1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары және өзге де мемлекеттік органдар (келісім бойынша):
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеп, заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2013 жылғы 18 шілдедегі
№ 111-ө өкімімен
бекітілген
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында
зейнетақымен қамсыздандыру туралы» және «Қазақстан
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен
қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы заңдарын іске асыру
мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің
тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 04.10.2013 № 163-ө өкімімен.
Р/с № |
Нормативтік құқықтық актінің атауы |
Актінің нысаны |
Орындауға жауапты мемлекеттік органдар |
Орындау мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңестің кейбір мәселелері туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің |
ҰБ (келісім бойынша) (жинақтау), ЭБЖМ, Қаржымині, Еңбекмині |
2013 жылғы |
2. |
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині (жинақтау), ЭБЖМ, БҚА, Еңбекмині, ҰБ (келісім бойынша) |
2013 жылғы |
3. |
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ҰБ (келісім бойынша) (жинақтау), Еңбекмині, ЭБЖМ, Қаржымині |
2013 жылғы |
4. |
Қызметкердің міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарын есептеу үшiн қабылданатын ай сайынғы табысын айқындау қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Еңбекмині (жинақтау), ЭБЖМ, Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша) |
2013 жылғы |
5. |
Салымшылар өз қаражаты есебiнен олардың пайдасына міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын өндірістердің, жұмыстардың, қызметкерлер кәсiптерiнiң тiзбесiн бекiту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Еңбекмині, (жинақтау), ЭБЖМ, Қаржымині, ИЖТМ, ӨДМ, ККМ, ҰБ (келісім бойынша) |
2013 жылғы |
6. |
Толық маусым ішіндегі жұмыс зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін бір жылғы жұмыс еңбек өтіліне есепке алынатын өнеркәсiптiң маусымдық салаларының тiзiмi және Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін бiр жарым есе мөлшерде тағайындауға еңбек өтілін жеңілдікпен есептеу үшін сот-медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыстар тiзбесiн бекiту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Еңбекмині (жинақтау), ЭБЖМ, ДСМ |
2013 жылғы |
7. |
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Орталықпен салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары туралы ақпарат алмасуы қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Еңбекмині (жинақтау), ЭБЖМ, Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша) |
2013 жылғы |
8. |
Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Еңбекмині (жинақтау), ЭБЖМ, Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша) |
2013 жылғы |
9. |
Агенттер 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтік жеке кодының және (немесе) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорлармен жасасқан зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартының болмауына байланысты, тұрған жері белгісіз бұрынғы қызметкерлердің табыстарынан ұстап қалған және аудармаған міндетті зейнетақы жарналарын бюджетке аудару қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Еңбекмині (жинақтау), ЭБЖМ, Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша) |
2013 жылғы |
10. |
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптiк зейнетақы жарналарының есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетiн зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру қағидаларын және Зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеуді жүзеге асыру әдiстемесiн бекiту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Еңбекмині (жинақтау), ЭБЖМ, Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша) |
2013 жылғы |
11. |
Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерін тағайындау мен төлеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қорғанысмині (жинақтау), ІІМ, ТЖМ, ЭБЖМ, Еңбекмині, Қаржымині, БП (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша), ПКҚ (келісім бойынша), РҰ (келісім бойынша), «Сырбар» СБҚ (келісім бойынша), ЭҚСЖҚА (келісім бойынша) |
2013 жылғы |
12. |
Әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қорғанысмині (жинақтау), ІІМ, ТЖМ, Еңбекмині, БП (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша), ПКҚ (келісім бойынша), РҰ (келісім бойынша), «Сырбар» СБҚ (келісім бойынша), ЭҚСЖҚА (келісім бойынша) |
2013 жылғы |
13. |
Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Еңбекмині (жинақтау), ЖС (келісім бойынша), Қаржымині, ЭБЖМ, ҰБ (келісім бойынша) |
2013 жылғы |
14. |
Алынып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің 04.10.2013 № 163-ө өкімімен. |
|||
15. |
«Зейнетақы төлемдерін алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 12 ақпандағы № 125 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Еңбекмині (жинақтау), ЭБЖМ, Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша) |
2013 жылғы |
16. |
«Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеуді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысына өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Еңбекмині (жинақтау), ЭБЖМ, Қаржымині |
2013 жылғы |
17. |
«Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 4 тамыздағы № 926 қаулысына өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Еңбекмині (жинақтау), ЭБЖМ, Қаржымині, БҚА, ҰБ (келісім бойынша) |
2013 жылғы |
18. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Еңбекмині (жинақтау), ЭБЖМ, Әділетмині, ІІМ, ҰБ (келісім бойынша) |
2013 жылғы |
19. |
Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Еңбекмині (жинақтау), ЭБЖМ, БҚА, Әділетмині, |
2013 жылғы |
20. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині (жинақтау), ЭБЖМ, ИЖТМ, ӨДМ, ККМ, ТМРА, ДСМ, АШМ, МАМ |
2013 жылғы |
21. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Еңбекмині (жинақтау), ЭБЖМ, Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша) |
2013 жылғы |
22. |
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 466 қаулысына өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині (жинақтау), ЭБЖМ, ҰБ (келісім бойынша) |
2013 жылғы |
23. |
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беру қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысы |
ҰБ (келісім бойынша) (жинақтау), Еңбекмині |
2013 жылғы |
24. |
Зейнетақы активтерін есепке алуды және бағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысы |
ҰБ (келісім бойынша) |
2013 жылғы |
25. |
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақы алу қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысы |
ҰБ (келісім бойынша) (жинақтау), Еңбекмині |
2013 жылғы |
26. |
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысы |
ҰБ (келісім бойынша) |
2013 жылғы |
27. |
Бағалы қағаздар нарығының субъектісіне және (немесе) ірі қатысушы белгілеріне ие тұлғаға, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысы |
ҰБ (келісім бойынша) |
2013 жылғы |
28. |
Бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысы |
ҰБ (келісім бойынша) |
2013 жылғы |
29. |
Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы жинақтарының есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысы |
ҰБ (келісім бойынша) (жинақтау), Еңбекмині |
2013 жылғы |
30. |
Инвестициялық портфельді басқаруды, брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және ұсыну қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысы |
ҰБ (келісім бойынша) (жинақтау), СА |
2013 жылғы |
31. |
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының есептілікті ұсыну тізбесін, нысандарын, мерзімдері мен қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысы |
ҰБ (келісім бойынша) (жинақтау), СА, Еңбекмині |
2013 жылғы |
32. |
Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының кастодиан-банктерінің есептілікті ұсыну тізбесін, нысандарын, мерзімдері мен қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысы |
ҰБ (келісім бойынша) (жинақтау), СА |
2013 жылғы |
33. |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды мақұлдау туралы |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысы (құқықтық акт) |
ҰБ (келісім бойынша) |
2013 жылғы |
34. |
Зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан сақтандыру ұйымына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына аудару қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысы |
ҰБ (келісім бойынша) |
2013 жылғы |
35. |
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысы |
ҰБ (келісім бойынша) (жинақтау), Еңбекмині |
2013 жылғы |
36. |
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің есебінен инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысы |
ҰБ (келісім бойынша) |
2013 жылғы |
37. |
Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде жүзеге асыратын инвестициялық портфельді басқарушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдар жасауды тапсырған кезде оларға қойылатын талаптарды қоса алғанда, оларды таңдау қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысы |
ҰБ (келісім бойынша) |
2013 жылғы |
38. |
Сақтандыру ұйымы не тәуелсіз сарапшы жүзеге асыратын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін, жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары, зейнетақы аннуитетінің үлгі шарты бойынша істі жүргізуге жұмсалатын шығыстарының шекті деңгейін есептеу әдістемесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысы |
ҰБ (келісім бойынша) |
2013 жылғы |
39. |
Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасау қағидаларын және үлгі нысанын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысы |
ҰБ (келісім бойынша) |
2013 жылғы |
40. |
Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін пруденциялық нормативтердің тізбесін, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін, сондай-ақ есептілік нысандары мен ұсыну мерзімдерін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысы |
ҰБ (келісім бойынша) |
2013 жылғы |
41. |
«Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 76 қаулысына өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысы |
ҰБ (келісім бойынша) |
2013 жылғы |
42. |
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысы |
ҰБ (келісім бойынша) |
2013 жылғы |
43. |
Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының инвестициялық портфельді басқарушының меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентін қолдауы жөніндегі шаралар туралы нұсқаулықты бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысы |
ҰБ (келісім бойынша) |
2013 жылғы |
44. |
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларында сақталуға жататын негізгі құжаттардың тізбесін және оларды сақтау мерзімдерін белгілеу туралы |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысы |
ҰБ (келісім бойынша) (жинақтау), МАМ, Еңбекмині |
2013 жылғы |
45. |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысы |
ҰБ (келісім бойынша) (жинақтау), СА |
2013 жылғы |
46. |
Ерікті жинақтаушы зейнетақы жарналарын тарту, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді беру, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын ерiктi және мәжбүрлі тарату жүргізу құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға лицензияны ерікті түрде қайтару қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысы |
ҰБ (келісім бойынша) |
2013 жылғы |
47. |
Зейнетақы активтері мен жинақтарын есепке алу үшін автоматтандырылған ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптарды бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысы |
ҰБ (келісім бойынша) (жинақтау), Еңбекмині |
2013 жылғы |
48. |
Банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларының, сақтандыру холдингтерінің есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысы |
ҰБ (келісім бойынша) |
2013 жылғы |
49. |
Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ерікті зейнетақы жарналарын тарту қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысы |
ҰБ (келісім бойынша) |
2013 жылғы |
50. |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру және қосылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін беру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 56 және «Жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 4 шілдедегі № 204 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысы |
ҰБ (келісім бойынша) |
2013 жылғы |
51. |
«Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2009 жылғы 26 қыркүйектегі № 209 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысы |
ҰБ (келісім бойынша) |
2013 жылғы |
52. |
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқарушы шетелдік ұйымдарға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдарды жасауды тапсырған кезде оларға қойылатын талаптарды қоса алғанда, оларды таңдау қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысы |
ҰБ (келісім бойынша) |
2013 жылғы |
53. |
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысы |
ҰБ (келісім бойынша) |
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін орналастыру үшін рұқсат етілген құралдар тізбесін мақұлдағаннан кейін екі ай ішінде |
54. |
Банктердің металл шоттарды ашу, жүргізу және жабу қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысы |
ҰБ (келісім бойынша) |
2013 жылғы |
55. |
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысы |
ҰБ (келісім бойынша) |
2013 жылғы |
56. |
1998 жылғы 1 қаңтардан бергі кезеңдегі табыстың жинақтаушы зейнетақы қорларына және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкестігін белгілеу қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң бұйрығы |
Еңбекмині |
2013 жылғы |
57. |
Мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын және мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тiзiмiн қалыптастыру қағидаларын және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының электрондық құжат айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа салымшылармен мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәлiметтердi ұсыну қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң бұйрығы |
Еңбекмині |
2013 жылғы |
58. |
Алынып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің 04.10.2013 № 163-ө өкімімен. |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Еңбекмині – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ЭБЖМ – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
ӨДМ – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі
ҰБ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
ЖС – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
Әділетмині – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
МАМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
Қорғанысмині – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
ТЖМ – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ПКҚ – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі
«Сырбар» СБҚ – Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау қызметі
РҰ – Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы
БП – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
ҚР ҰБ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
ЭҚСЖҚА – Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)
ҰҚК – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
СА – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
БҚА – Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік)
ТМРА – Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі