"Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 қазандағы № 1051 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1011 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 528-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi туралы ережеде:
      16-тармақта:
      «Орталық аппараттың функцияларында»:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын әзірлеу және бағалау;»;
      147) және 152) тармақшалар алынып тасталсын;
      «Ведомствоның функцияларында» 13) тармақша алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады