"Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1112 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен

«Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің
мәселелері» Қазакстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24
қарашадағы № 1232 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы
18 қазандағы № 1112 қаулысына баспасөз-релизі

      «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағында тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Көлік мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 4 шілдегі Заңына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121 Заңына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру мақсатында әзірленді.
      Аталған қаулының мақсаты Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі туралы ережені жоғарыда көрсетілген заңдарға сәйкес келтіру болып табылады.
      Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға соқтырмайды.

      Қазақстан Республикасы
      Көлік және коммуникация
      министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз