Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 528 қаулысымен

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

      "Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Үкіметі 2013 жылғы 18 қазанда № 1116 қаулысын қабылдады.

      Қағидалар "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілер тізбесінің 8 - тармағын жүзеге асыру мақсатында әзірленді.

      Жоғарыда аталған қағидалар міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттердің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кэсіптік зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына есептеуінің, ұстап қалуының (қоса есептеудің) және аударуының тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз