"Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1778 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қазандағы № 1154 қаулысы

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының
2013 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1778 қаулысына өзгеріс
пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2013 жылғы 31 қазанындағы № 1154 қаулысының баспасөз
хабарламасы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Заң жобалау қызметінің мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 315-отырысының 2013 жылғы 18 қазандағы хаттамасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1778 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) әзірленді.
      Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.
      Қаулының мақсаты – «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы объектілерінің жұмысына бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізу мерзімін, оны мұқият пысықтау мақсатында ағымдағы жылдың қазан айынан қарашасына ауыстыру.
      Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқпайды және республикалық бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді.

      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және жаңа
      технологиялар министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз