"Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеудi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1118 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 501 қаулысымен

ПРЕСС-РЕЛИЗ

      Қазақстан Республикасы Үкіметімен 2013 жылғы 18 қазанда № 1118 «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеуді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысы (бұдан әрі - қаулы) қабылданды.
      Бұл қаулы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 18 шілдедегі № 111 -р өкімімен бекітілген «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдау қажет Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық және өзге де актілері тізбесінің 16-тармағына сәйкес әзірленген.
      Жобаны қабылдау мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеуді жүзеге асыру тәртібін реттеуге мүмкіндік береді.

      Қазақстан Республикасы
      Еңбек және халықты әлеуметтік
      қорғау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз