«Қазақстан Республикасы туристік индустриясының перспективалы
бағыттарын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған
бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2010 жылғы 11 қазандағы № 1048 қаулысына өзгерістер мен
қосымшалар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2013 жылғы 23 қазандағы № 1139 Қаулысына баспасөз- релизі
«Қазақстан Республикасы туристік индустриясының перспективалы бағыттарын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 1048 қаулысына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 қазандағы № 1139 Қаулысы (бұдан әрі-Қаулы), «Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарының күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2013 жылғы 1 тамыздағы № 607 Жарлығын орындау барысында және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен 2013 жылдың 22 сәуірінде өткен кеңестің № 01-7.6 хаттамасына сәйкес әзірленді.
Қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қаулының мақсаты-Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу есебімен, туризм саласын дамытудың кешенді шараларын жүзеге асыру болып табылады.
Қаулыға республика бюджетінен қаржылық шығын жұмсалу көзделмеген және жағымсыз әлеуметтік-экономикалық, құқықтық салдар туғызбайды.
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа
технологиялар министрлігі