Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Коса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Аргентина Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық, ресми және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысовқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, ол Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Аргентина Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық, ресми және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойсын.
3. Осы қаулы кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 1 қазандағы
№ 1041 қаулысымен
мақұлданған
Жоба
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Аргентина Республикасының
Үкіметі арасындағы дипломатиялық, ресми және қызметтік
паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы
келісім
Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Аргентина Республикасының Үкіметі,
екіжақты қатынастарды дамытуға жәрдемдесуге тілек білдіре отырып,
орнатылған достық қатынастарды нығайтуға мүдделілікті назарға ала отырып және бір Тарап мемлекеті азаматтарының екінші Тарап мемлекетінің аумағына сапарлар рәсімін жеңілдету ниетін басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
1. Екінші Тарап мемлекетінің аумағында аккредиттелмеген, жарамды дипломатиялық, ресми және қызметтік паспорттардың иелері кез келген Тараптар мемлекеттерінің азаматтары басқа Тарап мемлекеті аумағына кіру, транзитпен өту, болу және одан кету үшін күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын кезеңге визалық талаптардан босатылады.
2. Жарамды дипломатиялық және ресми паспорттары бар және екінші Тарап мемлекетінің аумағында аккредиттелмеген Аргентина Республикасының азаматтары күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын мерзімге Қазақстан Республикасының аумағына келу, транзитпен өту және одан кету үшін визалық талаптардан босатылады.
2-бап
Осы Келісімнің 1-бабында айтылған жарамды дипломатиялық, ресми және қызметтік паспорттардың иелері бір Тарап мемлекетінде өзінің болу мерзімін ұзартуға ниет білдіруші жоғарыда аталған мерзімнің аяқталуы бойынша сол мемлекеттің қолданыстағы заңнамасына сәйкес құзыреті мемлекеттік органдардың тиісті рұқсатын алуға міндетті.
3-бап
Әрбір Тарап мемлекетінің азаматтары, екінші Тарап мемлекетінің аумағында дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеменің қызметкері болып табылатын жарамды дипломатиялық, ресми және қызметтік паспорттардың иелері, сондай-ақ жарамды дипломатиялық, ресми және қызметтік паспорттары бар бірге тұратын отбасы мүшелері, өздерінің өкілеттіктері кезеңі ішінде визасыз келе алады, бола алады және одан кете алады.
Осы Келісімнің 1-бабында көрсетілген адамдар болу елінің уәкілетті органы алдында олар кірген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде аккредитацияның қажетті шарттарына жауап беру тиіс.
4-бап
1961 жылғы Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясының және 1963 жылғы Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясының ережелеріне залал тигізбей, осы Келісімнің 1 және 3-баптарында көрсетілген жарамды дипломатиялық, ресми және қызметтік паспорттардың иелері халықаралық жолаушылар қатынасы үшін ашық мемлекеттік шекарада барлық өткізу пункттері арқылы екінші Тарап мемлекетінің аумағына келе алады немесе одан кете алады.
5-бап
Осы Келісімде көзделген визалардан босату осы Келісімнің 1 және 3-баптарында айтылған жарамды дипломатиялық, ресми және қызметтік паспорттардың иелерін екінші Тарап мемлекетінің аумағында болуы кезінде оның ұлттық заңнамасын құрметтеу міндетінен босатпайды.
Тараптар шетел азаматтарының келуіне, транзитпен өтуіне, болуына және кетуіне қатысты өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларындағы кез келген өзгерістер туралы бір-бірін хабардар етеді.
6-бап
Тараптардың әрқайсысы қабылдаушы мемлекеттің аумағында болуы қолайсыз деп танылған, екінші Тарап мемлекеті азаматының келуінен бас тарту, болу мерзімін қысқарту немесе тоқтату құқығын сақтайды.
7-бап
Тараптар осы Келісімде көрсетілген жарамды дипломатиялық, ресми және қызметтік паспорттардың үлгілерімен осы Келісімге кол қойылған күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде дипломатиялық арналар арқылы алмасады.
Жаңа дипломатиялық, ресми және қызметтік паспорттарды енгізген немесе қолданыстағы паспорттар өзгерген жағдайда, Тараптар оларды қолданысқа енгізгенге дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын аталған паспорттардың үлгілерін дипломатиялық арналар арқылы бір-біріне жолдайды.
8-бап
Тараптардың әрқайсысы қауіпсіздікті және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында осы Келісімнің қолданылуын уақытша, ішінара немесе толық тоқтата тұру құқығын сақтайды.
Қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған Тарап екінші Тарапты осындай шешімді қабылдағанға дейін күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей дипломатиялық арналар арқылы хабардар етеді.
Осы баптың бірінші абзацында көрсетілген себептер бойынша осы Келісім ережелерінің қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған Тарап, осы тәртіппен екінші Тарапты осы Келісімнің ережелерін қолдануын қайта жаңғырту туралы хабардар етеді.
Осы Келісімнің қолданысын тоқтата тұру осы Келісімнің 1 және 3-баптарында көрсетілген, қабылдаушы мемлекеттің аумағында жүрген азаматтардың құқықтарын қозғамайды.
9-бап
Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге өзгерістер немесе толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар жеке хаттамалармен ресімделеді және осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылады.
10-бап
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру немесе қолдану бойынша кез келген келіспеушіліктер мен даулар Тараптар арасында консультациялар немесе келіссөздер арқылы достық жолмен шешіледі
11-бап
Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң күшіне енеді.
Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және осы Келісімнің қолданылуын тоқтату ниеті туралы екінші Тараптың дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабарламасын Тараптардың бірі алған күнінен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күн өткенге дейін күшінде қалады.
2013 жылғы ____________ _______________ қаласында әрқайсысы қазақ, испан, орыс және ағылшын тілдерінде екі дана жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
Ережелерді түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
Қазақстан Республикасының Аргентина Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
РҚАО-ның ескертпесі!
Бұдан әрі Келісімнің ағылшын тіліндегі мәтіні берілген.