"Салық салу мәселелері жөнінде консультациялық кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1314 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 қазандағы № 1080 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 546 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Yкiметiнiң 29.09.2016 № 546 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Салық салу мәселелері жөнінде консультациялық кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1314 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен құрылған Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңес құрамына:

      Қайыпжан - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының

      Нұржан Үсіпханұлы судьясы (келісім бойынша) енгізілсін;

      көрсетілген құрамнан Ғалия Ақатайқызы Мақажанова, Ұзақбай Сүлейменұлы Қарабалин шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады