"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 1 қазандағы № 1033 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      С. Ахметов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне әлеуметтiк қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140,
142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат):
      1) 10-1-баптың 1-тармағында:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) төлеушiлерден түскен міндетті әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтiк аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдарды Қорға аударуды, артық (қате) төленген әлеуметтiк аударымдар сомаларын және (немесе) олар бойынша өсiмпұлдарды төлеушiлерге қайтаруды жүзеге асыруды;»;
      6) тармақшадағы «ұсынуды жүзеге асырады.» деген сөздер «ұсынуды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      «7) жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ және (немесе) деректемелерінде қателер жіберілген адамдар үшін аударылған әлеуметтік аударымдардың сомаларын төлеушіге қайтаруды жүзеге асырады.»;
      2) 15-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жұмыс берушiнiң қызметкерге табыс түрiнде төлейтiн шығыстарын есептеу Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде көзделген тәртiппен жұмыс берушiнiң қызметкерлерге табыс түрiнде төлейтiн шығыстарына әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттiк органдардың қызметкерлері мен құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң ақшалай үлесiн қоса отырып жүргiзiледi.»;
      2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер күнтізбелік айда әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жалақының ең төмен мөлшерiнен кем болса, онда әлеуметтік аударымдар жалақының ең төмен мөлшері негізге алына отырып төленеді.»;
      3) 22-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушысының асырауында болған отбасы мүшелерi санының өзгергенi туралы және тиiсiнше әлеуметтiк төлемдердi қайта есептеу туралы шешiмдi қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушысының асырауында болған отбасы мүшесiнiң жазбаша өтiнiшi негiзiнде әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган қабылдайды. Бұл peттe әлеуметтік төлем мөлшері әлеуметтік төлем алуға құқығы бар отбасы мүшелерiнiң санына қарай тиiсiнше ұлғайтылады немесе азайтылады.»;
      4) 23-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген қатысушысы жұмысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлемдi алып тұрған, бiрақ жұмысқа орналасуына байланысты жұмысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлем алу құқығынан айырылған жағдайда, кезектi әлеуметтiк төлем жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем алған әрбір ай үшін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың жалпы өтілінен міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің мұндай қатысушысына әлеуметтік аударымдар жүргізілген он екі айдың шегерілетіні негізге алына отырып тағайындалады.»;
      5) 23-1-бапта:
      2-тармақтың 6) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін қосымша:»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлем Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен берілген еңбекке уақытша жарамсыздық парағында көрсетілген бүкіл кезеңге тағайындалады.»;
      6) 23-2-баптың 3-тармағының 5) тармақшасы алып тасталсын.
      2. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат;
      1) 1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «24-1) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры – әлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болған асыраушысынан айрылған жағдайда, асырауындағы отбасы мүшелерін қоса алғанда, өздеріне қатысты әлеуметтік қатер жағдайы басталған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға төлемдер жүргізетін заңды тұлға;»;
      31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «31) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары – еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстармен айналысатын қызметкерлердің пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары салатын ақша;»;
      2) 6-бапта:
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстар істеу міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеуге құқық беретін өндірістердің, жұмыстардың, осы жұмыстармен айналысатын қызметкерлер кәсіптерінің тізбесін бекітеді;»;
      мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2), 6-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «6-1) еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстармен айналысатын қызметкерлердің пайдасына міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;
      6-2) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларын бекітеді;
      6-3) зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидаларын бекітеді;»;
      3) 7-бапта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстар істеу міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеуге құқық беретін өндірістердің, жұмыстардың, осы жұмыстармен айналысатын қызметкерлер кәсіптерінің тізбесін әзірлейді;
      мынадай мазмұндағы 9-1), 9-2), 9-3), 9-4), 9-5) тармақшалармен толықтырылсын:
      «9-1) еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстармен айналысатын қызметкерлердің пайдасына міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді;
      9-2) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларын әзірлейді;
      9-3) салымшылардың (алушылардың) нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомаларына инфляция деңгейін ескере отырып мониторинг жүргізеді;
      9-4) зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидаларын әзірлейді;
      9-5) зейнетақымен қамсыздандыру саласында кадрлар даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;»;
      4) 10-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) осы Заңның 11-бабының 1 – 3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған азаматтарға;»;
      5) 11-бапта:
      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Төтенше және ең жоғары радиациялық қауіпті аймақтарда
1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шілдеге дейінгі кезеңде кемінде 5 жыл тұрған азаматтардың «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:
      ерлердің – 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жалпы жұмыс өтілі кемінде жиырма бес жыл болған жағдайда, 50 жасқа толғанда;
      2) әйелдердің – 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жалпы жұмыс өтілі кемінде жиырма жыл болған жағдайда, 45 жасқа толғанда зейнетақы төлемдерін тағайындатуға құқығы бар.
      3. 5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдердің 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақыға құқығы бар.»;
      4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Орталықтан жасына байланысты зейнетақы төлемдері толық көлемде осы баптың 1 – 3-тармақтарында белгіленген жасқа толғанда азаматтардың мынадай санаттарына:»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Жасына байланысты толық емес көлемдегі зейнетақы төлемдері осы баптың 1 – 3-тармақтарында аталған азаматтар санаттарына олардың
1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде алты ай нақты еңбек өтілінің болуына қарай, Орталықтан толық көлемде зейнетақы төлемін алу құқығы болмаған кезде және осы Заңның 64-бабының 2-тармағында аталған адамдарға қызметтен босатылған кезінен бастап тағайындалады.»;
      6) 13-баптың 1-тармағының 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тысқары жерлердегі жоғары оқу орындарында, оның ішінде даярлық курстарында, арнаулы орта оқу орындарында, училищелерде, мектептерде және кадрлар даярлау, біліктілікті арттыру және қайта мамандандыру курстарында, аспирантурада, докторантурада және клиникалық ординатурада, сондай-ақ жоғары және орта діни оқу орындарында оқу;»;
      7) 20-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 14-1) және 14-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «14-1) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен төленетін әлеуметтік төлемдерден ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын ұйымдастыру және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару;
      14-2) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер алушыларға бюджет қаражаты есебінен төленетін міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару;»;
      8) 24-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мына:
      1) осы Заңның 11-бабының 1 – 3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған адамдар;
      2) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.
      Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген адамдардың өз қалауы бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуді жалғастыруға құқығы бар.»;
      3-тармақ алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Осы Заңның 11-бабының 1 – 3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған қызметкерлердің пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.»;
      9) 25-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылар үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналары қосымша белгіленеді.
      Бюджет қаражаты есебінен берілетін міндетті зейнетақы жарналарын және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерден ұсталатын міндетті зейнетақы жарналары ескерілген, міндетті зейнетақы жарналарының жиынтық мөлшері Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың 10 пайызын құрайды.
      Агент міндетті зейнетақы жарналарын аударған кезде бюджет қаражаты есебінен қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналары тоқтатылады.»;
      10) 26-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «26-бап. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі және оларды жүзеге асыру тәртібі
      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын қызметкердің ай сайынғы табысының 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
      2. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары меншікті қаражаты есебінен кәсіптері еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті өндірістердің, жұмыстардың, осы жұмыстармен айналысатын қызметкерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген қызметкерлердің пайдасына жүзеге асырады.
      3. Нақты еңбек жағдайлары өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерімен расталған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік талаптарға сәйкес келген кезде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жүзеге асырылмайды.»;
      11) 28-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Табыс нақты төленген және қызметкер оны алған жағдайда, агент уақтылы ұстап қалмаған (есебіне жазбаған) және (немесе) аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомаларын салық органдары өндіріп алады немесе оларды әрбір мерзімін өткізіп алған күнге (Орталыққа төлейтін күнді қоса алғанда) уәкілетті орган белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде есебіне жазылған өсімпұлмен бірге міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша қызметкерлердің пайдасына агенттер аударуға тиіс.»;
      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Агент хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салық органына өздерінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріліп алынатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының тізімдерін, сондай-ақ пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріліп алынатын қызметкерлердің тізімдерін ұсынуға міндетті.»;
      4-тармақтың 1) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) агент бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының тізімдерін ұсынбаған және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек болған, сондай-ақ өздерінің пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленетін қызметкерлердің тізімдерін ұсынбаған және олар бойынша берешек болған жағдайда – осы баптың 2-тармағында көзделген хабарлама табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң жүргізіледі. Бұл ретте агенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру агенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімінде көрсетілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек сомалары шегінде жүргізіледі;»;
      12) 36-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін орналастыру үшін рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау және осы тізбені мақұлдау;»;
      13) 41-баптың 4-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен салымшының (алушының) жазбаша өтініші бойынша сотта оның мүддесін білдіруге;».
      2-бап. Осы Заң 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады