Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару кодексінің жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 1014 қаулысы

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің
жобасы туралы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару кодексінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                С. Ахметов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ КОДЕКСІ Мазмұны Жалпы бөлім 1-бөлім. Қазақстан Республикасының
қылмыстық-атқару заңнамасы 1-тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
      2-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасы
      3-бап. Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару заңнамасының мақсаттары мен міндеттері
      4-бап. Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару заңнамасының кеңістік пен уақыт тұрғысында қолданылуы
      5-бап. Жазаны және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау негіздемесі
      6-бап. Қылмыстық-атқару заңнамасының қағидаттары
      7-бап. Сотталған адамдарды түзеудің негізгі құралдары
      8-бап. Сотталған адамдардың құқықтық жағдайының негіздері
      9-бап. Сотталған адамдардың негізгі құқықтары
      10-бап. Сотталған адамдардың негізгі міндеттері
      11-бап. Қамауға алуға және бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету
      12-бап. Сотталған адамдардың ар-ождан бостандығын қамтамасыз ету
      13-бап. Сотталған адамдардың өтініштерін жіберу тәртібі
      14-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
      15-бап. Қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті органның құзыреті
      16-бап. Қылмыстық-атқару жүйесі органдарының құзыреті

2-тарау. Жазаны орындайтын мекемелер мен органдар,
сондай-ақ өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары
және олардың қызметін бақылау

      17-бап. Жазаны орындайтын мекемелер мен органдар, сондай-ақ өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары
      18-бап. Жазаны өтеу орны туралы хабарлама
      19-бап. Сотталған адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану
      20-бап. Жергілікті атқарушы органдардың бақылауы
      21-бап. Сот бақылауы
      22-бап. Ведомстволық бақылау
      23-бап. Қылмыстық-атқару жүйесі органдарының құқықтары мен міндеттері
      24-бап. Қылмыстық-атқару жүйесіндегі прокурорлық қадағалау
      25-бап. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне бару

3-тарау. Қылмыстық-атқару жүйесіндегі қоғамдық бақылау

      26-бап. Қылмыстық-атқару жүйесіндегі қоғамдық бақылау қағидаттары
      27-бап. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріндегі қоғамдық бақылау міндеттері
      28-бап. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріндегі қоғамдық бақылау нысандары
      29-бап. Қоғамдық бақылау комиссиясы
      30-бап. Қоғамдық бақылау комиссиясын құру тәртібі
      31-бап. Қоғамдық бақылау комиссиясының мүшелеріне қойылатын талаптар
      32-бап. Қоғамдық бақылау комиссиясы мүшесінің өкілеттігін тоқтату
      33-бап. Қоғамдық бақылау комиссиясының өкілеттіктері

4-тарау. Ұлттық алдын алу тетігі

      34-бап. Ұлттық алдын алу тетігі
      35-бап. Үйлестіру кеңесі
      36-бап. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына қойылатын талаптар
      37-бап. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушысының құқықтары
      38-бап. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының міндеттері
      39-бап. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушысының өкілеттіктерін тоқтату
      40-бап. Алдын ала болудың түрлері мен кезеңділігі
      41-бап. Алдын ала болу тәртібі
      42-бап. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасы
      43-бап. Құпиялылық
      44-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларымен өзара іс-қимылы

Ерекше бөлім 2-бөлім. Сотталған адамды қоғамнан оқшаулауға
байланысты емес жазаларды орындау 5-тарау. Айыппұл түріндегі жазаны орындау

      45-бап. Айыппұл түріндегі жазаны орындау тәртібі
      46-бап. Айыппұл төлеуден жалтару

6-тарау. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны орындау

      47-бап. Жазаны орындау және түзеу жұмыстары түріндегі сотталған адамдардың жалақысынан ұстап қалуды жүргізу тәртібі
      48-бап. Пробация қызметінің және ұйымдар әкімшілігінің түзеу жұмыстарына тарту түріндегі жазаны орындау кезіндегі міндеттері
      49-бап. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны қоғамдық жұмыстарға тартумен, қамауға алумен не бас бостандығынан айырумен ауыстыру

7-тарау. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны орындау

      50-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны орындау тәртібі
      51-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны орындау шарттары
      52-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза мерзімін есептеу
      53-бап. Пробация қызметінің және жергілікті атқарушы органдардың қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны орындау кезіндегі міндеттері
      54-бап. Қоғамдық жұмыс түріндегі жазасын өтеп жүрген адамдардың жауаптылығы

8-тарау. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны орындау

      55-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу
      56-бап. Бас бостандығын шектеуге сотталған адамдарды жазасын өтеу орнына жіберу
      57-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның мерзімін есептеу
      58-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібі
      59-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзу
      60-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуді қасақана бұзу
      61-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін жауаптылық
      62-бап. Сотталған адамдарға пробациялық бақылау жасау және бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібін бұзушылықтардың алдын алу шаралары

9-тарау. Жазаның қосымша түрлерін орындау

      63-бап. Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан шығарып жіберу түріндегі жазаны орындау тәртібі
      64-бап. Арнаулы, әскери немесе құрметті атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан, мемлекеттік наградалардан айыру туралы жазаны орындау
      65-бап. Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаны орындауды ұйымдастыру
      66-бап. Сот үкімін орындау жөніндегі ұйымдар әкімшілігінің міндеттері
      67-бап. Белгілі бір қызметпен айналысуға берілген рұқсатты қайтарып алуға құқылы органдардың міндеттері
      68-бап. Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаны өтеу мерзімдерін есептеу
      69-бап. Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаға сотталған адамның міндеттері
      70-бап. Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру туралы сот үкімін орындамаудың салдары
      71-бап. Мүлікті тәркілеу туралы сот үкімін орындау тәртібі
      72-бап. Тәркілеуге жататын мүлік
      73-бап. Мемлекеттік сот орындаушысының мүлікті тәркілеу туралы сот үкімін орындау жөніндегі іс-әрекеті
      74-бап. Тәркіленген мүлікті уәкілетті мемлекеттік органға беру
      75-бап. Тәркілеуге жататын мүлікке қатысты үшінші тұлғалардың міндеттері
      76-бап. Үкімді орындағаннан кейін анықталған мүлікті тәркілеу

3-бөлім. Сотталған адамдарды қоғамнан оқшаулауға байланысты
жазаларды орындау 10-тарау. Қамауға алу түріндегі жазаны орындау

      77-бап. Қамауға алу түріндегі жазаны өтеу орындары
      78-бап. Қамауға алуға сотталған адамдарды жазасын өтеу үшін жіберу
      79-бап. Қамауға алу түріндегі жазаны орындау тәртібі мен шарттары
      80-бап. Қамауға алу түріндегі жазаны өтеп жүрген сотталған әскери қызметшілердің құқықтық жағдайының ерекшеліктері

11-тарау. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны орындаудың
жалпы ережелері

      81-бап. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны орындау орындары
      82-бап. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің түрлері
      83-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды жазасын өтеу үшін жіберу
      84-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың орнын ауыстыру
      85-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды қауіпсіздік жағдайы аралас мекемеде қалдыру және қауіпсіздік жағдайы төтенше мекемеге жіберу
      86-бап. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түрін өзгерту
      87-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне қабылдау
      88-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде бөлек ұстау
      89-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың құқықтары мен міндеттері

12-тарау. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазаны өтеу
режимі және оны қамтамасыз ету құралдары

      90-бап. Мекемелерде жазаны өтеу режимінің негізгі талаптары
      91-бап. Жазаны өтеу режимін және құқық тәртібін сақтауды қамтамасыз ету
      92-бап. Қадағалаудың, бақылаудың және күзеттің инженерлік-техникалық құралдары
      93-бап. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріндегі жедел-іздестіру қызметі
      94-бап. Мекемелердегі ерекше жағдайлар режимі
      95-бап. Қауіпсіздік шаралары және оларды қолдану негіздері

13-тарау. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазаны
өтеу жағдайлары

      96-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың жазасын өтеу жағдайлары
      97-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың тамақ өнімдері мен бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып алуы
      98-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың кездесулері
      99-бап. Сотталған адамдардың посылкалар, сәлемдемелер мен бандерольдер алуы және жіберуі
      100-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың хат жазысуы, ақша аударымдарын жіберуі және алуы
      101-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың телефон арқылы сөйлесуі
      102-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың жазу керек-жарақтары мен мерзімді басылымдарды сатып алуы және сақтауы
      103-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың серуендеуі
      104-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың телехабарлар көруі және радиохабарлар тыңдауы
      105-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың мекеме шегінен тысқары жол жүруі
      106-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды міндетті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік, зейнетақымен қамсыздандыру
      107-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету
      108-бап. Сотталған жүкті әйелдерді, сотталған бала емізетін аналарды және балалары бар сотталған әйелдерді материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету ерекшеліктері
      109-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды медициналық-санитариялық қамтамасыз ету
      110-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың материалдық жауаптылығы

14-тарау. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың еңбегі, кәсіптік білімі және кәсіби даярлығы

      111-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың еңбек етуі
      112-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың еңбек ету жағдайлары
      113-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың еңбекақысын төлеу
      114-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды мекемені абаттандыруға тарту
      115-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың табысынан ұстап қалу
      116-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың кәсіптік білімі және кәсіби даярлығы

15-тарау. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен тәрбие жұмысы

      117-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен тәрбие жұмысы
      118-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен тәрбие жұмысының негізгі бағыттары, нысандары және әдістері
      119-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың көркем өнерпаздар ұйымдары
      120-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алуын ұйымдастыру
      121-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қолданылатын көтермелеу шаралары
      122-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға көтермелеу шараларын қолдану тәртібі
      123-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қолданылатын жазалау шаралары
      124-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзуы
      125-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға жазалау шараларын қолдану тәртібі
      126-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды тәртіптік изоляторларда және бір адамдық камераларда ұстау жағдайлары
      127-бап. Мекемелердің бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға көтермелеу және жазалау шараларын қолданатын лауазымды адамдары

16-тарау. Әртүрлі мекемелерде жазаны орындау ерекшеліктері

      128-бап. Қауіпсіздік жағдайы орташа мекемелер
      129-бап. Қауіпсіздік жағдайы орташа мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары
      130-бап. Толық қауіпсіздік жағдайындағы мекемелер
      131-бап. Толық қауіпсіздік жағдайындағы мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары
      132-бап. Қауіпсіздік жағдайы ең жоғары мекемелер
      133-бап. Қауіпсіздік жағдайы ең жоғары мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары
      134-бап. Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген сотталған адамдарға арналған қауіпсіздік жағдайы ең жоғары мекемелер
      135-бап. Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген сотталған адамдарға арналған қауіпсіздік жағдайы ең жоғары мекемелерде бас бостандығынан айыруды өтеу жағдайлары
      136-бап. Қауіпсіздік жағдайы ең төмен мекемелер
      137-бап. Қауіпсіздік жағдайы ең төмен мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары
      138-бап. Қауіпсіздік жағдайы төтенше мекемелер
      139-бап. Қауіпсіздік жағдайы төтенше мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары

17-тарау. Камералық ұстау жағдайында бас бостандығынан
айыру түріндегі жазаны өтеу ерекшеліктері

      140-бап. Сотталған адамдарды камералық жағдайда ұстау мекемесі
      141-бап. Камералық ұстаудың негізгі жағдайлары
      142-бап. Камералық ұстау мекемелерінде сотталған адамдармен тәрбие жұмысы
      143-бап. Камералық ұстау жағдайларындағы сотталған адамдардың еңбегі

18-тарау. Кәмелетке толмаған сотталған адамдардың
бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны
өтеу ерекшеліктері

      144-бап. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздік жағдайы орташа мекемелерде жазаны өтеу тәртібі
      145-бап. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздік жағдайы орташа мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары
      146-бап. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздік жағдайы орташа мекемелерде бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қолданылатын көтермелеу шаралары
      147-бап. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздік жағдайы орташа мекемелерде бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға көтермелеу шараларын қолдану ерекшеліктері
      148-бап. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздік жағдайы орташа мекемелерде бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қолданылатын жазалау шаралары
      149-бап. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздік жағдайы орташа мекемелерде бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға жазалау шараларын қолдану тәртібі
      150-бап. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздік жағдайы орташа мекемелердің сотталған адамдарға көтермелеу және жазалау шараларын қолданатын лауазымды адамдары
      151-бап. Кәмелетке толған бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздік жағдайы орташа мекемелерде қалдыру
      152-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздік жағдайы орташа мекемелерден басқа мекемелерге ауыстыру
      153-бап. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру
      154-бап. Қоғамдық бірлестіктердің кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздік жағдайы орташа мекемелердің жұмысына қатысуы

4-бөлім. Өлім жазасы түріндегі жазаны орындау 19-тарау. Өлім жазасы түріндегі жазаны орындау тәртібі
мен шарттары

      155-бап. Жалпы ережелер
      156-бап. Өлім жазасына сотталған адамның құқықтық жағдайы
      157-бап. Өлім жазасын орындау тәртібі

      5-бөлім. Жазаны өтеуден босату. Жазасын өтеуден босатылған сотталған адамдарға көмек және оларға бақылау жасау

20-тарау. Жазаны өтеуден босату

      158-бап. Жазаны өтеуден босатудың негіздері мен тәртібі
      159-бап. Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын босатуға ұсыну тәртібі
      160-бап. Жүкті әйелдерге және жас балалары бар әйелдерге және жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелейтін еркектерге қатысты жазаны орындауды кейінге қалдыру
      161-бап. Жазаны орындауды кейінге қалдыру шарттарын сақтамау салдары
      162-бап. Жазаны өтеудің тоқтатылуы және босату тәртібі
      163-бап. Жазасын өтеген адамдардың құқықтық жағдайы

21-тарау. Жазаны өтеуден босатылатын сотталған адамдарға
көмек және оларға бақылау жасау

      164-бап. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері әкімшілігінің босатылатын сотталған адамдарды жұмысқа және тұрмыстық орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі міндеттері
      165-бап. Жазаны өтеуден босатылатын сотталған адамдарға көмек көрсету
      166-бап. Жазаны өтеуден босатылған адамдарды жұмысқа және тұрмыстық орналастыруға, оларға әлеуметтік көмектің басқа да түрлерін көрсетуге жәрдемдесу
      167-бап. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның жүріс-тұрысына пробациялық бақылау жасау
      168-бап. Ауруына байланысты жазасын өтеуден босатылған адамдардың денсаулық жағдайын бақылау
      169-бап. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау
      170-бап. Ішкі істер органдарының әкімшілік қадағалауын белгілеу қажет адамдарға қатысты материалдарды дайындау және ресімдеу
      171-бап. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылатын айналасындағыларға қауіп туғызатын туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдарға мәжбүрлеп емдеуді қолдану тәртібі

6-бөлім. Шартты түрде сотталған адамдарға пробациялық
бақылау жасау 22-тарау. Шартты түрде сотталған адамдарға пробациялық
бақылауды жүзеге асыру

      172-бап. Шартты түрде сотталған адамдарға пробациялық бақылауды жүзеге асыру және оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету тәртібі
      173-бап. Пробациялық бақылау мерзімін есептеу
      174-бап. Шартты түрде сотталған адамдардың жауаптылығы

23-тарау. Жұртшылықтың сотталған адамдардың
түзелуіне қатысуы

      175-бап. Қоғамдық ұйымдардың немесе құрылымдардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың сотталған адамдарды түзеуге қатысуы
      176-бап. Қамқоршылық кеңестің сотталған адамдарды түзеуге қатысуы
      177-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі
      Қосымша. Сот үкімі бойынша тәркілеуге жатпайтын мүліктер тізбесі

Жалпы бөлім
1-бөлім. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасы
1-тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
      1) Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      арнаулы қабылдау орны - қамауға алу түріндегі жазаны өтеуге арналған ішкі істер органдарының мекемесі;
      2) бақыланатын өз бетінше жол жүру - сот шығарып жіберген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының шегінен тысқары өз бетінше жол жүруі. Жол жүруді бақылау ішкі істер органдарының оның уақытша тіркелу орнын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан кесіп өтуін ақпараттық жүйелер арқылы тексеру жолымен жүзеге асырылады;
      3) бірінші дәрежедегі дұрыс жүріс-тұрыс - үш немесе одан да көп ай ішінде бұзушылықтар жасауға жол бермеген, көркемөнерпаздар ұйымының мүшесі болып табылмайтын сотталған адамдардың жазасы жоқ, бір немесе бірнеше рет көтермелеулер болған кезде сотталған адамның жүріс-тұрысын бағалау;
      4) бірінші дәрежедегі теріс жүріс-тұрыс - жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзушы болып табылатын сотталған адамның жүріс-тұрысын бағалау;
      5) гауптвахта - қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдікпен өзіне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау қолданылған не Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес күдікті ретінде ұстау туралы қаулы шығарылған әскери қызметшілерді ұстауға, сондай-ақ қамауға алу түріндегі қылмыстық жазаны орындауға арналған, әскери полиция органдары жанынан жабдықталған арнаулы үй-жай;
      6) екінші дәрежедегі дұрыс жүріс-тұрыс - алты немесе одан да көп ай ішінде бұзушылықтар жасауға жол бермеген, көркемөнерпаздар ұйымының мүшесі болып табылатын сотталған адамдардың, жазасы жоқ, бір немесе бірнеше рет көтермелеулер болған кезде сотталған адамның жүріс-тұрысын бағалау;
      7) екінші дәрежедегі теріс жүріс-тұрыс - жазаны өтеудің белгіленген тәртібін үнемі бұзушы болып табылатын сотталған адамның жүріс-тұрысын бағалау;
      8) жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзушы - бас бостандығынан айыруға сотталған, жазаны өтеу режимінің талаптарын сақтамайтын, соның салдарынан оған осы Кодексте көзделген жазалау шаралары қолданылған адам;
      9) жазаны өтеудің белгіленген тәртібін үнемі бұзатын адам - бас бостандығынан айыруға сотталған, осы Кодексте белгіленген жазаны өтеу тәртібін сақтамаған, соның салдарынан оған бір жыл ішінде бір адамдық камераға ауыстыруды қоспағанда, екі және одан да көп рет жазалау шаралары қолданылған адам;
      10) жазаны өтеу режимі - осы Кодексте және өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген, сотталған адамдарды күзету мен оқшаулауды қамтамасыз ететін жазаны орындау және өтеу тәртібі мен шарттары;
      11) жазаны өтеу шарттары - осы Кодексте көзделген жағдайларды  қоспағанда, сотталған адамдарды бір-бірінен оқшаулауды көздемейтін сотталған адамдарға берілетін құқықтар көлемі;
      12) жатын орын - кереуетпен және төсек-орын жабдықтарымен жабдықталған, сотталған адамның ұйықтауына немесе уақытша болуына арналған кеңістік;
      13) карантин бөлімшесі - жұқпалы ауруларды анықтау және оның алдын алу мақсатында мекемеге келген сотталған адамдарды ұстауға, сондай-ақ сотталған адамдардың жеке басын зерттеу және оларды жазаны өтеу тәртібі және шарттарымен таныстыруға арналған камералары бар ғимарат (ғимараттың бір бөлігі);
      14) камера - қамауға алуға немесе бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды ұстауға (орналастыруға) арналған арнайы жабдықталған үй-жай;
      15) қауіпсіз орын - сотталған адамдардың жеке басының қауіпсіздігіне қатер төнуіне қатысты оларды ұстауға арналған камера;
      16) қасақана бұзушы - бас бостандығынан айыруға сотталған, осы Кодексте белгіленген жазаны өтеу тәртібін сақтамаған, соның салдарынан оған алты ай ішінде тәртіптік изоляторға шығару не бір адамдық камераға ауыстыру түріндегі жазалау шарасы қолданылған адам;
      17) қоғамдық бақылау - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ұстау жағдайларын сақтау, медициналық-санитариялық қамтамасыз ету, еңбегін, бос уақытын және оқуын ұйымдастыру саласында мекемелерде ұсталатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын, бақылауды жүзеге асыру үшін қоғамдық және өзге де коммерциялық емес ұйымдарға біріккен азаматтардың қызметі;
      18) қоғамдық ықпал ету - қоғамдық ұйымдардың немесе құрылымдардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың сотталған адамдарды сендіру, мақұлдау және моральдық айыптау әдісімен оларға қоғамның құндылықтары мен жүріс-тұрыстың моральдық-адамгершілік нормаларын дарыту жөніндегі қызметі;
      19) қарайтын көзше - камераларда ұсталатын адамдардың жүріс-тұрысын визуалды бақылауды жүзеге асыру үшін камералардың есігіне орнатылатын оптикалық саңылау;
      20) қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық-атқару қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      21) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің уәкілетті органы - қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) қызметі саласындағы уәкілетті орган ведомствосы;
      22) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі - қылмыстық жазаларды орындауды және тергеу изоляторларында күдіктілер мен айыпталушыларды күзетпен ұстауды қамтамасыз ету жөніндегі атқарушылық және өкімдік функцияларды жүзеге асыратын органдар мен мекемелердің, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің органдары мен мекемелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдар жүйесі;
      23) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемесі - бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың жазасын өтеуіне арналған мемлекеттік мекеме;
      24) мәжбүрлі еңбек - белгілі бір біліктілікті қажет етпейтін және соттың үкімі бойынша жергілікті атқарушы органдар белгілеген жерлерде сотталған адам өтеусіз негізде орындайтын жұмыс;
      25) міндетті көпшілік іс-шаралар - барлық сотталған адамдардың міндетті түрде қатысуымен өткізілетін іс-шаралар (тексерістер, жұмысқа жинау және шығару, ас қабылдау, мәдени-көпшілік және спорттық іс-шаралар және т.б.);
      26) нөлдік дәрежедегі жүріс-тұрыс - сотталған адамда көтермелеулер сияқты жазалаулар да болмаған кезде оның жүріс-тұрысын бағалау;
      27) оқшауланған учаске - сотталған адамдар тобын бір-бірінен оқшаулауға арналған мекеме аумағының қоршалған бөлігі;
      28) пробация - пробациялық бақылаудағы әрбір адамға қатысты олардың жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында олардың жүріс-тұрысын одан әрі түзеу үшін жасалатын және жеке-дара іске асырылатын әлеуметтік-құқықтық сипаттағы шаралар кешені;
      29) пробация қызметі - қоғамнан оқшауламай қылмыстық жазаларды орындауды қамтамасыз ету жөніндегі және өздерінің есебіндегі сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек алуға жәрдем көрсететін атқарушылық және өкімдік функцияларды жүзеге асыратын қылмыстық-атқару жүйесінің органы;
      30) пробациялық бақылау - уәкілетті органдардың сотталған адамдарға сот жүктеген міндеттердің орындалуына және олардың жүріс-тұрысына бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қызметі, сондай-ақ олардың әлеуметтік-құқықтық көмек алуына пробация қызметінің жәрдемдесуі;
      31) секция - жатын үй-жайлардан, коммуналдық-тұрмыстық қамтамасыз ету үй-жайларынан, сотталған адамдармен білім беру және мәдени-тәрбие жұмысын жүргізетін үй-жайлардан және басқа да жалпы пайдаланылатын үй-жайлардан тұратын ғимараттың бөлігі;
      32) сотталған адамды түзеу - сотталған адамның бойында құқық сыйлаушылық мінез-құлықты, жеке адамға, қоғамға, еңбекке, қоғамдағы жүріс-тұрыс нормаларына, қағидалары мен этикасына жағымды көзқарасты қалыптастыру;
      33) сотталған адамның жүріс-тұрыс дәрежесі - сотталған адамның жазаны өтеу кезеңіндегі жүріс-тұрысына мекеме бастығы немесе оны алмастыратын адам қоятын баға;
      34) сотталған адамның жұмыс орны - еңбек қызметі процесіндегі олардың еңбек міндеттерін орындау кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын орны;
      35) сотталған адамның жұмыс уақыты - оның еңбек міндеттерін орындайтын уақыты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақытына жатқызылған өзге де уақыт кезеңдері;
      36) сотталған адамдармен заңсыз байланыс - сотталған адамдардың пайдалануына тыйым салынған ақпаратты не заттарды әртүрлі жолдармен беру немесе беруге әрекеттену;
      37) тәртіптік изолятор - жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзуға жол берген сотталған адамдарды ұстауға, сондай-ақ сотталған адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған камералары бар ғимарат (ғимараттың бір бөлігі);
      38) тергеу изоляторы - өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау қолданылған не Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 17 және 59-тараулары негізінде күдікті ретінде ұстау туралы қаулы шығарылған қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдіктілер мен айыпталушыларды, сондай-ақ бас бостандығынан айыруға сотталған не шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындау үшін қалдырылған не онда құқық тәртібін қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен осы Кодексте көзделген тәртіппен келген адамдарды ұстауға арналған арнаулы мекеме;
      39) уақытша ұстау изоляторы - қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдікпен ұсталған адамдарды күзетпен ұстау, сондай-ақ қамауға алу түріндегі қылмыстық жазаны орындауға арналған арнаулы мекеме;
      40) үшінші дәрежедегі дұрыс жүріс-тұрыс - бір немесе одан да көп жыл ішінде бұзушылықтар жасауға жол бермеген, сотталған адамдардың көркемөнерпаздар ұйымының мүшесі болып табылатын, жазасы жоқ, бір немесе бірнеше рет көтермелеулер болған кезде сотталған адамның жүріс-тұрысын бағалау;
      41) үшінші дәрежедегі теріс жүріс-тұрыс - жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушы болып табылатын сотталған адамның жүріс-тұрысын бағалау;
      42) ішкі тыйым салынған аймақ - негізгі қоршауға іргелес, қоршалған немесе ескерту белгілерімен белгіленген жер жолағы.

      2-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасы
      Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасы осы Кодекстен, жазаны орындау және өтеу тәртібі мен шарттарын және сотталған адамдарға өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын белгілейтін заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
      Осы Кодекс Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпыға танылған қағидаттары мен нормаларына негізделеді.

      3-бап. Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару заңнамасының
             мақсаттары мен міндеттері
      1. Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару заңнамасының мақсаттары әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру, сотталған адамдарды түзеу, сотталған адамдардың да, өзге адамдардың да жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу болып табылады.
      2. Аталған мақсаттарға сәйкес қылмыстық-атқару заңнамасының міндеті жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын, өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын реттеу, сотталған адамдарды түзеу құралдарын айқындау, олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың әлеуметтік бейімделуіне көмек көрсету деп саналады.

      4-бап. Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару заңнамасының
             кеңістік пен уақыт тұрғысында қолданылуы
      1. Қазақстан Республикасының аумағында жазасын өтеп жүрген сотталған адамдарға Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасы қолданылады.
      2. Қылмыстық жазаларды орындау, сондай-ақ сотталған адамдарға түзеу құралдарын пайдалану және босатылатындарға көмек көрсету жазаның осы түрін орындау кезінде қолданыста болған заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

      5-бап. Жазаны және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал
             ету шараларын орындау негіздемесі
      Соттың заңды күшіне енген үкімі немесе қаулысы, сондай-ақ рақымшылық немесе кешірім жасау актісі жазаны және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындаудың негіздемесі болып табылады.

      6-бап. Қылмыстық-атқару заңнамасының қағидаттары
      Қылмыстық-атқару заңнамасы заңдылық, баршаның заң алдындағы теңдігі, ізгілік, жазаны орындауды саралау және даралау, жазаны түзеу ықпалымен ұштастыру, мәжбүрлеу құралдарын ұтымды пайдалану және құқық сыйлаушылық мінез-құлқын ынталандыру қағидаттарына негізделеді.

      7-бап. Сотталған адамдарды түзеудің негізгі құралдары
      1. Сотталған адамдарды түзеудің негізгі құралдары мыналар: жазаны орындаудың және өтеудің белгіленген тәртібі (жазаны өтеу режимі), тәрбие жұмысы, әлеуметтік және туыстық байланыстарды сақтау, қоғамдық-пайдалы еңбек, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алу, кәсіби даярлық және қоғамдық ықпал ету болып табылады.
      2. Түзеу құралдары жазаның түрін, жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың сипатын, қоғамға қауіптілік дәрежесін, кінә нысаны мен себептерін, сотталған адамның жеке басы мен жүріс-тұрысын ескере отырып қолданылады.

      8-бап. Сотталған адамдардың құқықтық жағдайының негіздері
      1. Қазақстан Республикасы сотталған адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін құрметтейді және қорғайды, олардың түзелуіне қажетті жағдайларды, әлеуметтік әділеттілік кепілдігін, жазаны орындау кезінде олардың жеке басының әлеуметтік, құқықтық және өзге де қорғалуын қамтамасыз етеді.
      2. Сотталған адамдар республиканың Конституциясында, Қылмыстық, Қылмыстық-атқару кодекстерінде және өзге де заңдарында белгіленген шектеулермен Қазақстан Республикасы азаматтарының құдықтарына ие болады және міндеттерін атқарады.
      3. Сотталған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Конституцияға, Қазақстан Республикасы ратификациялаған, халықаралық шарттарға, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайы туралы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қылмыстық, Қылмыстық-атқару кодекстерінде және өзге де заңдарында көзделген шектеулермен құқықтарға ие болады және міндеттерді атқарады.

      9-бап. Сотталған адамдардың негізгі құқықтары
      1. Сотталған адамдардың:
      1) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен немесе жазаны орындайтын органдардан сот тағайындаған жаза түрін өтеу тәртібі мен шарттары, өздерінің құқықтары, міндеттері және құқықтық шектеулері туралы ақпарат алуға;
      2) жазаны орындайтын қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің немесе органның әкімшілігіне, жазаны орындайтын мекемелер мен органдардан жоғары тұрған басқару органдарына, сотқа, прокуратура органдарына, өзге де мемлекеттік органдарға және лауазымды адамдарға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ заңнамаға сәйкес адам құқығы мен бостандығын қорғау жөніндегі халықаралық ұйымдарға ауызша және жазбаша ұсыныстармен, өтініштермен және шағымдармен жүгінуге;
      3) түсініктеме беруге және хат жазысуға, сондай-ақ ана тілінде немесе өзі білетін кез келген басқа тілде өтініштермен және шағымдармен жүгінуге, заңда белгіленген жағдайларда аудармашының қызметтерін пайдалануға;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білікті заң көмегін алуға;
      5) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері психологиялық қызметінің қызметкерлері көрсететін және осындай көмек көрсетуге құқығы бар өзге де адамдардың психологиялық көмегіне;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік
қамсыздандырылуға және зейнетақы алуға;
      7) еңбек жағдайларының қауіпсіз және оның талаптарына сай келетін демалысқа, еңбек демалысына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбекақы төлеміне;
      8) сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын сотталған адамдарды қоспағанда, мемлекеттік органдарға және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлауға және сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға;
      9) жазаны орындаушы мекемелер мен органдардың, сондай-ақ олардың жоғары тұрған басқару органдарының персоналы тарапынан сыпайы қарым-қатынас жасалуына құқығы бар және қатыгез немесе адамның ар-намысын қорлайтын қарым-қатынасқа ұшырамауға тиіс. Сотталған адамдарға мәжбүрлеу шараларын заң негізінен өзгеше қолдануға болмайды;
      10) өз мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдерімен және консулдық мекемелерімен, ал Қазақстан Республикасында дипломатиялық және консулдық мекемелері жоқ елдердің азаматтары олардың мүдделерін қорғауды өз мойнына алған мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерімен немесе оларды қорғаумен айналысатын халықаралық ұйымдармен байланыс жасауға құқығы бар.
      2. Сөйлеу не есту не көру мүкістігі бар мүгедек болып табылатын сотталған адамдардың ыммен сөйлеуді (сурдоаударманы) немесе Брайль әліпбиін меңгерген мамандардың қызметін пайдалануға құқығы бар.
      3. Жазаны орындайтын қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің және органдардың әкімшілігі сотталған адамға оның құқықтарын түсіндіре отырып, қол қойғызады.

      10-бап. Сотталған адамдардың негізгі міндеттері
      1. Сотталған адамдар:
      1) осы Кодексте белгіленген талаптарды, сот үкімін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауға;
      2) қоғамда қабылданған жүріс-тұрыстың адамгершілік нормаларын, санитария және гигиена талаптарын сақтауға;
      3) олар үшін белгіленген жүріс-тұрыс қағидаларын, күн тәртібін, жазаны орындайтын қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері, органдар қызметкерлерінің, сондай-ақ сотталған адамдардың жүріс-тұрысын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын ішкі әскерлер әскери қызметшілерінің заңды талаптарын орындауға;
      4) персоналмен, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері мен жазаны орындайтын органдарға баратын өзге де адамдармен, сондай-ақ басқа да сотталған адамдармен сыпайы қарым-қатынас жасауға;
      5) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері әкімшілігінің және жазаны орындайтын органдар қызметкерлерінің шақыруы бойынша келуге, заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсініктемелер және өзге де құжаттарды беруге;
      6) арнаулы қабылдау орындарында белгіленген жүріс-тұрыс қағидаларын және күн тәртібін сақтауға;
      7) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің және жазаны орындайтын органдардың мүлкіне ұқыпты қарауға;
      8) еңбекке және оқуға адал қарауға;
      9) өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;
      10) жазасын толық өтегенге немесе жазадан босатылғанға, пробациялық бақылау мерзімі аяқталғанға, жазаны орындаудың кейінге қалдырылған мерзімі аяқталғанға дейін құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеуге және Қазақстан Республикасының аумағын тастап кетпеуге міндетті.
      2. Сотталған адамдардың өздеріне жүктелген міндеттерді орындамауы, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері және жазаны орындайтын органдар әкімшілігінің заңды талаптарын орындамауы заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
      3. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің және жазаны орындайтын органдардың әкімшілігі сотталған адамдарға олардың міндеттерін түсіндіре отырып, қол қойғызады.

      11-бап. Қамауға алуға және бас бостандығынан айыруға
              сотталған адамдардың жеке қауіпсіздігін
              қамтамасыз ету
      1. Сотталған адамдардың және басқа да адамдардың тарапынан сотталған адамның жеке басына қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаупі туындаған кезде ол қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің және жазаны орындайтын органның әкімшілігіне мұндай қатер жоқ қауіпсіз орынға ауыстыру туралы жазбаша өтінішпен жүгінуге құқылы. Бұл жағдайда лауазымды адам сотталған адамды қауіпсіз орынға ауыстыру жөнінде дереу шаралар қабылдауға міндетті.
      Осындай қауіптің туындағаны анықталған жағдайда қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің немесе жазаны орындайтын органның әкімшілігі оны немесе қауіп төндірген адамды олардың келіспеуіне қарамастан, қауіпсіз орынға ауыстыру бойынша шұғыл шаралар қолданады.
      2. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің немесе жазаны орындайтын органның бастығы сотталған адамды қауіпсіз орынға ауыстыру туралы шешімді, сотталған адамның жеке басына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалу мүмкіндігін жоятын өзге де шараларды қабылдайды.
      Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің бастығы болмаған жағдайда сотталған адамды қауіпсіз орынға ауыстыру туралы шешімді ол келгенге дейін мекеме бастығының кезекші көмекшісі қабылдайды.
      Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген қауіп сақталған жағдайда қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің әкімшілігі сотталған адамды жазасын одан әрі өтеу үшін өзге мекемеге жіберу бойынша шаралар қолдануға міндетті.
      3. Мекеме бастығы қылмыстық іс жүргізудің қатысушысы болып табылатын сотталған адамға қатысты қауіпсіздік шараларын қолдану және қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру туралы шешім қабылдайтын органдарға көмек көрсетуге міндетті.
      4. Қауіпсіз орын ретінде тәртіптік изолятор камералары пайдаланылуы мүмкін, сотталған адам онда оны қауіпсіз орынға ауыстырғанға дейін белгіленген ұстау жағдайында болады.

      12-бап. Сотталған адамдардың ар-ождан бостандығын
              қамтамасыз ету
      1. Сотталған адамдарға ар-ождан бостандығына кепілдік беріледі.
      2. Діни жораларды орындау ерікті болып табылады.
      3. Діни жораларды орындау кезінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі күн тәртібі ережелері, сондай-ақ жазасын өтеп жүрген басқа адамдардың құқықтары сақталады. Бұл ретте сотталған адамдарға зорлық-зомбылықпен, олардың денсаулығына зиян келтірумен, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзумен, заңнама актілерінде көзделген міндеттерді орындаудан бас тартуға түрткі болумен және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзумен ұштасатын іс-әрекеттерге жол берілмейді.
      4. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің әкімшілігі діни жораларды орындауға жағдайлар жасайды, сондай-ақ діни қызметшілердің жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
      5. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағында діни ғимараттар (құрылыстар) салуға тыйым салынады.

      13-бап. Сотталған адамдардың өтініштерін жіберу тәртібі
      1. Қамауға, бас бостандығынан айыруға, өлім жазасына сотталған адамдардың жазаны орындайтын мекемелер мен органдардың жоғары тұрған басқару органдарына, сотқа, прокуратура органдарына, өзге де мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі халықаралық ұйымдарға жолдаған өтініші қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің және жазаны орындайтын органдардың әкімшілігі арқылы жіберіледі. Жазалардың және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де түрлеріне сотталған адамдар өтініштерін өздері жібереді.
      Мекемелерде қамауға, бас бостандығынан айыруға, өлім жазасына сотталған адамдардың лауазымды адамдардың және мекеме әкімшілігінің заңсыз іс-әрекеттеріне шағымдарын беруге арналған арнайы пошта жәшіктерінің жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі. Өтініштерді прокурор мекеме әкімшілігі өкілдерінің қатысуымен аптасына бір рет кезеңділікпен алып отырады, ол жөнінде тиісті акті жасалады. Арнайы пошта жәшіктері сотталған адамдарға қолжетімді жерлерде мекеме аумағында және үй-жайларында орнатылады.
      2. Қамауға, бас бостандығынан айыруға, өлім жазасына сотталған адамдардың жазаны орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға жолдаған өтініштері цензураға жатпайды және демалыс және мереке күндерін қоспағанда, бір тәуліктен кешіктірілмей адресатқа жіберіледі.
      Сотталған адамның өтініші бойынша оған адвокат белгіленген жағдайда олардың хат алмасуы цензураға жатпайды.
      3. Қамауға, бас бостандығынан айыруға, өлім жазасына сотталған адамдар ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары арқылы азаптаулар және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерін қолдану туралы хабарламалар мен шағымдар жібере алады.
      4. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері мен жазаны орындайтын органдар әкімшілігінің шешімдері немесе іс-әрекеттері бойынша сотталған адамдардың өтініштері олардың орындалуын тоқтатпайды.
      5. Сотталған адамдардың өтініштері жолданған органдар мен лауазымды адамдар оларды заңда белгіленген тәртіппен қарауға тиіс.

      14-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
              Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) пробация қызметі пайдаланатын Электрондық бақылау құралдарының тізбесін;
      2) жекелеген негіздер бойынша Мемлекет меншігіне берілген (берілуге жататын) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану ережесін;
      3) Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің қадағалаудың, бақылаудың және күзеттің инженерлік-техникалық құралдарының тізбесін;
      4) Күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталған адамдарды және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің балалар үйлеріндегі балаларды тамақтандырудың және материалдың-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын;
      5) Қамау түріндегі немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазадан босатылатын адамдардың тұрғылықты жеріне немесе жұмысына жетуі үшін ақысыз жол жүрумен, сондай-ақ тамақпен немесе ақшамен қамтамасыз ету қағидаларын;
      6) Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері жанындағы қамқоршылық кеңесі туралы ережені;
      7) Пробациялық бақылаудағы адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету тәртібін;
      8) Қылмыстық жазаларды орындайтын және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету мекемелеріне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеп шыққан адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші орган туралы үлгі ережені;
      9) Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі күн тәртібі қағидаларын бекітеді;
      10) оған Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      15-бап. Қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті
              органның құзыреті
      Қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган:
      1) Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне бару қағидаларын;
      2) Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдардың жүріс-тұрысын бақылау мен қадағалауды және тексеріп қарауды жүзеге асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру қағидаларын;
      3) Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидасын;
      4) Сотталған адамдарды қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне жазасын өтеу үшін жіберу қағидаларын;
      5) Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың жазасын өтеу кезеңінде орын ауыстыру қағидаларын;
      6) Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің қадағалаудың, бақылаудың және күзеттің инженерлік-техникалық құралдарын пайдалану қағидаларын;
      7) Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ерекше жағдайлар режимін енгізу қағидаларын;
      8) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, кәсіби білім алуын және кәсіби даярлықтарын ұйымдастыру қағидаларын;
      9) Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидаларын;
      10) Бас бостандығын айыруға сотталған адамдардың діни жораларды орындауы үшін жағдайлар жасау жөніндегі нұсқаулықты;
      11) Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде туберкулезге қарсы көмекті, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру қағидасын, сондай-ақ жазаны өтеуден босатуға негіз болатын аурулар тізбесін және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталған адамдарды медициналық куәландыру тәртібін;
      12) Сотталған әйелдердің, кәмелетке толмағандардың жазасын өтеуге арналған қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелерінің және қауіпсіздік жағдайы төтенше мекемелерінің күзетін жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты;
      13) Қамауға алуға сотталған адамдардың жазасын өтеуін жүзеге асыратын арнайы мекемелердің қызметін және ішкі күн тәртібін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
      14) осы Кодексте, өзге заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      16-бап. Қылмыстық-атқару жүйесі органдарының құзыреті
      1. Қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органы:
      1) бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне сот актілеріне сәйкес бөлуді жүзеге асырады;
      2) сотталған адамдарды осы Кодекске сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің тиісті мекемелеріне жібереді;
      3) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерін емдеу-профилактикалық мекемелеріне бекітіп береді;
      4) осы Кодексте, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      2. Қылмыстық-атқару жүйесінің аумақтық органы:
      1) бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органы аумақтық органға бекітіп берген қылмыстық-атқару жүйесінің тиісті мекемелеріне соттың үкіміне немесе қаулысына сәйкес бөлуді жүзеге асырады;
      2) қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органы аумақтық органға бекітіп берген қылмыстық-атқару жүйесінің тиісті мекемелеріне сотталған адамдарды осы Кодекске сәйкес жібереді;
      3) ауруына байланысты жазасын өтеуден босатылуға ұсынылатын науқас сотталған адамдардың материалдарын қарап, сотқа жібереді;
      4) қылмыстық-атқару жүйесінің ведомстволық бағынысты мекемелеріндегі емдеу-профилактикалық, туберкулезге қарсы, санитариялық-эпидемиологиялық іс-шаралар мониторингін жүзеге асырады;
      5) комиссиялар құрады және олардың жұмыс регламентін бекітеді;
      6) осы Кодексте, өзге заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      3. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесі комиссиялар құрады және олардың жұмыс регламентін бекітеді.
      4. Қылмыстық-атқару жүйесінің органдары мен мекемелерінің комиссиялары:
      1) сотталған адамдарды жазаны өтеуден босату үшін негіз болып табылатын аурулардың тізбесі бойынша медициналық куәландырудан өткізуді (арнайы медициналық комиссия);
      2) ауру диагнозын қою, ауруды емдеу тактикасы мен болжамын айқындау, сондай-ақ аурудың жағымсыз болжамы бар науқастарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберуді (дәрігерлік-консультациялық комиссия);
      3) сотталған адамдарға қатысты әкімшілік қадағалауды белгілеу үшін сотқа материалдар жолдау туралы мәселені қарауды;
      4) өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылған сотталған адамдарды, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдіктілерді және айыпталушыларды психологтың профилактикалық есебіне қою және одан шығару туралы мәселені қарауды;
      5) сотталған адамдарды жазаны өтеудің осы Кодексте көзделген әртүрлі түрлеріне ауыстыру туралы мәселені қарауды;
      6) осы Кодексте, өзге заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

2-тарау. Жазаны орындайтын мекемелер мен органдар,
сондай-ақ өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету
шаралары және олардың қызметін бақылау

      17-бап. Жазаны орындайтын мекемелер мен органдар,
              сондай-ақ өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал
              ету шаралары
      1. Айыппұл немесе мүлікті тәркілеу түріндегі жазаны мүлік  тұрған жердегі және сотталған адамның жұмыс орны бойынша атқарушылық іс жүргізу органдары орындайды.
      2. Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаны орындауды сотталған адамның тұрғылықты жері бойынша пробация қызметі немесе бас бостандығын айыру түріндегі жазаны орындау кезіндегі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесі жүзеге асырады. Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру туралы сот үкімінің талаптарын сотталған адамның жұмыс орны бойынша ұйымның әкімшілігі, сондай-ақ лицензиатты жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына берілген лицензиясынан айыруға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқылы органдар орындайды.
      3. Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру туралы сот үкімінің орындалуын уәкілетті мемлекеттік органдар бақылайды.
      4. Қамауға алу түріндегі жазаны ішкі істер органдары мен әскери полиция органдары орындайды.
      5. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан шығарып жіберу туралы жазаны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі және ішкі істер органдары орындайды.
      6. Құрметті, әскери, арнаулы немесе өзге де атақтардан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден және біліктілік сыныбынан айыру туралы сот үкімін - атақты, сыныптық шенді, дипломатиялық дәрежені және біліктілік сыныбын берген лауазымды адам, ал мемлекеттік наградаларды құжаттарымен қоса алып қоюды олардың орналасқан жері бойынша пробация қызметі орындайды.
      7. Қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына тарту түріндегі жазаны сотталған адамның тұрғылықты жері бойынша пробация қызметі орындайды.
      8. Өлім жазасы түріндегі жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері орындайды.
      9. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері, сондай-ақ шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмысты орындау үшін қалдырылған немесе этаппен жөнелтілген сотталған адамдарға қатысты тергеу изоляторлары орындайды.
      10. Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың жүріс-тұрысына бақылауды босатылған адамның тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдары жүзеге асырады.
      11. Шартты түрде сотталған адамдар мен бас бостандығын шектеуге сотталған адамдар пробация қызметінің пробациялық бақылауында болады.
      12. Жазаны орындауы кейінге қалдырылған жүкті әйелдер мен жас балалары бар әйелдер, жас балаларды жалғыз өзі тәрбиелейтін еркектер пробация қызметінің бақылауында болады.
      13. Қоғамнан оқшаулаусыз жазаларға сотталған адамдардың, шартты сотталған адамдардың және қылмыстық-құқықтық жауаптылықтың өзге де шараларына сотталған адамдардың жүріс-тұрысын бақылауды жүзеге асыруға қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен тиісті қызмет полициясының қызметкерлері тартылады.

      18-бап. Жазаны өтеу орны туралы хабарлама
      Сотталған адамның жазаны өтеу орнына келгені туралы жазаны орындайтын мекеменің немесе органның әкімшілігі сотталған адамның қалауы бойынша жақын туыстарының біріне не заңды өкілдеріне екі жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлама жіберуге міндетті.

      19-бап. Сотталған адамдарға медициналық сипаттағы
              мәжбүрлеу шараларын қолдану
      1. Алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын, сондай-ақ есінің кемістігі болуы мүмкін, психикалық ауытқулары бар (ауыратын) бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері сот шешімі бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданады.
      2. Егер бас бостандығынан айыруды өтеп жүрген кезде сотталған адамның алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратыны анықталса, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің әкімшілігі сотқа мұндай сотталған адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы ұсыным жібереді.
      3. Бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларға сотталған және осы баптың бірінші бөлігінде тізбеленбеген аурулармен ауыратын адамдарға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 91-98-баптарына сәйкес медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылады.
      4. Туберкулезбен ауыратын немесе жыныстық жолмен берілетін инфекциядан емделудің толық курсынан өтпеген бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері медициналық комиссияның шешімі бойынша міндетті ем қолданады.

      20-бап. Жергілікті атқарушы органдардың бақылауы
      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары:
      1) өздерінің аумағында орналасқан, осы Кодекске сәйкес жазаларды орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне бақылау жасауды жүзеге асырады;
      2) қылмыстық жазаларды орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шаралары бойынша, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеп шыққан адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша консультативтік-кеңесші органдар құрады. Осы консультативтік-кеңесші органдар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Үлгі ереже негізінде жұмыс істейді.

      21-бап. Сот бақылауы
      1. Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жұмсақ түріне ауыстыру туралы, сотталған адамның ауруына байланысты жазадан босату туралы, адамның жеке басына қарсы ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін бес жылдан артық мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды қоспағанда, жүкті әйелдер мен жас балалары бар әйелдердің және жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелейтін еркектердің жазаларын өтеуін кейінге қалдыру туралы, сондай-ақ мекеменің түрін өзгерту туралы мәселелерді шешу кезінде жазалардың орындалуын сот бақылайды.
      2. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, сот сотталған адамдар мен өзге де адамдардың қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің әкімшіліктері мен жазаны орындайтын органдардың іс-әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағымдарын қарайды.
      3. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері мен жазаны орындайтын органдар, үкім шығарған сотқа сотталған адамдардың қоғамдық жұмыстарды, түзеу жұмыстарын, бас бостандығынан айырудың, қамауға алудың, бас бостандығын шектеудің басталғаны және оны өтеу орны туралы және белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, арнаулы, әскери немесе құрметті атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградалардан айыру, мүлкін тәркілеу, өлім жазасы түріндегі жазалардың орындалуы туралы екі жұмыс күні ішінде хабарлама жібереді.

      22-бап. Ведомстволық бақылау
      Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері мен жазаны орындайтын органдардың қызметіне жоғары тұрған басқару органдары мен лауазымды адамдар тарапынан ведомстволық бақылау жүзеге асырылады. Ведомстволық бақылауды жүзеге асыру тәртібі нормативтік құқықтық актілерде белгіленеді.

      23-бап. Қылмыстық-атқару жүйесі органдарының
              құқықтары мен міндеттері
      Қылмыстық-атқару жүйесінің органдары қылмыстық-атқару заңнамасының аталған мақсаттарына, сондай-ақ олардың алдына қойылған міндеттерге сәйкес және өз құзыреті шегінде:
      1) Конституцияны, осы Кодексті және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып, сотталған адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғауға міндетті;
      2) Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Кодексте, заңдарда және жазаларды орындау тәртібі мен жағдайларын және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын реттеу, сотталған адамдарды түзеу құралдарын айқындау, олардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау, оларға әлеуметтік бейімделуде көмек көрсету көзделетін өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген құқықтары болуға тиіс;
      3) өз қызметін сотталған адамдар мен өзге де адамдарды мойындау, сыйлау және адамның қадыр-қасиетіне қас сұғылмау, сотталған адамдармен тыйым салынған байланысқа жол бермеу негізінде жүзеге асыруға тиіс.

      24-бап. Қылмыстық-атқару жүйесіндегі прокурорлық қадағалау
      Заңдардың, Қазақстан Республикасы Жарлықтарының және қылмыстық-атқару жүйесінің қызметін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілердің нақты және бірізді қолданылуын қатаң қадағалауды Қазақстан Республикасының прокуратурасы жүзеге асырады.

      25-бап. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне бару
      1. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне арнайы рұқсатсыз баруға:
      1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, сондай-ақ тиісті аумақтар шегіндегі облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және Қазақстан Республикасының астанасы әкімдерінің;
      2) Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оған бағынысты прокурорлардың;
      3) қылмыстық-атқару жүйесінің жоғары тұрған органдары қызметкерлерінің;
      4) Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құқығы бар.
      2. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, діни бірлестіктердің діни қызметшілері мен өзге де адамдардың қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне осы мекеме әкімшілігінің не қылмыстық-атқару жүйесінің жоғары тұрған органдарының арнаулы рұқсаты бойынша ғана баруға құқығы бар.
      3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген діни бірлестіктердің діни қызметшілерінің бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жүрген адамдардың немесе олардың туыстарының өтініші бойынша діни жораларды орындау үшін қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне баруға құқығы бар.
      4. Күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталған адамдардың қауіпсіздігі мен олардың күзетін қамтамасыз ететін объектілерді кино, фото және бейнетүсіру қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері әкімшілігінің рұқсатымен жүзеге асырылады.
      5. Сотталған адамдарды кино, фото және бейнетүсіру, олармен сұхбат жүргізу, оның ішінде аудиобейнетехника құралдарын пайдалана отырып жүргізу сотталған адамдардың өздерінің келісімімен жүзеге асырылады.
      6. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне бару ережесін қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

3-тарау. Қылмыстық-атқару жүйесіндегі қоғамдық бақылау

      26-бап. Қылмыстық-атқару жүйесіндегі қоғамдық
              бақылау қағидаттары
      Қылмыстық-атқару жүйесіндегі қоғамдық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қызмет қылмыстық-атқару жүйесінің ерекшеліктері ескеріле отырып, заңдылық, әділеттілік, ашықтық, кәсібилік, еріктілік, тең құқылық, өзін-өзі басқару және адам құқықтарының басымдығы қағидаттарына негізделеді.

      27-бап. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріндегі
              қоғамдық бақылау міндеттері
      Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі қоғамдық бақылау міндеттері:
      1) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері қызметінің жұртшылық үшін ашықтық деңгейін арттыру;
      2) қылмыстық жазаларды орындауды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
      3) бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жүрген сотталған адамдардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалу деңгейін арттыру;
      4) бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жүрген сотталған адамдар ортасында шиеленісті төмендету;
      5) бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жүрген сотталған адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою бойынша шаралар қолдану болып табылады.

      28-бап. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріндегі
              қоғамдық бақылау нысандары
      Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріндегі қоғамдық бақылау нысандары:
      1) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне бару;
      2) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдармен ұстау жағдайлары, құқықтық көмек көрсету шағымдары бойынша кездесу;
      3) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің немесе жоғары тұрған не қадағалау органдарының лауазымды адамдарымен бірлесіп жеке қабылдау;
      4) қоғамдық бақылау мәселелері бойынша сұрау салуларды, өтініштерді, шағымдарды, өтінішхаттарды мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, қадағалау немесе бақылау органдарына олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жолдау;
      5) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау сенімхаты бойынша сотқа шағымдар мен қуыным арыздардың, сотта сөйлейтін сөздерді дайындау және жолдау;
      6) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға сауалнама жүргізу, оларға сұрақ қою және олармен сұхбаттасу;
      7) қылмыстық-атқару жүйесі уәкілетті органының басшысымен келісілген арнайы жобалар мен бағдарламаларды іске асыру;
      8) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне бару нәтижелері, онда ұстау жағдайлары туралы жұртшылықты хабардар ету, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар ету болып табылады.

      29-бап. Қоғамдық бақылау комиссиясы
      1. Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың заңды тұлға болып табылмайтын қоғамдық бақылау комиссиялары құрылады.

      30-бап. Қоғамдық бақылау комиссиясын құру тәртібі
      1. Бастамашылар қоғамдық комиссияның құрылғаны туралы бұқаралық ақпарат құралдары және өзге де тәсілдер арқылы хабарлайды және оның жұмысына қатысуды ұсынады.
      2. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында тек бір облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) қоғамдық бақылау комиссиясы құрылуы мүмкін, ол өз қызметін тек соның шегінде ғана жүзеге асырады.
      3. Қоғамдық бақылау комиссиясы үш адамнан тоғыз адамға дейінгі құрамда құрылады және оны көпшілік даусымен сайланатын төраға басқарады, ол жұмысты жоспарлайды, қоғамдық бақылау комиссиясына басшылықты жүзеге асырады.
      4. Қоғамдық бақылау комиссиясының дербес құрамы бекітілген және оның төрағасы сайланған бірінші отырыстық хаттамасын қылмыстық-атқару жүйесінің аумақтық органына ұсыну оның қызметінің басталғаны болып табылады.
      5. Қоғамдық бақылау комиссиясы күнтізбелік бір жыл мерзімге құрылады, ол уақыт аяқталғаннан кейін оны құрудың тәртібі қайта жүргізіледі. Қоғамдық бақылау комиссиясының жұмыс кезеңінде Комиссия отырысының хаттамасы негізінде оның мүшелерін ауыстыру жүргізілуі мүмкін.
      6. Қоғамдық бақылау комиссиясының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған тәртіппен қаржыландырылады.

      31-бап. Қоғамдық бақылау комиссиясының мүшелеріне
              қойылатын талаптар
      1. Қазақстан Республикасының жиырма бір жасқа толған, әрекетке қабілетті азаматтары Қоғамдық бақылау комиссиясының мүшелері бола алады.
      2. Мыналар:
      1) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар, сондай-ақ бұрын қылмыстық жауапқа тартылған не сот төрелігіне қарсы және жазаларды орындау тәртібіне қарсы қылмысы үшін сотталған азаматтар;
      2) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдіктілер немесе айыпталушылар;
      3) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың жұбайлары, жақын туыстары;
      4) психоневрологиялық немесе наркологиялық диспансерлерде есепте тұрғандар;
      5) құқық қорғау органдарының қызметкерлері қоғамдық бақылау комиссиясының мүшелері бола алмайды.
      3. Қоғамдық бақылау комиссиясының мүшелері өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асырады.
      4. Бір адам бір мезгілде бірнеше қоғамдық комиссияның мүшесі бола алмайды.

      32-бап. Қоғамдық бақылау комиссиясы мүшесінің
              өкілеттігін тоқтату
      1. Қоғамдық бақылау комиссиясы мүшесінің өкілеттігі оның құрылған күнінен бастап күнтізбелік бір жыл аяқталған соң, сондай-ақ:
      1) қоғамдық бақылау комиссиясының мүшесі өз өкілеттігін доғару туралы жазбаша өтініш берген;
      2) қоғамдық бақылау комиссиясының мүшесі қайтыс болған немесе сот оны әрекетке қабілетсіз деп таныған не соттың оны қайтыс болған деп жариялау туралы шешімі заңды күшіне енген;
      3) қоғамдық бақылау комиссиясы мүшесінің кандидатурасын ұсынған қоғамдық бірлестік шешім шығарған;
      4) қоғамдық бақылау комиссиясы мүшесінің кандидатурасын ұсынған қоғамдық бірлестік таратылған;
      5) қоғамдық бақылау комиссиясы шешім шығарған;
      6) қоғамдық бақылаудың қағидаттары мен міндеттерінің беделін түсіретін қылықтар мен іс-әрекеттер жасалған кезде тоқтатылады.
      2. Қоғамдық бақылау комиссиясының мүшесі өкілеттігін тоқтатқаны туралы Комиссия төрағасы қылмыстық-атқару жүйесінің аумақтық органына хабарлайды.

      33-бап. Қоғамдық бақылау комиссиясының өкілеттіктері
      1. Қоғамдық бақылау комиссиясы:
      1) мекеменің кез келген лауазымды адамымен кездесуге, олардан қоғамдық бақылау мәселелері бойынша ақпарат алуға;
      2) қоғамдық бақылау комиссиясының кемінде екі мүшесі құрамында қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне баруға, бұл ретте тиісті мекеме бастығын баратын адамдардың тізімін ұсына отырып, жоспарланып отырған баратындары туралы кемінде бір тәулік бұрын хабардар етуге;
      3) қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің әкімшілігіне және (немесе) прокуратура органдарына қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етумен байланысты мәселелер бойынша өтініштермен жүгінуге;
      4) аталған адамдардың келісімі болған кезде сотталған адамдармен әңгімелесуге, сондай-ақ олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы мәселелері жөніндегі өтініштер мен шағымдарды қабылдауға;
      5) қоғамдық бақылауды жүзеге асырумен байланысты мәселелерді қарау кезінде сот отырыстарына қатысуға;
      6) қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің әкімшілігіне анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер туралы жазбаша хабарлауға, ал бұл бұзушылықтар мен кемшіліктер жойылмаған жағдайда тексеру жүргізуді талап етуге және осындай тексеруге қатысуға;
      7) прокуратура органдарымен келісім бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері мен органдарына олармен жүргізетін тексерулерге қатысуға құқылы.
      2. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ерекше режимді енгізу кезеңінде қоғамдық бақылау комиссиясының аталған мекемелерге баруға өкілеті тоқтатылады.
      3. Қоғамдық бақылау комиссиясының мүшелері өз өкілеттіктерін орындау кезінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің қызметін қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілердің ережелерін сақтауға, сондай-ақ аталған мекеме әкімшілігінің заңды талаптарына бағынуға міндетті.
      4. Қоғамдық бақылау комиссиясы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің әкімшілігіне осы мекемелерде ұсталатын адамдардың құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау мақсатында көмек көрсетуге құқылы.
      5. Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру кезінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің қызметіне, сондай-ақ жедел-іздестіру, қылмыстық іс жүргізу қызметіне және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізуге араласуға жол берілмейді.

4-тарау. Ұлттық алдын алу тетігі

      34-бап. Ұлттық алдын алу тетігі
      1. Ұлттық алдын алу тетігі ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының қызметі арқылы жұмыс істейтін, азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу жүйесі түрінде қолданылады.
      2. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары өз қызметі шеңберінде жазаларды орындайтын мекемелерде (түзеу мекемелерінде, тергеу изоляторларында, гарнизондардың гауптвахталарында, гарнизондық гауптвахталардың бөлімшелерінде) және осы қатысушылардың болуы (бұдан әрі - алдын ала болу) үшін Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын өзге де ұйымдарда болады.
      3. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, сондай-ақ Үйлестіру кеңесі іріктейтін, азаматтардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қоғамдық бақылаушы комиссиялардың және қоғамдық бірлестіктердің мүшелері, заңгерлер, әлеуметтік қызметкерлер, дәрігерлер ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары болып табылады.
      4. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының қызметін үйлестіреді, ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының қажетті әлеуеті мен кәсіптік білімін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолданады.
      5. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болу шығыстарын өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

      35-бап. Үйлестіру кеңесі
      1. Ұлттық алдын алу тетігінің қызметін тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жанынан Үйлестіру кеңесі құрылады.
      Адам құқықтары жөніндегі уәкілді қоспағанда, Үйлестіру кеңесінің мүшелерін Адам құқықтары жөніндегі уәкіл құратын комиссия Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан сайлайды.
      2. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл:
      Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережені;
      ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеу тәртібін;
      алдын ала болу үшін ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан топтар құру тәртібін;
      алдын ала болу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды;
      алдын ала болу қорытындылары бойынша жыл сайынғы жинақталған баяндаманы дайындау тәртібін бекітеді.
      3. Үйлестіру кеңесі Біріккен Ұлттар ұйымы Азаптауға қарсы комитетінің Азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу жөніндегі кіші комитетімен өзара іс-қимыл жасайды.

      36-бап. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына
              қойылатын талаптар
      1. Мыналар:
      1) заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар;
      2) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деп күдік келтірілген немесе айыпталған;
      3) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдар;
      4) судьялар, адвокаттар, мемлекеттік қызметшілер және әскери қызметшілер, сондай-ақ құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері;
      5) психиатрда және (немесе) наркологта есепте тұратын адамдар ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары бола алмайды.
      2. Қасақана қылмыс жасағаны үшін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған; теріс себептер бойынша мемлекеттік немесе әскери қызметтен, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан босатылған немесе адвокаттар алқасынан шығарылған; адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айырылған адамдар да ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары бола алмайды.

      37-бап. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушысының құқықтары
      1. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысы:
      1) алдын ала болуға жататын мекемелерде ұсталатын адамдардың саны, осындай мекемелердің саны және олардың орналасқан жері туралы ақпарат алуға;
      2) алдын ала болуға жататын мекемелерде ұсталатын адамдармен қарым-қатынас жасауға, сондай-ақ оларды ұстау жағдайларына қатысты ақпаратқа қол жеткізе алуға;
      3) алдын ала болуды құрылған топтардың құрамында белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға;
      4) алдын ала болуға жататын мекемелерде ұсталатын адамдармен және (немесе) олардың заңды өкілдерімен куәларсыз, жеке өзі немесе қажет болған кезде аудармашы арқылы, сондай-ақ ұлттық алдын алу тетігі қатысушысының пікірі бойынша тиісті ақпарат бере алатын кез келген басқа адаммен әңгімелесулер өткізуге;
      5) алдын ала болуға жататын мекемелерді кедергісіз таңдауға және оларда болуға;
      6) азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің қолданылғаны туралы хабарламалар мен шағымдарды қабылдауға құқылы.
      2. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысы заңды қызметін жүзеге асырған кезде тәуелсіз болып табылады.

      38-бап. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының
              міндеттері
      1. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары өз өкілеттіктерін атқару кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға міндетті.
      2. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болуға жататын мекемелердің қызметіне араласуына жол берілмейді.
      3. Алдын ала болу жөніндегі топқа кіретін ұлттық алдын алу тетігі қатысушысының турашылдығына күмән туғызатын мән-жайлар болған кезде, ол алдын ала болуға қатысудан бас тартуға міндетті.
      4. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің қолданылғаны туралы қабылданатын хабарламалар мен шағымдарды Адам құқықтары жөніндегі уәкіл айқындайтын тәртіппен тіркеуге міндетті.
      Қабылданған хабарламалар мен шағымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қарауына беріледі.
      Қабылданған және берілген хабарламалар мен шағымдар туралы аппарат алдын ала болу нәтижелері жөніндегі есепке енгізіледі.
      5. Осы Кодекстің ережелерін бұзған ұлттық алдын алу тетігінің
қатысушылары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген
жауаптылықта болады.

      39-бап. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушысының
              өкілеттіктерін тоқтату
      Ұлттық алдын алу тетігі қатысушысының өкілеттіктері:
      1) осы Кодекстің ережелері бұзылған;
      2) өз өкілеттіктерін доғару туралы жазбаша өтініш берілген;
      3) ол қайтыс болған не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
      4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;
      5) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған;
      6) соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;
      7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайлар басталған кезде тоқтатылады.

      40-бап. Алдын ала болудың түрлері мен кезеңділігі
      1. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болуы
мыналарға бөлінеді:
      1) төрт жылда кемінде бір рет, ұдайы негізде жүргізілетін кезеңдік алдын ала болу;
      2) алдыңғы кезеңдік алдын ала болу нәтижелері бойынша ұсынымдарды іске асыру мониторингі, сондай-ақ ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары әңгімелесулер өткізген адамдарды алдын ала болуға жататын мекемелердің әкімшіліктері тарапынан қудалаудың алдын алу мақсатында кезеңдік алдын ала болулар аралығындағы кезеңде жүргізілетін аралық алдын ала болу;
      3) азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің қолданылғаны туралы келіп түскен хабарламалардың негізінде жүргізілетін арнаулы алдын ала болу.
      2. Үйлестіру кеңесі бөлінген бюджет қаражаты шегінде алдын ала болу мерзімдерін және алдын ала болуға жататын мекемелердің тізбесін айқындайды.

      41-бап. Алдын ала болу тәртібі
      1. Алдын ала болуды Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің келісуі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін қағидаларға сәйкес Үйлестіру кеңесі ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құрылатын топтар жүргізеді.
      2. Алдын ала болу үшін топтар құру кезінде ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының ешқайсысын тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне қатысты себептер бойынша немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітуге болмайды.
      3. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету алдын ала болуға жататын мекемелердің әкімшілігіне жүктеледі. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының заңсыз әрекеттері орын алған жағдайда, алдын ала болуға жататын мекемелер әкімшілігінің басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге жазбаша хабарлайды.
      4. Әрбір алдын ала болудың нәтижелері бойынша топтың атынан Үйлестіру кеңесі бекіткен нысанда жазбаша есеп жасалады, оған алдын ала болуды жүзеге асырған топтың барлық мүшелері қол қояды. Ерекше пікірі бар топ мүшесі оны жазбаша түрде ресімдейді және есепке қоса береді.

      42-бап. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының
              жыл сайынғы жинақталған баяндамасы
      1. Үйлестіру кеңесі ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасын олардың алдын ала болу нәтижелері бойынша есептерін ескере отырып дайындайды.
      2. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасына:
      уәкілетті мемлекеттік органдарға алдын ала болуға жататын мекемелерде ұсталатын адамдармен қарым-қатынас жағдайларын жақсарту және азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу бойынша ұсынымдар;
      Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізіледі.
      Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасына өткен жылғы алдын ала болу жөніндегі қаржылық есеп қоса беріледі.
      3. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасы қарау үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберіледі және оны Үйлестіру кеңесі бекіткен күннен бастап бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің интернет-ресурсында орналастырылады.

      43-бап. Құпиялылық
      1. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары алдын ала болу барысында адамның жеке өмірі туралы өздеріне белгілі болған мәліметтерді осы адамның келісуінсіз жария етуге құқылы емес.
      2. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болу барысында адамның жеке өмірі туралы өздеріне белгілі болған мәліметтерді осы адамның келісуінсіз жария етуі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

      44-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың ұлттық
              алдын алу тетігінің қатысушыларымен
              өзара іс-қимылы
      1. Мемлекеттік органдар және олардың лауазымды адамдары ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына заңды қызметін жүзеге асыруына жәрдем көрсетеді.
      Бірде-бір мемлекеттік орган немесе лауазымды адам азаптауды және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерін қолдану фактілері туралы ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына хабарлағаны үшін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге құқылы емес.
      Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының заңды қызметіне кедергі келтіретін лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
      2. Уәкілетті мемлекеттік органдар ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасын алған күннен бастап үш ай ішінде Адам құқықтары жөніндегі уәкілге алынған баяндамаларды қарау нәтижелері бойынша қолданылған шаралар туралы жазбаша нысанда хабарлайды.
      3. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болу нәтижелері бойынша есептері негізінде Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе лауазымды адамдарға адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзған лауазымды адамға қатысты тәртіптік немесе әкімшілік іс жүргізуді не қылмыстық істі қозғау туралы өтінішхат беруге құқығы бар.

Ерекше бөлім 2-бөлім. Сотталған адамды қоғамнан оқшаулауға
байланысты емес жазаларды орындау 5-тарау. Айыппұл түріндегі жазаны орындау

      45-бап. Айыппұл түріндегі жазаны орындау тәртібі
      1. Сотталған адам үкім заңды күшіне енгеннен кейін бір айдың ішінде айыппұлды төлеуге міндетті.
      2. Сотталған адамның айыппұлды біржолғы төлеуге мүмкіндігі болмаған жағдайда, ол төлемнің мерзімін ұзарту немесе алты айға дейінгі мерзімге бөліп төлеу туралы сот алдында өтініш жасауға құқылы.
      3. Сотталған адам айыппұлды ерікті түрде төлемеген кезде жазаны орындау сот берген атқару парағының негізінде мәжбүрлеп жүргізіледі. Айыппұл сотталған адамның мүлкінен, оның ішінде оның сот айқындаған ортақ меншік құқықтарындағы мүліктегі үлесінен өндіріп алынуы мүмкін.
      4. Айыппұлды өндіріп алу кезінде осы Кодекстің қосымшасында белгіленген тізбеге сәйкес тәркілеуге жатпайтын мүлік алынуы мүмкін емес.

      46-бап. Айыппұл төлеуден жалтару
      1. Үкім заңды күшіне енгеннен кейін бір ай ішінде айыппұлды төлемеген және өзінің кірістерін не мүлкін мәжбүрлеп өндіріп алудан жасырушы сотталған адам айыппұл төлеуден жалтарушы деп танылады.
      2. Сот орындаушысы айыппұл төлеуден жалтарушы сотталған адамдарға қатысты айыппұлды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 42-бабының үшінші бөлігіне сәйкес жазаның басқа түріне ауыстыру туралы сотқа ұсыным жібереді.

6-тарау. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны орындау

      47-бап. Жазаны орындау және түзеу жұмыстары
         түріндегі сотталған адамдардың жалақысынан ұстап
         қалуды жүргізу тәртібі
      1. Түзеу жұмыстары мемлекет кірісіне сотталған адамның жалақысының (ақшалай ұстаудың) жиырма пайызынан қырық пайызына дейін сот өкіміне сәйкес ақша қаражатын толық өтегенге дейін ай сайын аудару арқылы орындалады.
      2. Түзеу жұмыстарына сотталған адамдар соттың тиісті өкімі үкімнің (ұйғарымның, қаулының) көшірмесімен бірге пробация қызметіне келіп түскен күннен бастап он бес күндік мерзімнен кешіктірілмей жазасын өтеуге тартылады.
      3. Пробация қызметі, сотталған адамның өзі немесе ол жұмыс істейтін ұйымның әкімшілігі оның материалдық жағдайы нашарлаған жағдайда жалақысынан ұстап қалу мөлшерін кеміту туралы сотқа өтінішхат жасауға құқылы. Ұстап қалу мөлшерін кеміту туралы шешім сотталған адамның барлық табыстары ескеріле отырып шығарылады.
      4. Ұстап қалу жалақы төлеу кезінде әрбір жұмыс істеген ай үшін атқару құжаттары бойынша, сотталған адамға талаптардың болуына қарамастан, негізгі жұмыс орны бойынша жалақының барлық түріне жүргізіледі.
      5. Сотталған адамдардың жалақысынан ұстап қалуды жүргізу кезінде оның ақшалай бөлігі ескеріледі.
      6. Ұстап қалу әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру тәртібінде алатын жәрдемақыларға, біржолғы сипаттағы төлемдерге жүргізілмейді.
      7. Түзеу жұмыстарына сотталған адамдарға еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақы сот үкімімен тағайындалған ұстап қалу шегеріліп тасталғандағы жалақысынан есептеледі.
      8. Істің қысқартылуымен сот үкімінің күші жойылған немесе ол өзгертілген жағдайда сотталған адамның жалақысынан артық ұсталған сомалар оған толық қайтарылады.

      48-бап. Пробация қызметінің және ұйымдар әкімшілігінің
              түзеу жұмыстарына тарту түріндегі жазаны орындау
              кезіндегі міндеттері
      1. Пробация қызметі:
      1) сотталған адамдардың есебін жүргізеді;
      2) жазаны өтеу тәртібін бақылауды түсіндіреді;
      3) қажет болған жағдайда жұмысқа орналастыру үшін сотталған адамдарды жұмыспен қамту орталықтарына жібереді;
      4) жазаны өтеуден жалтарған сотталған адамдарға қатысты бастапқы іздестіру іс-шараларын жүргізеді және сотқа іздестіру жариялау туралы ұсыным енгізеді;
      5) сотталған адамдардың жалақысынан дұрыс және мерзімінде ұстап қалуға және ұсталған соманың мемлекет кірісіне аударылуына бақылауды жүзеге асырады.
      2. Сотталған адамдардың түзеу жұмыстарын өтеу орны бойынша ұйымдардың әкімшілігі:
      1) сот белгілеген еңбекақы пайызын мемлекет кірісіне уақтылы аударуға және айына бір рет пробация қызметіне растайтын құжаттарды ұсынуға;
      2) сотталған адамның жазаны өтеуден жалтаруы туралы пробация қызметін дереу хабардар етуге;
      3) сотталған адамның басқа лауазымға ауысуы не босатылуы туралы пробация қызметін алдын ала хабардар етуге міндетті.

      49-бап. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны қоғамдық
              жұмыстарға тартумен, қамауға алумен не бас
              бостандығынан айырумен ауыстыру
      Түзеу жұмыстарын орындауға кедергі келтіретін мән-жайлар туындаған жағдайларда пробация қызметі қылмыстық теріс қылықтары үшін тағайындалған жазаның орындалмаған бөлігін - қоғамдық жұмыстарға тартумен не қамауға алумен, ал қылмыс үшін тағайындалған жазаның орындалмаған бөлігін бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы сотқа ұсыным енгізеді.

7-тарау. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны орындау

      50-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны
              орындау тәртібі
      1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза сотталған адамның тұрғылықты жеріндегі елді мекенде орналасқан қоғамдық орындарда жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын белгілі біліктілікті талап етпейтін ақысыз қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындаудан тұрады.
      2. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны белгілейтін сот үкімі соттың тиісті өкімі үкімнің (ұйғарымның, қаулының) көшірмесімен пробация қызметіне келіп түскен күннен бастап он күндік мерзімнен кешіктірілмей орындауға кіріседі.
      Сотталған адамдардың қоғамдық жұмыстарды орындауларын бақылауды сотталған адамның тұрғылықты жері бойынша пробация қызметі жүзеге асырады.

      51-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны
              орындау шарттары
      1. Сотталған адамдар:
      1) жазаны өтеудің белгіленген тәртібі мен шарттарын сақтауға;
      2) жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын қоғамдық орындарда жұмыс істеуге;
      3) тұрғылықты жерін ауыстырғаны туралы пробация қызметіне хабарлап отыруға;
      4) пробация қызметіне тіркелу және өзінің жүріс-тұрысы туралы есеп беру үшін айына бір рет келуге міндетті.
      2. Сотталған адамға негізгі жұмыс орны бойынша кезекті еңбек демалысын беру қоғамдық жұмыстарын орындауын тоқтатпайды.
      3. Сотталған адам бірінші немесе екінші топтағы мүгедек деп танылған жағдайда пробация қызметі оны жазасын одан әрі өтеуден босату туралы, ал сотталған әйел жүкті болған жағдайда оның жазасын өтеуді кейінге қалдыру туралы сотқа ұсыным жолдайды.

      52-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза мерзімін
              есептеу
      1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза мерзімі сотталған адамның қоғамдық жұмысты орындау кезеңіндегі сағаттарымен есептеледі.
      2. Қоғамдық жұмыстардың уақыты күніне төрт сағаттан аспауы тиіс және негізгі жұмыс орны бойынша немесе сабақтан бос уақытта еңбек ету міндеттерінен босату арқылы орындалады. Егер сотталған адамның тұрақты жұмыс орны болмаса және сабақтан бос болса оның келісімі бойынша күніне сегіз сағатқа дейін, бірақ аптасына қырық сағаттан аспауы тиіс.

      53-бап. Пробация қызметінің және жергілікті атқарушы
              органдардың қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны
         орындау кезіндегі міндеттері
      1. Пробация қызметі:
      1) сотталған адамдардың есебін жүргізеді;
      2) оларға жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын түсіндіреді;
      3) сотталған адамдардың жүріс-тұрысын бақылайды;
      4) жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын қоғамдық жұмыстардың орындалуын бақылайды;
      5) жазаны өтеуден жалтарған сотталған адамдарға қатысты бастапқы іздестіру іс-шараларын жүзеге асырады және іздестіру жариялау туралы сотқа ұсыным енгізеді.
      2. Жергілікті атқарушы органдар:
      1) сот үкімін алғаны және оны орындауға қабылдағаны туралы пробация қызметіне дереу хабардар етуге;
      2) жұмыс істеген уақытқа тіркеу табелін жүргізуге, орындалған жұмысқа актілер жасауға және ай сайын оларды пробация қызметіне жіберуге;
      3) сотталған адамның жүріс-тұрысы туралы пробация қызметін
хабарландыруға;
      4) сотталған адамның жазаны өтеуден жалтаруы туралы пробация қызметін хабардар етуге міндетті.

      54-бап. Қоғамдық жұмыс түріндегі жазасын өтеп жүрген адамдардың
              жауаптылығы
      1. Сотталған адамның қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін пробация қызметі оны Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасына сәйкес жауаптылық туралы жазбаша түрде ескертеді.
      2. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеуден жалтарушы сотталған адамдарға қатысты пробация қызметі қоғамдық жұмысты қамауға алумен ауыстыру туралы сотқа ұсыным жібереді.
      3. Мыналар:
      1) қоғамдық жұмыс түріндегі жазаны орындауға кірісуден бас тартқан не болмаса бір ай ішінде екі рет дәлелсіз себептермен қоғамдық жұмыстарға шықпаған;
      2) жазаны өтеу кезеңінде жұмыс орнына медициналық куәландырумен екі рет мас күйінде немесе есірткіге не болмаса уытқұмарлық масаң күйде келген не болмаса медициналық куәландыру мүмкіндігі болмаған кезде жұмыс берушінің комиссиялық актісімен расталған;
      3) жазаны өтеуден жалтару мақсатында жасырынғандар;
      4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шыққандар қоғамдық жұмыс түріндегі жазаны өтеуден жалтарған сотталған адам болып танылады.

8-тарау. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны орындау

      55-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу
      1. Бас бостандығын шектеуге сотталған адамдар жазаны оларға пробациялық бақылаудың жүзеге асыруы жағдайында тұратын жері бойынша өтейді.
      2. Сот жүктеген бас бостандығын шектеуге сотталған адамдарды мәжбүрлі еңбекке тартуды осы Кодекстің 50-53-баптарында көзделген іс-шараларға сәйкес жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады.
      3. Жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес және өзге де ұйымдар, сондай-ақ жеке тұлғалар пробация қызметі әзірлеген жеке бағдарламаға сәйкес бас бостандығын шектеуге сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді.

      56-бап. Бас бостандығын шектеуге сотталған адамдарды
              жазасын өтеу орнына жіберу
      1. Бас бостандығынан айырудың өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға ауыстырылған сотталған адамдар күзетпен ұстаудан босатылады және жазасын өтеу орнына мемлекет есебінен өздері барады. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің әкімшілігі сотталған адамға оны есепке қою үшін пробация қызметіне бару бағыты мен уақытын көрсете отырып, жазаны өтеу орнына шығу туралы нұсқама береді, сондай-ақ оны мінездейтін материалдар жібереді.
      2. Сотталған адам жазасын өтеу орнына белгіленген мерзімде бармаған кезде пробация қызметі бастапқы іздестіру іс-шараларын жүргізеді және егер сотталған адамның орналасқан орны анықталмаса, сотқа іздестіру жариялау туралы ұсыныс береді.

      57-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның мерзімін
              есептеу
      Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның мерзімі пробация қызметі үкімді орындауға қабылдаған кезден бастап есептеледі.

      58-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібі
      1. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеп жүрген адамдар пробациялық бақылауда болады және:
      1) пробация қызметінің талаптарын орындауға;
      2) пробация қызметін хабардар етпей, жұмыс, оқу орнын және тұрғылықты жерін өзгертпеуге;
      3) пробация қызметінің ұсынымы бойынша сот белгілеген орындарға бармауға;
      4) пробация қызметін хабардар етпей, Қазақстан Республикасының аумағы шегіндегі басқа да жердегі жерлерге шықпауға;
      5) сот жүктеген міндеттерді орындауға: мәжбүрлі еңбек, алкогольден, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан, психикалық күйзелістен, туберкулезден, жыныстық жолмен берілетін аурулардан емделу курстарынан өту, отбасына материалдық көмекті жүзеге асыруға;
      6) пробация қызметіне тіркелуге және пробация қызметі белгілеген күндері онымен тәрбиелік жұмыс жүргізуге қатысу үшін айына бір рет келуге;
      7) жеке басын куәландыратын құжатты өзімен бірге алып жүруге міндетті.
      2. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеп жүрген сотталған адамдарға жазаны өтеу орны бойынша облыс шегінде орналасқан жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқуға рұқсат етіледі.

      59-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібі
              мен шарттарын бұзу
      Мыналар: тіркелу үшін дәлелсіз себептермен келмеу, пробация қызметін хабардар етпей, тұратын жерін ауыстыру, пробация қызметі тыйым салған орындарға бару, пробация қызметінің рұқсатынсыз Қазақстан Республикасының аумағы шегінен басқа жерлерге шығу, өзіне сот жүктеген міндеттерді орындаудан жалтару, электрондық бақылау құралдарын қасақана бұзу (бүлдіру), сондай-ақ кейін жасалған әрбір бұзушылық алдыңғысына жаза тағайындалғаннан кейін жасалған жағдайда, сол үшін әкімшілік жаза қолданылған сотталған адамның қоғамдық тәртіп пен имандылыққа, кәмелетке толмағандардың құқықтарына, жеке тұлғаға және отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар аясына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жазасын өтеу тәртібі мен шарттарын бұзу болып табылады.

      60-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуді қасақана
              бұзу
      1. Мыналар: осы Кодекстің 59-бабында көрсетілген бұзушылықтарды бір жылдың ішінде қайталап жасау, сондай-ақ сотталған адам қылмыстық теріс қылықтар жасауда пробация қызметі қызметкерлерінің заңды талаптарды орындаудан бас тарту, сол сияқты оларды қорғау не оларға қатысты күш қолданамын деп қорқыту, сондай-ақ сотталған пробациялық бақылаудан жасырынса бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуді қасақана бұзу болып табылады.
      2. Пробация қызметіне тіркелу үшін келу мерзімінен он бес күннен астам уақыт ішінде жүрген жері анықталмаған сотталған адам пробациялық бақылаудан жасырынған адам деп танылады.
      3. Пробациялық бақылаудан жасырынған сотталған адамға қатысты пробация қызметі бастапқы іздестіру іс-шараларын жүргізеді және сотқа іздестіру жариялау туралы ұсыным береді.

      61-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібі
              мен шарттарын бұзғаны үшін жауаптылық
      1. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін сотталған адамға бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы жазбаша ескерту түрінде жаза қолданылады.
      2. Жазаны өтеу тәртібін қасақана бұзған адамдарға қатысты пробация қызметі бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы мәселелерді шешу үшін сотқа материалдар ұсынады.

      62-бап. Сотталған адамдарға пробациялық бақылау жасау және бас
              бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібін
              бұзушылықтардың алдын алу шаралары

      1. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеп жүргендерді пробациялық бақылауды олардың тұратын жері бойынша пробация қызметі жүзеге асырады. Тиісті бақылауды қамтамасыз ету және сотталған адамдардың жүрген жері туралы ақпарат алу үшін пробация қызметі тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын электрондық бақылау құралдарын пайдалануға құқылы.
      2. Пробация қызметі пробациялық бақылаудағы бас бостандығын шектеуге сотталған адамды есепке қою кезінде:
      1) сотталған адамның денсаулық жағдайын, білім деңгейін және еңбекпен қамтылғандығын, тұрғылықты жерінің бар-жоғын анықтай отырып, жеке басын зерттейді, сондай-ақ ұсынылатын әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемін айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтерді анықтайды;
      2) әлеуметтік-құқықтық көмек беру, оған қатысты пробациялық бақылауды жүзеге асыру және қысқарту тәртібін түсіндіреді, сондай-ақ тіркелу үшін пробация қызметіне келу күндерін белгілейді;
      3) сот жүктеген міндеттерді орындау тәртібін, оларды орындамағаны, сондай-ақ пробациялық бақылау шарттары мен тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту тәртібін түсіндіреді.
      3. Бас бостандығын шектеуге сотталған адамның жеке басын және әлеуметтік қамсыздандырылуын зерттеу нәтижелері бойынша пробация қызметі әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің дербес бағдарламасын жасайды.
      4. Бас бостандығына шектеуге сотталған адамдармен пробация қызметі оның тұрғылықты жері бойынша жеке-алдын алу жұмыстарын жүргізеді.
      5. Жазаны өтеуден қасақана жалтарған сотталған адамға өтелмеген бас бостандығын шектеу мерзімін бас бостандығын айырумен ауыстыру туралы мәселені шешкенге дейін оны ішкі істер органдары соттың санкциясымен ұстайды.
      Сотталған адамды қызмет көрсетілетін аумақтың шегінен тыс жерлерде ұстаған жағдайда пробация қызметі сотталған адамның өтелмеген мерзімін бас бостандығын шектеумен ауыстыру туралы мәселені шешу үшін сотталған адамның ұсталған жері бойынша сотқа материалдарды жібереді.
      6. Сотталған адам электрондық бақылау құралдарын бұзған (бүлдірген) жағдайда пробация қызметі тиісті акт жасайды.
      Электрондық бақылау құралдарын қасақана бұзған (бүлдірген) кезде сотталған адамдар заңда белгіленген тәртіпте материалдық жауаптылықта болады.

9-тарау. Жазаның қосымша түрлерін орындау

      63-бап. Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан
              Республикасынан шығарып жіберу түріндегі жазаны орындау
              тәртібі
      1. Қазақстан Республикасынан шығарып жіберу жөніндегі сот шешімін орындау Қазақстан Республикасынан шығарып жіберілетін адамға бақылау жасала отырып, өз бетінше кетуі арқылы жүргізіледі.
      Шығарып жіберу бойынша шығыстарды шығарып жіберілетін заңсыз көшіп келушілер, заңсыз көшіп келушіні Қазақстан Республикасына шақырған жеке және заңды тұлғалар көтереді. Аталған адамдарын жіберу бойынша шығыстарын жабуға қаражаты болмаған не жеткіліксіз болған жағдайларда, тиісті іс-шараларды қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
      Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес келу құқығынсыз келген адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан шығарып жібергені үшін осы адамдарды алып келген көлік ұйымы жауапты болып табылады.
      2. Шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамаған және шешімде көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан кетпеген адам сот шешімі бойынша мәжбүрлеу тәртібінде шығарылып жіберілуге тиіс.
      3. Егер шығарылып жіберілетін адамды шет мемлекеті өкіліне беру Қазақстан Республикасының аталған мемлекетпен жасаған шартында көзделмеген болса, шығарып жіберу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі айқындайтын орында жүзеге асырылады.
      4. Егер шығарып жіберу Қазақстан Республикасының аталған мемлекетпен жасаған шартында көзделсе, шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктінен шығарып жіберу туралы аумағына (аумағы арқылы) аталған адам шығарылып жіберілетін шет мемлекеттің үкіметі хабардар етіледі.
      5. Шығарып жіберу туралы жазаны орындау екіжақты немесе біржақты акт түрінде ресімделеді.

      64-бап. Арнаулы, әскери немесе құрметті атақтан, сыныптық
              шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан,
              мемлекеттік наградалардан айыру туралы жазаны орындау
      1. Сотталған адамды арнаулы, әскери немесе құрметті атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан айыру туралы үкім шығарған сот үкім заңды күшіне енген соң оның көшірмесін сотталған адамға атақты, сыныптық шенді, дипломатиялық дәрежені, біліктілік сыныбын берген лауазымды адамға жібереді.
      2. Лауазымды адам белгіленген тәртіпте тиісті құжаттарға сотталған адамды арнаулы, әскери немесе құрметті немесе өзге де атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан айыру туралы жазба жасайды, сондай-ақ оны тиісті атағы, шені, дәрежесі, сыныбы бар адамдар үшін көзделген құқықтар мен жеңілдіктерден айыру жөнінде шаралар қолданады.
      3. Запастағы әскери қызметшіге қатысты сот үкімінің көшірмесі оның әскери есепке алынған орны бойынша жергілікті әскери басқару органына жіберіледі.
      4. Лауазымды адам үкімнің көшірмесін алған күннен бастап бір айдың ішінде үкімді шығарған сотқа оның орындалғаны туралы хабарлайды.
      5. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес сотталған адамды құрметті, әскери, арнаулы немесе өзге де атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан немесе мемлекеттік наградадан айыру туралы шешім қабылдаған кезде тиісті мемлекеттік орган осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген шараларды қолданады. Мемлекеттік наградаларды оларға қоса берілген құжаттармен бірге алып қоюды қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіпте олар болатын жердегі пробация қызметі жүргізеді.

      65-бап. Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен
              айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаны орындауды
              ұйымдастыру
      1. Педагог лауазымында және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойы тыйым салу туралы сот үкімін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіпте меншіктің барлық нысандарындағы білім беру ұйымдары жүзеге асырады.
      2. Белгілі бір лауазымда болуға өмір бойы тыйым салу туралы сот үкімін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 51-бабының 2-бөлігінде санамаланған мемлекеттік мекемелер мен ұйымның әкімшіліктері жүзеге асырады.
      3. Қамауға алу немесе бас бостандығынан айыруға қосымша ретінде тағайындалған белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаны орындауды ұйымдастыруды негізгі жазаны орындайтын орган, ал негізгі жазаларды өтегеннен кейін сотталған адамның тұрғылықты жері бойынша пробация қызметі жүзеге асырады.
      4. Жазалардың басқа түрлеріне қосымша ретінде тағайындалған, сондай-ақ жазаны өтеуді кейінге қалдыру немесе шартты сотталған кезде осы жазаны орындауды ұйымдастыруды сотталған адамның тұрғылықты жері бойынша пробация қызметі жүзеге асырады.
      5. Пробация қызметі:
      1) сотталған адамдардың есебін жүргізеді;
      2) сотталған адамдардың сот үкімінде көзделген белгілі бір лауазымды атқаруына немесе белгілі бір қызметпен айналысуына тыйым салудың сақталуын бақылайды;
      3) сотталған адамның жұмыс орны бойынша ұйым әкімшілігінің, сондай-ақ сотталған адамға тыйым салынған қызметтің тиісті түрлерімен айналысуға берілген рұқсатты қайтып алуға құқығы бар органдардың үкімді орындауын тексереді;
      4) жазаны өтеуден жалтарған сотталған адамдарға қатысты бастапқы іздестіру іс-шараларын жүзеге асырады және сотқа іздестіру жариялау туралы ұсыным енгізеді.
      6. Тұратын жері он бес күн ішінде анықталмаған сотталған адам жазаны өтеуден жалтарған деп саналады.
      7. Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі қосымша жазаға сотталған адамды негізгі жазасын өтеп жатқан мекеменің (ұйымның) әкімшілігі сотталған адамға орындауға тыйым салынған жұмыстарға тарта алмайды.

      66-бап. Сот үкімін орындау жөніндегі ұйымдар әкімшілігінің
              міндеттері
      1. Ұйым меншік нысандарына қарамастан кандидаттарды белгілі бір лауазымға педагогикалық лауазымына және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуіне байланысты, сондай-ақ мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында лауазымдарды атқаруға өмір бойы тыйым салудың оларда болу мәніне тексереді.
      2. Белгілі бір лауазымды атқару құқығынан айыру туралы сот үкімі мемлекеттік мекемелер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының әкімшіліктері үшін міндетті болады. Белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру туралы сот үкімі сотталған адамның  жұмыс орнындағы ұйымның әкімшілігі үшін міндетті болады.
      3. Ұйымның әкімшілігі сотталған адамның жұмыс орны бойынша:
      1) сот үкімінің көшірмесін не болмаса пробация қызметінің хабарламасын алғаннан кейін үш күннен кешіктірмей, сотталған адамды лауазымынан немесе айналысу құқығынан айырылған қызмет түрінен босатуға; пробация қызметіне сот үкімін орындағаны туралы хабарлама жіберуге;
      2) пробация қызметінің талап етуі бойынша жазаны орындауға байланысты құжаттарды беруге;
      3) сотталған адаммен еңбек шарты өзгерген немесе тоқтатылған жағдайларда бұл туралы пробация қызметіне үш күндік мерзімде хабарлауға міндетті.

      67-бап. Белгілі бір қызметпен айналысуға берілген рұқсатты
              қайтарып алуға құқылы органдардың міндеттері
      1. Сотталған адамды белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру туралы сот үкімі қызметтің тиісті түрімен айналысуға берілген рұқсатты қайтарып алуға құқылы органдар үшін міндетті.
      2. Аталған органдар сот үкімінің көшірмесін немесе пробация қызметінің хабарламасын алғаннан кейін үш күннен кешіктірмей, сотталған адамға тыйым салынған қызмет түрімен айналысуға берілген рұқсатты қайтарып алуға, осы адамға қызметтің көрсетілген түрімен айналысуға құқық беретін тиісті құжатты алуға және бұл туралы пробация қызметіне хабарлама жіберуге міндетті.

      68-бап. Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен
              айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаны өтеу
              мерзімдерін есептеу
      1) Қамауға алу немесе бас бостандығынан айыруға қосымша жаза ретінде белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындалған кезде, ол жазалардың негізгі түрлерін өтеудің барлық уақытына қолданылады, бірақ бұл ретте оның мерзімі қамауға алуды, бас бостандығынан айыруды өтеу және пробация қызметіне есепке қойған сәттен бастап есептеледі.
      2) Жазаның бұл түрін жазаның басқа негізгі түрлеріне тағайындаған жағдайда, сондай-ақ жазаны өтеуді кейінге қалдыру немесе шартты сотталған кезде оның мерзімі үкім заңды күшіне енген сәттен бастап есептеледі.

      69-бап. Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен
              айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаға сотталған
              адамның міндеттері
      1. Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаға сотталған адамдар:
      1) сот үкімін орындауға;
      2) пробация қызметінің талап етуі бойынша аталған жазаны өтеуге байланысты құжаттарды беруге;
      3) жұмыс орны және тұрғылықты жері мен олардың өзгергені, одан босатылғандығы туралы пробация қызметіне хабарлауға;
      4) шақырту бойынша пробация қызметіне келуге міндетті.
      2. Сотталған адам келмеген жағдайда, күштеп әкелу қолданылуы мүмкін.

      70-бап. Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен
              айналысу құқығынан айыру туралы сот үкімін орындамаудың
              салдары
      Билік өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, жергілікті өзін-өзі басқару органының қызметшілері, мемлекеттік мекемелердің, коммерциялық немесе өзге де ұйымдардың қызметшілері, сондай-ақ соттың белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру туралы үкімінің орындалмауына кінәлі сотталған адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жауапты болады.

      71-бап. Мүлікті тәркілеу туралы сот үкімін орындау тәртібі
      1. Сотталған адамның мүлкін тәркілеу туралы үкім шығарған сот ол заңды күшіне енгеннен кейін орындау парағын, мүлік тізімдемесінің көшірмесін және үкімнің көшірмесін орындау үшін мемлекеттік сот орындаушысына жібереді, бұл туралы уәкілетті мемлекеттік органға хабарлайды. Істе сотталған адамның мүлкінің тізімдемесі болмаған жағдайда мүлік тізімдемесі жүргізілмегені туралы анықтама жіберіледі.
      2. Мүлікті тәркілеу түріндегі жазаны орындауды мүліктің тұрған жері бойынша мемлекеттік сот орындаушысы жүргізеді.

      72-бап. Тәркілеуге жататын мүлік
      1. Сот үкімі бойынша сотталған адамның мынадай мүлкі:
      1) қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған ақшасы мен бағалы заттары және өзге де заңды иесіне қайтаруға жататын мүліктері мен одан түскен табыстарын қоспағанда, осы мүліктерден түскен кез келген табыстары;
      2) қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған ақшасы, бағалы заттары және өзге де мүлкі және осы мүліктен не болмаса толық немесе ішінара айналдырылған немесе қайта құралған табыстары;
      3) сотталған адамға тиесілі қылмыс жасау қаруы, құрал-жабдығы, өзге де құралдары мен заттары;
      4) заңсыз айналым заттары;
      5) экстремистік немесе террористік қызметті не болмаса қылмыстық топты қаржыландыруға немесе пайдаланылатын өзге де қамтамасыз етуге арналған ақшасы, бағалы заттары және өзге де мүлкі;
      6) қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде жоғалған мүліктің құнына баламалы ақша, бағалы заттар және өзге де мүлік тәркіленуге жатады.
      2. Егер қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған мүлік және (немесе) осы мүліктен түскен табыстар заңды жолмен сатып алынған мүлікке қосылған болса, онда қосылған мүліктің құнына және одан түскен табыстарға сәйкес келетін мүліктің сол бөлігі тәркіленуге жатады.
      3. Сотталған адам басқа адамға (ұйымға) берген осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде аталған мүлік егер мүлікті сатып алған адам ол қылмыстық іс-әрекеттер нәтижесінде алынғанын көрінеу білсе немесе білуі тиіс болса тәркіленуге жатады.
      4. Егер осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде аталған мүлікке кіретін белгілі бір затты тәркілеу сот тәркілеу туралы шешім қабылдаған сәтте оның пайдалануда, сату да немесе өзге де себептерден осы затты тәркілеу мүмкін болмаса, онда сот шешімі бойынша осы заттың құнына сәйкес ақшалай сома тәркілеуге жатады.
      5. Сотталған адамның сот үкімі бойынша Тәркіленуге жатпайтын мүлік тізбесінде (қоса беріледі) санамаланған мүлкі тәркіленуге жатпайды.
      6. Сот үкімі бойынша тәркіленуге жататын мүліктің тиесілілігі туралы даулар азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде шешіледі.

      73-бап. Мемлекеттік сот орындаушысының мүлікті тәркілеу туралы
              сот үкімін орындау жөніндегі іс-әрекеті
      1. Сот орындаушысы оған атқару құжат түскеннен кейін үш күннен кешіктірмей, атқарушылық іс жүргізуді бастайды, ол жөнінде қаулы шығарады және тізімдемеде көрсетілген мүліктің бар-жоғын тексереді, тәркіленуге жататын басқа мүлікті анықтап, оны тізімдемеге кіргізеді. Егер мүліктің тізімдемесі жүргізілмесе, сот орындаушысы сотталған адамның тәркілеуге жататын мүлкін анықтауға шаралар қабылдайды, оны тапқан жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы мүліктің тізімдемесін жасайды.
      2. Тізімдемеде әрбір заттың толық және дәл атауы, оның айырым белгілері, оның ішінде түсі, көлемі, тозу дәрежесі мен жеке сипаттамалары көрсетіледі. Тізімделген заттар пломбаланады, мөрленеді және сақтауға тапсырылады, бұл туралы тізімдемеге белгі жасалады.
      3. Сот орындаушысы тәркілеуге жататын және тізімдемеге алынған мүлікті сақтауға қажетті шаралар қабылдайды.
      4. Сот сотталған адамның ортақ және бірлескен меншіктегі үлесін мемлекеттік сот орындаушысының ұсынымы бойынша азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде айқындайды.

      74-бап. Тәркіленген мүлікті уәкілетті мемлекеттік органға беру
      1. Сотталған адамның тәркіленген мүлкін уәкілетті мемлекеттік органға беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған қойылатын барлық талаптар қанағаттандырылғаннан кейін жүргізіледі. Тәркіленген мүлік есебінен қанағаттандыруға жататын наразылықтарға қатысты мемлекет оны сатудан немесе одан әрі пайдаланудан алынған қаражат шегінде жауап береді.
      2. Тәркіленген мүлікті уәкілетті мемлекеттік органға беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      75-бап. Тәркілеуге жататын мүлікке қатысты үшінші тұлғалардың
              міндеттері
      1. Өзінде сот үкімі бойынша тәркіленуге жататын мүліктің бар екендігі мәлім болған ұйымдар мен азаматтар бұл туралы сотқа немесе уәкілетті мемлекеттік органға хабарлауға міндетті.
      2. Аталған мүліктің жасырылуына, бүлінуіне немесе ұрлануына кінәлілер заңға сәйкес жауаптылыққа тартылады.

      76-бап. Үкімді орындағаннан кейін анықталған мүлікті тәркілеу
      Үкімді барлық мүлікті тәркілеу бөлігінде орындағаннан кейін бірақ айыптау үкімін, орындаудың заңмен белгіленген ескіру мерзімдері өткенге дейін сотталған адамның оған үкім шығарылғанға дейін немесе үкім шығарылғаннан кейін, бірақ оның тәркіленуге жататын қаражатқа сатып алған тәркіленбеген мүлкі табылған жағдайда, үкім шығарған сот немесе үкімді орындау орны бойынша сот, егер мүлік заң бойынша тәркіленуі мүмкін болса, мемлекеттік сот орындаушысының ұсынымы бойынша табылған мүлікті тәркілеуді орындату туралы қаулы шығарады.

3-бөлім. Сотталған адамдарды қоғамнан оқшаулауға
байланысты жазаларды орындау 10-тарау. Қамауға алу түріндегі жазаны орындау

      77-бап. Қамауға алу түріндегі жазаны өтеу орындары
      1. Қамауға алуға сотталған адамдар жазасын сотталған орны бойынша арнайы қабылдау орындарында, ал олар болмаған немесе онда орындар болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдарының уақытша ұстау изоляторларында өтейді.
      2. Әскери қызметшілер қамауды гауптвахтада өтейді. Гауптвахталарда қамау түрінде жазалауға сотталған әскери қызметшілердің ішкі тәртібін және ұстауды Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі айқындайды.

      78-бап. Қамауға алуға сотталған адамдарды жазасын өтеу үшін
              жіберу
      1. Қамауға сотталған адамдар үкім заңды күшіне енген күннен бастап жазасын өтеу үшін жіберіледі.
      2. Қамауға сотталған әскери қызметшілер үкімді орындау туралы сот өкімін алғаннан кейін үш күндік мерзімде жазасын өтеу үшін гауптвахтаға жіберілуі тиіс.

      79-бап. Қамауға алу түріндегі жазаны орындау тәртібі мен
              шарттары
      1. Қамауға сотталған адамдар камераларда қатаң оқшаулау жағдайында ұсталады. Ерлер мен әйелдер, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарында жазасын бұрын өтеген және соттылығы бар адамдар бөлек ұсталады. Түрлі жұқпалы аурулармен ауыратын сотталған адамдар бөлек және дені сау сотталған адамдардан жеке ұсталады. Соттардың, құқық қорғау және арнайы органдардың бұрынғы қызметкерлері, ішкі әскерлердің бұрынғы әскери қызметшілері басқа сотталған адамдардан оқшауланып ұсталады.
      Сотталған адамды денсаулық сақтау органдарының емдеу мекемелеріне жатуға жіберген кезде оны күзетуді қамтамасыз ету үшін айдауыл беріледі.
      2. Арнайы қабылдау орындарында, сондай-ақ ішкі істер органдарының уақытша ұстау изоляторларында жазаларын өтеп жатқан қамауға сотталған адамдар қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын сотталған адамдар үшін белгіленген нормалар бойынша тамақпен қамтамасыз етіледі.
      3. Қамауға сотталған адамдар өзінің ұйықтайтын орнын таза ұстауға, төсекті белгіленген үлгі бойынша жинауға, заттарды, тамақ өнімдерін және жеке пайдаланылатын заттарды арнайы жабдықталған орындар мен үй-жайларда сақтауға міндетті.
      4. Қамауға алу түріндегі жазаны өтеу кезінде офицерлер, сержанттық, старшиналық және қатардағы құрамдардың әскери қызметшілері өзге негіздер бойынша гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілерден бөлек және жеке ұсталады.
      5. Қамауға алу түріндегі жазаға сотталған адамдарға:
      1) айына бір рет өз есебінен хаттар мен жедел хаттар алуға және жіберуге;
      2) ақша аударымдарын алуға;
      3) мекеменің бақылау шоттарында уақытша орналастырылған қолма-қол ақшасын ай сайын бір айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алуға жұмсауға;
      4) айына бір рет бірінші кезекте қажетті заттар мен маусымдық киім-кешек салынған посылка, сәлемдемелер, бандерольдер алуға рұқсат етіледі. Науқас, мүгедек сотталған адамдар саны мен түр-түрі медициналық қорытындыда айқындалған медициналық мақсаттағы дәрілік заттар мен бұйымдары бар посылкалар мен сәлемдемелер ала алады;
      5) адвокаттармен кездесуге;
      6) күн сайын ұзақтығы бір жарым сағаттан кем емес сейілдеуді пайдалануға;
      7) жақын туысы қайтыс болған немесе оның өміріне қауіп төнген ауыр сырқат, оның отбасына елеулі материалдық залал келтірген дүлей апат жағдайында жұбайымен (зайыбымен), жақын туыстарымен өзінің жеке қаражаты есебінен телефон арқылы сөйлесуге рұқсат етіледі.

      80-бап. Қамауға алу түріндегі жазаны өтеп жүрген сотталған әскери қызметшілердің құқықтық жағдайының ерекшеліктері
      1. Қамауға алу түріндегі жазаны өтеу уақыты әскери қызметтің жалпы мерзіміне және кезекті әскери атақ беруге арналған еңбек сіңірген жылдарына есептелмейді.
      2. Жазаны өтеу уақытында сотталған адам кезекті әскери атақ беруге ұсынылуы, жоғары тұрған лауазымға тағайындалуы, жаңа қызмет орнына ауыстырылуы және денсаулық жағдайы бойынша қызметке жарамсыз деп танылған жағдайларды қоспағанда, әскери қызметтен босатылуы мүмкін емес.
      3. Қамауға алу түріндегі жазалауға сотталған және гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілерге жазасын өтеу уақытында ақшалай үлес төленбейді.

11-тарау. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны орындаудың
жалпы ережелері

      81-бап. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны орындау
              орындары
      1. Осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар сотталғанға дейін өздері тұрған облыстың аумағындағы Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтейді.
      2. Сотталғанға дейін тұрғылықты жері бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің тиісті түрдегі мекемесі болмаған не жаза өтеу орны лимиті артқан, сондай-ақ мекемені қайта құру немесе тарату кезінде, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, өндірістік қажеттілік кезінде сотталған адамның келісімімен, сондай-ақ осы мекемедегі құқықтық тәртіпті сақтау үшін қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органының нұсқауы бойынша ол жазасын өтеу үшін облыс немесе басқа облыс шегінде тиісті мекемеге жіберіледі.
      3. Қылмыстардың қауіпті қайталануы жағдайында сотталған адамдар, өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар, жазаны қауіпсіздік жағдайы төтенше мекемеде жазасын өтеуге сотталған адамдар, өлім жазасына кесу түріндегі жазасы кешірім жасау тәртібімен бас бостандығынан айыруға ауыстырылған адамдар, сотталған әйелдер, сотталған кәмелетке толмағандар қылмыстық-атқару жүйесінің тиісті мекемелерінің орналасқан орны бойынша жазасын өтеу үшін жіберіледі.
      4. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазаларын өтеп жатқан бас бостандығынан айыруға сотталған шетелдіктер жазаларын одан әрі өтеу үшін өздері азаматтары (боданы) болып табылатын мемлекеттерге Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен жіберіледі.

      82-бап. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің түрлері
      1. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері мынадай:
      1) қауіпсіздік жағдайы ең төмен мекемелер;
      2) қауіпсіздік жағдайы орташа мекемелер;
      3) кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздік жағдайы
орташа мекемелер;
      4) толық қауіпсіздік жағдайдағы мекемелер;
      5) қауіпсіздік жағдайы ең жоғары мекемелер;
      6) қауіпсіздік жағдайы төтенше мекемелер;
      7) қауіпсіздік жағдайы аралас мекемелер болып бөлінеді.
      2. Қауіпсіздік жағдайы ең төмен мекемелерде абайсызда жасаған
қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар және қасақана қылмыс жасағаны үшін бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған адамдар, сондай-ақ осы Кодекстің 86-бабының бірінші бөлігінде белгіленген негізде және тәртіпте қауіпсіздік жағдайы орташа және толық қауіпсіздік жағдайдағы мекемелерден ауыстырылған сотталған адамдар жазасын өтейді.
      3. Қауіпсіздік жағдайы орташа мекемелерде жазасын жалпы режимдегі түзеу колонияларында өтеумен онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қасақана қылмыстар және ауыр қылмыстар жасағаны үшін бір жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған адамдар, сондай-ақ қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары немесе бас бостандығын шектеу бас бостандығынан айыруға ауыстырылған адамдар жазасын өтейді.
      4. Толық қауіпсіздік жағдайындағы мекемелерде аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған, сондай-ақ егер сотталған адам бас бостандығынан айыруды бұрын өтеген болса, қылмыстар қайталанған жағдайда сотталған ерлер мен аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан айырылған, сондай-ақ қылмыстар қауіпті қайталанған жағдайда әйелдер жазасын өтейді.
      5. Қауіпсіздік жағдайы ең жоғары мекемелерде қылмыстар қауіпті қайталанған кезде ерлер жазасын ерекше режимдегі түзеу колонияларында өтеумен өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталған ерлер, сондай-ақ өлім жазасына кесу түріндегі жазасы кешірім жасау тәртібімен бас бостандығынан айыруға ауыстырылған сотталған адамдар жазасын өтейді.
      6. Қауіпсіздік жағдайы төтенше мекемелерде қылмыстар қауіпті қайталанған жағдайда жазаларын түрмеде өтеумен аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бес жылдан астам мерзімге сотталған адамдар, сондай-ақ мекемелерден ауыстырылған жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушылар және (немесе) осы Кодекстің 81-бабының екінші бөлігіне сәйкес жіберілген адамдар жазасын өтейді, сондай-ақ өлім жазасын орындауға мораторий енгізілгенге дейін немесе мораторий қолданылған уақытта өздеріне қатысты өлім жазасы туралы үкім күшіне енген адамдар ұсталады.
      7. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздік жағдайы орташа мекемелерде бас бостандығынан айыруға сотталған кәмелетке толмағандар, сондай-ақ мекемеде кемінде бір жас болу жағдайымен жиырма бір жасқа толғанға дейін кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздік жағдайы орташа мекемелерде қалдырылған сотталған адамдар жазасын өтейді.
      8. Қауіпсіздік жағдайы аралас мекемелерге:
      1) әр түрлі режимдегі сотталған адамдарды ұстауға арналған қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері;
      2) осы Кодекстің 1-бабы бірінші бөлігінің 38) тармақшасында көзделген адамдарды ұстауға арналған тергеу изоляторлары жатады.
      9. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталған адамдардың басқа қылмысты жасады деп сезіктенген немесе айыпталған кезінде оның әкімшілігімен келісім бойынша осы мекемелерде отырады, бірақ жазасын өтеп жатқан басқа сотталған адамдардан бөлек ұсталады.
      10. Сотталған адамдар камераларда тұратын бір мекемеде әртүрлі режимдегі оқшауланған учаскелер көрінуі мүмкін.

      83-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды жазасын
              өтеу үшін жіберу
      1. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар қауіпсіздік жағдайы аралас мекеменің әкімшілігі сот үкімінің заңды күшіне енгені туралы хабарламаны алған күннен бастап он күннен кешіктірілмей, жазасын өтеуге жіберіледі. Осы мерзім ішінде сотталған адамның туыстарымен немесе өзге адамдармен қысқа мерзімді кездесуге құқығы, сондай-ақ сотталған адамның немесе олардың ерінің (зайыбының), жақын туыстарының жеке қаражаты есебінен төленетін он бес минут ұзақтықта телефон арқылы сөйлесуге құқығы бар.
      2. Қауіпсіздік жағдайы аралас мекеменің әкімшілігі екі жұмыс күні ішінде сотталған адамның қалауы бойынша туыстарының біріне немесе заңды өкіліне оның жазасын өтеу үшін қайда жіберілгені туралы жазбаша хабарлама жіберуге міндетті.

      84-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың орнын
              ауыстыру
      1. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар айдауыл арқылы жазасын өтеу орнына жіберіледі және жазасын өтейтін бір орыннан екіншісіне ауыстырылады.
      2. Сотталған адамдардың айдауыл арқылы орнын ауыстыру ұстау қағидаларын сақтай отырып: ерлер әйелдерден, кәмелетке толмағандар ересектерден, өлім жазасына кесілгендер сотталған адамдардың басқа санаттарынан бөлек, бір қылмыстық іс бойынша өтетін тергеудегі сотталған адамдар жеке-жеке, туберкулезбен ауыратындар немесе жыныстық жолмен берілетін инфекциядан емделудің толық курсынан өтпегендер, психикалық ауытқулары бар аурулар өзара және дені саулардан бөлек, қажет болған жағдайда дәрігердің қорытындысы бойынша медицина қызметкерлерінің еріп жүруімен жүзеге асырылады.
      3. Сотталған адамдардың айдауыл арқылы орнын ауыстыру кезінде олар қажетті тұрмыстық және санитариялық-гигиеналық жағдайлармен қамтамасыз етіледі.
      4. Сотталған адамдардың орнын ауыстыру кезінде оларды мекеме (жөнелтуші орган) маусымдық киіммен, аяқ киіммен, сондай-ақ жолдағы бүкіл кезеңде сотталған адамдар үшін белгіленген нормалар бойынша тамақпен қамтамасыз етеді.
      5. Сотталған адамдардың орнын ауыстыру мемлекет есебінен жүзеге асырылады.
      6. Сотталған адамды жазаны өтеу орнына жіберу немесе жазасын өтейтін бір орыннан екіншісіне ауыстыру кезінде мекеменің бақылау шотындағы уақытша орналастырылған қолма-қол ақшасы сотталған адам жіберілген не ауыстырылған мекеменің уақытша орналастырылған қолма-қол ақшасының бақылау шотына аударылады.

      85-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды
              қауіпсіздік жағдайы аралас мекемеде қалдыру және
              қауіпсіздік жағдайы төтенше мекемеге жіберу
      1. Қауіпсіздік жағдайы аралас мекемелерде немесе қауіпсіздік жағдайы төтенше мекемелерде шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау үшін жазасын қауіпсіздік жағдайы орташа мекемеде өтеу тағайындалған бес жылдан аспайтын мерзімге бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған адамдар тартылады. Қалдыру және еңбекке тарту туралы шешім қауіпсіздік жағдайы аралас мекеме бастығының қаулысы бойынша жүзеге асырылады.
      Сотталған адамды қауіпсіздік жағдайы төтенше мекемеге жіберу оның бастығымен келісім бойынша жүзеге асырылады.
      2. Қауіпсіздік жағдайы аралас мекемеде қалдырылған немесе шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау үшін қауіпсіздік жағдайы төтенше мекемеге жіберілген сотталған адамдар қауіпсіздік жағдайы орташа мекемелерге арналған осы Кодексте көзделген жағдайларда өзге адамдардан оқшау ұсталады.
      3. Басқа адам жасаған қылмыс туралы іс бойынша тергеу іс-әрекеттерін жүргізу қажет болған кезде жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде өтеумен бас бостандығынан айыруға сотталған адам Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында белгіленген мерзімге қауіпсіздік жағдайы аралас мекемеде қалдырылуы, сондай-ақ прокурордың санкциясымен басқа мекемеден ауыстырылуы мүмкін.
      4. Басқа адам жасаған қылмыс туралы іс бойынша сот қарауына қатысу қажет болған кезде сотталған адам сот қаулысы бойынша қауіпсіздік жағдайы орташа мекемелерге арналған осы Кодексте көзделген жағдайларда қауіпсіздік жағдайы аралас мекемеде істі сотта қарау уақытына қалдырылуы мүмкін.
      5. Егер сотталған адам басқа іс бойынша қылмыстық жауаптылық тартылса және оған қатысты күзетпен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалса, оны қауіпсіздік жағдайы аралас мекемеде ұстау мерзімдері Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес айқындалады.
      6. Сотталған адам мекемеден қауіпсіздік жағдайы аралас мекемеге осы баптың үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде көрсетілген негіздер бойынша, сондай-ақ мекемеде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін және осы Кодекстің 81-бабында көзделген тәртібімен ауыстырылуы мүмкін.
      Осы баптың үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде көзделген негіздер бойынша қауіпсіздік жағдайы аралас мекемелерге жіберілген сотталған адамдар басқа адамдардан оқшауланып камераларда ұсталады және оларға мекеменің сот тағайындаған түріне арналған, осы Кодексте белгіленген шарттар қолданылады.
      7. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін қауіпсіздік жағдайы аралас мекемелерге ауыстырылған сотталған адамдарға:
      1) тамақ өнімдері мен бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып алуға мекеменің бақылау шоттарындағы уақытша орналастырылған қолма-қол ақша қаражатынан ай сайын екі айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға;
      2) жыл ішінде екі қысқа мерзімді кездесуге;
      3) күн сайын ұзақтығы бір жарым сағаттық серуендеуді пайдалануға рұқсат етіледі.
      Олар камераларда және қауіпсіздік жағдайы аралас мекемеде ұсталатын барлық санаттағы адамдардан оқшауланып ұсталады.

      86-бап. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түрін өзгерту
      1. Екінші немесе үшінші дәрежедегі дұрыс жүріс-тұрысты сотталған адамдарға қатысты сотқа:
      1) сотталған адамдар сот үкімі бойынша тағайындалған мерзімнің кемінде жартысын қауіпсіздік жағдайы төтенше мекемеде өтегеннен кейін-қауіпсіздік жағдайы төтенше мекемеден қауіпсіздік жағдайы ең жоғары, толық қауіпсіздік жағдайдағы немесе қауіпсіздік жағдайы орташа мекемеге;
      2) жаза өтеудің жеңілдетілген және жеңілдік жағдайларындағы сотталған адамдардың онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс үшін жаза мерзімінің кемінде төрттен бірін, ауыр қылмыстар үшін жаза мерзімінің кемінде үштен бірін, ал бас бостандығын айыруды өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар және жазаның өтелмей қалған кезеңінде жаңа қылмыстар жасағандар жаза мерзімінің кемінде үштен екісін өтегеннен кейін-қауіпсіздік жағдайы орташа немесе толық қауіпсіздік жағдайдағы мекемелерден қауіпсіздік жағдайы ең төмен мекемелерге өзгерту туралы ұсынымдар енгізіледі.
      2. Мыналар:
      1) қылмыстардың қауіпті қайталануы жағдайында сотталған адамдар;
      2) аса ауыр қылмыстар, сондай-ақ террористік немесе экстремистік қылмыстар жасағаны үшін сотталған адамдар;
      3) өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар, сондай-ақ өмір бойы бас бостандығынан айыру кешірім жасау тәртібімен белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылған сотталған адамдар;
      4) өлім жазасы кешірім жасау тәртібімен бас бостандығынан айыруға ауыстырылған сотталған адамдар;
      5) міндетті емделуден өтпеген, сондай-ақ емдеу-профилактикалық
мекемелерінде мамандандырылған емдеуді талап ететін сотталған адамдар;
      6) теріс дәрежедегі жүріс-тұрысты сотталған адамдар қауіпсіздік жағдайы ең төмен мекемелерге ауыстырылуға жатпайды.
      3. Үшінші теріс дәрежедегі жүріс-тұрысты және жаза өтеудің белгіленген тәртібін бұзған сотталған адамдарға қатысты сотқа:
      1) қауіпсіздік жағдайы ең төмен мекемеден түрін сот бұрын белгілеген мекемеге;
      2) сот үкімі бойынша жіберілген қауіпсіздік жағдайы ең төмен мекемеден қауіпсіздік жағдайы орташа мекемеге;
      3) қауіпсіздік жағдайы орташа, толық қауіпсіздік жағдайдағы және қауіпсіздік жағдайы ең жоғары мекемелерден қауіпсіздік жағдайы төтенше мекемеге өздері жіберілген қауіпсіздік түріндегі мекемеде жазаның қалған мерзімін өтеумен үш жылдан аспайтын мерзімге қауіпсіздік жағдайы төтенше мекемеге ауыстыру туралы ұсыным енгізіледі.
      4. Сотталған адам заңда белгіленген жаза мерзімінің бір бөлігін өтеген кезде мекеме әкімшілігі сотталған адамды мекеме түрін өзгерту туралы мәселені қарау үшін сотқа өтініш беру құқығының туындағаны туралы бес күндік мерзімде жазбаша хабардар етуге міндетті.
      5. Сотталған адам мекеме түрін өзгерту туралы өтінішпен жүгінген жағдайда әкімшілік оны он күн ішінде оның жеке басын, жазасын өтеу уақытындағы мінез-құлқын, еңбек пен оқуға қатынасын сипаттайтын материалдарды және сотталған адамның жеке ісін қоса бере отырып сотқа жіберуге, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарында заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асыратын прокурорды жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті.
      6. Сот мекеменің түрін өзгертуде бас тартқан жағдайда бас тарту туралы қаулы шығарылған күннен бастап алты ай өткеннен кейін қайта өтініш беруге болады.
      7. Қауіпсіздік жағдайы ең төмен мекемеден түрін сот бұрын айқындаған мекемеге немесе қауіпсіздік жағдайы орташа мекемеге қайтару туралы сот шешімі шығарылған сотталған адам сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін қауіпсіздік жағдайы аралас мекемеде ұсталады.

      87-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды
              қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне қабылдау
      1. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды мекемелерге қабылдауды Мекемелердің ішкі тәртіп қағидаларында белгіленген тәртіппен әкімшілік жүргізеді.
      2. Мекемелерге келген сотталған адамдар он бес тәулікке дейінгі мерзімге карантин бөлімшесіне орналастырылады. Сотталған адамдар карантин бөлімшесінде болған кезеңде жазаны өтеудің дағдылы жағдайларында болады.

      88-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды
              қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде бөлек ұстау
      1. Мекемелерде бас бостандығынан айыруға сотталған ерлер мен әйелдерді, кәмелетке толмағандар мен ересектерді бөлек ұстау белгіленеді.
      2. Бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған адамдар осы баптың бесінші бөлігінде көрсетілген адамдарды қоспағанда, бас бостандығынан айыруды бұрын өтеген сотталған адамдардан жеке ұсталады. Бір мекемеде бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған және бұл жазаны бұрын өтеген әйелдер бөлек ұсталуы мүмкін. Қылмыстар қауіпті қайталанған жағдайда сотталған адамдар; өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар; өмір бойы бас бостандығынан айыру кешірім жасау тәртібімен белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылған сотталған адамдар; өлім жазасы кешірім жасау тәртібімен бас бостандығынан айыруға ауыстырылған сотталған адамдар басқа сотталған адамдардан оқшау, сондай-ақ бөлек ұсталады.
      3. Сотталған соттардың, құқық қорғау және арнаулы органдардың бұрынғы қызметкерлері, ішкі әскерлердің әскери қызметшілері соттылығы санына қарамастан жеке мекемелерде ұсталады.
      4. Сотталған адамдарды бөлек ұстаудың осы бапта белгіленген талаптары балалар үйлері бар мекемелерге қолданылмайды.
      5. Әртүрлі жұқпалы аурулармен ауыратын сотталған адамдар бөлек және дені сау сотталған адамдардан жеке ұсталады. Емдеу-профилактикалық мекемелерде (ауруханаларда, арнаулы психиатриялық және туберкулезге қарсы ауруханаларда) сотталған ерлер сот айқындаған режим түріне қарамастан бірге ұсталады. Туберкулезге қарсы ауруханаларда сотталған адамдарды бөлек ұстау медициналық көрсеткіштермен айқындалады.

      89-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың
              құқықтары мен міндеттері
      1. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар осы Кодекстің 9-бабында көзделген құқықтардан басқа:
      1) тізбесін қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган белгілеген азық-түлікті, заттар мен бұйымдарды сатып алуға және сақтауға;
      2) күн тәртібінде белгіленген уақытта кітапхананы, үстел ойындарын, музыкалық аспаптарды, сондай-ақ діни сараптаманың оң қорытындысын алған діни әдебиеттерді кітапхананың оқу залында пайдалануға;
      3) қауіпсіздік жағдайы төтенше камераларда, мекемелерде отырған аталған адамдарды, өмір бойы бас бостандығынан айыруға және өлім жазасына сотталған адамдарды қоспағанда, сотталған адамдардың көркем өнерпаздар ұйымдарына кіруге;
      4) осы Кодексте белгіленген тәртіппен туыстарымен байланыс жасап тұруға;
      5) белгіленген жүріс-тұрыс қағидасын бұзбай, күн тәртібінде көзделген жеке уақытты пайдалануға құқылы.
      2. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар осы Кодекстің 10-бабында көзделген міндеттерден басқа:
      1) өзінің ұйықтайтын орнын, коммуналдық-тұрмыстық үй-жайларды, жұмыс орындарын таза ұстауға, төсекті белгіленген үлгі бойынша жинауға, заттарды, тамақ өнімдерін және жеке пайдаланылатын заттарды арнайы жабдықталған орындар мен үй-жайларда сақтауға;
      2) үлгісін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын белгіленген киім нысанын сақтауға, сырт көрінісі ұқыпты болып жүруге, шашын бір жарым сантиметрге дейін қысқа етіп алдыруға, мұртын ұқыпты қиып, сақалын алып жүруге;
      3) тәртіптік изолятордағыларды, қатаң жаза өтеу жағдайындағыларды, емделіп жатқандарды, жұмыстағыларды және оқудағыларды қоспағанда, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде өткізілетін барлық іс-шараларға баруға;
      4) камераларды, жатақханаларды, олар пайдаланатын үй-жайларды, оның ішінде мәдени-тұрмыстық және санитариялық-гигиеналық жағдайларды, сондай-ақ мекеме ішіндегі де, оған іргелес аумақты да абаттандыру және жақсарту ісіне қатысуға;
      5) қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің және жазаны орындайтын органның бастығы бекіткен кестеге сәйкес камераларда, карантин бөлімшелерінде, сондай-ақ жасақтарда кезекшілік атқаруға;
      6) өмір бойы бас бостандығынан айыруға немесе өлім жазасына сотталған адамдарды және камераларда ұсталып отырғандарды қоспағанда, тамақ ішу үшін асханаға баруға;
      7) міндетті медициналық тексерістен өтуге және емделуге;
      8) қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің аумағында жүріп-тұруға, сондай-ақ камерада ішкі тәртіп қағидаларына сәйкес заттар мен бұйымдарды ұстауға міндетті.
      3. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға:
      1) Мекемелердің ішкі тәртіп қағидаларына тізбеде көзделмеген тыйым салынған нәрселерді, заттарды, бұйымдарды және заттектерді сатып алуға, дайындауға, қолдануға және сақтауға;
      2) материалдық және өзге де пайда табу мақсатында карта, сондай-ақ басқа да ойындар ойнауға;
      3) балағат сөздер айтуға, тіл тигізуге немесе сотталған адамдардың өзіндік лексикасын қолдануға, лақап ат қоюға және олар арқылы басқа сотталған адамдармен байланыс жасауға, өзіне немесе басқа адамдарға татуировкалар салуға, жеке заттарын басқа сотталған адамдармен айырбастауға, қабырғаларға, тумбаларға және кереуеттерге фотосуреттер, репродукциялар, құттықтау хаттар, газет және журнал қиындыларын ілуге;
      4) мекеме комиссиясының рұқсатынсыз жануарлар мен құстарды ұстауға, бау-бақшамен айналысуға, декоративті балықтарды өсіруге;
      5) жатын орындарын перделеуге және ауыстыруға, сондай-ақ өндірістік объектілерде, коммуналдық-тұрмыстық және басқа да қызметтік және қосалқы үй-жайларда жатын орындарын жабдықтауға, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің өндірістік және өзге де объектілерінде өз бетімен әртүрлі құрылыстар тұрғызуға, шкафтар мен сейфтер орнатуға, қайрау жабдығын, құрал-саймандарды, электр энергиясын, өндіріс қажеттілігіне арналмаған тетіктерді және материалдарды пайдалануға;
      6) өз бетімен қосымша электр сымдарын жүргізуге, жатын үй-жайларда жеке телерадиоқабылдағыштарды, тұрмыстық электр құралдарын орнатуға;
      7) тамақ әзірлеу қарастырылмаған орындарда тамақ әзірлеуге және тамақтануға, асханадан азық-түлік, ыдыс-аяқ шығаруға, арнайы бөлінбеген уақытта және белгіленбеген орындарда темекі тартуға, кір жууға, сондай-ақ кептіруге;
      8) өзіне қандай да бір қасақана зақым келтіруге, тамақ ішуден бас тартуға, сондай-ақ басқаларды азғыруға және басқаларға осындай әрекеттер жасауға көмектесуге;
      9) ғимараттардың, цехтардың, құрылыстардың және басқа да имараттардың шатырларына шығуға, ішкі тыйым салынған аймақтың қоршауына жақындауға;
      10) жұмыс уақытында жұмыс орындарын, міндетті жаппай іс-шаралар өткізу кезеңінде жатақханаларды, үй-жайларды және олар өткізілетін басқа да орындарды мекеме әкімшілігіне хабарламай тастап кетуге;
      11) күн тәртібінде ұйықтау үшін көзделген уақыт ішінде камерада, жасақ жатақханасында жүріп-тұруға және сотталған адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген, дәретханаға бару қажет болған жағдайларда шығуды, сондай-ақ жазаны өтеу режимін және құқықтық тәртіпті бұзу не құқықтық бұзушылық жасау фактісі бойынша мекеме әкімшілігінің талап етуімен шығуды қоспағанда, оның шегінен тыс шығуға;
      12) камера есігіндегі қарауға арналған тесіктерді жабуға, камерадан тыс жердегі сотталған адамдармен заңсыз байланыс орнатуға;
      13) қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі бастығының рұқсатынан, сондай-ақ медицина қызметкерінің ұсынымынан басқа кезде күн тәртібінде белгіленбеген уақытта ұйықтайтын орынға жатуға;
      14) объектілердің күзет желісін не қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі аумағының шекарасын бұзуға;
      15) өз еркімен тұрғын және өндірістік аймақтардың оқшауланған учаскелерінен тыс шығуға, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері аумағында жүріп-тұруға;
      16) өздері тұрмайтын жатақханаларда, сондай-ақ жұмыс істемейтін өндірістік объектілерде болуға;
      17) жақын туыстарын қоспағанда, мекемелерде ұсталатын сотталған адамдар арасында телефонмен әңгімелесуге;
      18) конституциялық құрылысты күштеп өзгертуді, республиканың тұтастығын бұзуды, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни артықшылықты, сондай-ақ терроризмді, экстремизмді, қаталдық пен зорлық-зомбылыққа табынуды насихаттайтын басылымдарды, порнографиялық сипаттағы басылымдарды алуға, сатып алуға, оларға жазылуға, сақтауға және таратуға, діни әдебиетті алуға және өзімен бірге сақтауға тыйым салынады.
      4. Сотталған адамдардың осы баптың талаптарын орындамауы, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері әкімшілігінің заңды талаптарын орындамауы заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
      5. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің әкімшілігі сотталған адамға оның құқықтары мен міндеттерін қол қойғыза отырып түсіндіреді.

12-тарау. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде
жазаны өтеу режимі және оны қамтамасыз
ету құралдары

      90-бап. Мекемелерде жазаны өтеу режимінің негізгі талаптары
      1. Жазаны өтеу режимі сотталған адамдарды түзеу құралдарын қолдану үшін жағдайлар жасайды.
      2. Мекеме әкімшілігі, ішкі әскерлердің әскери қызметшілері режимдік талаптар белгіленген мекеме аумағындағы және оған іргелес аумақтардағы адамдарға, олардың заттарына, көлік құралдарына тексеру жүргізеді және тізбесі Қазақстан Республикасының заңнамасында және Мекемелердің ішкі тәртіп қағидаларында айқындалған тыйым салынған заттарды, құжаттарды алады.
      3. Сотталған адамдарға ұзақ мерзімді кездесуге келген адамдардың заттары тінтіледі, ал жедел қызметкерлердің рапорты бойынша мекемелердің қызметкерлері және бақылаушылардың әскери наряды қатарынан әскери қызметшілер келген адамдарға тінту жүргізеді.
      4. Тыйым салынған заттарды алып кіруге әрекет жасау фактісі расталған жағдайда ұзақ мерзімді кездесу құқығы берілген адамдар дереу шығарылып, кездесу тоқтатылады және пайдаланылған болып есептеледі. Құқық бұзушылыққа жол берген адамдарға бұдан кейін сотталған адамдармен кездесу берілмейді, бұл туралы кездесулерді есепке алу карточкасында тиісті белгі қойылады.
      5. Сотталған адамдар, олардың заттары мен киімі, сондай-ақ мекеменің үй-жайлары тінтіледі және тексеріледі. Жеке тінтуді сотталған адамдармен бір жыныстағы адамдар жүргізеді.
      Жоғары температурада сотталған адамдарды жалпы тінту тексеріс жүргізілетін жерлерде, олар болмаған жағдайда жергілікті учаскелердегі арнайы жиналмалы кабинкаларда жүргізіледі. Жылдың қысқы уақытында және төмен температурада жалпы тінту мекеменің үй-жайларында жүргізіледі.
      Сотталған адамдар бар тұрғын үй-жайларды тінтуге кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда жол беріледі.
      6. Мекемеге іргелес аумақтың шекарасын, сондай-ақ оларды пайдалану режимін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары оның әкімшілігімен келісім бойынша белгілейді.
      7. Байланыс операторлары және байланыс желілерінің иелері қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағында, сондай-ақ оларға іргелес аумақтардың шекарасында өз желісінде қызмет көрсетуді тоқтата тұруға міндетті.
      8. Сотталған адамдардан, сондай-ақ мекеме аумағынан табылған тиесілігін анықтау мүмкін емес ақшаны, бағалы қағаздар мен өзге де бағалы заттарды Мекемелердің ішкі тәртіп қағидаларына сәйкес әкімшілік алып қояды және олар соттың шешімі бойынша мемлекет кірісіне жатқызылады.
      Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға сатуға және пайдалануға рұқсат етілген тізбеге кірмейтін, сотталған адамдардан алып қойылған, сондай-ақ мекеме аумағынан және оған іргелес аумақтан табылған заттар, бұйымдар, заттектер, құжаттар және тамақ өнімдері мекеме әкімшілігінің комиссиялық шешімі бойынша туыстарына немесе сақтауға беріледі не жойылады.
      9. Сотталған адамдар белгіленген тәртіппен сатып алған бағалы қағаздарды, құқық белгілейтін құжаттарды және өзге де заттарды, бұйымдарды, заттектерді, құжаттар мен тамақ өнімдерін сақтауды мекеме әкімшілігі қамтамасыз етеді.

      91-бап. Жазаны өтеу режимін және құқық тәртібін сақтауды
              қамтамасыз ету
      Жазаны өтеу режимін және құқықтық тәртіпті сақтауды қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері және олардың қарамағындағы күштер мен құралдар қамтамасыз етеді.

      92-бап. Қадағалаудың, бақылаудың және күзеттің
              инженерлік-техникалық құралдары
      1. Мекеме әкімшілігі қашып шығудың, құқық бұзушылықтардың, жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзудың алдын алу, сотталған адамдардың мінез-құлқы туралы қажетті ақпарат алу үшін дыбыс-бейне (бейнебақылау жүйесі), электрондық және өзге де инженерлік-техникалық құралдарды пайдаланады.
      2. Бұзылуы сотталған адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін қорғау функциясын бір мезгілде орындайтын қадағалау, бақылау және қорғау инженерлік-техникалық құралдарын қолдану туралы сотталған адамдарды мекеме әкімшілігі жазбаша хабардар етуге міндетті.

      93-бап. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріндегі
              жедел-іздестіру қызметі
      1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мекемелерде жедел-іздестіру қызметі жүзеге асырылады, оның міндеті:
      1) жазаны орындау тәртібі мен жағдайларын, сотталған адамдардың, мекеме персоналы мен өзге де адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      2) мекемелерде дайындалып жатқан және жасалатын қылмыстар мен жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзуды анықтау, ашу, олардың жолын кесу және алдын алу;
      3) мекемелерден қашып шыққан сотталған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыруды өтеуден жалтарған сотталған адамдарды белгіленген тәртіппен іздестіру;
      4) сотталған адамдардың және мекемеге келушілерден құқық бұзушылық жасағандарын ашатын мүлікті қылмыстық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен олардан алып қоюды және бекітуді қамтамасыз ету;
      5) сотталған адамдардың мекемеге келгенге дейін жасаған қылмыстарын анықтау мен ашуда жәрдемдесу болып табылады.
      2. Жедел-іздестіру қызметін қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің және органдарының соған уәкілеттік берілген қызметтері жүзеге асырады.

      94-бап. Мекемелердегі ерекше жағдайлар режимі
      1. Дүлей зілзала болған, мекеме орналасқан ауданда төтенше, ерекше немесе әскери жағдай енгізілген, сотталған адамдар топтасып бағынбаған жағдайларда, мекемедегі жаппай тәртіпсіздіктер, адамдарды кепілге алу, шабуыл жасау немесе қашып шығу кезінде ерекше жағдайлар режимі енгізілуі мүмкін.
      2. Ерекше жағдайлар режимі қолданылған кезеңде мекемеде сотталған адамдардың осы Кодекстің 97-105-баптарында көзделген құқықтарының жүзеге асырылуы тоқтатыла тұруы, күзеттің, бақылаудың және қадағалаудың күшейтілген нұсқасы, объектілерге кіргізудің ерекше тәртібі енгізілуі, күн тәртібінің өзгертілуі, өндірістік, коммуналдық-тұрмыстық, мәдени-ағартушылық, медициналық-санитариялық және өзге де қызметтердің жұмысы шектелуі мүмкін.
      3. Мекемеде сотталған адамдардың топтасып бағынбауы, жаппай тәртіпсіздіктер, адамдарды кепілге алу, шабуыл жасау немесе қашып шығу кезінде қылмыстық-атқару жүйесінің аумақтық органы басшысының аумақтық ішкі істер органымен және облыс прокурорымен немесе оған теңестірілген прокурормен келісілген шешімі бойынша он тәулікке дейінгі мерзімге ерекше жағдайлар режимі енгізіледі.
      4. Осы баптың үшінші бөлігінде санамаланған жағдайларда, сондай-ақ дүлей зілзала, мекеме орналасқан ауданда төтенше, ерекше немесе әскери жағдай енгізілген жағдайларда қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысының Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісілген шешімі бойынша отыз тәулікке дейінгі мерзімге ерекше жағдайлар режимі енгізіледі.
      5. Ерекше жағдайлар режимін енгізу мақсаттарына көрсетілген мерзімде қол жеткізілмеген жағдайда ерекше жағдайлар режимі қолданылған уақыт осы бапта айқындалған тәртіппен қосымша отыз тәулікке дейін ұзартылады.

      95-бап. Қауіпсіздік шаралары және оларды қолдану негіздері
      1. Мекемелердің персоналына және ішкі әскерлердің әскери қызметшілеріне қарсылық көрсететін, олардың заңды талаптарына бағынбайтын, бой бермейтін, жаппай тәртіпсіздіктерге, адамдарды кепілге алуға қатысқан немесе осыған ұқсас өзге де іс-әрекеттер жасаған, азаматтарға шабуыл жасаған сотталған адамдарға, сондай-ақ мекемелерден қашып шығу немесе қашқандарды ұстау кезінде көрсетілген құқыққа қайшы іс-әрекеттердің жолын кесу, сол сияқты бұл адамдардың айналасындағыларға немесе өздеріне өздері зиян келтіруін болғызбау мақсатында дене күші, арнайы құралдар және қару қолданылады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген қауіпсіздік шараларын қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының заңында айқындалады.

13-тарау. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазаны
өтеу жағдайлары

      96-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың жазасын
              өтеу жағдайлары
      1. Бір қауіпсіздік жағдайы орташа, толық немесе ең жоғары қауіпсіздік жағдайдағы мекеменің шегінде, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздік жағдайы орташа мекемеде сотталған адамдар жазаны өтеудің дағдылы, қатаң, жеңілдетілген және жеңілдікті жағдайларында болуы мүмкін.
      2. Қауіпсіздік жағдайы төтенше мекемелерде сотталған адамдар жазаны өтеудің дағдылы, қатаң және жеңілдетілген жағдайларында болуы мүмкін.
      3. Сотталған адамдарды бір жағдайдан екіншісіне ауыстыру мекеме комиссиясының шешімі бойынша жүргізіледі, оның жұмысына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының өкілдері қатыса алады.

      97-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың тамақ
              өнімдері мен бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып
              алуы
      1. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың тамақ өнімдері мен бірінші кезекті қажетті заттарды жазасын өтеу кезеңінде тапқан ақшасына не алатын зейнетақылары мен әлеуметтік жәрдемақыларының есебінен ақшаға шектеусіз қолма-қол есеп айырыспай сатып алуға болады, ал мұндайлар болмаған жағдайда осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген адамдарды қоспағанда, сотталған адамдар ақшаның жалпы сомасын осы Кодексте белгіленген тәртіппен жұмсайды.
      2. Рұқсат етілген ақша сомасы ағымдағы айда жұмсалмаған жағдайда сотталған адамдарға тамақ өнімдері мен бірінші кезекті қажетті заттарды жұмсалмаған сомаға кейінгі айларда сатып алуына болады.
      3. Жүкті әйелдер, жанында балалары бар әйелдер, сондай-ақ мүгедектер мен емдеу-профилактикалық мекемелерде ұсталатын сотталған адамдар тамақ өнімдері мен бірінші кезекті қажетті заттарды мекеменің бақылау шоттарында уақытша орналастырылған қолма-қол ақша қаражаты есебінен шектеусіз сатып ала алады.
      4. Сотталған адамдарға сатуға рұқсат етілген тамақ өнімдерінің, бірінші кезекті қажетті заттардың тізбесі және олардың көлемі Мекеменің ішкі тәртіп қағидаларымен белгіленеді.

      98-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың
              кездесулері
      1. Сотталған адамдарға мекеме аумағында ұзақтығы екі сағат қысқа мерзімді, ұзақтығы екі тәулік ұзақ мерзімді, ал кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздік жағдайы орташа мекемелерде мекемеден тыс жерде тұрумен ұзақтығы бес тәулікке дейін кездесулер беріледі. Сотталған адамның немесе кездесуге келген адамның жазбаша өтініші бойынша кездесу ұзақтығы қысқартылуы мүмкін.
      2. Туыстарымен немесе өзге адамдармен қысқа мерзімді кездесулер мекеме әкімшілігі өкілінің қатысуымен беріледі.
      3. Бактерия бөлінетін туберкулезбен ауыратын сотталған адамдардан басқа, жұбайымен (зайыбымен), жақын туыстарымен бірге тұру құқығымен ұзақ мерзімді кездесулер беріледі.
      4. Мекемеге келген сотталған адамдарға карантин бөлімшесінен шыққаннан кейін бірінші кездесу беріледі.
      Келесі кездесулер айына кемінде бір рет беріледі.
      5. Сотталған адамдарға олардың өтініші бойынша ұзақ мерзімді кездесуді қысқа мерзімді кездесумен, ал кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздік жағдайы орташа мекемелерде мекемеден тыс жерде тұрумен ұзақ мерзімді кездесуді мекеменің шегінен тыс шығумен қысқа мерзімді кездесумен ауыстыруға рұқсат етіледі. Кездесулерді біріктіруге не белуге рұқсат етілмейді.
      6. Сотталған адамдарға заң көмегін алуы үшін кездесулердің саны, ұзақтығы шектелмей және олардың құпиялылығы қамтамасыз етілетін жағдайларда олардың өтініші бойынша адвокаттармен кездесу беріледі.

      99-бап. Сотталған адамдардың посылкалар, сәлемдемелер мен
              бандерольдер алуы және жіберуі
      1. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға осы Кодексте көзделген жағдайларды, сондай-ақ тексерілетін және сотталған адамдарды емдеу үшін мекеменің медициналық бөліміне жіберілетін осы сотталған адамдардың медициналық қорытындыға сәйкес алатын дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарын қоспағанда, посылкалар, сәлемдемелер мен бандерольдер алуға рұқсат етілмейді.
      2. Сотталған адамдар мекеме әкімшілігінің рұқсатымен посылкалар мен бандерольдер жібере алады.

      100-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың хат
               жазысуы, ақша аударымдарын жіберуі және алуы
      1. Сотталған адамдарға хаттар мен жеделхаттарды санына шек қоймай алуға және өз есебінен жіберуге рұқсат етіледі.
      2. Сотталған адамдардың жіберетін және алатын хат-хабарына қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен цензура қолданылады.
      3. Туыстар болып табылмайтын бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын сотталған адамдардың арасында хат жазысуына мекеме әкімшілігінің рұқсатымен жол беріледі.
      4. Сотталған адамдар ақша аударымдарын алуға және жіберуге құқылы.
      5. Барлық қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың нысандарын қолданумен байланысты қосымша көрсетілетін қызметтер сотталған адамның жеке қаражаты есебінен өтеледі.

      101-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың телефон
               арқылы сөйлесуі
      1. Сотталған адамның телефон арқылы әрқайсысы ұзақтығы он бес минутқа дейін сөйлесуге құқығы бар. Телефон арқылы сөйлесу ақысы сотталған адамның немесе оның жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының жеке қаражатынан төленеді.
      Мекеме әкімшілігі сотталған адамға әлеуметтік байланыста болуға мүмкіндік беретін бар телекоммуникация құралдарын пайдаланады.
      2. Жазаны өтеудің қатаң жағдайындағы, сондай-ақ тәртіптік изоляторға қамалған сотталған адамдарға жақын туысы қайтыс болған немесе науқастың өміріне қауіп төндіретін ауыр сырқаттанған жағдайда; оның отбасына елеулі материалдық залал келтірген дүлей зілзала жағдайында телефон арқылы сөйлесуге рұқсат етіледі.
      3. Жедел жағдайды сақтау мақсатында мекеме әкімшілігі сотталған адамдардың телефон арқылы сөйлесулерін бақылауға және тыңдауға құқылы.
      Телефон арқылы сөйлесуді бастамас бұрын мекеме әкімшілігі сотталғанды және онымен телефон арқылы сөйлесетін адамды олардың бақыланатыны және тыңдалатыны туралы ескертуге міндетті.

      102-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың жазу
               керек-жарақтары мен мерзімді басылымдарды сатып алуы
               және сақтауы
      Сотталған адамдарға жазу керек-жарақтарын алуға, сондай-ақ мекеменің бақылау шоттарында уақытша орналастырылған қолма-қол ақша қаражаты есебінен газеттер мен журналдарға шектеусіз жазылуға рұқсат етіледі.

      103-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың
               серуендеуі
      1. Бас бостандығынан айыруды камераларда өтеп жүрген, тәртіптік изоляторларда қамалған сотталған адамдардың, егер олар ашық жерде жұмыс істемейтін болса, ұзақтығы осы Кодексте белгіленген серуендеуге құқығы бар.
      2. Сотталған адамдардың серуендеуі күндізгі уақытта мекеме аумағының арнайы жабдықталған бөлігінде өткізіледі.
      Сотталған адам Мекемелердің ішкі тәртіп қағидаларын бұзған жағдайда серуендеу мерзімінен бұрын тоқтатылады.

      104-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың
               телехабарлар көруі және радиохабарлар тыңдауы
      1. Тұрғын үй-жайлар, тәрбие жұмысы бөлмелері, демалыс бөлмелері, жұмыс үй-жайлары, тәртіптік изоляторлар қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері есебінен радионүктелермен жабдықталады.
      2. Тәртіптік изоляторларға қамалғандардан және бір адамдық камераларға ауыстырылғандардан басқа, сотталған адамдарға күн тәртібінде ұйықтау үшін бөлінген уақытты қоспағанда, жұмыстан және жаппай іс-шаралардан бос сағаттарда телехабарлар көруге, сондай-ақ радиохабарлар тыңдауға рұқсат етіледі.

      105-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың мекеме
               шегінен тысқары жол жүруі
      1. Мекемелерде ұсталатын сотталған адамдарға, сондай-ақ белгіленген тәртіппен қауіпсіздік жағдайы аралас мекемесінде қалдырылған және шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргізу үшін қауіпсіздік жағдайы төтенше мекемесіне жіберілген сотталған адамдарға мекемеден тыс жерлерге қысқа мерзімді немесе ұзақ уақытты жол жүрулеріне мынадай:
      1) қысқа мерзімді - жақын туысының қайтыс болуы немесе науқастың өміріне қатер төндіріп ауыр сырқаттануы, оның отбасына елеулі материалдық залал келтірген дүлей зілзалаға байланысты бару-қайту жолына қажет, бірақ бес тәуліктен аспайтын уақытты есептемегенде, жеті тәуліктен аспайтын мерзімге;
      2) ұзақ уақытты - жыл сайынғы ақылы демалыс уақытына жол жүруге рұқсат етіледі.
      2. Мекемелердің балалар үйлерінде балалары бар сотталған әйелдерге балаларын туыстарына не балалар үйіне орналастыру үшін бару-қайту жолына қажет уақытты есептемегенде, мекемеден тыс жерлерге жеті тәулікке дейінгі мерзімге қысқа мерзімді жол жүруге, ал мекемеден тыс жерде кәмелетке толмаған мүгедек балалары бар сотталған әйелдерге олармен кездесу үшін жылына дәл сондай мерзімге бір рет қысқа мерзімді жол жүруге рұқсат етілуі мүмкін.
      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген негіздер бойынша жол жүруге:
      1) қайталап қауіпті қылмыстар жасап сотталған адамдарға;
      2) өлім жазасы түріндегі жазасы кешірім жасау тәртібімен бас бостандығынан айыруға ауыстырылған адамдарға;
      3) өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға;
      4) есі дұрыстығын теріске шығармайтын психикасы бұзылған деп танылған, сондай-ақ алкоголизмнен, уытқұмарлықтан, нашақорлықтан, туберкулезден, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардан емделуді аяқтамаған сотталған адамдарға;
      5) террористік, экстремистік қылмыстар үшін не қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстар үшін, сондай-ақ жас балаларға жыныстық қол сұқпаушылыққа қарсы қылмыс үшін сотталған адамдарға;
      6) екінші немесе үшінші теріс дәрежедегі жүріс-тұрыстағы сотталған адамдарға рұқсат берілмейді.
      4. I немесе II топтағы мүгедектер болып табылатын және денсаулық жағдайына байланысты үнемі күтімді қажет ететін сотталған адамдарға, сондай-ақ кәмелетке толмаған сотталған адамдарға мекемеден тыс жерге жол жүруге туысының немесе өзге еріп жүруші адамның еріп жүруімен рұқсат етіледі.
      5. Сотталған адамның жол жүру туралы өтініші бір тәулікте қаралады. Жол жүруге рұқсатты сотталғанның жеке басы мен мінез-құлқын ескере отырып, мекеме бастығы береді.
      6. Сотталған адамның мекемеден тыс жерде болу уақыты жазаны өтеу мерзіміне есептеледі.
      7. Сотталған адамның мекемеден тыс жерге жол жүру шығыстары мекеменің бақылау шоттарында уақытша орналастырылған қолма-қол ақша қаражатынан төленеді не оларды өзге адамдар төлейді.
      8. Сотталған адамның белгіленген мерзімде қайтып оралуын қиындататын күтпеген мән-жайлар туындаған жағдайда сотталған адам болған жердегі ішкі істер органы бастығының дәлелді қаулысы бойынша мекемеге оралу мерзімі мекеме әкімшілігіне дереу хабарланып, бес тәулікке дейін ұзартылады.
      9. Сотталған адам мерзімінде оралмаған жағдайда мекеме әкімшілігі заңнамада белгіленген тәртіппен іздеуді жүзеге асырады.

      106-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды міндетті
               әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік, зейнетақымен
               қамсыздандыру
      1. Бас бостандығынан айыруға сотталып, жұмыспен қамтылғандар міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатады, ал әйелдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүктілігі мен босануы бойынша жәрдемақылармен қамтамасыз етіледі.
      2. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыруға құқығы бар.
      3. Бас бостандығынан айыруға дейін зейнетақы тағайындалған, сондай-ақ жазасын өтеу кезінде еңбек қабілетінен айырылған адамдарды әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
      4. Мекемелерде бас бостандығынан айыруды өтеп жүрген сотталған адамдарға қатысты ерікті медициналық сақтандырудың қолданысы өтеу мерзімі аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.

      107-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды
               материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету
      1. Мекемелердегі бір сотталған адамға шаққандағы тұрғын алаңының нормасы екі жарым шаршы метрден, әйелдерді ұстауға арналған мекемелерде үш шаршы метрден, кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған мекемелерде үш жарым шаршы метрден кем болмауы керек.
      2. Сотталған адамдарға жеке жатын орындары мен төсек жабдықтары беріледі. Олар жынысы және климаттық жағдайлар ескеріле отырып, маусымдық киіммен, іш киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз етіледі.
      3. Сотталған адамдар мемлекет есебінен тамақпен, киіммен және бірінші кезектегі қажетті заттармен қамтамасыз етіледі. Сотталған адамдарды еңбек етуге тартатын кәсіпорындардың қаражаты есебінен оларға белгіленген нормадан тыс қосымша тамақтану ұйымдастырылуы мүмкін.
      Тамақ өнімдері мен бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып алуға жұмсауға рұқсат етілетін, осы Кодексте белгіленген ақша сомасынан артық сотталған адамдардың мекеменің бақылау шоттарындағы уақытша орналастырылған қолма-қол ақша қаражатынан мекемелерде пайдалануға рұқсат етілген аяқ киім мен киімді, оның ішінде спорттық киімді қосымша сатып алуына, қосымша емдеу-профилактикалық және өздерінің қалауы бойынша нормативтік құқықтық актілерде айқындалған өзге де қосымша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеп, медициналық қорытынды бойынша қажетті диеталық тамақ алуына болады.
      4. Жүкті әйелдерге, бала емізетін аналарға, кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ науқастар мен мүгедектерге жақсы тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлар жасалады және тамақтанудың жоғары нормалары белгіленеді.
      5. Мүгедек сотталған адамдар ұсталатын үй-жайлар онда болудың тең жағдайларын жасайтын арнайы техникалық құралдармен, жабдықтармен жабдықталады.

      108-бап. Сотталған жүкті әйелдерді, сотталған бала емізетін
               аналарды және балалары бар сотталған әйелдерді
               материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету ерекшеліктері
      1. Балалары бар сотталған әйелдер жазасын өтеп жүрген мекемелерде балалар үйлері ұйымдастырылуы мүмкін. Мекемелердің балалар үйлерінде балалардың қалыпты тұруы мен дамуы үшін қажетті жағдайлар қамтамасыз етіледі. Сотталған әйелдер мекемелердің балалар үйлеріне өздерінің үш жасқа дейінгі балаларын орналастырып, олармен жұмыстан бос уақытта шектеусіз бірге бола алады. Оларға балаларымен бірге тұруына рұқсат етіледі.
      2. Сотталған әйелдердің жазбаша келісімімен олардың балалары туыстарына немесе сот шешімі бойынша өзге адамдарға беріледі не балалары үш жасқа толғаннан кейін тиісті балалар мекемелеріне жіберіледі.
      3. Сотталған жүкті әйелдер мен бала емізуші сотталған аналар саны мен түрі медициналық қорытындыда айқындалған азық-түлік посылкалар мен сәлемдемелерді алады. Сотталған жүкті әйелдер, сотталған әйелдер босану уақытында және босанғаннан кейінгі кезеңде мамандандырылған көмек алуға құқылы.
      4. Мекемелердің балалар үйінде балалар тамақпен, бірінші кезекті қажетті заттармен, жеке жатын орынмен, төсек жабдықтарымен, жынысы және климаттық жағдайлар ескеріле отырып, маусымдық киіммен, іш киіммен және аяқ киіммен мемлекет есебінен қамтамасыз етіледі.

      109-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды
               медициналық-санитариялық қамтамасыз ету
      1. Қылмыстық-атқару жүйесінде сотталған адамдарға медициналық қызмет көрсету үшін емдеу-профилактикалық мекемелер (соматикалық, психиатриялық және туберкулезге қарсы ауруханалар; медициналық бөлімдер, медициналық пункттер) ұйымдастырылады. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын сотталған адамдарды мәжбүрлеп емдеу мекеменің медициналық бөлімінде жүзеге асырылуы мүмкін.
      2. Мекеме әкімшілігі сотталған адамдардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ететін белгіленген санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы талаптардың орындалуы үшін жауапты болады.
      3. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде туберкулезге қарсы көмек көрсетуді, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру және ауруына байланысты жазаны өтеуден босатуға ұсынылатын сотталған адамдарды куәландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеп жүрген адам қайтыс болған жағдайда мекеме әкімшілігі бас бостандығынан айыру орындарында заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асыратын прокурорға, ал шетел азаматы қайтыс болған жағдайда сол адам азаматы болып табылатын мемлекет елшілігіне немесе өзге де өкілдігіне бұл туралы тез арада жазбаша нысанда хабарлайды.

      110-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың
               материалдық жауаптылығы
      1. Жазасын өтеу кезінде мемлекетке, мекемеге немесе заңды және жеке тұлғаларға материалдық залал келтірген жағдайда сотталған адамдар заңда белгіленген тәртіппен материалдық жауапты болады.
      2. Сотталған адам мемлекетке, мекемеге келтірген залалды, қашып шығуының жолын кесуге, сондай-ақ өзінің денсаулығына қасақана зиян келтірген жағдайда оны емдеуге байланысты қосымша шығындарды өтеуге тиіс.

14-тарау. Бас бостандығынан айыруға сотталған
адамдардың еңбегі, кәсіптік білімі және
кәсіби даярлығы

      111-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың еңбек
               етуі
      1. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың барлығы мекеме әкімшілігі айқындайтын жерлерде және жұмыстарда еңбек етуге міндетті. Сотталған адамдар мекемелердің аумағында не оларды тиісті күзетпен және оқшаулаумен қамтамасыз еткен жағдайда мекемеден тыс жерлерде орналасқан мекемелердің кәсіпорындарына, мемлекеттік ұйымдарға немесе өзге меншік нысанындағы ұйымдарға жұмысқа тартылады.
      Мекемелерде барлық еңбек етуге қабілетті сотталған адамдарды ақылы жұмысқа тарту үшін жұмыс орындарын құру жөніндегі шаралар қолданылады.
      2. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің әкімшілігі сотталған
адамдардың жынысын, жасын, еңбек ету қабілетін, денсаулық жағдайын, мүмкіндігінше мамандығын ескере отырып, сондай-ақ жұмыс орындарының болуына байланысты жұмысқа тартуға міндетті.
      3. Сотталған адамдарға еңбек жанжалдарын шешу мақсатында жұмысты тоқтатуға тыйым салынады. Көрсетілген жұмыстардан бас тарту осы Кодексте көзделген жазалау шараларын қолдануға әкеп соғады.
      4. Қылмыстық-атқару жүйесіне кірмейтін өзге меншік нысандағы ұйымдардың объектілерінде сотталған адамдарды еңбекке тарту қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі әкімшілігінің, ұйымның және сотталған адамның арасындағы шарттардың негізінде жүзеге асырылады.
      5. Сотталған адамдарды пайдалануға тыйым салынатын жұмыстар мен лауазымдардың тізбесі Мекемелердің ішкі тәртіп қағидаларында белгіленеді.
      6. Мекемелердің ұйымдарында ерікті жалданушы инженерлік-техникалық қызметкерлер мен білікті жұмысшылардың еңбегін пайдалануға жұмыс істейтін сотталған адамдар санының 15 пайызына дейінгі шекте жол беріледі.
      7. Мекемелер аумағында орналасқан өндірістік объектілерді өзге меншік нысандағы ұйымдарға беру мемлекеттік мүлік туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

      112-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың еңбек
               ету жағдайлары
      Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың еңбек ету шарттары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      113-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың
               еңбекақысын төлеу
      Сотталған адамдардың еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады және белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен төмен болмауы керек.

      114-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды мекемені
               абаттандыруға тарту
      Сотталған адамдар кезектілік тәртібімен жұмыстан тыс уақытта ұзақтығы аптасына екі сағаттан аспайтын:
      1) камераларды, жатақханаларды, өздері пайдаланатын үй-жайларды;
      2) негізгі қоршауда және сыртқы тыйым салынған аймақта орналасқан күзеттің және қадағалаудың инженерлік-техникалық құралдарының объектілерін қоспағанда, мекеме ішіндегі, сондай-ақ оған іргелес жатқан аумақтарды;
      3) мәдени-тұрмыстық және санитариялық-гигиеналық жағдайларды
абаттандыру және жақсарту бойынша жұмыстарға ақысыз түрде тартылады.
      Жоғарыда көрсетілген жұмыстарды орындаудан бас тарту осы Кодексте көзделген жазалау шараларын қолдануға әкеп соғады.

      115-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың
               табысынан ұстап қалу
      Сотталған адамдардың жалақысынан, зейнетақысынан, жәрдемақысынан және өзге де табыстарынан атқару парақтары немесе басқа да атқару құжаттары бойынша сомаларды ұстап қалу, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен, алайда елу пайыздан аспайтын мөлшерде жүргізіледі, ал қалған сома мекеменің бақылау шоттарында уақытша орналастырылған қолма-қол ақша есебіне аударылады.

      116-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың
               кәсіптік білімі және кәсіби даярлығы
      1. Мекемелерде сотталған адамдарға техникалық және кәсіптік білім беру немесе оларды кәсіби даярлау жүзеге асырылады.
      2. Сотталған адамдарға кәсіптік білім беруді және олардың кәсіптік даярлығын ұйымдастыру үшін кәсіптер мен мамандықтар тізбесін еңбек нарығының мониторингін ескере отырып, жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша мекеме әкімшілігі құрастырады.

15-тарау. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен
тәрбие жұмысы

      117-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен тәрбие
               жұмысы
      1. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен тәрбие жұмысы оларды түзеуге, сотталған адамдардың қоғамдық пайдалы қызметпен айналысуға ұмтылысын, еңбекке адал көзқарасын қалыптастыруға, заңдардың талаптарын және қоғамда қабылданған басқа да мінез-құлық қағидаларын сақтауға, сотталған адамдардың білімін, олардың білім және мәдени деңгейін арттыруға және одан әрі дамытуға бағытталған.
      2. Сотталған адамдардың өткізілетін тәрбиелік іс-шараларға қатысуы жүріс-тұрыс дәрежесін айқындау және мінездеме жасау кезінде, сондай-ақ осы Кодексте көзделген көтермелеу шараларын қолдану кезінде ескеріледі.
      3. Мекеменің күн тәртібінде сотталған адамдар үшін қатысу міндетті тәрбиелік іс-шаралар көзделеді.
      4. Сотталған адамдармен тәрбие жұмысы мекеменің түрі, жазалау мерзімі, ұстау жағдайлары, олардың жеке басының дербес ерекшеліктері және олардың жасаған қылмыстарының мән-жайлары ескеріле отырып, қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен саралап жүргізіледі.

      118-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен тәрбие
               жұмысының негізгі бағыттары, нысандары және әдістері
      1. Мекемелерде адамгершілікке, әлеуметтік құқықтық, эстетикалық, еңбекке, дене тәрбиесіне, психологиялық тәрбиелеу, сондай-ақ оның сотталған адамдардың түзелу мақсатына жетуге ықпал ететін басқа түрлері жүргізіледі, олар:
      1) адамгершілікке тәрбиелеу сотталған адамдарда моральды-этикалық ұстанымдарды қалыптастыруға, әрбір сотталған адамның бойында қоғамдағы өзінің жүріс-тұрысын күнделікті сыртқы бақылаусыз реттеуге қабілетін қалыптастыруға бағытталған;
      2) әлеуметтік-құқықтық тәрбиелеу азамат пен мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынастың мәні туралы түсінік алуға, сотталған адамдардың бас бостандығынан айыру орындарындағы құқықтары мен міндеттері туралы білім алуға, құқықтық нормаларды сақтау қажеттілігіне көзін жеткізуге, жасалған қылмыстың қоғамдық қауіп-қатерін ұғынуға бағытталған;
      3) эстетикалық тәрбиелеу сотталған адамдардың эстетикалық талғамға және оның айналасындағы болмысқа жақсы қатынасын баулуға ықпал ететін табиғат сұлулығы, өнер, әдебиет, сурет өнері туралы түсінігін дамытуға бағытталған;
      4) еңбекке тәрбиелеу сотталған адамның еңбек ету дағдыларын дамытуға, оның босатылғаннан кейін жұмысқа орналасуына қажетті кәсіпті алуына бағытталған;
      5) дене тәрбиесіне баулу бас бостандығынан айыру орындарында сотталған адамның денсаулығын сақтауға және бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған;
      6) психологиялық тәрбиелеу жазасын өтеп жүрген адамның психикалық қызметінің заңдылықтарын зерттеуге, оның қылмыстық ұстанымын бұзуға, сотталған адамның жеке басын, қайта тәрбиелеу барысында оған ықпал ететін негізгі факторларды зерделеуге бағытталған.
      2. Сотталған адамдармен тәрбие жұмысы психологиялық-педагогикалық әдістер негізінде дара, топтық және жаппай нысандарда ұйымдастырылады.
      Тәрбие жұмысын жүргізу кезінде камераларда ұсталатын сотталған адамдар осыған арналған үй-жайларда кіші және үлкен топтарға біріктіріледі.

      119-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың
               көркемөнерпаздар ұйымдары
      1. Мекемелерде сотталған адамдар арасында салауатты өзара қарым-қатынастарды қалыптастыру және дамыту мақсатында сотталған адамдардың көркем өнерпаздар ұйымдары ерікті негізде құрылады, олар мекеме әкімшілігінің бақылауымен жұмыс істейді.
      2. Сотталған адамдардың көркем өнерпаздар ұйымдарына қатысуы жүріс-тұрыс дәрежесін анықтау және сотталған адамдарға мінездеме жасау кезінде ескеріледі.
      3. Көркем өнерпаздар ұйымдарының негізгі міндеттері қоғамға пайдалы бастаманы ынталандыру және сотталған адамдардың түзелуіне ықпал ету; еңбекті, тұрмысты және бос уақытты ұйымдастыру мәселелерін шешуге қатысу болып табылады.
      4. Сотталған адамдардың көркем өнерпаздар ұйымдарының мүшелері қосымша жеңілдіктерді, артықшылықтарды пайдаланбайды және мекеме әкімшілігінің өкілеттіктеріне ие бола алмайды.
      5. Қауіпсіздік жағдайы төтенше мекемені және тәртіптік изоляторды қоспағанда, мекемелерде өзін жақсы көрсеткен сотталған адамдардың арасынан мекеме ұжымдары мен отрядтарының кеңестері құрылады, сондай-ақ қызметі жазаны орындау мақсаттарына, тәртібі мен жағдайларына қайшы келмесе, сотталған адамдардың өзге де көркем өнерпаздар ұйымдары құрылуы мүмкін.

      120-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың
               бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алуын
               ұйымдастыру
      1. Мекемелерде 30 жасқа толмаған сотталған адамдардың міндетті бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алуы ұйымдастырылады.
      2. Отыз жастан асқан сотталған адамдар және мүгедектер бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімді өздерінің қалауы бойынша алады.
      3. Емтихан тапсыру үшін оқушылар Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан босатылады.
      4. Сотталған адамдардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алуға ұмтылысы ынталандырылады және жүріс-тұрысының дәрежесін анықтау және сотталған адамдарға мінездеме жасау кезінде ескеріледі.
      5. Өмір бойы бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан, сондай-ақ емдеу-профилактикалық мекемелердегі сотталған адамдар бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алуға тартылмайды. Оларға өздігінен білім алу үшін жазаны өтеу тәртібі мен шарттарына қайшы келмейтін жағдайлар жасалады.

      121-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға
               қолданылатын көтермелеу шаралары
      1. Сотталған адамдарға жақсы мінез-құлқы, еңбекке, оқуға адал қарағаны, көркем өнерпаздар ұйымдарының жұмысына және тәрбие іс-шараларына белсене қатысқаны, қылмыс жасау арқылы келтірілген залалдың орнын толтыру бойынша шаралар қабылдау үшін мынадай көтермелеу шаралары:
      1) алғыс жариялау;
      2) сыйлықпен марапаттау;
      3) сыйақы беру;
      4) қосымша қысқа мерзімді кездесу беру;
      5) жүкті әйелдерді, жанында балалары бар әйелдерді, сондай-ақ мүгедектер мен емдеу мекемелерінде ұсталатын сотталған адамдарды қоспағанда, мереке күндері тамақ өнімдері мен бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып алуға бір айлық есептік көрсеткішке дейінгі сомада қосымша ақша жұмсауға рұқсат беру;
      6) бұрын қолданылған жазаны мерзімінен бұрын алып тастау қолданылады.
      2. Қауіпсіздік жағдайы ең төмен мекемесінде жазасын өтеп жүрген сотталған адамдарға осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген көтермелеу шараларынан басқа, осы баптың бірінші бөлігінде айқындалған тәртіппен мекемеге қайта оралып келуімен сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін демалыс және мереке күндерін мекемеден тыс жерде өткізуге рұқсат беру түріндегі көтермелеу шарасы қолданылады.

      122-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға
               көтермелеу шараларын қолдану тәртібі
      1. Осы Кодекстің 121-бабы бірінші бөлігінің 1)-5) тармақшаларында көзделген көтермелеулер нөлдік, бірінші, екінші немесе үшінші дәрежедегі дұрыс жүріс-тұрысты сотталған адамдарға, ал 6) тармақшада - бірінші немесе екінші дәрежедегі теріс жүріс-тұрысты сотталған адамдарға осы баптың үшінші бөлігінде белгіленген тәртіппен және тек жазбаша түрде қолданылады.
      2. Екінші немесе үшінші дәрежедегі дұрыс жүріс-тұрысты сотталған адамдарға көтермелеу ретінде жылына қосымша төрт қысқа мерзімді кездесу алуға рұқсат беріледі.
      3. Жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушылар деп танылған сотталған адамдарды қоспағанда, бұрын қолданылған жазалауды мерзімінен бұрын алып тастауға жазалауды қолдана бастаған күннен үш айдан ерте жол берілмейді.

      123-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға
               қолданылатын жазалау шаралары
      1. Сотталған адамдарға жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзғаны үшін мынадай жазалау шаралары:
      1) ескерту;
      2) сөгіс;
      3) екі айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде тәртіптік айыппұл;
      4) мекемелерде ұсталатын сотталған адамдарды он бес тәулікке дейінгі мерзімге тәртіптік изоляторға қамау;
      5) жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушы деп танылған, бірінші дәрежедегі теріс жүріс-тұрысты сотталған адамдарды алты айға дейінгі мерзімге бір адамдық камераларға ауыстыру қолданылады.
      2. Бас бостандығынан айыруды қауіпсіздік жағдайы ең төмен мекемеде өтеп жүрген сотталған адамдарға жатақханадан тыс тұру құқығының күшін жою және жұмыстан бос уақытта отыз күнге дейінгі мерзімге мекеме аумағынан шығуға тыйым салу түріндегі жазалау қолданылады.

      124-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың жазаны
               өтеудің белгіленген тәртібін бұзуы
      1. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзушылықтары осы Кодексте және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі күн тәртібі қағидасында белгіленген талаптарды орындамауы болып табылады.
      2. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзуы:
      1) сотталған адамның абаттандыру бойынша жұмыстардан негізсіз бас тартуы;
      2) алкоголь, есірткі, басқа да есеңгірететін заттарды пайдалануы;
      3) мекеме әкімшілігінің өкілдерін қорқытуы немесе оларды қорлауы не оларға бағынбауы, оның ішінде өзіне қандай да бір қасақана жарақат салумен ұштасқан бағынбауы;
      4) мекемелерде пайдалануға рұқсат етілмеген заттарды жасауы, сақтауы немесе беруі (алуы);
      5) карта ойнау, сондай-ақ құмар ойындарға қатысуы;
      6) сот тағайындаған міндетті және мәжбүрлеп емдеуден жалтаруы;
      7) ереуілдер немесе өзге де топтасып бағынбаушылықтарды
ұйымдастыруы, сол сияқты оларға белсене қатысуы;
      8) жыныстық сипаттағы ерсі іс-әрекеттерді жасауы;
      9) осы бапта көрсетілген бұзушылықтарды жасауға бағытталған топтарды сотталған адамдардың ұйымдастыруы немесе оларға белсене қатысуы;
      10) мекеме әкімшілігі ұсынған ақылы жұмыстан бас тартуы;
      11) қауіпсіздік жағдайы ең төмен мекемесінің және жұмыс объектісінің аумағын өз еркімен тастап кетуі;
      12) мекемеден тыс жерге қысқа мерзімді жол жүруге рұқсат берілген сотталған адамның мекемеге белгіленген мерзімде қайта оралмауы;
      13) сотталған адамның алты ай ішінде тәртіптік изоляторға қамау не бір адамдық камераға ауыстыру түріндегі жазаға тартылуы, жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қайта бұзуы болып табылады.
      3. Осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген бұзушылықтарды жасаған сотталған адам өзіне тәртіптік изоляторға қамау не бір адамдық камераға ауыстыру түріндегі жазалау қолданылған жағдайда мекеме бастығының қаулысымен жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушы деп танылады.

      125-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға жазалау
               шараларын қолдану тәртібі
      1. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамға жазалау шараларын қолдану кезінде бұзушылықты жасаудың мән-жайы, сотталған адамның жеке басы және бұрынғы жүріс-тұрысы ескеріледі.
      2. Қолданылатын жазалау теріс қылықтың ауырлығы мен сипатына сәйкес болуға тиіс.
      3. Жазалау теріс қылық анықталған күннен бастап он тәуліктен кешіктірілмей, ал тексеру жүргізілген болса, ол аяқталған күннен бастап, бірақ теріс қылық жасалған күннен үш айдан кешіктірілмей қолданылады.
      4. Жазалау дереу орындалады және сотталған адам ауырған немесе оны этаппен айдау жағдайында, сондай-ақ оны орындауға жағдайлар болмағанда ғана қолданған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей орындалады.
      5. Бір бұзушылық үшін бірнеше жазалау қолдануға тыйым салынады.
      6. Жазалау осы Кодекспен уәкілеттік берілген адамның қаулысымен қолданылады. Қаулы бір тәулік мерзімде сотталған адамға қол қойдырып жарияланады.
      7. Тәртіптік айыппұл түріндегі жазалау жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзғаны үшін ғана қолданылады. Өндіріп алынған айыппұл сомасы республикалық бюджетке аударылады.
      8. Сотталған адамды бір адамдық камераларға ауыстыру, тәртіптік изоляторға қамау мерзімі көрсетіліп онда ұстау мүмкіндігіне жасалған медициналық куәландырудан кейін жүргізіледі.
      Сотталған кәмелетке толмағандар бір адамдық камераға ауыстырылмайды.
      Мекеменің балалар үйінде емізулі балалары бар әйелдер, сондай-ақ жүктілігі және босануы бойынша жұмыстан босатылған әйелдер тәртіптік изоляторға қамалмайды және бір адамдық камераға ауыстырылмайды.
      9. Тәртіптік изоляторға қамалған және бір адамдық камераларға ауыстырылған сотталған адамдарға осы Кодексте көзделген жазалаудың барлық шаралары қолданылады.
      10. Егер сотталған адам тәртіптік жазалауды өтеген күннен бастап алты ай ішінде жаңа жазалауға тартылмайтын болса, ол жазалауы жоқ деп саналады, ал жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушы деп танылған сотталған адам ондай деп саналмайды.

      126-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды
               тәртіптік изоляторларда және бір адамдық камераларда
               ұстау жағдайлары
      1. Тәртіптік изоляторға қамауға алынған бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға:
      1) кездесуге, телефон арқылы сөйлесуге, тамақ өнімдерін сатып алуға, камерада шылым шегуге, сондай-ақ күндізгі уақытта жатын орынды пайдалануға тыйым салынады;
      2) күн сайын ұзақтығы бір сағат серуендеуге рұқсат етіледі.
      2. Жазалау тәртібімен бір адамдық камераларға ауыстырылған сотталған адамдар:
      1) ай сайын тамақ өнімдері мен бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып алуға бас бостандығынан айыруды өтеу кезінде еңбекпен тапқан қаражатынан төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жұмсауға;
      2) күн сайын ұзақтығы бір жарым сағаттық серуендеуді
пайдалануға;
      3) қажетті медициналық көмек алуға құқылы.
      3. Тәртіптік изоляторға қамауға алынған, бір адамдық камераларға ауыстырылған сотталған адамдар басқа сотталған адамдардан бөлек жұмыс істейді.
      4. Сотталған адамдарды тәртіптік изолятордан немесе бір адамдық камералардан қылмыстық-атқару жүйесінің емдеу-профилактикалық мекемелеріне, сондай-ақ денсаулық сақтау органдарының медициналық ұйымдарына ауыстырған жағдайда, олардың көрсетілген емдеу мекемелерінде болу мерзімі жазаны өтеу мерзіміне есептеледі.
      5. Мүгедек болып табылатын сотталған адамдарды ұстауға арналған тәртіптік изоляторлар мен бір адамдық камералар сотталған адамдармен болудың теңдей жағдайын жасайтын арнайы техникалық құралдармен жабдықталады.

      127-бап. Мекемелердің бас бостандығынан айыруға сотталған
               адамдарға көтермелеу және жазалау шараларын қолданатын
               лауазымды адамдары
      1. Мекеме бастықтары немесе олардың міндеттерін атқаратын адамдар осы Кодексте көзделген көтермелеу және жазалау шараларын толық көлемде қолдануға құқылы.
      2. Мекеме бастығының орынбасарлары мынадай:
      1) алғыс жариялау;
      2) тамақ өнімдері мен бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып алуға қосымша ақша жұмсауға рұқсат беру түріндегі көтермелеу шараларын қолдануға құқылы.
      3. Мекеме бастығының орынбасарлары мынадай:
      1) ескерту;
      2) сөгіс түріндегі жазалау шараларын қолдануға құқылы.

16-тарау. Әртүрлі мекемелерде жазаны орындау ерекшеліктері

      128-бап. Қауіпсіздік жағдайы орташа мекемелер
      1. Қауіпсіздік жағдайы орташа мекемелерде дағдылы жағдайларда осы мекемеге жаңадан келген сотталған адамдар, сондай-ақ жазаны өтеудің қатаң және жеңілдетілген жағдайларынан ауыстырылған сотталған адамдар жазасын өтейді.
      2. Жаза мерзімінің кемінде алты айын өткерген, бірінші дәрежедегі дұрыс жүріс-тұрысты және еңбекке адал қараған сотталған адамдар жазаны өтеудің дағдылы жағдайларынан жеңілдетілген жағдайларына ауыстырылады.
      3. Үшінші дәрежедегі дұрыс жүріс-тұрысты, кемінде үш айын жеңілдетілген жағдайларда өтеген сотталған адамдар мерзімін өтеу бойынша босатылуына бір жыл қалғанда жеңілдікті жағдайларға ауыстырылады.
      4. Дағдылы, жеңілдетілген және жеңілдікті жағдайларда жазасын өтеп жүрген, жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушылар деп танылған сотталған адамдар қатаң жағдайларға ауыстырылады.
      Жеңілдетілген немесе жеңілдікті жағдайларда жазасын өтеп жүрген, жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзушы сотталған адамдар дағдылы жағдайларға ауыстырылады.
      5. Жазаны өтеудің қатаң жағдайларынан дағдылы жағдайларға ауыстыру жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзғаны үшін жазалауы болмаған кемінде алты айдан соң жүргізіледі.
      6. Жазаны өтеудің қатаң жағдайларынан дағдылы жағдайларына немесе дағдылы жағдайларынан жеңілдетілген және жеңілдікті жағдайларына қайта ауыстыру осы баптың екінші, үшінші және бесінші бөліктерінде айқындалған тәртіппен жүргізіледі.
      7. Басқа қауіпсіздік жағдайы орташа мекемеден ауыстырылған сотталған адамдар жазасын өздеріне ауыстырылғанға дейін белгіленген жағдайларда өтейді.

      129-бап. Қауіпсіздік жағдайы орташа мекемелерде жазаны өтеу
               жағдайлары
      1. Жазасын дағдылы жағдайларда өтеп жүрген сотталған адамдар жатақханаларда немесе камераларда тұрады.
      Оларға:
      1) тамақ өнімдері мен бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып алуға мекеменің бақылау шоттарында уақытша орналастырылған қолма-қол ақша қаражатынан ай сайын алты айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға;
      2) жыл ішінде алты қысқа мерзімді кездесуге рұқсат етіледі.
      2. Жазасын жеңілдетілген жағдайларда өтеп жүрген сотталған адамдар жатақханаларда немесе камераларда тұрады.
      Оларға:
      1) тамақ өнімдері мен бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып алуға мекеменің бақылау шоттарында уақытша орналастырылған қолма-қол ақша қаражатынан ай сайын он екі айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға;
      2) жыл ішінде алты қысқа мерзімді және алты ұзақ уақыт кездесуге рұқсат етіледі.
      3. Жазасын жеңілдікті жағдайларда өтеп жүрген сотталған адамдарға бостандықтағы өмірге ойдағыдай бейімделу мақсатында, мекеме бастығының қаулысымен олар шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау үшін жұмысқа орналастырылған жағдайда күзетілетін периметрден тыс жерде, бірақ мекеме аумағының шекарасы шегінде тұруға және еркін жүріп-тұруға рұқсат етіледі. Бұл ретте, олар тәулік бойы бақылауда және қадағалауда болады.
      Оларға:
      1) жыл ішінде алты ұзақ мерзімді кездесулер;
      2) саны шектелмеген қысқа мерзімді кездесулер рұқсат етіледі.
      4. Жазасын қатаң жағдайларда өтеп жүрген сотталған адамдар
камераларда тұрады. Оларға:
      1) тамақ өнімдері мен бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып алуға мекеменің бақылау шоттарында уақытша орналастырылған қолма-қол ақша қаражатынан ай сайын екі айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға;
      2) жыл ішінде үш қысқа мерзімді кездесуге;
      3) күн сайын ұзақтығы бір жарым сағаттық серуендеуді пайдалануға рұқсат етіледі.

      130-бап. Толық қауіпсіздік жағдайындағы мекемелер
      1. Толық қауіпсіздік жағдайындағы мекемеде дағдылы жағдайларда осы мекемеге жаңадан келген сотталған адамдар, сондай-ақ жазаны өтеудің қатаң және жеңілдетілген жағдайларынан ауыстырылған сотталған адамдар жазасын өтейді.
      2. Еңбекке адал қарағаны үшін, дағдылы жағдайларда жаза мерзімінің кемінде тоғыз айын өткергеннен кейін бірінші дәрежедегі дұрыс жүріс-тұрысты сотталған адамдар жеңілдетілген жағдайларға ауыстырылады.
      3. Кемінде үш айын жеңілдетілген жағдайларда өтеген үшінші дәрежедегі дұрыс жүріс-тұрысты сотталған адамдар жазасын өтеу бойынша босатылуына тоғыз ай қалғанда жеңілдікті жағдайларға ауыстырылады.
      4. Дағдылы, жеңілдетілген және жеңілдікті жағдайларда жазасын өтеп жүрген, жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушылар деп танылған сотталған адамдар қатаң жағдайларға ауыстырылады.
      Жеңілдетілген және жеңілдікті жағдайларда жазасын өтеп жүрген, жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзушы сотталған адамдар дағдылы жағдайларға ауыстырылады.
      5. Жазаны өтеудің қатаң жағдайларынан дағдылы жағдайларына ауыстыру жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзғаны үшін жазалауы болмаған кемінде тоғыз айдан соң жүргізіледі.
      6. Жазаны өтеудің қатаң жағдайларынан дағдылы жағдайларына немесе дағдылы жағдайларынан жеңілдетілген және жеңілдікті жағдайларына қайта ауыстыру осы баптың екінші, үшінші және бесінші бөліктерінде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
      7. Басқа толық қауіпсіздік жағдайындағы мекемеден ауыстырылған сотталған адамдар жазасын өздеріне ауыстырылғанға дейін белгіленген жағдайларда өтейді.

      131-бап. Толық қауіпсіздік жағдайындағы мекемелерде жазаны
               өтеудің жағдайлары
      1. Жазасын дағдылы жағдайларда өтеп жүрген сотталған адамдар жатақханаларда немесе камераларда тұрады. Оларға:
      1) тамақ өнімдері мен бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып алуға мекеменің бақылау шоттарында уақытша орналастырылған қолма-қол ақша қаражатынан ай сайын бес айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға;
      2) жыл ішінде төрт қысқа мерзімді кездесуге рұқсат етіледі.
      2. Жазасын жеңілдетілген жағдайларда өтеп жүрген сотталған адамдар жатақханаларда немесе камераларда тұрады. Оларға:
      1) тамақ өнімдері мен бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып алуға мекеменің бақылау шоттарында уақытша орналастырылған қолма-қол ақша қаражатынан ай сайын он айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға;
      2) жыл ішінде төрт қысқа мерзімді және төрт ұзақ уақыт кездесуге рұқсат етіледі.
      3. Жазасын жеңілдікті жағдайларда өтеп жүрген сотталған адамдарға бостандықтағы өмірге ойдағыдай бейімделу мақсатында, мекеме бастығының қаулысымен олар шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау үшін жұмысқа орналастырылған жағдайда күзетілетін периметрден тыс жерде, бірақ мекеме аумағының шекарасы шегінде тұруға және еркін жүріп-тұруға рұқсат етіледі. Бұл ретте, олар тәулік бойы бақылауда және қадағалауда болады.
      Оларға:
      1) жыл ішінде төрт ұзақ мерзімді кездесулер;
      2) саны шектелмеген қысқа мерзімді кездесулер рұқсат етіледі.
      4. Жазасын қатаң жағдайларда өтеп жүрген сотталған адамдар
камераларда тұрады.
      Оларға:
      1) тамақ өнімдері мен бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып алуға мекеменің бақылау шоттарында уақытша орналастырылған қолма-қол ақша қаражатынан ай сайын екі айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға;
      2) жыл ішінде екі қысқа мерзімді кездесуге;
      3) күн сайын ұзақтығы бір жарым сағаттық серуендеуді пайдалануға рұқсат етіледі.

      132-бап. Қауіпсіздік жағдайы ең жоғары мекемелер
      1. Қауіпсіздік жағдайы ең жоғары мекемелерде дағдылы жағдайларда осы мекемеге жаңадан келген сотталған адамдар, сондай-ақ қатаң және жеңілдетілген жағдайлардан ауыстырылған сотталған адамдар жазасын өтейді.
      2. Еңбекке адал қарағаны үшін, дағдылы жағдайларда жаза мерзімінің кемінде бір жылын өткергеннен кейін бірінші дәрежедегі дұрыс жүріс-тұрысты сотталған адамдар жеңілдетілген жағдайларға ауыстырылады.
      3. Жеңілдетілген жағдайларда кемінде алты айын өтеген үшінші дәрежедегі дұрыс жүріс-тұрысты сотталған адамдар мерзімін өтеу бойынша босатылуына алты ай қалғанда жеңілдікті жағдайларға ауыстырылады.
      4. Жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушылар деп танылған дағдылы, жеңілдетілген және жеңілдікті жағдайларда жазаларын өтеп жүрген сотталған адамдар қатаң жағдайларға ауыстырылады.
      Жеңілдетілген жағдайларда жазасын өтеп жүрген, жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзушы сотталған адамдар дағдылы жағдайларға ауыстырылады.
      5. Жазаны өтеудің қатаң жағдайларынан дағдылы жағдайларына ауыстыру жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзғаны үшін жазалауы болмаған кезде кемінде бір жылдан соң жүргізіледі.
      6. Жазаны өтеудің қатаң жағдайларынан дағдылы жағдайларына немесе дағдылы жағдайларынан жеңілдетілген жағдайларына немесе жеңілдетілген жағдайларынан жеңілдікті жағдайларына қайта ауыстыру осы баптың екінші, үшінші және бесінші бөліктерінде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
      7. Басқа қауіпсіздік жағдайы ең жоғары мекемеден ауыстырылған сотталған адамдар жазасын өздеріне ауыстырылғанға дейін белгіленген жағдайларда өтейді.

      133-бап. Қауіпсіздік жағдайы ең жоғары мекемелерде жазаны өтеу
               жағдайлары
      1. Жазасын дағдылы жағдайларда өтеп жүрген сотталған адамдар жатақханаларда немесе камераларда тұрады. Оларға:
      1) тамақ өнімдері мен бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып алуға мекеменің бақылау шоттарында уақытша орналастырылған қолма-қол ақша қаражатынан ай сайын екі айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға;
      2) жыл ішінде үш қысқа мерзімді кездесуге рұқсат етіледі.
      2. Жазасын жеңілдетілген жағдайларда өтеп жүрген сотталған адамдар жатақханаларда немесе камераларда тұрады.
      Оларға:
      1) тамақ өнімдері мен бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып алуға мекеменің бақылау шоттарында уақытша орналастырылған қолма-қол ақша қаражатынан ай сайын жеті айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға;
      2) жыл ішінде үш қысқа мерзімді және үш ұзақ уақыт кездесуге рұқсат етіледі.
      3. Жазасын жеңілдікті жағдайларда өтеп жүрген сотталған адамдарға бостандықтағы өмірге ойдағыдай бейімделу мақсатында, мекеме бастығының қаулысы бойынша күзетілетін периметрден тыс жерде, бірақ мекеме аумағының шекарасы шегінде тұруға және еркін жүріп-тұруға рұқсат етіледі. Бұл ретте, олар тәулік бойы бақылауда және қадағалауда болады.
      Оларға:
      1) бір жыл ішінде үш ұзақ мерзімді кездесуге;
      2) саны шектелмеген қысқа мерзімді кездесуге рұқсат етіледі.
      4. Жазасын қатаң жағдайларда өтеп жүрген сотталған адамдар
камераларда тұрады.
      Оларға:
      1) тамақ өнімдері мен бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып алуға мекеменің бақылау шоттарында уақытша орналастырылған қолма-қол ақша қаражатынан ай сайын екі айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға;
      2) жыл ішінде екі қысқа мерзімді кездесуге;
      3) күн сайын ұзақтығы бір жарым сағаттық серуендеуді пайдалануға рұқсат етіледі.

      134-бап. Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген
               сотталған адамдарға арналған қауіпсіздік жағдайы ең
               жоғары мекемелер
      Қауіпсіздік жағдайы ең жоғары мекемелерде өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар, сондай-ақ өлім жазасы кешірім жасау тәртібімен өмір бойы бас бостандығынан айыруға ауыстырылған сотталған адамдар жазасын басқа сотталған адамдардан бөлек өтейді.

      135-бап. Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген
               сотталған адамдарға арналған қауіпсіздік жағдайы ең
               жоғары мекемелерде бас бостандығынан айыруды өтеу
               жағдайлары
      1. Өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жалғыз
адамдық камераларда ұсталады.
      Көрсетілген сотталған адамдармен тәрбие жұмысы камераларда ұстау талаптарын ескере отырып ұйымдастырылады.
      2. Сотталған адамдардың күн сайын ұзақтығы:
      1) жазаны өтеудің қатаң жағдайларында бір сағаттық;
      2) жазаны өтеудің дағдылы жағдайларында бір жарым сағаттық;
      3) жазаны өтеудің жеңілдетілген жағдайларында екі сағаттық серуендеуге құқығы бар.
      3. Қауіпсіздік жағдайы ең жоғары мекемелерге келген кезде барлық сотталғандар жазаны өтеудің дағдылы жағдайларына орналастырылады.
      Жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзғаны үшін жазалары болмаған жағдайда, жазаны өтеудің дағдылы жағдайларынан жазаны өтеудің жеңілдетілген жағдайларына ауыстыру он жылдан кейін жүргізіледі.
      4. Жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушылар деп танылған және жазасын дағдылы және жеңілдетілген жағдайларда өтеп жүрген сотталған адамдар жазаны өтеудің қатаң жағдайларына ауыстырылады.
      5. Жазаны өтеудің дағдылы не жеңілдетілген жағдайларына қайта ауыстыру осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген тәртіппен жүргізіледі.
      6. Сотталған адамдардың қатаң, дағдылы және жеңілдетілген жағдайларда тамақ өнімдері мен бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып алуға қаражат жұмсауына, кездесулердің саны мен түріне қатысты бөлігіндегі жазаны өтеу тәртібі осы Кодекстің 133-бабында айқындалады.

      136-бап. Қауіпсіздік жағдайы ең төмен мекемелер
      1. Қауіпсіздік жағдайы ең төмен мекемелер:
      1) абайсызда жасалған қылмыстары үшін сотталған адамдар және қасақана қылмыс жасағаны үшін бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған адамдарды ұстауға;
      2) осы Кодекстің 86-бабында көзделген тәртіппен қауіпсіздік жағдайы орташа және толық қауіпсіздік жағдайдағы мекемелерден ауыстырылған, оң мінездемесі бар сотталған адамдарды ұстауға арналған мекемелерге бөлінеді.
      2. Қауіпсіздік жағдайы ең төмен мекемелерде бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар қатаң, дағдылы және жеңілдетілген жағдайларда жазасын өтейді.
      3. Қауіпсіздік жағдайы ең төмен мекемелерде дағдылы жағдайларда осы мекемеге жаңадан келген сотталған адамдар, сондай-ақ қатаң және жеңілдетілген жағдайлардан ауыстырылған сотталған адамдар жазасын өтейді.
      4. Еңбекке адал қарағаны үшін, дағдылы жағдайларда жаза мерзімінің кемінде үш айын өткергеннен кейін бірінші оңды дәрежедегі жүріс-тұрысты сотталған адамдар жеңілдетілген жағдайларға ауыстырылады.
      5. Дағдылы немесе жеңілдетілген жағдайларда жазасын өтеп жүрген, жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушылар деп танылған сотталған адамдар қатаң жағдайларға ауыстырылады.
      Жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзғаны үшін қолданыстағы екіден көп жазалары бар жеңілдетілген жағдайларда жазасын өтеп жүрген сотталған адамдар дағдылы жағдайларға ауыстырылады.
      6. Қатаң жағдайлардан дағдылы жағдайларға ауыстыру жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзғаны үшін жазалауы болмаған кезде алты айдан кейін жүргізіледі.
      7. Жазаны өтеудің қатаң жағдайларынан дағдылы жағдайларына немесе дағдылы жағдайларынан жеңілдетілген жағдайларына қайта ауыстыру осы бапта белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
      8. Басқа қауіпсіздік жағдайы ең төмен мекемеден ауыстырылған сотталған адамдар жазасын өздеріне ауыстырылғанға дейін белгіленген жағдайларда өтейді.
      9. Бір қауіпсіздік жағдайы ең төмен мекемеде сотталған ерлер мен сотталған әйелдер ұсталуы мүмкін. Бірге қатысып қылмыс жасаған сотталған адамдар бас бостандығын бөлек өтейді.

      137-бап. Қауіпсіздік жағдайы ең төмен мекемелерде жазаны өтеу
               жағдайлары
      1. Қауіпсіздік жағдайы ең төмен мекемелерде жазасын өтеп жүрген сотталған адамдар күзетсіз, бірақ мекеме әкімшілігінің бақылауымен және қадағалауымен ұсталады.
      2. Сотталған адамдарда өздерінің жеке басын куәландыратын, мекеме әкімшілігі берген фотосуреті бар анықтама болады. Сотталған адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттар өздерінің жеке істерінде сақталады.
      3. Сотталған адамдарға тізбесі мекемелердің Ішкі тәртіп қағидаларында белгіленген заттар мен бұйымдарды мекеме аумағына әкелуге, пайдалануға және сақтауға рұқсат етіледі.
      4. Қауіпсіздік жағдайы ең төмен мекемелерде дағдылы жағдайларда жазасын өтеп жүрген сотталған адамдар жатақханаларда немесе камераларда тұрады.
      Оларға:
      1) мекеменің ішкі тәртіп қағидаларында ұйқыға бөлінген уақыттан басқа кезде мекеме аумағының шегінде еркін жүріп-тұруға;
      2) мекеме әкімшілігінің рұқсатымен, егер олардың орындайтын жұмысының сипаты бойынша не оқуына байланысты немесе бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып алу, моншаға немесе шаштаразға бару үшін қажет болса, мекемеге іргелес аумақтың шекарасы шегінде айына төрт рет сағат 18-00-ге дейін қадағалаусыз жүріп-тұруға;
      3) азаматтық киім киіп жүруге;
      4) өзінде ақша мен бағалы заттар ұстауға;
      5) ақшаны шектеусіз пайдалануға;
      6) ай сайын бір қысқа мерзімді және бір ұзақ уақыт кездесуге рұқсат етіледі.
      5. Қауіпсіздік жағдайы ең төмен мекемелерде жеңілдетілген жағдайларда жазасын өтеп жүрген сотталған адамдар жатақханаларда немесе камераларда тұрады. Оларға осы баптың төртінші бөлігінде тізбеленгеннен басқа:
      1) апта сайын бір қысқа мерзімді және бір ұзақ уақыт кездесу алуға;
      2) мекеме орналасқан елді мекеннің шегінде жалға алынған немесе өзінің тұрғын алаңында отбасыларымен тұруға рұқсат етіледі. Бұл ретте, тіркелу кезеңділігі мекеме бастығының қаулысымен белгіленген мекемеге айына төрт рет тіркелу үшін келуге және сағат 21-00-ден 07-00-ге дейін тұрғылықты жерінде болуға міндетті. Сотталған адамдар тұратын тұрғын үй-жайларға мекеме әкімшілігінің өкілі кез келген уақытта келе алады.
      6. Ұстаудың қатаң жағдайларында жазасын өтеп жүрген сотталған адамдар жатақханаларда немесе камераларда тұрады.
      Оларға:
      1) мекеменің ішкі тәртіп қағидаларында ұйқыға бөлінген уақыттан басқа кезде мекеме аумағының шегінде мекеме әкімшілігінің рұқсатымен жүріп-тұруға;
      2) азаматтық киім киіп жүруге;
      3) ақшаны шектеусіз пайдалануға;
      4) мекеме әкімшілігінің рұқсатымен, егер бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып алу үшін мекемеге іргелес аумақтың шекарасы шегінде айына бір рет сағат 18:00-ге дейін қадағалаусыз жүріп-тұруға;
      5) тоқсан сайын бір қысқа мерзімді және алты айда бір рет ұзақ уақыт кездесуге рұқсат етіледі.
      7. Еңбек келісімшартын жасасу мен тоқтатуды және басқа жұмысқа ауыстыруды қоспағанда, сотталған адамдардың еңбегі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі. Сотталған адаммен еңбек келісімшартын жасасуды, тоқтатуды және оны басқа жұмысқа ауыстыруды жұмыс беруші мекеме әкімшілігін хабардар ету арқылы жүзеге асырады.
      8. Мекеме әкімшілігі сотталған адамдарды Мекеменің кәсіпорнына жұмысқа орналастырады. Ондай мүмкіндік болмаған жағдайда, сотталған адамды әкімшілік мекемеден тыс жерде, алайда ол орналасқан тиісті облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) шегінде орналасқан ұйымдарға немесе қылмыстық-атқару жүйесінің басқа да мемлекеттік мекемелеріне, мекеме әкімшілігі мен жұмыс беруші арасындағы келісімшарттардың негізінде және оларды тиісті бақылау мен қадағалауды қамтамасыз еткен жағдайда тұру құқығымен жұмысқа орналастырады;
      Ұйымдарда немесе қылмыстық-атқару жүйесінің басқа да мемлекеттік мекемелерінде тұру құқығы жүріс-тұрыстың теріс дәрежесі бар сотталған адамдарға берілмейді.
      9. Мекеме әкімшілігі мынадай жағдайларда:
      1) жоғары тұрған қылмыстық-атқару жүйесі органдарының жазбаша
нұсқауы бойынша;
      2) оны босату кезінде;
      3) төтенше немесе әскери жағдай енгізілген кезде;
      4) сотталған адам жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзған жағдайда;
      5) жұмыс беруші шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда;
      6) мекемеде ерекше жағдайлар режимі енгізілген кезде сотталған адамды жұмыс объектісінен шақыртып алуға міндетті.
      10. Сотталған адамдарға мекеме орналасқан тиісті облыс (республикалық маңызы бар қала, асхана) аумағының шегінде орналасқан жоғары және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында сырттай оқуға рұқсат етіледі.

      138-бап. Қауіпсіздік жағдайы төтенше мекемелер
      1. Қауіпсіздік жағдайы төтенше мекемелерде жаза мерзімінің бөлігін қауіпсіздік жағдайы төтенше мекемеде өтеумен бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар, сондай-ақ қауіпсіздік жағдайы орташа, толық қауіпсіздік жағдайдағы және қауіпсіздік жағдайы ең жоғары мекемелерде белгіленген жазаны өтеу тәртібін бұзғаны үшін үш жылға дейінгі мерзімге қауіпсіздік жағдайы төтенше мекемесіне ауыстырылған сотталған адамдар, сондай-ақ өлім жазасын орындауға мораторий енгізілгенге дейін немесе мораторийдің қолданылу уақытында өздеріне қатысты өлім жазасы туралы үкім күшіне енген адамдар ұсталады. Қауіпсіздік жағдайы төтенше мекемеде осы Кодекстің 82-бабында көрсетілген негіздер бойынша орналастырылған сотталған адамдар да ұсталуы мүмкін.
      2. Қауіпсіздік жағдайы төтенше мекемелерде қатаң, дағдылы және жеңілдетілген жағдайлар белгіленеді.
      3. Дағдылы жағдайларда осы мекемеге жаңадан келген сотталған адамдар және қатаң және жеңілдетілген жағдайлардан ауыстырылған сотталған адамдар жазасын өтейді.
      4. Сотталған жүкті әйелдер мен жанында жас балалары бар сотталған әйелдерді, сондай-ақ мүгедек болып табылатын сотталған адамдарды қатаң жағдайларда ұстауға болмайды.
      5. Жаза мерзімінің кемінде бір жылын өткергеннен кейін сотталған адамдар жазаны өтеудің дағдылы жағдайынан жеңілдетілген жағдайларына ауыстырылады.
      6. Дағдылы және жеңілдетілген жағдайларда жазасын өтеп жүрген, жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушылар деп танылған сотталған адамдар қатаң жағдайларға ауыстырылады. Дағдылы және жеңілдетілген жағдайларға қайта ауыстыру осы баптың бесінші бөлігінде көзделген тәртіппен жүргізіледі.

      139-бап. Қауіпсіздік жағдайы төтенше мекемелерде жазаны өтеу
               жағдайлары
      1. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар қауіпсіздік жағдайы төтенше мекемелерде камераларда ұсталады.
      Сотталған адамның жазбаша өтінішімен, сондай-ақ сотталған адамның жеке қауіпсіздігіне қауіп төнген не басқа сотталған адамдардың немесе мекеме қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін сотталған адамның қауіпсіздігі қажеттілігі болған жағдайларында мекеме бастығының дәлелді қаулысы бойынша және прокурордың келісімімен сотталған адамдар жалғыз адамдық камераларда ұсталады.
      Қауіп төндіретін сотталған адамдарды, сондай-ақ өздеріне қатысты жеке қауіпсіздігіне қауіп төнген сотталған адамдарды ұстау үшін сыйымдылығы кең камералар пайдаланылуы мүмкін.
      Сотталған адамдардың өтініші бойынша жалғыз адамдық камераларға ауыстыру бос жалғыз адамдық камералар болған жағдайда жүргізіледі.
      2. Сотталған адамдарды камералар бойынша орналастыру осы Кодекстің 89-бабында көзделген талаптарды сақтай отырып жүргізіледі. Өлім жазасын орындауға мораторий енгізілгенге дейін немесе мораторийдің қолданылу уақытында өздеріне қатысты өлім жазасы туралы үкім күшіне енген адамдар басқа сотталған адамдардан оқшауланып жалғыз адамның камераларда жазасын өтейді. Бұдан басқа, қатаң, дағдылы және жеңілдетілген жағдайлардағы сотталған адамдар бөлек ұсталады. Шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау үшін қауіпсіздік жағдайы төтенше мекемелерге жіберілген сотталған адамдар да басқа сотталған адамдардан оқшауланып ұсталады.
      3. Қауіпсіздік жағдайы төтенше мекемелерде ұсталатын сотталған адамдардың серуендеуі камера бойынша күндізгі уақытта аумақтың арнайы жабдықталған бөлігінде ашық ауада жүргізіледі. Сотталған адам ішкі тәртіптің белгіленген қағидаларын бұзған жағдайда, серуендеу мерзімінен бұрын тоқтатылады.
      4. Жазасын қатаң жағдайларда өтеп жүрген сотталған адамдарға:
      1) тамақ өнімдері мен бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып алуға мекеменің бақылау шоттарында уақытша орналастырылған қолма-қол ақша қаражатынан ай сайын екі айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға;
      2) жыл ішінде екі қысқа мерзімді кездесуге;
      3) күн сайын ұзақтығы бір сағаттық серуендеуді пайдалануға рұқсат етіледі.
      5. Жазасын дағдылы жағдайларда өтеп жүрген сотталған адамдарға:
      1) тамақ өнімдері мен бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып алуға мекеменің бақылау шоттарында уақытша орналастырылған қолма-қол ақша қаражатынан ай сайын бес айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға;
      2) жыл ішінде үш қысқа мерзімді кездесуге;
      3) күн сайын ұзақтығы бір жарым сағаттық серуендеуді пайдалануға рұқсат етіледі.
      6. Жазасын жеңілдетілген жағдайларда өтеп жүрген сотталған адамдарға:
      1) тамақ өнімдері мен бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып алуға мекеменің бақылау шоттарында уақытша орналастырылған қолма-қол ақша қаражатынан ай сайын жеті айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға;
      2) жыл ішінде үш қысқа мерзімді және үш ұзақ уақыт кездесуге;
      3) күн сайын ұзақтығы екі сағаттық серуендеуді пайдалануға рұқсат етіледі.

17-тарау. Камералық ұстау жағдайында бас бостандығынан
айыру түріндегі жазаны өтеу ерекшеліктері

      140-бап. Сотталған адамдарды камералық жағдайда ұстау мекемесі
      1. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды мекемеге қабылдауды Мекеменің ішкі күн тәртібі қағидаларында белгіленген тәртіппен әкімшілік жүргізеді.
      2. Мекемеге келген сотталған адамдар он бес тәулікке дейінгі мерзімге карантин бөлімшесіне орналастырылады. Карантин бөлімшесінде болған кезеңінде сотталған адамның жеке басы зерделенеді, оның психологиялық сипаты жасалады, сондай-ақ онымен одан әрі жұмыс жасау әдістері жасалып, оны басқа сотталған адамдармен ұстау үйлесімділігі айқындалады.
      3. Камералар жеке жататын орындарымен, киімге, іш киімге және ыдысқа арналған шкафтармен, санитариялық желімен және қолжуғышпен жабдықталады.
      4. Сотталған адамдар осы баптың бесінші және алтыншы бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, камераларда бекітіліп жабылады.
      5. Камераларда ұсталатын сотталған адамдарға ұзақтығы:
      1) қатаң ұстау жағдайларында - бір жарым сағаттық;
      2) дағдылы ұстау жағдайларында - төрт сағатқа дейінгі серуендеулер беріледі.
      6. Жеңілдетілген және жеңілдікті ұстау жағдайындағы сотталған адамдар сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін камерадан тыс жерде бола алады.
      7. Осы баптың бесінші және алтыншы бөліктерінде, сондай-ақ Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдардың жүріс- тұрысын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру бойынша қызметті ұйымдастыру және тексеріп қарауды жүргізу қағидаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, камераның есігін ашуға тыйым салынады.
      8. Сотталған адамдардың тамақ ішуі камера бойынша, сондай-ақ асханада жүзеге асырылады. Өндірістік аймаққа жұмысқа шығарылатын сотталған адамдар өндірістік объектілердің асханаларында тамақ ішеді.
      9. Камера бойынша ұстау мекемелерінде ұсталатын сотталған адамдарды қадағалау Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдардың жүріс-тұрысын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру бойынша қызметті ұйымдастыру және тексеріп қарауды жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      141-бап. Камералық ұстаудың негізгі жағдайлары
      1. Сотталған адамдар осы Кодекстің 107-бабының бірінші тармағында белгіленген тұрғын алаңы нормаларына сәйкес камераларға орналастырылады. Әрбір секция душ кабиналарымен жабдықталады.
      2. Камераларда ұсталатын сотталған адамдардың телехабарлар көруі және радиохабарлар тыңдауы күн тәртібінде ұйықтау үшін бөлінген уақытты қоспағанда, жұмыстан бос сағаттарда жүргізіледі.
      3. Сотталған адамдарды тексеру камера бойынша, тексеру карточкалары бойынша корпустарда жүргізіледі.
      4. Сотталған адамдарға темекі тартуға осы мақсатқа арнайы бөлінген орындарда ғана рұқсат беріледі.
      5. Сотталған адамдарға тиесілі темекі өнімдері мен сіріңке, оттықтар сақтау камерасындағы арнайы жабдықталған шкафтарда (жәшіктерде) сақталады.
      6. Сотталған адамдардың дәрігердің қабылдануына (медициналық тексеруге) алдын ала жазылуы сотталған адамдардың өтініші бойынша бақылаушылар қызметі кезекшілікті қабылдау-тапсыру және сотталған адамдарды тексеру кезінде жүзеге асырылады. Сотталған адам ауруханаға жатқызылған кезде медициналық санитариялық бөлімнің стационарына ауыстырылады.

      142-бап. Камералық ұстау мекемелерінде сотталған адамдармен
               тәрбие жұмысы
      1. Камералық ұстау мекемелерінде сотталған адамдармен тәрбие жұмысы осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Жеке тәрбие жұмысы сотталған адамдар ұсталатын камераларда жүргізіледі.
      3. Тәрбие жұмысын топтық және жаппай нысандарда жүргізген кезде камераларда ұсталатын сотталған адамдар соған арналған үй-жайларда кіші және үлкен топтарға біріктіріледі.
      4. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алуын ұйымдастыру осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

      143-бап. Камералық ұстау жағдайларындағы сотталған адамдардың
               еңбегі
      1. Сотталған адамдардың еңбегі арнайы жабдықталған жұмыс камераларында ұйымдастырылады.
      2. Сотталған адамдарды жұмысқа шығару және қайтып алып келу мекемелердің Ішкі күн тәртібі қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Сотталған адамдар, олардың заттары мен киімі, сондай-ақ жұмыс камерасы тінтуге және тексеріп қарауға жатады.
      4. Жұмыс камералары болмаған кезде еңбек өндірістік аймақтық оқшауланған жергілікті учаскелерінің аумағында ұйымдастырылады.

18-тарау. Кәмелетке толмаған сотталған адамдардың
бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны
өтеу ерекшеліктері

      144-бап. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздік
               жағдайы орташа мекемелерде жазаны өтеу тәртібі
      1. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздік жағдайы орташа мекемелерде жазаны өтеудің қатаң, дағдылы, жеңілдетілген және жеңілдікті жағдайлары белгіленеді.
      2. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздік жағдайы орташа мекемелерде дағдылы жағдайларда жаңадан келген сотталған адамдар, сондай-ақ жазаны өтеудің қатаң, жеңілдетілген немесе жеңілдікті жағдайларынан ауыстырылған сотталған адамдар жазасын өтейді.
      3. Еңбек пен оқуға адал қарағаны үшін бірінші дәрежедегі дұрыс жүріс-тұрысы бар сотталған адамдар кемінде алты айын өткергеннен кейін дағдылы жағдайлардан жеңілдетілген жағдайларға ауыстырылады.
      4. Жазасын жеңілдетілген жағдайларда өтеп жүрген, жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушылар деп танылған сотталған адамдар дағдылы жағдайларға ауыстырылады. Жеңілдетілген жағдайларға қайта ауыстыру осы баптың үшінші бөлігінде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
      5. Жазасын жеңілдікті жағдайларда өтеп жүрген, жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзушы болып табылатын сотталған адамдар жеңілдетілген жағдайларға ауыстырылады. Жеңілдікті жағдайларға қайта ауыстыру жеңілдетілген жағдайларға оралғаннан кейін алты ай өткен соң жүргізіледі.
      6. Жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушылар деп танылған сотталған адамдар дағдылы және жеңілдетілген жағдайлардан үш айдан алты айға дейінгі мерзімге қатаң жағдайларға ауыстырылады.
      7. Жасақ тәрбиешілері кеңесінің ұсынымы бойынша жүргізілетін дағдылы жағдайдан жеңілдетілген жағдайға ауыстыруды қоспағанда, сотталған адамдарды жазаны өтеудің бір жағдайынан екіншісіне ауыстыруды оқу-тәрбие кеңесінің ұсынымы бойынша мекеме бастығы жүргізеді.

      145-бап. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздік
               жағдайы орташа мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары
      1. Жазасын дағдылы жағдайларда өтеп жүрген сотталған адамдар жатақханаларда немесе камераларда тұрады.
      Оларға:
      1) тамақ өнімдері мен бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып алуға мекеменің бақылау шоттарында уақытша орналастырылған қолма-қол ақша қаражатынан ай сайын он айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға;
      2) жыл ішінде сегіз қысқа мерзімді және төрт ұзақ уақыт кездесуге рұқсат етіледі.
      2. Жазасын жеңілдетілген жағдайларда өтеп жүрген сотталған адамдар жатақханаларда немесе камераларда тұрады.
      Оларға:
      1) тамақ өнімдері мен бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып алуға мекеменің бақылау шоттарында уақытша орналастырылған қолма-қол ақша қаражатынан ай сайын он бес айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға;
      2) жыл ішінде жиырма төрт қысқа мерзімді және алты ұзақ уақыт кездесуге рұқсат етіледі. Мекеме әкімшілігінің рұқсатымен ұзақ уақыт кездесулер мекемеден тыс жерде өткізіледі.
      3. Жазасын жеңілдікті жағдайларда өтеп жүрген сотталған адамдар мекемеден тыс жерлерде жақсартылған тұрғын үй-жайларда күзетсіз, бірақ бақылаумен және қадағалаумен тұрады.
      Оларға:
      1) тамақ өнімдері мен бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып алуға мекеменің бақылау шоттарында уақытша орналастырылған қолма-қол ақша қаражатын шектеусіз жұмсауға;
      2) ақша пайдалануға;
      3) шектеусіз қысқа мерзімді және ұзақ уақыт кездесуге;
      4) азаматтық үлгідегі киім мен аяқ киімді пайдалануға рұқсат етіледі.
      4. Жазасын қатаң жағдайларда өтеп жүрген сотталған адамдар оқудан немесе жұмыстан бос уақытта жабылатын камераларда тұрады.
      Оларға:
      1) тамақ өнімдері мен бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып алуға өздерінің бақылау шоттарында уақытша орналастырылған қолма-қол ақша қаражатынан ай сайын сегіз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға;
      2) жыл ішінде алты қысқа мерзімді және екі ұзақ уақыт кездесуге рұқсат етіледі.

      146-бап. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздік
               жағдайы орташа мекемелерде бас бостандығынан айыруға
               сотталған адамдарға қолданылатын көтермелеу шаралары
      Сотталған адамдарға жақсы мінез-құлқы, оқу мен еңбекке адал қарағаны, өздігінен қызмет ету ұйымдарының жұмысына және тәрбие іс-шараларына белсене қатысқаны үшін осы Кодекстің 121-бабында көзделгендермен қатар мынадай:
      1) қызметкерлермен бірге жүріп мекемеден тыс жердегі мәдени-ойын-сауық және спорттық іс-шараларға бару құқығын беру;
      2) ата-аналары немесе басқа жақын туыстарымен бірге жүріп мекемеден тыс жерлерге шығу құқығын беру;
      3) тәртіптік изолятордан мерзімінен бұрын босату көтермелеу шаралары қолданылуы мүмкін.

      147-бап. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздік
               жағдайы орташа мекемелерде бас бостандығынан айыруға
               сотталған адамдарға көтермелеу шараларын қолдану
               ерекшеліктері
      1. Көтермелеу тәртібімен мекемеден тыс жердегі мәдени-ойын-сауық және спорттық іс-шараларға қызметкерлермен бірге жүріп бару немесе мекемеден тыс жерлерге ата-аналары немесе басқа жақын туыстарымен бірге жүріп шығу құқығы берілген сотталған адамдарға өздеріне тиесілі азаматтық үлгідегі киімі беріледі.
      2. Көтермелеу тәртібімен түнгі уақытта өткізілетін мәдени-ойын-сауық, спорттық және өзге де іс-шараларға баруға жол берілмейді.
      3. Мекемеден тыс жерге шығудың ұзақтығын бастық белгілейді, бірақ ол сегіз сағаттан аспауға тиіс.

      148-бап. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздік
               жағдайы орташа мекемелерде бас бостандығынан айыруға
               сотталған адамдарға қолданылатын жазалау шаралары
      Сотталған адамдарға жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзғаны үшін осы Кодекстің 123-бабында көзделгенмен қатар оқуға шығарып, жеті тәулікке дейінгі мерзімге тәртіптік изоляторға қамау ретіндегі жазалау шарасы қолданылады.

      149-бап. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздік
               жағдайы орташа мекемелерде бас бостандығынан айыруға
               сотталған адамдарға жазалау шараларын қолдану тәртібі
      1. Тәртіптік изоляторға қамалған сотталған адамдарға ұзақ мерзімді кездесулерге, телефон арқылы сөйлесуге, тамақ өнімдері мен бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып алуға, үстел ойындарын пайдалануға және темекі шегуге тыйым салынады. Олардың күн сайын ұзақтығы екі сағаттық серуендеуді пайдалануға құқығы бар.
      2. Тәртіптік изоляторға қамалған сотталған адамдарға осы Кодексте көзделген барлық жазалау шаралары қолданылады.
      3. Сотталған адамды тәртіптік изолятордан мерзімінен бұрын көтермелеу шарасы ретінде, сондай-ақ медициналық көрсеткіштер бойынша босатуға осы жазалауды қолданған адам рұқсат береді.

      150-бап. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздік
               жағдайы орташа мекемелердің сотталған адамдарға
               көтермелеу және жазалау шараларын қолданатын лауазымды
               адамдары
      1. Осы Кодексте көзделген көтермелеу және жазалау шараларын толық көлемде қолдану құқығын мекеме бастығы немесе оның міндетін атқарушы адам пайдаланады.
      2. Мекеме бастығы орынбасарларының мынадай:
      1) алғыс жариялау;
      2) тамақ өнімдері мен бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып алуға қосымша ақша жұмсауға рұқсат беру;
      3) мекеме бастығының орынбасары, жасақ бастығы немесе бөлімшелердің тәрбиешілері бұрын қолданған жазалауды мерзімінен бұрын алу көтермелеу шараларын қолдануға құқығы бар.

      151-бап. Кәмелетке толған бас бостандығынан айыруға сотталған
               адамдарды кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған
               қауіпсіздік жағдайы орташа мекемелерде қалдыру
      1. Он сегіз жасқа толған бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар бірақ олар жиырма бір жасқа толғанға дейін мекемеде қалады.
      2. Он сегіз жасқа толған және мекемеде қалдырылған сотталған адамдарға кәмелетке толмаған сотталған адамдарға арналған жазаны өтеу жағдайлары, тамақтандыру және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету нормалары қолданылады.
      3. Он сегіз жасқа толған сотталған адамдарды мекемеде қалдыруды бастықтың ұсынымы бойынша сот жүргізеді.

      152-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды
               кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздік
               жағдайы орташа мекемелерден басқа мекемелерге
               ауыстыру
      Он сегіз жасқа, сондай-ақ жиырма бір жасқа толған теріс мінезделетін сотталған адамдар Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен сот шешімі бойынша жазаларын одан әрі өтеу үшін мекемеден қауіпсіздік жағдайы орташа мекемесіне ауыстырылады.

      153-бап. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру
      1. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды түзеу және оларды өз бетінше өмір сүруге даярлау мақсатында, сотталған адамдардың бойында заңға бағынатын мінез-құлықты, еңбек пен оқуға адал көзқарасын қалыптастыруға, кәсіптік даярлауға, білімі мен мәдени деңгейін көтеруге бағытталған бірыңғай оқу-тәрбие процесі ұйымдастырылады.
      2. Тәрбие жұмысы әрбір сотталған адамның жеке басының дара ерекшеліктерін ескере отырып және бостандықта өмірге ойдағыдай бейімделуіне бағытталып жүргізіледі.
      3. Сотталған адамдардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алуы және кәсіптік даярлығы мекемелердің кешкі мектептері мен кәсіпорындары базасында жүзеге асырылады.

      154-бап. Қоғамдық бірлестіктердің кәмелетке толмағандарды
               ұстауға арналған қауіпсіздік жағдайы орташа
               мекемелердің жұмысына қатысуы
      1. Мекеме әкімшілігіне оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда және мекеменің материалдық-техникалық базасын нығайтуда, сотталған адамдарды әлеуметтік қорғау, босатылатындарды еңбекке және тұрмыстық жағынан орналастыру мәселелерін шешуде көмек көрсету үшін, мекеме жанынан кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің және азаматтардың өкілдерінен қамқоршылық кеңесі құрылады.
      2. Сотталған адамдарға тәрбиелік ықпал етудің тиімділігін арттыру және мекеме әкімшілігіне оны жүзеге асыруға көмек көрсету мақсатында жасақтардың жанынан сотталған адамдардың ата-аналары мен басқа да жақын туыстарынан ата-аналар комитеттері құрылады. Ата-аналар комитеттерінің қызметі мекеменің бастығы бекітетін ережемен реттеледі.

4-бөлім. Өлім жазасы түріндегі жазаны орындау 19-тарау. Өлім жазасы түріндегі жазаны орындау тәртібі
мен шарттары

      155-бап. Жалпы ережелер
      1. Өлім жазасына сотталған адамды ұстау шарттары оны күшейтілген күзетуді және жалғыз адамдық камерада оқшаулауды қамтамасыз етуге тиіс.
      2. Сотталған адам кешірім жасау туралы өтініш берген жағдайда үкімнің орындалуы Қазақстан Республикасының Президенті шешім қабылдағанға дейін тоқтатыла тұрады.
      3. Сотталған адам кешірім жасау туралы өтініш беруден бас тартқан жағдайда қауіпсіздік жағдайы аралас мекеме әкімшілігі прокурордың қатысуымен тиісті акт жасайды.
      4. Соттың заңды күшіне енген үкімі, қадағалау тәртібімен сот үкіміне қарсылық білдіру үшін негіздердің жоқтығы туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының қорытындысы, қадағалау тәртібімен істі қарау үшін негіздердің жоқтығы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының қорытындысы, сондай-ақ кешірім жасау туралы өтініштің қабылданбағаны туралы хабарлама немесе сотталған адамның кешірім жасау туралы өтініш беруден бас тартқаны туралы акт өлім жазасы түріндегі жазаны орындау үшін негіз болып табылады.
      5. Өлім жазасы туралы үкім ол күшіне енген кезден бастап бір жыл өткеннен кейін, сондай-ақ өлім жазасын орындауға мораторийдің күші жойылғаннан соң бір жыл өткеннен кейін орындалады.

      156-бап. Өлім жазасына сотталған адамның құқықтық жағдайы
      1. Үкім заңды күшіне енгеннен кейін бір жыл ішінде сотталған адамның белгіленген тәртіппен кешірім жасау туралы өтініш беруге құқығы бар. Қазақстан Республикасы Президенті өлім жазасын орындауға мораторий енгізген жағдайда, сотталған адамның мораторий енгізілгенге дейін не ол қолданылған уақытта өтініш бергеніне немесе бермегеніне қарамастан, мораторийдің күші жойылғаннан кейін де бір жыл ішінде кешірім жасау туралы өтініш беруге құқығы бар.
      2. Ол:
      1) заңда көзделген тәртіппен қажетті азаматтық-құқықтық және неке-отбасылық қатынастарды ресімдеуге;
      2) заң көмегін алуға және олардың құпиялылығын қамтамасыз ететін жағдайларда ұзақтығы мен санына шек қойылмай адвокатпен оңаша кездесуге;
      3) қажетті медициналық көмек алуға;
      4) шектеусіз хат алуға және жіберуге;
      5) зайыбымен, жақын туыстарымен ай сайын бір қысқа мерзімді
кездесуге;
      6) дін қызметшісімен кездесуге;
      7) күн сайын ұзақтығы отыз минуттық серуендеуді пайдалануға;
      8) ай сайын тамақ өнімдері мен бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып алуға қауіпсіздік жағдайы төтенше мекемеде қатаң жағдайларда ұсталатын сотталған адамдар үшін көзделген мөлшерде ақша жұмсауға құқылы.
      3. Өздеріне қатысты сот үкімі заңды күшіне енген, бірақ кешірім жасау туралы мәселесі шешілмеген не кешірім жасау туралы өтініші қанағаттандырылған өлім жазасына сотталған адамдар жазасын одан әрі өтеу үшін мекемеге жіберілгенге дейін осы Кодекстің 135-бабында көзделген жағдайларда ұсталады.
      4. Өздеріне қатысты кешірім жасау туралы өтініші қабылданбаған өлім жазасына сотталған адамдар үкімді орындау үшін тиісті мекемелерге жіберілгенге дейін осы Кодекстің 139-бабының төртінші бөлігінде көзделген жағдайларда ұсталады.

      157-бап. Өлім жазасын орындау тәртібі
      1. Өлім жазасы ату арқылы жария етілмей орындалады. Бірнеше адамға қатысты өлім жазасын орындау әрбір адамға қатысты жеке және басқа адамдардың қатысуынсыз орындалады.
      2. Өлім жазасын орындау кезінде прокурор, өлім жазасы орындалатын мекеменің өкілі және дәрігер болады.
      3. Сотталған адамның өлімін дәрігер куәландырады. Сот үкімінің орындалғаны туралы хаттама жасалады, оған осы баптың екінші бөлігінде аталған адамдар қол қояды.
      4. Жазаны орындаған мекеменің әкімшілігі үкім шығарған сотқа, сондай-ақ сотталған адамның зайыбына немесе жақын туыстарының біріне өлім жазасының орындалғаны туралы хабарлауға міндетті. Мәйіттің жерленген жері туралы туыстарына жерленген кезден екі жыл өткеннен кейін хабарланады.
      5. Әкімшілік азаматтық хал актілерін жазу органына белгіленген үлгідегі хабарламаны жібереді және туыстарына қайтыс болуы туралы куәлікті алуға болатын орны туралы хабарлайды.

5-бөлім. Жазаны өтеуден босату. Жазасын өтеуден
босатылған сотталған адамдарға көмек және
оларға бақылау жасау 20-тарау. Жазаны өтеуден босату

      158-бап. Жазаны өтеуден босатудың негіздері мен тәртібі
      1. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден босату негіздері:
      1) сот үкімі бойынша тағайындалған жаза мерзімін өтеу;
      2) іс бойынша ақтау үкімін шығарумен немесе іс жүргізуді тоқтатумен сот үкімінің күшін жою;
      3) жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату;
      4) жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру;
      5) кешірім жасау немесе рақымшылық жасау;
      6) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның келісуі бойынша қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган бекітетін тізбеде көзделген сотталған адамның сырқаты;
      7) заңда көзделген өзге де негіздер болып табылады.
      2. Босатылуына дейін бір ай бұрын мекеме әкімшілігі белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаны одан әрі орындау үшін сотталған адамның таңдаған тұрғылықты жері бойынша пробация қызметіне сот үкімінің куәландырылған көшірмесін жібереді.
      Пробация қызметі сот үкімінің куәландырылған көшірмесін алғаннан кейін, белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаны одан әрі орындау үшін тиісті мекемеге, сондай-ақ үкім шығарған сотқа хабарлама жібереді.
      3. Мекеменің әкімшілігі белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза түрінің өтелмеген мерзімімен бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден босатылатын адамнан таңдаған тұрғылықты жері бойынша пробация қызметіне өзінің келген күнінен бастап бес күндік мерзімде міндетті түрде келуі туралы қолхат алады.
      4. Сотталған адам таңдаған тұрғылықты жеріне мемлекет есебінен заңнамада белгіленген тәртіппен өзі барады.

      159-бап. Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын босатуға ұсыну тәртібі
      1. Сотталған адам заңда белгіленген жаза мерзімінің бір бөлігін өтеген кезде мекеме әкімшілігі немесе жазаны орындайтын орган сотталған адамға жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы мәселені қарау немесе жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру үшін сотқа өтініш беру құқығының келгені туралы бес күндік мерзімде жазбаша түрде хабарлауға міндетті.
      2. Кешірім жасауға ұсынылатын сотталған адамға қатысты мекеме әкімшілігі немесе жазаны орындайтын орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті өтініш енгізеді.
      3. Сотталған адамның жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру туралы және кешірім жасау туралы өтінішіне мекеме әкімшілігі немесе жазаны орындайтын орган оның жеке басын, жазасын өтеу кезіндегі мінез-құлқын, еңбек пен оқуға көзқарасын сипаттайтын деректерді қоса береді.
      4. Рақымшылық жасауды қолдану тәртібін рақымшылық жасау туралы актіні шығарушы орган белгілейді.
      5. Психикалық ауытқу салдарынан жазаны өтеуден босату туралы ұсынымды сотқа мекеменің немесе жазаны орындайтын органның бастығы енгізеді. Ұсыныммен бірге медициналық комиссияның қорытындысы және сотталған адамның жеке ісі жіберіледі.
      6. Ауыр науқастануына байланысты жазаны өтеуден босату туралы ұсынымды сотқа мекеменің немесе жазаны орындайтын органның бастығы енгізеді. Ұсыныммен бірге сотқа медициналық комиссияның қорытындысы және сотталған адамның жеке ісі жолданады. Ұсынымда сотталған адамның жазасын өтеу кезіндегі мінез-құлқын сипаттайтын деректер болуға тиіс.
      7. Қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына тарту немесе бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталған адамдар I немесе ІІ топтағы мүгедек деп танылған жағдайда жазаны орындайтын орган сотқа оны жазасын өтеуден мерзімінен бұрын босату туралы ұсыным енгізеді.
      8. Қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына тарту немесе бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталған әйелдің жүктілігі анықталған жағдайда жазаны орындайтын орган сотқа жүктілігі мен тууы бойынша демалыс берген күннен бастап оның жазасын өтеуін кейінге қалдыру туралы ұсыным енгізеді.
      9. Мекеме әкімшілігі немесе жазаны орындайтын орган сотталған адам жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы немесе жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру туралы өтініш бергеннен кейін он күннің ішінде осы баптың үшінші бөлігінде аталған материалдарды және сотталған адамның жеке ісін қоса беріп, оны сотқа жіберуге, сондай-ақ осы баптың оныншы бөлігінде көзделген ережелерді сақтай отырып, бас бостандығынан айыру орындарында заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асыратын прокурорды жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.
      10. Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті қарау кезінде сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 74-бабында көзделген жағдайлар орын алған болса, сотталған адамды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға немесе жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыруға немесе одан бас тартуға құқылы.
      Сот бас тартқан жағдайда осы екі негіздің кез келгені бойынша өтініштерді қайта енгізу бас тарту туралы қаулы шығарылған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін орын алуы мүмкін.

      160-бап. Жүкті әйелдерге және жас балалары бар әйелдерге және
               жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелейтін еркектерге
               қатысты жазаны орындауды кейінге қалдыру
      1. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеп жүрген жүкті әйелдерге және жас балалары бар әйелдерге және жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелейтін еркектерге сот тиісінше бес жылға дейінгі, бірақ бала он төрт жасқа толғаннан аспайтын мерзімге жазаның орындалуын кейінге қалдыруы мүмкін.
      2. Жазаның орындалуын кейінге қалдыру жеке тұлғаға қарсы ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін бес жылдан артық мерзімге сотталған адамдарға қолданылмайды.
      3. Мекеме әкімшілігі сотқа сотталған адамға жазаны орындауды кейінге қалдыру туралы ұсыным немесе оның тиісті өтінішін жолдайды. Оған пробация қызметі жасаған сотталған адамның мінездемесі, сотталған адамды және баланы қабылдауға, оларға тұрғын үй беруге және тұруы үшін қажетті жағдайлар жасауға келіскен туыстарының тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеру актісі, жүктілігі туралы медициналық қорытынды не баласының бар екендігі туралы анықтама, сондай-ақ сотталған адамның жеке ісі қоса беріледі.
      4. Мекеме әкімшілігі сотталған адамға қатысты жазаның орындалуын кейінге қалдыру туралы сот қаулысын алған соң оны босатады. Сотталған адамнан өзінің тұрғылықты жері бойынша пробация қызметіне барып жеткен күнінен бастап бес жұмыс күнінің ішінде келуі туралы қолхат алынады.
      5. Сотталған адам тұрғылықты жеріне мемлекет есебінен өзі барады.
      6. Босатылған күнінде сотталған адамның тұрғылықты жері бойынша пробация қызметіне босатылған күні көрсетіліп, жазаның орындалуын кейінге қалдыру туралы сот шешімінің көшірмесі жіберіледі.
      7. Пробация қызметі сотталған адам келген соң үш жұмыс күнінің ішінде оны есепке алуға, босатылған орны бойынша мекемеден оны сипаттайтын материалдарды сұратуға және одан әрі оның жүріс-тұрысын бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
      8. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген сотталған адам босатылған күннен бастап екі апталық мерзімде келмеген жағдайда, пробация қызметі бастапқы іздестіру іс-шараларын өткізіп, белгіленген тәртіппен оған іздестіру жариялау үшін сотқа материалдарды жібереді.

      161-бап. Жазаны орындауды кейінге қалдыру шарттарын сақтамау
               салдары
      1. Қоғамдық тәртіпті бұзуға жол берген, өзіне жазаны орындауды кейінге қалдыру қолданылған сотталған адамға қатысты, егер кейінге қалдыру кезеңінде оған қатысты әкімшілік жазалау не тәртіптік немесе қоғамдық ықпал ету шаралары қолданылған болса, не егер бұл адам баланы тәрбиелеуден немесе оны күтіп-бағудан жалтарса, пробация қызметі жазбаша ескерту жасайды.
      2. Егер сотталған адам баласынан бас тартса, не баланы тәрбиелеуден жалтаруды жалғастырса, не бақылаудан жалтарса, немесе екі рет жазбаша ескертуден кейін қоғамдық тәртіпті бұзуды жалғастырса, пробация қызметі сотталған адамның тұрғылықты жері бойынша сотқа жазаны орындауды кейінге қалдырудың күшін жою және сотталған адамды сот үкімімен тағайындалған жазаны өтеуге жіберу туралы ұсыным енгізеді. Ұсынымға жазаны орындауды кейінге қалдыру туралы сот шешімінің көшірмесі қоса беріледі.
      3. Жазаны орындауды кейінге қалдыру мерзімі аяқталғаннан кейін немесе бала өлген жағдайда не жүктілік үзілген жағдайда, адамның тұрғылықты жері бойынша пробация қызметі оның мінез-құлқын ескере отырып, сотталған адамды жазасының қалған бөлігін өтеуден босату туралы не жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру туралы, не оны қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне жіберу туралы сотқа ұсыным жолдайды.

      162-бап. Жазаны өтеудің тоқтатылуы және босату тәртібі
      1. Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына тарту, бас бостандығын шектеу, қамауға алу, бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу заңға сәйкес жаза мерзіміне енгізілуі мүмкін өзгерістер ескеріле отырып, жаза мерзімінің соңғы күнінде тоқтатылады.
      2. Қамауға алуға және бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жаза мерзімінің соңғы күнінің бірінші жартысында босатылады. Жазаны өтеу мерзімінің соңғы күні жаза мерзімінің басында есептелген күннің алдындағы күн болып есептеледі.
      Егер жаза мерзімі демалыс немесе мереке күні аяқталатын болса, сотталған адам жазаны өтеуден демалыс алдындағы немесе мереке алдындағы күні босатылады. Жаза мерзімі айлармен есептелген жағдайда, ол соңғы айдың тиісті күнінде, ал егер бұл айда тиісті күн болмаса, сол айдың соңғы күнімен аяқталады.
      3. Сотталған адамға босатылған кезде оған тиесілі заттары, құндылықтары, мекеменің қолма-қол ақшаны уақытша бақылау шотында сақтаулы ақшасы мен жеке құжаттары, сондай-ақ жазасын өтегені туралы немесе жазадан босатылғаны туралы құжат беріледі.
      4. Қамауға алу түріндегі жазадан босатылатын адамның немесе әкімшілік қадағалау белгіленбей бас бостандығынан айыру мерзімін өтегеннен кейін босатылатын адамның жеке басып куәландыратын құжаттары, оның еңбек кітапшасы мен зейнеткерлік куәлігі, сондай-ақ, сотталған адамның жеке ісінде сақталатын өзге де жеке құжаттары оған босатылған кезде қолына беріледі. Сотталған адамның жеке ісінде жеке басын куәландыратын құжаттары, еңбек кітапшасы мен зейнеткерлік куәлігі болмаған жағдайда, мекеменің әкімшілігі босатылуына алты ай қалғанда, оларды ресімдеу бойынша шара қолданады.
      Бас бостандығынан айыруды жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру, жазаны өтеуді кейінге қалдыру және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатындардың қосымша жазалануы жағдайында, бас бостандығынан айыру түріндегі жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылатын, сондай-ақ мерзімін өткергеннен кейін өзіне қатысты әкімшілік қадағалау белгіленген босатылған адамның жеке басын куәландыратын құжаттары таңдалған тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарына жіберіледі және ішкі істер органдарының және пробация қызметінің тиісті есебіне алынғаннан кейін беріледі.
      5. Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын босату тиісті құжаттар түскен күні, ал егер құжаттар жұмыс күні аяқталған соң алынса, келесі күні таңертең жүргізіледі.
      6. Пробация қызметі түзеу жұмыстары түріндегі жаза мерзімінің аяқталған күнінде, ал бұл жазадан басқа негіздер бойынша босатылған жағдайда тиісті құжаттарды алған соң келесі жұмыс күнінен кешіктірмей сотталған адам жазасын өтеп жүрген кәсіпорынның, мекеменің немесе ұйымның әкімшілігін оның жалақысынан ұстап қалуларды тоқтату туралы жазбаша хабарлауға міндетті. Сотталған адамға жазасын өтегені туралы құжат беріледі.
      7. Оңалту негіздемелері бойынша қылмыстық істі тоқтатуға, ақтау үкімін шығаруға байланысты үкімнің күшін жою нәтижесінде жазаны өтеуден босатылған адамға мекеменің немесе жазаны орындайтын органның бастығы оның мүліктік, еңбекке, тұрғын үйге және өзге де жойылған құқықтарын қалпына келтіру құқығын түсіндіреді. Босату туралы құжатта сотталған адамнан мемлекет атынан ресми кешірім сұралады.

      163-бап. Жазасын өтеген адамдардың құқықтық жағдайы
      Жазасын өтеген адамдар заңда көзделген шектеулері бар Қазақстан Республикасының азаматтары үшін белгіленген құқықтарды пайдаланады және міндеттерді орындайды.

21-тарау. Жазаны өтеуден босатылатын сотталған адамдарға
көмек және оларға бақылау жасау

      164-бап. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері әкімшілігінің
               босатылатын сотталған адамдарды жұмысқа және тұрмыстық
               орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі міндеттері
      1. Мекеменің әкімшілігі бас бостандығынан айыру мерзімі біткенге дейін алты айдан кешіктірмей сотталған адам таңдаған тұрғылықты жері бойынша республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына және ішкі істер органдарына оның алдағы уақытта босатылатыны, оның тұрғын үйінің бар-жоқтығы, оның еңбекке қабілеті мен алған мамандықтары туралы хабарлайды.
      2. Сотталған адамды босатуға дайындау мақсатында онымен ұйымдастыру-тәрбие іс-шаралары жүргізіледі, құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі.
      3. І және II топтағы мүгедектерді, сондай-ақ 63 жастан асқан еркектер мен 58 жастан асқан әйелдерді олардың жазбаша өтінімі және мекеменің ұсынысы бойынша әлеуметтік қорғау органдары мүгедектер және қарттар үйіне жібереді.
      Әлеуметтік көмекті қажет ететін өзге де адамдар олардың жазбаша өтініші және мекеменің ұсынымы бойынша әлеуметтік бейімдеу орталықтарына жіберіледі.

      165-бап. Жазаны өтеуден босатылатын сотталған адамдарға көмек
               көрсету
      1. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден босатылатын адамдар таңдалған тұрғылықты жеріне немесе жұмысына дейін тегін жолақымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағының шегінде жолда жүргенде азық-түлікпен немесе ақшамен қамтамасыз етіледі.
      2. Мекемеден босатылатын адамның қажетті маусымдық киімі, аяқ киімі және оларды сатып алуға қаражаты болмаған жағдайда, ол мемлекет қаражаты есебінен киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз етіледі.
      3. Жазадан босатылатын адамдарды тамақпен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етуді, сондай-ақ жолақысын төлеуді жазаны орындайтын мекеме жүзеге асырады.
      4. I және ІІ топтағы мүгедектерді, жүкті әйелдер мен жас балалары бар әйелдерді, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден босату кезінде мекеменің әкімшілігі олардың туыстарын не сотталған адамның өтінішінде көрсетілген өзге де адамдарды алты ай бұрын хабардар етеді.
      5. Мекемелерден босатылатын, денсаулық жағдайы бойынша тұрақты күтімге мұқтаж адамдар, сондай-ақ он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар тұрғылықты жеріне туыстарының немесе оларды алып кетуге келген өзге де адамдардың, не болмаса мекеме қызметкерінің еріп жүруімен жіберіледі.

      166-бап. Жазаны өтеуден босатылған адамдарды жұмысқа және
               тұрмыстық орналастыруға, оларға әлеуметтік көмектің
               басқа да түрлерін көрсетуге жәрдемдесу
      Аудан, облыстық маңызы бар қала, республикалық маңызы бар қала, астананың әкімдігі:
      1) жазаны өтеуден босатылған адамдарды жұмысқа және тұрмыстық жағынан орналастыруға, сондай-ақ оларға әлеуметтік көмектің басқа да түрлерінің берілуіне жәрдем көрсетеді;
      2) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған адамдар үшін жыл сайын жұмыс орындарына квоталар бөледі, осы санаттағы адамдарды жұмысқа орналастыратын жеке және заңды тұлғаларды көтермелейді.

      167-бап. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның
               жүріс-тұрысына пробациялық бақылау жасау
      1. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның жүріс-тұрысын бақылауды босатылған адамның тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдары жүзеге асырады.
      Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдарды тиісінше бақылауды қамтамасыз ету және олардың орналасқан жері туралы ақпарат алу үшін ішкі істер органдары тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын электрондық бақылау құралдарын пайдалануға құқылы. Оларды қолдану тәртібін және ішкі істер органдарының қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметін ұйымдастыруды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі айқындайды.
      2. Ішкі істер органдары шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдарды жазасының өтелмей қалған бөлігі ішінде дербес есепке алуды жүзеге асырады, оларға жүктелген міндеттердің орындалуын бақылайды.
      3. Егер шартты түрде мерзімінен бұрын босату қолданылған адам жазасының өтелмей қалған бөлігі ішінде бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылық жасап, ол үшін оған әкімшілік жаза берілген болса немесе шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдану кезінде өзіне жүктелген міндеттерді орындаудан қасақана жалтарған болса, ішкі істер органы шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою және жазасының өтелмей қалған бөлігін орындау жөнінде сотқа ұсыным жолдайды.
      4. Ішкі істер органдары шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамды есепке алғаннан кейін:
      1) оған әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету үшін оның пробация
қызметіне келуін қамтамасыз етеді;
      2) сот қаулысының көшірмесін пробация қызметіне жолдайды.
      5. Пробация қызметі:
      1) сот қаулысының көшірмесін алғаннан кейін сотталған адамды өзінің есебіне қояды;
      2) денсаулық жағдайын, білім және еңбекпен қамтылу деңгейін, тұрғылықты жерінің бар-жоғын анықтай отырып жеке басын зерделейді, сондай-ақ оған көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемін айқындауға қажетті өзге де мәліметтерді анықтайды;
      3) әлеуметтік-құқықтық көмектің берілу тәртібін түсіндіреді.
      6. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның жеке басын және тіршілік жағдайын зерделеу нәтижелері бойынша пробация қызметі әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын жасайды.
      Жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес және өзге де ұйымдар, сондай-ақ жеке тұлғалар пробация қызметі әзірлеген жеке бағдарламаға сәйкес шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді.
      8. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам:
      1) өзінің жүріс-тұрысы туралы, тиісінше алып жатқан әлеуметтік-құқықтық көмек туралы есеп беру үшін ішкі істер органдарына, пробация қызметіне айына бір рет келуге;
      2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгіленген тәртіппен тұрғылықты жері бойынша салық органына Қазақстан Республикасы аумағында және оның аумағынан тыс жерде де орналасқан салық салу объектісі болып табылатын табыстары мен мүлкі туралы декларацияны ұсынуға міндетті. Көрсетілген декларация жазаның өтелмей қалған бөлігін өтегенге дейін тапсырылады.
      Бұл ретте, аталған адамдар ішкі істер органына декларацияның алынғаны туралы салық органының анықтамасын ұсынады.

      168-бап. Ауруына байланысты жазасын өтеуден босатылған
               адамдардың денсаулық жағдайын бақылау
      1. Психикасының бұзылуына немесе өзгедей ауыр сырқатына байланысты одан әрі жазасын өтеуден босатылған адамның денсаулық жағдайын бақылауды ол босатылған қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің әкімшілігі жүзеге асырады.
      2. Босатылған адам емделіп жатқан денсаулық сақтау ұйымы тоқсан сайын науқастың денсаулық жағдайы туралы ақпарат ұсынады, ал науқас жазылған немесе қайтыс болған жағдайда дереу қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің әкімшілігіне хабарлайды.
      3. Адам жазылған жағдайда, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі әкімшілігінің ұсынымы бойынша соттың қаулысымен жазаны орындау жаңартылады.

      169-бап. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған
               адамдарды әкімшілік қадағалау
      Әкімшілік қадағалау жазасын өтеген және Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын адамдарға:
      1) қауіпті түрде қайталанып жасалған қылмыстар үшін, сол сияқты экстремизмнің немесе терроризмнің белгілері бар қылмыстар үшін;
      2) егер жазаны өтеу кезінде жүріс-тұрысы олардың түзелу жолына мүлдем түскісі келмейтінін және қоғам үшін қауіпті күйінде қалып отырғанын дәлелдесе, ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін немесе қасақана қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға екі немесе одан да көп мәрте сотты болған адамдар үшін белгіленеді.

      170-бап. Ішкі істер органдарының әкімшілік қадағалауын белгілеу
               қажет адамдарға қатысты материалдарды дайындау және
               ресімдеу
      1. Мекеме әкімшілігі ішкі істер органдарының әкімшілік қадағалауын белгілеу қажет адамдар тізімін белгілейді және жазалау мерзімі аяқталуына дейін бір айдан кешіктірмей осы адамдарға қатысты әкімшілік қадағалау белгілеу жөнінде сотқа ұсыным жолдайды.
      2. Өздеріне қатысты әкімшілік қадағалау белгіленген адамдарды бас бостандығынан айыру орындарынан босату алдында мекеме әкімшілігі қадағалауға алынушының өзі таңдаған тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органына сотталған адамның барып жететін уақытын көрсете отырып, әкімшілік қадағалауды белгілеу туралы судьяның қаулысын және оны мінездейтін материалдарды жібереді.
      3. Тиісті әкімшілік қадағалауды жүзеге асыру және қадағалауға алынушының жүрген жері туралы ақпарат алу үшін ішкі істер органдары тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін электрондық ізге түсу құралдарын пайдалануға құқылы. Оларды пайдалану тәртібін және қадағалауды жүзеге асыру бойынша ішкі істер органдарының қызметін ұйымдастыруды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі айқындайды.
      4. Сот әкімшілік қадағалау белгілеген адамды Ішкі істер органдары есепке қойғаннан кейін:
      1) оған әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету үшін оның пробация қызметіне келуін қамтамасыз етеді;
      2) сот қаулысының көшірмесін пробация қызметіне жолдайды.
      5. Пробация қызметі:
      1) сот қаулысының көшірмесін алғаннан кейін сотталған адамды өзінің есебіне қояды;
      2) денсаулық жағдайын, оның білім және еңбекпен қамтылу деңгейін, тұрғылықты жерінің бар-жоғын анықтай отырып, жеке басын зерделейді, сондай-ақ берілетін әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемін айқындауға қажетті өзге де мәліметтерді анықтайды;
      3) әлеуметтік-құқықтық көмектің берілу тәртібін түсіндіреді.
      6. Қадағалаудағы адамның жеке басын және тіршілік жағдайын зерделеу нәтижелері бойынша пробация қызметі әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын жасайды.
      7. Жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес және өзге де ұйымдар, сондай-ақ жеке тұлғалар пробация қызметі әзірлеген жеке бағдарламаға сәйкес қадағалаудағы адамға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді.
      8. Сот әкімшілік қадағалау белгілеген адам айына кемінде бір рет:
      1) өзінің жүріс-тұрысы туралы ішкі істер органдарына;
      2) алып жатқан әлеуметтік-құқықтық көмек туралы пробация қызметіне есеп беру үшін келуге міндетті.

      171-бап. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылатын,
               айналасындағыларға қауіп туғызатын туберкулездің
               жұқпалы түрімен ауыратын адамдарға мәжбүрлеп емдеуді
               қолдану тәртібі
      1. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен босатылатын, туберкулездің айналасындағыларға қауіп туғызатын жұқпалы түрімен ауыратын, жазаны өтеу кезінде толық емдеу курсынан өтпеген адамдар босатылғаннан кейін сот шешімімен босатылған жеріндегі мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымдарда мәжбүрлеп емделуге жатады.
      2. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің әкімшілігі осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға қатысты жаза мерзімі аяқталғанға дейін кемінде бір ай бұрын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәжбүрлеп емдеуді тағайындау туралы мекеменің орналасқан жері бойынша сотқа ұсыным жібереді.
      3. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын, сот шешімімен мәжбүрлеп емдеу белгіленген адамдарды қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босату туралы хабарлама босатылған жерінің мамандандырылған туберкулезге қарсы емдеу-профилактикалық ұйымдарына және ішкі істер органдарына жіберіледі.

6-бөлім. Шартты түрде сотталған адамдарға Пробациялық
бақылау жасау 22-тарау. Шартты түрде сотталған адамдарға пробациялық
бақылауды жүзеге асыру

      172-бап. Шартты түрде сотталған адамдарға пробациялық бақылауды
               жүзеге асыру және оларға әлеуметтік-құқықтық көмек
               көрсету тәртібі
      1. Пробация қызметі пробациялық бақылауда тұрған шартты түрде сотталған адамды есепке қойған кезде:
      1) сотталған адамның денсаулық жағдайын, білім және еңбекпен қамтылу деңгейін, тұрғылықты жерінің бар-жоғын анықтай отырып, жеке басын зерделейді, сондай-ақ оған көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемін айқындауға қажетті өзге де мәліметтерді анықтайды;
      2) әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету және оны алудан бас тарту, оған қатысты пробациялық бақылауды жүзеге асыру және тоқтату тәртібін түсіндіреді, сондай-ақ, тіркелу үшін пробация қызметіне келу күндерін белгілейді;
      3) сот жүктеген міндеттерді орындау тәртібін, оларды орындамағаны, сондай-ақ пробациялық бақылау тәртібін бұзғаны үшін жауапқа тарту тәртібін түсіндіреді;
      4) шартты түрде сотталған адам әлеуметтік-құқықтық көмекті алудан бас тартуға құқылы, ол тиісті актімен ресімделеді.
      2. Шартты түрде сотталған адамның жеке басын және тіршілік жағдайын зерделеу нәтижесі бойынша пробация қызметі оған әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын жасайды.
      3. Білім алуға, мамандықты меңгеруге, жұмысқа орналасуға, емделуге, сондай-ақ құқықтық көмекпен қамтамасыз етуге жәрдем көрсету шартты түрде сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтың көмек көрсетудің негізгі бағыттары болып табылады.
      4. Жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес және өзге де ұйымдар, сондай-ақ жеке тұлғалар пробация қызметі әзірлеген жеке бағдарламаға сәйкес шартты түрде сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді.
      5. Шартты түрде сотталған адамдар пробация қызметінің алдында өзінің жүріс-тұрысы туралы есеп беруге, сот жүктеген міндеттерді орындауға, тіркелу үшін пробация қызметіне айына екі рет (ауылдық жерде тұратындар бір рет), сондай-ақ шақыру бойынша келуге міндетті. Дәлелсіз себептермен келмеген жағдайда шартты түрде сотталған адам мәжбүрлеп келтірілуі мүмкін.
      6. Тиісті пробациялық бақылауды қамтамасыз ету және сотталған адамдардың жүрген жері туралы ақпарат алу үшін пробация қызметі тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын электрондық бақылау құралдарын пайдалануға құқылы.
      7. Шартты түрде сотталған адам пробациялық бақылаудан жалтарған жағдайда пробация қызметі оның жүрген жері мен жалтару себептерін анықтау бойынша-алғашқы іс-шараларды жүргізеді. Шартты түрде сотталған адамның жүрген жері анықталмаған жағдайда, пробация қызметі сотқа оған іздестіру жариялау және бұлтартпау шараларын таңдау туралы ұсыным енгізеді.

      173-бап. Пробациялық бақылау мерзімін есептеу
      1. Пробациялық бақылау мерзімі пробация қызметі сотталған адамды есепке қойған кезден бастап есептеледі.
      2. Пробациялық бақылау сот шешімімен белгіленген барлық мерзім ішінде жүзеге асырылады. Пробациялық бақылау мерзімі аяқталғаннан кейін шартты түрде сотталған адам пробация қызметінің есебінен шығарылады.
      3. Пробациялық бақылау мерзімінің өтуі соттың шартты түрде сотталған адамға іздестіру жариялау туралы қаулысы шыққан кезден бастап тоқтатыла тұрады және сот шешімі бойынша қайта жаңартылады.

      174-бап. Шартты түрде сотталған адамдардың жауаптылығы
      1. Шартты түрде сотталған адам өзіне қоғамдық тәртіп пен адамгершілікке, кәмелетке толмағандардың құқықтарына, жеке тұлғаға қол сұғатын және отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында қылмыстық теріс қылық, әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жазалау қолданылған, сотталған адамның электрондық бақылау құралдарын қасақана зақымдаған (бүлдірген) немесе дәлелсіз себептермен тіркелуге келмеген не пробация қызметінің рұқсатынсыз тұрғылықты жерін ауыстырған жағдайда, пробация қызметі пробациялық бақылау мерзімін ұзарту, бірақ бір жылдан аспайтын уақытқа, ал кәмелетке толмағанға қатысты алты айдан аспайтын уақытқа ұзарту туралы сотқа ұсыным енгізеді, сондай-ақ шартты түрде сотталудың күшін жою мүмкіндігі туралы жазбаша түрде ескерту шығарады.
      2. Шартты түрде сотталған адам оған сот жүктеген міндеттерді орындамаған немесе осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген бұзушылықтарды қайталап жасаған жағдайда, сондай-ақ ол бақылаудан жасырынса, сотқа шартты түрде сотталудың күшін жою және сот үкімімен тағайындалған жазаны орындау туралы ұсыным жіберіледі.
      3. Пробация қызметіне тіркелу үшін келмегеніне он бес күннен астам уақыт ішінде жүрген жері анықталмаған шартты түрде сотталған адам пробациялық бақылаудан жасырынған адам деп танылады.
      4. Шартты түрде сотталған адам электрондық бақылау құралдарын зақымдаған (бүлдірген) жағдайда пробация қызметі тиісті акт жасайды.
      Электрондық бақылау құралдарын қасақана зақымдаған (бүлдірген) жағдайда сотталған адамдар заңда белгіленген тәртіппен материалдық жауапты болады.

23-тарау. Жұртшылықтың сотталған адамдардың түзелуіне қатысуы

      175-бап. Қоғамдық ұйымдардың немесе құрылымдардың, сондай-ақ
               жеке және заңды тұлғалардың сотталған адамдарды
               түзеуге қатысуы
      Жазасын өтеп жүрген сотталған адамдарды түзеуге жеке тұлғалар, қоғамдық бақылау кеңесі, сотталған адамдардың ата-аналар комитеті, кәсіптік одақтар, еңбек ұжымдары, сондай-ақ діни бірлестіктер, қоғамдық және қайырымдылық қорлары, коммерциялық емес ұйымдар, белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзге де ұйымдар қатысуы мүмкін.

      176-бап. Қамқоршылық кеңестің сотталған адамдарды түзеуге
               қатысуы
      Сотталған адамдарды түзеу мақсатында мекемелерде мемлекеттік кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен және азаматтардан тұратын Қамқоршылық кеңесі құрылады.
      Қамқоршылық кеңесінің ұйымдастырылуы және оның қызметі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Қамқоршылық кеңесі туралы ережеде регламенттеледі.

      177-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі
      1. Осы Кодекс алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі.
      2 Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексінің күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы Парламентінің Ведомосттері, 1997 ж., № 24, 337-б.; 2000 ж., № 6, 141-б.; № 8, 189-б.; № 18, 339-б.; 2001 ж., № 8, 53-б.; № 17-18, 245-б.; № 24, 338-б.; 2002 ж., № 23-24, 192-б.; 2004 ж.; № 5, 22-б.; № 23, 139, 142-б.; № 24, 154-б.; 2005 ж., № 13, 53-б.; 2006 ж., № 11, 55-б.; 2007 ж., № 2, 18-б.; № 5-6, 40-б.; № 9, 67-б.; № 10, 69-б.; № 17, 140-б.; № 20, 152-б.; 2008 ж., № 23, 114-б.; 2009 ж., № 15-16, 73-б.; № 24, 128, 130-б.; 2010 ж., № 7, 28-б.; 2011 ж., № 2, 19-б.; № 5, 35-б.; 2012 ж., № 3, 27-б.; № 4, 32-б.; № 5, 35-б.; 2013 ж., № 1, 2-б.).

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады