты ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым, қылмыстық қоғамдастық, трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық, террористік топ, экстремистік топ, банда немесе заңсыз әскерилендірілген құралым жасаса, ол қылмыстық топ жасаған қылмыстық құқық бұзушылық деп танылады.
4. Қылмыстық топты құрған не оған басшылық еткен адам осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда қылмыстық топты ұйымдастырғаны және оған басшылық еткені үшін, сондай-ақ егер қылмыстық құқық бұзушылықтар оның ниетімен ұғынылмаған болса, қылмыстық топ жасаған барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапқа тартылуға жатады.
5. Қылмыстық топтың басқа қатысушылары осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда, оған қатысқаны үшін, сондай-ақ өздері дайындауға немесе жасауға қатысқан қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауаптылықта болады.
33-бап. Қажетті қорғаныс
1. Қорғанушының және басқа да адамдардың жеке басы мен құқықтарын, сондай-ақ қоғамның және мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау, оның ішінде қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан қол сұғушы адамға зиян келтіру жолымен заңды түрде қорғау, қажетті қорғану деп танылады.
Барлық адамдардың өздерінің кәсіби немесе өзге де арнайы даярлығына және қызмет жағдайына қарамастан тең дәрежеде қажетті қорғану құқығы бар. Бұл құқық адамға қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан құтылу не басқа адамдардың немесе мемлекеттік органдардың көмегіне жүгіну мүмкіндігіне қарамастан тиесілі болып табылады.
2. Қажетті қорғану жағдайында қол сұғушы адамға зиян келтіру, яғни қорғанушының немесе өзге де адамдардың жеке басын, тұрғын үйін, меншігін, жер учаскесін және басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан қол сұғушыға зиян келтіру жолымен қорғау кезінде, егер бұл орайда қажетті қорғанудың шектен шығуына жол берілмеген болса, ол қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды.
3. Нәтижесінде қол сұғушыға тым шектен тыс, жағдай мәжбүр етпейтін зиян келтірілетін, қол сұғушылықтың сипаты мен қоғамға қауіптілігі дәрежесіне қорғанудың көрінеу сай келмеуі қажетті қорғаныс шегінен шығу деп танылады. Бұлайша шектен шығу қасақана зиян келтірілген жағдайларда ғана қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.
Адамның өміріне қол сұғатын, не қорғанушының немесе басқа адамдардың өміріне қауіпті қарулы шабуылмен немесе зорлық-зомбылықпен не осындай зорлық-зомбылықтың тікелей қатерімен, не тұрғын үйге, үй-жайға басып кірумен ұштасқан өзге де қол сұғушылыққа тойтарыс беру кезінде адамға зиян келтіру, сондай-ақ егер қорғанушы қол сұғушылықтың салдарынан шабуыл қаупінің дәрежесі мен сипатын объективті бағалай алмаса, қажетті қорғану шегінен шығу болып табылмайды.
34-бап. Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян
келтіру
1. Қылмыстық жазаланатын әрекет жасаған адамға оны мемлекеттік органдарға жеткізу және оның жаңа қол сұғушылық жасау мүмкіндігін тыю үшін ұстау кезінде зиян келтіру, егер мұндай адамды өзге амалдармен ұстау мүмкін болмаса және бұл орайда осы үшін қажетті шаралар шегінен шығуға жол берілмесе, қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды.
2. Ұсталатын адамға ол жасаған құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесіне және ұстаудың мән-жайларына анық сай келмейтін, көрінеу шектен тыс, сол кездегі жағдайдан туындамайтын қажетсіз зиян келтіру қол сұғушылық жасаған адамды ұстау үшін қажетті шараларды асыра қолдану деп танылады. Бұлайша асыра қолдану қасақана зиян келтірілген жағдайда ғана қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.
3. Қол сұғушылық жасаған адамды ұстауға бұған арнайы уәкілеттігі бар адамдармен бірге жәбірленушілер мен басқа азаматтардың да құқығы бар.
35-бап. Аса қажеттілік
1. Осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру, яғни белгілі бір адамның немесе өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей қатер төндіретін қауіпті жою үшін аса қажет болған жағдайда зиян келтіру, егер бұл қауіпті басқа амалдармен жою мүмкін болмаса және бұл орайда аса қажеттілік шегінен шығып кетушілікке жол берілмесе, қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды.
2. Төнген қауіптің және қауіп жойылған жағдайдың сипаты мен дәрежесіне көрінеу сәйкес келмейтін зиян келтіру, құқық қорғау мүдделеріне болдырмай тасталған зиянға тең немесе оған қарағанда неғұрлым елеулі зиян келтірілген жағдайда аса қажеттілік шегінен шығып кету деп танылады. Мұндай шектен шығушылық тек қасақана зиян келтірілген жағдайларда ғана жауаптылыққа әкеп соғады.
36-бап. Жедел-іздестіру іс-шараларын немесе жасырын
тергеу іс-әрекеттерін жүзеге асыру
1. Уәкілетті мемлекеттік орган қызметкерінің не осындай органның тапсырмасы бойынша осы органмен ынтымақтасып жұмыс істейтін өзге адамның заңға сәйкес жедел-іздестіру іс-шараларын немесе жасырын тергеу әрекеттерін орындау кезінде жасаған, осы Кодексте қорғалатын мүдделерге зиян келтірген әрекеті, егер бұл әрекет адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы, қылмыстық топ жасаған қылмыстық құқық бұзушылықты болғызбау, анықтау, ашу немесе тергеу мақсатымен жасалса, сондай-ақ егер құқық қорғау мүдделеріне келтірілген зиянның көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтар келтіретін зиянға қарағанда аздау болса, және егер оларды болғызбауды, ашуды немесе тергеуді, сол сияқты қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға кінәлі адамдарды әшкерелеуді өзге тәсілмен жүзеге асыру мүмкін болмаса, ол қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды.
2. Осы баптың бірінші бөлігінің ережелері адамның өміріне немесе денсаулығына қатермен, экологиялық апат, қоғамдық күйзеліс немесе өзге де ауыр зардаптар қатерімен ұштасатын әрекет жасаған адамдарға қолданылмайды.
37-бап. Орынды тәуекел ету
1. Қоғамға пайдалы мақсатқа қол жеткізу үшін орынды тәуекел ету кезінде осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды.
2. Егер аталған мақсатқа тәуекелмен байланыссыз іс-әрекетпен (әрекетсіздікпен) қол жеткізілмейтін болса және тәуекелге жол берген адам осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтірілуін болғызбау үшін жеткілікті шаралар қолданса, тәуекел орынды деп танылады.
3. Егер тәуекел ету адамдардың өміріне немесе денсаулығына көрінеу қатермен, экологиялық апат, қоғамдық күйзеліс немесе өзге де ауыр зардаптар қатерімен ұштасатын болса, тәуекел ету орынды деп танылмайды.
38-бап. Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу
1. Егер күштеп мәжбүрлеудің салдарынан адам өзінің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) ие бола алмаса, күштеп немесе психикалық мәжбүрлеудің нәтижесінде осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды.
2. Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу нәтижесінде осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтірілуінің салдарынан адам өзінің іс-әрекетіне ие бола алу мүмкіндігін сақтаған болса, ол үшін қылмыстық жауаптылық туралы мәселе осы Кодекстің 35-бабының ережелері ескеріле отырып шешіледі.
39-бап. Бұйрықты немесе өкімді орындау
1. Өзі үшін міндетті бұйрықты немесе өкімді орындау үшін іс-әрекет жасаған адамның осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіруі қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды. Мұндай зиян келтірілгені үшін заңсыз бұйрық немесе өкім берген адам қылмыстық жауаптылықта болады.
2. Көрінеу заңсыз бұйрықты немесе өкімді орындағаны үшін қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам жалпы негіздерде қылмыстық жауаптылықта болады. Көрінеу заңсыз бұйрықты немесе өкімді орындамау қылмыстық жауаптылықты жояды.
3-бөлім. Жаза
40-бап. Жаза ұғымы мен оның мақсаттары
1. Жаза дегеніміз сот үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыстық құқық бұзушылық жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және ол адамды осы Кодексте көзделген құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе оларды шектеу болып табылады.
2. Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылады. Жаза тән азабын шектіруді немесе адамның қадір-қасиетін қорлауды мақсат етпейді.
41-бап. Жаза түрлері
1. Қылмыстық теріс қылық жасауға кінәлі деп танылған адамға мынадай негізгі жазалар:
1) айыппұл;
2) түзеу жұмыстары;
3) қоғамдық жұмыстарға тарту;
4) қамауға алу қолданылуы мүмкін.
2. Қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға мынадай негізгі жазалар:
1) айыппұл;
2) түзеу жұмыстары;
3) бас бостандығын шектеу;
4) бас бостандығынан айыру;
5) өлім жазасы қолданылуы мүмкін.
3. Қылмыстық құқық бұзушылық жасауға кінәлі деп танылған адамға негізгі жазалармен бірге мынадай қосымша жазалар:
1) мүлкін тәркілеу;
2) арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік дәрежесінен және мемлекеттік наградаларынан айыру;
3) белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;
4) шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу қолданылуы мүмкін.
42-бап. Айыппұл
1. Айыппұл осы Кодексте көзделген шекте, заңнамада белгіленген және қылмыстық құқық бұзушылық жасалған сәтте қолданыста болатын, айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерде тағайындалатын ақша өндіріп алу не еселенген соманың немесе пара құнының мөлшеріндегі ақшаны өндіріп алу.
2. Қылмыстық теріс қылық үшін айыппұл айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен бес жүзге дейінгі шегінде, қылмыс үшін - айлық есептік көрсеткіштің бес жүзден он мыңға дейінгі шегінде, ал осы Кодекстің 363, 364, 365-баптарында көзделген қылмыстар үшін осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабының санкциясында белгіленген мөлшерде белгіленеді. Айыппұл мөлшерін жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығын және сотталған адамның мүліктік жағдайын ескере отырып, сот белгілейді.
3. Қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін тағайындалған айыппұлды төлеуден жалтарған жағдайда, осы Кодекстің 44, 46-баптарының ережелері ескеріліп, ол бір айлық есептік көрсеткіш үшін бір сағат қоғамдық жұмыс есебінен қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт айлық есептік көрсеткіш үшін бір тәулік есебінен қамауға алуға ауыстырылады.
Қылмыс жасағаны үшін тағайындалған айыппұлды төлеуден жалтарған жағдайда, осы Кодекстің 47-бабының ережелері ескеріліп, ол төрт айлық есептік көрсеткіш үшін бір күн есебінен бас бостандығынан айыруға ауыстырылады, ал осы Кодекстің 363, 364, 365-баптарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін айыппұл осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабының санкциясы шегінде бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.
43-бап. Түзеу жұмыстары
1. Түзеу жұмыстары дегеніміз сотталған адамды негізгі жұмыс орны бойынша еңбекке мәжбүрлеп тарта отырып, оның жалақысынан (ақшалай үлесінен) заңнамада белгіленген және қылмыстық құқық бұзушылық жасалған кезде қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір санына сәйкес келетін мөлшерде ақша өндіріп алу және ол жалақының жиырмадан қырық пайызға дейінгісін ай сайын мемлекет кірісіне аударып отыру арқылы орындалады. Қылмыстық теріс қылық үшін түзеу жұмыстары жиырма бестен бес жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш шамасында, қылмыс үшін бес жүзден он мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш шамасында белгіленеді.
2. Еңбекке қабілетсіз деп танылған, тұрақты жұмысы жоқ немесе оқу орындарында өндірістен қол үзіп оқитын адамдарға түзеу жұмыстарын тағайындауға болмайды.
3. Түзеу жұмыстарын орындауға кедергі келтіретін мән-жайлар туындаған жағдайда, қылмыстық теріс қылық үшін тағайындалған жазаның орындалмаған бөлігі осы Кодекстің 44, 46-баптарының ережелері ескеріліп, бір айлық есептік көрсеткіш үшін бір сағат қоғамдық жұмыс есебінен қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт айлық есептік көрсеткіш үшін бір тәулік қамауға алу есебінен қамауға алуға, ал қылмыс үшін тағайындалған жазаның орындалмаған бөлігі - осы Кодекстің 47-бабының ережелері ескеріліп, төрт айлық есептік көрсеткіш үшін бір күн бас бостандығынан айыру есебінен бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.
44-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту
1. Қоғамдық жұмыстар сотталған адамның жергілікті атқарушы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастыратын, белгілі бір біліктілікті талап етпейтін тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындауынан тұрады.
2. Қоғамдық жұмыстар алпыс сағаттан үш жүз сағатқа дейін белгіленеді және оны өтеу кезінде сотталған адамның негізгі жұмыс орны бойынша еңбек міндеттерін орындаудан босатыла отырып не оқудан бос уақытында күніне төрт сағаттан аспайтын уақытта, ал егер сотталған адамның тұрақты жұмыс орны болмаса және оқумен айналыспаса - күніне сегіз сағатқа дейінгі, бірақ аптасына қырық сағаттан көп емес уақытта өтеледі. Қоғамдық жұмыстардан жалтарған жағдайда осы Кодекстің 46-бабының ережелері ескеріліп, олар төрт сағат қоғамдық жұмыс үшін бір тәулік қамауға алу есебінен қамауға алуға ауыстырылады.
3. Қоғамдық жұмыстарға тарту жүкті әйелдерге, үш жасқа дейінгі жас баласы бар әйелдерге, үш жасқа дейінгі жас баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектерге, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдер мен алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектерге, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектерге, әскери қызметшілерге тағайындалмайды.
45-бап. Бас бостандығын шектеу
1. Бас бостандығын шектеу сотталған адамды бүкіл жаза мерзімінің ішінде жыл сайын екі жүз қырық сағаттан жергілікті атқарушы органдар айқындаған жерлерде мәжбүрлі еңбекке тарта отырып, сотталған адамға бір жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге пробациялық бақылау белгілеуден тұрады. Бас бостандығын шектеу сотталған адамның тұрғылықты жері бойынша қоғамнан оқшауланбай өтеледі. Бас бостандығын шектеуге кәмелетке толмаған сотталғандар, жүкті әйелдер, үш жасқа дейінгі жас баласы бар әйелдер, үш жасқа дейінгі жас баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектер, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдер мен алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектер, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер мәжбүрлі еңбекке тартылмайды. Өзге жазаны бас бостандығын шектеуге ауыстырған жағдайда ол бір жылға жетпейтін мерзімге тағайындалуы мүмкін, бұл ретте сотталған адам мәжбүрлі еңбекке тартылмайды. Мәжбүрлі еңбекке тарту күніне төрт сағаттан аспайтын уақытта, оны өтеу кезінде сотталған адамның жұмыс орны (лауазымы) сақтала отырып, негізгі жұмыс орны бойынша еңбек міндеттерін орындаудан босатыла отырып, не оқудан бос уақытында өтеледі, ал егер сотталған адамның тұрақты жұмыс орны болмаса және оқумен айналыспаса - күніне сегіз сағатқа дейінгі, бірақ аптасына қырық сағаттан аспайтын уақытта өтеледі.
2. Пробациялық бақылауды уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады және сот шешімі бойынша сотталған адамның: сотталған адамның жүріс-тұрысын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға хабарламай, тұрақты тұратын жерін, жұмысын, оқуын ауыстырмау; белгілі бір орындарға бармау; маскүнемдіктен, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан, жыныс жолдары арқылы жұғатын аурулардан емделу курсынан өту, отбасын материалдық қолдауды жүзеге асыру міндеттерін; сотталған адамның түзелуіне және оның жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасауының алдын алуға ықпал ететін басқа да міндеттерін орындаудан тұрады.
3. Бас бостандығын шектеуге сотталған адам жазаны өтеуден қасақана жалтарған жағдайда сот бас бостандығын шектеудің өтелмеген мерзімін нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстыра алады. Бұл ретте бас бостандығын шектеуді өтеу уақыты осы Кодекстің 47-бабының ережелері ескеріле отырып, бас бостандығын шектеудің бір күні үшін бас бостандығынан айырудың бір күні есебінен бас бостандығынан айыру мерзіміне есептеледі.
46-бап. Қамауға алу
1. Қамауға алу сотталған адамды тағайындалған жазаның барлық мерзімінде қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстауды білдіреді.
2. Қамауға алу алты айға дейінгі мерзімге белгіленеді. Ұстау мерзімі қамау мерзіміне қосылады.
3. Қамауға алу кәмелетке толмағандарға, жүкті әйелдерге, жас баласы бар әйелдерге, жас баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектерге, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдер мен алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектерге, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектерге тағайындалмайды.
4. Әскери қызметшілер қамауда болуы гауптвахтада өтейді.
47-бап. Бас бостандығынан айыру
1. Бас бостандығынан айыру сотталған адамды колония-қонысқа жіберу немесе жалпы, қатаң, ерекше режимдегі түзеу колониясына немесе түрмеге отырғызу жолымен оқшаулаудан тұрады.
2. Үкім шығару кезінде он сегіз жасқа толмай бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жалпы немесе күшейтілген режимдегі тәрбиелеу колонияларына орналастырылады.
3. Осы Кодексте көзделген қылмыстарды жасағаны үшін бас
бостандығынан айыру алты айдан он бес жылға дейін, ал аса ауыр қылмыстар үшін жиырма жылға дейінгі мерзімге не өмір бойына белгіленеді. Абайсызда жасалған қылмыстар үшін бас бостандығынан айыру он жылдан аспауға тиіс. Бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыруға ауыстырған жағдайда ол алты айға жетпейтін мерзімге тағайындалуы мүмкін. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезінде бас бостандығынан айыру мерзімдерін ішінара немесе толық қосқан жағдайда және осы Кодекстің 48-бабының үшінші бөлігінде, 72-бабының бесінші бөлігінде және 78-бабының бесінші бөлігінде көзделген жағдайларда бас бостандығынан айырудың ең жоғары мерзімін - жиырма бес жылдан, ал үкімдердің жиынтығы бойынша отыз жылдан асыруға болмайды.
4. Өмір бойы бас бостандығынан айыру аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ өлім жазасына балама ретінде белгіленуі мүмкін. Өмір бойы бас бостандығынан айыру он сегіз жасқа толмай қылмыс жасаған адамдарға, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан әйелдерге, еркектерге тағайындалмайды. Кешірім жасау тәртібімен өмір бойы бас бостандығынан айыру белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылуы мүмкін.
5. Бас бостандығынан айыруды өтеу:
1) абайсызда жасаған қылмыстар үшін бас бостандығынан айыруға сотталған, сондай-ақ қасақана қылмыс жасағаны үшін бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жаза тағайындалған, алғаш рет сотталған адамдарға - колония-қоныстарға;
2) қасақана онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа және ауыр қылмыстар жасағаны үшін бір жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған адамдарға және айыппұл, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу алты айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылған адамдарға - жалпы режимдегі түзеу колонияларына;
3) аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған адамдарға, сондай-ақ сотталған адам бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген болса, қылмыстардың қайталануы және әйелдерге қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде - қатаң режимдегі түзеу колонияларына;
4) қылмыстардың аса қауіпті қайталануы кезінде, сондай-ақ өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға - ерекше режимдегі түзеу колонияларына тағайындалады.
6. Аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға, сондай-ақ қылмыстардың аса қауіпті қайталануы кезінде жаза мерзімінің бір бөлігін түрмеде өтеу, бірақ бес жылдан аспайтын мерзімге тағайындалуы мүмкін.
7. Үкіммен тағайындалған түзеу мекемесінің нысанын өзгертуді Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес сот жүргізеді.
48-бап. Өлім жазасы
1. Өлім жазасы - ату жазасы адамдардың қаза болуымен ұласқан террористік қылмыстар үшін, сондай-ақ соғыс уақытында жасалған аса ауыр қылмыстар үшін ең ауыр жаза ретінде белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамға кешірім жасау туралы өтініш жасау құқығы беріледі.
2. Өлім жазасы он сегіз жасқа толмай қылмыс жасаған адамдарға, әйелдерге, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектерге тағайындалмайды.
3. Қазақстан Республикасының Президенті өлім жазасын орындауға мораторий енгізген кезде, өлім жазасы туралы үкімді орындау мораторий қолданылған уақытқа тоқтатыла тұрады.
4. Өлім жазасы туралы үкім күшіне енген кезден бастап ерте дегенде бір жылдан кейін, сондай-ақ өлім жазасын орындауға мораторийдің күші жойылған соң ерте дегенде бір жыл өткеннен кейін орындалады.
5. Өлім жазасы кешірім жасау тәртібімен өмір бойы бас бостандығынан айыруға немесе ерекше режимдегі түзеу колониясында жазасын өтей отырып, белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылуы мүмкін. Өлім жазасына кесілген адамдардың, өлім жазасын орындауға мораторийдің күші жойылған жағдайда, олардың мораторий енгізілгенге дейін өтініш бергеніне немесе бермегеніне қарамастан, кешірім жасау туралы өтініш беруге құқығы бар.
49-бап. Мүлікті тәркілеу
1. Мүлікті тәркілеу дегеніміз, заңды жолмен алынған мүлікті қоспағанда, сотталушының мүлкі болып табылатын мүліктің барлығын немесе оның бір бөлігін мемлекеттің меншігіне мәжбүрлеп өтеусіз алып қою және өндіріп алу.
2. Тәркілеуге мынадай мүлік жатады:
1) заңды иесіне қайтарылуға тиіс мүлікті және одан түскен табыстарды қоспағанда, қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған ақша, құндылықтар және өзге де мүлік және осы мүліктен алынған кез келген табыс;
2) қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған ақша, құндылықтар және өзге де мүлік және осы мүліктен алынған жарым-жартылай немесе толығымен ауыстырылған не өзгертілген кез келген табыс;
3) экстремистік немесе террористік не қылмыстық топты қаржыландыру және басқа да қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын немесе арналған ақша, құндылықтар және өзге де мүлік.
3. Егер мүлікке кіретін, осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде аталған белгілі бір затты тәркілеу осы затты тәркілеу туралы сот шешімі қабылданған сәтте оның пайдаланылуы, сатылуы немесе өзге де себептер бойынша мүмкін болмаса, сот шешімі бойынша осы заттың құнына сәйкес келетін ақшалай сома тәркіленуге тиіс.
4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 15-бөлімінде көзделген жағдайларда мүлікті тәркілеу соттың шешімі бойынша қылмыстық-құқықтық ықпал ету шарасы ретінде қолданылуы мүмкін.
50-бап. Арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан,
сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен,
біліктілік сыныбынан және мемлекеттік
наградаларынан айыру
1. Қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін соттау кезінде сот кінәлі адамның жеке басын ескере отырып, оны құрметті, әскери, арнаулы немесе өзге де атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан айыра алады.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары, сол сияқты Қазақстан Республикасының Президенті берген құрметті, әскери, арнаулы немесе өзге де атағы, сыныптық шені, дипломатиялық дәрежесі немесе біліктілік сыныбы бар адамды қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін соттаған ретте сот үкім шығарған кезде ол сотталған адамды осы наградалардан, атақтардан, біліктілік шенінен, дипломатиялық дәрежесінен немесе біліктілік сыныбынан айыру туралы ұсыныс енгізе алады, ал сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныс енгізеді.
51-бап. Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір
қызметпен айналысу құқығынан айыру
1. Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында белгілі бір лауазымды атқаруға не белгілі бір кәсіптік немесе өзге де қызметпен айналысуға тыйым салудан тұрады.
2. Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру бір жылдан он жылға дейінгі мерзімге белгіленеді.
Осы Кодекстің 120-бабының үшінші бөлігінің 5) тармағында және төртінші бөлігінде, 121-бабының үшінші бөлігінің 5) тармағында және төртінші бөлігінде, 122-бабының екінші және үшінші бөліктерінде, 124-бабының екінші және үшінші бөліктерінде, 132-бабының екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде, 133-бабының үшінші және төртінші бөліктерінде, 134-бабының үшінші бөлігінің 3) тармағында, 307-бабының үшінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру міндетті түрде тағайындалады және өмір бойы педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салудан тұрады.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру міндетті түрде тағайындалады және судья қызметін, мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында, мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталында мемлекет үлесі елу пайыздан асатын ұйымдарда, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы оларға тиесілі олардың еншілес ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы аталған еншілес ұйымдарға тиесілі заңды тұлғаларда лауазымдарды атқаруға өмір бойы тыйым салудан тұрады.
3. Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, егер сот жасалған әрекеттің сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін және кінәлі адамның жеке басын ескере отырып, оның белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығының сақталуы мүмкін емес деп таныса, ол осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті бапта тиісінше қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін көзделмеген жағдайда қосымша жаза ретінде тағайындалуы мүмкін.
4. Жаза қолдану барысында бас бостандығынан айыруға, қамауға алуға қосымша жаза ретінде тағайындалған осы жаза негізгі жазаны өтеудің толық уақытына қолданылады, бірақ бұл ретте оның мерзімі бас бостандығынан айырылған, қамауға алынған сәтінен бастап есептеледі. Жазалаудың басқа негізгі түрлеріне қосымша жаза түрі ретінде белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру тағайындалған жағдайда, сондай-ақ жазаны өтеу кейінге қалдырылған немесе шартты түрде сотталған кезде оның мерзімі үкім заңды күшіне енген сәттен бастап есептеледі.
52-бап. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан
Республикасының шегінен шығарып жіберу
1. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу осы адамның Қазақстан Республикасының аумағына бес жылға дейінгі мерзімге кіруіне тыйым салу белгілене отырып, сотталған шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының шегінен бақыланатын кету жолымен орындалады.
2. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу кезінде осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда ғана қосымша жаза түрі тағайындалуы мүмкін және ол негізгі жаза түрі өтелгеннен кейін орындалады.
4-бөлім. Жаза тағайындау
53-бап. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері
1. Қылмыстық құқық бұзушылық жасауға кінәлі деп танылған адамға осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында белгіленген шекте және осы Кодекстің Жалпы бөлімінің ережелері ескеріле отырып, әділ жаза тағайындалады.
2. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамға оның түзелуі және жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін қажетті және жеткілікті жаза тағайындалуға тиіс. Егер жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделген жазаның онша қатаң емес түрі жазаның мақсатына жетуді қамтамасыз ете алмайтын болса ғана ол үшін көзделгендері арасынан неғұрлым қатаң жаза тағайындалады. Жасалған әрекет үшін осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптарда көзделгеннен неғұрлым қатаң жаза осы Кодекстің 59 және 61-баптарына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша немесе үкімдердің жиынтығы бойынша тағайындалуы мүмкін. Жасалған әрекет үшін осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптарда көзделгеннен қатаңдығы төменірек жаза тағайындау үшін негіз осы Кодекстің 56-бабында белгіленеді.
3. Жаза тағайындау кезінде қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесі, сотталған адамның жеке басы, сонымен бірге оның осы құқық бұзушылық жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқы, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаны сотталған адамның түзелуіне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалы ескеріледі.
54-бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін
мән-жайлар
1. Мыналар қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп танылады:
1) мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет теріс қылық жасау не онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасау;
2) кінәлі адамның кәмелетке толмауы;
3) жүктілік;
4) кінәлі адамның жас балаларының болуы;
5) осындай көмекті көрсету салдарына қарамастан, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейін жәбірленушіге тікелей медициналық немесе өзге де көмек көрсету;
6) қылмыстық құқық бұзушылық салдарынан келтірілген мүліктік, залалды ерікті өтеу, қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген моральдық және өзге де зиянның орнын толтыру;
7) жеке басындағы, отбасылық немесе өзге де ауыр мән-жайлардың тоғысуы салдарынан не жаны ашығандық себебімен қылмыстық құқық бұзушылық жасау;
8) күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан не материалдық, қызметтік немесе өзге де тәуелділігі себепті қылмыстық құқық бұзушылық жасау;
9) қажетті қорғанудың, аса қажеттіліктің, құқық бұзушылық жасаған адамды ұстаудың, негізді тәуекелдің, бұйрықты немесе өкімді орындаудың заңдылық шарттары бұзылған кезде, жедел іздестіру іс-шараларын немесе жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыру кезінде қылмыстық құқық бұзушылық жасау;
10) қылмыстық құқық бұзушылық жасау үшін түрткі болып табылған жәбірленушінің заңға қайшы немесе бейморальдық қылығы;
11) шын ниетпен өкіну, айыбын мойындап келу, қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашуға, қылмыстық құқық бұзушылықтың басқа да қатысушыларын әшкерелеуге және қылмыстық құқық бұзушылық нәтижесінде алынған мүлікті іздеуге белсенді жәрдемдесу.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделмеген мән-жайлар да жаза қолдану кезінде жеңілдететін мән-жайлар ретінде ескерілуі мүмкін.
3. Егер жеңілдететін мән-жай осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында қылмыстық құқық бұзушылық белгісі ретінде көзделген болса, ол өзінен-өзі жаза тағайындау кезінде қайталап ескеріле алмайды.
55-бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын
мән-жайлар
1. Мыналар қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар деп танылады:
1) қылмыстық құқық бұзушылықтарды бірнеше рет жасау, қылмыстардың қайталануы, қауіпті түрде қайталануы;
2) қылмыстық құқық бұзушылықтар арқылы ауыр зардаптар келтіру;
3) адамдар тобымен, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, қылмыстық топтың құрамында қылмыстық құқық бұзушылық жасау;
4) қылмыстық құқық бұзушылық жасағанда айрықша белсенді рөл атқару;
5) кінәлі адам үшін психикасы бұзылуының ауыр түрінен зардап шегетіні алдын ала белгілі адамдарды не қылмыстық жауаптылық жасына толмаған адамдарды қылмыстық құқық бұзушылық жасауға тарту;
6) ұлттық, нәсілдік және діни өшпенділік немесе қастандық себебі бойынша, басқа адамдардың заңды іс-әрекеттер үшін кек алу, сондай-ақ басқа қылмыстық құқық бұзушылықты жасыру немесе оны жасауды оңайлату мақсатында қылмыстық құқық бұзушылық жасау;
7) жүктілік жағдайы кінәлі адам үшін алдын ала белгілі әйелге қатысты, сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғансыз немесе дәрменсіз адамға не кінәлі адамға тәуелді адамға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасау;
8) белгілі бір адамның өзінің қызметтік, кәсіби немесе қоғамдық борышын өтеуіне байланысты оған немесе оның туыстарына қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасау;
9) аса қатыгездікпен, садизммен, қорлаумен, сондай-ақ жәбірленушіні қинап қылмыстық құқық бұзушылық жасау;
10) қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар, жарылыс немесе оларды бейнелейтін құрылғылар, арнайы дайындалған техникалық құралдар, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтар, улы және радиоактивті заттар, дәрілік және өзге де химиялық-фармакологиялық дәрі-дәрмектер пайдаланып, сондай-ақ күш көрсетіп немесе психикалық мәжбүрлеу не жалпы қауіпті тәсіл қолданып қылмыстық құқық бұзушылық жасау;
11) төтенше жағдай, төтенше ахуалдар кезінде, сондай-ақ жаппай тәртіпсіздіктер барысында қылмыстық құқық бұзушылық жасау;
12) алкогольден, есірткіден немесе уытқұмарлықтан масаң жағдайында қылмыстың құқық бұзушылық жасау. Сот қылмыстық құқық бұзушылықтың сипатына қарай бұл мән-жайды ауырлататын деп танымауға құқылы;
13) адамның өзі қабылдаған антын немесе кәсіби антын бұза отырып қылмыстық құқық бұзушылық жасауы;
14) кінәлі адамның қызметтік жағдайына немесе шартқа байланысты өзіне көрсетілген сенімді пайдаланып қылмыстық құқық бұзушылық жасауы;
15) билік өкілінің нысанды киімін немесе құжаттарын пайдаланып қылмыстық құқық бұзушылық жасау;
16) құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, судьяның өз қызмет жағдайын пайдаланып қылмыстық құқық бұзушылық жасауы.
2. Егер осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жай осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында қылмыстық құқық бұзушылық белгісі ретінде көрсетілген болса, оны жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде қайталап ескеруге болмайды.
3. Жаза тағайындау кезінде сот осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілмеген мән-жайларды ауырлататын мән-жайлар деп тани алмайды.
56-бап. Белгілі бір қылмыстық құқық бұзушылық үшін
көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза
тағайындау
1. Егер осы Кодекстің Ерекше бөлімінің адамды кінәлі деп тануға негіз болған бабында немесе бабының бөлігінде бас бостандығынан айырудан гөрі, қатаң емес жаза көзделсе,
1) адамды онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін соттау кезінде, сол қылмыспен келтірілген моральдық және өзге зиянның орнын өз еркімен толтырған жағдайда;
2) осы Кодекстің 217, 245, 246-баптарында көзделгендерді қоспағанда, адамды экономикалық қызмет саласындағы қылмыс жасағаны үшін соттау кезінде, қылмыспен келтірілген мүліктік залалды адам өз еркімен өтеген жағдайда, жазаның негізгі түрлері, бас бостандығынан айыру тағайындалмайды.
2. Қылмыс құрамының белгісі ретінде көзделмеген жазаны жеңілдететін мән-жайлар болған және ауырлататын мән-жайлар болмаған жағдайда, жаза мерзімі немесе мөлшері осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің:
1) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған кезде - жартысынан;
2) ауыр қылмыс жасаған кезде - үштен екісінен;
3) аса ауыр қылмыс жасаған кезде төрттен үшінен аспауға тиіс.
3. Жеделдетілген сотқа дейінгі тергеу істері, сондай-ақ іс жүргізу келісімінің барлық шарттары орындалған істер бойынша жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшін жазаның мерзімі немесе мөлшері осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрінің ең жоғарғы мерзімінің немесе мөлшерінің жартысынан аспауы тиіс.
4. Әрекеттің мақсаттары мен себептеріне, айыпкердің рөліне, оның қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезіндегі немесе одан кейінгі жүріс-тұрысына байланысты ерекше мән-жайлар және әрекеттің қоғамға қауіптілігі дәрежесін едәуір азайтатын басқа да мән-жайлар болған кезде, сол сияқты топтық қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысушы топ жасаған әрекеттерді ашуға белсене жәрдемдескен кезде жаза осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген ең төменгісінен төмені тағайындалуы мүмкін не сот жазаның осы бапта көзделгеннен неғұрлым жеңіл түрін тағайындауы не міндетті жаза ретінде көзделген қосымша жаза түрін қолданбауы мүмкін.
5. Жазаны жеңілдететін жекелеген мән-жайлар да, осындай мән-жайлар жиынтығы да ерекше мән-жайлар деп танылуы мүмкін.
57-бап. Аяқталмаған қылмыс үшін жаза тағайындау
1. Аяқталмаған қылмыс үшін жаза тағайындау кезінде соның себебінен қылмыс ақырына дейін жетпеген мән-жайлар ескеріледі.
2. Қылмысқа дайындалғаны үшін жазаның мерзімі мен мөлшері осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті бапта аяқталған қылмыс үшін көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің жартысынан аспауға тиіс.
3. Қылмысқа оқталғаны үшін жазаның мерзімі мен мөлшері осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті бапта аяқталған қылмыс үшін көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрінен ең жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің төрттен үш бөлігінен аспауға тиіс.
4. Қылмыс жасауға дайындалғаны үшін және қылмыс жасауға оқталғаны үшін өлім жазасы мен өмір бойы бас бостандығынан айыру тағайындалмайды.
58-бап. Бірлесе қатысып жасалған қылмыстық құқық
бұзушылық үшін жаза тағайындау
1. Бірлесе қатысып жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшін жаза тағайындау кезінде оны жасауға адамның іс жүзінде қатысу сипаты мен дәрежесі, осы қатысудың қылмыстық құқық бұзушылық мақсатына жету жөніндегі мәні, оның келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиянының сипаты мен мөлшеріне ықпал ескеріледі.
2. Бірлесе қатысушылардың біреуінің жеке басына қатысты жауаптылық пен жазаны жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар тек сол бірлесе қатысушыға жаза тағайындау кезінде ғана ескеріледі.
59-бап. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша
жаза тағайындау
1. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы кезінде сот әрбір құқық бұзушылық үшін бөлек жаза (негізгі және қосымша) тағайындап, түпкілікті жазаны қатаңдығы жеңілірек жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру арқылы немесе тағайындалған жазаларды толық немесе ішінара қосу арқылы белгілейді.
2. Егер қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығында тек қылмыстық теріс қылықтар қамтылса, онда түпкілікті жаза қатаңдығы жеңілірек жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру арқылы не жазаларды ішінара немесе толық қосу арқылы тағайындалады. Бұл ретте айыппұл салу түріндегі жазаның түпкілікті мөлшерін бір мың айлық көрсеткіштен, ал қоғамдық жұмысқа тарту немесе қамауға алу түріндегі жазаның түпкілікті мерзімін - алты жүз сағаттан немесе тиісінше бір жылдан асыруға болмайды.
Егер қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығында тек теріс қылықтар, орта және ауырлығы орташа қылмыстармен қамтылса, онда түпкілікті жаза-қатаңдығы жеңілірек жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру арқылы тағайындалады.
3. Егер қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығында тек ауыр немесе аса ауыр қылмыстар қамтылса, онда түпкілікті жаза қатаңдығы жеңілірек жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру арқылы не жазаларды ішінара немесе толық қосу арқылы тағайындалады. Бұл ретте бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жазаны жиырма жылдан асыруға болмайды.
4. Егер қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығында осы Кодексте жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген, ең болмағанда бір аса ауыр қылмыс қамтылса, түпкілікті жазалар ішінара немесе толық қосылу арқылы тағайындалады. Бұл ретте бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жазаны жиырма бес жылдан асыруға болмайды.
Егер қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығында осы Кодексте жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген, ең болмағанда бір аса ауыр қылмыс, сондай-ақ жасағаны үшін айыппұл тағайындалатын қылмыстық теріс қылық қамтылса, онда түпкілікті жаза қатаңдығы жеңілірек жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру арқылы тағайындалады.
Егер жиынтыққа кіретін қылмыс үшін өмір бойы бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы тағайындалса, онда түпкілікті жаза өмір бойы бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы түрінде тағайындалады.
5. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша тағайындалған негізгі жазаға жиынтықты құрайтын құқық бұзушылықтар үшін тағайындалған қосымша жазалар қосылуы мүмкін. Жекелеп немесе толық қосылған жағдайда түпкілікті қосымша жазаны осы Кодекстің Жалпы бөлімінің сол жазалау түрі үшін белгіленген ең жоғары мерзімінен немесе мөлшерінен асыруға болмайды.
6. Егер сотталған адамның ісі бойынша сот үкім шығарғаннан кейін оның бірінші іс бойынша үкім шығарылғанға дейін жасаған басқа бір қылмыстық құқық бұзушылыққа кінәлі екені анықталса, жаза баптың қағидалары бойынша ережелермен тағайындалады. Бұл жағдайда соттың бірінші үкімі бойынша өтелген жаза түпкілікті жазалау мерзіміне есептеледі.
60-бап. Қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауіпті
қайталануы кезінде жаза тағайындау
Қылмыстардың қайталануы немесе қауіпті қайталануы жағдайында жаза тағайындау кезінде бұрын жасалған қылмыстардың саны, сипаты және қоғамға қауіптілік дәрежесі, оның алдындағы жазаның түзету ықпалының жеткіліксіздігіне себеп болған мән-жай, сондай-ақ жаңадан жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесі ескеріледі.
61-бап. Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау
1. Егер сотталған адам үкім шығарылғаннан кейін, бірақ жазаны толық өтегенге дейін жаңадан қылмыстық құқық бұзушылық жасаса, сот соңғы үкім бойынша сот тағайындаған жазаға соттың алдыңғы үкімі бойынша жазаның өтелмеген бөлігін толық немесе ішінара қосады.
2. Үкімдердің жиынтығы бойынша түпкілікті жазаны, егер ол бас бостандығынан айырумен байланысты болмаса, осы Кодекстің Жалпы бөліміндегі осы жазалау түрі үшін көзделген жазалардың ең жоғары мерзімінен немесе мөлшерінен асыруға болмайды.
3. Үкімдердің жиынтығы бойынша бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жазаны жиырма бес жылдан асыруға болмайды. Егер адам үкімдердің жиынтығында осы Кодексте жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделетін аса ауыр қылмыстардың біреуін жасаған деп танылған үкім қамтылатын болса, онда бас бостандығынан айыру түріндегі үкімдер жиынтығы бойынша түпкілікті жазаны отыз жылдан асыруға болмайды. Егер жиынтыққа кіретін қылмыс үшін өмір бойы бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы тағайындалса, онда түпкілікті жаза өмір бойы бас бостандығынан айыру немесе тиісінше өлім жазасы түрінде тағайындалады.
4. Үкімдердің жиынтығы бойынша түпкілікті жаза қайта жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшін тағайындалған жазадан да, соттың оның алдындағы үкімі бойынша тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігінен де артық болуы тиіс.
5. Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезінде жазалардың қосымша түрлерін қосу қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша жаза тағайындау қағидалары бойынша жүргізіледі.
62-бап. Жазалау мерзімдерін оларды қосу кезінде белгілеу
тәртібі
1. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы және үкімдердің жиынтығы бойынша жазаларды ішінара немесе толық қосу кезінде бас бостандығынан айырудың бір күніне:
1) қамауға алудың бір күні;
2) бас бостандығын шектеудің бір күні;
3) қоғамдық жұмыстарға тартудың төрт сағаты сәйкес келеді.
2. Арнаулы, әскери немесе құрметті атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу, мүлікті тәркілеу, сондай-ақ медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары оларды қоғамдық жұмыстарға тартумен, бас бостандығын шектеумен, қамауға алумен, бас бостандығынан айырумен қосқан кезде дербес орындалады.
63-бап. Жазалау мерзімдерін есептеу және жазаны есепке
алу
1. Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырудың, бас бостандығын шектеудің, қамаудың, бас бостандығынан айырудың мерзімі айлармен және жылдармен, ал жазаны ауыстыру немесе есепке алу кезінде күндермен есептелуі мүмкін.
2. Қоғамдық жұмыстарға тартудың мерзімі сағатпен есептеледі.
3. Үкім заңды күшіне енгенге дейін күзетпен ұстау бас бостандығынан айыру, қамауға алу, бас бостандығын шектеу түріндегі жаза мерзімінің бір күніне бір күн есебімен, қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазалау мерзіміне - қоғамдық жұмыстардың төрт сағаты күзетпен ұсталған бір күн есебімен есептеледі.
4. Үкім заңды күшіне енгенге дейін үй қамағында ұстау уақыты бас бостандығынан айыру, қамауға алу, бас бостандығын шектеу түрінде бір күніне екі күн, қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазалау мерзіміне - қоғамдық жұмыстардың екі сағаты үй қамағында ұстаудың бір күні есебімен есептеледі.
5. Сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін адамды күзетпен ұстау уақыты мен Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде жасалған қылмыс үшін сот үкімімен тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасын өтеу уақыты адам осы Кодекстің 9-бабының негізінде ұстап берілген жағдайда бір күнге бір күн есебімен есептеледі.
6. Сот талқылауына дейін күзетпен ұсталған сотталушы адамға айыппұл түріндегі негізгі жазаны тағайындау кезінде сот күзетпен ұсталған мерзімді ескере отырып, тағайындалған жазаны жеңілдетеді немесе оны осы жазаны өтеуден толық босатады.
7. Қылмыс жасалғаннан кейін психикалық аурумен науқастанған адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған уақыт жаза мерзіміне есептеледі.
64-бап. Шартты түрде соттау
1. Егер сот бас бостандығынан айыру жазасын тағайындағанда сотталған адамның жазаны өтемей түзелуі мүмкін деген қорытындыға келсе, ол тағайындалған жазаны шартты деп санауға қаулы шығарады.
2. Шартты түрде соттау қолданылған жағдайда сот жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, кінәлінің жеке басын, оның ішінде жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескереді.
3. Шартты түрде соттау тағайындалған кезде сот осы Кодекстің 45-бабы екінші бөлігінің қағидалары бойынша бас бостандығынан айырудың барлық тағайындалған мерзіміне, ал кәмелетке толмағандарға алты айдан бір жылға дейінгі мерзімге пробациялық бақылау белгілейді.
Шартты түрде сотталғандағы пробациялық бақылау кезеңінде онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмысты қайталап жасаған кезде де кәмелетке толмағандарға шартты түрде соттау қолданылуы мүмкін.
4. Шартты түрде соттау кезінде шектеулердің және жазаның мүлікті тәркілеуден басқа қосымша түрлері қолданылуы мүмкін.
5. Шартты түрде соттау кезінде кәмелетке толмағанға тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары тағайындалуы мүмкін.
6. Қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауіпті түрде қайталануы, адамды аса ауыр қылмыс, сыбайлас жемқорлық қылмыс, террористік қылмыс, экстремистік қылмыс, қылмыстық топ құрамында жасаған қылмыс, жас балалардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыс жасағаны үшін соттаған кезде шартты түрде соттау қолданылмайды.
65-бап. Шартты түрде соттаудың күшін жою
1. Егер шартты түрде сотталған адам пробациялық бақылау мерзімі өткенге дейін өз жүріс-тұрысымен өзінің түзелгенін дәлелдесе, пробациялық бақылауды жүзеге асыратын органның ұсынуы бойынша сот шартты түрде сотталудың күшін жою және сотталған адамнан соттылықты алып тастау туралы қаулы ете алады. Бұл ретте шартты түрде сотталудың белгіленген мерзімінің кем дегенде жартысы өткен соң күші жойылуы мүмкін.
2. Шартты түрде сотталған адам:
1) қоғамдық тәртіп пен имандылыққа, кәмелетке толмағандардың құқықтарына, жеке адамға қол сұғушылық және отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін өзіне әкімшілік жаза қолданылған адам әкімшілік құқық бұзушылық жасаған;
2) электрондық бақылау құралдарын қасақана зақымдаған (бүлдірген) не дәлелсіз себептермен тіркелуге келмеген немесе пробациялық бақылауды жүзеге асыратын органға хабарламай тұрғылықты жерін ауыстырса;
3) қылмыстық теріс қылық жасаған жағдайларда, сот пробациялық бақылауды жүзеге асыратын органның ұсынысы бойынша пробациялық бақылауды бір жылдан аспайтын мерзімге ұзарта алады.
3. Шартты түрде сотталған адам соттың оған жүктеген міндеттерін орындамаған не осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген бұзушылықтарды қайталап жасаған жағдайда, сот осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген органның ұсынысы бойынша шартты түрде соттаудың күшін жою және сот үкімімен тағайындалған жазаны орындау туралы қаулы шығарады, ал кәмелетке толмаған сотталған адамға қатысты бір жылдан аспайтын мерзімге пробациялық бақылау мерзімін қайтадан ұзарта алады.
4. Шартты түрде сотталған адам пробациялық бақылау мерзімі ішінде абайсызда қылмыс жасаған не онша ауыр емес қасақана қылмыс, ал шартты түрде сотталған кәмелетке толмаған адамға онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған жағдайда шартты түрде соттаудың күшін жою немесе оны сақтау туралы мәселені сот жаңа қылмыс үшін жаза тағайындалған кезде шешеді.
5. Шартты түрде сотталған адам пробациялық бақылау мерзімі ішінде - ауырлығы орташа қасақана қылмыс, ауыр немесе аса ауыр қылмыс, ал кәмелетке толмаған ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайда сот шартты түрде соттаудың күшін жойып, оған қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындайды. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген жағдайларда да жаза осы қағидалар бойынша тағайындалады.
5-бөлім. Қылмыстық жауаптылықтан және жазалаудан босату
66-бап. Шынайы өкінуіне байланысты қылмыстық
жауаптылықтан босату
1. Қылмыстық теріс қылық жасаған не алғаш рет қылмыс жасаған адам, кінәлінің жеке басы, айыбын мойындап келуі, қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға, тергеуге жәрдемдескені, қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірген зиянның орнын толтыруы ескеріле отырып қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.
2. Осы баптың бірінші бөлігінің ережелері осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында арнайы көзделген жағдайларды қоспағанда, террористік қылмысты, экстремистік қылмысты, қылмыстық топтың құрамында жасалған қылмысты, жас балаларға жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмысты, жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмысты жасаған адамдарға қолданылмайды.
67-бап. Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық
жауаптылықтан босату
Қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан туындаған үрейлену, қорқу немесе сасқалақтау салдарынан, сондай-ақ тұтқиылдан шабуылдау салдарынан қажетті қорғану шегінен асқан адамды сот істің мән-жайын ескере отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.
68-бап. Іс жүргізу келісімінің шарттары орындалған кезде
қылмыстық жауаптылықтан босату
Іс жүргізу келісімінің барлық талаптарын орындаған адам қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.
69-бап. Бітімге келуге байланысты қылмыстық жауаптылықтан
босату
1. Қылмыстық теріс қылық немесе өлімге ұшыратумен байланысты емес онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен, арыз берушімен бітімге келсе, оның ішінде медиация тәртібімен бітімге келсе және келтірілген зиянның есесін толтырса, қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады.
2. Адам өліміне немесе денсаулығына ауыр зиян келтіруге ұшыратумен байланысты емес ауыр қылмысты алғашқы рет жасаған кәмелетке толмағандар, жүкті әйелдер, жас баласы бар әйелдер, жас баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектер, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдер, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектер, егер олар жәбірленушімен, арыз берушімен бітімге келсе, оның ішінде медиация тәртібімен бітімге келсе және келтірілген зиянның есесін толтырса, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Қылмыстық жауаптылықтан босату кезінде кәмелетке толмаған адамға тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары қолданылады.
3. Қылмыстық құқық бұзушылықпен қоғамның және мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтірілген жағдайларда, осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көрсетілген адам, егер ол шын өкінсе және заңмен қорғалатын қоғамның немесе мемлекеттің мүддесіне келтірілген зиянның орнын толтырса, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.
4. Осы баптың ережелері, егер қылмыстық жауаптылықтан босату талаптары әрекеттердің әрқайсысына қатысты сақталған жағдайда, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша да қолданылады.
Осы баптың ережелері сыбайлас жемқорлық қылмыс, террористік қылмыс, экстремистік қылмыс, қылмыстық топтың құрамында жасалған қылмыс, жас балаларға жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыс жасаған адамдарға қолданылмайды.
70-бап. Кепілгерлік белгіленуіне байланысты қылмыстық
жауаптылықтан босату
1. Қылмыстық теріс қылық не адам өліміне ұшыратумен немесе адам денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес, жасалғаны үшін осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында немесе баптарының бөліктерінде айыппұл салу түріндегі жаза көзделген онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмысты бірінші рет жасаған адамды сот кепілгерлік белгілей отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.
2. Кепілгерлік белгілеу кепілгер болатын жеке тұлғаның - жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделген айыппұлдың екі еселенгенге тең мөлшерінде, ал заңды тұлғаның - он еселенген ең жоғары мөлшерінде кепіл енгізуінен тұрады.
3. Кепілгерлік мерзімі:
1) теріс қылық жасалған кезде - алты айдан бір жылға дейін;
2) онша ауыр емес қылмыс жасалған кезде - бір жылдан екі жылға дейін;
3) ауырлығы орташа қылмыс жасалған кезде - екі жылдан бес жылға дейін белгіленеді.
4. Егер қылмыстық жауаптылықтан босатылған адам кепілгерлік кезеңі ішінде жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасамаған болса, кепілгерлік мерзімі өткеннен кейін кепіл кепілгерге қайтарылады.
5. Егер кепілгерлік кезеңі ішінде адам жаңа қылмыстық құқықбұзушылық жасаса, сот қылмыстық құқық бұзушылықтан босату туралы шешімді бұзады және үкімдердің жиынтығы жөнінде жаза тағайындау қағидалары бойынша оған жаза тағайындайды. Бұл ретте кепіл мемлекеттің кірісіне алынады.
6. Осы баптың ережелері сыбайлас жемқорлық қылмыс, террористік қылмыс, экстремистік қылмыс жасаған адамдарға, қылмыстық топтың құрамында жасалған қылмысқа, кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмысқа қолданылмайды.
71-бап. Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық
жауаптылықтан босату
1. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам, егер істі сот қараған кезге қарай жағдайдың өзгеруі салдарынан ол жасаған әрекет қоғамға қауіпті болудан қалса, соттың қылмыстық жауаптылықтан босатуына жатады.
2. Бірінші рет қылмыстық теріс қылық не бірінші рет онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адамды, егер ол адамның содан кейінгі мінсіз мінез-құлқына байланысты іс сотта қаралған уақытта ол қоғамға қауіпті деп есептеле алмайтындығы белгіленсе, соттық қылмыстық жауаптылықтан босатуына жатады.
72-бап. Мерзімді кезеңнің етуіне байланысты қылмыстық
жауаптылықтан босату
1. Егер қылмыс жасалған күннен бастап мынадай мерзімдер:
1) қылмыстық теріс қылық жасағаннан кейін бір жыл;
2) онша ауыр емес қылмыс жасағаннан кейін екі жыл;
3) ауырлығы орташа қылмыс жасағаннан кейін бес жыл;
4) ауыр қылмыс жасағаннан кейін он бес жыл;
5) аса ауыр қылмыс жасағаннан кейін жиырма жыл өтсе, адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
2. Мерзімді кезеңнің өтуі қылмыстық құқық бұзушылық жасаған күннен бастап және сот үкімі заңды күшіне енген кезге дейін есептеледі.
3. Теріс қылықтар бойынша мерзімді кезеңнің өтуі жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуына қарамастан тоқтатыла тұрмайды және тоқтатылмайды.
4. Егер қылмыс жасаған адам тергеуден немесе соттан жалтарса, мерзімді кезеңнің өтуі тоқтатыла тұрады. Бұл жағдайда мерзімді кезеңнің өтуі адамның ұсталған немесе оның айыбын мойындап келген кезінен бастап жаңартылады. Бұл орайда, егер қылмыс жасаған уақыттан бері мерзімді кезеңнің өтуі тоқтатылмаса және мынадай мерзімдер:
1) онша ауыр емес қылмыс жасағаннан кейін он жыл;
2) ауырлығы орташа қылмыс жасағаннан кейін он бес жыл;
3) ауыр қылмыс жасағаннан кейін жиырма жыл;
4) аса ауыр қылмыс жасағаннан кейін жиырма бес жыл өтсе, адам қылмыстық жауаптылыққа тартыла алмайды.
Егер ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған адам осы баптың бірінші бөлігінде аталған мерзім өткенге дейін жаңадан қасақана қылмыс жасаса, мерзімді кезеңнің өтуі тоқтатылады. Мұндай жағдайларда мерзімді кезеңнің өтуі жаңа қылмыс жасаған күннен қайта басталады. Өзге жағдайларда, мерзімді кезең өткенге дейін адам қайтадан қылмыс жасаса, әрбір қылмыс бойынша мерзімді кезең дербес өтеді.
5. Осы Кодекс бойынша өлім жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру тағайындалуы мүмкін қылмысты жасаған адамға мерзімнің етуін қолдану туралы мәселені сот шешеді. Егер сот мерзімді кезеңнің өтуіне байланысты адамды қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкін деп таппаса, өлім жазасы өмір бойына бас бостандығынан айырумен ауыстырылады, ал өмір бойына бас бостандығынан айыру жиырма бес жыл мерзімге бас бостандығынан айырумен ауыстырылады.
6. Бейбітшілікке және адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар, сыбайлас жемқорлық қылмыстар, террористік қылмыстар, экстремистік қылмыстар, азаптау, кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы, сондай-ақ жеке адамға, мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне қарсы, экономикалық қызмет саласындағы, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарға ескіру мерзімді кезең қолданылмайды.
73-бап. Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын
босату
1. Сот егер өзінің түзелуі үшін оның тағайындалған жазаны толық өтеуі қажет етілмейтінін танитын болса, сот бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адамды осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген мерзімдерді іс жүзінде өтегеннен кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босатуы мүмкін.
Осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген мерзімдерді іс жүзінде өтегеннен кейін, бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адам, қылмысымен келтірілген залалды толық өтеген және ол жазаны өтеудің белгіленген тәртібін әдейі бұзбаған жағдайда, жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға жатады.
Адам өліміне соқтырмаған және аса ауыр қылмыспен ұласпаған террористік немесе экстремистік қылмыстары үшін тағайындалған бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатқан адам, осы баптың үшінші және төртінші баптарымен көзделген мерзімдерді нақты өтеп болғаннан кейін, егер бұл террористік немесе экстремистік қылмыстарды болдырмауға, ашуға немесе тергеуге, сондай-ақ террористік немесе экстремистік топтардың қатысушыларын әшкерелеуге белсенді көмегі тиетін болса, оны сот шартты түрде мерзімінен бұрын босатуы мүмкін.
Бұл ретте адам жазаның қосымша түрін өтеуден толық немесе ішінара босатылуы мүмкін.
2. Бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға жазасының өтелмеген бөлігі ішінде сот осы Кодекстің 45-бабы екінші бөлігінің қағидалары бойынша пробациялық бақылауды белгілейді.
3. Шартты түрде мерзімінен бұрын босату, сотталған адам:
1) онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен бірін;
2) ауыр қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде жартысын;
3) аса ауыр қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен екісін, сондай-ақ егер бұрын қолданылған шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күші осы баптың алтыншы бөлігінің 1), 2) тармақтарында көзделген негіздер бойынша жойылған болса;
4) осы Кодекстің 120-бабы үшінші бөлігінің 3), 5) тармақтарында, 121-бабы үшінші бөлігінің 3), 5) тармақтарында көзделген қылмыстары үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде төрттен үшін нақты өтегеннен кейін ғана қолданылуы мүмкін.
Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату жүкті әйелдерге, жас балалары бар әйелдерге, жас балаларын жалғыз тәрбиелейтін еркектерге, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдерге, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектерге, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге:
1) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмысы үшін сот тағайындаған жаза мерзімінің кемінде төрттен бірін;
2) ауыр қылмысы үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен бірін;
3) адам өміріне қол сұғушылықпен ұласпаған аса ауыр қылмысы үшін сот тағайындаған жаза мерзімінің кемінде жартысын;
4) адам өміріне қол сұғушылықпен ұласқан аса ауыр қылмысы үшін сот тағайындаған жаза мерзімінің кемінде екіден үшін;
5) осы Кодекстің 120-бабы үшінші бөлігінің 3), 5) тармақтарында, 121-бабы үшінші бөлігінің 3), 5) тармақтарында көзделген қылмыстары үшін тағайындаған жаза мерзімінің кемінде төрттен үшін нақты өтегеннен кейін қолданылуы мүмкін.
4. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамның нақты өтеген мерзімі алты айдан кем болмауы керек.
5. Сот тағайындаған өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатқан адам, егер сот ол бұл жазаны бұдан әрі өтеуді қажет етпейді деп таныса және кемінде жиырма бес жыл бас бостандығынан айыруды нақты өтесе, мерзімінен бұрын шартты түрде босатылуы мүмкін.
6. Мерзімінен бұрын шартты түрде босату қолданылған адам, егер жазаның қалған өтелмеген бөлігі ішінде:
а) бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылық жасап, ол үшін оған әкімшілік жаза қолданылса немесе шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдану кезінде өзіне жүктелген міндеттерді орындаудан әдейі жалтарса, мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды қолдану кезінде сот уәкілетті мемлекеттік органның ұсынуы бойынша мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың күшін жою және жазаның өтелмеген бөлігін орындау туралы қаулы ете алады;
2) қылмыс абайсызда жасалса, егер кәмелетке толмаған адам, жүкті әйел, жас балалары бар әйел, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркек, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйел мен алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркек, бірінші немесе екінші топтағы мүгедек онша ауыр емес қылмысты қасақана жасаса, жаңа қылмысқа жаза тағайындау кезінде мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың күшін жою немесе оны күшінде қалдыру туралы мәселені сот шешеді. Егер сот шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жойса, жаза үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау қағидалары бойынша тағайындалады.
3) қылмыс қасақана жасалса, осы бөліктің 2) тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, сот оған үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау қағидалары бойынша жаза тағайындайды.
7. Шартта мерзімінен бұрын босату өлім жазасы түріндегі жаза кешірім жасау тәртібімен бас бостандығынан айырумен ауыстырылған адамға, адамдардың қаза табуына әкеп соқтырған не аса ауыр қылмыс жасаумен ұласқан террористік немесе экстремистік қылмысы, жас балаларға жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы жасаған қылмысы үшін, сондай-ақ осы баптық алтыншы бөлігінің 1), 2) тармақтарында көзделген негіздер бойынша мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды қолданудың күші жойылған жағдайларды қоспағанда, бұрын мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған адамға қолданылмайды.
74-бап. Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза
түрімен ауыстыру не тағайындалған жаза мерзімін
қысқарту
1. Онша ауыр емес, ауырлығы орташа және ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатқан адамға, сол қылмысымен келтірген залалдың орнын толық толтырған және жазаны өтеудің белгіленген тәртібін әдейі бұзбаған жағдайда, сот жазаның өтелмей қалған бөлігін оның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстырады. Бұл ретте адам, өмір бойы бас бостандығынан айыруға тағайындалатын жазаны қоспағанда, жазаның қосымша түрін өтеуден толық немесе ішінара босатылуы мүмкін.
2. Жазаның өтелмеген бөлігі, сотталған адам онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін жаза мерзімінің кем дегенде үштен бір бөлігін, ауыр қылмысы үшін немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған және жазаның өтелмей қалған бөлігі кезеңінде жаңа қылмыс жасаған адам жаза мерзімінің жартысын нақты өтегеннен кейін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстырылуы мүмкін.
Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру адамдардың өліміне әкеп соққан не аса ауыр қылмыс жасаумен ұласқан террористік немесе экстремистік қылмысы, сондай-ақ қылмыстық топтың құрамында жасаған қылмысы, жас балалардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы жасаған қылмысы үшін сотталған адамдарға қатысты қолданылмайды.
3. Жазаның өтелмеген бөлігін ауыстыру кезінде сот бас бостандығынан айырудың бір күніне бір айлық есептік көрсеткіш есебімен не бас бостандығынан айырудың бір күні үшін бас бостандығын шектеудің бір күні есебімен айыппұл салуды таңдауы мүмкін. Айыппұлға ауыстырудың шарты қылмыспен келтірілген зиянды толық өтеу болып табылады.
4. Онша ауыр емес, ауырлығы орташа немесе ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатқан адам, егер ол жазасын өтеп жүрген кезеңде қылмыстық топ жасаған қылмысты ашуға және тергеуге септігін тигізген жағдайда, сот өтелмеген жазасының жартысынан аспайтын бөлігін қысқарта алады.
75-бап. Жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдер
мен жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған
еркектердің жазаны өтеуін кейінге қалдыру
1. Сотталған жүкті әйелдердің жазаны өтеуін сот бір жылға дейін кейінге қалдыруы мүмкін. Жас балалары бар сотталған әйелдер мен жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектердің жазасын орындауды сот бес жылға дейін, бірақ бала он төрт жасқа толғаннан аспайтын мерзімге кейінге қалдыруы мүмкін. Жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмысы, террористік қылмысы, экстремистік қылмысы, қылмыстық топ құрамындағы жасаған, жас балаларға жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмысы үшін бес жалдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдер мен жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектердің жазаны өтеуі кейінге қалдырылмайды.
2. Егер осы баптың бірінші бөлігінде аталған сотталған адам баладан бас тартса немесе баланы тәрбиелеуден жалтаруды жалғастырса немесе сотталып, жазасын өтеу кейінге қалдырылған адамды бақылауды жүзеге асыратын орган екі рет жазбаша түрде ескерту жасағаннан кейін қоғамдық тәртіпті бұзса, сот сол органның ұсынысы бойынша жазаны өтеу мерзімін кейінге қалдырудың күшін жойып, сотталған адамды сот үкіміне сәйкес тағайындалған жерге жазасын өтеуге жібере алады.
3. Жазаны өтеуін кейінге қалдыру мерзімі аяқталғаннан кейін немесе бала шетінеген жағдайда не жүктілігі үзілген жағдайда сот сотталған адамның жүріс-тұрысына қарай оны жазаны өтеуден босатуы немесе оны неғұрлым жеңіл жазамен ауыстыруы немесе сотталған адамды жазаны өтеу үшін тиісті мекемеге жіберу туралы шешім қабылдауы мүмкін.
4. Егер сотталған адам жазаны өтеуді кейінге қалдыру кезеңінде жаңа қылмыс жасаса, сот оған үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау қағидалары бойынша жаза тағайындайды.
76-бап. Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату
1. Қылмыс жасағаннан кейін оның өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамға қауіптілігін ұғыну не оған ие болу мүмкіндігінен айыратын психикасы бұзылуы пайда болған адамды сот жазадан босатады, ал жазасын өтеп жатқан адамды сот оны одан әрі өтеуден босатады. Мұндай адамдарға сот осы Кодексте көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындауы мүмкін.
2. Өмір бойы бас бостандығынан айырудан басқа, жазаны өтеуге кедергі жасайтын өзге де ауыр науқастан зардап шегуші адамды сот жазаны өтеуден босатады немесе жасалған қылмыстың ауырлығын, сотталған адамның жеке басын, науқасының сипатын және басқа мән-жайларды ескере отырып, жаза неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстырылуы мүмкін.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде аталған адамдар, олар сауыққан жағдайда, егер қылмыстық жауапқа тартудың немесе айыптау үкімінің мерзімі өтіп кетпесе, қылмыстық жауаптылыққа тартылуға және жазалануға жатады.
77-бап. Ауыр мән-жайлардың салдарынан жазадан босату және
жазаны өтеуді кейінге қалдыру
1. Теріс қылығы немесе онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмысы үшін сотталған адамды, егер жазаны өтеу кезінде өрт немесе кездейсоқ апат, отбасының еңбекке жарамды жалғыз мүшесінің ауыр науқастануы немесе қайтыс болуы немесе басқа да төтенше мән-жайлардың салдарынан сотталған адам немесе оның отбасы үшін жазасын өтеуі аса ауыр зардапқа әкеп соққан мән-жайлар туындаса, сот жазадан босатуы мүмкін.
2. Террористік қылмыс, экстремистік қылмыс, қылмыстық топ құрамында жасаған қылмысы, жас балаларға жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмысы үшін сотталған адамдарды қоспағанда, ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамның жазасын өтеуін сот осы баптың бірінші бөлігінде аталған негіздер болған жағдайда, үш айға дейін мерзімге кейінге қалдыра алады.
78-бап. Айыптау үкімі мерзімді кезеңінің өтуіне
байланысты жазаны өтеуден босату
1. Қылмысы үшін сотталған адам, егер айыптау үкімі оның заңды күшіне енген күнінен бастап есептегенде:
1) теріс қылығы үшін сотталғанда - бір жыл;
2) онша ауыр емес қылмысы үшін сотталғанда - үш жыл;
3) ауырлығы орташа қылмысы үшін сотталғанда - алты жыл;
4) ауыр қылмысы үшін сотталғанда - он жыл;
5) аса ауыр қылмысы үшін сотталғанда - он бес жыл мерзімде орындалмаған болса, жазаны өтеуден босатылады.
2. Теріс қылықтар бойынша мерзімді кезеңнің өтуі, жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуына қарамастан, тоқтатыла тұрмайды және тоқтатылмайды.
3. Егер сотталған адам жазаны өтеуден жалтарса, қылмыстары бойынша мерзімді кезеңнің өтуі тоқтатыла тұрады. Бұл жағдайда мерзімді кезеңнің өтуі адам ұсталған немесе айыбын мойындап келген кезден басталады. Сотталған адамның жазаны өтеуден жалтаруы кезіне қарай өтіп кеткен мерзімді кезең есепке алынуға жатады. Бұл ретте айыптау үкімі, егер оның шығарылған уақытынан бастап жиырма бес жыл өткен болса және мерзімді кезеңнің өтуі жаңа қылмыс жасау арқылы тоқтатылмаған болса, орындала алмайды. Жазаны өтеу кейінге қалдырылған жағдайда мерзімді кезеңнің өтуі жазаны кейінге-қалдыру мерзімі аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.
4. Егер адам осы баптың бірінші бөлігінде аталған мерзім өткенге дейін жаңадан қасақана қылмыс жасаса, қылмыстар бойынша мерзімді кезеңнің өтуі тоқтатыла тұрады. Мұндай жағдайларда ескіру мерзімінің өтуі жаңадан қылмыс жасаған күннен бастап қайта есептеледі.
5. Өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға
сотталған адамға мерзімді кезеңді қолдану туралы мәселені сот шешеді. Егер сот мерзімді кезеңді қолдану мүмкін болады деп таппаса, өлім жазасы өмір бойы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады, ал өмір бойы бас бостандығынан айыру жиырма бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылады. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар, сыбайлас жемқорлық қылмыстар, террористік қылмыстар, азаптағаны, жас балаларға жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстар, сондай-ақ жеке адамға, мемлекеттің конституциялық құрылысы негіздеріне және қауіпсіздігіне қарсы, экономикалық қызмет саласындағы аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін сотталған адамдарға мерзімді кезең қолданылмайды.
79-бап. Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде
қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату
1. Рақымшылық жасау туралы актіні адамдардың белгілі бір тобына емес, жеке-дара адамға қатысты Қазақстан Республикасының Парламенті шығарады.
2. Қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адамдар рақымшылық жасау туралы актінің негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдар жазадан босатылуы мүмкін не оларға тағайындалған жаза қысқартылуы немесе жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстырылуы мүмкін не мұндай адамдар жазаның қосымша түрінен босатылуы мүмкін. Ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарға тағайындалған жазаның мерзімі қысқартылуы мүмкін. Жазасын өтеген немесе оны одан әрі өтеуден босатылған адамдардан рақымшылық жасау туралы актімен соттылығы алынып тасталуы мүмкін.
Террористік қылмыстар, экстремистік қылмыстар жасағаны, азаптағаны, жас балаларға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстары үшін сотталған, сондай-ақ қылмыстардың қайталануы немесе қауіпті қайталануы жағдайында жаза тағайындалған адамдарға рақымшылық жасау туралы акт қолданылмайды.
3. Өзіне қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енген белгілі бір жеке-дара адамға, жағдайда, сол сияқты шет мемлекет сотының үкімі бойынша тағайындалған жазаны Қазақстан Республикасының аумағында өтеп жатқан не өтеген адамға кешірім жасау туралы актіні Қазақстан Республикасының Президенті шығарады.
4. Қылмыс жасағаны үшін сотталған адам кешірім жасау кезінде жазаны одан әрі өтеуден босатылуы мүмкін не оған тағайындалған жаза қысқартылуы немесе жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстырылуы не мұндай адам жазаның қосымша түрінен босатылуы мүмкін. Жазасын өтеген немесе оны одан әрі өтеуден босатылған адамнан кешірім жасау актісімен соттылығы алып тасталуы мүмкін.
80-бап. Соттылық
1. Қылмыс жасағаны үшін сотталған адам соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген күннен бастап соттылығы жойылған немесе алып тасталған кезіне дейін сотталған болып есептеледі. Осы Кодекске сәйкес соттылығы жаза тағайындау кезінде ескеріледі.
2. Жазадан босатылған, сондай-ақ қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін сотталған адам соттылығы жоқ деп танылады.
3. Соттылық:
1) шартты түрде сотталған адамдарға қатысты - пробациялық бақылау мерзімі өткен соң;
2) бас бостандығынан айыруға қарағанда жазаның неғұрлым жеңіл түріне сотталған адамдарға қатысты - жазаны нақты өтеген соң;
3) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қатысты - жазаны өтегеннен кейін үш жыл өткен соң;
4) ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қатысты - жазаны өтегеннен кейін алты жыл өткен соң;
5) аса ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған
адамдарға қатысты - жазаны өтегеннен кейін сегіз жыл өткен соң жойылады.
4. Егер сотталған адам заңда белгіленген тәртіппен жазасын өтеуден мерзімінен бұрын босатылса немесе жазаның өтелмеген бөлігі жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстырылса, онда соттылықты жою мерзімі жазаның нақты өтелген мерзімі негізге алына отырып, негізгі және қосымша жаза түрлерін өтеуден босатылған кезден бастап есептеледі.
5. Егер соттың үкімі бойынша адамға негізгі жазамен қатар қосымша жаза тағайындалса, онда соттылықты жою мерзімі негізгі және қосымша жаза түрлерін өтеу кезінен бастап есептеледі.
Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түрінде қосымша жаза тағайындалған жағдайларда, соттылықты өтеу мерзімі жазаның негізгі түрі өтелген кезден бастап есептеледі.
6. Адам әртүрлі ауырлық дәрежесіне жататын қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстардың жиынтығы бойынша немесе үкімдердің жиынтығы бойынша сотталған кезде соттылығы әрбір қылмыс үшін жеке-жеке жойылады, бұл ретте жойылу мерзімі қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы немесе үкімдердің жиынтығы бойынша жазаны өтеу кезінен бастап есептеледі.
7. Егер сотталған адам жазаны өтегеннен кейін өзін мінсіз ұстаса, сот оның өтініші бойынша соттылығын жою мерзімі өткенге дейін одан соттылығын алып тастай алады.
Бұл норма ауыр немесе аса ауыр қылмыстары үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға, сондай-ақ қылмыстардың қайталануы немесе қауіпті қайталануы жағдайында жаза тағайындалған адамдарға қолданылмайды.
8. Егер сотталған адам соттылығы жойылу мерзімі өткенге дейін тағы да қылмыс жасаса, соттылықты жою мерзімі тоқтатылады. Бірінші қылмыс бойынша соттылықты жою мерзімі соңғы қылмысы үшін негізгі және қосымша жазаны нақты өтегеннен кейін қайтадан есептеледі. Бұл жағдайда адам екі қылмыстың неғұрлым ауыры үшін соттылықты жою мерзімі өткенге дейін екі қылмыс үшін де сотталған деп есептеледі.
9. Соттылықты жою немесе алып тастау, өмір бойына тағайындалған жазаның қосымша түрімен белгіленген шектеулерді қоспағанда соттылыққа байланысты барлық құқықтық зардаптардың күшін жояды.
6-бөлім. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
81-бап. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
1. Осы бөлімнің күші қолданылатын кәмелетке толмағандар деп
қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезге қарай жасы он төртке толған,
бірақ он сегізге толмаған адамдар танылады.
2. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандарға жаза тағайындалуы мүмкін не оларға тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін.
82-бап. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза
түрлері
1. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері:
1) белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;
2) айыппұл;
3) түзеу жұмыстары;
4) қоғамдық жұмыстарға тарту;
5) бас бостандығын шектеу;
6) бас бостандығынан айыру болып табылады.
2. Кәмелетке толмағандарға белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге тағайындалады.
3. Айыппұл кәмелетке толмаған сотталған адамның өз табысы немесе өндіріп алуға жарайтын мүлкі болған жағдайда ғана тағайындалады. Айыппұл оннан екі жүз елу айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде тағайындалады.
4. Түзеу жұмыстары өз табысы немесе өзге тұрақты кірісі бар кәмелетке толмағанға оннан екі жүз елуге дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады.
5. Қоғамдық жұмыстарға тарту қырық сағаттан жүз елу сағатқа дейінгі мерзімге тағайындалады, ол кәмелетке толмағанның қолынан келетін жұмысты орындауы болып табылады және ол оны оқудан немесе негізгі жұмысынан бос уақытында орындайды. Он алты жасқа дейінгі адамдар үшін бұл жаза түрін орындау ұзақтығын күніне екі сағаттан, ал он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі адамдар үшін күніне үш сағаттан асыруға болмайды.
6. Кәмелетке толмағандарға бас бостандығын шектеу екі жылға дейінгі мерзімге тағайындалады.
7. Кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыру он жылдан аспайтын, ал ауырлататын жағдай кісі өлтіргені немесе терроризм үшін немесе қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша қылмыстардың біреуі ауырлататын жағдайларда адам өлтіргені немесе терроризм үшін - он екі жылдан аспайтын мерзімге тағайындалуы мүмкін. Онша ауыр емес қылмыс немесе өлімге ұшыратуға байланысты емес ауырлығы орташа қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыру тағайындалмайды.
8. Кәмелетке толмаған сотталған адамдар бас бостандығынан айыруды:
1) бас бостандығынан айыруға бірінші рет сотталған еркек жынысты кәмелетке толмағандар, сондай-ақ әйел жынысты кәмелетке толмағандар - жалпы режимдегі тәрбиелеу колонияларында;
2) бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген еркек жынысты кәмелетке толмағандар - күшейтілген режимдегі тәрбиелеу колонияларында өтейді.
9. Қоғамға қауіптілік сипатына және дәрежесіне, кінәлі адамның жеке басына және өзге де мән-жайларға қарай сот қабылданған шешімнің себебін көрсете отырып, еркек жынысты кәмелетке толмай сотталған адамның бас бостандығынан айыруды жалпы режимдегі тәрбиелеу колониясында өтеуін тағайындауы мүмкін.
10. Сот жазаны орындаушы органға кәмелетке толмаған сотталған адаммен қарым-қатынас кезінде оның жеке басының белгілі бір ерекшеліктерін ескеру туралы нұсқау беруі мүмкін.
83-бап. Кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау
1. Кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау кезінде, осы Кодекстің 53-бабында көзделген мән-жайлардан басқа, оның өмірі мен тәрбиесінің жағдайлары, психикалық даму деңгейі, жеке басының өзге де ерекшеліктері, сондай-ақ жасы үлкен адамдардың оған ықпалы ескеріледі.
2. Кәмелетке толмаған жас жеңілдететін мән-жай ретінде басқа да жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлармен жиынтықта ескеріледі.
84-бап. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан
және жазадан босату
1. Қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес қылмыс жасаған не бірінші рет ауырлығы орташа қылмыс жасаған кәмелетке толмаған адамды, егер оны қылмыстық жауаптылыққа тартпай-ақ түзеуге болады деп белгіленсе, сот оны қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін. Бұл ретте оған тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін.
2. Қылмыстық теріс немесе онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін бірінші рет сотталған кәмелетке толмаған адамды, егер оны түзеуге тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы қол жеткізуге болады деп танылса, сот оны жазадан босатуы мүмкін.
3. Өлімге ұшыратумен байланысты емес ауыр қылмысты бірінші рет жасаған кәмелетке толмаған адамды сот, осы Кодекстің 69-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда, қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.
85-бап. Тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары
1. Сот кәмелетке толмаған адамға тәрбиелік әсері бар мынадай мәжбүрлеу шараларын тағайындауы мүмкін:
1) ескерту;
2) ата-аналарының немесе олардың орнындағы адамдардың не мамандандырылған мемлекеттік органның қадағалауына беру;
3) келтірілген залалды қалпына келтіру міндетін жүктеу;
4) бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгілеу;
5) ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру;
6) жәбірленушіден кешірім сұрау міндеттемесін жүктеу;
7) пробациялық бақылау орнату.
2. Кәмелетке толмаған адамға тәрбиелік әсері бар бірнеше тәрбиелеу шаралары бір мезгілде тағайындалуы мүмкін.
86-бап. Тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларының мазмұны
және оларды қолдану мерзімдері
1. Ескерту кәмелетке толмағанға оның әрекетімен келтірілген зиянды және осы Кодексте көзделген құқық бұзушылықтарды қайталап жасаудың зардаптарын түсіндіруден тұрады.
2. Қадағалауға беру ата-аналарына немесе олардың орнындағы адамдарға не мамандандырылған мемлекеттік органға кәмелетке толмаған адамға тәрбиелік әсер ету және оның жүріс-тұрысын бақылау жөнінде міндеттер жүктеуден тұрады.
3. Келтірілген зиянды қалпына келтіру міндеті кәмелетке толмаған адамның мүліктік жағдайы және оның тиісті еңбек дағдысы болуы ескеріле отырып жүктеледі.
4. Кәмелетке толмаған адамның бос уақытын шектеу және оның жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгілеу, белгілі бір орындарға баруға, бос уақыттың белгілі бір нысанын, оның ішінде механикалық көлік құрамын жүргізуге байланысты нысанын пайдалануға тыйым салуды, тәуліктің белгілі бір уақытынан кейін үйден тыс жерде болуын, мамандандырылған мемлекеттік органның рұқсатынсыз басқа жерлерге баруын шектеуді көздеуі мүмкін. Кәмелетке толмаған адамға білім беру мекемесіне қайта оралу, оқуын жалғастыру немесе аяқтау не мамандандырылған мемлекеттік органның көмегімен жұмысқа орналасу талабы да қойылуы мүмкін. Бұл толық тізбе болып табылмайды.
5. Алты айдан екі жылға дейінгі мерзімге ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыруды сот ауырлығы орташа немесе ауыр қылмысты қасақана жасаған кәмелетке толмаған адамға тағайындауы мүмкін. Аталған ұйымдарда болу адамның кәмелетке толуына байланысты, сондай-ақ түзетуді қамтамасыз етуші мамандандырылған мемлекеттік органның қорытындысы негізінде сот кәмелетке толмаған адам өзінің түзелуі үшін бұдан әрі бұл шараны қолдануды қажет етпейді деген тұжырымға келсе, мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
6. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуды осы баптың бесінші бөлігінде көзделген мерзім өткеннен кейін ұзартуға тек кәмелетке толмаған адамның жалпы білім беретін немесе кәсіптік даярлығын аяқтауы қажет болған жағдайда ғана жол беріледі, бірақ ол кәмелетке толғаннан аспауы керек.
7. Кәмелетке толмағандардың ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуының тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
8. Кәмелетке толмаған адам келтірген зияны үшін жәбірленушіден өзі кешірім сұрайды.
9. Пробациялық бақылау осы Кодекстің 45-бабы екінші бөлігінің қағидалары бойынша бір жылға дейінгі мерзімге белгіленеді.
10. Осы Кодекстің 85-бабы бірінші бөлігінің 2) және 4) тармақтарында көзделген тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану мерзімі қылмыстық теріс қылық жасаған кезде ұзақтығы алты айға дейін, онша ауыр емес қылмыс жасаған кезде - алты айдан бір жылға дейін, ауырлығы орташа қылмыс жасаған кезде - бір жылдан екі жылға дейін және ауыр қылмыс жасаған кезде екі жылдан үш жылға дейін белгіленеді.
11. Кәмелетке толмаған адам тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын бір жыл ішінде екі немесе одан да көп мәрте орындамаған жағдайда, егер қылмыстық жауапқа тартудың белгіленген мерзімді кезеңі өтіп кетсе, мамандандырылған мемлекеттік органның ұсынысы бойынша сот бұл шараның күшін жояды және материалдар кәмелетке толмаған адамды қылмыстық жауапқа тарту үшін жіберіледі.
87-бап. Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден шартты
түрде мерзімінен бұрын босату
Кәмелетке толмаған жаста жасаған қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға, бас бостандығын шектеуге немесе түзеу жұмыстарына сотталған адамдарға жазаны нақты өтеуден немесе орындаудан кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босату:
1) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмысы үшін сот тағайындаған жаза мерзімінің немесе мөлшерінің кемінде төрттен бірін;
2) ауыр қылмысы үшін сот тағайындаған жаза мерзімінің немесе мөлшерінің кемінде үштен бірін;
3) адам өміріне қол сұғушылықпен ұласпаған аса ауыр қылмысы үшін сот тағайындаған жаза мерзімінің немесе мөлшерінің кемінде жартысын;
4) адам өміріне қол сұғушылықпен ұласқан аса ауыр қылмысы үшін сот тағайындаған жаза мерзімінің кемінде үштен екісін нақты өтегеннен кейін қолданылуы мүмкін.
88-бап. Мерзімді кезеңі
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан немесе оның жазасын өтеуінен босату кезінде қылмыстық жауапқа тартудың немесе айыптау үкімінің мерзімді кезеңінің тең жартысына қысқартылады.
89-бап. Соттылықты жою мерзімдері
Он сегіз жасқа толғанға дейін қылмыс жасаған адамдар үшін осы Кодекстің 80-бабында көзделген соттылықты жою мерзімдері қысқартылады және тиісінше:
1) бас бостандығынан айыруға қарағанда жазаның неғұрлым жеңіл түрлерін өтегеннен кейін төрт айға;
2) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмысы үшін бас бостандығынан айыруды өтегеннен кейін бір жылға;
3) ауыр және аса ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруды өтегеннен кейін үш жылға тең болады.
90-бап. Осы бөлімнің ережелерін он сегіз бен жиырма бір
жас аралығындағы адамдарға қолдану
Он сегіз бен жиырма бір жас аралығындағы қылмыс жасаған адамдарға жасаған әрекетінің сипатын және жеке басын ескере отырып, сот ерекше жағдайларда, оларға ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына орналастыруды қоспағанда, осы бөлімнің ережелерін қолдана алады
7-бөлім. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары
91-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану
негіздері
1. Сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын:
1) есі дұрыс емес күйде осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі баптарда көзделген әрекеттерді жасаған;
2) қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейін психикасы жазаны тағайындау немесе орындау мүмкін емес болып бұзылған;
3) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған және есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуынан зардап шегетін;
4) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған және алкоголизмнен немесе нашақорлықтан не уытқұмарлықтан емдеуге мұқтаж деп танылған адамдарға тағайындауы мүмкін.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары психикасының бұзылуы бұл адамдардың өзге елеулі зиян келтіру мүмкіндігіне не өзіне немесе басқа адамдарға қауіп төндіруіне байланысты жағдайларда ғана тағайындалады.
3. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын орындаудың тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексінде және денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгіленеді.
4. Осы баптың бірінші бөлігінде аталған және өзінің психикалық жағдайы бойынша қауіп келтірмейтін адамдар жөнінде сот бұл адамдарды емдеу немесе Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында көзделген тәртіппен психикалық-неврологиялық ұйымдарға жіберу туралы мәселені шешу үшін денсаулық сақтау органдарына қажетті материалдар жібере алады.
92-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану
мақсаттары
Осы Кодекстің 91-бабының бірінші бөлігінде аталған адамдарды емдеу немесе олардың психикалық жағдайын жақсарту, сондай-ақ олардың осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі баптарда көзделген жаңа әрекеттерді жасауын болғызбау медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың мақсаттары болып табылады.
93-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының
түрлері
1. Сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының:
1) емханалық мәжбүрлеп байқау және психиатрда емделу;
2) жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;
3) мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;
4) интенсивті қадағаланатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түрлерін тағайындауы мүмкін.
2. Есі дұрыс күйінде жасалған қылмыстық құқық бұзушылығы үшін сотталған, бірақ алкоголизмнен, нашақорлықтан (уытқұмарлықтан) емдеуді не психикасының есі дұрыстығын жоққа шығармайтындай бұзылуынан емдеуді қажет ететін адамдарға сот жазамен бірге емханалық мәжбүрлеп байқау және психиатрда емдеу түрінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындауы мүмкін.
94-бап. Емханалық мәжбүрлеп байқау және психиатрда емдеу
Егер адам өзінің психикалық жай-күйі бойынша психиатриялық стационарға орналастырып емдеуді қажет етпесе, осы Кодекстің 91-бабында көзделген негіздер болған жағдайда емханалық мәжбүрлеп байқау және психиатрда емдеу тағайындалуы мүмкін.
95-бап. Психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу
1. Егер адамның психикасының бұзылу сипаты тек психиатриялық стационарда ғана жүзеге асырыла алатын емдеудің, күтудің, ұстаудың және қадағалаудың шарттарын талап ететін болса, осы Кодекстің 91-бабында көзделген негіздер болған жағдайда психиатриялық стационарда осындай мәжбүрлеп емдеу тағайындалуы мүмкін.
2. Жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу өзінің психикалық күйі мен жасаған қоғамға қауіпті әрекетінің сипаты бойынша стационарлық емдеу мен байқаудағы қажет ететін, бірақ интенсивті байқауды қажет етпейтін адамға тағайындалуы мүмкін.
3. Мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу өзінің психикалық жай-күйі мен жасаған қоғамға қауіпті әрекетінің сипаты бойынша тұрақты байқауды талап ететін адамға тағайындалуы мүмкін.
4. Интенсивті байқайтын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу өзінің психикалық жай-күйі мен жасаған қоғамға қауіпті әрекетінің сипаты бойынша өзіне немесе басқа адамдарға айрықша қауіпті болған ұдайы және интенсивті байқауды талап ететін адамға тағайындалуы мүмкін.
96-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын ұзарту,
өзгерту және тоқтату
1. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын ұзартуды, өзгертуді және тоқтатуды психиатр-дәрігерлер комиссиясының қорытындысы негізінде мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асыратын мекеме әкімшілігінің ұсынуы бойынша сот белгілейді.
2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы белгіленген адам сотқа осындай шараны тоқтату туралы немесе өзгерту туралы ұсыныс енгізу үшін негіздердің бар екені жөніндегі мәселені шешу үшін кемінде алты айда бір рет психиатр-дәрігерлер комиссиясында куәландырылып отыруға жатады. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдануды тоқтату немесе өзгерту үшін негіздер болмаған кезде мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асыратын мекеменің әкімшілігі мәжбүрлеп емдеуді ұзарту үшін сотқа қорытынды береді. Мәжбүрлеп емдеуді бірінші ұзарту емдеу басталған кезден бастап алты ай өткеннен кейін жүргізілуі мүмкін, мәжбүрлеп емдеуді одан кейін ұзарту жыл сайын жүргізіледі.
3. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын өзгертуді немесе тоқтатуды адамның психикалық жай-күйі өзгеріп, бұрын тағайындалған шараны қолдану қажет болмай қалған немесе медициналық сипаттағы өзге мәжбүрлеу шарасын тағайындау қажет болған жағдайда сот жүзеге асырады.
4. Психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеуді қолдану тоқтатылған жағдайда сот мәжбүрлеп емдеуде болған адам жөнінде қажетті материалдарды оны емдеу немесе психиатриялық-неврологиялық ұйымға жіберу туралы мәселені Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында көзделген тәртіппен шешу үшін денсаулық сақтау органдарына беруі мүмкін.
97-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын
қолданғаннан кейін жаза тағайындау
1. Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейін немесе жазасын өтеу кезінде өз іс-әрекеті үшін өзіне есеп беру немесе іс-әрекетке ие болу мүмкіндігінен айыратын психикалық аурумен ауырған адамға, егер мерзімді кезең өтіп кетпесе немесе оны қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатуға негіз болмаса, ол сауыққаннан кейін сот оған жаза қолдана алады.
2. Психикасы қылмыс жасағаннан кейін бұзылған адам емделген жағдайда жаза тағайындау немесе оны орындауды жаңарту кезінде адамға психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу қолданылған уақыт ішінде психиатриялық стационарда болған бір күні бас бостандығынан айырудың бір күні не қамаудағы бір күні есебімен жазалау мерзіміне есептеледі.
98-бап. Жазаны орындаумен біріктірілген медициналық
сипаттағы мәжбүрлеу шаралары
1. Осы Кодекстің 91-бабының бірінші бөлігінің 3) тармағында көзделген жағдайда медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы - бас бостандығынан айыруды өтеу орнында, ал сотталған адамға қатысты өзге де жаза түрлері амбулаториялық-психиатриялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында орындалады.
2. Осы Кодекстің 91-бабының бірінші бөлігінің 4) тармағында көзделген жағдайда медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары - бас бостандығынан айыруды өтеу орнында, ал өзге жазалау түрлеріне сотталғандарға қатысты денсаулық сақтау ұйымдарында орындалады.
3. Сотталған адамның стационарлық емдеуді талап ететін психиатриялық жай-күйі өзгерген кезде сотталған адамды психиатриялық стационарға немесе өзге де емдеу мекемесіне орналастыру Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында көзделген тәртіппен және негіздер бойынша жүргізіледі.
4. Аталған мекемелерде болған уақыт жазаны өтеу мерзіміне есептеледі. Сотталған адамның аталған мекемелерде одан әрі емделуі қажет болмай қалған кезде көшірме Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында көзделген тәртіппен жасалады.
5. Жазаны орындаумен біріктірілген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасының қолданылуын тоқтатуды жазаны орындаушы органның ұсынуы бойынша психиатр-дәрігерлер комиссиясының қорытындысы негізінде сот жүргізеді.
ЕРЕКШЕ БӨЛІМ 1-тарау. Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылық
99-бап. Кісі өлтіру
1. Кісі өлтіру, яғни құқыққа қарсы қасақана кісі өлтіру -
сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Кісі өлтіру:
1) екі немесе одан көп адамды;
2) осы аталған адамның қызметтік іс-әрекетін жүзеге асыруына не кәсіби немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты адамды немесе оның жақындарын;
3) дәрменсіз жағдайда екендігі айыпкерге көрінеу белгілі адамды өлтіру, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұласқан;
4) жүкті екендігі айыпкерге көрінеу белгілі әйелді;
5) аса қатыгездікпен жасалған;
6) басқа адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған;
7) адамдар тобы, адамдар тобы алдын ала сөз байласуы арқылы немесе қылмыстық топ жүзеге асырған;
8) пайда табу мақсатымен, сол сияқты жалданып жасалған не қарақшылықпен немесе қорқытып алумен ұласқан;
9) бұзақылық ниетпен;
10) басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатымен жасалған, сол сияқты зорлауға немесе жыныстық қатынас сипатындағы күш қолдану әрекеттерімен ұласқан;
11) әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық не қанды кек себебі бойынша жасалған;
12) жәбірленушінің ағзаларын немесе тінін пайдалану мақсатымен жасалған;
13) бірнеше рет жасалған;
14) көрінеу кәмелетке толмаған баланы өлтіру;
15) төтенше жағдайларда немесе жаппай тәртіпсіздік барысында кісі өлтіру -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
100-бап. Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі
Анасының өзінің жаңа туған сәбиін туып жатқан кезінде, сол сияқты одан кейінгі кезеңде психикасын бұзатын ахуал болған жағдайда немесе есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасы бұзылуы жағдайында өлтіруі -
төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
101-бап. Жан күйзелісі жағдайында жасалған кісі өлтіру
1. Жәбірленушінің зорлық-зомбылығынан, қорлауынан немесе ауыр балағаттауынан не өзге де заңға қарсы немесе моральға жат іс-әрекетінен (әрекетсіздігінен) болған кенет пайда болған жан күйзелісі (аффект) жағдайында, сол сияқты жәбірленушінің үнемі заңға қайшы немесе моральға жат мінез-құлқына байланысты туындаған ұзаққа созылған психиканы бұзатын ахуалда кісі өлтіру -
үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде аталған мән-жайлар кезінде жасалған екі немесе одан да көп кісі өлтіру -
бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
102-бап. Қажетті қорғану шегін асыра пайдалану кезінде
жасалған кісі өлтіру
Қажетті қорғану шегін асыра пайдалану кезінде жасалған кісі өлтіру -
екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
103-бап. Қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті
шараларды асыра пайдалану кезінде жасалған кісі
өлтіру
Қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шараларды асыра пайдалану кезінде жасалған кісі өлтіру -
үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
104-бап. Абайсызда кісі өлтіру
1. Абайсызда кісі өлтіру -
үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда екі немесе одан көп кісі өлтіру -
бес жылға дейін мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
105-бап. Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу
1. Адамды өзін-өзі өлтіруге жеткізу немесе жәбірленушіні қорқыту, оған қатыгездікпен қарау немесе оның адамдық қадір-қасиетін ұдайы қорлау арқылы өзін-өзі өлтіруге баруға дейін жеткізу -
үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Кінәлі адамға материалдық немесе өзгедей тәуелді адамға қатысты жасалған дәл сол әрекет -
бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған әрекет -
үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
106-бап. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру
1. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру -
үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
1) екі немесе одан да көп адамға қатысты;
2) адамның өз қызметін немесе кәсіптік немесе қоғамдық борышын орындауын байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты;
3) кінәліге дәрменсіз күйде екені көрінеу белгілі, сол сияқты адамды ұрлауға немесе кепілге алумен ұласқан адамға қатысты;
4) аса қатыгездікпен;
5) адамдар тобының қатысуымен, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
6) пайдакүнемдік ниетпен, сол сияқты жалдау бойынша;
7) бұзақылық ниетпен;
8) әлеуметтік ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық себебі бойынша;
9) жәбірленушінің ағзаларын немесе тіндерін пайдалану мақсатында;
10) бірнеше рет;
11) көрінеу кәмелетке толмаған балаға қатысты жасалса,
12) төтенше жағдайларда немесе жаппай тәртіпсіздік барысында жасалса -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан не қылмыстық топ жасаған әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз сегіз жылдан он екі жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
107-бап. Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян
келтіру
1. Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру -
бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
1) екі немесе одан да көп адамға қатысты;
2) адамның өз қызметтің жүзеге асыруын не кәсіптік немесе қоғамдық борышын орындауын байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты;
3) аса қатыгездікпен, сол сияқты кінәліге дәрменсіз күйде екені көрінеу белгілі адамға қатысты;
4) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, қылмыстық топтың қатысуымен;
5) бұзақылық ниетпен;
6) әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни жеккөру немесе араздық тұрғысында;
7) бірнеше рет,
8) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалса -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
108-бап. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян-келтіру
Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру -
екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не дәл сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
109-бап. Ұрып-соғу
Тән ауруына ұшырататын, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану іс-әрекеттерін жасау -
жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не дәл сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі айға дейінгі мерзімге" қамауға алуға жазаланады.
110-бап. Азаптау
1. Ұдайы ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану іс-әрекеттері арқылы тән зардабына немесе психикалық зардап шегуге ұшырату, егер бұл іс-әрекет денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соқпаса -
бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
1) көрінеу кәмелетке толмаған немесе кінәліге дәрменсіз күйде екендігі көрінеу белгілі не кінәліге материалдық немесе өзгедей тәуелді адамға, сол сияқты ұрланған не кепіл ретінде қолға түсірілген адамға қатысты;
2) екі немесе одан да көп адамға қатысты;
3) кінәліге жүктілік жағдайында екендігі көрінеу белгілі әйелге қатысты;
4) азаптауды қолдану арқылы;
5) жалдау бойынша;
6) әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық тұрғысында жасаса -
үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
111-бап. Жан күйзелісі жағдайында денсаулыққа зиян
келтіру
Жәбірленушінің тарапынан болған зорлық-зомбылықтан, қорлаудан немесе ауыр балағаттаудан не жәбірленушінің өзге де құқыққа қайшы немесе моральға жат іс-әрекеттерінен (әрекетсіздігінен), сол сияқты жәбірленушінің ұдайы құқыққа қайшы немесе моральға жат мінез-құлқына байланысты туындаған ұзаққа созылған психиканы бұзатын ахуалдардан болған қатты жан күйзелісінің (аффект) кенеттен туындауы жағдайында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру -
екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
112-бап. Қажетті қорғану шегін асыра пайдалану кезінде
денсаулыққа ауыр зиян келтіру
Денсаулыққа қажетті қорғану шегін асыра пайдалану кезінде жасалған қасақана ауыр зиян келтіру -
бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
113-бап. Қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа
ауыр зиян келтіру
Қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шараларды асыра пайдалану кезінде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру -
бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
114-бап. Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру
1. Денсаулыққа абайсызда ауырлығы орташа зиян келтіру -
жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Абайсызда екі немесе одан да көп адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіру -
екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
3. Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру -
бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Абайсызда екі немесе одан да көп адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру-
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
115-бап. Қорқыту
Өлтіру немесе денсаулыққа ауыр зиян келтірумен, сол сияқты қатер төндіру орындалатынынан қауіптенуге жеткілікті негіздер бар болған кезде адамның жеке басына өзгедей ауыр күш қолдану не мүлікті өртеп жою, жарылыс жасау немесе өзге жалпы қауіпті тәсіл қолдану қатерін төндіру -
екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға не үш айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
116-бап. Адамның ағзалары мен тінін алып қоюға мәжбүр ету
немесе заңсыз алып қою
1. Трансплантациялау не өзгедей пайдалану үшін тірі адамның ағзалары мен тінін алып қоюға мәжбүр ету немесе заңсыз алу, сол сияқты тірі адамның ағзалары мен тініне қатысты заңсыз мәмілелер жасау -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер:
1) кінәліге дәрменсіз күйде екендігі көрінеу белгілі адамға қатысты;
2) кәмелетке көрінеу толмаған адамға қатысты;
3) екі немесе одан да көп адамға қатысты;
4) адамдар тобының қатысуымен, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
5) бірнеше рет;
6) қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып;
7) кінәліге жүктілік жағдайында екендігі көрінеу белгілі әйелге қатысты;
8) алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы;
9) өзінің қызмет бабын пайдаланып;
10) жәбірленушінің материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдаланып жасалса -
бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз, мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, абайсызда жәбірленушінің өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан не қылмыстық топ жасаған әрекеттер -
он жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз, мүлкі тәркіленіп немесе онсыз сегіз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
117-бап. Соз ауруын жұқтыру
1. Өзінде соз ауруы бар екендігін білген адамның басқа адамға соз ауруын жұқтыруы -
жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға, сол сияқты екі және одан да көп адамға не көрінеу кәмелетке толмаған адамға жұқтыруға әкеп соққан дәл сол әрекет -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
118-бап. Адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ/ЖИТС)
жұқтыру
1. Басқа адамды көрінеу АИТВ/ЖИТС жұқтыру қаупін душар ету -
екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Өзінде АИТВ/ЖИТС бар екендігі туралы білетін адамның оны басқа адамға жұқтыруы -
бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, екі немесе одан да көп адамға қатысты не көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған әрекет -
төрт жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді жасаған адам, егер АИТВ/ЖИТС жұқтыру қаупіне душар болған не жұқтырған басқа адамға біріншісінде осы аурудың бар екендігі туралы уақтылы ескерткен және жұқтыру қаупін туындатқан іс-әрекеттерді жасауға ерікті түрде келіскен жағдайда, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
119-бап. Қауіпті жағдайда қалдыру
1. Өміріне немесе денсаулығына қауіпті жағдайдағы және сәбилігіне, қарттығына, науқастығына немесе өзге де дәрменсіз күйінің салдарынан өзі қалпын сақтау шараларын қолдану мүмкіндігінен айырылған адамды көрінеу көмексіз қалдыру, егер кінәлінің ол адамға көмек көрсету мүмкіндігі болған немесе ол адамға қамқорлық жасауға міндетті болған не өзі оны өміріне немесе денсаулығына қауіпті күйде қалдырған жағдайларда -
жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Көмексіз қалдырған адамға абайсызда ауыр немесе ауырлығы орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол әрекет -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, көмексіз қалдырған адамның абайсызда өліміне әкеп соққан әрекет -
үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан әрекет -
бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
120-бап. Зорлау
1. Зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе күш қолдану қатерін төндіріп не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау -
үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Зорлау:
1) адамдар тобының қатысуымен, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) өлтіру қатерін төндіруімен ұласып, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатыгездікпен;
3) жәбірленушінің соз ауруын жұқтырып алуына әкеп соғуымен;
4) бірнеше рет жасалса -
бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар:
1) абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқса;
2) абайсызда жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруге, оның АИТВ/ЖИТС жұқтырып алуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса;
3) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалса;
4) төтенше жағдайларда немесе жаппай тәртіпсіздік барысында жасалса;
5) оны тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген ата-ана, педагог не өзге де адам кәмелетке толмаған балаға қатысты жасаса;
6) қылмыстық топ жасаса -
өмір бойы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар көрінеу жас балаға қатысты жасалса -
өмір бойы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге не өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
121-бап. Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері
1. Еркек пен еркектің жыныстық қатынасы, лесбиандық немесе жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе күш қолдану қатерін төндіріп не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жасалған жыныстық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер -
үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол іс-әрекеттер:
1) адамдар тобының қатысуымен, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалса;
2) өлтіру қатерін төндірумен ұласып, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатыгездікпен жасалса;
3) жәбірленушінің соз ауруын жұқтырып алуына әкеп соқса;
4) бірнеше рет жасалса -
бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар:
1) абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқса;
2) абайсызда жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруге, оның АИТВ/ЖИТС жұқтырып алуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырса;
3) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалса;
4) төтенше жағдайларда немесе жаппай тәртіпсіздік барысында жасалса;
5) дәл сол әрекеттерді кәмелетке толмаған адамға қатысты ата-анасы, педагог не оны тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген өзге адам, жасаса;
6) қылмыстық топтың қатысуымен жасалса -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып немесе онсыз он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар көрінеу жас балаға қатысты жасалса, -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге не өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
122-бап. Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық
қатынаста болу немесе жыныстық сипаттағы өзге де
әрекеттер
1. Көрінеу он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынаста болу, еркек пен еркектің жыныстық қатынасы немесе лесбиандық немесе жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттер -
бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Он алты жасқа толмаған адамға қатысты ата-анасы, педагог не оны тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген өзге де адам жасаған дәл сол әрекеттер -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, бірнеше рет жасалған әрекеттер -
өмір бойы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
123-бап. Жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің
жыныстық қатынас жасауына, лесбиандыққа немесе
жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттерге мәжбүрлеу
Адамды бопсалау, мүлкін жою, бүлдіру немесе тартып алу қатерін төндіру арқылы не жәбірленушінің материалдық немесе өзге тәуелділігін пайдаланып жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, лесбиандыққа немесе жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу -
бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не дәл сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
124-бап. Жас балаларды азғындық жолға түсіру
1. Көрінеу жас балаларға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттерді жасау-
он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Жас балаға қатысты ата-анасы, педагог не оны тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген өзге де адам жасаған дәл сол әрекеттер -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, бірнеше рет жасалған әрекеттер -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
125-бап. Адамды ұрлау
1. Адамды ұрлау -
төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бірнеше рет;
3) өміріне немесе денсаулығына қауіпті күш қолданып;
4) қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып;
5) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты;
6) кінәліге жүктілік жағдайында екендігі көрінеу белгілі әйелге қатысты;
7) екі немесе одан да көп адамға қатысты;
8) пайдакүнемдік ниетте жасалса -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар:
1) қылмыстық топтың қатысуымен жасалса;
2) ұрланған адамды қанау мақсатында жасалса;
3) абайсызда жәбірленушінің өліміне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Ұрланған адамды өз еркімен босатқан адам, егер оның іс-әрекетінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
126-бап. Бас бостандығынан заңсыз айыру
1. Адамды оны ұрлауға байланысты емес бас бостандығынан заңсыз айыру -
үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бірнеше рет;
3) өміріне немесе денсаулығына қауіпті күш қолданып;
4) қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып;
5) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты;
6) кінәліге жүктілік жағдайында екендігі көрінеу белгілі әйелге қатысты;
7) екі немесе одан да көп адамға қатысты;
8) пайдакүнемдік ниетте;
9) жәбірленушінің материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдаланып жасалса -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер оларды:
1) қылмыстық топ жасаса;
2) заңсыз бас бостандығынан айрылған адамды қанау мақсатында жасаса;
3) абайсызда жәбірленушінің өліміне не өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
127-бап. Психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру
1. Адамды психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру немесе онда заңсыз ұстау -
үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет, егер ол:
1) пайдакүнемдік ниетпен немесе өзге жеке мүдделілікпен жасалса;
2) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаса;
3) абайсызда жәбірленушінің өліміне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
128-бап. Адамды саудаға салу
1. Адамға қатысты сатып алу-сату немесе өзге де мәмілелер жасау, сол сияқты оны қанау не азғырып көндіру, тасымалдау, беру, жасыру, сондай-ақ қанау мақсатында өзге де әрекеттер жасау -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бірнеше рет;
3) өміріне немесе денсаулығына қауіпті күш қолданып немесе күш қолдану қатерін төндіріп;
4) қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып;
5) кінәліге жүктілік жағдайында екендігі көрінеу белгілі әйелге қатысты;
6) екі немесе одан да көп адамға қатысты;
7) трансплантациялау немесе өзгедей пайдалану үшін жәбірленушінің ағзаларын немесе тінін алып қою мақсатында;
8) алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен;
9) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;
10) жәбірленушінің материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдаланып жасалса -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге әкету, Қазақстан Республикасына әкелу немесе бір шет мемлекеттен екіншісіне Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау мақсатында жасалған әрекеттер, сол сияқты осындай әрекеттерді жасау мақсатында адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге әкету, Қазақстан Республикасына әкелу немесе бір шет мемлекеттен екінші шет мемлекеттік Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер оларды:
1) қылмыстық топ жасаса;
2) абайсызда жәбірленушінің өліміне не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз жеті жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
129-бап. Адамды клондау
1. Адамды клондау немесе адам эмбриондарын коммерциялық, әскери немесе өнеркәсіптік мақсаттарда пайдалану, сол сияқты жыныс жасушаларын немесе адам эмбриондарын Қазақстан Республикасынан әкету -
екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттерді:
1) адамдар тобы, адамдар тобы алдын ала сөз байласып;
2) бірнеше рет жасаса, -
мүлкі тәркіленіп, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, немесе онсыз төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
130-бап. Жала жабу
1. Жала жабу, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе оның беделін түсіретін көрінеу жалған мәліметтер тарату -
бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Көпшілік алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып жасалған дәл сол әрекет -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұштасқан, сол сияқты ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер -
үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
131-бап. Қорлау
1. Қорлау, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсіту -
жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.
2. Көпшілік алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып жасалған дәл сол әрекет -
екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мерзімге түзеу жұмыстарына, не жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.
2-тарау. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылық
132-бап. Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқық
бұзушылық жасауға тарту
1. Кәмелетке толмаған адамды он сегіз жасқа толған адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасауға тартуы -
екі жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ата-анасы, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген өзге адам жасаған дәл сол әрекет -
өмір бойы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, зорлық-зомбылық жасап немесе зорлық-зомбылық жасау қатерін төндіріп жасалған әрекеттер -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып немесе онсыз төрт жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, кәмелетке толмаған адамды ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауға тартуға байланысты әрекеттер -
өмір бойы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші немесе төртінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топтың кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іс-әрекетке тартуға байланысты әрекеттері -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, өмір бойы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
133-бап. Кәмелетке толмаған адамды әкімшілік құқық
бұзушылық немесе қоғамға қарсы іс-әрекеттер
жасауға тарту
1. Кәмелетке толмаған адамды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тарту, егер осы әрекет осындай әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалса, сол сияқты ата-ананың немесе өзге кәмелетке толған адамның кәмелетке толмаған адамды мас болу күйіне жеткізуі, -
үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Кәмелетке толмаған адамды есеңгірететін заттарды пайдалануға не уытқұмарлыққа не спирт ішімдігін бірнеше рет ішуге не қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуға тарту -
үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, ата-анасы, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген өзге де адам жасаған әрекет -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып, бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген не күш қолданып немесе күш қолдану қатерін төндіріп бірнеше рет жасалған әрекеттер -
өмір бойы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
134-бап. Кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен айналысуға
тарту
1. Кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен айналысуға тарту -
үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Күш қолдану немесе күш қолдану қатерін төндіру, тәуелді жағдайын пайдалану, бопсалау, мүлкін жою немесе бүлдіру арқылы не алдау жолымен кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен айналысуға тарту -
алты жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Дәл сол әрекетті:
1) қылмыстық топ;
2) бірнеше рет;
3) ата-анасы, педагог не оны тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген өзге адам жасаса -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып, он жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
135-бап. Кәмелетке толмағандарды саудаға салу
1. Кәмелетке толмаған адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмілелер жасасу, сол сияқты оны пайдалану не азғырып-көндіру, тасымалдау, беру, жасыру, алу, сондай-ақ қанау мақсатында өзге де әрекеттер жасау -
мүлкі тәркіленіп, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бірнеше рет;
3) өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданып немесе оны жасау қатерін төндіре отырып;
4) қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттар қолданылып;
5) екі және одан да көп адамға қатысты;
6) трансплантациялау немесе өзгедей пайдалану үшін жәбірленушінің ағзаларын немесе тіндерін алу мақсатында;
7) алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен;
8) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;
9) кәмелетке толмаған адамды қылмыстар немесе қоғамға қарсы өзге де іс-әрекеттер жасауға тарту мақсатында;
10) жәбірленушінің материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдаланып;
11) жүкті күйде екендігі кінәліге көрінеу белгілі кәмелетке толмаған әйелге қатысты;
12) психикасының бұзылуынан зардап шегетіні немесе дәрменсіз күйде екендігі кінәліге көрінеу белгілі кәмелетке толмаған адамға қатысты;
13) жәбірленушінің жеке басын куәландыратын құжаттарды алып қойып, жасырып не жоя отырып жасалса -
мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге әкету, Қазақстан Республикасына әкелу немесе бір шет мемлекеттен екінші шет мемлекетке Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау мақсатында жасалған әрекеттер, сол сияқты мұндай әрекеттерді жасау мақсатында кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге әкету, Қазақстан Республикасына әкелу немесе бір шет мемлекеттен екінші мемлекетке Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау -
мүлкі тәркіленіп, он жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер оларды:
1) қылмыстық топ жасаса;
2) абайсызда жәбірленушінің өліміне не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса -
мүлкі тәркіленіп, он екі жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
136-бап. Баланы ауыстыру
1. Баланы қасақана ауыстыру -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Пайдакүнемдік немесе өзге жамандық ниетпен жасалған дәл сол әрекет -
үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
137-бап. Бала асырап алу жөніндегі заңсыз қызмет
1. Бала асырап алу, оны қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронаттық тәрбиешіге беру жөніндегі заңсыз іс-әрекеттер -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мөлшерде қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Пайдакүнемдік ниетпен немесе қызмет бабын пайдалана отырып лауазымды адам жасаған дәл сол әрекеттер -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
138-бап. Бала асырап алу құпиясын жария ету
Бала асырап алушының еркіне қайшы қызметтік немесе кәсіптік құпия ретінде бала асырап алу фактісін сақтауға міндетті адамның не өзге адамның пайдакүнемдік немесе өзге жамандық ниетпен бала асырап алу құпиясын жария етуі -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
139-бап. Балаларын немесе еңбекке қабілетсіз ата-анасын
немесе еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын)
асырауға арналған қаражатты төлеуден жалтару
Ата-ананың сот шешімі бойынша кәмелетке толмаған балаларын, сол сияқты он сегіз жасқа толған еңбекке қабілетсіз балаларын асырауға арналған қаражатты төлеуден үш айдан астам жалтаруы не кәмелеттік жастағы еңбекке қабілетті адамның сот шешімі бойынша өзінің еңбекке қабілетсіз ата-анасын асырауға арналған қаражатты төлеуден үш айдан астам жалтаруы не еңбекке қабілетті адамның сот шешімі бойынша еңбекке қабілетсіз және материалдық көмекке мұқтаж жұбайын (зайыбын) асырауға арналған қаражатты төлеуден үш айдан астам қасақана жалтаруы -
екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
140-бап. Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі
міндеттерді орындамау
1. Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді ата-анасының немесе өзіне осы міндеттер жүктелген өзге адамның, сол сияқты кәмелетке толмаған адамға қадағалауды жүзеге асыруға міндетті педагогтің немесе оқу, тәрбие беру, емдеу мекемесінің немесе өзге мекеменің басқа қызметкерінің дәлелсіз себептермен орындамауы немесе тиісті дәрежеде орындамауы, кәмелетке толмаған адамның алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психотроптық заттарды немесе оларға ұқсас заттарды тұтынуына не қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуына не олардың қылмыс белгілері бар әрекеттер, қасақана қылмыстық теріс қылық немесе қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасауына әкеп соқса -
екі жүз айлық көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді ата-анасының немесе өзіне осы міндеттер жүктелген өзге адамның, сол сияқты кәмелетке толмаған адамға қадағалауды жүзеге асыруға міндетті педагогтің немесе оқу, тәрбие беру, емдеу немесе өзге мекеменің басқа қызметкерінің орындамауы немесе тиісті дәрежеде орындамауы кәмелетке толмаған адамға қатал қараумен ұштасса -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
141-бап. Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісті
дәрежеде орындамау
1. Жас баланың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді қызметі бойынша осындай міндеттер жүктелген адамның не осы міндеттерді арнайы тапсырма бойынша орындаушы немесе мұндай міндеттерді ерікті түрде өзіне алған адамның тиісті дәрежеде орындамауы, егер бұл жас баланың денсаулығына абайсызда ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соқса -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда жас баланың өліміне әкеп соққан дәл сол әрекет -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
142-бап. Қорғаншы немесе қамқоршы құқықтарын теріс
пайдалану
Қорғаншылықты немесе қамқоршылықты пайдакүнемдік немесе қорғаншылығындағыға (қамқорлығындағыға) зиян келтіру мақсатында өзге жамандық ниетте пайдалану немесе қорғаншылығындағыны (қамқорлығындағыны) қасақана қадағалаусыз немесе қажетті көмексіз қалдыру қорғаншылығындағының (қамқорлығындағының) құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі түрде қысым жасауға әкеп соқса -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
143-бап. Кәмелетке толмаған адамды Қазақстан
Республикасының шегінен тыс жерге заңсыз әкету
1. Кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге заңсыз әкету -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Пайдакүнемдік немесе өзге жамандық ниетпен не адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған дәл сол әрекет -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
144-бап. Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы
құқыққа қайшы іс-әрекеттер
Құқық бұзушымен отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеу, қорлап тиісу, кемсіту, үй заттарын бүлдіру және жеке тұрғын үй немесе пәтер шегінде олардың тыныштығын бұзатын басқа да іс-әрекеттер -
жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
145-бап. Кәмелетке толмағандарды эротикалық мазмұндағы
өнімдерді жасауға тарту
Кәмелетке толмаған адамды эротикалық мазмұндағы өнімдерді жасауға, сондай-ақ эротикалық мазмұндағы өнімдерді таратуға, жарналамауға және сатуға тарту -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
3-тарау. Адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқық бұзушылық
146-бап. Азаматтардың тең құқықтылығын бұзу
1. Адамның (азаматтың) құқықтары мен бостандықтарын тегіне, әлеуметтік, лауазымдық немесе мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына байланысты себептерімен немесе өзге кез келген мән-жайлар бойынша тікелей немесе жанама шектеу -
үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не дәл сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып не қоғамдық бірлестіктің лидері жасаған дәл сол әрекет -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
147-бап. Азаптау
1. Тергеушінің, анықтауды жүзеге асырушы адамның немесе өзге де лауазымды адамның не олардың айдап салуымен не олар біле тұрып немесе олардың үнсіз келісімімен басқа адамның азапталушыдан немесе басқа адамнан мәліметтер алу немесе мойындату не ол немесе басқа адам жасаған немесе жасады деп күдік туғызған іс-әрекет үшін оны жазалау, сондай-ақ оны немесе үшінші адамды кез келген сипаттағы кемсітуге негізделген кез келген себеп бойынша қорқыту немесе мәжбүрлеу мақсатымен қасақана тән зардабын және (немесе) психикалық зардап шектіруі -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
1) адамдар тобының қатысуымен немесе адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бірнеше рет;
3) денсаулыққа ауырлығы орташа зиян келтіре отырып;
4) кінәліге жүкті екендігі көрінеу белгілі әйелге немесе кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалса -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруге немесе абайсызда оның өліміне әкеп соққан дәл сол әрекет -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Лауазымды адамдардың заңды іс-әрекеттері нәтижесінде келтірілген тән зардабы мен психикалық зардап азаптау деп танылмайды.
148-бап. Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу
1. Адамның жеке өмірі туралы оның жеке, отбасы құпиясын құрайтын мәліметтерді оның келісімінсіз заңсыз жинау -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адам өзінің қызмет бабын немесе ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып не электрондық ақпараттық ресурстарға, ақпараттық жүйелерге заңсыз кіру немесе ақпараттық-коммуникациялық желілер бойынша берілетін ақпаратты заңсыз ұстап қалу арқылы жасаған дәл сол әрекет, сол сияқты осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерді көпшілік алдында сөйлеген сөзде, көпшілікке көрсетілетін шығармаларда, бұқаралық ақпарат құралдарында немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып тарату -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
149-бап. Хат жазысу, телефонмен сөйлесу, пошта, телеграф
хабарлары немесе өзге хабарлар құпиясын заңсыз
бұзу
1. Жеке адамдардың хат жазысу, телефонмен сөйлесу, пошта, телеграф хабарларының немесе өзге хабарлардың құпиясын заңсыз бұзу -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адам өзінің қызмет бабын немесе ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып не электрондық ақпараттық ресурстарға, ақпараттық жүйелерге заңсыз қол жеткізу немесе ақпараттық-коммуникациялық желілер бойынша берілетін ақпаратты заңсыз ұстап қалу арқылы жасаған дәл сол әрекет -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
150-бап. Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу
1. Тұрғын үйге онда тұратын адамның еркінен тыс заңсыз басып кіру -
үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Күш қолдана отырып не күш қолдану қатерін төндіріп немесе адамдар тобы жасаған немесе түнгі уақытта немесе заңсыз тінтуге ұласып жасалған әрекет, сол сияқты тұрғын үйден заңсыз шығару -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған әрекеттер -
бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
151-бап. Сайлау құқықтарын жүзеге асыруға немесе сайлау
комиссияларының жұмысына кедергі жасау.
1. Азаматтың өзінің сайлау құқықтарын немесе референдумға қатысу құқығын еркін жүзеге асыруына кедергі жасау, сондай-ақ сайлау комиссияларының немесе референдум жүргізу жөніндегі комиссияның жұмысына заңсыз араласу және дауыс беруге, кандидатты, партиялық тізімдерді тіркеуге, дауыстарды санауға және сайлаудағы немесе референдумдағы дауыс беру нәтижелерін анықтауға байланысты міндеттерін атқаруына кедергі жасау -
жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не болмаса жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер:
1) пара беріп сатып алумен, алдаумен, күш қолданып не күш қолдану қатерін төндірумен ұласса;
2) адам өзінің лауазымын немесе қызмет бабын пайдалана отырып жасаса;
3) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен немесе қылмыстық топтың қатысуымен жасалса;
4) электрондық сайлау жүйесі жұмыс істеуінің белгіленген тәртібін бұзу жолымен жасалса, -
төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
152-бап. Сайлау құжаттарын, референдум құжаттарын
бұрмалау немесе дауыстарды дұрыс есептемеу
1. Сайлау құжаттарын немесе референдум құжаттарын бұрмалау, бюллетеньге жалған жазбалар немесе қол қойылған парақтар енгізу, дауыстарды көрінеу дұрыс есептемеу не сайлаудың нәтижелерін немесе референдум қорытындыларын көрінеу дұрыс айқындамау не дауыс беру құпиясын бұзу, егер осы әрекеттерді Қазақстан Республикасы Президентіне кандидаттың сенімді өкілі немесе депутаттыққа кандидаттың сенімді өкілі жасаса, сол сияқты сайлау комиссиясының немесе референдум жүргізу жөніндегі комиссияның мүшесі жасаса, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Электрондық сайлау жүйесі жұмыс істеуінің белгіленген тәртібін бұзу жолымен жасалған дәл сол әрекеттер -
жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
153-бап. Қоғамдық бірлестіктердің қызметіне кедергі жасау
Қоғамдық бірлестіктердің заңды қызметіне лауазымды адамның қызмет бабын пайдалана отырып кедергі жасауы, сол сияқты лауазымды адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, осы бірлестіктердің заңды қызметіне олардың құқықтары мен заңды мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соғатын араласуы -
үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
154-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу
1. Қызметкермен еңбек шартын заңсыз тоқтату не жұмысқа қайта орналастыру туралы соттың шешімін орындамау, сол сияқты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын азаматтың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келуіне әкеп соққан өзге де бұзу -
бір жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Әйелмен оның жүктілігіне байланысты еңбек шартын жасасудан негізсіз бас тарту немесе онымен еңбек шартын негізсіз тоқтату немесе үш жасқа дейінгі балалары бар әйелмен осы себептер бойынша еңбек шартын жасасудан негізсіз бас тарту немесе онымен еңбек шартын негізсіз тоқтату, сол сияқты мүгедекпен оның мүгедектігіне байланысты не кәмелетке толмаған адаммен оның кәмелетке толмағандығына байланысты еңбек шартын жасасудан негізсіз бас тарту немесе еңбек шартын негізсіз тоқтату -
бір жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
3. Басқару қызметін атқарушы адамның ақша қаражатын өзге мақсаттарға пайдаланумен байланысты жалақының толық көлемінде және белгіленген мерзімде төленуін бірнеше рет кідіртуі -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
155-бап. Қызметкерлер өкілдерінің заңды қызметіне кедергі
жасау
Қызметкерлер өкілдерінің заңды қызметіне лауазымды адамның қызмет бабын пайдалана отырып кедергі жасауы, сол сияқты лауазымды адамның қызмет бабын пайдалана отырып олардың заңды қызметіне араласуы, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соқса, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
156-бап. Жиналыс, митинг, демонстрация, шеру, тосқауылдар
ұйымдастыруға, өткізуге немесе оларға қатысуға
кедергі жасау
1. Жиналыс, митинг, демонстрация, шеру, тосқауыл, өзге де заңды
көпшілік іс-шараларды ұйымдастыруға немесе өткізуге немесе оларға қатысуға заңсыз кедергі жасау не оларға қатысуға мәжбүрлеу -
екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Лауазымды адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып не күш қолданып немесе не күш қолдану қатерін төндіріп жасаған дәл сол әрекеттер -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
157-бап. Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу
1. Қауіпсіздік техникасын, өнеркәсіптік санитария қағидаларын немесе еңбекті қорғаудың өзге де қағидаларын сақтауды ұйымдастыру немесе қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер жүктелген адамның осы қағидаларды абайсызда денсаулыққа ауырлығы орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соққан бұзуы -
екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге, қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол әрекет -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекет -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан әрекет -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
158-бал. Ереуілге қатысуға немесе оған қатысудан бас
тартуға мәжбүрлеу
1. Ереуілге қатысуға немесе заңды ереуілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу -
үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адам қызмет бабын пайдалана отырып не күш қолдану немесе күш қолдану қатерін төндіріп жасаған дәл сол әрекеті -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, алты мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
159-бап. Журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі жасау
1. Ақпараттарды таратуға не ақпараттарды таратудан бас тартуға мәжбүрлеу жолымен, сол сияқты журналистің заңды кәсіби қызметін орындауға кедергі жасау не оны осындай мүмкіндіктен толық айыратын жағдай жасау жолымен журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі келтіру -
бір жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Адам өзінің қызмет бабына пайдалана отырып, сол сияқты журналистке немесе оның жақындарына қатысты күш қолданылған немесе күш қолдану қатерін төндірген не оның мүлкін бүлдірген немесе жойған жасаған дәл сол әрекеті -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
160-бап. Ақпараттық ресурстарға қол жеткізу құқығын
заңсыз шектеу
Ақпараттық ресурстарға қол жеткізу құқығын заңсыз шектеу -
бір жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
4-тарау. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар
161-бап. Басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу,
тұтандыру немесе жүргізу
1. Басқыншылық соғысты жоспарлау немесе әзірлеу -
он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Басқыншылық соғысты тұтандыру немесе жүргізу -
он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойы бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына жазаланады.
162-бап. Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу
немесе жария түрде шақыру
1. Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу немесе жария түрде шақыру -
бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып жасалған не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды адам жасаған дәл сол әрекеттер -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
163-бап. Жаппай қырып-жою қаруын өндіру, иемденіп алу
немесе өткізу
Қазақстан Республикасының халықаралық шартында тыйым салынған химиялық, биологиялық, ядролық, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруының басқа да түрін өндіру, иемденіп алу немесе өткізу -
бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
164-бап. Соғыс жүргізудің тыйым салынған құралдары мен
әдістерін қолдану
1. Әскери тұтқындарға немесе тұрғын азаматтарға қатыгездікпен қарау, тұрғын азаматтарды депортациялау, оккупацияланған аумақта ұлттық мүлікті жою немесе тонау, Қазақстан Республикасының халықаралық шартында тыйым салынған құралдар мен әдістерді қарулы қақтығыста қолдану -
он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Қазақстан Республикасының халықаралық шартында тыйым салынған жаппай қырып-жою қаруын қолдану -
он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойы бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына жазаланады.
165-бап. Соғыс заңдары мен дәстүрлерін бұзу
1. Оккупацияланған аумақта немесе соғыс қимылдары ауданында қаруын тапсырған немесе қорғану құралдары жоқ, жараланған, ауру, кеме апатына ұшыраған адамдарды, медициналық қызметкерлерді, санитарлық және діни персоналды, әскери тұтқындарды, тұрғын азаматтарды, соғыс қимылдары уақытында халықаралық қорғауды пайдаланатын өзге де адамдарды қарсы жақтың қарулы күштеріне қызмет етуге немесе қоныс аударуға мәжбүрлеу не оларды тәуелсіз және бейтарап сотта пайдалану құқығынан айыру не қылмыстық сот ісін жүргізуде осы адамдардың қорғану құқығын шектеу -
үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде тізбеленген адамдарды өлтіру -
он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойы бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына жазаланады.
166-бап. Қарулы қақтығыстар уақытында халықаралық
гуманитарлық құқық нормаларын қылмыстық бұзу
Қорғалмаған жергілікті жерлерді және демилитарландырылған аймақтарды шабуыл жасау объектісіне айналдырудан туындаған қарулы қақтығыс уақытында халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын бұзушылық не бітімгершілік, соғыс қимылдарын тоқтата тұру туралы келісімді немесе соғыс алаңында қалған жаралылар мен қаза болғандарды алып шығу, айырбастау немесе тасымалдау мақсатында жасалған жергілікті келісімдерді бұзу не тұрғын азаматтарға немесе азаматтық объектілерге шабуыл жасау не оккупацияланған аумаққа өзінің тұрғын азаматтарының бір бөлігін көшіру не әскери тұтқындарды және азаматтарды репатриациялауға қисынсыз кедергі келтіру -
он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
167-бап. Қарулы қақтығыс уақытындағы әрекетсіздік не
қылмыстық бұйрық беру
1. Бастықтың немесе лауазымды адамның өз өкілеттігі шегінде соғыс заңдары мен дәстүрлерін немесе халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын қарамағындағылардың жасауға дайындалып жатқан немесе жасалатын қылмыстық бұзушылықтардың алдын алу немесе жолын кесу үшін барлық ықтимал шараларды әдейі қолданбауы -
жеті жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бастықтың немесе лауазымды адамның қарулы қақтығыс уақытында қарамағындағы адамға ешкімді тірі қалдырмауға бұйрық немесе соғыс заңдары мен дәстүрлерін немесе халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын қылмыстық бұзушылық жасауға бағытталған көрінеу қылмыстық бұйрық немесе өкім беруі -
он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
168-бап. Халықаралық шарттармен қорғалатын белгілерді
заңсыз пайдалану
Соғыс қимылдары кезінде халықаралық шарттарға қарамастан Қызыл Крест, Қызыл Жарты ай, Қызыл Кристалл эмблемаларын немесе мәдени құндылықтарға арналған қорғау белгілерін немесе халықаралық құқықпен қорғалатын өзге де белгілерді қасақана пайдалану не қарсыластың, бейтарап мемлекеттің мемлекеттік туын немесе мемлекеттік айырым белгілерін, халықаралық ұйымның туын немесе белгісін пайдалану -
бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
169-бап. Геноцид
1. Геноцид, яғни ұлттық, этникалық, нәсілдік немесе діни топты осы топтың мүшелерін өлтіру, олардың денсаулығына ауыр зиян келтіру, бала тууға күшпен бөгет жасау, балаларды мәжбүрлеп беріп жіберу, күштеп көшіру не осы топтың мүшелерін қырып-жоюға есептелген өзге де тіршілік жағдайларын туындату арқылы толық немесе ішінара қырып-жоюға бағытталған қасақана іс-әрекеттер -
он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Соғыс уақытында жасалған дәл сол әрекеттер -
он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойы бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына жазаланады.
170-бап. Экоцид
Өсімдіктер немесе жануарлар дүниесін жаппай жою, атмосфера, жер немесе су ресурстарын улау, сондай-ақ экологиялық зілзаланы немесе төтенше экологиялық жағдай туғызған немесе туғызуы мүмкін өзге де іс-әрекеттерді жасау -
он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
171-бап. Жалдамалылық
1. Жалдамалыны жалдануға азғырып көндіру, оқытып-үйрету, қаржыландыру немесе өзге материалдық қамтамасыз ету, сол сияқты оны қарулы қақтығыста, соғыс қимылдарында немесе конституциялық құрылысты құлатуға немесе нұқсан келтіруге бағытталған өзге де күш қолдану іс-әрекеттерді пайдалану не мемлекеттің аумақтық тұтастығын бұзу -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып немесе кәмелетке толмаған адамға қатысты жасаған дәл сол әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз жеті жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Жалдамалының қарулы қақтығыста, соғыс қимылдарына немесе конституциялық құрылысты құлатуға немесе нұқсан келтіруге бағытталған өзге де күш қолдану іс-әрекеттеріне қатысуы не мемлекеттің аумақтық тұтастығын бұзуы -
жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген адамдардың қаза болуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекет -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойы бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына жазаланады.
172-бап. Жалдамалыларды дайындайтын базалар (лагерьлер)
құру
Жалдамалыларды дайындау үшін көрінеу базалар (лагерьлер) құру не көрінеу осы мақсаттарда үй-жай немесе жер учаскесін беру -
мүлкі тәркіленіп бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
173-бап. Халықаралық қорғауды пайдаланатын адамдарға
немесе ұйымдарға шабуыл жасау
1. Шет мемлекеттің өкіліне немесе халықаралық қорғауды пайдаланатын халықаралық ұйымның қызметкеріне немесе онымен бірге тұратын оның отбасы мүшелеріне, сол сияқты халықаралық қорғауды пайдаланатын адамдардың қызметтік немесе тұрғын үй-жайларына не көлік құралдарына шабуыл жасау, сол сияқты осы адамдарды ұрлау немесе бас бостандығынан күштеп айыру, сондай-ақ аталған іс-әрекеттерді жасау қатерін төндіру -
үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бірнеше рет не қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып не адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған не денсаулыққа ауыр зиян келтірумен ұштасқан, сол сияқты соғысқа арандату немесе халықаралық қатынастарды ушықтыру мақсатында жасалған дәл сол әрекеттер-
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген абайсызда адам өліміне әкеп соққан немесе қылмыстық топ жасаған әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
174-бап. Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік,
тектік-топтық немесе діни араздықты қоздыру
1. Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни араздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетін не діни сезімдерін қорлауға бағытталған қасақана іс-әрекеттер, сол сияқты азаматтардың айрықшалығын, артықшылығын не толыққанды еместігін олардың дінге көзқарасы, тектік-топтық, ұлттық, рулық немесе нәсілдік қатыстылығы белгілері бойынша насихаттау, егер бұл әрекеттер жария немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып, сол сияқты әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-
топтық немесе діни араздықты насихаттайтын әдебиетті немесе өзге де ақпарат жеткізгіштерді дайындау немесе тарату жолымен жасалса, -
екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адамдар тобы, адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаған немесе бірнеше рет немесе күш көрсетумен не күш қолдану қатерін төндірумен ұласқан, сол сияқты адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып не қоғамдық бірлестіктің лидері жасаған дәл сол іс-әрекеттер -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған не ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз он екі жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5-тарау. Мемлекеттің конституциялық құрылысы негіздеріне және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылық
175-бап. Мемлекетке опасыздық жасау
1. Мемлекетке опасыздық, яғни қарулы қақтығыс уақытында жау жағына өтіп кетуден, сол сияқты шпиондық жасаудан, мемлекеттік құпияларды шет мемлекетке, халықаралық немесе шетелдік ұйымға не олардың өкілдеріне беруден, сол сияқты Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне қарсы бағытталған қызметті жүргізуде өзге де көмек көрсетуден көрінген, Қазақстан Республикасының азаматы жасаған қасақана әрекет -
он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ұрыс жағдайында жасалған дәл сол әрекеттер -
он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, соғыс уақытында жасалған әрекеттер -
он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойы бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына жазаланады.
Ескерту. Осы бапта, сондай-ақ осы Кодекстің 176 және 179-баптарында көзделген қылмыстарды жасаған адам, егер ол мемлекеттік органдарға ерікті және дер кезінде хабарлауымен немесе өзгеше жолмен Қазақстан Республикасының мүдделеріне залал келтіруді болдырмауға жәрдемдессе және оның іс-әрекетінде өзге қылмыс құрамы болмаса қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
176-бап. Шпионаж
Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді шет мемлекетке, халықаралық немесе шетелдік ұйымға не олардың өкілдеріне беру, сол сияқты оларға беру мақсатында жинау, ұрлау немесе сақтау, сондай-ақ шетелдік барлаудың тапсырмасы бойынша өзге де мәліметтерді Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне қарсы пайдалану үшін беру немесе жинау, егер осы әрекеттерді шетелдік азамат немесе азаматтығы жоқ адам жасаса,-
он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
177-бап. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының өміріне қол сұғушылық
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының өміріне оның заңды қызметіне кедергі жасау не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында жасалған қол сұғушылық -
он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойы бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына жазаланады.
178-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне қол сұғушылық
Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне оның мемлекеттік қызметін тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында жасалған қол сұғушылық -
он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойы бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына жазаланады.
179-бап. Билікті күшпен басып алу немесе билікті күшпен
ұстап тұру не Қазақстан Республикасының
уәкілетті органдары мен лауазымды адамдарының
құзыретіне кіретін өкілеттіктерді шет мемлекет
немесе шетелдік ұйым өкілдерінің жүзеге асыруы
1. Қазақстан Республикасының Конституциясын бұзып, билікті күшпен басып алуға немесе билікті күшпен ұстап тұруға бағытталған, сол сияқты Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге бағытталған іс-әрекеттер -
он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Қазақстан Республикасының уәкілетті органдар мен лауазымды адамдарының құзыретіндегі өкілеттіктерді шет мемлекет, халықаралық немесе шетелдік ұйым өкілдерінің жүзеге асыруы -
үш мыңнан жеті мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
180-бап. Қарулы бүлік
1. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын құлату немесе күштеп өзгерту не Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзу мақсатында қарулы бүлік ұйымдастыру -
он екі жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Қарулы бүлікке қатысу -
он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
181-бап. Қазақстан Республикасының конституциялық
құрылысын күштеп құлатуға немесе өзгертуге не
оның аумақтық бірлігін күштеп бұзуға шақыру
1. Билікті күштеп басып алуға, билікті күштеп ұстауға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге немесе конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, сол сияқты Қазақстан Республикасының тұтастығын және оның аумағының бірлігін күштеп бұзуға жария түрде үндеу, сондай-ақ осындай мазмұндағы материалдарды осы мақсатта дайындау немесе тарату -
бір мыңнан бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адамдар тобы алдын ала сөз байласып не бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникация желілерін пайдаланып жасаған дәл сол іс-әрекеттер -
бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген қылмыстық топ жасаған әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
182-бап. Экстремистік топ құру, оған басшылық ету немесе
оның әрекетіне қатысу
1. Экстремистік топ құру, сол сияқты оған басшылық ету -
мүлкі тәркіленіп, сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Экстремистік топтың әрекетіне немесе оның жасаған қылмыстарына қатысу -
мүлкі тәркіленіп, алты жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адам өзінің қызмет бабын пайдаланып, не қоғамдық бірлестік лидері жасаған әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Экстремистік топтың әрекетіне қатысуды өз еркімен тоқтатқан адам, егер оның іс-әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
183-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарында экстремистік
материалдарды жариялауға рұқсат беру
Ұлттық, рулық, нәсілдік, әлеуметтік және діни өшпенділікті тұтандыруға бағытталған, тектік-топтық артықшылықты, соғысты насихаттайтын, билікті күштеп басып алуға, билікті күштеп ұстауға, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге немесе конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, сол сияқты Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзуға шақыратын үндеуді қамтитын мәліметтер мен материалдарды баспа беттерінде және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға рұқсат беру -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімде қоғамдық жұмыстарға тартуға не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
184-бап. Диверсия
Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне нұқсан келтіру мақсатында адамдарды жаппай қырып-жоюға, олардың денсаулығына зиян келтіруге, кәсіпорындарды, құрылыстарды, қатынас жолдары мен құралдарын, байланыс құралдарын, халықтың тіршілігін қамтамасыз ету объектілерін қиратуға немесе бүлдіруге бағытталған жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге іс-әрекеттер жасау, сол сияқты осы мақсаттарда жаппай улау немесе эпидемиялар мен эпизоотиялар тарату -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойы бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына жазаланады.
185-бап. Мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау, тарату,
жария ету
1. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді заңсыз жинау, сол сияқты алынған мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді заңсыз тарату, мемлекетке опасыздық немесе шпиондық белгілері болмағанда -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе бөлгіш бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адамның өзіне сеніп тапсырылған немесе қызмет, жұмыс бабымен не заңда көзделген өзге де негіздермен мәлім болған мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді жария етуі, мемлекетке опасыздық белгілері болмаған жағдайда -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар ірі залал келтіруге немесе өзге ауыр зардаптардың туындауына әкеп соқса -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
186-бап. Мемлекеттік құпиялары бар мәлімет жеткізгіштерді
жоғалту
1. Адамның өзіне қызмет, жұмыс бабымен не заңда көзделген өзге де негіздер бойынша сеніп тапсырылған мемлекеттік құпиялары бар мәлімет жеткізгіштерді абайсызда жоғалтуы, егер жоғалту мемлекеттік құпиялары бар мәлімет жеткізгіштермен жұмыс істеудің белгіленген ережелерін бұзу нәтижесі болып табылса, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға жазаланады.
2. Ірі залал келтіруге немесе өзге ауыр зардаптардың туындауына әкеп соққан дәл сол әрекет -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
6-тарау. Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық
187-бап. Ұсақ-түйектеп ұрлау
Ұсақ-түйектеп ұрлау, яғни болмашы мөлшерде жасалған ұрлық, алаяқтық жасау, иеленіп алу немесе талан-таражға салу -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
188-бап. Ұрлық
1. Ұрлық, яғни бөтен мүлікті жасырын ұрлау, -
мүлкі тәркіленіп, бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бірнеше рет;
3) тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға не көлік құралы салонына заңсыз кірумен;
4) ақпараттық жүйелерге заңсыз кіру арқылы не ақпараттық- коммуникациялық желілер бойынша берілетін ақпаратты өзгерту арқылы жасалған ұрлық -
мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Ірі мөлшерде жасалған ұрлық -
мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Мынадай:
1) қылмыстық топ жасаған;
2) мұнай-газ құбырынан;
3) аса ірі мөлшерде жасалған ұрлық -
мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
189-бап. Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету
1. Иеленіп алу немесе талан-таражға салу, яғни кінәліге сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ұрлау -
мүлкі тәркіленіп, бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бірнеше рет,
3) қызмет бабын пайдалана отырып жасалса, -
мүлкі тәркіленіп, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар:
1) ірі мөлшерде жасалса;
2) мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам, егер оларды өзінің қызмет бабын пайдаланумен ұштастырып жасаса,-
мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға, ал 2) тармағында көзделген жағдайларда белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді, егер олар:
1) қылмыстық топ жасаса;
2) аса ірі мөлшерде жасаса, -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып немесе онсыз жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
190-бап. Алаяқтық
1. Алаяқтық, яғни бөтен мүлікті ұрлау немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты алу -
мүлкі тәркіленіп, бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бірнеше рет;
3) қызмет бабын пайдалана отырып;
4) ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен;
5) мемлекеттік сатып алу саласында жасалған алаяқтық -
мүлкі тәркіленіп, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Мынадай:
1) ірі мөлшерде;
2) мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған алаяқтық, егер ол өзінің қызмет бабын пайдаланумен ұштасса;
3) екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған алаяқтық -
мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға, ал 2) тармағында көзделген жағдайларда белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді, егер оларды:
1) қылмыстық топ;
2) аса ірі мөлшерде жасаса, -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып немесе онсыз бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
191-бап. Тонау
1. Тонау, яғни бөтен мүлікті ашық ұрлау -
мүлкі тәркіленіп, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолданып не осындай күш қолдану қатерін төндіріп;
2) бірнеше рет;
3) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
4) тұрғын, қызметтік, өндірістік үй-жайға не қоймаға заңсыз кіріп жасалған тонау -
мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Ірі мөлшерде жасалған тонау -
мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер оларды:
1) қылмыстық топ;
2) аса ірі мөлшерде жасаса, -
мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
192-бап. Қарақшылық
1. Қарақшылық, яғни бөтеннің мүлкін ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өміріне немесе денсаулығына қауіпті күш қолданумен немесе тікелей осындай күш қолдану қатерін төндірумен жалғасқан шабуыл -
мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бірнеше рет;
3) тұрғын, қызметтік, өндірістік үй-жайға не болмаса қоймаға заңсыз кіріп;
4) қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып;
5) денсаулығына ауыр зиян келтіріп жасалған қарақшылық -
мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Мынадай:
1) денсаулыққа ауыр зиян келтіре отырып, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан;
2) мүлікті ірі мөлшерде ұрлау мақсатында жасалған қарақшылық -мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер оларды:
1) қылмыстық топ;
2) аса ірі мөлшерде жасаса, -
мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
193-бап. Ерекше құнды заттарды ұрлау
1. Ерекше тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени құндылығы бар
заттарды немесе құжаттарды ұрлау, оның ұрлану тәсіліне қарамастан, -
мүлкі тәркіленіп, үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бірнеше рет жасалса -
мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер оларды:
1) қылмыстық топ жасаса;
2) осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген заттарды немесе құжаттарды жоюға не бүлдіруге әкеп соқса, -
мүлкі тәркіленіп, он жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
194-бап. Қорқытып алушылық
1. Қорқытып алушылық, яғни бөтеннің мүлкін немесе мүлікке құқықты немесе күш қолдану не бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру қатерін төндіру арқылы мүліктік сипаттағы, сол сияқты жәбірленушіні немесе оның жақындарын масқаралайтын мәліметтерді не жариялануы жәбірленушінің немесе оның жақындарының мүдделеріне айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін өзге де мәліметтерді тарату қатерін төндіріп, басқа да іс-әрекеттер жасауды талап ету -
мүлкі тәркіленіп, төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) күш қолданып;
2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
3) бірнеше рет жасалған қорқытып алушылық-
мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Мынадай:
1) жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіріп;
2) ірі мөлшерде мүлік алу мақсатында жасалған қорқытып алушылық-
мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер оларды:
1) қылмыстық топ;
2) аса ірі мөлшерде жасаса, -
мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
195-бап. Алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы мүліктік залал келтіру
1. Алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы меншік иесіне немесе өзге мүлік иеленушіге ұрлау белгілерінсіз мүліктік залал келтіру -
үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Мынадай:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бірнеше рет;
3) қызмет бабын пайдалана отырып;
4) ақпараттық жүйелерге заңсыз кіру не ақпараттық-коммуникациялық желілер бойынша берілетін ақпаратты өзгерту жолымен жасалған дәл сол әрекет -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер оларды:
1) қылмыстық топ жасаса;
2) ірі зиян келтірсе, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
196-бап. Көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті
иемденіп алу немесе өткізу
1. Көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті алдын ала уәделеспей иемденіп алу немесе өткізу -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер:
1) автомобильге, мұнай және мұнай өнімдеріне немесе ірі мөлшердегі өзге мүлікке қатысты;
2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
3) бірнеше рет;
4) тарих, мәдениет ескерткіштеріне, сондай-ақ ерекше тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени құндылыққа ие заттарға, қүжаттарға қатысты жасалса, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген қылмыстық топ немесе адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға, жазаланады.
197-бап. Шығарылуының заңдылығын растайтын құжаттарсыз
мұнайды және мұнай өнімдерін тасымалдау,
иемдену, өткізу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта
өңдеу
1. Мұнайды және мұнай өнімдерін шығарылуының заңдылығын растайтын құжаттарсыз тасымалдау, иемдену, өткізу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу -
үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Ірі мөлшерде жасалған дәл сол әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
1) бірнеше рет;
2) қылмыстық топ жасаған әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
198-бап. Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу
1. Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін заңсыз пайдалану, сол сияқты өткізу мақсатында авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің контрафактілік даналарын иемденіп алу, сақтау, алып өту немесе дайындау не авторлықты иеленіп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер, егер олар айтарлықтай мөлшерде жасалса немесе авторға немесе өзге құқық иеленушіге айтарлықтай залал келтірсе не олардың құқықтарына немесе заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірсе, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген:
1) бірнеше рет;
2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
3) ірі мөлшерде немесе ірі залал келтірген;
4) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасалған әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
199-бап. Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге,
өнеркәсіптік үлгілерге, селекциялық
жетістіктерге немесе интегралдық микросхемалар
топологияларына құқықтарды бұзу
1. Өнертабыстың, пайдалы модельдің, өнеркәсіптік үлгінің, селекциялық жетістіктің немесе интегралдық микросхема топологиясының мәнін, олар туралы мәліметтер ресми түрде жарияланғанға дейін автордың немесе мәлімдеушінің келісімінсіз жария ету, сол сияқты авторлықты иеленіп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу не өнертабысты, пайдалы модельді, өнеркәсіптік үлгіні, селекциялық жетістікті немесе интегралдық микросхема топологиясын заңсыз пайдалану -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер, егер олар елеулі мөлшерде жасалса немесе авторға немесе өзге құқық иеленушіге айтарлықтай залал келтірсе не олардың құқықтарына немесе заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірсе -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген:
1) бірнеше рет;
2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
3) ірі мөлшерде немесе ірі залал келтірген;
4) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасалған әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
200-бап. Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын
ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену
1. Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (айдап кету) -
бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бірнеше рет;
3) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолдана отырып не дәл сондай күш қолдану қатерін төндірумен жасалса, -
үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған не ірі залал келтірген әрекеттер -
бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдана отырып не сондай күш қолдану қатерін төндіріп жасалған әрекеттер -
алты жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
201-бап. Жерге заттай құқықтарды бұзу
1. Азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарына немесе заңмен қорғалатын мүдделеріне, не қоғамның, немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруге әкеп соққан, күш қолданып не күш қолдану қатерін төндіріп, немесе адамдар тобымен, немесе заңсыз тінтумен ұласып жасалған бөтен жер учаскесіне заңсыз кіру, сол сияқты бөтен біреудің жер учаскесін заңсыз басып алу -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекеттерді адамның өз қызмет бабын пайдалана отырып жасауы -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
202-бап. Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру
1. Айтарлықтай залал келтіріп, бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру -
үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. дәл сол әрекеттер:
1) өрт қою, жарылыс жасау арқылы немесе өзге де жалпы қауіпті тәсілмен жасалса;
2) абайсызда денсаулыққа ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соқса;
3) жәбірленушінің өзінің қызметтік немесе қоғамдық борышын орындауымен байланысты не өзінің жақын туыстарына қатысты нақ сондай себептермен жасалса;
4) әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік немесе діни араздық себептермен жасалса;
5) ірі залал келтірсе, -
төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
1) абайсызда адам өліміне;
2) аса ірі залалға әкеп соққан әрекеттер -
үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
203-бап. Ерекше құнды заттарды қасақана жою немесе бүлдіру
1. Тарих, мәдениет ескерткіштерін, табиғи кешендерді немесе мемлекет қорғауға алған объектілерді, сондай-ақ ерекше тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени құнды заттарды немесе құжаттарды қасақана жою немесе бүлдіру-
үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер:
1) өрт қою, жарылыс жасау арқылы немесе өзге де жалпы қауіпті тәсілмен жасалса;
2) абайсызда денсаулыққа ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соқса;
3) әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік немесе діни араздық себептермен жасалса,-
бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекеттер -
жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
204-бап. Бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру
1. Абайсызда, ірі зиян келтіріп бөтен адамның мүлкін жою немесе
бүлдіру -
жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Отпен немесе өзге де аса қауіпті көздермен абайсыз жұмыс істеу арқылы жасалған не ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе аса ірі залал келтірген дәл сол әрекеттер -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
7-тарау. Ақпараттық технологиялар қауіпсіздігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылық
205-бап. Ақпаратқа, ақпараттық жүйеге немесе
ақпараттық-коммуникациялық желіге заңсыз қол
жеткізу
1. Машина жеткізгіште сақталған заңмен қорғалатын ақпаратқа, ақпараттық жүйеге немесе ақпараттық-коммуникациялық желіге азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соққан қасақана заңсыз қол жеткізу -
екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарға немесе ұлттық ақпараттық жүйелерге қатысты жасалған дәл сол әрекет -
екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
206-бап. Ақпаратты заңсыз жою немесе модификациялау
1. Машина жеткізгіште сақталатын, ақпараттық жүйеде қамтылатын немесе ақпараттық-коммуникациялық желімен берілетін, заңмен қорғалатын ақпаратты қасақана заңсыз жою немесе модификациялау, сол сияқты ақпараттық жүйеге көрінеу жалған ақпарат енгізу, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соқса, -
екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер:
1) ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарға немесе ұлттық ақпараттық жүйелерге қатысты;
2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалса -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
1) қылмыстық топ жасаған;
2) ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
207-бап. Ақпараттық жүйенің немесе
ақпараттық-коммуникациялық желінің жұмысын
қасақана бұзу
1. Ақпараттық жүйенің немесе ақпараттық-коммуникациялық желінің
жұмысын бұзуға бағытталған қасақана іс-әрекеттер (әрекетсіздік) -
екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер:
1) ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарға немесе ұлттық ақпараттық жүйелерге қатысты;
2) адамдар тобының алдын апа сөз байласуымен жасалса, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
1) қылмыстық топ жасаған;
2) ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
208-бап. Ақпаратты заңсыз иелену
1. Машина жеткізгіште сақталатын, ақпараттық жүйеде қамтылатын
немесе ақпараттық-коммуникациялық желімен берілетін заңмен қорғалатын
ақпаратты заңға қайшы қасақана көшіру немесе өзгедей заңсыз иелену, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соқса, -
екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер:
1) ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарға немесе ұлттық ақпараттық жүйелерге қатысты;
2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалса -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
1) қылмыстық топ жасаған;
2) ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
209-бап. Ақпаратты беруге мәжбүрлеу
1. Күш қолдану не мүлікті жою немесе бүлдіру қатерін төндіріп, сол сияқты жәбірленушіні немесе оның жақындарын масқаралайтын мәліметтерді тарату не жариялануы жәбірленушінің немесе оның жақындарының мүдделеріне елеулі түрде зиян келтіруі мүмкін өзге де мәліметтерді тарату қатерін төндіріп машина жеткізгіште сақтаулы, ақпараттық жүйеде қамтылған немесе ақпараттық-коммуникациялық желімен берілетін, заңмен қорғалатын ақпаратты беруге мәжбүрлеу -
екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер:
1) адамға немесе оның жақындарына күш қолданумен ұштасса;
2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалса;
3) ұлттық электрондық ақпараттық ресурстардан немесе ұлттық ақпараттық жүйелерден ақпарат алу мақсатында жасалса, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
1) қылмыстық топ жасаған;
2) ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер -
бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
210-бап. Зиянды компьютерлік бағдарламалар мен
бағдарламалық өнімдерді жасау, пайдалану немесе
тарату
1. Машина жеткізгіште сақталатын, ақпараттық жүйеде қамтылатын немесе ақпараттық-коммуникациялық желімен берілетін ақпаратты заңсыз жою, бұғаттау, өзгерту, көшіру, пайдалану, компьютердің, компьютерлік бағдарламаның, ақпараттық жүйенің немесе ақпараттық-коммуникациялық желінің жұмысын бұзу мақсатында компьютерлік бағдарламаларды, бағдарламалық өнімдерді жасау немесе қолданылатын бағдарламаларға немесе бағдарламалық өнімдерге өзгерістер енгізу, сол сияқты осындай бағдарламаларды қасақана пайдалану және (немесе) тарату -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;
3) ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарға немесе ұлттық ақпараттық жүйелерге қатысты жасалса, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
1) қылмыстық топ жасаған;
2) ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
211-бап. Қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық
ресурстарды заңсыз тарату
1. Азаматтардың жеке өзінің деректерін немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе олардың меншік иесімен немесе иеленушімен қол жетімділігі шектелген өзге де мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды заңсыз тарату -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) пайдакүнемдік ниетпен;
3) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасалса, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
1) қылмыстық топ жасаған;
2) ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
212-бап. Құқыққа қайшы мақсаттарды көздейтін
интернет-ресурстарды орналастыру үшін қызмет
көрсетуді ұсыну
1. Интернет-ресурстарды орналастыру үшін, ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде жұмыс істейтін құқыққа қайшы мақсаттарды көздейтін аппараттық-бағдарламалық кешендерді ұсыну бойынша көрінеу құқыққа қарсы қызмет көрсету -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе қылмыстық топ жасаған дәл сол әрекет -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
213-бап. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының
сәйкестендіру кодын, абоненттің сәйкестендіру
құрылғысын заңсыз өзгерту, сондай-ақ абоненттік
құрылғының сәйкестендіру кодын өзгерту үшін
бағдарламаларды жасау, пайдалану, тарату
1. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру кодын өзгерту, ұялы байланыс абонентінің сәйкестендіру картасының телнұсқасын жасау, егер бұл әрекеттер өндірушінің немесе заңды иесінің келісімінсіз жасалса, -
үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру кодын өзгертуге немесе ұялы байланыс абонентінің сәйкестендіру картасының телнұсқасын жасауға мүмкіндік беретін бағдарламаларды заңсыз жасау, пайдалану, тарату -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
8-тарау. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылық
214-бап. Заңсыз кәсіпкерлік, заңсыз банктік қызмет
1. Кәсіпкерлік немесе банктік қызметті (банктік операцияларды) тіркелусіз, сол сияқты осындай қызмет үшін міндетті лицензиясыз не лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, сол сияқты кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысу, егер бұл әрекеттер ірі мөлшерде табыс алумен ұштасса немесе азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірсе не ірі мөлшерде табыс алумен немесе айтарлықтай мөлшерде акцизделетін тауарларды өндірумен, сақтаумен, тасымалдаумен не өткізумен ұштасса, -
мүлкі тәркіленіп, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер:
1) қылмыстық топтың қатысуымен жасалса;
2) аса ірі мөлшерде табыс алумен ұласса;
3) бірнеше рет жасалса, -
мүлкі тәркіленіп бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
215-бап. Жұмыстарды нақты орындамай, қызмет көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей мәміле (мәмілелер) жасасу
1. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің жұмыстарды нақты орындамай, қызмет көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей шот-фактурадан үзінді көшірме бойынша іс-әрекеттер жасауы -
бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Бір мыңнан астам айлық есептік көрсеткіш сомасына жасалған дәл сол әрекет -
үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген:
1) бірнеше рет;
2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
3) он мың айлық есептік көрсеткіштен артық сомаға жасалған;
4) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам жасаған әрекеттер, егер олар өзінің қызмет бабын пайдаланумен ұштасса;
5) жалған кәсіпкерлікті басқару жолымен, яғни басқа жеке (заңды) тұлғаға оның келісімінсіз құрылған немесе қайта құрылған не оның шешімдерін айқындау құқығын беретін акциялары (қатысу үлестері, пайлары) басқа жеке (заңды) тұлғаға оның келісімінсіз сатып алынған жеке кәсіпкерлік субъектісі жасаған әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, үш мыңнан жеті мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға, ал 4) тармағында көзделген жағдайларда - белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыруға жазаланады.
4. Осы баптың екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған әрекет -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе өмір бойы белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
216-бап. Қаржы (инвестиция) пирамидасының қызметін
ұйымдастыру немесе оған басшылық ету
1. Қаржы (инвестиция) пирамидасы қызметін, яғни жеке және заңды тұлғалардан ерікті түрде мүлікті иеліктен шығару не сатып алу, оны өзге де беру, жұмыстарды орындау не қызмет көрсету жөніндегі нақты қызметпен айналысуға бағытталмаған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті не оған құқықты тарту жөніндегі заңсыз қызметті, аталған тұлғаларға басқа тұлғалардан ақша қаражатын немесе өзге мүлікті не оған құқықты ерікті түрде тарту және (немесе) осындай тұлғалардың пайдасына активтерді қайта бөлу есебінен оларға материалдық пайда болатынына уәде бере отырып немесе оны төлеп ұйымдастыру немесе оған басшылық ету -
мүлкі тәркіленіп, бір мыңнан үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) қызмет бабын пайдалана отырып;
3) ірі мөлшерде табыс ала отырып жасалса -
мүлкі тәркіленіп, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
1) интернет-ресурсты не ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер мен желілерді немесе электрондық төлемдер жүйелерін пайдалана отырып, операциялар жасау жолымен;
2) аса ірі мөлшерде кіріс ала отырып жасалған;
3) мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам жасаған әрекеттер, егер бұл әрекеттер өзінің қызмет бабын пайдаланумен ұласса, -
мүлкі тәркіленіп, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, ал 3) тармағында көзделген жағдайларда мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып, бес жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту.
1. Осы баптағы мүлікті иеліктен шығару не сатып алу, өзге де беру, жұмыстарды орындау не қызмет көрсету жөніндегі нақты қызметпен айналысу деп, оның ішінде ұйымның қызметі (қаржылық есептілік, мәмілелер туралы есептер) және (немесе) табысты алудың нақты көздері және (немесе) оны мемлекеттік және (немесе) осы ұйымның қызметіне байланысты емес тәуелсіз көздерден алу мүмкіндігі туралы ақпараттың болмауы, оның ішінде табыстың көзі өндірістен не сатып алу құнының өсімінен және (немесе) тауарлар мен көрсетілетін қызметті өткізуден түсетін табыс болып табылмайтын жағдайларда ұғынылады.
2. Қаржы пирамидасын ұйымдастырушыдан басқа адам, егер ол қылмыстық жауаптылыққа тартылғанға дейін өз еркімен тиісті қызметке қатысқаны туралы құқық қорғау органдарына хабарласа немесе оны тоқтатуға немесе қылмысты болдырмауға өзгеше түрде ықпал етсе, оның іс-әрекетінде өзге қылмыс құрамы болмаса, осы бапта көзделген іс-әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
217-бап. Қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын және
(немесе) өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату)
1. Қылмыстардан түскен табысты білдіретін мүлікті айырбастау немесе аудару түрінде мәмілелер жасасу арқылы қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңды айналымға тарту, егер мұндай мүлік қылмыстардан түскен табысты білдіретіні белгілі болса, мүліктің нағыз сипатын, көзін, орналасқан жерін, иелік ету, ауыстыру тәсілін, оған құқықты немесе оның тиесілігін жасыру немесе жасырып қалу, сол сияқты осы мүлікті иелену және пайдалану немесе қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыруға делдалдық ету -
мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бірнеше рет;
3) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасалса, -
мүлкі тәркіленіп, бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
1) мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам жасаған әрекеттер, егер олар өзінің қызмет бабын пайдаланумен ұласса;
2) қылмыстық топ жасаған;
3) ірі мөлшерде жасалған әрекеттер, -
мүлкі тәркіленіп, ал 1) тармағында көзделген жағдайларда белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын немесе мүлікті заңдастыру дайындалып жатқаны не жасалғаны туралы өз еркімен мәлімдеген адам, егер оның іс-әрекетінде осы баптың екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген қылмыстар немесе өзге де қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
218-бап. Кредитті заңсыз алу немесе мақсатсыз пайдалану
1. Жеке кәсіпкердің немесе ұйымның шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйі немесе кепіл мүлкі туралы немесе кредиттің, дотацияның, кредиттеудің жеңілдікті шарттарын алу үшін елеулі мәні бар өзге де мән-жайлар туралы көрінеу жалған мәліметтерді банкке немесе өзге де кредит берушіге беру арқылы жеке кәсіпкердің немесе ұйым басшысының кредитті, дотацияны не кредиттеудің жеңілдікті шарттарын алуы, сол сияқты кредиттеуді, дотацияны беруді тоқтатуға, жеңілдіктерді жоюға не бөлінген кредит пен дотация мөлшерлерін шектеуге әкеп соқтыра алатын мән-жайлардың туындағаны туралы ақпаратты банкке немесе өзге кредит берушіге хабарламауы, егер осы әрекеттер ірі залал келтірсе, -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бюджеттік кредитті нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбау, егер осы әрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірсе, -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
219-бап. Облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны
мақсатсыз пайдалану
Қаржы ұйымы болып табылмайтын эмитент органдарының (эмитенттің лауазымды адамдарының) осы эмитенттің облигацияларын шығару проспектісінде белгіленген, облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың шарттары мен тәртібін бұзуға әкеп соқтыратын шешімдер қабылдауы, егер бұл әрекет облигация ұстаушыларға ірі залал келтірсе, -
бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
220-бап. Монополистік қызмет
1. Нарық субъектілерінің монополиялық жоғары (төмен) немесе келісілген бағаларды белгілеуі және (немесе) ұстап тұруы, үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісінен сатып алынған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) қайта сатуға аумақтық белгісі, сатып алушылар тобы, сатып алу шарттары, саны не бағасы бойынша шектеулер белгілеуі, тауар нарықтарын аумақтық белгісі, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) ассортименті, олардың өткізілу немесе сатып алыну көлемі, сатушылар немесе сатып алушылар тобы бойынша бөлуі, сондай-ақ бәсекелестікті шектеуге бағытталған өзге де әрекеттер, егер олар азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірсе не нарық субъектісінің ірі мөлшерде табыс табуымен ұласса, -
бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бірнеше рет не адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, не адам өзінің қызмет бабына пайдалануымен жасалған дәл сол әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген:
1) қылмыстық топ жасаған;
2) күш қолданып немесе күш қолдану қатерін төндіріп, сол сияқты бөтеннің мүлкін жойып немесе бүлдіріп не оны жою немесе бүлдіру қатерін төндіріп жасалған, қорқытып алу белгілері жоқ әрекеттер, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
221-бап. Тауар таңбасын заңсыз пайдалану
1. Бөтеннің тауар таңбасын, қызмет көрсету белгісін, фирмалық атауын, тауардың шығатын орнының атауын немесе олармен біртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметке арналған ұқсас белгіленімдерді заңсыз пайдалану, егер бұл әрекет бірнеше рет жасалса немесе ірі залал келтірсе, -
үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Қазақстан Республикасында тіркелмеген тауар таңбасына немесе тауардың шыққан орнының атауына қатысты ескерту маркалауды заңсыз пайдалану, егер бұл әрекет бірнеше рет жасалса немесе ірі залал келтірсе, -
екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
222-бап. Коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын
мәліметтерді заңсыз алу және жария ету
1. Құжаттарды ұрлау, коммерциялық немесе банктік құпияны білетін адамдарды немесе олардың туыстарын сатып алу немесе оларды қорқыту жолымен, байланыс құралдарында ұстап қалу, компьютерлік жүйеге немесе желіге заңсыз кіру, арнаулы техникалық құралдарды пайдалану арқылы, сол сияқты бұл мәліметтерді жария ету не заңсыз пайдалану мақсатында өзге де заңсыз тәсілдермен коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді жинау -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді олардың иесінің келісімінсіз, қызметіне немесе жұмысына байланысты бұл құпия сеніп тапсырылған адамның пайдакүнемдік немесе өзге де жеке басының мүддесіне орай және ірі залал келтіріп заңсыз жария етуі немесе пайдалануы -
үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалған операциялар туралы қаржы мониторингі субъектілерінен алынған мәліметтер мен ақпаратты заңсыз жария етуі немесе өзгедей заңсыз пайдалануы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соқса, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
223-бап. Эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар шығару
тәртібін бұзуы
Эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектісіне көрінеу дәйексіз мәліметтерді енгізу, сол сияқты эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы көрінеу дәйексіз есеп жасау -
бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
224-бап. Бағалы қағаздар эмитенті лауазымды адамының
ақпарат бермеуі не көрінеу жалған мәліметтер
беруі
Бағалы қағаздар эмитенті лауазымды адамының бағалы қағаздарды ұстаушыларға не эмитентке ірі залал келтірген мүліктік пайда табу мақсатында мемлекеттік органдарға және бағалы қағаздарды ұстаушыларға ақпарат бермеуі не көрінеу жалған мәліметтер беруі -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
225-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіліміне көрінеу
жалған мәліметтер енгізу
1. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіліміне осы бағалы қағаздарға деген құқықтың басқа адамға ауысуына әкеп соққан көрінеу жалған мәліметтер енгізу -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Ірі залал келтірген дәл сол әрекет -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
226-бап. Бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушыларының
көрінеу жалған мәліметтер беруі
Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының ірі залал келтірген, мүліктік пайда табу мақсатында мемлекеттік органдарға және бағалы қағаздарды ұстаушыларға бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шоттарындағы бағалы қағаздардың саны мен түрлері туралы және бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар туралы көрінеу жалған мәліметтер беруі -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
227-бап. Бағалы қағаздармен операциялар жүргізу
қағидаларын бұзу
1. Ірі залал келтірген бағалы қағаздармен операциялар жүргізу
қағидаларын бұзу -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Бірнеше мәрте не адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған дәл сол әрекет -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған әрекеттер, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
228-бап. Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау,
сақтау, алып өту немесе өткізу
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалған банкноттары мен монеталарын, мемлекеттік бағалы қағаздарды немесе Қазақстан Республикасының валютасындағы басқа бағалы қағаздарды не шетел валютасын және шетел валютасындағы бағалы қағаздарды өткізу мақсатында жасау немесе сақтау, өткізу -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бірнеше мәрте;
3) ірі мөлшерде;
4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы алып өтіп жасалса, -
мүлкі тәркіленіп бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған әрекеттер, -
мүлкі тәркіленіп сегіз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
229-бап. Жалған төлем карточкалары мен өзге де төлем және
есеп айырысу құжаттарын жасау немесе өткізу
1. Жалған төлем карточкаларын, сондай-ақ бағалы қағаздар болып табылмайтын өзге де төлем және есеп айырысу құжаттарын өткізу мақсатында жасау немесе өткізу -
мүлкі тәркіленіп үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бірнеше рет жасалған немесе қылмыстық топ жасаған дәл сол әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
230-бап. Акцизделетін тауарларды акциздік маркалармен
және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен
таңбалаудың тәртібі мен қағидаларын бұзу,
акциздік маркаларды және (немесе) есепке
алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және
пайдалану
1. Айтарлықтай залал келтіруге әкеп соққан акцизделетін тауарларды акциздік маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен маркалаудың тәртібі мен қағидаларын бұзу -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Көрінеу жалған акциздік маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын өткізу мақсатында жасау немесе иемденіп алу, сол сияқты пайдалану немесе өткізу, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
231-бап. Экономикалық контрабанда
1. Кедендік бақылаудан тыс немесе одан жасырын не құжаттарды немесе кедендік сәйкестендіру құралдарын алдап пайдалану арқылы жасалған не декларацияланбаумен немесе дәйексіз декларациялаумен ұштасқан тауарларды немесе өзге де заттарды, осы Кодекстің 282-бабында көрсетілгендерін қоспағанда, кедендік шекарадан өткізуге тыйым салынған немесе өткізу шектелген, кедендік шекара арқылы өткізудің арнайы қағидалары белгіленген тауарларды, заттар мен құндылықтарды ірі мөлшерде Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу -
мүлкі тәркіленіп екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
1) бірнеше рет;
2) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;
3) шекаралық немесе кедендік бақылауды жүзеге асырушы адамға күш қолдану арқылы;
4) аса ірі мөлшерде;
5) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалса, -
мүлкі тәркіленіп төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
1) мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам жасаған әрекеттер, егер олар өзінің қызмет бабын пайдалануымен ұласса;
2) қылмыстық топ жасаған әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, ал 1) тармағында көзделген жағдайларда белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып, үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
232-бап. Ұлттық және шетел валютасындағы қаражатты
шетелден қайтармау
Ұйым басшысының немесе дара кәсіпкердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының уәкілетті банкіндегі шоттарға міндетті түрде аударылуға жататын ұлттық және шетел валютасындағы қаражатын шетелден ірі мөлшерде қайтармауы -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз үш мыңнан бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
233-бап. Кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуден жалтару
1. Ірі мөлшердегі кедендік бажды, салықтарды, кедендік алымдарды немесе басқа кедендік төлемдерді төлеуден жалтару -
бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға, тартуға не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
1) бірнеше мәрте;
2) лауазымды адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасалса, -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бересінің сомасын, есептелген өсімпұлдарды, айыппұлдар сомасын өз еркімен төлеген адам, егер оның іс-әрекетінде өзге қылмыстың құрамы болмаса, осы баптың бірінші бөлігі бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
234-бап. Банкроттық кезіндегі заңсыз іс-әрекеттер
1. Мүлікті немесе мүліктік міндеттемелерді, мүлік, оның мөлшері, орналасқан жері туралы мәліметтерді не мүлік туралы өзге де ақпаратты жасыру, мүлікті өзгенің иелігіне беру, мүлікті иеліктен шығару немесе жою, сол сияқты бухгалтерлік және (немесе) есепке алу құжаттамасын не экономикалық қызметті көрсететін өзге де құжаттарды жасыру, жою, бұрмалау, егер бұл іс-әрекетті банкроттық кезіндегі немесе банкроттықты күн ілгері біле отырып, борышкер ұйымның басшысы немесе меншік иесі не жеке кәсіпкер, сол сияқты конкурстық іс жүргізу кезінде дәрменсіз борышкердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі өкілеттіктер берілген адам жасаса және ол ірі залал келтірсе, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Өзінің шын мәнінде дәрменсіздігін (банкроттығын) білетін борышкер ұйымның басшысы немесе меншік иесі не дара кәсіпкер, сол сияқты конкурстық іс жүргізу немесе оңалту рәсімі кезінде дәрменсіз борышкердің мүлкін және істерін басқару жөніндегі өкілеттік берілген адам басқа кредит берушілерге көрінеу залал келтіре отырып жекелеген кредит берушілердің мүліктік талаптарын заңсыз қанағаттандыруы, егер бұл әрекет ірі мөлшерде залал келтірсе, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
235-бап. Әдейі банкроттық
Коммерциялық ұйым басшысының немесе меншік иесінің, сол сияқты дара кәсіпкердің жеке мүддесі немесе өзге адамдардың мүддесі үшін ірі залалға немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан әдейі банкроттық, яғни төлем қабілетсіздігін қасақана жасауы немесе ұлғайтуы, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
236-бап. Төлем қабілетсіздігіне дейін жеткізу
1. Мүлкін немесе мүліктік міндеттемелерін, мүлкі, оның мөлшері, орналасқан жері туралы мәліметтерді не мүлкі туралы өзге ақпаратты жасыру, мүлікті өзгенің иелігіне беру, мүлікті иеліктен шығару немесе жою, сол сияқты бухгалтерлік және (немесе) есепке алу құжаттамасын не экономикалық қызметі көрсететін өзге де құжаттарды жасыру, жою, бұрмалау, егер төлем қабілетсіздігіне, мәжбүрлеп таратуға, оңалтуға әкеп соққан төлем қабілетсіздігіне әкелген осы іс-әрекеттерді (әрекетсіздікті) борышкер ұйымның басшысы немесе меншік иесі не дара кәсіпкер жасаса, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, жинақтаушы зейнетақы орын, банкті мәжбүрлеп таратуға әкеп соққан төлем қабілетсіздігіне әкелген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының, банктің ірі қатысушысы-жеке тұлғаның, ірі қатысушысы-заңды тұлғаның бірінші басшысының не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының, банктің, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басқару органының немесе атқарушы органының функцияларын тұрақты, уақытша не арнайы өкілеттік бойынша орындайтын адамның қасақана іс-әрекеті (әрекетсіздігі), -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
237-бап. Жалған банкроттық
Коммерциялық ұйым басшысының немесе меншік иесінің, сол сияқты дара кәсіпкердің кредит берушілерге тиесілі төлемдерін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу немесе борышын азайту, сол сияқты борышын төлемеу үшін кредит берушілерді жаңылыстыру мақсатында өзінің дәрменсіздігі туралы көрінеу жалған хабарлауы, егер бұл әрекет ірі залал келтірсе, -
бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
238-бап. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен
қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзу
Бухгалтерлік есеп жүргізуге уәкілетті адамның заңнамада көзделген мәліметтерді құжаттаудан жалтаруы не осы адамның бухгалтерлік құжаттамаға ұйымның шаруашылық және қаржы қызметі туралы көрінеу жалған ақпаратты енгізуі, сол сияқты ірі залал келтірген бухгалтерлік құжаттамаларды олардың сақталу мерзімі аяқталғанға дейін жоюы -
бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
239-бап. Банк операциялары туралы көрінеу жалған
мәліметтер беру
Банк қызметкерлерінің заңды немесе жеке тұлғалардың банк шоттары бойынша операциялар туралы көрінеу жалған мәліметтер беруі, сол сияқты осы банктің іс жүзіндегі қаржы жағдайымен көрінеу қамтамасыз етілмеген кепілдемелер, кепілдіктер және өзге де міндеттемелер беруі, егер бұл іс-әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірсе немесе келтіруі мүмкін болса, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
240-бап. Банктің ақша қаражатын заңсыз пайдалану
1. Банк қызметкерлерінің банктің өз қаражатын және (немесе) банктің тартылған қаражатын көрінеу қайтарымсыз кредит беру немесе банкке көрінеу пайдасыз мәмілелер жасау үшін пайдалануы, сол сияқты банк клиенттеріне не басқа адамдарға негізсіз банк кепілін немесе негізсіз жеңілдік шарттарын беруі, егер осы әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірсе, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Банк қызметкерлерінің клиенттердің банк шоттары бойынша ақша сомаларын, оның ішінде валюта қаражатын көрінеу дұрыс аудармауы немесе көрінеу уақтылы аудармауы, егер осы әрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірсе, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
241-бап. Азаматтың салық және (немесе) бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруы
1. Азаматтың декларация табыс етуі міндетті болып табылатын жағдайларда табыстары туралы декларация табыс етпеу арқылы не декларацияға немесе салықтарды және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеумен немесе төлеумен байланысты өзге де құжаттарға табыстар немесе шығыстар туралы не салық салынуға тиісті мүлкі туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізу арқылы салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруы, егер бұл әрекет ірі мөлшердегі салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлемеуге әкеп соқса, -
бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
1) бірнеше рет;
2) жұмыстарды іс жүзінде орындамай, қызмет көрсетпей, жүктерді тиеп-жөнелтпей, шот-фактура пайдаланыла отырып жасалса, -
үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
242-бап. Ұйымдарға салынатын салықты және (немесе)
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді
төлеуден жалтару
1. Декларация табыс ету міндетті болып табылған кезде, декларацияны табыс етпеу не декларацияға табыстар және (немесе) шығыстар туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізу жолымен, салық салынатын басқа да объектілерді және (немесе) басқа да міндетті төлемдерді жасыру жолымен ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару, егер бұл әрекет салықты және (немесе) басқа да міндетті төлемдерді ірі мөлшерде төлемеуге әкеп соқса, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет
1) бірнеше рет;
2) жұмыстарды іс жүзінде орындамай, қызмет көрсетпей, жүктерді тиеп-жөнелтпей, шот-фактура пайдаланыла отырып;
3) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалса, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған не аса ірі мөлшерде жасалған әрекет -
мүлкі тәркіленіп, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып алты жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
243-бап. Салық төлеушінің салық берешегі есебіне билік
ету шектелген мүлікке қатысты заңсыз
іс-әрекеттер
Мүлкі шектелген адамның салық органдары билік етуге шектеу қойған мүлікті ысырап етуі, иеліктен шығаруы, жасырып қалуы немесе заңсыз беруі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда осындай мүлікті беруден бас тартуы, сол сияқты кредит ұйымы қызметшісінің салық органдары шығыс операцияларын тоқтата тұрған ақша қаражатымен (салымдармен) банк операцияларын жүзеге асыруы -
бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
244-бап. Заңсыз сыйақы алу
1. Мемлекеттік органның не мемлекеттік ұйымның мемлекеттік
функцияларды атқаруға уәкілетті адамы болып табылмайтын қызметкерінің
немесе оған теңестірілген адамның, сол сияқты мемлекеттік емес ұйымның басқару функцияларын атқармайтын қызметкерінің өз міндеттері шеңберіндегі жұмысты орындағаны немесе қызмет көрсеткені үшін материалдық сыйақыны, жеңілдіктерді немесе мүліктік сипатта көрсетілетін қызметтерді заңсыз алуы -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Бірнеше рет немесе ірі мөлшерде сыйақы алумен байланысты жасалған не қорқытып алумен ұласқан дәл сол әрекет -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
245-бап. Мәміле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға
мәжбүрлеу
1. Күш қолдану, бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру, сол сияқты жәбірленуші мен оның жақындарының құқықтары мен заңды мүдделеріне едәуір зиян келтіруі мүмкін мәліметтерді тарату қатерін төндіріп, мәміле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға, қорқытып алу белгілері болмаған кезде мәжбүрлеу -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер:
1) бірнеше мәрте;
2) күш қолданып жасалса, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған әрекет -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз екі жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
246-бап. Рейдерлік
1. Жоғары органның шешім қабылдауы кезінде жиналыстардың, отырыстардың хаттамаларына, олардан үзінділерге дауыс берушілердің саны, кворумы немесе дауыс беру нәтижелері туралы көрінеу дәйексіз мәліметтерді енгізу не дауыстар санауды немесе дауыс беруге арналған бюллетеньдердің есебін көрінеу дәйексіз жүргізу, акционердің, қатысушының, басқару органы мүшесінің немесе атқарушы орган мүшесінің дауыс беруге нақты қолжетімділігін бұғаттау немесе шектеу, жиналыстардың, отырыстардың өтуі туралы мәліметтерді хабарламау не жиналыстардың, отырыстардың өтетін уақыты мен орны туралы дәйексіз мәліметтерді хабарлау, көрінеу жалған сенімхатпен акционердің, қатысушының немесе басқару органы мүшесінің атынан дауыс беру жолымен, бағалы қағаздарды сатып алудың басым құқығын бұзу, шектеу немесе оған қысым жасау жолымен дауыс беру нәтижелерін қасақана бұрмалау не құқықты еркін іске асыруға кедергі келтіру нәтижесінде заңды тұлғадағы қатысу үлесіне меншік құқығын, сол сияқты заңды тұлғаның мүлкі мен бағалы қағаздарын заңсыз иемденіп алу немесе заңды тұлғаның үстінен бақылау орнату, сол сияқты бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру кезінде қасақана кедергілер келтіру не азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарына немесе заңмен қорғалатын мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруге әкеп соғатын өзге де заңсыз тәсілдерді жасау -
мүлкі тәркіленіп, екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бірнеше мәрте;
3) қызмет бабын пайдалана отырып жасалса, -
мүлкі тәркіленіп үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
1) қылмыстық топ жасаған;
2) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам не оған теңестірілген адам, не лауазымды адам, не жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам жасаған әрекеттер, егер олар өзінің қызмет бабын пайдалануымен ұласса, -
мүлкі тәркіленіп, ал 2) тармағында көзделген жағдайларда белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығына нөмір бойы айыра отырып жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
247-бап.Кәсіптік спорт жарыстарының және ойын-сауықтық
коммерциялық конкурстардың қатысушылары мен
ұйымдастырушыларын параға сатып алу
1. Спортшыларды, спорт судьяларын, жаттықтырушыларды, командалардың басшыларын және басқа да қатысушыларды немесе кәсіптік спорт жарыстарын ұйымдастырушыларды, сол сияқты ойын-сауықтық коммерциялық конкурстарды ұйымдастырушыларды немесе олардың қазылар алқасы мүшелерін осы жарыстардың немесе конкурстардың нәтижелеріне ықпал ету мақсатында параға сатып алуы, егер бұл әрекет осындай әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданғаннан кейін бір жыл ішінде жасалса,-
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Спортшылардың жарыстар нәтижелеріне ықпал ету мақсатында өздеріне берілген ақшаны, бағалы қағаздарды немесе өзге де мүлікті заңсыз алуы, сол сияқты спортшылардың сол мақсаттарда өздеріне берілген мүліктік сипатта көрсетілетін қызметтерді заңсыз пайдалануы, егер бұл әрекет осындай әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданғаннан кейін бір жыл ішінде жасалса, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
3. Спорт судьяларының, жаттықтырушылардың, командалар басшыларының және басқа да қатысушылардың немесе кәсіптік спорт жарыстарын ұйымдастырушылардың, сол сияқты ойын-сауықтық коммерциялық конкурстарды ұйымдастырушылардың немесе олардың қазылар алқасы мүшелерінің осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген мақсаттарда ақшаны, бағалы қағаздарды немесе өзге де мүлікті заңсыз алуы, мүліктік сипатта көрсетілетін қызметтерді заңсыз пайдалануы, егер бұл әрекеттер осындай әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданғаннан кейін бір жыл ішінде жасалса, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
9-тарау. Коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстық құқық бұзушылық
248-бап. Өкілеттіктерді теріс пайдалану
Коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару функцияларын атқаратын адамның өз өкілеттіктерін осы ұйымның заңды мүдделеріне қарсы және өзі немесе басқа тұлғалар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа тұлғаларға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында пайдалануы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруге әкеп соқса, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
249-бап. Жекеше нотариустардың, бағалаушылардың, жеке сот
орындаушыларының, медиаторлардың және аудиторлық
ұйым құрамында жұмыс істейтін аудиторлардың
өкілеттіктерді теріс пайдалануы
1. Жекеше нотариустың, бағалаушының, жеке сот орындаушысының, медиатордың, аудиторлық ұйым құрамында жұмыс істейтін аудитордың немесе аудиторлық ұйым басшысының өз өкілеттіктерін өз қызметінің міндеттеріне қайшы және өзі немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда табу және артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында пайдалануы, егер бұл әрекет азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтірсе, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Кәмелетке толмаған адамға немесе әрекетке қабілетсіз адамға қатысты көрінеу не бірнеше мәрте жасалған дәл сол әрекет -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
250-бап. Жеке күзет қызметі қызметшілерінің
өкілеттіктерін асыра пайдалануы
1. Жеке күзет қызметі басшысының немесе қызметшісінің лицензияға сәйкес өздеріне берілген өкілеттіктерін өзінің қызметтік міндеттеріне қарсы асыра пайдалануы, егер бұл әрекет күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп жасалса, -
бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Қару немесе арнаулы құралдар қолданып жасалған немесе ауыр зардап келтірген дәл сол әрекет -
бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
251-бап. Парамен коммерциялық сатып алу
1. Коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару функцияларын атқаратын адамға ақшаны, бағалы қағаздарды немесе өзге мүлікті заңсыз беру, сол сияқты оның өзінің қызмет бабын пайдалануы, сондай-ақ сатып алушы адамның мүддесіне жалпы қамқорлығы немесе қызметі бойынша салғырттығы үшін оған мүліктік сипатта заңсыз қызмет көрсету -
бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бірнеше мәрте не адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен не ірі мөлшерде жасалған дәл сол әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған не аса ірі мөлшерде жасалған әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару функцияларын атқаратын адамның ақшаны, бағалы қағаздарды, басқа да мүлікті заңсыз алуы, сол сияқты өзінің қызмет бабын пайдаланғаны үшін, сондай-ақ сатып алуды жүзеге асыратын адамның мүддесіне қызметі бойынша жалпы қамқорлығы немесе салғырттығы үшін мүліктік сипатта көрсетілген қызметті пайдалануы -
мүлкі тәркіленіп, екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген әрекеттер, егер олар:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалса;
2) бірнеше рет жасалса;
3) қорқытып алумен ұласса;
4) ірі мөлшерде жасалса, -
мүлкі тәркіленіп, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
6. Осы баптың төртінші немесе бесінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер оларды қылмыстық топ жасаса немесе олар аса ірі мөлшерде жасалса, -
мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту.
1. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді жасаған адам, егер оған қатысты қорқытып алушылық орын алған болса немесе егер ол құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органға сатып алушылық туралы өз еркімен хабарласа, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
2. Бұрын жасалған заңды әрекеттер үшін алдын ала уағдаластық болмаған жағдайда мүлікті беру немесе алу, мүліктік сипатта, қызметтер көрсету немесе мұндай қызметтерді сыйлық немесе сыйақы ретінде пайдалану, егер мүліктің немесе көрсетілетін қызметтердің құны екі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын болса, онша маңызды болмауына байланысты қылмыс болып табылмайды және тәртіптік немесе әкімшілік тәртіппен қудаланады.
252-бап. Міндеттеріне адал қарамау
Коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару функцияларын атқаратын адамның өз қызметіне адал қарамауы немесе ұқыпсыз қарауы салдарынан өз міндеттерін атқармауы немесе тиісінше атқармауы, егер бұл кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
10-тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық
253-бап. Терроризм актісі
1. Терроризм актісі, яғни жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік залал келтіру не қоғамға қауіпті өзге де зардаптардың туындау қаупін төндіретін өзге де іс-әрекеттер жасау, егер осы іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттің не халықаралық ұйымның шешім қабылдауына ықпал ету, соғысқа арандату не халықаралық жағдайды шиеленістіру мақсатында жасалса, сондай-ақ аталған іс-әрекеттерді дәл сол мақсатта жасау қатерін төндіру, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз төрт жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер:
1) бірнеше рет;
2) азаматтардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіруі мүмкін қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттар, жарылғыш заттар немесе жарылыс құрылғылары қолданып жасалса -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар:
1) жаппай қырып-жоятын қаруды, радиоактивті материалдарды қолданумен немесе қолдану қатерін төндірумен және жаппай уландыруды, эпидемия мен эпизоотияны таратуды, сол сияқты адамдарды жаппай қырып- жоюға әкеп соғуы мүмкін өзге де іс-әрекеттерді жасаумен немесе жасау қатерін төндірумен бірге жасалса;
2) абайсызда кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның шешімдер қабылдауына ықпал ету, соғысқа арандату не халықаралық жағдайды шиеленістіру мақсатында адамның өміріне қастандық жасау, сол сияқты дәл сол мақсатта, сондай-ақ оның мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында мемлекет немесе қоғам қайраткерінің өміріне қастандық жасау не халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға, ғимараттарға, құрылыстарға шабуыл жасаумен, адамды кепілге алумен, ғимараттарды, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын басып алумен, әуе немесе су көлігін, жылжымалы темір жол құрамын не өзге де қоғамдық көлікті айдап әкетумен, сол сияқты басып алумен ұласқан кісі өміріне қол сұғу -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойы бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына жазаланады.
Ескерту. Терроризм актісін дайындауға қатысатын адам, егер ол мемлекеттік органдарға дер кезінде ескертуімен немесе өзге тәсілмен терроризм актісін болғызбауға септігін тигізсе және егер оның іс-әрекетінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
254-бап. Терроризмді не экстремизмді насихаттау немесе
терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру
1. Терроризмді не экстремизмді насихаттау немесе терроризм не экстремизм актісін жасауға жария түрде шақыру, сол сияқты көрсетілген мазмұндағы материалдарды тарату -
мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адам өзінің қызмет бабын пайдалануымен не қоғамдық бірлестіктің басшысы жасаған не бұқаралық ақпарат құралдары немесе ақпараттық коммуникациялық желілер пайдалана отырып жасалған не адамдар тобы жасаған немесе адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған дәл сол әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
255-бап. Террористік топ құру, оған басшылық ету және
оның әрекетіне қатысу
1. Террористік топ құру, сол сияқты оған басшылық жасау -
мүлкі тәркіленіп, сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Террористік топтың әрекетіне немесе ол жасап жатқан терроризм актілеріне қатысу -
мүлкі тәркіленіп, алты жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып не қоғамдық бірлестіктің басшысы жасаған әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
256-бап. Террористік немесе экстремистік әрекетті
қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге
өзге де дем берушілік
1. Жеке адамға, не адамдар тобына, не заңды тұлғаға олардың қызметінің террористік немесе экстремистік сипатын не берілген мүлік, көрсетілген ақпараттық, қаржылық және өзге қызмет түрлері террористік немесе экстремистік қызметті жүзеге асыру не террористік немесе экстремистік топты, террористік немесе экстремистік ұйымды, заңсыз әскерилендірілген құралымды қамтамасыз ету үшін пайдаланылатынын көрінеу білген адамның ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті, мүлікке құқықты немесе мүліктік сипаттағы пайданы беруі немесе жинауы, сондай-ақ сыйға тартуы, айырбастауы, қайырмалдығы, демеушілік және қайырымдылық көмегі, ақпараттық және өзге де қызмет түрлерін көрсетуі не қаржылық қызмет көрсетуі -
мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бірнеше рет, не адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, не ірі мөлшерде жасалған дәл сол әрекеттер, -
мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Күш қолдану қатерін төндіріп террористік немесе экстремистік әрекетті қаржыландыруды және терроризмге не экстремизмге өзге де жәрдемдесуде жүзеге асырушы және ол туралы ерікті түрде мәлімдеуші, сондай-ақ қылмыстың ашылуына немесе жолын кесуге белсенді түрде жәрдемдескен адам, егер оның іс-әрекетінде өзге де қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
257-бап. Террористік не экстремистік әрекетті ұйымдастыру
мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе
даярлау не қаруландыру
1. Террористік не экстремистік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау не қаруландыру -
мүлкі тәркіленіп, алты жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып немесе кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған дәл сол әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
258-бап. Адамды кепілге алу
1. Кепілге алынған адамды босату шарты ретінде мемлекетті, ұйымды немесе басқа адамды қандай да бір іс-әрекет жасауға немесе қандай да бір іс-әрекет жасаудан тартынуға мәжбүрлеу мақсатында адамды кепілге алу немесе кепіл ретінде ұстау -
үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бірнеше рет,
3) өміріне немесе денсаулығына қауіпті күш қолданып;
4) қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттар қолданыла отырып;
5) көрінеу кәмелетке толмағанға қатысты;
6) кінәліге жүктілік жағдайы көрінеу белгілі әйелге қатысты;
7) көрінеу дәрменсіз күйдегі адамға қатысты;
8) екі немесе одан да көп адамға қатысты;
9) пайдакүнемдік ниетпен немесе жалдау арқылы жасалса -
жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер оларды қылмыстық топ жасаса не олар абайсызда кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, -
он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Кепілге алынған адамды өз еркімен немесе биліктің талап етуі бойынша босатқан адам, егер оның іс-әрекетінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
259-бап. Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оған
басшылық жасау, сол сияқты оған қатысу
1. Ұйымдасқан топ немесе қылмыстық ұйым құру, сол сияқты оған немесе қылмыстық ұйымның құрылымдық бөлімшесіне басшылық жасау -
мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ұйымдасқан топқа немесе қылмыстық ұйымға қатысу -
мүлкі тәркіленіп бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, сегіз жылдан он үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы Кодекстің 259, 260, 261, 262, 265-баптарында қылмыстық топқа қатысуын өз еркімен тоқтатқан және қылмыстық топ жасап жатқан немесе жасаған қылмыстарды ашуға немесе олардың жолын кесуге белсенді түрде жәрдемдескен адам, егер оның іс-әрекетінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
260-бап. Қылмыстық қоғамдастық құру және оған басшылық
жасау, сол сияқты оған қатысу
1. Бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында қылмыстық қоғамдастық құру не оған басшылық жасау, сол сияқты ұйымдасқан топтар (қылмыстық ұйымдар) басшыларының немесе өзге де қатысушыларының бірлестігін құру немесе дербес әрекет ететін ұйымдасқан топтардың (қылмыстық ұйымдардың) қылмыстық іс-әрекеттерін үйлестіру -
мүлкі тәркіленіп он екі жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ұйымдасқан топтар, қылмыстық ұйымдар, қылмыстық ұйымдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының қылмыстық қоғамдастыққа қатысуы -
мүлкі тәркіленіп, сегіз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Қылмыстық іс-әрекеттерді үйлестіру мақсатында ұйымдасқан топтар, қылмыстық ұйымдар басшыларының, өзге де қатысушыларының жиналысына, соның ішінде байланыс құралдарын пайдалана отырып қатысу -
мүлкі тәркіленіп, он екі жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, он екі жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, ұйымдасқан топтардың (қылмыстық ұйымдардың) басшылары арасында жетекші орын алатын адам жасаған әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге не өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
261-бап. Трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық
қылмыстық ұйым құру және оған басшылық жасау,
сол сияқты оған қатысу
1. Трансұлттық ұйымдасқан топ немесе трансұлттық қылмыстық ұйым
құру, сол сияқты оған немесе трансұлттық қылмыстық ұйымның құрылымдық
бөлімшесіне басшылық жасау -
мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Трансұлттық ұйымдасқан топқа немесе трансұлттық қылмыстық ұйымға қатысу -
мүлкі тәркіленіп, сегіз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, он екі жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
262-бап. Трансұлттық қылмыстық қоғамдастық құру және оған
басшылық жасау, сол сияқты оған қатысу
1. Трансұлттық қылмыстық қоғамдастық құру, сол сияқты оған
басшылық жасау -
мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Трансұлттық қылмыстық қоғамдастыққа қатысу -
мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, он жеті жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
263-бап. Қылмыстық топтың әрекетін қаржыландыру, сол
сияқты мүлікті сақтау, бөлу, қаржыландыру
арналарын әзірлеу
1. Ұйымдасқан топты, қылмыстық ұйымды, қылмыстық қоғамдастықты, трансұлттық ұйымдасқан топты, трансұлттық қылмыстық ұйымды, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықты немесе банданы қамтамасыз ету үшін пайдаланылатынын көрінеу біле тұра адамның жеке тұлғаға не адамдар тобына не заңды тұлғаға ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті, мүлікке құқықты немесе мүліктік сипаттағы пайданы беруі немесе жинауы, сондай-ақ сыйға тартуы, айырбастауы, қайырмалдықтар, демеушілік және қайырымдылық көмек, ақпараттық және өзге де қызмет түрлерін көрсетуі не қаржылық қызмет көрсетуі -
мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Қылмыстық топқа қатысушының мүлікті сақтауы, бөлуі, сондай-ақ қаржыландыру арналарын әзірлеуі -
мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Қылмыстық топтың әрекетін қаржыландыруды күш көрсету қатерін төндіріп жүзеге асырған және бұл туралы өз еркімен мәлімдеген адам, егер оның іс-әрекетінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
264-бап. Заңсыз әскерилендірілген құралымды ұйымдастыру
1. Заңсыз әскерилендірілген құралым құру, сол сияқты осындай құралымға басшылық жасау -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Заңсыз әскерилендірілген құралымға қатысу -
үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мерзімдегі түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Заңсыз әскерилендірілген құрылымға қатысуын ерікті түрде тоқтатқан және қаруы мен әскери жабдығын тапсырған адам, егер оның іс-әрекетінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
265-бап. Бандитизм
1. Тұрақты қарулы топ (банда) құру, сол сияқты осындай топқа (бандаға) басшылық жасау -
мүлкі тәркіленіп, он екі жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Тұрақты қарулы топқа (бандаға) немесе ол жасап жатқан шабуылдарға қатысу-
мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
266-бап. Ғимараттарға, құрылыстарға қатынас және байланыс
құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу
1. Ғимараттарға, құрылыстарға (оның ішінде Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында орналасқан стационарлық платформаларға), қатынас және байланыс құралдарына, өзге де коммуникацияларға шабуыл жасау, сол сияқты оларды басып алу -
үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бірнеше рет;
3) өміріне немесе денсаулығына қауіпті күш қолданып;
4) қару не қару ретінде пайдаланылатын басқа заттар қолданыла отырып;
5) пайдакүнемдік ниетпен немесе жалдау арқылы;
6) мемлекеттік органдардың немесе мемлекеттік мекемелердің ғимараттарына қатысты жасалса, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер оларды қылмыстық топ жасаса не олар абайсызда кісі өліміне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
267-бап. Әуе немесе су кемесін не жылжымалы теміржол
құрамын айдап әкету, сол сияқты басып алу
1. Әуе немесе су кемесін не жылжымалы теміржол құрамын айдап әкету, сол сияқты айдап әкету мақсатында осындай көлік пен құрамды басып алу -
екі жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бірнеше рет;
3) өміріне немесе денсаулығына қауіпті күш қолданып немесе осындай күш қолдану қатерін төндіріп;
4) қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттар қолданыла отырып жасалса, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер оларды қылмыстық топ жасаса не олар абайсызда кісі өліміне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
268-бап. Теңіз қарақшылығы
1. Теңіз немесе өзен кемесіне бөтеннің мүлкін басып алу мақсатында күш қолданып не күш қолдану қатерін төндіріп шабуыл жасау -
мүлкі тәркіленіп бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бірнеше мәрте не қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттар қолданылып жасалған дәл сол әрекет -
мүлкі тәркіленіп сегіз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер оларды қылмыстық топ жасаса не олар абайсызда кісі өліміне не өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса, -
мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
269-бап. Жаппай тәртіпсіздік
1. Күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлікті жоюмен, атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сондай-ақ билік өкіліне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру -
төрт жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген жаппай тәртіпсіздікке қатысу-
үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Билік өкілдерінің заңды талаптарына белсенді түрде бағынбауға және жаппай тәртіпсіздікке шақыру не жаппай тәртіпсіздікке арандату, сол сияқты азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру -
үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
270-бап. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар
беру
Дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар беру -алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
271-бап. Жаппай зақымдау қаруын, қару-жарақты және
әскери техниканы жасау кезінде пайдаланылатын
технологияларды, ғылыми-техникалық ақпаратты
және көрсетілетін қызметтерді заңсыз экспорттау
Жаппай зақымдау қаруын, олардың жеткізу құралдарын, қару-жарақты және әскери техниканы жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін және арнайы экспорттық бақылау орнатылған технологияларды, ғылыми-техникалық ақпаратты және көрсетілетін қызметтерді заңсыз экспорттау -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
272-бап. Атом энергиясын пайдалану объектілерінде
қауіпсіздік қағидаларын бұзу
1. Атом энергиясын пайдалану объектілерін орналастыру, жобалау, салу, іске қосу, пайдалану, жөндеу, пайдаланудан алып тастау кезінде, сол сияқты ядролық материалдармен, радиоактивті заттармен, радиоактивті қалдықтармен немесе иондаушы сәулелену көздерімен айналысу кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу, егер бұл әрекет абайсызда адам денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соқса, -
екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол әрекет -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Абайсызда кісі өліміне немесе қоршаған ортаның радиоактивтік зақымдануына немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
273-бап. Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу
кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу
1. Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу, егер бұл абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соқса, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан әрекет -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
274-бап. Сапасыз салынған құрылыс
1. Құрылыс ұйымдары басшыларының, жұмыс жүргізушілердің және құрылыстың сапасын бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың сапасыз салынған, аяқталмаған немесе шарттың және жобалау құжаттамасының талаптарына сәйкес келмейтін ғимараттар мен құрылыстарды, автомобиль жолдарын, тоннельдерді, электр станцияларын, тұрғын үйлерді немесе өзге де құрылыс объектілерін пайдалануға тапсыруы және (немесе) пайдалануға қабылдауы, сол сияқты оларды сапасыз жөндеуі, егер бұл абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соқса, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекеттер -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан әрекеттер -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
275-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі
саласындағы қағидаларды немесе нормативтердің
талаптарын бұзу
1. Абайсызда кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қағидаларды немесе нормативтердің талаптарын бұзу -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан әрекеттер -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
276-бап. Сараптамалық жұмыстарды немесе инжинирингтік
қызмет көрсетуді тиісінше орындамау
1. Абайсызда кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан сараптамалық жұмыстарды немесе инжинирингтік қызмет көрсетуді тиісінше орындамау -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан әрекет -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
277-бап. Жарылыс қаупі бар объектілерде қауіпсіздік
қағидаларын бұзу
1. Жарылыс қаупі бар объектілерде немесе жарылыс қаупі бар цехтарда қауіпсіздік қағидаларын бұзу, егер бұл абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зардаптарға әкеп соқса, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан әрекет -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
278-бап. Ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік
қағидаларын бұзу
1. Ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу, егер бұл абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соқса, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады-
2. Абайсызда кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан әрекет -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарда атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып не онсыз үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
279-бап. Радиоактивті заттармен, радиоактивті
қалдықтармен, ядролық материалдармен заңсыз
айналысу
1. Радиоактивті заттарды, радиоактивті қалдықтарды немесе ядролық материалдарды заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, пайдалану, беру, қайта өңдеу, бүлдіру, тозаңдату немесе көму -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Радиоактивті заттарды, радиоактивті қалдықтарды немесе ядролық материалдарды заңсыз өткізу, сол сияқты өткізу мақсатында радиоактивті заттарды, радиоактивті қалдықтарды немесе ядролық материалдарды заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз екі жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған не абайсызда кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
280-бап. Радиоактивті заттарды, радиоактивті қалдықтарды
немесе ядролық материалдарды ұрлау не қорқытып
алу
1. Радиоактивті заттарды, радиоактивті қалдықтарды немесе ядролық материалдарды ұрлау не қорқытып алу -
бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бірнеше рет;
3) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;
4) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолданып не сондай күш қолдану қатерін төндіріп жасалса, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
1) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолданып не сондай күш қолдану қатерін төндіріп жасалған;
2) қылмыстық топ жасаған әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
281-бап. Радиоактивті заттармен, радиоактивті
қалдықтармен, ядролық материалдармен жұмыс істеу
қағидаларын бұзу
1. Радиоактивті заттарды, радиоактивті қалдықтарды немесе ядролық материалдарды сақтау, пайдалану, есепке алу, көму, тасымалдау қағидаларын және олармен жұмыс істеудің басқа да қағидаларын бұзу, егер бұл әрекеттер кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін болса, -
екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда кісі өліміне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
282-бап. Айналыстан алынған заттардың немесе айналысы
шектелген заттардың контрабандасы
1. Есірткі, психотроптық заттарды, оларға тақылеттес заттарды, прекурсорларды, күшті әсер ететін, улы, уландырғыш, радиоактивті заттарды, радиоактивті қалдықтарды немесе ядролық материалдарды, жарылғыш заттарды, қару-жарақты, әскери техниканы, жарылыс құрылғыларын, атыс қаруын немесе оқ-дәрілерді, жаппай қырып-жою қаруының ядролық, химиялық, биологиялық немесе басқа да түрлерін, жаппай қырып-жою қаруын жасау үшін пайдаланылуы мүмкін материалдарды, жабдықтарды немесе компоненттерді Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы кедендік бақылаудан тыс немесе одан жасырын не құжаттарды немесе кедендік сәйкестендіру құралдарын алдап пайдалану арқылы не декларацияланбаумен немесе дәйексіз декларациялаумен алып өту, сол сияқты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз өткізу -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
1) бірнеше рет,
2) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;
3) шекаралық немесе кедендік бақылауды жүзеге асырушы адамға күш қолданып;
4) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
5) есірткі, психотроптық заттарға, оларға тақылеттес заттарға, прекурсорларға қатысты ірі мөлшерде жасалса, -
мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, есірткі, психотроптық заттармен немесе оларға тақылеттес заттармен байланысты аса ірі мөлшерде жасалған әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
283-бап. Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және
жарылыс құрылғыларын заңсыз иемденіп алу,
біреуге беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе
алып жүру
1. Суық қаруды алып жүру аңшылық кәсіпшілікке байланысты болған жағдайды қоспағанда, суық қаруды заңсыз алып жүру немесе өткізу, сол сияқты тиісті рұқсаты жоқ жеке тұлғаларға, ұйымдарға қару-жарақты және оған оқ-дәріні сауда ұйымдары қызметкерлерінің сатуы, -
екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Атыс қаруын (тегіс ұңғылы аңшы мылтығынан басқа), оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз сатып алу, біреуге беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру —
бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен немесе бірнеше мәрте жасалған әрекеттер -
үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған әрекеттер -
бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы бапта көрсетілген заттарды өз еркімен тапсырған адам, егер оның іс-әрекетінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
284-бап. Қаруды заңсыз жасау
1. Атыс қаруын, оның жинақтаушы бөлшектерін заңсыз жасау немесе жөндеу, сол сияқты оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз даярлау -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен немесе бірнеше мәрте жасалған дәл сол әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Газ қаруын, суық қаруды, соның ішінде лақтырғыш қаруды заңсыз жасау -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
Ескерту. Осы бапта көрсетілген заттарды өз еркімен тапсырған адам, егер оның іс-әрекетінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
285-бап. Атыс қаруын ұқыпсыз сақтау
Атыс қаруын басқа адамның пайдалануы үшін жағдай туғызып оны ұқыпсыз сақтау, егер бұл адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, -
үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға, тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
286-бап. Қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды немесе
жарылыс құрылғыларын күзету жөніндегі
міндеттерді тиісінше орындамау
1. Атыс қаруын, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын күзету тапсырылған адамның өз міндеттерін тиісінше орындамауы, егер бұл олардың ұрлануына немесе жойылуына не өзге де ауыр зардаптардың тууына әкеп соқса, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Жаппай қырып-жоятын қаруды не жаппай қырып-жоятын қару жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін материалдарды немесе жабдықтарды күзету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау, егер бұл ауыр зардаптарға әкеп соқса не олардың туындау қаупін туғызса, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
287-бап. Қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жарылыс
құрылғыларын ұрлау не қорқытып алу
1. Атыс қаруын, оның жинақтаушы бөлшектерін, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын ұрлау не қорқытып алу -
үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Жаппай қырып-жою қаруын, сол сияқты жаппай қырып-жою қаруын жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін материалдарды немесе жабдықтарды ұрлау не қорқытып алу -
бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар:
1) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;
2) бірнеше рет;
3) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолданып не сондай күш қолдану қатерін төндіріп;
4. адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалса, -
мүлкін тәркілеп немесе онсыз бес жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар:
1) қылмыстық топтың қатысуымен;
2) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолданып не сондай күш қолдану қатерін төндіріп жасалса, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
288-бап. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу
1. Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға жауапты адамның оларды бұзуы, егер бұл абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян немесе азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтіруге әкеп соқса, -
екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан әрекеттер -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
289-бап. Бұзақылық
1. Бұзақылық, яғни қоғамды анық құрметтемеуді білдіретін қоғамдық тәртіпті бұзу -
екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Аса қатыгездікпен жасалған, яғни азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндіріп, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен не ерекше арсыздықпен ерекшеленетін әдепсіз іс-әрекет жасаумен ұласқан бұзақылық -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген әрекет, егер ол:
1) адамдар тобымен, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалса;
2) билік өкіліне не қоғамдық тәртіпті қорғау жөніндегі міндеттерді атқарушы немесе қоғамдық тәртіпті бұзуға тыйым салушы өзге де адамға қарсылық көрсетумен байланысты болса;
3) бірнеше мәрте жасалса;
4) әуе, өзен, теңіз кемесінің, теміржол көлігінің бортында жасалса, -бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген:
1) қылмыстық топтың қатысуымен;
2) атыс қаруын, газ қаруын, пышақты, кастеттерді және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтіру үшін арнайы бейімделген басқа да заттарды қолданып немесе қолдануға тырысып жасалған әрекет, -
үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
290-бап. Тағылық
Тағылық, яғни мемлекет қорғайтын ғимараттарды, өзге де құрылыстарды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, табиғи объектілерді жазулармен немесе суреттермен немесе қоғамдық адамгершілікті қорлайтын өзге де іс-әрекеттермен қорлау, сол сияқты көлікте немесе өзге де қоғамдық орындарда мүлікті қасақана бүлдіру -
үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
11-тарау. Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық
291-бап. Өткізу мақсатынсыз есірткі, психотроптық заттардың, оларға тақылеттес заттардың, олардың прекурсорларының заңсыз айналымы
1. Қоғамдық орындарда есірткі, психотроптық заттарды, оларға тақылеттес заттарды, олардың прекурсорларын медициналық емес тұтыну -
жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Есірткі, психотроптық заттарды, оларға тақылеттес заттарды, олардың прекурсорларын өткізу мақсатынсыз заңсыз жасау, қайта өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау -
екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
3. Есірткі, психотроптық заттарды, оларға тақылеттес заттарды ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз жасау, қайта өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау -
үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
4. Есірткі, психотроптық заттарды, оларға тақылеттес заттарды аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз жасау, қайта өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау -
үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту.
1) Есірткі және психотроптық заттардың мөлшері «Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қоса берілген Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды және олардың прекурсорларын шағын, ірі және аса ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестеде белгіленеді. Есірткі мен психотроптық заттарға тақылеттес заттардың ірі емес, ірі және аса ірі мөлшері олар тақылеттес болып табылатын есірткі және психотроптық заттардың ірі емес, ірі және аса ірі мөлшеріне сәйкес келеді.
2) Жеке тұтыну үшін сатып алған есірткі, психотроптық заттарды, оларға тақылеттес заттарды, олардың прекурсорларын өз еркімен тапсырған не есірткі, психотроптық заттарды немесе оларға тақылеттес заттарды медициналық емес мақсатта тұтынуына байланысты медициналық көмек көрсетілуі үшін медициналық мекемеге өз еркімен барған не есірткі, психотроптық заттардың, оларға тақылеттес заттардың, олардың прекурсорларының заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды ашуға немесе олардың жолын кесуге, оларды жасаған адамдарды әшкерелеуге, қылмыстық жолмен алынған мүлікті табуға белсенді көмек көрсеткен адам осы бап бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
292-бап. Есірткі, психотроптық заттарды, оларға
тақылеттес заттарды өткізу мақсатында заңсыз
жасау, қайта өңдеу, иемденіп алу, сақтау,
тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу
1. Есірткі, психотроптық заттарды, оларға тақылеттес заттарды өткізу мақсатында заңсыз жасау, қайта өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу -
мүлкі тәркіленіп бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Есірткі, психотроптық заттарға, оларға тақылеттес заттарға қатысты ірі мөлшерде жасалған дәл сол әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, алты жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген әрекеттер:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бірнеше рет;
3) есірткі, психотроптық заттарға, оларға тақылеттес заттарға қатысты аса ірі мөлшерде;
4) лауазымды адамның қызмет бабын пайдалануымен жасалса, -
мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған әрекеттер, сол сияқты есірткі, психотроптық заттарды, оларға тақылеттес заттарды білім беру ұйымдарында не көрінеу кәмелетке толмаған адамға өткізу, -
мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
293-бап. Есірткі, психотроптық заттарды, оларға
тақылеттес заттарды ұрлау не қорқытып алу
1. Есірткі, психотроптық заттарды, оларға тақылеттес заттарды ұрлау не қорқытып алу -
үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бірнеше рет;
3) адамның өз қызмет бабын пайдалануы арқылы;
4) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолданып не осындай күш қолдану қатерін төндіріп жасалса, -
мүлкі тәркіленіп, алты жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер:
1) қылмыстық топтың қатысуымен;
2) есірткі, психотроптық заттарға, оларға тақылеттес заттарға қатысты ірі мөлшерде;
3) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолданып не сондай күш қолдану қатерін төндіріп жасалса, -
мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, есірткі, психотроптық заттарға, оларға тақылеттес заттарға қатысты аса ірі мөлшерде жасалған әрекеттер, -
мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
294-бап. Есірткі, психотроптық заттарды немесе оларға
тақылеттес заттарды тұтынуға көндіру
1. Есірткі, психотроптық заттарды немесе оларға тақылеттес заттарды тұтынуға көндіру -
төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бірнеше рет жасалса,
үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді:
1) көрінеу кәмелетке толмаған адамға не екі немесе одан да көп адамға қатысты;
2) күш қолданып немесе күш қолдану қатерін төндіріп;
3) қылмыстық топ жасаса, -
мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар абайсызда жәбірленушінің өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, -
мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге не өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
295-бап. Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым
салынған өсімдіктерді заңсыз егу
1. Өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді егу немесе өсіру немесе сораның, көкнәрдің немесе құрамында есірткі заттар бар басқа да өсімдіктердің сұрыптарын егу -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бірнеше рет;
3) ірі мөлшерде жасалса, -
үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
296-бап. Улы заттардың, сондай-ақ есірткі, психотроптық
немесе улы заттарды дайындау немесе қайта өңдеу
үшін пайдаланылатын заттардың,
құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз
айналымы
1. Есірткі, психотроптық заттар болып табылмайтын улы заттарды не оларды дайындауға немесе қайта өңдеуге арналған құрал-саймандарды немесе жабдықтарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту, сол сияқты заңсыз өткізу -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Есірткі, психотроптық заттарды дайындау немесе қайта өңдеу үшін пайдаланылатын заттарды, құрал-саймандарды немесе жабдықтарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту, сол сияқты заңсыз өткізу -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
1) адамның өзінің қызмет бабын пайдалану арқылы;
2) адамдар тобы алдын ала сөз байласуымен;
3) бірнеше рет жасалған әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
297-бап. Есірткі, психотроптық заттарды немесе оларға
тақылеттес заттарды тұтыну үшін притондар
ұйымдастыру немесе оларды ұстау немесе осы
мақсаттар үшін үй-жайлар беру
1. Есірткі, психотроптық заттарды немесе оларға тақылеттес заттарды тұтыну үшін притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау немесе осы мақсаттар үшін үй-жайлар беру -
мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттерді:
1) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;
2) бірнеше рет;
3) қылмыстық топ жасаса, -
мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
298-бап. Есірткі, психотроптық немесе улы заттарды ұстау
қағидаларын бұзу
1. Есірткі, психотроптық немесе улы заттарды өндіру, дайындау, қайта өңдеу, иемденіп алу, сақтау, есепке алу, босату, тасымалдау, әкелу, әкету, жөнелту не жою ережелерін бұзу, егер бұл әрекетті аталған ережелерді сақтау міндетіне кіретін адам жасаса, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Есірткі, психотроптық немесе улы заттардың ұрлануына не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу-жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
299-бап. Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық
нормативтерді бұзу
1. Абайсызда адамдардың жаппай сырқаттануына, ауру жұқтыруына, сәулеленуіне немесе улануына әкеп соққан санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда адам өліміне әкеп соққан дәл сол әрекет -
бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан әрекет -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
300-бап. Адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіп
төндіретін мән-жайлар туралы ақпаратты жасыру
1. Адамдардың өміріне немесе денсаулығына не қоршаған ортаға қауіп төндіретін оқиғалар, фактілер немесе құбылыстар туралы ақпаратты халықты осындай ақпаратпен қамтамасыз етуге міндетті адамның жасыруы немесе бұрмалауы -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда адам денсаулығына зиян келтіруге не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекеттер -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
301-бап. Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды
шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызмет
көрсету
1. Тұтынушылар өмірінің немесе денсаулығының қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызмет көрсету, сол сияқты аталған тауарлардың, жұмыстың немесе қызметтің қауіпсіздік талаптарына сай келетіндігін куәландыратын ресми құжатты заңсыз беру немесе пайдалану, егер бұл әрекеттер абайсызда адам денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқса, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер, егер олар:
1) жас балаларға арналған тауарларға, жұмыстарға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты жасалса;
2) абайсызда екі немесе одан да көп адамның денсаулығына зиян келтірілуіне әкеп соқса, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекеттер -
төрт жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
302-бап. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру
1. Ойын мекемесін заңсыз ашу не ұстау немесе ойын бизнесі саласындағы қызметті заңсыз ұйымдастыру, сол сияқты заңсыз ойын бизнесі үшін үй-жайлар беру не ойын бизнесі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген орындардан тыс құмар ойындарын ұйымдастыру және өткізу не ойын бизнесі саласындағы қызметі лицензиясыз жүзеге асыру -
мүлкі тәркіленіп, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер:
1) кәмелетке толмаған адамды пайдаланылып немесе ол құмар ойындарына қатыстырылып;
2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
3) ірі мөлшерде табыс табумен;
4) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасалса, -
мүлкі тәркіленіп, бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді:
1) қылмыстық топ;
2) аса ірі мөлшерде табыс табумен;
3) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам, не оған теңестірілген адам, не лауазымды адам, не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам өзі немесе сенімді адамы арқылы заңда белгіленген тыйым салуға қарамастан жасаса, егер бұл әрекеттер мұндай қызметте жеңілдіктер мен артықшылықтар берумен немесе өзге нысандағы қамқоршылығымен байланысты болса, -
мүлкі тәркіленіп, төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға, ал 3) тармағында көзделген жағдайларда - белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыруға жазаланады.
303-бап. Жезөкшелікпен айналысуға тарту
1. Күш қолданып немесе күш қолдану қатерін төндіру, тәуелді жағдайын пайдалану, бопсалау, мүлкін жою немесе бүлдіру арқылы не алдау жолымен жезөкшелікпен айналысуға тарту -
мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Қылмыстық топ жасаған не бірнеше мәрте жасалған дәл сол әрекет -
мүлкін тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
304-бап. Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар
ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық
1. Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау, сол сияқты пайдакүнемдік мақсаттағы жеңгетайлық -
мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығына шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Қылмыстық топ жасаған не бірнеше мәрте жасалған дәл сол әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
305-бап. Дәрілік немесе басқа құралдарды пайдаланып
есеңгірету үшін притондар ұйымдастыру немесе
оларды ұстау
1. Есірткі немесе психотроптық заттарға немесе оларға тақылеттес заттарға жатпайтын дәрілік немесе басқа құралдар мен заттарды пайдаланып есеңгірету үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау, сол сияқты осы мақсаттар үшін үй-жай беру -
мүлкі тәркіленіп, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Қылмыстық топ жасаған дәл сол әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
306-бап. Порнографиялық материалдарды немесе заттарды
заңсыз тарату
Порнографиялық материалдарды немесе заттарды тарату немесе жарнамалау мақсатында заңсыз дайындау, тарату, жарнамалау, сол сияқты порнографиялық сипаттағы баспа басылымдарын, кино-немесе бейнематериалдарды, суреттерді немесе өзге де заттарды заңсыз алып өту немесе сату -
мүлкі тәркіленіп, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
307-бап. Кәмелетке толмағандардың порнографиялық
бейнелері бар материалдарды немесе заттарды
дайындау және айналымға шығару не оларды
порнографиялық сипаттағы ойын-сауық
іс-шараларына қатысу үшін тарту
1. Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды немесе заттарды тарату, жария көрсету немесе жарнамалау мақсатында дайындау, сақтау немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы алып өту не тарату, жария көрсету немесе жарнамалау -
мүлкі тәркіленіп, үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Жасы он сегізге толған адамның порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына кәмелетке толмағандарды орындаушылар ретінде қатысу үшін тарту -
мүлкі тәркіленіп, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
1) кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген ата-ана, педагог не өзге де адам жасаған;
2) көрінеу жас балаға қатысты жасалған;
3) адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе қылмыстық топ жасаған әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып, бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
308-бап. Қатыгездік пен күш қолдануға бас ұруды
насихаттайтын туындыларды заңсыз тарату
Қатыгездік пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын кино- және бейне материалдарды және басқа туындыларды тарату немесе жарнамалау мақсатында заңсыз дайындау, тарату, жарнамалау, көрсету, сол сияқты қатыгездік пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын баспа басылымдарын, кино- немесе бейнематериалдарды заңсыз сату -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
309-бап. Өлгендердің мәйіттерін және олар жерленген
жерлерді қорлау
1. Өлгендердің мәйіттерін қорлау не олар жерленген жерлерді, құлпытас құрылыстарын немесе жерлеуге немесе еске алуға байланысты рәсімдер өткізуге арналған зират үйлерін жою, бүлдіру немесе аяққа басу -
үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер:
1) бірнеше рет;
2) адамдар тобының, алдын ала сөз байласқан адамдар тобының немесе қылмыстық топтың қатысуымен жасалса;
3) ұлттық, нәсілдік немесе діни өшпенділік не араздық тұрғысында жасалса;
4) күш қолданып немесе күш қолдану қатерін төндіріп жасалса, -
бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
310-бап. Адам мәйітінің ағзалары мен тінін заңсыз алу
1. Транспланттау не өзгедей пайдалану үшін адам мәйітінің ағзаларын немесе тінін заңсыз алу, сол сияқты адам мәйітінің ағзалары мен тініне қатысты мәмілелер жасасу -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттерді:
1) адамдар тобы, адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе қылмыстық топ;
2) бірнеше рет;
3) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаса, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
311-бап. Жануарларға қатыгездік жасау
1. Жануарларға олардың өлуіне немесе мертігуіне әкеп соққан қатыгездік жасау, егер бұл әрекет бұзақылық пиғылмен немесе жауыздық әдістерді қолданып немесе жас балалардың көз алдында жасалса, -
екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Адамдар тобы немесе адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаған немесе бірнеше мәрте жасалған дәл сол әрекет -
бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
312-бап. Алкогольді ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу
Алкогольді ішімдіктерді құйып сатуға жергілікті атқарушы орган рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольді ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға адамның қадір-қасиетіне және қоғамдық имандылыққа нұқсан келетіндей мас күйінде келу, егер мұндай әрекеттер дәл осындай әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде жасалса, -
жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
12-тарау. Медициналық қылмыстық құқық бұзушылық
313-бап. Медицина және фармацевтика қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы
1. Медицина және фармацевтика қызметкерінің кәсіби міндеттеріне ұқыпсыз қарауы немесе адал қарамауы салдарынан оларды орындамауы немесе тиісінше орындамауы, сол сияқты медициналық көмек көрсету тәртібін немесе стандарттарын сақтамауы, егер бұл әрекет адам денсаулығына жеңіл зиян келтіруге әкеп соқса, -
екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Абайсызда адам денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол әрекеттер -
бір жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан әрекеттер -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығына шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекеттер -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан әрекеттер -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
6. Медицина қызметкерінің, сол сияқты өзге де халыққа тұрмыстық немесе өзге де қызмет көрсету ұйымы қызметкерінің кәсіби міндеттеріне ұқыпсыз қарауы немесе адал қарамауы салдарынан оларды тиісінше орындамауы, егер бұл әрекет басқа адамға АИТВ/ЖИТС жұқтыруға әкеп соқса, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
314-бап. Клиникалық зерттеулер жүргізудің және/
профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және
медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен
құралдарын қолданудың тәртібін бұзу
1. Медицина қызметкерінің клиникалық зерттеулер жүргізу және профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын қолданудың тәртібін бұзуы -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Лауазымды адам жасаған не ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -
бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
315-бап. Заңсыз аборт жасау
1. Тиісті бейіндегі жоғары медициналық білімі жоқ адамның аборт жасауы -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығына шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Тиісті бейіндегі жоғары медициналық білімі бар адамның заңсыз аборт жасауы -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
3. Тиісті бейіндегі жоғары медициналық білімі жоқ адамның не тиісті бейіндегі жоғары медициналық білімі бар адамның бірнеше мәрте заңсыз аборт жасауы -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Абайсызда жәбірленушінің өліміне не оның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан заңсыз аборт жасау -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, немесе онсыз үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
316-бап. Науқасқа көмек көрсетпеу
1. Заңға сәйкес немесе арнайы ереже бойынша көмек көрсетуге міндетті адамның дәлелсіз себептермен науқасқа көмек көрсетпеуі, егер бұл абайсызда науқастың денсаулығына ауырлығы орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соқса, -
екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет, егер ол абайсызда науқастың өліміне не оның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соқса, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
317-бап. Дәрігерлік құпияны жария ету
1. Медициналық қызметкердің кәсіптік немесе қызметтік қажеттіліксіз адам бойында АИТВ/ЖИТС бар екені туралы мәліметтерді хабарлау арқылы пациенттің сырқаты немесе медициналық куәландыру нәтижелері туралы мәліметтерді жария етуі -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Медициналық қызметкердің кәсіптік немесе қызметтік қажеттіліксіз пациенттің сырқаты немесе медициналық куәландыру нәтижелері туралы мәліметтерді жария етуі, егер бұл әрекет ауыр зардаптарға әкеп соқса, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
318-бап. Заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет
және есірткі құралдарын немесе психотроптық
заттарды алуға құқық беретін рецептілерді немесе
өзге де құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау
1. Қызметтің осы түріне сертификаты және (немесе) лицензиясы жоқ адамның медициналық немесе фармацевтикалық қызметпен айналысуы, егер бұл абайсызда адам денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соқса, -
екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол әрекет -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол.мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекет -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан әрекет -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, немесе онсыз үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5. Есірткі немесе психотроптық заттарды алуға құқық беретін рецептілерді немесе өзге де құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
319-бап. Жалған дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы
бұйымдармен немесе медициналық техникамен жұмыс
істеу
1. Жалған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды немесе медициналық техниканы өткізу мақсатында өндіру, дайындау немесе сақтау, сол сияқты қолдану немесе өткізу, егер бұл ауыр зардаптарға әкеп соқса, -
мүлкі тәркіленіп, екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бірнеше рет;
3) ірі мөлшерде жасалса, -
мүлкі тәркіленіп, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мерзімде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
13-тарау. Экологиялық қылмыстық құқық бұзушылық
320-бап. Шаруашылық немесе өзге де қызметке қойылатын
экологиялық талаптарды бұзу
1. Табиғи ресурстарды пайдалану, кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектілерді жобалау, орналастыру, салу және реконструкциялау, пайдалануға беру немесе пайдалану, өнеркәсіп, энергетика, көлік пен байланыс объектілерін, ауыл шаруашылық мақсатындағы және мелиорация объектілерін пайдалану, қалалар не басқа да елді мекендерді салу кезінде әскери немесе қорғаныс объектілеріне, әскери немесе ғарыш қызметіне қойылатын экологиялық талаптарды бұзу, егер осы әрекет қоршаған ортаға ірі залал келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса немесе адам денсаулығына зиян келтірсе, -
екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, қоршаған ортаға аса ірі залал келтіруге, не адам өліміне, не адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соққан әрекет -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, немесе онсыз үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
321-бап. Экологиялық тұрғыдан қаупі басым химиялық немесе
биологиялық заттармен жұмыс істеу кезінде
экологиялық талаптарды беру
1. Экологиялық тұрғыдан қаупі басым химиялық немесе биологиялық заттарды өндіру, тасымалдау, сақтау, көму, пайдалану немесе олармен өзге де жұмыс істеу кезінде экологиялық талаптарды бұзу, егер бұл әрекеттер қоршаған ортаға айтарлықтай залал келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса немесе адам денсаулығына зиян келтірсе, -
үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Қоршаған ортаға ірі залал келтірген не келтіру қатерін туғызған, сол сияқты төтенше экологиялық жағдай аумағында жасалған дәл сол әрекет -
екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қоршаған ортаға аса ірі залал келтіруге, не адам өліміне, не адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соққан әрекеттер -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
322-бап. Микробиологиялық немесе басқа биологиялық
агенттермен немесе уытты заттармен жұмыс істеу
кезінде экологиялық талаптарды бұзу
1. Микробиологиялық немесе басқа биологиялық агенттерді немесе уытты заттарды жинап қою, жою немесе көму кезінде экологиялық талаптарды бұзу немесе оларды қайта өңдеу, сақтау немесе көму үшін Қазақстан Республикасына заңсыз әкелу, егер осы әрекеттер қоршаған ортаға айтарлықтай залал келтіруге әкеп соқса не әкеп соғуы мүмкін болса немесе адам денсаулығына зиян келтірсе, -
үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Қоршаған ортаға ірі залал келтірген не ірі залал келтіру қатерін туғызған, сол сияқты төтенше экологиялық жағдай аумағында жасалған дәл сол әрекеттер -
екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қоршаған ортаға аса ірі залал келтіруге, не адам өліміне, не адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соққан әрекеттер -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, немесе онсыз үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
323-бап. Ветеринариялық қағидаларды немесе өсімдіктердің
аурулары мен зиянкестеріне қарсы күресу үшін
белгіленген қағидаларды бұзу
1. Ветеринариялық қағидаларды індеттерге немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан бұзу, -
үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы күресу үшін белгіленген қағидаларды бұзу ауыр зардаптарға әкеп соққан -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі. жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
324-бап. Суларды ластау, қоқыстау немесе сарқу
1. Жер беті немесе жер асты суларын, мұздықтарды, ауыз сумен жабдықтау көздерін ластау, қоқыстау, сарқу не олардың табиғи қасиеттерін өзге де өзгерту, егер осы әрекет қоршаған ортаға айтарлықтай залал келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса немесе адам денсаулығына зиян келтірсе, -
үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Қоршаған ортаға ірі залал келтірген не ірі залал келтіру қатерін туғызған, сол сияқты ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда не төтенше экологиялық жағдай аумақтарда жасалған дәл сол әрекеттер -
екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қоршаған ортаға аса ірі залал келтіруге не адам.өліміне немесе адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соққан әрекеттер -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
325-бап. Атмосфераны ластау
1. Экологиялық талаптарды бұзу салдарынан атмосфералық ауаны ластау немесе оның табиғи қасиеттерінің өзге де өзгеруі, егер осы әрекеттер қоршаған ортаға ірі залал келтіруге әкеп соқса немесе адам денсаулығына зиян келтірсе, -
екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Қоршаған ортаға аса ірі залал келтіруге не адам өліміне немесе адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соққан дәл сол әрекеттер -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
326-бап. Теңіз ортасын ластау
1. Экологиялық талаптарды бұзу салдарынан теңіз ортасын ластау, егер осы әрекет қоршаған ортаға ірі залал келтіруге әкеп соқса немесе адам денсаулығына зиян келтірсе, -
екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Қоршаған ортаға аса ірі залал келтіруге не адам өліміне не адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соққан дәл сол әрекет -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
327-бап. Қазақстан Республикасының континенттік қайраңы
туралы және Қазақстан Республикасының айрықша
экономикалық аймағы туралы заңнаманы бұзу
1. Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында заңсыз құрылыстар тұрғызу, олардың айналасына немесе Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағында қауіпсіздік аймақтарын заңсыз құру, сол сияқты құрылыс салу және теңіздегі кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, тұрғызылған құрылыстар мен құралдарды салу, пайдалану, күзету және жою қағидаларын бұзу -
бір жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Қазақстан Республикасының континенттік қайраңының немесе Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағының табиғи байлығына тиісті рұқсатсыз жүргізілген зерттеу, барлау, оны игеру -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
328-бап. Жерді бүлдіру
1. Жерді өндірістік, тұрмыстық немесе өзге де шығарындылармен немесе қалдықтармен қоқыстау, сол сияқты улы химикаттарды, тыңайтқыштарды, өсімдіктердің өсуін жылдамдататын немесе өзге де қауіпті химиялық, радиоактивті немесе биологиялық заттарды сақтау, пайдалану, тасымалдау немесе көму кезінде олармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу салдарынан өзгеше бүлдіру, егер осы әрекеттер қоршаған ортаға ірі залал келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса немесе адам денсаулығына зиян келтірсе, -
екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Қоршаған ортаға аса ірі залал келтіруге, не адам өліміне, не адамдардың жаппай сырқаттануына, сол сияқты төтенше экологиялық жағдай аумағында жасалған дәл сол әрекеттер -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
329-бап. Жер қойнауын қорғау және пайдалану қағидаларын
бұзу
1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жобалау және жүргізу кезінде жер қойнауын қорғау және пайдалану қағидаларын, сол сияқты жер қойнауын пайдаланудың барлық сатысында жалпы экологиялық талаптарды бұзу, егер бұл әрекет қоршаған ортаға ірі залал келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса немесе адам денсаулығына зиян келтірсе, -
екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Қоршаған ортаға аса ірі залал келтіруге, не адам өліміне,не адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соққан дәл сол әрекет -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
330-бап. Жер қойнауын өз бетінше пайдалану
1. Жер қойнауын өз бетінше пайдалану, сол сияқты пайдалы қазбаларды ірі залал келтіре отырып өз бетінше өндіру -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Аса ірі залал келтіруге әкеп соққан дәл сол әрекеттер -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөлігінде көзделген, қылмыстық топ жасаған әрекеттері, -
мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
331-бап. Балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе
өсімдіктерін заңсыз алу
1. Балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу, егер бұл әрекет:
1) айтарлықтай залал келтіре отырып;
2) жарылғыш немесе химиялық заттар, электр тогы қолданылып не балық ресурстарын және басқа да су жануарлары мен өсімдіктерін жаппай жоюдың өзге де тәсілдері қолданыла отырып жасалса, -
мүлкі тәркіленіп, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
1) бірнеше рет;
2) балықтардың бекіре тұқымдас түрлеріне қатысты;
3) уылдырық шашатын жерлерде немесе ол жерлерге өріс аудару жолдарында;
4) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;
5) адамдар тобы алдын ала сөз байласып;
6) өздігінен жүретін жүзгіш көлік құралы пайдаланылып;
7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және төтенше экологиялық жағдай аумақтарында жасалса, -
мүлкі тәркіленіп, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, ірі залал келтіре отырып жасалған не қылмыстық топ жасаған әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
332-бап. Балық қорын қорғау қағидаларын бұзу
Көпірлер, бөгеттер құрылысын салу, жарылыс және өзге де жұмыстарды жүзеге асыру, су жинағыш құрылыстар мен су айдау тетіктерін пайдалану кезінде балық қорларын қорғау қағидаларын бұзу, егер осы әрекеттер балықтардың немесе басқа да су жануарларының жаппай қырылуына әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса, -
екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
333-бап. Заңсыз аңшылық
1. Жарылғыш құрылғыларды немесе жануарларды жаппай қырып-жоятын өзге де құралдарды қолданып, сол сияқты авиа-, авто-, мотокөлік құралдарын, соның ішінде қарда жүретін техниканы не шағын көлемді кемелерді қолданып заңсыз аң аулау -
мүлкі тәркіленіп, бір жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
1) бірнеше рет;
2) айтарлықтай залал келтіре отырып жасалса -
мүлкі тәркіленіп, екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда немесе төтенше экологиялық жағдай аймақтарында;
2) сирек кездесетін немесе жоғалып кету қаупі төнген жануарларға, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларға қатысты;
3) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;
4) ірі залал келтіре отырып жасалған әрекеттер, -
атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде
көзделген:,
1) қылмыстық топ;
2) аса ірі залал келтіре отырып жасалған әрекеттер, -
мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
334-бап. Жануарлар дүниесін қорғау қағидаларын бұзу
Өндірістік процестерді жүзеге асырған немесе көлік құралдарын пайдаланған, өсімдіктерді қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштар немесе басқа да препараттарды қолданған кезде жануарлар дүниесін қорғау қағидаларын жануарлар дүниесінің жаппай жойылуына немесе қырылуына әкеп соққан бұзу, сол сияқты ірі залал келтірген аңшылық алқаптарын, балық шаруашылығы айдындарын пайдалану немесе қорғау тәртібін бұзу -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып не үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
335-бап. Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек
кездесетін және құрып кету қаупі төнген,
сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен,
олардың бөліктерімен немесе туындыларымен заңсыз
айналысу
Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе туындыларына, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктерді немесе жануарларды, олардың бөліктерін немесе туындыларын заңсыз алу, сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, салып жіберу, тасымалдау немесе жою, сол сияқты олар мекендейтін жерлерді жою -
мүлкін тәркіленіп, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
336-бап. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе
зақымдау
1. Үй маңындағы, саяжай мен бау-бақша учаскелеріндегі ағаштар мен бұталардан басқа орман қорына кірмейтін және кесуге тыйым салынған ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау, сол сияқты орман дақылдарын, орман питомниктері мен плантацияларындағы егілген не отырғызылған көшеттерді, сондай-ақ ормандарды молықтыру мен орман өсіруге арналған алаңдарда өзі өсіп шыққан шыбықтарды, өскіндерді не қолдан отырғызылған екпелерді жою немесе зақымдау -
мүлкі тәркіленіп, екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Орман қорына кіретін ағаштарды және бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау -
мүлкі тәркіленіп, үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді:
1) бірнеше рет;
2) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;
3) ірі залал келтіре отырып;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған, -
мүлкі тәркіленіп, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған әрекеттер, -
мүлкі тәркіленіп, екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
337-бап. Ормандарды жою немесе зақымдау
1. Отты немесе өзге де қауіптілігі жоғары көздерді ұқыпсыз қолдану салдарынан үй маңындағы, саяжай мен бау-бақша учаскелеріндегі ағаштар мен бұталардан басқа орман қорына кіретін және кірмейтін ағаштар мен бұталарды жою немесе зақымдау, егер осы әрекет ірі залал келтірсе, -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Үй маңындағы, саяжай мен бау-бақша учаскелеріндегі ағаштар мен бұталардан басқа орман қорына кіретін және кірмейтін ағаштар мен бұталарды өртеу немесе өзге де жалпы қауіпті тәсілмен не зиянды заттармен, қалдықтармен, шығарындылармен немесе қоқыстармен ластау салдарынан қасақана жою немесе зақымдау -
үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
338-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимін бұзу
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимін, айтарлықтай залал келтіруге әкеп соққан бұзу, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, немесе онсыз екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін, айтарлықтай залал келтіруге әкеп соққан қасақана зақымдау немесе жою, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
339-бап. Экологиялық ластау зардаптарын жою жөнінде
шаралар қолданбау
1. Экологиялық ластануға ұшыраған жерлерде зарарсыздандыру немесе өзге де қалпына келтіру іс-шараларын жүргізу міндеті жүктелген адамдардың мұндай іс-шараларды жүргізуден жалтаруы немесе тиісінше жүргізбеуі -
үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұл салуға, не сол мөлшерлерде түзеу жұмыстарынан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімде қоғамдық жұмыстарға, тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Адам өліміне әкелу қатерін туғызған не адам денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соққан не ірі залал келтірген дәл сол әрекеттер -
екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адам өліміне не адамдардың жаппай ауыруына не аса ірі залал келтіруге әкеп соққан әрекеттер -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
340-бап. Көрінеу дәйексіз экологиялық аудиторлық есеп
жасау
Көрінеу расталмаған экологиялық аудиторлық есеп жасау, егер бұл әрекет осындай әкімшілік құқық бұзушылығы үшін әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде жасалса -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейін мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
14-тарау. Көліктегі қылмыстық құқық бұзушылық
341-бап. Теміржол, әуе, теңіз немесе өзен көлігі жүрісі немесе оларды пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу
1. Теміржол, әуе, теңіз немесе өзен көлігі жүрісі қауіпсіздігі немесе пайдалану қағидаларын орындайтын жұмысына немесе атқаратын қызметіне байланысты осы қағидаларды сақтауға міндетті адамның осыларды бұзуы, егер бұл әрекеттер абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге не ірі залал келтіруге әкеп соқса, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда адам өліміне әкеп соққан дәл сол әрекеттер -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан әрекеттер -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз төрт жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
342-бап. Көлік құралдарын жүргізетін адамдардың жол
жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану
қағидаларын бұзуы
1. Автомобильді, троллейбусты, трамвайды не басқа да механикалық көлік құралын жүргізетін адамның жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соқса, -
екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтірген дәл сол әрекет -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекет -
бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан әрекет -
жеті жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
343-бап. Жүргізушінің алкогольден, есірткіден және
(немесе) уытқұмарлықтан масаң күйде көлік
құралын жүргізуі, сол сияқты көлік құралын
жүргізуді алкогольден, есірткіден және (немесе)
уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамға беруі немесе
жүргізуіне жол беруі
1. Жүргізушінің алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйде көлік құралын жүргізуі не көлік құралын жүргізуді осындай адамға беруі, сол сияқты осындай адамның жүргізуіне лауазымды адамның немесе көлік құралы меншік иесінің не иеленушісінің жол беруі -
екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Абайсызда адам денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол әрекет -
бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол әрекеттер -
алты жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекеттер -
жеті жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан әрекеттер -
он жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
344-бап. Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу
Осы Кодекстің 342, 343-баптарында көзделген ауыр зардаптар туындаған жағдайда көлік құралын жүргізетін және жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзған адамның жол-көлік оқиғасы болған жерді тастап кетуі -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Зардап шегушіге көмек көрсетуге байланысты жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалған адам осы бап бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
345-бап. Көлік құралдарын сапасыз жөндеу немесе оларды
техникалық ақауларымен пайдалануға шығару
1. Көлік құралдарын, қатынас жолдарын, белгі беру немесе байланыс құралдарын не өзге көлік жабдықтарын сапасыз жөндеу, сол сияқты көлік құралдарының техникалық жағдайына жауапты адамның көлік құралдарын көрінеу техникалық ақауларымен пайдалануға шығаруға не көлік құралдарының техникалық жағдайына және пайдаланылуына жауапты лауазымды адамның жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген қағидаларының талаптарын орындамауы, егер бұл әрекеттер абайсызда адам денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтірсе, -
бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол әрекеттер -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекеттер -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан әрекеттер -
бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
346-бап. Жүргізуге құқығы жоқ жүргізушінің көлік құралын
жүргізуіне жол беру
1. Лауазымды адамның не көлік құралы меншік иесінің немесе иеленушісінің көлік құралын жүргізуге құқығы жоқ немесе тиісті санаттағы көлік құралдарын жүргізуге құқығы жоқ жүргізушінің көлік құралын жүргізуіне жол беру, егер осы әрекет абайсызда адам денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соқса, -
бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол әрекет -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекет -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан әрекет -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
347-бап. Көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын
қасақана жарамсыздыққа келтіру
1. Көлік құралын, қатынас жолдарын, белгі беру немесе байланыс құралдарын не өзге де көлік жабдығын қасақана бұзу, зақымдау немесе өзге де тәсілмен пайдалануға жарамсыз күйге келтіру, сол сияқты көлік коммуникацияларын бұғаттау, егер бұл әрекеттер абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге не ірі залал келтіруге не көлік пен байланыстың қалыпты жұмыс істеуінің бұзылуына әкеп соқса, -
үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда адам өліміне әкеп соққан дәл сол әрекеттер -
үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан әрекеттер -
алты жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
348-бап. Көліктің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз
ететін қағидаларды бұзу
1. Жолаушының, жаяу жүргіншінің немесе жол жүрісінің басқа қатысушысының (көлік құралын жүргізуші адамнан басқа) жол жүрісі қауіпсіздігі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, егер бұл әрекет абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соқса, -
үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Абайсызда адам өліміне әкеп соққан дәл сол әрекет -
төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан әрекет -
үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
349-бап. Поезды қажет болмаған жағдайда өз бетінше
тоқтату
Поезды тоқтату-кранымен не ауа тежегіш магистралын ажырату жолымен немесе өзге тәсілмен қажет болмаған жағдайда өз бетінше тоқтату, егер бұл адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, -
екі жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
350-бап. Көлікте қолданылатын қағидаларды бұзу
1. Жол, құрылыс және басқа да ұйымдарда басқару функцияларын атқаратын және жолдар мен жол құрылысын, олардың жабдықтарын пайдалануға, сондай-ақ жол жүрісін ұйымдастыруға жауапты адамдардың көлікте қолданылатын тәртіпті сақтауды және жол жүрісі қауіпсіздігі қағидаларын бұзуы, егер бұл әрекет абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соқса, -
бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмысқа тартуға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол әрекет -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекет -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан әрекет -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
351-бап. Магистральдық құбыржолдарды салу, пайдалану немесе жөндеу кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу
1. Магистральдық құбыржолдарды салу, пайдалану немесе жөндеу кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу, егер бұл әрекет абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соқса, -
үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге не ірі залал келтіруге әкеп соққан дәл сол әрекет -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекет -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан әрекет -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
352-бап. Құбыржолдарды қасақана зақымдау немесе қирату
1. Құбыржолдарды, оның ішінде мұнай-газ құбырларын қасақана зақымдау немесе қирату -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер:
1) абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соқса;
2) бірнеше рет жасалса;
3) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалса, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген:
1) қоршаған ортаны ластауға әкеп соққан;
2) ірі залал келтіруге әкеп соққан;
3) қылмыстық топ жасаған;
4) абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекеттер, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
353-бап. Құбыржолдарды абайсызда зақымдау немесе қирату
1. Құбыржолдарды, зақымдау немесе қирату оның ішінде мұнай-газ құбырларын белгіленген пайдалану режимінен ауытқуына әкеліп соққан не адамдар денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтірудің нақты қатерін төндірген, абайсызда зақымдау немесе қирату -
үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер:
1) абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа ауырлықтағы зиян келтіруге;
2) қоршаған ортаны ластауға;
3) ірі залал келтіруге;
4) абайсызда адам өліміне әкеп соқса, -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
354-бап. Кеме капитанының апатқа ұшырағандарға көмек
көрсетпеуі
1. Теңізде немесе өзге де су жолында апатқа ұшыраған адамдарға кеме көмек көрсетпеуі, егер осы көмек көрсету өзінің кемесіне, оның экипажы мен жолаушылары үшін елеулі қауіп келтірмейтін жағдайда көмек көрсетілмейтін болғанда, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Теңізде немесе су жолында соқтығысқан кемелердің бірінің капитанының басқа кемені құтқару үшін тиісті шаралар қолданбауы абайсызда кеменің опат болуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, егер бұл шараларды өз кемесіне, оның экипажы мен жолаушыларына елеулі қауіп төндірмей қолдану мүмкіндігі болған болса, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
355-бап. Адамның әуе, теңіз, өзен кемесін немесе шағын
көлемді кемені масаң күйде жүргізуі, әуе, теңіз,
өзен кемесін немесе шағын көлемді кемені масаң
күйдегі адамның жүргізуіне беру немесе
жүргізуіне жол беру
1. Адамның алкогольден, есірткіден немесе уытқұмарлықтан масаң күйде әуе, теңіз, өзен кемесін немесе шағын көлемді кемені жүргізуі не осындай кемені алкогольден, есірткіден немесе уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамның жүргізуін беруі, сол сияқты алкогольден, есірткіден немесе уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамға осындай кемені басқаруға лауазымды адамның немесе меншік иесінің не осы кеме иеленушісінің жол беруі -
екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе бөлгіш бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Абайсызда адам денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол әрекеттер -
бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан әрекеттер -
алты жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекеттер -
жеті жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан әрекеттер -
он жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
356-бап. Әуе, теңіз немесе өзен кемесін жүргізуге құқығы
жоқ адамның жүргізуіне жол беру
1. Лауазымды адамның не меншік иесінің немесе әуе, теңіз немесе өзен кемесі иесінің осындай кемені басқаруға құқығы жоқ адамды осы кемені жүргізуге жол беруі, егер осы әрекет абайсызда адам денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соқса, -
бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол әрекет -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекет -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан әрекет -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
357-бап. Халықаралық ұшу қағидаларын бұзу
1. Рұқсатта көрсетілген маршруттарды, қону орындарын, әуе қақпаларын, ұшу биіктігін сақтамау немесе халықаралық ұшу қағидаларын өзге де бұзу -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекеттер —
үш жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
15-тарау. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылық
358-бап. Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану
1. Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның қызметтік өкілеттігін өзіне немесе басқа адамдарға немесе ұйымдарға пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында қызмет мүдделеріне қайшы пайдалануы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне айтарлықтай зиян келтіруге әкеп соқса, -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Лауазымды адам жасаған дәл сол әрекет -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып, төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған әрекет -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып алты мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, ауыр зардаптарға әкеп соққан не қылмыстық топтың мүддесіне орай жасалған әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып, төрт жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
359-бап. Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра
пайдалану
1. Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану, яғни мемлекеттік функциялар атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның өзінің құқықтары мен өкілеттіктері шектерінде сөзсіз асып кететін және азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне айтарлықтай зиян келтіруге әкеп соққан әрекеттер жасауы -
үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Лауазымды адам жасаған дәл сол әрекет -
бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған әрекет -
бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз төрт жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, ауыр зардаптарға әкеп соққан не:
1) күш қолданып немесе күш қолдану қатерін төндіріп;
2) қаруды немесе арнайы құралдарды қолданып;
3) өзіне немесе басқа адамдарға немесе ұйымдарға пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсаттарында жасалған әрекеттер -
бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға, ал 3) тармағында көзделген жағдайларда -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып жазаланады.
360-бап. Лауазымды адамның өкілеттіктерін иемдену
Лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттік қызметшінің лауазымды адамның өкілеттіктерін иемденуі және соған байланысты азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне айтарлықтай зиян келтіруге әкеп соққан оның жасаған іс-әрекеті, -
үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
361-бап. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу
1. Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым құруы не мұндай ұйымды басқаруға заңда белгіленген тыйым салуға қарамастан, жеке өзі немесе сенім білдірген адам арқылы қатысуы, егер осы әрекеттер мұндай ұйымға жеңілдіктер мен артықшылықтар беруге немесе өзге де нысандағы қамқоршылыққа байланысты болса, -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мерзімге түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Лауазымды адам жасаған дәл сол әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
362-бап. Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау
1. Жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның ұйымдық-құқықтық нысанына немесе меншік нысанына қарамастан құқықтары мен заңды мүдделерін шектеу, сол сияқты дара кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның дербестігін шектеу не қызметіне өзгедей түрде заңсыз араласу, егер бұл әрекеттерді мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам өз қызметтік өкілеттіктерін өзіне немесе басқа адамдарға немесе ұйымдарға пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында қызмет мүдделеріне қайшы пайдаланып жасаса, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне айтарлықтай зиян келтіруге әкеп соқса, -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттерді:
1) лауазымды адам;
2) адамдар тобы алдын ала сөз байласып;
3) ірі мөлшерде жасаса, -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді:
1) жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаса;
2) аса ірі мөлшерде жасалған;
3) қылмыстық топ не қылмыстық топтың мүддесіне орай жасалған әрекеттер, -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
363-бап. Пара алу
Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның немесе жауапты мемлекеттік лауазымды қызмет атқаратын адамның не лауазымды адамның, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамының, тікелей өзі немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін өзі немесе басқа адамдар үшін ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлік, мүлікке құқық немесе мүлік сипатындағы табыс түрінде пара алуы, егер мұндай іс-әрекеттер (әрекетсіздік) осы адамның қызметтік өкілеттіктеріне кіретін болса не ол қызметтік жағдайына байланысты осындай іс-әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал жасай алатын болса, сол сияқты жалпы қамқорлығы немесе салғырттығы үшін, -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып, параның елу еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Айтарлықтай мөлшерде жасалған дәл сол әрекет, сол сияқты заңсыз іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін пара алу -
мүлкі тәркіленіп, өмір бойы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып параның алпыс еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар:
1) бопсалау жолымен;
2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
3) ірі мөлшерде;
4) бірнеше рет жасалса,-
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып, параның жетпіс еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға, не жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар қылмыстық топтың құрамында, сол сияқты аса ірі мөлшерде жасалса, -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып параның сексен еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға, не он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Егер сыйлықтың құны екі айлық есептік көрсеткіштен аспаса, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамның бірінші мәрте сыйлық түрінде мүлік, мүлікке құқық немесе өзге мүліктік пайданы сыйлық түрінде алуы бұрын жасалған заңды іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін алдын ала уағдаластық болмаған кезде аса маңызы болмауына байланысты қылмыс болып табылмайды және тәртіптік немесе әкімшілік тәртіппен қудаланады.
364-бап. Пара беру
1. Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамға не оған теңестірілген адамға немесе жауапты мемлекеттік лауазымды қызмет атқаратын адамға не лауазымды адамға, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамына тікелей өзіне немесе делдал арқылы пара беру -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып, параның жиырма еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Айтарлықтай мөлшерде жасалған дәл сол әрекет -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып параның отыз еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) ірі мөлшерде;
3) бірнеше рет жасалса, -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып, параның қырық еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға, не жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптық бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер оларды аса ірі мөлшерде немесе қылмыстық топ жасаса, -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып, параның елу еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға, не он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту.
1. Осы Кодекстің 363-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адамға бұрын жасаған заңды іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін сомасы немесе құны екі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сыйлықты бірінші мәрте беру, егер осы адам жасаған іс-әрекеттер (әрекетсіздік) алдын ала уағдаластықпен байланысты болмаса, қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды.
2. Пара берген адам, егер оған қатысты осы Кодекстің 363-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адам тарапынан қорқытып пара алу орын алған болса немесе ол адам пара бергені туралы құқық қорғау органына немесе арнайы мемлекеттік органға өз еркімен хабарласа, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
365-бап. Парақорлыққа делдал болу
1. Парақорлыққа делдал болу, яғни пара алушыға және пара берушіге олардың арасындағы пара алу және беру туралы келісімге қол жеткізуге немесе іске асыруға ықпал ету -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып, параның он еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бірнеше рет не қылмыстық топ немесе адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дәл сол әрекет -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып, параның жиырма еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға, не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
366-бап. Қызметтік жалғандық жасау
1. Қызметтік жалғандық жасау, яғни мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның ресми қүжаттарға көрінеу жалған мәліметтерді енгізуі не аталған қүжаттарға олардың шын мазмұнын бұрмалайтын түзетулер енгізуі не көрінеу жалған немесе қолдан жасалған құжаттар беруі, егер осы әрекеттер өзіне немесе басқа адамдарға немесе ұйымдарға пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсаттарында жасалған болса, -
мүлкін тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Лауазымды адам жасаған дәл сол әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекеттерді жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаса, -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып, үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
367-бап. Қызметтегі әрекетсіздік
1. Қызметтегі әрекетсіздік, яғни мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның өзіне немесе басқа адамдарға немесе ұйымдарға пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында өзінің қызметтік міндеттерін орындамауы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін айтарлықтай түрде бұзуға әкеп соқса, -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Лауазымды адам жасаған дәл сол әрекет -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған дәл сол әрекет —
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып, бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып, төрт жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
368-бап. Салақтық
1. Салақтық, яғни мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның не лауазымды адамның не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның өз қызметіне адал қарамауы немесе ұқыпсыз қарауы салдарынан өз міндеттерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін айтарлықтай түрде бұзуға әкеп соқса, -
бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
16-тарау. Басқару тәртібіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылық
369-бап. Мемлекеттік рәміздерді қорлау
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қорлау -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
370-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін -
Елбасын жария түрде қорлау және оның абыройы
мен қадір-қасиетіне өзгедей қол сұғу, Қазақстан
Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының
бейнесін бүлдіру, Қазақстан Республикасы Тұңғыш
Президентінің - Елбасының заңды қызметіне
кедергі жасау
1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін - Елбасын жария түрде қорлау немесе оның абыройы мен қадір-қасиетіне өзгедей қол сұғу, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының бейнесін бүлдіру -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып жасалған дәл сол әрекеттер -
үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының заңды қызметіне кедергі жасау мақсатында оған немесе онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне қандай да болсын нысанда ықпал ету -
бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
371-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне -
Елбасына тиіспеушілік кепілдігін бұзу
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне тиіспеушілік кепілдігін, оның ішінде мүлкіне, тұрғын және қызметтік үй-жайларына, жеке және қызметтік көлік құралдарына, хат-хабарларына, олар пайдаланатын байланыс құралдарына тиіспеушілік кепілдігін, банктік шоттарының банктік құпиялығы мен тиіспеушілігі, сондай-ақ оларға тиесілі құжаттарға тиіспеушілік кепілдігін қандай да болсын нысанда бұзу -
бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
372-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің абыройы мен
қадір-қасиетіне қол сұғу және оның қызметіне
кедергі жасау
1. Қазақстан Республикасы Президентін жария түрде қорлау немесе оның абыройы мен қадір-қасиетіне өзге де қол сұғу -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып жасалған дәл сол әрекет -
үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің өз міндеттерін атқаруына кедергі жасау мақсатында оған немесе оның жақын туыстарына қандай да болсын нысанда ықпал ету -
бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Қазақстан Республикасы Президентінің жүргізіп отырған саясаты туралы сын тұрғысында айтылған жария сөздер осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды.
373-бап. Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының
абыройы мен қадір-қасиетіне қол сұғу және оның
қызметіне кедергі жасау
1. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатын оның депутаттық міндеттерін атқару кезінде немесе оны атқаруын байланысты жария түрде қорлау -
үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттың-коммуникация желілерін пайдалана отырып жасалған дәл сол әрекет -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының өз міндеттерін атқаруына кедергі жасау мақсатында оған немесе оның жақын туыстарына қандай да болсын нысанда ықпал ету -
үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Қазақстан Республикасының Парламент депутатының депутаттық қызметі туралы сын тұрғысында айтылған жария сөздер осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды.
374-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің
қызметіне кедергі жасау
1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қызметіне оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына кедергі жасау мақсатында қандай да болмасын нысанда араласу -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дәл сол әрекет -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
375-бап. Билік өкілін қорлау
1. Билік өкілін оның өз қызметтік міндетін атқару кезінде немесе оны атқаруына байланысты қорлау -
жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Жария түрде немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникация желілерін пайдалана отырып жасалған дәл сол әрекет -
үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
Ескерту. Билік өкілінің қызметтік жұмысы туралы сын тұрғысында айтылған жария сөздер осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды.
376-бап. Билік өкіліне бағынбау
1. Билік өкілінің заңды талаптарына немесе өкіміне бағынбау -
жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Төтенше жағдай жарияланған жерлерде жасалған дәл сол әрекет -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
377-бап. Билік өкіліне қатысты күш қолдану
1. Билік өкілінің өз лауазымдық міндеттерін орындауына байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты өмірі немесе денсаулығы үшін қауіпсіз күш қолдану не күш қолдану қатерін төндіру -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдарға қатысты өміріне немесе денсаулығына қауіпті күш қолдану -
бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
378-бап. Прокурордың қызметіне кедергі жасау және оның
заңды талаптарын орындамау
Прокурорлық қадағалау актілерін орындамау, сол сияқты оның қызметіне кедергі жасау, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруге әкеп соқса, -
үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
379-бап. Жауапты мемлекеттік қызметтегі лауазымды адамға
қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы
мәліметтерді жария ету
1. Жауапты мемлекеттік қызметтегі лауазымды адамға, сондай-ақ оның жақындарына қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді, осы мәліметтер сеніп тапсырылған немесе оның қызметтік іс- әрекетіне байланысты белгілі болған адамның жария етуі -
үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -
бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
380-бап. Ресми құжаттарды және мемлекеттік наградаларды
сатып алу немесе өткізу
Құқықтар беретін немесе міндеттерден босататын ресми құжаттарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының немесе КСРО-ның мемлекеттік наградаларын заңсыз иемденіп алу немесе өткізу -
екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
381-бап. Құжаттарды заңсыз алып қою, құжаттарды,
мөртабандарды, мөрлерді ұрлау, жою, бүлдіру
немесе жасыру
1. Азаматтың паспортын, жеке басының куәлігін немесе басқа да жеке басының құжатын заңсыз алып қою -
жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі айға дейінгі мерзімге қамауға алуға. жазаланады.
2. Азаматтың паспортын, жеке басының куәлігін немесе оның басқа да. жеке басының құжатын ұрлау -
екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға алуға. жазаланады.
3. Пайдакүнемдікпен немесе жеке бастың өзге де мүддесіне орай ресми құжаттарды, мөртабандарды немесе мөрлерді ұрлау, жою, бүлдіру немесе жасыру -
үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға. жазаланады.
382-бап. Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді
бланкілерді, мемлекеттік пошта төлемі белгілерін
мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау
немесе өткізу
1. Құқықтар беретін немесе міндеттерден босататын куәлікті немесе өзге де ресми құжатты қолдан жасау не мұндай құжатты өткізу, сол сияқты қолдан жасалатын мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, мемлекеттік пошта төлемі белгілерін, Қазақстан Республикасының немесе КСРО-ның мемлекеттік наградаларын дайындау немесе өткізу —
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас-бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға. жазаланады.
2. Бірнеше мәрте немесе адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған дәл сол әрекеттер —
төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға. жазаланады.
3. Көрінеу жалған құжатты пайдалану -
үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға. жазаланады.
383-бап. Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан
жасау, жою, көрінеу қолдан жасалған
сәйкестендіру нөмірі бар көлік құралын өткізу
1. Сәйкестендіру нөмірін, кузовтың, шассидің, қозғауыштың нөмірін қолдан жасау немесе жою, сондай-ақ көлік құралының мемлекеттік тіркеу белгісін қолдан жасау, көрінеу қолдан жасалған немесе жалған мемлекеттік тіркеу белгісін пайдалану, сол сияқты көрінеу қолдан жасалған сәйкестендіру нөмірі, кузовтың, шассидің, қозғауыштың нөмірі бар немесе көрінеу қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу белгісі бар көлік құралын өткізу не көрінеу қолдан жасалған нөмірі бар кузовты, шассиді, қозғалтқышты өткізу-
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бір мыңнан екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен немесе қылмыстық топ жасаған дәл сол әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
384-бап. Әскери қызметтен жалтару
1. Осы қызметтен босатуға заңды негіздер болмаған кезде әскери қызметке шақырылудан жалтару -
бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет;
1) өзінің денсаулығына зиян келтіру арқылы;
2) аурумын деп жалған сылтаурату жолымен;
3) құжаттарды бұрмалау немесе өзге де алдау арқылы жасалса -
үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Егер әскерге шақырылушы тергеу. органы істі сотқа бергенге дейін әскерге шақыру пунктіне өз еркімен келсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
385-бап. Жұмылдыруға шақырылудан жалтару
1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құрамалары қатарына жұмылдыру бойынша әскери қызметке шақырылудан жалтару -
бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Соғыс уақытында жасалған дәл сол әрекет, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін жасақтау үшін одан әрі шақырылулардан жалтару -
бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
386-бап. Өзінше билік ету
1. Өзінше билік ету, яғни заңнамамен белгіленген тәртіпке қарамастан, басқа адаммен немесе ұйыммен дауласып жатқан, өзінің нақты немесе болжамды құқығын өз бетінше жүзеге асыру -
жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарына немесе заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі түрде зиян келтірген дәл сол әрекет -
үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарын не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға. дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, күш қолданумен немесе оны қолдану қатерін төндірумен не бір топ адамның алдын ала сөз байласумен жасалған әрекет —
үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер -
үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
387-бап. Билік өкілінің немесе жауапты мемлекеттік қызметтегі лауазымды адамның атағын өз бетімен иелену
1. Билік өкілеттіктерін алу мақсатында билік өкілінің немесе жауапты мемлекеттік қызметтегі лауазымды адамның атағына өз бетімен иелену -
жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Билік өкілінің немесе жауапты мемлекеттік қызметтегі лауазымды адамның атағын осы негізде қылмыс жасаумен ұштасқан өз бетімен иелену -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Билік өкілеттіктерін алу мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясымен белгіленген қызметтегі лауазымды адамның атағын өз бетімен иелену -
бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
388-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын
заңсыз көтеру
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын сауда кемесінде заңсыз көтеру -
екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
389-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын
қасақана заңсыз кесіп өту
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарадағы өткізу пунктінен тысқары жерден қасақана заңсыз өту, сол сияқты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының көрсетілген пункттерінен жалған құжаттар жасап не үшінші тұлғалардың жарамды құжаттарын алдап пайдалана отырып, сол сияқты белгіленген тәртіпті бұза отырып қасақана заңсыз өту -
бес жыл мерзімге шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жібере отырып, үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Қылмыстық топпен не күш қолданумен немесе оны қолдану қатерін төндірумен жасалған дәл сол әрекеттер -
бес жыл мерзімге шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жібере отырып, бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
390-бап. Шығарып жіберу туралы шешімді орындамау
Шетелдіктің не азаматтығы жоқ адамның оған қатысты қабылданған Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы шешімді орындамауы -
бес жыл мерзімге шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жібере отырып, үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
391-бап. Қазақстан Республикасының аумағында болу қағидаларын бұзу
Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзуы, егер бұл әрекет осындай әкімшілік құқық бұзушылығы үшін әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде жасалса, -
бес жыл мерзімге шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жібере отырып, жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не екі айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
392-бап. Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру
1. Көлік құралдарын не жалған құжаттар не тұрғын немесе өзге де үй-жай беру, сондай-ақ азаматтарға, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының аумағы бойынша заңсыз келу, кету, орын ауыстыру үшін өзге де қызметтер көрсету арқылы заңсыз көші-қонды ұйымдастыру -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адам өзінің қызметтік өкілеттіктерін пайдаланып немесе бір топ адам алдын ала сөз байласумен жасаған дәл осы әрекет -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген қылмыстық топ жасаған әрекет -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
393-бап. Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін
тарту және пайдалану қағидаларын бірнеше рет
бұзу
Жұмыс берушінің уәкілетті органның тиісті рұқсатынсыз Қазақстан Республикасының аумағына келген шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды жұмысқа бірнеше рет қабылдауы, сол сияқты жұмыс берушінің Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін пайдалану қағидаларын бірнеше рет бұзуы -
бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
394-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын
құқыққа қайшы өзгерту
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын құқыққа қайшы өзгерту мақсатында шекаралық белгілерді алып тастау, орнын ауыстыру немесе жою —
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бірнеше мәрте жасалған немесе ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекеттер -
төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
395-бап. Қызыл Жарты ай, Қызыл Крест, Қызыл Кристалл
эмблемалары мен белгілерін заңсыз пайдалану
Қызыл Жарты ай, Қызыл Крест, Қызыл Кристалл эмблемалары мен айырым белгілерін, сол сияқты Қызыл Жарты ай, Қызыл Крест, Қызыл Кристалл атауын заңсыз пайдалану -
үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
396-бап. Байланыс желілері мен ғимараттарын, сондай-ақ
мемлекеттік күзетілуге жататын объектілерді
күзету қағидаларын бұзу
1. Байланыс желілерін немесе байланыс ғимараттарын күзету қағидаларын бұзу, егер ол байланыстың үзілуіне немесе байланыстың үзілу қаупіне әкеп соқса, -
жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Қалааралық байланыстың кәбіл желісінің бүлінуіне және қалааралық байланыстың үзілуіне әкеп соққан байланыс желілерін күзету қағидаларын бұзу -
екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
3. Басып алуға немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырған мемлекеттік күзетілуге жататын объектілерді, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер ғимараттарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды бұзу -
үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
397-бап. Ақпарат алудың арнаулы техникалық құралдарын
заңсыз жасау, өндіру, иемденіп алу, өткізу
немесе пайдалану
1. Ақпаратты жасырын алудың арнаулы техникалық құралдарын заңсыз жасау, өндіру, сатып алу немесе өткізу, сол сияқты оларды заңсыз пайдалану -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бір топ адам алдын ала сөз байласумен немесе ірі мөлшерде жасаған дәл сол әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
398-бап. Жиналыстарды, митингтерді, тосқауылдарды, көше
шерулерін және демонстрацияларды ұйымдастыру мен
өткізу тәртібін бұзу
1. Заңсыз жиналыс, митинг, шеру, тосқауылдар, демонстрация ұйымдастыру, өткізу не оған қатысу немесе өзге де заңсыз жария іс-шаралар ұйымдастыру, сол сияқты үй-жай, байланыс құралдарын, жабдықтар, көлік беру арқылы осындай іс-шаралар ұйымдастыруға немесе өткізуге жәрдем көрсету -
жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі түрде зиян келтірген дәл сол әрекеттер -
үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
399-бап. Соғыс уақытында немесе төтенше жағдайлар кезінде
тыйым салынған ереуілге басшылық ету,
кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның жұмысына
кедергі жасау
Соғыс уақытында немесе төтенше жағдайлар кезінде тыйым салынған ереуілге басшылық ету, сол сияқты осындай жағдайларда кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның жұмысына кедергі жасау -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
400-бап. Сот заңсыз деп таныған ереуілге қатысуды
жалғастыруға арандататын іс-әрекеттер
1. Сот заңсыз деп таныған ереуілге қатысуды жалғастыруға жария түрде немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникация желілерін пайдалана отырып шақыру, сол сияқты қызметкерлерді осы мақсатта парамен сатып алу -
бір жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі түрде зиян келтірген не жаппай тәртіпсіздікке әкеп соққан дәл сол әрекеттер -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
401-бап. Қоғамдық бірлестіктер мүшелерінің мемлекеттік
органдардың қызметіне заңсыз араласуы
1. Қоғамдық бірлестіктер мүшелерінің мемлекеттік органдардың заңды қызметіне кедергі жасауы немесе мемлекеттік органдардың немесе олардың лауазымды адамдарының функцияларын иемденуі, сол сияқты мемлекеттік органдарда саяси партиялар ұйымдарын құру, егер бұл әрекеттер азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі түрде зиян келтірсе, —
бір жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Қоғамдық бірлестіктің басшысы жасаған дәл сол әрекеттер -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
402-бап. Заңсыз қоғамдық және басқа да бірлестіктер құру
немесе олардың қызметіне қатысу
1. Қызметі азаматтарға зорлық жасаумен немесе олардың денсаулығына өзге де зиян келтірумен ұштасқан не азаматтардың азаматтық міндеттерін орындаудан бас тартуына немесе құқыққа қарсы өзге де әрекеттер жасауына түрткі болған діни немесе қоғамдық бірлестіктер құру немесе оған басшылық ету, сол сияқты діни негіздегі партия не Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған көздерден қаржыландырылатын саяси партия немесе кәсіптік одақ құру немесе оған басшылық ету -
алты жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, алты мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нәсілдік, ұлттық, рулық, әлеуметтік, тектік-топтық немесе діни төзбеушілікті немесе артықшылықты уағыздайтын немесе оны іс жүзінде іске асыратын, конституциялық құрылысты күштеп құлатуға, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге немесе Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығына қол сұғушылыққа шақыратын қоғамдық бірлестік құру, сол сияқты осындай бірлестікке басшылық ету -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде аталған бірлестіктердің қызметіне белсене қатысу -
алты мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
403-бап. Тіркелмеген немесе тыйым салынған қоғамдық, діни
бірлестіктердің қызметіне басшылық ету, қатысу,
сондай-ақ олардың қызметін қаржыландыру
1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген, сол сияқты қызметі тоқтатыла тұрған немесе тыйым салынған қоғамдық, діни бірлестіктердің қызметіне басшылық ету -
екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген, сол сияқты қызметі тоқтатыла тұрған немесе тыйым салынған қоғамдық, діни бірлестіктердің қызметіне қатысу -
жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген, сол сияқты қызметі тоқтатыла тұрған немесе тыйым салынған қоғамдық, діни бірлестіктердің қызметін қаржыландыру -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
4. Қоғамдық немесе діни бірлестікке не өзге де ұйымға қатысты олардың экстремизмді немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты қызметіне тыйым салу немесе тарату туралы заңды күшіне енген сот шешімі бола тұра, олардың қызметін ұйымдастыру -
шетелдікті азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды бес жыл мерзімге Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберіп, бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, алты мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде, түзеу жұмыстарына, не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5. Қоғамдық немесе діни бірлестікке немесе өзге де ұйымға қатысты олардың экстремизмді немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты қызметіне тыйым салу немесе тарату туралы заңды күшіне енген сот шешімі бола тұра, олардың қызметіне қатысу -
шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды бес жыл мерзімге Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберіп, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Қоғамдық немесе діни бірлестікке не өзге де ұйымға қатысты олардың экстремизмді жүзеге асыруына байланысты қызметіне тыйым салу немесе тарату туралы заңды күшіне енген сот шешімі бола тұра, олардың қызметіне қатысуды өз еркімен тоқтатқан адам, егер оның іс-әрекетінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
404-бап. Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы
заңнаманы бұзу
Миссионерлік қызметті тіркеусіз (қайта тіркеусіз) жүзеге асыру, сол сияқты дінтану сараптамасының оң қорытындысы болмай, миссионерлермен діни әдебиетті, діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды және діни мақсаттағы заттарды пайдалану, егер бұл мұндай әкімшілік құқық бұзушылық үшін, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде әрекеттер қайталап жасалса, -
шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды бес жыл мерзімге Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберіп немесе онсыз, үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
405-бап. Саяси партияларды заңсыз қаржыландыру
1. Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның саяси партияны
қаржыландыруы -
шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бес жыл мерзімге Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберіліп, екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не үш айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Мемлекеттік органның немесе мемлекеттік ұйымның лауазымды адамының өзі қызмет бабын пайдалана отырып, саяси партияны қаржыландыруы -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бес жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
406-бап. Шет мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік
одақтарына жәрдем көрсету
Басқа мемлекеттердің саяси партияларын немесе кәсіптік одақтарын қаржыландыру, үй-жай немесе мүлік беру, сол сияқты өзге де жәрдем көрсету, егер бұл әрекеттер азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерінің елеулі түрде бұзылуына әкеп соқса, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
17-тарау. Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылық
407-бап. Сот төрелігін жүзеге асыруға және сотқа дейінгі
тергеу жүргізуге кедергі жасау
1. Сот төрелігін жүзеге асыруға кедергі жасау мақсатында соттың қызметіне қандай да болмасын нысанда араласу -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Сотқа дейінгі, жан-жақты, толық және объективті тергеуге кедергі жасау мақсатында прокурордың немесе сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын адамның қызметіне қандай да болмасын нысанда араласу -
үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған әрекеттер -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
408-бап. Сот төрелігін немесе сотқа дейінгі тергеуді
жүзеге асырушы адамның өміріне қол сұғу
Судьяның, алқабидің, прокурордың, сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асырушы адамның, қорғаушының, сарапшының, сот приставының, сот орындаушысының, сол сияқты олардың туыстарының өміріне істің немесе материалдардың сотта қаралуына, сотқа дейін тергеу жүргізуге не орындауға, соттың үкімін, шешімін немесе өзге сот актілерін орындауға байланысты аталған адамдардың заңды қызметіне кедергі жасау не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында жасалған олардың өміріне қол сұғу -
он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
409-бап. Сот төрелігін немесе сотқа дейінгі тергеуді
жүзеге асыруға байланысты қорқыту немесе күш
көрсету іс-әрекеттері
1. Істің немесе материалдардың сотта қаралуына байланысты судьяға, алқабиге, сол сияқты олардың жақындарына қатысты өлтіремін деп, денсаулыққа зиян келтірумен, мүлкін бүлдірумен немесе жоюмен қорқыту -
үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуіне, істің немесе материалдардың сотта қаралуына не сот үкімінің, шешімінің немесе өзге сот актілерінің орындалуына байланысты прокурорға, сотқа дейінгі тергеу жүргізетін адамға, қорғаушыға, сарапшыға, сот приставына, сот орындаушысына, сол сияқты олардың жақындарына қатысты жасалған дәл сол әрекет -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адам өмірі немесе денсаулығы үшін қауіпті емес, күш қолдана отырып жасалған әрекеттер -
бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті, күш қолдана отырып жасалған әрекеттер -
бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
410-бап. Сотты құрметтемеу
1. Сот талқылауына қатысушыларды қорлаудан көрінген сотты
құрметтемеу -
үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Судьяны және (немесе) алқабиді қорлаудан көрінген дәл сол әрекет -
бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
411-бап. Судьяға, алқабиге, прокурорға, сотқа дейінгі тергеу жүргізетін адамға, сарапшыға, сот приставына, сот орындаушысына қатысты жала жабу
1. Істердің немесе материалдардың сотта қаралуына байланысты судьяға немесе алқабиге қатысты жала жабу -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асырумен, сот сараптамасын жүргізумен не сот үкімінің, шешімінің немесе өзге сот актісінің орындалуымен байланысты прокурорға, сотқа дейінгі тергеуді жүргізетін адамға, сарапшыға, сот приставына, сот орындаушысына қатысты жасалған дәл сол әрекет -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адамды ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптауға ұласқан әрекеттер -
төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
412-бап. Көрінеу кінәсіз адамды қылмыстық жауапқа тарту
1. Көрінеу кінәсіз адамды қылмыстық жауапқа тарту -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адамды ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптауға ұласқан дәл сол әрекет -
бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
413-бап. Қылмыстық жауаптылықтан көрінеу заңсыз босату
Прокурордың немесе сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын адамның қылмыс жасады деп күдік туғызған немесе айыпталған адамды қылмыстық жауаптылықтан көрінеу заңсыз босатуы -
бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
414-бап. Көрінеу заңсыз ұстау, қамауға алу немесе қамауда
ұстау
1. Көрінеу заңсыз ұстау -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Көрінеу заңсыз қамауға алу немесе қамауда ұстау -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер -
бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Күдіктінің ұсталу фактісі және оның орналасқан жері туралы туыстарына қасақана хабарламау, адамның қамауда отырған орны туралы ақпаратты осындай ақпарат алуға құқығы бар азаматқа беруден заңсыз бас тарту, сол сияқты ұстау хаттамасын жасау уақытын немесе нақты ұсталған уақытын бұрмалау -
екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
415-бап. Айғақ беруге мәжбүр ету
Прокурордың немесе сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын тұлғаның тарапынан қорқыту, бопсалау немесе өзге де заңсыз іс-әрекеттер қолданылу арқылы күдіктіні, айыпталушыны, жәбірленушіні, куәні айғақ беруге мәжбүрлеу, сол сияқты адамның ерікті түрде айғақ беруіне, жасалған қылмыс туралы өтініш беруіне кедергі жасау не оны айғақ беруден бас тартуға мәжбүр ету не қорқыта отырып сарапшыны қорытынды беруге мәжбүрлеу -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
416-бап. Дәлелдемелерді және жедел-іздестіру
материалдарын бұрмалау
1. Азаматтық іс бойынша іске қатысушы адамның немесе оның өкілінің дәлелдемелерді бұрмалауы -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар, туралы хаттама жасауға уәкілетті лауазымды адам жасаған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша дәлелдемелерді бұрмалауы -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын орган қызметкерінің жедел-іздестіру материалдарын немесе жасырын тергеу іс-әрекеттері хаттамаларын немесе олардың қосымшаларын бұрмалауы -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Қылмыстық сот ісін жүргізу барысында сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын адамның, прокурордың, іс жүргізу әрекетіне қатысушы маманның немесе қорғаушының дәлелдемелерді бұрмалауы -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші немесе төртінші бөліктерінде көзделген, әділетсіз сот үкімін, шешімін немесе өзге де сот актісін шығаруға әкеп соққан әрекеттер -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
6. Қылмыстық іс бойынша ауыр немесе аса ауыр қылмыстар туралы, сол сияқты ауыр зардаптарға әкеп соқтырған дәлелдемелерді бұрмалау -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
417-бап. Параға коммерциялық сатып алуға не парақорлыққа
арандату
1. Параға коммерциялық сатып алуға арандату, яғни коммерциялық немесе өзге де ұйымдарда басқару қызметтерін атқарушы адамға қылмыс жасау дәлелдемелерін қолдан жасау не бопсалау мақсатында оның келісімінсіз ақша, мүліктік игіліктер мен артықшылықтар беруге тырысу әрекеті -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Парақорлыққа арандату, яғни мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамға не оған теңестірілген адамға не лауазымды адамға не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға қатысты жасалған дәл сол әрекет -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
418-бап. Көрінеу әділетсіз сот үкімін, шешімін немесе
өзге де сот актісін шығару
1. Судьяның (судьялардың) көрінеу әділетсіз сот үкімін, шешімін немесе өзге де сот актісін шығаруы -
бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екі жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бас бостандығынан айыруға соттың заңсыз үкім шығаруымен байланысты немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -
он жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, алты жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
419-бап. Көрінеу жалған сөз жеткізу
1. Қылмыс жасағаны туралы көрінеу жалған сөз жеткізу -
үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптауға ұласқан не пайдакүнемдік ниетпен жасалған дәл сол әрекет -
үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топтың мүддесіне орай жасалған әрекеттер -
бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
420-бап. Сарапшының, маманның көрінеу жалған айғақтары,
қорытындылары немесе қате аудару
1. Сотта не сотқа дейінгі тергеу барысында куәнің, жәбірленушінің көрінеу жалған айғақтары не сарапшының, маманның қорытындысы, сол сияқты сондай жағдайларда, сондай-ақ атқарушылық құжаттарды орындау кезінде аудармашы жасаған көрінеу дұрыс емес аударма -
алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптауға ұласқан не пайдакүнемдік мақсатта жасалған дәл сол әрекеттер -
бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
421-бап. Куәнің немесе жәбірленушінің айғақ беруден бас
тартуы
Куәнің немесе жәбірленушінің сотта немесе сотқа дейінгі тергеу барысында айғақ беруден бас тартуы -
екі мыңнан бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Адам өзіне, жұбайына (зайыбына) немесе өзінің жақын туыстарына қарсы айғақ беруден бас тартқаны үшін, сондай-ақ діни қызметшілер сеніп сырын ашқан діндестеріне қарсы, медиаторлар - медиацияға байланысты өздеріне белгілі болған мән-жайлар туралы және адамдарға қарсы, ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылар — қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелердегі адамдармен әңгімелесу барысында өздеріне белгілі болған мән-жайлар туралы және адамдарға қарсы айғақ беруден бас тартқаны үшін қылмыстық жауаптылыққа жатқызылмайды.
422-бап. Жалған айғақ беруді немесе айғақ беруден
жалтаруды, жалған қорытынды беруді не қате
аударуды параға сатып алу не мәжбүрлеу
1. Куәні, жәбірленушіні олардың жалған айғақ беруі мақсатында не сарапшыны оның жалған қорытынды немесе жалған айғақ беруі мақсатында, сол сияқты аудармашыны оны бұрыс аударма жасату мақсатында параға сатып алу-
төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Куәні, жәбірленушіні жалған айғақ беруге, сарапшыны жалған қорытынды беруге немесе аудармашыны бұрыс аударма жасатуға мәжбүрлеу, сол сияқты аталған адамдарды бопсалаумен, өлтіремін, денсаулығына зиян келтіремін деп, осы адамдардың немесе олардың туыстарының мүлкін жоямын деп, қорқытуға ұласқан айғақ беруден жалтаруға мәжбүрлеу -
бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, күш қолданылып жасалған, бірақ аталған адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті емес, әрекет -
алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ не аталған адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті күш қолданып жасаған, сол сияқты сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасады деп айыпталуымен байланысты әрекеттер -
екі жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
423-бап. Сотқа дейінгі іс жүргізу деректерін жария ету
Жариялауға жол беруге болмайтыны туралы заңда белгіленген тәртіппен ескертілген адамның сотқа дейінгі іс жүргізудің деректерін жария етуі, егер ол прокурордың немесе сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асырған адамның келісімінсіз жасалған болса, -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
424-бап. Мемлекеттік қорғауға жататын адамдарға қатысты
қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы
мәліметтерді жария ету
1. Мемлекеттік қорғауға жататын адамдарға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету, егер бұл әрекетті аталған мәліметтер сеніп тапсырылған немесе оның қызметтік жұмысына байланысты белгілі болған адам жасаса, -
үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан не қылмыстық топтың мүддесіне орай жасалған дәл сол әрекет -
алты мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
425-бап. Хаттап тізімделген немесе тыйым салынған не тәркілеуге жататын мүлікке қатысты заңсыз іс-әрекеттер
1. Хаттап тізімделген, тыйым салынған немесе шектеу қойылған мүлікті осы мүлік сеніп берілген адамның жасаған ысырап етуі, иеліктен шығаруы,
жасырып қалуы немесе заңсыз беруі, сол сияқты кредиттік ұйымдары қызметшілерінің тыйым салынған не шығыс операциялары тоқтатыла тұрған қойылған ақша қаражатымен (салымдармен) банк операцияларын жүзеге асыруы -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Соттың үкімі бойынша тәркілеуге жататын мүлікті жасырып қалу немесе иемденіп кету, сол сияқты мүлікке тәркілеу тағайындау туралы соттан заңды күшіне енген үкімін орындаудан өзге де жалтару -
бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығына шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
426-бап. Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамаудан
немесе күзетпен ұстаудан қашу
1. Жазасын өтеуші немесе алдын ала қамаудағы адамның бас бостандығынан айыру орындарынан, қамаудан немесе күзетпен ұстаудан қашуы -
үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
1) адамдар тобымен, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) өмірге немесе денсаулыққа қауіпі күш қолданып не сондай күш қолданамын деп қорқытумен;
3) қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттар қолданылып жасалса, —
үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Қашқан сәтінен бастап жеті күн мерзімде бас бостандығынан айыру немесе қамауда ұстау орнына өз еркімен қайтып оралған адам, егер өзге жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасамаса және қашуы осы баптың екінші бөлігіндегі 2) және 3) тармақтарында көзделген әрекеттерге ұштасып жатпаса, қылмыстың жауаптылықтан босатылады.
427-бап. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден
жалтару
Бас бостандығынан айыру орнынан қысқа мерзімге шығуға рұқсат етілген сотталған адамның, сол сияқты айдауылсыз жүріп-тұру құқығын пайдаланушы не қадағалауда жүрген сотталған адамның шығу мерзімі біткеннен кейін, бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын одан әрі өтеуден жалтару мақсатында жасалған түзеу мекемесіне қайтып оралмауы -
екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
428-бап. Қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды
талаптарына бағынбау
1. Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген адамның қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына әдейі бағынбауы -
екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бірнеше рет жасалған дәл сол әрекет -
төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеме әкімшілігінің заңды талаптарына топтасып бағынбауды ұйымдастыру, сол сияқты күш қолданумен немесе өзіне қандай да бір қасақана зиян келтіруге ұласқан не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан топтасып бағынбауға қатысу -
бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
429-бап. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде, тергеу
изоляторларында отырған адамдарға тыйым салынған
заттар, бұйымдар мен нәрселер беру
1. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде, тергеу изоляторларында отырған адамдарға алкогольдік ішімдіктер, дәрілік және есеңгірететін әсері бар басқа да нәрселерді, ақша, азық-түлік өнімдерін, бұйымдарды және бұл мекемелерде сақтау мен пайдалануға тыйым салынған басқа да нәрселерді тексеруден жасырып беру немесе кез келген тәсілдермен беруге әрекет ету -
мүлкі тәркіленіп, жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, сол сияқты қызметін атқару қағидаларын бұзып жасаған дәл сол әрекет -
мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
430-бап. Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеменің
қызметкеріне не оның жақындарына, сондай-ақ
сотталған адамға қатысты күш қолданамын деп
қорқыту немесе олардың денсаулығына немесе
өміріне қол сұғу
1. Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеменің қызметкеріне не оның жұбайына (зайыбына) немесе жақын туыстарына қатысты оның қызметтік жұмысын жүзеге асыруына байланысты, сондай-ақ сотталған адамның түзелуіне кедергі жасау немесе оның мекеме әкімшілігіне жәрдемдескені үшін кек алу мақсатында оған қатысты күш қолданамын деп қорқыту -
екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға, өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес, күш қолдану -
үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, бір топ адамның алдын ала сөз байласуымен не өміріне немесе денсаулығына қауіпті күш қолданып жасалған әрекеттер -
жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеме қызметкерінің не оның жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының өміріне оның қызметтік жұмысын жүзеге асыруына байланысты, сондай-ақ сотталған адамға қатысты оның түзелуіне кедергі жасау немесе оның мекеме әкімшілігіне жәрдемдескені үшін кек алу мақсатында қол сұғу -
он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
431-бап. Сот актісін орындамау немесе орындауға кедергі
жасау
1. Заңды күшіне енген сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін алты айдан артық орындамау, сол сияқты заңды күшіне енген сот актісінің орындалуына кедергі жасау -
бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Қызмет бабын пайдалана отырып жасалған дәл сол әрекеттер -
үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
432-бап. Әкімшілік қадағалау шектеулерін бұзу, бас
бостандығынан айыру орындарынан босатылған
адамдардың сот белгілеген әкімшілік қадағалаудан
жалтаруы
1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамның сот белгілеген әкімшілік қадағалау шектеулерін дәлелсіз себептермен бұзуы -
жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Қадағалаудағы адамның тұрғылықты жерін өз бетімен тастап кетуінен немесе бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін таңдалған тұрғылықты жеріне, демалыс және мереке күндерін есептемегенде, бес тәулік ішінде қадағалаудағы адамның бармауынан көрінген, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың сот белгілеген әкімшілік қадағалаудан жалтаруы, сол сияқты әкімшілік қадағалау шектеулерін қайталап бұзуы -
бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
433-бап. Қылмысты жасырып қалу
Сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмысты алдын ала уәде бермей жасырып қалу -
үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Жұбайы (зайыбы) және жақын туысы жасаған қылмысты алдын ала уәде бермей жасырып қалғаны үшін адам қылмыстық жауаптылыққа жатқызылмайды.
434-бап. Қылмыстық құқық бұзушылықты жасыру
1. Уәкілетті лауазымды адамның анық дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылық туралы өтінішпен немесе хабарламамен жүгінген адамға қатысты алдау, азғыру, қорқыту немесе өзге де заңсыз іс-әрекеттер арқылы не аталған адамның өтінішін кез келген өзге тәсілмен жою немесе жасыру арқылы онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстық теріс қылықты немесе қылмысты тіркеуден қасақана жасыруы -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ауыр қылмысты жасыруға әкеп соққан дәл сол әрекет -
бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшердегі айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
1) аса ауыр қылмысты жасыруға не ауыр зардаптарға әкеп соққан;
2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған әрекеттер -
бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды адам немесе уәкілетті мемлекеттік органның басшысы жасаған не сол адамдардың нұсқауымен жасалған әрекеттер -
бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, төрт жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
435-бап. Қылмыс туралы хабарламау
Анық дайындалып жатқан немесе жасалғаны белгілі аса ауыр қылмыс не дайындалып жатқаны анық белгілі терроризм актісі туралы хабарламау -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Қылмыс жасаған адамның жұбайы (зайыбы) немесе жақын туысы, сондай-ақ діни қызметшілер өзіне сеніп сырын ашқан адамдардың қылмыстары туралы хабарламағаны үшін осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа жатқызылмайды.
436-бап. Адвокаттар мен өзге де адамдардың адам мен
азаматтың құқықтарын, бостандықтарын және заңды
мүдделерін қорғау, сондай-ақ жеке және заңды
тұлғаларға заң көмегін көрсету жөніндегі заңды
қызметіне кедергі жасау
1. Адвокат не адвокаттар алқасы, заң консультациялары, адвокаттар кеңсесі өздерінің кәсіби міндеттерін жүзеге асыру үшін талап еткен қажетті құжаттарды, материалдарды немесе мәліметтерді жазбаша сұрау салуы бойынша лауазымды адамдардың заңнамада белгіленген мерзімдерде табыс етпеуі не негізсіз бас тартуы -
жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Адвокаттар мен өзге де адамдардың қылмыстық процесте адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сол сияқты жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсету жөніндегі заңды қызметіне кедергі жасау не осындай қызметтің дербестігін және тәуелсіздігін өзге де бұзу, егер бұл әрекеттер адам мен азаматтың құқықтарына, бостандықтарына немесе заңды мүдделеріне, заңды тұлғалардың құқықтарына немесе заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтірсе, -
бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған әрекеттер -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
437-бап. Азаматтың алқаби міндетін орындауына кедергі
жасау
Азаматтың алқаби міндетін орындауына Лауазымды адамның кедергі жасауы —
жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
18-тарау. Әскери қылмыстық құқық бұзушылық
438-бап. Бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау
1. Бағынбау, яғни бастықтың бұйрығын орындаудан бас тарту, сол сияқты бастықтың белгіленген тәртіппен берілген бұйрығын бағыныштының өзгедей қасақана орындамауы -
жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Қызмет мүддесіне елеулі зиян келтірген дәл сол әрекет -
екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол. мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаған, сондай-ақ ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекет -
бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, ұрыс жағдайында немесе төтенше жағдайлар кезінде қылмыстық топ жасалған әрекеттер -
бес жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады, ал қылмысты ауырлататын жағдайларда - он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге не өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, соғыс уақытында жасалған әрекеттер -
он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға, не өмір бойы бас бостандығынан айыруға, не өлім жазасына жазаланады.
6. Қызметке ұқыпсыз не ықылассыз қарау салдарынан бұйрықты орындамаудың ауыр зардаптарға әкеп соқтығуы -
бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
7. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген, соғыс уақытында, ұрыс жағдайында немесе төтенше жағдайлар кезінде жасалған әрекет -
үш жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
439-бап. Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік
міндеттерін бұзуға мәжбүрлеу
1. Бастыққа, сол сияқты өзіне жүктелген әскери қызмет бойынша міндетін атқарушы өзге адамға қарсылық көрсету немесе оны күш қолданып немесе күш қолдану қатерімен оны осы міндеттерді бұзуға мәжбүр ету -
бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Дәл сол:
1) адамдар тобының қатысуымен немесе адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) қару немесе арнайы құралдар қолданылып;
3) денсаулыққа ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіріп жасалған әрекеттер, -
үш жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ ұрыс жағдайында немесе төтенше жағдайлар кезінде жасаған, сол сияқты адам өліміне әкеп соққан әрекеттер -
он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға, не өмір бойы бас бостандығынан айыруға, жазаланады.
4. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, соғыс уақытында жасалған әрекеттер -
он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойы бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына жазаланады.
440-бап. Бастыққа қатысты күш қолдану іс-әрекеттері
1. Бастықтың әскери қызмет міндеттерін атқаруы кезінде немесе осы міндеттерді атқаруына байланысты оған қатысты жасалған ұрып-соғу, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру немесе өзге де күш қолдану -
бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшердегі айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер:
1) адамдар тобының қатысуымен, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) қару қолданылып;
3) денсаулыққа ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіріп жасалған әрекеттер -
үш жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген қылмыстық топ ұрыс жағдайында немесе төтенше жағдайлар кезінде жасаған, сол сияқты адам өліміне әкеп соққан әрекеттер -
он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген соғыс уақытында жасалған әрекеттер -
он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойы бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына жазаланады.
441-бап. Әскери қызметшілердің арасында бағыныштылық
қатынастар болмаған кезде олардың өзара
қарым-қатынасының жарғылық қағидаларын бұзу
1. Әскери қызметшілердің арасында бағыныштылық қатынастар болмаған кезде ұрып-соғудан, денсаулыққа жеңіл зиян келтірген немесе өзге де күш қолдану не ар-ожданы мен қадір-қасиетін кемсіту немесе жәбірленушіні қорлауға байланысты өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу -
бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Дәл сол:
1)бірнеше рет;
2) екі немесе одан да көп адамға қатысты;
3) адамдар тобының қатысуымен немесе адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
4) қару немесе арнайы құралдар қолданылып;
5) денсаулыққа ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіріп жасалған әрекет -
төрт жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған не адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер -
сегіз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
442-бап. Бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап
кету
1. Бейбіт уақытта жасалған, бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету, сол сияқты қызметке дәлелсіз себептермен мерзімінде келмеу, егер өз бетімен тастап кету бес тәуліктен асып кетсе, бірақ бір айдан ұзаққа созылмаса, -
бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Егер өз бетімен тастап кету бір айдан ұзаққа созылса, дәл сол әрекет —
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Қызмет бабымен сеніп тапсырылған қарумен не адамдар тобы немесе адамдар тобы алдын ала сөз байласумен бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету, егер өз бетімен тастап кету бір тәуліктен ұзаққа созылса, -
бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Ұрыс жағдайында немесе төтенше жағдайлар кезінде бөлімшені немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету, егер өз бетімен тастап кету бір тәуліктен ұзаққа созылса, -
бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5. Соғыс уақытында бөлімшені немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету ұзақтығына қарамастан, -
он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекетті жасаған әскери қызметші, егер бұл әрекет ауыр және өзге де мән-жайлар салдары болып табылса, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.
443-бап. Қашқындық
1. Қашқындық, яғни әскери қызметтен жалтару мақсатында бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету, сол сияқты осындай мақсатпен қызметке келмеу -
бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Қызмет бабымен сеніп тапсырылған қарумен қашу, сол сияқты алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасалған қашқындық -
үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, ұрыс жағдайында немесе төтенше жағдайлар кезінде жасаған әрекеттер -
он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, соғыс уақытында жасалған әрекеттер -
он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға, не өмір бойы бас бостандығынан айыруға, не өлім жазасына жазаланады.
Ескерту. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген қашқындықты жасаған әскери қызметші, егер қашқындық ауыр жағдайлардың себептерінен болса, сот оны қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.
444-бап. Әскери қызметті атқарудан жалтару немесе бас
тарту
1. Әскери қызметшінің аурумын деп өтірік сылтаурату немесе өзіне қандай да бір болмасын зақым келтіру (дене мүшесін зақымдау) не денсаулығына өзге де зиян келтіру немесе жалған құжат жасау немесе өзгеше алдау жолымен әскери қызмет міндеттерін орындаудан жалтаруы, сол сияқты әскери қызметті атқарудан бас тартуы -
бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Ұрыс жағдайында немесе төтенше жағдайлар кезінде жасалған дәл сол әрекеттер -
он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, соғыс уақытында жасалған әрекеттер —
он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойы бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына жазаланады.
445-бап. Жауынгерлік кезекшілікті атқару қағидаларын бұзу
1. Қазақстан Республикасына кенеттен жасалған шабуылды уақытылы байқау және тойтарыс беру жөнінде не оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде жауынгерлік кезекшілікті (жауынгерлік қызмет) атқару қағидаларын бұзу, егер бұл әрекет мемлекеттің мүдделеріне айтарлықтай зиян келтірсе немесе зиян келтіруі мүмкін болса, —
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі, түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет-
үш жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, ұрыс жағдайында немесе соғыс уақытында жасалған әрекеттер -
он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға, не өмір бойы бас бостандығынан айыруға, не өлім жазасына жазаланады.
Ескерту. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекетті алғаш рет жасаған әскери қызметшіні, жеңілдететін мән-жайлар болған кезде, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.
446-бап. Шекаралық қызмет атқару қағидаларын бұзу
1. Шекаралық нарядтың құрамына кіретін немесе шекаралық қызметтің өзге де міндеттерін атқарушы адамның шекаралық қызмет атқару қағидаларын бұзуы, егер бұл әрекет мемлекеттің мүдделеріне елеулі зиян келтірсе немесе зиян келтіруі мүмкін болса, -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан не адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған дәл сол әрекет -
бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекетті алғаш рет жасаған әскери қызметші, қылмысты жеңілдететін мән-жайлар болған кезде, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.
447-бап. Қарауыл (вахта) қызметін атқарудың жарғылық
қағидаларын бұзу
1. Қарауыл (вахта) құрамына кіретін адамның қарауыл (вахта) қызметінің жарғылық қағидаларын бұзуы, егер бұл әрекет қарауыл (вахта) күзететін объектілерге зиян келтіруге немесе өзге де зиянды зардаптардың болуына әкеп соқса,—
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан не адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобы жасаған дәл сол әрекет -
екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекетті алғаш рет жасаған әскери қызметші, қылмысты жеңілдететін мән-жайлар болған кезде, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.
448-бап. Ішкі қызмет атқарудың және гарнизонда патруль
болудың жарғылық қағидаларын бұзу
1. Бөлімшенің тәуліктік нарядына (қарауыл мен вахтадан басқа) кіретін адамның ішкі қызмет атқарудың жарғылық қағидаларын бұзуы, сол сияқты патруль нарядының құрамына кірген адамның гарнизонда патруль болудың жарғылық қағидаларын және осы қағидаларды кеңейтуге шығарылған бұйрықтар мен өкімдерді бұзуы, егер олар зиянды зардаптарға әкеп соқса, оның алдын алу осы адамның міндетіне жататын болса, -
бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан не адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобы жасаған дәл сол әрекеттер -
бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ескерту. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекетті алғаш рет жасаған әскери қызметші, қылмысты жеңілдететін мән-жайлар болған кезде, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.
449-бап. Бақылаушы қызметін атқару қағидаларын бұзу
1. Бақылаушы функцияларын жүзеге асыратын әскери қызметшілердің бақылау қызметін атқару қағидаларын бұзуы, егер бұл әрекет азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарына немесе заңды мүдделеріне не заңмен қорғалатын қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне айтарлықтай зиян тигізген болса, -
бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сот мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан не адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобы жасаған дәл сол әрекет -
бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекетті алғаш рет жасаған әскери қызметші, қылмысты жеңілдететін мән-жайлар болған кезде, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.
450-бап. Қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызмет
атқару қағидаларын бұзу
1. Қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі әскери нарядты құрамына кіретін адамның қызмет атқару қағидаларын бұзуы, егер бұл әрекет азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарына және заңды мүдделеріне елеулі зиянын тигізген болса, -
жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан не адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобы жасаған дәл сол әрекет -
бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, төтенше жағдайлар кезінде жасалған әрекеттер -
үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
451-бап. Билікті теріс пайдалану
1. Бастықтың немесе лауазымды адамның билікті немесе қызмет бабын өзі, немесе басқа адамдар, немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында қызмет мүдделеріне кереғар пайдалануы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соқса, -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып, төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол. мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып, төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, ұрыс жағдайында жасалған әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып, жеті жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, соғыс уақытында жасалған әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып немесе онсыз, он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады
452-бап. Билікті асыра пайдалану
1. Билікті немесе қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану яғни бастықтың немесе лауазымды адамның өзінің кұқықтары мен өкілеттіктері шегінен анық шығып кететін, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соққан іс-әрекеттер жасауы -
бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан не:
1) қару немесе арнайы құралдар қолданып;
2) өзі немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында жасалған дәл сол әрекет —
бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға, ал 2) тармағындағы көзделген жағдайларда мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, ұрыс жағдайында жасалған әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып, жеті жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, соғыс уақытында жасалған әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып, не онсыз он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
453-бап. Биліктің әрекетсіздігі
1. Биліктің әрекетсіздігі, яғни бастықтың немесе лауазымды адамның өзі немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында өзінің қызметтік міндеттерін орындамауы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соқса,-
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып, төрт жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, ұрыс жағдайында жасалған әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, соғыс уақытында жасалған әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып, он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
454-бап. Қызметке салғырт қарау
1. Бастықтың немесе лауазымды адамның қызметке салғырт қарауы, елеулі зиян келтірсе, -
бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -
бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әрекеттер -
үш жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекетті алғаш рет жасаған әскери қызметші, қылмысты жеңілдететін мән-жайлар болған кезде, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.
455-бап. Батып бара жатқан әскери кемені тастап кету
1. Батып бара жатқан әскери кемені өзінің қызметтік міндеттерін ақырына дейін орындамаған командирдің, сол сияқты оған командирдің тиісті өкімінсіз кеме командасы құрамындағы адамның тастап кетуі-
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған дәл сол әрекет
- бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
456-бап. Соғыс жүргізу құралдарын қарсыласына беру немесе тастап кету
Бастықтың өзіне сеніп тапсырылған әскери күштерді қарсыласына беруі, сол сияқты ұрыс жағдайын туғызбаған ретте бекіністерді, әскери техниканы және ұрыс жүргізудің басқа да құралдарын қарсыласына қалдырып кету, егер аталған іс-әрекеттер қарсыласына жағдай туғызу мақсатында жасалмаса, -
он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға, не өмір бойы бас бостандығынан айыруға, не өлім жазасына жазаланады.
457-бап. Тұтқынға өз еркімен берілу
Қорқақтық немесе жігерсіздік салдарынан өз еркімен тұтқынға берілу -бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
458-бап. Тонаушылық
Шайқас даласында өлгендер мен жараланғандардың заттарын ұрлау (тонау) -
бес жылдан он жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
459-бап. Әскери сипаттағы құпия мәліметтерді жария ету
немесе әскери сипаттағы құпия мәліметтер
жеткізгіштерін жоғалту
1. Мемлекеттік құпиясы жоқ әскери сипаттағы құпия мәліметтер бар жеткізгіштердің қызметі бойынша олар сеніп тапсырылған адамның абайсызда жоғалтуы, егер жоғалту аталған жеткізгіштерді ұстаудың белгіленген қағидаларын бұзудың нәтижелері болып табылса, -
бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Мемлекеттік құпиясы жоқ әскери сипаттағы құпия мәліметтерді осы мәліметтер сеніп тапсырылған немесе қызметі бойынша өзіне белгілі болған адамның жария етуі -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жыл мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, ірі зиян келтіруге немесе өзге де ауыр зардаптардың болуына әкеп соққан әрекеттер -
бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, ұрыс жағдайында немесе төтенше жағдайлар кезінде жасалған әрекеттер -
жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші немесе төртінші бөліктерінде көзделген, соғыс уақытында жасалған әрекеттер -
он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
460-бап. Әскери мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру
1. Қару-жарақты, оқ-дәріні, қозғалыс құралдарын, әскери техниканы немесе өзге де әскери мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан не күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп, сол сияқты адамдар тобының немесе алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобы жасаған дәл сол әрекеттер -
бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, ұрыс жағдайында немесе төтенше жағдайлар кезінде жасалған әрекеттер -
бес жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, соғыс уақытында жасалған әрекеттер -
он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
461-бап. Әскери мүлікті абайсызда жою немесе бүлдіру
Қару-жарақты, оқ-дәріні, қозғалыс құралдарын не әскери техника заттарын абайсызда жою немесе бүлдіру ауыр зардаптарға әкеп соқса, -
бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
462-бап. Әскери мүлікті жоғалту
Қызметте пайдалану үшін сеніп тапсырылған қару-жарақты, оқ-дәрілерді немесе әскери техника құралдарын сақтау қағидаларын бұзу, егер бұл олардың жоғалуына әкеп соқса, -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
463-бап. Қару-жарақты, сондай-ақ айналадағыларға қауіп
төндіретін заттар мен құралдарды ұстау
қағидаларын бұзу
1. Айналасындағыларға аса қауіп төндіретін қару-жарақты, оқ-дәрілерді, радиоактивті материалдарды, жарылғыш немесе өзге де заттар мен нәрселерді ұстау қағидаларын бұзу, егер бұл абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтірсе, әскери мүліктің жойылуына не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда адам өліміне әкеп соққан дәл сол әрекет -
бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан әрекет -
бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
464-бап. Машиналарды жүргізу немесе пайдалану қағидаларын
бұзу
1. Абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соққан әскери, арнаулы немесе көлік машинаны жүргізу немесе пайдалану қағидаларын бұзу -
екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол әрекет -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра- отырып, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекет -
бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан әрекет -
он жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
465-бап. Ұшу немесе оған дайындалу қағидаларын бұзу
Абайсызда кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан ұшу немесе оған дайындалу қағидаларын бұзу, сол сияқты әскери ұшу аппараттарын пайдалану қағидаларын бұзу -
он жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
466-бап. Кеме жүргізу қағидаларын бұзу
Әскери кемелерді жүргізу немесе пайдалану қағидаларын бұзу, абайсызда кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, -
он жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
467-бап. Масаң күйдегі адамның машиналарды жүргізуі,
кемелерді жүргізуі, әскери ұшу аппараттарын
басқаруы, масаң күйдегі адамға әскери техниканы
жүргізуге немесе басқаруға беру не жүргізуге
немесе басқаруға рұқсат ету
1. Алкогольдік, нашақорлық немесе уытқұмарлық масаң күйдегі адамның әскери, арнаулы немесе көлік машиналарын жүргізуі, не әскери кемелерді жүргізуі, не әскери ұшу аппаратын басқаруы, не алкогольдік, нашақорлық немесе уытқұмарлық масаң күйдегі адамға осындай әскери техниканы жүргізуге немесе басқаруға беру, сол сияқты алкогольдік, нашақорлық немесе уытқұмарлық масаң күйдегі адамға лауазымды адамның осындай техниканы жүргізуге немесе басқаруға рұқсат етуі -
екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды, атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол әрекеттер -
бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соқтырған әрекеттер -
алты жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырған әрекет, -
жеті жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекеттер, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқса, -
он жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қазақстан Республикасының
Президенті