Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Конкурстан тыс рәсімдер арқылы 2013 - 2015 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 353 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) мұнай-газ саласында пайдаланылатын флотореагенттерді техникалық күкірттен, жаңа катализаторлардан және химиялық реагенттерден алу технологияларын әзірлеу және оларды өндіріске енгізу.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов