Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімнің және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасының жобалары мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымовқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімге және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасына қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 2 қазандағы
№ 1044 қаулысымен
мақұлданған
Жоба
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының
Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы
КЕЛІСІМ
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі
өз мемлекеттерінің арасындағы тату көршілік, әріптестік қарым-қатынастарды және олардың арасында әртүрлі салаларда, оның ішінде заңсыз көші-қонға және трансшекаралық ұйымдасқан қылмыстылыққа қарсы күрес саласында ынтымақтастықты дамытуға ұмтылысты басшылыққа ала отырып,
шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың келу және болу тәртібін бұза отырып, өз мемлекеттерінің аумақтарында жүрген адамдарды қайтару, қабылдау және беру тәртібін айқындайтын, Тараптар келіскен қағидаттар мен нормаларды қолданысқа енгізу көші-қон процестерін реттеудің маңызды құрамдас бөлігі, сондай-ақ заңсыз көші-қонға және ұйымдасқан қылмыстылыққа қарсы күреске қосқан үлес болып табылатынына сенімді бола отырып,
Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес оның аумағындағы немесе оның аумағы арқылы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың заңсыз көші-қоны үшін жауаптылықты белгілеу бойынша олардың әрқайсысының егеменді құқығын құрметтей отырып,
осы Келісім халықаралық құқық бойынша, атап айтқанда 1948 жылғы 10 желтоқсандағы Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясында, 1951 жылғы 28 шілдедегі Босқындардың мәртебесі туралы конвенцияда және 1967 жылғы 31 қаңтардағы Босқындардың мәртебесіне қатысты Хаттамада, 1984 жылғы 10 желтоқсандағы Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияда және 1966 жылғы 16 желтоқсандағы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіде, сондай-ақ ұстап беру мәселелері бойынша халықаралық шарттарда бекітілген халықаралық құқық нормаларын қоса алғанда, Тараптар мемлекеттерінің құқықтарына, міндеттемелері мен жауаптылығына нұқсан келтірмейтінін атап көрсете отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Анықтамалар
Осы Келісімде пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді:
«реадмиссия» – шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың келуі, кетуі және болуы мәселелері бойынша сұрау салушы Тарап мемлекеттің заңнамасын бұза отырып, осы мемлекеттің аумағына келген немесе онда жүрген адамдарды осы Келісімде көзделген тәртіппен, шарттарда және мақсаттарда сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органдарының беруі және сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдарының қабылдауы;
«сұрау салушы Тарап» – мемлекетінің құзыретті органы реадмиссия немесе транзит туралы сұрау салу жіберетін Тарап;
«сұрау салынатын Тарап» – мемлекетінің құзыретті органының атына реадмиссия немесе транзит туралы сұрау салу жіберілген Тарап;
«үшінші мемлекеттердің азаматтары» – Тараптар мемлекеттерінің азаматтығы жоқ және осы Келісімнің қатысушысы болып табылмайтын мемлекеттің азаматтығына тиесілі адамдар;
«азаматтығы жоқ адамдар» – осы Келісімнің 2-бабы 1-тармағының әрекеті қолданылатын, екінші Тарап мемлекетінің аумағына кіргеннен кейін бір Тарап мемлекетінің азаматтығын жоғалтқан адамдарды қоспағанда, Тараптар мемлекеттерінің азаматтары болып табылмайтын және үшінші мемлекеттің азаматтығына тиесілілігіне дәлелдемелері жоқ адамдар;
«құзыретті органдар» – осы Келісімді іске асыру жүктелетін Тараптар мемлекеттерінің органдары;
«Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункті» – халықаралық әуежайларда шекараларды кесіп өту үшін әрбір Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес белгіленген Қазақстан Республикасының немесе Беларусь Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункті;
«дербес деректер» – мәліметтер негізінде айқындалған немесе айқындалатын дербес деректер субъектісіне жататын, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тіркелген мәліметтер;
«Атқару хаттамасы» – осы Келісімді іске асыру тәртібі туралы Атқару хаттамасы;
«транзит» – үшінші мемлекет азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның жүру жолында сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағы арқылы сұрау салушы Тарап мемлекетінен межелі мемлекетке өтуі.
2-бап
Тараптар мемлекеттері азаматтарының реадмиссиясы
1. Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдары сұрау салушы Тарап мемлекетінің шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың келу, кету және болу мәселелері жөніндегі заңнамасын бұза отырып, осы мемлекеттің аумағына келген немесе онда тұрып жатқан адамдарды, егер олар сұрау салынатын Тарап мемлекетінің азаматтары болып табылатыны не сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағына кіргеннен кейін өзінің азаматтығынан айырылғаны және басқа мемлекеттің азаматтығын алмағаны анықталса, сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органының сұрау салуы бойынша қабылдайды.
2. Қажет болған жағдайда, сұрау салынатын Тарап мемлекетінің дипломатиялық өкілдігі немесе консулдық мекемелері берілетін адамға оның берілген күнінен бастап қолданылу мерзімі күнтізбелік 30 күнді құрайтын оның осы мемлекеттің аумағына кіруі үшін қажетті құжатты береді.
3. Адамда сұрау салынатын Тарап мемлекетінің азаматтығы бар екенін айқындауға негіз болатын құжаттар тізбесі Атқару хаттамасында көрсетілген.
Осы Келісім мен Атқару хаттамасы күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде Тараптар дипломатиялық арналар арқылы осындай құжаттардың үлгілерімен алмасады. Кейіннен Тараптардың әрқайсысы екінші Тарапты дипломатиялық арналар арқылы осындай құжаттардағы кез келген өзгерістер туралы дереу хабардар етеді.
4. Егер осы баптың 3-тармағында көзделген құжаттардың ешқайсысы ұсыныла алмайтын болса, Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары оның азаматтығы туралы мәліметтер алу мақсатында сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағында реадмиссияға жататын адаммен әңгімелесу өткізу туралы уағдаласады. Әңгімелесуді өткізу рәсімі Атқару хаттамасында айқындалған.
5. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамның сұрау салынатын Тарап мемлекеті азаматының жеке басын куәландыратын жарамды құжаты болса, реадмиссия туралы сұрау салуды жіберу талап етілмейді. Мұндай адамдарды беру Атқару хаттамасының 9-бабына сәйкес жүзеге асырылады, бірақ бұл ретте Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары мұндай адамның шығатын күні туралы шыққанға дейін 72 (жетпіс екі) сағаттан кешіктірмей бір-бірін хабардар етеді.
3-бап
Үшінші мемлекеттер азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың
реадмиссиясы
1. Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдары осы мемлекеттің заңнамасын бұза отырып, сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағына кірген немесе жүрген үшінші мемлекеттің азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды, егер мұндай адамның:
1) шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың келуі, кетуі және болуы мәселелері жөніндегі сұрау салушы Тарап мемлекетінің заңнамасын бұза отырып, сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағынан тікелей сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағына келгені;
2) реадмиссия туралы сұрау салу жіберген кезде сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағында тұруы немесе болуы үшін заңды негіздердің бар екені туралы дәлелдемелер ұсынылса, сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органының сұрау салуы бойынша қабылдайды.
2. Егер үшінші мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам:
1) қатысушысы сұрау салушы Тарап мемлекеті болып табылатын халықаралық шартқа сәйкес визасыз тәртіппен сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағына заңды негіздер бойынша келсе;
2) сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағына тікелей келер алдында сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағындағы халықаралық әуежайдың тек транзиттік аймағында ғана болса, осы баптың 1-тармағында көзделген реадмиссия бойынша міндеттеме қолданылмайды.
3. Егер үшінші мемлекет азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаты болмаған жағдайда және ондай адамның азаматтық алған немесе тұрақты тұру мемлекеті құзыретті органының ондай құжатты беру мүмкіндігі болмаса, онда реадмиссия туралы сұрау салуға оң жауап алынған соң сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органы мұндай адамға мерзімі құжат берілген күннен бастап кемінде күнтізбелік 30 күнді құрайтын, сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағына келу үшін қажетті құжатты береді.
Тараптар осы Келісім және Атқару хаттамасы күшіне енген күнінен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде дипломатиялық арналар бойынша осындай құжаттардың үлгілерімен алмасады. Кейіннен Тараптардың әрқайсысы осындай құжаттардағы кез келген өзгерістер туралы дипломатиялық арналар бойынша екінші Тарапқа хабарлайды.
4. Үшінші мемлекеттер азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың реадмиссиясы үшін негіздердің болуын көрсететін құжаттар тізбесі Атқару хаттамасында айқындалған.
5. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамның сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдары берген тұруға арналған жарамды рұқсаты бар болған жағдайда, реадмиссия туралы сұрау салуды жіберу талап етілмейді. Мұндай адамдарды беру Атқару хаттамасының 9-бабына сәйкес жүзеге асырылады, бірақ бұл ретте Тараптардың құзыретті органдары мұндай адамның шығатын күні туралы шыққанға дейін 72 (жетпіс екі) сағаттан кешіктірмей бір-бірін хабардар етеді.
4-бап
Реадмиссия туралы сұрау салуларды жіберу және қарау мерзімдері
1. Үшінші мемлекеттің азаматына немесе азаматтығы жоқ адамға қатысты реадмиссия туралы сұрау салуды сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органы тікелей сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органына мұндай адамның сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағына заңсыз келуі немесе онда заңсыз болуы фактісі және (немесе) оның жеке басы анықталған күннен бастап күнтізбелік 180 күннен аспайтын мерзімде жібереді.
2. Егер сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы бұл адамды беру үшін осы Келісімнің 2-бабының 1-тармағында және 3-бабының 1-тармағында көзделген қажетті шарттардың жоқ екенін анықтаса, сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы адамның реадмиссиясы туралы сұрау салуды алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде оны қабылдауға келісім береді немесе оны қабылдаудан дәлелді түрде бас тартады. Реадмиссия туралы сұрау салуға уақтылы жауап беруге кедергі келтіретін заңды немесе нақты сипаттағы мән-жайлар болған кезде жауап беру мерзімі сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органының дәлелді өтініші негізінде күнтізбелік 60 күнге дейін ұзартылады.
5-бап
Адамдарды беру және қабылдау мерзімдері
1. Егер Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары әрбір нақты жағдайда өзгеше уағдаласпаса, сұрау салынатын Тарап оларға қатысты реадмиссияға келісім берген адамдарды беру сұрау салушы Тарап осындай келісімді алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде жүзеге асырылады.
2. Егер адамдарды беруге объективті түрде кедергі келтіретін мән-жайлардың туындауы себебінен онда аталған адамдар сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органына берілмейтін болса, осы баптың 1-тармағында көрсетілген мерзім ұзартылуы мүмкін, бұл туралы тиісті жазбаша хабарлама жіберіледі.
Оған қатысты сұрау салынатын Тарап реадмиссияға келісім берген адамды беру мүмкін болмағанда, сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органы сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органына дереу тиісті жазбаша хабарлама жібереді.
6-бап
Қате реадмиссия
1. Егер оның реадмиссиясы үшін осы Келісімнің 2-бабының 1-тармағында және 3-бабының 1-тармағында көзделген негіздердің жоқ екені анықталса, сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органы оны берген күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде өзі берген адамды кері қабылдайды. Мұндай жағдайда сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органына осы адамға қатысты иелігіндегі барлық материалдарды береді.
2. Мұндай адамдарды қайтару сұрау салушы Тарап мемлекетінің халықаралық әуежайларында мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде жүзеге асырылады.
7-бап
Транзит
1. Егер сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органы мұндай адамдарға үшінші мемлекеттің аумағына оның транзит мемлекеті немесе межелі мемлекет болып табылатынына қарамастан кедергісіз келуі ұсынылатынына кепілдік берсе, сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы сұрау салушы Тарап мемлекеті құзыретті органының сұрау салуы бойынша сұрау салынатын Тарап мемлекетке аумағы арқылы реадмиссия тәртібімен үшінші мемлекеттерге берілетін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың транзитіне рұқсат береді.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдардың транзиті сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органдары қызметкерлерінің еріп жүруімен жүзеге асырылуы мүмкін.
3. Егер Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары әрбір нақты жағдайда өзгеше уағдаласпаса, осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдардың транзиті туралы сұрау салуды сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органы алдын ала, бірақ адамның сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағына транзит мақсатында келуінің болжанған күніне дейін күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей жібереді.
4. Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдардың транзиті туралы сұрау салуды алған күннен бастап күнтізбелік 7 күн ішінде транзитке келісім береді немесе транзитті жүзеге асырудан дәлелді түрде бас тартады.
5. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдардың транзитін жүзеге асыру кезінде сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы сұрау салушы Тарап мемлекеті құзыретті органының өтініші бойынша мүмкіндігінше жәрдем көрсетеді.
6. Егер:
1) межелі немесе транзит мемлекетінде үшінші мемлекеттің азаматына немесе азаматтығы жоқ адамға азаптауға, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне, өлім жазасына ұшырайтынына немесе нәсілдік, діни, ұлттық тиесілілігі белгілері бойынша, сондай-ақ белгілі бір әлеуметтік топқа тиесілілігі немесе саяси нанымы бойынша қудалау қаупі болса;
2) мұндай адамдардың сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағында болуы, оның ішінде ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық тәртіпті сақтау немесе халық денсаулығы мүддесінен қолайсыз болып табылса, сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдарды транзиттеуден бас тартуы мүмкін.
7. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдар сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағына кіргеннен кейін оларға қатысты осы баптың 6-тармағында көзделген міндеттемелер белгіленетін болса, сондай-ақ егер межелі немесе транзит мемлекетінің аумағына кедергісіз келуіне бұдан әрі кепілдік берілген деп санауға болмаса, сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдары транзиттік жол жүруге берілген рұқсатқа қарамастан, оларды сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органдарына қайтара алады.
8. Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары азаматтық алған мемлекеттеріне немесе тұрақты тұру мемлекеттеріне тікелей қайтарылуы мүмкін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың транзит жағдайларына шектеу қою бойынша өзара негізде шаралар қабылдайды.
9. Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары үшінші мемлекеттер азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың транзитін әуе көлігімен жүзеге асырады.
8-бап
Дербес деректерді қорғау
1. Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары осы Келісімді іске асыруға байланысты алмасатын немесе бір-біріне беретін дербес деректер әрбір Тарап мемлекетінің заңнамасына және Тараптар мемлекеттері қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес әрбір Тарап мемлекетінде қорғалуға жатады.
2. Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары осы Келісімнің мақсаты үшін ғана реадмиссияға жататын адамдардың дербес деректерін алмасады және олардың құпиялылығын қамтамасыз етеді.
9-бап
Шығыстар
1. Егер шығыстарды осы Келісімнің 2-бабының 1-тармағында және 3-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдардың дербес өздері немесе үшінші тарап төлей алмайтын жағдайда, реадмиссияға байланысты және көрсетілген адамдардың сұрау салынатын Тарап мемлекетінің Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктіне дейін ықтимал еріп жүруіне байланысты шығыстарды сұрау салушы Тарап көтереді.
2. Егер шығыстарды осы Келісімнің 6-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдардың дербес өздері немесе үшінші тарап төлей алмайтын жағдайда, транзитіне және ықтимал еріп жүруіне, сондай-ақ оларды ықтимал қайтаруға байланысты шығыстарды сұрау салушы Тарап көтереді.
3. Реадмиссиясы үшін негіздер болмаған адамдарды беруге және сұрау салушы Тарап мемлекетінің Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктіне дейін олардың ықтимал еріп жүруіне байланысты шығыстарды іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі қате реадмиссияға әкеп соққан Тарап көтереді.
10-бап
Атқару хаттамасы
Тараптар осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын, онда:
1) құзыретті органдарды және олардың арасындағы өкілеттіктерді бөлуді;
2) реадмиссия немесе транзит туралы сұрау салудың мазмұны және оны жіберу тәртібін;
3) әңгімелесулер өткізуді;
4) реадмиссия немесе транзит рәсімдерін;
5) адамдарды еріп жүру арқылы, оның ішінде үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың транзиті жағдайында беру шарттарын;
6) осы Келісімді іске асыруға байланысты өзара есеп айырысуды жүзеге асыру тәртібіне айқындайтын қағидаларды қамтитын Атқару хаттамасын жасасады.
11-бап
Осы Келісімнің қолданысын тоқтата тұру және қайта бастау
1. Әрбір Тарап ұлттық қауіпсіздікті қорғауға, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге немесе халықтың денсаулығын сақтауға байланысты себептер бойынша осы Келісімнің қолданысын ішінара немесе толық тоқтата тұруы мүмкін.
2. Осы Келісімнің қолданысын тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы бір Тарап осындай шешім іске асырыла басталғанға дейін 72 (жетпіс екі) сағаттан кешіктірмей екінші Тарапқа дипломатиялық арналар арқылы жазбаша нысанда хабарлайды.
12-бап
Дауларды шешу тәртібі
1. Тараптар мемлекеті құзыретті органдарының арасындағы қарым-қатынастардан туындайтын және осы Келісімді іске асыруға немесе түсіндіруге байланысты барлық даулы мәселелер олардың арасындағы консультациялар және келіссөздер жолымен шешіледі.
2. Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары өзара уағдаластық бойынша осы Келісімді іске асыруға байланысты мәселелер бойынша сарапшылардың жұмыс кездесулері мен консультацияларын өткізе алады.
13-бап
Өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Келісімге Тараптардың өзара келісуі бойынша оның ажырамас бөліктері болып табылатын және тиісті хаттамамен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
14-бап
Басқа халықаралық шарттарға қатынасы
Осы Келісім Тараптардың әрқайсысының өзінің мемлекеті қатысушысы болып табылатын басқа халықаралық шарттарынан туындайтын құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
15-бап
Қорытынды ережелер
1. Осы Келісім Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
2. Осы Келісімнің 3-бабының ережелері осы Келісім күшіне енген күнінен бастап 3 жыл өткен соң қолданыла бастайды. Осы 3 жылдық кезең ішінде көрсетілген ережелер Қазақстан Республикасы және (немесе) Беларусь Республикасы реадмиссия туралы халықаралық шарттар жасасқан үшінші мемлекеттердің азаматтарына және сол үшінші мемлекеттердің азаматтығы жоқ адамдарына ғана қатысты қолданылады.
3. Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және оның қолданысы бір Тарап оның қолданысын тоқтату ниеті туралы екінші Тараптың жазбаша хабарламасын дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күнтізбелік 60 күн өткен соң тоқтатылады.
4. Осы Келісімнің қолданысы тоқтатылған жағдайда Тараптар оның қолданысы кезеңінде туындаған міндеттемелерді реттейді.
2013 жылғы «___» ________ _____________ қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі екі мәтіннің де бірдей заңды күші бар.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді пайдаланады.
Қазақстан Республикасының |
Беларусь Республикасының |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 2 қазандағы
№ 1044 қаулысымен
мақұлданған
Жоба
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының
Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімді
іске асыру тәртібі туралы
атқару хаттамасы
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі
2013 жылғы «___» ____________ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) іске асыруға байланысты мәселелерді реттеуге қос тараптан да ниет білдіре отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Құзыретті органдар
1. Келісімді іске асыруға жауапты құзыретті органдар:
Қазақстан Республикасынан – Ішкі істер министрлігі,
Беларусь Республикасынан – Ішкі істер министрлігі, Мемлекеттік шекара комитеті болып табылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген құзыретті органдарға қатысты өзгерістер туралы Тараптар бірін-бірі дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етеді.
3. Келісімді және осы Атқару хаттамасын іске асыру мақсатында Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары бір-бірімен тікелей өзара әрекет етеді.
4. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының азаматтарына, үшінші мемлекеттердің азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға қатысты реадмиссия туралы сұрау салуларды қарайды, сондай-ақ Беларусь Республикасының азаматтарына, үшінші мемлекеттердің азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға қатысты реадмиссия, транзит туралы сұрау салулар жібереді.
5. Беларусь Республикасының Ішкі істер министрлігі Беларусь Республикасының азаматтарына, үшінші мемлекеттердің азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға қатысты реадмиссия туралы сұрау салуларды қарайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарына, үшінші мемлекеттердің азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға қатысты реадмиссия, транзит туралы сұрау салулар жібереді.
Беларусь Республикасының Мемлекеттік шекара комитеті транзит туралы сұрау салуларды қарайды.
6. Осы Атқару хаттамасын іске асыру мақсатында Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары оның күшіне енген күнінен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде бір-біріне жазбаша нысанда дипломатиялық арналар арқылы өздерінің байланыс деректерін хабарлайды.
7. Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары өздерінің байланыс деректерінің өзгергені туралы бір-біріне жазбаша нысанда дереу хабарлайды.
2-бап
Азаматтығы бар екенін дәлелдеу
1. Қазақстан Республикасының азаматтығы бар екендігі мынадай құжаттармен:
1) Қазақстан Республикасы азаматының паспортымен;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігімен;
3) Қазақстан Республикасының дипломаттық паспортымен;
4) Қазақстан Республикасының қызметтік паспортымен;
5) Қазақстан Республикасына қайта оралуға арналған куәлікпен;
6) баланың туу туралы куәлігімен (ата-анасының біреуінің паспортында жазба болған жағдайда);
7) Қазақстан Республикасы азаматының уақытша жеке куәлігімен расталады.
2. Беларусь Республикасының азаматтығы бар екендігі мынадай құжаттармен:
1) Беларусь Республикасы азаматының паспортымен;
2) Беларусь Республикасы азаматының дипломаттық паспортымен;
3) Беларусь Республикасы азаматының қызметтік паспортымен;
4) Беларусь Республикасына қайтып оралуға арналған куәлікпен расталады.
3. Мыналар:
1) осы баптың 1-тармағында көрсетілген, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен құжаттар;
2) осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттардың көшірмелері;
3) реадмиссияға жататын адам толтырған, осы Атқару хаттамасына 1-қосымшада көзделген нысандағы өтініш;
4) тиісті құзыретті органдар заңды негіздерде алған куәгерлердің жазбаша түсіндірмелері;
5) мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының жазбаша түсіндірмелері;
6) реадмиссияға жататын адаммен әңгімелесудің оң нәтижелері бар болған кезде адамда Қазақстан Республикасының азаматтығы бар деп ұйғаруға негіз болады.
4. Мыналар:
1) осы баптың 2-тармағында көрсетілген, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен құжаттар;
2) осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттардың көшірмелері;
3) 1991 жылғы 12 қарашаны қоса алғанда, тұрғылықты жері бойынша Беларусь Республикасының аумағында тіркелгені туралы мөртабаны бар КСРО азаматының паспорты;
4) реадмиссияға жататын адам толтырған, осы Атқару хаттамасына 1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
5) тиісті құзыретті органдар заңды негіздерде алған куәгерлердің жазбаша түсіндірмелері;
6) мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының жазбаша түсіндірмелері;
7) реадмиссияға жататын адаммен әңгімелесудің оң нәтижелері бар болған кезде адамда Беларусь Республикасының азаматтығы бар деп ұйғаруға негіз болады.
3-бап
Үшінші мемлекеттер азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың
реадмиссиясы үшін негіздер бар екенін дәлелдеу
1. Мынадай жарамды құжаттар:
1) сұрау салынатын Тарап мемлекеті берген, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты;
2) сұрау салынатын Тарап мемлекеті берген, азаматтығы жоқ адамның куәлігі (тұруға ықтиярхаты);
3) сұрау салынатын Тарап мемлекеті берген, босқын куәлігі;
4) сұрау салынатын Тарап мемлекеті берген, жол жүру құжаты;
5) сұрау салынатын Тарап мемлекетінде тұруға құқық беретін белгісі бар, үшінші мемлекет азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат;
6) сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағында уақытша тұруға (тек Беларусь Республикасы үшін) немесе тұрақты тұруға (тұруға ықтиярхат) жарамды рұқсат үшінші мемлекеттер азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың реадмиссиясы үшін негіздер бар екенінің дәлелдемесі болып табылады.
2. Мынадай белгілер:
1) жеке басты куәландыратын кез-келген құжат түріндегі және Мемлекеттік шекараны кесіп өту құқығын беретін, Тараптар мемлекеттері уәкілетті органдарының келу (кету) белгісі;
2) жалған немесе қолдан жасалған құжаттағы Тараптар мемлекеттері уәкілетті органдарының келу (кету) белгісі үшінші мемлекеттер азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың реадмиссиясы үшін негіздер бар екенінің дәлелдемесі болып табылады.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген дәлелдемелерді Тараптар қосымша формальдылықсыз таниды.
4. Мынадай құжаттар мен мәліметтер:
1) сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағында тұруға рұқсат, тұруға ықтиярхат босқын куәлігі және жарамдылық мерзімі күнтізбелік 180 күн бұрын өтіп кеткен босқынның жол жүру құжаты;
2) сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағында сұрау салушы Тарап мемлекетінің өкілетті органдары берген, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен виза;
3) мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының жазбаша түсіндірмелері;
4) реадмиссияға жататын адамның жазбаша түсіндірмелері;
5) куәгерлердің жазбаша түсіндірмелері үшінші мемлекеттер азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың реадмиссиясы үшін негіздер бар екенінің жанама дәлелдемесі болып табылады.
5. Егер сұрау салынатын Тарап қана оларды дәлелді түрде жоққа шығармаса, осы баптың 4-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтер үшінші мемлекеттер азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың реадмиссиясы үшін негіз ретінде танылады.
4-бап
Өзге құжаттар
1. Егер сұрау салушы Тараптың пікірі бойынша, осы Атқару хаттамасының 2 және 3-баптарында көзделмеген өзге құжаттар мен мәліметтер реадмиссияға жататын адамның азаматтық тиесілілігін айқындау не үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың реадмиссиясы үшін негіздерді белгілеу үшін елеулі маңызға ие болса, онда мұндай құжаттар да реадмиссия туралы сұрау салуға қоса берілуі мүмкін.
2. Реадмиссия туралы сұрау салуды қарау кезінде осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтер назарға алу мүмкіндігі туралы мәселені сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы шешеді.
5-бап
Әңгімелесу
1. Келісімнің 2-бабының 4-тармағына сәйкес сұрау салушы Тарап мемлекеті құзыретті органының сұрау салуы бойынша Келісімнің 2-бабының 1-тармағында көрсетілген адаммен әңгімелесу өткізу бойынша негізгі міндет сұрау салынатын Тарап мемлекеті құзыретті органының сұрау салушы Тарап мемлекетіндегі өкіліне жүктеледі.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген сұрау салынатын Тарап мемлекеті құзыретті органының өкілі болмағанда, әңгімелесуді сұрау салушы Тарап мемлекетіндегі сұрау салынатын Тарап мемлекетінің дипломатиялық өкілдігінің немесе консулдық мекемесінің қызметкері өткізеді.
3. Әңгімелесу сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағындағы сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органының өкілі не (осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайда) сұрау салушы Тарап мемлекетіндегі сұрау салынатын Тарап мемлекетінің дипломатиялық өкілдігі немесе консулдық мекемесі осы Атқару хаттамасына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған, әңгімелесу туралы сұрау салуды алған күннен бастап күнтізбелік 14 күннен аспайтын мерзімде өткізіледі.
4. Әңгімелесуді өткізу күні, уақыты және орны әрбір нақты жағдайда Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдарымен келісіледі.
6-бап
Реадмиссия туралы сұрау салудың мазмұны және оны жіберу
тәртібі, оған жауап жіберу тәртібі
1. Осы Атқару хаттамасына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған реадмиссия туралы сұрау салуды сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органы сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органына пошта байланысы арқылы және ақпарат берудің техникалық құралдарының көмегімен жібереді.
2. Тараптар мемлекеттері азаматтарының реадмиссиясы туралы сұрау салуға реадмиссияға жататын адамда сұрау салынатын Тарап мемлекетінің азаматтығы бар екендігін растайтын не азаматтығы бар деп ұйғаруға негіз болатын осы Атқару хаттамасына 2 және 4-баптарында көзделген, сұрау салушы Тараптың иелігінде бар құжаттар қоса беріледі.
3. Үшінші мемлекеттер азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың реадмиссиясы туралы сұрау салуға олардың бар болуы көрсетілген адамдардың реадмиссиясы үшін негіздердің бар екенін растайтын немесе негіздер бар деп ұйғаруға негіз болатын, осы Атқару хаттамасының 3 және 4-баптарында көрсетілген сұрау салушы Тараптың иелігінде бар құжаттар қоса беріледі.
4. Қажет болған жағдайда сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органы реадмиссия туралы сұрау салудың «Б» тармағында реадмиссияға жататын адамның аса қауіптілігі және денсаулығының жағдайы туралы қосымша ақпаратты көрсетеді.
5. Реадмиссия туралы сұрау салуға жауапты сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органына Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы Келісімнің 4-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімде пошта байланысы арқылы және ақпарат берудің техникалық құралдарының көмегімен жазбаша нысанда жібереді.
7-бап
Транзит туралы сұрау салуды жіберу және оған жауап беру тәртібі
1. Осы Атқару хаттамасына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған транзит туралы сұрау салуды сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органы Келісімнің 7-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органына пошта байланысы арқылы және ақпарат берудің техникалық құралдарының көмегімен жібереді.
2. Қажет болған жағдайда сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органы транзит туралы сұрау салудың «Б» тармағында транзитке жататын адамның аса қауіптілігі және денсаулығының жағдайы туралы қосымша ақпаратты көрсетеді.
3. Сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органына транзит туралы сұрау салуға жауапты Келісімнің 7-бабының 4-тармағында белгіленген мерзімдерде сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы пошта байланысы және ақпарат берудің техникалық құралдарының көмегімен жазбаша нысанда жібереді.
8-бап
Реадмиссияға немесе транзитке жататын адамға еріп жүру
1. Еріп жүру арқылы адамның реадмиссиясы немесе транзиті қажет болған жағдайда сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органы сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органына еріп жүретін адамдардың аттарын, тектері мен лауазымдарын, олардың паспорттарының түрін, нөмірін, берілген күні мен жарамдылық мерзімін, сондай-ақ олардың сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағында болуының болжамды мерзімдерін хабарлайды.
2. Еріп жүретін адамдар сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағында болған уақытта оның заңнамасын сақтайды.
3. Еріп жүретін адамдар азаматтық киімде болуға, сондай-ақ олардың өзімен бірге жарамды паспорттары мен реадмиссияға немесе транзитке қатысты келісілген уағдаластық туралы куәландыратын құжаттары болуға тиіс.
4. Еріп жүретін адамдар өздерімен бірге қаруды және сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағында шектелген немесе айналымнан алынған өзге де заттарды алып жүре алмайды.
5. Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары еріп жүретін адамдардың сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағында болуын қамтамасыз етуге байланысты барлық мәселелер бойынша бір-бірімен өзара іс-қимыл жасасады. Бұл ретте сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдары қажет болған кезде еріп жүретін адамдарға мүмкіндігінше жәрдем көрсетеді.
9-бап
Реадмиссия немесе транзит рәсімі
1. Адамдардың реадмиссиясы сұрау салынатын Тарап мемлекетінің халықаралық әуежайларында Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде жүзеге асырылады.
2. Адамдардың транзиті Тараптар мемлекеттерінің халықаралық әуежайларының транзиттік аймақтарында жүзеге асырылады.
3. Реадмиссияның немесе транзиттің күні мен уақыты, сондай-ақ осы мақсаттарда пайдаланылатын Тараптар мемлекеттерінің халықаралық әуежайларында Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері әрбір нақты жағдайда Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдарының өзара келісуі бойынша белгіленеді.
4. Сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органы реадмиссияға жататын адамды берудің жоспарланған күніне дейін 5 жұмыс күнінен кешіктірмей сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органын осындай берудің шарттары туралы хабардар етеді.
Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы осындай ақпаратты алған күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органын беру шарттарының қолайлылығы туралы хабардар етеді.
5. Егер сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органы ұсынған беру шарттары сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы үшін қолайсыз болған жағдайда, берудің басқа шарттары мүмкіндігінше қысқа мерзімде келісілуге тиіс.
10-бап
Тілі
Келісімнің және осы Атқару хаттамасының ережелерін іске асыру мақсатында осы Атқару хаттамасына 1, 2, 3, 4-қосымшаларда көзделген құжаттарды Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары орыс тілінде ресімдейді.
11-бап
Шығыстар
1. Сұрау салынатын Тараптың реадмиссияны немесе транзитті жүзеге асыру кезінде жұмсаған шығыстарын сұрау салушы Тарап екі тарапқа қолайлы валютада, Келісімнің 9-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес жұмсалған шығыстарды растайтын қаржылық құжаттары қоса берілген жұмсалған шығыстар туралы хабарламаны алған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде өтейді.
2. Қате берілген адамдарды беру кезінде бір Тараптың жұмсаған шығыстарын Келісімнің 9-бабының 3-тармағына сәйкес екінші Тарап жұмсалған шығындарды растайтын қаржылық құжаттар қоса берілген жұмсалған шығыстар туралы хабарламаны өзінің алған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде екі Тарап үшін қолайлы валютада өтейді.
12-бап
Қосымшалар
Осы Атқару хаттамасына 1, 2, 3, 4-қосымшалар оның ажырамас бөлігі болып табылады.
13-бап
Қорытынды ережелер
1. Осы Атқару хаттамасы Келісімнің 15-бабының 1-тармағына сәйкес күшіне енеді және өз қолданысын тоқтатады.
2. Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Атқару хаттамасына оның ажырамас бөліктері болып табылатын және тиісті хаттамамен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
2013 жылғы «___» __________ _________ қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі екі мәтіннің бірдей заңды күші бар.
Осы Атқару хаттамасының ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді пайдаланады.
Қазақстан Республикасының |
Беларусь Республикасының |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Беларусь Республикасының Үкіметі
арасындағы реадмиссия туралы келісімді
іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының
Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімге сәйкес
реадмиссияға жататын адамның
ӨТІНІШІ
2013 жылғы «___» _____________
1. Тегі, аты, әкесінің аты, екінші аты (тегінің астын сызып
көрсетіңіз __________________________________________________________
_____________________________________________________________________
2. Тұрмысқа дейінгі тегі ____________________________________________
3. Туған күні мен жері ______________________________________________
4. Жеке басын куәландыратын құжаты __________________________________
5. Азаматтығы _______________________________________________________
6. Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағында тұратын жақын
туыстары туралы мәліметтер __________________________________________
_____________________________________________________________________
7. Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағындағы тұрғылықты жерінің
мекенжайы ___________________________________________________________
8. Сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағына кірген күні
_____________________________________________________________________
9. Сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағына кіру тәсілі
_____________________________________________________________________
10. Сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағына кіру мақсаты
_____________________________________________________________________
11. Өзге де мәліметтер ______________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________
(жеке қолы)
2013 жылғы «___» ____________
Өтініш толтырылған жер ______________________________________________
__________________________________________ __________________
(Сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті (аты-жөні, тегі)
органы лауазымды адамының қолы)
М.О.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Беларусь Республикасының Үкіметі
арасындағы реадмиссия туралы келісімді
іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасына
2-қосымша
Сұрау салушы Тарап мемлекетінің елтаңбасы
_______________________________
(Сұрау салушы Тарап мемлекеті
құзыретті органының атауы) ______________________________
(орны мен күні)
Нөмірі _________________________________
Кімге __________________________________
(Сұрау салынатын Тарап құзыретті
органының атауы)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының
Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімді іске асыру тәртібі
туралы атқару хаттамасының 5-бабына сәйкес әңгімелесу өткізу туралы
сұрау салу
2013 жылғы «___» ____________
Сурет |
А. Дербес деректер
1. Тегі, аты, әкесінің аты, екінші аты (тегінің астын сызып
көрсетіңіз) _________________________________________________________
2. Тұрмысқа дейінгі тегі ____________________________________________
_____________________________________________________________________
3. Туған күні мен жері ______________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Жынысы және сыртқы келбетінің сипаттамасы (бойы, көзінің түсі,
айрықша белгілері және басқалары)
_____________________________________________________________________
5. Сондай-ақ танымал (адам пайдаланатын, танымал болған бұрынғы
аттары, өзге де аттары немесе лақап аттары __________________________
_____________________________________________________________________
6. Азаматтығы мен тілі ______________________________________________
7. Отбасы жағдайы: үйленген (тұрмыста) бойдақ ажырасқан
тұл ер адам (жесір)
Жұбайының аты (егер үйленген, тұрмыста болса) және оның тұрған жері
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Балаларының аттары және жасы (егер болса) және олардың тұрған жерлері
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
8. Сұрау салушы Тарап мемлекетінде соңғы тұрған жері
_____________________________________________________________________
9. Сұрау салынатын Тарап мемлекетіндегі соңғы мекенжайы _____________
_____________________________________________________________________
10. Жүріп-тұру бағыттары туралы мәліметтер __________________________
_____________________________________________________________________
11. Денсаулық жағдайы _______________________________________________
12. Қолында бар құжаттары:
_________________________________ ____________________________
(құжат түрі) (берген күні және орны)
_________________________________ ____________________________
(құжат берген орган) (мерзімі өткен күні)
Б. Ескертпе
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Әңгімелесу өткізілген орын __________________________________________
__________________________________________ ________________________
(Сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті (аты-жөні, тегі)
органы лауазымды адамының қолы)
М.О.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Беларусь Республикасының Үкіметі
арасындағы реадмиссия туралы келісімді
іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасына
3-қосымша
Сұрау салушы Тарап мемлекетінің елтаңбасы
_______________________________ _____________________________
(Сұрау салушы Тарап мемлекеті (орны мен күні)
құзыретті органының атауы)
Нөмірі _______________________________
Кімге ________________________________
(Сұрау салынатын Тарап құзыретті
органының атауы)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының
Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімді іске асыру тәртібі
туралы атқару хаттамасының 6-бабына сәйкес реадмиссия туралы сұрау
салу
2013 жылғы «___» ______________
Сурет |
А. Дербес деректер
1. Тегі, аты, әкесінің аты, екінші аты (тегінің астын сызып
көрсетіңіз) _________________________________________________________
2. Тұрмысқа дейінгі тегі ____________________________________________
_____________________________________________________________________
3. Туған күні мен жері ______________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Жынысы және сыртқы келбетінің сипаттамасы (бойы, көзінің түсі,
айрықша белгілері және басқалары)
_____________________________________________________________________
5. Сондай-ақ танымал (адам пайдаланатын, танымал болған бұрынғы
аттары, өзге де аттары немесе лақап аттары __________________________
_____________________________________________________________________
6. Азаматтығы мен тілі ______________________________________________
7. Берілген тұруға ықтиярхаттар, уақытша тұруға арналған рұқсаттар
немесе визалар туралы мәліметтер ____________________________________
8. Отбасы жағдайы: үйленген (тұрмыста) бойдақ ажырасқан
тұл ер адам (жесір)
Жұбайының аты (егер үйленген, тұрмыста болса) және оның тұрған жері
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Балаларының аттары және жасы (егер болса) және олардың тұрған жерлері
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
9. Сұрау салушы Тарап мемлекетінде соңғы тұрған жері ________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
10. Сұрау салынатын Тарап мемлекетіндегі соңғы мекенжайы ____________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
11.Жүріп-тұру бағыттары туралы мәліметтер ___________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
12. Адамның сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағына заңсыз кіргені
немесе болғаны туралы шешім қабылдаудың негізі ______________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Б. Берілетін адамға қатысты ерекше мән-жайлар
1. Денсаулық жағдайы (ерекше медициналық күтім қажеттілігін көрсету,
жұқпалы аурудың атауы және басқасы) _________________________________
_____________________________________________________________________
2. Адамның аса қауіптілігі туралы белгі (қылмыс жасағаны үшін
күдікті, агрессиялық мінез-құлыққа бейімділігі және басқасы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
В. Азаматтық тиесілілігінің қоса берілетін дәлелдемелері
1. Азаматтық тиесілілігін растайтын құжаттар:
_________________________________ _____________________________
(құжат түрі) (берген күні мен орны)
_________________________________ _____________________________
(құжатты берген орган) (мерзімі өтетін күні)
2. Азаматтық тиесілілігін болжауға негіз беретін құжаттар мен
мәліметтер __________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Г. Ескертпе
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
__________________________________________ ____________________
(Сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті (аты-жөні, тегі)
органы лауазымды адамының қолы)
М.О.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Беларусь Республикасының Үкіметі
арасындағы реадмиссия туралы келісімді
іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасына
4-қосымша
Сұрау салушы Тарап мемлекетінің елтаңбасы
_______________________________ _____________________________
(Сұрау салушы Тарап мемлекеті (орны мен күні)
құзыретті органының атауы)
Нөмірі _______________________________
Кімге ________________________________
(Сұрау салынатын Тарап құзыретті
органының атауы)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының
Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімді іске асыру тәртібі
туралы атқару хаттамасының 7-бабына сәйкес транзит туралы
сұрау салу
2013 жылғы «___» _______________
Сурет |
А. Дербес деректер
1. Тегі, аты, әкесінің аты, екінші аты (тегінің астын сызып
көрсетіңіз) _________________________________________________________
2. Тұрмысқа дейінгі тегі ____________________________________________
_____________________________________________________________________
3. Туған күні мен жері ______________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Жынысы және сыртқы келбетінің сипаттамасы (бойы, көзінің түсі,
айрықша белгілері және басқалары) ___________________________________
_____________________________________________________________________
5. Сондай-ақ танымал (адам пайдаланатын, танымал болған бұрынғы
аттары, өзге де аттары немесе лақап аттары __________________________
____________________________________________________________________
6. Азаматтығы мен тілі ______________________________________________
7. Жол жүру құжатының түрі мен нөмірі _______________________________
_____________________________________________________________________
Б. Берілетін адамға қатысты ерекше мән-жайлар
1. Денсаулық жағдайы (ерекше медициналық күтім қажеттілігін көрсету,
жұқпалы аурудың атауы және басқасы) _________________________________
_____________________________________________________________________
2. Адамның аса қауіптілігі туралы белгі (қылмыс жасағаны үшін
күдікті, агрессиялық мінез-құлыққа бейімділігі және басқасы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
В. Транзиттік операция
1. Межелі мемлекет __________________________________________________
_____________________________________________________________________
2. Басқа да ықтимал транзит мемлекеттері ____________________________
_____________________________________________________________________
3. Мемлекеттік шекараны болжамды кесу орны, күні, уақыты
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Ілесіп жүретін адамдар туралы мәліметтер: ________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Г. Ескертпе
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Басқа транзит мемлекетінің және (немесе) межелі мемлекеттің кепілді
адамды қабылдауы
__________________________________________ ____________________
(Сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті (аты-жөні, тегі)
органы лауазымды адамының қолы)
М.О.