«Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес конкурстан тыс рәсімдерді республикалық бюджеттен 2013 – 2015 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша жүзеге асырылады деп белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 15 сәуірдегі
№ 353 қаулысына
қосымша
Бағдарламалық-нысаналы қаржыландырылуы конкурстан тыс рәсімдер
арқылы республикалық бюджеттен жүзеге асырылатын
ғылыми-техникалық бағдарламалар
Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 03.10.2013 № 1047 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 04.11.2013 N 1161 қаулыларымен.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі:
1) Қазақстан Республикасының көмір-химия саласын дамытуды ғылыми-технологиялық қамтамасыз ету;
2) жоғары тұтқыр мұнайды, табиғи битумдарды және жанғыш тақтатастарды өндіру, тасымалдау және кешенді өңдеу технологияларын әзірлеу;
3) топырақты биологиялық азотпен байытуға және бұршақ тұқымдастарының өнімділігін арттыруға арналған «Ризовит-АКС» сериясының биопрепараттарын өндіру технологияларын әзірлеу және ұйымдастыру;
4) «Астана – жаңа қала» АЭА» индустриялық паркінің аумағында жеке меншік жарық диодтары мен жарық диодты шамшырақтарды ғылыми-технологиялық қамтамасыз ету және олардың өндірісін құру;
5) роботтық техникалық жүйелер үшін 3 өлшемді машиналық шолудың зияткерлік жүйесін әзірлеу;
6) азық-түлік бағдарламасын іске асыру үшін агробиологиялық алуан түрлілік гендік қорын байыту мен сақтап қалудың көзі ретінде Қазақстанның дақылды өсімдіктерінің жабайы туыстарының ботаникалық алуан түрлілігі;
7) қатерлі сүт безі ісігі кезінде геномының алдын алу және болжау үшін оның құрылымдық-функционалдық ерекшелігі;
8) 2013 – 2015 жылдарға арналған халықаралық ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалар;
9) мұнай-газ саласында пайдаланылатын флотореагенттерді техникалық күкірттен, жаңа катализаторлардан және химиялық реагенттерден алу технологияларын әзірлеу және оларды өндіріске енгізу;
10) ЭКСПО - 2017 шеңберінде 2013 - 2017 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының таза энергия көздерін әзірлеу;
11) Қазақстан Республикасының аумағында жалпы сейсмикалық аймаққа бөлудің 2013 - 2015 жылдарға арналған картасын әзірлеу;
12) эпидемиялық өзекті өңірлерде жабайы фаунаны қауіпті патогендердің болуына мониторингілеу және зерделеу және Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 2013 - 2015 жылдарға арналған кешенді профилактикалық іс-шараларды әзірлеу;
13) 2013 - 2015 жылдарға арналған қазақ жазуын жаңа ұлттық әліпбиге көшірудің ғылыми негіздерін кешенді зерттеу.