"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 шілдедегі № 682 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 қазандағы № 1148 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 шілдедегі № 682 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Сейітханұлы Жошыбаевқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады