Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің жобасы (жаңа редакция) Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
КОДЕКСІ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Мазмұны
1-бөлiм. Жалпы ережелер
1-тарау. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнама
1-бап. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасы
2-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықтың негiзi
3-бап. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылық туралы заңнамасының кеңiстiк жағынан қолданылуы
4-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылық туралы заңнаманың уақыт жағынан қолданылуы
5-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңның керi күшi
2-тарау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың міндеттері мен қағидаттары
6-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнаманың мiндеттерi
7-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнама қағидаттарының маңызы
8-бап. Заңдылық
9-бап. Заң және сот алдындағы теңдiк
10-бап. Кiнәсiздiк презумпциясы
11-бап. Кiнә қағидаты
12-бап. Қайтадан әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға жол берiлмеушiлiк
13-бап. Ізгілік қағидаты
14-бап. Жеке басқа қол сұқпаушылық
15-бап. Жеке бастың ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн, адамның іскерлік беделін құрметтеу
16-бап. Жеке өмiрге қол сұқпаушылық
17-бап. Меншiкке қол сұқпаушылық
18-бап. Соттың (судьяның) және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органның (лауазымды адамның) тәуелсiздiгi
19-бап. Куә айғақтарын беру мiндетiнен босату
20-бап. Бiлiктi заң көмегiн алуға құқықтарды қамтамасыз ету
21-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудiң жариялылығы
22-бап. Iс жүргiзу барысында қауiпсiздiктi қамтамасыз ету
23-бап. Iс жүргiзу шешiмдерiне дау айту және іс жүргiзу әрекеттерiне шағым жасау еркіндігі
24-бап. Адамның құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiн сот арқылы қорғау
2-бөлiм.Әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жауаптылық
Жалпы бөлім
3-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық
25-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық
26-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қасақана жасау
27-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты абайсызда жасау
4-тарау. Әкiмшiлiк жауаптылық
28-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс тұлғалар
29-бап. Ақыл-естiң дұрыс еместігі
30-бап. Лауазымды адамдардың әкiмшiлiк жауаптылығы
31-бап. Құқық бұзушылықты арнайы техникалық құралдар тiркеген кездегi әкiмшiлiк жауаптылықтың ерекшелiктерi
32-бап. Әскери қызметшілер мен әскери жиындарда жүрген әскери міндеттілердің әкiмшiлiк жауаптылығы
33-бап. Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың әкiмшiлiк жауаптылығы
34-бап.Шетелдiктердiң, шетелдiк заңды тұлғалардың және азаматтығы жоқ адамдардың әкiмшiлiк жауаптылығы
5-тарау. Әкiмшiлiк жауаптылықты болдырмайтын мән-жайлар
35-бап. Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау
36 -бап. Аса қажеттiлiк
37-бап. Күштеп немесе санаға әсер етіп мәжбүрлеу
38-бап. Бұйрықты немесе өкiмдi орындау
6-тарау. Әкiмшiлiк жаза және әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шаралары
39-бап. Әкiмшiлiк жаза ұғымы және мақсаттары
40-бап. Әкiмшiлiк жазалардың түрлерi
41-бап. Негiзгi және қосымша әкiмшiлiк жазалау шаралары
42-бап. Ескерту жасау
43-бап. Әкiмшiлiк айыппұл
44-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған затты, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлiктi тәркiлеу
45-бап. Арнаулы құқықтан айыру
46-бап. Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiктен) айыру не белгiлi бiр қызмет түрiне не белгiлi бiр iс- әрекеттер жасауға оның қолданылуын тоқтата тұру, оның iшiнде тiзiлiмнен алып тастау
47-бап. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру не оған тыйым салу
48-бап. Шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлік жолмен шығарып жіберу
49-бап. Әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шаралары
50-бап. Жол жүрiсi қағидаларын бiлуiн тексеру
51-бап. Құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу
7-тарау. Әкімшілік жаза қолдану
52-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жаза қолданудың жалпы қағидалары
53-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты жеңiлдететiн мән-жайлар
54-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар
55-бап. Бiрнеше әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезде әкiмшiлiк жазалар қолдану
56-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан келтiрiлген зиянды өтеу
57-бап. Әкiмшiлiк жаза мерзiмдерiн есептеу
58-бап. Адамның әкiмшiлiк жазаға ұшырады деп есептелетiн мерзiмі
8-тарау. Әкiмшiлiк жауаптылықтан және әкiмшiлiк жазадан босату
59-бап. Құқық бұзушылық елеусiз болған жағдайда әкiмшiлiк жауаптылықтан босату
60-бап. Мерзiмнiң өтуiне байланысты әкiмшiлiк жауаптылықтан босату
61-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықтан және әкiмшiлiк жазадан рақымшылық жасау актiсi негiзiнде босату
62-бап.Тараптардың бiтiмгершiлiкке келуiне байланысты әкiмшiлiк жауаптылықтан босату
9-тарау. Кәмелетке толмағандардың әкiмшiлiк жауаптылығы
63-бап. Кәмелетке толмағандардың әкiмшiлiк жауаптылығы
64-бап. Кәмелетке толмағандарға әкiмшiлiк жазалар қолданудың ерекшелiктерi
65-бап. Кәмелетке толмаған адамға әкiмшiлiк жаза қолдану
66-бап. Кәмелетке толмағандарды әкiмшiлiк жауаптылықтан және әкiмшiлiк жазадан босату
67-бап. Тәрбиелiк ықпал ету шаралары
68-бап. Тәрбиелiк ықпал ету шараларының мазмұны
69-бап. Мерзiм өтуі
70-бап. Кәмелетке толмаған адам әкiмшiлiк жазаға ұшырады деп есептелетiн мерзiм
Ерекше бөлім
10-тарау. Жеке адамның құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық
71-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға кедергi келтiру
72-бап. Тiл туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
73-бап. Еркiн жүрiп-тұру және тұрғылықты жер таңдау құқығын шектеу
74-бап. Жеке тұлғаға ақпарат беруден бас тарту
75-бап. Медицина қызметкерiнiң еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақты немесе анықтаманы беру қағидаларын бұзуы
76-бап. Медицина қызметкерiнiң рецепттер жазу және дәрiлiк заттарды өткiзу қағидаларын бұзуы
77-бап. Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заңнамасын бұзу
78-бап. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы заңнамасын бұзу
79-бап. Медиацияға қатысушылардың медиацияны жүргiзу барысында белгiлi болған мәлiметтердi жария етуi
80-бап. Адамды еңбек шартын жасамастан жұмысқа жіберу
81-бап. Еңбекке ақы төлеу талаптарын бұзу
82-бап. Еңбек демалысын бермеу
83-бап. Жұмыс уақытының нормасын заңсыз асыру
84-бап. Еңбек саласындағы кемсітушілікке жол беру
85-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын бұзу
86-бап. Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасын бұзу
87-бап. Еңбек қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және еңбектi қорғау қағидаларын бұзу
88-бап. Заңнаманың еңбек жағдайлары бойынша өндіріс объектілеріне аттестаттау жүргізу жөніндегі талаптарын бұзу
89-бап. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеруді қамтамасыз етпеу
90-бап. Өндірістегі жазатайым оқиға фактісін жасыру
91-бап. Заңнаманың ұжымдық шарт, келiсiм жасасу жөнiндегi талаптарын бұзу
92-бап. Халықты жұмыспен қамту туралы заңнаманы бұзу
93-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын бұзу
94-бап. Жеке немесе заңды тұлғаның берген шағымын оған зиянды болатындай етiп бағыттау
11-тарау. Сайлау құқықтарына (республикалық референдумға қатысу құқығына) қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық
95-бап. Лауазымды адамдардың сайлау комиссиясына (республикалық референдум комиссиясына) қажеттi мәлiметтер мен материалдарды табыс етпеуi немесе комиссияның шешiмдерiн орындамауы
96-бап. Сайлау алдындағы үгiтке тыйым салынған кезеңде оны жүргiзу
97-бап. Сайлау алдындағы үгiт жүргiзу құқығына кедергi келтiру
98-бап. Кандидаттар, саяси партиялар туралы көрінеу жалған мәліметтер тарату
99-бап. Сайлау комиссиясы (республикалық референдум комиссиясы) мүшесiнiң құқықтарын бұзу
100-бап. Азаматтардың сайлаушылар тiзiмiмен танысу құқығын бұзу
101-бап. Сайлаушылар (республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар) тізімін жасау үшін сайлаушылар туралы жалған мәліметтер ұсыну
102-бап. Тең сайлау құқығы туралы талапты бұзу
103-бап. Шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгiлi бiр нәтижеге қол жеткiзуге кедергi болатын және (немесе) ықпал ететiн қызметтi жүзеге асыруы
104-бап. Азаматтарға басқа адамдар үшiн дауыс беруге мүмкiндiк жасау мақсатында сайлау бюллетеньдерiн (дауыс беруге арналған бюллетеньдердi) беру
105-бап. Жұмыс берушiнiң сайлауға (республикалық референдумға) қатысу үшiн демалыс беруден бас тартуы
106-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау алдындағы үгiт жүргiзу шарттарын бұзу
107-бап. Бүркеншiк үгiт материалдарын әзiрлеу немесе тарату
108-бап. Үгіт материалдарын қасақана жою, бүлдіру
109-бап. Сайлауды (республикалық референдумды) әзiрлеу мен өткiзуге қаражат жұмсау туралы есептердi бермеу немесе жарияламау
110-бап. Сайлау қорларынан бөлек, сайлау науқанын қаржыландыру немесе оған өзге де материалдық көмек көрсету
111-бап. Сайланбалы мемлекеттiк қызметке кандидаттың не саяси партияның шет мемлекеттерден, ұйымдардан, азаматтардан және азаматтығы жоқ адамдардан қайырмалдықтар алуы
112-бап. Жеке және заңды тұлғалардың кандидаттарға, саяси партияларға олардың жазбаша келiсiмiнсiз қызмет көрсетуi
113-бап. Дауыс беру қорытындылары туралы немесе сайлау(республикалық референдум) нәтижелерi туралы мәлiметтердi табыс етпеу не жарияламау
114-бап. Сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сұрау жүргiзу шарттарын бұзу
115-бап. Дауыстарды санау басталғаннан кейін сайлаушылар (таңдаушылар) тізіміне өзгерістер енгізу
116-бап. Сайлауалдындағы үгіт жүргізудің талаптарын бұзу
117-бап. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар беру шарттарын бұзу
118-бап. Үгіт материалдарын орналастыру
119-бап. Сайлау алдында үгіт жүргізуге республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты жұмсау тәртібін бұзу
120-бап. Кандидаттардың, саяси партиялардың сенім білдірген адамдарының, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің және бақылаушылардың сайлауда заңды қызметін жүргізуіне кедергі келтіру
12-тарау. Кәмелетке толмағандардың құқығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық
121-бап. Кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға тарту
122-бап. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының және (немесе) баланың заңды өкілдерінің тұрғын үйге мұқтаж жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке қою жөніндегі міндеттерді орындамауы
123-бап. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының және (немесе) баланың заңды өкілдерінің жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау жөніндегі міндеттерді орындамауы
124-бап. Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру
125-бап. Он сегiз жасқа толмаған адамдарға темекiнi және темекi бұйымдарын сату және олардың сатуы
126-бап. Кәмелетке толмағандарға эротикалық мазмұндағы заттар мен материалдарды сату
127-бап. Асырап алуға, қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), жеке тұлғалардың отбасына тәрбиелеуге берудi қажет ететiн кәмелетке толмағандар туралы мәлiметтердi табыс ету тәртiбi мен мерзiмдерiн бұзу
13-тарау. Меншікке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық
128-бап. Жерге мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу
129-бап. Жер учаскесіне құқық беру кезінде және жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту кезінде жер заңнамасын бұзу
130-бап. Арнаулы белгiлердi жою
131-бап. Жер қойнауына мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу
132-бап. Кен орны учаскелерiн iрiктеп өңдеу
133-бап. Суға мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу
134-бап. Орманға мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу
135-бап. Жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiне мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу
136-бап. Энергияны немесе суды заңсыз қосу, пайдалану
137-бап. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы заңнаманы бұзу
138-бап. Егістіктердің немесе екпелердің үстімен жүріп өту
139-бап. Егістіктерді, маяларды таптау, егістік жерлерде жиналған ауыл шаруашылығы дақылдарын бүлдіру немесе жойып жіберу, екпелерді зақымдау
140-бап. Мемлекеттiк заттай гранттарды қайтару мерзiмдерiн бұзу
141-бап. Меншiк нысанына қарамастан, террористiк тұрғыдан осал объект басшысының өзiне сенiп тапсырылған объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегi мiндеттердi орындамауы және (немесе) тиiсiнше орындамауы
14-тарау. Кәсіпкерлік қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
142-бап. Шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге әкету немесе жiберу қағидаларын бұзу
143-бап. Шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жiберу үшiн қабылдау қағидаларын бұзу
144-бап. Заңсыз кәсiпкерлiк
145-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салу белгiленген адамның осындай қызметпен айналысуы
146-бап. Заңсыз банктік қызмет
147-бап. Мәдениет саласындағы заңнаманың талаптарын бұзу
148-бап. Көрiнеу жалған жарнама
149-бап. Бөтен тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын, тауар шығарылған жердің атауын немесе фирмалық атауды заңсыз пайдалану
150-бап. Кредиторлық берешектi өтеуден жалтару
151-бап. Монополистік қызмет
152-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк монополия туралы заңнамасын бұзу
153-бап. Нарық субъектiлерiнiң экономикалық шоғырлану кезiндегі заңсыз iс-әрекеттерi
154-бап. Монополияға қарсы органның нұсқамаларын орындамау. Ақпарат беру жөнiндегi мiндеттемелердi бұзу және үй-жай мен аумаққа кiруге кедергi жасау
155-бап. Мемлекеттiк, жергілікті атқарушы органдардың бәсекеге қарсы iс-әрекетi, жосықсыз бәсеке
156-бап. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын бұзу
157-бап. Электр энергиясын өткізу (сату) тәртібін бұзу
158-бап. Реттелетін нарық субъектілерінің міндеттерді бұзуы
159-бап. Реттелетін нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін сақтамауы
160-бап. Энергия өндіруші ұйымның инвестициялық бағдарламаны орындамауы
161-бап. Қазақстан Республикасының биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзу
162-бап. Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасының талаптарын бұзу
163-бап. Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін, тауарлық және сұйытылған мұнай газын өткізудің шекті бағаларын асырып жіберу
164-бап. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын бұзу
165-бап. Лауазымды адамдардың кәсiпкерлiк қызметке заңсыз араласуы
166-бап. Кәсіпқой спорт жарыстарының және коммерциялық ойын-сауық конкурстарының қатысушылары мен ұйымдастырушыларын сатып алу
167-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібін бұзу
168-бап. Банкроттық кезiндегi құқыққа қайшы іс-әрекеттер
169-бап. Конкурстық, оңалтушы басқарушылардың, сырттай байқау әкімшісінің Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасын бұзуы
170-бап. Көпшiлiк сауда-саттықтар, аукциондар мен конкурстар өткiзудiң белгiленген тәртiбiн бұзу
171-бап. Әдейi банкрот болу
172-бап. Жалған банкроттық
173-бап. Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасын бұзу
174-бап. Коммерциялық құпияны, банк құпиясын, кредиттік бюроның кредиттік тарих дерекқорынан алынған кредиттік есептердің мәліметтерін немесе ақпаратты сақтау мiндетiн бұзу
175-бап. Сақтандыру немесе зейнетақы жинақтарының құпиясын немесе микрокредит беру құпиясын сақтау мiндетiн бұзу
176-бап. Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасын бұзу
177-бап. Сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалғаны туралы ақпаратты ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау
178-бап. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi мен мерзімдерін бұзу
15-тарау. Сауда және қаржы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
179-бап. Тұтынушыларды алдау
180-бап. Арнайы техникалық құралдар сату тәртiбiн бұзу
181-бап. Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттеу саласындағы заңнамасын бұзу
182-бап. Төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдердi қабылдаудан бас тарту
183-бап. Дара кәсіпкерде немесе заңды тұлғада төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (қондырғының) болмауы
184-бап. Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау
185-бап. Темекi бұйымының маркасын пайдалану
186-бап. Заңнаманың темекі және темекі бұйымдары туралы ақпарат жөніндегі талаптарын бұзу
187-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының темекі және темекі бұйымдарын сату жөніндегі, сондай-ақ темекі бұйымдарын имитациялайтын тауарларды өндіру, сату және тарату жөніндегі талаптарын бұзу
188-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу
189-бап. Тауарлардың сауда желілеріне немесе ірі сауда объектілеріне жетуін шектеу
190-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерден асуы
191-бап. Тауарларды құжаттарсыз сату
192-бап. Белгiленбеген орындарда сауда жасау
193-бап. Байланысты гранттар қаражатының түсiмдерiн қоспағанда, бюджетке төленетiн салықтық емес төлемдердi және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді толық және уақтылы төлемеу
194-бап. Ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын қабылдаудан бас тарту
195-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын бұзу
196-бап. Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңнамасының талаптарын бұзу
197-бап. Тіркеу куәлігінде көзделген жағдайларда валюталық шартты (түпнұсқаны немесе оның көшірмесін) ұсынбай валюталық операциялар бойынша ақша төлемдерiн және аударымдарын жүргiзу
198-бап. Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасының талаптарын бұзу
199-бап. Қаржы ұйымдарының және өзге де тұлғалардың қаржы және өзге есептілікті беру мерзiмдерiн бұзу
200-бап. Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарын бұзу
201-бап. Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу
202-бап. Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін бұзу
203-бап. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бюджеттік инвестициялар нәтижелеріне қол жеткізбеуі
204-бап. Валюталық бақылау агенттерінің есептемені беру тәртібін және мерзімдерін бұзуы
205-бап. Уәкілетті банктердің сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетел валютасын пайдалану бағыттарының мониторингін жүзеге асыру мақсаттары үшін есептеме беру тәртібін және мерзімдерін бұзуы
206-бап. Әкімшілік шығыстар бойынша заттай нормаларды асырып жіберу
207-бап. Клиенттерге банк қызметін көрсетуге байланысты талаптарды бұзу
208-бап. Қазақстан Республикасының аумағында достық, қола және қаржы вексельдерiн шығару
209-бап. Электрондық ақшаны шығару, пайдалану және өтеу талаптарын бұзу
210-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жазбаша келісімін алмастан қаржы ұйымы акцияларының он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама заңсыз түрде сатып алуға байланысты бұзушылықтар
211-бап. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін немесе акцияларын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, банк холдингтерінің, сақтандыру холдингтерінің заңсыз сатып алуына байланысты бұзушылықтар
212-бап. Зейнетақы активтерiн мақсатсыз пайдалану
213-бап. Банктердi, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын таратуға байланысты талаптарды бұзу
214-бап. Қабылданған және (немесе) шектеулi ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктелген мiндеттердi орындамау,уақтылы орындамау
215-бап. Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасында белгiленген талаптарды бұзу
216-бап. Сақтандыру органдарының сақтандыру шарттарын жасасумен және орындаумен байланысты талаптарды бұзуы
217-бап. Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзу
218-бап. Қаржы ұйымдарының, банк және сақтандыру холдингтерiнiң, Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорының басшы қызметкерлерiн келiсудiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмдерiн бұзу
219-бап. Қаржы ұйымдарының филиалдары мен өкiлдiктерiнiң ашылғаны және олардың қызметiнiң тоқтатылғаны туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органды уақтылы хабардар етпеу, сондай-ақ қаржы ұйымдарының филиалдарын, өкiлдiктерiн ашу кезiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтамау
220-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып кредит, қарыз алу не оларды пайдалану
221-бап. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсiмдердi уақтылы, толық есепке жатқызбау
222-бап. Бюджеттiк есепке алуды жүргiзу, есептiлiктi жасау мен табыс ету қағидаларын бұзу
223-бап. Бюджеттiк кредиттердi, мемлекеттiк кепiлдiктер мен мемлекет кепiлгерлiктерiн беру шарттары мен рәсiмдерiн бұзу
224-бап. Шығындарды өтеу қағидаларын бұзу
225-бап. Жеке тұлғалардың және лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын бұзуы
226-бап. Заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын бұзуы
227-бап. Бухгалтерлiк ақпараттың құпиясын жария ету
228-бап. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасында белгiленген аккредиттеу қағидаларын бұзу
229-бап. Инвестициялық портфельді басқарушының пруденциялық нормативтердi және (немесе) өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi орындамауы
230-бап. Ресімделген тіркеу куәліктері немесе хабарлау туралы куәліктер бойынша немесе валюталық мониторинг бойынша есептер, сондай-ақ ұлттық және шетел валютасын репатриациялау мерзімдеріне және шарттарына ықпал ететін мән-жайлардың пайда болуын растайтын ақпарат пен құжаттарды ұсыну тәртібін бұзу
231-бап. Валюта операциялары туралы хабарлау туралы куәлікті немесе валюта операцияларын жасауға тіркеу куәлігін алу үшін құжаттарды беру мерзімін бұзу
232-бап. Аудитордың Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының бұзылу фактiсiн аудит жүргiзуге тапсырыс берушiлерден жасыруы
233-бап. Аудитордың және аудиторлық ұйымның дәйексіз аудиторлық есепті жасауы
234-бап. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын бұзу
235-бап. Аудитордың жеке мөрiн пайдалануға және сақтауға байланысты бұзушылықтар
236-бап. Аудиттелетін субъектінің аудиторлық ұйымға уақтылы емес, дәйексіз немесе толық емес ақпарат беруі
237-бап. Мiндеттi аудит өткiзуден жалтару
238-бап. Ұлттық және шетел валютасын репатриациялау талабын орындамау
239-бап. Валюта заңнамасын бұза отырып, валюталық операцияларды жүргізу
240-бап. Арнайы валюта режимін бұзу
241-бап. Инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалану
242-бап. Бағалы қағаздар нарығындағы қызметтiң жосықсыз жарнамасы
243-бап. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің және өзге адамдардың есептемені, ақпаратты, мәліметтерді беру жөніндегі талаптарды бұзуы
244-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылар құқықтарының бұзылуы
245-бап. Бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмiлелер жасасу тәртібін, сондай-ақ мәмілелер жасасу шарттарын бұзу
246-бап. Бағалы қағаздар бағаларымен айла-шарғы жасау мақсатында мәмiлелер жасасу
247-бап. Бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеу, олар бойынша құқықтарды есепке алу және растау тәртiбiн бұзу
248-бап. Эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудың және (немесе) орналастырудың шарттары мен тәртiбiн бұзуы
249-бап. Бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушының және бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушының олардың қызметiне қойылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды бұзуы
250-бап. Бағалы қағаздар нарығындағы ақпаратты ашу бойынша міндетті бұзуы
251-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының және инвестициялық портфельді басқарушының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнаманы бұзуы
252-бап. «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзу
253-бап. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген төлемдер жүргiзу бойынша шектеулердi бұзу
254-бап. Мемлекеттiк мекеменiң және оралымды басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның (қазыналық кәсiпорынның) лауазымды адамдарының мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ақшалай мiндеттемелердi қабылдау жөнiндегi заңсыз іс-әрекеттерi
255-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын бұзу
16-тарау. Салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
256-бап. Салық органында тіркеу есебiне қою мерзiмiнiң бұзылуы
257-бап. Арнаулы салық режимiн қолданған кезде қызметтi заңсыз жүзеге асыру
258-бап. Салық органының салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы шешімінің қолданысы кезеңінде қызметті жүзеге асыру
259-бап. Салық есептiлiгiн, сондай-ақ шартты банк салымына байланысты құжаттарды табыс етпеу
260-бап. Мәмілелер мониторингі бойынша есептілікті, сондай-ақ трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды табыс етпеу
261-бап. Келеңсіз себептермен мемлекеттік қызметтен босатылған адамдардың, сол сияқты аталған адамдардың жұбайының (зайыбының) қаржылық бақылау шараларын бұзуы
262-бап. Салық салу объектiлерiн жасыру
263-бап. Есепке алу құжаттамаларының болмауы және салық есебін жүргізуді бұзу
264-бап. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есебіне жатқызылған (есептелген) сомасын төлеуден жалтару
265-бап. Салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасын кемiтiп көрсету
266-бап. Салық агентiнiң салықтарды ұстап қалу және (немесе) аудару жөнiндегi мiндеттердi орындамауы
267-бап. Жалған шот-фактура жазып беру
268-бап. Биоотынды, этил спирті мен алкоголь өнімін қоспағанда, мұнай өнімдері мен акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу
269-бап. Қазақстан Республикасының этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және (немесе) олардың айналымы саласындағы заңнамасын бұзу
270-бап. Акцизделетін тауарларды акциздік таңбалармен және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау тәртібі мен қағидаларын бұзу
271-бап. Кассалық-бақылау машиналарын қолдану тәртiбiн бұзу
272-бап. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың салық заңнамасында белгiленген мiндеттердi орындамауы
273-бап. Банк операциялары туралы көрiнеу жалған мәлiметтер табыс ету
274-бап. Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы, сондай-ақ тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды орындамауы
275-бап. Салық қызметi органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамау
17-тарау. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
276-бап. Электр желілерінде қуат коэффициентінің нормативтік мәндерін сақтамау және энергия тұтыну нормативтерінен асып түсу
277-бап. Энергетика ресурстарын, суды өндіру және беру кезінде олардың тікелей жоғалуын болдырмау жөніндегі міндеттерді орындамау
278-бап. Энергетикалық ресурстарды есепке алудың тиісті аспаптарымен және жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйелерімен жарақтандырылмаған энергетикалық ресурстарды тұтынатын жаңа объектілерді пайдалануға қабылдау
279-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергетикалық ресурстардың және судың тұтыну көлемін өнімнің, үйлердің, құрылыстар мен ғимараттардың алаңы бірлігіне энергия аудиті қорытындылары бойынша белгіленген шамаға дейін міндетті түрде жыл сайын төмендету туралы талапты бұзуы
280-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің міндетті энергия аудитінен өтуден жалтаруы не оны жүргізуге кедергі келтіруі
281-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы өнімді өндіру, сату және пайдалану бойынша шектеулерді бұзу
282-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергия менеджменті жүйесін жасау, енгізу және жұмысын ұйымдастыру жөніндегі міндетті орындамауы
283-бап. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасында белгіленген энергия аудитін жүргізу тәртібін, энергия үнемдеу және энергия тиімділігі сараптамасын жүргізу тәртібін сақтамау
18-тарау. Өнеркәсіп, жылу, электр және атом энергиясын пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
284-бап. Жарылғыш материалдарды, радиоактивтi және өзге де экологиялық жағынан қауiптi заттарды пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу
285-бап. Жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi талаптарды бұзу
286-бап. Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасын аттестатталған ұйымдардың бұзуы
287-бап. Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдаланудың, электр станциялары мен жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасының, тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдаланудың бекітілген қағидаларын бұзу, сондай-ақ энергия тұтынудың белгіленген режимдерін бұзу
288-бап. Дайын болу паспортын алу мерзімін бұзу
289-бап. Электр желiлерiн бүлдiру
290-бап. Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасын бұзу
291-бап. Жылу желiлерiн бүлдiру
292-бап. Электр мен жылу желiлерi жолдарының, газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтарында жұмыстар жүргiзу
293-бап. Газ пайдалану жөніндегі талаптарды, газбен жабдықтау жүйелері объектілерін пайдаланудың қауіпсіздігін бұзу
294-бап. Резервтiк отын шаруашылығының дайындығын қамтамасыз етуге шаралар қолданбау
295-бап. Мұнай-газ құбырлары мен олардың жабдықтарын зақымдау
296-бап. Құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде аумақтарды бүлдiру
19-тарау. Ғарыш қызметі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
297-бап. Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласындағы заңнамасын бұзу
298-бап. Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ғарыш кеңістігінде ғарыш жүйелерін жасау және оны пайдалану (қолдану) қағидаларын бұзу
20-тарау. Сәулет-құрылыс қызметі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
299-бап. Сәулет-құрылыс қызметi саласында заңнама мен мемлекеттiк нормативтердiң талаптарын бұза отырып, жобалау алдындағы, iздестiру, жобалау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау, құрылыс материалдарын, бөлшектерi мен құрастырмаларын шығару мен қолдану
300-бап. Құрылыс-монтаждау және жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде бекiтiлген құрылыс нормаларының және жобалау құжаттарының талаптарын бұзу
301-бап. Белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау құжаттамасынсыз объектiлердi тұрғызу және реконструкциялау кезiнде құрылыс, құрылыс-монтаждау, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу
302-бап. Объектiлердi тұрғызу және реконструкциялау, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен құрастырмалар дайындау бойынша құрылыс-монтаждау, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде нормативтiк құжаттарда көзделген атқарушы техникалық құжаттамаларды ресiмдеу қағидаларын бұзу
303-бап. Объектілерді және олардың кешендерін жобалау (жобалау- сметалық) құжаттамасынсыз не белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлмеген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша салу (реконструкциялау, қалпына келтіру, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделi жөндеу)
304-бап. Сараптамалық жұмыстарды және инжинирингтiк қызметтер көрсетудi жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу
305-бап. Объектiлер мен кешендердi пайдалануға берудiң белгiленген тәртiбiн бұзу
306-бап. Заңсыз құрылыс
307-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамалық актісінің талаптарын бұзу
308-бап. Құрылысты техникалық және авторлық қадағалаумен қатар жүргізбей жүзеге асыру
309-бап. Үй-жайларды заңсыз қайта жабдықтау және қайта жоспарлау
310-бап. Белгiленген тәртiппен пайдалануға енгiзiлмеген объектiлер мен кешендердi пайдалану
21-тарау. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
311-бап. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi санитариялық- эпидемиологиялық және экологиялық талаптарды бұзу
312-бап. Өндiрiстiк экологиялық бақылауды жүргiзу талаптарын бұзу
313-бап.Экологиялық рұқсатта көрсетілген табиғат пайдалану шарттарын орындамау
314-бап. Ластаушы заттардың өндiрiстiк нормадан тыс тасталуы мен шығарылуы, қалдықтарды орналастыру туралы хабарламау
315-бап. Қоршаған ортаға экологиялық рұқсатта белгiленген эмиссиялар нормативтерiнiң асып кетуi не экологиялық рұқсаттың болмауы
316-бап. Парниктік газдар шығарындыларына квотаның белгіленген көлемінен асып түсу
317-бап. Аккредиттелген тәуелсіз ұйымдардың парниктік газдарды түгендеу, верификация және валидация (детерминация) туралы дәйексіз деректерді ұсынуы
318-бап. Атмосфераға шығарылған қалдықтарды тазалауға және сарқынды суларды ағызуға арналған жабдықтарды пайдалану қағидаларын бұзу, сондай-ақ жабдықтарды пайдаланбау
319-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы мiндеттi түрде өткiзу туралы заңнама талаптарын орындамау
320-бап. Шығарындыларындағы ластаушы заттар нормативтерден асып кететiн көлiк және басқа да жылжымалы құралдарды шығару
321-бап. Шығарындыларында ластаушы заттар нормативтен асып кететiн автомотокөлiктер мен басқа да жылжымалы құралдарды пайдалану
322-бап. Атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi заңнаманы бұзу
323-бап. Өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарды жинау мен жағу кезiнде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды сақтамау
324-бап. Жердi бүлдiру
325-бап. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi тиiмсiз пайдалану немесе пайдаланбау
326-бап. Жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың жер учаскелерін пайдалану жөніндегі міндеттерін орындамауы
327-бап. Уақытша иеленген жерді мақсатына орай одан әрі пайдалану үшін жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді орындамау
328-бап. Тұрғын үй салу үшiн жер учаскелерi, арнайы жер қоры бар екендiгi туралы ақпаратты жасыру
329-бап. Жердi мемлекеттiк тiркеу, есепке алу және бағалау мәлiметтерiн бұрмалау
330-бап. Қазақстан Республикасының геодезия және картография саласындағы заңнамасын бұзу
331-бап. Өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс iстеу, сарқынды суды ағызып жiберу талаптарын бұзу
332-бап. Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі қағидаларды бұзу
333-бап. Көмірсутек шикізатын қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған жобалық құжаттар көрсеткіштерін сақтамау
334-бап. Жер қойнауын пайдалану және минералды шикiзатты қайта өңдеу кезiнде экологиялық нормалар мен қағидаларды бұзу
335-бап. Пайдалы қазбалар қорларына мемлекеттік сараптама жүргізбей өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу
336-бап. Минералды шикiзатты өндiру мен қайта өңдеудi есепке алу жөнiндегi бастапқы және мемлекеттiк есептілікті бұрмалау
337-бап Негізгі және солармен бірге тереңде жатқан пайдалы қазбалар мен ілеспе құрам бөліктердің, оның ішінде кен орнын қазу кезінде минералдық шикізаттың қайта өңделген өнімдері мен өндіріс қалдықтарының алынатын және жер қойнауында жойылатын қорларының дәйекті есебін қамтамасыз етпеу
338-бап. Өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын есепке алу, кәдеге жарату және залалсыздандыру қағидаларын бұзу
339-бап. Кен қазбалары мен бұрғылау ұңғымаларын олардың сақталуын және халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiндей күйге келтiру талаптарын бұзу 340-бап. Жер қойнауын пайдалану объектiлерiн тарату мен консервациялау жөнiндегi талаптарды бұзу
341-бап. Жер қойнауын қорғауды мемлекеттiк бақылау органдарына минералды шикiзатты пайдалану туралы ақпарат беруден бас тарту немесе жалтару
342-бап. Лауазымды адамдардың жер қойнауы және минералды шикiзатты қайта өңдеу туралы заңдардың бұзылуына әкеп соғатын нұсқаулар немесе рұқсаттар беруi
343-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргiзу қағидаларын бұзу
344-бап. Табиғат пайдалану жөнiндегi заңсыз мәмiлелердi тiркеу
345-бап. Су ресурстарын қорғау қағидаларын бұзу
346-бап. Су шаруашылығы құрылыстарын, құрылғыларын және сумен жабдықтаудың өртке қарсы жүйелерiн зақымдау, оларды пайдалану қағидаларын бұзу
347-бап. Су қорғау аймақтарында және су объектілері белдеулерінде заңсыз құрылыс салу
348-бап. Судың бастапқы есебiн жүргiзу және оны пайдалану қағидаларын бұзу
349-бап. Су ресурстарын есепке алу мен есептілік деректерiн бұрмалау
350-бап. Су ресурстарын реттеуге кедергi жасау
351-бап. Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу
352-бап. Белгіленген су сервитуттарын бұзу
353-бап. Заңсыз тамырымен шабу, құрылыстар тұрғызу, сүректi қайта өңдеу, орман қоры жерлерінде қоймалар тұрғызу
354-бап. Орманда өрт қауiпсiздiгi талаптары мен санитариялық қағидаларды бұзу
355-бап. Кесiлетiн орман қорын пайдаланудың, сүректер дайындау мен әкетудiң, шайыр мен ағаш шырындарын, екiншi дәрежелi орман материалдарын алудың белгiленген тәртiбiн бұзу
356-бап. Орман қорының және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың уақытша алынып отырған учаскелерiн қайтару мерзiмдерiн бұзу
357-бап. Шабындықтар мен жайылымдық жерлердi бүлдiру, сондай-ақ орман қоры жерлерiнде заңсыз шөп шабу және мал жаю, дәрiлiк өсiмдiктердi және техникалық шикiзатты жинау
358-бап. Ағашы кесiлген жерлерге және орманды қалпына келтiру мен орман өсiруге арналған орман қорының басқа да санаттағы жерлерiне ағаш отырғызудың тәртiбi мен мерзiмдерiн бұзу
359-бап. Орман фаунасын жою немесе зақымдау, сондай-ақ орманды қалдықтармен, химиялық заттармен бүлдiру, ластау және орман қоры жерiне өзге де залал келтiру
360-бап. Орманды пайдалануды рұқсат құжаттарында көзделген мақсаттарға немесе талаптарға сәйкес келмейтiн ретпен жүзеге асыру
361-бап. Орманның жай-күйiне және оны ұдайы молықтыруға зиянды ықпал етуге әкеп соғатын объектiлердi салу және пайдалану
362-бап. Ағаш кесетiн жерлердi бөлiп берудің және бағасын шығарудың белгiленген тәртiбiн бұзу
363-бап. Сүректi есептiк ағаш кесуден артық мөлшерде дайындауға жол беру
364-бап. Пестицидтерді (улы химикаттарды) және басқа да препараттарды заңсыз тасымалдау, сақтау және қолдану
365-бап. Өсiмдiктер өсетiн жерлер мен жануарлардың тiршiлiк ортасын Қорғау қағидаларын, зоологиялық коллекцияларды жасау, сақтау, есепке алу және пайдалану қағидаларын бұзу, сол сияқты жануарларды заңсыз қоныс аударту, жерсiндiру, керi жерсiндiру мен шағылыстыру
366-бап. Елдi мекендердi, кәсiпорындарды және басқа да объектiлердi орналастыру, жобалау мен салу, өндiрiс процестерiн жүзеге асыру және көлiк құралдарын пайдалану, өсiмдiк қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды және басқа да препараттарды қолдану кезiнде өсiмдiктер мен жануарларды қорғау іс-шараларын бұзу
367-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген түрлерiнде жеке тұлғалардың болу тәртiбiн бұзу
368-бап. Селекциялық-гендiк мақсаттағы объектiлердi зақымдау немесе жою
369-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану талаптары мен аң аулау қағидаларын бұзу
370-бап. Балық аулау және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу
371-бап. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін ұдайы молықтыру және пайдалану саласындағы заңнама талаптарын бұзу
372-бап. Аңшылық шаруашылығын жүргізу қағидаларын бұзу
373-бап. Жасыл желектердi күтiп-ұстау мен қорғау қағидаларын бұзу 374-бап. Ағаш кесілген жерлерді ағаш қалдықтарынан уақтылы тазартпау, соқпақтар мен ағаш кесілген жерлерге іргелес аумақтарды ластау
375-бап. Ағаш кесілген жерлерді өңдеу тәртібі мен мерзімдерін бұзу
376-бап. Жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе туындыларын заңсыз иемденіп алу, өткізу, алып өту, әкелу, әкету, сақтау (ұстау).
377-бап. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру және берілген рұқсатты пайдалану тәртібін бұзу
378-бап. Берiлген лицензияның шарттарын заңсыз өзгерту, сол сияқты теңiзде мұнай операцияларын жүргiзудiң бекiтiлген тәртiбiн бұзу
379-бап. Теңізде кеме қатынасына, балық аулауға кедергі жасайтын және зиян келтіретін мұнай операцияларын теңізде жүзеге асыру
380-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында теңiз ғылыми зерттеулерiн жүргiзу қағидаларын бұзу
381-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында қалдықтар мен басқа да материалдарды көму қағидаларын, сондай-ақ консервациялау және демонтаждау қағидаларын бұзу
382-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңын қорғау органдары лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамау
383-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңындағы, аумақтық суларындағы (теңізіндегі)және ішкі суларындағы минералдық және биологиялық ресурстарды заңсыз беру
384-бап. Экологиялық аудит туралы заңнаманы бұзу
385-бап. Бекіре тұқымдас балықтардың таңбалау тәртібін бұзып таңбаланған уылдырығын не таңбаланбаған уылдырығын өткізу
386-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындайтын және қызмет көрсететін жеке және заңды тұлғалардың дәйексіз деректерді ұсынуы
22-тарау. Өсімдіктерді қорғау және өсімдіктер карантині, астық нарығы мен астықты сақтау, мақта саласы, тұқым шаруашылығы және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау және асыл тұқымды мал шаруашылығы, сондай-ақ азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
387-бап. Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзу
388-бап. Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын бұзу
389-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру және қызмет көрсету кезiндегi бұзушылық
390-бап. Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнамасын бұзу
391-бап. Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасын бұзу
392-бап. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу
393-бап. Ветеринария туралы заңнаманы бұзу
394-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасын бұзу
395-бап. Иттердi және мысықтарды ұстау қағидаларын бұзу
23-тарау. Білім беру саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
396-бап. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын бұзу
397-бап. Білім беру ұйымдарының тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары талаптарын бұзуы
24-тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке және халықтың денсаулығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық
398-бап. Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу немесе орындамау
399-бап. Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамасын қатерлерге тәуелсіз бағалау жүргізу кезінде бұзу
400-бап. Өрт қауiпсiздiгi талаптарына сай келмейтiн өнiмдердi шығару және өткiзу
401-бап. Су айдындарында қауiпсiздiк қағидаларын бұзу немесе орындамау
402-бап. Атом энергиясын пайдалану кезiнде радиациялық қауiпсiздiк талаптарын бұзу
403-бап. Ядролық қаруды таратпау режимiнiң талаптарын бұзу
404-бап. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын бұзу
405-бап. Өнімнің жекелеген түрлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы бұзу
406-бап. Тауардың шығарылуы туралы сертификатты және Кеден одағының тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындысын беру тәртібін бұзу
407-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасына, сондай-ақ олар бейнеленген материалдық объектілерге қойылатын ұлттық стандарттарды бұзу
408-бап. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасын бұзу
409-бап. Жабайы өскен сораны жоюға шара қолданбау
410-бап. Құрамында есiрткi бар өсiмдiктер өсетiн егiстiктi күзетудi қамтамасыз етуге шаралар қолданбау
411-бап. Есірткіні, психотроптық заттарды және прекурсорларды өткізудің және медициналық емес тұрғыдан тұтынудың жолын кесуге шаралар қолданбау
412-бап. Есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттау және заңсыз жарнамалау
413-бап. Заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызмет
414-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу
415-бап. Фармацевтикалық қызмет қағидаларын бұзу және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы саласы
416-бап. Есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайлардың техникалық нығайтылу талаптарын бұзу
417-бап. Денсаулық сақтау саласындағы дәйексіз жарнама
418-бап. Қорғаныш тапшылығы вирусы инфекциясын жұқтырғандармен, ЖҚТБ-мен, соз ауруларымен, туберкулезбен ауыратындармен қатынаста болып жүрген, сондай-ақ дәрiгердiң тағайындауынсыз есiрткi құралдарын немесе психотроптық заттарды пайдаланушы адамдардың медициналық тексеруден және емделуден жалтаруы
419-бап. Айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулармен ауыратын адамдардың емделуден жалтаруы
420-бап. Айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулармен ауыратын адамдардың жұқтыру көзiн және өздерiмен қатынаста болған адамдарды жасыруы
421-бап. Медициналық, фармацевтикалық қызметпен айналысуға рұқсат беру құжаттарын алу кезiнде көрiнеу жалған мәлiметтер мен ақпараттар ұсыну
422-бап. Денсаулық сақтау субъектілерінің уәкілетті органдарды хабардар ету жөніндегі міндетті бұзуы
25-тарау. Қоғамдық тәртiпке және имандылыққа қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық
423-бап. Кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық
424-бап. Елдi мекендерде атыс қаруынан ату, пиротехникалық қондырғыларды жару
425-бап. Тыныштықты бұзу
426-бап. Арнайы қызметтердi көрiнеу жалған шақыру
427-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпарат беру
428-бап. Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға мас күйiнде келу
429-бап. Жекелеген қоғамдық орындарда темекi шегуге тыйым салуды бұзу
430-бап. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы
431-бап. Заңды өкiлдерi еріп жүрмеген кәмелетке толмағандардың тұрғын жайдан тыс жерлерде болуы
432-бап. Құмар ойындар
433-бап. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын бұзу
434-бап. Эротикалық мазмұндағы өнiмдердi жарнамалау
435-бап. Тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау мен пайдалану қағидаларын бұзу
436-бап. Кәмелетке толмағандардың вандализмі
437-бап. Қоғамдық орындарда азаматтарға тиісу
438-бап. Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну
26-тарау. Баспасөз және ақпарат саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық
439-бап. Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасын бұзу
440-бап. Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасын бұзу
441-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмдерiн, сол сияқты өзге де өнiмдердi Қазақстан Республикасының аумағында даярлау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату
442-бап. Мерзiмдi баспа басылымдарының мiндеттi тегiн даналарын берудiң, теле- және радиохабарлар материалдарын тiркеудiң, сақтаудың тәртiбiн бұзу
443-бап. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын бұзу
444-бап. Шығарылым деректерiн жариялау тәртiбiн бұзу
27-тарау. Басқарудың белгiленген тәртiбiне қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық
445-бап. Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілер туралы заңнамасын бұзу
446-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін пайдалану және орындау тәртiбiн бұзу
447-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау тәртiбiн бұзу
448-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру мерзімін бұзу
449-бап. Қорғау нұсқамасын бұзу
450-бап. Мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау
451-бап. Тиiстi тiркеусiз немесе лицензиясыз, арнайы рұқсатсыз, бiлiктiлiк аттестатынсыз (куәлiгінсiз), басқа да рұқсатсыз, хабарламасыз кәсіпкерлік немесе өзге қызметпен айналысу, сондай-ақ iс-әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру
452-бап. Лицензиялау нормаларын бұзу
453-бап. Кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға лицензия, арнайы рұқсат, бiлiктiлiк аттестатын (куәлiгiн) беру тәртiбi мен мерзiмiн бұзу
454-бап. Заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн мемлекеттiк тiркеу туралы заңнаманы бұзу
455-бап. Лицензиарға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайтармау
456-бап. Қазақстан Республикасының сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы заңнамасын бұзу
457-бап. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды бұзу
458-бап. Күзет қызметі саласындағы заңнаманы бұзу
459-бап. Жергiлiктi атқарушы органдар мен өзге де уәкiлеттi мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген мiндеттердi орындамауы
460-бап. Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне түскен мүлiктi есепке алу мен одан әрi пайдалану қағидаларын бұзу
461-бап. Салық құпиясын құрайтын мәлiметтердi жария ету
462-бап. Мемлекет уәкiлеттiк берген органдардың (ұйымдардың) салықты және басқа да мiндеттi төлемдердi бюджетке өндiрiп алмай, сондай-ақ мұндай төлемдi растайтын құжаттар алмай тұрып, белгiлi бiр iс-әрекеттердi жүзеге асыруы
463-бап. Салық есебiне тұрудан бас тарту немесе салық есебiне тұру мерзiмiн бұзу
464-бап. Төтенше жағдай режимiн бұзу
465-бап. Терроризмге қарсы операциялар жүргізу аймағында құқықтық режимнің бұзылуы
466-бап. Төтенше жағдай кезiнде құқық тәртiбiн бұзуға итермелейтiн iс-әрекеттер
467-бап. Құқық бұзушылық жасауға итермелеген себептер мен жағдайларды жою жөнiнде қолданылған шаралар туралы хабарламау
468-бап. Тіркелген азаматтық, қызметтік қаруды және оған патрондарды сатып алу, сақтау, есепке алу, пайдалану немесе тасымалдау қағидасын бұзу
469-бап. Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету тәртібін бұзу
470-бап. Азаматтық, қызметтiк қаруды, оған патрондарды сатып алу, сақтау, пайдалану немесе тасымалдау қағидаларын бұзу
471-бап. Газ қаруын заңсыз қолдану
472-бап. Азаматтық және қызметтiк қаруды тiркеу (қайта тiркеу) тәртібін не оны есепке қою тәртібін бұзу
473-бап. Азаматтық қаруды, оған патрондарды сату үшiн өткiзуден жалтару
474-бап. Қоғамдық бiрлестiктер туралы заңнаманы бұзу
475-бап. Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзу
476-бап. Азаматтық хал актiлерiн жазу қағидаларын бұзу
477-бап. Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру
478-бап. Тұрғын жай меншік иесiнiң немесе қарамағында тұрғын жайлар, ғимараттар және (немесе) үй-жайлар бар басқа да адамдардың оларда нақты тұрмайтын жеке тұлғаларды тіркеуге жол беруі
479-бап. Төлқұжаттарды, жеке куәліктерді заңсыз алып қою немесе оларды кепілге қабылдау
480-бап. Жеке басты куәландыратын құжаттарды алған кезде не Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін немесе Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау не Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көрiнеу жалған мәлiметтер беру
481-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнаманы бұзу
482-бап. Алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін бұзу
483-бап. Құқықтық статистика мен арнайы есеп деректерiн табыс етуден бас тарту, табыс етпеу, уақтылы табыс етпеу, жасыру, қосып жазу және басқа да бұрмалаушылықтар
484-бап. Әкімшілік деректерді ұсыну тәртібін бұзу
485-бап. Мемлекеттік статистикалық байқаулар жүргiзуден бас тарту
486-бап. Лауазымды адамның алғашқы статистикалық деректерді, статистикалық ақпаратты және (немесе) деректер базаларын жоғалтуы, сатуы, беруі немесе өзге де заңсыз жария етуі
487-бап. Алғашқы статистикалық деректерді бекітілмеген статистикалық нысан бойынша жинау
488-бап. Әкімшілік деректерді келісілмеген нысан бойынша жинау
489-бап. Мемлекеттік құпияларды сақтау және таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратпен жұмыс саласындағы белгіленген талаптарды бұзу
490-бап. Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын көрiктендiру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру
491-бап. Күзетiлетiн объектiлерге заңсыз ену
492-бап. Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың қызметіне кедергі жасау
493-бап. Өздерінің өкілеттіктерін орындау кезінде белгілі болған мәліметтерді ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының жария етуі
28-тарау. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк шекарасы режимiнiң белгiленген тәртiбiне және Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртiбiне қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық
494-бап. Шекара аймағында шекара режимiн және жекелеген жерлерде болу тәртiбiн бұзу
495-бап. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақ пен аудан аумағында белгіленген шектеулерді бұзу
496-бап. Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңізінің) және ішкі суларының режимдерін бұзу
497-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу бекеттерiнде режимдi бұзу
498-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы режимiн бұзу
499-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы заңсыз алып өту
500-бап. Әскери қызметшінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі өзінің міндеттерін орындаумен байланысты заңды өкімге немесе талапқа бағынбауы
501-бап. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның көші-қон заңнамасын бұзуы
502-бап. Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын
503-бап. Шетелдік жұмыс күшін тарту қағидаларын бұзу
504-бап. Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде еңбекке орналастыру жөнiндегi заңсыз қызмет
29-тарау. Кеден ісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
505-бап. Кеден бақылауы аймағының режимiн бұзу
506-бап. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыру тәртібін бұзу
507-бап. Кедендік тасымалдаушының қызметті жүзеге асыру тәртібін бұзуы
508-бап. Тауарлар мен көлік құралдарының келгені туралы кеден органына хабарламау
509-бап. Тауарлар мен көлік құралдарының кету тәртібін бұзу
510-бап. Авария немесе еңсерілмейтін күштер жағдайында шаралар қолданбау
511-бап. Тауарларды және көлiк құралдарын жеткiзу орнына бермеу
512-бап. Тауарларды, көлiк құралдарын және олардың құжаттарын Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз беру, жоғалту немесе Қазақстан Республикасының кеден органына жеткiзбеу
513-бап. Көлiк құралын тоқтатпау
514-бап. Көлiк құралын Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз жөнелту
515-бап. Тауарларды кедендiк рәсiмдеуге орналастыруға байланысты кедендiк операцияларды жасау және тауарларды кедендiк тазалау тәртiбiн бұзу
516-бап. Кедендiк тазалау аяқталмаған тауарлармен заңсыз операциялар жүргiзу, жай-күйiн өзгерту, пайдалану және (немесе) билiк ету
517-бап. Кеден органының рұқсатынсыз, кедендік бақылауда тұрған тауарларымен жүк және өзге де операциялар жүргізу
518-бап. Ұқсастыру құралдарын жою, алып тастау, өзгерту не ауыстыру
519-бап. Тауарларды кедендік декларациялау тәртiбiн бұзу
520-бап. Кеден өкiлiнiң кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыру тәртiбiн бұзуы
521-бап. Уәкiлеттi экономикалық оператордың кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыру тәртiбiн бұзуы
522-бап. Кеден декларациясын, құжаттар мен мәлiметтердi беру мерзiмдерiн бұзу
523-бап. Қазақстан Республикасының кеден органына есептiлiктi бермеу не дұрыс емес есептілікті ұсыну және есеп жүргiзу тәртiбiн сақтамау
524-бап. Тауарларды сақтауға орналастыру тәртiбiн,оларды сақтау және олармен операциялар жүргiзу тәртiбiн бұзу
525-бап. Тауарларды уақытша сақтау мерзiмдерiн бұзу
526-бап. Тауарларды қайта өңдеу тәртiбiн бұзу және қайта өңдеу өнiмдерiн ауыстыру
527-бап. Кедендік рәсімді белгіленген мерзімдерде аяқтамау
528-бап. Белгiлi бiр кедендiк рәсімге орналастырылған тауарлармен және көлiк құралдарымен заңсыз операциялар жасау, жай-күйiн өзгерту, пайдалану және (немесе) билiк ету
529-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзген кезде тыйым салулар мен шектеулерді қолдану тәртiбiн сақтамау
530-бап. Жеке тұлғалардың Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген жеке пайдалануға арналған тауарларды өткiзу тәртібін бұза отырып кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізуі
531-бап. Тауарларды халықаралық почта жөнелтілімдерінде өткізу тәртібін бұзу
532-бап. Кеден бақылауына соқпай кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды және көлiк құралдарын өткiзу
533-бап. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларды кедендiк бақылаудан жасыру
534-бап. Құжаттарды немесе ұқсастыру құралдарын алдап пайдаланып, кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды және көлiк құралдарын өткiзу
535-бап. Тауарларды, шетел валютасын, қолма-қол ақшалай қаражатты, жол жүру түбіртектерін не құжаттандырылған бағалы қағаздарды кедендік декларацияламау немесе жалған декларациялау
536-бап. Кеден қағидаларын бұза отырып, кеден одағының кеден аумағына әкелiнген тауарларды және көлiк құралдарын тасымалдау, сақтау, иемденiп алу, пайдалану немесе билiк ету
537-бап. Пайдаланылуы және (немесе) билiк етілу шектелген тауарларды, сондай-ақ шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлiк құралдарын пайдаланудың және (немесе) оларға билiк етудің тәртiбiн бұзу
538-бап. Төленген кедендiк төлемдер мен салықтар тиiстi негiздерсiз қайтаруға, төлемдер мен өзге де өтемдер алуға не оларды қайтармауға бағытталған iс-әрекеттер
539-бап. Кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу мерзімдерін бұзу
540-бап. Қазақстан Республикасы кеден органының кедендік төлемдердің, салықтар мен өсімпұлдардың тиесілі сомаларын белгіленген мерзімдерде төлеу туралы талаптарын орындамау
541-бап. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасы кеден органдарының шешiмдерiн орындамауы
542-бап. Қазақстан Республикасы кеден органдарының талаптарын орындамау
30-тарау. Көліктегі, жол шаруашылығындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
543-бап. Темiр жол көлiгiнде қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн қағидаларын бұзу
544-бап. Темiржол көлiгi құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу
545-бап. Теміржол жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеусіз немесе қайта тіркеусіз пайдалану
546-бап. Ортақ пайдаланыстағы көлiк құралдарын және олардың iшкi жабдықтарын бүлдiру
547-бап. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзу
548-бап. Ұшу қауіпсіздігі қағидаларын бұзу
549-бап. Кәсіптік даярлықтан өтпеген не тиісті біліктілігі жоқ авиация персоналын жұмысқа жіберу, сондай-ақ мас күйдегі адамды әуе кемесін басқаруға жіберу
550-бап. Әуе кемесіндегі мінез-құлық қағидаларын бұзу
551-бап. Тасымалдаушының кінәсінен рейсті ұшырмай тастаған немесе кідіріс болған немесе әуе кемесінің кеш келуі салдарынан рейсті ұшырмай тастаған, кідіріс болған, тасымалдау маршруты өзгертілген кезде тасымалдаушының жолаушылар алдында қызмет көрсету бойынша міндеттерін орындамауы не тиісінше орындамауы
552-бап. Авиациялық оқиғаны немесе инцидентті қасақана жасыру
553-бап. Әуе кемелерін пайдаланудың қауіпсіздік қағидаларын бұзу
554-бап. Авиациялық қауіпсіздік талаптарын бұзу
555-бап. Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу
556-бап. Жолаушыларды, багажды немесе жүктерді автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жүргізушілердің еңбек және демалыс режимінің бұзылуы
557-бап. Жолаушыларды, багаждарды немесе жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды рұқсаттарсыз немесе арнайы рұқсаттарсыз жүзеге асыру
558-бап. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде автокөлiк құралдарын жүргiзушiлерде жолаушылар тiзiмiнiң болмауы
559-бап. Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль тасымалын шет мемлекетте тіркелген автокөлік құралдарымен жүзеге асыру
560-бап. Республика ішілік қатынаста жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асырған кезде автокөлік құралдары жүргiзушiлерінде тасымалдау шартының болмауы
561-бап. Теңіз көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын бұзу
562-бап. Теңіз көлігіндегі сигнал беру және байланыс құрылғылары мен қондырғыларын бүлдіру
563-бап. Теңіз және өзен көлігі кемелерінде, сондай-ақ шағын кемелерде жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын бұзу
564-бап. Кеменi жүзуге шығару қағидаларын бұзу немесе тиiстi дипломы (куәлiгi, куәландыру қағазы) жоқ адамдарды кеме басқаруға жiберу
565-бап. Кемелердi пайдалану қағидаларын бұзу, сондай-ақ басқару құқығы жоқ адамның кеменi басқаруы
566-бап. Кеменiң жүзу, жүк тиеу және жүк түсiру қағидаларын бұзуы
567-бап. Кемелердi iшкi су жолдарында пайдалану қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету қағидаларын бұзу
568-бап. Өзен порттары мен айлақтарында жүктердi тиеу, түсiру және қоймада ұстау қағидаларын бұзу
569-бап. Шағын кемелер тұруға арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларын бұзу
570-бап. Көлiкте өрт қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу
571-бап. Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу
572-бап. Көлiк құралын жүргiзу кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы
573-бап. Көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң қозғалыстың белгiленген жылдамдығын арттырып жiберуi
574-бап. Көлiк құралдары жүргiзушiлерінің маршруттық көлiк құралдарын тоқтатудың, тұрғын аймақтарда жүрудiң, жолаушылар мен жүктердi тасымалдаудың қағидаларын сақтамауы және жол жүрiсiнiң қағидаларын басқа да өрескел бұзуы
575-бап. Жол қиылыстарынан өту қағидаларын бұзу немесе жолдың жүру бөлiгiн кесiп өту
576-бап. Маневр жасау қағидаларын бұзу
577-бап. Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарама-қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу
578-бап. Көлiк құралдарын тоқтату немесе оларды қою қағидаларын бұзу
579-бап. Арнайы жарық және дыбыс сигналдары iске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлiк құралының жүруiне басымдық бермеу
580-бап. Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай өтiп кету
581-бап. Жүргiншiлерге немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу
582-бап. Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау
583-бап. Көлiк құралдары жүргiзушiлерінің жүргiзiп үйренудi өткiзу, сыртқы жарық түсiру аспаптарын және (немесе) дыбыс сигналдарын пайдалану, авариялық сигнал берудi қолдану қағидаларын бұзуы
584-бап. Көлiк құралына арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды орнату қағидаларын бұзу не жедел және арнайы қызметтер автомобильдерiнiң арнайы түстi-графикалық схемаларын заңсыз жазу
585-бап. Жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын авариялық ахуал туғызуға әкеп соғатындай дәрежеде бұзуы
586-бап. Темiржол өткелдерiнен өту қағидаларын бұзу
587-бап. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды көрсетiлген тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығын растайтын тиiстi куәлiксiз жүзеге асыру
588-бап. Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiретіндей, көлiк құралдарын немесе өзге де мүлiктi зақымдауға әкелетіндей дәрежеде бұзуы
589-бап. Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалу
590-бап. Құжаттары жоқ және жүргізу құқығы жоқ адамның көлiк құралдарын жүргізуі
591-бап. Iшкi iстер (полиция), көлiктiк бақылау органдары қызметкерiнiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерiнде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көлiктiк бақылау бекеттерiнде көлiк құралын тоқтату туралы талаптарын орындамау, алкогольден, есiрткiден және(немесе) уытқұмарлықтан мас күйiн куәландырудан өтуден жалтару
592-бап. Көлiк құралдарының қозғалысына кедергi жасау
593-бап. Жаяу жүргiншiлердiң және жол қозғалысына өзге де қатысушылардың қозғалыс қағидаларын бұзуы
594-бап. Қазақстан Республикасының механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап-тексеруді жүзеге асыру саласындағы заңнамасын бұзу
595-бап. Техникалық ақаулары бар көлiк құралдарын пайдалануға шығару және пайдаланудың өзге де қағидаларын бұзу
596-бап. Көлік құралдарын жүргізу құқығы жоқ не одан айрылған, сол сияқты тиiстi санаты жоқ жүргiзушiнi көлiк құралын жүргізуге жiберу
597-бап. Жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу
598-бап. Көлiкпен қауiптi заттарды немесе бұйымдарды тасымалдау қағидаларын бұзу
599-бап. Қалалық және қала маңындағы қоғамдық көлiктi пайдалану қағидаларын бұзу
600-бап. Жолаушыларды билетсiз алып жүру
601-бап. Темiр жол көлiгiнде жол жүру құжаттарын (билеттердi) сату, олардың қолданылу мерзiмiн ұзарту және билет кассаларының жұмысын ұйымдастыру қағидалары бұзу
602-бап. Темiр жол, теңiз, өзен және автомобиль көлiгiнде жүктердiң сақталуын қамтамасыз ету қағидаларын бұзу
603-бап. Әуе көлiгiнде жүктердiң сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi қағидаларды бұзу
604-бап. Тракторларды, басқа да өздiгiнен жүретiн машиналар мен жабдықтарды пайдалану қағидаларын бұзу
605-бап. Ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өткені үшін ақыны уақтылы төлемеу
606-бап. Көлiк құралдарын жүргiзушi жеке тұлғалардың пайдалану және жол жүрiсi қағидаларын үнемi бұзуы
607-бап. Жолдарды, темiр жол өткелдерiн және басқа жол құрылыстарын бүлдiру
608-бап. Жолдарды, темiр жол өткелдерiн және басқа жол құрылыстарын күтiп-ұстау қағидаларын бұзу
609-бап. Жерасты коммуникацияларының қарау құдықтарын күтiп-ұстау қағидаларын жол қозғалысы қауiпсiздiгiне қатер төндiретiндей дәрежеде бұзу
610-бап. Автомобиль жолдарына бөлiнген белдеудi қорғау мен пайдалану қағидаларын бұзу
611-бап. Жер пайдаланушылардың автомобиль жолдарын және жол құрылғыларын пайдалану мен қорғау қағидаларын бұзуы
612-бап. Магистральдық құбырларды қорғау қағидаларын бұзу
31-тарау. Ақпараттындыру және байланыс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
613-бап. Электр байланыс желiлерiне қосылатын құрылғыларды (жабдықтарды) заңсыз қосу
614-бап. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұзу
615-бап. Сәйкестiгi мiндеттi растауға жататын, бiрақ одан өтпеген байланыс құралдарын пайдалану.
616-бап. Ақпараттық ресурстарды қорғау құралдарын пайдалану жөнiндегi талаптарды бұзу
617-бап. Қазақстан Республикасының электрондық құжаттар және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңдарын бұзу
618-бап. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңдарын бұзу
32-тарау. Әскери міндеттілік, әскери қызмет пен қорғаныс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
619-бап. Бастапқы әскери есепке алынуға не шақыру учаскелерiне тiркелуге тиiс азаматтардың тiзiмдерiн жергiлiктi әскери басқару органына бермеу немесе уақтылы бермеу
620-бап. Азаматтардың, лауазымды адамдардың және заңды тұлғалардың азаматтық қорғаныс жөнiндегi мiндеттердi орындамауы
621-бап. Жергiлiктi әскери басқару органының шақыруы туралы азаматтарға хабарламау
622-бап. Әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi тұрғылықты азаматтар құрамындағы өзгерiстер туралы мәлiметтердi уақтылы бермеу
623-бап. Әскери мiндеттiлер, шақырылушылар мен азаматтар туралы мәлiметтердi хабарламау
624-бап. Азаматтардың әскери есепке алу жөнiндегi мiндеттерді орындамауы
625-бап. Медициналық тексеруден немесе жиындардан жалтару
626-бап. Әскери есепке алу құжаттарын қасақана бүлдiру немесе жоғалту
627-бап. Әскери қызметке даярлықтан жалтару
628-бап. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке және келісім шарт бойынша заңсыз шақыру, оларды шақыруды заңсыз кейiнге қалдыру
629-бап. Әскери қызметшiнi қорлау
33-тарау. Мемлекеттiк билiк институттарына қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық
630-бап. Сотқа құрметтемеушілік білдіру
631-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс қарауға қатысушылардың жауаптылығы
632-бап. Алқабидiң мiндеттерiн атқару үшiн сотқа келмеу
633-бап. Алқабилерге үміткерлердің тiзiмдерiн жасау үшiн ақпаратты табыс етпеу
634-бап. Алқабилердiң міндеттерді орындамауы, сондай-ақ сот талқылауында iстi қарауға байланысты шектеулердi сақтамауы
635-бап. Куәнiң айғақ беруден бас тартуы немесе жалтаруы
636-бап. Куәнiң, жәбiрленушiнiң көрiнеу жалған айғақтары, сарапшының көрiнеу жалған қорытындысы немесе қате аударма жасау
637-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша дәлелдемелердi бұрмалау
638-бап. Лауазымды адамның сараптама жүргiзу туралы қаулыны немесе тапсырманы не маманды шақыру туралы талапты орындаудан бас тартуы немесе келмеуі
639-бап. Айыпталушының (күдіктінің) келетiндiгi туралы жеке кепiлгерлiктi бұзу
640-бап. Кәмелетке толмаған айыпталушының (күдіктінің) келуiн қамтамасыз ету туралы мiндеттеменi бұзу
641-бап. Соттың жеке ұйғарымы, қаулысы, прокурордың, тергеушiнiң немесе анықтаушының ұсынысы бойынша шара қолданбау
642-бап. Прокурорға, тергеушiге және анықтау органына, сот орындаушысына, сот приставына келуден жалтару
643-бап. Прокурорға хабарламау немесе дер кезiнде хабарламау
644-бап. Прокурордың, тергеушiнiң, анықтаушының, сот приставының, сот орындаушысының заңды қызметiне кедергi жасау
645-бап. Сот актiлерiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдардың (лауазымды адамдардың), қаулыларын орындамау
646-бап. Сот орындаушысының, сот приставының қаулысын және өзге де заңды талабын орындамау
647-бап. Жеке тұлғалар мен ұйымдардың сот орындаушысына мәліметтерді беру жөніндегі міндеттерін орындамауы
648-бап. Лауазымды адамның атқару құжатын жоғалтқандығы үшiн жауаптылығы
649-бап. Сот орындаушысына, сот приставына соттар мен басқа да органдардың қаулыларын орындауда кедергi жасау
650-бап. Мемлекеттiк наградаларды заңсыз тағып жүру
651-бап. Айырым белгiлерi және (немесе) нышандары бар нысанды әскери киiмдi, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешектi заңсыз киiп жүру (пайдалану)
34-тарау. Әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық
652-бап. Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi
653-бап. Мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның заңсыз материалдық сыйақы алуы
654-бап. Заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi
655-бап. Мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының заңсыз кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруы және заңсыз кiрiстер алуы
656-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi мемлекеттiк органдар басшыларының шара қолданбауы
657-бап. Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау
3-бөлiм. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдар
35-тарау. Негізгі ережелер
658-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдар (лауазымды адамдар)
659-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдар (лауазымды адамдар) құзыретiнiң ара жiгiн ажырату
36-тарау. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердiң қайда қарауға жататындығы, лауазымды адамдардың iстердi қарау және әкiмшiлiк жазаларды қолдану жөнiндегi құзыретi
660-бап. Cоттар
661-бап. Iшкi iстер органдары (полиция)
662-бап. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары
663-бап. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган
664-бап. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган
665-бап. Сот актілерін орындау жөніндегі уәкілетті орган
666-бап. Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау органдары
667-бап. Көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi орган
668-бап.Ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi орган
669-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырушы органдар
670-бап. Әдiлет органдары
671-бап. Заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу, бағалау қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган
672-бап. Көшi-қон жөнiндегi органдар
673-бап. Өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган
674-бап. Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орган
675-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлетті орган
676-бап. Кеден органдары
677-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң органдары
678-бап. Денсаулық сақтау органдары
679-бап. Діни қызмет саласындағы уәкілетті орган
680-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң санитариялық қадағалауды жүзеге асыратын медициналық қызметтерi
681-бап. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган
682-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган
683-бап. Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi уәкiлеттi орган
684-бап. Тұқым шаруашылығы, мақта саласын дамыту және астық нарығын реттеу саласындағы уәкiлеттi орган
685-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы уәкiлеттi орган
686-бап. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органдар
687-бап. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдар
688-бап. Жердi пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар
689-бап. Инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi орган
690-бап. Геодезия және картография саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар
691-бап. Монополияға қарсы орган
692-бап. Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган
693-бап. Техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар
694-бап. Ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi орган
695-бап. Өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган
696-бап. Объектiлердi салу сапасына мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдар
697-бап. Мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi орган
698-бап. Салық қызметi органдары
699-бап. Қаржы полициясы органдары
700-бап. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң органдары
701-бап. Iшкi бақылау жөнiндегi уәкiлеттi орган
702-бап. Банкроттық саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган
703-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің органдары
704-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган
705-бап. Қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті орган
706-бап. Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк қорғау органдары
707-бап. Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдары
708-бап. Әскери полиция органдары
709-бап. Акцизделетiн өнiм өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi органдар
710-бап. Жергiлiктi атқарушы органдар
711-бап. Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган
712-бап. Туристiк қызмет саласындағы уәкiлеттi орган
713-бап. Ойын бизнесi саласындағы уәкiлеттi орган
714-бап. Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган
715-бап. Биоотын өндiрiсi саласындағы уәкiлеттi орган
716-бап. Биоотын айналымы саласындағы уәкiлеттi орган
4-бөлiм. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу
37-тарау. Негiзгi ережелер
717-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс жүргізу тәртібін айқындайтын заңнама
718-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзудiң мiндеттерi
719-бап. Iс жүргiзу тiлi
720-бап. Мерзiмдi есептеу
721-бап. Өтiнiш жасау
722-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзудi болдырмайтын мән-жайлар
723-бап. Әкiмшiлiк жауаптылыққа тартпауға мүмкiндiк беретiн мән-жайлар
724-бап. Хабардар ету (хабарлау)
38-тарау. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге қатысушылар, олардың құқықтары мен мiндеттерi
725-бап. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адам
726-бап. Жәбiрленушi
727-бап. Жеке адамның заңды өкiлдерi
728-бап. Заңды тұлғаның өкiлдерi
729-бап. Қорғаушы
730-бап. Қорғаушының мiндеттi түрде қатысуы
731-бап. Қорғаушыны шақыру, тағайындау, ауыстыру, оның еңбегiне ақы төлеу
732-бап. Қорғаушыдан бас тарту
733-бап. Қорғаушының өкiлеттiгi
734-бап. Жәбiрленушiнiң өкiлi
735-бап. Куә
736-бап. Куәгер
737-бап. Маман
738-бап. Сарапшы
739-бап. Аудармашы
740-бап. Прокурор
741-бап. Прокурордың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудің заңдылығын қамтамасыз ету жөнiндегi өкiлеттiгi
742-бап. Iс жүргiзу мiндеттерiн орындамағаны үшiн жауаптылық
743-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге қатысу мүмкiндiгiн болдырмайтын мән-жайлар
744-бап. Iс жүргiзуге қатысуына жол берiлмейтiн адамдарды қатыстырудан бас тарту
745-бап. Жәбiрленушi, куә, сарапшы, маман, аудармашы немесе куәгер шығындарының орнын толтыру
39-тарау. Дәлелдемелер және дәлелдеу
746-бап. Дәлелдемелер
747-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша дәлелденуге тиiс мән-жайлар
748-бап. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзiлiп жатқан адамның түсiнiктемелері, жәбiрленушiнiң және куәнiң айғақтары
749-бап. Дәлелдеу мiндетi және дәлелдемелерді табыс ету
750-бап. Дәлелдеуден босатудың негiздерi
751-бап. Дәлелдемелермен қамтамасыз ету
752-бап. Дәлелдемелермен қамтамасыз ету туралы өтініш
753-бап. Сараптама тағайындау және жүргiзу
754-бап. Сарапшы мен маманның қорытындысы және айғақтары
755-бап. Yлгiлердi алу
756-бап. Дәрiгердiң немесе басқа маманның, сондай-ақ сарапшының үлгiлердi алуы
757-бап. Үлгiлердi алу кезiнде жеке адамның құқықтарын қорғау
758-бап. Заттай дәлелдемелер
759-бап. Ғылыми-техникалық құралдар
760-бап. Құжаттар
761-бап. Қосымша мәлiметтер талап ету
762-бап. Дәлелдеу
763-бап. Дәлелдемелерді жинау
764-бап. Дәлелдемелерді тексеру
765-бап. Дәлелдемелердi бағалау
40-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдану
766-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзудi қамтамасыз ету шаралары
767-бап. Жеткiзу
768-бап. Әкімшілік ұстау
769-бап. Әкiмшiлiк ұстаудың тәртiбi
770-бап. Әкiмшiлiк ұстау мерзiмдерi
771-бап. Алып келу
772-бап. Жүрiп-тұру еркiндiгiн алдын ала шектеу
773-бап. Жеке тексеріп қарау және жеке адамның заттарын тексеріп қарау
774-бап. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi тексеру
775-бап. Тексеру
776-бап. Тексеру жүргiзудiң жалпы қағидалары
777-бап. Жеке адамның заттары мен құжаттарын алып қою
778-бап. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi жүргiзуден шеттету және мас күйiн куәландыру
779-бап. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi ұстау, жеткiзу және пайдалануға тыйым салу
780-бап. Заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды тексеру
781-бап. Заңды тұлғаға тиесiлi құжаттар мен мүлiктi алып қою
782-бап. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу
783-бап. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу
41-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау
784-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғаудың дәлелдерi мен негiздемесi
785-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама
786-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға құқығы бар лауазымды адамдар
787-бап. Прокурордың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргізуді қозғауы
788-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасау мерзiмдерi
789-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайтын жағдайлар
790-бап. Хаттаманы (прокурордың қаулысын) iстi қарау үшiн жiберу
791-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi iстi қарауға бергенге дейiн қысқарту
42-тарау. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу
792-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізудің негіздері
793-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізудің тәртібі
43-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау
794-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарайтын орын
795-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға әзiрлеу
796-бап. Судьяның, лауазымды адамның әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау мүмкiндiгiн болдырмайтын мән-жайлар
797-бап. Судьяның, лауазымды адамның өздiгiнен бас тартуы және олардан бас тарту
798-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға әзiрлеу кезiнде судья, орган(лауазымды адам) қабылдайтын шешiм
799-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау мерзiмдерi
800-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау тәртiбi
801-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде анықтауға жататын мән-жайлар
802-бап. Сот отырысының хаттамасы
803-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау нәтижелерi бойынша шешiмдердiң түрлерi
804-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөнiндегi қаулы
805-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөнiндегi қаулыны хабарлау және қаулының көшiрмесiн тапсыру
806-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша ұйғарым
807-бап. Жаңылыс жазуларды, жаңсақ жазылымдарды және арифметикалық қателерді түзету
808-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс
44-тарау. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды адамның) іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану
809-бап. Шағым беру тәртібі
810-бап. Шағым беру мерзімі
811-бап. Шағымды қарау тәртібі
45-тарау.Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жөніндегі заңды күшіне енбеген қаулыларды қайта қарау
812-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулыға шағым беру, наразылық келтiру құқығы
813-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулыға шағым беру, наразылық білдіру тәртiбi
814-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулыға шағым беру, наразылық білдіру мерзiмi
815-бап. Шағымның (наразылықтың) мазмұны
816-бап. Шағым берiлуiне немесе наразылық білдіруiне байланысты қаулының орындалуын тоқтата тұру
817-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулыға шағымды, наразылықты қарау мерзiмдерi
818-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі қаулыға шағымды, наразылықты жоғары тұрған сот судьясының, жоғары тұрған орган басшысының немесе оның орынбасарының жеке-дара қарауы
819-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулыға шағымды, наразылықты қарау үшін әзiрлеу
820-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулыға шағымды, наразылықты қарау
821-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулыға шағым, наразылық бойынша шешiм
822-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулының күшiн жою немесе оны өзгерту негiздерi
823-бап. Судьяның, органның (лауазымды адамның)әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулыда баяндалған iстiң нақты мән-жайлары туралы тұжырымдарының шағымды, наразылықты қарау кезiнде зерттелген дәлелдемелерге сәйкес келмеуi
824-бап. Әкiмшiлiк жауаптылық туралы заңды дұрыс қолданбау
825-бап. Осы Кодекстiң iс жүргiзу нормаларының елеулі түрде бұзылуы
826-бап. Қаулымен қолданылған әкiмшiлiк жазаның жасалған құқық бұзушылық сипатына, кiнәлiнiң жеке басына немесе заңды тұлғаның мүлiктiк қаржы жағдайына сәйкес келмеуi
827-бап. Іс бойынша іс жүргiзудi қысқарту туралы қаулының күшiн жою немесе оны өзгерту
828-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулыға шағым, наразылық жөнiндегi ұйғарымды жария ету
46-тарау.Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жөніндегі заңды күшіне енген қаулыларды және оларға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелері жөніндегі ұйғарымдарды қайта қарау
829-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жөніндегі заңды күшiне енген қаулыларды және оларға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелерi жөнiндегi ұйғарымдарды қайта қараудың ерекше тәртiбi
830-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулыларды және оларға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелерi жөнiндегi ұйғарымдарды қайта қарауға құқылы соттар
831-бап. Істерді сұратып алудың және заңды күшіне енген сот актілеріне наразылық білдіру туралы өтінішхаттарды қараудың тәртібі мен себептері
832-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жөніндегі қаулыларға және оларға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелерi жөнiндегi ұйғарымдарға наразылық білдіру, шағым беру
833-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуын тоқтата тұру
834-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жөніндегі заңды күшiне енген қаулыларды Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қадағалау тәртібімен қайта қарау
47-тарау. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жөніндегі заңды күшiне енген қаулыларды және оларға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелері жөніндегі ұйғарымдарды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау
835-бап. Қайта қарау негіздері
836-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жөніндегі қаулыларды және оларға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелері жөніндегі ұйғарымдарды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарайтын соттар, уәкілетті органдар (лауазымды адамдар)
837-бап. Арыз беру
838-бап. Арыздың нысаны мен мазмұны
839-бап. Соттың, органның (лауазымды адамның) іс жүргізуіне арыз қабылдау
840-бап. Қаулыны немесе ұйғарымды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қайтару
841-бап. Арыз беру мерзімін есептеу
842-бап Арызды қарау
843-бап. Соттың, уәкілетті органның (лауазымды адамның) істі қайта қарау туралы ұйғарымы
48-тарау. Ақтау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті органның (лауазымды адамның) заңсыз іс-әрекеттері мен келтірілген зиянды өтеу
844-бап. Әкiмшiлiк жауапқа тартылған адамның кiнәсiздiгiн тану жолымен ақтау
845-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкілетті органның (лауазымды адамның) заңсыз әрекеттерi нәтижесiнде келтiрiлген зиянның өтелуіне құқығы бар адамдар
846-бап. Өтелуге жататын зиян
847-бап. Зиянның өтелуіне құқығын тану
848-бап. Мүлiктiк зиянды өтеу
849-бап. Моральдық зиянның зардаптарын жою
850-бап. Талаптар қою мерзiмдерi
851-бап. Заңды тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу
852-бап. Құқықтарды қуынымдық тәртiппен қалпына келтiру
49-тарау. Әкімшілік жауаптылықтан артықшылықтары мен иммунитеттері бар адамдардың істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктері
853-бап. Қазақстан Республикасы Парламентiнің депутатына қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу талаптары мен тәртібі
854-бап. Қазақстан Республикасының Президенттiгіне кандидаттың, Қазақстан Республикасы Парламентiнің депутаттығына кандидаттың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу талаптары мен тәртібі
855-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің Төрағасына немесе оның мүшесiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу талаптары мен тәртібі
856-бап. Судьяға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу талаптары мен тәртібі
857-бап. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорына қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу талаптары мен тәртібі
858-бап. Судьяның Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутатына, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасына немесе мүшелерiне, судьяға, Қазақстан Республикасының Бас прокурорына қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауы
859-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықтан дипломатиялық иммунитеттері бар адамдар
860-бап. Дипломатиялық иммунитетті пайдаланатын адамдарды тексеру, әкiмшiлiк ұстау және күштеп әкелу
861-бап. Айғақтар беруден дипломатиялық иммунитет
862-бап. Үй-жайлардың және құжаттардың дипломатиялық иммунитеті
50-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органдардың шет мемлекеттердің әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша құзыретті мекемелерімен және лауазымды адамдарымен өзара іс-қимылы
863-бап. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша құқықтық көмек көрсетудің жалпы талаптары
864-бап. Ақпаратты және құжаттарды беру туралы сұрау салуларды және жекелеген процессуалдық іс-әрекеттерді жүргізу туралы тапсырмаларды жіберу
865-бап. Ақпаратты және құжаттарды беру туралы сұрау салуларды және жекелеген процессуалдық іс-әрекеттерді жүргізу туралы тапсырмаларды орындау тәртібі
5-бөлiм. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулылардың орындалуы
51-тарау. Негізгі ережелер
866-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулының заңды күшiне енуi
867-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының мiндеттiлiгi
868-бап. Қаулыны орындауға жолдау
869-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындау
870-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындауға байланысты мәселелердi шешу
871-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуын кейiнге қалдыру және мерзімін ұзарту
872-бап. Әкiмшiлiк жазаны орындаудан босату
873-бап. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындау мерзімінің өтуі
874-бап. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындау жөніндегі іс жүргізудің аяқталуы
52-тарау. Әкімшілік жазаның жекелеген түрлерін орындау тәртібі
875-бап. Ескерту жасау туралы қаулының орындалуы
876-бап. Айыппұл салу туралы қаулыны өз еркімен орындау
877-бап. Жеке тұлғаға, дара кәсіпкерге, жеке нотариусқа, жеке сот орындаушысына және адвокатқа айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату
878-бап. Заңды тұлғаға айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату
879-бап. Айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындатуға жіберудің тәртібі
880-бап. Әкімшілік жазалардың жекелеген түрлерін орындау тәртібі
881-бап. Айыппұл салу туралы қаулының орындалуы жөніндегі iс жүргiзудiң аяқталуы
882-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған затты, сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлікті тәркілеу туралы қаулының орындалуы
883-бап. Арнайы құқықтан айыру туралы қаулыны орындайтын органдар
884-бап. Арнайы құқықтан айыру туралы қаулыны орындау тәртiбi
885-бап. Аң аулау құқығынан айыру туралы қаулыны орындау тәртiбi
886-бап. Радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиiлiктегi құрылғыларды пайдалану құқығынан айыру туралы қаулыны орындау тәртiбi
887-бап. Қаруды алып жүру және сақтау құқығынан айыру туралы қаулыны орындау тәртiбi
888-бап. Лицензиядан, арнайы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiгiнен) айыру не олардың белгiлi бiр қызмет түрiне қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулыны орындау
889-бап. Лицензиядан, арнайы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiгiнен) айыру не олардың белгiлi бiр қызмет түрiне қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулыны орындайтын органдар
890-бап. Лицензиядан, арнайы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiгiнен) айыру не олардың белгiлi бiр қызмет түрiне қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулыны орындау тәртiбi
891-бап. Лицензиядан, арнайы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiгiнен) айыру не олардың белгiлi бiр қызмет түрiне қолданылуын тоқтата тұру мерзiмдерiн есептеу
892-бап. Қызметтi тоқтата тұру не оған тыйым салу туралы қаулыны орындау
893-бап. Қызметiн тоқтата тұру не оған тыйым салу туралы қаулыны орындау тәртiбi
894-бап. Қаулының мүлiктiк залалды өтеу бөлiгiнде орындалуы
895-бап. Қазақстан Республикасынан шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу туралы қаулыны орындау
896-бап. Қазақстан Республикасынан шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу туралы қаулыны жүзеге асыратын органдар
897-бап. Жол жүрiсi қағидаларын бiлудi тексеру туралы қаулыны орындау
898-бап. Қаулыны медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану бөлiгiнде орындау тәртiбi
53-тарау. Қорытынды ережелер
899-бап. Осы Кодексті қолдану тәртібі
900-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі
1-бөлім. Жалпы ережелер 1-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама
1-бап. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық
туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасы осы Кодекстен тұрады.
2. Осы Кодекс Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған қағидаттары мен нормаларына негiзделедi.
3. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар осы Кодекс алдында басымдыққа ие болады және халықаралық шартты қолдану үшiн заң шығару қажет болатын реттердi қоспағанда, тiкелей қолданылады. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделгеннен өзгеше қағидалар белгiленген болса, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықтың негiзi
Осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнде көзделген құқық бұзушылық құрамының барлық белгiлерi бар әрекет жасау әкiмшiлiк жауаптылықтың негiзi болып табылады.
3-бап. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн
жауаптылық туралы заңнамасының кеңiстiк жағынан
қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының аумағында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам осы Кодекс бойынша жауаптылыққа тартылуға тиiс.
2. Қазақстан Республикасының аумағында басталған немесе жалғасқан, не аяқталған әрекет Қазақстан Республикасының аумағында жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып танылады. Осы Кодекстiң күшi Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында және айрықша экономикалық аймағында жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа да қолданылады.
3. Қазақстан Республикасының портына тiркелген және Қазақстан Республикасының шегiнен тыс ашық суда немесе әуе кеңiстiгiнде жүрген кемеде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартымен өзгеше көзделмесе, осы Кодекс бойынша әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс. Тұрған жерiне қарамастан, Қазақстан Республикасының әскери кемесiнде немесе әскери әуе кемесiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам да осы Кодекс бойынша әкiмшiлiк жауаптылықта болады.
4. Шет мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдерi және қорғанышты пайдаланатын өзге де шетел азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында құқық бұзушылық жасаған жағдайда осы адамдардың әкiмшiлiк жауаптылығы туралы мәселе халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешiледi.
4-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылық туралы
заңнаманың уақыт жағынан қолданылуы
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам осы құқық бұзушылық жасалған уақытта қолданылған заңнаманың негiзiнде жауаптылықта болуға тиiс.
2. Осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнде көзделген әрекеттiң жүзеге асырылған уақыты, салдардың туындаған уақытына қарамастан, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған уақыт болып танылады.
5-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңның керi күшi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты жеңілдететін немесе жоятын не әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған адамның жағдайын өзге түрде жақсартатын заңның керi күшi болады, яғни осы заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған және әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы заңды күшіне енбеген құқық бұзушылыққа қолданылады.
2. Заңның әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты белгiлейтiн немесе күшейтетiн немесе құқық бұзушылық жасаған адамның жағдайын өзге түрде нашарлататын керi күшi болмайды.
2-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың
міндеттері мен қағидаттары
6-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнаманың мiндеттерi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнаманың мiндеттерi - адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, халықтың денсаулығын, санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын, қоршаған ортаны, қоғамдық имандылықты, меншiктi, қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi, мемлекеттiк билiктi және мемлекеттік басқаруды жүзеге асырудың белгiленген тәртiбiн, ұйымдардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерiн әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан қорғау, сондай-ақ олардың жасалуының алдын алу.
2. Осы мiндеттi жүзеге асыру үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдар әкiмшiлiк жауаптылықтың негiздерi мен қағидаттарын белгiлейдi, қандай әрекеттердiң әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылатынын және олардың жасалғаны үшiн қолданылатын жазалардың түрлерiн, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамға қай мемлекеттiк органның (лауазымды адамның) қандай әкiмшiлiк жаза және қандай тәртiппен қолдануы мүмкiн екенiн айқындайды.
7-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнама қағидаттарының
маңызы
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнама қағидаттарының маңызы мынада: оларды бұзу, оның сипаты мен мәнiне қарай, iс бойынша жүргiзiлген iстi жарамсыз деп тануға, осындай iс жүргiзудiң барысында шығарылған шешiмдердiң күшiн жоюға не бұл орайда жиналған материалдардың дәлелдiк күшi жоқ деп тануға әкеп соғады.
8-бап. Заңдылық
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық, әкімшілік жаза шаралары, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары және әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шаралары осы Кодексте ғана айқындалады. Ешкімді де осы Кодексте белгіленгеннен өзге негіздеулермен және тәртіппен әкімшілік жазаға, әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шараларына немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына ұшыратуға болмайды.
2. Соттардың Конституцияда бекітілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысымшылық жасайтын заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қолдануға құқығы жоқ. Егер сот қолданылуға тиісті заң немесе өзге де нормативтiк құқықтық акт Конституцияда бекітілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысымшылық жасайды деп байқаса, ол iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұруға және осы актiнi конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне жүгiнуге мiндеттi. Сот Конституциялық Кеңестiң шешiмiн алған соң iс бойынша iс жүргiзу қайта басталады.
Соттардың және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) конституциялық емес деп танылған заңға немесе өзге де нормативтік құқықтық актіге негізделген шешімдері орындалуға жатпайды.
3. Соттың, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдардың (лауазымды адамдардың) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi жүргiзу кезiнде заңды бұзуына жол берiлмейдi және заңда белгiленген жауаптылыққа, қабылданған актiлердiң жарамсыз деп танылуына және олардың күшiнiң жойылуына әкеп соғады.
9-бап.Заң және сот алдындағы теңдiк
Барлығы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргізу барысында заң және сот алдында тең. Ешкімді де шығу тегі, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайы, жынысы, нәсiлi, ұлты, тілі, дiнге көзқарасы, сенiмi, тұратын жерi себебі бойынша немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша қандай да кемсітушілікке ұшыратуға болмайды.
10-бап. Кiнәсiздiк презумпциясы
1. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған адам өз кiнәсi осы Кодексте көзделген тәртiппен дәлелденбейiнше және өз өкiлеттiгi шегiнде iстi қараған судьяның, органның (лауазымды адамның) заңды күшiне енген қаулысымен белгiленбейiнше, кiнәсiз деп есептеледi.
2. Ешкiм де өзiнiң кiнәсiздiгiн дәлелдеуге мiндеттi емес.
3. Кiнәлiлiкке келтiрiлген кез келген күдiктер өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған адамның пайдасына түсiндiрiледi. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарды қолдану кезiнде туындайтын күдiктер де оның пайдасына шешiлуге тиiс.
11-бап. Кiнә қағидаты
1. Адам тек кiнәсi анықталған құқық бұзушылықтары үшiн ғана әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс. Адамның кiнәсiздiктен келтiрген зияны үшiн объективтi кiнә тағуға, яғни әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға жол берiлмейдi.
2. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің кінәсі жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаны басқару функцияларын жүзеге асыратын органның немесе ұйымдастыру-билiк ету немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын дара кәсіпкер мен заңды тұлға қызметкерінің кінәсін анықтау арқылы айқындалады.
12-бап. Қайтадан әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға жол
берiлмеушiлiк
Бiр құқық бұзушылық үшiн ешкiмдi де екi рет әкімшілік жауаптылыққа тартуға болмайды.
13-бап. Iзгiлiк қағидаты
Құқық бұзушылық жасаған адамға қолданылатын әкiмшiлiк жаза тән азабын шектіруді немесе адамның қадiр-қасиетiн қорлауды мақсат ете алмайды.
14-бап. Жеке басқа қол сұқпаушылық
1. Ешкiмдi де осы Кодексте белгiленгеннен өзге негiздермен және тәртiппен әкiмшiлiк ұстауға, iшкi iстер органына (полицияға) немесе басқа мемлекеттiк органдарға алып келуге, жеткiзуге, жеке басын және жеке адамның заттарын тексеруге немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз етудің өзге де шараларына ұшыратуға болмайды.
2. Әрбiр ұсталған, iшкi iстер органына (полицияға) немесе басқа мемлекеттiк органға алып келiнген, жеткiзiлген адамға ұстаудың, алып келудiң, жеткiзудiң негiздерi, сондай-ақ оған тағылып отырған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың заңдық сипаты дереу хабарланады.
3. Мемлекеттiк орган (лауазымды адам) заңсыз алып келiнген, жеткiзiлген немесе ұсталған адамды дереу босатуға мiндеттi.
4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iске қатысушылардың ешқайсысын азаптау, зорлық-зомбылық, қатыгездiк немесе адамның қадiр-қасиетiн қорлайтын әрекетке ұшыратуға болмайды.
5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу процесiнде адамның не оның өкiлiнiң еркiне қарсы жеке басқа қол сұқпаушылықты бұзатын iс-әрекеттер жасау тек осы Кодексте тiкелей көзделген жағдайларда және тәртiппен ғана мүмкiн болады.
6. Әкімшілік ұстауға ұшыраған адамды ұстау оның өмiрi мен денсаулығына қатер төнуiн болдырмайтын жағдайда жүзеге асырылуға тиiс.
15-бап. Жеке бастың ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн, адамның
іскерлік беделін құрметтеу
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу кезiнде iске қатысушы адамның ар-ожданын қорлайтын немесе қадiр-қасиетiн, іскерлік беделін кемiтетiн, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратуға тыйым салынады, адамның жеке өмiрi туралы мәлiметтердi, сол сияқты ол құпия сақтауды қажет деп есептейтiн жеке және іскерлік сипаттағы мәлiметтердi осы Кодексте көзделмеген мақсаттар үшiн жинауға, пайдалануға және таратуға жол берiлмейдi
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу барысында соттың, басқа да мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз iс-әрекеттерiмен адамға келтiрiлген моральдық зиян заңда белгiленген тәртiппен өтелуге тиiс.
16-бап. Жеке өмiрге қол сұқпаушылық
Жеке өмiр, жеке бастың, отбасының, коммерциялық және заңмен қорғалатын құпия заңның қорғауында болады. Әркiмнiң жеке салымдар мен жинақ ақша, хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почтамен, телеграф арқылы және өзге хабарламалар алысу құпиясына құқығы бар. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу барысында осы құқықтарды шектеуге тек заңмен тiкелей белгiленген жағдайларда және тәртiппен жол берiледi
17-бап. Меншiкке қол сұқпаушылық
1. Меншiкке заңмен кепiлдiк берiледi. Ешкiмдi де сот шешiмiнсiз өз мүлкiнен айыруға болмайды.
2. Мүлiк пен құжаттарды алып қою; көлiк құралын, шағын кеменi басқарудан шеттету; көлiк құралын, шағын кеменi ұстау; көлiк құралдарын, шағын кемелердi тексеру; аумақтарды, үй-жайларды, көлiк құралдарын, тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды тексерiп қарау және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуді қамтамасыз етудің өзге де шаралары тек осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртiппен жүргiзiлуi мүмкiн.
18-бап. Соттың (судьяның) және әкімшілік құқық бұзушылық туралы
істерді қарауға уәкілетті органның (лауазымды адамның)
тәуелсiздiгi
Соттар (судьялар) және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдар (лауазымды адамдар) оларды өздерiне бөгде ықпал болмайтын жағдайларда шешедi. Соттың (судьяның) және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органның (лауазымды адамның) қызметiне қандай да болмасын араласушылыққа жол берiлмейдi және ол заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады.
19-бап. Куә айғақтарын беру мiндетiнен босату
1. Ешкiм өзiне-өзi, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгiленген шектегi жақын туыстарына қарсы айғақ беруге мiндеттi емес.
2. Дiни қызметшiлер өздерiне сенiп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға мiндеттi емес.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген жағдайларда аталған адамдар айғақ беруден бас тартуға құқылы және олар бұл үшiн қандай да болмасын жауаптылыққа тартылуы мүмкiн емес.
20-бап. Бiлiктi заң көмегiн алуға құқықтарды қамтамасыз ету
1. Әркiмнiң әкiмшiлiк iс жүргiзу барысында осы Кодекстің ережелеріне сәйкес бiлiктi заң көмегiн алуға құқығы бар.
2. Заңмен көзделген жағдайларда заң көмегi тегiн көрсетiледi.
21-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудiң
жариялылығы
1. Сот, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдар (лауазымды адамдар) осы iстердi жүргiзудi ашық түрде жүзеге асырады.
2. Заңға сәйкес мемлекеттiк құпиялар болып табылатын мәлiметтерi бар iстерге қатысты, сондай-ақ соттың, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) бала асырап алудың құпиясын қамтамасыз ету, жеке бастың, отбасылық, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны, жеке тұлғалар өмiрiнiң интимдiк жақтары туралы мәлiметтердi сақтау қажеттiлiгiне не ашық қарауға кедергi келтiретiн өзге де мән-жайларға сiлтеме жасаған iске қатысушы адамның өтiнiшiн қанағаттандыру кезiнде iс жүргiзу жабық түрде жүзеге асырылады.
3. Жеке тұлғалардың жеке хат жазысуы мен жеке телеграф хабарламалары тек осы хат жазысу мен телеграф хабарламаларын өзара алмасқан адамдардың келiсiмiмен ғана ашық iс жүргiзу барысында жария етiлуi мүмкiн. Керi жағдайда осы адамдардың жеке хат жазысуы мен жеке телеграф хабарламалары жабық iс жүргiзу тәртiбiнде жария етiледi және зерттеледi. Аталған қағидалар жеке сипаттағы мәлiметтерi бар фото- және киноқұжаттарды, дыбыстық және бейнежазбаларды, электрондық жеткізгіштердегі ақпаратты зерттеу кезiнде де қолданылады.
4. Iске қатысушы адамдар мен ашық iс жүргiзуге қатысып отыратын жеке тұлғалар iс жүргiзiлiп жатқан үй-жайдағы өздерi иеленген орыннан iс жүргiзудiң барысын жазбаша түрде немесе дыбыс жазбаны пайдалана отырып жазып алуға құқылы. Iс жүргiзу барысында кино- және фотосуретке түсiруге, бейнежазбаға, ретрансляцияға, электрондық жеткізгіштерге жазуға соттың, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) рұқсаты бойынша, iске қатысушы адамдардың пiкiрлерi ескерiле отырып жол берiледi. Бұл iс-әрекеттер iстiң қалыпты жүруiне кедергi жасамауға тиiс және оларға уақыт жағынан шектеу қойылуы мүмкiн.
22-бап. Iс жүргiзу барысында қауiпсiздiктi қамтамасыз ету
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу соттың, әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) қалыпты жұмысын және iс жүргiзуге қатысушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жағдайда өтедi. Қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында судья, лауазымды адам iс жүргiзу кезiнде қатысып отыруға тiлек бiлдiрген адамдардың жеке бастарын куәландыратын құжаттарын тексерудi, өздерiн тексерiп қарауды және олар әкелген заттарды тексерiп қарауды қоса алғанда, оларды тексеру жөнiнде өкiм бере алады.
23-бап. Iс жүргiзу шешiмдерiне дау айту және іс жүргiзу әрекеттерiне шағым жасау еркіндігі
1. Соттың, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жөніндегі хаттамаларды жасауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) iс-әрекеттерiне шағымдануға болады, ал соттың, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстерді қарауға уәкілетті органның (лауазымды адамның) шешімдеріне осы Кодексте белгiленген тәртiппен дау айтуға болады.
2. Iске қатысушы адамның әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулыларды осы Кодексте белгiленген тәртiппен қайта қаратуға құқығы бар.
3. Шағымды шағым берген адамға зиян келетiндей етiп немесе шағым өз мүддесiне орай берiлген адамға зиян келетiндей етiп қарауға жол берiлмейдi.
24-бап. Адамның құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiн сот арқылы қорғау
1. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқығы бар. Мүдделi адам құқықтары, бостандықтары немесе заңмен қорғалатын мүдделерi бұзылғанда немесе дауға түскенде, оны қорғау үшiн заңда белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
2. Прокурор өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында және жеке тұлғалардың, ұйымдардың құқықтарын, қоғамдық және мемлекеттiк мүдделердi қорғау үшiн сотқа талап қойып (арыз жазып) жүгiнуге құқылы.
3. Ешкiмге ол үшiн заңмен көзделген соттылығы оның келiсiмiнсiз өзгертiлуге тиiс емес.
2-бөлiм. Әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жауаптылық Жалпы бөлім 3-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық
25-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық
1. Жеке немесе заңды тұлғаның осы Кодекс бойынша әкiмшiлiк жауаптылық белгіленген құқыққа қарсы, кiнәлi (қасақана немесе абайсызда жасалған) әрекетi (іс-әрекеті не әрекетсiздiгi) әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп танылады.
2. Осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнiң баптарында көзделген құқық бұзушылықтар үшiн, егер бұл құқық бұзушылықтар өзiнiң сипаты бойынша қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпаса, әкiмшiлiк жауаптылық туындайды.
26-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қасақана жасау
Егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) құқыққа қарсы сипатын сезiнсе, оның зиянды салдарын алдын ала бiлсе және осы салдардың туындауын қаласа немесе оған саналы түрде жол берсе не оларға немқұрайлы қараса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық қасақана жасалған деп танылады.
27-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты абайсызда жасау
Егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) зиянды салдарының туындау мүмкiндiгiн алдын ала бiлсе, бiрақ жеткiлiктi негiзсiз оның алдын алуға болады деп ұшқары ойласа, не тиiстi назар салған және ескерген жағдайда оның алдын алуға болса да осындай салдардың туындау мүмкiндiгiн алдын ала бiлмесе, әкiмшiлiк құқық бұзушылық абайсызда жасалды деп танылады.
4-тарау. Әкiмшiлiк жауаптылық
28-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс тұлғалар
Әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс тұлғалар:
1) ақыл-есi дұрыс, әкімшілік құқық бұзушылық аяқталған немесе оның жолын кескен кезде он алты жасқа жеткен жеке адам;
2) заңды тұлға.
29-бап. Ақыл-естiң дұрыс еместігі
Осы Кодексте көзделген құқыққа қарсы әрекет жасаған кезде ақыл-есi дұрыс емес жағдайда болған, яғни өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) нақты сипаты мен қауiптiлiгiн түсiне алмаған немесе созылмалы психикалық сырқатының, уақытша психикасы бұзылуының, ақыл-ес кемдiгiнiң немесе психиканың өзге де сырқатты жай-күйiнiң салдарынан ақыл-есi кем жағдайда болған жеке адам әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылмайды.
30-бап. Лауазымды адамдардың әкiмшiлiк жауаптылығы
Лауазымды адам қызметтiк мiндеттерiн орындамауына немесе тиiсiнше орындамауына байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жағдайда әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылады. Мұндай мән-жайлар болмаған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалуына кiнәлi лауазымды адам жалпы негiздерде жауаптылықта болуға тиiс.
Ескерту. Осы Кодексте тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкiлеттiк бойынша билiк өкiлiнiң функцияларын жүзеге асыратын немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде жүзеге асырған не әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде мемлекеттiк мекемелерде, квазимемлекеттік сектордың субъектілерінде, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында ұйымдық-өкімдік немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларын орындайтын немесе орындаған адамдар лауазымды адамдар деп танылады.
31-бап. Құқық бұзушылықты арнайы техникалық құралдар тiркеген
кездегi әкiмшiлiк жауаптылықтың ерекшелiктерi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарымен және аспаптарымен тiркелген жағдайда, жол жүрiсi саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн әкiмшiлiк жауаптылыққа көлiк құралдарының меншiк иелерi (иелерi) тартылады.
2.Егер көлiк құралының меншiк иесiнiң (иесiнiң) хабарламасы немесе өтiнiшi бойынша тексеру барысында құқық бұзушылық тiркелген кезде көлiк құралы иелiгiнде болған адам анықталса не басқа адамдардың құқыққа қарсы әрекеттерiнiң салдарынан көлiк құралы оның иелiгiнен шыққан болса, осы көлiк құралының қатысуымен жасалған құқық бұзушылық үшiн ол әкiмшiлiк жауаптылықтан босатылады.
Ескерту.
Осы Кодекстiң баптарында көлiк құралын меншiк құқығымен иеленетiн жеке тұлғалар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға тиесiлi көлiк құралдары уақытша иелену мен пайдалануға берiлген жеке тұлғалар көлiк құралдарының иелерi болып танылады.
Осы Кодекстiң баптарында сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдары мен аспаптары деп құқық бұзушылықтарды бақылау мен тiркеудiң метрологиялық салыстырып тексеруден өткен техникалық құралдары мен аспаптарын, құқық бұзушылықтың жасалу фактiсi мен уақытын, көлiк құралының түрiн, маркасын, мемлекеттiк тiркеу нөмiрiнiң белгiсiн, сондай-ақ жүрiсiнiң жылдамдығы мен бағытын тiркейтiн фото-, бейне аппаратураны түсiну қажет.
32-бап. Әскери қызметшілер мен әскери жиындарда жүрген әскери
міндеттілердің әкiмшiлiк жауаптылығы
1. Әскери қызметшiлер мен әскери жиында жүрген әскери мiндеттiлер, осы Кодекстiң 629 және 656-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн тәртiптiк жарғылар бойынша жауаптылықта болады.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы режимiн, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы және кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу бекеттерiндегi режимдi, Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасын, өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарын, жолда жүру ережелерiн, қызмет орындарынан тыс кеден ережелерiн, Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын, Қазақстан Республикасының бюджет және салық заңнамасын, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын, аң аулау, балық аулау ережелерiн, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен қорғаудың басқа да ережелерi мен нормаларын бұзғаны үшiн жалпы негiздер бойынша әкiмшiлiк жауаптылықта болады. Аталған адамдарға - атыс және суық қаруды алып жүру мен сақтау құқығынан айыру түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдануға болмайды.
33-бап. Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының,
адвокаттардың, дара кәсіпкерлердің және заңды
тұлғалардың әкiмшiлiк жауаптылығы
1. Осы бөлiмнiң ерекше бөлiмiнде көзделген жағдайларда жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс.
2. Егер осы бөлiмнiң ерекше бөлiмiнде көзделген әрекеттi заңды тұлғаны басқару функциясын жүзеге асыратын орган, адам, ұйымдық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды орындайтын дара кәсіпкер және заңды тұлға жасаса, рұқсат берсе, мақұлдаса, дара кәсіпкер мен заңды тұлға әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс.
3. Дербес салық төлеушi болып табылатын және салық салу саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi заңды тұлғалар ретiнде әкiмшiлiк жауаптылықта болады.
4. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды әкімшілік жауапқа тарту осы баптың екінші бөлігінде аталған жеке тұлғаны осы әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықтан босатады.
34-бап. Шетелдiктердiң, шетелдiк заңды тұлғалардың және азаматтығы жоқ адамдардың әкiмшiлiк жауаптылығы
1. Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған шетелдiктер, шетелдiк заңды тұлғалар және азаматтығы жоқ адамдар жалпы негiздерде әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс.
2. Шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзғаны үшiн заңды тұлғалар ретiнде әкiмшiлiк жауапқа тартылады.
3. Шет мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдерi және иммунитетті пайдаланатын өзге де шетелдiктер Қазақстан Республикасының аумағында жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылық туралы мәселе халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешiледi.
5-тарау. Әкiмшiлiк жауаптылықты болдырмайтын мән-жайлар
35-бап. Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау
1. Құқыққа қарсы қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезiнде, бұл адамды мемлекеттiк органдарға жеткiзу және оның жаңа қол сұғушылықтар жасауын болдырмау үшiн, егер мұндай адамды басқаша құралдармен ұстау мүмкiн болмаса және бұл ретте осы үшiн қажеттi шараларды асыра қолдануға жол берiлмесе, осы Кодексте көзделген әрекеттi жасау әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды.
2. Адамға қажеттiлiктен асып, шектен тыс, жағдайға орай туындамаған айқын зиян келтiрген кезде, олардың ұсталған адам жасаған қол сұғушылықтың сипаты мен қауiп дәрежесiне және ұстаудың мән-жайына көрiнеу сәйкес келмеуi қол сұғушылық жасаған адамды ұстау үшiн қажеттi шараларды асыра қолданушылық деп танылады. Мұндай асыра қолдану тек қасақана зиян келтiру жағдайларында ғана әкiмшiлiк жауаптылыққа әкеп соғады.
3. Қол сұғушылықты жасаған адамды ұстау құқығына оған арнаулы уәкiлеттiгi бар адамдармен қатар жәбiрленушiлер мен басқа жеке тұлғалар да ие болады.
36-бап. Аса қажеттiлiк
1. Аса қажеттiлiк жағдайында, яғни осы адамның немесе өзге де адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделерiне, қоғамның немесе мемлекеттiң мүдделерiне тiкелей қатер төндiретiн қауiптi жою үшiн осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтiру, егер бұл қауiптi өзге құралдармен жою мүмкiн болмаса және бұл орайда аса қажеттiлiк шегiнен асуға жол берiлмесе, әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды.
2. Қатер төндiрген қауiптiң сипаты мен дәрежесiне және қауiп жойылған, құқық қорғау мүдделерiне тең немесе зиянды болдырмаудан айтарлықтай көбiрек зиян келтiрген, жағдайға анық сәйкес келмейтiн зиян келтiру аса қажеттiлiк шегiнен асып кету деп танылады. Мұндай асып кету тек қасақана зиян келтiрген жағдайда ғана жауаптылыққа әкеп соғады.
37-бап. Күштеп немесе санаға әсер етiп мәжбүрлеу
1. Егер мәжбүрлеу салдарынан адам өз iс-әрекеттерiн (әрекетсiздiгiн) игере алмаса, күштеп немесе санаға әсер етiп мәжбүрлеу нәтижесiнде осы Кодексте көзделген әрекеттi жасау әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды.
2. Санаға әсер етiп мәжбүрлеу нәтижесiнде, сондай-ақ күштеп мәжбүрлеу нәтижесiнде, адам соның салдарынан өз iс-әрекеттерiн игеру мүмкiндiгiн сақтаса, осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтiрiлгендiгi үшiн әкiмшiлiк жауаптылық туралы мәселе осы Кодекстiң 36-бабының ережелерi ескерiле отырып шешiледi.
38-бап. Бұйрықты немесе өкiмдi орындау
1. Өзi үшiн мiндеттi бұйрықты немесе өкiмдi орындау үшiн әрекет еткен адамның осы Кодексте көзделген әрекеттi жасауы әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды. Осындай әрекеттiң жасалуына заңсыз бұйрық немесе өкiм берген адам әкiмшiлiк жауаптылықта болады.
2. Көрiнеу заңсыз бұйрықты немесе өкiмдi орындау орайында қасақана әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам жалпы негiздерде әкiмшiлiк жауаптылықта болады. Көрiнеу заңсыз бұйрықты немесе өкiмдi орындамау әкiмшiлiк жауаптылықты болғызбайды.
6-тарау. Әкiмшiлiк жаза және әкiмшiлiк-құқықтық ықпал
ету шаралары
39-бап. Әкiмшiлiк жаза ұғымы және мақсаттары
1. Әкiмшiлiк жаза, осыған заңмен уәкiлеттiк берiлген судья, органдар (лауазымды адамдар) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн қолданатын мемлекеттiк мәжбүрлеу шарасы болып табылады және бұл осындай құқық бұзушылық жасаған адамның осы Кодексте көзделген құқықтары мен бостандықтарынан айыруға немесе оларды шектеуге саяды.
2. Әкiмшiлiк жаза құқық бұзушылықты жасаған адамды заңнама талаптарын сақтау және құқық тәртiбiн құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзiнiң де, сол сияқты басқа адамдардың да жаңа құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында қолданылады.
3. Әкiмшiлiк жаза әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамға тән азабын тарттыруды немесе оның адамгершiлiк қадiр-қасиетiн қорлауды, сондай-ақ заңды тұлғаның iскерлiк беделiне зиян тигiзудi мақсат тұтпайды.
4. Әкiмшiлiк жаза мүлiктiк залалдың орнын толтыру құралы болып табылмайды. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан келтiрiлген зиянның орны осы Кодекстiң 56-бабында көзделген тәртiппен толтырылады.
40-бап. Әкiмшiлiк жазалардың түрлерi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн мынадай әкiмшiлiк жазалар қолданылуы мүмкiн:
1) ескерту жасау;
2) әкiмшiлiк айыппұл салу;
3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты, сол сияқты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлiктi тәркiлеу;
4) арнаулы құқықтан айыру;
5) лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiктен) айыру немесе қызметтiң белгiлi бiр түрiне не белгiлi бiр iс-әрекеттер жасауға оның қолданылуын тоқтата тұру, оның iшiнде тiзiлiмнен алып тастау;
6) жеке кәсiпкердiң қызметiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу;
7) шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу;
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн заңды тұлғаларға осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1)-5) тармақшаларында аталған әкiмшiлiк жазалар, сондай-ақ заңды тұлғаның қызметiн немесе қызметiнiң жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу қолданылуы мүмкiн.
41-бап. Негiзгi және қосымша әкiмшiлiк жазалау шаралары
1. Ескерту жасау, әкiмшiлiк айыппұл салу негiзгi әкiмшiлiк жазалар ретiнде ғана қолданылуы мүмкiн.
2. Арнаулы құқықтан айыру, лицензиядан (арнайы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiктен) айыру немесе оның қолданылуын тоқтата тұру, қызметтi немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу, сондай-ақ шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкiмшiлiк жолмен кетiру негiзгi, сол сияқты қосымша әкiмшiлiк жазалар ретiнде қолданылуы мүмкiн.
3. Тәркілеу қосымша әкімшілік жаза ретінде ғана қолданылуы мүмкін.
42-бап. Ескерту жасау
Ескерту жасау әкiмшiлiк жаза қолдануға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) жасалған құқық бұзушылыққа ресми түрде терiс баға беруiнен және жеке немесе заңды тұлғаны құқыққа қарсы мiнез-құлыққа жол беруге болмайтындығы туралы сақтандырудан тұрады. Ескерту жазбаша түрде жасалады.
43-бап. Әкiмшiлiк айыппұл
1. Әкiмшiлiк айыппұл (бұдан әрi – айыппұл) – осы бөлiмнiң ерекше бөлiмiнiң баптарында көзделген жағдайларда және шекте, әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн салынатын, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасау кезiнде қолданылып жүрген заңға сәйкес белгiленетiн айлық есептiк көрсеткiштiң белгiлi бiр мөлшерiне сай келетiн көлемде ақша өндiрiп алу.
Осы бөлiмнiң ерекше бөлiмiнiң баптарында көзделген жағдайларда айыппұл мөлшерi:
2) қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасының;
2) орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған салық мiндеттемесi сомасының;
3) төленбеген (аударылмаған), уақтылы және (немесе) толық төленбеген (аударылмаған) әлеуметтiк аударымдар сомасының;
4) аударылмаған, уақтылы және (немесе) толық есептелмеген, ұсталмаған (есепке жазылмаған) және (немесе) төленбеген (аударылмаған) мiндеттi зейнетақы жарналары сомасының;
5) заңсыз кәсiпкерлiк нәтижесiнде алынған акцизделетiн тауарлар құны сомасының;
6) Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес есепке алынбаған не тиiстi түрде есепке алынбаған соманың
7) Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасын бұза отырып жасалған (жүргiзiлген) мәмiле (операция) сомасының;
8) монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесінде немесе Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы, табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы заңнамасын, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарының қызметiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу нәтижесiнде алынған табыс (түсiм) сомасының;
9) құқық бұзушылық жасалған, бiрақ бiр жылдан аспайтын кезең үшiн бекiтiлген нормативтерден тыс пайдаланылған энергетикалық ресурстар құнының;
10) есепке жатқызылмаған ұлттық және шетел валютасы сомасының пайызымен көрсетiледi.
Егер осы бөлiмнiң ерекше бөлiмiнiң көзделген баптарында айыппұл мөлшерi Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасының нормаларын бұза отырып жүргiзiлген операция сомасының пайызымен көрсетiлсе және мұндай операция шетел валютасымен жүргiзiлсе, айыппұл сомасын теңгемен қайта есептеу әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген ресми бағам бойынша жүзеге асырылады.
2. Жеке тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшері бес жүз елу айлық есептiк көрсеткiштен аспауға тиіс.
Лауазымды адамға, жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдарға салынатын айыппұлдың мөлшерi жеті жүз елу айлық есептiк көрсеткiштен аспауға тиіс.
Орта кәсiпкерлiк субъектiлеріне салынатын айыппұлдың мөлшерiн бір мың айлық есептiк көрсеткiштен асыруға болмайды.
Iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне салынатын айыппұлдың мөлшерiн екi мың айлық есептiк көрсеткiштен асыруға болмайды.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң екiншi абзацына сәйкес есептелген айыппұл осы бапта көрсетiлген айыппұлдардың белгiленген мөлшерiнен асатын немесе одан кем мөлшерде белгiленуi мүмкiн.
4. Айыппұл заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк бюджет кiрiсiне өндiрiп алынады.
44-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған затты, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлiктi тәркiлеу
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған затты, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлiктi тәркiлеу оларды заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекет меншiгiне мәжбүрлеп өтеусiз өндiрiп алудан тұрады.
Меншiк иесiне қайтарып беруге жататын не айналымнан алынған затты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамның заңсыз иелiгiнен алып қою тәркiлеу болып табылмайды. Айналымнан алынған зат мемлекет меншiгiне өндiрiп алынуға немесе жойылуға тиiс.
2. Егер осы Кодекстiң ерекше бөлiгiнде өзгеше көзделмесе, тәртiп бұзушының меншiгi болып табылатын зат қана тәркiленуге жатады.
3. Аңшылық қаруды, оның оқ-дәрiлерiн және басқа да рұқсат етiлген аң аулау және балық аулау құралдарын тәркiлеудi аң аулау (балық аулау) өмiр сүруiнiң негiзгi заңды көзi болып табылатын адамдарға қолдануға болмайды.
4. Тәркiлеудi судья қолданады және ол осы бөлiмнiң ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында әкiмшiлiк жаза ретiнде көзделген жағдайларда тағайындалуы мүмкiн.
45-бап. Арнаулы құқықтан айыру
1. Нақты адамға берілген арнаулы құқықтан айыруды судья қолданады.
2. Арнаулы құқықтан айыру мерзiмi бiр айдан кем болмауға және екi жылдан аспауға тиiс.
3. Көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыру мерзiмi алты айдан кем болмауға және екi жылдан аспауға тиіс.
4. Масаң күйдi куәландырудан белгiленген тәртiппен өтуден жалтару, сондай-ақ аталған адамдардың белгiленген ережелердi бұза отырып, өздерi қатысушысы болған жол-көлiк оқиғалары болған жерден кетiп қалу жағдайларын қоспағанда, көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыруды бұл құралдарды мүгедектiгiне байланысты пайдаланатын адамдарға қолдануға болмайды.
5. Аң аулау, балық аулау құқығынан, аң аулау қаруларын, оның оқ-дәрiлерiн және балық аулау құралдарын сақтау мен алып жүру құқығынан айыруды, осы құқықты пайдалану тәртiбiн үнемi бұзушылықты қоспағанда, аң аулау (балық аулау) өмiр сүруiнiң негiзгi заңды көзi болып табылатын адамдарға қолдануға болмайды.
46-бап. Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан
(куәлiктен) айыру не белгiлi бiр қызмет түрiне не
белгiлi бiр iс-әрекеттер жасауға оның қолданылуын
тоқтата тұру, оның iшiнде тiзiлiмнен алып тастау
1. Белгiлi бiр қызмет түрiне не белгiлi бiр iс-әрекеттер жасауға лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiктен) айыруды судья қызметтi жүзеге асыру лицензияда, арнаулы рұқсатта, бiлiктiлiк аттестатында (куәлiкте) көзделген белгiлi бiр iс-әрекеттердi жасау кезiндегi әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн қолданады.
2. Белгiлi бiр қызмет түрiне не белгiлi бiр iс-әрекеттер жасауға лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiктен) уақытша айыру алты айға дейiнгi мерзiмге белгiленедi.
3. Кредиттiк бюро лицензиясынан айыруды қоспағанда, қаржы саласындағы қызметтi және қаржы ресурстарын шоғырландырумен байланысты қызметтi жүзеге асыруға куәлікті тоқтата тұруды, лицензияны тоқтата тұруды не одан айыруды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген негiздер бойынша және тәртiппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.
4. Тiзiлiмнен алып тастауды Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген негiздер бойынша және тәртiппен кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган және Қазақстан Республикасының жол жүрiсi қауiпсiздiгi саласындағы заңнамасында белгiленген негiздер бойынша және тәртiппен көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
5. Микроқаржы ұйымдарының тiзiлiмiнен алып тастауды Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасында белгiленген негiздер бойынша және тәртiппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады.
47-бап. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру не
оған тыйым салу
1. Қызметтің немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) өтiнiшi бойынша сот тәртiбiмен ғана жүргiзiледi.
2. Қызметтi немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы талап қою өтiнiшi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен және негiздерде сотқа жiберiледi. Өтiнiштi сот жеті күн мерзiмде қарайды.
3. Қызметтi немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру түрiндегi әкiмшiлiк жазалау шарасы бұзушылықты жою үшiн сот белгiлеген мерзiмде қажеттi iс-әрекеттер (iс-шаралар) жүргiзу арқылы оны жоюға болатын жағдайларда қолданылады.
4. Қызметтi немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға осы Кодекстің 783-бабында көзделген жағдайларда сот шешiмiнсiз жол берiледi.
5. Жеке меншiк тауарларын сақтау қоймасы иесiнiң қызметiн тоқтата тұруды Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген негiздер бойынша және тәртiппен кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
48-бап. Шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан
Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберу
1. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберуді судья осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнде көзделген тәртiп пен негiздер бойынша әкiмшiлiк жазалау шарасы ретiнде қолданады.
Осы баптың ережелерi шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасында көзделген тәртiппен жүзеге асырылатын шығарып жiберу жағдайында қолданылмайды.
2. Егер әкiмшiлiк iс жүргiзу барысында Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберу түрiндегi әкiмшiлiк жазалау шарасы қолданылуы мүмкiн адам, өзiне қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыс болып танылатын әрекет жасалғаны туралы хабарласа, онда осы адамға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң 185-бабында белгiленген тәртiппен хабарлама немесе өтiнiш бойынша шешiм қабылданғанға дейiн кейiнге қалдырылады.
49-бап. Әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шаралары
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамға әкiмшiлiк жаза қолданумен қатар осы адамның жаңадан құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында әкiмшiлiк-құқықтық ықпал етудiң мынадай шаралары қолданылуы мүмкiн:
1) жол жүрiсi ережелерiн бiлуiн тексеру;
2) құқық бұзушының мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiлеу.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасында аталған әкiмшiлiк құқықтық ықпал ету шарасы әкiмшiлiк жаза тағайындаумен қатар, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамды осы Кодекстiң 59-бабында көзделген негiздер бойынша әкiмшiлiк жауаптылықтан босату кезiнде соның орнына да қолданылуы мүмкiн.
50-бап. Жол жүрiсi қағидаларын бiлуiн тексеру
Осы Кодекстiң 571 (оныншы бөлiгiнде), 572 (екiншi бөлiгiнде), 573 (төртiншi бөлiгiнде), 574 (төртiншi бөлiгiнде), 575 (үшiншi бөлiгiнде), 576 (төртiншi бөлiгiнде), 577 (төртiншi бөлiгiнде), 578 (төртiншi бөлiгiнде), 579 (үшiншi бөлiгiнде), 580 (екiншi бөлiгiнде), 581 (екiншi бөлiгiнде), 582 (екiншi бөлiгiнде), 583 (екiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген құқық бұзушылықтарды жасаған көлiк құралдарының жүргiзушiлерi жол жүрiсi ережелерiн бiлуiн тексеру үшiн емтихан тапсыруға жiберiледi.
Жол жүрiсi ережелерiн бiлуiн тексеруге жiберу туралы қаулыны осы Кодекстiң аталған баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдар (лауазымды адамдар) шығарады.
51-бап. Құқық бұзушының мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiлеу
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзуге қатысушылардың және (немесе) iшкi iстер органдарының өтiнiшi бойынша сот әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде адамның мiнез-құлқына осы Кодекстiң 121, 424, 449-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн үш айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге:
1) жәбiрленушiнi iздестiруге, iзiне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсiлдермен байланыс жасауға;
2) атыс қаруын және қарудың басқа да түрлерiн сатып алуға, сақтауға, алып жүруге және пайдалануға толық көлемде немесе жартылай тыйым салуды көздейтiн ерекше талаптар белгiлеуi мүмкiн.
2. Құқық бұзушының мiнез-құлқына қойылатын ерекше талаптардың қолданылу мерзiмi iшiнде профилактикалық әңгiмелесу өткiзу үшiн оған айына бiр реттен төрт ретке дейiн iшкi iстер органдарына келу мiндеттерi жүктелуi мүмкiн.
Профилактикалық әңгіме «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
7-тарау. Әкiмшiлiк жаза қолдану
52-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жаза қолданудың жалпы
қағидалары
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жаза осы әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн осы бөлiмнiң Ерекше бөлiмiнiң бабында көзделген шекте, осы Кодекстiң ережелерiне дәл сәйкестiкте қолданылады.
2. Әкiмшiлiк жаза әдiл, құқық бұзушылықтың сипатына, оның жасалу мән-жайларына, құқық бұзушының жеке басына сай келетiн болуға тиiс.
3. Жеке адамға әкiмшiлiк жаза қолдану кезiнде жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың сипаты, кiнәлiнiң жеке басы, соның iшiнде оның құқық бұзушылық жасағанға дейiнгi және одан кейiнгi мiнез-құлқы, мүлiктiк жағдайы, жауаптылықты жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар ескерiледi.
4. Заңды тұлғаға әкiмшiлiк жаза қолданған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың сипаты, мүлiктiк жағдайы, жауаптылықты жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар ескерiледi.
5. Әкiмшiлiк жаза қолдану адамды орындалмағаны үшiн аталған жаза қолданылған мiндеттердi атқарудан, жол берiлген бұзушылықты жоюдан және залалды өтеуден босатпайды.
6. Бiр әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн бiр негiзгi не негiзгi және қосымша әкiмшiлiк жазалардың қолданылуы мүмкiн.
53-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты
жеңiлдететiн мән-жайлар
1. Мыналар әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты жеңiлдететiн мән-жайлар болып танылады:
1) кiнәлi адамның өкiнуi;
2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамның құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын болғызбауы, залалды өз еркiмен өтеуi немесе келтiрiлген зиянды жоюы;
3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қатты жан толқынысының әсерiмен не жеке басының немесе отбасының ауыр жағдайлары салдарынан жасау;
4) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған адамның жасауы;
5) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жүктi әйелдiң немесе асырауында он төрт жасқа дейiнгi баласы бар әйелдiң жасауы;
6) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты күштеумен немесе психикалық мәжбүрлеу нәтижесiнде жасау;
7) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қажеттi қорғанудың заңдылығы шарттарын бұзу, құқыққа қарсы қол сұғушылық жасаған адамды ұстау, бұйрықты немесе өкiмдi орындау кезiнде жасау;
8) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты алғаш рет абайсызда жасау.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарайтын сот,судья, орган (лауазымды адам) осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталмаған мән-жайларды да жеңiлдететiн мән-жайлар деп тануы мүмкiн.
54-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты ауырлататын
мән-жайлар
Мыналар әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар деп танылады:
1) құқыққа қарсы мiнез-құлықты, прокурордың заңды түсiндiргенiне және (немесе) оны тоқтату туралы оған уәкiлеттi адамдардың талап етуiне қарамастан оны жалғастыра беру;
2) бұрын жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылығы үшiн әкiмшiлiк жазалауға ұшыратылған, ол бойынша осы Кодекстiң 58-бабында көзделген мерзiмi бiтпеген адамның бiртектi әкiмшiлiк құқық бұзушылықты бiр жыл iшiнде қайталап жасауы;
3) кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа тарту;
4) кiнәлi адамның бiле тұра ауыр психикалық аурумен ауыратын адамдарды, не әкiмшiлiк жауаптылығы туындайтын жасқа жетпеген адамдарды әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға тартуы;
5) ұлттық, нәсiлдiк және дiни жек көрушiлiк немесе жауласушылық себебi бойынша, басқа адамдардың заңды әрекетi үшiн кек алу, сондай-ақ басқа құқық бұзушылықты жасыру немесе оның жасалуын жеңiлдету мақсатында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау;
6) адамға немесе оның жақындарына қатысты белгiлi бiр адамның өзiнiң қызметтiк, кәсiптiк немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауы;
7) кiнәлi адамның бiле тұра жүктi әйелдерге қатысты, сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғансыз немесе дәрменсiз адамға не кiнәлiге тәуелдi адамға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауы;
8) адамдар тобының әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауы;
9) табиғи апат жағдайында немесе басқа да төтенше жағдайлар кезiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау;
10) маскүнемдiк, нашақорлық немесе уытқұмарлық масаю күйiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау.
Әкiмшiлiк жаза қолданатын сот, судья, орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың сипатына қарай оны жауаптылықты ауырлататын мән-жай деп танымауы мүмкiн.
55-бап. Бiрнеше әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезде
әкiмшiлiк жазалар қолдану
1. Бiр адам екi немесе одан да көп әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде әрбiр құқық бұзушылық үшiн жеке-жеке әкiмшiлiк жаза қолданылады.
2. Егер адам бiрнеше әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасап, ол iстердi бiр судья, орган (лауазымды адам) қараса, бұл адамға белгiлi бiр түрдегi жазалар қолданылған жағдайда, жазаның түпкiлiктi мөлшерiн жазаның осы түрi үшiн осы Кодексте белгiленген үш еселенген ең жоғарғы шегiнен асыруға болмайды.
3. Егер әкімшілік айыппұлдары заңнамалық актілерде белгіленген салықтық міндеттеменің орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған сомасының пайызымен көрсетілсе, бұларды бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасаған үшін қолданған кезде айыппұл әрбір құқық бұзушылық үшін жеке-жеке салынады.
56-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан келтiрiлген зиянды өтеу
1.Судья мүлiктiк зиян келтiрген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарай келiп, егер зиянның мөлшерi туралы дау болмаса, әкiмшiлiк жаза қолдану туралы мәселенi шешумен бiр мезгiлде осындай зиянды өндiрiп алады.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан келтiрiлген мүлiктiк зиянның мөлшерi туралы даулар азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен қаралады.
2. Өзге уәкiлеттi органдар (лауазымды адамдар) қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша мүлiктiк зиянды өтеу, кiнәлi адам оны өз еркiмен өтеуден бас тартқан жағдайда, азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен жүргiзiледi.
3. Iскерлiк беделдi қорғау немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан келтiрiлген моральдық зиянды өтеу туралы талаптар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген негiздемелер бойынша азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен қаралады.
57-бап. Әкiмшiлiк жаза мерзiмдерiн есептеу
Жеке адамға немесе заңды тұлғаға берiлген арнаулы құқықтан айыру, сондай-ақ лицензиядан (арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiктен) айыру немесе оның қолданылуын қызметтiң белгiлi бiр түрiне не белгiлi бiр iс-әрекеттердi жасауға тоқтата тұру мерзiмi - жылдармен, айлармен немесе күнтiзбелiк күндермен есептеледi.
58-бап. Адамның әкiмшiлiк жазаға ұшырады деп есептелетiн
мерзiмі
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылған адам әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап бiр жылдың iшiнде осы жазаға ұшырады деп есептеледi.
8-тарау. Әкiмшiлiк жауаптылықтан және әкiмшiлiк жазадан босату
59-бап. Құқық бұзушылық елеусiз болған жағдайда әкiмшiлiк
жауаптылықтан босату
Әкiмшiлiк құқық бұзушылықпен келтiрiлген зиян елеусiз болған жағдайда судья, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамды, ауызша ескерту жасаумен шектелiп, әкiмшiлiк жауаптылықтан босата алады.
Ескертулер.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың елеусiздiгi – бұл басқа мән-жайлармен қатар осы бөлiмнiң ерекше бөлiмiнiң баптарында көзделген санкцияның әкiмшiлiк құқық бұзушылықпен келтiрiлген зиян мөлшерiнен асып кететiндiгi ескерiлетiн жағдайлар.
Мүлiктiк емес сипаттағы зиян келтiрген құқық бұзушылық жасағаны үшiн тұлғаны көрсетiлген негiздер бойынша жауаптылықтан босату туралы мәселенi шешкен кезде қол сұғу объектiсiн, құқық бұзушылықты жасаудың нақты мән-жайларын негiзге алу керек.
60-бап. Мерзiмнiң өтуiне байланысты әкiмшiлiк жауаптылықтан
босату
1. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған күннен бастап екi ай өткеннен кейiн, ал қоршаған ортаны қорғау саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн - оны жасаған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн, әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға тиiс емес.
2. Жеке тұлға әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сондай-ақ салық салу саласында, кеден ісі аясында Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы, энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы, мемлекеттік құпиялар туралы, табиғи монополиялар мен реттелетін нарық және монополияға қарсы заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға тиiс емес, ал заңды тұлға (оның iшiнде дара кәсiпкер) әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап үш жыл өткеннен кейiн, ал салық салу саласында, кеден ісі аясында Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамалары, табиғи монополиялар мен монополияға қарсы заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап бес жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға тиiс емес.
3. Созылып кеткен әкiмшiлiк құқық бұзушылық кезiнде, сондай-ақ бюджеттiк қатынастар саласында қоғамның және мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне қол сұғылатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екi ай өткен соң әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға жатпайды.
Қаржы саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезде адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған күннен бастап бес жылдан кешiктiрiлмей әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға жатады, бiрақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екi ай өткен соң әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылмайды.
4. Осы баптың бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнiң ережелерi әкiмшiлiк құқық бұзушылық қылмыстың жасалуына септiгiн тигiзген және бұл туралы қылмыстық iстi тергеу немесе сотта қарау барысында мәлiм болған жағдайларға қолданылмайды. Сот Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң 387-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген тәртiппен мұндай құқық бұзушылыққа кiнәлi адамға, егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезден бастап бiр жылдан аспайтын уақыт өткен болса, әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.
5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жаза қолдану мерзiмiнiң барысы сараптама тағайындалған, сондай-ақ iстi сот инстанцияларына немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi мемлекеттiк органның лауазымды адамына жiберген кезден бастап тоқтатыла тұрады.
Бұл мерзiмдердi есептеу сараптама қорытындысын алған кезден қайтадан басталады.
6. Құқық бұзушының iс-әрекетiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерi болған кезде қылмыстық iс қозғаудан бас тартылған не қылмыстық iс қысқартылған жағдайда адам қылмыстық iс қозғаудан бас тартылған не оны қысқарту туралы шешiм келіп түскен күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуы мүмкiн.
7. Егер осы баптың бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде аталған мерзiмдер аяқталғанға дейiн адам жаңадан әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жаза қолдану мерзiмiнiң өтуiне үзiлiс жасалады. Мұндай жағдайларда мерзiмдi есептеу жаңа әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған кезден басталады.
8. Судьяның немесе уәкiлеттi органның әкiмшiлiк iс жүргiзудi тоқтату туралы қаулысы осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген мерзiмге қарамастан, ол заңды күшiне енген күнiнен бастап бiр жыл iшiнде прокурордың наразылығы бойынша қайта қаралуы мүмкiн. Ескерту. Осы бөлiмнiң ерекше бөлiмiнiң бабында көзделген белгiлi бiр әрекеттiң бiрыңғай құрамының үздiксiз жүзеге асырылуымен сипатталатын және оны анықтаған кезде аяқталмаған құқық бұзушылық созылып кеткен құқық бұзушылық деп танылады.
61-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықтан және әкiмшiлiк жазадан
рақымшылық жасау актiсi негiзiнде босату
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам әкiмшiлiк жауаптылықтан немесе қолданылған әкiмшiлiк жазадан рақымшылық жасау актiсi негiзiнде, егер ол әкiмшiлiк жаза қолдануды жоятын болса, босатылуы мүмкiн.
2. Рақымшылық жасау туралы актiнi Қазақстан Республикасының Парламентi жекелей анықталмаған адамдар тобына қатысты шығарады.
62-бап. Тараптардың бiтiмгершiлiкке келуiне байланысты
әкiмшiлiк жауаптылықтан босату
1. Осы Кодекстiң 174, 175, 207, 216 (екінші бөлігінде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жәбiрленушiнiң өтiнiшi бойынша ғана қозғалады және ол әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адаммен бiтiмгершiлiкке келгеннен кейiн қысқартылуға жатады.
2. Бiтiмгершiлiкке келу жәбiрленушi мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам қол қойған жазбаша келiсiм негiзiнде жүзеге асырылады.
9-тарау. Кәмелетке толмағандардың әкiмшiлiк жауаптылығы
63-бап. Кәмелетке толмағандардың әкiмшiлiк жауаптылығы
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезде он алты жасқа толған, бiрақ он сегiз жасқа толмаған адамдар осы тараудың күшi қолданылатын кәмелетке толмағандар деп танылады.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандарға тәрбиелiк ықпал етудiң мәжбүрлеу шаралары қолданыла отырып, әкiмшiлiк жаза тағайындалуы мүмкiн.
64-бап.Кәмелетке толмағандарға әкiмшiлiк жазалар қолданудың
ерекшелiктерi
1. Кәмелетке толмаған адамға салынатын әкiмшiлiк айыппұлдың мөлшерi осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнiң бабында көзделген айыппұл мөлшерiне қарамастан, он айлық есептiк көрсеткiштен аспауға тиiс.
Кәмелетке толмаған адамның айыппұл төлеуге жеткiлiктi мүлкi болмаған жағдайда, айыппұл ата-анасына немесе олардың орнындағы адамдарға салынады.
2. Арнаулы құқықтан айыру кәмелетке толмағандарға бiр жылдан аспайтын мерзiмге қолданылуы мүмкiн.
3. Әкiмшiлiк жазалардың басқа да түрлерi, сондай-ақ осы Кодекстiң 40 және 49-баптарында аталған әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шаралары кәмелетке толмағандарға жалпы негiздерде қолданылады.
65-бап. Кәмелетке толмаған адамға әкiмшiлiк жаза қолдану
1. Осы Кодекстiң 53 және 54-баптарында көзделген мән-жайлардан басқа, кәмелетке толмаған адамға әкiмшiлiк жаза қолданған кезде оның өмiр сүру және тәрбиелену жағдайлары, психикалық даму деңгейi, жеке басының өзге де ерекшелiктерi, сондай-ақ оған жасы үлкен адамдардың әсер етуi ескерiледi.
2. Кәмелетке толмаған жас жеңiлдететiн және ауырлататын басқа да мән-жайлармен жиынтықта жеңiлдететiн мән-жай ретiнде ескерiледi.
66-бап. Кәмелетке толмағандарды әкiмшiлiк жауаптылықтан және
әкiмшiлiк жазадан босату
Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты бiрiншi рет жасаған кәмелетке толмаған адамды сот, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi орган (лауазымды адам) оған заңнамада көзделген тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдана отырып, әкiмшiлiк жауаптылықтан немесе тағайындалған әкiмшiлiк жазаны орындаудан босатуы мүмкiн.
67-бап. Тәрбиелiк ықпал ету шаралары
1. Кәмелетке толмаған адамға тәрбиелiк ықпал етудiң мынадай шаралары тағайындалуы мүмкiн:
1) заңды түсiндiру;
2) ата-аналарының немесе олардың орнындағы адамдардың не мамандандырылған мемлекеттiк органның қадағалауына беру;
3) келтiрiлген зиянды жөнге келтіру мiндетiн жүктеу;
4) бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiлеу.
2. Кәмелетке толмаған адамға бiр мезгiлде тәрбиелiк ықпал етудiң бiрнеше шаралары тағайындалуы мүмкiн.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 4) тармақшасында көзделген тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдану мерзiмi үш айға дейiнгi уақытқа белгiленедi.
4. Кәмелетке толмаған адам осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 4) тармақшасында көзделген тәрбиелiк ықпалы бар мәжбүрлеу шараларын жүйелi түрде орындамаған жағдайда, мамандандырылған мемлекеттiк орган, егер осы Кодекстiң 873-бабының бірінші бөлігінде белгiленген мерзiмнің өтуі бітпеген болса, бұл шараның күшiн жою және кәмелетке толмаған баланы әкiмшiлiк жауаптылыққа тарту мәселесiн шешу үшiн материалдарды сотқа ұсынады.
68-бап. Тәрбиелiк ықпал ету шараларының мазмұны
1. Заңды түсiндiру кәмелетке толмаған адамға оның әрекетiмен келтiрiлген зиянды және құқық бұзушылықтарды қайталап жасаудың осы Кодексте көзделген заңдық салдарын түсiндiруден тұрады.
2. Қадағалауға беру ата-аналарға немесе олардың орнындағы адамдарға, не мамандандырылған мемлекеттiк органға кәмелетке толмаған адамға тәрбиелiк ықпал ету және оның мiнез-құлқына бақылау жасау жөнiндегi мiндеттердi жүктеуден тұрады.
3. Келтiрiлген зиянды жөнге келтiру мiндетi кәмелетке толмаған адамның мүлiктiк жағдайы мен тиiстi еңбек дағдыларының болуы ескерiле отырып жүктеледi.
4. Бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiлеу белгiлi бiр орындарға баруға, бос уақытын өткiзудiң белгiлi бiр нысандарын, оның iшiнде көлiк құралдарын пайдалануға, тәулiктiң белгiлi бiр уақытынан кейiн үйден тыс жерлерде болуға, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның рұқсатынсыз басқа жерлерге кетуге тыйым салуды көздеуi мүмкiн. Кәмелетке толмаған адамға қатысты құқық бұзушының мiнез-құлқына осы Кодекстiң 51-бабында көзделген ерекше талаптар белгiленуi, сондай-ақ, оқуды аяқтау не кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның көмегiмен жұмысқа тұру талабы қойылуы мүмкiн. Бұл тiзбе осымен шектелмейдi.
69-бап.Мерзiм өтуі
Кәмелетке толмағандарды әкiмшiлiк жауаптылықтан немесе әкiмшiлiк жазаны орындаудан босату кезiнде осы Кодекстiң 60-бабында көзделген мерзiм өтуінің жартысы қысқартылады.
70-бап Кәмелетке толмаған адам әкiмшiлiк жазаға ұшырады деп
есептелетiн мерзiм
Өзiне әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылған кәмелетке толмаған адам осындай жазаға әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап алты айдың iшiнде ұшырады деп есептеледi.
Ерекше бөлiм 10-тарау. Жеке адамның құқықтарына қол сұғатын әкiмшiлiк
құқық бұзушылық
71-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға кедергi
келтiру
Лауазымды адамның Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адамның Қазақстан азаматтығын алуына кедергi келтiретiн заңсыз iс-әрекеттер жасауы не әрекетсіздігі -
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
72-бап. Тiл туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
1. Лауазымды адамның тiлдi бiлмейтіндігінің желеуiмен жеке және заңды тұлғалардың құжаттарын, өтiнiштерiн қабылдаудан бас тартуы, сондай-ақ оларды мәнi бойынша қарамауы –
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Деректемелер мен көрнекi ақпаратты орналастыру жөнiндегi талаптарды бұзу –
ескерту жасауға әкеп соғады.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет –
лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Жеке тұлғалардың тiлді таңдау құқықтарын шектеу, тiлге байланысты себептер бойынша кемсiту –
лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
73-бап. Еркiн жүрiп-тұру және тұрғылықты жер таңдау құқығын
шектеу
Жеке тұлғалардың еркiн жүрiп-тұру және тұрғылықты жер таңдау (Қазақстан Республикасының Үкiметi шек қоюы мүмкiн шекаралық өңiрлердi, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтарды және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудандарды және жекелеген жерлердi қоспағанда) құқығын шектейтiн лауазымды адамдардың iс-әрекетi не әрекетсiздiгi, егер бұл әрекетте (әрекетсіздікте) жазаланатын қылмыс белгілері болмаса, –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
74-бап. Жеке тұлғаға ақпарат беруден бас тарту
1. Белгiленген тәртiппен жиналған, жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарына тiкелей қатысты құжаттарды, материалдарды беруден заңсыз бас тарту не жеке тұлғаға толық емес немесе көрiнеу жалған ақпарат беру, сол сияқты жалпы жұрт қол жеткiзетiн ақпаратты шектеулi қол жеткiзiлетiн ақпаратқа заңсыз түрде жатқызу –
лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген лауазымды адам жасаған әрекеттер, егер бұл әрекеттер жеке тұлғалардың құқықтары мен мүдделеріне зиян келтірсе, –
жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
75-бап. Медицина қызметкерiнiң еңбекке уақытша жарамсыздық
туралы парақты немесе анықтаманы беру қағидаларын
бұзуы
1. Медицина қызметкерiнiң еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақты немесе анықтаманы беру тәртiбiн бұзуы, егер бұл әрекетте (әрекетсіздікте) қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаларға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекет –
маман сертификатынан айыра отырып, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
76-бап. Медицина қызметкерiнiң рецепттер жазу және дәрiлiк
заттарды өткiзу қағидаларын бұзуы
1. Медицина қызметкерiнiң рецепттер жазу және дәрiлiк заттарды өткiзу қағидаларын бұзуы –
жеке тұлғаларға – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекет –
жеке тұлғаларға - маман сертификатынан айыра отырып, он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
77-бап. Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнамасын:
мүгедектердің әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізуін қамтамасыз етпеу;
мүгедектердің мәдени ойын-сауық іс-шараларына қол жеткізуін қамтамасыз етпеу;
жұмыс берушінің кінәсінен алған еңбек жарақатының және (немесе) кәсіби аурудың мүгедектерін еңбекпен қамту және кәсіби оңалту саласындағы міндеттерін жұмыс берушінің сақтамауы түрінде бұзу –
лауазымды адамдарға – қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
лауазымды адамдарға – алпыс, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
78-бап. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтiк қызметтер
туралы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы заңнамасын:
арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсетудегi қажеттiлiкке бағалау жүргiзудiң және оны айқындаудың, арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету туралы шешiм шығарудың белгiленген мерзiмдерiн бұзу;
арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету туралы шешiмдi орындамау түрiнде бұзу –
лауазымды адамдарға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер, -
лауазымды адамдарға - отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
79-бап. Медиацияға қатысушылардың медиацияны жүргiзу барысында
белгiлi болған мәлiметтердi жария етуi
Медиацияға қатысушылардың медиацияны жүргiзу барысында белгiлi болған мәлiметтердi осы ақпаратты берген тараптың рұқсатынсыз жария етуi, егер бұл iс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса, -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
80-бап. Адамды еңбек шартын жасамастан жұмысқа жіберу
1. Жұмыс берушінің адамды еңбек шартын жасамастан жұмысқа жіберуі –
лауазымды адамдарға - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер, -
лауазымды адамдарға - қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік) –
лауазымды адамдарға - елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың 3-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік) –
лауазымды адамдарға, лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрып, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
81-бап. Еңбекке ақы төлеу талаптарын бұзу
1. Жұмыс берушінің еңбекақыны толық көлемінде және еңбек заңнамасында белгіленген мерзімдерде төлемеуі, сол сияқты жұмыс берушінің кінәсінен төлемді кешіктірген кезең үшін өсімақының есептелмеуі және төленбеуі –
лауазымды адамдарға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
лауазымды адамдарға - қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Заңнаманың үстеме жұмысқа, мереке күндері мен демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу, сондай-ақ еңбек заңнамасында белгіленген түнгі уақыттағы жұмысқа ақы төлеу жөніндегі талаптарын бұзу –
лауазымды адамдарға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
лауазымды адамдарға – қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
82-бап. Еңбек демалысын бермеу
Жұмыс берушінің еңбек демалысын қатарынан екі жыл бойы бермеуі –
лауазымды адамдарға - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
83-бап. Жұмыс уақытының нормасын заңсыз асыру
1. Жұмыс берушінің жұмыс уақытының және күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) қалыпты және қысқартылған ұзақтығын заңсыз асыруы –
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
лауазымды адамдарға – қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жүз жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
84-бап. Еңбек саласындағы кемсітушілікке жол беру
1. Жұмыс берушінің еңбек саласында қызметкердің теңдей еңбегі үшін теңдей ақы алуға құқығын бұзу түріндегі кемсітушілікке жол беруі –
лауазымды адамдарға - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
лауазымды адамдарға - қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, еңбек делдалдығын көрсететін жеке және заңды тұлғаның, сондай-ақ жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау үшін бос жұмыс орындары туралы еңбек саласындағы кемсітушілік сипаттағы талаптарды қамтитын ақпаратты орналастыруы –
жеке тұлғаларға он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
85-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру
туралы заңнамасын бұзу
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгiленген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар (ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар) жасасу тәртiбiн, зейнетақы төлемдерiн, аударымдарды және алып қоюларды жүзеге асыру мерзiмдерiн бұзуы –
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорларының Зейнетақы төлеу жөнiндегi орталыққа мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған салымшылар туралы мәлiметтердi табыс етпеуi, уақтылы табыс етпеуi, сол сияқты аталған туралы дәйексіз мәлiметтердi табыс етуi –
заңды тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Зейнетақы төлеу жөнiндегi орталықтың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген зейнетақыны толық мөлшерде және белгiленген мерзiмдерде төлеу жөнiндегi мiндеттерiн орындамауы -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын бұза отырып мәмілелер мен операцияларды жүзеге асыруы –
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Жеке тұлғаның, дара кәсiпкердiң, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, заңды тұлғаның:
салық органына мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары бойынша пайдасына берешек өндiрiп алынатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тiзiмдерiн табыс етпеуi;
салық органдарына мiндеттi зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (есепке жазылған) және аударылған сомалары жөнiнде Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгiленген мерзімдерде табыс етпеуі;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпке сәйкес әрбiр қызметкер бойынша есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын бастапқы есепке алуды жүргiзбеуi;
есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары туралы мәлiметтердi салымшыларға Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгiленген мерзiмдерде табыс етпеуi;
жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын аудармауы, уақтылы және (немесе) толық есептемеуi, ұстамауы (есепке жазбауы) және (немесе) төлемеуi (аудармауы);
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген жағдайларда салық органдарының өкiмi бойынша касса жөнiндегi барлық шығыс операцияларын тоқтатпауы -
ескерту жасауға әкеп соғады.
7. Осы баптың алтыншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
жеке тұлғаларға мiндеттi зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының аударылмаған, уақтылы және (немесе) толық есептелмеген, ұсталмаған (есепке жазылмаған) және (немесе) төленбеген (аударылмаған) сомасының – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың:
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген жағдайларда салық органдарының өкiмi бойынша агенттердiң–заңды тұлғалардың немесе дара кәсiпкерлердiң, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының және адвокаттардың банк шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтатпауы;
мiндеттi зейнетақы жарналарын,міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын, өсiмпұл сомаларын Зейнетақы төлеу орталығына аудару кезiнде банктiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның кiнәсiнен аудармау (есептемеу), уақтылы аудармау (банктiк шоттардан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күннен кеш немесе қолма-қол ақшаны банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға енгiзген кейінгі күні) не төлем құжатының деректемелерiн толтыру кезiнде қателер жiберу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен салық органдарының мiндеттi зейнетақы жарналары мен өсiмпұл сомаларын өндiрiп алуы жөнiндегi инкассалық өкiмдерiн орындамауы түрiнде жасаған Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген мiндеттердi орындамауы –
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгiленген мiндеттердi орындамау кезеңiнде агенттердiң банк шоттары бойынша жасалған шығыс операциялары сомасының бес проценті мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күнгi шындыққа сәйкес келмейтiн жарнаманы хабарлауы немесе жариялауы –
заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясының Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген оның мазмұнына қойылатын талаптарға сәйкес келмеуi –
заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе)оның аффилирленген тұлғаларының мәліметтерді немесе өзге де сұралатын ақпаратты бермеуі, сол сияқты бірнеше рет уақтылы (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі рет және одан да көп рет) бермеуі –
жеке тұлғаларға – жүз, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының дәйексіз, сол сияқты толық емес есептілікті, мәліметтерді немесе өзге де сұратылатын ақпаратты беруі –
жеке тұлғаларға – жүз, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы баптың алтыншы және жетiншi бөлiктерiнiң мақсаттары үшiн тұлға, егер аударылмаған, уақтылы және (немесе) толық есептелмеген, ұсталмаған (есепке жазылмаған) және (немесе) төленбеген (аударылмаған) мiндеттi зейнетақы жарналарының сомасы әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күнi қолданыста болатын заңға сәйкес белгiленетiн бiр айлық есептiк көрсеткiштен аз болса, әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
86-бап. Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк
сақтандыру туралы заңнамасын бұзу
1. Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры мен Зейнетақы төлеу жөнiндегi орталықтың Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасында белгiленген мерзiмдерде әлеуметтiк төлемдердi төлемеуi–
лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әлеуметтік аударымдарды төлеушілердің:
әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлетiн мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмiн салық органына ұсынбауы;
әлеуметтiк аударымдарды төлемеуi (аудармауы), уақтылы және (немесе) толық төлемеуi (аудармауы);
Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасында көзделген жағдайларда салық органдарының өкiмi бойынша касса жөнiндегi барлық шығыс операцияларын тоқтатпауы түрiнде жасаған Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасында көзделген мiндеттердi орындамауы не тиiсiнше орындамауы–
ескерту жасауға әкеп соғады.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – төленбеген (аударылмаған), уақтылы және (немесе) толық төленбеген (аударылмаған) әлеуметтiк аударымдар сомасының отыз пайызы мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың:
Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасында көзделген жағдайларда салық органдарының өкiмi бойынша әлеуметтік аударымдарды төлеушiнің банк шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтатпауы;
әлеуметтiк аударымдар мен өсiмпұл сомаларын Зейнетақы төлеу орталығына аудару кезiнде банктiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның кiнәсiнен аудармау (есептемеу), уақтылы аудармау (банктiк шоттардан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күннен кеш немесе қолма-қол ақшаны банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға енгiзген кейінгі күні) не төлем құжатының деректемелерiн толтыру кезiнде қателер жiберу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен әлеуметтiк аударымдар мен өсiмпұлдардың сомаларын өндiрiп алу жөнiндегi салық органдарының инкассалық өкiмдерiн орындамауы түрiнде жасаған Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасында белгiленген мiндеттердi орындамауы–
Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасында белгiленген мiндеттердi орындамау кезеңiнде төлеушiлердiң банк шоттары бойынша жасалған шығыс операциялары сомасының бес пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы баптың екiншi және үшінші бөлiктерiнiң мақсаттары үшiн тұлға, егер төленбеген (аударылмаған), уақтылы және (немесе) толық төленбеген (аударылмаған) әлеуметтiк аударымдар сомасы әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күнi қолданыста болатын заңға сәйкес белгiленетiн бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспайтын болса, әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
87-бап. Еңбек қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және еңбектi қорғау
қағидаларын бұзу
1. Өндірістік ұйымдарда еңбек заңнамасына сәйкес еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің (маманының) болмауы –
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Жұмыс берушінің қызметкерлерді еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес міндетті және кезеңдік медицицналық тексерулерден және ауысым алды медициналық куәландырудан өткізу жөніндегі талаптарды бұзуы –
ескерту жасауға әкеп соғады.
3. Қызметкерлерді еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес емдеу-профилактикалық тамақтанумен, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етпеу –
ескерту жасауға әкеп соғады.
4. Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту мен даярлауды, басшылар мен мамандардың білімін тексеруді жүргізу бойынша талаптарын орындамауы –
ескерту жасауға әкеп соғады.
5. Осы баптың бiрiншi, екінші, үшінші, төртінші бөлiктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық,орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі құжаттармен нұсқаулық (кіріспе нұсақамадан басқа) жүргізу жөніндегі талаптарын орындамауы және осы құжаттардың болмауы–
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7.Осы баптың алтыншы бөлiгінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
88-бап. Заңнаманың еңбек жағдайлары бойынша өндіріс
объектілеріне аттестаттау жүргізу жөніндегі талаптарын
бұзу
1. Жұмыс берушінің өндіріс объектілерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген еңбек жағдайларының жай-күйі бойынша аттестаттау жүргізу жөніндегі талаптарын бұзуы –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жүз есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
89-бап. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеруді қамтамасыз
етпеу
1. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеруді еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес қамтамасыз етпеу, -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
90-бап. Өндірістегі жазатайым оқиға фактісін жасыру
1. Өндірістегі жазатайым оқиға фактісін жасыру –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
91-бап. Заңнаманың ұжымдық шарт, келiсiм жасасу жөнiндегi
талаптарын бұзу
1. Ұжымдық шартты, келiсiмдi жасасу, өзгерту немесе толықтыру жөнiндегi келiссөздерге қатысудан жалтару немесе аталған келiссөздердi жүргiзу мерзiмдерiн бұзу, тиiстi комиссияның жұмысын тараптар белгiлеген мерзiмде қамтамасыз етпеу –
келiссөздер жүргiзуге уәкiлеттi адамдарға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ұжымдық шарт, келiсiм жасасудан негiзсiз бас тарту –
ұжымдық шарт, келiсiм жасасуға уәкiлеттi адамдарға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Ұжымдық шартты, келiсiмдi орындамау немесе бұзу –
ұжымдық шарт, келiсiм бойынша мiндеттемелердiң орындалмауына кiнәлi адамдарға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Ұжымдық келiссөздер жүргiзуге және ұжымдық шарттардың, келiсiмдердiң орындалуын бақылауды жүзеге асыруға қажеттi ақпарат бермеу –
ақпараттың берiлмеуiне кiнәлi адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту: Мемлекеттік еңбек инспекцияарының органдары осы бапта көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
92-бап. Халықты жұмыспен қамту туралы заңнаманы бұзу
1. Жұмыс берушінің халықты жұмыспен қамту туралы заңнаманы:
уәкілетті органға жұмыс берушінің – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс берушінің - жеке тұлғаның қызметінің тоқтатылуына байланысты қызметкерлер санының немесе штаттың қысқаратыны туралы ақпарат бермеуі;
уәкілетті органға бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы мәліметтерді бермеуі, уақтылы бермеуі;
жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы хабараламаны бермеуі, уақтылы бермеуі;
мүгедектерге, бас бостандығына айыру орындарынан босаған адамдарға және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектеріне арналған жұмыс орындарының белгіленген квотасын орындамау;
уәкілетті органға кәсіби даярлықтан, қайта даярлықтан және өндірісішілік оқытудан өткен адамдардың саны туралы алынған мамандық мен біліктіліктерді көрсете отырып мәліметтер бермеу түрінде бұзуы, -
он айлық есептiк көрсеткiшi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiк)–
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жұмыспен қамтудың жеке агентінің еңбек делдалдылығы бойынша қызмет көрсетулерді алуға жүгінген адамдармен шарт жасаспауы–
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Еңбек делдалдығымен айналысатын жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алған немесе еңбекке орналасуға рұқсат алған шетелдік қызметкерлер жұмыс істейтін жұмыс берушілердің бастапқы статистикалық деректерді бермеуі –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
93-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы
заңнамасын бұзу
1. Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурстық іріктеу рәсімін бұзу –
лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Адамдарды әкімшілік мемлекеттік лауазымынан заңсыз босату -
лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
94-бап. Жеке немесе заңды тұлғаның берген шағымын оған зиянды
болатындай етiп бағыттау
Негiздi шағым берген немесе мүддесiне орай шағым берiлген жеке немесе заңды тұлғаға сол шағымды оған зиянды болатындай етiп бағыттау, -
лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
11-тарау. Сайлау құқықтарына (республикалық референдумға
қатысу құқығына)қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық
95-бап. Лауазымды адамдардың сайлау комиссиясына (республикалық референдум комиссиясына) қажеттi мәлiметтер мен материалдарды табыс етпеуi немесе комиссияның шешiмдерiн орындамауы
Лауазымды адамдардың сайлау комиссиясына (республикалық референдум комиссиясына) кандидаттың заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы немесе болмауы туралы; заңда белгіленген тәртіппен сот таныған сыбайлас жемқорлық қылмыс және құқық бұзушылық жасауға кінәлі екендігі туралы; кандидаттың азаматтығы туралы; кандидаттың немесе зайыбының (жұбайының) декларацияланған табыстары мен мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығы туралы; әрбір сайлау учаскесі бойынша сайлаушылардың тізімі туралы мәліметтерді табыс етпеуі немесе комиссияның өз құзыреті шегінде қабылдаған шешімін олардың орындамауы –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
96-бап. Сайлау алдындағы үгiтке тыйым салынған кезеңде оны
жүргiзу
Сайлауға (республикалық референдумға) байланысты кандидат,саяси партия ұсынған партиялық тізім тіркелгенге дейін, сайлау күні (республикалық референдум өткізу күні) не оның алдындағы күні үгіт жүргізу –
жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
97-бап. Сайлау алдындағы үгiт жүргiзу құқығына кедергi келтiру
Президенттiкке, депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы қызметтерге кандидаттарға, олардың сенiм бiлдiрген адамдарына, саяси партияларға олардың сайлау алдындағы үгiт жүргiзу құқығын iске асыру процесiнде кедергi келтiру -
жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
98-бап. Кандидаттар, саяси партиялар туралы көрінеу жалған
мәліметтер тарату
Кандидаттар, саяси партиялар туралы көрінеу жалған мәліметтер тарату немесе сайлаудың нәтижесіне ықпал ету мақсатында олардың абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін өзге де іс-әрекеттер жасау -
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
99-бап. Сайлау комиссиясы (республикалық референдум комиссиясы)
мүшесiнiң құқықтарын бұзу
Сайлау комиссиясы (республикалық референдум комиссиясы) мүшесiнiң сайлау комиссиясының отырыстарында сөз сөйлеу; тиісті сайлау комиссиясының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар енгізу және олар бойынша дауыс беру; өзі есепте тұрған сайлау комиссиясының құжаттарымен және материалдарымен танысу, олардың расталған көшірмелерін алу; төмен тұрған сайлау комиссиясының қызметін тексеруді жүзеге асыру құқықтарын бұзу –
отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
100-бап. Азаматтардың сайлаушылар тiзiмiмен танысу құқығын бұзу
Сайлау комиссиясы (республикалық референдум комиссиясы) мүшесiнiң азаматтардың сайлаушылар тiзiмiмен (таңдаушылардың республикалық референдумға қатысу құқығы бар адамдар тiзiмiмен) танысу құқығын бұзуы не сайлау комиссиясына өтінішті келіп түскен күні қарамауы, не сайлаушылар тiзiмiне (таңдаушылар, республикалық референдумға қатысуға құқығы бар адамдар тiзiмiне) түзетулер енгiзу туралы өтiнiштi қабылдамау себептерiн баяндай отырып азаматқа жазбаша түрде шешімнің көшірмесін беруден бас тартуы, не сайлаушылар тiзiмiн (таңдаушылар, республикалық референдумға қатысуға құқығы бар адамдар тiзiмiн) түзету туралы сот шешiмiн жедел тәртіппен орындамауы–
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
101-бап. Сайлаушылар (республикалық референдумға қатысуға
құқығы бар азаматтар) тізімін жасау үшін сайлаушылар
туралы жалған мәліметтер ұсыну
1. Лауазымды адамдардың жергiлiктi атқарушы органдарға сайлаушылардың (республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың) тізімін жасау үшін сайлаушылар туралы жалған мәліметтер ұсынуы –
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жергiлiктi атқарушы органдар лауазымды адамдарының тиiстi сайлау комиссиясына сайлаушылардың (республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың) анық емес тізімін беруі –
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
102-бап. Тең сайлау құқығы туралы талапты бұзу
Тең сайлау құқығы туралы талаптарды екi рет не одан да көп немесе басқа сайлаушы үшiн дауыс беру арқылы бұзу -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
103-бап. Шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк
заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың
кандидаттарды, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси
партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгiлi
бiр нәтижеге қол жеткiзуге кедергi болатын және
(немесе) ықпал ететiн қызметтi жүзеге асыруы
Шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгiлi бiр нәтижеге қол жеткiзуге кедергi болатын және (немесе) ықпал ететiн қызметтi жүзеге асыруы –
жеке тұлғаларға – Қазақстан Pecпубликасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу арқылы немесе онсыз, отыз, заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
104-бап. Азаматтарға басқа адамдар үшiн дауыс беруге мүмкiндiк
жасау мақсатында сайлау бюллетеньдерiн (дауыс беруге
арналған бюллетеньдердi) беру
Азаматтарға басқа адамдар үшiн дауыс беруге мүмкiндiк жасау мақсатында сайлау бюллетеньдерiн (дауыс беруге арналған бюллетеньдердi) сайлау комиссиясы (республикалық референдум комиссиясы) мүшесiнiң беруi –
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
105-бап. Жұмыс берушiнiң сайлауға (республикалық референдумға)
қатысу үшiн демалыс беруден бас тартуы
Жұмыс берушiнiң депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы қызметке тiркелген кандидатқа не сайлау комиссиясының мүшесiне мемлекеттiк билік, басқару органдарына және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайлауды (республикалық референдумды) әзiрлеу мен өткiзуге қатысу үшiн заң актiлерiнде көзделген демалысты беруден бас тартуы –
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
106-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау алдындағы
үгiт жүргiзу шарттарын бұзу
1. Бұқаралық ақпарат құралдарының сайлау алдындағы іс-шаралардың мақсаттарын, міндеттері мен нәтижелерін бұрмалап көрсететін кандидаттардың, саяси партиялардың сайлау науқанының ақпаратын, сондай-ақ солармен байланысты оқиғалар мен фактілерді объективті емес тұрғыдан жариялауы –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кандидаттың немесе саяси партияның ар-намысына, қадiр-қасиетiне немесе iскерлiк беделiне нұқсан келтiретiн материалдарды және өзге де ақпараттарды бұқаралық ақпарат құралдарының жариялауы, сондай-ақ аталған тұлғаларға ар-намысын, қадiр-қасиетiн немесе iскерлiк беделiн қорғау үшін ақпаратты теріске шығарып тегін жариялауға мүмкіндік беруден бас тарту –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Кандидаттардың теледидарда және радиода сөйлеген сөздерін үзу және соған сөз сөйлеп болғаннан кейін сол бойда түсіндірме жасау, сондай-ақ баспа бетінде жарияланған материалдарға сол нөмірде түсіндірме беру, -
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Бұқаралық ақпарат құралдарының барлық кандидаттар мен партиялық тізімдерді ұсыну, оларды сайлау комиссияларында тіркеу жөніндегі іс-шаралар туралы ақпаратты тарату, баспа беттерінде бірдей көлем, эфирде бірдей уақыт беру туралы талаптарды бұзуы –
жеке тұлғаларға – жиырма айлық есептiк көрсеткiш, лауазымды адамдарға – айлық есептiк көрсеткiштің жиырмадан отызға дейінгі, заңды тұлғаларға отыздан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Сайлауға қатысушы кандидаттардың, саяси партиялардың үгіт-насихат материалдарын бұқаралық ақпарат құралдарының сайлаудың белгіленгені (жарияланғаны) туралы шешім ресми жарияланғаннан кейін оныншы күннен кешіктермей жарияламауы және жарыққа шығармауы, сондай-ақ эфирдің және баспа беті көлемі ақысының мөлшері, шарттары және тәртібі туралы мәліметті сайлау комиссиясына бермеуі –
лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Бұқаралық ақпарат құралдарының кандидаттардың, партиялық тізімді ұсынған саяси партиялардың біріне эфир уақытын, баспа бетін беруден бас тартуы, егер басқа кандидатқа, партиялық тізімін ұсынған саяси партияға осы бұқаралық ақпарат құралдарының эфир уақытын, баспа бетін беруге келіскен жағдайда, –
лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Кандидаттар мен партиялық тізімін ұсынған саяси партиялар бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу кезектілігін жазбаша өтініштердің келіп түсуі не егер өтініш бір мезгілде түскен жағдайда жеребе тәртібін бұзуы –
лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Кандидаттарға және партиялық тізімін ұсынған саяси партияларға эфир уақытын, бұқаралық баспасөз құралдарында баспа бетінің көлемін беру туралы шартта сол немесе өзге кандидатқа және партиялық тізімін ұсынған саяси партияға артықшылық беру, -
лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
107-бап. Бүркеншiк үгiт материалдарын әзiрлеу немесе тарату
Мемлекеттiк билік органдарына және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайлауды (республикалық референдумды) әзiрлеу мен өткiзу кезеңiнде, басып шығарған ұйымдар, шығарылған жерi, таралымы, тапсырыс берген тұлғалар және қандай қаражаттан төленгені туралы ақпараты жоқ үгiттiк баспасөз және электрондық материалдарды әзiрлеу немесе тарату, сондай-ақ үгіттік баспа материалдарын Қазақстан Республикасының аумағынан тыс тыс жерлерде әзірлеу, бүркеншік үгіт материалдарын тарату –
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
108 бап. Үгіт материалдарын қасақана жою, бүлдіру
Депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы қызметке кандидаттың меншік иесінің немесе өзге де иеленушінің келісімімен үйлерге, ғимараттарға және өзге де объектілерге ілінген үгіт материалдарын қасақана жою, бүлдіру –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
109-бап. Сайлауды (республикалық референдумды) әзiрлеу мен
өткiзуге қаражат жұмсау туралы есептердi бермеу немесе
жарияламау
Депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы қызметке кандидаттың,сайланған адамның, не саяси партияның сайлау қорларына түскен түсiмдердiң (қайырмалдықтардың) мөлшерi туралы және сайлау қорларын құру көздерi туралы мәлiметтердi, сондай-ақ сайлау қорының қаражатын пайдалану туралы есептi бермеуi –
депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы қызметке кандидатқа, сайланған адамға – он бес, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
110-бап. Сайлау қорларынан бөлек, сайлау науқанын қаржыландыру
немесе оған өзге де материалдық көмек көрсету
Кандидаттарға, партиялық тiзiмдер ұсынған саяси партияларға олардың сайлау қорларынан бөлек қаржылық немесе өзге де материалдық көмек көрсету –
жеке тұлғаларға – жиырма бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
111-бап. Сайланбалы мемлекеттiк қызметке кандидаттың не саяси
партияның шет мемлекеттерден, ұйымдардан, азаматтардан
және азаматтығы жоқ адамдардан қайырмалдықтар алуы
Депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы мемлекеттiк қызметке кандидаттың не саяси партияның шет мемлекеттен, халықаралық ұйымнан немесе халықаралық қоғамдық бiрлестiктен, шет елдердiң мемлекеттiк органдарынан, шетелдiктерден және басқа мемлекеттiң заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалардан, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдардан кез келген нысанда қайырмалдықтар алуы –
қайырмалдыққа берілген заттар тәркілене отырып, депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы мемлекеттiк қызметке кандидатқа – елу, заңды тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
112-бап. Жеке және заңды тұлғалардың кандидаттарға, саяси
партияларға олардың жазбаша келiсiмiнсiз қызмет
көрсетуi
Жеке және заңды тұлғалардың кандидаттарға, саяси партияларға олардың сайлау алдындағы қызметiне байланысты олардың жазбаша келiсiмiнсiз қызмет көрсетуi –
жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
113-бап. Дауыс беру қорытындылары туралы немесе
сайлау (республикалық референдум) нәтижелерi туралы
мәлiметтердi табыс етпеу не жарияламау
1. Учаскелiк сайлау комиссиясы төрағасының кандидаттың сенiм бiлдiрген адамына, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлiне, байқаушыға Республиканың заңнамасына сәйкес берілуге мiндеттi дауыс беру қорытындылары туралы мәлiметтердi табыс етпеуi –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, округтiк сайлау комиссиясының төрағасы жасаған әрекет, сондай-ақ оның сайлау (республикалық референдум) нәтижелерi туралы мәлiметтердi сайлау заңнамасында (республикалық референдум туралы заңнамада) белгiленген жариялау мерзiмдерiн бұзуы не толық жарияламауы –
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы жасаған әрекет, сондай-ақ оның сайлауда (республикалық референдумда) дауыс беру қорытындылары туралы мәлiметтердi сайлау заңнамасында (республикалық референдум туралы заңнамада) белгiленген жариялау мерзiмдерiн бұзуы не толық жарияламауы –
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы жасаған әрекеттер –
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
114-бап. Сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сұрау жүргiзу
шарттарын бұзу
1. Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық пiкiрді сұрау нәтижелерiн, сайлау нәтижелерi болжамдарын, сайлауға байланысты өзге де зерттеулердi жариялау тәртiбiн бұзу, атап айтқанда, сұрауды жүргізген ұйымды, сұрауға тапсырыс берген және оның ақысын төлеген тұлғаларды, сұрау жүргізілген уақытты, ақпарат жинау әдісін, сұрақтардың нақты ресімдемесін, сұралғандардың санын және сұрау салу нәтижелерінің олқылықтарын көрсетпеу –
жеке тұлғаларға – он бес, заңды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарында қоғамдық пiкiрді сұрау нәтижелерiн, сайлау нәтижелерi болжамдарын, сайлауға байланысты өзге де зерттеулердi дауыс беруге дейін қалған бес күннің ішінде жариялау, сондай-ақ сайлау күнi дауыс беруге арналған үй-жайда немесе дауыс беруге арналған пунктте қоғамдық пiкiрге сұрау салу iсiн жүргiзу –
жеке тұлғаларға он, заңды тұлғаларға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
115-бап. Дауыстарды санау басталғаннан кейін сайлаушылар
(таңдаушылар) тізіміне өзгерістер енгізу
Дауыстарды санау басталғаннан кейін сайлаушылар тізіміне өзгерістер енгізу –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
116-бап. Сайлау алдындағы үгіт жүргізудің талаптарын бұзу
1. Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін өзі басқару органдарының, сондай-ақ лауазымды адамдардың қызмет міндеттерін атқару кезінде, Қарулы Күштердің әскери қызметшілерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, ұлттық қауіпсіздік органдары, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, судьялардың, сайлау комиссиясы мүшелерінің діни бірлестіктердің сайлау алдындағы үгіт жүргізуі, сондай-ақ аталған тұлғалардың сайлау алдындағы кез келген үгіт материалдарын таратуы –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сайлаушыларға тауарларды, бағалы қағаздарды тегін немесе жеңілдікті бағамен беру, сондай-ақ лотереялар, қайырымдылық акцияларын жүргізу, ақша төлеу не осындайларды беремін деп уәде беру арқылы сайлау алдындағы үгіт жүргізу –
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Журналистердің, бұқаралық ақпарат құралдарының лауазымды адамдарының, тіркелген кандидаттардың не олардың сенім білдірген адамдарының бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлауды жазып, көрсетуге қатысуы –
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
117-бап. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар
беру шарттарын бұзу
Жергілікті атқарушы органдардың және өзін өзі басқару органдарының лауазымды адамдарының, кандидаттардың, партиялық тізімін ұсынған саяси партиялардың біріне сайлаушылармен кездесу үшін үй-жай беруден, егер басқа кандидатқа және партиялық тізімін ұсынған саяси партияға келісім берілген ретте, бас тарту, –
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
118-бап.Үгіт материалдарын орналастыру
Үгіт материалдарын тарихи, мәдени немесе сәулеттік құны бар ескерткіштерде, обелискілерде, ғимараттар мен құрылыстарда, сондай-ақ дауыс беретін үй-жайларда орналастыру – жиырма бес айлық есептiк
көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
119-бап. Сайлау алдында үгіт жүргізуге республикалық бюджеттен
бөлінген қаражатты жұмсау тәртібін бұзу
Депутаттыққа немесе өзге сайланбалы қызметке кандидаттың сайлау алдында үгіт жүргізуге республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты мақсатсыз жұмсауы –
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады
120-бап. Кандидаттардың, саяси партиялардың сенім білдірген
адамдарының, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің
және бақылаушылардың сайлауда заңды қызметін
жүргізуіне кедергі келтіру
1. Кандидаттардың, саяси партиялардың сенім білдірген өкілдерінің, саяси партиялар бақылаушылырының, Қазақстан Республикасының өзге де қоғамдық бірлестіктерінің, коммерциялық емес ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сайлау комиссияларының отырыстарына қатысуға не сайлау учаскесінде дауыс беру күні ол ашылғаннан бастап дауыстарды санау кезінде дауыс берудің нәтижелері белгілі болғанға дейін сайлау учаскесінде, дауыс беру пунктінде болуға, не дауыс беру барысын, дауыстарды санау және дауыстардың қорытындысын рәсімдеуді қадағалауға, не электронды сайлау жүйесінің жабдығын ашу және орнату кезінде, сондай-ақ, мұндай құқық заңда көзделген жағдайда, оның жұмысын тексеруге қатысу құқығына кедергі келтіру –
отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кандидаттардың, саяси партиялардың, саяси партиялар бақылаушыларын, Қазақстан Республикасының өзге де қоғамдық бірлестіктерінің, коммерциялық емес ұйымдарының дауыс беруді дауыс берілетін үй-жайдан тыс жерде ұйымдастыру үшін сайлау комиссиясының мүшелеріне еріп жүру не дауыс берілетін үй-жайдан тыс жерде дауыс беруді жүргізуге қатысу, не фото-, аудио-және бейне жазбаларды жүзеге асыруына не дауыс берудің қорытыныдылары туралы хаттамаларды жоғары тұрған сайлау комиссияларына беру рәсімін бақылау құқығына кедергі келтіру, не дауыс беруге, соның ішінде үй-жайдан тыс жерлерде дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны туралы ақпаратты алуда бас тарту, не тиісті сайлау комиссиясының және (немесе) оның мүшелерінің шешімдеріне, әрекеттеріне, мұндай құқық заңда көзделген жағдайда, шағым жасауға кедергі келтіру –
отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Кандидаттардың, саяси партиялардың сенім білдірген адамдарының, мұндай құқық заңда көзделген жағдайда, дауыстарды қайта санауына бас тартылса –
отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Шетелдік мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар бақылаушыларының, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сайлау процесінің барлық кезеңіне қатысу не сайлау комиссияларынан сайлау науқанының барысы туралы ақпарат алу не дауыс беру және дауыстарды санау кезінде сайлау учаскелеріне кіру, не сайлау процесіне қатысушылармен кездесу, не жария өтініштер беру, не дауыс берудің қорытындылары туралы хаттамаларды жоғары тұрған сайлау комиссияларына беру рәсімін бақылау құқығына кедергі келтіру, егер бұл заңда көзделген болса –
отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
12-тарау. Кәмелетке толмағандардың құқығына қол сұғатын
әкiмшiлiк құқық бұзушылық
121-бап. Кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық бұзушылық
жасауға тарту
Кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға тарту –
жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
122-бап. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының
және (немесе) баланың заңды өкілдерінің тұрғын үйге
мұқтаж жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған балаларды есепке қою жөніндегі міндеттерді
орындамауы
1. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының және (немесе) баланың заңды өкілдерінің тұрғын үйге мұқтаж жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке қою жөніндегі міндеттерді орындамауы, сол сияқты белгіленген мерзімді бұза отырып есепке қою –
жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
123-бап. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының
және (немесе) баланың заңды өкілдерінің жетім
балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балалардың тұрғын үйін сақтау жөніндегі міндеттерді
орындамауы
1. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының және (немесе) баланың заңды өкілдерінің жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау жөніндегі міндеттерді орындамауы –
төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
124-бап. Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық
мекемелерiнде болуына жол беру
1. Кәмелетке толмағандардың заңды өкiлдерiнiң ертiп жүруiнсiз түнгi уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейiн) ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру –
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер, -
қызметтің немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады
125-бап. Он сегiз жасқа толмаған адамдарға темекiнi және темекi
бұйымдарын сату және олардың сатуы
1. Он сегiз жасқа толмаған адамдарға темекiнi және темекi бұйымдарын сату және олардың сатуы –
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет –
қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата отырып, жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне тоқсан айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
126-бап. Кәмелетке толмағандарға эротикалық мазмұндағы заттар
мен материалдарды сату
1. Кәмелетке толмағандарға эротикалық мазмұндағы баспа басылымдарын, кино немесе бейнематериалдарды, сурет-бейнелердi немесе өзге де заттарды не материалдарды сату –
эротикалық мазмұндағы заттары мен материалдарын тәркiлей отырып, жеке адамдарға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет –
эротикалық мазмұндағы заттары мен материалдарын тәркiлей отырып, жеке адамдарға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес,орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
127-бап. Асырап алуға, қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), жеке
тұлғалардың отбасына тәрбиелеуге берудi қажет ететiн
кәмелетке толмағандар туралы мәлiметтердi табыс ету
тәртiбi мен мерзiмдерiн бұзу
Қарауында ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар бар ұйымдар басшыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының атқарушы органдары лауазымды адамдарының:
1) асырап алуға, қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), жеке тұлғалардың отбасына тәрбиелеуге берудi қажет ететiн кәмелетке толмағандар туралы мәлiметтердi табыс ету мерзiмдерiн бұзуы;
2) бала туралы көрiнеу жалған мәлiметтердi табыс ету, ата-анасының қамқорынсыз қалған балалардың өңірлік және орталық есебіне қою үшін ата-анасының қамқорынсыз қалған баланы асырап алуға отбасына беру мүмкіндігін көрсететін мәліметтерді жасыру;
3) ата-анасының қамқорынсыз қалған балалардың өңірлік және орталықтандырылған есебінде тұрған балалардың бар екені туралы мәліметтерді және олар туралы деректерді жекелеген азаматтарға мекемелер мен қоғамдық ұйымдарға заңсыз жария ету;
4) жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балалардың өңірлік және орталықтандырылған есебін жүргізу тәртібін бұзу түрінде бұзушылық жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
13-тарау. Меншiкке қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық
128-бап. Жерге мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу
Мемлекеттiк жер учаскелерiн заңсыз иелену немесе айырбастау не жерге мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сондай-ақ уақытша иеленген мемлекеттiк жердi уақтылы қайтармау–
жеке тұлғаларға – жетпіс бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
129-бап. Жер учаскесіне құқық беру кезінде және жер
учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту кезінде жер
заңнамасын бұзу
1. Жер учаскесіне құқық беру кезінде және жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту кезінде жер заңнамасын:
1) жер учаскелерін аукциондық және конкурстық тәсілмен беру жер учаскесіне немесе жер учаскесін жалға алу құқығына қолданылмайтын жағдайларды қоспағанда, мемлекет меншігіндегі және сауда-саттық (аукциондар мен конкурстар) жүргізбей жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жалға беру құқығын беру;
2) жеке және заңды тұлғалардың жер учаскесіне тиісінше құқық беру туралы өтінішхатын (өтінішін) қараудың белгіленген мерзімдерін бұзу;
3) жергілікті атқарушы органның жер учаскесін жер комиссиясының оң қорытындысынсыз және (немесе) жерге орналастыру жобасын бекітпестен жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдауы;
4) жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне құқық беруден бас тартуы туралы шешім қабылдау мерзімін бұзуы;
5) жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдау мерзімін бұзуы;
6) жергілікті атқарушы органның жеке меншікте болуы мүмкін жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешім қабылдауы;
7) жергілікті атқарушы органның заңнамалық актілерде көзделмеген жағдайларда жер учаскесін мемлекет мұқтажына беру үшін мәжбүрлеп иеліктен айыру туралы шешім қабылдауы;
8) жергілікті атқарушы органның жер учаскелерін жер заңнамасында көзделген нормадан артық көлемде тегін жеке меншікке беру туралы шешім қабылдауы; сондай-ақ қайталап тегін беруі;
9) жергілікті атқарушы органның уақытша ақысыз жер пайдалану құқығын жер заңнамасында көзделмеген мақсаттарда немесе мерзімде беру туралы шешім қабылдауы;
10) жергілікті атқарушы органның ауыл шаруашылығына арналған жерді шетелдік адамдардың және азаматтығы адамдардың жеке меншігіне беру туралы шешім қабылдауы;
11) жергілікті атқарушы органның өзінің құзырына кірмейтін жер учаскелеріне құқық беру туралы шешім қабылдауы;
12) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішті қарау мерзімін бұзу;
13) жер учаскесіне сәйкестендірілген құжаттарды әзірлеу және беру мерзімдерін бұзу;
14) жерге орналастыру жобасын қарау және бекіту мерзімдерін бұзу;
15) жерді сатып алу-сату немесе уақытша ақылы (өтеусіз) пайдалану шартын жасасу мерзімдерін бұзу түрінде бұзушылық, егер бұл әрекетте қылмыстық жазалау белгілері болмаса –
лауазымды адамдарға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет, -
лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
130-бап. Арнаулы белгiлердi жою
1. Жер учаскелерi шекараларының межелiк белгiлерiн жою –
жеке тұлғаларға – үш, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жер асты суларын байқаушы және режимдiк ұңғыларды, су объектiлерiндегi байқаушы режимдiк тұстамаларды, су қорғау немесе су шаруашылығы белгiлерiн, орман қорындағы орман орналастыру немесе орман шаруашылығы белгiлерiн, маркшейдерлiк, геодезиялық және нивелирлiк пункттер мен белгiлердi жою немесе бүлдiру, -
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады
131-бап. Жер қойнауына мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу
1. Жер қойнауын заңсыз пайдалану, жер асты суларын қоспағанда, жер қойнауына мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жасырын нысанда бұзатын мәмiлелер жасау –
жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлік, әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралдары мен заттары тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – жүз, лауазымды адамдар мен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
132-бап. Кен орны учаскелерiн iрiктеп өңдеу
1. Кен орны учаскелерiн пайдалы қазбалардың қалған қорлары сапасының нашарлауына, олардың жобадан тыс және нормативтен тыс негiзсiз ысырабына әкеп соғатын iрiктеп өңдеу –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кен орны учаскелерiн өңдеу жөнiндегi жобалық шешiмдердi қоршаған ортаға зиян келтiруге әкеп соғатын сақтамау –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
133-бап. Суға мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу
1. Су объектiлерiн заңсыз басып алу, соның ішінде ағынды және басқа да суды ағызу, заңсыз су пайдалану, су пайдалану құқығын басқа бiреуге беру, сондай-ақ суға мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жасырын нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау –
жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Лимиттердi бұзып су алу, рұқсат берілген көлемнен асыру, гидротехникалық жұмыстарды заңсыз жүргiзу, су объектiлерiнен алынған немесе бөлiнген жер асты және жер үстi суларын тиімсіз, мақсатсыз пайдалану –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
134-бап. Орманға мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу
Орман қоры учаскелерiн орманға мемлекеттiк меншiк құқығын бұзатын сатып алу-сату, сыйға тарту, кепiлге салу, заңсыз иелену және айырбастау, сондай-ақ орман пайдалануды жүзеге асыру құқығын басқа бiреуге заңсыз беру –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – жиырма бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
135-бап. Жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiне мемлекеттiк меншiк
құқығын бұзу
1. Жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалану құқығын басқа бiреуге заңсыз беру, сондай-ақ жануарлар дүниесiне мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жасырын нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сол сияқты пайдалануға рұқсат алу талап етiлетiн қорықтар мен ерекше қорғалатын басқа да табиғи аумақтардағы жануарлар дүниесi объектiлерiн заңсыз пайдалану –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға – жиырма бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Өсiмдiктер дүниесi объектiлерiн пайдалану құқығын басқа бiреуге заңсыз беру, сондай-ақ өсiмдiктер дүниесiне мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жасырын нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сол сияқты пайдалануға рұқсат алу талап етiлетiн өсiмдiктер дүниесi объектiлерiн заңсыз пайдалану –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
136-бап. Энергияны немесе суды заңсыз қосу, пайдалану
1. Электр және (немесе) жылу энергиясын заңсыз қосу, пайдалану –
жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға – жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Су құбырлары желiлерiнен суды заңсыз қосу, пайдалану, сол сияқты кәрiздiк желiлерге заңсыз қосу –
жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға – алпыс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
137-бап. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану
саласындағы заңнаманы бұзу
Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы заңнаманы:
тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау және күтіп-ұстау қағидаларын бұзу;
тарихи және мәдени ескерткіштерді күтіп-ұстаудың қорғау міндеттемелерінде жазылған шарттарын бұзу;
жаңа тарихи және мәдени ескерткіштер құрылысы талаптарын бұзу;
тарихи және мәдени ескерткіштерді заңсыз ауыстыру және өзгерту:
аумақтарды игеру кезiнде жер учаскелерi бөлiп берiлгенге дейiн тарихи, ғылыми, көркемдік және өзге де мәдени құндылығы бар объектiлердi анықтау жөнiнде зерттеу жұмыстарын жүргiзбеу;
тарихи-мәдени объектілердің болуына қатер төндіруі мүмкін жұмыстарды жүргізу түрінде бұзу –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
138-бап. Егістіктердің немесе екпелердің үстімен жүріп өту
Механикалық көлікпен, көлік-арба көлігімен егістіктердің немесе екпелердің үстімен жүріп өту –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
139-бап. Егістіктерді, маяларды таптау, егістік жерлерде
жиналған ауыл шаруашылығы дақылдарын
бүлдіру немесе жойып жіберу, екпелерді зақымдау
1. Ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан, ауыл шаруашылығы ұйымдарының, шаруа және фермер қожалықтарының, мал немесе құс жеке қосалқы шаруашылықтарының егістіктердің, маяларын таптау, егістік жерлерде жиналған ауыл шаруашылығы дақылдарын бүлдіру не жойып жіберу не екпелерін зақымдауы –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет –
жеке тұлғаларға – қырық, лауазымды адамдарға жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
140-бап. Мемлекеттiк заттай гранттарды қайтару мерзiмдерiн
бұзу
Мемлекеттiк заттай гранттардың инвестициялар туралы заңнамада белгiленген қайтару мерзiмдерiн бұзу –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
141-бап. Меншiк нысанына қарамастан, террористiк тұрғыдан осал
объект басшысының өзiне сенiп тапсырылған объектiнiң
терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және
қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегi
мiндеттердi орындамауы және (немесе) тиiсiнше
орындамауы
1. Меншiк нысанына қарамастан, террористiк тұрғыдан осал объект басшысының өзiне сенiп тапсырылған объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегi мiндеттердi орындамауы және (немесе) тиiсiнше орындамауы–
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) –
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
14-тарау. Кәсiпкерлiк қызмет саласындағы әкiмшiлiк құқық
бұзушылық
142-бап. Шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын
Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге әкету
немесе жiберу қағидаларын бұзу
1.Шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге әкету немесе жiберу қағидаларын бұзу –
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
143-бап. Шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын
Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жiберу үшiн
қабылдау қағидаларын бұзу
Пошта ұйымдарының, темiржол, автомобиль, өзен, теңiз және әуе көлiктерi қызметкерлерінің шикiзаттарды, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасынан жөнелту үшiн қабылдау қағидаларын бұзуы, -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
144-бап. Заңсыз кәсiпкерлiк
Кәсiпкерлiк қызметтiң тыйым салынған түрлерiмен айналысу, егер бұл әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрсе не iрi мөлшерде табыс алумен немесе акцизделетiн тауарларды едәуiр мөлшерде өндiрумен, сақтаумен, тасымалдаумен не өткiзумен ұштасқан болса, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса –
келтiрiлген зиян сомасының, алынған табыс сомасының және заңсыз кәсiпкерлiк нәтижесiнде алынған акцизделетiн тауарлар құнының жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертулер.
1. Осы Кодекстiң 144 және 146-баптарында азаматқа бiр мың айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада келтiрiлген залал, не ұйымға немесе мемлекетке он мың айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада келтiрiлген залал iрi залал деп танылады.
2. Осы Кодекстiң 144 және 146-баптарында сомасы он мың айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын табыс iрi мөлшердегi табыс деп танылады.
3. Осы бапта құны бiр мың айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын тауарлар саны едәуiр мөлшер деп танылады.
145-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасында кәсiпкерлiк
қызметтi жүзеге асыруға тыйым салу белгiленген адамның
осындай қызметпен айналысуы
Қазақстан Республикасының заңнамасында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салу белгiленген адамның осындай қызметпен айналысуы -
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау заттары және (немесе) құралдары және (немесе) құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табыстары (дивидендтерi), ақшасы, бағалы қағаздары тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
146-бап. Заңсыз банктік қызмет
Банктiк қызметтi (банктiк операцияларды) тiркеусіз немесе рұқсат (лицензия) алу мiндеттi болған жағдайларда мұндай арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрсе не iрi мөлшерде табыс табумен ұштасса, егер бұл iс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса -
жеке тұлғаларға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне келтірілген залал сомасының, заңсыз қызмет нәтижесінде алынған табыс сомасының - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
147-бап. Мәдениет саласындағы заңнаманың талаптарын бұзу
1. Мәдениет саласындағы заңнаманың талаптарын бұзу:
Қазақстан Республикасының аумағында фильмге арналған прокат куәлігінсіз фильмдерді жалға алу және көпшiлiкке көрсету;
белгiленген тәртіппен фильмді көрерменнің жасына қарай шектеу (индекс) туралы көрермендерді хабардар етпеу;
«Е-18» және «НА» индекстері бар фильмдерді жалға алу және көпшiлiкке көрсету кезінде белгіленген уақытты сақтамау;
мәдени құндылықтарды уақытша әкету тәртібін және шарттарын сақтамау;
ұлттық кітапханаларға басылымның міндетті тегін __ данасын бермеу;
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер –
жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
148-бап. Көрiнеу жалған жарнама
Жарнама берушiнiң жарнамада тауарларға, жұмыстарға немесе көрсетілетін қызметтерге, сондай-ақ оларды өндiрушiлерге, орындаушыларға немесе сатушыларға қатысты көрiнеу жалған ақпаратты пайдалануы пайдакүнемдiк ниетпен жасалса және iрi залал келтiрсе –
жеке тұлғаларға - жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы бапта айлық есептік көрсеткіштен жүз есе асатын сомаға жеке тұлғаларға келтірілген залал не айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын сомаға ұйымға немесе мемлекетке келтірілген залал ірі нұқсан ретінде танылады.
149-бап. Бөтен тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын, тауар
шығарылған жердің атауын немесе фирмалық атауды заңсыз
пайдалану
1. Бөтен тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын немесе тауар шығарылған жердің атауын немесе біртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге арналған, олармен ұқсас белгілерді заңсыз пайдалану, сондай-ақ бөтен фирмалық атауды заңсыз пайдалану, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса -
тауар таңбасының, қызмет көрсету таңбасының, тауар шығарылған жер атауының немесе біртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге арналған, олармен ұқсас белгілердің заңсыз бейнесін қамтитын тауарлар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертулер:
1. Осы бапта көрсетілген құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін тәркілеу тауар таңбасынан, қызмет көрсету таңбасынан, тауар шығарылған жер атауынан немесе фирмалық атауынан, оның орамасынан, бланкілерден немесе басқа да құжаттамадан тауар таңбасының немесе тауар шығарылған жер атауының дайындалған бейнесін, заңсыз пайдаланылатын тауар таңбасын немесе тауар шығарылған жердің атауын, сондай-ақ олармен айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгіні жою мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі.
2. Осы баптың бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес тәркіленген тауарлар, құқық иеленушінің өтініші бойынша оған берілген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 777-бабында көзделген тәртіппен жойылуға жатады.
150-бап. Кредиторлық берешектi өтеуден жалтару
Тиiстi сот актiсi заңды күшiне енгеннен кейiн ірi мөлшердегi кредиторлық берешектi өтеуден жалтару –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алпыс бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Азаматтың бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен асатын сомадағы, ал ұйымның екi мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен асатын сомадағы берешегi iрi мөлшердегi кредиторлық берешек деп танылады.
151-бап. Монополистік қызмет
1. Нарық субъектiлерiнiң «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған бәсекелестiкке қарсы келiсiмдерi, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса -
«Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған монополистiк қызметтi бiр жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асыру нәтижесiнде алынған монополиялық табысы тәркiленiп, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған табысының (түсiмiнiң) бес пайызы мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Нарық субъектiлерiнiң «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған бәсекелестiкке қарсы келiсiлген iс-әрекеттерi, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса -
«Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған монополистiк қызметтi бiр жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асыру нәтижесiнде алынған монополиялық табысы тәркiленiп, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған табысының (түсiмiнiң) бес пайызы мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Нарық субъектiлерiнiң «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған өзiнiң үстем немесе монополиялық жағдайын терiс пайдалануы, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса-
«Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған монополистiк қызметтi бiр жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асыру нәтижесiнде алынған монополиялық табысы тәркiленiп, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған табысының (түсiмiнiң) бес пайызы мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер -
«Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған монополистiк қызметтi бiр жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асыру нәтижесiнде алынған монополиялық табысы тәркiленiп, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған табысының (түсiмiнiң) он пайызы мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың нарық субъектiлерiнiң экономикалық қызметiн «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған нарық субъектiлерiнiң бәсекелестiкке қарсы келiсiмдерiнiң кез келген нысанына әкеп соқтыра алатындай, әкеп соқтыратын немесе әкеп соқтырған үйлестiруi -
жеке тұлғаларға – екі жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет -
жеке тұлғаларға – үш жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жеті жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту.
Судья бәсекелестiкке қарсы келiсiм немесе бәсекелестiкке қарсы келiсiлген iс-әрекеттер түрiндегi әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасаған нарық субъектiсiн мынадай шарттарды жиынтықты сақтаған:
1) нарық субъектiсi монополияға қарсы органға бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер немесе бәсекелестікке қарсы келiсiлген iс-әрекеттер туралы мәлiмдеген кезде монополияға қарсы орган басқа көздерден осы бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер немесе бәсекелестікке қарсы келiсiлген iс-әрекеттер туралы ақпарат алмаған;
2) нарық субъектiсi бәсекелестiкке қарсы келiсiмдерге немесе бәсекелестікке қарсы келiсiлген iс-әрекеттерге өзiнiң қатысуын тоқтату жөнiнде жедел шаралар қолданатын;
3) нарық субъектiсi мәлiмдеген кезден бастап бүкiл тергеу бойында бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер немесе бәсекелестікке қарсы келiсiлген iс-әрекеттер фактiлерi туралы толық ақпаратты хабарлайтын;
4) нарық субъектiсiнiң бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер немесе бәсекелестікке қарсы келiсiлген iс-әрекеттердi жасау салдарынан тұтынушыларға келтiрiлген залалды ерiктi түрде өтейтін кезде монополиялық табысын тәркiлеуден босатуы мүмкiн.
152-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк монополия туралы
заңнамасын бұзу
1. Мемлекеттiк монополия субъектiсiнiң Қазақстан Республикасының мемлекеттiк монополия туралы заңнамасында белгiленген шектеулердi сақтамауы -
үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттiк монополия саласына жатқызылған қызметті уәкілетті емес адамның жүзеге асыруы-
әкімшілік құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке адамдарға – жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
153-бап. Нарық субъектiлерiнiң экономикалық шоғырлану кезiндегі
заңсыз iс-әрекеттерi
1. Егер монополияға қарсы орган келісімінің болуы қажет болған жағдайда, нарық субъектiлерiнің мұндай келісімді алмай-ақ экономикалық шоғырлануы, экономикалық шоғырлануға қатысушы нарық субъектiлерiнiң экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы шешiмге негiз болған талаптар мен мiндеттемелердi орындамауы -
жеке тұлғаларға – жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Егер жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарламаның болуы қажет болған жағдайда, монополияға қарсы органға мұндай хабарламаны ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау -
жеке тұлғаларға – жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
154-бап. Монополияға қарсы органның нұсқамаларын орындамау.
Ақпарат беру жөнiндегi мiндеттемелердi бұзу және
үй-жай мен аумаққа кiруге кедергi жасау
Нұсқаманы орындамау немесе оны толық көлемде орындамау, монополияға қарсы органға белгiленген мерзiмде ақпарат бермеу не толық емес көлемде беру, монополияға қарсы органға дұрыс емес және (немесе) жалған ақпарат беру, монополияға қарсы органның тергеу жүргiзетiн лауазымды адамдарының үй-жай мен аумаққа кiруiне кедергi жасау -
жеке тұлғаларға – жүз, лауазымды адамдарға,шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
155-бап. Мемлекеттiк, жергілікті атқарушы органдардың бәсекеге
қарсы iс-әрекетi, жосықсыз бәсеке
1. Мемлекеттiк, жергілікті атқарушы органдардың бәсекеге қарсы iс-әрекетi -
лауазымды адамдарға төрт жүзайлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жосықсыз бәсеке -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
156-бап. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және
реттелетін нарықтар туралы заңнамасын бұзу
1. Табиғи монополия субъектісінің табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға белгіленген нысандардағы ақпаратты, есепті, хабарламаны табыс етпеуі, сол сияқты белгіленген нысандардағы ақпаратты, есепті, хабарламаны белгіленген мерзімдерін бұза отырып табыс етуі -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекеттер (әрекетсіздік) -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз елу, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Табиғи монополиялар саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыратын адамдардың уәкілетті органға табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамада белгіленген тәртіппен осы қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап 15 күн ішінде Табиғи монополиялар субъектiлерiнің мемлекеттік тізіліміне енгізу туралы өтінішті және құжаттарды (ақпараттарды) табыс етпеуі -
әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған табыс (түсім) сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға ақпаратты, есепті, хабарламаны табыс ету міндетін қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің шектеулерді сақтамауы, сол сияқты табиғи монополия субъектісінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, табыс (түсім) алуға әкеп соққан іс-әрекеттер (әрекетсіздік) -
заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған табыстың (түсімнің) он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған табыс (түсім) деп табиғи монополия субъектісі алған табыс (түсім) пен табиғи монополия субъектісі Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаған кезде алуға тиіс табыс (түсім) арасындағы айырма түсініледі.
157-бап. Электр энергиясын өткізу (сату) тәртібін бұзу
1. Спот-сауда-саттықта (өздері өндіретін электр энергиясы көлемінің он пайызынан аспайтын), теңгерімдеуші нарықта және экспортқа өткізу (сату) жағдайларын қоспағанда, энергия өндіруші ұйымның электр энергиясының тиісінше шекті, жеке, есептік тарифінен асатын тариф бойынша электр энергиясын өткізуі (сатуы) -
заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған табыстың (түсімнің) он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Электр энергиясын экспорттаған жағдайды қоспағанда, энергия өндіруші ұйымның көтерме және (немесе) бөлшек сауда нарығының субъектілері болып табылмайтын жеке және заңды тұлғаларға электр энергиясын өткізуі (сатуы) -
заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған табыс (түсім) сомасының жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Энергия өндіруші ұйымның энергия өндіруші басқа ұйымнан электр энергиясын заңсыз алуы (сатып алуы) -
орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған (сатып алынған) электр энергиясы үшін ақы төлеу сомасының жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Энергиямен жабдықтаушы ұйымның энергиямен жабдықтаушы басқа ұйымға электр энергиясын заңсыз өткізуі (сатуы), сол сияқты энергиямен жабдықтаушы басқа ұйымнан оны заңсыз алуы (сатып алуы) -
заңды тұлғаларға әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау нәтижесiнде өткізілген (сатылған), сол сияқты алынған (сатып алынған) электр энергиясы үшін ақы төлеу сомасының жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертулер. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған табыс (түсім) деп мыналар түсініледі:
осы баптың бірінші бөлігі бойынша: осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, энергия өндіруші ұйымның алған табысы (түсімі) мен электр энергиясының тиісінше шекті, есептік, жеке тарифі бойынша есептелген табыс (түсім) арасындағы айырма;
осы баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері бойынша: Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында белгіленген электр энергиясын өткізуге (сатуға) тыйым салуды бұзу нәтижесінде алынған барлық табыс (түсім).
Табыс (түсім) құрамына өткізілген (сатылған), бірақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған күнге ақысы төленбеген электр энергиясының құнын да енгізу керек.
158-бап. Реттелетін нарық субъектілерінің міндеттерді бұзуы
1. Реттелетін нарық субъектісінің баға деңгейін растайтын негіздемелік материалдарды қоса бере отырып босату бағалары туралы ақпаратты, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес қаржылық есептілікті, сондай-ақ монополиялы өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) өндіру (өткізу) көлемдері, табыстылық деңгейі мен босату бағалары туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында белгіленген мерзімде табыс етпеуі, сол сияқты табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға дұрыс емес және (немесе) толық емес ақпаратты табыс етуі -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Реттелетін нарық субъектілерінің шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) орындамауы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға пайдаланылмаған соманың он пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Реттелетін нарық субъектілерінің алынған және шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға пайдаланылмаған табысты (түсімді) тұтынушыларға не тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін болмаған жағдайда, баға белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті бағаның деңгейін төмендету арқылы қайтару жөніндегі міндеттерді орындамауы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған табыс (түсім) сомасының жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Реттелетін нарық субъектілерінің шекті бағаны негізсіз көтеру нәтижесінде алынған табысты (түсімді) тұтынушыларға не тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін болмаған жағдайда, баға белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті бағаның деңгейін төмендету арқылы қайтару жөніндегі міндеттерді орындамауы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған табыс (түсім) сомасының жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Реттелетін нарық субъектісінің бағалардың алдағы көтерілетіні туралы хабарламаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға ұсынбай тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасын көтеруі және оларды өткізуі, сол сияқты табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган айқындаған баға деңгейіне дейін Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен қолданыстағы немесе жобаланған бағаны түсірмеуі -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған табыстың (түсімнің) он проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертулер.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау нәтижесiнде алынған табыс (түсiм) деп мыналар:
осы баптың үшінші бөлігі бойынша: реттелетін нарық субъектісінің инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыру үшін шекті бағаны қолдану есебінен алған табысы (түсімі) мен инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға пайдаланылған табыстың (түсімнің) арасындағы айырма;
осы баптың төртінші бөлігі бойынша: реттелетін нарық субъектісінің алған табысы (түсімі) мен шекті баға деңгейін негізге ала отырып қалыптастырылған табыстың (түсімнің) арасындағы айырма;
осы баптың екiншi бөлiгi бойынша: реттелетiн нарық субъектiсiнiң алған табысы (түсiмi) мен бағаны көтергенге дейiн қолданыста болған баға бойынша не табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган деңгейiн айқындаған баға бойынша есептелген табыстың (түсiмнің) арасындағы айырма түсiнiледi.
Табыстың (түсiмнің) құрамына сатылған, бiрақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған күнге ақысы төленбеген тауардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) құнын да енгiзу қажет.
159-бап. Реттелетін нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін
сақтамауы
Реттелетін нарық субъектісінің Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген баға белгілеу тәртібін сақтамауы -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
160-бап. Энергия өндіруші ұйымның инвестициялық бағдарламаны
орындамауы
Энергия өндіруші ұйымның табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган енгізген инвестициялық бағдарламаны орындау туралы нұсқаманы орындамауы -
тұтынушылардан алынған және инвестициялық бағдарламаны іске асыру мақсатында пайдаланылмаған сомалардың он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
161-бап. Қазақстан Республикасының биоотын өндірісін және
айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзу
1. Биоотын өндірушілердің кейіннен биоотын етіп қайта өңдеу үшін тамақ шикізатын сатып алуға арналған квоталар нормаларын асырып жіберуі –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз қырық, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың бес жүз жетпіс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
асырып жіберілген квота мөлшерінде тамақ шикізатынан өндірілген өнім тәркілене отырып және биоотынды өндіру жөніндегі қызметпен айналысу әрекеті алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз тоқсан,ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың сегіз жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Биоотынды өндіру кезінде 1 және 2-сыныпты бидайды тамақ шикізаты ретінде пайдалану –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Құрамы техникалық регламенттермен белгіленген құрамға сәйкес келмейтін биоотынды сату –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Денатуратталмаған биоэтанолды, оны биоотын өндіру зауытына немесе биоотынның басқа түріне қайта өңдеу үшін мұнай өңдеу зауытына жеткізу жағдайларын қоспағанда, айналымға шығару –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Белгілі бір биоотын өндіру зауытында екі және одан да көп биоотын өндірушілердің биоотын өндіруді жүзеге асыруы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Биоотын өндірушілердің биоотынды өндіріс паспортынсыз, биоотын өндірісінің көлемін есепке алуды бақылау аспаптарынсыз не олардың бұзылып тұрған уақытында өндіруі –
осы кезеңде өндірілген өнім тәркілене отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Биоотын өндірушілердің генетикалық жағынан түрлендірілген көз (объекті) болып табылатын немесе генетикалық жағынан түрлендірілген көздерді (объектілерді) қамтитын тамақ шикізатын олардың қауіпсіздігін ғылыми тұрғыдан негізделген растаусыз және мемлекеттік тіркеуден өткізусіз қабылдауы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне тоғыз жүз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Биоотын өндірушілердің биоотынды ілеспе жүкқұжаттарын ресімдемей сатуы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Биоотын өндірушілердің, тиісті құжаттары бар кезде биоотынды экспорттауын қоспағанда, биоотын өндіруді жүзеге асырмайтын және (немесе) мұнай өнімдерін компаундирлеуге лицензиясы жоқ тұлғаларға биоотынды сатуы –
биоотынның сатылған партиясына тең көлемін тәркілей отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне тоғыз жүз тоқсан айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Биоотын өндірушілердің, тиісті құжаттары бар кезде биоотынды экспорттауды қоспағанда, өндірілген биоотынды биоотын нарығының қатысушылары болып табылмайтын тұлғаларға оны сақтау үшін беруі –
биоотынның сатылған партиясына тең көлемін тәркілей отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алты жүз алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Тиісті құжаттары бар кезде биоотынды экспорттауды қоспағанда, биоотын нарығының қатысушылары болып табылмайтын және (немесе) мұнай өнімдерін компаундирлеуге лицензиясы жоқ тұлғалардың биоотынды сақтауы –
биоотынның сатылған партиясына тең көлемін тәркілей отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. Осы баптың жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
биоотынның тиісті көлемін тәркілей отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
14. Осы баптың он екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
162-бап. Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау
туралы заңнамасының талаптарын бұзу
1. Газбен жабдықтау жүйелері субъектісінің тауарлық, сұйытылған мұнай газын және (немесе) сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу жөніндегі мәліметтерді табыс етпеуі, сол сияқты мәліметтерді белгіленген мерзімдерді бұза отырып табыс етуі –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында белгіленген газбен жабдықтау жүйелері объектілерін пайдалану жөніндегі шектеулерді сақтамау –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында белгіленген тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газын есепке алу және (немесе) өткізу тәртібін бұзу –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Шикі және (немесе) тауарлық газды сатып алуға мемлекеттің артықшылықты құқығын жер қойнауын пайдаланушының бұзуы –
заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілеріне ортақ меншік құқығындағы үлестерін және (немесе) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің меншік иелері – заңды тұлғалар акцияларының пакеттерін (қатысу үлестерін) сатып алуға мемлекеттің басым құқығын газбен жабдықтау жүйелері объектісі меншік иесінің бұзуы –
заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін пайдаланудың белгіленген технологиялық режимдерін тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі субъектілерінің сақтамауы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, кіріс (түсім) алуға әкеп соққан іс-әрекет –
аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданысын тоқтата тұрып не одан айырып, заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістің (түсімнің) отыз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын бұзу –
аккредиттеу туралы куәліктің қолданысын тоқтата тұрып, - iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Өтініш берушінің аккредиттеу туралы куәлікті алған кезде көрінеу анық емес ақпарат беруі, сол сияқты осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), сондай-ақ аккредиттеу туралы куәліктің қолданысын тоқтата тұру туралы мерзім өткен соң әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соқтырған аккредиттеу қағидаларын бұзушылықтарды жоймау – аккредиттеу туралы куәліктен айыра отырып, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім) деп әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлға алған кіріс (түсім) пен осы тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаған кезде алуға тиіс болған кіріс (түсім) арасындағы айырма түсініледі.
163-бап. Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай
өнімдерін, тауарлық және сұйытылған мұнай газын
өткізудің шекті бағаларын асырып жіберу
1. Мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізушілердің Қазақстан Республикасының мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасына сәйкес белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің шекті бағасынан асырып жіберуі -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Тауарлық және сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізуді жүзеге асырушы тұлғалардың газ және газбен жабдықтау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген көтерме саудада өткізудің шекті бағасын асырып жіберуі –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданысын тоқтата тұрып не одан айырып, заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістің (түсімнің) жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім) деп әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлға алған кіріс (түсім) пен Қазақстан Республикасының заңнамасы сақталған кезде осы тұлға алуға тиіс болған кіріс (түсім) арасындағы айырма түсініледі.
164-бап. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы
заңнамасын бұзу
1. Энергия өндіруші ұйымның Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген инвестициялардың көлемі мен бағыттары не инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жарияламауы, уақтылы, дұрыс немесе толық жарияламауы -
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Энергия өндіруші ұйымның Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген электр энергиясын өндіру мен өткізу шығындары бойынша және электр энергиясын өндіру мен өткізу көлемі бойынша есепті ұсынбауы, уақтылы, дұрыс немесе толық ұсынбауы -
орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Энергия өндіруші ұйымның мемлекеттік органдар сұратқан, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты ұсынбауы, уақтылы, дұрыс немесе толық ұсынбауы -
орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, энергия өндіруші ұйымның келісімде айқындалған инвестициялық міндеттемелерді орындамауы -
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне келісімде көзделген инвестициялық міндеттемелерді іске асыруға пайдаланылмаған соманың он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Энергиямен жабдықтаушы ұйымның тұтынушыларға электр энергиясын беруді заңсыз шектеуі және (немесе) ажыратуы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Энергиямен жабдықтаушы ұйымның тұтынушымен энергиямен жабдықтаудың жеке шартын жасасудан бас тартуы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
165-бап. Лауазымды адамдардың кәсiпкерлiк қызметке заңсыз
араласуы
Қадағалау және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдарының дара кәсiпкерлердiң, заңды тұлғалардың қызметiне заңсыз араласуы, олардың кәсiпкерлiк қызметiне кедергi келтiретiн заңсыз актiлер шығару және заңсыз тапсырмалар беру арқылы араласуы -
жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
166-бап. Кәсіпқой спорт жарыстарының және коммерциялық
ойын-сауық конкурстарының қатысушылары мен
ұйымдастырушыларын сатып алу
1. Спортшыларды, спорт судьяларын, жаттықтырушыларды, команда басшыларын және кәсіпқой спорт жарыстарының басқа да қатысушыларын немесе ұйымдастырушыларын, сол сияқты коммерциялық ойын-сауық конкурстарының ұйымдастырушыларын немесе жюри мүшелерін осы жарыстардың немесе конкурстардың нәтижелеріне ықпал ету мақсатында сатып алу –
екі жүзайлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Спортшылардың өздеріне жарыс нәтижелеріне ықпал ету мақсатында берілген ақшаны, бағалы қағаздарды немесе өзге де мүлікті заңсыз алуы, сол сияқты спортшылардың дәл сол мақсаттарда өздеріне ұсынылған мүліктік сипаттағы қызметтерді заңсыз пайдалануы –
төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Спорт судьяларының, жаттықтырушылардың, команда басшыларының және кәсіпқой спорт жарыстарының басқа да қатысушыларының немесе ұйымдастырушыларының, сол сияқты коммерциялық ойын-сауық конкурстары ұйымдастырушыларының немесе жюри мүшелерінің осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген мақсаттарда ақшаны, бағалы қағаздарды немесе өзге де мүлікті заңсыз алуы, мүліктік сипаттағы қызметтерді заңсыз пайдалануы –
төрт жүзайлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
167-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу
тәртібін бұзу
1. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібін бұзу, оның ішінде:
1) тексеру жүргізу негіздерінің болмауы;
2) тексеруді тағайындау туралы актінің болмауы;
3) тексеру жүргізу туралы хабарлау мерзімдерін сақтамау;
4) егер Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген талаптар мемлекеттік органның құзыретіне жатпаса, осындай талаптардың орындалуын тексеру;
5) егер олар тексеру объектілері болып табылмаса немесе тексеру нысанасына жатпаса, құжаттарды, ақпаратты,өнім үлгілерін, қоршаған орта объектілерін және өндірістік орта объектілерін зерттеу сынамаларын ұсынуды талап ету;
6) өнім үлгілеріне, қоршаған орта объектілерін және өндірістік орта объектілерін зерттеу сынамаларына зерттеу, сынау, өлшеу жүргізу үшін көрсетілген үлгілердің, сынамалардың белгіленген нысан бойынша және (немесе) ұлттық стандарттарда, үлгілерді, сынамаларды іріктеп алу қағидаларында және олардың зерттеу, сынау, өлшеу әдістерінде, техникалық регламенттерде немесе олар қолданысқа енетін күнге дейін қолданыста болатын өзге де нормативтік техникалық құжаттарда, зерттеу, сынау, өлшеу қағидаларында және әдістерінде белгіленген нормадан асатын санда іріктеп алынуы туралы хаттамаларды ресімдемей, оларды іріктеп алу;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру жүргізу нәтижесінде алынған және коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын ақпаратты жария ету және (немесе) тарату;
8) тексеру жүргізудің белгіленген мерзімдерінен асып кету;
9) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 7-тармағы 2), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, белгілі бір мәселе бойынша, белгілі бір кезеңде бұрын тексеру жүргізілген жеке немесе заңды тұлғаға қатысты көрінеу қайта тексеру жүргізу;
10) мемлекеттік бақылау мақсатында шығынды сипаттағы іс-шараларды жеке кәсіпкерлік субъектілерінің есебінен жүргізу;
11) жоспарлы тексеруді тағайындау кезінде алдыңғы тексеруге қатысты уақыт аралығын бұзу;
12) тексерілетін субъектіге тексеру актісін ұсынбау -
лауазымды адамға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші тармағында көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
лауазымды адамға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
168-бап. Банкроттық кезiндегi құқыққа қайшы іс-әрекеттер
1. Мүлiктi және мүлiктiк мiндеттемелердi, мүлiк, оның көлемi, мүлiктiң тұрған орны туралы мәлiметтердi не мүлiк туралы өзге де ақпаратты жасыру, мүлiктi өзге иелiкке беру, мүлiктi иелiктен шығару немесе жою, сол сияқты экономикалық қызметтi көрсететiн бухгалтерлiк және өзге де есептiк құжаттарды жасыру, жою, бұрмалау, егер бұл iс-әрекеттер төлем қабілетсіздігіне әкеп соққан банкроттық кезiнде немесе банкрот болатынын алдын ала бiлген кезде жасалса және қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Өзiнiң iс жүзiндегi дәрменсiздiгiн (банкроттығын) бiлетiн борышкер ұйымның лауазымды адамының, меншiк иесiнiң немесе дара кәсіпкердің, сондай-ақ конкурстық іс жүргізу немесе оңалту рәсімі кезінде дәрменсіз борышкердің мүлкі мен істерін басқару функциялары берілген тұлғаның басқа кредит берушiлерге залал келтiретiнiн бiле тұра жекелеген кредит берушiлердiң мүлiктiк талаптарын заңға қайшы қанағаттандыруы, сол сияқты кредит берушiнiң өзiне дәрменсiз борышкердiң өзге кредит берушiлерге залал келтiре отырып артықшылық жасауын қабылдауы, егер мұндай iс-әрекеттер iрi залал келтiрмесе -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алты жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
169-бап. Конкурстық, оңалтушы басқарушылардың, сырттай байқау
әкімшісінің Қазақстан Республикасының банкроттық
туралы заңнамасын бұзуы
Конкурстық басқарушының Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасын:
1) кредиторлар комитетінің құрамын уақтылы қалыптастырмауы;
2) борышкер алдында берешегі бар адамдарға осы берешекті өтеу туралы талап қоймауы;
3) әдейі және (немесе) жалған банкроттық белгілері анықталған жағдайларда, құқық қорғау органдарына ақпаратты хабарламауы;
4) Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасында көрсетілген мән-жайлар кезінде борышкер жасасқан жарамсыз мәмілелер анықталған жағдайларда, оларды жарамсыз деп тану туралы не сот тәртібімен мүлікті қайтару туралы талаптар қоймауы;
5) Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес мәлімделген кредиторлардың талаптарын уақтылы қарамауы;
6) кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудың белгіленген тәртібін бұза отырып, олармен есеп айырысулар жүргізуі;
7) сауда-саттық жүргізу туралы ақпараттық хабарды жариялау тәртібін бұзуы;
8) борышкердің мүлкін (активтерін) сату жоспарын бұза отырып, борышкердің мүлкін сатуы;
9) кредиторлар комитетімен жасалған келісімдердің талаптарын орындамауы;
10) әкімшілік шығыстар сметасында көзделген ақшаны артық жұмсауы не мақсатсыз пайдалануы түрінде бұзуы -
жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Оңалтушы басқарушының Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасын:
1) Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасында көрсетілген мән-жайлар кезінде борышкер жасасқан жарамсыз мәмілелер анықталған жағдайларда, оларды жарамсыз деп тану туралы не сот тәртібімен мүлікті қайтару туралы талаптар қоймауы;
2) Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес мәлімделген кредиторлардың талаптарын уақтылы қарамауы;
3) кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудың белгіленген тәртібін бұза отырып, олармен есеп айырысулар жүргізуі;
4) дәрменсіз борышкерді оңалту жоспарын орындамауы;
5) егер борышкердің оңалту рәсімін енгізгеннен кейін туындаған ақшалай міндеттемелерінің жалпы сомасы оңалту рәсімін енгізген кездегі кредиторлық берешектің жалпы сомасының жиырма пайызынан асса, борышкердің ақшалай жаңа міндеттемелерін тудыратын мәмілелерді, кредиторлар комитетінің келісімінсіз жасауы;
6) кредиторлар комитетімен жасалған келісімдердің талаптарын орындамауы;
7) әкімшілік шығыстар сметасында көзделген ақшаны артық жұмсауы не мақсатсыз пайдалануы түрінде бұзуы -
жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Сырттай байқау әкімшісінің Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасын:
1) борышкердің негізгі құрал-жабдықтарды иеліктен айыру, мүлікті кепілге немесе жалға беру бойынша мәмілелер, сондай-ақ олардың орындалуы борышкерге залал келтіруге әкеп соғатын, нарықтық бағадан айтарлықтай төмен бағамен не жеткіліксіз негіздер бойынша басқа да мәмілелер жасауына қатысты іс-әрекеттерін кредиторлар комитетімен келіспеуі, қайта ұйымдастыру жүргізуі;
2) сырттай байқау рәсімінде әдейі және (немесе) жалған банкроттық белгілері анықталған жағдайларда, құқық қорғау органдарына хабарламауы не борышкерге оның қаржылық жағдайын нашарлатқан мүлікті иеліктен айыру жөніндегі мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап қоймауы түрінде бұзуы -
жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік) -
жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
170-бап. Көпшiлiк сауда-саттықтар, аукциондар мен конкурстар
өткiзудiң белгiленген тәртiбiн бұзу
Мүлiк иесiне, сауда-саттықтарды немесе аукциондарды ұйымдастырушыға, сатып алушыға немесе өзге де шаруашылық жүргiзушi субъектiге iрi залал келтiріп, көпшiлiк сауда-саттықтар, аукциондар немесе конкурстар өткiзудің белгіленген тәртiбiн бұзу –
айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден үш жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы бапта айлық есептік көрсеткіштен жүз есе асатын сомаға жеке тұлғаға келтірілген залал не айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын сомаға ұйымға немесе мемлекетке келтірілген залал ірі залал деп танылады.
171-бап. Әдейi банкрот болу
Әдейі банкрот болу яғни коммерциялық ұйым басшысының немесе меншік иесінің, сол сияқты дара кәсіпкердің өз мүдделерін немесе өзге адамдардың мүдделерін көздей отырып жасаған төлем қабілетсіздігін қасақана жасауы немесе ұлғайтуы, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
172-бап. Жалған банкроттық
Жалған банкроттық яғни коммерциялық ұйым басшысының немесе меншiк иесiнiң, сол сияқты жеке кәсiпкердiң кредит берушiге тиесiлi төлемдердi кейiнге қалдыруды немесе ұзартуды немесе борыштардан шегерiм жасатқызу үшiн кредит берушiлердi адастыру мақсатында өзiнiң дәрменсiздiгi туралы көрiнеу жалған хабарлауы, сол сияқты борыштарын төлемеуi, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
173-бап. Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы
заңнамасын бұзу
1. Бағалаушының мүлікті бағалау туралы бұрыс есеп жасауы, сол сияқты Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасында тыйым салынған жағдайларда мүлікті бағалауды жүзеге асыруы –
бағалау қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
бағалау қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензиядан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – тоқсан, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
174-бап. Коммерциялық құпияны, банк құпиясын, кредиттік бюроның
кредиттік тарих дерекқорынан алынған кредиттік
есептердің мәліметтерін немесе ақпаратты сақтау
мiндетiн бұзу
Коммерциялық құпия, банк құпиясы, кредиттік бюроның кредиттік тарих дерекқорынан алынған кредиттік есептердің мәліметтері немесе ақпарат бар мәлiметтердi сақтау мiндеттерiн, ол кәсiптiк немесе қызметтiк мiндетiне байланысты өзiне мәлiм болған адамның олардың иелерiнiң келiсiмiнсiз бұзуы, егер осы iс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертулер.
1. Меншiк иесiне немесе заңнама актiлерiне сәйкес осындай мәлiметтердi алу құқығы бар адамдарға олардың заңды талабы бойынша коммерциялық құпия, банк құпиясы не кредиттік бюроның кредиттік тарих дерекқорынан алынған кредиттік есептердің мәліметтері немесе ақпарат бар мәлiметтердi берген жағдайда тұлға жауапты болмайды.
2. Осы бапта көзделген әрекеттi жасағаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тарту, залал келтiрiлген ұйымның, меншiк иесiнiң немесе жеке кәсiпкердiң арызы бойынша жүзеге асырылады.
175-бап. Сақтандыру немесе зейнетақы жинақтарының құпиясын
немесе микрокредит беру құпиясын сақтау мiндетiн бұзу
Сақтандыру немесе зейнетақы жинақтарының құпиясы немесе микрокредит беру құпиясы бар мәлiметтердi сақтау мiндетiн, олар өзiнiң кәсiби немесе қызметтiк мiндетiне байланысты белгiлi болған адамның олардың иесiнiң келiсiмiнсiз бұзуы -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
176-бап. Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы
заңнамасын бұзу
1. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың туристерге саяхаттың ерекшеліктері, туристік қызметтер ұсыну қағидаларында көрсетілген саяхат жасау кезінде оларға тап болуы мүмкін қауіптер туралы мәлімет ұсынбауы, уақтылы немесе толық ұсынбауы не туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асырмауы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он жеті, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың туристік қызмет көрсетуге жазбаша шарт жасаспай туристік қызметтерді көрсетуі -
лицензиясының қолданысы тоқтатыла отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он жеті, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік) -
лицензиясынан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мүдделі мемлекеттік органдарға және туристің отбасына саяхат кезінде туристердің төтенше жағдайға ұшырағаны туралы ақпарат ұсынбауы немесе уақтылы ұсынбауы -
лицензиясының қолданысы тоқтатыла отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік) -
лицензиясынан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
177-бап. Сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалғаны туралы
ақпаратты ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау
Егер оны ұсыну заңда көзделген жағдайда, сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалғаны туралы ақпаратты ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау -
заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
178-бап. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi
мен мерзімдерін бұзу
1. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнамасында белгіленген жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі мен мерзімдерін ірі кәсіпкерлік субъектісінің бұзуы -
заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың біріншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер (әрекетсіздік) –
заңды тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
15-тарау. Сауда және қаржы саласындағы әкімшілік
құқық бұзушылық
179-бап.Тұтынушыларды алдау
1. Сауда қызметін және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің немесе ұйымдардың кем өлшеуі, таразыдан жеуі, кем есептеуі, тауардың (көрсетілетін қызметтердің) тұтыну қасиеттеріне немесе сапасына қатысты жаңылыстыруы немесе тұтынушыларды өзгедей алдауы –
жеке тұлғаларға – үш, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
белгілі бір қызмет түріне берілетін лицензиядан айырып және үш жылға дейінгі мерзімге қызметін тоқтата тұрып немесе оған тыйым салып, жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, елеулі залал келтіруге әкеп соққан іс-әрекеттер –
белгілі бір қызмет түріне берілетін лицензиядан айырып не үш жылға дейінгі мерзімге қызметін тоқтата тұрып немесе оған тыйым салып, жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, ірі залал келтіруге әкеп соққан іс-әрекеттер –
белгілі бір қызмет түріне берілетін лицензиядан айырып не үш жылға дейінгі мерзімге қызметін тоқтата тұрып немесе оған тыйым салып, жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы бапқа қатысты бір айлық есептік көрсеткіштен асатын сомадағы залал – елеулі мөлшердегі залал деп, кемінде үш айлық есептік көрсеткіш сомасындағы залал ірі мөлшердегі залал деп танылады.
180-бап. Арнайы техникалық құралдар сату тәртiбiн бұзу
Арнайы жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды, жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттiк органдардан басқа, тиiстi рұқсаты жоқ адамдарға сатуы -
қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
181-бап. Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттеу
саласындағы заңнамасын бұзу
1. Сатып алушының өтiнiшi бойынша тауар, оның шығарылған жерi, дайындаушылары, тұтыну қасиеттерi, кепiлдiк берiлген мiндеттемелер және талап қою тәртiбi туралы қажеттi ақпарат бермеу -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - екi, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алты, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Тауарлардың қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін куәландыратын ресми құжатты құқыққа қайшы пайдалану -
тауарлары тәркiлене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға -жетi, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiк) -
тауарлары тәркілене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
182-бап. Төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдердi
қабылдаудан бас тарту
1. Қазақстан Республикасының аумағында сауда қызметін жүзеге асыру (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) кезiнде төлемдерді қабылдауға мiндеттi дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның оларды төлем карточкаларын пайдалана отырып, қабылдаудан бас тартуы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
183-бап. Дара кәсіпкерде немесе заңды тұлғада төлем
карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге
асыруға арналған жабдықтың (қондырғының) болмауы
1. Қазақстан Республикасының аумағында сауда қызметін жүзеге асыру (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) кезiнде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға мiндеттi дара кәсіпкерде немесе заңды тұлғада оларды төлем карточкаларын пайдалана отырып, жүзеге асыруға арналған жабдықтың (қондырғының) болмауы -
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
184-бап. Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда
жасау
Еркiн сауда жасауға заңдармен тыйым салынған немесе шектелген тауарлармен және өзге де заттармен заңсыз сауда жасау -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
185-бап. Темекi бұйымының маркасын пайдалану
1. Темекi бұйымдарының өздерiн немесе темекi бұйымы сатылатын немесе тасымалданатын кез келген қорапты, қаптаманы қоспағанда, өзiнде темекi бұйымының маркасы бар кез келген тауарларды қасақана тарату, көрмеге қою, сату -
жеке тұлғаларға – он,шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер -
жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
186-бап. Заңнаманың темекі және темекі бұйымдары туралы ақпарат
жөніндегі талаптарын бұзу
1. Заңнаманың темекі және темекі бұйымдары туралы ақпарат жөніндегі талаптарын бұзу -
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
187-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының темекі және темекі
бұйымдарын сату жөніндегі, сондай-ақ темекі бұйымдарын
имитациялайтын тауарларды өндіру, сату және тарату
жөніндегі талаптарын бұзу
1. Осы Кодекстің 121-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы заңнамасының темекі және темекі бұйымдарын сату жөніндегі талаптарын бұзу -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
жеке тұлғаларға - он, қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне тоқсан айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Темекі бұйымдарын имитациялайтын тауарларды өндіру, сату, тарату -
жеке тұлғаларға - үш, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - сегіз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
188-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін
өткізу жөніндегі талаптарын бұзу
1. Жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімін өткізу - жеке тұлғаларға - бес, тиісті қызмет түріне арналған лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
жеке тұлғаларға - он, тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне тоқсан айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Алкоголь өнімін (сауда үйлерінде, мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда өткізуді қоспағанда):
жұмыс күндері сағат 23-тен таңғы 8-ге дейін,
демалыс, мереке күндері сағат 24-тен таңғы 8-ге дейін өткізу -
жеке тұлғаларға - бес, тиісті қызмет түріне арналған лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
жеке тұлғаларға - он, тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне тоқсан айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
189-бап. Тауарлардың сауда желілеріне немесе ірі сауда
объектілеріне жетуін шектеу
1. Сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асырушы сауда қызметі субъектілерінің тауарларды беру туралы шарт жасасудан негізсіз бас тартуы не көрінеу кемсітушілік сипаттағы шарт жасасудан көрінетін және:
1) сауда қызметі субъектісіне осындай қызметті жүзеге асыратын басқа да сауда қызметі субъектілерімен, сондай-ақ осындай немесе өзге де талаптар бойынша басқа да сауда қызметі субъектілерімен тауарлар беру шарттарын жасасуға тыйым салу туралы;
2) тауарлар беруді жүзеге асырушы сауда қызметі субъектісінен осындай қызметті жүзеге асыратын басқа да сауда қызметі субъектілерімен жасасқан шарттары туралы мәліметтер беруін талап ету туралы шарттармен тауарлардың сауда желілеріне немесе ірі сауда объектілеріне жетуін шектеуі –
жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
190-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат
етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерден асуы
1. Сауда қызметін реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сауда қызметі субъектілерінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларын мөлшерден асыруы –
жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
191-бап. Тауарларды құжаттарсыз сату
1. Осы Кодекстің 404, 405-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, дара кәсіпкерлердің және сауда қызметiн жүзеге асыратын ұйымдардың тауарларды шығарылған елi туралы, дайындаушысы, жеткiзушiсi немесе сатушысы туралы не тауар (көрсетілетін қызмет) туралы мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде анық және жеткiлiктi ақпараты бар құжаттарсыз сатуы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – тоқсан, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
192-бап. Белгiленбеген орындарда сауда жасау
Жергiлiктi атқарушы орган белгiлеген жерлерден тыс орындарда сауда жасау -
ескерту жасауға немесе бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
193-бап. Байланысты гранттар қаражатының түсiмдерiн қоспағанда,
бюджетке төленетiн салықтық емес төлемдердi және
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді толық
және уақтылы төлемеу
Байланысты гранттар қаражатының түсiмдерiн қоспағанда, бюджетке төленетiн салықтық емес төлемдердi және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді толық және уақтылы төлемеу -
жеке тұлғаларға – жеті, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жүз жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алты жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
194-бап. Ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын қабылдаудан
бас тарту
1. Қазақстан Республикасы аумағында айналымда жүрген, осы бапқа Ескертуде көрсетілген жағдайлардан басқа, төлемнің заңды құралы болып табылатын ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын көрсетулi құны бойынша қабылдаудан бас тарту -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасы аумағында айналымда жүрген және осы бапқа Ескертуде көрсетілген жағдайлардан басқа, төлемдердің барлық түрлері бойынша қабылдауға жататын ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын қабылдаудан, ұсақтаудан және айырбастаудан бас тартуы -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Қазақстан Республикасының ұлттық валюта банкноттары мен монеталары мынадай жағдайларда:
1) егер қолдан жасаудың (жалғанның) анық белгілері болса;
2) техникалық талаптардан ауытқудың анық белгілері бар бүлінген банкноттар мен монеталар (пішімінің сәйкес болмауы, тесік болуы, нөмірінің сәйкес болмауы, түзетілген жері, бояуларды араластырып қолдану, нақышын араластырып қолдану және (немесе) бейнесі көмескі және басқалары);
3) ақша айналымынан алынған, сондай-ақ өтелген банкноттар мен кедір-бұдырланған монеталар;
4) «ОБРАЗЕЦ», «SPECIMEN»,«ҮЛГІ» деген жазуы бар банкноттар төлемнің заңды құралы болып табылмайды.
195-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы
заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң жекелеген әлеуеттi өнiм берушiлерге тиесiлiгiн айқындайтын сипаттамаларды көрсету арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының конкурстық не аукциондық құжаттамаға, сондай-ақ орналастырылатын ақпаратта баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде қойылатын талаптарды бұзу -
лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Конкурстық не аукциондық құжаттаманы алған тұлғаларды тiркеу журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген тұлғаларға конкурстық не аукциондық құжаттамаға енгiзiлген өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың мәтiнiн уақтылы жiбермеу, сол сияқты нақтыланған конкурстық не аукциондық құжаттаманы уақтылы жарияламау -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту -
лауазымды адамдарға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдерi бар конверттердi конкурстық құжаттамада көрсетiлген мерзiмiн, уақыты мен орнын бұза отырып ашу, сондай-ақ аталған өзгерiстердi конкурстық құжаттамаға енгiзбей, конкурсқа қатысуға өтiнiмдерi бар конверттердi ашу күнiн, уақытын және орнын өзгерту -
лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Сауал салуды жiберу, сол сияқты конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтiнiмдi жеткiлiксiз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтiнiмде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиiсiнше ресiмделмеген құжаттарды сәйкес келтiруге байланысты iс-әрекеттер -
лауазымды адамдарға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Әлеуеттi өнiм берушiлерге және (немесе) олар тартатын қосалқы мердiгерлерге (бiрлесiп орындаушыларға) конкурстық құжаттамада Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасымен көзделмеген бiлiктiлiк талаптарын белгiлеу -
лауазымды адамдарға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететiн критерийлердi конкурстық құжаттамаға енгiзбеу бөлiгiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының талаптарын бұзу -
лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететiн критерийлердiң салыстырмалы мәнiн баға ұсыныстарына қолданбау бөлiгiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының талаптарын бұзу -
лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Әлеуеттi өнiм берушiнi және (немесе) ол тартатын қосалқы мердiгерлердi (бiрлесiп орындаушыларды) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген негiздер бойынша бiлiктiлiк талаптарына және (немесе) конкурстық құжаттаманың талаптарына сай емес деп негiзсiз тану -
лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде бiртектi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірнеше түрлерін олардың біртекті түрлеріне қарай және (немесе) оларды жеткізу (орындау, көрсету) орнына қарай лоттарға бөлмеу –
лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Конкурстық не аукциондық комиссияның заңсыз шешiм қабылдауына негiз болған сараптама комиссиясының көрiнеу жалған сараптамалық қорытынды шығаруы не сарапшының көрiнеу жалған сараптамалық қорытынды жасауы -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Мынадай:
1) өнiм берушiлер өздерiмен жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарттар бойынша өз мiндеттемелерiн орындамаған не тиiсiнше орындамаған;
2) жеңiмпаздар деп айқындалған әлеуеттi өнiм берушiлер мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған жағдайларда, тапсырыс берушiнiң әлеуеттi өнiм берушiлердi, өнiм берушiлердi мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы қуыныммен сотқа жүгінуден жалтаруы -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының өнiм берушiнi таңдауды және онымен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтiн нормаларын қолданбай мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру -
лауазымды адамдарға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
14. Осы баптың бiрiншi, төртiншi, жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк) -
лауазымды адамдарға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
15. Осы баптың екiншi және он біріншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк) -
лауазымды адамдарға алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
16. Осы баптың оныншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет -
жеке тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
17. Осы баптың үшiншi, бесiншi, алтыншы және он екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк) -
лауазымды адамдарға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту.
Осы бапта лауазымды адамдар деп:
бiрiншi бөлiкте – мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бiрiншi басшыларын немесе олардың мiндеттерiн атқаратын, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен өткiзу рәсiмдерiн жүзеге асыруға жауапты тұлғаларды және (немесе) конкурстық не аукциондық құжаттаманы әзiрлеуге тiкелей қатысатын тұлғаларды;
екінші бөлікте - мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бірінші басшыларын немесе олардың міндеттерін атқарушыларды, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу рәсімдерін жүзеге асыруға жауапты адамдарды;
үшінші бөлікте - тапсырыс берушінің бірінші басшысын немесе оның міндетін атқарушы адамды;
төртінші және бесінші бөліктерде - конкурстық комиссияның төрағасын және оның орынбасарын, сондай-ақ конкурстық комиссияның мүшелері мен хатшысын;
алтыншы бөлiкте – тапсырыс берушінің бірінші басшысын;және (немесе) оның міндетін атқарушы адамды;
жетінші бөлiкте – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшыларын;
сегізінші бөлiкте – конкурстық комиссияның төрағасын және оның орынбасарын, сондай-ақ конкурстық комиссияның мүшелерін;
сегізінші және тоғызыншы бөліктерде – тапсырыс берушінің басшысын және (немесе) оның міндетін атқарушы адамды;
тоғызыншы бөлікте – конкурстық комиссияның төрағасын және оның орынбасарын, сондай-ақ конкурстық комиссияның мүшелерін түсіну керек;
тоғызыншы бөлікте – конкурстық комиссия төрағасын және оның орынбасарын, сондай-ақ конкурстық комиссия мүшелерін;
оныншы бөлікте - мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшыларын.
196-бап. Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және
кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңнамасының
талаптарын бұзу
1. Кредиттiк бюроның Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңнамасын бұзуы -
заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кредиттiк тарих субъектiсi туралы терiс ақпаратты қамтитын кредиттiк тарих субъектiсi және (немесе) кредиттiк есеп туралы терiс ақпарат ұсыну жағдайларын қоспағанда, ақпарат берушiнiң кредиттiк тарихты қалыптастыру үшiн кредиттiк тарих субъектiсi туралы мәліметтер ақпаратын кредиттiк бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттiк бюроны қоспағанда) беруi және (немесе) кредиттiк есептi алушының ақпарат субъектiсiнiң келiсiмiнсiз кредиттiк есептi ұсыну туралы сұрау салуды беруi, сондай-ақ оны дұрыс ресiмдемеу –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз елу, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Ақпарат берушiнiң кредиттiк тарих субъектiсiнен алған мәліметтер ақпаратын бұрмалауы –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз елу, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Мәліметтер деп электрондық және қағаз жеткізгіштерде кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесінің қатысушылары беретін, қажет кезінде электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландыратын кредиттік тарих субъектілеріне қатысты мәліметтер түсініледі.
197-бап. Тіркеу куәлігінде көзделген жағдайларда валюталық
шартты (түпнұсқаны немесе оның көшірмесін)
ұсынбай валюталық операциялар бойынша ақша
төлемдерiн және аударымдарын жүргiзу
1. Уәкiлеттi банктердiң тіркеу куәлігінде көзделген жағдайларда валюталық шартты (түпнұсқа немесе оның көшірмесін) ұсынбай валюталық операциялар бойынша ақша төлемдерiн және аударымдарын жүргiзуi –
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет –
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Егер валюталық шарт экспортпен немесе импортпен байланысты болса және келісімшарттың есептік нөмірін алуды талап етсе, валюталық шарттың түпнұсқасы немесе келісімшарттың есептік нөмірі алынғаны туралы белгісі бар оның көшірмесі беріледі.
198-бап. Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы
заңнамасының талаптарын бұзу
1. Микроқаржы ұйымдарының «Микроқаржы ұйымдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделмеген қызмет түрлерiн жүзеге асыруы -
жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Микроқаржы ұйымының жарияланған күнi шындыққа сәйкес келмейтiн жарнаманы бұқаралық ақпарат құралдарында таратуы немесе орналастыруы, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса -
жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Микроқаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасында талап етiлетiн ақпаратты бермеуi, сол сияқты бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) уақтылы бермеуi не микроқаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасына сәйкес берiлуi талап етiлетiн мәлiметтердi қамтымайтын ақпаратты беруi не анық емес ақпаратты беруi –
екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Микроқаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген пруденциялық нормативтердi және (немесе) басқа да сақталуы мiндеттi нормалар мен лимиттердi бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) бұзуы –
үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Микроқаржы ұйымдарының клиенттермен жасаған микрокредит беру туралы шарттарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен есептелген сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің мөлшерін көрсетпеу, сол сияқты микроқаржы ұйымының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мөлшерінен асып түсуі -
заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Микроқаржы ұйымдарының клиенттердiң төлем құжаттарын жоғалтуы –
заңды тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
199-бап. Қаржы ұйымдарының және өзге де тұлғалардың қаржы және
өзге есептілікті беру мерзiмдерiн бұзу
1. Қаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес берiлуi талап етiлетiн қаржы және өзге есептілікті белгіленген мерзімде бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) бермеуi -
заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Микроқаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес берiлуi талап етiлетiн қаржы және өзге есептілікті белгіленген мерзімде бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) бермеуi -
заңды тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Банк холдингтерiнiң, сақтандыру холдингтерiнiң Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес берiлуi талап етiлетiн қаржы және өзге есептілікті белгіленген мерзімде бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) бермеуi-
заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
200-бап. Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарын
бұзу
1. Банктердiң, банк құрылтайшыларының (акционерлерінің) және (немесе) оның үлестес тұлғаларының, сондай-ақ банк холдингтерiнiң және банктің ірі қатысушысы, банк холдингi белгiлерiне сәйкес келетiн тұлғалардың, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың мәлiметтердi немесе өзге де сұратылатын ақпаратты бермеуi,сол сияқты бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) уақтылы бермеуi -
жеке тұлғаларға – елу,заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Банктердiң, банк құрылтайшыларының (акционерлерінің) және (немесе) оның үлестес тұлғаларының, сондай-ақ банк холдингтерiнiң және банктің ірі қатысушысы, банк холдингi белгiлерiне сәйкес келетiн тұлғалардың, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың анық емес, сол сияқты толық емес есептілікті, мәліметтерді немесе өзге де сұратылатын ақпаратты беруi –
жеке тұлғаларға – елу,заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi, екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiк) –
заңды тұлғаларға алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгiлеген пруденциялық нормативтердi және (немесе) өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп) бұзуы –
заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Банктердiң Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік үш ай ішінде екі және одан да көп) бұзуы –
заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Банктердiң, банк холдингтерінің, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес тыйым салынған не Қазақстан Республикасының банк заңнамасын бұза отырып, сол сияқты олардың құқық қабiлеттiлiгi шегiнен тыс операциялар мен мәмiлелердi жүзеге асыруы –
заңды тұлғаларға мәмiле сомасының оннан бiр пайызы, бірақ айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден кем емес және бір мыңнан аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Осы баптың алтыншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет –
заңды тұлғаларға мәмiле сомасының бiр пайызы, бiрақ айлық есептiк көрсеткiштiң төрт жүзден кем емес және екi мыңнан аспайтын мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың ондағы көрсеткiштердiң не Қазақстан Республикасының банк заңнамасында айқындалған пруденциялық нормативтердiң және (немесе) сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердiң орындалуы туралы мәлiметтердiң бұрмалануына әкеп соққан есептілікті жасауы –
заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Осы баптың сегізінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет –
заңды тұлғаларға алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттермен жасалатын шарттарда анық, жылдық, тиімді, салыстырмалы түрде есептелген сыйақы мөлшерлемесін көрсету жөніндегі, сондай-ақ қарыз және салымдар (банкаралықты қоспағанда) бойынша сыйақының шамалары туралы ақпаратты тарату, оның ішінде оны жариялау кезіндегі міндеттерін орындамауы –
заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Банктің бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күнге шындыққа сәйкес келмейтiн жарнаманы хабарлауы немесе жариялауы –
екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған жылдық сыйақының тиімді мөлшерлемесінің шекті мөлшерінен асып түсуі -
заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қарыз шарттары бойынша, оның ішінде жеке тұлғалармен жасасылған ипотекалық қарыз шарттары бойынша есептеу тәртібін,сыйақының құбылмалы мөлшерлемесінің қолданылу шарттарын бұзуы –
заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
201-бап. Заңсыз жолмен алынған кірістерді
заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді
қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан
Республикасының заңнамасын бұзу
1. Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялары туралы ақпаратты құжаттық тіркеу және беру бөлігінде заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуы -
жеке тұлғаларға – жүз, лауазымды адамдарға, жеке нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жүз алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қаржы мониторингі субъектілерінің ішкі бақылау ережелерін және оны қамтамасыз ету бағдарламасын әзірлеу, қабылдау және (немесе) орындау жөніндегі міндеттерін орындамауы -
жеке тұлғаларға – жүз, лауазымды адамдарға, жеке нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жүз жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне тоғыз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қаржы мониторингі субъектілері лауазымды адамдарының қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға берілген ақпарат туралы өз клиенттері мен өзге де тұлғаларды хабардар етуі -
жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші - үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік) -
жеке тұлғаларға – жүз елу, лауазымды адамдарға, жеке нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың бірінші - үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде үш және одан да көп мәрте жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік) -
жеке тұлғаларға – екі жүзайлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, алты айға дейінгі мерзімге белгілі бір қызмет түріне лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып немесе біліктілік аттестатынан (куәлігінен) уақытша айыра отырып не олардан айырып немесе заңды тұлғаның қызметін алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға, жеке нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алты жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
202-бап. Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін
қалыптастыру тәртібін бұзу
1. Қаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін бұзуы, егер қаржы ұйымы анықталған бұзушылықтарды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде жоймайтын болса -
заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Банк конгломераты бас ұйымының немесе сақтандыру тобының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, шоғырландырылған негізде тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды бұзуы, егер банк конгломератының немесе сақтандыру тобының бас ұйымы анықталған бұзушылықтарды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде жоймайтын болса -
заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
203-бап. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бюджеттік
инвестициялар нәтижелеріне қол жеткізбеуі
1. Еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың қаржылық-экономикалық негіздемеде көзделген, жарғылық капиталдарына мемлекеттің қатысуы арқылы салынатын бюджеттік инвестициялардың нәтижелеріне қол жеткізбеуі –
бірінші басшыларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет қатысушысы немесе акционері болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, акционерлік қоғамдардың қаржылық-экономикалық негіздемеде көзделген, жарғылық капиталдарына мемлекеттің қатысуы арқылы салынатын бюджеттік инвестициялардың нәтижелеріне қол жеткізбеуі –
бірінші басшыларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
204-бап. Валюталық бақылау агенттерінің есептемені беру
тәртібін және мерзімдерін бұзуы
1. Валюталық бақылау агенттерінің клиенттердің операциялары бойынша есептемені уақтылы бермеуі –
заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Валюталық бақылау агенттерінің клиенттердің операциялары бойынша анық емес есептеме беруі –
заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Валюталық бақылау агенттерінің клиенттердің операциялары бойынша есептеме бермеуі –
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
205-бап. Уәкілетті банктердің сұраныс пен ұсыныс көздерінің,
сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетел валютасын
пайдалану бағыттарының мониторингін жүзеге асыру
мақсаттары үшін есептеме беру тәртібін және
мерзімдерін бұзуы
1. Уәкілетті банктердің сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетел валютасын пайдалану бағыттарының мониторингін жүзеге асыру мақсаттары үшін есептемені уақтылы бермеуі –
заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Уәкілетті банктердің сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетел валютасын пайдалану бағыттарының мониторингін жүзеге асыру мақсаттары үшін анық емес есептеме беруі –
заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Уәкілетті банктердің сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетел валютасын пайдалану бағыттарының мониторингін жүзеге асыру мақсаттары үшін есептемені бермеуі –
заңды тұлғаларға сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
206-бап. Әкімшілік шығыстар бойынша заттай нормаларды асырып
жіберу
Мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің нормативтік құқықтық актілерде белгіленген әкімшілік шығыстар бойынша заттай нормаларды асырып жіберуі –
бірінші басшыларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
207-бап. Клиенттерге банк қызметін көрсетуге байланысты
талаптарды бұзу
1. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың уақтылы акцепт жүргізбеуі немесе акцептеуден бас тартуы («Ақша төлемі мен аударымы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабында және Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, нұсқауды алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктіріп), ақша төлемі немесе аударымы жөнiндегi нұсқауларды (алынған нұсқауды акцептеу күнінен кейінгі операциялық күннен кешіктіріп не нұсқауды, егер осындай нұсқаудың талаптарымен оны орындау мерзімі белгіленсе, орындау мерзімінен кешіктіріп) уақтылы орындамауы –
заңды тұлғаларға ақша төлемі немесе аударымы жөнiндегi нұсқау сомасының бес пайызы, бірақ екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың нұсқауда қойылғаннан ерекшеленетін бенефициардың пайдасына немесе нұсқауда қойылғаннан ерекшеленетін сомаға жасалған ақша төлемі немесе аударымы жөніндегі нұсқауды орындауы –
заңды тұлғаларға ақша төлемі немесе аударымы жөнiндегi нұсқаулар сомасының бес пайызы, бірақ екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттердің төлем құжаттарын жоғалтуы -
заңды тұлғаларға әрбір төлем құжаты үшін жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың:
1) жөнелтуші ақша аударымын жүзеге асыру үшін қажетті ақша сомасын қамтамасыз еткен кезде;
2) егер төлем құжатында қолдан жасау белгілері болмаса;
3) егер жөнелтуші ақша аударымы туралы нұсқауды жасау және ұсыну тәртібіне қойылатын талаптарды және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) шарттың талаптарында белгіленген өзге де талаптарды сақтаса;
4) егер нұсқауды акцептеуден бас тарту «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларға қатысты болмаса, ақша төлемі немесе аударымы жөніндегі нұсқауды акцептеуден негізсіз бас тартуы –
заңды тұлғаларға ақша төлемі немесе аударымы жөніндегі нұсқау сомасының бес пайызы, бірақ екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттің банк шотынан Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген ақша алу кезектілігін бұзуы –
заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың:
1) банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның келесі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға бенефициардың пайдасына ақша аударымы туралы акцептелген нұсқауды бермеуі;
2) егер алушы банк (ақша аударымы не төлемі туралы нұсқау жолданған банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) бенефициардың банкі (жіберушімен шарт талаптарына және (немесе) жіберушінің нұсқауына сәйкес бенефициардың пайдасына түсетін ақшаны қабылдауға және (немесе) нұсқауда не жіберушімен шартта көзделген өзге де іс-әрекеттерді орындауға тиіс банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) болып табылса, ақша аударымын аяқтамау;
3) қолма-қол ақша төлеу туралы нұсқауды ұсынған жіберушіге қолма-қол ақшаны бермеу түрінде жасалған ақша төлемі немесе аударымы жөніндегі нұсқауларды орындамауы –
заңды тұлғаларға ақша төлемі немесе аударымы жөнiндегi нұсқау сомасының бес пайызы, бірақ екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту.
Осы баптың талаптары жауаптылығы осы Кодекстің 85-бабының сегізінші бөлігінде, 86-бабының төртінші бөлігінде, 272-бабында көзделген іс-әрекеттерге (әрекетсіздікке) қолданылмайды.
208-бап. Қазақстан Республикасының аумағында достық, қола және
қаржы вексельдерiн шығару
Қазақстан Республикасының аумағында достық, қола және қаржы вексельдерiн шығару -
жеке тұлғаларға – қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екi жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
209-бап. Электрондық ақшаны шығару, пайдалану және өтеу
талаптарын бұзу
1. Эмитенттің өзі қабылдаған міндеттемелердің сомасына сәйкес келмейтін сомаға электрондық ақша шығаруы -
үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған сондай іс-әрекеттер -
алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Эмитенттің электрондық ақша иесін сәйкестендірмей, жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын сомаға электрондық ақша шығаруы, сондай-ақ бір операцияның ең жоғарғы сомасы бойынша белгіленген шектеулерден асатын сомаға операциялар жасаған кезде эмитенттің электрондық ақша жүйесіндегі электрондық ақшаны пайдалануға жол беруі -
екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған сондай іс- әрекеттер -
бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша ақы төлеу кезінде дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның жеке тұлғалардан алған электрондық ақшасын эмитенттің өтемеуі, уақтылы және толық өтемеуі -
жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған сондай іс- әрекеттер -
екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
210-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жазбаша
келісімін алмастан қаржы ұйымы акцияларының он немесе
одан көп пайызын тікелей немесе жанама заңсыз түрде
сатып алуға байланысты бұзушылықтар
Тұлғаның қаржы ұйымының орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алған акциялары шегеріле отырып) он немесе одан көп мөлшердегі пайызын тікелей немесе жанама сатып алуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жазбаша келісімінсіз қаржы ұйымының орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алған акциялары шегеріле отырып) он немесе одан көп мөлшердегі пайызын бақылауға немесе қаржы ұйымы қабылдайтын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігіне ие болуы -
жеке тұлғаларға – екі жүз, заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту.
Осы бапта банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, инвестициялық портфельді басқарушыны қаржы ұйымдары деп түсінген жөн.
211-бап. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін
немесе акцияларын банктердің, сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымдарының, банк холдингтерінің,
сақтандыру холдингтерінің заңсыз сатып алуына
байланысты бұзушылықтар
1. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген әрекеттерді қоспағанда, банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін немесе акцияларды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарын бұзып сатып алуы –
заңды тұлғаларға екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың үшінші бөлiгiнде көзделген әрекеттердi қоспағанда, банк холдингтерінің, сақтандыру холдингтерінің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін немесе акцияларды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарын бұзып сатып алуы –
заңды тұлғаларға екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алдын ала рұқсатынсыз еншiлес ұйымды құруы не сатып алуы –
заңды тұлғаларға екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
212-бап. Зейнетақы активтерiн мақсатсыз пайдалану
1. Инвестициялық портфельді басқарушының, сондай-ақ инвестициялық комитет мүшелерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген инвестициялау шарттары мен тәртібін бұзуы –
жеке тұлғаға – төрт жүз, заңды тұлғаға сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кастодиан-банктің ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiнiң нысаналы орналастырылуын бақылауды жүзеге асырмауы –
лауазымды адамдарға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы баптың екінші бөлігінің мақсаты үшін кастодиан-банк деп екінші деңгейдегі банк түсініледі.
213-бап. Банктердi, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын
таратуға байланысты талаптарды бұзу
1. Тарату комиссиясы төрағасының не бөлiмшесi басшысының тарату комиссиясының қызметiне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның тексеру жүргiзуiнен жалтаруы не оны жүргiзуге кедергi келтiруi –
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Тарату комиссиясы төрағасының, бөлімшесі басшысының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының банк заңнамасында, Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасында белгіленген, анық емес есептілікті және ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан да көп рет) беруі, Қазақстан Республикасының банк заңнамасында, Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасында белгіленген есептілікті және қосымша ақпаратты уақтылы бермеуі, бермеуі –
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
214-бап. Қабылданған және (немесе) шектеулi ықпал ету шараларын
қолдану арқылы жүктелген мiндеттердi орындамау,уақтылы
орындамау
1. Банктердiң, Қазақстанның Даму Банкiнiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың өздерi қабылдаған және (немесе) өздерiне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi шектеулi ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктеген мiндеттердi орындамауы,уақтылы орындамауы –
орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, бағалы қағаздар нарығы субъектісінің, арнайы қаржы компаниясының, исламдық арнайы қаржы компаниясының, инвестициялық қордың өздері қабылдаған және (немесе) өздеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктеген міндеттерді орындамауы, уақтылы орындамауы –
заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Банктердiң, банктердiң iрi қатысушыларының, банк холдингтерiнiң, банк конгломератының құрамына кiретiн ұйымдардың, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың өздерi қабылдаған және (немесе) өздерiне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган шектеулi ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктеген мiндеттердi орындамауы,уақтылы орындамауы –
жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк) –
жеке тұлғаларға – жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз алпыс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алты жүз жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне тоғыз жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерiнiң, сақтандыру холдингiнiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы iрi қатысушыларының, сақтандыру тобына кiретiн заңды тұлғалардың, актуарийдiң өздерi қабылдаған және (немесе) өздерiне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган шектеулi ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктеген мiндеттердi орындамауы, уақтылы орындамауы –
жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне– жүз жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз тоқсан, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, инвестициялық портфельді басқарушының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларының,инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының белгілеріне сәйкес келетін жеке немесе заңды тұлғалардың, бағалы қағаздар нарығы субъектісінің өздері қабылдаған және (немесе) өздеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктеген міндеттерді орындамауы,уақтылы орындамауы –
жеке тұлғаларға – елу,шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне– жүз жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз тоқсан, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың өздерi қабылдаған және (немесе) өздерiне көрсетілетін қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғау жөнiндегi уәкiлеттi орган шектеулi ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктеген мiндеттердi орындамауы, уақтылы орындамауы –
заңды тұлғаларға төрт жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерiнiң өздерi қабылдаған және (немесе) өздерiне көрсетілетін қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғау жөнiндегi уәкiлеттi орган шектеулi ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктеген мiндеттердi орындамауы, уақтылы орындамауы –
заңды тұлғаларға екі жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, инвестициялық портфельді басқарушының,бағалы қағаздар нарығы субъектiсiнiң өздерi қабылдаған және (немесе) өздерiне көрсетілетін қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғау жөнiндегi уәкiлеттi орган шектеулi ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктеген мiндеттердi орындамауы, уақтылы орындамауы –
заңды тұлғаларға төрт жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Микроқаржы ұйымдарының өздерi қабылдаған және (немесе) өздерiне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi немесе көрсетілетін қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғау жөнiндегi уәкiлеттi орган шектеулi ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктеген мiндеттердi орындамауы, уақтылы орындамауы –
екі жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Банктi, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, жинақтаушы зейнетақы қорын тарату комиссиясы төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқаманы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөнiндегi уәкілетті органның белгiлеген мерзiмде орындамауы –
қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
215-бап. Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және
сақтандыру қызметi туралы заңнамасында белгiленген
талаптарды бұзу
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерiнiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қатысушыларының (акционерлерінің) және (немесе) үлестес тұлғаларының, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының (сақтандыру холдингінің) белгілеріне сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың мәліметтерді не өзге де сұратылатын ақпаратты бермеуі, сол сияқты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) уақтылы бермеуі –
жеке тұлғаларға – елу,заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерiнiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қатысушыларының (акционерлерінің) және (немесе) үлестес тұлғаларының, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының (сақтандыру холдингінің) белгілеріне сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың анық емес, сол сияқты толық емес есептемені, мәлiметтердi немесе өзге де сұратылатын ақпаратты беруi –
жеке тұлғаларға – елу,заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Өзара сақтандыру қоғамының өсімдік саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органға «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептемені не уәкілетті орган сұратқан өзге де ақпаратты уақтылы бермеуі, бермеуі не анық емес есептемені беруі –
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бiрлескен қызмет туралы шартты тіркеу үшін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органға оны бермеуі не уақтылы бермеуі –
төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының бас ұйымының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген пруденциялық нормативтердi және (немесе) өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi бірнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екі ай iшiнде екi және одан да көп рет) бұзуы –
бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерiнiң, сақтандыру агентiнiң мәмiлелер мен операцияларды Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметi туралы заңнамасын бұза отырып жүзеге асыруы –
мәмiле сомасының оннан бiр пайызы не операциялар бойынша алынған табыс сомасының жүз пайызы, бірақ айлық есептік көрсеткіштің елуден кем емес және екі мыңнан аспайтын мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Өзара сақтандыру қоғамының мәмiлелер мен операцияларды Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасын бұза отырып жүзеге асыруы –
екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Актуарийдiң өз қызметiн Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасын бұза отырып жүзеге асыруы –
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Сақтандыру ұйымының сақтанушыларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өзiнiң тұрақты жұмыс iстейтiн органының, оқшауландырылған бөлiмшесiнiң орналасқан жерiнiң өзгергенi немесе атауының өзгергенi туралы уақтылы хабардар етпеуi –
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасында белгiленген сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығын тиiсiнше құжаттандыру, оған арналған құжаттарды сақтау, лицензиялардың көшiрмелерiн орналастыру жөнiндегi талаптарды бұзуы, сондай-ақ сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерiнiң және сақтандыру агентiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген сақтандыру құжаттамасы бланкiлерiн есепке алу және сақтау, қолма-қол ақшамен жұмыс iстеу қағидаларын бұзуы –
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерiнiң жарияланған күнге шындыққа сәйкес келмейтiн жарнаманы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлауы немесе жариялауы –
екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есептiлiктегi көрсеткiштердiң не пруденциялық нормативтердi және (немесе) сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi сақтау туралы мәлiметтердiң бұрмалануына әкеп соққан есептiлiктi жасауы –
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. Сақтандыру брокерiнiң сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабiлетсiздiгiнiң өзiне белгiлi болған фактiлерi туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органға хабарламауы –
жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
14. Актуарийдiң өзi анықтаған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының сақтандыру резервтерiн қалыптастыру жөнiндегi заңнамасының талаптарын сақтамау фактiлерi туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органға хабарламауы –
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
15. Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорына мiндеттi немесе төтенше жарналарды төлемеу, уақтылы төлемеу не толық көлемде төлемеу –
заңды тұлғаларға екi жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
16. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржы есептiлiгiн және өзге де мәлiметтердi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мiндеттiлiгi туралы талаптарды бұзуы –
жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
216-бап. Сақтандыру органдарының сақтандыру шарттарын жасасумен
және орындаумен байланысты талаптарды бұзуы
1. Сақтандыру төлемдерiн жүзеге асырмау, сол сияқты дер кезiнде жүзеге асырмау немесе сақтандыру туралы жасалған шарттың өзге де талаптарын дұрыс орындамау -
заңды тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сақтандыру шартын орындау үшiн клиент табыс еткен құжаттарды жоғалту -
заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
217-бап. Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы
заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген мiндеттi сақтандыру шартын жасасудан сақтандыру ұйымының жалтаруы -
заңды тұлғаға бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiне сәйкес мiндеттi сақтандыру шартын жасасуға мiндеттi тұлғаның мiндеттi сақтандыру шартын жасасудан жалтаруы -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдарының және (немесе) сақтандыру агенттерiнiң болуы, сақтандыру бойынша дерекқорына қатысу шартын жасасуы, сақтандыру бойынша дерекқорына ақпарат беру, сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі сақтандыру агентіне төленетін комиссиялық сыйақы мөлшерінен асыру жөнiндегi талаптарды орындамауынан немесе тиiсiнше орындамауынан көрiнген Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнiң талаптарын бұзуы –
заңды тұлғаға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мiндеттi сақтандыру шартын:
1) сақтандыру сомаларының мөлшерлерiн Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру түрлерi туралы заңдарында айқындалғаннан өзге мөлшерде белгiлеуден;
2) сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерлерiн Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру түрлерi туралы заңдарында айқындалғаннан өзге мөлшерде белгiлеуден, сол сияқты сақтандыру сыйлықақысын есептеу кезiнде коэффициенттердi дұрыс емес (негiзсiз) қолданудан;
3) сақтандыруға жатпайтын объектiлердi мiндеттi сақтандыру түрлерi бойынша сақтандырудан көрiнетiн Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiн талаптармен жасасуы –
заңды тұлғаларға мәмiле сомасының оннан бiр пайызы не операциялар бойынша алынған табыс сомасының жүз пайызы не операциялар бойынша алынған сақтандыру сыйлықақылары сомасының жүз пайызы мөлшерiнде, бiрақ айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден кем емес және екi мыңнан аспайтын мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
218-бап. Қаржы ұйымдарының, банк және сақтандыру
холдингтерiнiң, Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру
қорының басшы қызметкерлерiн келiсудiң Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмдерiн
бұзу
1. Қаржы ұйымының, банк және сақтандыру холдингiнiң, Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорының басшы қызметкерiн келiсудiң мерзiмдерiн қаржы ұйымының, банктiң және сақтандыру холдингiнiң, Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорының бұзуы –
заңды тұлғаларға тоқсан айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет –
заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
219-бап. Қаржы ұйымдарының филиалдары мен өкiлдiктерiнiң
ашылғаны және олардың қызметiнiң тоқтатылғаны туралы
қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен
қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органды уақтылы хабардар
етпеу, сондай-ақ қаржы ұйымдарының филиалдарын,
өкiлдiктерiн ашу кезiнде Қазақстан Республикасы
заңнамасының талаптарын сақтамау
Қаржы ұйымдарының филиалдары мен өкiлдiктерiнiң ашылғаны және олардың қызметiнiң тоқтатылғаны туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органды уақтылы хабардар етпеу, сондай-ақ қаржы ұйымдарының филиалдарын, өкiлдiктерiн ашу кезiнде Қазақстан Республикасының банк заңнамасының, Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі мен сақтандыру қызметi туралы заңнамасының талаптарын сақтамау –
заңды тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
220-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза
отырып кредит, қарыз алу не оларды пайдалану
1. Жеке кәсiпкердiң немесе ұйымның банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға жеке кәсiпкердiң немесе ұйымның шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйi немесе кепiлге салатын мүлкi туралы немесе кредит, кредит берудiң жеңiлдетiлген шарттарын алу үшiн елеулi маңызы бар өзге де мән-жайлар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер табыс етуi арқылы кредит не кредит берудiң жеңiлдетiлген шарттарын алуы, сол сияқты кредит берудi доғаруға, жеңiлдiктердi алып тастауға не бөлiнген кредит мөлшерлерiн шектеуге алып келуi мүмкiн мән-жайлардың пайда болуы туралы ақпаратты банкке немесе өзге де кредит берушiге хабарламауы, егер бұл әрекеттер iрi залал келтiрмесе, - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Бюджеттік кредитті нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбау, егер бұл әрекет жеке тұлғаға, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрмесе, -
жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Мемлекет кепілдік берген қарыздардың және мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздың қаражатын қарыз талаптарында көзделмеген және кепілгерлік шартында көзделмеген мақсаттарға, сондай-ақ мемлекеттік органдарға кредит беруге пайдалану –
мемлекеттік кепілдігі бар қарыз бойынша қарыз алушы тиісті заңды тұлғаның бірінші басшыларына, олардың орынбасарларына не оларды алмастыратын, тиісті бұйрықтармен міндеттерді атқару жүктелген адамдарға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
221-бап. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсiмдердi
уақтылы, толық есепке жатқызбау
1. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсетiн қаражатты уақтылы, толық есепке жатқызбау, -
лауазымды адамдарға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Бюджет қаражатын алушылардың тиiстi банктердегi немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы шоттарына аударылатын қаражатты уақтылы, толық есепке жатқызбау, -
лауазымды адамдарға жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
222-бап. Бюджеттiк есепке алуды жүргiзу, есептiлiктi жасау мен
табыс ету қағидаларын бұзу
Бюджеттiк есепке алуды жүргiзу, есептiлiктi жасау мен табыс ету қағидаларын бұзу, -
лауазымды адамдарға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
223-бап. Бюджеттiк кредиттердi, мемлекеттiк кепiлдiктер мен
мемлекет кепiлгерлiктерiн беру шарттары мен рәсiмдерiн
бұзу
Бюджеттiк кредиттердi, мемлекеттiк кепiлдiктер мен мемлекет кепiлгерлiктерiн беру шарттары мен рәсiмдерiн бұзу, -
лауазымды адамдарға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
224-бап. Шығындарды өтеу қағидаларын бұзу
1. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемiн көрсету жөнiндегi шығындарды өтеу қағидаларын бұзуы, -
лауазымды адамдарға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекет, -
лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
225-бап. Жеке тұлғалардың және лауазымды адамдардың Қазақстан
Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық
есептiлiк туралы заңнамасын бұзуы
1. Жеке тұлғалардың және лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасында көзделген мiндеттердi:
1) iрi залал келтiрмей, бухгалтерлiк есеп жүргiзуден жалтару;
2) бұрмаланған қаржылық есептiлiк жасау, бухгалтерлiк есепте көрсетiлуге жататын деректердi жасыру, сол сияқты iрi залал келтiрмей, бухгалтерлiк құжаттаманы жою;
3) жария ұйымның бас бухгалтерi лауазымына кәсiби бухгалтердiң сертификаты жоқ адамды тағайындау түрiнде орындамауы және (немесе) тиiсiнше орындамауы, -
жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет, -
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
226-бап. Заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк
есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын бұзуы
1. Заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын:
1) бухгалтерлiк есеп жүргiзуден жалтару, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса;
2) құрылтай құжаттарына сәйкес ұйымдардың құрылтайшыларына (қатысушыларына), тiркелу орны бойынша мемлекеттiк статистика саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының өз құзыреттерiне сәйкес, қаржылық есептілік депозитарийіне көрiнеу дәйексіз қаржылық есептiлiктi табыс ету, қаржылық есептiлiктi табыс етуден бас тарту, белгiленген мерзiмдi бұза отырып табыс ету не оны дәлелді себепсіз табыс етпеу;
3) бұрмаланған қаржылық есептiлiк жасау, бухгалтерлiк есепте көрсетiлуге жататын деректердi жасыру, сол сияқты бухгалтерлiк құжаттаманы жою;
4) қаржылық есептілікке жария мүдделі ұйымның кәсіби бухгалтер болып табылмайтын бас бухгалтерінің қол қоюы түрінде жасалған бұзушылық –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет, -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне - мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, микроқаржы ұйымдарының, инвестициялық қорлардың және Қазақстанның Даму Банкінің операцияларды бухгалтерлік есепте олардың нәтижелерін тиісті түрде көрсетпей жүргізуі –
заңды тұлғаларға есепке алынбаған соманың жиырма пайызы, бірақ айлық есептік көрсеткіштің жүзден кем емес және төрт мыңнан аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, микроқаржы ұйымдарының, инвестициялық қорлардың және Қазақстанның Даму Банкінің қаржылық есептілікті бұрмалауға әкеп соққан, бухгалтерлiк есепті Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген талаптарды және бухгалтерлік есеп әдістерін (қағидаттарын) бұза отырып жүргізуі –
заңды тұлғаларға тиісінше есепке алынбаған соманың бес пайызына дейінгі, бірақ айлық есептік көрсеткіштің жүзден кем емес және төрт мыңнан аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
227-бап. Бухгалтерлiк ақпараттың құпиясын жария ету
Коммерциялық құпия болып табылатын бухгалтерлiк ақпаратты оған рұқсаты бар адамдардың iрi зиян келтiрмей, жария етуi –
айлық есептiк көрсеткiштiң жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
228-бап. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен
қаржылық есептiлiк туралы заңнамасында белгiленген
аккредиттеу қағидаларын бұзу
1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасында белгiленген аккредиттеу қағидаларын бұзу, -
заңды тұлғаға ескерту жасауға немесе екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы бапта көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет, -
заңды тұлғаға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
229-бап. Инвестициялық портфельді басқарушының пруденциялық
нормативтердi және (немесе) өзге де сақталуға мiндеттi
нормалар мен лимиттердi орындамауы
1. Инвестициялық портфельді басқарушының есептіліктегі көрсеткіштерді не пруденциялық нормативтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында айқындалған өзге де сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді орындау туралы мәліметтерді бұрмалауға әкеп соққан есептілікті жасауы –
заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Инвестициялық портфельді басқарушының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгiлеген пруденциялық нормативтердi және (немесе) өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екі ай iшiнде екi және одан да көп) орындамауы –
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
230-бап. Ресімделген тіркеу куәліктері немесе хабарлау туралы
куәліктер бойынша немесе валюталық мониторинг бойынша
есептер, сондай-ақ ұлттық және шетел валютасын
репатриациялау мерзімдеріне және шарттарына ықпал
ететін мән-жайлардың пайда болуын растайтын ақпарат
пен құжаттарды ұсыну тәртібін бұзу
1. Ресімделген тіркеу куәліктері немесе хабарлау туралы куәліктер немесе валюталық мониторинг бойынша дәйексіз есептілікті беру –
жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет –
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне, Қазақстан Республикасының аумағында бір жылдан аса әрекет етіп жүрген резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне – қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Ресімделген тіркеу куәліктері немесе хабарлау туралы куәліктер немесе валюталық мониторинг бойынша есептілікті уақтылы ұсынбау -
жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет –
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне, Қазақстан Республикасының аумағында бір жылдан аса әрекет етіп жүрген резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне – қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Ресімделген тіркеу куәліктері, хабарлау туралы куәліктер немесе валюталық мониторинг бойынша есептілікті ұсынбау, –
жеке тұлғаларға – қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне, Қазақстан Республикасының аумағында бір жылдан аса әрекет етіп жүрген резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне – жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Ұлттық және шетел валютасын репатриациялау мерзіміне және шарттарына әсер ететін мән-жайлардың туындағанын растайтын ақпаратты және құжаттарды уақтылы бермеу, -
ескерту жасауға әкеп соғады.
7. Осы баптың алтыншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Ұлттық және шетел валютасын репатриациялау мерзіміне және шарттарына әсер ететін мән-жайлардың туындағанын растайтын ақпаратты және құжаттарды бермеу –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
231-бап. Валюта операциялары туралы хабарлау туралы куәлікті
немесе валюта операцияларын жасауға тіркеу куәлігін
алу үшін құжаттарды беру мерзімін бұзу
1. Жеке және заңды тұлғалардың валюталық операциялар туралы хабарлау туралы куәлікті немесе валюталық операциялар жасауға тіркеу куәлігін алу үшін құжаттарды беру мерзімін бұзуы, -
жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), -
жеке тұлғаларға - елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
232-бап. Аудитордың Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп
пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының бұзылу
фактiсiн аудит жүргiзуге тапсырыс берушiлерден
жасыруы
Аудитордың тексеру жүргiзу кезiнде анықталған Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының бұзылу фактiсiн аудит жүргiзуге тапсырыс берушiден жасыруы, -
«аудитор» бiлiктiлiк куәлiгiнен айыра отырып, жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
233-бап. Аудитордың және аудиторлық ұйымның дәйексіз аудиторлық
есепті жасауы
1. Осы Кодекстің 233-бабында көзделген жағдайды қоспағанда, аудитордың және аудиторлық ұйымның дәйексіз аудиторлық есепті жасауы -
аудиторларға - сексен, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата отырып не онсыз, аудиторлық ұйымға – жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Аудитордың және аудиторлық ұйымның көрінеу дәйексіз аудиторлық есепті жасауы –
біліктілік куәлігінен айыра отырып, аудиторларға - жүз он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата отырып, аудиторлық ұйымдарға – екі жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, аудитор әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған іс-әрекет –
біліктілік куәлігінен айыра отырып, жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, аудиторлық ұйым әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған іс-әрекеттер –
аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыра отырып екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
234-бап. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы
заңнамасын бұзу
1. Аудиторлық ұйымның Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасында көзделмеген қызмет түрлерін жүзеге асыруы -
жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Аудитті «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған жағдайларда жүргізу –
лицензияның қолданысын тоқтата отырып, заңды тұлғаларға жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Аудит жүргізілуі міндетті қаржы ұйымдарына аудит жүргізу нәтижесінде анықталған Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін заңнамасын бұзушылықтар туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға хабарламау және аудиттелетін осы ұйымдарды хабардар етпеу –
заңды тұлғаларға жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдардың Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес берілуі талап етілетін ақпаратты тиісті уәкілетті органдарға уақтылы табыс етпеуі немесе табыс етпеуі, сол сияқты дәйексіз мәліметтерді беруі –
жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ мемлекет қатысатын заңды тұлғалар болып табылатын аудиттелетін субъектілердің мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына осы ұйымдарға аудит жүргізу нәтижесінде анықталған бюджет қаражатын, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекет активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы хабарламауы –
бірінші басшыларға жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Аудиторлық ұйымдардың уәкілетті органға біліктілік талаптарға сәйкес есептілікті және (немесе) уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпаратты уақтылы бермеуі немесе бермеуі –
заңды тұлғаларға жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Аудиторлық ұйымдардың қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органға аудиторлық есептi бермеуі –
аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата отырып не онсыз, заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
235-бап. Аудитордың жеке мөрiн пайдалануға және сақтауға
байланысты бұзушылықтар
Аудитордың Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасында белгiленген жеке мөрдi тиiсiнше сақтау және пайдалану жөнiндегi талаптарды бұзуы, -
жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
236-бап. Аудиттелетін субъектінің аудиторлық ұйымға уақтылы
емес, дәйексіз немесе толық емес ақпарат беруі
Аудиттелетін субъектінің аудиторлық ұйымға аудит жүргізу барысында дәйексіз аудиторлық есеп жасауға әкеп соғатын уақтылы емес, дәйексіз немесе толық емес ақпарат беруі –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
237-бап. Мiндеттi аудит өткiзуден жалтару
Мiндеттi аудит өткiзуден жалтару не оны жүргiзуге кедергi келтiру, -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
238-бап. Ұлттық және шетел валютасын репатриациялау талабын
орындамау
Уәкiлеттi банктердегi банк шоттарына:
тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) экспортынан түсетін ұлттық және шетел валютасындағы түсiмдердi;
резиденттiң тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) импорты үшін резидент еместiң пайдасына аударған ұлттық және шетел валютасын, резидент еместiң тауарларды жеткізу (жұмыстарды жүзеге асыру, қызметтер көрсету) бойынша мiндеттемелердi орындамауына немесе толық орындамауына байланысты қайтарылуға жататын ұлттық және шетел валютасын есепке жатқызбау түрiнде жасалған ұлттық және шетел валютасын репатриациялау талабын орындамау –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға есепке жатқызылмаған ұлттық және шетел валютасы сомасының жиырма пайызы, бірақ екі мың айлық есептiк көрсеткіштен аспайтын мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту.
Осы бапта көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауаптылық репатриациялау мерзімі өткеннен кейін есепке жатқызылмаған ұлттық және шетел валютасының сомасы елу мың АҚШ долларына балама сомадан асып кеткен және егер осы іс-әрекеттерде (әрекетсіздікте) қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаған жағдайларда туындайды.
Дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғалар осы бапта көзделген жауаптылықта болмайды.
239-бап. Валюта заңнамасын бұза отырып, валюталық операцияларды
жүргізу
1. Шетел валютасын уәкілетті банктер мен олардың айырбастау пункттері, сондай-ақ уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері арқылы емес айырбастау операцияларын жүргізу, резиденттер арасында тыйым салынған валюта операцияларын жүргізу, төлемдер мен аударымдарды уәкілетті банктердегі шоттар арқылы емес жүргізу, егер мұндай талап валюта заңнамасында белгіленсе, -
жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға – белгіленген тәртіпті бұза отырып жүргізілген операция сомасының елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын сатып алу бағамының теңгеге сату бағамынан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ауытқу шегін сақтамауы, -
орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ipi кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
240-бап. Арнайы валюта режимін бұзу
Арнайы валюта режимін:
1) валюталық операцияны жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің арнайы рұқсатын алу талабын орындамау;
2) резиденттер алған шетел валютасын міндетті түрде сату талабын орындамау;
3) шетел банктеріндегі шоттарды пайдалану;
4) валюталық операцияларды жүргізу тәртібіне қойылатын талаптарды орындамау;
5) Қазақстан Республикасының Президенті енгізген өзге де уақытша валюталық шектеулерді сақтамау бөлігінде бұзу, -
жеке және заңды тұлғаларға арнайы валюта режимін бұза отырып жүргізген операция сомасының жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
241-бап. Инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалану
1. Инсайдерлердің бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу кезінде инсайдерлік ақпаратты пайдалану, инсайдерлік ақпаратты үшінші тұлғаларға заңсыз беру, үшінші тұлғаларға бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу туралы инсайдерлік ақпаратқа негізделген ұсынымдарды немесе ұсыныстарды беру жөніндегі іс-әрекеті, сондай-ақ эмитенттерге инсайдерлер деп танылған заңды тұлғалардың осы эмитенттерге қатысты ақпаратты беруі жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындамауы, егер осы іc-әрекеттер ірі залал келтірмеген болса, -
жеке тұлғаға – екі жүз, лауазымды адамға – төрт жүз, заңды тұлғаға алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Эмитенттердің эмитент туралы және ол шығарған (берген) бағалы қағаздар (туынды қаржы құралдары) туралы инсайдерлік ақпаратқа билік етуді және пайдалануды бақылауды жүзеге асыру бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзуы –
заңды тұлғаларға алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
242-бап. Бағалы қағаздар нарығындағы қызметтiң жосықсыз
жарнамасы
Бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiне жарнаманы жариялау кезiнде дәйексіз мәлiметтер табыс ету және тарату арқылы жасалған бағалы қағаздар нарығындағы қызметтiң жосықсыз жарнамасы,-
жеке және заңды тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
243-бап. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің және өзге
адамдардың есептемені, ақпаратты, мәліметтерді беру
жөніндегі талаптарды бұзуы
1. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің, сондай-ақ оның қатысушыларының (акционерлерінің) және (немесе) аффилиирленген тұлғаларының есептілікті, мәліметтерді және (немесе) өзге де сұратылатын ақпаратты бермеуі, сол сияқты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) уақтылы бермеуі –
жеке тұлғаларға – елу, заңды тұлғаларға – екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің, сондай-ақ оның қатысушыларының (акционерлерінің) және (немесе) аффилиирленген тұлғаларының дәйексіз, сол сияқты толық емес есептілікті, мәліметтерді және (немесе) өзге де сұратылатын ақпаратты, оның ішінде бағалы қағаздар нарығы субъектісінің қызметін тексеру барысында беруі, -
жеке тұлғаларға – елу, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Бағалы қағаздар нарығы субъектiсiнiң көрiнеу жалған мәліметтерді ұсынуы, егер бұл әрекеттің қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, –
заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту.
Осы баптың бірінші бөлігіндегі есептілік деп ұсынылуы эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруды мемлекеттік тіркеу, эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу, эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру және (немесе) өтеу қорытындысы туралы есепті бекіту, облигацияларды ұстаушылар өкілінің қызметі туралы және облигациялар бойынша міндеттемелерді орындамау не тиісінше орындамау туралы хабарлау, акционерлік қоғамның аффилиирленген тұлғаларының тізімін ұсыну; тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптарды бағалау және бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларды ішкі бақылау мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттар мен есептілік түсініледі.
244-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылар құқықтарының бұзылуы
1. Акционерлердің акционерлiк қоғам iстерiн басқару құқықтарының, табыс бөлiгiн бөлу (дивидендтер төлеу) тәртiбiнің, бағалы қағаздарды артықшылықпен сатып алу, қоғамның қызметi туралы ақпарат алу құқықтарының бұзылуы, сондай-ақ акционерлердiң жалпы жиналысын шақыру мен өткiзудiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбiн бұзу -
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Облигациялар бойынша сыйақылар төлеудің және (немесе) оларды өтеудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбi мен шарттарын бұзу –
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Бағалы қағаздар эмитентінің өзі орналастырған бағалы қағаздарды сатып алудың Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) осы бағалы қағаздарды шығару проспектісінде белгіленген тәртібі мен шарттарын бұзуы, сондай-ақ өзі орналастырған бағалы қағаздарды сатып алуды Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) осы бағалы қағаздарды шығару проспектісінде белгіленген жағдайларда жүзеге асырмауы –
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
245-бап. Бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы
құралдарымен мәмiлелер жасасу тәртібін, сондай-ақ
мәмілелер жасасу шарттарын бұзу
Бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмiлелер жасасудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбiн, сондай-ақ мәмілелер жасасудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шарттарын бұзу –
жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлеріне – үш жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлеріне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
246-бап. Бағалы қағаздар бағаларымен айла-шарғы жасау
мақсатында мәмiлелер жасасу
Бағалы қағаздар бағаларымен айла-шарғы жасау мақсатында бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнің мәмiлелер жасасуы, -
жеке тұлғаларға – екі жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлеріне – үш жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлеріне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
247-бап. Бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеу, олар бойынша
құқықтарды есепке алу және растау тәртiбiн бұзу
1. Бағалы қағаздар нарығы кәсiби қатысушысының бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiн немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесiн жүргiзу тәртiбiн бұзуы, сол сияқты бағалы қағаздар бойынша құқықтарды растау тәртiбiн бұзуы, егер бұл әрекеттің қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса, -
үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Бағалы қағаздар нарығы кәсiби қатысушысының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген номиналды ұстау жүйесiн құрайтын құжаттар мен мәліметтерді бағалы қағаздар нарығының басқа кәсiби қатысушысына беру тәртібі мен шарттарын бұзуы –
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
248-бап. Эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудың және
(немесе) орналастырудың шарттары мен тәртiбiн бұзуы /
1. Эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудың және (немесе) орналастырудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шарттары мен тәртiбiн, оның ішінде қаржы ұйымы болып табылмайтын эмитенттің, осы баптың екінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттерді қоспағанда, облигациялар шығару проспектісінде белгіленген облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдалану шарттары мен тәртібін бұзуы -
лауазымды адамдарға – үш жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Эмитенттің бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастырудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шарттары мен тәртiбiн бұзуы –
заңды тұлғаларға эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырудан алынған ақша сомасының елу пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
249-бап. Бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушының және
бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушының
олардың қызметiне қойылатын Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгiленген талаптарды бұзуы
Бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушының және бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушының олардың қызметiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды бірнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екі ай iшiнде екi және одан да көп рет) бұзуы –
үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
250-бап. Бағалы қағаздар нарығындағы ақпаратты ашу бойынша
міндетті бұзуы
Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) қор биржасының ішкі қағидаларында айқындалған тәртібі мен шарттарында ақпаратты ашу бойынша міндетін орындамауы, сондай-ақ өз қызметі туралы толық емес немесе дәйексіз ақпаратты ұсынуы –
жеке тұлғаларға – елу, заңды тұлғаларға – жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
251-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті
жинақтаушы зейнетақы қорларының және инвестициялық
портфельді басқарушының бағалы қағаздар нарығы туралы
заңнаманы бұзуы
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорларының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылардың (алушылардың) дербес шоттарындағы зейнетақы жинақтарын есепке алу тәртiбiн бұзуы, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының кастодиан-банктермен және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорларымен, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларымен өзара қарым-қатынастардың бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамада белгiленген тәртiбiн iрi залал келтiрмей бұзуы, -
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті зейнетақы жинақтаушы қорының Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасын бұза отырып, мәмілелер мен операцияларды жүзеге асыруы, -
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
252-бап. «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасы
Заңының талаптарын бұзу
1. Инвестициялық қордың компаниясын басқаратын акционерлiк инвестициялық қордың өзiнiң қызметi, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құрамы мен құнын сипаттайтын көрсеткiштер туралы ақпараттың мазмұнына қойылатын «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын, сондай-ақ оны жариялау және тарату тәртiбiн бұзуы –
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Инвестициялық қордың компаниясын басқаратын акционерлiк инвестициялық қордың дәл емес, толық емес немесе жаңылыстыратын ақпаратты таратуы немесе жариялауы –
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
253-бап. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде
белгiленген төлемдер жүргiзу бойынша шектеулердi бұзу
Заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық мәмiле бойынша басқа заңды тұлғаның пайдасына бір мың айлық есептiк көрсеткiштен астам сомада қолма-қол тәртiпте төлемдi жүзеге асыруы, -
төлемдi жүзеге асырушы заңды тұлғаға төлем сомасының бес пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
254-бап. Мемлекеттiк мекеменiң және оралымды басқару
құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның (қазыналық
кәсiпорынның) лауазымды адамдарының мемлекеттiк бюджет
қаражаты есебiнен ақшалай мiндеттемелердi қабылдау
жөнiндегi заңсыз іс-әрекеттерi
1. Мемлекеттiк мекеменiң немесе оралымды басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның (қазыналық кәсiпорынның) лауазымды адамдарының мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ақшалай мiндеттемелердi азаматтық-құқықтық мәмiлелердi заңнамада белгiленген тiркеусiз және (немесе) уәкiлеттi орган бекiткен сметалар сомасынан тыс қабылдау жөнiндегi, мемлекеттiк мекеменiң немесе оралымды басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның (қазыналық кәсiпорынның) мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның жауаптылығына әкеп соққан заңсыз әрекеттерi, -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
255-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы
заңнамасын бұзу
1. Тауар биржасы қызметкерлерінің биржалық мәмілелерге қатысуы -
жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Тауар биржасының сауда қызметін және биржалық сауданы ұйымдастырумен тікелей байланысты емес өзге де қызметті жүзеге асыруы –
бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген тауарларды тауар биржаларынан тыс өткізу –
жеке тұлғаларға - жетпіс, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Биржалық брокерлердің және (немесе) биржалық дилерлердің әрбір клиент бойынша жеке жасалатын биржалық мәмілелердің есебін жүргізу және осы мәмілелер туралы мәліметтерді мәміле жасалған күннен бастап бес жыл ішінде сақтау жөніндегі талаптарды сақтамауы –
сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
16-тарау. Салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
256-бап. Салық органында тіркеу есебiне қою мерзiмiнiң бұзылуы
1. Салық органында тiркелу есебiне қою туралы, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың тіркелу есебі туралы, жекелеген қызмет түрлері бойынша тіркелу есебі туралы салықтық өтініш берудiң Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген мерзiмдерiн бұзу –
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
жеке тұлғаларға – сегiз, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Салық төлеушiнiң қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салық өтінішін берудiң Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген мерзiмiн бұзуы, -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне есепке қойылмаған кезең үшiн салық салынатын айналым сомасының – он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады
257-бап. Арнаулы салық режимiн қолданған кезде қызметтi заңсыз
жүзеге асыру
1. Арнаулы салық режимiн қолдану Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде осы режим үшiн көзделген шарттарды бұза отырып жүзеге асыру, -
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Дара кәсiпкердiң патент құнының есеп-қисап не салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру (ұзарту, қайта жаңарту) туралы салық өтінішін беру мерзiмiн бұзуы –
ескерту жасауға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
258-бап. Салық органының салық есептілігін табыс етуді тоқтата
тұру туралы шешімінің қолданысы кезеңінде қызметті
жүзеге асыру
1. Салық органының салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы шешімінің қолданысы кезеңінде тұлғалардың қызметті жүзеге асыруы –
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
259-бап. Салық есептiлiгiн, сондай-ақ шартты банк салымына
байланысты құжаттарды табыс етпеу
1. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде салық органына салық есептілігін табыс етпеуі –
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген әрекетті қоспағанда, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
жеке тұлғаларға – он бес, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Мониторинг бойынша есептілікті Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде табыс етпеуді білдіретін, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
мониторинг жүргізілуге жататын ірі салық төлеушілерге - бес жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Салық агентінің шартты банк салымы туралы шартты табыс салығын шартты банк салымы арқылы төлеген жағдайда салық органына табыс етпеуі не уақтылы табыс етпеуі –
жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларға – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларға – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Салық төлеушінің салық органына жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген, Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салық салынуға жататын резидент емес заңды тұлға пайдасының немесе пайдасының бір бөлігінің сомасын айқындау үшін қажетті құжаттарды табыс етпеуі, -
жеке тұлғаларға – жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
260-бап. Мәмілелер мониторингі бойынша есептілікті, сондай-ақ
трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге
асыру үшін қажетті құжаттарды табыс етпеу
1. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында белгіленген мерзімде салық органына мәмілелер мониторингі бойынша есептілікті табыс етпеуі, сондай-ақ салық төлеушiнiң трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды (оның iшiнде электрондық түрдегi) уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде табыс етпеуi не оны табыс етуден бас тартуы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мәмілелер мониторингі бойынша есептіліктің деректері мен тексеру барысында алынған деректер арасында тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 2 000 еселенген мөлшерінен асатын алшақтықтарды анықтау –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік) –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жүз жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
261-бап. Келеңсіз себептермен мемлекеттік қызметтен босатылған
адамдардың, сол сияқты аталған адамдардың жұбайының
(зайыбының) қаржылық бақылау шараларын бұзуы
1. Келеңсіз себептермен мемлекеттік қызметтен босатылған адамдардың мемлекеттік қызметтен босатылғаннан кейін үш жыл бойы жыл сайын, сол сияқты аталған адамдардың жұбайының (зайыбының) кірістер, мүлік туралы декларацияларды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамада көзделген басқа да мәліметтерді бермеуі, уақтылы бермеуі немесе толық емес, дәйексіз декларацияларды беруі, -
жеке тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Тұлға қосымша салық есептілігін және (немесе) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес хабарлама бойынша қосымша салық есептілігін табыс ету арқылы бұзушылықты жойған жағдайда, осы бапта көзделген әкімшілік жауапқа тартылуға жатпайды.
262-бап. Салық салу объектiлерiн жасыру
1. Салық төлеушiнiң салық салу объектiлерiн жасыруы, -
жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға, орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жасырылған салық салу объектiсi бойынша төленуге жататын салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасының жүз елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік),-
жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға, орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жасырылған салық салу объектiсi бойынша төленуге жататын салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасының екі жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы баптың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін салық төлеушінің кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды есепке қабылдамауы да салық салу объектiлерiн жасыру деп түсініледі.
263-бап. Есепке алу құжаттамаларының болмауы және салық есебін
жүргізуді бұзу
1. Салық төлеушіде есепке алу құжаттамасының болмауы және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген есепке алу құжаттамасын жасау және сақтау жөніндегі талаптардың орындалмауы, -
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлген қызметтердi) есепке алу және сату жөнiндегi операциялардың есепке алу құжаттамасында көрсетiлмеуi, -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – есепке алынбаған тауарлар (жұмыстар, көрсетiлген қызметтер) құнының үш, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту.
Салық төлеушіде есепке алу құжаттамасының болмауы деп бухгалтерлік құжаттаманың және (немесе) салық нысандарының, салықтық есепке алу саясаты құжаттарының, салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін, сондай-ақ салық міндеттемелерін есептеу үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттардың болмауы түсініледі.
264-бап. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi
төлемдердiң есебіне жатқызылған (есептелген) сомасын
төлеуден жалтару
Касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы өкімінің қолданысы кезеңінде берешек болған жағдайда, салық төлеушiнiң үшiншi тұлғалармен өзара есеп айырысуды жүзеге асыруы арқылы салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есебіне жатқызылған (есептелген) сомасын төлеуден жалтаруы, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданатын әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаларға – жүргізілген есеп айырысу сомасының он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
265-бап. Салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi
төлемдердiң сомасын кемiтiп көрсету/
1. Салықтың және басқа да міндетті төлемдердің сомасын декларацияда, есепте, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште кемітіп көрсету, егер осы iс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаларға - салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есептелген сомасының он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Салық төлеушiнiң ағымдағы төлемдер сомасын есепте кемітіп көрсетуi, егер осы iс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса, -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - ағымдағы төлемдердiң кемiтiп көрсетiлген сомасының отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Салық кезеңi үшiн iс жүзiнде есептелген корпоративтік табыс салығы сомасының салық кезеңi iшiнде есептелген аванстық төлемдер сомасынан жиырма пайыз мөлшерінде асып түсуi, егер осы iс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса, -
ic жүзiндегi салықтың асып түскен сомасының қырық пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Бюджетпен патент негiзiнде есеп айырысуды жүргiзетiн ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушi заңды тұлғаның патент құнының есебiне кiретiн салық сомасын кемiтiп көрсетуi, егер осы iс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса, -
патент құнының есебi кезiнде азайтылмай, кемiтiп көрсетiлген салық сомасының отыз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертулер.
1. Осы баптың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін қосылған құн салығының есепке жазылған сомасы бойынша әкімшілік жаза сомасын айқындау кезінде салық кезеңі үшін қосылған құн салығын төлеудің белгіленген мерзімі күніне салық төлеушінің жеке шоты бойынша қосылған құн салығының артық төленген сомасы есепке алынады.
Бір салық кезеңінен артық кезеңге салықтық тексеру болған жағдайда, әрбір келесі салық кезеңі үшін төлемнің белгіленген мерзімі күніне жеке шот бойынша артық төленген сома осы салықтық тексеруге енгізілген алдыңғы салық кезеңдері үшін қосылған құн салығының есепке жазылған және (немесе) азайтылған сомасын есепке ала отырып айқындалады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін, егер тұлға тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште жанама салықтардың сомаларын төмендеткені үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс болған жағдайда, мұндай тұлға импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияда жанама салықтардың көрсетілген сомаларын төмендеткені үшін бөлек әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.
3. Осы баптың үшінші бөлігіндегі мақсаттар үшін, салық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ұсынылуға жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің есептерін ұсынбаған жағдайда да, тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылмауы тиіс. Бұл ретте, аванстық төлемдердің есептелген сомасы нөлге теңестіріледі.
4. Осы баптың үшінші бөлігінің мақсаты үшін асып түсуді айқындау кезінде Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 335-бабының 3-тармағына және (немесе) 338-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес пайдалы қазбаларды өндіру салығына жүргізілген түзетуге байланысты түзілген асып түсу есепке алынбайды.
266-бап. Салық агентiнiң салықтарды ұстап қалу және
(немесе) аудару жөнiндегi мiндеттердi орындамауы
1. Салық агентінің ұстап қалуға және (немесе) бюджетке аударуға жататын салық сомаларын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде ұстап қалмауы немесе толық ұстап қалмауы -
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – салық және басқа да мiндеттi төлемдердiң ұсталмаған сомасының жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - елу пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Салық агентінің бюджетке аударуға жататын ұстап қалған салық сомаларын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде аудармауы немесе толық аудармауы –
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Адам салық агенті өз бетінше анықтаған және қосымша салық есептілігінде көрсетілген салықтардың ұсталған (ұсталуға тиіс) сомалары бойынша, оларды салық органына қосымша салық есептілігін табыс еткен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей бюджетке аударған жағдайда осы бапта көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.
267-бап. Жалған шот-фактура жазып беру
Салық төлеушiнiң жалған шот-фактура жазып беруi, -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - шот-фактураға енгiзiлген қосылған құн салығы сомасының отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екi жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінде тұрмаған салық төлеушi, сол сияқты жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетудi, тауарлар жөнелтудi нақты жүргiзбеген тұлға жазған және қосылған құн салығы сомасын қамтитын шот-фактура жалған шот-фактура деп танылады.
268-бап. Биоотынды, этил спирті мен алкоголь өнімін қоспағанда,
мұнай өнімдері мен акцизделетін тауарлардың жекелеген
түрлерін өндіру және олардың айналымын мемлекеттік
реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының
заңнамасын бұзу
1. Биоотынды, этил спирті мен алкоголь өнімін қоспағанда, ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, акцизделетін тауарларды декларациялау қағидаларын бұзу, сол сияқты биоотынды, этил спирті мен алкоголь өнімін қоспағанда, ілеспе жүкқұжаттарды, сондай-ақ акцизделетін тауарлардың өндірілуі мен айналымы бойынша декларацияларды табыс етпеу не уақтылы табыс етпеу -
жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасының темекі бұйымдарының өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы заңнамасын:
уәкілетті органға темекі бұйымдарының өндірілуі мен оның айналымы саласындағы мәліметтерді беруден бас тарту немесе дәйексіз ақпарат беру, сол сияқты өндіріс паспортына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты жазбаша түрде күнтізбелік отыз күн ішінде бермеу;
темекі бұйымдарын лицензияда көрсетілген мекенжайдан басқа орында, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін жабдықтарда өндіру;
лицензия берілген күннен бастап бір жыл ішінде темекі бұйымдарын өндіру бойынша қызметті жүзеге асырмау түрінде бұзу –
тиісті қызмет түріне арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - тоғыз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Биоотынды, этил спирті мен алкоголь өнімін қоспағанда, мұнай
өнімдері мен акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру және олардың айналымы шарттарын:
этилдендiрiлген бензиннiң және (немесе) кондициялық емес мұнай өнiмдерiн айналымы, сондай-ақ оларды жеке және (немесе) заңды тұлғалардың одан әрі өңдемей сақтауы;
өндірушілерді қоспағанда, тұлғалардың мұнай өнімдерін мұнай өнімдері базаларынан, автожанармай құю станцияларынан тыс орындарда өткізуі;
мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің ілеспе жүкқұжаттарынсыз айналымы;
есепке алу бақылау аспаптарына салынған пломбаларды алып тастау;
темекі бұйымдарының Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ең төменгі бағалардан төмен бағаларда айналымда болуы (экспорттан басқа);
мұнай өнiмдерiн жылжымалы үлгiдегi жанармай құю станцияларынан дала жұмыстарындағы ауыл шаруашылығы техникасы шоғырланған орындардағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден тыс орындарда өткізу;
құрамында металл қосындылары бар (дизель отыны үшін статикаға қарсы қосындылардан басқа, темір, марганец, қорғасын және басқалары) мұнай өнімдерін жеке және (немесе) заңды тұлғалардың айналымға салуы;
мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін мұнай өнімдерін өндірушілердің есепке алатын бақылау аспаптарынсыз (ЕБА) не ЕБА-дан өткізбей өндіруі, жөнелтуі және (немесе) сатуы;
мұнай өнімдерін кейіннен сату және (немесе) сақтау мақсатында мұнай базаларының, резервуардың меншік иелерінің бір уақытта екі және одан да көп жеке (немесе) заңды тұлғаларға жалға беруі;
мұнай өнімдерін өндірушілерден және мұнай жеткізушілерден сатып алатын мұнай өнімдерін көтерме саудамен жеткізушілердің мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізбейтіндерге немесе түпкі емес тұтынушыларға өткізуі;
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болған мұнай өнімдері және (немесе) құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табыстарын тәркілей отырып, жеке тұлғаларға – жүз елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болған мұнай өнімдері және (немесе) құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табыстарын тәркілей отырып, жеке тұлғаларға – екі жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
269-бап. Қазақстан Республикасының этил спирті мен алкоголь
өнімін өндіру және (немесе) олардың айналымы
саласындағы заңнамасын бұзу
1. Этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін декларациялау қағидаларын, этил спирті және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидаларын бұзу, сол сияқты этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндіру және олардың айналымы бойынша декларацияларды, сондай-ақ этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды табыс етпеу не уақтылы табыс етпеу, -
жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің айналымы қағидаларын:
1) алкоголь өнімін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленбеген орындарда сақтау және өткізу;
2) лицензияда көрсетілмеген мекенжай бойынша этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің айналымы (экспорттан басқа);
3) алкоголь өнімін аралас полимер ыдыстармен, оның ішінде полиэтиленмен қапталған картон ораммен және картон қорабына салынған фольгаланған полиэтилен пакетімен өткізу, сол сияқты тұрқы бұзылған ыдыспен, анық сынған белгiлерi бар, тығыны бүлінген шөлмектермен бөлшек саудада өткізу;
4) алкоголь өнімін (шарап материалдарынан, сырадан және күштілігі он екі пайызға жетпейтін градусы төмен ликер-арақ өнімдерінен басқа) қаңылтыр ыдыспен, заттаңбасы жоқ шөлмектермен және пластикалық ыдыстармен сату;
5) алкоголь өнімінің Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ең төменгі бағадан төмен бағамен айналымда болуы (экспорттан басқа);
6) екі және одан да көп лицензиаттың бір мекенжай бойынша, сол бір стационарлық үй-жайларда, этил спиртін (оның ішінде мұнай өнімдеріне қоспа ретіндегі денатуратталған этил спиртін (этанолды) және (немесе) алкоголь өнімін сақтауы және өткізуі;
7) шыққан жері белгісіз, сәйкестік сертификаты (және белгісі) жоқ, жарамдылық мерзімі өткен, сондай-ақ ілеспе жүкқұжаттарынсыз этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін сақтау, өткізу және (немесе) тасымалдау түрінде бұзу –
жеке тұлғаларға - құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарларға акциз ставкасының бес жүз пайызы мөлшерінде, алкоголь өнімін кейіннен жойып, құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарлар және (немесе) құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табыстарын тәркілей отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
жеке тұлғаларға - құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарларға акциз ставкасының сегіз жүз пайызы мөлшерінде, алкоголь өнімін кейіннен жойып, құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарлар және (немесе) құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табыстарын тәркілей отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндіру қағидаларын:
1) уәкілетті органға этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және олардың айналымы саласындағы мәліметтерді беруден бас тарту немесе дәйексіз ақпарат беру, сол сияқты өндіріс паспортына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты жазбаша түрде күнтізбелік отыз күн ішінде бермеу;
2) этил спиртін спирт өлшеуіш аппараттарымен жабдықтамай не өндіру көлемдері туралы ақпаратты уәкілетті органға автоматты түрде беруді жүзеге асырмайтын спирт өлшеуіш аппараттарымен өндіру;
3) этил спиртін ақаулы, сол сияқты есептегі нормативтен тыс ауытқулары бар спирт өлшеуіш аппараттарымен өндіру;
4) спирт өлшеуіш аппараттарын және фланецтік қосындыларды пломбасыз пайдалану немесе уәкілетті органдар салған пломбаларды этил спиртін өндіру кезінде алып тастау;
5) ауыз су қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеген кезде алкоголь өнімін (шарап материалынан басқа) суды кондициялауға арналған жабдықпен жарақтандырмай өндіру;
6) алкоголь өнімін (қос тотықты көміртекпен қаныққан және шарап материалынан басқа) есепке алатын бақылаушы аспаптармен жабдықтамай не өндіру көлемдері туралы ақпаратты уәкілетті органға автоматты түрде беруді жүзеге асырмайтын есепке алатын бақылаушы аспаптармен өндіру;
7) алкоголь өнімін (қос тотықты көміртекпен қаныққан және шарап материалынан басқа) ақаулы, сол сияқты есептегі нормативтен тыс ауытқулары бар есепке алатын бақылаушы аспаптармен өндіру;
8) есепке алатын бақылаушы аспаптарын (қос тотықты көміртекпен қаныққан және шарап материалынан басқа) және фланецтік қосындыларды пломбасыз пайдалану немесе уәкілетті органдар салған пломбаларды алкоголь өнімін өндіру кезінде алып тастау;
9) екі және одан да көп лицензиаттың сол бір мекенжай бойынша, бір стационарлық үй-жайларда, сол бір жабдықта этил спиртін (оның ішінде мұнай өнімдеріне қоспа ретіндегі денатуратталған этил спиртін (этанолды) және (немесе) алкоголь өнімін өндіру және сақтау түрінде бұзу –
тиісті қызмет түріне арналған лицензияның қолданысын тоқтата отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - тоғыз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндірудің және олардың айналымының шарттарын:
1) осындай қызмет бойынша лицензия қолданысы тоқтатыла тұрған кезеңде қызметті жүзеге асыру;
2) тағамдық емес шикізаттан өндірілген этил спиртінен, сол сияқты денатуратталған этил спиртінен (этанолдан) алкоголь өнімін өндіру түрінде бұзу –
тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыруға әкеп соғады.
8. Балалар мекемелерiнде, білім беру ұйымдарында және оларға жүз метр радиуста іргелес жатқан аумақтарда алкоголь өнімін өткізу –
тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыруға әкеп соғады.
270-бап. Акцизделетін тауарларды акциздік таңбалармен және
(немесе) есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау
тәртібі мен қағидаларын бұзу
1. Өндірушінің немесе импорттаушының акциздік таңбалармен және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалауға жататын акцизделетін тауарларды таңбалау қағидаларын бұзуы -
тиісті қызмет түріне арналған лицензияның қолданысын тоқтата отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Акциздік және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарларды акциздік және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларсыз, сол сияқты белгіленбеген үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге келмейтін таңбалармен сақтау, өткізу және (немесе) тасымалдау түріндегі айналымы –
жеке тұлғаларға құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарларға акциз ставкасының бес жүз пайызы мөлшерінде, құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарлары және (немесе) құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табыстарын тәркілей отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
271-бап. Кассалық-бақылау машиналарын қолдану тәртiбiн бұзу
1. Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақша арқылы сауда операцияларын жүргізгенде, жұмыстар орындағанда, қызметтер көрсеткенде ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде кассалық-бақылау машиналарын қолданбау, сондай-ақ ақаулы немесе пайдаланылу орны бойынша салық органында есепте тұрмаған кассалық-бақылау машиналарын қолдану, —
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсіздік), -
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Кассалық-бақылау машинасының чегін немесе тауарлық чекті бермеу не кассалық-бақылау машинасының чегін немесе тауарлық чекті тауарға немесе қызметке төленген сомадан артық немесе кем сомаға беру, -
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Кассалық-бақылау машинасының тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу, қолма-қол ақша есебі кітабын немесе тауарлық чек кітабын ауыстыру (қалпына келтіру) үшін, сондай-ақ салық органының пломбасын бұзбай жөндеу мүмкін емес кассалық-бақылау машинасының техникалық ақауы кезінде салық өтінішін беру мерзімін бұзу, -
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Кассалық-бақылау машинасының бақылау чегінде мына деректемелердің бірін немесе бірнешеуін:
1) салық төлеушінің атауы;
2) сәйкестендіру нөмірі;
3) кассалық-бақылау машинасының зауыттық нөмірі;
4) кассалық-бақылау машинасының салық органындағы тіркеу нөмірі;
5) чектің реттік нөмірі;
6) тауарды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні мен уақытын;
7) тауардың, жұмыстың, қызметтің бағасын және (немесе) сатып алу сомасын;
8) фискалдық белгіні көрсетпеу не компьютерлік жүйелердің бақылау чегінде (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын компьютерлік жүйелерді қоспағанда) осы бөліктің 1)-7) тармақшаларында көрсетілген бір немесе бірнеше деректемелерді көрсетпеу, -
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Кассалық-бақылау машинасын пайдалану кезінде қолма-қол ақшаны есепке алу кітабын толтырмау не ауысымдық есеп көрсеткіштерінің тиісті күнге қолма-қол ақша есебі кітабының деректерімен сәйкес келмеуі не қате енгізілген соманы жою немесе сатылған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол ақшаны қайтару операцияларын кассалық-бақылау машинасында жүзеге асыру кезінде қолма-қол ақша есебі кітабында жазбау, -
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Кассаның ағымдағы жай-күйі туралы есеп көрсеткіштерінің салықтық тексеру барысында анықталған, қолма-қол ақшаны есепке алу кітабында көрсетілген тауарларды сатуға, жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты емес қолма-қол ақшаны қабылдау және беру сомасы ескеріле отырып, фискалдық есепті алған сәтте кассадағы қолма-қол ақшаның сомасына сәйкес келмеуі, -
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Ауысымдық есепті, қолма-қол ақшаның есебі кітабын, тауарлық чекті, кассалық-бақылау машинасын тіркеу карточкасын, жою немесе қайтару чегін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген жою немесе қайтару операциясы жүргізілген бақылау чегін сақтау мерзімін бұзу, -
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Қате енгізілген соманы жою немесе сатылған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол ақшаны қайтару операцияларын сатылған тауарларға, орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге бақылау чегінің түпнұсқасынсыз кассалық-бақылау машинасында жүргізу, -
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Салық органының пломбасының бүтіндігін бұзбай жою мүмкін емес кассалық-бақылау машинасының техникалық ақауы жойылғаннан кейін пломба орнату үшін кассалық-бақылау машинасын салық органына табыс ету мерзімін бұзу, -
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
272-бап. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген
түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың салық заңнамасында
белгiленген мiндеттердi орындамауы
1. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың салық заңдарында белгiленген мiндеттердi:
1) салық органдарының салық төлеушiге - заңды тұлғаға, резидент еместі қоса алғанда, оның құрылымдық бөлімшелеріне, дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға, шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға хабарламалардың кепілді жеткізілімін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша жіберу арқылы банк шотын ашқаны туралы ол ашылғаннан кейінгі күннен бір жұмыс күнінен кешіктірмей не хабарламаны қағаз жеткізгіште жіберген кезде – үш жұмыс күні ішінде хабарламау;
2) клиенттердің төлем құжаттарындағы (вексельді және банктің қолма-қол ақша қабылдауы және беруі жүргізілетін төлем құжаттарын қоспағанда) сәйкестендіру нөмірінсіз банк шоттары бойынша операциялар жүргiзу;
3) салық төлеушiнің салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу тапсырмасын, салықты, басқа да міндетті төлемдерді, өсiмақылар мен айыппұлдар өндіріп алу туралы салық органының инкассолық өкімдерін салық төлеушінің не салық органының нұсқауын алған күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей, бірінші кезекте орындамауы;
4) дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, заңды тұлға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі, қызметін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның банк шоттарында (корреспонденттікті қоспағанда) сондай өкімде көрсетілген салық берешегі сомасының шегінде шығыс операцияларын салық органдарының өкімі бойынша тоқтатпау;
5) есептік тоқсан ішінде шартты банк салымында орналастырылған ақшаның қозғалысы туралы есепті ақшаның осындай қозғалысы бар болған кезде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық органына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзім ішінде табыс етпеуі,
6) өз клиентіне оның осы банкте ашқан банк шотына салық қызметі органдары салық төлеушінің банк шоттары бойынша инкассолық өкімдері немесе шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдері қойылған болса, жаңа банк шотын ашу;
7) әрекетсіз салық төлеушіге банк шотын ашу, -
банктің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамаған кезеңі ішінде салық төлеушiлердiң банк шоттары бойынша жасалған шығыс операциялары сомасының бес пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың шартты банк салымы туралы шарттар бойынша орналастырылған салықтар төлемдерінiң сомасын аудармауы немесе уақтылы аудармауы, -
шартты банк салымында орналастырылған, аударылмаған немесе уақтылы аударылмаған салық төлемі сомасының елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың салық заңнамасында белгіленген міндеттерді:
салық органдарының салық төлеушi заңды тұлғаға, резидент еместі қоса алғанда, оның құрылымдық бөлімшелеріне, дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға, шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға хабарламалардың кепілдік берілген жеткізілімін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша жіберу арқылы банк шотын жабу туралы ол ашылғаннан кейінгі күннен бір жұмыс күнінен кешіктірмей не хабарламаны қағаз жеткізгіште жіберген кезде - үш жұмыс күні ішінде хабарламау;
салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу, әлеуметтік аударымдарды, міндетті зейнетақы жарналарын аудару төлем құжаттарын дұрыс көрсетілмеген сәйкестендіру нөмірімен қабылдау;
көлік құралына салықты төлеу төлем құжаттарын көлік құралының дұрыс көрсетілмеген сәйкестендіру нөмірімен қабылдау;
уәкілетті органның дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаға берiлген кредит (қарыз) бойынша сыйақы түріндегі кірісті мойындауды тоқтату кезінде сыйақы есептеуді тоқтата тұруы туралы есептiк салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей хабардар етпеуі;
салық сомасын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды аудармау (есептемеу), уақытында аудармау (есептемеу) не банкке немесе бюджет жүйесінің кассалық орындауын жүзеге асыратын басқа ұйымға салық сомасын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, өсімақыларды, айыппұлдарды аудару кезінде банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның кінәсінен төлем құжатындағы деректемелерді толтыру кезінде қателік жіберу;
дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған тексерілетін жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның ақшасының болуын және банк шоттары бойынша жасалатын операцияларын тексеруге салық қызметі органдарының лауазымды адамын жібермеу;
дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлға немесе заңды тұлға болып табылатын қарыз алушының берiлген кредиттер (қарыздар) бойынша мiндеттемелерiн есептен шығарған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде міндеттемелерді есептен шығарудан қарыз алушы салық төлеушіде кіріс пайда болғаны туралы салық органын хабардар етпеуі;
салық қызметі органының сұрау салуын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы мәліметтерді табыс етпеу, -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
273-бап. Банк операциялары туралы көрiнеу жалған мәлiметтер
табыс ету
Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың заңды немесе жеке тұлғалардың банк шоттары бойынша операциялар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер табыс етуi, сол сияқты осы банктiң iс жүзiндегi қаржылық жай-күйiмен көрiнеу қамтамасыз етiлмеген кепілгерліктер, кепiлдiктер және өзге де мiндеттемелер беруi, егер бұл iс-әрекеттер жеке немесе заңды тұлғаға не мемлекетке iрi залал келтiрмесе, -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту.
Құқық бұзушылық жасалған кездегi екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен асатын сома - жеке тұлғаға келтiрiлген, жиырма мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен асатын сома заңды тұлғаға келтiрiлген залалдың iрi мөлшерi деп танылады.
274-бап. Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты,
жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде салық
төлеушілердің Қазақстан Республикасының салық
заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы,
сондай-ақ тұлғалардың Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген талаптарды орындамауы
1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде жанама салықтарды төлемеу, толық төлемеу не уақытында төлемеу, -
жеке тұлғаларға орындалмаған салық міндеттемесі сомасынан жиырма пайызы, бірақ кемінде он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, жекеше нотариустарға, адвокаттарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – орындалмаған салық міндеттемесі сомасынан отыз пайызы, бірақ кемінде жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне орындалмаған салық міндеттемесі сомасынан қырық пайызы, бірақ кемінде отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне - орындалмаған салық міндеттемесі сомасынан елу пайызы, бірақ кемінде екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Салық төлеушінің салық органына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген қайта өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттемелерді табыс етпеуі және оларды орындамауы –
жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екi жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Салық органдарын мынадай жағдайларда:
әкелінген тауарлардың қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей кейіннен Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін тауарларды Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу кезінде;
әкетілген тауарлардың қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей кейіннен Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағына уақытша әкету кезінде хабардар етпеу не уақтылы хабардар етпеу –
жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екi жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына әкетілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген өңдеу мерзімдерін бұзу –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – есептелген салық сомасынан он бес пайыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу пайыз мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастырушының осындай сауданы өткізу туралы хабардар етпеуі не уақтылы хабардар етпеуі –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Ұйымдастырушының көрме-жәрмеңкелiк сауданы ұйымдастыру тәртібін бұзуы –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз жиырма бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан әкелінген акцизделетін тауарларды алған күні туралы хабарлама табыс етуге міндетті тұлғалардың орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органдарына осындай хабарламаны табыс етпеуі –
жеке тұлғаларға – жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы баптың бірінші бөлігінің мақсаты үшін, егер тұлға кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды есепке қабылдамағаны үшін осы Кодекстің 259-бабында көзделген әкімшілік жауапқа тартылуы тиіс болған жағдайда, осы тұлға осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.
275-бап. Салық қызметi органдары мен олардың лауазымды
адамдарының заңды талаптарын орындамау
1. Салық төлеушiнiң салық қызметi органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамауы, -
сегiз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсіздік), -
он бec айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Салық төлеушi кәсiпкерлiк қызмет үшiн пайдаланатын аумаққа немесе үй-жайға (тұрғын үй-жайдан басқа) салық тексеруiн жүргiзушi салық қызметi органы лауазымды адамының келiп кiруiне заңсыз кедергi келтiру, -
қырық бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсіздік), -
алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
17-тарау. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру
саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
276-бап. Электр желілерінде қуат коэффициентінің нормативтік мәндерін сақтамау және энергия тұтыну нормативтерінен асып түсу
1. Электр желілерінде қуат коэффициентінің нормативтік мәндерін сақтамау, –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Энергия тұтыну нормативтерінен асып түсу, –
құқық бұзушылық болған, бірақ бір жылдан аспайтын кезеңде бекітілген нормативтерден тыс пайдаланылған энергетикалық ресурстар құнынан шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - үш, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес пайыз мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, –
құқық бұзушылық болған, бірақ бір жылдан аспайтын кезеңде бекітілген нормативтерден тыс пайдаланылған энергетикалық ресурстар құнынан шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз пайыз мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту.
Энергетикалық ресурстардың құны құқық бұзушылық анықталған сәттегі нарықтық баға негізінде айқындалады.
277-бап. Энергетика ресурстарын, суды өндіру және беру кезінде олардың тікелей жоғалуын болдырмау жөніндегі міндеттерді орындамау
1. Жабдықтың, арматураның ақаулығына, құбырларды жылу оқшаулауынсыз пайдалануға немесе энергия тұтынатын жабдықтың жұмыс режимін сақтамауға байланысты энергетика ресурстарын, суды өндіру және беру кезінде олардың тікелей жоғалуын болдырмау жөніндегі міндеттерді орындамау, -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
278-бап. Энергетикалық ресурстарды есепке алудың тиісті
аспаптарымен және жылу тұтынуды реттеудің
автоматтандырылған жүйелерімен жарақтандырылмаған
энергетикалық ресурстарды тұтынатын жаңа объектілерді
пайдалануға қабылдау
1. Энергетикалық ресурстарды есепке алудың тиісті аспаптарымен және жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйелерімен жарақтандырылмаған энергетикалық ресурстарды тұтынатын жаңа объектілерді пайдалануға қабылдау, –
лауазымды адамдарға – жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, –
лауазымды адамдарға – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту.
1. Осы бапта лауазымды адамдар деп объектіні пайдалануға беру туралы актіге қол қойған адамдарды түсіну керек.
2. Лауазымды адамдар жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйелерімен жарақтандырылмаған және жылу энергиясын сағатына орта есеппен 50 кВт-тан аз тұтынатын (жылу энергиясы, жылыту, желдету, кондиционерлеу және ыстық сумен қамтамасыз ету шығыстарын қоса алғанда) жаңа объектілерді пайдалануға беру жағдайларында осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген құқық бұзушылықтар үшін жауапты болмайды.
279-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің
энергетикалық ресурстардың және судың тұтыну көлемін
өнімнің, үйлердің, құрылыстар мен ғимараттардың алаңы
бірлігіне энергия аудиті қорытындылары бойынша
белгіленген шамаға дейін міндетті түрде жыл сайын
төмендету туралы талапты бұзуы
1. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергия аудитінен өткеннен кейін бес жылдың ішінде энергетикалық ресурстардың және судың тұтыну көлемін өнімнің, үйлердің, құрылыстар мен ғимараттардың алаңы бірлігіне энергия аудиті қорытындылары бойынша белгіленген шамаға дейін міндетті түрде жыл сайын төмендету туралы талапты бұзуы, –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
280-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің
міндетті энергия аудитінен өтуден жалтаруы не оны
жүргізуге кедергі келтіруі
1. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің міндетті энергия аудитінен өтуден жалтаруы не оны жүргізуге кедергі келтіруі, –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
281-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру
саласындағы өнімді өндіру, сату және пайдалану бойынша
шектеулерді бұзу
1. Жарық беру мақсатында ауыспалы ток тізбектерінде пайдаланылуы мүмкін қуаты 25 Вт және одан да жоғары электр қыздыру шамдарын өндіру және сату, –
жарық беру мақсатында ауыспалы ток тізбектерінде пайдаланылуы мүмкін қуаты 25 Вт және одан да жоғары электр қыздыру шамдарын тәркілей отырып, жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес техникалық құжаттамасында және заттаңбаларында энергия тиімділігінің сыныбы мен сипаттамалары туралы ақпарат қамтылмаған энергия тұтынатын құрылғыларды өндіру және (немесе) өткізу, -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алты, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алты, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он екі, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
282-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің
энергия менеджменті жүйесін жасау, енгізу және жұмысын
ұйымдастыру жөніндегі міндетті орындамауы
1. Энергетикалық ресурстарды жылына мың бес жүз және одан көп тонна шартты отын көлемінде тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергия менеджменті бойынша халықаралық стандарттың талаптарына сәйкес энергия менеджменті жүйесін жасау, енгізу және жұмысын ұйымдастыру жөніндегі міндеттерді орындамауы, –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
283-бап. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия
тиімділігін арттыру туралы заңнамасында белгіленген
энергия аудитін жүргізу тәртібін, энергия үнемдеу және
энергия тиімділігі сараптамасын жүргізу тәртібін
сақтамау
1. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасында белгіленген энергия аудитін жүргізу тәртібін, энергия үнемдеу және энергия тиімділігі сараптамасын жүргізу тәртібін сақтамау, –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -
аккредиттеу туралы куәлігінің қолданысын тоқтата отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
18-тарау. Өнеркәсіп, жылу, электр және атом энергиясын
пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
284-бап. Жарылғыш материалдарды, радиоактивтi және өзге де экологиялық жағынан қауiптi заттарды пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу
1. Осы Кодекстің 405-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жарылғыш материалдарды, пиротехникалық заттарды, радиоактивтi, бактериологиялық, химиялық және қадағалау органдарының бақылауындағы өнеркәсiп салалары мен объектiлердегi өзге де экологиялық қауiптi заттар мен қалдықтарды өндiру, сақтау, көму, жою, пайдалану, кәдеге асыру, тасымалдау немесе өзгедей айналысу талаптарын бұзу, егер осы әрекеттің қылмыстық жазаланатын белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы Кодекстің 405-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, арнаулы ядролық емес материалдарды және ядролық қызметке қатысы бар қосарлы мақсаттағы бұйымдарды өндiрудiң, сақтаудың, көмудiң, пайдаланудың, кәдеге асырудың, тасымалдаудың немесе өзге де айналысудың белгiленген қағидаларын бұзу, -
жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - алпыс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екi жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
285-бап. Жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi талаптарды бұзу
Өнеркәсiп, тау-кен және құрылыс жұмыстары салаларында не төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органдардың және басқа да мемлекеттiк қадағалау органының бақылауындағы объектiлерде жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiнде белгiленген талаптарды бұзу, -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Салу, реконструкциялау, жаңғырту, қауіпті өндірістік объектілерді жою жобаларын әзірлеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзу, -
жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қауіпті өндірістік объектілердегі авария, тосын оқиға фактілерін жасыру, -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайта жасалған әрекет, -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
286-бап. Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік
саласындағы заңнамасын аттестатталған ұйымдардың бұзуы
1. Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасын аттестатталған ұйымдардың:
1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша сараптама объектісінің сәйкестігі (сәйкессіздігі) туралы толық емес және (немесе) дәйексіз ақпараты бар сараптық қорытындыны беру;
2) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын әзірлеу;
3) қауіпті өндірістік объектілерде сапасыз авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу түріндегі бұзу, -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін қайта жасалған әрекет, -
аттестаттан айыра отырып, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
287-бап. Электр станциялары мен желілерін техникалық
пайдаланудың, электр станциялары мен жылу желілерінің
жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезінде
қауіпсіздік техникасының, тұтынушылардың электр
қондырғыларын техникалық пайдаланудың бекітілген
қағидаларын бұзу, сондай-ақ энергия тұтынудың
белгіленген режимдерін бұзу
Авария, қоршаған ортаның ластануы, өрт қатерін тудыратын немесе қызмет көрсетушi персоналдың өмiрiне қауiптi жай-күйге әкеп соқтыратын электр станциялары мен желілерін техникалық пайдаланудың, электр станциялары мен жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасының, тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдаланудың бекітілген қағидаларын бұзу, сондай-ақ басқа да энергия тұтынушыларды шектеуге және (немесе) одан ажыратуға әкеп соқтырған энергия тұтынудың белгiленген режимдерiн бұзу, -
жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
288-бап. Дайын болу паспортын алу мерзімін бұзу
1. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмыс істеуі үшін дайын болу паспортын алу мерзімін бұзуы, -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
289-бап. Электр желiлерiн бүлдiру
1. Кернеуі 1000 вольтқа дейінгі электр желiлерiн (әуе электр беру желiлерiн, жерасты және суасты кәбіл желiлерiн, трансформаторлық және өзгертушi қосалқы станцияларды, бөлiп таратқыш құрылғылар мен ауыстырып қосқыш пункттерді) бүлдiру -
жеке тұлғаларға – сегіз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кернеуі 1000 вольттан асатын электр желiлерiн (әуе электр беру желiлерiн, жерасты және суасты кәбіл желiлерiн, трансформаторлық және өзгертушi қосалқы станцияларды, бөлiп таратқыш құрылғылар мен ауыстырып қосқыш пункттерді) бүлдiру -
жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз етуде iркілiс туғызған және залал келтiрген, сол сияқты бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз етуде iркілiс туғызған және залал келтiрген, сол сияқты бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – тоқсан, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
290-бап. Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия
көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасын
бұзу
1. Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасында белгіленген тиісті білікті энергия өндіруші ұйымдар өндіретін электр энергиясын сатып алу міндетін орындамау және (немесе) тиісінше орындамау, -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін электр немесе жылу желілеріне қосудың ең жақын нүктесін анықтаудың және оларды қосудың тәртібі мен мерзімін бұзу түрінде жасалған Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасын бұзу, -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік шара қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
291-бап. Жылу желiлерiн бүлдiру
Жылу желiлерiн (құбырлар мен олардың конструкцияларын, арналарды, жылу камераларын, сорап станцияларын) бүлдiру, егер бұл әрекет адамдардың денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтiрудiң нақты қатерiне соқтырмаса, -
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
292-бап. Электр мен жылу желiлерi жолдарының, газбен жабдықтау
жүйелері объектілерінің күзет аймақтарында жұмыстар
жүргiзу
Қарамағында электр немесе жылу желiлерi не газбен жабдықтау жүйелерінің объектілері бар ұйымдардың келiсiмiнсiз, электр мен жылу желiлерi жолдарының, газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтарында құрылыс, монтаждау, жер қазу, тиеу-түсiру жұмыстарын, ұңғымалар мен шурфтардың құрылысына байланысты iздестiру жұмыстарын жүргiзу, алаңдарды, автомобиль көлiгi тұрақтарын жайластыру, базарларды орналастыру, материалдарды қоймаға жинау, қоршаулар мен дуалдар соғу, күйдiргiш коррозиялы заттар мен жанар-жағармай материалдарын шығарып тастау мен төгу, –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
293-бап. Газ пайдалану жөніндегі талаптарды, газбен жабдықтау
жүйелері объектілерін пайдаланудың қауіпсіздігін бұзу
1. Тұтынушылардың Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында белгіленген тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық газ тұтыну жүйелерін және газ жабдықтарын пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бұзуы, –
жеке тұлғаларға – жеті, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер, –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Газ тұтыну жүйесіне тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын беруді өз бетінше қайта қосу –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Тұтынушылардың Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында белгіленген тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық газ тұтыну жүйелерін және газ жабдықтарын пайдалануды қоспағанда, газбен жабдықтау жүйелері объектілерін пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бұзуы, –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың төртiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер, –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
294-бап. Резервтiк отын шаруашылығының дайындығын қамтамасыз
етуге шаралар қолданбау
Өнеркәсіптік және (немесе) коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар үшiн көзделген резервтiк отын шаруашылығының жұмысқа дайындығын қамтамасыз ету шараларын қолданбау немесе өнеркәсіптік және (немесе) коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерін резервке қойылған отын түрлерiмен жұмыс iстеуге дайын болмауы, -
ескерту жасауға немесе жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
295-бап. Мұнай-газ құбырлары мен олардың жабдықтарын зақымдау
1. Мұнай-газ құбырлары мен олардың жабдықтарын зақымдау немесе аспаптарды заңсыз орнату, ауыстыру, желіге қосу, сондай-ақ оларды пайдалану қағидаларын аварияға себеп болуы мүмкін өзге де бұзушылықтар, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса -
жеке тұлғаларға - он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - жиырма бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
296-бап. Құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде
аумақтарды бүлдiру
Тиiстi рұқсатсыз аулаларды, көшелер мен алаңдарды қазу, оларға құрылыс материалдарын үйiп тастау, қазылған жердi, сондай-ақ құрылыс алаңдарын құрылыс пен жөндеу аяқталғаннан кейiн тәртiпке келтiруге шаралар қолданбау, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
19-тарау. Ғарыш қызметі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
297-бап. Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласындағы
заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласындағы заңнамасын:
1) ғарыш қызметі саласындағы салалық сараптаманың оң қорытындысы жоқ ғарыш қызметі саласындағы жобаны іске асыру;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің ғарыш объектісін ұшыру туралы оң шешімінсіз ғарыш объектісін Қазақстан Республикасының аумағынан ұшыру, сондай-ақ оны ғарыш қызметіне қазақстандық қатысушы жүзеге асырған жағдайда, одан тыс жерде ұшыру;
3) ғарыш объектісін мемлекеттік тіркеуден жалтару,
4) адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіру;
5) қоршаған ортаға жағымсыз әсер ету үшін ғарыш техникасы және (немесе) аспан денелерін пайдалану;
6) ғарыш кеңістігін ластау бойынша халықаралық нормалар мен стандарттарды бұзу түрінде жасалған бұзу, –
ғарыш кеңістігін пайдалану аясындағы қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданысын алты айға тоқтата отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға – жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік) –
лицензиядан айыруға әкеп соғады.
298-бап. Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ғарыш
кеңістігінде ғарыш жүйелерін жасау және оны пайдалану
(қолдану)қағидаларын бұзу
Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ғарыш кеңістігінде пайдаланушы персоналға, халыққа, ғарыш жүйесіне, түйіндес объектілерге, қоршаған ортаға және жер айналасы кеңістігіне нәтижелері өндірістік қызметтің қауіпті және зиянды факторларының ықтимал шекті мәнін асыруға әкеп соққан ғарыш жүйесін пайдалануда байқалған ғарыш жүйелерін жасау және оны пайдалану (қолдану),
ғарыш кеңістігін пайдалану аясындағы қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданысын алты айға тоқтата отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықтарды ғарыш кеңістігін пайдалану аясындағы қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру мерзімі аяқталғаннан кейін жоймау -
лицензиядан айыруға әкеп соғады.
20-тарау. Сәулет-құрылыс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
299-бап. Сәулет-құрылыс қызметi саласында заңнама мен мемлекеттiк нормативтердiң талаптарын бұза отырып, жобалау алдындағы, iздестiру, жобалау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау, құрылыс материалдарын, бөлшектерi мен құрастырмаларын шығару мен қолдану
1. Сәулет-құрылыс қызметi саласында заңнама талаптарын бұза отырып, жобалау алдындағы, iздестiру, жобалау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау, құрылыс материалдарын, бөлшектерi мен құрастырмаларын шығару, қолдану, -
лауазымды адамдарға – қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
қызметтiң тиiстi түрiне берiлген лицензиядан айыра отырып, лауазымды адамдарға – жетпіс, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – тоғыз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
300-бап. Құрылыс-монтаждау және жөндеу-қалпына келтiру
жұмыстарын жүргiзу кезiнде бекiтiлген құрылыс
нормаларының және жобалау құжаттарының талаптарын
бұзу
1. Құрылыс-монтаждау және жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде ғимараттардың, құрылыстардың, олардың бөлiктерiнiң немесе жекелеген құрастырмалы элементтерiнiң пайдаланылу сапасын нашарлатуға, берiктiгiн, орнықтылығын төмендетуге әкеп соқтыратын бекiтiлген құрылыс нормаларының және жобалау құжаттарының талаптарын бұзу, -
лицензияның қолданысын тоқтата отырып, лауазымды адамдарға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ғимараттардың айлық есептiк көрсеткiштiң, құрылыстардың, олардың бөлiктерiнiң немесе жекелеген құрастырмалы элементтерiнiң берiктiгiн, орнықтылығын жоғалтуға әкеп соқтыратын осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген iс-әрекеттердi жасау, -
қызметтiң тиiстi түрiне берiлген лицензиядан айыра отырып, лауазымды адамдарға – жиырма бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
301-бап. Белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау
құжаттамасынсыз объектiлердi тұрғызу және
реконструкциялау кезiнде құрылыс, құрылыс-монтаждау,
жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу
1. Белгiленген тәртiпте бекiтiлген жобалау құжаттамасынсыз объектiлердi тұрғызу және реконструкциялау кезiнде құрылыс, құрылыс-монтаждау, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу, -
жүргiзiлiп жатқан жұмыстарды тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет, -
лицензиядан айыра отырып және жүргiзiлiп жатқан жұмыстарды тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
302-бап. Объектiлердi тұрғызу және реконструкциялау, құрылыс
материалдарын, бұйымдар мен құрастырмалар дайындау
бойынша құрылыс-монтаждау, жөндеу-қалпына келтiру
жұмыстарын жүргiзу кезiнде нормативтiк құжаттарда
көзделген атқарушы техникалық құжаттамаларды ресiмдеу
қағидаларын бұзу
Объектiлердi тұрғызу және реконструкциялау, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен құрастырмалар дайындау бойынша құрылыс-монтаждау, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде нормативтiк құжаттарда көзделген атқарушы техникалық құжаттамаларды ресiмдеу қағидаларын бұзу, -
ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
303-бап. Объектілерді және олардың кешендерін жобалау (жобалау-
сметалық) құжаттамасынсыз не белгiленген тәртiппен
сараптамадан өткiзiлмеген жобалау (жобалау-сметалық)
құжаттамасы бойынша салу (реконструкциялау, қалпына
келтіру, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру,
жаңғырту, күрделi жөндеу)
1. Объектілерді және олардың кешендерін сараптама жүргізу талап етілетін, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынсыз не белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлмеген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша салу (реконструкциялау, қалпына келтіру, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделi жөндеу) –
жеке тұлғаларға – алпыс, лауазымды адамдарға – сексен, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз тоқсан, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет, сол сияқты осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықты жоймау –
жұмыстарды тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – сексен, лауазымды адамдарға – жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
304-бап. Сараптамалық жұмыстарды және инжинирингтiк қызметтер
көрсетудi жүзеге асырған кезде Қазақстан
Республикасының заңнамасын бұзу
1. Авторлық қадағалаудың орындалған (орындалатын) құрылыс-монтаждау жұмыстарының бекітілген жобалық шешімдерге сәйкес келмеуіне жол беруі –
жеке тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Тұрғызылып жатқан не тұрғызылған объектілердің орнықтылығын, сенімділігі мен беріктігін қамтамасыз етпейтін жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына немесе жобалау үшін қажетті бастапқы рұқсат беру құжаттарынсыз сараптаманың (сараптамалық бағалаудың) оң қорытындысын беру –
жеке тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Техникалық қадағалаудың орындалған жұмыстардың сапасын, мерзімін, қабылдануын және объектінің пайдалануға берілуін қоса алғанда, жобаны іске асыру сатысында бұзушылықтарға жол беруі –
жеке тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік) –
сараптамалық жұмыстарды және инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыру құқығына берілген сарапшы аттестатынан айыра отырып, жеке тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
305-бап. Объектiлер мен кешендердi пайдалануға берудiң
белгiленген тәртiбiн бұзу
Сәулет-құрылыс қызметi саласындағы мемлекеттiк нормативтер талаптарын бұза отырып, объектiлер мен кешендердi пайдалануға берудiң белгiленген тәртiбiн бұзу -
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға - он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
306-бап. Заңсыз құрылыс
Өндiрiстiк, тұрғын, шаруашылық, гидротехникалық (су шаруашылығы) немесе тұрмыстық объектiлердi жерге тиісті құқықсыз заңсыз салу –
қызметін немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
307-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік
қатысу туралы заңнамалық актісінің талаптарын бұзу
1. Құрылыс салушының, жобалау компаниясының Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамалық актісінің құрылыс салушы, жобалау компаниясы туралы және құрылыс объектісі туралы ақпараттың мазмұнына қоятын талаптарын, сондай-ақ оны тарату тәртібін бұзуы не құрылыс салушының, жобалау компаниясының дәл емес, толық емес немесе жаңылыстыратын ақпаратты таратуы –
заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына құрылыс салушының, жобалау компаниясының Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мәліметтер мен есептілікті табыс етпеуі не олардың дәйексіз мәліметтер мен есептілікті табыс етуі –
заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, құрылыс салушы әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған іс-әрекеттер (әрекетсіздік) –
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, жобалау компаниясы әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), сол сияқты осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жауапқа тартуға әкеп соққан бұзушылықтарды жоймау –
үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензияның қолданылуын үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға әкеп соғады.
308-бап. Құрылысты техникалық және авторлық қадағалаумен қатар
жүргізбей жүзеге асыру
Құрылысты техникалық және авторлық қадағалауларды қатар жүргізбей жүзеге асыру –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – сексен, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жүз,орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне– жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
309-бап. Үй-жайларды заңсыз қайта жабдықтау және қайта
жоспарлау
1. Бар ғимараттардағы үй-жайларды және тұрғын емес үй-жайларды сәулет-құрылыс жобасынсыз және сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінің тиісті шешімінсіз заңсыз қайта жабдықтау және қайта жоспарлау, -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ғимарат берiктiгiнiң және орнықтылығының толық жойылуына (қирауына) әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкiн нақ сол iс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - жиырма бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - алпыс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертулер.
1. Ғимараттар, құрылғылар, құрылыстар, олардың бөлiктерi немесе жекелеген құрастырма элементтерi берiктiгiнiң, орнықтылығының, сенiмдiлiгiнiң кемiп кетуiне және жойылуына, тұрғызылатын объектiлердi пайдалану сапасының нашарлауына, қоршаған ортаға керi әсер етуiне әкеп соғатын аумақтағы қала құрылысын салу кезiнде аумақты игеру, объектiлердi және кешендердi жобалау, салу, реконструкциялау, қалпына келтiру, жаңғырту, күрделi жөндеу және абаттандыру кезiндегі техникалық регламенттерді қоспағанда, құрылыс нормалары мен қағидаларының мiндеттi талаптарының сақталмауы, сондай-ақ объектiлер құрылысының және оларды пайдалануға қабылдаудың белгiленген ұйымдастыру-құқықтық тәртiбiн бұзатын iс-әрекеттер құрылыс саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп түсініледі.
2. Материалдың, құрастырманың, бұйымдарының, олардың түйiскен тораптарының ғимараттың және құрылыстың негiз болатын топырақ қабатының бүлiнбей төтеп беру қабiлетi, ауыртпалық пен әсердің есептік мәні берiктiк деп түсініледі.
3. Ғимараттың, құрылыстың есептiк – әсерлер ету мен ауыртпалық түсуіне орай орнықты тепе-теңдiк күйiн сақтауы орнықтылық деп түсініледі.
4. Ғимараттың, құрылыстың, оның инженерлiк жүйелерiнiң, салмақ түсетін және қоршау құрастырмаларының нормаланатын көрсеткiштер мәндерiмен айқындалған мiндеттердi атқару қабiлетi сенiмдiлiк деп түсініледі.
5. Ғимараттар мен құрылыстар салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға, күрделi жөндеуге және жұмыстардың басқа да түрлерiне арналған жобалау алдындағы (құрылысқа инвестиция негiздемелерi, техникалық-экономикалық негiздемелер) және жобалау құжаттары (жоба, жұмыстық жоба және жобалардың басқа да түрлерi) бойынша жүргiзiлетiн жұмыстар жобалау жұмыстары деп түсініледі.
310-бап. Белгiленген тәртiппен пайдалануға енгiзiлмеген
объектiлер мен кешендердi пайдалану
Құрылысы аяқталған, бiрақ белгiленген тәртiппен пайдалануға енгiзiлмеген объектiлердi, кешендердi немесе олардың жекелеген бөлiктерiн пайдалану (тұру, қызмет көрсету, кiрiс алу мақсатында өнiм өндiру) -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
21-тарау. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды
пайдалану Саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
311-бап. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi санитариялық- эпидемиологиялық және экологиялық талаптарды бұзу
1. Осы баптың 405-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегі санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарды, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қоршаған ортаға келтiрген зиян сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Лауазымды адамдардың қоршаған ортаны қорғау жөнiндегі санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптардың белгіленген нормаларын арттыруға немесе төмендетуге нұсқау немесе рұқсат беруi -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
312-бап. Өндiрiстiк экологиялық бақылауды жүргiзу талаптарын
бұзу
Өндiрiстiк экологиялық бақылауды жүргiзу талаптарын бұзу -
жеке тұлғаларға - жиырма бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - алпыс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
313-бап. Экологиялық рұқсатта көрсетілген табиғат пайдалану
шарттарын орындамау
1. Экологиялық рұқсатта көрсетілген табиғат пайдалану шарттарын орындамау -
лауазымды адамдарға - он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер -
лауазымды адамдарға - отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Халықтың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қатер төндірумен қоршаған ортаға аса ірі нұқсан келтірумен ұштасқан, осы баптың бірінші бөлігінде жасалған іс-әрекеттер -
экологиялық рұқсат етілген әрекеті тоқтатыла тұрып не онсыз лауазымды адамдарға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Жеке және заңды тұлғалардың экологиялық рұқсат етілген әрекетін тоқтата тұру жөніндегі бұзушылықты белгіленген мерзімде жоймау –
экологиялық рұқсаттан айыруға әкеп соғады.
Ескерту: Егер табиғат пайдаланушыға экологиялық рұқсат бірнеше өндірістік объектілерге берілген жағдайда, экологиялық рұқсаттың қолданылуы табиғат пайдаланушының табиғат пайдалану шарттарын орындамауға жол берген объектісі бойынша жойылады.
314-бап. Ластаушы заттардың өндiрiстiк нормадан тыс тасталуы
мен шығарылуы, қалдықтарды орналастыру туралы
хабарламау
Қоршаған ортаны қорғауды және табиғат қорғау және санитариялық-эпидемиологиялық заңдарының орындалуын мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын органдарға ластаушы заттардың өндiрiстiк нормадан тыс тасталуы мен шығарылуы, қалдықтарды орналастыру және қоршаған ортаға басқа да зиянды апаттық әсерi туралы хабарламау немесе бұрмаланған ақпарат беру -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
315-бап. Қоршаған ортаға экологиялық рұқсатта белгiленген
эмиссиялар нормативтерiнiң асып кетуi не экологиялық
рұқсаттың болмауы
Қоршаған ортаға жобалау құжаттамасынсыз және (немесе) экологиялық рұқсатта белгiленген эмиссиялар нормативтерiнiң асып кетуi не экологиялық рұқсаттың болмауы, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне эмиссиялар көлемiн асырып жiбергенi үшiн қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлем мөлшерлемесінің бiр мың процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
316-бап. Парниктік газдар шығарындыларына квотаның белгіленген
көлемінен асып түсу
Парниктік газдар шығарындыларына квотаның белгіленген көлемінен асып кету -
заңды тұлғаларға басқа табиғат пайдаланушылардан сатып алынған квоталардың бірліктерімен және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жобаларды іске асыру нәтижесінде алынған көміртегі бірліктерімен өтелмеген, квотаның белгіленген көлемінен асатын әрбір бірлігі үшін он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
317-бап. Аккредиттелген тәуелсіз ұйымдардың парниктік газдарды
түгендеу, верификация және валидация (детерминация)
туралы дәйексіз деректерді ұсынуы
Аккредиттелген тәуелсіз ұйымдардың парниктік газдарды түгендеу, верификация және валидация (детерминация) туралы дәйексіз деректерді ұсынуы -
аккредиттеу туралы куәліктің қолданысы тоқтатыла тұрып,шағын кәсіпкерлік субъектілеріне- жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
318-бап. Атмосфераға шығарылған қалдықтарды тазалауға және
сарқынды суларды ағызуға арналған жабдықтарды
пайдалану қағидаларын бұзу, сондай-ақ жабдықтарды
пайдаланбау
Атмосфераға шығарылған қалдықтарды тазалауға және сарқынды суларды ағызуға арналған жабдықтарды пайдалану қағидаларын бұзу, сондай-ақ жабдықтарды пайдаланбау, -
жеке тұлғаларға - он,шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
319-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы мiндеттi түрде
өткiзу туралы заңнама талаптарын орындамау
Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы мiндеттi түрде өткiзу туралы заңнама талаптарын немесе мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысында көрсетілген талаптарды орындамау, сол сияқты мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткiзiлмеген жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
320-бап. Шығарындыларындағы ластаушы заттар нормативтерден асып
кететiн көлiк және басқа да жылжымалы құралдарды
шығару
1. Шығарындыларындағы ластаушы заттар, сондай-ақ олардың жұмыс iстеуi кезiнде шығатын шудың деңгейi белгiленген нормативтерден асып кететiн автомобильдердi, ұшақтарды, кемелердi және басқа да жылжымалы құралдарды және қондырғыларды пайдалануға шығару -
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет,
қызметiн тоқтата тұрып немесе оған тыйым салып не онсыз лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
321-бап. Шығарындыларында ластаушы заттар нормативтен асып
кететiн автомотокөлiктер мен басқа да жылжымалы
құралдарды пайдалану
1. Шығарындыларында ластаушы заттар, сондай-ақ жұмыс iстеуi кезiнде шығаратын шудың деңгейi белгiленген нормативтерден асатын автомотокөлiктердi және басқа да жылжымалы құралдар мен қондырғыларды жеке тұлғалардың пайдалануы -
жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе екi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер -
жеке тұлғаларға бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
322-бап. Атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi заңнаманы бұзу
1. Атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi талаптарға сәйкес келмейтiн жаңа және реконструкцияланған кәсiпорындарды, құрылыстарды және басқа да объектiлердi пайдалануға қабылдау -
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi талаптарға сәйкес келмейтiн жаңа және реконструкцияланған кәсiпорындарды, құрылыстарды және басқа да объектiлердi пайдалану -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
323-бап. Өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарды жинау мен жағу
кезiнде атмосфералық ауаны қорғау және өрт
қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды сақтамау
Өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарды жинау қағидаларын бұзу, аталған қалдықтарды жағу кезiнде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды сақтамау -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - үш, лауазымды адамдарға - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жүз жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
324-бап. Жердi бүлдiру
1. Сату немесе оны басқа адамдарға беру мақсатымен топырақтың құнарлы қабатын жою немесе заңсыз алу, бұлай алу топырақтың құнарлы қабатының бiржола жоғалуын болдырмау үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сақтау, пайдалану немесе тасымалдау кезiнде улы химикаттармен, тыңайтқыштармен, өсiмдiктердiң өсуiн күшейткіштермен және өзге де қауiптi химиялық, биологиялық және радиоактивтi заттармен жұмыс iстеу қағидаларын бұзу салдарынан шаруашылық немесе өзге де қызметтiң зиянды өнiмдерiмен жердi улау, ластау немесе өзге де бүлдiру, сол сияқты, бiрақ адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян тигiзуге әкеп соқпаған, бактериялық-паразиттiк немесе ерекше зиянды организмдермен ластау, -
жеке тұлғаларға - он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
325-бап. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi тиiмсiз пайдалану
немесе пайдаланбау
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi тиiмсiз пайдалану немесе пайдаланбау -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
326-бап. Жер учаскелері меншік иелерінің және жер
пайдаланушылардың жер учаскелерін пайдалану жөніндегі
міндеттерін орындамауы
1. Жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың:
1) жерді нысаналы мақсатында пайдаланбау;
2) жер қатынастары саласындағы заңнамалық актілерде көзделген жерлерді қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырмау;
3) уақытша иеленген жерді мақсатына орай одан әрі пайдалану үшін жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді орындамау түрінде жер учаскелерін пайдалану жөніндегі міндеттерді орындамауы -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсіздік) -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
327-бап. Уақытша иеленген жерді мақсатына орай одан әрі
пайдалану үшін жарамды күйге келтіру жөніндегі
міндеттерді орындамау
Уақытша иеленген жерді мақсатына орай одан әрі пайдалану үшін жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді орындамау -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жүз он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
328-бап. Тұрғын үй салу үшiн жер учаскелерi, арнайы жер қоры
бар екендiгi туралы ақпаратты жасыру
Жеке тұрғын үй салу үшiн жер учаскелерi, арнайы жер қоры бар екендiгi туралы ақпаратты жасыру, оны бұрмалау, жер учаскелерiн бөлуден негiзсiз бас тарту -
жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдарына он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
329-бап. Жердi мемлекеттiк тiркеу, есепке алу және бағалау
мәлiметтерiн бұрмалау
Жердi мемлекеттiк тiркеу, есепке алу және бағалау мәлiметтерiн қасақана бұрмалау -
лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
330-бап. Қазақстан Республикасының геодезия және картография
саласындағы заңнамасын бұзу
1. Геодезиялық және картографиялық жұмыстарды:
геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін, меншік немесе жалға алынған салыстырып тексерілген аспаптар, жабдықтар және құрал-саймандар жиынтығы не зауыттық нөмірі көрсетілген салыстырып тексерілген аспаптар, жабдықтар және құрал-саймандар жиынтығы бар ұйыммен жасалған қызмет көрсетуге арналған шарт;
штатында геодезия және (немесе) картография саласында жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімі бар маман болмаған кезде жүзеге асыру –
жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет –
жеке тұлғаларға - елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
331-бап. Өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс iстеу,
сарқынды суды ағызып жiберу талаптарын бұзу
Өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс iстеу, сондай-ақ сарқынды суды ағызып жiберу талаптарын бұзу -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға -он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
332-бап. Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі
қағидаларды бұзу
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі қағидаларды бұзу -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
333-бап. Көмірсутек шикізатын қоспағанда, жер қойнауын
пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған
жобалық құжаттар көрсеткіштерін сақтамау
Көмірсутек шикізатын қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған жобалық шешімдерді сақтамау –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
334-бап. Жер қойнауын пайдалану және минералды шикiзатты қайта
өңдеу кезiнде экологиялық нормалар мен қағидаларды
бұзу
Жер қойнауын пайдалану және минералды шикiзатты қайта өңдеу кезiнде экологиялық нормалар мен қағидаларды бұзу, егер бұл әрекет елеулi залал келтiруге әкеп соқпаса -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
335-бап. Пайдалы қазбалар қорларына мемлекеттік сараптама
жүргізбей өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу
Пайдалы қазбалар қорларына мемлекеттік сараптама жүргізбей өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
336-бап. Минералды шикiзатты өндiру мен қайта өңдеудi есепке
алу жөнiндегi бастапқы және мемлекеттiк есептілікті
бұрмалау
Минералды шикiзатты өндiру мен қайта өңдеудi есепке алу жөнiндегi бастапқы және мемлекеттiк есептілікті бұрмалау -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
337-бап. Негізгі және солармен бірге тереңде жатқан пайдалы
қазбалар мен ілеспе құрам бөліктердің, оның ішінде кен
орнын қазу кезінде минералдық шикізаттың қайта
өңделген өнімдері мен өндіріс қалдықтарының алынатын
және жер қойнауында жойылатын қорларының дәйекті
есебін қамтамасыз етпеу
1. Негізгі және солармен бірге тереңде жатқан пайдалы қазбалар мен ілеспе құрам бөліктердің, оның ішінде кен орнын қазу кезінде минералдық шикізаттың қайта өңделген өнімдері мен өндіріс қалдықтарының алынатын және жер қойнауында жойылатын қорларының дәйекті есебін қамтамасыз етпеу –
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
338-бап. Өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын есепке алу, кәдеге
жарату және залалсыздандыру қағидаларын бұзу
Өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын есепке алу, кәдеге жарату және залалсыздандыру қағидаларын бұзу -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
339-бап. Кен қазбалары мен бұрғылау ұңғымаларын олардың
сақталуын және халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз
ететiндей күйге келтiру талаптарын бұзу
Маркшейдерлiк құжаттаманы жоғалту, таратылған немесе консервацияланған кен қазбалары мен бұрғылау ұңғыларын халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiндей күйге келтiру жөнiндегi талаптарды, сондай-ақ консервациялау кезінде кен қазбалары мен бұрғылау ұңғымаларын сақтау жөнiндегi талаптарды бұзу -
лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
340-бап. Жер қойнауын пайдалану объектiлерiн тарату мен
консервациялау жөнiндегi талаптарды бұзу
Жер қойнауын пайдалану объектiлерiн тарату мен консервациялау жөнiндегi талаптарды бұзу, -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
341-бап. Жер қойнауын қорғауды мемлекеттiк бақылау органдарына
минералды шикiзатты пайдалану туралы ақпарат беруден
бас тарту немесе жалтару
Жер қойнауын қорғауды мемлекеттiк бақылау органдарына жер қойнауын пайдаланудың, өндiрiлген және қайта өңделген минералды шикiзаттың жай-күйi туралы уақтылы, толық және дәйекті ақпарат беруден бас тарту немесе жалтару -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - алты, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
342-бап. Лауазымды адамдардың жер қойнауы және минералды
шикiзатты қайта өңдеу туралы заңдардың бұзылуына әкеп
соғатын нұсқаулар немесе рұқсаттар беруi
Лауазымды адамдардың жер қойнауы және минералды шикiзатты қайта өңдеу туралы заңнаманың бұзылуына әкеп соғатын нұсқаулар немесе рұқсаттар беруi -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
343-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргiзу
қағидаларын бұзу
1) Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргiзу қағидаларын, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттардың талаптарын бұзу, -
2) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдарға - алпыс бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттардың қоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiндегi экологиялық талаптары мен шарттарын орындамау -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - алпыс бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
344-бап. Табиғат пайдалану жөнiндегi заңсыз мәмiлелердi тiркеу
Табиғат пайдалану жөнiндегi көрiнеу заңсыз мәмiлелердi тiркеу, табиғи ресурстарды мемлекеттiк есепке алу мен мемлекеттiк жер кадастрларының деректерiн бұрмалау, сол сияқты табиғи ресурстарды пайдаланғаны, қоршаған ортаны ластағаны, табиғи ресурстарды қорғағаны және молықтырғаны үшiн төлемдi қасақана төмендету, егер бұл әрекеттердi лауазымды адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып, пайдакүнемдік немесе өзге де жеке мүддесi үшiн жасаса, –
бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.
345-бап. Су ресурстарын қорғау қағидаларын бұзу
1. Судың ластануын және қоқымдануын немесе оның зиянды әсерiн болдырмайтын құрылыстар мен құрылғыларсыз кәсiпорындарды, коммуналдық және басқа да объектiлердi iске қосу, -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Суды ластанудан, қоқымдануын және сарқылудан қорғауды, сондай-ақ су режимi жай-күйiнiң жақсаруын қамтамасыз ететiн гидротехникалық, технологиялық, орман-мелиорациялық, санитариялық және басқа да iс-шараларды жүргiзбеу -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
346-бап. Су шаруашылығы құрылыстарын, құрылғыларын және сумен
жабдықтаудың өртке қарсы жүйелерiн зақымдау, оларды
пайдалану қағидаларын бұзу
1. Су шаруашылығы құрылыстары мен құрылғыларын, суды тұтыну мен ағызуды есепке алуға арналған өлшем құралдарын, сондай-ақ сумен жабдықтаудың өртке қарсы жүйелерiн зақымдау, -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Су шаруашылығы құрылыстары мен құрылғыларын пайдалану қағидаларын бұзу -
лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
347-бап. Су қорғау аймақтарында және су объектілері
белдеулерінде заңсыз құрылыс салу
1. Ғимараттарды, құрылыстарды және басқа да объектiлердi су қорғау аймақтарында және белдеулерінде заңсыз салу, сондай-ақ өзеннің табиғи арнасын заңсыз өзгерту –
жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Су ұңғымасын заңсыз бұрғылау және жер асты суларының су жинау құрылыстарын салу -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
348-бап. Судың бастапқы есебiн жүргiзу және оны пайдалану
қағидаларын бұзу
Судың бастапқы есебiн жүргiзу және оны пайдалану қағидаларын бұзу -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
349-бап. Су ресурстарын есепке алу мен есептілік деректерiн
бұрмалау
Су кадастрын есепке алу мен есептілік деректерiн, су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемаларын бұрмалау, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде табыс етпеу -
лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
350-бап. Су ресурстарын реттеуге кедергi жасау
Су ресурстарын кешендi пайдалану, экология және су бөлу мүдделерiне орай оларды реттеуге кедергi жасау, -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
351-бап. Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу
1. Ортақ су пайдалану қағидаларын: тыйым салынған жерлерде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзетін құралдарда жүзу;
жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдаланудағы су объектілеріне халықтың кіруін қоршаулар, күзет бекеттерін, тыйым салатын белгілер орнату жолымен шектеуі түрінде бұзу -
жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
жеке тұлғаларға – екі, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
352-бап. Белгіленген су сервитуттарын бұзу
1. Белгіленген су сервитуттарын бұзу –
жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
жеке тұлғаларға – екі, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
353-бап. Заңсыз тамырымен шабу, құрылыстар тұрғызу, сүректi
қайта өңдеу, орман қоры жерлерінде қоймалар тұрғызу
Заңсыз тамырымен шабу, құрылыстар тұрғызу, сүректi қайта өңдеу, орман қоры жерлерінде қоймалар салу -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
354-бап. Орманда өрт қауiпсiздiгi талаптары мен санитариялық
қағидаларды бұзу
1. Орманда өрт қауiпсiздiгi талаптары мен санитариялық қағидаларды бұзу-
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жүз елу айлық есептік мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Өрттiң шығуына, адамның денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтiруге әкеп соққан нақ сол әрекеттер, егер осы іс-әрекеттер ірі залал келтірмеген болса, -
жеке тұлғаларға – жиырма бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған iс-әрекеттер -
жеке тұлғаларға – жүз, лауазымда адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
355-бап. Кесiлетiн орман қорын пайдаланудың, сүректер дайындау
мен әкетудiң, шайыр мен ағаш шырындарын, екiншi
дәрежелi орман материалдарын алудың белгiленген
тәртiбiн бұзу
1. Кесiлетiн орман қорын пайдаланудың, сүректер дайындау мен әкетудiң, шайыр мен ағаш шырындарын, екiншi дәрежелi орман материалдарын алудың белгiленген тәртiбiн бұзу -
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған нақ сол iс-әрекеттер -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
356-бап. Орман қорының және ерекше қорғалатын табиғи
аумақтардың уақытша алынып отырған учаскелерiн қайтару
мерзiмдерiн бұзу
1. Мемлекеттiк орман қорының уақытша иеленiп отырған учаскелерiн қайтару мерзiмдерiн бұзу немесе оларды арналған мақсатта пайдалану үшiн жарамды күйге келтiру жөнiндегi мiндеттердi орындамау -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - үш, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған нақ сол iс-әрекеттер -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
357-бап. Шабындықтар мен жайылымдық жерлердi бүлдiру, сондай-ақ
орман қоры жерлерiнде заңсыз шөп шабу және мал жаю,
дәрiлiк өсiмдiктердi және техникалық шикiзатты жинау
1. Орман қоры жерлерiнде шабындықтар мен жайылымдық жерлердi бүлдiру, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға екi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Орманда және орман қоры жерлерiнде заңсыз шөп шабу және мал жаю -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Дәрiлiк өсiмдiктердi және техникалық шикiзатты бұған тыйым салынған немесе орман билетi бойынша ғана жiберiлетiн учаскелерде заңсыз жинау -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бiрiншi - үшiншi бөлiктерiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған iс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
358-бап. Ағашы кесiлген жерлерге және орманды қалпына келтiру
мен орман өсiруге арналған орман қорының басқа да
санаттағы жерлерiне ағаш отырғызудың тәртiбi мен
мерзiмдерiн бұзу
Ағашы кесiлген жерлерге және орманды қалпына келтiру мен орман өсiруге арналған орман қорының басқа да санаттағы жерлерiне ағаш отырғызудың тәртiбi мен мерзiмдерiн бұзу -
ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
359-бап. Орман фаунасын жою немесе зақымдау, сондай-ақ орманды
қалдықтармен, химиялық заттармен бүлдiру, ластау және
орман қоры жерiне өзге де залал келтiру
1. Орман фаунасын жою немесе зақымдау -
жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ормандардың қурап қалуына немесе ауруға шалдығуына не ластануына ұшырататын сарқынды сулармен, химиялық заттармен, өнеркәсiптiк және тұрмыстық төгiндiлермен, қалдықтармен және тастандылармен орманды бүлдiру -
жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Орман қоры жерiндегi орман құрғату жыраларын, дренаж жүйелерi мен жолдарды жою немесе бүлдiру -
жеке тұлғаларға бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бiрiншi - үшiншi бөлiктерiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған iс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
360-бап. Орманды пайдалануды рұқсат құжаттарында көзделген
мақсаттарға немесе талаптарға сәйкес келмейтiн ретпен
жүзеге асыру
1. Орманды пайдалануды рұқсат құжаттарында көзделген мақсаттарға немесе талаптарға сәйкес келмейтiн ретпен жүзеге асыру -
жеке тұлғаларға - үш, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған нақ сол iс-әрекеттер -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
361-бап. Орманның жай-күйiне және оны ұдайы молықтыруға зиянды
ықпал етуге әкеп соғатын объектiлердi салу және
пайдалану
1. Орманның жай-күйiне және оны ұдайы молықтыруға зиянды ықпал етуге әкеп соғатын объектiлердi салу және пайдалану -
жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүзайлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған нақ сол iс-әрекеттер -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
362-бап. Ағаш кесетiн жерлердi бөлiп берудің және бағасын
шығарудың белгiленген тәртiбiн бұзу
Ағаш кесетiн жерлердi бөлiп берудің және бағасын шығарудың белгiленген тәртiбiн бұзу -
ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
363-бап. Сүректi есептiк ағаш кесуден артық мөлшерде дайындауға
жол беру
Сүректi есептiк ағаш кесуден артық мөлшерде дайындауға жол беру –
лауазымды адамдарға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
364-бап. Пестицидтерді (улы химикаттарды) және басқа да
препараттарды заңсыз тасымалдау, сақтау және қолдану
1. Осы Кодекстің 415-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, пестицидтерді (улы химикаттарды) және қоршаған ортаны ластауға не жануарлар дүниесiне залал келтiруге әкеп соқтырған немесе соқтыруы мүмкiн басқа да препараттарды заңсыз тасымалдау, сақтау және қолдану -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған нақ сол iс-әрекеттер -
жеке тұлғаларға - он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
365-бап. Өсiмдiктер өсетiн жерлер мен жануарлардың тiршiлiк
ортасын Қорғау қағидаларын, зоологиялық коллекцияларды
жасау, сақтау, есепке алу және пайдалану қағидаларын
бұзу, сол сияқты жануарларды заңсыз қоныс аударту,
жерсiндiру, керi жерсiндiру мен шағылыстыру
1. Өсiмдiктер өсетiн жерлер мен жануарлардың тiршiлiк ортасын қорғау қағидаларын, жануарлардың өсiп-өну жағдайларын, орын ауыстыру жолдары мен шоғырланатын орындарын, зоологиялық және ботаникалық коллекцияларды жасау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын бұзу, сол сияқты жануарларды заңсыз қоныс аударту, жерсiндiру, керi жерсiндiру мен шағылыстыру -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - сегіз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он төрт, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған нақ сол iс-әрекеттер -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
366-бап. Елдi мекендердi, кәсiпорындарды және басқа да
объектiлердi орналастыру, жобалау мен салу, өндiрiс
процестерiн жүзеге асыру және көлiк құралдарын
пайдалану, өсiмдiк қорғау құралдарын, минералдық
тыңайтқыштарды және басқа да препараттарды қолдану
кезiнде өсiмдiктер мен жануарларды қорғау іс-шараларын
бұзу
Осы Кодекстің 415-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, елді мекендерді, кәсiпорындарды және басқа да объектiлердi орналастыру, жобалау мен салу, өндiрiс процестерiн жүзеге асыру және көлiк құралдарын пайдалану, өсiмдiк қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды және басқа да препараттарды қолдану кезiнде өсiмдiктер мен жануарларды қорғау іс-шараларын бұзу -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - сегіз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он төрт, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
367-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген
түрлерiнде жеке тұлғалардың болу тәртiбiн бұзу
Жеке тұлғалардың мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи саябақтардың, мемлекеттiк табиғи резерваттардың, мемлекеттiк табиғи саябақтардың аумақтарына арнайы рұқсатсыз және бару үшiн белгiленген орындардан тыс жерлерде болуы -
ескерту жасауға немесе екi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
368-бап. Селекциялық-гендiк мақсаттағы объектiлердi зақымдау
немесе жою
Селекциялық-гендiк мақсаттағы объектiлердi: артықшылығы бар ағаштарды, артықшылығы бар ағаштардың мұрағаттық клондарын, географиялық дақылдарды, популяциялар мен будандардың сынақ дақылдарын, орман тұқымдық плантациялардағы ағаштар мен бұталарды, тұрақты орман тұқымдық учаскелердегі ағаштар мен бұталарды, артықшылығы бар екпелердегі ағаштар мен бұталарды зақымдау немесе жою -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
369-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану талаптары мен аң аулау
қағидаларын бұзу
Қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ,жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және (немесе) аң аулау қағидаларын бұзу -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол бұзушылық –
жануарларды аулау құралдары, көлiк құралдары және аталған құқық бұзушылықты жасау құралдары болған өзге де заттары тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екi жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге аң аулау құқығынан айыруға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған iс-әрекеттер, -
әкімшілік құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралдары тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - жетпіс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге аң аулау құқығынан айыруға әкеп соғады.
370-бап. Балық аулау және балық ресурстарын және басқа да су
жануарларын қорғау қағидаларын бұзу
1. Қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ, балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың өзге де түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын бұзу -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер –
жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ, балық аулау қағидаларын, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, тыйым салынған мерзiмдерде, тыйым салынған құралдармен немесе тәсiлдермен, тыйым салынған жерлерде балық аулау), сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын өрескел бұзу -
әкімшілік құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет –
әкімшілік құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз жеке тұлғаларға - қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Балықтың су жинағыш құрылыстарына түсуінен қорғайтын арнайы аспаптарды орнатпай, балық шаруашылығы су қоймаларынан су алу -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
371-бап. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау,
өсімін ұдайы молықтыру және пайдалану саласындағы
заңнама талаптарын бұзу
Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін ұдайы молықтыру және пайдалану саласындағы заңнама талаптарын:
1) белгіленген нормативтерден асып кететін зиянды заттарды тастаға жол беру;
2) жаңа және реконструкцияланған объектілерді зиянды әсерді, сулардың ластануы мен қоқымдануын болдырмайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етпеу;
3) тазалау құрылыстары мен санитариялық-қорғау аймақтары жоқ мал шаруашылығы фермаларын және басқа да өндіріс кешендерін пайдалану;
4) мұнай, химия және басқа өнімдерді тасымалдау және сақтау үшін құрылыстар мен құрылғыларды судың ластауын болдырмауға арналған құралдармен жабдықтамай пайдалану;
5) су объектілерінің су жинағыш алаңдарында улы химикаттарды, тыңайтқыштарды қолдану;
6) су объектілеріне радиоактивті және уытты заттарды ағызу және көму;
7) тазалау құрылыстары жоқ және нормативтерге сәйкес тиімді тазалауды қамтамасыз етпейтін су объектілеріне өнеркәсіп, тамақ объектілерінің сарқынды суларын ағызу;
8) су объектілерінде және су шаруашылығы құрылыстарында қоршаған ортаға қатер төндіретін техника мен технологияларды қолдану;
9) су объектілеріне қатты, өндірістік, тұрмыстық және басқа да қалдықтарды тастау және көму;
10) су объектілерінің су жинау алаңдарын, су объектілерінің мұз қабатын, мұз айдындарын қатты, өндірістік, тұрмыстық қалдықтармен және шайып әкету су үсті объектілері сапасының нашарлауына алып келетін басқа да қалдықтармен ластану түрінде бұзу -
11) жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
372-бап. Аңшылық шаруашылығын жүргізу қағидаларын бұзу
Аңшылық шаруашылығын жүргізу қағидаларын:
1) аң аулау алқаптарында болуды заңсыз шектеу;
2) аң аулаудың тыйым салынған түрлерін, тәсілдерін және мерзімдерін қолдану;
3) бекітілген аң аулау алқаптарында және балық шаруашылығының су айдындарында жануарлар дүниесін қорғауды, ұдайы молықтыруды және пайдалануын ұйымдастыруды қамтамасыз етпеу түрінде бұзу, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға - үш, лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде үш және одан да көп рет қайталап жасалған iс-әрекеттер, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
373-бап. Жасыл желектердi күтiп-ұстау мен қорғау қағидаларын
бұзу
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлеген жасыл желектердi күтiп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзу –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
374-бап. Ағаш кесілген жерлерді ағаш қалдықтарынан уақтылы
тазартпау, соқпақтар мен ағаш кесілген жерлерге
іргелес аумақтарды ластау
1. Ағаш кесілген жерлерді ағаш қалдықтарынан уақтылы тазартпау, соқпақтар мен ағаш кесілген жерлерге іргелес аумақтарды ластау -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он екі, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған нақ сол әрекеттер -
жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
375-бап. Ағаш кесілген жерлерді өңдеу тәртібі мен мерзімдерін
бұзу
1. Ағаш кесілген жерлерді өңдеу тәртібі мен мерзімдерін бұзу -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он екі, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған нақ сол әрекет -
жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
376-бап. Жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың
бөліктерін немесе туындыларын заңсыз иемденіп алу,
өткізу, алып өту, әкелу, әкету, сақтау (ұстау).
1. Жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе туындыларын заңсыз иемденіп алу, өткізу, алып өту, әкелу, әкету, сақтау (ұстау) -
жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін және олардың өнімдерін тәркілей отырып,жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер –
жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін және олардың өнімдерін тәркілей отырып,жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жүз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
377-бап. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру және
берілген рұқсатты пайдалану тәртібін бұзу
1. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру тәртібін бұзу -
лауазымды адамдарға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсаттарды, мекендейтін ортадан жануарлар дүниесінің жыныс-жас құрамын (көрсетілген жағдайда) заңсыз алып қоюдан, алып қою мерзімдерінен, болжамды алып қойылатын учаскенің аумақтары мен шекараларынан, алып қою (аулау, атып алу, жинау) тәсілдерінен көрінген бұзушылық, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері жоқ болса, -
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он екі, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
378-бап. Берiлген лицензияның шарттарын заңсыз өзгерту, сол
сияқты теңiзде мұнай операцияларын жүргiзудiң
бекiтiлген тәртiбiн бұзу
Берiлген лицензияның шарттарын заңсыз өзгерту, сол сияқты теңiзде мұнай операцияларын жүргiзудiң бекiтiлген тәртiбiн бұзу -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
379-бап. Теңізде кеме қатынасына, балық аулауға кедергі
жасайтын және зиян келтіретін мұнай операцияларын
теңізде жүзеге асыру
1. Теңізде кеме қатынасына, балық аулауға кедергі жасайтын және зиян келтіретін мұнай операцияларын теңізде жүзеге асыру –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңындағы пайдалы қазбалар орындарының бүлiнуiне, адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiруге әкеп соғуы мүмкiн, жанды ресурстарға, теңiз флорасы мен фаунасына залал келтiруi не қызметтiң басқа да заңды түрлерiне кедергi жасауы мүмкiн су асты кабельдерiн немесе құбыр жолдарын Қазақстан Республикасының аумағына өз бетімен шығару немесе оларды Қазақстан Республикасының континенттік қайраңына төсеу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер -
құқық бұзушылық жасалған кеме мен құралдар тәркiлене отырып не онсыз шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
380-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында
теңiз ғылыми зерттеулерiн жүргiзу қағидаларын бұзу
1. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында қызметтiң заңды түрлерiне кедергi жасаған немесе жасауы мүмкiн, Қазақстан Республикасының рұқсатында немесе халықаралық шарттарында көзделген теңiз ғылыми зерттеулерiн жүргiзу қағидаларын бұзу не Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында теңiз ғылыми зерттеулерiнiң бағдарламаларын заңсыз өзгерту -
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер -
жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
381-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында
қалдықтар мен басқа да материалдарды көму қағидаларын,
сондай-ақ консервациялау және демонтаждау қағидаларын
бұзу
1. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген, Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында кемелердi және өзге де қалқымалы құралдарды, ұшатын аппараттарды, жасанды аралдарды, қондырғылар мен құрылыстарды, қалдықтар мен басқа да материалдарды көму қағидаларын, сондай-ақ пайдалы қазбалар орындарының бүлiнуiне, адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiруге, биологиялық ресурстарға, теңiз флорасы мен фаунасына залал келтiруге немесе қызметтiң басқа да заңды түрлерiне кедергi жасауға әкеп соғуы мүмкiн консервациялау және демонтаждау қағидаларын бұзу -
жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер-
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
382-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңын қорғау
органдары лауазымды адамдарының заңды талаптарын
орындамау
1. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңын қорғау органдары лауазымды адамдарының кеменi тоқтату туралы заңды талаптарын орындамау, сондай-ақ бұл лауазымды адамдардың өздерiне жүктелген өкiлеттiктердi жүзеге асыруына, оның iшiнде кеменi қарап тексеруiне кедергi жасау, -
жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер -
құқық бұзушылық жасалған кемесi мен құралдары, сондай-ақ алынған зерттеу нәтижелерi тәркiлене отырып не онсыз жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
383-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңындағы,
аумақтық суларындағы (теңізіндегі)және ішкі
суларындағы минералдық және биологиялық ресурстарды
заңсыз беру
1. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңындағы, аумақтық суларындағы (теңізіндегі) және ішкі суларындағы минералдық және биологиялық ресурстарды шетелдіктерге, басқа мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаларға не шет мемлекеттерге заңсыз беру -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне заңсыз берiлген минералдық және биологиялық ресурстар құнының жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет -
құқық бұзушылық жасалған кемесi мен құралдары, сондай-ақ алынған зерттеу нәтижелерi тәркiлене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне заңсыз берiлген минералдық және биологиялық ресурстар құнының екі жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
384-бап. Экологиялық аудит туралы заңнаманы бұзу
1. Мiндеттi экологиялық аудит жүргiзу туралы заңнама талаптарын орындамау -
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Экологиялық аудиторлардың (экологиялық аудиторлық ұйымдардың) көрiнеу дәйексіз экологиялық аудиторлық есеп жасауы -
жеке тұлғаларға – жетпіс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Тексерiлiп жатқан тұлғаның экологиялық аудит жүргiзiлу барысында дәйексіз экологиялық аудиторлық есеп жасауға әкеп соғатын көрiнеу дәйексіз немесе толық емес ақпарат беруi -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
385-бап. Бекіре тұқымдас балықтардың таңбалау тәртібін бұзып
таңбаланған уылдырығын не таңбаланбаған уылдырығын
өткізу
1. Бекіре тұқымдас балықтардың таңбалау тәртібін бұзып таңбаланған уылдырығын не таңбаланбаған уылдырығын өткізу –
таңбалау тәртібін бұзып таңбаланған уылдырықты не таңбаланбай өткізілетін уылдырықты тәркілей отырып жеке тұлғаларға – отыз бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – тоқсан, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, - таңбалау тәртібін бұзып таңбаланған уылдырықты не таңбаланбай өткізілетін уылдырықты тәркілей отырып жеке тұлғаларға – жетпіс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
386-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды
орындайтын және қызмет көрсететін жеке және заңды
тұлғалардың дәйексіз деректерді ұсынуы
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындайтын және қызмет көрсететін жеке және заңды тұлғалардың эмиссиялар нормативтерін, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды, өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы мен олар бойынша есептерді әзірлеу кезінде дәйексіз деректерді ұсынуы -
лицензияның қолданысын тоқтата тұрып не онсыз шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет -
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып не онсыз шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, қоршаған ортаға ірі залал келтіруге әкеп соққан не үш реттен артық жасалған әрекеттер, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
лицензиядан айыра отырып, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
22-тарау. Өсімдіктерді қорғау және өсімдіктер карантині,
астық нарығы мен астықты сақтау, мақта саласы, тұқым
шаруашылығы және мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық
бақылау мен қадағалау және асыл тұқымды мал шаруашылығы,
сондай-ақ азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру
қорларын қалыптастыру және пайдалану саласындағы әкімшілік
құқық бұзушылықтар
387-бап. Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині
саласындағы заңнамасын бұзу
1. Карантинге жатқызылған өнімдерді әкелуге қойылатын фитосанитариялық талаптарды және фитосанитариялық іс-шаралар жүргізуді:
1) Қазақстан Республикасының аумағына карантинге жатқызылған өнімдерге қойылатын фитосанитариялық талаптарға сәйкес келмейтін карантинге жатқызылға
2) н өнімді;
3) Қазақстан Республикасының аумағына экспорттаушы елдердің ұлттық карантиндік қызметінің фитосанитариялық сертификаттарынсыз карантинге жатқызылған фитосанитариялық тәуекелі жоғарғы өнім партиясын әкелу;
4) Қазақстан Республикасының аумағына кері экспорттаушы елдердің ұлттық карантиндік қызметінің кері фитосанитариялық сертификаттарынсыз карантинге жатқызылған фитосанитариялық тәуекелі жоғарғы өнім партиясын әкелу;
5) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы импорттық карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының фитосанитариялық талаптарын бұза отырып тасымалдауды жүзеге асыру;
6) карантинге жатқызылған өнімді тексеріп қарауға ұсынбау;
7) карантинге жатқызылған өнімді сақтау немесе қайта өңдеу жүзеге асырылатын қойма үй-жайларына жыл сайынғы профилактикалық зарарсыздандыру жүргізбеу;
8) отырғызылатын және тұқымдық материалдарды лабораториялық сараптама нәтижелері алынғанға дейін пайдалану;
9) отырғызылатын және тұқымдық импорттық материалдарды лабораториялық сараптама нәтижелері алынғанға дейін сақтау талаптарын сақтамау;
10) Қазақстан Республикасының аумағына азық-түліктік, жемшөп және техникалық мақсаттарда пайдалану үшін әкелінген дәндi, дәндi-бұршақ тұқымдас, майлы дақылдарды тұқымдық мақсатта пайдалану;
11) қалдықтарды міндетті түрде тазалай отырып, импорттық карантинге жатқызылған өнімді, сондай-ақ карантиндік аймақтан әкелінген карантинге жатқызылған өнімді тасымалдағаннан кейін көлік құралдарын тазаламау;
12) карантинге жатқызылған өнiмдi алып келе жатқан жолында немесе баратын межелі пунктiнде уәкілетті органның рұқсатынсыз басқа мекенжайға жіберу;
13) әкелінетін карантинге жатқызылған өнiмдi баратын межелі пунктiнде екінші қайталап карантиндік тексеріп қарау үшін ұсынбау;
14) карантиндік арамшөптермен қоқысталған тұқымдық немесе отырғызылатын материалды егу үшін пайдалану;
15) карантиндік объектілерден бос аймақта дайындалған карантинге жатқызылған өнiмнен карантиндік объектілер таралатын аймақта дайындалған карантинге жатқызылған өнiмдi сақтауды немесе тазартуды жүзеге асыру;
16) қызметі карантинге жатқызылған өнімді өндіруге, дайындауға, қайта өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және өткізуге байланысты егістіктерді, аумақтарды, қоймаларды жүйелі түрде зерттеуді қамтамасыз етпеу түрінде бұзу -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын карантинге жатқызылған өнімді әкелу, мемлекетішілік тасымалдау кезінде және өткізу кезінде:
1) Қазақстан Республикасының аумағына карантинге жатқызылған өнімді, сондай-ақ карантиндік объектілермен және бөгде түрлермен залалданған көлік құралдарын әкелу;
2) Қазақстан Республикасына карантинге жатқызылған өнімді әкелуге тыйым салуды немесе шектеуді бұзу;
3) карантинге жатқызылған өнімді карантиндік сертификатсыз облысаралық тасымалдауды жүзеге асыру;
4) карантиндік объектілермен залалданған карантиндік объектілерді өткізу;
5) Қазақстан Республикасының карантиндік аймағынан шығарылған карантинге жатқызылған өнімді алып бара жатқан жолда басқа мекенжайға жіберу;
6) ғылыми-зерттеу мақсатында әкелінетін кенелерді, нематодтарды және тірі жәндіктерді бірмезгілде дәндi, дәндi-бұршақ тұқымдас, жемшөптік, майлы, техникалық дақылдармен және оларды қайта өңдеу өнімдерімен, мәуелермен, көкөністермен, жемістермен және картоппен, отырғызылатын немесе тұқымдық материалмен, тірі гүлдердің және құмырада өсетін өсімдіктердің кесінділерімен, сүрек, буып-түю және бекітпе материалдармен тасымалдау;
7) карантиндік фитосанитариялық аймақтан карантиндік объектілермен залалданған карантинге жатқызылған өсімдіктерді әкетуге тыйым салу мен шектеулерді бұзу түріндегі бұзушылық –
карантинге жатқызылған өнімді зарарсыздандыру және қайта өңдеу мүмкін болмаған жағдайда, карантинге жатқызылған өнім тәркіленіп, жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
388-бап. Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын бұзу
1. Астықты экспорттау және импорттау кезінде астық сапасының тиісті паспорттарынсыз өткізу -
жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттік ресурстар астығын сақтайтын астық қабылдау кәсіпорындарының астықтың кез келген мөлшерін тиеп жөнелтуі және (немесе) көлік ұйымдарының астықты уәкілетті органмен алдын ала келіспей әкетуі, -
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Астық қабылдау кәсіпорындарының астықтың санды-сапалық есебін жүргізу қағидаларын; астық қолхаттарын беруді, олардың айналсын және өтелуін:
1) астық қабылдау кәсіпорындарына түсетін астықты тиісті түрде ресімдемеу;
2) астықты тазартуды, кептіруді тиісті түрде ресімдемеу;
3) астықты тиеп-жөнелтуді тиісті түрде ресімдемеу;
4) астықтың сандық-сапалық есебі кітабын тиісті түрде жүргізбеу;
5) астықтың есепке алынатын физикалық салмағын дұрыс айқындамау;
6) астық қолхатын беру мерзімдерін сақтамау;
7) астық қолхаты тізілімін дұрыс жүргізбеу;
8) қойма куәлігі бойынша құқықтарды беру тәртібін бұзу;
9) астық қолхатын өтеу мерзімін сақтамау;
10) астық қолхаттары бланкілерін сақтау мерзімдерін бұзу түріндегі бұзушылық -
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Астық қабылдау кәсіпорнының «Астық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында рұқсат етілген қызметті қоспағанда, астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызмет көрсетуге қатысты емес қызметті жүзеге асыруы, үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілдіктер беруі және (немесе) өз мүлкін кепілге беруі -
лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Астық қабылдау кәсіпорындарының астықтың сандық және сапалық көрсеткіштерін жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан да көп рет) бұрмалауы, олар құжаттамамен расталған жағдайда, -
лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Астық қабылдау кәсіпорнының негізгі құрал-жабдықтарсыз астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру толығымен мүмкін болмайтын не айтарлықтай нашарлайтын жағдайда оларды иеліктен шығаруы -
лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Лицензияның қолданысын тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін осы баптың төртінші, бесінші, алтыншы бөліктерінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықтарды жоймау -
лицензиядан айыра отырып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Агенттің астықты қайта өңдеу ұйымдарына ішкі нарықты реттеу мақсатында өткізген мемлекеттік өткізу және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығын олардың нысаналы пайдаланбауы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Отандық астық өндірушілердің мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндеттемені орындамауы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Астық қабылдау кәсіпорынын уақытша басқару кезінде уақытша басқару жөніндегі комиссия мүшелерінің немесе уақытша әкімшіліктің Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын бұзуы -
жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Астық қабылдау кәсіпорындардың астықты сақтау тәртібін, сондай-ақ олардың сандық және сапалық сақталуын қамтамасыз ететін іс-шараларды сақтамау; оның иеленушісінің белгіленген тәртіппен астық сынамасын іріктеуді қамтамасыз етпеуі; астықтың мемлекеттік ресурстарын басымдық тәртіппен қабылдануын, сақталуын және жөнелтілуін қамтамасыз етпеу -
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
389-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi
жүзеге асыру және қызмет көрсету кезiндегi бұзушылық
1. Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамасын бұза отырып, тұқымдарды өндiру, өткiзу және пайдалану жөнiндегi қызметтi:
1) карантиндік объектілермен залалданған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын егістік (отырғызу) үшін пайдалану;
2) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын, егер тұқымдар мемлекеттік сорттық сынаудан өтпеген сортқа жататын болса, егу(отырғызу) үшін пайдалану;
3) Қазақстан Республикасында пайдалануға жол берілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізілмеген немесе Қазақстан Республикасында перспективалы емес деп танылған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын егу (отырғызу) үшін пайдалану;
4) Аттестатталған элиталық тұқым өсiру және тұқым өсiру шаруашылықтарында сұрыптық және егістік сапалары бойынша сәйкес келмейтін тұқымдарды егу (отырғызу) үшін пайдалану;
5) егу сапасы бойынша сараптамадан өтпеген тұқымдарды егу (отырғызу) үшін пайдалану;
6) ауылшаруашылық дақылдары сұрыптық егiстерiнің байқауынан өтпеген тұқымдарды егу (отырғызу) үшін өткізу және пайдалану;
7) сұрыптарды жаңартуды және сұрыптарды ауыстыруды жүргізу тәртібі мен мерзімдерін бұзу;
8) элиталық тұқымдарды одан әрі өткізу мақсатымен олардың өндірісін қамтамасыз ету үшін сұрыптардың ерекше тұқымдарын және будандардың аталық нысандарын сатып алмау;
9) өз мұқтаждарына өткізілген және пайдаланылған тұқымдарды сандық, шығу тегі бойынша, олардың сұрыптық және егістік сапасын есепке алуды жүргізбеу
10) өз қаражаты есебінен ауылшаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының сақтандыру және өтпелі қорларын жасау түрінде белгiленген тәртiптi бұза отырып жүзеге асыру -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он жеті, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сұрыптық егістерін байқаудан өткізу жөнінде қызмет көрсететін байқаудан өткізушілердің, тұқым сарапшыларының және аттестатталған заңды тұлғалардың тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапаларын сараптауды бұзуы -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Аттестатталған жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ байқаудан өткізушілер мен тұқым сарапшыларының тұқым шаруашылығы саласындағы қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бұзуы -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
жеке тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға, аттестатталған тұлғаларға субъектiлердiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыру құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлiгiнен айыруға әкеп соғады.
390-бап. Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау
саласындағы заңнамасын бұзу
1. Фитосанитариялық есептiлiктi табыс етпеу, сол сияқты уақтылы табыс етпеу -
жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Зиянды организмдер санының зиян тигiзудiң экономикалық шегiнен артық дамуы мен таралуына әкеп соққан Фитосанитариялық бақылау объектілерінде фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзбеу -
жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыруды жүргізбеу және арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) тиiстi емес жағдайда:
1) пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардан босаған ыдыстарды залалсыздандыру үшін арнайы қоймалардың (көмінділердің) болмауы;
2) пестицидтерді (улы химикаттарды) берушілер (өндірушілер, импорттаушылар, сатушылар)әзірлейтін және ұсынатын жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардан босаған ыдыстарды залалсыздандыру әдістері мен технологиялары болмауы;
3) қауіптілігі бірінші сыныпты, арналған мақсаты бойынша одан әрі пайдалануға жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды) тұмшалауды қамтамасыз ететін және қоршаған ортаның пестицидтермен (улы химикаттармен) ластануын болдыруы мүмкін ыдыстарда сақтау;
4) қауіптілігі екінші сыныпты пестицидтерді (улы химикаттарды) қажет болған кезде полимерлік материалдардан жасалған арнайы жапсырмалары жоқ көп қабатты ыдысқа (пестицидтің (улы химикаттың) ерекшелігіне қарай) буып-түю;
5) ыдысының тұтастығы бұзылған пестицидтерді (улы химикаттарды) қайта буып-түю;
6) экологиялық бақылау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы жөніндегі мемлекеттік органдарының заңнамаға сәйкес белгілеген жою орындарында жағылатын қоспалардың пестицидтерден (улы химикаттардан) босаған қағаз немесе ағаш ыдыстарын жағып жіберу жолымен уытсыз (қауіпсіз) заттарға ыдырауын қамтамасыз ететін жоғары температуралық қондырғылардың болмауы;
7) тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды) олардан босаған ыдыстарды тиеу, тасымалдау және түсіру үшін механизация құралдарының болмауы түрінде ұстау -
жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4) Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсіздік) -
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
391-бап. Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы
заңнамасын бұзу
1. Мақта өңдеу ұйымдарының мақтамен жүргізілген операциялар көрсетілетін құжаттарды есепке алу мен сақтаудың белгіленген тәртібін бұзуы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сарапшы ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, мақта талшығы, шитті мақта сапасына сараптама жүргізу сараптама жүргізу және мақта талшығы сапасына паспорт, шитті мақта сапасы туралы куәлік беру қағидаларын:
1) Мақта талшығын классерлік бағалау үшін өрт және санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына сай келетін меншік құқығындағы не мүліктік жалға алынған тиісті үй-жайдың болмауы;
2) мақта талшығын сынайтын өнімділігі жоғары өлшегіш автоматтандырылған жүйедегі (HVI үлгісіндегі) функционалдық және техникалық қызмет көрсететін, тиісті арнаулы білімі және мақта талшығын сынайтын өнімділігі жоғары өлшегіш автоматтандырылған жүйені (HVI үлгісіндегі) функционалдық және техникалық қызмет көрсету жөнінде кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі бар білікті мамандардың болмауы;
3) тиісті арнайы білімі және мақта талшығының сапасын классерлік бағалау жөнінде кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесі бар мақта жөніндегі білікті сарапшылардың (классерлердің) болмауы;
4) техникалық регламенттердің және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың болмауы;
5) мақта талшығының сынамаларын мақта тазалау зауыттарынан уақтылы жеткізуге арналған мамандандырылған автокөліктің болмауы;
6) мақта талшығының сынамасын сақтайтын үй-жайдың бөлменің талапқа сай болмауы;
7) түстердің керамикалық үлгілері жиынтығымен, калибрлік эталондармен және микронейр көрсеткішін айқындауға арналған аспаптармен мақта талшығы сыртқы түрінің Қазақстан Республикасында қолдануға бекітілген немесе жол берілген стандарттық үлгілерінің жиынтығымен жарақтандырылмаған немесе толық жарақтандырылмаған;
8) мақта талшығының сынамаларын іріктеу актісін және тіркеу журналын дұрыс ресімдемеу;
9) мақта талшығын сынамаларын іріктеу тәртібін бұзу;
10) мақта талшығының сынауды жүргізу тәртібін бұзу;
11) мақта талшығы сапасының паспортын дұрыс ресімдемеу және уақтылы бермеу;
12) мақта талшығы сапасының паспортын уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша дұрыс ресімдемеу;
13) мақта талшығы иесінің партияны тиеп жөнелткенге дейінгі сынақтан кейін сараптау ұйымының зертханасында мақта талшығын сақтау мерзімін бұзу;
14) мақта талшығы сынамасын іріктеу актісін және сынамаларын тіркеу журналын дұрыс емес және толық емес ресімдеу;
15) шитті мақта сынамаларына іріктеуді жүргізу тәртібін бұзу;
16) шитті мақта сынақтарын жүргізу тәртібін бұзу;
17) шитті мақта сапасы туралы куәлікті дұрыс ресімдемеу және уақтылы бермеу;
18) шитті мақта сынамаларын сақтауға арналған үй-жайлардың талапқа сай келмеуі түрінде бұзу -
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысудан жалтару -
лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрып,шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Мақта өңдеу ұйымдарының Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңында тыйым салынған кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы, Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңының талаптарын бұза отырып, үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілдіктер беруі және (немесе) өз мүлкін кепілге қоюы, сондай-ақ оларсыз мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру мүлде мүмкін болмайтын немесе айтарлықтай нашарлайтын жағдайда, негізгі құрал-жабдықтарды мақта өңдеу ұйымының иеліктен шығаруы -
лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Мақта қолхатын ұстаушылардың өтініштері бойынша мақта мөлшері мен сапасының көрсеткіштерін оларды құжаттамалық растау талабымен үнемі (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан да көп) бұрмалау, -
лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Лицензиаттың лицензия алу кезінде көрінеу жалған ақпарат беруі -
лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқарған кезеңде уақытша басқару жөніндегі комиссия мүшелерінің немесе уақытша әкімшіліктің Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңын бұзуы, -
жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Лицензияның қолданысы тоқтатыла тұру мерзімі өткен соң, осы баптың төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші бөліктерінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа әкеп соққан бұзушылықтарды жоймау –
лицензиядан айыруға әкеп соғады.
392-бап. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын
қалыптастыру және пайдалану кезінде Қазақстан
Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу
1. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын нысаналы пайдаланбау, егін жинау кезеңінде өсімдік шаруашылығы өнімдері бойынша тауар интервенцияларын жүзеге асыру, сондай-ақ азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын сақтамау -
лауазымды адамдарға – жүз, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына азық-түлік тауарларын сатып алу және оларды азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорынан өткізу кезінде тіркелген бағаларды сақтамау - заңды тұлғаларға екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
393-бап. Ветеринария туралы заңнаманы бұзу
Ветеринария туралы заңнаманы:
1) ветеринариялық iс-шараларды жүргiзуден бас тарту немесе жалтару және оларды жүргiзудiң мерзiмдерiн бұзу;
2) карантин және шектеу iс-шараларының шарттары мен талаптарын сақтамау;
3) малды өз төлінен өсiру кезiнде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар қағидаларын сақтамау;
4) республика аумағын малдың жұқпалы ауруларын әкелуден қорғау туралы нормативтiк құқықтық актiлер талаптарын орындамау;
5) алып өтілетін (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды (алып өтуді) жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында ветеринариялық(ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бұзу;
6) ішкі сауда объектілерінде, мал өсіруді, малды, малдан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда, көлік құралдарында ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар мен ветеринариялық нормативтердің талаптарын сақтамау;
7) ветеринариялық-санитариялық объектiлердi салу мен ұстауды қамтамасыз етпеу;
8) ветеринариялық және әкімшілік-шаруашылық іс-шараларды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық)қағидаларды сақтамау;
9) зоопарктердегі, цирктердегі, омарталардағы, аквариумдардағы жануарларды қоса алғанда, жануарларды ұстаудың, көбейтудің және пайдаланудың ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалары мен нормативтерін сақтамау;
10) күтіп-ұстаумен, өсірумен, пайдаланумен, өндірумен, дайындаумен (мал союмен), сақтаумен, қайта өңдеумен және өткізумен байланысты мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ алып өтілетін (тасымалданатын) объектiлерді тасымалдау (алып өту) кезінде қойылатын зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды сақтамау;
11) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірілуін және оларға ветеринариялық паспорттар ресімдеуді қамтамасыз етпеу немесе одан жалтару;
12) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарын жаңадан сатып алынған жануарлар, алынған төл, оларды сою және сату туралы хабарламау;
13) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жануарлардың уақтылы егілуін және диагностикасын қамтамасыз етпеу;
14) мал тосыннан қырылған жағдайда, бірнеше малдың қатар ауырғаны туралы, немесе олардың әдеттен тыс жай-күйі туралы ветеринария мамандарына хабарламау және олардың келуіне дейін ауру деп күдіктенген жануарларды оқшаулауға шара қолданбау;
15) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың актілерін орындамау;
16) малды өткізу үшін сою алдындағы ветеринарлық тексерусіз және мал ұшалары мен органдарын союдан кейінгі ветеринариялық-санитариялық сараптамасыз союды жүргізу;
17) етті қайта өңдейтін кәсіпорындарға, сою пункттеріне немесе алаңдарында кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізбеу;
18) ветеринариялық мамандарға олардың қызметтік міндеттерін атқаруына кедергі келтіру;
19) жаңадан алып келген, әкелінген, сатып алынған малдарды оқшаулап ұстамау;
20) тіркеу сынақтарын жүргізу үшін қажетті көлемде өндіру, әкелу (импорттау) жағдайларын қоспағанда, ветеринариялық препараттарды, жемшөптік қоспаларды мемлекеттік тіркеусіз өндіруді, әкелуді (импорттауды) өткізуді және қолдануды жүзеге асыру;
21) iндеттiң немесе өзге де ауыр зардаптардың таралуына әкеп соқпаған ветеринария саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының және өкiлдi органдарының iндетке қарсы күрес мәселелерi жөнiндегі шешiмдерiн бұзу түрiнде бұзушылық –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекет -
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
394-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы
туралы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасын:
1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің бағалаудан өтпеген асыл тұқымдық өнімді (материалды) өткізуі;
2) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің асыл тұқымдық куәлік бермей асыл тұқымдық өнімді (материалды) өткізуі;
3) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің деректер есебін жүргізуден бас тартуы және есептілік бермеуі;
4) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың актілерін орындамауы;
5) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген асыл тұқымды малдан алынған ұрықтар мен эмбриондарды пайдалануы;
6) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің бағалаудан өтпеген асыл тұқымды малды өз төлiнен өсiру мақсатында пайдалануы;
7) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің асыл тұқымды малды бағалау нәтижелерін бұрмалауы;
8) жеке және заңды тұлғалардың асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламалары шеңберінде бюджет қаражаты есебінен сатып алынған асыл тұқымды мал туралы деректерді асыл тұқымды малдың мемлекеттік тізілімінде тіркеу үшін беруден бас тартуы;
9) жеке және заңды тұлғалардың асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламалары шеңберінде бюджет қаражаты есебінен өсіру мақсатында сатып алынған асыл тұқымды малды пайдалану тәртібін бұзуы түріндегі бұзушылық -
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалардың «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген хабарлама жасауға жататын міндеттерді сақтамауы –
асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің қызметі тоқтатыла тұрып не онсыз, жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екінші бөлiктерiнде көзделген,әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған, іс-әрекеттер (әрекетсiздiк), сол сияқты осы баптың бiрiншi және екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықтарды жоймау –
асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметке тыйым салуға әкеп соғады.
395-бап. Иттердi және мысықтарды ұстау қағидаларын бұзу
1. Қалаларда және басқа да елдi мекендерде иттердi ұстаудың облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлеген қағидаларын бұзу –
ескерту жасауға немесе үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қалаларда және басқа да елдi мекендерде мысықтарды ұстаудың жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген қағидаларды бұзу -
ескерту жасауға немесе бір айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жеке тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкiне залал келтiруге әкеп соққан нақ сол iс-әрекеттер -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
23-тарау. Білім беру саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
396-бап. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы
заңнамасын бұзу
1. Педагог қызметкердің педагогтік міндеттері мен педагогтік әдеп нормаларын орындамауы немесе тиісінше орындамауы -
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Білім беру ұйымы басшысының немесе өзге де лауазымды адамының міндеттеріне салғырт қарауы немесе адал қарамауының салдарынан оларды орындамауы немесе тиісінше орындамауы, егер бұл оқу және тәрбие процесінде білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің, білім алушылары мен қызметкерлерінің денсаулығына жеңіл нұқсан келтірсе -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Білім беру ұйымдарының талаптарды:
1) білім беру ұйымдары қызметінің үлгі қағидаларын сақтамау;
2) балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгі қағидаларын сақтамау;
3) білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын сақтамау;
4) білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар берудің үлгі қағидаларын сақтамау;
5) жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлерін лауазымдарға конкурстық орналастырудың үлгі қағидаларын сақтамау түрінде бұзуы –
лауазымды адамдарға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Білім беру ұйымдарында саяси партиялардың ұйымдық құрылымдарын құру және олардың қызметі -
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Берілетін білім беру қызметтерінің білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес келмеуі, сондай-ақ білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын өзге де бұзушылық -
лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрып, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Осы баптың бірінші-бесінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік) -
лицензиядан айырып, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
397-бап. Білім беру ұйымдарының тиісті үлгідегі білім беру
ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде
балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын
іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік
қағидалары талаптарын бұзуы
1. Білім беру ұйымдарының тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары талаптарын бұзуы –
лауазымды адамдарға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
24-тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке және халықтың денсаулығына
қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық
398-бап. Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу немесе орындамау
1. Ұйымдарда, қоғамдық орындарда, қоймалық үй-жайларда, ауылшаруашылығы алқаптарында, жатақханаларда және тұрғын үйлерде өрт қауiпсiздiгi қағидаларында, техникалық регламенттерде, құрылыс нормаларында, құрылыстар нормалары мен қағидаларында, ұлттық стандарттарда көзделген өртке қарсы талаптарды бұзу немесе орындамау -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – үш, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, адам денсаулығына зиян немесе елеулi залал келтiрген өрттiң шығуына әкеп соққан іс-әрекет (әрекетсіздік), қылмыс құрамы болмаған кезде, -
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы бапқа қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кездегi елу айлық есептiк көрсеткiштен асатын сома елеулi мөлшердегi залал деп танылады.
399-бап. Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі
саласындағы заңнамасын қатерлерге тәуелсіз бағалау
жүргізу кезінде бұзу
1. Сарапшы ұйымның өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық, бөлімшесіне қатерлерге тәуелсіз бағалау жүргізу нәтижелері бойынша қорытындының көшірмесін табыс етпеуі не уақтылы табыс етпеуі -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сарапшы ұйымның өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерге тәуелсіз бағалау жүргізу нәтижелері бойынша объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы дәйексіз ақпараты бар қорытынды табыс етуі –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), сондай-ақ сарапшы ұйымның өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерге тәуелсіз бағалау жүргізу нәтижелері бойынша көрінеу жалған қорытынды табыс етуі -
аккредиттеу аттестатынан айыра отырып, жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
400-бап. Өрт қауiпсiздiгi талаптарына сай келмейтiн өнiмдердi
шығару және өткiзу
Техникалық регламенттердің талаптарын қоспағанда, жарылыс және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарға сай келмейтiн өнiмдердi шығару және өткiзу не мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының ұйымның, өндiрiстiк учаскенiң, агрегаттың жұмысын тоқтата тұру немесе тыйым салу жөнiндегi қаулысын орындамау, егер олар денсаулыққа зиян немесе iрi материалдық залал келтiрмесе, -
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы Кодекстiң осы бабына қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кездегi жүз айлық есептiк көрсеткiштен асатын сома iрi мөлшер болып танылады.
401-бап. Су айдындарында қауiпсiздiк қағидаларын бұзу немесе
орындамау
1. Су айдындарында қауiпсiздiк қағидаларының сақталуына жауапты адамның оларды бұзуы немесе орындамауы, егер бұл қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаған кезде адам денсаулығына зиян немесе елеулi залал келтiрсе, -
жеке тұлғаларға – жеті, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
402-бап. Атом энергиясын пайдалану кезiнде радиациялық
қауiпсiздiк талаптарын бұзу
Атмосфераға, сулы ортаға және жер қойнауына уәкiлеттi мемлекеттiк органдар белгiлеген деңгейден жоғары мөлшерде радиоактивтi заттарды негiзсiз немесе әдейi шығару; сәулеленуге ұшыраған немесе радиоактивтiк заттары бар өнiмдер мен материалдарды уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың рұқсатынсыз халықтың пайдалануы мен тұтынуы мақсатында шаруашылық айналымына тарту; тиiстi дайындықтан өтпеген не бiлiктiлiгiн куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды, сондай-ақ он сегiз жасқа толмаған немесе медициналық жағынан рұқсат етiлмеген адамдарды атом энергиясын пайдалану объектiсiндегi жұмысқа жiберу; радиоактивтiк заттар мен иондалған сәулелендiру көздерiн есепке алуды және оларға бақылау жасауды қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды бұзу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса -
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға не атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтің белгілі бір түрлеріне лицензиядан айыруға әкеп соғады.
403-бап. Ядролық қаруды таратпау режимiнiң талаптарын бұзу
Ядролық экспорт пен импорттың белгiленген тәртiбiн бұзу, ядролық материалдарды, атом энергиясын пайдалану объектiлерiн физикалық қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды бұзу; ядролық материалдарды, иондаушы сәулелену көздерін есепке алу мен бақылауды қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды бұзу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерiн қамтымаса, -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, орташа кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке лицензиядан, арнайы рұқсаттардан айыруға әкеп соғады.
404-бап. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу
саласындағы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын:
1) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді шығару және өткізу;
2) стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттың талаптарына сәйкес келмейтін өнімді көтерме немесе бөлшек саудаға, нарықтарға шығару;
3) сәйкестiк сертификаты, сәйкестік белгісі немесе сәйкестiк туралы декларациясы болмаған, сондай-ақ олар қолдан жасалған, қолданылу мерзiмi өтіп кеткен немесе тоқтатыла тұрған жағдайда, сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын өнімді импорттау және (немесе) өткiзу;
4) сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін бұзу;
5) сәйкестiк сертификатын негiзсiз беру немесе қолданылуын растау, сол сияқты сәйкестiк туралы декларацияны, өтініш-декларацияны негiзсiз қабылдау немесе тiркеу, -
аккредиттеу аттестатын, сәйкестікті растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлардың аттестаттарын алты ай мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға - отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайта жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), -
аккредиттеу аттестатынан, сәйкестікті растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлардың аттестаттарынан айыра отырып, жеке тұлғаларға – қырық бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
405-бап. Өнімнің жекелеген түрлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз
ету саласындағы заңнаманы бұзу
Субъектінің тамақ өнімдерінің, химиялық өнімдердің, машиналар мен жабдықтардың, ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы заңнамалық актілерде және техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталған кезден бастап өнімдердің өмірлік циклі процестерін жүзеге асыруын тоқтатпауы, -
қызметі тоқтатыла отырып немесе онсыз, өнім тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – жүз алпыс, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – мың алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы бапқа қатысты тамақ өнімдерінің, химиялық өнімдердің, машиналар мен жабдықтардың, ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы заңнамалық актілерге сәйкес өнімдердің қауіпсіздігіне жауапты тұлғалар субъектілер деп танылады.
406-бап. Тауардың шығарылуы туралы сертификатты және Кеден
одағының тауары немесе шетел тауары нысандарының
қорытындысын беру тәртібін бұзу
1. Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегі сарапшы-аудиторлардың тауар туралы деректерi бұрмаланған және (немесе) анық емес, тауардың шығарылуы туралы, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау туралы сараптама актілерін жасауы және оларды сараптама ұйымының беруі, -
тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлардың аттестаттарын алты ай мерзімге тоқтата тұрып, тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларға - он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, сараптама ұйымдарына қызметін алты ай мерзімге тоқтата тұрып, отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Тауардың шығарылуы туралы тиiсінше ресiмделген сараптама актiсi және техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетін тiзбе бойынша тауардың шығарылуын растайтын құжаттар, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылуын растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда, тауардың шығарылуы туралы сертификат беруден бас тарту немесе Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау туралы тиісінше ресімделген сараптама актісі және Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін растайтын мәліметтер, құжаттар ұсынылған жағдайда, Кеден одағының тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындысын беруден бас тарту –
тауардың шығарылуы туралы сертификат беруге уәкілеттік берілген ұйымға, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылуы туралы сертификатты, Кеден одағының тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындысын беруге уәкілеттік берілген органдарға (ұйымдарға) елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Тауар туралы деректер бұрмаланған және (немесе) анық емес, уәкілетті ұйымның тауардың шығарылуы туралы сертификатты, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылуы туралы сертификатты, Кеден одағының тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындысын беруге уәкілеттік берілген органдардың (ұйымдардың) ішкі айналымға арналған тауардың шығарылуы туралы сертификатты, Кеден одағының тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындысын беруі –
тауардың шығарылуы туралы сертификат беруге уәкілеттік берілген ұйымға, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылуы туралы сертификатты, Кеден одағының тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындысын беруге уәкілеттік берілген органдарға (ұйымдарға) отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Уәкілетті ұйымның, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылуы туралы сертификатты, Кеден одағының тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындысын беруге уәкілеттік берілген органдардың (ұйымдардың) тауардың шығарылуы туралы сертификатты, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылуы туралы сертификатты, Кеден одағының тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындысын, сондай-ақ оларды беруден бас тарту туралы жазбаша дәлелдi шешiмді беру мерзімін бұзуы –
сертификат беруге уәкілеттік берілген ұйымға, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылуы туралы сертификатты, Кеден одағының тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындысын беруге уәкілеттік берілген органдарға (ұйымдарға) отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Бұрмаланған және (немесе) анық емес: тауардың шығарылуы туралы сертификат алу үшiн техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетін тiзбе бойынша тауардың шығарылуын растайтын құжаттарды, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылуы туралы сертификат алу үшін ішкі айналымға арналған тауардың шығарылуын растайтын құжаттарды, сондай-ақ Кеден одағының тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындыларын алу үшін Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін растайтын мәліметтерді, құжаттарды ұсыну, -
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он екі, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бiрiншi, екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсіздік) –
тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлардың аттестаттарынан айыра отырып, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларға - қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, сертификат беруге уәкілеттік берілген ұйымға, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылуы туралы сертификатты, Кеден одағының тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындысын беруге уәкілеттік берілген органдарға (ұйымдарға) – бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, сараптама ұйымдарына қызметін алты ай мерзімге тоқтата тұрып, бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
407-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасына,
сондай-ақ олар бейнеленген материалдық объектілерге
қойылатын ұлттық стандарттарды бұзу
1. Ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын, сондай-ақ олар бейнеленген материалдық объектілерді дайындау, пайдалану және орналастыру -
жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
жеке тұлғаларға – сексен, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жүз қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
408-бап. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз
ету туралы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасын:
1) өлшеп орау, сату және импорттау кезіндегі кез келген орамдағы өлшеп оралған тауарлар санының орамдарда белгіленген шамаға сәйкес келмеуіне жол беру;
2) сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын тауарлар салмағының, көлемінің, шығысының немесе олардың санын сипаттайтын басқа да шамалардың бақылау (тауар) чегінде немесе тексерілетін тауарлардың сатып алынғанын растайтын өзге де құжатта көрсетілген тауарлар санына сәйкес келмеуіне жол беру;
3) аккредиттеусіз өлшем құралдарын салыстырып тексеру, өлшемді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттау;
4) түрін бекіту мақсаты үшін сынақтан немесе метрологиялық аттестаттаудан, сондай-ақ салыстырып тексеруден өтпеген және (немесе) өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енбеген, мемлекеттік метрологиялық бақылауға жататын өлшем құралдарын және стандарттық үлгілерді айналымға шығару, қолдану, өткізу және жарнамалау;
5) мемлекеттік метрологиялық бақылауға жататын және метрологиялық аттестаттаудан және өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеуден өтпеген өлшемдерді орындау әдістемелерін қолдану түрінде жасалған бұзушылық, –
аккредиттеу аттестатын, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшы сертификатын, салыстырып тексеруші сертификатын алты ай мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), –
аккредиттеу аттестатынан, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшы сертификатынан, салыстырып тексеруші сертификатынан айыра отырып, жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – тоқсан, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
409-бап. Жабайы өскен сораны жоюға шара қолданбау
Ауыл шаруашылығы дақылдары егiстiктерiнде, бақшаларда, жүзiмдiктерде, питомниктер мен саябақтарда, егiн алқабының, суландыру және ирригациялық-мелиоративтiк желiлердiң жиегiнде, тас және темiр жолдардың оқшау белдеулерiнде, ұйымдардың аумақтарында, қалалар, поселкелер мен басқа да елдi мекендер тұрғындарының жер учаскелерiнде, сондай-ақ мемлекеттiк орман және су қорлары, мемлекеттiк қор және ұйғарымнан кейiн ұйымдарға бекiтiлiп берiлген жерлерiнде жабайы өскен сораны жоюға шара қолданбау, -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
410-бап. Құрамында есiрткi бар өсiмдiктер өсетiн егiстiктi
күзетудi қамтамасыз етуге шаралар қолданбау
Құрамында есiрткi заттары бар сора, көкнәр немесе басқа өсiмдiктер егiстiктерiн, осы дақылдардың өнiмдерiн сақтау мен қайта өңдеу орындарын күзетудiң белгiленген режимiн қамтамасыз етуге шаралар қолданбау, сол сияқты құрамында есiрткi заттары бар бастырудан қалған егiстiктердi және өндiрiс қалдықтарын жоюға шаралар қолданбау, -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
411-бап. Есірткіні, психотроптық заттарды және прекурсорларды
өткізудің және медициналық емес тұрғыдан тұтынудың
жолын кесуге шаралар қолданбау
1. Ойын-сауық мекемесінің, сондай-ақ білім беру ұйымы иесінің есірткіні, психотроптық заттарды және прекурсорларды өткізудің және (немесе) медициналық емес тұрғыдан тұтынудың жолын кесуге шаралар қолданбауы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздіктер), -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы Кодексте аталған ойын-сауық мекемелеріне көңіл көтеру-демалу, театр-ойын-сауығы, спорт, мәдени-демалу мақсаттарында қызмет көрсететін ойын мекемелері, түнгі клубтар, кафе-барлар, мейрамханалар, интернет-кафелер, компьютер, бильярд, боулинг-клубтары мен кинотеатрлар, театр-ойын-сауық мақсаттарындағы объектілер және өзге де үйлер, мекен-жайлар, ғимараттар жатады.
412-бап. Есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен
прекурсорларды насихаттау және заңсыз жарнамалау
1. Есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттау және заңсыз жарнамалау, -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады
2. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмiне енген есiрткi құралдарын және психотроптық заттарды медицина және фармацевтика қызметкерлерiне арнап мамандандырылмаған баспа басылымдарында жарнамалау, сол сияқты құрамында есiрткi құралдары және психотроптық заттар бар дәрiлiк препараттар үлгiлерiн жарнамалау мақсатында тарату, -
тиiстi қызмет түрiне берiлген лицензиядан айыра отырып не онсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертулер.
1. Осы бапта есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттау деп жеке және заңды тұлғалардың есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзiрлеу, дайындау тәсiлдерi, әдiстерi туралы және оларды пайдалану, сатып алу орындары туралы мәлiметтердi таратуға, сондай-ақ кiтап өнiмдерiнiң, бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiнiң өндiрiсiне және оны таратуға, аталған мәлiметтердi компьютер желiлерiнде таратуға немесе осы мақсатта да өзге де iс-әрекеттер жасауға бағытталған қызметiн түсiнген жөн.
2. Осы бапта есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз жарнамалау деп жеке және заңды тұлғалардың адамның қабылдауы мен түйсiгiне ол сезiне алмайтындай әсер ететiн, оның есiрткi құралдарына, психотроптық заттар мен прекурсорларға қызығушылығын қалыптастыратын немесе қолдайтын кез келген ақпаратты кез келген құралдар көмегiмен кез келген нысанда тарату және орналастыру жөнiндегi қызметiн түсiнген жөн.
413-бап. Заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық
қызмет
1. Қызметтiң осы түрiне сертификаты және (немесе) лицензиясы жоқ тұлғаның заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызметпен айналысуы, -
жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарында оны ақылы негiзде көрсету, -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттердi әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасау, -
жеке тұлғаларға - маман сертификатынан айыра отырып - отыз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстерi тәркiлене отырып – жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Жаппай емшілік сеанстарын (екі немесе одан да көп адам) өткізу, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану арқылы өткізу –
жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, дәрiлiк заттар тағайындауға уәкiлеттi медицина қызметкерлерiнiң сыйақы алу мақсатымен дәрiлiк заттар жарнамасына қатысуы, медицина қызметкерлерiнiң дәрiлiк заттарды жұмыс орнында сатуы, сондай-ақ белгiлi бiр дәрiхана ұйымдарына немесе өзге де ұйымдарға жiберу және олармен ынтымақтастықтың басқа да нысандары, -
жеке тұлғаларға - маман сертификатынан айыра отырып – сексен айлық есептік көрсеткіш, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
414-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы
саласындағы заңнаманың талаптарын, сондай-ақ
гигиеналық нормативтердi бұзу
1. Абайсыздықтан жаппай ауруға немесе адамдардың улануына немесе адам өліміне әкеп соқтыратын халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi, техникалық регламенттерді бұзу, -
жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, адамның денсаулығына зиян келтiрген iс-әрекет (әрекетсіздік), егер бұл іс-әрекетте (әрекетсіздікте) қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
қызметiн тоқтата тұрып не онсыз, жеке тұлғаларға – екі жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
415-бап. Фармацевтикалық қызмет қағидаларын бұзу және дәрілік
заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және
медициналық техниканың айналысы саласы
1. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы тiркеу және қайта тiркеу, өндiру, дайындау және сапасын бақылау, сынау (зерттеу), әкелу, сатып алу, тасымалдау, сақтау, таңбалау, өткiзу, қолдану (пайдалану), қамтамасыз ету, жою, жарнамалау ережелерiн бұзу, егер бұл адамның денсаулығына зиян келтiруге әкеп соқпаса, -
жеке тұлғаларға – жетпіс, лауазымды адамдарға – жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Тiркелмеген, қолдануға рұқсат етiлмеген дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндiру, сатып алу, тасымалдау, сақтау, өткiзу, қолдану (пайдалану), жарнамалау, егер бұлар адамның денсаулығына зиян келтiруге әкеп соқпаса, -
қызметiн тоқтата тұрып, әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болып табылатын дәрілік және оларға теңестірілген заттар, емдеу-профилактикалық тағам өнімдері мен азықтық қоспалар, сондай-ақ косметикалық заттар және әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстерi тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – жүз, лауазымды адамдарға – жүз елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адамның денсаулығына зиян келтiруге әкеп соққан iс-әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болып табылатын дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника, емдеу-профилактикалық тағам өнімдері мен азықтық қоспалар, сондай-ақ косметикалық заттар және әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстерi тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға – үш жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
416-бап. Есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар
айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайлардың
техникалық нығайтылу талаптарын бұзу
1. Есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайлардың техникалық нығайтылу талаптарын бұзу –
заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік) –
заңды тұлғаның қызметіне тыйым сала отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
417-бап. Денсаулық сақтау саласындағы дәйексіз жарнама
Медициналық қызметтер көрсетудің, профилактиканың, диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың әдістері мен құралдарының жарнамасын, сондай-ақ тағамға биологиялық активті қоспаларды мемлекеттік тіркеусіз олардың жарнамасын тиісті қызмет түрін жүзеге асыруға лицензиясы жоқ жарнама берушінің таратуы, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері қамтылмаса, -
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға – жиырма бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
418-бап. Қорғаныш тапшылығы вирусы инфекциясын жұқтырғандармен,
ЖҚТБ-мен, соз ауруларымен, туберкулезбен
ауыратындармен қатынаста болып жүрген, сондай-ақ
дәрiгердiң тағайындауынсыз есiрткi құралдарын немесе
психотроптық заттарды пайдаланушы адамдардың
медициналық тексеруден және емделуден жалтаруы
1. Денсаулық сақтау мекемесiнiң жазбаша түрде жасаған ескертуiнен кейiн де қорғаныш тапшылығы вирусы инфекциясын жұқтырғандармен, ЖҚТБ-мен, соз ауруларымен, туберкулезбен ауыратындармен қатынаста болуды жалғастырып жүрген адамдардың медициналық тексеруден және емделуден жалтаруы, -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Маскүнемдiкпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп танылған не дәрiгердiң тағайындауынсыз есiрткi құралдарын немесе психотроптық заттарды пайдаланып жүргенi туралы жеткiлiктi деректер бар адамдардың медициналық тексеруден және емделуден жалтаруы, - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
419-бап. Айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулармен
ауыратын адамдардың емделуден жалтаруы
1. Айналасындағыларға қауiп төндiретiн, тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн аурулармен ауыратын адамдардың, сондай-ақ денсаулық сақтау мекемесiнiң жазбаша жасаған ескертуiнен кейiн де олармен қатынаста болып жүрген және профилактикалық емдеудi қажет ететiн адамдардың дәрi-дәрмек құралдарын қабылдаудан бас тартуы және емделуден өзге де жалтаруы, -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ата-аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың, айналасындағыларға қауiп төндiретiн, тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн аурулармен ауыратын кәмелетке толмаған балаларын емдетуден жалтаруы, -
жеке тұлғаларға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
420-бап. Айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулармен
ауыратын адамдардың жұқтыру көзiн және өздерiмен
қатынаста болған адамдарды жасыруы
Айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулармен ауыратын адамдардың жұқтыру көзiн және осы ауруларды басқа адамдарға жұқтыру қаупiн туғызатын өздерiмен қатынаста болған адамдарды жасыруы, -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
421-бап. Медициналық, формацевтикалық қызметпен айналысуға
рұқсат беру құжаттарын алу кезiнде көрiнеу жалған
мәлiметтер мен ақпараттар ұсыну
1. Медициналық, фармацевтикалық қызметпен айналысуға рұқсат беру құжаттарын алу кезiнде көрiнеу жалған мәлiметтер мен ақпараттар, оның iшiнде құжаттарды бұрмалау жолымен табыс ету, егер бұл iс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi қамтылмаса, -
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекет, -
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
422-бап. Денсаулық сақтау субъектілерінің уәкілетті органдарды
хабардар ету жөніндегі міндетті бұзуы
1. Денсаулық сақтау субъектілерінің инфекциялық аурулар, уланулар, айналадағыларға қауiп төндiретiн психиканың және мiнез-құлықтың бұзылу (аурулар) жағдайлары туралы - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органды, төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдарларының пайда болу қатерi және (немесе) пайда болуы туралы - төтенше жағдайлар жөнiндегi органдарды, жаңа алған жарақаттар, жараланулар, криминалдық түсiктер бойынша келiп көрiнген адамдар туралы, айналадағыларға қауiп төндiретiн аурулардың жағдайлары туралы iшкi iстер органдарын хабардар ету жөніндегі міндетті бұзуы –
жеке тұлғаларға – бес айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде, лауазымды адамдарға – айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекет (әрекетсіздік) –
жеке тұлғаларға – сертификатынан айыра отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерінде, лауазымды адамдарға – лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрып, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерінде, заңды тұлғаларға – лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрып, айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
25-тарау. Қоғамдық тәртiпке және имандылыққа қол сұғатын
әкiмшiлiк құқық бұзушылық
423-бап. Кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық
Он төрт жастан он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 298-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген ұсақ бұзақылық немесе бұзақылық, -
ата-аналарға немесе олардың орнындағы адамдарға жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
424-бап. Елдi мекендерде атыс қаруынан ату, пиротехникалық
қондырғыларды жару
1. Елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда жеке тұлғалардың тыныштығын әрi белгiленген тәртiптi бұзатын атыс қаруы мен газды қарудан, сондай-ақ қолдан жасалған немесе соған бейiмделiп жасалған қарудан ату, -
қаруды тәркiлей отырып немесе онсыз он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда жеке тұлғалардың тыныштығы мен белгiленген тәртiптi бұзатын және iрi материалдық залал келтiруге әкеп соқпаған арнайы және қолдан жасалған пиротехникалық қондырғыларды жару, -
пиротехникалық құралдар мен қондырғыларды тәркiлей отырып, он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған,осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген iс-әрекеттер, -
пиротехникалық қондырғыларды тәркiлей отырып, ата-аналарға немесе олардың орнындағы адамдарға ескерту жасауға не он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған, сол сияқты осы Кодекстiң 434-бабында көзделген құқық бұзушылық үшiн бiр жыл iшiнде әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған адам жасаған iс-әрекеттер, -
әкімшілік құқық бұзушылық жасау қаруы не құралы болған құралды тәркілей отырып он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
425-бап. Тыныштықты бұзу
1. Жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергi келтiретiн, түнгi уақытта (сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн) тыныштықты бұзу, оның iшiнде тұрғын үй-жайларда және олардың сыртында шұғыл қажеттiлiкпен байланыссыз шу шығаратын жұмыстарды жүргiзу -
жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол iс-әрекет –
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – тоқсан айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
426-бап. Арнайы қызметтердi көрiнеу жалған шақыру
1. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарын, полицияны, медициналық жедел жәрдемдi, авариялық қызметтердi көрiнеу жалған шақыру, -
жеке тұлғаларға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған не аварияларды, өрттердi, табиғи апат зардаптарын жою кезеңiнде жасалған iс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Он төрт жастан он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған, осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген iс-әрекеттер, -
ата-аналарға немесе олардың орнындағы адамдарға ескерту жасауға немесе он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
427-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі
туралы көрінеу жалған ақпарат беру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпарат беру, -
жеке тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
428-бап. Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға
мас күйiнде келу
1. Жергiлiктi атқарушы орган алкогольдік ішімдіктерді құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiне әрi қоғамдық имандылыққа нұқсан келтiретiндей мас күйiнде келу, -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жасы он сегізге толмаған адамдардың қоғамдық орындарға мас күйінде келуі, сондай-ақ олардың қоғамдық орындарда алкоголь ішімдіктерін ішуі –
ата-аналарға немесе олардың орнындағы адамдарға үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, он алты жасқа толмаған адам әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
429-бап. Жекелеген қоғамдық орындарда темекi шегуге тыйым
салуды бұзу
1. Қазақстан Республикасының заңдарында темекi шегуге тыйым салу белгiленген жекелеген қоғамдық орындарда темекi шегу, -
жеке тұлғаларға үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
жеке тұлғаларға алты айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жұмыс берушiнiң темекi шегу үшiн арнаулы орындар бөлудi көздейтiн Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуы, сондай-ақ бұл үшiн арнаулы белгiленбеген орындарда темекi шегушiлерге шаралар қолданбауы, -
лауазымды адамға он, заңды тұлғаларға - қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
430-бап. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық
мекемелерінде болуы
1. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін) ойын-сауық мекемелерінде болуы, -
заңды өкілдеріне бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
заңды өкілдеріне он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
431-бап. Заңды өкiлдерi еріп жүрмеген кәмелетке толмағандардың
тұрғын жайдан тыс жерлерде болуы
1. Заңды өкiлдерi еріп жүрмеген кәмелетке толмағандардың тұрғын жайдан тыс жерлерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн болуы -
заңды өкiлдерiне ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет –
заңды өкiлдерiне он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
432-бап. Құмар ойындар
1. Бұл үшiн бөлiнбеген орындарда құмар ойындарға (ақшаға, затқа және басқа құндылықтарға) қатысу, сол сияқты бұған арнайы рұқсаты жоқ адамдардың спорттық және өзге де жарыстарға ұтыс тiгуi, -
жеке тұлғаларға - ойын құралдарын, ақшасын, заттары мен өзге де құндылықтарын тәркiлей отырып, екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының жиырма бір жасқа дейінгі азаматтарын құмар ойындармен және (немесе) ақшаға, заттарға және өзге де құндылықтарға бәс тігумен айналысуға тарту және рұқсат ету, -
жеке тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
433-бап. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы
заңнамасын бұзу
1. Ойын мекемелерін, тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің кассаларын тұрғын үй қорына жатпайтын ғимараттарда орналастыру туралы талаптарды сақтамау және оларды өнеркәсіп орындары мен олардың кешендерінің ғимараттарында және басқа да өндірістік, коммуналдық объектілерде және қойма объектілерінде, ғибадат ету ғимараттарында (құрылыстарында), мемлекеттік органдар мен мекемелердің, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет ұйымдарының, әуежайлардың, вокзалдардың ғимараттарында, қалалық және қала маңындағы қатынастағы қоғамдық көліктің барлық түрлерінің станциялары мен аялдамаларында орналастыру, -
жеке тұлғаларға - жүз, лицензиясының қолданысы тоқтатыла отырып орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ойын автоматына технологиялық түрде енгізілген ұтыс пайызы бойынша талаптарды сақтамау, -
жеке тұлғаларға - жүз, әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табыстарды тәркілей отырып және лицензиясының қолданысын тоқтата отырып орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Ойын бизнесін ұйымдастырушының міндетті резервтерді қалыптастыру, орналастыруды қамтамасыз ету және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен және жағдайларда пайдалану жөніндегі шарттарды орындамауы, -
лицензиясының қолданысын тоқтата отырып орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Ойын автоматтарын немесе олардың бөлшектерін қабырғаларға, терезе мен есіктің ойықтарына монтаждау, -
жеке тұлғаларға - жүз, лицензиясының қолданысын тоқтата отырып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Ойын бизнесін ұйымдастырушының заңнамада көзделмеген ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлерін жүзеге асыруы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында онлайн-казино ұйымдастыруы және өткізуі не ақшадан басқа, өзге мүлік түрінде ставкалар қабылдауды көздейтін құмар ойындарын және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруы, -
жеке тұлғаларға - жүз, ойын жабдықтары, заңдастырылған белгілері, ақшалары мен әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған өзге де табыстарын тәркілей отырып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Ойын бизнесін ұйымдастырушының ойын мекемелерінің кассалары мен ойын орындарын бейне жазба жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптарды сақтамауы не жазылған ақпаратты сақтау мерзімдерін немесе тіркеу шарттарын бұзуы, -
лицензиясының қолданысын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Бір казинода кемінде жиырма ойын үстелін, ойын автоматтары залында кемінде елу ойын автоматын орнату жөніндегі талаптарды сақтамау, -
лицензиясының қолданысын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Ойын бизнесін ұйымдастырушының ойын автоматтарын Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасының талаптарын бұза отырып пайдалануы –
лицензиясының қолданысын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Жасалған ставкалардың жалпы сомасын қабылдауды, бірыңғай есепке алуды, бәске қатысушылардың ставкаларын өңдеуді және ұтысты төлеуді аппараттық-бағдарламалық кешен мен ойын жабдығы арқылы жүзеге асыру және қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамау не бәс тігуге қатысушылардың нәтижесіне өздері ставкалар жасаған оқиғаның дамуы мен қорытындысын бақылауына мүмкіндік беретін ойын жабдығын орнату міндетін орындамау, -
лицензиясының қолданысын тоқтата тұрып не онсыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Осы баптың бірінші, үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы бөліктерінде көзделген іс-әрекеттерді әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасау, -
жеке тұлғаларға - екі жүз, лицензиясынан айыра отырып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттерді әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасау, -
ойын жабдықтарын, заңдастырылған белгілерін, ақшалары мен әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған өзге де табыстарын тәркілей отырып, жеке тұлғаларға - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттерді әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасау, -
әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табыстарды тәркілей отырып және лицензиясынан айыра отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
434-бап. Эротикалық мазмұндағы өнiмдердi жарнамалау
Осы мақсаттар үшiн бөлiнбеген орындарда эротикалық мазмұндағы
өнiмдердi сату, тарату немесе жарнамалау, -
жеке тұлғаларға - эротикалық мазмұндағы өнiмдердi тәркiлей отырып, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
435-бап. Тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау мен
пайдалану қағидаларын бұзу
Мемлекет қорғайтын тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау мен пайдалану қағидаларын бұзу, -
жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға – он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
436-бап. Кәмелетке толмағандардың вандализмі
Вандализм, яғни он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың мемлекет қорғайтын ғимараттарды, өзге құрылыстарды, тарихи және мәдени ескерткіштерді, табиғи объектілерді, адамдарды жерлеу орындарын жазулармен немесе суреттермен немесе қоғамдық имандылықты қорлайтын өзге әрекеттермен қорлауы, сол сияқты көлікте немесе өзге қоғамдық орындарда мүлікті қасақана бүлдіруі, -
ата-аналарға немесе олардың орнындағы адамдарға он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
437-бап. Қоғамдық орындарда азаматтарға тиісу
1. Қоғамдық орындарда заттарды басқаша тәсілмен сатып алу-сату, айырбастау немесе алу мақсатында, сондай-ақ қоғамдық орындарда бал ашу, қайыршылық, жыныстық сипаттағы қызмет көрсету не өзге де қызметті күштеп тану мақсатында азаматтарға тиісу, -
шетелдік азаматтарды не азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан тыс әкімшілік шығарып жіберумен жеке тұлғаларға - бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
438-бап. Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін
үй-жайлар ұсыну
1. Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну –
жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне– жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекет – жеке тұлғаларға – жүз елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне– екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
26-тарау. Баспасөз және ақпарат саласындағы әкiмшiлiк
құқық бұзушылық
439-бап. Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары
туралы заңнамасын бұзу
1. Бұқаралық ақпарат құралдарын, ақпарат агенттiктерiн есепке қоймай не олардың шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата тұру, тоқтату немесе есепке қою туралы куәлiктiң күшi жойылды деп тану туралы шешiм шығарылғаннан кейiн олардың өнiмiн, сондай-ақ хабарлары мен материалдарын тарату, -
бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн тәркiлей отырып, лауазымды адамдарға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Меншiк иесi не оның ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралының аты ауысқан, басылымның не хабардың тiлi, таралу аумағы, негiзгi тақырыптық бағыты, бас редакторы (редакторы), редакцияның мекенжайы, шығарылу мерзiмдiлiгi өзгерген жағдайларда, қайта есепке қоймай, бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн, сондай-ақ ақпарат агенттiгiнiң хабарлары мен материалдарын шығару, дайындау, көбейту және (немесе) тарату, -
бұқаралық ақпарат құралының шығарылуы (эфирге шығуы) үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтатыла тұрып, лауазымды адамдарға – қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың төртiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
бұқаралық ақпарат құралының шығарылуына (эфирге шығуына) тыйым салуға әкеп соғады.
440-бап. Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату
туралы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасын телерадио компаниялардың:
отандық теле-, радиоарналардың отандық теле-, радиобағдарламаларды белгіленген пайыздық нормалардан кем тарату;
телеарнада жаңалық сипатындағы телебағдарламаларды сурдоаудармамен немесе субтитр түріндегі аудармамен қамтамасыз етпей тарату;
телеарнада кадр алаңының он бес пайызынан асатын қосымша ақпаратты тарату түрінде жасалған бұзуы, –
теле, - радио хабарларын таратудың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желілеріне қосу, телерадио хабарларын тарату жүйелерін техникалық пайдалану қағидаларына және телерадио хабарларын таратудың ұлттық стандарттарының талаптарына сәйкес теле, - радио арналардың теле, - радио бағдарламалар беру сапасын қамтамасыз етпеу, -
лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, –
лауазымды адамдарға – жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Телерадио хабарларын тарату арналары бойынша жергілікті уақыт бойынша нөл сағаттан бастап есептелетін әрқайсысының ұзақтығы алты сағат болатын уақыт аралығындағы басқа тілдердегі хабарлардың жиынтық көлемінен кем қазақ тіліндегі хабарларды тарату, -
бұқаралық ақпарат құралының баспа өнiмiн немесе өзге де өнiмiн тәркiлей отырып және шығарылуы (эфирге шығуы) үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтатыла тұрып, лауазымды адамдарға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне - үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, –
телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөнiндегi қызметке берiлген лицензиядан айыра отырып және бұқаралық ақпарат құралының шығарылуына (эфирге шығуына) тыйым салына отырып, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне - мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Ретрансляциялау отандық теле-, радио арналарының теле, - радио бағдарламаларының жалпы көлемінің жиырма пайызынан асатын шетелдік теле-, радио арналарының радиобағдарламаларын тарату, -
лауазымды адамдарға – елу, заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, –
бұқаралық ақпарат құралдарында шығарылуын (эфирге шығуы) үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға – жүз, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасын телерадио хабарларын тарату операторларының:
телерадио хабарларын тарату операторларының міндетті теле-, радиоарналарды таратпауы;
телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиоарналарды ретрансляциялау шарттарын бұзуы түрінде жасалған бұзуы, –
лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, –
лауазымды адамдарға – жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасын теле-, радиокомпаниялардың және телерадио хабарларын тарату операторларының:
Ғимараттың және (немесе) ғимараттардың меншік иелерінің жазбаша келісімінсіз коммерциялық мақсатты көздемейтін ұжымдық қабылдау жүйесін ұйымдастыру;
жергілікті уақыт бойынша 06.00-ден 22.00-ге дейінгі кезеңде балалар мен жасөспірімдердің денелік, психикалық, имандылық, моральдық және рухани дамуына зиян келтіруі мүмкін телебағдарламаларды, сондай-ақ «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Е 18» индексімен индекстелетін фильмдерді тарату;
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде адамдардың өміріне, денсаулығына қатер және қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар тәртібі туралы, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және құқық тәртібін қорғау мүддесінде халықты хабардар ету сигналын телерадио хабарларын тарату операторларының және теле-, радиокомпаниялардың он бес минут ішінде уақтылы таратпауы;
телерадио хабарларын таратудың сәйкестікті растау рәсімінен өтпеген техникалық құралдарын пайдалану;
жерүсті спутниктік жеке қабылдау құрылғылары арқылы радиотаратқыш және (немесе) радиоқабылдағыш байланыс құралдарына бөгеуіл жасау;
телерадио хабарларын тарату операторларының уәкілетті органда есепке қойылмаған теле-, радиоарналарды таратуы түрінде жасалған бұзуы, –
лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, –
лауазымды адамдарға – жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
441-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмдерiн, сол сияқты
өзге де өнiмдердi Қазақстан Республикасының аумағында
даярлау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату
1. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiктi, зорлық-зомбылықты және порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәлiметтерi мен материалдары бар бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiн Қазақстан Республикасының аумағында даярлау, сақтау, әкелу тасымалдау -
бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмдерiн тәркiлей отырып, жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға – жиырма бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды насихаттауға немесе үгiттеуге, экстремизмдi немесе терроризмдi насихаттауға және ақтауға бағытталған, сондай-ақ терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезеңінде олардың техникалық амалдары мен тактикасын ашатын мәлiметтерi мен материалдары бар бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiн Қазақстан Республикасының аумағында тарату, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмдерiн тәркiлей отырып, жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға – жиырма бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмдерiн тәркiлей отырып, телевизия бағдарламалары мен (немесе) радиохабарларын ұйымдастыру жөнiндегi қызметке берiлетiн лицензиядан айырып және заңды тұлғаның қызметiне тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға - жүз, лауазымды адамдарға – жүз елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздігіне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк нәсілдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiктi, зорлық-зомбылықты және порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәлiметтерi мен материалдары бар бұқаралық ақпарат құралдарына жатпайтын өзге де өнiмдердi Қазақстан Республикасының аумағында даярлау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға – жүз елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, өнімдерін тәркілей отырып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
телевизия және (немесе) радиохабарларын ұйымдастыру жөніндегі қызметке берілетін лицензиядан айырып және заңды тұлғаның қызметіне тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға – үш жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
442-бап. Мерзiмдi баспа басылымдарының мiндеттi тегiн даналарын
берудiң, теле- және радиохабарлар материалдарын
тiркеудiң, сақтаудың тәртiбiн бұзу
1. Мерзiмдi баспа басылымдарының мiндеттi тегiн даналарын бермеу, сондай-ақ теле- және радиохабарлар материалдарын тiркеу мен сақтау, -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға және бұқаралық ақпарат құралдарының шығуын (эфирге шығуын) үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға әкеп соғады.
443-бап. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын
бұзу
1. Қазақстан Республикасының заңдарымен жарнамалауға тыйым салынған тауарлардың (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің) жарнамасын шығару, тарату, орналастыру және пайдалану, -
жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға – жетпіс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жарнаманы тарату тілдеріне қойылатын талаптарды бұзу, -
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – жетпіс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға – жетпіс, лауазымды адамдарға – жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын (эфирге шығуын) үш айға дейінгі мерзімге тоқтата отырып, жеке тұлғаларға – жүз елу, лауазымды адамдарға – жүз жетпіс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
444-бап. Шығарылым деректерiн жариялау тәртiбiн бұзу
1. Мерзiмдi баспа басылымдарын белгiленген шығарылым деректерiнсiз шығару, эфирде өз атауын хабарламай, сол сияқты анық емес не көрiнеу жалған шығарылым деректерiмен электрондық бұқаралық ақпарат құралдарының теле- және радиобағдарламаларының эфирге шығуы, -
бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiнiң таралымын тәркiлей отырып, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
өнiм таралымын және бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiн дайындау және тарату үшiн қолданылатын техникалық құралдарды тәркiлей отырып, елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды (эфирге шығуын) үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға әкеп соғады.
27-тарау. Басқарудың белгiленген тәртiбiне қол сұғатын
әкiмшiлiк құқық бұзушылық
445-бап. Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілер
туралы заңнамасын бұзу
1. Мемлекеттiк органдары лауазымды адамдарының Конституцияға не жоғары деңгейдегі өзге де нормативтік құқықтық актілерге қайшы келетiн, жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және мiндеттерiн, заңды тұлғалар мен мемлекеттiң заңды мүдделерiн қозғайтын заңсыз нормативтiк құқықтық актілерді қабылдауы, -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың лауазымды адамдарының заңнамамен белгіленген нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бұзуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың лауазымды адамдарының белгіленген тәртіпте күші жойылған, сот жарамсыз деп таныған, белгіленген тәртіпте ресми жарияланбаған, қолданысқа енгізілмеген не қолданысын уәкілетті органдар тоқтата тұрған, сондай-ақ әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтпеген нормативтiк құқықтық актiлердi қолдануы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
446-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын пайдалану,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін
пайдалану және орындау тәртiбiн бұзу
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін заңсыз пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін пайдалану және орындау -
екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттiк рәміздерді пайдалану мiндеттi болып табылатын жағдайларда оларды пайдаланбау, -
лауазымды адамдарға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, -
төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
447-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн кейiннен
ресми жариялау тәртiбiн бұзу
Нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау тәртiбiн мынадай түрде бұзу:
1) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне олар жариялайтын мәтіндердің сәйкестігіне сараптамадан өтпеген нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау;
2) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне дәл сәйкестікте жарияламау;
3) қолданысқа ену күнін көрсетпеу;
4) жарияланатын нормативтік құқықтық актілерге баспа басылымы түсініктемелерімен нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялау, -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
448-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік
тіркеуге құжаттарды беру мерзімін бұзу
Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге құжаттарды берудің "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімін бұзуы, -
жеке тұлғаларға - он, заңды тұлғаларға - жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
449-бап. Қорғау нұсқамасын бұзу
Ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзу, -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
450-бап. Мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және
қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің
қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру,
қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды
орындамау
1. Мемлекеттiк инспекциялар мен мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына олардың өз құзыретiне сәйкес қызметтiк мiндеттерiн орындауына қажеттi құжаттарды, материалдарды, статистикалық (алғашқы статистикалық деректерді қоспағанда) және өзге де мәлiметтердi, қызмет туралы, кiрiстер туралы, энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптарымен жарақтандырылу туралы, энергетикалық ресурстарды, суды тұтынудың және олардың шығындарының көлемі туралы, сақтандыру жарналарын есептеу және төлеу туралы, атом энергиясын пайдалану туралы ақпаратты беруден бас тарту арқылы, уәкiлеттi органның қаулысы бойынша ревизия, тексеру, түгендеу, сараптама және заңнамада көзделген басқа да іс-әрекеттердi жүргiзуге жiберуден бас тарту арқылы кедергi келтiру немесе оларды жүзеге асыруға өзге де кедергiлер келтiру не бұрыс ақпарат беру, –
жеке тұлғаларға - үш, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - жеті, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы Кодекстің 154, 214-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдары (лауазымды адамдар), мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары өз құзыретi шегiнде берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, ұсынымдарды, қаулыларды орындамау немесе тиiсiнше орындамау, –
жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға – он бес, белгілі бір қызмет түріне лицензиясының қолданысын тоқтата тұрып не қызметті немесе қызметтің жекелеген түрін тоқтата тұрып, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Бақылау және қадағалау органдары анықтаған бұзушылықтарды жою бойынша қолданылатын шаралар туралы ақпаратты тексерілетін субъектілердің ұсынбауы не уақытылы ұсынбауы –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы Кодекстiң 607-бабының екiншi бөлiгiнде, 608-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi органның лауазымды адамы салған мөрiн (пломбасын) жұлып тастау, -
жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Жеке тұлға осы баптың бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес қажеттi құжаттарды, материалдарды, статистикалық (алғашқы статистикалық деректерді қоспағанда) және өзге де мәлiметтердi, энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптарымен жарақтандырылу туралы ақпаратты беруден бас тартқаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартуға жатпайды.
Заңды тұлға, мемлекеттік кәсіпорындарды, жауапкершілігі шектеулі серіктестікті, акционерлік қоғамдарды, оның ішінде мемлекет қатысушысы немесе акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді, ұлттық компанияларды, сондай-ақ еншілес, тәуелді және олармен аффилирленген болып табылатын өзге де заңды тұлғаларды қоспағанда, осы баптың бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес қажеттi құжаттарды, материалдарды, статистикалық (алғашқы статистикалық деректерді қоспағанда) және өзге де мәлiметтердi, энергетикалық ресурстарды, суды есепке алу аспаптарымен жарақтандырылу, энергетикалық ресурстарды, суды тұтынудың және олардың шығындарының көлемі туралы ақпаратты беруден бас тартқаны үшін, егер мұндай адам энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның мың бес жүз тоннасынан төмен барабар көлемде тұтынатын болса, әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
451-бап. Тиiстi тiркеусiз немесе лицензиясыз, арнайы рұқсатсыз,
бiлiктiлiк аттестатынсыз (куәлiгінсiз), басқа да
рұқсатсыз, хабарламасыз кәсіпкерлік немесе өзге
қызметпен айналысу, сондай-ақ iс-әрекеттердi
(операцияларды) жүзеге асыру
1. Тіркеу, рұқсат, лицензия, бiлiктiлiк аттестаты (куәлiгi), хабарлама жасау мiндеттi болған жағдайларда, тiркеусiз немесе лицензиясыз, арнайы рұқсатсыз, бiлiктiлiк аттестатынсыз (куәлiгiнсiз), басқа да рұқсатсыз, хабарламасыз кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ iс-әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, –
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралдарын және (немесе) қаруын тәркiлей отырып не онсыз, жеке тұлғаларға жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады, ал лицензиясыз кәсiпкерлiк немесе өзге қызметпен айналысу әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табысты (дивидендтердi), ақшаны, бағалы қағаздарды қосымша тәркiлеуге әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралдарын және (немесе) қаруын тәркiлей отырып, жеке тұлғаларға елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жеті жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады, ал лицензиясыз кәсiпкерлiк немесе өзге қызметпен айналысу әкiмшiлiк құқық бұзушылық салдарынан алынған кiрiстi (дивидендтердi), ақшаны, бағалы қағаздарды қосымша тәркiлеуге әкеп соғады.
Ескерту. Осы бап бойынша жауаптылық «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын валюталық операция туралы хабарламаға, сондай-ақ «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын хабарламаларға қолданылмайды.
452-бап. Лицензиялау нормаларын бұзу
1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген лицензиялау нормаларын бұзу, соның iшiнде лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеу, -
белгiлi бiр қызмет түрiне берілген лицензияның қолданысын тоқтата тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Лицензиаттың лицензия алған кезде көрінеу дұрыс емес ақпарат беруі, сол сияқты осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), сондай-ақ лицензияның қолданысын тоқтата тұру мерзімі аяқталғаннан кейін әкімшілік жауаптылыққа әкеп соққан лицензиялау нормаларының бұзылуын жоймау, -
белгiлi бiр қызмет түрiне берiлген лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға – қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
453-бап. Кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға лицензия, арнайы
рұқсат, бiлiктiлiк аттестатын (куәлiгiн) беру тәртiбi
мен мерзiмiн бұзу
1. Кәсiпкерлiк қызметтiң белгiлi бiр түрiмен айналысуға лицензия, арнайы рұқсат, бiлiктiлiк аттестатын (куәлiгiн) беру мерзiмiн бұзу, -
лауазымды адамдарға – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Лицензияны, арнайы рұқсатты, бiлiктiлiк аттестатын (куәлiгiн) заңнамада белгiленген тәртiптi бұза отырып беру, -
лауазымды адамдарға – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
лауазымды адамдарға жетпіс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
454-бап. Заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн
мемлекеттiк тiркеу туралы заңнаманы бұзу
1. Заңнамада көзделген жағдайларда заңды тұлғаны, оның филиалдары мен өкiлдiктерін қайта тiркемей, қызметтi жүзеге асыру, -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Тiркеушi органға заңды тұлғаның тұратын жерiнiң өзгергенi туралы уақытында хабарламау, -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
455-бап. Лицензиарға лицензияны және (немесе) лицензияға
қосымшаны қайтармау
Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысы тоқтатылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде лицензиаттың лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиарға қайтармауы –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға – жиырма, заңды тұлғаларға – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
456-бап. Қазақстан Республикасының сәйкестендiру нөмiрлерiнiң
ұлттық тiзiлiмдерi туралы заңнамасын бұзу
1. Жария етуге жатпайтын сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнде қамтылған мәлiметтердi жария ету, сол сияқты Қазақстан Республикасының сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы заңнамасымен белгіленген міндеттерді тиісті түрде орындамау, уәкілетті орган мынадай түрде жасаған:
1) тіркеуші органдар жүгінген кезден бастап бір жұмыс күні ішінде сәйкестендіру нөмірін қалыптастырмау;
2) жүгінген кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей тіркеуші мемлекеттік органдарға және өзге мемлекеттік мекемелерге ақпаратты ұсынбау;
тіркеуші орган мына түрінде жасаған:
1) уәкілетті органға сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру үшін мәліметтерді, осындай мәліметтер келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде уақытылы ұсынбау;
2) уәкілетті органға сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің ақпараттық жүйелері деректерінің өзекті жай-күйін толықтыру және ұстап тұру үшін мәліметтерді, осындай мәліметтер келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынбау;
3) уәкілетті органға сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінен сәйкестендіру нөмірлерін алып тастау немесе шартты алып тастау үшін мәліметтерді осындай мәліметтер келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынбау;
мемлекеттік органдар және өзге де мемлекеттік мекемелер мынадай түрде жасаған:
1) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мәліметтерді осындай мәліметтер келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері ақпараттық жүйелерінің деректерінің өзекті жай-күйін толықтыру және ұстап тұру үшін ұсынбау;
2) уәкілетті органға сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінен сәйкестендіру нөмірлерін алып тастау немесе шартты түрде алып тастау үшін мәліметтерді осындай мәліметтер келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынбау;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеу, рұқсат беру және өзге де сипаттағы құжаттарды беру кезінде сәйкестендіру нөмірін ескермеу;
банк операцияларының жекелеген түрлерін мынадай түрде жүзеге асыратын банктермен және ұйымдармен жасалған;
сәйкестендіру нөмірін ескермеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру алгоритміне сәйкес нұсқаулардың дұрыстығын бақыламау,
лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады;
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады;
457-бап. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға
техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметке қойылатын
талаптарды бұзу
1. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметке «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында қойылатын талаптарды жеке немесе заңды тұлғалардың бұзуы -
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, сол сияқты осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықтарды жоймау –
жеке тұлғаларға – қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – тоқсан бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
458-бап. Күзет қызметі саласындағы заңнаманы бұзу
1. Қазақстан Республикасының күзет қызметі саласындағы заңнамасын мына бөлікте бұзу:
мемлекеттік күзетуге жататын объектілердің бірінші басшыларының Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын талаптарға сәйкес инженерлік-техникалық нығайтуды қамтамасыз ету бойынша міндеттерді орындамауы және (немесе) тиісті түрде орындамауы;
шетелдік заңды тұлғаларға, шетелдік қатысуы бар заңды тұлғаларға, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдарға күзет қызметімен айналысуға, жеке күзет ұйымдарын құруға немесе олардың құрылтайшылары болуға, сенімгерлік басқаруында жеке күзет ұйымы болуға тыйым;
«Күзет қызметі туралы» Заңмен көзделмеген өзге де кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру;
күзетшіні өз лауазымдық міндеттерін орындау кезінде оның жеке басын және жеке күзет қызметіне тиесілілігін куәландыратын белгіленген үлгідегі құжатпен қамтамасыз ету бойынша талаптарды орындамау;
күзет қызметі субъектісіне тиесілілігін білдіретін арнайы киімде күзет қызметін жүзеге асыру бойынша талаптарды орындамау;
«Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабында көзделген шектеулерді сақтамау, -
Ескерту жасауға немесе орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсіздік), сол сияқты әкімшілік жауаптылыққа тартуға алып келген осы баптың бірінші бөлігінде көзделген бұзушылықты жоймау, -
қызметке тыйым сала отырып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
459-бап. Жергiлiктi атқарушы органдар мен өзге де уәкiлеттi
мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының
салық заңнамасында белгiленген мiндеттердi орындамауы
1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес осы бөлiкте көрсетiлген органдар бюджетке аударуға тиiс салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомаларын жергiлiктi атқарушы органдардың немесе уәкiлеттi мемлекеттік органдардың аудармауы, уақтылы немесе толық аудармауы -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында салық қызметi органдарына табыс ету үшiн айқындалған мәлiметтердi жергiлiктi атқарушы органдардың және өзге де уәкiлеттi мемлекеттік органдардың табыс етпеуi, уақтылы, дұрыс немесе толық ұсынбауы –
лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың салықтық бақылау нәтижелері бойынша анықталған және бақылау актісінде көрсетілген бұзушылықтарды жою жөніндегі талаптарды орындамауы –
лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi және үшінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсіздік), -
лауазымды адамдарға алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
460-бап. Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда жекелеген
негiздер бойынша мемлекет меншiгiне түскен мүлiктi
есепке алу мен одан әрi пайдалану қағидаларын бұзу
1. Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне түскен мүлiктi уәкiлеттi органға толық және (немесе) дер кезiнде тапсырмау, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, атап айтқанда:
1) сот актілері негізінде мемлекет кірісіне тәркіленген;
2) мемлекет кірісіне айналдырылған сот актілері негізінде заттай дәлелдемелер;
3) тарихи және мәдени ескерткіштерге жататын заттар бар көмбелер;
4) мемлекеттік қызметтерді орындауға уәкілеттік берілген адамға немесе оған теңестірілген адамға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне түскен және арнайы мемлекеттік қорға өтеусіз тапсыруға жататын сыйлықтар;
5) заңнамалық актілерде көзделген өзге жағдайларда республикалық меншікке өткен, соның ішінде мемлекет пайдасына кедендік бас тарту режимінде ресімделген тауарлар мен көлік құралдары;
6) белгіленген тәртіпте иесіз деп танылған;
7) мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке, соның ішінде қайтыс болған адамнан мұрагерлiк;
8) олжалар;
9) қараусыз жануарлар, -
жеке тұлғаларға - сегiз, лауазымды адамдарға - он бес, заңды тұлғаларға - қырық бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне түскен мынадай түрде жасалған мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және сату тәртiбiн сақтамау, -
1) мемлекеттің меншік құқығының пайда болуын куәландыратын құжаттардың сақталуын қамтамасыз етпеу;
2) аукциондарды ұйымдастыру және өткізу бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу арқылы емес аукционның ұйымдастырушысын таңдау;
3) минималды баға бойынша өткізілмеген мүлікті жоймау;
4) осындай мүлікті өткізуден соманы мемлекеттік бюджетке уақытылы аудармау, -
лауазымды адамдарға - он бес, заңды тұлғаларға - қырық бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
461-бап. Салық құпиясын құрайтын мәлiметтердi жария ету
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен салық құпиясы болып табылатын мәліметтерді осындай мәліметтер туралы өзіне белгілі болған адамдардың кәсіптік немесе қызметтік қажеттіліксіз жария етуі, -
қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
462-бап. Мемлекет уәкiлеттiк берген органдардың (ұйымдардың)
салықты және басқа да мiндеттi төлемдердi бюджетке
өндiрiп алмай, сондай-ақ мұндай төлемдi растайтын
құжаттар алмай тұрып, белгiлi бiр iс-әрекеттердi
жүзеге асыруы
1. Мемлекет уәкiлеттiк берген органдардың (ұйымдардың) салықты және басқа да мiндеттi төлемдердi бюджетке өндiрiп алмай тұрып, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген заңдық мәнi бар iс-әрекеттердi жүзеге асыруы, -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекет уәкiлеттiк берген органдардың (ұйымдардың) растайтын құжатты алу заң актiлерiнде көзделген жағдайларда, салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң төленгенiн растайтын құжатты алмай тұрып, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген заңдық мәнi бар iс-әрекеттердi жүзеге асыруы, -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
лауазымды адамдарға жетпiс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
463-бап. Салық есебiне тұрудан бас тарту немесе салық есебiне
тұру мерзiмiн бұзу
1. Салық төлеушiнiң тiркелу есебiне немесе салық төлеушiнiң қосылған құнға салық төлеушi ретiнде есепке тұрудан бас тартуы, сол сияқты салық органы лауазымды адамының салық заңдарында белгiленген мұндай тiркеу (есеп) мерзiмiн бұзуы, -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
464-бап. Төтенше жағдай режимiн бұзу
Егер бұл іс-әрекеттерде (әрекетсіздікте) қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, төтенше жағдай жариялануына байланысты мемлекеттiк орган белгiлеген режимдi бұзу немесе талаптарды орындамау, сондай-ақ жергілікті жер комендантының заңды бұйрықтары мен өкімдерін мына бөліктерінде орындамау:
1) келу және кетудiң ерекше режимi;
2) белгiлi бiр жеке тұлғалар үшiн белгiленген мерзiмге белгiлi бiр жерден, өзiнiң пәтерiнен (үйiнен) кетуге тыйым салу;
3) жиналыстар, митингiлер, шерулер және демонстрациялар, сондай-ақ ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық iс-шараларды өткiзуге тыйым салу;
4) ереуiлдер өткiзуге тыйым салу;
5) қарумен, күштi әсер ететiн химиялық және улы заттармен, сондай-ақ алкогольдік iшiмдiктермен және құрамында спиртi бар заттармен сауданы шектеу немесе тыйым салу;
6) карантин және басқа да мiндеттi санитариялық эпидемияға қарсы iс-шараларды өткiзу;
7) көбейту техникасын, сондай-ақ радио- және теле хабар тарату аппаратурасын, дыбыс- және бейне жазу техникасын пайдалануға шек қою немесе тыйым салу; дыбыс күшейткiш техникалық құралдарды алып қою туралы нұсқаулар; бұқаралық ақпарат құралдарына бақылауды қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар;
8) байланысты пайдаланудың айрықша қағидалары;
9) көлiк құралдарының қозғалысын шектеу және оларды тексеруден өткiзу;
10) коменданттық сағат уақытында жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын арнайы берiлген рұқсат қағаздарсыз және құжаттарсыз көшелерде немесе өзге де қоғамдық орындарда жүруiне не жеке басын куәландыратын құжаттарсыз өз үйiнен тыс жерде болуына тыйым салу, -
Ескерту жасауға немесе он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
465-бап. Терроризмге қарсы операциялар жүргізу аймағында
құқықтық режимнің бұзылуы
Құқықтық режимді бұзу немесе терроризмге қарсы операциялардың жариялануына байланысты белгіленген талаптарды:
1) келудің және кетудің ерекше режимі;
2) жергілікті жерлердің жекелеген учаскелерінде және объектілерде жеке тұлғалардың болуына тыйым салу, сондай-ақ көлік құралдарын сүйреп әкетуге кедергі жасау;
3) жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеруге, жеке тексеріп қарауға және жеке адамның заттарын тексеріп қарауға, көлік құралдарын тексеріп қарауға кедергі жасау;
4) байланысты пайдаланудың айрықша қағидалары;
5) егер кешеуілдеу адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіруі мүмкін болса, жедел медициналық жәрдемді қажет ететін адамдарды емдеу мекемелеріне жеткізу, терроризм актісі жасалған жерге бару үшін, сондай-ақ терроризм актісін жасады деп күдік келтірілген адамдардың ізіне түсу және оларды ұстау үшін көлік құралдарын алып қоюға кедергі жасау;
6) қауіпті өндірістік объектілердің қызметін тоқтата тұру;
7) терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілген аумақ шегінде тұратын жеке тұлғаларды уақытша көшіруге кедергі жасау;
8) карантин енгізу, санитариялық-эпидемияға қарсы, ветеринариялық іс-шараларды және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
9) жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі немесе иелігіндегі және пайдалануындағы тұрғын үйлер мен өзге де үй-жайларға және оларға жеке меншік құқығымен немесе жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскелеріне кіруге кедергі жасау;
10) қару-жарақ, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар, күшті әсер ететін химиялық және улы заттар саудасын шектеу немесе оған тыйым салу, дәрілік, есірткілік, психотроптық заттар мен прекурсорлар, этил спирті мен алкогольдік өнімдер айналымының айрықша режимін орнату бөлігінде орындамау, -
қауіпті өндірістік объектілердің қызметін тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – сексен бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
466-бап. Төтенше жағдай кезiнде құқық тәртiбiн бұзуға
итермелейтiн iс-әрекеттер
Төтенше жағдай жарияланған жерде жасалған құқық тәртiбiн бұзуға немесе ұлттық және дiни алауыздық туғызуға итермелейтiн iс-әрекеттер, жеке тұлғалардың және лауазымды адамдардың өздерiнiң заңды құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асыруына белсендi кедергi жасау, сонымен қатар қоғамдық тәртiптi қорғау бойынша қызметтiк мiндеттерiн немесе қоғамдық борышын орындаушы iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерiнiң, әскери қызметкердiң, билiк немесе жұртшылық өкiлдерiнiң заңды өкiмдерi мен талабына қасақана бағынбау, не қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын iс-әрекеттер жасау, сондай-ақ әкiмшiлiк қадағалау туралы заңдарды бұзу, -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
467-бап. Құқық бұзушылық жасауға итермелеген себептер мен
жағдайларды жою жөнiнде қолданылған шаралар туралы
хабарламау
Ұйым басшысының және басқа адамдардың қылмысқа немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою жөнiнде қолданылған шаралар туралы хабарламауы, істi қараған органдардың (лауазымды адамдардың) ұсыныстары бойынша, –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
468-бап. Тіркелген азаматтық, қызметтік қаруды және оған
патрондарды сатып алу, сақтау, есепке алу, пайдалану
немесе тасымалдау қағидасын бұзу
1. Ішкi iстер органдарының қаруды сақтауға, алып жүруге рұқсаты бар жеке тұлғалардың мынадай түрдегі тіркелген азаматтық, қызметтік қаруды және оған патрондарды сатып алу, сақтау, есепке алу, пайдалану немесе тасымалдау қағидасын бұзу:
1) белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін жағдайларда, сондай-ақ оларды сақтауға тыйым салынған үй-жайларда азаматтық қаруды және оған патрондарды сақтау; ішкі істер органының рұқсатынсыз сақтауға және алып жүруге рұқсатынсыз қаптамасыз және оқталмаған күйде қаруды барлық көлік түрлерімен алып жүру, орнын ауыстыру немесе тасымалдау;
2) тиесілі қаруды жоғалтқан немесе ұрлатқан кезде ие ұйымның ішкі істер органдарын хабардар етпеуі, -
қаруды тәркілей отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – бес, заңды тұлғаларға – жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сақтауға және (немесе) алып жүруге рұқсаты бар ұйымның, заңды тұлғалар қызметкерлерінің жекелеген қару түрлерінің айналымын мемлекеттік бақылау туралы заңнаманы мынадай түрде жасап бұзуы:
1) қызметтік немесе азаматтық қаруды және оған патрондарды мақсатсыз пайдалану;
2) қызметтік қаруды және оған патрондарды сақтау шарттарын бұзу;
3) қызметтік қаруды және оған патрондарды тыйым салынған жерлерде сақтау;
4) қару және оған патрондармен бірге басқа тыйым салынған құралдарды сақтау;
5) қызметтік қарудың есебін жүргізбеу, сондай-ақ белгіленген құжаттамадан тыс есебін жүргізу;
6) соңғы атылған кезден бастап бес жыл өткеннен кейін иір ойықты қарудың атпауы;
7) қызметтік қаруды, патрондарды және аңшы оқ-дәрісін барлық көлік құралдарымен тасымалдауға белгіленген талаптарды бұзу;
8) басқа өңірде қызметтік міндеттерді орындауға байланысты оған тиесілі қаруды есептен шығару және есепке қою туралы ішкі істер органдарына хабарламау;
9) оған тиесілі қаруды жоғалту немесе ұрлату кезінде ішкі істер органдарына хабарламау, -
қаруды тәркілей отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - он, заңды тұлғаларға - қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Азаматтық қаруларды өз еркімен тапсырған адам, егер оның іс-әрекеттерінде өзге құқық бұзушылық құрамы болмаса, әкімшілік жауаптылықтан босатылады.
469-бап. Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылған
бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау,
жою, әкелу, әкету тәртібін бұзу
1. Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылған бұйымдарды сату, экспонттау құқығына лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалардың оларды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету тәртібін бұзуы, -
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылған бұйымдарды тәркілей отырып, жеке тұлғаларға – бір, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – төрт, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жеті, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), -
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылған бұйымдарды тәркілей отырып, жеке тұлғаларға – үш, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
470-бап. Азаматтық, қызметтiк қаруды, оған патрондарды сатып
алу, сақтау, пайдалану немесе тасымалдау қағидаларын
бұзу
1. Қару сақтауға iшкi iстер органдарының рұқсаты бар жеке тұлғалардың азаматтық, қаруды, оған патрондарды сатып алу, сақтау, алып жүру, пайдалану немесе тасымалдау қағидаларын бұзуы, -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Олардың сақталуына жауапты ұйым қызметкерлерiнiң қызметтiк қаруды, оған патрондарды сатып алу, сақтау немесе тасымалдау қағидаларын бұзуы, сол сияқты олардың қызметтiк қаруды және оған патрондарды өз мақсатында пайдаланбауы, -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
471-бап. Газ қаруын заңсыз қолдану
1. Газ қаруын заңсыз қолдану, -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет, -
қаруды тәркiлей отырып немесе онсыз, он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
472-бап. Азаматтық және қызметтiк қаруды тiркеу (қайта тiркеу)
тәртібін не оны есепке қою тәртібін бұзу
1. Мынадай:
1) жеке тұлғаның қаруды сатып алғаннан кейiн тiркеу және оны сақтауға және (немесе) алып жүруге рұқсат алу;
2) жеке тұлғаның азаматтық қаруды сақтауға және (немесе) алып жүруге рұқсатты ұзарту туралы iшкi iстер органына өтiнiш беру;
3) қару иесiнiң өзіне тиесiлi қарудың жоғалғаны немесе ұрланғаны туралы iшкi iстер органын хабардар ету;
4) жеке тұлғаның тұрғылықты жерiн өзгерткен кезде қаруды есепке қою үшiн iшкi iстер органдарына өтiнiш беру;
5) заңды тұлғалардың қызметтiк және (немесе) азаматтық қаруды сатып алғаннан кейiн оны iшкi iстер органдарында тiркеу мерзiмдерiн бұзу арқылы азаматтық және қызметтiк қаруды тiркеу (қайта тiркеу) тәртiбiн не оны есепке қою ережесін бұзу –
жеке тұлғаға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер –
жеке тұлғаға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
473-бап. Азаматтық қаруды, оған патрондарды сату үшiн өткiзуден
жалтару
Азаматтық қаруды, оған патрондарды сақтауға рұқсатты iшкi iстер органдары алып қойған жеке тұлғалардың оларды сату үшiн өткiзуден жалтаруы, -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
474-бап. Қоғамдық бiрлестiктер туралы заңнаманы бұзу
1. Қоғамдық бiрлестiк басшыларының, мүшелерiнiң не қоғамдық бiрлестiктiң осы қоғамдық бiрлестiктердiң жарғыларында белгiленген мақсаттары мен мiндеттерiнiң шегiнен тыс iс-әрекеттер жасауы, -
ескерту жасауға немесе заңды тұлғаларға – жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қоғамдық бiрлестiк басшыларының, мүшелерінің не қоғамдық бiрлестiктiң Қазақстан Республикасының заңдарын бұзатын іс-әрекеттер жасауы, -
ескерту жасауға немесе қоғамдық бiрлестiктiң қызметiн үш айдан алты айға дейінгi мерзiмге тоқтата тұрып, заңды тұлғаларға – жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
қоғамдық бiрлестiктiң қызметiн үш айдан алты айға дейiнгі мерзiмге тоқтата тұрып, заңды тұлғаларға – жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, сол сияқты осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген бұзушылықтарды жоймау, -
қоғамдық бiрлестіктің қызметiне тыйым сала отырып, заңды тұлғаларға – екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Шетелдiк заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың, шет ел қатысатын заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, қайырымдылық ұйымдарының саяси партияларды қаржыландыруы –
заңсыз қайырмалдықтарды тәркілей отырып, лауазымды адамдарға - төрт жүз айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде, заңсыз қайырмалдықтарды тәркілей отырып, заңды тұлғаларға – екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Саяси партияның заңсыз қайырмалдықтарды қабылдауы, -
заңсыз қайырмалдықтарды тәркілей отырып және саяси партияның қызметіне тыйым сала отырып, төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Саяси партиялардың қаржылық қызметi туралы жылдық есептіктi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiм мен көлемде жарияламау, -
саяси партияның қызметiн алты айға дейінгі мерзiмге тоқтата тұрып, екі жүз айлық eceптiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Саяси партияның, оның құрылымдық бөлiмшелерiнің (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қызметтi қайта тiркеусiз жүзеге асыруы, -
саяси партияның қызметiне тыйым сала отырып, екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
475-бап. Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы
бұзу
1. Мыналарға:
дiни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды өткізуге;
қайырымдылық қызметтi жүзеге асыруға;
діни әдебиетті және діни мазмұндағы (мақсаттағы) өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелуге, шығаруға, басып шығаруға және (немесе) таратуға;
ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салуға, үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеуге (функционалдық мақсатын өзгертуге) қойылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу –
жеке тұлғаларға – елу, қызметiн үш ай мерзімге тоқтата тұрып, заңды тұлғаларға – екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Заңды діни қызметке кедергі жасау, сол сияқты дінге көзқарасы себебі бойынша жеке тұлғалардың азаматтық құқықтарын бұзу немесе олардың діни сезімдерін қорлау не қайсыбір дiндi ұстанушылар тәу ететін заттарды, құрылыстар мен орындарды бүлдіру, егер жоғарыда баяндалған барлық іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, –
жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға – жүз, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тіркеусіз (қайта тіркеусіз) миссионерлiк қызметтi жүзеге асыруы, сол сияқты миссионерлердің дінтану сараптамасының оң қорытындысы жоқ діни әдебиетті, діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды және діни мақсаттағы заттарды пайдалануы –
Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiбере отырып, жеке тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Діни бірлестіктің өз жарғысында көзделмеген қызметті жүзеге асыруы –
лауазымды адамдарға және діни бірлестіктердің басшыларына – екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, заңды тұлғаларға қызметін үш ай мерзімге тоқтата тұрып, үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Діни бірлестіктің саяси қызметпен айналысуы, сол сияқты саяси партиялардың қызметіне қатысуы және (немесе) оларға қаржылық қолдау көрсетуі, мемлекеттік органдардың қызметіне араласуы не мемлекеттік органдардың немесе олардың лауазымды адамдарының функцияларын діни бірлестіктер мүшелерінің иемденіп алуы –
жеке тұлғаларға – жүз, діни бірлестіктердің басшыларына – екі жүз, заңды тұлғаларға - қызметін үш ай мерзімге тоқтата тұрып, үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Мемлекеттік органдарда, ұйымдар мен мекемелерде, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарында діни бірлестіктердің ұйымдық құрылымдарын құру Мемлекеттік органдарда, ұйымдар мен мекемелерде, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарында діни бірлестіктердің ұйымдық құрылымдарын құру –
лауазымды адамдарға – жүз, заңды тұлғаларға – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Уәкілетті органның келісуінсіз шетелдік діни орталық тағайындаған адамның діни бірлестікті басқаруы, сол сияқты діни бірлестік басшысының кәмелетке толмаған адамның ата-анасының біреуі немесе оның өзге де заңды өкілдері қарсылық білдірген кезде діни бірлестіктің қызметіне кәмелетке толмағандарды тартуға және (немесе) қатыстыруға жол бермейтін шаралар қолданбауы –
жеке тұлғаларға – екі жүз, заңды тұлғаларға олардың қызметіне тыйым сала отырып, бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші, төртінші және алтыншы бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік) –
жеке тұлғаларға – екі жүз, заңды тұлғаларға олардың қызметіне тыйым сала отырып, бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
476-бап. Азаматтық хал актiлерiн жазу қағидаларын бұзу
Некеге отыруға кедергi болатын мән-жайларды жасыру немесе азаматтық хал актiлерiн жазу органдарына жалған мәлiметтер беру, -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
477-бап. Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты
куәландыратын құжаттарсыз тұру
1. Күнтізбелік он күннен үш айға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәлiксiз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша тiркеусiз тұруы, -
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Үш айдан жоғары мерзім Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәлiксiз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша тiркеусiз тұруы, -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірiншi және үшінші бөлiктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет, -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Қазақстан Республикасында шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның тұруға тұрғылықты орны бойынша тіркеусіз не ықтиярхатсыз немесе азаматтығы жоқ адамның куәлiксiз не жарамсыз ықтиярхатпен, азаматтығы жоқ адамның жарамсыз куәлiкпен күнтізбелік он күннен астам мерзімде тұрақты тұруы, сондай-ақ паспорттың, тұруға ықтиярхаттың не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің жоғалғаны туралы ішкі істер органдарын уақтылы хабардар етпеуі, -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың төртінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейін бір жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер, -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
478-бап. Тұрғын жай меншік иесiнiң немесе қарамағында тұрғын
жайлар, ғимараттар және (немесе) үй-жайлар бар басқа
да адамдардың оларда нақты тұрмайтын жеке тұлғаларды
тіркеуге жол беруі
1. Тұрғын жай меншік иесінің немесе қарамағында тұрғын жайлар, ғимараттар және (немесе) үй-жайлар бар басқа да адамдардың меншiк иесiне тиесілі немесе басқа да адамдардың қарамағындағы тұрғын жайларда, ғимараттарда және (немесе) үй-жайларда нақты тұрмайтын жеке тұлғаларды тiркеуге жол беруi -
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Тұрғын жай меншік иесінің немесе қарамағында тұрғын жайлар, ғимараттар және (немесе) үй-жайлар бар басқа да адамдардың меншiк иесiне тиесілі немесе басқа да адамдардың қарамағындағы тұрғын жайларда, ғимараттарда және (немесе) үй-жайларда тіркелген және тұрмайтын жеке тұлғаларды тiркеуден шығару жөнiнде шаралар қолданбауы –
жеке тұлғаларға – үш, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
479-бап. Төлқұжаттарды, жеке куәліктерді заңсыз алып қою немесе
оларды кепілге қабылдау
1. Азаматтардан төлқұжаттарды, жеке куәліктерді заңсыз алып қою немесе оларды кепілге қабылдау,-
ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер,-
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
480-бап. Жеке басты куәландыратын құжаттарды алған кезде не
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу
үшін немесе Қазақстан Республикасының азаматтығына
қабылдау не Қазақстан Республикасының азаматтығын
қалпына келтіру туралы өтініш берген кезде Қазақстан
Республикасының мемлекеттік органдарына көрiнеу жалған
мәлiметтер беру
1. Жеке басты куәландыратын құжаттарды алған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көрiнеу жалған мәлiметтер беру, -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін немесе Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау не Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көрiнеу жалған мәлiметтер беруi, -
Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберілуіне әкеп соғады.
481-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнаманы
бұзу
1. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айрылған адамның Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін пайдалануы,-
жеке тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттік қызметтегі адамдар, сондай-ақ билік өкілінің функцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттік органдарда ұйымдық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды орындайтын адамдар жасаған нақ сол іс-әрекеттер,-
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
482-бап. Алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін бұзу
1. Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына дұрыс емес алғашқы статистикалық деректерді ұсыну –
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына алғашқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімде ұсынбау, -
жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жеті, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірiншi және екінші бөлiктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер, -
жеке тұлғаларға – жеті, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
483-бап. Құқықтық статистика мен арнайы есеп деректерiн табыс
етуден бас тарту, табыс етпеу, уақтылы табыс етпеу,
жасыру, қосып жазу және басқа да бұрмалаушылықтар
1. Құқықтық статистика мен арнайы есептер саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік органға құқықтық статистика мен арнайы есеп деректерiн табыс етуден бас тарту, табыс етпеу, оларды белгiленген мерзiмдi бұзып табыс ету, жасыру, қосып жазу, құқықтық статистика мен арнайы есептеу деректерiн басқа да қасақана бұрмалаушылықтар, сол сияқты құқықтық статистикалық ақпаратты және арнайы есептер мәлiметтерiн алуға қандай да бiр нысанда болсын кедергi жасау, -
лауазымды адамдарға – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Денсаулық сақтау саласында жасалған нақ сол әрекеттер, -
лауазымды адамдарға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
484-бап. Әкімшілік деректерді ұсыну тәртібін бұзу
1. Лауазымды адамдардың мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға дұрыс емес әкімшілік деректердің әкімшілік көздерін ұсынуы –
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Лауазымды адамдардың мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға әкімшілік деректердің әкімшілік көздерін ұсынбауы, –
жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірiншi және екінші бөлiктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер, -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
485-бап. Мемлекеттік статистикалық байқаулар жүргiзуден бас
тарту
Лауазымды адамдардың өздерiне жүктелген статистикалық байқаулар жүргiзу жөнiндегi мемлекеттiк мiндеттердi орындаудан бас тартуы немесе оларды уақытында орындамауы, -
ескерту жасауға немесе он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
486-бап. Лауазымды адамның алғашқы статистикалық деректерді,
статистикалық ақпаратты және (немесе) деректер
базаларын жоғалтуы, сатуы, беруі немесе өзге де заңсыз
жария етуі
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабымен көзделген жағдайларды қоспағанда, Мемлекеттік статистика органдары лауазымды адамының респондентті сәйкестендіруге мүмкіндік беретін алғашқы статистикалық деректерді, статистикалық ақпаратты және (немесе) деректер базаларын жоғалтуы, сатуы, беруі немесе өзге де заңсыз жария етуі, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, –
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
487-бап. Алғашқы статистикалық деректерді бекітілмеген
статистикалық нысан бойынша жинау
Алғашқы статистикалық деректерді бекітілмеген статистикалық нысан бойынша жинау –
лауазымды адамдарға ескерту жасауға немесе он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
488-бап. Әкімшілік деректерді келісілмеген нысан бойынша жинау
Әкімшілік деректерді келісілмеген нысан бойынша жинау –
лауазымды адамдарға ескерту жасауға немесе он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
489-бап. Мемлекеттік құпияларды сақтау және таратылуы шектеулі
қызметтік ақпаратпен жұмыс саласындағы белгіленген
талаптарды бұзу
1. Мемлекеттiк құпияларға енудің немесе жіберудің белгiленген тәртiбiн бұзу, -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттік құпиялармен немесе оларды жеткізгіштермен жұмыс жасауға жіберілген адамдардың құпиялылық режимін қамтамасыз ету бойынша белгіленген талаптарды бұзуы, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын белгілер болмаса, -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Мәліметтерді және олардың құпияландыруға жатпайтын тасығыштарын негізсіз құпияландыру, құпиялылық белгісін және мемлекеттік құпияға жатқызылмаған мәліметтерді құпияландыру үшін өзге шектеу белгілерін пайдалану, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, -
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер, -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Мемлекеттік құпиялар туралы заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, мәліметтерді және мемлекеттік құпияларды құрайтын олардың тасығыштарын негізсіз құпиясыздандыру, тасығыштарды құпияландыру кезінде оларды құпиясыздандырудың белгіленген мерзімдерін бұзу, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, -
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратпен жұмыс бойынша белгіленген талаптарды оған кәсіптік немесе қызметтік жұмысына байланысты жіберілген адамдардың осы мәліметтердің таралуына немесе жоғалуына алып келген бұзуы, -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
490-бап. Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын көрiктендiру
қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер
инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою
және бүлдіру
1. Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын көрiктендiру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
491-бап. Күзетiлетiн объектiлерге заңсыз ену
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Президенттiң Күзет қызметi, Республикалық ұлан, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң, Қорғаныс министрлiгiнiң органдары мен бөлiмшелерi күзететiн объектiге заңсыз ену, -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
492-бап. Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың қызметіне
кедергі жасау
Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының құқықтары мен заңды мүдделерінің елеулі түрде бұзылуына әкеп соқтырған, лауазымды адамның олардың заңды қызметіне қызмет бабын пайдалана отырып кедергі келтіруі, сол сияқты лауазымды адамның бұл қызметке өзінің қызмет бабын пайдалана отырып араласуы –
қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
493-бап. Өздерінің өкілеттіктерін орындау кезінде белгілі
болған мәліметтерді ұлттық алдын алу тетігі
қатысушыларының жария етуі
Қылмыстық әрекет белгілерін қамтымайтын ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының барып тұруына жататын мемлекердегі адамның жазбаша келісімінсіз ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының құпия ақпаратты жариялауы арқылы оны жария етуі, -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
28-тарау. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк шекарасы
режимiнiң белгiленген тәртiбiне және Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртiбiне қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық
494-бап. Шекара аймағында шекара режимiн және жекелеген
жерлерде болу тәртiбiн бұзу
1. Шекара аймағына кiру (өту), уақытша болу немесе жүрiп-тұру кезінде шекара аймағында шекара режимін бұзу, -
жеке басын куәландыратын құжатсыз Қазақстан Республикасының азаматы;
жеке басын куәландыратын құжатсыз және ішкі істер органдары беретін рұқсаттарсыз шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;
Қазақстан Республикасына жеке басын куәландыратын құжатсыз және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі беретін рұқсатсыз оңайлатылған өткізу пункті арқылы кірген шетелдік (іргелес мемлекеттердің шекаралас аудандардың тұрғыны);
сол сияқты шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасынан шығу мақсатында өткізу пунктіне халықаралық темір жол және автомобиль жолдары бойынша шекаралас аймақтар арқылы жүруі кезіндегі бағыттың өзгеруі, -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің хабарлауынсыз шекара аймағында шаруашылық, кәсiпшiлiк немесе өзге де қызметтер жүргiзу, қоғамдық-саяси, мәдени және өзге де iс-шаралар өткiзу, -
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың баруына уақытша жабық Қазақстан Республикасы аумағына Сыртқы істер министрлігінің және ішкі істер органдарының рұқсатынсыз кіру (өту), уақытша болу немесе жүріп тұру, -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
495-бап. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан
Республикасының басқа да әскерлері мен әскери
құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары
жанындағы тыйым салынған аймақ пен аудан аумағында
белгіленген шектеулерді бұзу
1. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтың аумағында болуы –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақ аумағында диверсияға қарсы және өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстарды қоспағанда, құрылыс салу және қандай да бір жұмыстар жүргізу –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудан аумағында атыс қаруынан оқ ату, пиротехникалық құралдарды пайдалану, сондай-ақ атыс тирлерін, стендтері мен атыс орындарын орнату –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
496-бап. Қазақстан Республикасының аумақтық суларының
(теңізінің) және ішкі суларының режимдерін бұзу
1. Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде) және iшкi суларында, шекара өзендерi, көлдерi және өзге де су қоймалары суларының қазақстандық бөлiгiнде шағын көлемдi өздiгiнен жүзетiн және өздiгiнен жүзбейтiн (су бетiндегi және су астындағы) қазақстандық кемелердi (құралдарды) есепке алудың, күтiп-ұстаудың, олардың негiзгi бекеттерден шығуының және негiзгi бекеттерге оралуының, суда болуының және кемелердiң (құралдардың) мұз арқылы қозғалуының белгiленген тәртібін сақтамаудан көрінген режимді бұзу –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсатынсыз, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпті бұза отырып, Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде) және iшкi суларында шекара өзендерi, көлдерi мен өзге де су қоймалары суларының қазақстандық бөлiгiнде кәсiпшiлiк, зерттеу, iздестiру немесе өзге қызметтер жүргiзу –
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болған көлік құралдары мен өзге де заттары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
497-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы
өткiзу бекеттерiнде режимдi бұзу
1. Қазақстан Республикасы азаматының Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу бекеттерiнде режимдi бұзуы, адамдардың, көлік құралдарының өткiзу бекеттерiне кіру, оларда болу, жүріп-тұру және олардан шығу, жүктер мен тауарларды әкелу, орналастыру, әкету, шаруашылық және өзге де қызметті жүргізуге асырудың белгіленген тәртібін сақтамаудан көрінген режимдi бұзуы -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адам жасаған нақ сол iс-әрекеттер –
Қазақстан Республикасы аумағынан әкiмшiлiк жолмен шығарып жiбере отырып, бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
498-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы режимiн
бұзу
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы режимін бұзу, белгіленген:
1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасын (Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасы учаскесін қоспағанда) күтіп-ұстау;
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасын кесіп өту;
3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу;
4) шекаралық белдеуге кіру, онда уақытша болу, тұру, жүріп-тұру және шекаралық белдеудің үстінен ұшуды жүзеге асыру;
5) Мемлекеттік шекара мен шекаралық белдеуге шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізу, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізу тәртібін бұзудан көрінген режимді бұзу –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам жасаған іс-әрекеттер –
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкімшілік шығарып жіберуге және әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысанасы болып табылатын көлік құралдары және өзге де заттары тәркілене отырып он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
499-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы
заңсыз алып өту
1. Халықаралық тасымалды жүзеге асыратын көлiк ұйымының немесе өзге де ұйымның Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан бiр немесе бiрнеше тәртiп бұзушының заңсыз өтуiне немесе заңсыз өтуге әрекет жасауына әкеп соқтырған адамдардың көлiк құралына заңсыз кiруiн және оны Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан заңсыз өту үшiн пайдалануын болдырмау жөнiнде шараларды қолданбауы –
бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Халықаралық тасымалды жүзеге асыратын көлiк ұйымы немесе өзге де ұйым қызметкерiнiң өзiнiң қызметтiк мiндеттерiне кiретiн, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасынан заңсыз өтуге әкеп соқтырған адамдардың көлiк құралына заңсыз кiруiн және оны Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын заңсыз кесiп өту үшiн пайдалануын болдырмау жөнiнде шаралар қолданбауы, егер аталған әрекет бiр немесе бiрнеше тәртiп бұзушының Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан заңсыз өту қылмысына немесе заңсыз өтуге әрекет жасауына жәрдемдесу болып табылмаса –
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жеке шаруамен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан өтетiн адамның, бiр немесе бiрнеше тәртiп бұзушының Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан заңсыз өтуiне немесе заңсыз өтуге әрекет жасауына әкеп соққан, өзi басқаратын көлiк құралын басқа адамның Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан заңсыз өту үшiн пайдалануын болдырмау жөнiнде шаралар қолданбауы –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
500-бап. Әскери қызметшінің Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі өзінің
міндеттерін орындаумен байланысты заңды өкімге немесе
талапқа бағынбауы
Әскери қызметшінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі өзінің міндеттерін атқаруымен байланысты заңды өкімге немесе талапқа бағынбауы –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
501-бап. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның көші-қон
заңнамасын бұзуы
1. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген күнтізбелік бес күн өткеннен кейін үш тәулікке дейінгі мерзімде ішкі істер органдарында тіркелусіз Қазақстан Республикасында болуымен көрінген көші-қон заңнамасын бұзуы, -
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның осы баптың бірінші бөлігінде көзделген мерзімнен аса ішкі істер органдарында тіркелусіз Қазақстан Республикасында болудан не тіркеу кезінде көрсетілген мекенжайда тұрмаудан, сол сияқты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру қағидаларын сақтамауынан көрінген көші-қон заңнамасын бұзуы –
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегiнен шығарып жiберуге әкеп соғады.
3. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның визада не тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткен соң үш тәулік ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан кетпеуден кетуден көрінген көші-қон заңнамасын бұзуы –
ескерту жасауға әкеп соғады.
4. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның көші-қон заңнамасын бұзуы не визада не тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткен соң үш тәуліктен аса уақыт аралығында кетуден жалтаруы –
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегiнен шығарып жiберуге әкеп соғады.
5. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның визада және (немесе) тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарда жүзеге асыратын қызметіне сәйкес болмауынан көрінген көші-қон заңнамасын бұзуы немесе жұмысқа орналасуға рұқсат алу еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жұмысқа орналасуға осындай рұқсат алмастан Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруы –
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегiнен шығарып жiберуге әкеп соғады.
502-бап. Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды
қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың көші-қон
заңнамасын бұзуы
1. Қабылдайтын адамның шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды уақтылы тiркеу не олардың Қазақстан Республикасында болуына не белгiленген болу мерзiмi аяқталғаннан кейiн Қазақстан Республикасынан қайтып кетуі құқығына құжаттарды ресімдеу жөнінде шаралар қабылдамауы, –
жеке адамдарға – бес, лауазымды адамға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасына келген шетелдiкке немесе азаматтығы жоқ адамға көші-қон заңнамасын бұза отырып тұрғын үй-жай беру не белгіленген болу мерзімінде Қазақстан Республикасынан қайтып кетуден жалтару не тіркеуде көрсетілген мекенжайға нақты тұратын орнының сәйкес болмауы –
жеке адамдарға – он, лауазымды адамға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші, екінші және үшiншi бөлiктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Қазақстан Республикасына келген шетелдiкпен немесе азаматтығы жоқ адаммен көші-қон заңнамасын бұза отырып, визада не тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарда жүзеге асыратын қызметіне сәйкес емес мәмілелер жасасу –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
503-бап. Шетелдік жұмыс күшін тарту қағидаларын бұзу
1. Жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз тартуы немесе жұмысқа орналасуға рұқсаты жоқ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың еңбегін пайдалануы не еңбек етуші көшіп келушіге жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат ету –
жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жұмыс берушінің шетелдік қызметкерді жергілікті атқарушы органның шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатында көрсетілген лауазымға (кәсіпке немесе мамандыққа) сәйкес келмейтін лауазымға (кәсіпке немесе мамандыққа) тартуы –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
504-бап. Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде еңбекке
орналастыру жөнiндегi заңсыз қызмет
Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде еңбекке орналастыру жөнiндегi қызметтi жөнсiз жарнаманы пайдаланып не толық емес немесе дәйексiз ақпарат берiп жүзеге асыру –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алпыс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
29-тарау. Кеден ісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
505-бап. Кеден бақылауы аймағының режимiн бұзу
Кеден бақылауы аймағының шекарасы арқылы және оның шегiнде мемлекеттiк органдардың (кеденнен басқа) лауазымды адамдарын қоса алғанда, тауарлардың, көлiк құралдарының және адамдардың орын ауыстыруы, сондай-ақ кеден органының рұқсатынсыз осы аймақта өнеркәсіптік және өзге коммерциялық қызметті жүзеге асыру –
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсiпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
506-бап. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыру тәртібін
бұзу
Кеден өкілінің, уақытша сақтау орны немесе қоймасы, еркін немесе кедендік қойма, баж салынбайтын сауда дүкені иелерінің осындай қызметті «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес жүзеге асыру шарттары мен міндеттерін сақтамауы не уақытша сақтау орнын немесе қоймасын, еркін немесе кедендік қойманы, баж салынбайтын сауда дүкенін құруға арналған үй-жайдың немесе аумақтың кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі –
жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
507-бап. Кедендік тасымалдаушының қызметті жүзеге асыру
тәртібін бұзуы
Кедендік тасымалдаушының осындай қызметті жүзеге асыру үшін кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген шарттар мен міндеттерді сақтамауы, оның ішінде кеден органының осы көлік құралы орналасқан жерді анықтауына мүмкіндік беретін, көлік құралында техникалық жабдықтың болмауы не оның ақаулы болуы –
жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
508-бап. Тауарлар мен көлік құралдарының келгені туралы кеден
органына хабарламау
Тауарлар мен көлік құралдарын кеден одағының кедендік аумағына әкелген кезде құжаттарды кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес табыс етпеу арқылы тауарлар мен көлік құралдардың келгені туралы хабарламау –
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсiпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
509-бап. Тауарлар мен көлік құралдарының кету тәртібін бұзу
Қазақстан Республикасының кеден органының рұқсатынсыз тауарлар және/немесе көлік құралдарының Кеден одағының кедендік аумағынан кету тәртібін бұзу, сондай-ақ Кеден одағының және/немесе Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кету үшін құжаттарды тапсырмау –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсiпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
510-бап. Авария немесе еңсерілмейтін күштер жағдайында шаралар
қолданбау
Тауарлардың және көлiк құралдарының авария немесе өзге еңсерілмейтін күштiң әсерi немесе өзге мән-жайлар жағдайында сақталуын қамтамасыз ету үшiн шаралар қолданбау, осындай мән-жағдайлар туралы жақын маңдағы кеден органына, осындай тауарлардың және көлiк құралдарының тұрған орны туралы хабарламау не оларды жақын маңдағы кеден органына немесе кеден органы белгілеген орынға тасымалдауды қамтамасыз етпеу –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсiпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
511-бап. Тауарларды және көлiк құралдарын жеткiзу орнына бермеу
Тауарларды және көлiк құралдарын жеткiзу орнына бермеу және олардың құжаттарын Қазақстан Республикасының кеден органына бермеу –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсiпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
512-бап. Тауарларды, көлiк құралдарын және олардың құжаттарын
Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз
беру, жоғалту немесе Қазақстан Республикасының кеден
органына жеткiзбеу
1. Кедендiк бақылауда тұрған тауарларды және көлiк құралдарын Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз беру, жоғалту немесе кеден органы белгiлеген жеткізу орнына жеткізбеу –
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болған тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кеден органына тапсыруға қабылданған кедендiк бақылауда тұрған тауарлардың және көлiк құралдарының кедендiк немесе өзге де құжаттарын жеткiзбеу –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Тауарларды, көлiк құралдары мен оның құжаттарын жеткiзудiң кеден органы белгiлеген мерзімді сақтамау –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
513-бап. Көлiк құралын тоқтатпау
Мұндай тоқтатпау көлiк құралының техникалық ақаулығынан немесе еңсерiлмейтiн күштiң әсерiнен болған жағдайларды қоспағанда, кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өтетiн көлiк құралын, сондай-ақ кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы тауар ретiнде өткiзiлетiн көлiк құралын Қазақстан Республикасының кеден органы белгiлейтiн орындарда тоқтатпау –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
514-бап. Көлiк құралын Қазақстан Республикасы кеден органының
рұқсатынсыз жөнелту
Кедендiк бақылауда тұрған көлiк құралын не кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы тауар ретiнде өткiзiлетiн көлiк құралын оның тұрған орнынан Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз жөнелту –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
515-бап. Тауарларды кедендiк рәсiмдеуге орналастыруға
байланысты кедендiк операцияларды жасау және
тауарларды кедендiк тазалау тәртiбiн бұзу
Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды кедендiк рәсiмге орналастыруға байланысты кедендiк операцияларды жасау және тауарларды кедендiк тазалау тәртiбiн бұзу, яғни кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тауарларды кедендiк ресiмдеуге орналастыру, кеден операцияларын жасау орны мен уақыты жөнiндегi талаптарды, сондай-ақ тауарлардың жекелеген санаттарын кедендiк рәсiмдеуге орналастырудың бiрiншi кезектегi тәртiбiн қолдану шарттарын сақтамау –
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
516-бап. Кедендiк тазалау аяқталмаған тауарлармен заңсыз
операциялар жүргiзу, жай-күйiн өзгерту, пайдалану және
(немесе) билiк ету
1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген талаптар мен шарттарды бұза отырып, кедендiк тазалау аяқталмаған тауарлармен операциялар жүргiзу, жай-күйiн өзгерту, пайдалану және (немесе) билiк ету –
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын көлiк құралдары тәркiлене отырып, жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер –
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын көлiк құралдары тәркiлене отырып қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
517-бап. Кеден органының рұқсатынсыз, кедендік бақылауда тұрған
тауарларымен жүк және өзге де операциялар жүргізу
Кеден органының рұқсатынсыз кеден бақылауында тұрған тауарларды және көлiк құралдарын тасымалдау, тиеу, түсiру, қайта тиеу, зақымданған орамды жөндеу, буып-түю, қайта буып-түю немесе тасымалдауға қабылдау, мұндай тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алу, көрсетiлген тауарлар мен көлiк құралдары болуы мүмкiн үй-жайларды, сыйымдылықтарды және басқа да орындарды ашу не кеден органының рұқсатынсыз не хабарламасыз кедендік бақылауда тұрған тауарларды тасымалдайтын халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын ауыстыру –
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
518-бап. Ұқсастыру құралдарын жою, алып тастау, өзгерту не
ауыстыру
1. Кеден органдары пайдаланатын, оның ішінде кеден органының рұқсатынсыз шет мемлекеттердің ұқсастыру құралдарын жоюы, алып тастауы, өзгертуі не ауыстыруы немесе зақымдауы не осындай ұқсастыру құралдарын жоғалту –
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
519-бап. Тауарларды кедендік декларациялау тәртiбiн бұзу
Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, декларанттың және (немесе) кеден өкілінің тауарларды кедендік декларациялау тәртiбiн бұзуы, яғни тауарларды алдын ала, толық емес, мерзiмдiк және уақытша кедендік декларациялауды қоса алғанда, тауарларды кедендік декларациялау орны бойынша, кедендік декларацияны толтыру және кедендік декларациялау тәртібі бойынша кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген талаптарды сақтамауы –
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
520-бап. Кеден өкiлiнiң кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге
асыру тәртiбiн бұзуы
1. Кеден өкiлiнiң үшiншi тұлғамен азаматтық-құқықтық шарт жасаспай не шарттың қолданылу мерзiмi өткен соң немесе ол бұзылғаннан кейiн үшiншi тұлғаның мүддесi үшiн кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыруы –
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, кеден өкiлi бiр жыл iшiнде қайталап жасаған iс-әрекет –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
521-бап. Уәкiлеттi экономикалық оператордың кеден
iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыру тәртiбiн бұзуы
Уәкiлеттi экономикалық оператордың осындай қызметтi жүзеге асыру үшiн кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген талаптарды сақтамауы –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
522-бап. Кеден декларациясын, құжаттар мен мәлiметтердi беру
мерзiмдерiн бұзу
1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды кедендiк декларациялау кезiнде ұсынылатын кедендiк декларацияны, құжаттар мен мәлiметтердi кеден органына белгiленген мерзiмдерде табыс етпеуi –
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2.Кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асырушы адамдардың сақталуға міндетті болып табылатын, кедендік бақылау үшін қажетті құжаттарды сақтау бойынша міндеттерін орындамауы –
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
523-бап. Қазақстан Республикасының кеден органына есептiлiктi
бермеу не дұрыс емес есептілікті ұсыну және есеп
жүргiзу тәртiбiн сақтамау
Кедендiк тасымалдаушының, кеден өкiлiнiң, уақытша сақтау орны немесе қоймасы, кедендiк немесе еркiн қойма, баж салынбайтын сауда дүкенi иелерiнiң, декларанттардың кедендiк бақылаудағы не еркiн кеден аймағы аумағындағы әкелiнетiн, әкетiлетiн, декларацияланатын, келiп түсетiн, сақталатын, өңделетiн, дайындалатын, сатып алынатын және өткiзiлетiн тауарлар туралы есептiлiктi кеден органына кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртiппен және мерзiмдерде бермеуі не дұрыс емес мәліметтерді қамтитын есептілікті ұсынуы, сол сияқты мұндай тауарларға есеп жүргiзу тәртiбiн сақтамауы –
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
524-бап. Тауарларды сақтауға орналастыру тәртiбiн, оларды
сақтау және олармен операциялар жүргiзу тәртiбiн бұзу
Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тауарларды сақтауға орналастыру тәртібін және оларды сақтау тәртібін, кеден қоймасында сақтау мерзімдерін, тауарларды бір қоймадан екіншісіне орналастыру тәртібін бұзу, сондай-ақ кеден қоймаларындағы, уақытша сақтау қоймаларындағы және еркін қоймалардағы тауарлармен операциялар жүргізу -
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
525-бап. Тауарларды уақытша сақтау мерзiмдерiн бұзу
Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тауарларды уақытша сақтау мерзiмдерiн бұзу –
тауарларды тәркілей отырып не онсыз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
526-бап. Тауарларды қайта өңдеу тәртiбiн бұзу және қайта өңдеу
өнiмдерiн ауыстыру
1. Тауарларды қайта өңдеу тәртiбiн бұзу, яғни кеден заңнамасымен белгiленген талаптарды, шектеулердi және тауарларды қайта өңдеу жағдайлары туралы мiндеттеме беру шарттарын, оларды қайта өңдеу тәртiбi мен мерзiмдерiн, қайта өңдеу өнiмдерiнiң шығу мөлшерiн сақтамау, осындай тауарларды қайта өңдеу бойынша операциялар жүргiзу –
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Отандық тауарлардың қайта өңдеу өнiмдерiн басқа тауарлармен ауыстырудың белгiленген тәртiбiн бұзу –
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
527-бап. Кедендік рәсімді белгіленген мерзімдерде аяқтамау
1. Кедендік рәсімді аяқтау туралы талап белгіленген мерзімдерде оны белгіленген мерзімде аяқтамау –
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын көлiк құралдары тәркiлене отырып жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жеке тұлғалардың Кеден одағының кеден аумағынан уақытша әкетілген тауарлар және (немесе) көлiк құралдарын уақытша әкетудің белгіленген мерзімдерінде әкетпеуі –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасының кеден органына тауарлар мен көлiк құралдарының қайта әкетілуін немесе әкелінуін, не аварияның немесе еңсерілмейтін күштiң әсерi, табиғи тозу немесе азаю не шет мемлекет органдары мен лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттерiне байланысты олардың иелiктен шығарылуы салдарынан тауарлар мен көлiк құралдарының жойылуы немесе ысырап болуы себебiнен оның мүмкiн еместігін растау ретiнде жарамсыз құжаттарды, заңсыз жолмен алынған құжаттарды не басқа тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты құжаттарды табыс ету –
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болған көлік құралдары тәркілене отырып жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық ұйымдарға – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
528-бап. Белгiлi бiр кедендiк рәсімге орналастырылған
тауарлармен және көлiк құралдарымен заңсыз операциялар
жасау, жай-күйiн өзгерту, пайдалану және (немесе)
билiк ету
Тауарлармен және көлiк құралдарымен олардың кедендiк рәсіміне сай келмейтiн операциялар жасау, жай-күйiн өзгерту, пайдалану және (немесе) билiк ету, сол сияқты осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген кеден рәсімін есепке алу мен есептiлiгін ұсыну тәртібін және өзге де шектеулерді, талаптар мен шарттарды сақтамау –
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болған көлік құралдары тәркілене отырып, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын адамдардың тиісті тізілімінен алып тастай отырып, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
529-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын кеден одағының кедендік
шекарасы арқылы өткiзген кезде тыйым салулар мен
шектеулерді қолдану тәртiбiн сақтамау
Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленетiн тыйым салулар мен шектеулерді сақтай отырып, тауарлар мен көлiк құралдарын кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзу –
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болған тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
530-бап. Жеке тұлғалардың Кеден одағының және (немесе)
Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында
белгіленген жеке пайдалануға арналған тауарларды
өткiзу тәртібін бұза отырып кеден одағының кедендік
шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізуі
Осы кодекстің 531-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке тұлғалардың кедендік декларациялауға жататын жеке пайдалануға арналған тауарларды және (немесе) көлік құралдарын белгіленген нысанда декларацияламауы –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
531-бап. Тауарларды халықаралық почта жөнелтілімдерінде өткізу
тәртібін бұзу
Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген халықаралық почта жөнелтілімдерінде тауарларды өткізу тәртібін бұзу –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
532-бап. Кеден бақылауына соқпай кеден одағының кедендік
шекарасы арқылы тауарларды және көлiк құралдарын
өткiзу
1. Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендік бақылауға соқпай кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзу, яғни тауарларды Қазақстан Республикасының кеден органдары айқындаған орындардан тыс жерде кеден одағының кедендік шекарасы арқылы немесе көрсетілген орындарда Қазақстан Республикасының кеден органдарының жұмыс уақытынан тыс кезде өткiзу, қылмыс белгілері болмаған кезде –
жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз айлық мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер –
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысандары болған тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып не онсыз жеке тұлғаларға – жиырма бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз айлық мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
533-бап. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн
тауарларды кедендiк бақылаудан жасыру
Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн не өткізілген тауарларды кедендiк бақылаудан жасыру, соның iшiнде тауарларды табуды қиындататын құпия орындарды не басқа тәсiлдердi пайдалану немесе бiр тауарларға басқалардың түрiн беру –
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар тәркiлене отырып немесе онсыз, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтың тiкелей заттары болып табылатын тауарлар мен заттарды жасырып, кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзу үшiн пайдаланылған арнайы әзiрленген құпия орындары бар тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып, жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
534-бап. Құжаттарды немесе ұқсастыру құралдарын алдап
пайдаланып, кеден одағының кедендік шекарасы арқылы
тауарларды және көлiк құралдарын өткiзу
Кеден одағының кедендік шекара арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзу, сондай-ақ кеден органына кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi құжаттар ретiнде заңсыз жолмен алынған құжаттар, дұрыс емес мәлiметтерi бар құжаттар не басқа тауарларға және көлiк құралдарына қатысты құжаттарды беру тыйым салу мен шектеулерді сақтамауға негіз болатын жарамсыз құжаттарды беру арқылы кеден транзитінің кедендік рәсімінен немесе уақытша сақтау қоймасына тауарларды өткізу, сондай-ақ осы Кодекстің 539-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа тауарлар мен көлік құралдарына қатысты жалған ұқсастыру құралдарын не ұқсастыру құралдарын пайдалану –
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
535-бап. Тауарларды, шетел валютасын, қолма-қол ақшалай
қаражатты, жол жүру түбіртектерін не құжаттандырылған
бағалы қағаздарды кедендік декларацияламау немесе
жалған декларациялау
1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн не өткізілген тауарларды кедендік декларацияламау немесе жалған декларациялау, яғни декларанттың, кеден өкілінің, уәкілетті экономикалық оператордың кеден декларациясында және кеден мақсаттары үшін қажетті өзге де құжаттарда тауарлар туралы, таңдап алынған кедендiк рәсім, тауарлардың кедендік құны не шыққан елі туралы белгiленген нысанда мәлiмдемеуі немесе дұрыс емес мәліметтерді мәлiмдеуі немесе кедендік төлемдер мен салық төлеуден босату үшін немесе олардың мөлшерін төмендету үшін негіз болатын дұрыс емес мәліметтерді мәлімдеуі –
жеке тұлғаға – қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық ұйымдарға – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн жазбаша декларациялауға жататын шетел валютасын, Қазақстан Республикасының қолма-қол валютасын, жол жүру түбіртектерін не құжаттандырылған бағалы қағаздарды жеке адамдардың декларацияламауы немесе жалған декларациялауы –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
536-бап. Кеден қағидаларын бұза отырып, кеден одағының кеден
аумағына әкелiнген тауарларды және көлiк құралдарын
тасымалдау, сақтау, иемденiп алу, пайдалану немесе
билiк ету
1. Кеден одағының кеден аумағына кеден бақылауына соқпай не осындай бақылаудан жасырын, не құжаттарды немесе сәйкестендiру құралдарын алдап пайдаланумен, әкелiнген, не декларацияланбаған немесе жалған декларацияланған тауарларды және көлiк құралдарын тасымалдау, сақтау, иемденiп алу, пайдалану немесе билiк ету, сол сияқты басқаларға қарағанда өзге мақсатпен оларға осындай жеңiлдiктер берiлуiмен байланысты Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз пайдаланылатын немесе иелiктен айырылатын, кеден төлемдерi мен салықтары бөлiгiнде оларға кеден жеңiлдiктерi берiлген тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдау, сақтау және иемденiп алу –
тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер –
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып, елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
537-бап. Пайдаланылуы және (немесе) билiк етілу шектелген
тауарларды, сондай-ақ шартты түрде шығарылған тауарлар
мен көлiк құралдарын пайдаланудың және (немесе) оларға
билiк етудің тәртiбiн бұзу
Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделуіне, соның ішінде басқаларға қарағанда өзге мақсатпен осындай жеңiлдiктер берiлуiмен байланысты пайдаланылуы және (немесе) билiк етілу шектелген тауарларды, сондай-ақ шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлiк құралдарын пайдалану және (немесе) оларға билiк ету –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
538-бап. Төленген кедендiк төлемдер мен салықтар тиiстi
негiздерсiз қайтаруға, төлемдер мен өзге де өтемдер
алуға не оларды қайтармауға бағытталған iс-әрекеттер
Қазақстан Республикасының кеден органына – төленген кедендiк төлемдердi қайтаруға, төлемдер және өзге де өтемдер алуға немесе оларды қайтармауға не тиiстi негiздемесiз толық көлемiнде қайтаруға құқық беретiн дұрыс емес мәлiметтерi бар құжаттар беру, егер осы іс-әрекеттерде қылмыс белгiлерi болмаса –
заңды тұлғаларға – екі жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
539-бап. Кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу мерзімдерін
бұзу
Төлеушілердің, оның ішінде кеден өкілі, уәкілетті экономикалық оператор мәртебесі бар адамдардың белгіленген мерзімдерде кедендік төлемдер мен салықтарды төлемеуі, сол сияқты шартты түрде шығарылған тауарларды негізгі кедендік декларациялау үшін кедендік алымдарды, кеден баждары мен салықтарды төлеуден босатудың берілуі байланысты болған мақсаттардан өзге мақсаттарда пайдалану кезінде, сондай-ақ кедендік төлемдер мен салықтарды мерзімдік төлеуді көздейтін кеден рәсімдеріне тауарларды мәлімдеу кезінде кедендік декларацияны табыс ету мерзімдері бұзылған жағдайда төлемеу –
жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсіпкерлік немесе коммерциялық ұйымдарға – отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
540-бап. Қазақстан Республикасы кеден органының кедендік
төлемдердің, салықтар мен өсімпұлдардың тиесілі
сомаларын белгіленген мерзімдерде төлеу туралы
талаптарын орындамау
Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуді қамтамасыз ету тәсілдері қолданылған кезде төлеуші кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындамаған жағдайларда банктің, сақтандыру ұйымының, кепілгердің белгіленген мерзімдерде кедендік төлемдердің, салықтар мен өсімпұлдардың тиесілі сомаларын төлеу туралы кеден органының талаптарын орындамауы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
541-бап. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн
жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасы
кеден органдарының шешiмдерiн орындамауы
Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың кiнәсiнен төлемшiнiң кедендiк төлем шоттары бойынша кеден төлемдерiн, салықтарды және өсімпұлдарды өндiрiп алу немесе шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы Қазақстан Республикасы кеден органдарының шешiмдерiн орындамауы –
заңды тұлғаларға екi жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
542-бап. Қазақстан Республикасы кеден органдарының талаптарын
орындамау
Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген кедендік декларациялауды, кедендік тексеріп қарауды, кеден декларацияларын тексеруді жүзеге асыру, тауарлармен және көлік құралдарымен жүк және өзге де операцияларды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының кеден органдары мен олардың лауазымды адамдарының талаптарын, сондай-ақ кедендік бақылау үшін қажетті өзге де талаптарды кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын адамдардың және өзге де адамдардың орындамауы –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
30-тарау. Көліктегі, жол шаруашылығындағы әкімшілік құқық
бұзушылықтар
543-бап. Темiр жол көлiгiнде қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз
ететiн қағидаларын бұзу
1. Темiр жол арқылы көлiк-арба (шаналардың) жүргізушiлерiнің өту және жүк арту, мініс жануарлары мен мал айдап өту, темiр жолдарға арнап оқшауланған жерлерде мал жаю қағидаларын бұзу –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – екi, лауазымды адамдарға – он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Темiр жолды, отырғызылған қорғаныш ағаштарды, қар тоқтатқыш қоршауларды және басқа да жол объектiлерiн, сигнал беру және байланыс құрылыстары мен қондырғыларын бүлдiру –
жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға – он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жүктердi тиеу және түсiру кезiнде белгiленген көлемдердi сақтамау –
лауазымды адамдарға жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Темiр жолдарға поездар қозғалысын бұзуы мүмкiн заттар төсеу, лақтыру немесе қалдыру –
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Белгiленбеген жерлерде темiр жол арқылы өту –
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң оннан бiрi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Қазақстан Республикасының темiр жол көлігі саласындағы заңнаманың талаптарын мына бөлікте бұзу –
1) темір жол желісін мен темір жол кірме жолдарын станциялық және магистральдық жолдарын күтіп ұстау;
2) темір жол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жылжымалы құрамын, техникалық құралдарын, темір жол жасанды құрылыстарын күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу –
жеке тұлғаларға – үш, лауазымды адамдарға – жеті, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – сегіз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Теміржол көлігінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу жылжымалы құрамды қалпына келмейтіндей жағдайға әкеп соққан зақымдау –
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларға – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларға - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Жылжымалы құрамды ағытуға және жөндеуге беру қажет болатын көлемде зақымдауға жол беру нәтижесінде темір жол көлігінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу –
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Тасымалдау процесіне қатысушылардың уәкілетті органға темір жол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларында белгіленген мерзімде темір жолдарда жол берілген қауіпсіздікті бұзушылықтар туралы ақпарат ұсынбауы –
лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
544-бап. Темiржол көлiгi құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу
1. Жүк поездарында заңсыз жүрiп-тұру, поезд жүрiп бара жатқанда отырғызу және түсiру, вагондардың тепкiшектерi мен төбесiнде жүрiп-тұру, қажетсiз ретте поезды өз бетiнше тоқтату –
жеке тұлғаға бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Поездар вагондарының терезелерi мен есiктерiнен қоқыстарды және өзге де заттарды тастау, поезд жүрiп бара жатқан кезде сыртқы есiктердi заңсыз ашу –
жеке тұлғаға ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң бестен бiрiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
545-бап. Теміржол жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеусіз
немесе қайта тіркеусіз пайдалану
1. Теміржол жылжымалы құрамын уәкілетті органда мемлекеттік тіркеусіз немесе қайта тіркеусіз пайдалану –
жеке тұлғаларға – екі, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жеті, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік) –
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жеті, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
546-бап. Ортақ пайдаланыстағы көлiк құралдарын және олардың
iшкi жабдықтарын бүлдiру
Ортақ пайдаланыстағы көлiк құралдарын, атап айтқанда, темiр жол көлiгiнде жолаушылар вагондарын және локомотивтердi, теңiз және өзен көлiгiнде кемелердi, автобустарды, троллейбустарды, трамвайларды бүлдiру, сондай-ақ олардың iшкi жабдықтарын бүлдiру –
жеке тұлғаларға – он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
547-бап. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану
тәртібін бұзу
1. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану, атап айтқанда әуе кемелерінің және басқа да ұшу аппараттарының ұшулары, атыстың барлық түрлерiн өткiзу, зымырандар ұшыру, жарылыс жасау жұмыстары және Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде материалдық объектiлердi көтеруге, жылжытуға немесе түсіруге байланысты басқа да қызметтi жүзеге асыру тәртiбiн:
1) әуе кемелерінің қауіпсіз ұшуына қатер төндіретін ұшу жоспарын ұсынбастан (бағыланбайтын әуе кеңістігінде ұшу кезінде хабарламастан) және (немесе) ұшуларды орындауға рұқсатсыз және (немесе) қызметті жүзеге асыруға рұқсатсыз;
2) рұқсатта көрсетілген саннан асатын әуе кемелері тобының ұшуы;
3) әуе кемелерінің әуе кеңiстiгiн пайдалану режимдерін сақтамауы;
4) мәжбүрлі қону және қосалқы әуеайлаққа бағыттау жағдайларын қоспағанда ұшу жоспарында көрсетілмеген әуе кемелерін әуеайлаққа қондыру;
5) әуе кемесінің Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің арнаулы рұқсатынсыз тыйым салынған аймақ және шектелген аймақ аумағының үстінен ұшып өтуі;
6) ұшу қауіпсіздігіне айқын қатер төндіретін және авиациялық оқиғалардың алдын алу жағдайларын қоспағанда, әуе кемелерінің тігінен, көлденең, қапталдан эшелондауын сақтамауы, әуе жолдарынан, жергілікті әуе желісінен, маршрут осінен белгіленген нормадан артық қашықтыққа ауытқуы;
7) ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін және авиациялық оқиғалардың алдын алу жағдайларын қоспағанда, әуе кеңістігін пайдаланушылардың әуе қозғалысына қызмет көрсетуші немесе әуе қозғалысын басқарушы органдардың командасын орындамауы түрінде жасалған бұзушылық –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, –
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың құралы болып табылатын зат тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамдарға – жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
548-бап. Ұшу қауіпсіздігі қағидаларын бұзу
1. Аэродром аумағында аэродромдарды ажырата білу үшін қолданылған таңбалау белгілері мен қондырғыларына ұқсас қандай да бір белгілер мен қондырғыларды орналастыру немесе әуежай, әуеайлақ әкімшілігінің рұқсатынсыз пиротехникалық бұйымдарды жағу, немесе әуе кемелерінің ұшуы үшін қауіпті құстардың жаппай жиналуына жағдай жасайтын объектілер салу –
жеке тұлғаларға – үш, лауазымды адамдарға – онға айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ғимараттар мен құрылыстарда түнгі және күндізгі таңбалау белгілерін орналастыру туралы қағидаларды орындамау –
жеке тұлғаларға – үш, лауазымды адамдарға – онға айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Аэродром жабдықтарын, аэродром белгілерін, әуе кемелері мен олардың жабдықтарын бүлдіру –
жеке тұлғаларға – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Әуежай (аэровокзалдардан басқа), аэродром, ұшуды радио- және жарықпен қамтамасыз ету объектілерінің аумағы бойынша тиісті рұқсатсыз жүріп өту немесе өту -
жеке тұлғаларға бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Жолаушылардың әуе кемесінің ұшу қауіпсіздігін бұзуы, егер осы әрекет ұшуға қауіп төндіретіндей жағдай туындатса –
жеке тұлғаларға – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
549-бап. Кәсіптік даярлықтан өтпеген не тиісті біліктілігі жоқ
авиация персоналын жұмысқа жіберу, сондай-ақ мас
күйдегі адамды әуе кемесін басқаруға жіберу
1. Кәсіптік даярлықтан өтпеген не тиісті біліктілігі жоқ авиация персоналын жұмысқа жіберу –
лауазымды адамдарға – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мас күйдегі адамды әуе кемесін басқаруға жіберу –
лауазымды адамдарға – жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
550-бап. Әуе кемесіндегі мінез-құлық қағидаларын бұзу
1. Әуе кемесіндегі адамның кеме командирінің немесе басқа да экипаж мүшелерінің өкімін орындамауы, егер бұл адамның әрекеті ұшу қауіпсіздігіне қатер төндірмесе –
ескерту жасауға немесе екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ұшудың барлық кезеңдерінде әуе кемесінің бортында ұялы байланыс қызметтерін, транкинг байланысын, әуе кемесін басқару кезеңінде, биіктікке көтеріле бастағанда, қонуға кіргенде радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиілікті тұрмыстық мақсаттағы құрылғыларды пайдалану –
ескерту жасауға немесе бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірiншi және екінші бөлiгiнде көзделген әрекеттерді әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасау –
он жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
551-бап. Тасымалдаушының кінәсінен рейсті ұшырмай тастаған
немесе кідіріс болған немесе әуе кемесінің кеш келуі
салдарынан рейсті ұшырмай тастаған, кідіріс болған,
тасымалдау маршруты өзгертілген кезде тасымалдаушының
жолаушылар алдында қызмет көрсету бойынша міндеттерін
орындамауы не тиісінше орындамауы
1. Тасымалдаушының кінәсінен рейсті ұшырмай тастаған немесе кідіріс болған немесе әуе кемесінің кеш келуі салдарынан рейсті ұшырмай тастаған, кідіріс болған, тасымалдау маршруты өзгертілген кезде жолаушылар алдында қызмет көрсету бойынша Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндеттемелерді тасымалдаушының орындамауы не тиісінше орындамауы –
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде осы баптың бірінші бөлігінде көзделген іс-әрекетті (әрекетсіздікті) қайталап жасау –
бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
552-бап. Авиациялық оқиғаны немесе инцидентті қасақана жасыру
Авиациялық оқиғаны, инцидентті немесе ол туралы мәліметті қасақана жасыру не ақпаратты бұрмалау не объективтік бақылаудың борттық немесе жерүсті құралдарын немесе авиациялық оқиғамен немесе инцидентпен байланысты басқа да дәлелдемелік материалдарды бүлдіру немесе жою –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға – бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
553-бап. Әуе кемелерін пайдаланудың қауіпсіздік қағидаларын
бұзу
1. Осы баптың 3-10-бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, әуе кемелерімен ұшуды орындауға жіберу тәртібін не ұшуға дайындық және оны орындау қағидаларын бұзу, егер осы іс-әрекеттер байқаусызда жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтіруге әкелген болса, –
жеке тұлғаларға – он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе үш айдан алты айға дейін мерзімге әуе кемесін басқару құқығынан айыруға (әуе қозғалысына қызмет көрсетуге, әуе кемесіне техникалық қызмет көрсетуге); азаматтық авиация ұйымының лауазымды адамдарына – жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Байқаусызда жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкелген дәл сол іс-әрекеттер –
жеке тұлғаларға – оннан жиырмаға дейінгі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бір жыл мерзімге әуе кемесін басқару құқығынан айыруға (әуе қозғалысына қызмет көрсетуге, әуе кемесіне техникалық қызмет көрсетуге); азаматтық авиация ұйымының лауазымды адамдарына – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Уәкілетті органның рұқсатынсыз ұшудың орындалуын бастауға тыйым салынған ақаулықтар болған кезде не жолаушылар сыйымдылығы (жүк сыйымдылығы) нормаларын немесе әуе кемесінің ұшу массасы немесе орталықтандырылуы бойынша шектеулерді бұзумен әуе кемесінің ұшуы –
әуе кемесінің командиріне он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бір жылға дейін мерзімге әуе кемесін басқару құқығынан айыруға (әуе кемесіне техникалық қызмет көрсетуге) әкеп соғады.
4. Әуе кемесін оны басқаруға құқығы жоқ адамның басқаруы –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Мемлекеттік тіркеуден өтпеген не мемлекеттік және тіркеу тану белгілері жоқ не азаматтық авиация саласында уәкілетті органда есепте тұрған не көрінеу жалған мемлекеттік және тіркеу тану белгілері бар әуе кемелерін басқару –
әуе кемесінің командиріне жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бір жылға дейін мерзімге әуе кемесін басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
6. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кеме және ұшу құжаттамасы жоқ не әуе кемесін басқару не өзімен бірге осы әуе кемесін басқару құқығына құжаттары жоқ ұшу экипажы мүшесінің әуе кемесін басқаруы –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Мемлекеттік тіркеуден өтпеген не мемлекеттік және тіркеу тану белгілері жоқ не азаматтық авиация саласында уәкілетті органда есепте тұрмаған не көрінеу жалған мемлекеттік және тіркеу тану белгілері бар не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кеме және ұшу құжаттамасы жоқ не ұшу немесе кабиналық экипажы жинақталмаған не уәкілетті орган беретін рұқсатсыз оны пайдалануға тыйым салынған ақаулықтары бар не жолаушылар сыйымдылығы (жүк сыйымдылығы) нормаларын немесе ұшу массасы немесе әуе кемесінің орталықтандыру бойынша шектеулерді бұзумен әуе кемесін ұшыруға жіберу, сондай-ақ әуе кемесін басқаруға не қызмет көрсетуге оған құқығы жоқ немесе мас күйдегі адамды жіберу не әуе кемесіне қызмет көрсетуге оған құқығы жоқ немесе мас күйдегі адамды жіберу –
жеке тұлғаларға – оннан жиырмаға дейін, лауазымды адамдарға – отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Бортында Республикасының заңнамасында көзделген іздеу және авариялық-құтқару құралдары жоқ әуе кемелерінің ұшуын орындау –
жеке тұлғаларға – оннан жиырмаға дейінгі мөлшерде, азаматтық авиация ұйымының лауазымды адамдарына – отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Авиациялық персонал куәлігін бүлдіру немесе жоғалту –
жеке тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту: 1. Денсаулыққа жеңіл зиян келтіру деп денсаулықтың қысқа мерзімді бұзылуын немесе жалпы еңбекке қабілеттілігін болмашы тұрақты жоғалтуды түсіну қажет.
2. Денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіру деп денсаулықтың өмірге қауіпсіз ұзақ бұзылуын немесе жалпы еңбекке қабілеттілігін үштен бір бөлігінен кем айтарлықтай тұрақты жоғалтуды түсіну қажет.
554-бап. Авиациялық қауіпсіздік талаптарын бұзу
1. Авиациялық қауіпсіздік қағидаларын бұзу –
заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әуежай, әуеайлақ аумағының периметрі қоршауын күтіп-ұстау жөнінде шараларды қабылдамау, егер осы әрекет авиациялық оқиғаға немесе инцидентке әкеп соқпаған болса, –
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
555-бап. Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау
қағидаларын бұзу
1. Автомобиль көлігімен тасымалдауды қоспағанда, жолаушыларды, багажды және жүктерді халықаралық тасымалдау қағидаларын бұзу –
елу айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Автомобиль көлігімен жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза тағайындалғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
556-бап. Жолаушыларды, багажды немесе жүктерді автомобильмен
тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жүргізушілердің
еңбек және демалыс режимінің бұзылуы
1. Жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін тіркейтін бақылау құрылғыларынсыз (тахографтарсыз) немесе ажыратылған осындай құрылғылармен, не толтырылмаған диаграммалық дискілермен не электронды (цифрлық) тахографтарды қолданған жағдайда электрондық карточкаларды пайдаланбай, сол сияқты:
1) қауіпті жүктерді автомобильмен тасымалдауды;
2) жолаушыларды, багажды және жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды;
3) жолаушыларды, багажды автомобильмен қалааралық, облысаралық, ауданаралық (облысаралық қалааралық ) тасымалдауды жүзеге асырған кезде жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін күнделікті тіркеу парақтарын жүргізбей автокөлік құралын пайдалануы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Автокөлік құралдарын жүргізушілердің жолаушыларды, багажды немесе жүктерді автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде еңбек және демалыс режимін бұзуы –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
557-бап. Жолаушыларды, багаждарды немесе жүктерді автомобильмен
халықаралық тасымалдауды рұқсаттарсыз немесе арнайы
рұқсаттарсыз жүзеге асыру
Жүргізушілерінің шетелдіктерге немесе шетелдің заңды тұлғаларға тиесілі автокөлiк құралдарымен Қазақстан Республикасының автокөлiк құралы туралы заңнамасында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық автокөлік тасымалдарын рұқсаттарсыз немесе арнайы рұқсаттарсыз жүзеге асыруы –
жеке тұлғаларға – бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
558-бап. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес
халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде
автокөлiк құралдарын жүргiзушiлерде жолаушылар
тiзiмiнiң болмауы
Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде автокөлiк құралдарын жүргiзушiлерде жолаушылар тiзiмiнiң болмауы –
жеке тұлғаларға – бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
559-бап. Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль
тасымалын шет мемлекетте тіркелген автокөлік
құралдарымен жүзеге асыру
Шет мемлекеттің аумағында тіркелген, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінген, шет мемлекеттің тасымалдаушыларына тиесілі автокөлік құралдарымен Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан пункттер арасында жолаушыларды, багажды немесе жүктерді тасымалдау –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
560-бап. Республикаішілік қатынаста жолаушыларды және багажды
автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асырған
кезде автокөлік құралдары жүргiзушiлерінде тасымалдау
шартының болмауы
Республикаішілік қатынаста жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асырған кезде автокөлік құралдары жүргiзушiлерінде тасымалдау шартының болмауы –
жеке тұлғаларға – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
561-бап. Теңіз көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету
қағидаларын бұзу
1. Теңіз көлігінде кемелердің маневр жасау мен қозғалудың белгіленген тәртібін бұзу, жазылған қозғалыс жылдамдығын, дыбыс пен жарық сигналдарын беру, кеме оттары мен белгілерін алып жүру талаптарын сақтамау, тыйым салынған жерлерде кемені әдейі тоқтату немесе тұрғызып қою, кемелерді сүйрету тәртібін бұзу, сондай-ақ диспетчердің міндетті талаптарын орындамау –
жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Порт суларында суға сүңгу жұмыстарын тиісті рұқсаттарсыз жүргізу немесе осы жұмыстар кезінде сигнал беру қағидаларын сақтамау –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
562-бап. Теңіз көлігіндегі сигнал беру және байланыс
құрылғылары мен қондырғыларын бүлдіру
Теңіз көлігіндегі сигнал беру және байланыс құрылғылары мен қондырғыларын бүлдіру –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
563-бап. Теңіз және өзен көлігі кемелерінде, сондай-ақ шағын
кемелерде жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету
қағидаларын бұзу
Теңіз және өзен көлігі кемелерінде, сондай-ақ шағын кемелерде құтқару және авариялық құралдарды куәландырудың жоқтығы, толық жабдықталмауы немесе мерзімін өткізіп пайдалану, теңіз және өзен көлігі кемелерінде баспалдақтар мен траптарды жабдықтау талаптарын бұзу –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы Кодекстiң 563 - 566, 569 -баптарында шағын кемелер деп басты двигателiнiң қуаты 75 ат күшiнен аз, өздiгiнен жүретiн кемелердi және жалпы сыйымдылығы 80 тiркеулiк тоннадан аз, өздiгiнен жүрмейтiн кемелердi, жеке тұлғаларға тиесiлi моторлы кемелердi (двигательдерiнiң қуаттылығына қарамастан), желкендi кемелердi, сондай-ақ өздiгiнен жүрмейтiн кемелердi (жүк көтерiмдiлiгi – 100 килограмм және одан ауыр ескектi қайықтарды, 150 килограмм және одан да ауыр байдаркаларды және 225 килограмм және одан да ауыр үрленген кемелердi) түсiну керек.
564-бап. Кеменi жүзуге шығару қағидаларын бұзу немесе тиiстi
дипломы (куәлiгi, куәландыру қағазы) жоқ адамдарды кеме басқаруға жiберу
1. Кеменiң кiмге тиесiлiгiн, оның жүзуге жарамдылығын куәландыратын құжаттарсыз, жасақталмаған экипажбен, кеменiң техникалық жағдайы қолдағы құжаттарға сәйкес келмеген кезде, жүк тиеудiң белгiленген қағидаларын, жолаушылар сыйымдылығы нормаларын, жүзу ауданы мен шарттары жөнiндегi шектеулердi бұза отырып, кеменi (шағын кемеден басқасын) жүзуге шығару (жiберу), сондай-ақ тиiстi дипломы (куәлiгi, куәландыру қағазы) жоқ адамдарды кеменi немесе оның механизмдерi мен жабдықтарын басқаруға жiберу –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Белгiленген тәртiппен тiркелмеген немесе техникалық қарап-тексеруден (куәландырудан) өтпеген, немесе ақауы болғандықтан оны пайдалануға тыйым салынған, немесе жабдықтармен жарақтандырылмаған, немесе тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған шағын кемелердi жүзуге шығару, сондай-ақ шағын кемелердi басқару құқығы жоқ адамдарды осындай кемелердi басқаруға жiберу –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
565-бап. Кемелердi пайдалану қағидаларын бұзу, сондай-ақ
басқару құқығы жоқ адамның кеменi басқаруы
1. Белгiленген тәртiппен тiркелмеген немесе техникалық қарап-тексеруден (куәландырудан) өтпеген немесе бортында нөмiрлерi мен белгiлерi жоқ немесе тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған немесе ақауы болғандықтан оны пайдалануға тыйым салынған немесе жүк тиеу қағидаларын, жолаушылар сыйымдылығы нормаларын, жүзу ауданы мен шарттары жөнiндегi шектеулердi бұза отырып кеменi (соның iшiнде шағын кеменi) басқару –
ескерту жасауға немесе бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кеме басқару құқығы жоқ адамның сол кеменi (соның iшiнде шағын кеменi) басқаруы немесе басқару құқығы жоқ адамға сондай кеменi басқаруды беру –
үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
566-бап. Кеменiң жүзу, жүк тиеу және жүк түсiру қағидаларын
бұзуы
1. Кеме (шағын кемеден басқасын) жүргiзушiлерiнiң кемелердiң қозғалыс және дыбыс пен жарық сигналдарын беру, кеме жарықтары мен белгiлерiн алып жүру қағидаларын, кемелерге жүк тиеу және олардан жүк түсiру қағидаларын бұзу, кеме айлақтық және гидротехникалық құрылыстар мен жабдықтарды бүлдіру –
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Шағын кемелердің кеме жүргiзушiлерiнiң және өзге жүзу объектілерінің белгiленген жылдамдықтарын арттырып жiберуi, навигациялық белгiлер талаптарын сақтамауы, тыйым салынған жерлерде кеменi әдейi тоқтатуы немесе тұрғызып қоюы, гидротехникалық құрылыстарды немесе техникалық құралдарды және кеме жүргiзу мен навигациялық жағдайдың белгiлерiн бүлдiруi, маневр жасау, дыбыс сигналдарын беру, борт жарықтары мен белгiлерiн алып жүру қағидаларын бұзу –
ескерту жасауға немесе екі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бiр жылға дейiнгi мерзiмге шағын кеменi басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
3. Шағын кемелердің кеме жүргiзушiлерiнiң шағын кемелерді пайдаланудың өзге қағидаларын бұзуы –
ескерту жасауға немесе екі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
567-бап. Кемелердi iшкi су жолдарында пайдалану қауiпсiздiгiн
қамтамасыз ету қағидаларын бұзу
1. Тиiстi рұқсатсыз суға сүңгу жұмыстарын жүргiзу немесе осы жұмыстар кезiнде сигнал беру қағидаларын сақтамау, ағаш салдар тоқтайтын тосқауылдар мен айлақтар орнату мен құру тәртiбiн, тиiстi органдардың келiсiмiнсiз балық аулау мақсаты үшiн белгiленбеген орындарда балық аулауға бейiмделген шанышқы қондырғыларын және өзге де құралдар қою тәртiбiн бұзу –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Навигациялық жабдықтардың, байланыс пен сигнал берудiң жүзбелi және жағалаудағы құралдарын жою, бүлдiру, жұлу, заңсыз орнын ауыстыру, көпiрлердегi, бөгеттердегi және басқа гидротехникалық құрылыстардағы навигациялық құралдарды күтiп-ұстау, пайдалану қағидаларын және олардың белгiленген жұмыс режимiн бұзу, тиiстi рұқсатсыз (келiсiмсiз) навигациялық белгiлер мен сигналдарды танып-бiлуге кедергi келтiретiн белгiлер, құрылыстар, дыбыс және жарық сигналдарын беретiн көздер орнату –
есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Кеме бортының сыртына қоқыс және өзге де заттар тастау –
ескерту жасауға немесе бір айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
568-бап. Өзен порттары мен айлақтарында жүктердi тиеу,
түсiру және қоймада ұстау қағидаларын бұзу
Өзен порттары мен айлақтарында жүктердi тиеу, түсiру және қоймада ұстаудың техникалық шарттарын, жүктердi кемеге бекiтудiң техникалық шарттарын бұзу, жүктi тиеу (түсiру) актiсiн ресiмдемеу –
екі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
569-бап. Шағын кемелер тұруға арналған базаларды (құрылыстарды)
пайдалану қағидаларын бұзу
Тиiстi органдардың рұқсатынсыз шағын кемелер тұруға арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану немесе шағын кемелердiң базада тұру нормаларын, базаларды (құрылыстарды) қауiпсiз пайдалану шарттары мен техникалық талаптарын бұзу, сол сияқты аталған базаларда (құрылыстарды) белгiленген тәртiппен тiркелмеген шағын кемелердi күтiп-ұстау –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
570-бап. Көлiкте өрт қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу
1. Көлiкте белгiленген өрт қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу –
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза тағайындалғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
571-бап. Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу
1. Мемлекеттiк тiркеу нөмiрiнiң белгiлерi (белгiсi) оқылмайтын немесе стандарт талаптары бұзыла отырып орнатылған, тiркелген көлiк құралдарын жүргізу –
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттiк тiркеу нөмiрiнiң белгiлерi (белгiсi) жоқ немесе оны пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн немесе белгiленген тәртiп бойынша тiркелмеген көлiк құралдарын жүргiзу –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Көлiк құралына көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрiнiң белгiлерiн (белгiсiн) орнату –
жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрiнiң белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын жүргiзу –
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бiр жыл мерзiмге көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыруға әкеп соғады.
5. Осы баптың алтыншы бөлiгiнде көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларына сай келмейтiн көлiк құралдарын жүргізу –
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Тежегiш жүйесiнiң, басқару рулiнiң, жетектi-iлiнiстi құрылғысының ақауы бар көлiк құралдарын жүргізу –
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын жүргізу –
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты немесе тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде рейс алдындағы техникалық тексеруден өтпеген автобусты, шағын автобусты жүргізу –
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлiк құралын жүргiзу –
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Осы баптың бiрiншi, бесінші, алтыншы және тоғызыншы бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер –
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Кодекстiң осы тарауында көлiк құралдары деп автомобильдердiң, тракторлардың барлық түрлерiн және басқа да өздiгiнен жүретiн машиналарды, трамвайларды, троллейбустарды, сондай-ақ мотоциклдер мен өзге де механикалық көлiк құралдарын түсiну керек.
572-бап. Көлiк құралын жүргiзу кезiнде жүргiзушiнiң телефонды
не радиостанцияны пайдалануы
1. Көлiк құралын жүргiзу кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы –
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет –
жетi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Көлiк құралын жүргiзу кезiнде телефонды не радиостанцияны тыңдауыш немесе қатты дауысты байланыс арқылы пайдалануға рұқсат етiледi.
573-бап. Көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң қозғалыстың
белгiленген жылдамдығын арттырып жiберуi
1. Көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң қозғалыстың белгiленген жылдамдығын сағатына он километрден жиырма километрге дейiнгi шамаға арттырып жiберуi –
жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Көлiк құралы қозғалысының белгiленген жылдамдығын сағатына жиырма километрден қырық километрге дейiнгi шамаға арттыру –
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Көлiк құралы қозғалысының белгiленген жылдамдығын сағатына қырық километрден астам шамаға арттыру –
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер –
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
574-бап. Көлiк құралдары жүргiзушiлерінің маршруттық көлiк
құралдарын тоқтатудың, тұрғын аймақтарда жүрудiң,
жолаушылар мен жүктердi тасымалдаудың қағидаларын
сақтамауы және жол жүрiсiнiң қағидаларын басқа да
өрескел бұзуы
1. Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң маршруттық көлiк құралдарын тоқтату, тұрғын аймақтарда жүру, жолаушылар мен жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдiктерiмен жабдықталған көлiк құралдарымен жүру кезiнде қауiпсiздiк бөлiктерiн, мотоциклдердi жүргiзу және онымен жолаушыларды тасымалдау кезiнде мотошлемдердi пайдалану, көлiк құралдарын сүйретуге алу, тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде немесе анық көрiнбейтiн ала-көлеңке кезде жарық беретiн аспаптарды пайдалану қағидаларын сақтамауы –
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Белгiленген қағидаларды бұза отырып қауiптi жүктердi автокөлiк құралдарымен не мамандандырылған автокөлiк құралдарымен, сол сияқты 1, 6 және 7-сыныптағы қауiптi жүктi тасымалдауға арналған арнайы рұқсатсыз тасымалдау –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жүруi, сондай-ақ бөлiнбейтiн iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктердi мамандандырылған автокөлiк құралдарымен белгiленген қағидаларды бұза отырып, сол сияқты арнайы рұқсатсыз тасымалдау –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
575-бап. Жол қиылыстарынан өту қағидаларын бұзу немесе жолдың
жүру бөлiгiн кесiп өту
1. Көлденең бағыттағы көлiк құралдарының жүрiсiне кедергi келтiруге (кептелiске) әкеп соқтыратын кептелiс пайда болған жағдайда жол қиылысына шығу немесе жолдың жүру бөлiгiн кесiп өту –
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жол жүрiсi қағидаларын жол қиылысынан өтуде басымдық құқығын пайдаланатын көлiк құралына жол беру талаптарын орындамау –
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер –
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
576-бап. Маневр жасау қағидаларын бұзу
1. Жол жүрiсi қағидаларының жүру, қайта орналасу, бұрылу, керi бұрылу немесе тоқтау алдында сигнал беру талаптарын орындамау –
үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мұндай маневрлар жасауға тыйым салынған жерлерде керi бұрылу немесе артқа жүру –
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы Кодекстiң 575-бабының екiншi бөлiгiнде және 579-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол жүрiсi қағидаларының жүрудiң басымдық құқығын пайдаланатын көлiк құралына жол беру талаптарын орындамау –
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер –
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
577-бап. Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру,
қарама-қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын
бұзу
1. Жол жүрiсi қағидаларын бұза отырып, жүргiншiлер жолымен, жол жиегiмен немесе тротуармен жүру –
жетi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарама-қарсы жүрiп өту немесе жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шықпай басып озу қағидаларын бұзу, сол сияқты ұйымдасқан көлiктiк немесе жаяу колоннаны кесiп өту не одан орын алу –
жетi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Егер жол жүрiсi қағидаларымен тыйым салынған болса, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы жүруге арналған жағына шығу –
он бес айлық есеп көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер –
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет –
алты ай мерзiмге көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыруға әкеп соғады.
578-бап. Көлiк құралдарын тоқтату немесе оларды қою
қағидаларын бұзу
1. Осы Кодекстiң 574-бабының бiрiншi бөлiгiнде, 586-бабында және осы Кодекстiң екiншi, үшiншi бөлiктерiнде және осы баптың екiншi, үшiншi бөлiктерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, көлiк құралдарын тоқтату немесе оларды қою қағидаларын бұзу –
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Көлiк құралдарын тротуарда тоқтату немесе қою қағидаларын бұзу, сондай-ақ көлiк құралдарын гүлзарларда, балалар немесе спорт алаңдарында тоқтату немесе оларды қою –
алты айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Басқа көлiк құралдарының жүрiсiне кедергi келтiруге әкеп соқтырған, жолдың жүру бөлiгiнде көлiк құралдарын тоқтату немесе оларды қою қағидаларын бұзу –
жетi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер –
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
579-бап. Арнайы жарық және дыбыс сигналдары iске қосылған жедел
және арнайы қызметтер көлiк құралының жүруiне басымдық
бермеу
1. Бiр мезгiлде жарқылдауық маягi мен арнайы дыбыс сигналы iске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлiк құралының жүруiне басымдық бермеу –
жетi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сыртқы жағында арнайы түстi-графикалық схемалар, жазулар және белгiлер бар, бiр мезгiлде жарқылдауық маягi мен арнайы дыбыс сигналы iске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлiк құралының жүруiне басымдық бермеу –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер –
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
580-бап. Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе
реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай өтiп кету
1. Осы Кодекстiң 586-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай өтiп кету –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет –
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
581-бап. Жүргiншiлерге немесе жол жүрiсiнiң өзге де
қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу
1. Жүрісте басымдықты пайдаланатын көлiк құралдарының жүргiзушiлерiн қоспағанда, жол жүрiсi қағидаларының жүргiншiлерге немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларына жол беру талаптарын орындамау –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет –
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
582-бап. Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi
таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау
1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау –
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
583-бап. Көлiк құралдары жүргiзушiлерінің жүргiзiп үйренудi
өткiзу, сыртқы жарық түсiру аспаптарын және (немесе)
дыбыс сигналдарын пайдалану, авариялық сигнал берудi
қолдану қағидаларын бұзуы
1. Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жүргiзiп үйренудi өткiзу, сыртқы жарық түсiру аспаптарын және (немесе) дыбыс сигналдарын пайдалану, авариялық сигнал беру мен авариялық аялдау белгiсiн қолдану қағидаларын бұзуы –
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет –
жетi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
584-бап. Көлiк құралына арнайы жарық және (немесе) дыбыс
сигналдарын беруге арналған құрылғыларды орнату
қағидаларын бұзу не жедел және арнайы қызметтер
автомобильдерiнiң арнайы түстi-графикалық схемаларын
заңсыз жазу
1. Көлiк құралының алдыңғы бөлiгiне қызыл түстi жарығы бар жарық аспаптарын немесе қызыл түстi жарық қайтаратын жабдықтарды, сол сияқты түсi мен жұмыс режимi көлiк құралдарын пайдалануға жiберудiң талаптарына сәйкес келмейтiн жарық аспаптарын орнату –
аталған аспаптар мен жабдықтарды тәркiлей отырып, жеке тұлғаларға – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – бір мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды (күзет сигнализациясын қоспағанда) көлiк құралына тиiстi рұқсатсыз орнату –
аталған құрылғыларды тәркiлей отырып, жеке тұлғаларға – жиырма бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екi жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Көлiк құралының сыртқы жағына жедел және арнайы қызметтер автомобильдерiнiң арнайы түстi-графикалық схемаларын заңсыз жазу –
жеке тұлғаларға – жиырма бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екi жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
585-бап. Жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын
авариялық ахуал туғызуға әкеп соғатындай дәрежеде
бұзуы
1. Жол жүрiсiне қатысушының авариялық ахуал туғызуға әкеп соқтыратындай, яғни жол жүрiсiне басқа қатысушыларды жүрiс жылдамдығын, бағытын күрт өзгертуге мәжбүр етiп, жол жүрiсi қағидаларын бұзуы –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет –
алты ай мерзiмге көлiк құралын жүргiзу құқығынан айыруға әкеп соғады.
586-бап. Темiржол өткелдерiнен өту қағидаларын бұзу
1. Темiржол өткелдерiнен тыс жерден темiржолды кесiп өту, жабық тұрған немесе жабылып жатқан шлагбаумнан не бағдаршам немесе өткел кезекшiсi тыйым салатын сигнал берген кезде темiржол өткелдерiне шығу, сол сияқты темiржол өткелiнде тоқтау немесе тұру –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер –
алты ай мерзiмге көлiк құралын жүргiзу құқығынан айыруға әкеп соғады.
587-бап. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты
тасымалдауды көрсетiлген тасымалдау маршруттарына
қызмет көрсету құқығын растайтын тиiстi куәлiксiз
жүзеге асыру
1. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды көрсетiлген тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығын растайтын тиiстi куәлiксiз жүзеге асыру –
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
588-бап. Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол қозғалысы
қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген
қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян
келтiретіндей, көлiк құралдарын немесе өзге де
мүлiктi зақымдауға әкелетіндей дәрежеде бұзуы
1. Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарының, жүктердiң, жолдардың, жол құрылыстарының және басқа құрылыстардың немесе өзге де мүлiктiң бүлiнуiне әкелетіндей дәрежеде материалдық залал келтiрiп бұзуы –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе тоғыз ай мерзiмге көлiк құралын жүргiзу құқығынан айыруға әкеп соғады.
2. Жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зақым келтiрген нақ сол iс-әрекеттер –
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға және бiр жыл мерзiмге көлiк құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген көлiк құралдарын жүргiзу құқығы жоқ адам жасаған iс-әрекеттер –
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
589-бап. Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалу
1. Көлiк құралын басқарған адамның, жол қозғалысының белгiленген қағидаларын бұзып, өзi қатысушысы болып табылатын жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы,егер осы іс-әрекетте қылмыстық жазалау әрекетiнiң белгiлерi болмаса –
бiр жыл мерзiмге көлiк құралын жүргiзу құқығынан айыруға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, көлiк құралдарын жүргiзу құқығы жоқ не жүргізу құқығынан айырылған адам жасаған iс-әрекеттер –
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Зардап шегушiге медициналық көмек көрсетуге байланысты жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалған адам осы бап бойынша қылмыстық жауапкершiлiктен босатылады.
590-бап. Құжаттары жоқ және жүргізу құқығы жоқ адамның көлiк
құралдарын жүргізуі
1. Қолында жүргiзу құқығына жүргiзушiлiк куәлiгi немесе жүргiзушi куәлiгiнiң орнына берiлген уақытша куәлiгi, көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жөнiндегi және (немесе) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жөнiндегi сақтандыру полисi болмаған, тіркеу және заңнамада белгiленген өзге де құжаттары жоқ жүргiзушiнiң көлiк құралын жүргізуі –
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Көлiк құралын жүргізу құқығы жоқ адамның (оқып-үйрену жүргiзуiнен басқа) оны жүргізуі, сондай-ақ тиiстi санаттағы көлiктi жүргізу құқығы жоқ жүргiзушiнiң көлiк құралын жүргізуі, не жүргізу құқығы жоқ адамға көлiк құралын жүргізуге беру (белгiленген қағидаларға сәйкес жеке тәртiппен жүргiзудi үйрету жағдайларын қоспағанда) –
3. Көлiк құралын жүргiзу құқығынан айрылған жүргiзушiнiң көлiк құралын жүргізуі не көлiк құралын жүргiзу құқығынан айрылған адамға көлiк құралын жүргізуге беру –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер –
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
591-бап. Iшкi iстер (полиция), көлiктiк бақылау органдары
қызметкерiнiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын
өткiзу пункттерiнде және Қазақстан Республикасының
аумағындағы көлiктiк бақылау бекеттерiнде көлiк
құралын тоқтату туралы талаптарын орындамау,
алкогольден, есiрткiден және (немесе) уытқұмарлықтан
мас күйiн куәландырудан өтуден жалтару
1. Iшкi iстер органдары (полиция) қызметкерiнiң көлiк құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Көлiктiк бақылау органы қызметкерiнiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу бекеттерiнде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көлiктiк бақылау бекеттерiнде көлiк құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе алты айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге көлiк құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет –
алты ай мерзiмге көлiк құралын жүргiзу құқығынан айыруға әкеп соғады.
4. Iшкi iстер органдары (полиция) қызметкерiнiң белгiленген тәртiпке сәйкес алкогольден, есiрткiден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйiн куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамау –
екi жыл мерзiмге көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыруға әкеп соғады.
5. Осы баптың төртiншi бөлiктерiнде көзделген, автокөлiк құралын жүргізу құқығы жоқ не көлiк құралын жүргiзу құқығынан айрылған адам жасаған iс-әрекеттер –
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту.Нысанды киiм киген iшкi iстер (полиция), көлiктiк бақылау органдары қызметкерлерiнiң көлiктi тоқтату туралы талабы қол қимылымен сигнал берiп немесе таяқшаны көтерумен бiр мезгiлде ысқырып сигнал берiп не дыбыс күшейткiш құрылғының көмегiмен бiлдiрiледi. Сигнал беру жүргiзушiге түсiнiктi болуға тиiс және оларды орындау авариялық ахуал туғызбайтындай болуы үшiн дер кезiнде берiлуге тиiс.
592-бап. Көлiк құралдарының қозғалысына кедергi жасау
Көлiк құралдарының қозғалысына қасақана кедергiлер жасау, сондай-ақ көлiк қозғалысы қағидаларын сақтауға бақылау жасауды жүзеге асыратын уәкiлеттi лауазымды адамдардың мұндай кедергiлердi жою туралы талабын орындамау –
жеке тұлғаларға – үш, лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
593-бап. Жаяу жүргiншiлердiң және жол қозғалысына өзге де
қатысушылардың қозғалыс қағидаларын бұзуы
1. Жаяу жүргiншiлердiң және жол қозғалысына өзге де қатысушылардың жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларының талаптарын орындамауы –
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жәбiрленушiнiң денсаулығына қылмыстық жазалау әрекетiнiң белгiлерi жоқ зақым келтiруге әкеп соқтырған не материалдық залал шектiрген нақ сол iс-әрекеттер –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жаяу жүргiншiлердiң және өзге де жол қозғалысына қатысушылардың жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларының талаптарын үнемi бұзуы –
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту.Жол қозғалысына өзге де қатысушылар деп бұл бапта мопедтердi, велосипедтер мен күш көлiгiн жүргізушілерді, мал айдаушыларды, жолдың бойымен жүк тартатын, мiнiс малдарын немесе табынды айдаушыларды, сондай-ақ көлiк құралдары жолаушыларын түсiну керек.
594-бап. Қазақстан Республикасының механикалық көлiк құралдарын
және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық
қарап-тексеруді жүзеге асыру саласындағы заңнамасын
бұзу
1. Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап-тексеруді жүзеге асыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын:
техникалық қарап-тексеру операторының қызметiне тексеру жүргiзу кезiнде белгiленген, механикалық көлiк құралы мен оның тiркемелерiнiң техникалық жай-күйiне сәйкес келмейтiн параметрлер көрсетiлген техникалық қарап-тексерудің диагностикалық картасын беру;
техникалық қарап-тексеру операторының техникалық ақауы бар механикалық көлiк құралы мен оның тiркемелерiнiң иесiне мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өткенi туралы куәлiк беруi;
мiндеттi техникалық қарап-тексеруді өткiзуден негiзсiз бас тарту;
механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап-тексерудің бiрыңғай ақпараттық жүйесiне мәлiметтер ұсынбау;
техникалық қарап-тексеру орталығының орналасқан жерiнiң өзгергенi туралы хабарламау не уақтылы хабарламау;
қызмет өңiрiнде мiндеттi техникалық қарап-тексеруді өткiзу кестесi туралы халықты хабардар етпеу;
мiндеттi техникалық қарап-тексерудің кестесiн бұзу түрінде жасалған бұзушылық –
лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлеріне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өткiзу және жөндеу, техникалық қызмет көрсету жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi қоса атқару –
техникалық қарап-тексеру операторларының тiзiлiмiнен шығара отырып, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлеріне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Техникалық қарап-тексеру орталығының аумағында механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөнiндегi қызметтердi көрсетуi –
лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Техникалық қарап-тексеру операторларының тiзiлiмiне енгiзген кезде көрiнеу дәйексiз ақпарат ұсыну –
техникалық қарап-тексеру операторларының тiзiлiмiнен шығара отырып, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
техникалық қарап-тексеру операторларының тiзiлiмiнен шығара отырып, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
595-бап. Техникалық ақаулары бар көлiк құралдарын пайдалануға
шығару және пайдаланудың өзге де қағидаларын бұзу
1. Көлiк құралдарының техникалық жағдайына және пайдаланылуына жауапты адамдардың, Кодекстiң 596-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларының талаптарын орындамауы –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне – қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зақым келтiруге немесе көлiк құралдарын, жүктердi, жол құрылыстарын немесе өзге де құрылыстарды не өзге де мүлiктi бүлдiруге әкеп соқтырған нақ сол iс-әрекеттер –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
596-бап. Көлік құралдарын жүргізу құқығы жоқ не одан айрылған,
сол сияқты тиiстi санаты жоқ жүргiзушiнi көлiк құралын
жүргізуге жiберу
1. Көлiк құралдарының техникалық жағдайы мен пайдаланылуына жауапты адамның көлiк құралын жүргізу құқығы жоқ не одан айрылған, сол сияқты тиiстi санаты жоқ жүргiзушiнi көлiк құралын жүргізуге жiберуi –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зақым келтiруге немесе көлiк құралдарының, жүктердiң, жол құрылыстарының немесе өзге де құрылыстардың не өзге де мүлiктiң бүлiнуiне әкеп соқтырған нақ сол iс-әрекеттер –
жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жетпіс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне – бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
597-бап. Жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын өзге де
талаптарды бұзу
Кодекстiң осы тарауында тiзiп көрсетiлмеген, жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету қағидаларымен белгiленген жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу –
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бiр бөлiгiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Хаттама жасау кезiнде жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету қағидаларының нақты қандай нормасы бұзылғандығы көрсетiледi.
598-бап. Көлiкпен қауiптi заттарды немесе бұйымдарды тасымалдау
қағидаларын бұзу
1. Темiр жол көлiгiнде қауiптi заттарды немесе қол жүгi бұйымдарын тасымалдау қағидаларын бұзу –
ескерту жасауға немесе бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Теңiз және өзен көлiгiнде қауiптi заттарды немесе бұйымдарды тасымалдаудың қағидаларын бұзу, сондай-ақ лауазымды адамдардың тиiстi құжаттарда қауiптi заттармен немесе бұйымдармен жасалатын операцияларды тiркеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы, бұрыс жазулар енгiзуi немесе тиiстi лауазымды адамдарға осындай құжаттарды көрсетуден заңсыз бас тартуы –
ескерту жасауға немесе он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Әуе кемелерiнде қауiптi заттарды немесе бұйымдарды тасымалдау қағидаларын бұзу –
аталған заттарды мен бұйымдарды тәркiлей отырып айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Автобуста, трамвайда, троллейбуста, маршрутты таксиде жарылыс қаупi бар заттарды немесе бұйымдарды алып жүру, сондай-ақ оларды автокөлiкте багажға немесе сақтау камерасына өткiзу –
үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
599-бап. Қалалық және қала маңындағы қоғамдық көлiктi пайдалану
қағидаларын бұзу
Көлiк құралдарының тепкiшектерiнде және басқа да шығып тұрған бөлiктерiнде тұрып жол жүру, қозғалыс кезiнде кiру және шығу, есiктiң ашылуына және жабылуына кедергi жасау, кесiп кететiн заттарды тиiсiнше орамай алып жүру, сондай-ақ салонды және жолаушылардың киiмдерiн былғайтын бұйымдар мен заттарды тасымалдау түрiнде трамвайды, троллейбусты, қалалық және қала маңына қатынайтын автобусты немесе таксидi пайдалану қағидаларын бұзу –
бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
600-бап. Жолаушыларды билетсiз алып жүру
Жолаушыларды билетсiз алып жүру:
1) халықаралық авиамаршруттарда ұшуды орындайтын әуе кемелерiнде –
1) он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
2) iшкі авиамаршруттарда ұшуды орындайтын әуе кемелерiнде –
сегіз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
3) халықаралық қатынастағы поездарда –
жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
4) республикаiшiлiк қатынастағы поездарда –
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
5) халықаралық қатынастағы теңіз кемелерінде –
жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
6) республикаiшiлiк қатынастағы теңіз кемелерінде –
алты айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
7) халықаралық қатынастағы өзен кемелерінде –
алты айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
8) республикаiшiлiк қатынастағы өзен кемелерінде –
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
9) трамвайда, троллейбуста, қалада және қала маңында қатынайтын автобуста және маршрутты таксиде –
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
10) халықаралық, облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және ауданішілік қатынастағы автобуста –
жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
601-бап. Темiр жол көлiгiнде жол жүру құжаттарын (билеттердi)
сату, олардың қолданылу мерзiмiн ұзарту және билет
кассаларының жұмысын ұйымдастыру қағидалары бұзу
Темiр жол көлiгiнде жол жүру құжаттарын (билеттердi) сату, олардың қолданылу мерзiмiн ұзарту және билет кассаларының жұмысын ұйымдастыру қағидалары бұзу –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отызға айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
602-бап. Темiр жол, теңiз, өзен және автомобиль көлiгiнде
жүктердiң сақталуын қамтамасыз ету қағидаларын бұзу
1. Жүктердi тасымалдауға арналған жылжымалы составты, контейнерлердi, жүзу және басқа көлiк құралдарын, сондай-ақ тасымалдау жабдықтарын бүлдiру –
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жүк вагондарының, автомобильдердiң, автомобиль тiркемелерiнiң, контейнерлердiң, трюмдердiң және жүзу құралдарының басқа да жүк салатын орындарының пломбалары мен бекiту құрылғыларын бүлдiру, олардың пломбаларын жұлып алу, жүк тасымалына байланысты операцияларды орындау үшiн пайдаланылатын жекелеген жүк орындары мен олардың бумаларын, пакеттердi, жүк аулаларының, темiр жол станцияларының, жүк автомобильдерi станцияларының, контейнер пункттерiнiң (алаңдарының), порттар (айлақтар) мен қоймалардың қоршауларын бүлдiру, сондай-ақ жүк аулаларының, контейнер пункттерiнiң (алаңдарының), жүк аудандарының (учаскелерiнiң), порттардың (айлақтардың), шлюздердiң және жоғарыда аталған қоймалардың аумағында тиiстi рұқсатсыз болу –
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
603-бап. Әуе көлiгiнде жүктердiң сақталуын қамтамасыз ету
жөнiндегi қағидаларды бұзу
1. Контейнерлердiң пломбалары мен бекiту құрылғыларын бүлдiру, олардың пломбаларын жұлып алу, жекелеген жүк орындары мен олардың бумаларын, пакеттердi, сондай-ақ әуе көлiгiнде жүк тасымалдауға байланысты операцияларды орындау үшiн пайдаланылатын қоймалардың қоршауларын бүлдiру –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әуе көлiгiнде жүк тасымалдауға арналған контейнерлер мен көлiк құралдарын бүлдiру –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
604-бап. Тракторларды, басқа да өздiгiнен жүретiн машиналар мен
жабдықтарды пайдалану қағидаларын бұзу
Осы Кодекстiң 320, 321, 331, 336, 590, 595, 596 -баптарында көзделген қағидаларды қоспағанда, тракторларды, өзге де өздiгiнен жүретiн машиналар мен жабдықтарды пайдалану қағидаларын бұзу –
жеке тұлғаларға – үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
605-бап. Ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп
өткені үшін ақыны уақтылы төлемеу
Ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өткені үшін ақыны уақтылы төлемеу –
жеке тұлғаларға – бес, заңды тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
606-бап. Көлiк құралдарын жүргiзушi жеке тұлғалардың пайдалану
және жол жүрiсi қағидаларын үнемi бұзуы
1. Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын үнемi бұзу, яғни бiр жыл iшiнде осы Кодекстiң 320, 321, 331, 595, 596, 604 -баптарында көзделген үш және одан да көп құқық бұзушылықты жасау –
бір жыл мерзiмге көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыруға әкеп соғады.
2. Көлiк құралдарын жүргiзушi жеке тұлғалардың жол жүрiсi қағидаларын үнемi бұзуы, яғни бiр жыл iшiнде осы Кодекстiң 571 -583, 585, 586, 591 -баптарында көзделген үш және одан да көп құқық бұзушылықты жасауы –
бір жыл мерзiмге көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыруға әкеп соғады.
607-бап. Жолдарды, темiр жол өткелдерiн және басқа жол
құрылыстарын бүлдiру
1. Жолдарды, темiр жол өткелдерiн және жол қозғалысын реттейтiн басқа да құрылғыларды немесе техникалық құралдарды бүлдiру, соның iшiнде жол төсемесiн ластау не арнайы бөлiнген жерлерден тыс жерлермен және төсемесi жетiлдiрiлген жолдармен мал айдап өту арқылы бүлдiру, сондай-ақ түрлi құрылғылар орнату немесе жасыл екпелер отырғызу немесе оларды уақытында бұтамау салдарынан жол қозғалысын реттеу құралдарының көрiнуiн шектеу –
жеке тұлғаларға – екі, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне – отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, жол-көлiк оқиғасына әкеп соқтырып, жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зақым келтiрген, көлiк құралдарын, жүктердi немесе өзге мүлiктi бүлдiрген бұзушылық –
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне – бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
608-бап. Жолдарды, темiр жол өткелдерiн және басқа жол
құрылыстарын күтiп-ұстау қағидаларын бұзу
1. Жолдарда жұмыс жүргiзу, жолдарды, темiр жол өткелдерi мен жол құрылғыларын күтiп-ұстау жөнiндегi талаптарды, жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету қағидаларымен белгiленген өзге де талаптарды орындамау –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне – отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, жол-көлiк оқиғасына әкеп соқтырып, жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зақым келтiрген, көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстарын және басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдiрген бұзушылықтар –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне – отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
609-бап. Жерасты коммуникацияларының қарау құдықтарын
күтiп-ұстау қағидаларын жол қозғалысы қауiпсiздiгiне
қатер төндiретiндей дәрежеде бұзу
1. Жерасты коммуникацияларының жолдардың жүретiн бөлiктерiндегi қарау құдықтарын күтiп-ұстау қағидаларын бұзу, сондай-ақ жолдың үстiне судың, техникалық сұйықтардың, будың шығып кетуiне және соның салдарынан жол бетiнiң бұзылуына, жол үстiне мұз қатуына, көрiну жағдайының шектелуiне және басқа кедергiлерге әкеп соқтыратын жер асты коммуникацияларының ақауларын жоюға шаралар қолданбау –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне – отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жол-көлiк оқиғасына әкеп соқтырып, адамдардың денсаулығына жеңiл зақым келтiрген, көлiк құралдарын, жүктердi және өзге де мүлiктi бүлдiрген нақ сол бұзушылықтар –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне – қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
610-бап. Автомобиль жолдарына бөлiнген белдеудi қорғау мен
пайдалану қағидаларын бұзу
1. Белгiленген тәртiппен келiсiп алмай автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде жер резервтерiн жырту, екпелердi шабу, түбiрiмен қопару және бүлдiру, жердiң шымын және топырағын алу, материалдар мен жүк жинау, топографиялық және басқа жұмыстарды жүргiзу, жол қиылыстары мен кiрме жолдарды жабдықтау, ғимараттар, жер асты және жер үстi құрылыстары мен коммуникацияларын салу, жарнама және өзге ақпарат орнату, сондай-ақ бөлiнген белдеу шегiнде белгiленгеннен тыс жерде от жағу, мал жаю, қоқыс пен қар төгу, сауда жасау, жолдың су ағар жүйесiне канализациялық, өнеркәсiптiк, мелиорациялық және сарқынды суларды жiберу не жол жиегiн арық ретiнде пайдалану –
жеке тұлғаларға – үш, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, жол-көлiк оқиғасына әкеп соқтырып, адамдарға жеңiл дене жарақатын түсiрген көлiк құралдарын немесе өзге де мүлiктi бүлдiрген, не осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған бұзушылықтар –
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне – жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
611-бап. Жер пайдаланушылардың автомобиль жолдарын және жол
құрылғыларын пайдалану мен қорғау қағидаларын бұзуы
Жаяу жүретiн жолдар мен өткел (өтетiн) көпiршелердi, автомобиль жолдарын су басып кетуiне және автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуге iргелес жер пайдаланушыларға бекiтiлiп берiлген учаскелердегi бөлiнген белдеудiң батпақтануына жол беретiн суғару жүйелерiн орналастыру, жөндеу және ұдайы тазалап отыру жөнiндегi мiндеттердi, сондай-ақ осы пайдаланушыларға бекiтiлiп берiлген учаскелерден шығатын жолдарды немесе өткел көпiршелердi қоса алғанда, ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарына кiрме жолдарды техникалық жағынан жарамды қалпында және таза етiп күтiп-ұстау жөнiндегi мiндеттердi орындамау –
жеке тұлғаларға – үш, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне – отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
612-бап. Магистральдық құбырларды қорғау қағидаларын бұзу
Магистральдық құбырларды қорғау қағидаларын бұзу –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бір, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне – отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
31-тарау. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы әкімшілік
құқық бұзушылықтар
613-бап. Электр байланыс желiлерiне қосылатын құрылғыларды
(жабдықтарды) заңсыз қосу
1. Электр байланысы желiлерiне қосылатын құрылғыларды (жабдықтарды) заңсыз қосу –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне – бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер –
қосылатын құрылғыларды (жабдықтарды) тәркiлей отырып жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне – үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Қосылатын құрылғылар (жабдықтар) деп желiлерге қосылатын және абоненттердiң пайдалануындағы абоненттер байланыс арналары арқылы жiберген ақпаратты беру және қабылдау үшiн электр және радио- байланысы дыбыстарын қалыптастыратын техникалық құралдар (радиотрансляциялық нүктелер, телефон аппараттары, телефакстер, деректердi беру құрылғылары, әртүрлi телематикалық қызметтердiң қосылатын құрылғылары, кәбiлдiк теледидар құрал-жабдығы, телефон арнасының ұзартқыштары, радиотелефондар және басқалар) түсiнiледi.
614-бап. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы
заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұзу мынадай түрде:
1) басым байланыс операторының телекоммуникация желiлерiн ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiне қосудан негiзсiз бас тартуы, сондай-ақ трафиктi өткiзу тәртiбiн бұзуы;
2) телекоммуникация желiлерiн Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасында көзделген ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiне қосу мерзiмдерiн бұзуы, -
3) трафикті өткізу және өз ара есептесу тәртібін қоса алғанда, байланыс операторының телекоммуникация желілерін қосу деңгейін бұзуы;
4) шұғыл медициналық, құқық қорғаушылық, өрт, авариялық, анықтамалық және басқа қызметтермен тегін қосылатын нөмірлері бар байланысты өшіріп тастау және (немесе) шектеу;
5) байланыс операторының тарифтеу бірліктері мөлшерлерін сақтамауы;
6) байланыс операторларының қалааралық және (немесе) халықаралық телефондық байланыс операторын өз желілерінде таңдау бойынша абоненттің құқығын шектеуі;
7) зияткерлік қызметерге қол жеткізуді ұсыну кезінде (лотерея, дауыс беру, телевикторина, викторина, анықтамалық-ақпараттық қызметтер, таныстыру қызметтері) қосылыстың құны туралы абоненттерді хабардар етпеуі;
8) байланыс қызметтерін пайдаланушыларға стандарттар сапасы, техникалық нормалар және сапа көрсеткіштері бойынша сай келмейтін байланыс қызметтерін ұсынуы;
9) байланыс түрінің және/немесе стандарттың мақсатына сай радиожиілік спектрін пайдаланбау, сол сияқты радиожиілік спектрінің және радиоэлектрондық құралдардың техникалық параметрлерінің арнайы рұқсаттарда көрсетілген деректерге сәйкес болмауы;
10) байланыс операторларының ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірлерді ауыстыруды жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ абоненттік нөмірлерді ауыстыру қызметтерін көрсету кезінде абоненттік нөмірлердің деректер қорының операторымен ұйымдастырушылық-техникалық өзара іс қимылдарын сақтамауы;
лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiк), -
лауазымды адамдарға,шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне- қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Абоненттер туралы қызметтiк ақпаратты жинау және сақтау жөнiндегi мiндеттердi бұзу,–
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне- елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың төртiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет, -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне- жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе байланыс қызметтерiн көрсету туралы лицензиядан айыруға әкеп соғады.
615-бап. Сәйкестiгi мiндеттi растауға жататын, бiрақ одан
өтпеген байланыс құралдарын пайдалану.
1. Қазақстан Республикасы телекоммуникациясының бiртұтас желiлерінде техникалық реттеу саласында сәйкестiгi мiндеттi растауға жататын және одан өтпеген техникалық байланыс құралдарын пайдалану, сол сияқты электромагниттi сәулелендiру көзi болып табылатын радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктегi құрылғыларды, почта байланысының техникалық құралдарын пайдалану, -
жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе айыппұл салуға – бес, шағын кәсiпкерлiк немесе коммерциялық емес ұйымдардың субъектілеріне – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екi жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың, бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер,-
жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе айыппұл салуға - он, шағын кәсiпкерлiк немесе коммерциялық емес ұйымдардың субъектілеріне – жүз жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жүз елу, сертификатталмаған байланыс құралы тәркілене отырып, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне - үш жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
616-бап. Ақпараттық ресурстарды қорғау құралдарын пайдалану
жөнiндегi талаптарды бұзу, -
жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе айыппұл салуға - он, шағын кәсiпкерлiк немесе коммерциялық емес ұйымдардың субъектілеріне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
617-бап. Қазақстан Республикасының электрондық құжаттар және
электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңдарын бұзу
1. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамалық актiлерде көзделген мiндеттердi куәландырушы орталықтың орындамауы,-
екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамалық актiлерде көзделген мiндеттердi тiркеу куәлiгi иесiнiң орындамауы,-
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жабық кiлтті заңсыз алу және (немесе) басқа адамның электрондық цифрлық қолтаңбасын заңсыз пайдалану,-
жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе айыппұл салуға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк немесе коммерциялық емес ұйымдардың субъектілеріне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамалық актiлерде көзделген мiндеттердi электрондық құжат айналымы жүйесiне қатысушылардың орындамауы,-
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк немесе коммерциялық емес ұйымдардың субъектілеріне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
618-бап. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы
заңдарын бұзу
Жеке және заңды тұлғалар туралы жасырын мәлiметтерi бар ақпараттық ресурстарды оларға мүлiктiк және моральдық зиян келтiру, олардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде кепiлдiк берiлген құқықтары мен бостандықтарын iске асыруын шектеу мақсатында пайдалану, -
ескерту жасауға немесе айыппұл салуға жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк немесе коммерциялық емес ұйымдардың субъектілеріне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
32-тарау. Әскери міндеттілік, әскери қызмет пен қорғаныс
саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
619-бап. Бастапқы әскери есепке алынуға не шақыру учаскелерiне
тiркелуге тиiс азаматтардың тiзiмдерiн жергiлiктi
әскери басқару органына бермеу немесе уақтылы бермеу
Бастапқы әскери есепке алынуға не шақыру учаскелерiне тiркелуге тиiс азаматтардың тiзiмдерiн белгіленген мерзімде жергiлiктi әскери басқару органына бермеу немесе уақтылы бермеу, -
ұйымдардың, оқу орындарының лауазымды адамдарына, сондай-ақ тұрғын үйлердi пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдарына және үй иелерiне – он, ұйымдар мен оқу орындарының бірінші басшыларына – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
620-бап. Азаматтардың, лауазымды адамдардың және заңды
тұлғалардың азаматтық қорғаныс жөнiндегi мiндеттердi
орындамауы
Азаматтық қорғаныс саласындағы нормативтiк актiлердi орындамауға байланысты құқыққа қарсы әрекеттердi (әрекетсiздiктi) жүзеге асыру, -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
621-бап. Жергiлiктi әскери басқару органының шақыруы туралы
азаматтарға хабарламау
Меншiк нысанына қарамастан, ұйым басшысының немесе азаматтарды әскери есепке алу жұмысына жауапты басқа да жауапты адамының жергiлiктi әскери басқару органының шақыруы туралы азаматтарға хабарламауы, сондай-ақ жергiлiктi әскери басқару органының шақыруы бойынша азаматтарға дер кезiнде келу мүмкiндiгiн қамтамасыз етпеуi, -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
622-бап. Әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi тұрғылықты
азаматтар құрамындағы өзгерiстер туралы мәлiметтердi
уақтылы бермеу,-
Әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi тұрақты тұрып жатқан азаматтар құрамындағы өзгерiстер туралы мәлiметтердi әскери есеп жүргiзу жүктелген органдарға уақтылы бермеу, -
он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
623-бап. Әскери мiндеттiлер, шақырылушылар мен азаматтар туралы
мәлiметтердi хабарламау
1. Халықты әлеуметтік қорғау органының лауазымды адамының әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi азаматтарды мүгедек деп тану туралы, сондай-ақ медициналық ұйымдардың лауазымды адамының стационарлық емдеуде және диспансерлік есепте болған әскери міндеттілер мен шақырушылар туралы мәліметтерді жергiлiктi әскери басқару органына белгiленген мерзiмде хабарламауы, -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Азаматтық хал актiлерiнің жазу органы лауазымды адамының әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi азаматтардың азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларына өзгерiстер енгiзiлгендiгi туралы жергiлiктi әскери басқару органына белгiленген мерзiмде хабарламауы, -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Меншiк нысанына қарамастан, ұйым басшысының немесе басқа лауазымды адамының жұмысқа (оқуға) қабылданған, тұрғылықты жерi бойынша әскери есепке тұруға мiндеттi, бiрақ тұрмаған азаматтар туралы әскери есепке алуды жүзеге асыратын органға хабарламауы, -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
624-бап. Азаматтардың әскери есепке алу жөнiндегi мiндеттерді
орындамауы
Әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi азаматтың жергiлiктi әскери басқару органының шақыруы бойынша белгiленген мерзiмде дәлелдi себепсiз келмеуi не елді мекенге тұрғылықты (әкімшілік ауданға)немесе уақытша (үш айдан астам мерзiмге) тұруға келуі, сондай-ақ қызметтік іс-сапарларға, оқуға, демалысқа немесе емделуге келіп,(үш айдан астам мерзiмге)тұрақты әскери есепке алу жөніндегі өтінішпен келген жері бойынша халыққа қызмет көрсету орталығына міндетті жеті жұмыс күні ішінде тұрмауы -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
625-бап. Медициналық тексеруден немесе жиындардан жалтару
1. Азаматтарды әскери есепке алу жөнiндегi комиссияның немесе шақыру комиссиясының жолдамасы бойынша медициналық куәландырудан не тексеруден жалтару, -
әскери мiндеттiлерге - бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға, ал шақырылушыларға ескерту жасауға не үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әскери мiндеттiлердiң әскери жиындардан жалтаруы, -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
626-бап. Әскери есепке алу құжаттарын қасақана бүлдiру немесе
жоғалту
Әскери билеттi немесе әскери қызметке шақырылуға тиiс азаматтың басқа да әскери есепке алу құжаттарын қасақана бүлдiруi немесе жоюы, сондай-ақ әскери билеттiң немесе әскери қызметке шақырылуға тиiс азаматтың басқа да әскери есепке алу құжаттарының иесiнiң кiнәсiнен жоғалуы, -
ескерту жасауға немесе бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
627-бап. Әскери қызметке даярлықтан жалтару
Шақырылушылардың жергiлiктi әскери басқару органдарының жолдамасымен әскери-техникалық мамандықтар бойынша әскери қызметке даярлықтан жалтаруы немесе дәлелдi себептерсiз оқу ұйымдарының сабақтарына қатыспауы, -
ескерту жасауға немесе бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
628-бап. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке және келісім шарт
бойынша заңсыз шақыру, оларды шақыруды заңсыз кейiнге
қалдыру
Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке заңсыз шақыру және келісім шарт бойынша әскери қызметке шақыру не оларды шақыруды заңсыз кейiнге қалдыру, -
он жетi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
629-бап. Әскери қызметшiнi қорлау
1. Әскери қызмет мiндеттерiн орындау уақытында немесе орындауға байланысты бiр әскери қызметшiнiң екiншi әскери қызметшiнi қорлауы, -
жиырма беске айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет, -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
33-тарау. Мемлекеттiк билiк институттарына қолсұғатын әкiмшiлiк
құқық бұзушылық
630-бап. Сотқа құрметтемеушілік білдіру
1. Процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың iстi одан әрi қарауы мүмкiн емес болатын жағдайларда, олардың шақыру қағазы бойынша сотқа келуден дәлелдi себептерсiз келмеуінен, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбауынан, сот үй-жайында тәртiп бұзуынан көрiнген сотты құрметтемеушiлiк, сондай-ақ сотты және сотта белгiленген қағидаларды құрметтемеушiлiктi анық куәландыратын өзге де iс-әрекеттер (әрекетсiздiк), -
ескерту жасауға не жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiк), -
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
631-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс
қарауға қатысушылардың жауаптылығы
Қаралатын iске қатысушының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарайтын органға (лауазымды адамға) келуден дәлелдi себепсiз бас тартуы не жалтаруы, яғни келмеуi, сөйтiп iс бойынша қарауды кейiнге қалдыруға себепшi болуы, -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
632-бап. Алқабидiң мiндеттерiн атқару үшiн сотқа келмеу
Алқабидiң мiндеттерiн атқару үшiн азаматтың сотқа шақыру бойынша дәлелсiз себептермен келмеуi, -
жеке адамдарға ескерту жасауға немесе он айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
633-бап. Алқабилерге үміткерлердің тiзiмдерiн жасау үшiн
ақпаратты табыс етпеу
алқабилерге үміткерлердің тiзiмдерiн жасау үшiн жергiлiктi атқарушы органдарға қажеттi ақпаратты табыс етпеу, сол сияқты дұрыс емес ақпарат табыс ету, -
жеке тұлғаларға - ескерту жасауға немесе он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
634-бап. Алқабилердiң міндеттерді орындамауы, сондай-ақ сот
талқылауында iстi қарауға байланысты шектеулердi
сақтамауы
1. Сот талқылауында iстi қарауға байланысты алқабилердiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулердi сақтамауы, сондай-ақ міндеттерді орындамауы, -
жеке адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Алқабиді істі қарауға одан әрі қатысудан шеттетуге әкеп соқтырған нақ сол іс - әрекеттер,-
жеке адамдарға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
635-бап. Куәнiң айғақ беруден бас тартуы немесе жалтаруы
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi орган (лауазымды адам) куә ретiнде жауап алуға тиiс адамның айғақ беруден дәлелдi себептерсiз бас тартуы не келмеуі, -
екi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
636-бап. Куәнiң, жәбiрленушiнiң көрiнеу жалған айғақтары, сарапшының көрiнеу жалған қорытындысы немесе қате аударма жасау
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараған кезде және медициналық қызмет сараптамасын жүргiзу барысында органға (лауазымды адамға) куәнiң, жәбiрленушiнiң көрiнеу жалған айғақтар беруi, сарапшының көрiнеу жалған қорытынды беруi, сондай-ақ осындай жағдайларда аудармашының көрiнеу қате аударма жасауы, -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сарапшылар медициналық қызмет сараптамасын жүргiзу кезiнде әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасаған нақ сол әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға - отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Егер куә, жәбiрленушi, сарапшы немесе аудармашы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау барысында ерiктi түрде, уәкiлеттi орган (лауазымды адам) iс бойынша шешiм шығарғанға дейiн өздерi берген айғақтардың, қорытындының жалғандығы, аударманың қате жасалғандығы туралы мәлiмдесе, олар әкiмшiлiк жауаптылықтан босатылады.
637-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша
дәлелдемелердi бұрмалау
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша дәлелдемелердi iс жүргiзу іс-әрекеттерiне қатысатын маманның немесе қорғаушының жасаған бұрмалауы, егер бұл iс-әрекет адамның денсаулығына зиян немесе айтарлықтай залал келтiрмесе, -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
638-бап. Лауазымды адамның сараптама жүргiзу туралы қаулыны
немесе тапсырманы не маманды шақыру туралы талапты
орындаудан бас тартуы немесе келмеуі
Мемлекеттiк қадағалау және бақылау органының қаулысы немесе тапсырмасы жiберiлген лауазымды адамның сараптама жүргiзуден не бақылау жүргiзуге, құжаттар ресiмдеу iсiн жүргiзуге, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге немесе оны қарауға қатысу үшiн маманды шақыру туралы талабынан не оларды орындаудан дәлелсiз себептермен бас тартуы немесе жалтаруы, - жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
639-бап. Айыпталушының (күдіктінің) келетiндiгi туралы жеке
кепiлгерлiктi бұзу
Айыпталушының (күдіктінің) анықтау iсiн жүргiзетiн адамға, тергеушiге немесе сотқа келетiндiгi туралы өздерi жазбаша кепiлгерлiк берген адамдардың оны бұзуы немесе орындамауы, айыпталушының (күдіктінің) тергеуден немесе соттан жалтаруына әкеп соқса, -
үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
640-бап. Кәмелетке толмаған айыпталушының (күдіктінің) келуiн
қамтамасыз ету туралы мiндеттеменi бұзу
Ата-ананың, қорғаншының, қамқоршының немесе арнаулы жабық балалар мекемесi әкiмшiлiгi өкiлiнiң қарамақтарына қарауға берiлген кәмелетке толмаған айыпталушының (күдіктінің) тергеушiге, анықтаушыға немесе сотқа келуiн қамтамасыз ету туралы өздерi жазбаша берген мiндеттемелерiн бұзуы, айыпталушының (күдіктінің) тергеуден және соттан жалтаруына әкеп соқса, -
бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
641-бап. Соттың жеке ұйғарымы, қаулысы, прокурордың,
тергеушiнiң немесе анықтаушының ұсынысы бойынша шара
қолданбау
Лауазымды адамның соттың жеке ұйғарымын, қаулысын, прокурордың, тергеушiнiң немесе анықтаушының ұсынысын қарамауы немесе оларда көрсетiлген заң бұзушылықты жоюға шара қолданбауы, сондай-ақ жекеше ұйғарымға, қаулыға немесе ұсынысқа дер кезiнде жауап қайтармауы, -
сегiз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
642-бап. Прокурорға, тергеушiге және анықтау органына, сот
орындаушысына, сот приставына келуден жалтару
Прокурордың, тергеушiнiң, анықтау органының шақыруы бойынша айғақтар беру үшiн сот орындаушысына, сот приставына сот актiлерiн, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларын орындау мәселесi бойынша түсiнiк беру үшiн келуден жалтару, сондай-ақ айғақ беруден бас тарту немесе көрiнеу жалған айғақтар беру, -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
643-бап. Прокурорға хабарламау немесе дер кезiнде хабарламау
Мемлекеттiк органның заңнамалық актiлеріне сәйкес хабарлау талап етiлетiн iс жүргiзу туралы прокурорға хабарламауы немесе дер кезiнде хабарламауы, -
екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
644-бап. Прокурордың, тергеушiнiң, анықтаушының, сот
приставының, сот орындаушысының заңды қызметiне
кедергi жасау
Прокурордың, тергеушiнiң, анықтаушының, сот приставының, сот орындаушысының заңды қызметiне, мемлекеттiк органның меншiк нысанына қарамастан, ұйымның ғимаратына, үй-жайына немесе аумағына қызметтiк куәлiгiн көрсету арқылы кедергiсiз кiргiзуден, сондай-ақ қажеттi құжаттарды, материалдарды, статистикалық және өзге де мәлiметтердi табыс етуден, тексерулер, ревизиялар мен сараптамалар жүргiзуден, мамандарды бөлуден бас тарту әрекетiнен көрiнетiн кедергi жасау, сол сияқты талаптарды орындамауы, –
ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерде айыппұл салуға не бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.
645-бап. Сот актiлерiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi
қарауға уәкiлеттi органдардың (лауазымды адамдардың),
қаулыларын орындамау
Сот актiлерiн, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларының талаптарын орындаудан жалтару, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жазалануға тиiс әрекет белгiлерi болмаса,-
жеке тұлғаларға - он айлық,лауазымды адамдарға, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға - жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне- отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
646-бап. Сот орындаушысының, сот приставының қаулысын және өзге
де заңды талабын орындамау
1. Заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың сот орындаушылары белгiлеген мерзiмде дәлелсiз себептермен атқарушылық құжатты орындаумен байланысты, оның iшiнде оларға борышкердiң жұмыс орны мен оның табыстары, соттың және басқа органдардың қаулысына сәйкес табысынан ұстап қалу iсiн жүргiзу және өндiрiп алынған соманы өндiрiп алушыға салып жiберу туралы, борышкердiң өзге жеке және заңды тұлғалардағы ақша сомасын және мүлкiн өндiрiп алу жөнiндегi сот орындаушыларының қаулыларын және заңды талаптарын орындамауы, не борышкердiң жұмыстан босатылғандығы, оның жаңа жұмыс орны немесе тұрғылықты жерi туралы мәлiметтердi, егер оған бұлар туралы белгiлi болса, хабарламауы, -
жеке тұлғаларға - он, заңды тұлғаларға - жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сот орындаушысына, оның iшiнде борышкердiң табыстары мен мүлiктiк жағдайы туралы көрiнеу терiс мәлiметтер беру, -
жеке тұлғаларға - жиырма, заңды тұлғаларға - елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Сот приставының заңды талаптарын орындамау, -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
647-бап. Жеке тұлғалар мен ұйымдардың сот орындаушысына
мәліметтерді беру жөніндегі міндеттерін орындамауы
Борышкермен еңбек қатынасында тұрған немесе ол табыс алатын жеке тұлғалар және ұйымдардың лауазымды адамдары сот орындаушысы тағайындаған мерзiмде борышкердiң жұмыс орны мен оның табыстары, атқарушылық құжатқа сәйкес ұстап қалу жүргiзiлгендiгi және өндiрiп алынған соманың өндiрiп алушыға жiберiлгендiгi туралы, борышкердiң ақша сомалары мен мүлкiнен өндiрiп алу жөнiнде, сондай-ақ борышкердiң жұмыстан босатылғаны туралы, егер өздерiне белгiлi болса, оның жаңа жұмыс орны немесе тұратын жерi туралы дәйектi мәлiметтер беру мiндеттерін орындамауы,-
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
648-бап. Лауазымды адамның атқару құжатын жоғалтқандығы үшiн
жауаптылығы
Ұйымның лауазымды адамының орындау үшiн өзiне берiлген атқару парағын немесе басқа атқару құжатын жоғалтуы, -
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
649-бап. Сот орындаушысына, сот приставына соттар мен басқа да
органдардың қаулыларын орындауда кедергi жасау
Жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың сот орындаушысының, сот приставының мүлiктен өндiрiп алу жөнiндегi әрекеттерiн (тiзiмдеу, бағалау, тыйым салу, саудаға салу) орындауға кедергi жасауы немесе осыған байланысты оның талаптарын орындаудан бас тартуы, -
жеке тұлғаларға - бес, заңды тұлғаларға - он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
650-бап. Мемлекеттiк наградаларды заңсыз тағып жүру
1.Қазақстан Республикасының, Қазақ КСР-iнiң, КСРО-ның ордендерiн, медальдарын, құрметтi атақтың кеудеге тағатын белгiсiн, айырым белгiсiн немесе ордендiк ленталар мен планкадағы медальдар ленталарын бұған құқығы жоқ адамның тағып жүруi, -
ескерту жасауға немесе Қазақстан Республикасының, Қазақ КСР-iнiң, КСРО-ның ордендерi, медальдары, құрметтi атақтың кеудеге тағатын белгiсi, айырым белгiсi немесе орден ленталары мен планкадағы медальдар ленталары тәркiленiп, үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттiк наградаларға атауы ұқсас немесе сырттай ұқсастығы бар белгiлердi тағайындау немесе жасау, -
белгiлер тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға бестен онға дейінгі айлық есептiк көрсеткiштiң мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
651-бап. Айырым белгiлерi және (немесе) нышандары бар нысанды
әскери киiмдi, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы
киiм-кешектi заңсыз киiп жүру (пайдалану)
1. Айырым белгiлерi және (немесе) нышандары бар нысанды әскери киiмдi, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешектi заңсыз киiп жүру (пайдалану) –
айырым белгiлерi және (немесе) нышандары бар нысанды әскери киiм, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешек тәркiленiп, жеке тұлғаларға - бес, заңды тұлғаларға жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттердi күзет қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғаның осы қызметтi жүзеге асыруға байланысты жасауы -
айырым белгiлерi және (немесе) нышандары бар нысанды әскери киiм, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешек тәркiленiп, заңды тұлғаларға - отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
34-тарау. Әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық
652-бап. Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi
Жеке тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамдарға немесе соларға теңестiрiлген адамдарға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi немесе қызметтер көрсетуi, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазалануға тиiс iс-әрекет белгiлерi болмаса, -
жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
653-бап. Мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамның не
оған теңестiрiлген адамның заңсыз материалдық сыйақы
алуы
1. Мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның жеке өзi немесе делдал арқылы заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер не қызметтер көрсету ұсынған тұлғалардың пайдасына iс-әрекеттерi (әрекетсiздiгi) үшiн оларды алуы, егер мұндай iс-әрекеттер (әрекетсiздiк) мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi не оған теңестiрiлген адамның қызметтiк өкiлеттiгiне кiретiн болса, егер бұл әрекеттердің қылмыстық жазалануға тиiс белгiлерi болмаса, -
үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
654-бап. Заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi
1. Заңды тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамдарға немесе соларға теңестiрiлген адамдарға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi не қызметтер көрсетуi, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазалануға тиiс әрекет белгiлерi болмаса, -
бес жүзге айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың, бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
заңды тұлғаның қызметiн тоқтатуға не тыйым салуға әкеп соғады.
655-бап. Мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару
органдарының заңсыз кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруы
және заңсыз кiрiстер алуы
Мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өздерiне заңдармен жүктелген функциялардан тыс кәсiпкерлiк қызметпен шұғылдануы не белгiленген қаржыландыру көздерiнен тыс материалдық игiлiктер мен артықшылықтар қабылдауы, -
үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
656-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi мемлекеттiк
органдар басшыларының шара қолданбауы
Мемлекеттiк органдар басшыларының не жауапты хатшыларының немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де лауазымды адамдардың,мемлекеттік органдардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға кiнәлi өздерiне бағынатын адамдарға қатысты өз өкiлеттiктерi шегiнде шара қолданбауы не аталған шараларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманы бұза отырып қолдануы не кiнәлi адамдардың тұрғылықты жерi бойынша салық органдарына тиiстi ақпарат бермеуi, -
жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
657-бап. Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды
жұмысқа қабылдау
Мемлекеттiк органдар, мекемелер мен кәсiпорындар басшысының не ұлттық компаниялар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық даму институттары, сондай-ақ олардың еншiлес ұйымдары басшысының бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдауы -
жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3-бөлiм. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға
уәкілетті органдар 35-тарау. Негізгі ережелер
658-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға
уәкiлеттi органдар (лауазымды адамдар)
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi:
1) мамандандырылған әкiмшiлiк соттардың судьялары;
2) кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық соттардың судьялары;
3) осы Кодексте уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары қарайды.
Ескерту. Егер тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында мамандандырылған ауданаралық әкiмшiлiк сот және кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық сот құрылмаса, олардың соттауына жататын iстердi аудандық (қалалық) соттар қарауға құқылы.
659-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға
уәкiлеттi органдар (лауазымды адамдар) құзыретiнiң ара
жiгiн ажырату
1. Судьялар осы Кодексте өздерiнiң жүргізуіне жатқызылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары, осы Кодекстiң 667-бабында көрсетiлген iстердi қоспағанда, iстердi қарайды және әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жаза қолданады.
3. Әкiмшiлiк жаза түрлерiнiң бiрi ретiнде шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу, әкiмшiлiк қамауға алу, не осы заттарды тәркiлеу, сол сияқты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау арқылы алынған табыстарды (дивидендтердi), ақшаны және бағалы қағаздарды тәркiлеу, нақты тұлғаға берiлген арнайы құқықтан айыру (соның iшiнде көлiк құралдарын басқару құқығынан айыру), қызметтiң белгiлi бiр түрiне не белгiлi бiр әрекеттер жасауға лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiгiнен) айыру, тоқтата тұру немесе оған тыйым салу көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi судья қарайды.
4. Осы Кодекстiң 24-бабына сәйкес өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан адамның жазбаша арызы бойынша осы Кодекстiң 2-бөлiмiнiң Ерекше бөлiгiнде көзделген кез келген құқық бұзушылық туралы iстi егер ол әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істі тоқтату туралы қаулыға дейін қарауға берілген болса, судья қарайды.
36-тарау. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердiң қайда
қарауға жататындығы, лауазымды адамдардың iстердi қарау
және әкiмшiлiк жазаларды қолдану жөнiндегi құзыретi
660-бап. Cоттар
1. Мамандандырылған аудандық және соларға теңестiрiлген әкiмшiлiк соттардың судьялары, осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстiң 71-74, 75 (екiншi бөлiгiнде ), 76 (екiншi бөлiгiнде), 78, 80 (екiншi бөлiгiнде),93, 95-120, 131 (екiншi бөлiгiнде), 137, 141, 142 ( екiншi бөлiгiнде), 144, 145, 149, 151, 152 ( екiншi бөлiгiнде), 161 (екiншi, жетінші, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші бөліктерінде), 162, 163, 165, 167, 168, 171, 172, 173, 174, 179 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 181 (екінші және үшінші бөліктерінде), 269 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 187 (екiншi бөлiгiнде), 188, 198 (бірінші бөлігінде), 201, 203, 206, 220 (үшінші бөлігінде), 222, 223, 232, 233, 234 (екінші, бесінші және жетінші бөліктерінде), 238, 239 (екінші бөлігінде), 268 (төртінші, бесінші және алтыншы), 270, 281, 283 (екiншi бөлiгiнде ), 297, 298, 299 (екiншi бөлiгiнде), 300, 301, 303 (екiншi бөлiгiнде ), 304 (төртінші бөлігінде), 306, 307, 313 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 320 (екiншi бөлiгiнде), 369 (екінші және үшінші бөліктерінде), 370 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 379 (үшінші бөліктерінде), 382 (екiншi бөлiгiнде), 383 (екiншi бөлiгiнде, 384 (үшінші бөлігінде), 385, 386 (екінші және үшінші бөліктерінде), 388 (алтыншы және жетінші бөліктерінде), 389 (төртінші бөлігінде), 391 (сегізінші бөлігінде), 392, 394 (екінші және үшінші бөліктерінде), 396 (алтыншы және жетінші бөлігінде), 399 (үшінші бөлігінде), 402, 403, 404 (екiншi бөлiгiнде), 405, 406 (бірінші және алтыншы бөліктерінде), 408 (екiншi бөлiгiнде), 411, 412 ( екiншi бөлiгiнде), 413 (үшінші және бесінші бөлігінде), 414 (екiншi бөлiгiнде), 415 (екінші және үшінші бөліктерінде), 416, 424, 432 (бірінші бөлігінде ), 433, 434, 439, 440 (үшінші, төртінші және алтыншы бөліктерінде), 441, 442 (екiншi бөлiгiнде), 443 (төртінші бөлігінде), 444, 450 - 453, 457 (екiншi бөлiгiнде),458 (екінші бөлігінде) 461, 463 - 469, 471 (екiншi бөлiгiнде),474 (екінші – сегізінші бөліктерінде), 475 (бірінші, үшінші, төртінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 480 (екiншi бөлiгiнде), 491, 496 (екiншi бөлiгiнде), 497 (екiншi бөлiгiнде), 498 (екiншi бөлiгiнде), 501 (екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 512 (бірінші бөлігінде), 516, 525, 527 (бірінші және үшінші бөлiгiнде), 528, 529, 532 (екінші бөлігінде) 533, 534, 535 (екiншi бөлiгiнде ), 536, (екінші бөлігінде) 547 (екiншi бөлiгiнде), 550 (екiншi бөлiгiнде), 566 (екiншi бөлiгiнде), 571 (төртінші бөлігінде), 577 (бесінші бөлігінде), 584 (бірінші және екінші бөліктерінде), 585 (екiншi бөлiгiнде), 586 (екiншi бөлiгiнде), 588 (бірінші және екінші бөліктерінде), 589, 591 (екінші, үшінші, және төртінші бөліктерінде), 598 (үшінші бөлігінде), 606, 613 (екiншi бөлiгiнде), 615 (екiншi бөлiгiнде), 620 (екiншi бөлiгiнде), 630 - 639, 641- 645, 649, 652-657-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық соттардың судьялары:
1) кәмелетке толмағандар жасаған, осы Кодекстiң 423, 424 (үшінші бөлiгiнде), 426 (үшінші бөлігінде), 436-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы;
2) осы Кодекстің 121, 122, 123, 124, 125, 126, 127, 419 (екiншi бөлiгiнде), 428 (екінші, үшінші, бөліктерінде), 430, 431 (екiншi бөлiгiнде), 640-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы;
3. Жоғарғы Соттың, облыстық, аудандық және оларға теңестiрiлген соттардың судьялары сот талқылауы барысында анықталған процеске қатысушы адамның тарапынан осы Кодекстiң 636-бабында көзделген сотқа құрметтемеушiлiк бiлдiру фактiлерi туралы iстердi қарайды.
661-бап. Iшкi iстер органдары (полиция)
1. Iшкi iстер органдары осы Кодекстiң 94, 138, 139, 147, 180, 184, 185, 186, 192, 217 (екiншi бөлiгiнде) (көлiк құралдарының иелерi, автомобиль көлiгiмен және қалалық электр көлiгiмен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылық бөлiгiнде), 321, 346, 351, 369 (бірінші бөлігінде), 370 (бірінші бөлігінде), 373, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші бөлігінде), 395, 409, 410, 412 (бірінші бөлігінде), 421, 425, 426 (бірінші және екінші бөліктерінде), 428 (бірінші бөліктерінде), 429, 431, 432 (екінші бөлігінде), 435, 446, 449, 450 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 452 (бірінші бөлігінде), 457 (бірінші бөлігінде), 458 (бірінші бөлігінде) 470, 471 (бірінші бөлігінде), 472, 473, 474 (бірінші бөлігінде), 477, 478, 479, 480 (бірінші бөлігінде), 481, 490, 491, 494, 496 (бірінші бөлігінде), 497 (бірінші бөлігінде), 498 (бірінші бөлігінде), 499, 501 (бірінші және үшінші бөліктері) 502, 503(бірінші және және үшінші бөліктерінде), 543 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 544, 546, 548 (төртінші бөлігінде), 550 (бірінші бөлігінде), 571 (бірінші-үшінші, бесінші-оныншы бөліктерінде, 572, 573, 574 (бірінші және төртінші бөліктерінде), 575, 576, 577 (бірінші–төртінші бөліктерінде), 582, 583, 584 (үшінші бөлігінде), 585 (бірінші бөлігінде), 586 (бірінші бөлігінде), 588 (үшінші бөлігінде), 590, 591 (бірінші бөлігінде), 592, 593, 595, 596, 597, 598 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 599, 602 (автомобиль көлiгiндегi бұзушылықтарды қоспағанда), 603, 607, 608, 609 - баптарында көзделген көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды;
2. Iшкi iстер органдарының атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға:
1) осы Кодекстiң барлық баптары бойынша iшкi iстер органдарының қарауына жататын, - iшкi iстер органдарының бастықтары мен олардың орынбасарлары;
2) осы Кодекстiң 138, 139, 180, 185, 369 (бірінші бөлігінде), 370 (бірінші бөлігінде), 373, 382(бірінші бөлігінде), 383 (бірінші бөлігінде), 395, 425, 426 (бірінші және екінші бөліктерінде), 428 (бірінші бөлігінде), 429, 431 (бірінші бөлігінде), 432 (екінші бөлігінде), 477, 480 (бірінші бөлігінде), 494, 496 (бірінші бөлігінде), 497 (бірінші бөлігінде), 498 (бірінші бөлігінде), 499, 501 (бірінші бөлігінде), 502, 503 (бірінші және екінші бөліктерінде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдары қалалық, аудандық бөлiмшелерiнiң бастықтары;
3) осы Кодекстiң 185, 369 (бірінші бөлігінде), 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші бөлігінде), 428 (бірінші бөлігінде), 429, 431(бірінші бөлігінде), 432 (екінші бөлігінде), 494, 497 (бірінші бөлігінде), 498 (бірінші бөлігінде), 499, 503 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 543 (бірінші, екінші, төртінші, бесінші бөліктерінде), 544, 546, 598 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 607 (бірінші бөлігінде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдары жол бөлiмшелерiнiң, жол пункттерiнiң бастықтары;
4) осы Кодекстiң 138, 217 (бірінші бөлігінде) (көлік құралдарының иелері, автомобиль көлігімен және қалалық рельстік көлікпен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде), 321, 351, 370 (бірінші және екінші бөліктерінде), 373, 395, 425 (бірінші бөлігінде), 428 (бірінші бөлігінде), 429, 432 (екінші бөлігінде), 477, 490, 571 (бірінші, екінші, бесінші-тоғызыншы бөліктерінде),572 (бірінші бөлігінде), 573 (бірінші- үшiнші бөліктерінде) 574 (бірінші бөлігінде), 575 (бірінші екінші бөліктерінде) 576 (бірінші- үшiнші бөліктерінде), 577 (бірінші- үшiнші бөліктерінде), 578 (бірінші- үшiнші бөліктерінде), 579 (бірінші екінші бөліктерінде), 580 (бірінші бөлігінде), 581 (бірінші бөлігінде), 582 (бірінші бөлігінде), 583 (бірінші бөлігінде), 586 (бірінші бөлігінде), 590, 593, 597, 607 590, 593, 597, 607-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдары полициясының учаскелiк инспекторлары;
5) осы Кодекстiң 571 (үшінші және оныншы бөліктерінде ), 572 (екінші бөлігінде), (573 төртінші бөлігінде ), 574 (төртінші бөлігінде), 575 (үшінші бөлігінде), 576 (төртінші бөлігінде ), 577 (төртінші бөлігінде), 578 (төртінші бөлігінде), 579 (үшінші бөлігінде), 580 (екінші бөлігінде), 581 ( екінші бөлігінде), 582 (екінші бөлігінде), 583 (екінші бөлігінде), 584 (үшінші бөлігінде), 588 (үшінші бөлігінде), 590 (екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 591 (бірінші бөлігінде), 592, 595, 596, 607 - 609-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - iшкi iстер органдары жол полициясы комитетiнiң төрағасы, басқармаларының, бөлiмдерiнiң, бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары;
6) осы Кодекстiң 351, 369 (бірінші бөлігінде), 370 (бірінші және екінші бөліктерінде), 373, 395, 490 -баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдарының кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары;
7) осы Кодекстiң 425 (екінші бөлігінде), 428 (бірінші бөлігінде), 430, 432 (екінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - iшкi iстер органдары полициясының балық қорларына қылмысты қол сұғушылыққа қарсы күрес жөнiндегi мамандандырылған бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары;
8) осы Кодекстiң 375 (бірінші және екінші бөліктерінде), 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші бөлігінде) -баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - iшкi iстер органдарының көшi-қон полициясы басқармаларының, бөлiмдерiнiң, бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары құқылы;
9) осы Кодекстiң 477, 480 (бірінші бөлігінде), 501 (бірінші бөлігінде), 502, 503 (бірінші және үшінші бөліктерінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - iшкi iстер органдарының көшi-қон полициясы басқармаларының, бөлiмдерiнiң, бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары құқылы.
662-бап. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары
1. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары осы Кодекстiң 323, 346, 354, 398, 399 (бірінші және екінші бөліктерінде), 400, 426 (бірінші және екінші бөліктерінде), 450 (бірінші және екінші төртінші және бесінші бөліктерінде), 570 - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды
2. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары атынан iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға:
1) мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органының басшысы және оның орынбасарлары;
2) мемлекеттiк өртке қарсы қызметтің облыстық(республикалық маңызы бар қаланың, астананың ) аумақтық органының басшылары;
3) мемлекеттiк өртке қарсы қызметтің қалалық, аудандық облыстық аумақтық органының басшылары;
663-бап. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi
уәкiлеттi орган
1. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 133 (бұл бұзушылықтар санитарлық-гигиеналық қағидалар мен нормаларды, сондай-ақ атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі бұзушылықтар болып табылмайтын болса), 450 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 163 (бірінші және екінші бөліктерінде (iшкi нарықта тауарлық және сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткiзудiң шектi бағаларын көтеру бойынша-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөнiндегi органдардың аумақтық бөлімшелері басшылары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
664-бап. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган
1. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 162 (бірінші – алтыншы, сегізінші бөліктерінде), 452 (бірінші бөлігінде)–баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган ведомствосының лауазымды адамдары әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға құқылы.
665-бап. Сот актілерін орындау жөніндегі уәкілетті орган
1. Сот актілерін орындау жөніндегі уәкілетті орган осы Кодекстің 177 (екінші бөлігінде) (бұл бұзушылықтарды жеке сот орындаушылары жасағанда), 646-648 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Сот актілерін орындау жөніндегі уәкілетті орган және оның орынбасарлары сондай-ақ сот актілерін орындау жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары және оның орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға құқылы.
666-бап. Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау
органдары
1. Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау органдары осы Кодекстiң 276, 277, 278, 279, 280, 282, 283 (бiрiншi бөлiгi), 450 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
2. Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау органдарының аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.
667-бап. Көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi
орган
1. Көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 217 (екiншi бөлiгiнде) (темiр жол көлiгiмен, теңiз және iшкi су көлiгiмен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылық бөлiгiнде), 450 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде ), 452 (бірінші бөлігінде), 246, 547 (бірінші бөлігінде ), 548 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 549, 550 (бірінші бөлігінде), 563, 564 (бірінші бөлігінде), 565, 566 (бірінші бөлігінде), ), 570, 602 (теңiз және әуе көлiгi кемелерiндегi бұзушылықтар бөлiгiнде), 610, 611-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
Көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органның, олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
2. Көліктік бақылау органдары осы Кодекстің 320 (бірінші бөлігінде), 321, 450 бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде ), 452 (бірінші бөлігінде), 543-546, 555, 456, 557-565, 566 (бірінші және үшінші бөлігінде), 567, 568, 569, 570 (әуе көлiгi кемелерiндегi бұзушылықтардан өзге), 571 (сегізінші бөлігінде), 574 (бірінші бөлігінде, бұл бұзушылықтар жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзушылықтар болып табылғанда, екінші және үшінші бөліктерінде), 587, 594, 598 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 600-602 (әуе көлiгi кемелерiндегi бұзушылықтардан өзге), 604, 605, 608 (бірінші бөлігінде), 612-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
Көліктік бақылау органдары атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға:
осы Кодекстiң барлық баптары бойынша көліктік бақылау органдарының қарауына жатқызылған көліктік бақылау органдарының басшылары және оның орынбасарлары, аумақтық көліктік бақылау органдарының бастықтары және оның орынбасарлары;
осы Кодекстің көліктік бақылау органдарының соған уәкiлеттi лауазымды адамдары 321, 452 (бірінші бөлігінде), 544, 545, 546, 555 - 560, 565, 566 (бірінші, үшінші бөліктерде), 567, 568, 570 (әуе көлiгi кемелерiндегі бұзушылықтардан өзге), 571 (сегізінші бөлігінде), 574 (бірінші бөлігінде), бұл бұзушылықтар жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзушылықтар болып табылғанда, (екінші және төртінші бөліктерінде), 587, 594, 598 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 600, 602 (әуе көлiгi кемелерiндегi бұзушылықтардан өзге), 604, 608 (бірінші бөлігінде), 612-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
Осы баптың екінші бөлігінің төртінші абзацында көрсетілген лауазымды адамдарға салынатын айыппұлдар көлемі жиырма айлық есептік көрсеткіштен артық болмауы тиіс.
3. Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 217 (екінші бөлігінде) (әуе көлiгiмен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылық бөлiгiнде),(әуе көлiгiмен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылық бөлiгiнде), 450 (бірінші, екінші, төртінші, және бесінші бөліктерінде), 548 (осы баптың бiрiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген, азаматтық авиацияға жатпайтын аэродромдарда немесе осындай аэродромдар аумақтарында жасалған бұзушылық туралы iстердi қоспағанда), 549, 550 (бірінші бөлігінде), 551-554, 555 (бірінші бөлігінде), 570, 600 (әуе көлiгiмен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылық бөлiгiнде), 603-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу саласындағы уәкiлеттi органның атынан 619, 549, 550-баптар (бiрiншi бөлiгi), 575 азаматтық авиация қызметi саласында бұзушылық жасағаны үшiн) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға соған уәкілетті лауазымды адамдары құқылы.
668-бап. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi
орган
1. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 450, 452 (бiрiншi бөлiгiнде),613 (бiрiншi бөлiгiнде), 614, 615 (бiрiншi бөлiгiнде), 616, 617, 618-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға:
1) ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары;
2) ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары құқылы.
669-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы
мемлекеттік бақылауды жүзеге асырушы органдар
1. Мемлекеттiк еңбек инспекциясы органдары осы Кодекстiң 77, 78, 80 (бiрiншi-үшiншi бөлiктерiнде) 81-84, 87-92, 217 (екiншi бөлiгiнде, жұмыс берушiлер жасаған құқық бұзушылықтарға қатысты), 450 (бiрiншi, екiншi, төртінші және бесінші бөлiктерiнде), 503 (бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 504-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларына қатысты осы Кодекстiң 80-84, 88-87, 91, 92, 217 (жұмыс берушілер жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінің екінші бөлігінде) 450 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде) 503 баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
мемлекеттiк еңбек инспекторлары;
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларына қатысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің лауазымды тұлғасы
670-бап. Әдiлет органдары
Әдiлет органдары осы Кодекстiң 201 (бiрiншi, екiншi,үшінші және төртінші бөлiктерiнде), 217 (екінші бөлігінде), бұл бұзушылықтарды жекеше нотариустар жасағанда), 445, 448, 450 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 454, 455, 456, 476-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға зияткерлiк меншiк құқығы саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, облыстық, Астана және Алматы қалалары әдiлет органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
671-бап. Заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк
тiркеу, бағалау қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi
мемлекеттiк орган
1. Заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу, бағалау қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган осы Кодекстiң 174 (бағалау қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу бөлігінде),450 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 452 (бiрiншi бөлiгiнде) 454, 474-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. осы Кодекстің 174 (бағалау қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу бөлігінде),450 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 452 (бiрiншi бөлiгiнде) 454, 476-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн - әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға бағалау қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган басшысы, оның орынбасарлары құқылы.
672-бап. Көшi-қон жөнiндегi органдар
1. Көшi-қон жөнiндегi органдар (өз құзыретi шегiнде) осы Кодекстiң 504-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Қазақстан Республикасының көшi-қон жөнiндегi органының басшысы, облыстық, Астана және Алматы қалалық және соған теңестiрiлген көшi-қон жөнiндегi органның бастығы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
673-бап. Өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган
1. Өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 87, 217 87, 217 (екiншi бөлiгiнде) (қызметi үшiншi адамдарға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерi жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 284, 285, 292 (газбен жабдықтау жүйесі объектілерін қорғау аймақтарындағы бұзушылықтар бойынша), 293, 295, 338, 339, 340, (техникалық қауiпсiздiк бөлiгiнде) 401, 450 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 452 (бірінші бөлігінде), 626-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның атынан iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға:
1) өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның және оның аумақтық органдарының мемлекеттiк инспекторлары жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
2) өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органының басшысы және оның орынбасарлары жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - жүзге елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
3) өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның басшысы, басқарма, бөлiм бастықтары және олардың орынбасарлары жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
674-бап. Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орган
1. Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 620-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Азаматтық қорғаныс саласындағы нормативтік құқықтық актілердің орындалмауына байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырушы уәкілетті органның басшысы және оның орынбасарлары;
2) Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша аумақтық органдардың басшысы және оның орынбасарлары;
3) Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша қалалық, аудандық аумақтық органдардың басшысы құқылы;
675-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлетті орган
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 131 (бiрiншi бөлiгiнде), 132 (екiншi бөлiгiнде), 217 (екiншi бөлiгiнде, шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыратын адамдар жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 305 (бiрiншi және екінші бөлiгiнде), 284 (бiрiншi бөлiгiнде), 311, 312, 313 (бiрiншi, екінші бөлiгiнде), 314-320 (бірінші бөлігінде) 321-324, 331, 333, 334, 338-340, 343 (екiншi бөлiгiнде), 345, 361, 364, 366, 378, 379 (бiрiншi бөлігінде), 380 (бiрiншi бөлiгiнде), 381, 382 (бiрiншi бөлiгiнде), 383 (бiрiншi бөлiгiнде), 384 (бiрiншi, екінші, төртінші бөліктерінде), 386 (бiрiншi бөлiгiнде), 450 (бірінші, екінші, төртінші, бесінші бөлiктерінде) 452 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға:
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттiк экологиялық инспекторлары және мемлекеттiк экологиялық аға инспекторлары - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға - екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк экологиялық инспекторлары - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға - жетпiске дейiнгi, заңды тұлғаларға - екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк экологиялық аға инспекторлары - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырыққа дейiнгi, лауазымды адамдарға – үш жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға - бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
облыстардың республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттiк экологиялық бас инспекторлары - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға - бiр жүз елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға - екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүргiзiлген операция сомасынан не қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасынан пайызбен көрсетiлген айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк экологиялық бас инспекторы және оның орынбасары - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға - бiр жүз елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүргiзiлген операция сомасынан не қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасынан пайызбен көрсетiлген айыппұл салуға құқылы.
676-бап. Кеден органдары
1. Кеден органдары осы Кодекстiң 142 (бірінші бөлігінде), 143, 274(жетінші бөлігінде), 452 (бірінші бөлігінде) - 505 - 512 (екінші және үшінші бөліктерінде), 513, 514, 515, 517 - 524, 526, 527 (екінші бөлігінде), 530, 531, 532 (бірінші бөлігінде), 535 (бірінші бөлігінде), 536 (бірінші бөлігінде), 537, 538, 539, 540, 541, 542-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
2. Кеден органдары осы тармақта аталған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автомобиль өткiзу пункттерiнде жасалса, осы Кодекстiң 217 (екінші бөлігінде), 284, 311 (бірінші бөлігінде), 321, 364 (бірінші бөлігінде), 414 (бірінші бөлігінде), 555 (екінші және үшінші бөлігінде), 556 (бірінші бөлігінде), 557, 558, 570 (автомобиль көлiгiндегi әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша), 571 (бірінші, екінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші бөліктерінде), 574 (екінші және үшінші бөліктерінде) 587, 590 (үшінші бөліктерінде), 598 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
3. Кеден органдарының бастықтары немесе олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
677-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң
органдары
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң органдары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы осы Кодекстiң 619, 621-627 баптарында көзделген iстердi қарайды.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң органдарының атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкімшілік жаза қолдануға жергілікті әскери басқару органдарының бастықтары құқылы.
678-бап. Денсаулық сақтау органдары
1. Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 87, 142 (бiрiншi бөлiгiнде), 191, 284, 285, 305, 310, 311, 314, 318, 322, 323, 331, 338, 340, 343, 345, 346 (екінші бөлігінде), 347 (бiрiншi бөлiгiнде), 351, 364, 381, 393, 414 (бiрiншi бөлiгiнде), 418, 419, 420, 425, 450 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 452 (бiрiншi бөлiгiнде), 464, 490, 598 (бірінші, екінші бөліктерінде), 618 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк бас санитариялық дәрiгерi мен оның орынбасарлары, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттiк бас санитариялық дәрiгерлерi мен олардың орынбасарлары, көлiктегi мемлекеттiк бас санитариялық дәрiгерлер мен олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
2. Дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналымы саласындағы мемлекеттiк орган және оның аумақтық бөлiмшелерi осы Кодекстiң 413 (бірінші бөлігінде) 415(бiрiншi бөлiгiнде), 421, 450 (бірінші және екінші бөліктерінде) (452 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi өз құзыретi шегiнде қарайды.
Дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналымы саласындағы мемлекеттiк органның басшысы, оның орынбасарлары, аумақтық бөлiмшелердiң басшылары мен олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
3. Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау бойынша мемлекеттiк орган және оның аумақтық бөлiмшелерi өз құзыретi шегiнде осы Кодекстiң 75 (бiрiншi бөлiктерi), 76 (бiрiншi бөлiгi), 413 (бiрiншi және екiншi, төртінші бөлiктерi), 417, 421, 450 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi), 452-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау бойынша мемлекеттiк органның басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен оның орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
679-бап. Діни қызмет саласындағы уәкілетті орган
1. Діни қызмет саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 475-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Діни қызмет саласындағы уәкілетті органның, оның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен оның орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
680-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Iшкi
iстер министрлiгiнiң және Ұлттық қауiпсiздiк
комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер
министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң
санитариялық қадағалауды жүзеге асыратын медициналық
қызметтерi
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң санитариялық қадағалауды жүзеге асыратын медициналық қызметтерi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери қалалары мен оқу орталықтарының аумақтарында орналасқан объектiлерде және Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi мен Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiне ведомстволық бағынысты объектiлерде санитариялық-гигиеналық және санитариялық-эпидемияға қарсы қағидаларды бұзу туралы осы Кодекстiң 414-бабының (бiрiншi бөлiгiнде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
681-бап. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган
1. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдары осы Кодекстiң 393-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) Қазақстан Республикасының бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы мен оның орынбасарлары;
2) ветеринариялық бақылау бекеттерiндегi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар;
3) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары және олардың орынбасарлары;
4) республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары;
5) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары мен олардың орынбасарлары;
3. Ветеринарияны мемлекеттiк басқару органдарының лауазымды адамдары:
1) өткiзу орындарында - мал (соның iшiнде құс, балық және ара), азық-түлiк және мал өнiмдерi шикiзатын сатудың ветеринариялық-санитариялық қағидаларын бұзғаны үшiн;
2) темiр жол, су жолы және әуе көлiгiнде, жолдарда, мал айдайтын жолдарда - малды (соның iшiнде құсты, балықты және араны), азық-түлiк пен мал өнiмдерi шикiзатын тасымалдаудың ветеринариялық-санитариялық қағидаларын, сондай-ақ мал айдау ережелерiн бұзғаны үшiн;
3) мемлекеттiк шекарада - шетел мемлекеттерінен малдың (соның iшiнде құстың, балықтың және араның) жұқпалы ауруларын әкелуден Қазақстан Республикасының аумағын қорғау жөнiндегi ветеринариялық-санитариялық қағидаларды бұзғаны үшiн айыппұлды сол жерде алуына болады.
682-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi
орган
1. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдары осы Кодекстiң 394-бабында (бiрiншi бөлiгiнде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға:
1) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы;
2) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторының орынбасары;
3) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары және оның орынбасарлары;
4) асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік инспекторлары құқылы.
683-бап. Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi уәкiлеттi орган
1. Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi уәкiлеттi орган мен оның жергiлiктi жерлердегi органдары осы Кодекстiң 387 бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасары;
2) өсiмдiктер карантинi жөнiндегi тиісті облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) бас мемлекеттiк инспекторлары;
3) өсiмдiк карантинi жөнiндегi Қазақстан Республикасының тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерінің және фитосанитариялық бақылау бекеттерінің мемлекеттiк инспекторлары құқылы.
684-бап. Тұқым шаруашылығы, мақта саласын дамыту және астық
нарығын реттеу саласындағы уәкiлеттi орган
1. Тұқым шаруашылығы, мақта саласын дамыту және астық нарығын реттеу саласындағы уәкiлеттi орган мен оның аумақтық органдары осы Кодекстiң 237, 388 (екiншi, үшiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 389 (бiрiншi-үшiншi бөлiктерiнде), 391 (бiрiншi, екiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 450 (екiншi, үшiншi, төртiншi және бесінші бөлiктерiнде), 452 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға аумақтық органдардың бастықтары мен олардың орынбасарлары құқылы.
685-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы уәкiлеттi орган
1. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы уәкiлеттi орган мен оның жергiлiктi жерлердегi бөлiмшелерi осы Кодекстiң 284, 364, 390-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы;
2) Қазақстан Республикасының тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары;
3) өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар құқылы.
686-бап. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi
органдар
1. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органдар осы Кодекстiң 130, 133, 345-350, 352, 450 (бірінші, екінші, төртінші, бесінші бөліктерінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
Суды пайдалануды реттеу және қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспектор және оның орынбасарлары, суды пайдалануды реттеу және қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк бассейн (аумақтық) инспекторлары және олардың орынбасарлары жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпiске дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
суды пайдалануды реттеу және суды жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлар жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - алпыс беске дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға- екi жүз жетпiске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
суды пайдалануды реттеу және суды қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - алпысқа дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - екi жүз алпысқа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
687-бап. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы
уәкiлеттi органдар
1. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдар осы Кодекстiң 130, 134, 135, 324, 326, 353, 354-368, 369 (бірінші бөлігінде), 370 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 372, 373, 381, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші бөлігінде), 450 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 450 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы органдардың атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) осы Кодекстiң 130, 134, 135, 324, 326, 353, 354-368, 369 (бірінші бөлігінде), 370 ( бірінші және үшінші бөліктерінде), 372, 373, 381 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші бөлігінде), 459 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - Қазақстан Республикасының орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдары мен олардың аумақтық органдарының лауазымды адамдары;
2) осы Кодекстiң 130, 324, 326, 353, 354-361, 364, 366, 368, 369 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемелерiнiң басшылары, басшыларының орынбасарлары;
3) осы Кодекстiң 130, 324, 326, 353, 354-361, 364, 366, 368, 369 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - облыстық атқарушы органдардың орман және аңшылық шаруашылығы құрылымдық бөлiмшелерiнiң лауазымды адамдары;
4) осы Кодекстiң 130, 135, 324, 326, 354 (үшінші бөлігінде), 355 (екінші бөлігінде), 356 (екінші бөлігінде), 357 (төртінші бөлігінде), 359 (төртінші бөлігінде), 360 (екінші бөлігінде), 361 (екінші бөлігінде), 364 (екінші бөлігінде), 367, 368, 369 (бірінші бөлігінде), 370 (бірінші және үшінші бөліктерінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтары күзет қызметiнiң басшылары, басшылары орынбасарлары, бастықтары құқылы.
688-бап. Жердi пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылауды
жүзеге асыратын органдар
1. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары осы Кодекстiң 128, 129, 130, 324-329-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға:
Қазақстан Республикасының жердi пайдалану және қорғау жөнiндегi мемлекеттiк бас инспекторы жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жетпiс беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жетi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жердi пайдалану және қорғау жөнiндегi мемлекеттiк бас инспекторлары жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң алпысқа дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - бес жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
жердi пайдалану және қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
689-бап. Инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi орган
1. Инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 140-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
690-бап. Геодезия және картография саласындағы мемлекеттік
бақылауды жүзеге асыратын органдар
1. Геодезия және картография саласындағы уәкілетті орталық мемлекеттік орган және оның аумақтық органдары осы Кодекстің 330-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Геодезия және картография саласындағы уәкілетті орталық мемлекеттік орган басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ оның аумақтық органдарының басшылары және оның орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.
691-бап. Монополияға қарсы орган
1. Монополияға қарсы орган осы Кодекстiң 152 (бірінші бөлігінде), 149, 153, 154, 155-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Монополияға қарсы органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ монополияға қарсы органның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.
692-бап. Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн
нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi
орган
1. Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 156, 157, 158, 159, 160, 237, 450 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 452 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.
693-бап. Техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету
саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын
органдар
1. Техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 181 (бiрiншi бөлiгiнде), 191, 404 (бiрiншi бөлiгiнде), 406 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 408 (бiрiншi бөлiгiнде), 450 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 452 (бiрiншi бөлiгiнде), 615 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бақылау және қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк бас инспекторы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ облыстар мен қалалардың мемлекеттiк бақылау және қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк бас инспекторлары мен олардың орынбасарлары әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
694-бап. Ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi
орган
1. Ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 571-бабының (бiрiншi, екiншi және төртiншi бөлiктерiнде) (тракторлар, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары жүргiзушiлерiнiң жасаған құқық бұзушылығы бөлiгiнде), ауылшаруашылық техникасын, тракторларды, өзге де өздiгiнен жүретiн машиналар мен жабдықтарды тiркеу жөнiндегi қадағалаушы уәкiлеттi органдарға қатысты бөлiгiнде) 590, 595, 596, 604 -баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөнiндегi аудандық және облыстық уәкiлеттi органдардың инженер-инспекторлары ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органның атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
695-бап. Өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк
орган
1. Өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган осы Кодекстiң 21 (үшінші және жетінші бөлiктерiнде) (өзара сақтандыру қоғамдарының өсiмдiк шаруашылығында жасаған құқық бұзушылықтары бөлiгiнде), 217 (екiншi бөлiгiнде) (өсiмдiк шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлер жасаған құқық бұзушылық бөлiгiнде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның басшысы және оның орынбасарлары, аумақтық органдардың басшылары және олардың орынбасарлары құқылы.
696-бап. Объектiлердi салу сапасына мемлекеттiк сәулет-құрылыс
бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдар
1. Объектiлердi салу сапасына мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 296, 299 (бiрiншi бөлiгiнде), 302, 303 (бiрiншi бөлiгiнде), 304 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 305, 308, 309, 310, 450 (бiрiншi, екінші, және төртінші бөлiктерінде), 452 (бірінші бөлігінде) 490-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк құрылыс инспекторы және оның орынбасарлары, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттiк құрылыс инспекторлары құқылы..
697-бап. Мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi орган
1. Мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 489, 491, 492, 493, 482, 484 - 488-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазаларды қолдануға құқылы.
698-бап. Салық қызметi органдары
1. Салық қызметi органдары осы Кодекстiң 85 (бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші бөліктерінде), 86 (екінші, үшінші, төртінші бөліктерінде), 183, 193, 269 (бірінші, екінші, бесінші және сегізінші бөліктерінде), 253, 256-263, 264, 265, 266-268 (екінші - үшінші бөліктерінде), 71-273, 274, 275, 452 (бiрiншi бөлiгiнде), 455, 459, 460, 462 - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Салық қызметi органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
699-бап. Қаржы полициясы органдары
1. Қаржы полициясы органдары осы Кодекстiң 142 (бiрiншi бөлiгiнде), 143, 146, 148, 150, 166, 170, 171, 177, 182, 184, 191, 208, 220 (бірінші бөлігінде), 226 (бірінші және екінші бөліктерінде), 227, 253, 256 (бірінші және екінші бөліктерінде) 261, 262, 274(жетінші бөлігінде), 271, 344, 453, 455, 459-463-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға қаржы полициясы органының басшысы мен оның орынбасарлары, облыстар бойынша, республикалық маңызы бар қаланың, Қазақстан Республикасы астанасының, өңіраралық, аудандық, қалалық, қалалардағы аудандық қаржы полициясы органдарының және қаржы полициясының арнаулы бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
700-бап. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң органдары
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң органдары осы Кодекстiң 174, (бұл бұзушылықтарды аудиторлар, аудиторлық ұйымдар жасағанда), 203, 206, 217 (бұл бұзушылықтарды аудиторлар, аудиторлық ұйымдар жасағанда), 220 (екінші және үшінші бөліктерінде), 221 - 225, 226 (бірінші және екінші бөліктерінде), 227, 228, 234 (бірінші, екінші, төртінші және алтыншы бөліктерінде), 235, 236, 237, 254, 452 (бiрiншi бөлiгiнде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға осы Кодекстiң 174, (бұл бұзушылықтарды аудиторлар, аудиторлық ұйымдар жасағанда), 203, 206, 217 (екінші бөлігінде) (бұл бұзушылықтарды аудиторлар, аудиторлық ұйымдар жасағанда), 220 - 225, 226 (бірінші және екінші бөліктерінде), 227, 228, 234 (бірінші, төртінші және алтыншы бөліктерінде) 235, 236, 237, 254, 452 (бiрiншi бөлiгiнде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - мемлекеттiк қаржылық бақылау және мемлекеттiк сатып алу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық органдардың басшылары; уәкiлеттi мемлекеттiк органның басшысы мен оның орынбасарлары; аудиторлық қызмет саласындағы реттеудi жүзеге асыратын аумақтық органдардың басшылары құқылы.
701-бап. Iшкi бақылау жөнiндегi уәкiлеттi орган
1. Iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 195, 450 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға iшкi бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық бөлiмшелердiң басшылары құқылы.
702-бап. Банкроттық саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге
асыратын уәкiлеттi орган
1. Банкроттық саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары, осы Кодекстiң 169, 450-бабында (бiрiншi, екiншi және төртінші және бесінші бөлiктерiнде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға банкроттық саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның басшысы және оның орынбасарлары, банкроттық саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары және олардың орынбасарлары құқылы.
703-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің органдары
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi органдары осы Кодекстiң 194, 197, 198 (екінші-төртінші бөліктерінде), 199, 200(бесінші бөлігінде) ), 204, 205, 209, 214(бірінші және екінші бөліктерінде), 226 (үшінші және төртінші бөліктерінде) ), 230, 231, 239(бірінші және үшінші бөліктерінде) 240, 273, 450 (бірінші, екінші және бесінші бөліктерінде), 452 (бiрiншi бөлiгiнде), 455 - баптарында, сондай-ақ жиналуы олардың құзыретiне кiретiн бастапқы статистикалық деректер бөлiгiнің 489-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Төрағасы, оның орынбасарлары, аумақтық филиалдардың басшылары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi органдарының, сондай-ақ оның әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғандығы туралы хаттама жасауға құқығы бар қызметкерлерiнiң өкiлеттiктерi осы Кодекске сәйкес айқындалады.
704-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және
қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган
1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 85 (бірінші, -үшінші, бесінші, тоғызыншы-он екінші) 175, 198 (бірінші бөлігінде), 200 (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 202, 210, 211, 212, 213, 214 (үшінші-алтыншы бөліктерінде), 215 (бірінші, екінші, төртінші-алтыншы, сегізінші-он алтыншы бөліктерінде), 217 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 218, 219, 229, 234 (үшінші бөлігінде), 241, 242, 243, 244, 245, 246, 247, 248, 249, 250, 251, 252, 273, 450 (бірінші, екінші, және бесінші бөліктерінде), 459 (бiрiншi бөлiгiнде), 452-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
2. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның бiрiншi басшысы және оның орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк айыппұл салуға құқылы.
705-бап. Қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың құқықтарын
қорғау жөніндегі уәкілетті орган
1. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша уәкілетті орган осы Кодекстің 175, 196 (екінші және үшінші бөліктерінде) 198 (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 200 (оныншы, он екінші, он үшінші бөліктерінде), 207, 214 (жетінші-оныншы бөліктерінде), 216, 217 (бірінші бөлігінде) 450 (бірінші, екінші және бесінші бөліктерінде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
2. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша уәкілетті органның бірінші басшысы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк айыппұл салуға құқылы.
706-бап. Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк қорғау
органдары
1. Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк қорғау органдары осы Кодекстiң 85 (төртінші бөлiгiнде), 86 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк қорғау органдарының басшылары, олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк айыппұл салуға құқылы.
707-бап. Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдары
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк органдары осы Кодекстiң 180, 450 (бiрiншi, екінші, төртінші және бесінші бөлiктерінде), 896-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және белгіленген әкiмшiлiк жаза қолдануға:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi департаментінің бастығы мен оның орынбасарлары, аумақтық органдардың басшылары мен оның орынбасарлары осы Кодекстің 450 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде) 489-баптары бойынша;
2) Ұлттық қауiпсiздiк комитетi ведомстволарының басшылары және оның бірінші орынбасары осы Кодекстің 180, 450 (бірінші, төртінші және бесінші бөліктерінде) баптары бойынша;
3.Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметі осы Кодекстің 369 (бірінші бөлігінде), 370 (бірінші және екінші бөлігінде), 380 шекаралық кеңістікте жасалған сондай-ақ 381, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші бөлігінде), 491, 494, 496 (бірінші бөлігінде), 497 (бірінші бөлігінде), 498 (бірінші бөлігінде), 499, 500, 501 (бірінші және үшінші бөліктерінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
4.Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметі атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға:
1) Қазақстан Республикасы Шекара қызметiнiң басшысы мен оның орынбасарлары,арнайы бiрлестiктердiң басшылары мен олардың орынбасарлары - ескерту не жеке және лауазымды тұлғаларға - жетпіске дейінгі, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне - екі мыңға дейінгі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға;
2) шекаралық отрядтар бастықтары, шекаралық бақылау әскери бөлімшелері, теңіз әскери бөлімшелері командирлерi, жекелеген шекаралық комендатуралары коменданттары – ескерту немесе жеке және лауазымды тұлғаларға жетпіске дейінгі, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүзге дейінгі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға;
3) шекаралық комендатуралар коменданттары және шекаралық бақылау бөлімдерінің бастықтары және олардың орынбасарлары – ескерту немесе жеке адамдарға жиырмаға дейінгі, лауазымды тұлғаларға жиырма беске дейінгі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға;
708-бап. Әскери полиция органдары
1.Әскери полиция органдары осы Кодекстің 491, 495, 571 (бірінші-үшінші, бесінші-жетінші, тоғызыншы-оныншы бөліктерінде), 572-576, 577 (бірінші-төртінші бөліктерінде), 578-583, 584 (үшінші бөлігінде), 585 (бірінші бөлігінде), 586 (бірінші бөлігінде), 588 (үшінші бөлігінде), 590, 591 (бірінші және бесінші бөлігінде), 592-596, 597 (бірінші-үшінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 598 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 527-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
2. Әскери полиция органдарының уәкілетті лауазымды тұлғалары әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.
3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полициясы органдарының көлік саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық бойынша құзыреті осы баптың төртінші және бесінші бөліктерін қоспағанда, әскери қызметшілерге, жиындарға шақырылған әскери мiндеттiлерге, сондай-ақ Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери көлік құралдарын басқаратын адамдарға қолданылады.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полициясы органдарының көлік саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық бойынша құзыреті Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының көлік құралдарын басқаратын қызметкерлерге, жұмыскерлерге және әскери қызметшілерге қолданылады.
5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлерінің әскери полициясы органдарының көлік саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық бойынша құзыреті әскери қызметшілерге, жиындарға шақырылған әскери мiндеттiлерге, сондай-ақ ішкі әскерлердің әскери көлік құралдарын басқаратын адамдарға қолданылады.
6. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да Қазақстан Республикасы әскерлері мен әскери құралымдарының көлік құралдарының жүргізушілері, әскери қызметшілер, жиындарға шақырылған әскери мiндеттiлер жасаған әкімшілік жаза ретінде белгіленген тәртіппен айыппұл көзделген бұзушылықтар туралы материалдарды әскери полиция органдары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының Тәртіптік Жарғысы бойынша кінәлілерді жауаптылыққа тарту туралы мәселені шешу үшін тиісті командирлерге (бастықтарға) береді.
709-бап. Акцизделетiн өнiм өндiрудi және олардың айналымын
мемлекеттiк бақылау жөнiндегi органдар
1. Акцизделетiн өнiм өндiрудi және олардың айналымына мемлекеттiк бақылау жөнiндегi органдар 268 (бiрiншi- үшінші бөлiктерiнде), 221 (жетінші бөлiктерiнде), 452-бапта (бiрiншi бөлiгiнде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға акцизделетiн өнiм өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi органның басшылары (орынбасарлары) құқылы.
710-бап. Жергiлiктi атқарушы органдар
1. Облыстың жергiлiктi атқарушы органы осы Кодекстiң 72 (екінші және үшінші бөліктерінде), 136 (екінші бөлігінде), 187, 190, 192, 293 (бірінші және екінші бөліктерінде), 388 (төртінші, бесінші, сегізінші-он бірінші бөліктерінде), 391 (үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы бөліктерінде ), 392 (екінші бөлігінде), 440 (бірінші, екінші, бесінші, жетінші-оныншы бөліктерінде),442 (бірінші бөлігінде), 443 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 452 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы осы Кодекстiң 388 (төртінші, бесiншi, сегізінші бөлiктерiнде), 391 (үшінші, төртiншi, бесiншi, алтыншы, бөлiктерiнде), 452 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмi және оның орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
711-бап. Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган
1. Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 78, 396 (бірінші - бесінші бөліктерінде), 450 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 452 (бiрiншi бөлiгінде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның басшысы және оның орынбасарлары, бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары және олардың орынбасарлары құқылы.
712-бап. Туристiк қызмет саласындағы уәкiлеттi орган
1.Туристiк қызмет саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 176 (бiрiншi бөлiгiнде), 217 (екінші бөлігінде) (туроператорлармен, турагенттермен жасалған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 450 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде, 452 (бiрiншi бөлiгiнде), 453-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға туристiк қызмет саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
713-бап. Ойын бизнесi саласындағы уәкiлеттi орган
1. Ойын бизнесi саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстің 201 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 452 (бiрiншi бөлiгiнде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
2. Ойын бизнесi саласындағы уәкiлеттi органның басшысы және оның орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.
714-бап. Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган
1. Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 174 (егер бұл бұзушылықтарды биржалық брокерлер, және (немесе) биржалық дилерлер, сондай-ақ тауар биржалары жұмыскерлері) жасағанда, 201 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 255, 452 (бірінші бөлігінде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi органның басшысы не оның мiндетiн атқарушы адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.
715-бап. Биоотын өндiрiсi саласындағы уәкiлеттi орган
1. Биоотын өндiрiсi саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстің 161 (бiрiншi, үшiншi, бесінші, алтыншы, сегiзiншi, он төртінші бөлiктерiнде) бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) биоотын өндiрiсi саласындағы уәкiлеттi орган басшысы және оның орынбасарлары;
2) биоотын өндiрiсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары және олардың орынбасарлары құқылы.
716-бап. Биоотын айналымы саласындағы уәкiлеттi орган
1. Биоотын айналымы саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстің 161 (төртінші,тоғызыншы бөлiгiнде) бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) биоотын айналымы саласындағы уәкiлеттi орган басшысы және оның орынбасарлары;
2) биоотын айналымы саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары және олардың орынбасарлары құқылы.
4-бөлiм. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу 37-тарау. Негiзгi ережелер
717-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс жүргізу тәртібін айқындайтын заңнама
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс жүргізу тәртібі осы Кодексте айқындалады.
2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де мiндеттемелерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мен Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс жүргізу саласындағы қатынастарды реттейтін әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнаманың құрамдас бөлiгi болып табылады.
3. Қылмыстық немесе азаматтық iстердi қарау процесiнде соттың әкiмшiлiк жазалар қолдану тәртiбi осы Кодекстiң ережелерімен және Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексi мен Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiне сәйкес айқындалады.
718-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс
жүргiзудiң мiндеттерi
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудiң мiндеттерi:
1) әрбiр iстiң мән-жайын дер кезiнде, жан-жақты, толық және объективтi анықтау, оны осы Кодекске сәйкес шешу;
2) іс жүргізуге қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін қамтамасыз ету;
3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтау;
4) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша шығарылған қаулының орындалуын қамтамасыз ету болып табылады.
719-бап. Iс жүргiзу тiлi
1. Қазақстан Республикасында әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзу мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi, ал қажет болған жағдайда iс жүргiзуде орыс тiлi немесе басқа да тiлдер мемлекеттiк тiлмен тең қолданылады.
2. Судья, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдар (лауазымды адамдар) орыс және басқа тілдерде іс жүргізу қажет болғанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргізу тілінің өзгергендігі туралы дәлелді қаулы шығарады.
3. Iс жүргiзiлiп жатқан тiлдi бiлмейтiн немесе жеткiлiктi дәрежеде бiлмейтiн iске қатысушы адамдарға ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде мәлiмдеме жасау, түсiнiктер мен айғақтар беру, өтiнiштер жасау, шағым беру, iстiң материалдарымен танысу, оны қарау кезiнде сөз сөйлеу, аудармашының қызметiн тегiн пайдалану құқығы түсiндiрiледi және қамтамасыз етiледi.
4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзуге қатысушы адамдарға басқа тiлде жазылған заңға байланысты қажеттi iс материалдарын iс жүргiзiлетiн тiлге тегiн аударып беру қамтамасыз етiледi.
5. Құқық бұзушы мен жәбiрленушiге тапсырылуға тиiстi iс жүргiзу құжаттары олардың ана тiлiне немесе олар бiлетiн тiлге аударылып берiлуге тиiс.
6. Аударма жөнiндегi шығыстар және аудармашының көрсеткен қызметi мемлекеттiк бюджет есебiнен төленедi.
720-бап. Мерзiмдi есептеу
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс жүргізу кезінде пайдаланылатын мерзiмдер сағатпен, тәулiкпен, айлармен және жылдармен есептеледi.
2. Мерзiмдi есептеу кезiнде мерзiм басталатын сағат пен тәулiк есепке алынбайды. Бұл қағиданың ұстау кезiндегi мерзiмдi есептеуге қатысы жоқ.
3. Мерзiмдi есептеу кезiнде мерзiм тәулiкпен есептелген жағдайды қоспағанда, оған жұмыстан тыс уақытта қосылады.
4. Мерзiмді тәулiкпен есептеген кезде мерзiм алғашқы тәулiктiң нөл сағатынан кейiн есептелiп, мерзiмнiң соңғы тәулiгiнiң жиырма төрт сағатында аяқталады.
5. Мерзiм айлармен немесе жылдармен есептелген кезде мерзiм соңғы айдың тиiстi күнiнде аяқталады, ал егер бұл айда тиiстi күн жоқ болса, мерзiм осы айдың соңғы күнi аяқталады. Әкiмшiлiк ұстауға алу кезiнде мерзiмдi есептеу жағдайларын қоспағанда, егер мерзiмнiң аяқталуы жұмыс iстемейтiн (демалыс, мереке) күнге тура келсе, онда одан кейiнгi бiрiншi жұмыс күнi мерзiмнiң соңғы күнi болып есептеледi.
721-бап. Өтiнiш жасау
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге қатысушы адамдардың, сол iстi жүргiзiп жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) мiндеттi түрде қарауына жататын өтiнiшті мәлiмдеуге құқығы бар.
2. Өтiнiш жазбаша түрде мәлiмденедi және дереу қаралуға тиiс. Өтінішті тез арада қарау мүмкін болмаған жағдайда, ол бойынша шешім өтініш берген сәттен бастап үш тәуліктен кешіктірілмей қабылдануы тиіс.
3. Өтiнiштi қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан толық немесе ішінара бас тарту туралы шешiм өтінішті беруші адамға ұйғарым түрiнде шығарылады.
722-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс
жүргiзудi болдырмайтын мән-жайлар
1. Төмендегi мән-жайлардың ең болмағанда бiреуi болған жағдайда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi бастауға болмайды, ал басталған iс тоқтатылуға жатады:
1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық оқиғаларының болмауы;
2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық құрамының болмауы,
3) әкiмшiлiк жауаптылықты белгiлейтiн заңның немесе оның жекелеген ережелерiнiң күшi жойылуы;
4) егер әкiмшiлiк жауаптылықты белгiлейтiн заңның немесе оның жекелеген ережелерiнiң немесе әрекеттi әкiмшiлiк құқық бұзушылық ретiнде саралау соған байланысты болатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы осы iсте қолданылуға жататын өзге де нормативтiк құқықтық актiнiң оларды Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi конституциялық емес деп тануы салдарынан күшi жойылуы;
5) әкiмшiлiк жауаптылыққа тарту мерзiмiнiң өтуi;
6) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын адам жөнiнде сол факт бойынша әкiмшiлiк жаза қолдану туралы судьяның, органның (лауазымды адамның) қаулысының не әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстiң қысқартылуы туралы күшi жойылмаған қаулының болуы, сондай-ақ нақ сол факт бойынша қылмыстық iс қозғау туралы қаулының болуы;
7) өзіне қатысты iстi жүргiзiп жатқан жеке адамның қайтыс болуы, заңды тұлғаның жойылуы;
8) салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн қамтамасыз ету саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган бекiткен бағдарламалық қамтамасыз етуде техникалық қателер туындаған жағдайда салық төлеушiнiң салықтық мiндеттемелердi салық есептiлiгi нысанын электрондық түрде ұсыну бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде орындамауына әкелiп соғуы;
9) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда.
10) Осы Кодекстің 880-бабында белгіленген тәртіпте әкімшілік айыппұл төлегенін растайтын құжаттың болуы;
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 2) тармақшасында көзделген негiз бойынша және зиян келтiру заңды болып табылғанда не әрекет осы Кодекстiң 5-тарауына сәйкес әкiмшiлiк жауаптылық жоққа шығарылатын мән-жайларда жасалған жағдайда қысқартылады.
723-бап. Әкiмшiлiк жауаптылыққа тартпауға мүмкiндiк беретiн
мән-жайлар
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу осы Кодексте көзделген тәртiппен, 59-баптарда көзделген жағдайларда, сондай-ақ әрекетте қылмыстық заңдарда көзделген қылмыс құрамының белгiлерi болуына байланысты материал прокурорға, сотқа дейінгі іс жүргізу органына берiлген жағдайда тоқтатылуы мүмкiн.
724-бап. Хабардар ету (хабарлау)
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге қатысушылар істі қарау мерзімі мен орны немесе жекелеген іс жүргізу әрекеттерін жасағаны туралы хабардар етеді және (хабарлайды) хабарламамен (лауазымды адамға) сотқа, органға шақырылады.
2. Хабардар ету (хабарлау) тапсырыс хатпен оны тапсыру туралы хабарламамен жіберіледі, телефонограммамен немесе жедел хатпен, абоненттік нөмір бойынша мәтіндік хабарламамен немесе электрондық мекен-жай бойынша не хабарламаны тіркеу немесе шақыруды қамтамасыз ететін байланыстың өзге де құралдарын пайдаланумен жіберіледі.
3. Егер істе көрсетілген мекен-жай бойынша адам шын мәнінде тұрмайтын болса, хабарлау немесе шақыру оның жұмыс орнына жіберілуі мүмкін. Заңды тұлғаға жіберілген хабардар ету (хабарлама) оның болатын жері бойынша жіберіледі.
4. Тиісінше хабардар ету (хабарлау) деп мына жағдайларда:
Әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасының тиісті бағанында әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адамның қолы болуы;
- оның тікелей өзіне немесе онымен бірге тұрып жатқан кәмелетке толған отбасы мүшелерінің біріне қолы қойылып, тапсырылғаны туралы жөнелтушіге қайтарылуы тиіс тапсырыстық хатпен, жеделхатпен табыс етілген хабарлама жеткізілген деп танылады. Заңды тұлғаға жіберілген хабарлама өзінің тегін, аты-жөні мен лауазымын көрсетіп, қолы қойылған заңды тұлғаның басшысына немесе қызметкеріне табыс етіледі;
- хабарланатын адам іс бойынша іс жүргізу процесінде көрсететін және өзінің қолтаңбасымен бекітетін ұялы байланысқа абоненттік нөмір бойынша немесе электрондық мекен жайға мәтіндік хабарлама жіберу;
- Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіпте электрондық салық төлеушілер ретінде тіркелген адамдарға электрондық әдіспен салық қызметі органына хабарлама (хабарлама) жіберу.
5. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді жүзеге асыратын адамға қатысты ол көрсеткен тұратын мекен-жайы (болатын орны), жұмыс орны, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі, электрондық мекен-жайының дұрыстығы, ал көрсетілген байланысқа жіберілген өзі қол қойып бекіткен хабардар ету (хабарлама) тиісті және жеткілікті деп саналатын болады.
6. Адресатқа хабардар етуді (хабарламаны) қабылдаудан бас тартқан кезде оны жеткізетін немесе тапсыратын адам сотқа, органға қайтарылатын (лауазымды адамға) хабарламаға тиісті белгі жасайды.
7. Адресатқа хабардар етуді (хабарламаны) қабылдаудан бас тарту істі қарауға немесе жекелеген іс жүргізу әрекеттерін жасауға кедергі болып табылмайды.
38-тарау. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге
қатысушылар, олардың құқықтары мен мiндеттерi
725-бап. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс
жүргiзiлiп жатқан адам
1. Өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адам хаттамамен және iстiң басқа да материалдарымен танысуға, түсiнiктеме беруге, хаттаманың мазмұны мен ресiмделуi жөнiнде ескертулер жасауға, дәлелдемелер табыс етуге, өтiнiш және қарсылық мәлiмдеуге, қорғаушының заң көмегiн пайдалануға, iс қаралғанда ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде сөйлеуге, егер iс жүргiзiлiп отырған тiлдi бiлмесе, аудармашының қызметiн пайдалануға; iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларының қолданылуына, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға және iс жөнiндегi қаулыға шағымдануға, одан үзiндi алуға және iстегi құжаттардың көшiрмелерiн түсiрiп алуға, сондай-ақ өзiне осы Кодексте берiлген өзге де iс жүргiзу құқықтарын пайдалануға құқылы.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның қатысуымен қаралады. Аталған адамға iстiң қаралатын орны мен уақыты тиiстi түрде хабарланғаны туралы деректер болған және одан iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы өтiнiш түспеген жағдайда ғана iс оның өзi болмаған жағдайда қаралуы мүмкiн.
3. Он сегiз жасқа толмаған адам жасаған не жасалуы әкiмшiлiк қамауға алу, тәркiлеу не әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған затты өтемiн төлеп алып қою не әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстердi (дивидендтердi), ақшаны және бағалы қағаздарды тәркiлеу, сондай-ақ шетелдiк азаматты не азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасынан шығарып жiберу немесе адамды өзiне берiлген арнайы құқықтардан айыру түрiндегi (көлiк құралдарын басқару құқығын қоспағанда) әкiмшiлiк жазаға әкеп соқтыратын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде әкiмшiлiк жауапқа тартылып отырған адамның қатысуы мiндеттi.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде аталған адамдар iс жүргiзуiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жатқан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарайтын судьяның, органның (лауазымды адамның) шақыруы бойынша келуден жалтарған жағдайда, бұл адамды мәжбүрлеп алып келу iске асырылуы мүмкiн.
Алып келу туралы сот ұйғарымын сот приставы немесе iшкi iстер органдары; әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарайтын органның (лауазымды адамның) ұйғарымын iшкi iстер органдары (полиция) орындайды.
5. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан кәмелетке толмаған адам, талқылануы оған терiс әсер етуi мүмкiн iстiң мән-жайын қарау кезiнде уақытша шығарыла тұруы мүмкiн.
726-бап. Жәбiрленушi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан тән жарақатын алған, мүлiктiк немесе моральдық жағынан зақым келтiрiлген жеке немесе заңды тұлға жәбiрленушi болып табылады.
2. Жәбiрленушi iстiң барлық материалдарымен танысуға, түсiнiктеме беруге, дәлелдемелер табыс етуге, өтiнiш және қарсылық мәлiмдеуге, өкiл ұстауға, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымдануға, өзiне осы Кодексте берiлген өзге де iс жүргiзу құқықтарын пайдалануға құқылы.
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жәбiрленушiнiң қатысуымен қаралады. Ол адамға iстiң қаралатын орны мен уақыты тиiстi түрде хабарланғаны туралы деректер болған және одан iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы өтiнiш түспеген жағдайда ғана iс оның өзi болмағанда қаралуы мүмкiн.
4. Жәбiрленушiден осы Кодекстiң 735-бабында көзделген тәртiпте куә ретiнде жауап алынуы мүмкiн. Егер жәбiрленушi заңды тұлға болса, оның заңды өкiлiнен куә ретiнде жауап алынуы мүмкiн.
727-бап. Жеке адамның заңды өкiлдерi
1. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан жеке адамның немесе кәмелетке толмаған не тән саулығына немесе психикалық жай-күйiне байланысты өз құқықтарын өз бетiнше жүзеге асыру мүмкiндiгiнен айрылған жәбiрленушiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды олардың заңды өкiлдерi жүзеге асырады.
2. Жеке адамның ата-анасы, асырап алушылары, қамқоршылары қорғаншылары және олар қорғаншылығына немесе асырауына алып отырған өзге де адамдар оның заңды өкiлдерi болып танылады.
3. Жеке адамның заңды өкiлдерi болып табылатын адамдардың туысқандық байланыстары немесе тиiстi өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құжаттармен куәландырылады.
4. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан жеке адамның заңды өкiлi әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылушы адамды әкiмшiлiк ұстау кезiнен немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезден бастап iске қатысуға жiберiледi.
5. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан жеке адамның және жәбiрленушiнiң заңды өкiлдерiнiң өздерi өкiл болып отырған адамдарға қатысты осы Кодексте көзделген құқықтары болады және сондай мiндеттердi өз мойнына алады.
6. Он сегiз жасқа толмаған адам жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қаралған кезде оның заңды өкiлiнiң қатысуы мiндеттi. Кәмелетке толмаған адамның заңды өкiлi келуден жалтарған жағдайда оған iшкi iстер органының (полицияның) алып келуi қолданылуы мүмкiн.
728-бап. Заңды тұлғаның өкiлдерi
1. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан немесе жәбiрленушi болып табылатын заңды тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды оның өкiлдерi жүзеге асырады.
2. Заңды тұлғаның атынан iс-әрекет жасайтын заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы заңды тұлғаның заңды өкiлi болып табылады. Заңды тұлғаның заңды өкiлiнiң өкiлеттiктерi оның қызметтiк жағдайын куәландыратын құжаттармен расталады.
Заңды тұлғаның мүддесiн бiлдiретiн өзге де тұлғалар тапсырма бойынша өкiлдер болып табылады, олардың өкiлеттiктерi заңды тұлғаның атқарушы органы заңды тұлғаның атынан беретiн және атқарушы органның басшысы қол қоятын сенiмхатта айқындалады.
3. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан заңды тұлға және жәбiрленушi өкiлдерiнiң өздерi беріп отырған адамдарға қатысты осы Кодексте көзделген құқықтары болады және мiндеттердi өз мойнына алады.
4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан заңды тұлға өкiлiнiң қатысуымен қаралады. Аталған адамға iстiң қаралатын орны мен уақыты тиiстi түрде хабарланғаны туралы деректер болған жағдайларда ғана, егер одан iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы өтiнiшхат түспесе, iс оның өзi болмаған кезiнде қаралуы мүмкiн.
5. Жасалуы әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты тәркiлеу не әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстердi (дивидендтердi), ақшаны және бағалы қағаздарды тәркiлеу түрiндегi әкiмшiлiк жазаға әкеп соғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын заңды тұлға өкiлiнiң қатысуы мiндеттi.
6. Заңды тұлғаның өкiлi iстi жүргiзiп жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) шақыруы бойынша келуден жалтарған жағдайда, аталған адамға iстi жүргiзiп жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) ұйғарымы негiзiнде iшкi iстер органы (полицияның) мәжбүрлеп алып келуi мүмкiн.
729-бап. Қорғаушы
1. Қорғаушы - әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адамның құқықтары мен мүдделерiн заңда белгiленген тәртiппен қорғауды жүзеге асыратын және оған заң көмегiн көрсететiн адам.
2. Қорғаушы ретiнде адвокаттар қатысады. Адвокаттармен қатар қорғаушы ретінде әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылушы адамның жұбайы (зайыбы), жақын туыстары немесе заңды өкiлдерi жiберiледi. Егер заңда белгiленген тәртiппен өзара қатынас негiзiнде Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекетпен жасаған халықаралық шартында көзделсе, шетелдiк адвокаттар iске қорғаушы ретiнде қатысуға жiберiледi.
3. Қорғаушы әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылушы адамды әкiмшiлiк ұстау кезiнен немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезден бастап iске қатысуға жібереді..
4. Егер бiрiнiң мүдделерi екiншiсiнiң мүдделерiне қайшы келсе, әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын екi адамға бiр адам қорғаушы бола болмайды.
5. Адвокаттың әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылушы адамды өз мойнына алған қорғаудан бас тартуға құқығы жоқ.
730-бап. Қорғаушының мiндеттi түрде қатысуы
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге мынадай жағдайларда, егер:
1) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылушы адам бұл жөнiнде өтiнiш жасаса;
2) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылушы адам дене немесе психикалық кемiстiктерi салдарынан өзiн қорғау құқығын өз бетiнше жүзеге асыра алмайтын болса;
3) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылушы адам iс жүргiзiлiп отырған тiлдi бiлмесе;
4) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылушы адам кәмелетке толмаған болса, қорғаушының қатысуы мiндетті.
2. Егер осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген мән-жайлар болған жағдайда әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылушы адамның өзi, оның заңды өкiлдерi, сондай-ақ оның тапсыруымен басқа да адамдар қорғаушы шақырмаса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi судья, орган (лауазымды адам) iс жүргiзудiң тиiстi сатысында қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге мiндеттi, бұл туралы олар кәсiби адвокаттар ұйымына мiндеттi қаулы шығарады.
731-бап. Қорғаушыны шақыру, тағайындау, ауыстыру, оның еңбегiне
ақы төлеу
1. Қорғаушыны, өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адам, оның заңды өкiлдерi, сондай-ақ өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның тапсыруымен немесе келiсуiмен басқа да адамдар шақырады. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адам қорғау үшiн бiрнеше қорғаушы шақыруға құқылы.
2. Өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның өтiнуi бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi судья, орган (лауазымды адам) қорғаушының қатысуын қамтамасыз етедi.
3. Таңдалған немесе тағайындалған қорғаушының қатысуы мүмкiн болмаған жағдайларда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi судья, орган (лауазымды адам) өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамға жиырма төрт сағат iшiнде басқа қорғаушы шақыруды ұсынуға немесе адвокаттар алқасы немесе оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы қорғаушы тағайындауға шаралар қолдануға құқылы. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi судьяның, органның (лауазымды адамның) қорғаушы ретiнде белгiлi бiр адамды шақыруға ұсыныс айтуға құқығы жоқ.
4. Әкiмшiлiк ұстау жағдайында, егер өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адам таңдаған қорғаушының үш сағат iшiнде келуi мүмкiн болмаса, өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi судья, орган (лауазымды адам) басқа қорғаушы шақыруды ұсынады, ал одан бас тартылған жағдайда адвокаттар алқасы немесе оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы қорғаушыны тағайындауға шаралар қолданады.
5. Адвокаттың еңбегiне ақы заңнамаға сәйкес төленедi. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi судья, орган (лауазымды адам) оған негiздер болған жағдайда өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамды заң көмегiне ақы төлеуден толық немесе iшiнара босатуға құқылы. Бұл жағдайда еңбекке ақы мемлекет есебiнен төленедi.
6. Адвокат клиентпен iс жүргiзуге келiсiм жасаспай, тағайындау арқылы қатысқанда, осы Кодекстiң 736-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайда да адвокат еңбегiне ақы төлеу шығыны мемлекет есебiне жатқызылуы мүмкiн.
7. Адвокат қорғаушы ретiнде адвокаттың куәлiгiн және нақты iстi жүргiзуге оның өкiлеттiгiн куәландыратын ордердi көрсетуi бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iске қатысуға жiберiледi. Осы Кодекстiң 729-бабының екiншi бөлiгiнде аталған басқа да адамдар қорғаушы ретiнде олардың iске қатысу құқығын растайтын құжаттарды (неке туралы куәлiгiн, сондай-ақ осы Кодекстiң 727-бабының үшiншi бөлiгiнде және 728-бабының үшiншi бөлiгiнде аталған құжаттарды) тапсырады.
732-бап. Қорғаушыдан бас тарту
1. Өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адам iс жүргiзудiң кез келген кезiнде қорғаушыдан бас тартуға құқылы, бұл оның өзiн қорғауды өз бетiнше жүзеге асыру ниетiн бiлдiредi. Заң көмегiне ақы төлеуге қаражаты жоқтығын сылтау етiп қорғаушыдан бас тарту қабылданбайды. Бас тарту жазбаша түрде ресiмделедi.
2. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның қорғаушыдан бас тартуы оны бұдан былай қорғаушыны iске қатысуға жiберу туралы өтiнiш жасау құқығынан айырмайды. Қорғаушының iске кiрiсуi сол уақытқа дейiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау барысында жасалған әрекеттердi қайталауға әкеп соқпайды.
733-бап. Қорғаушының өкiлеттiгi
1. Қорғаушы iстiң барлық материалдарымен танысуға; iстi қарауға қатысуға; дәлелдемелер табыс етуге, өтiнiш мәлiмдеуге және қарсылық бiлдiруге; iстердi қарауға уәкiлеттi судьяның, органның (лауазымды адамның) рұқсатымен iстiң қаралу процесiнде жауап берушiге сұрақтар қоюға; iс жүргiзудi қамтамасыз етуге қолданылатын шаралар және iс бойынша қаулы жөнiнде шағымдануға; өзiне заңмен берiлген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.
2. Қорғаушының: қорғалушының мүдделерiне қарсы қандай да болсын iс-әрекеттер жасауға және оның өз құқықтарын жүзеге асыруына кедергi келтiруге; қорғалушының көзқарасына қарамастан, оның әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа қатыстылығын және оны жасауға кiнәлiлiгiн тануға, қорғалушының жәбiрленушiмен татуласқандығы туралы мәлiмдеуге; қорғалушының берген шағымы мен өтiнiшiн қайтарып алуға; заң көмегiн сұрау мен оның жүзеге асырылуына байланысты өзiне белгiлi болған мәлiметтердi жария етуге құқы жоқ.
734-бап. Жәбiрленушiнiң өкiлi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iстi жүргiзу кезiнде заң жүзiнде құқығы бар адвокаттар мен өзге де адамдар жәбiрленушiнiң заңды мүдделерiн бiлдiретiн өкiл бола алады.
2. Жәбiрленушi өкiлдерiнiң өздерi өкiл болып отырған жеке және заңды тұлғалармен осы Кодексте көзделген шекте iс жүргiзу құқықтары бiрдей болады.
3. Өкiлдiң өзi өкiлi болып отырған адамның мүдделерiне қайшы қандай да бiр iс-әрекеттер жасауға құқығы жоқ.
4. Жәбiрленушiнiң iсiне жеке қатысы оны осы iс бойынша өкiл алу құқығынан айырмайды.
735-бап. Куә
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша куә ретiнде, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, осы iс үшiн маңызы бар мән-жайлардан хабардар болуы мүмкiн кез келген адам шақырылуы мүмкiн.
2. Куә: өзiне, жұбайына (зайыбына) немесе жақын туыстарына қарсы айғақ беруден бас тартуға, өз айғақтарының тиiстi хаттамаға енгiзiлуiнiң дұрыстығы жөнiнде мәлiмдеме және ескерту жасауға; iстi қарау кезiнде ана тiлiнде сөйлеуге; аудармашының көмегiн тегiн пайдалануға құқылы.
3. Куә әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiп жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) шақыртуы бойынша келуге, өзiне iс бойынша белгiлi мән-жайдың бәрiн шынайы түрде хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап қайтаруға, өзi берген айғақтардың тиiстi хаттамаға енгiзiлуiнiң дұрыстығын өзi қол қойып куәландыруға мiндеттi.
4. Куәға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi органға (лауазымды адамға) айғақтар беруден жалтарғаны немесе одан бас тартқаны, көрiнеу жалған айғақтар бергенi үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiгi туралы және сотта осы әрекеттердi жасағаны үшiн қылмыстық жауаптылығы туралы ескертiледi.
5. Куә әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) шақыртуы бойынша келуден жалтарған жағдайда судьяның, органның (лауазымды адамның) ұйғарымы негiзiнде оны iшкi iстер органдары (полиция) алып келуi мүмкiн.
6. Он төрт жасқа дейiнгi кәмелетке толмаған куәға сауал қою кезiнде педагогтiң немесе психологтың қатысуы мiндеттi. Қажет болған жағдайда сауал қою осындай куәның заңды өкiлiнiң қатысуымен жүргiзiледi.
736-бап. Куәгер
1. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, iстiң қорытындысына мүдделi емес, өзi қатысып тұрған кездегi iс-әрекеттердi толық және дұрыс ұғынуға қабiлеттi кәмелетке толған адам куәгер ретiнде тартылады.
2. Куәгердiң әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге қатысуы жеке адамды тексерiп қарау, көлiк құралын, заттарды тексерiп қарау, жеке адамның құжаттар мен заттарын алып қою, заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайлар мен мүлiктi қарап шығу, заңды тұлғаға тиесiлi құжаттар мен мүлiктi алып қою туралы хаттамаларда көрсетiледi.
3. Куәгер әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан лауазымды адамның шақыруы бойынша келуге, осы iстiң жүргiзiлуiне қатысуға және өзiнiң қатысуымен жасалған iс-әрекеттердiң жүзеге асырылу фактiлерiн, олардың мазмұны мен нәтижелерiн тиiстi хаттамаға өзi қол қойып куәландыруға мiндеттi.
4. Куәгердiң жасалған iс-әрекеттер жөнiнде хаттамаға енгiзiлуге тиiстi мәлiмдемелер мен ескертпелер жасауға құқығы бар.
5. Қажет болған жағдайда куәгерден осы Кодекстiң 735-бабында көзделген тәртiппен куә ретiнде жауап алынуы мүмкiн.
737-бап. Маман
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге маман ретiнде қатысуға дәлелдемелердi жинауға, зерттеуге және бағалауға, сондай-ақ техникалық құралдарды пайдалануға жәрдем көрсету үшiн қажеттi арнаулы бiлiмi бар және машықтанған, iстiң қорытындысына мүдделi емес кез келген кәмелетке толған адамды тағайындауға болады.
2. Маман: өзiнiң шақырылу мақсатын бiлуге; егер тиiсiнше арнаулы бiлiмi мен машығы болмаса, iс жүргiзуге қатысудан бас тартуға; өзiнiң қатысуымен жасалатын, iс жүргiзу әрекетiне қатысты iстiң материалдарымен танысуға; әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) рұқсатымен iс жүргiзу әрекеттерiне қатысушыларға сұрақтар қоюға; салыстырма зерттеулердi қоспағанда, iс жүргiзу әрекеттерi шеңберiнде iс жүргiзу әрекеттерi хаттамасының бiр бөлiгi болып табылатын хаттамада не ресми құжатта iстiң барысы мен нәтижелерi көрсетiлген iс материалдарына зерттеу жүргiзуге; өзi қатысқан iс жүргiзу әрекетiнiң хаттамасымен танысуға және өзiнiң қатысуымен жүргiзiлген әрекеттiң барысы мен нәтижелерi көрсетiлуiнiң толық және дұрыс екендiгi жөнiнде хаттамаға енгiзiлуi қажеттi мәлiмдемелер мен ескертпелер жасауға құқылы.
3. Маман: әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) шақыруы бойынша келуге; арнаулы бiлiмiн, машығын және ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, iс жүргiзу әрекеттерiне қатысуға; өзi жасаған әрекеттер бойынша түсiнiк беруге; аталған әрекеттердiң жасалу фактiсiн, олардың мазмұны мен нәтижелерiн өзi қол қойып куәландыруға мiндеттi.
738-бап. Сарапшы
1. Арнаулы ғылыми бiлiмi бар, iске мүдделi емес адам сарапшы ретiнде шақырылуы мүмкiн. Сот сараптамасын жүргiзу:
1) сот сараптамасы органдарының қызметкерлерiне;
2) лицензия негiзiнде сот-сараптама қызметiн жүзеге асыратын адамдарға;
3) заң талаптарына сәйкес бiржолғы тәртiппен өзге де адамдарға тапсырылуы мүмкiн.
2. Сарапшы: сараптама нысанасына қатысты iс материалдарымен танысуға; қорытынды беру үшiн қажеттi қосымша материалдарды өзiне беру туралы өтiнiштi мәлiмдеуге; әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзетiн органның (лауазымды адамның) рұқсатымен iс жүргiзу әрекеттерiн жүргiзуге қатысуға және оларға қатысушы адамдарға сараптама нысанасына қатысты сұрақтар қоюға; өзi қатысқан iс жүргiзу әрекетiнiң хаттамасымен танысуға және өзiнiң әрекеттерi мен айғақтарының толық және дұрыс көрсетiлуiне қатысты хаттамаларға енгiзiлуге тиiстi ескертпелер жасауға; сот сараптамасын тағайындаған судьяның, органның (лауазымды адамның) келiсiмi бойынша сот-сараптамалық зерттеу барысында анықталған, iс үшiн маңызы бар, сот сараптамасын тағайындау туралы ұйғарымда қамтылған мәселелердiң шегiнен тыс мән-жайлар бойынша өз құзыретi шегiнде қорытынды беруге; ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде қорытынды ұсынуға және айғақтар беруге; аудармашының тегiн көмегiн пайдалануға; аудармашыдан бас тартуды мәлiмдеуге; сараптама жүргiзу кезiнде соттың және iс жүргiзуге қатысушы өзге де адамдардың өзiнiң құқықтарына нұқсан келтiретiн шешiмдерi мен әрекеттерiне шағым жасауға; сараптама жүргiзу кезiнде шеккен шығыстарға өтем және егер сот сараптамасын жүргiзу өзiнiң лауазымдық мiндеттерiнiң шеңберiне кiрмейтiн болса, орындалған жұмысы үшiн сыйақы алуға құқылы.
3. Сарапшы: іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органды хабардар етпей, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысушылармен сараптама жүргізуге байланысты мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге; зерттеу үшін материалдарды дербес жинауға; егер сараптама тағайындаған органның бұған арнайы рұқсаты болмаса, объектілерді толық немесе ішінара жоюға не олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгертуге әкеп соғуы мүмкін зерттеулер жүргізуге құқылы емес.
4. Сарапшы: әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзетiн судьяның, органның (лауазымды адамның) шақыруы бойынша келуге; өзiне ұсынылған объектiлерге жан-жақты, толық және объективтi зерттеу жүргiзуге; өзiнiң алдына қойылған мәселелер бойынша негiзделген жазбаша қорытынды беруге; осы Кодекстiң 753-бабының он үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда, қорытынды беруден бас тартуға және қорытынды берудiң мүмкiн еместiгi туралы дәлелдi жазбаша хабарлама жасауға және оны сот сараптамасын тағайындаған органға (лауазымды адамға) жiберуге; жүргiзiлген зерттеуге және берiлген қорытындыға байланысты мәселелер бойынша айғақтар беруге; зерттелiп жатқан объектiлердiң сақталуын қамтамасыз етуге; iстiң мән-жайы туралы мәлiметтердi және сот сараптамасын жүргiзуге байланысты өзiне белгiлi болған өзге де мәлiметтердi жария етпеуге мiндеттi.
5. Сарапшы көрiнеу жалған қорытынды бергенi үшiн заңда көзделген қылмыстық жауаптылықта болады.
6. Сот сараптамасы органының қызметкерi болып табылатын сарапшы өз қызметiнiң сипатына қарай өзiнiң құқықтарымен және мiндеттерiмен танысқан және сотта көрiнеу жалған қорытынды бергенi үшiн қылмыстық жауаптылық туралы ескертiлген деп есептеледi.
739-бап. Аудармашы
1. Бiлiмi әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзу кезiнде қажет болатын тiлдердi бiлетiн (мылқаудың немесе саңыраудың ыммен көрсететiн белгiлерiн түсiнетiн), iстiң қорытындысына мүдделi емес кез келген кәмелетке толған адам аудармашы болып тағайындалады.
2. Аудармашыны әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан судья, орган (лауазымды адам) тағайындайды.
3. Аудармашы: егер өзiнiң аударма үшiн қажеттi бiлiмi болмаса, iс жүргiзуге қатысудан бас тартуға; аударма жасау кезiнде қатысушы адамдарға аударманы нақтылау үшiн сұрақтар қоюға; өзi жүргiзiлуiне қатысқан iс жүргiзу әрекетiнiң хаттамасымен танысуға және аударманың хатқа түсiрiлуiнiң толық және дұрыс екендiгi жөнiнде хаттамаға енгiзiлуi керек болатын ескертпелер жасауға құқылы.
4. Аудармашы: әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) шақыруы бойынша келуге және өзiне тапсырылған аударманы толық және дәл жасауға; тиiстi хаттамада аударманың дұрыстығын өзi қол қойып куәландыруға мiндеттi.
5. Аудармашыға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде көрiнеу жалған аударма жасағаны үшiн әкiмшiлiк жауапты болатынын және сотта осы әрекеттi жасағаны үшiн қылмыстық жауапты болатынын ескертедi.
6. Осы баптың ережелерi мылқаудың немесе саңыраудың ыммен көрсететiн белгiлерiн түсiнетiн, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iске қатысуға тартылған адамға қолданылады.
740-бап. Прокурор
1.Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзу процесiнде заңдардың дәлме-дәл және бiркелкi қолданылуына жоғары дәрежеде қадағалауды мемлекет атынан тiкелей де, өзiне бағынысты прокурорлар арқылы да Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жүзеге асырады.
Прокурор өзiнiң iс жүргiзушiлiк өкiлеттiгiн жүзеге асыруы кезiнде тәуелсiз болады және заңға ғана бағынады.
2. Прокурор осы Кодекстiң 741-бабында көзделген өз өкiлеттiктерiн iске асыру мақсатында: әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзуге қатысуға; дәлелдемелерді табыс етуге және оларды зерделеуге қатысуға; iстi қарап жатқан сотқа, органға (лауазымды адамға) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзiлiп отырған адамға қатысты, оның кiнәлiлiгi туралы, сондай-ақ iстiң қаралу процесiнде туындайтын басқа да мәселелер жөнiнде өз пiкiрiн баяндауға; iстi қарап жатқан сотқа, органға (лауазымды адамға) заңның ережелерiн қолдану және әкiмшiлiк жаза қолдану не одан босату туралы ұсыныс айтуға құқылы.
3. Прокурор кәмелетке толмаған адам жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстiң қаралатын орны мен уақыты туралы міндетті түрде хабардар етiледi. Ол болмаған кезде, мұндай iс тек iстiң қаралатын орны мен уақыты туралы прокурорға дер кезiнде хабарланғандығы туралы деректер болған және одан iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы өтiнiш түспеген жағдайда ғана қаралуы мүмкiн.
741-бап. Прокурордың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс
бойынша iс жүргiзудің заңдылығын қамтамасыз ету
жөнiндегi өкiлеттiгi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi тексеру нәтижелерi бойынша прокурор:
1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға сотқа, органға (лауазымды адамға) наразылық келтiруге;
2) уәкiлеттi лауазымды адамдар мен органдарға (соттан басқа) қосымша тексеру жүргiзу туралы жазбаша нұсқау беруге;
3) уәкiлеттi органдардан өздерiнiң бақылауындағы немесе өзiне бағынысты ұйымдарда тексеру жүргiзудi талап етуге;
4) заңда белгiленген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қысқартуға;
5) әкiмшiлiк жаза туралы қаулының орындалуын тоқтата тұруға;
6) әкiмшiлiк ұстауға заңсыз таратылған адамды босату туралы қаулы шығаруға;
7) өкiлеттi мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары өздерiнiң мiндеттерiн орындауға байланысты жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзатын жағдайларда қолданған тыйым салу немесе шектеу сипатындағы кез келген шаралардың алып тасталуы туралы қаулы шығаруға немесе талап қоюға;
8) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қозғау туралы қаулы шығаруға құқылы.
2. Прокурордың осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 6) және 7) тармақшаларында аталған актiлерi тез арада орындалуға тиiс. Прокурордың аталған актiлерiнiң орындалуын кiдiртуге кiнәлi лауазымды адамдар заңда белгiленгендей жауапты болады.
742-бап. Iс жүргiзу мiндеттерiн орындамағаны үшiн жауаптылық
1. Куәнiң, маманның, сарапшының және аудармашының осы Кодекстiң 735, 737, 738, 739-баптарында көзделген iс жүргiзу мiндеттерiн орындамауы осы Кодекстiң 635, 636, 638-баптарында белгiленген әкiмшiлiк жауаптылыққа әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған iс-әрекеттер жасалған жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi, iс бойынша қаулыға шағымды немесе наразылықты қарау кезiнде iс бойынша қаулыға шағымды немесе наразылықты қарау хаттамасына тиiстi жазба енгiзiледi.
3. Айыппұл салу туралы қаулы шығарылады.
743-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге қатысу
мүмкiндiгiн болдырмайтын мән-жайлар
1. Адамдар белгiлi бiр iстi қозғау үшiн негiз болған бұзушылыққа орай ережелердiң сақталуын қадағалайтын және бақылайтын мемлекеттiк органдардың қызметкерлерi болып табылса немесе олар бұған дейiн осы iстi қарауға өзге қатысушылар ретiнде әрекет етсе, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге қорғаушы және өкiл ретiнде қатысуға жiберiлмейдi.
2. Сарапшы мен аудармашы, егер: олардың бiлiктi емес екенi байқалса; олар әкiмшiлiк жауапқа тартылып жатқан адаммен, жәбiрленушiмен, олардың заңды өкiлдерiмен, қорғаушысымен, өкiлiмен, осы iстi жүргiзiп жатқан прокурормен, судьямен, лауазымды адаммен туыстық қатынастарда болса, не олар бұған дейiн осы iстi жүргiзуге өзге қатысушылар ретiнде әрекет етсе, сол сияқты бұл адамдарды осы iске тiкелей немесе жанама түрде мүдделi деп есептеуге негiз болса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге қатысуға жiберiлмейдi.
3. Адамның iске сарапшы ретiнде алдыңғы қатысуы, оның қатысуымен жүргiзiлген сараптамадан кейiн ол қайта тағайындалатын жағдайларда, оған сараптама жүргiзудi тапсыруды болдырмайтын мән-жай болып табылады.
744-бап. Iс жүргiзуге қатысуына жол берiлмейтiн адамдарды
қатыстырудан бас тарту
1. Қорғаушының, өкiлдiң, прокурордың, сарапшының және аудармашының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге қатысу мүмкiндiгiн болдырмайтын, осы Кодекстiң 743-бабында көзделген мән-жайлар болған кезде аталған адамдарды қатыстырудан бас тартылуға тиiс.
2. Өздiгiнен бас тарту немесе бас тарту туралы өтініш әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан судьяға, органға (лауазымды адамға) берiледi.
3. Өздiгiнен бас тарту немесе бас тарту туралы арыз берiлген күнiнен бастап үш тәулік ішінде қаралады.
4. Судья, орган (лауазымды адам) өздiгiнен бас тарту немесе бас тарту туралы арызды қарап, арызды қанағаттандыру не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарады.
745-бап. Жәбiрленушi, куә, сарапшы, маман, аудармашы немесе
куәгер шығындарының орнын толтыру
1. Жәбiрленушiнiң, куәнiң, сарапшының, маманның және аудармашының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан сотқа, органға (лауазымды адамға) келуiне байланысты шеккен шығындарының, соның iшiнде: аталған адамдардың тұрған немесе болып жатқан жерiне бару және керi қайту жолының жүрiп-тұру құнының, ал бұл басқа жерлерде болумен байланысты жағдайларда - тұрғын үй-жайды жалдау, сондай-ақ тәулiктiк шығын құнының орны азаматтық iс жүргiзу заңдарында белгiленген тәртiппен толтырылады.
2. Жәбiрленушi, куә, сарапшы, маман және аудармашы ретiнде шақырылатын адамның әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан және қарап жатқан сотқа, органға (лауазымды адамға) келуiне байланысты олардың жұмыс орындарында болмаған кездегi орташа табысы белгiленген тәртiппен сақталады.
3. Сарапшының, маман мен аудармашының еңбегiне заңдарда белгiленген тәртiппен ақы төленедi.
39-тарау. Дәлелдемелер және дәлелдеу
746-бап. Дәлелдемелер
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуінде жатқан судьяның немесе органның (лауазымды адамның) осы Кодексте белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк құқық бұзушылық құрамының барлық белгілері бар әрекеттің болғанын немесе болмағанын, өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан адамның осы әрекетті жасауын немесе жасамауын, осы адамның кiнәлiлiгiн немесе кінәсіздігін анықтауына негіз болатын заңды түрде алынған нақты деректер, сондай-ақ iстiң дұрыс шешiлуi үшiн мәнi бар өзге де мән-жайлар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша дәлелдемелер болып табылады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген нақты деректер: әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын адамның түсiнiктемелерiмен; жәбiрленушiнiң, куәнiң айғақтарымен; сарапшының, маманның қорытындылары мен айғақтарымен; заттай дәлелдемелермен; өзге құжаттармен; әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалармен және осы Кодексте көзделген іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен анықталады.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы материалдарды дәлелдемелер ретiнде қарау кезiнде ғылыми-техникалық құралдарын пайдалану кезінде алынған деректерi пайдаланылуы мүмкiн.
3. Егер нақты деректер іс жүргізуге қатысушылардың заңмен кепiлдiк берiлген құқықтарынан айыру немесе қысым жасау жолымен алынса немесе процестiң өзге де ережелерiн бұза отырып алынған нақты деректердiң дұрыстығына ықпал етiп немесе ықпал етуi мүмкiн болып, соның iшiнде:
1) зорлық жасап, қорқытып, алдап, сондай-ақ өзге де заңсыз әрекеттер қолданып;
2) процеске қатысушы адамға өз құқықтары мен мiндеттерiне қатысты түсiндiрмеу, толық емес немесе қате түсiндiру салдарынан оны шатастыруды пайдаланып;
3) осы iстi жүргiзудi жүзеге асыруға құқы жоқ адамның iс жүргiзу iс-әрекетiн жасауына байланысты;
4) қарсылық бiлдiрiлген адамның iс жүргiзу iс-әрекетiне қатысуына байланысты;
5) iс жүргiзу iс-әрекетiнiң тәртiбiн бұзып;
6) белгiсiз көзден;
7) дәлелдеу барысында осы заманғы ғылыми бiлiмдерге қайшы келетiн әдiстердi қолданып, осы Кодекстiң талаптарын бұза отырып алынса, дәлелдемелер ретiнде жол беруге болмайды деп танылуға тиiс.
3. Нақты деректердi дәлелдемелер ретiнде пайдалануға жол беруге болмайтындығын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан сот немесе орган (лауазымды адам) өз бастамашылығымен немесе процеске қатысушылардың өтiнiштерi бойынша анықтайды.
4. Заңды бұза отырып алынған дәлелдемелердiң заңды күшi жоқ деп танылады және тиiстi бұзушылық пен оған жол берген адамдардың кiнәлiлiгi фактiсiн қоспағанда оларды iс бойынша шешiмнiң негiзiне алуға, сондай-ақ iс бойынша кез келген мән-жайды дәлелдеу кезiнде пайдалануға болмайды.
747-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша
дәлелденуге тиiс мән-жайлар
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша мыналар:
1) оқиға және осы Кодексте көзделген әкімшілік құқық бұзушылық құрамының белгілері;
2) құқыққа қайшы әрекет жасаған, сол үшiн осы Кодексте әкiмшiлiк жауаптылық көзделген адам;
3) жеке адамның әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға кiнәлiлiгi;
4) әкiмшiлiк жауаптылықты жұмсартатын немесе ауырлататын мән-жайлар;
5) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан келген залалдың сипаты мен мөлшерi;
6) әкiмшiлiк жауаптылықтан босатуға алып келетiн мән-жайлар;
7) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайлар, сондай-ақ iстiң дұрыс шешiлуi үшiн маңызы бар өзге де мән-жайлар дәлелденуге тиiс.
748-бап. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс
бойынша іс жүргiзiлiп жатқан адамның түсiнiктемелері,
жәбiрленушiнiң және куәнiң айғақтары
1. Өзiне қатысты iс бойынша іс жүргiзiлiп жатқан адамның түсiнiктемелері, жәбiрленушiнiң және куәнiң айғақтары аталған адамдардың ауызша немесе жазбаша нысанда хабарлаған, iске қатысы бар мәлiметтерi болып табылады.
2. Өзiне қатысты iс бойынша іс жүргiзiлiп жатқан адамның түсiнiктемелерi, жәбiрленушiнiң және куәнiң айғақтары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы немесе іс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қолдану туралы хаттамада жазылады, қажет болған жағдайда - жауап алу хаттамасымен ресiмделiп, iске тiгiледi.
3. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзiлiп жатқан адамның түсiнiктемелерi, куәнiң айғақтары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға тек оны толық толтырғаннан және аталған адамдарға осы Кодексте көзделген олардың құқықтарымен міндеттерін түсіндіргеннен, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтырғаннан кейін енгізіледі.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген талаптарды сақтамаған жағдайда өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адамның түсiнiктемелерi, куәнің айғақтары күші жоқ дәлелдемелер болып есептеледі және дәлелдемелер ретінде есептеле алмайды.
749-бап. Дәлелдеу мiндетi және дәлелдемелерді табыс ету
1. Дәлелдемелердi әкiмшiлiк iс жүргiзудің тараптары және басқа да қатысушылары табыс ете алады.
2. Егер табыс етiлген дәлелдемелер жеткiлiксiз болса, iстi қарап жатқан сот немесе орган процеске қатысушыларға қосымша дәлелдемелер табыс етуге не оларды өз бастамашылығымен жинауға ұсыныс жасауы мүмкiн.
750-бап. Дәлелдеуден босатудың негiздерi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қарауға уәкiлеттi сот, орган (лауазымды адам) жалпыға бiрдей белгiлi деп таныған мән-жайлар дәлелдеудi қажет етпейдi.
2. Азаматтық iс бойынша соттың күшiне енген шешiмiмен немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы өзге iс бойынша соттың қаулысымен анықталған мән-жайлар, нақ сол адамдар қатысқан, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы басқа iстердi қараған кезде дәлелдеудi қажет етпейдi.
3. Егер тиiстi құқықтық рәсiм шеңберiнде керiсiнше жағдайлар анықталмаса, мына мән-жайлар дәлелдемелерсiз анықталған болып есептеледi:
1) осы заманғы ғылымда, техникада, өнерде, қолөнерiнде жалпыға бiрдей қабылданған зерттеу әдiстерiнiң дұрыстығы;
2) адамның заңды бiлуi;
3) адамның өзiнiң қызметтiк және кәсiби мiндеттерiн бiлуi;
4) олардың болуын растайтын құжатын табыс етпеген және арнаулы даярлықтан өткен немесе бiлiм алған оқу орнын немесе басқа мекеменi көрсетпеген адамның арнаулы даярлығының немесе бiлiмiнiң жоқтығы.
751-бап. Дәлелдемелермен қамтамасыз ету
1. Өздерiне қажеттi дәлелдемелердi табыс ету мүмкiн болмайды деп немесе қиынға түседi деп қауiптенуге негiзi бар тараптар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарап жатқан судьяға, органға (лауазымды адамға) осы дәлелдемелермен қамтамасыз ету туралы өтiнiш жасай алады.
2. Дәлелдемелермен қамтамасыз ету ұйымдардан, олардың iске қатысуына қарамастан, құжаттар, мәлiметтер және қорытындылар табыс етудi, сараптама жүргiзудi, болған жердi тексерiп, қарауды талап ету жолымен және өзге де әдiстермен жүргiзiледi.
752-бап. Дәлелдемелермен қамтамасыз ету туралы өтініш
1. Дәлелдемелермен қамтамасыз ету туралы өтініште қамтамасыз етiлуi қажет дәлелдемелер; растау үшiн бұл дәлелдемелердi қажет ететiн мән-жайлар; өтініш берушiнi қамтамасыз ету туралы өтiнiш жасауға итермелеген себептер, сондай-ақ бұл дәлелдемелердi қажет етiп отырған iс көрсетiлуге тиiс.
2. Өтініш әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарап жатқан сотқа, органға (лауазымды адамға) берiледi.
753-бап. Сараптама тағайындау және жүргiзу
1. Iс үшiн маңызы бар мән-жайлар сарапшының арнаулы ғылыми бiлiм негiзiнде жүргiзетiн iс материалдарын зерттеуi нәтижесiнде алынуы мүмкiн болған кезде, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан судья, орган (лауазымды адам) сот сараптамасын тағайындайды.
2. Iсте ведомстволық инспекциялардың түгендеу, тексеру актiлерiнiң, қорытындыларының, сондай-ақ мамандардың iс жүргiзу әрекеттерi барысында атқарған зерттеулерiнiң нәтижелерi бойынша жасалған ресми құжаттарының болуы нақ сол мәселелер бойынша сараптама жүргiзу мүмкiндiктерiн жоққа шығармайды.
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан судья, орган (лауазымды адам) тараптардың өтiнiшi бойынша немесе өз бастамашылығымен сараптама тағайындай алады.
4. Сараптама жүргiзу сараптама органдарының қызметкерлерiне не осы Кодекстiң 744-бабының талаптарын қанағаттандыратын өзге адамдарға тапсырылуы мүмкiн. Сараптама жүргiзу тараптар ұсынған адамдардың арасынан бiреуiне тапсырылуы мүмкiн. Сараптама жүргiзу тапсырылған адамды шақыруы туралы судьяның, лауазымды адамның талабы аталған адам жұмыс iстейтiн ұйымның басшысы үшiн мiндеттi.
5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан судья, орган (лауазымды адам) сараптама тағайындау туралы ұйғарым шығарады, онда мыналар көрсетiледi:
1) судьяның, лауазымды адамның аты-жөнi, соттың, органның атауы;
2) сараптаманың тағайындалған уақыты, орны;
3) сараптама тағайындаудың негiзi;
4) сарапшының аты-жөнi немесе сараптама жүргiзiлуге тиiс сараптама органының атауы;
5) сарапшының алдына қойылған мәселелер;
6) сарапшының билiгiне берiлетiн материалдардың тiзбесi.
Ұйғарымда сарапшыға оның құқықтары мен міндеттері түсіндірілгені туралы және оған көрінеу жалған қорытындыны бергені үшін жауаптылық жөнінде ескертілгені туралы жазбалар да болуға тиіс.
6. Күрделi сараптамалық зерттеулер жүргiзу үшiн бiр мамандықтағы кемiнде екi сарапшы жүргiзетiн комиссиялық сараптама тағайындалуы мүмкiн.
7. Егер iс үшiн маңызы бар мән-жайларды анықтауға бiлiмнiң әртүрлi салалары негiзiнде зерттеулер жүргiзу қажет болса, әртүрлi мамандықтағы өз құзыретi шегiнде жүргiзетiн кешендi сараптама тағайындалады.
8. Сараптама тағайындау туралы ұйғарымды орындау үшiн жiбергенге дейiн сот сараптамасын тағайындаған орган (лауазымды адам) өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлетiн адамды және жәбiрленушiнi онымен таныстыруға, оларға:
сарапшыдан бас тарту және сот сараптамасы органын сараптама жүргiзуден шеттету туралы өтiнiш мәлiмдеу;
өздерi атаған адамдарды немесе нақты сот сараптамасы органдарының қызметкерлерiн сарапшы ретiнде тағайындау туралы, сондай-ақ сараптаманы сарапшылар комиссиясының жүргiзуi туралы өтiнiш жасау;
сарапшының алдына қосымша мәселелер қою туралы немесе қойылған мәселелердi нақтылау туралы өтiнiш жасау;
сараптама жүргiзуге кедергi келтiретiн жағдайларды қоспағанда, сот сараптамасын тағайындаған органның (лауазымды адамның) рұқсатымен сараптама жүргiзу кезiнде қатысу, сарапшыға түсiнiктемелер беру;
сот сараптамасын тағайындаған органға (лауазымды адамға) келiп түскеннен кейiн сарапшының қорытындысымен не қорытынды берудiң мүмкiн еместiгi туралы хабарламамен танысу, өз ескертпелерiн ұсыну, қосымша немесе қайталама сараптама тағайындау, жаңа сараптамалар тағайындау туралы өтiнiштер мәлiмдеу құқықтарын түсiндiруге мiндеттi.
Жәбiрленушiлерге сараптама олардың жазбаша келiсiмiмен ғана жүргiзiледi. Егер осы адамдар кәмелетке толмаса немесе сот оларды әрекетке қабiлетсiз деп таныса, сараптама жүргiзуге жазбаша келiсiмдi олардың заңды өкiлдерi бередi.
9. Сарапшы (сарапшылар) өздерiнiң атынан сараптама жүргiзу нәтижелерi бойынша осы Кодекстiң 760-бабының талаптарына сәйкес жасаған қорытындыны бередi және оны сараптама тағайындаған судьяға, органға (лауазымды адамға) жiбередi.
10. Қорытынды жеткiлiктi дәрежеде айқын немесе толымды болмаған, сондай-ақ алдыңғы зерттеуге байланысты қосымша мәселелердi шешу қажеттiлiгi туындаған жағдайда қосымша сараптама тағайындалуы мүмкiн, оны жүргiзу нақ сол немесе өзге сарапшыға (сарапшыларға) тапсырылады.
11. Егер сарапшының қорытындысы жеткiлiктi дәрежеде негiзделмесе не оның қорытындылары күмән туғызса немесе сараптаманы тағайындау және жүргiзу туралы iс жүргiзу нормалары елеулi түрде бұзылса, сол объектiлердi зерттеу және сол мәселелердi шешу үшiн қайтадан сараптама тағайындалуы мүмкiн, оны жүргiзу сарапшылар комиссиясына тапсырылады, оған осының алдындағы сараптаманы жүргiзген сарапшы (сарапшылар) кiрмейдi.
12. Судьяның, органның (лауазымды адамның) қосымша және қайтадан сараптама тағайындау туралы ұйғарымы дәлелдi болуға тиiс. Сарапшыға (сарапшыларға) қосымша және қайтадан сараптама жүргiзу тапсырылған кезде осының алдындағы сараптамалардың нәтижелерi бойынша жасалған қорытындылар табыс етiлуге тиiс.
13. Егер сарапшы зерттеу жүргiзгенге дейiн өзiнiң алдына қойылған мәселелер өзiнiң арнаулы бiлiмiнiң шегiнен шығып кететiнiне не өзiне табыс етiлген материалдардың қорытынды беру үшiн жарамсыз немесе жеткiлiксiз екендiгiне, оны толықтыру мүмкiн болмайтынына, не ғылымның және сараптама практикасының жай-күйi қойылған мәселелерге жауап қайтаруға мүмкiндiк бермейтiнiне көзi жетсе, ол қорытынды берудiң мүмкiн еместiгi туралы дәлелдi хабарлама жасайды және оны судьяға, органға (лауазымды адамға) жiбередi.
754-бап. Сарапшы мен маманның қорытындысы және айғақтары
1. Сарапшының қорытындысы - арнаулы ғылыми бiлiмдi пайдалана отырып жүргiзiлген iс материалдарын, оның iшiнде заттай дәлелдемелер мен үлгiлердi зерттеу нәтижелерiне негiзделген, оның алдына әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзетiн судья, орган (лауазымды адам) қойған мәселелер бойынша жазбаша нысанда ұсынылған қорытындылар. Қорытындыда сарапшының зерттеу кезiнде қолданған әдiстерi, қойылған сұрақтарға жауаптардың негiздемесi және осы сарапшының бастамасымен анықталған, iс үшiн маңызы бар мән-жайлар көрсетiледi.
2. Қорытындыны зерттеулер жүргiзгеннен кейiн оның нәтижелерiн ескере отырып өз атынан сарапшы (сарапшылар) жасайды, оны өз (өздерiнiң) қолымен және жеке мөрiмен куәландырады. Сараптаманы сараптама органы жүргiзген жағдайда сарапшының қолы аталған органның мөрiмен расталады.
3. Сарапшының қорытындысында: оның ресiмделген күнi, сараптаманың жүргiзiлген мерзiмдерi және орны; сот сараптамасын жүргiзудiң негiздерi; әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзетiн судья туралы, орган (лауазымды адам) туралы мәлiметтер; сараптама жүргiзу тапсырылған сот сараптамасы органы және (немесе) сарапшы (сарапшылар) туралы мәлiметтер (тегi, аты, әкесiнiң аты, бiлiмi, мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс стажы, ғылыми дәрежесi және ғылыми атағы, атқаратын қызметi); сотта көрiнеу жалған қорытынды бергенi үшiн қылмыстық жауаптылық туралы өзiнiң ескертiлгенi туралы сарапшының қолымен куәландырылған белгi; сарапшының (сарапшылардың) алдына қойылған мәселелер; сараптама жүргiзу кезiнде процеске қатысқан қатысушылар және олар берген түсiндiрмелер туралы мәлiметтер; объектiлер; пайдаланылған әдiстемелер көрсетiле отырып, жүргiзiлген зерттеулердiң мазмұны мен нәтижелерi; жүргiзiлген зерттеулердiң нәтижелерiн бағалау, сарапшының (сарапшылардың) алдына қойылған мәселелер бойынша қорытындылардың негiздемесi мен тұжырымы көрсетiлуге тиiс.
4. Егер осы Кодекстiң 753 бабының он үшiншi бөлiгiнде көрсетiлген мән-жайлар зерттеу барысында анықталса, қорытындыда қойылған мәселелердiң бәрiне немесе кейбiреуiне жауап беру мүмкiн еместiгiнiң негiздемесi қамтылуға тиiс.
5. Сарапшының айғақтары – осы Кодекстің 738-бабының талаптарына сәйкес ол берген қорытындыны түсіндіру немесе нақтылау мақсатында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау барысында айтылған мәліметтер.
6. Маманның қорытындысы – әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын лауазымды адам немесе тараптар маманның алдына қойған сұрақтар бойынша оның жазбаша нысанда берілген пікірі, оларға жауап қайтарылған кезде тиісті зерделеу жүргізу талап етілмейді.
7. Маманның қорытындысы кіріспе, сипаттау бөліктерінен және түйіндеуден тұрады. Кіріспе бөлігінде: қорытынды берген күні, орны және уақыты; арнайы зерттеу жүргiзуді тапсырған лауазымды адам; маман туралы мәлiметтер (тегi, аты, әкесiнiң аты, бiлiмi, мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесi, ғылыми атағы, атқаратын қызметi) көрсетiлуге тиiс.
Сипаттау бөлігі маманның алдына қойылған мәселелерді, қорытынды беру үшін маманға ұсынылған объектілерді, материалдарды, құжаттарды, зерттеу кезінде болған адамдарды қамтиды. Түйіндеулер қойылған мәселелерге маманның жауаптарын және олардың ғылыми негіздемелерін көрсетеді.
8. Маманның айғақтары – осы Кодекстің 737-бабының талаптарына сәйкес ол берген қорытындыны түсіндіру немесе нақтылау мақсатында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау барысында айтылған мәліметтер.
9. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген тәртiппен куәландырылған, сарапшының, маманның қорытындысын көрнекiлейтiн материалдар (фотокестелер, схемалар, графиктер, кестелер және басқа да материалдар) қорытындыға қоса берiледi және оның құрамдас бөлiгi болып табылады. Сондай-ақ қорытындыға зерттеуден кейiн қалған объектiлер, оның iшiнде үлгiлер қоса берiлуге тиiс.
10. Сарапшының, маманның қорытындысы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзетiн сот, орган (лауазымды адам) үшiн мiндеттi болып табылмайды, алайда олардың қорытындымен келiспеуi дәлелдi болуға тиiс.
755-бап. Yлгiлердi алу
1. Судья, eгep үлгiлердi зерттеудiң iс үшiн маңызы бар болса, оларды, оның iшiнде адамның, жануардың, заттың, нәрсенiң қасиеттерiн бейнелейтiн үлгiлердi алуға құқылы.
2. Үлгiлерге материалдардың, заттардың, шикiзаттардың, дайын өнiмнiң сынамалары да жатады.
3. Yлгiлердi алу туралы дәлелдi ұйғарым шығарылады, онда: үлгiлердi алатын адам; үлгiлер алынуы тиiс адам (ұйым); нақты қандай үлгiлер және қандай санда алынуы тиiс екенi; адам үлгiлердi алу үшiн қашан және кiмге келуi тиiс екенi; үлгiлер алынғаннан кейiн олардың қашан және кiмге табыс етiлуi тиiс екенi көрсетiлуi қажет.
4. Үлгiлердi судьяның жеке өзi алуы, ал қажет болса, егер бұл әрекет үлгiлер алынатын жынысы басқа адамды жалаңаштап шешiндiрумен байланысты болмаса және ерекше кәсiби дағдыны талап етпесе, дәрiгердiң немесе басқа маманның қатысуымен алуы мүмкiн. Өзге жағдайларда үлгiлердi судьяның тапсырмасы бойынша дәрiгер немесе басқа маман алуы мүмкiн.
5. Үлгiлердi алу құқығы судьяда, сарапшыда, дәрiгерде немесе басқа маманда болады.
6. Үлгiлердi алу сараптамалық зерттеудiң бiр бөлiгi болып табылатын жағдайларда, оны сарапшы жүргiзуi мүмкiн.
7. Yлгiлер тараптардан, сондай-ақ үшiншi тұлғалардан алынуы мүмкiн.
8. Судья адамды өзiне шақырады, оны, қолхат ала отырып, үлгiлердi алғаны туралы ұйғарыммен таныстырады, оған және осы iс жүргiзу әрекеттерiне қатысушы өзге де адамдарға олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi.
9. Судьяның жеке өзi немесе маманның қатысуымен қажеттi әрекеттердi жүргiзедi, үлгiлердi алады, оларды орайды және мөр басады.
10. Үлгiлердi алу нәтижелерi iс жүргiзу әрекеттерiнiң (сот отырысының) хаттамасында тiркеледi, онда жүргiзiлу ретiнде сақтай отырып, үлгiлердi алу үшiн жасалған әрекеттер, бұл ретте қолданылған ғылыми-зерттеу және басқа да әдiстер мен рәсiмдер, сондай-ақ үлгiлердiң өздерi жазылады.
756-бап. Дәрiгердiң немесе басқа маманның, сондай-ақ сарапшының
үлгiлердi алуы
1. Судья өзiнен үлгiлер алынуға тиiс адамды, сондай-ақ тиiстi тапсырмасы бар ұйғарымды дәрiгерге немесе басқа маманға жiбередi. Ұйғарымда осы iс жүргiзу әрекетiне барлық қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi көрсетiлуi тиiс.
2. Дәрiгер немесе басқа маман судьяның тапсырмасы бойынша қажеттi әрекеттердi жүргiзедi және үлгiлердi алады. Үлгiлер оралады және мөр басылады, одан кейiн дәрiгер немесе басқа маман жасаған ресми құжатпен бiрге судьяға жiберiледi.
3. Сарапшы зерттеу процесiнде сынақ үлгiлер дайындауы мүмкiн, бұл туралы ол қорытындыда хабарлайды.
4. Судья мұндай үлгiлердi дайындау кезiнде қатысуға құқылы, оны өзi жасайтын хаттамада көрсетедi.
5. Сарапшы зерттеу жүргiзгеннен кейiн үлгiлердi оралған және мөр басылған түрде өзiнiң қорытындысына қоса тiркейдi.
6. Егер үлгiлердi судьяның тапсырмасы бойынша маман немесе сарапшы алған болса, онда ол ресми құжат жасап, оған iс жүргiзу әрекетiне барлық қатысушылар қол қояды және iс материалдарына қоса тiркеу үшiн судьяға берiледi.
7. Алынған үлгiлер оралған және мөр басылған түрде хаттамаға қоса тiркеледi.
757-бап. Үлгiлердi алу кезiнде жеке адамның құқықтарын қорғау
Үлгiлердi алу әдiстерi мен ғылыми-техникалық құралдары адамның өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiпсiз болуға тиiс. Қатты ауыру сезiнуiн тудыратын күрделi медициналық рәсiмдердi немесе әдiстердi қолдануға үлгiлер алынуға тиiстi адам жазбаша келiсiм бергенде ғана, ал егер ол кәмелетке толмаған немесе психикалық аурумен ауыратын болса, оның заңды өкiлдерiнiң келiсiмiмен ғана жол берiледi.
758-бап. Заттай дәлелдемелер
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша заттай дәлелдемелер құқық бұзушылықтың құралы не нысанасы болған, не өзiнде оның iздерi қалған заттар болып табылады.
2. Қажет болған жағдайларда заттай дәлелдемелер суретке түсiрiледi немесе өзге тәсiлмен тiркеледi және iске тiгiледi, ол жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға немесе осы Кодекспен көзделген өзге хаттамаға жазба жазылады.
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан судья, орган (лауазымды адам) iс мәнi бойынша шешiлгенге дейiн заттай дәлелдемелердiң сақталуын қамтамасыз етуге қажеттi шаралар қолдануға, сондай-ақ iстi қарау аяқталысымен олар туралы шешiм қабылдауға мiндеттi.
759-бап. Ғылыми-техникалық құралдар
1. Сот, орган (лауазымды адам) және әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізудің қатысушылары ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану кезінде алынған нақты деректерді пайдалануға және ұсынуға құқылы.
2. Егер:
1) заңда тікелей көзделсе немесе оның нормалары мен қағидаттарына қайшы келмесе;
2) ғылыми негізделген болса;
3) іс бойынша іс жүргізудің тиімділігін қамтамасыз етсе;
4) қауіпсіз болса, ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануға жол беріледі деп танылады.
3. Ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану кезде алынған нақты деректер әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулысында көрсетіледі.
760-бап. Құжаттар
1. Егер ұйымдар, лауазымды адамдар мен жеке тұлғалар баяндаған немесе куәландырған мәлiметтердiң әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс үшiн маңызы болса, құжаттар iс бойынша дәлелдемелер деп танылады.
2. Құжаттар жазбаша да, өзге түрде де тiркелген мәлiметтерден тұруы мүмкiн. Құжаттарға түгендеу, ревизия актілері, анықтамалар, салық тексеру актілері, салық органдардың қорытындылары, сондай-ақ осы Кодексте көзделген тәртiппен алынған, талап етiп алынған немесе табыс етiлген компьютерлiк ақпараттан, фото- және кино түсiрiлiмдерден, дыбыс- және бейне жазылымдарынан тұратын материалдар жатуы мүмкiн.
3. Көлік құралды басқаруға құқық беретін жүргізуші куәлігі оның түпнұсқалығын тексеру және жеке адамды көлік құралды басқару құқығынан айыру туралы шешім қабылдаған кезде ғана іс үшін маңызы бар құжат болып табылады.
4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан судья, орган (лауазымды адам) iс мәнi бойынша шешiлгенге дейiн құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге қажеттi шаралар қолдануға, сондай-ақ iстi қарау аяқталысымен олар туралы шешiм қабылдауға мiндеттi.
5. Құжаттарда осы Кодекстiң 768-бабында аталған белгiлер болған жағдайларда олар заттай дәлелдемелер болып табылады.
761-бап. Қосымша мәлiметтер талап ету
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан судья, орган (лауазымды адам) ұйымдардан, қоғамдық бiрлестiктерден iстiң шешiлуiне қажеттi қосымша мәлiметтер талап етiп алу туралы ұйғарым шығаруға құқылы.
2. Судьяның, органның (лауазымды адамның) қосымша мәлiметтер талап етiп алу туралы ұйғарымында қаралып жатқан iстiң мәнi қысқаша баяндалып, анықтауға жататын мән-жайлар көрсетiледi. Осы ұйғарым жiберiлiп отырған сот үшiн мiндеттi болып табылады және белгiленген мерзiмде орындалуға тиiс.
3. Талап етiп алынатын мәлiметтер талап алынған күнiнен бастап үш тәулік ішінде жiберiлуге тиiс.
4. Аталған мәлiметтердi табыс ету мүмкiн болмаған жағдайда ұйым, қоғамдық бiрлестiк ұйғарым шығарған судьяны, органды (лауазымды адамды) бұл туралы үш тәулік ішінде хабардар етуге мiндеттi.
762-бап. Дәлелдеу
1. Дәлелдеу әкімшілік құқық бұзушылық туралы iстердi заңды, негiзделген және әдiл қарау үшiн маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында дәлелдемелердi жинаудан, тексеруден және бағалаудан тұрады.
2. Құқық бұзушылықтың әкімшілік жауаптылығы мен кiнәсiнiң бар болуының негiзiн дәлелдеу мiндетi әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға уәкілетті органда (лауазымды адамда) болады.
763-бап. Дәлелдемелерді жинау
1. Дәлелдемелер жинау осы Кодексте көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асыру арқылы әкімшілік құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргізу процесінде жүргізіледі.
2. Заттар мен құжаттар оларды бағалағаннан кейін iске тігіледі, ол туралы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада тиісті жазба жасалады немесе жеке хаттама жасалады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы iстер бойынша іс жүргізуге қатысушылар болып табылатын адамдардан заттар мен құжаттарды қабылдау өтінішхат негізінде жүзеге асырылады.
764-бап. Дәлелдемелерді тексеру
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы iс бойынша барлық жиналған дәлелдемелер толық, жан-жақты және объективтi тексеруге жатады. Тексеру алынған дәлелдемелердi талдауды, оны басқа дәлелдемелермен салыстыруды, қосымша дәлелдемелер жинауды, дәлелдемелердi алу көздерiн тексерудi қамтиды.
765-бап. Дәлелдемелердi бағалау
1. Дәлелдемелерді бағалау – бұл дәлелдемелерді талдау мен синтезден тұратын және жеке дәлелдемелердің тиесілігі, жол беруге болатындығы, дәйектілігі және жекелеген дәлелдемелердің маңызы мен қабылданған шешімді негіздеу үшін олардың жиынтығының жеткіліктілігі туралы қорытындымен аяқталатын қисынды ойлау қызметі.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзудi жүзеге асыратын судья, лауазымды адам дәлелдемелердi заң мен ар-намысты басшылыққа ала отырып, дәлелдемелердi өз жиынтығында жан-жақты толық және объективтi қарауға негiзделген өзiнiң iшкi сезiмi бойынша бағалайды. Ешбiр дәлелдеменiң алдын ала белгiленген күшi болмайды.
3. Әрбiр дәлелдеме тиесiлiлiгi, жол берiлетiндiгi, дұрыстығы, ал барлық жиналған дәлелдемелер өз жиынтығында iстiң шешiлуi үшiн жеткiлiктiлiгi тұрғысынан бағалануға тиiс.
4. Егер дәлелдеме iс үшiн маңызы бар мән-жайлардың болуы туралы тұжырымды растайтын, жоққа шығаратын немесе оған күмән келтiретiн нақты деректер болса, дәлелдеме iске қатысты деп танылады.
5. Егер дәлелдеме Кодексте көзделген тәртiппен алынса, ол жол беруге болатын дәлелдеме деп танылады.
6. Егер тексеру нәтижесiнде дәлелдеменiң шындыққа сәйкес екендiгi анықталса, ол дұрыс дәлелдеме деп танылады.
7. Егер дәлелденуге тиiс мән-жайлардың барлығы және әрқайсысы туралы ақиқатты даусыз анықтайтын, iске қатысты жол берiлетiн және дұрыс дәлелдемелердiң бәрi жиналса, дәлелдемелердiң жиынтығы iстiң шешiлуi үшiн жеткiлiктi деп танылады.
40-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс
жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдану
766-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс
жүргiзудi қамтамасыз ету шаралары
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жолын кесу, оны жасауға сезiктiнiң жеке басын анықтау, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде жасау мүмкiн болмағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасау, iстiң уақытылы және дұрыс қаралуы мен iс жөнiнде қабылданған қаулының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында уәкiлеттi лауазымды адам өз өкiлеттiгi шегiнде жеке адамға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ететiн мынадай шараларды:
1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалатын жерге жеткiзуді;
2) жеке адамды әкiмшiлiк түрде ұстауды;
3) алып келуді;
4) жүрiп-тұру еркiндiгiн алдын ала шектеуді;
5) жеке тексеріп қарау және жеке адамның заттарын тексеріп қарау;
6) көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелерін тексерiп шығуды;
7) құжаттар мен заттарды алып қоюды;
8) көлiк құралын немесе шағын көлемдi кеменi жүргiзуден шеттету және оның алкогольмен, есiрткiмен, уытқұмарлықпен масаю күйiн куәландыруды;
9) көлiк құралын немесе шағын көлемдi кеменi ұстау, жеткiзу және пайдалануға тыйым салуды;
10) тексеруді;
11) жеке адамның алкогольмен, есiрткiмен немесе уытқұмарлықпен масаю күйiн медициналық куәландыруды;
12) осы Кодекстің 53-бабының тәртібімен қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салуды қолдануға құқылы.
2. Заңды тұлғаға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ететiн мынадай шаралар қолданылуы мүмкiн:
1) заңды тұлғаға тиесiлi үй-жайларды, аумақтарды, сондағы тауарларды, көлiк құралдарын және өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды қарап шығу;
2) заңды тұлғаға тиесiлi құжаттарды алып қою;
3) заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу немесе алып қою.
4) осы Кодекстің 53-бабының тәртібімен қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу.
3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғалғанға дейін (жеке тексеріп қарауды, жеке адамның заттарын тексеріп қарауды қоспағанда), іс бойынша кезең ішінде, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыны орындау сатысында қолданылады.
4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде санамаланған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары жеке немесе қажет болған жағдайда басқа шаралармен бір уақытта қолданылу мүмкін.
5. Лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын заңсыз қолданудан келтiрген зиян үшiн жауап бередi.
6. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қолдануға осы Кодекстiң 44-тарауда көзделген тәртібімен шағым жасалуы мүмкiн.
767-бап. Жеткiзу
1. Құқық бұзушылықтың жолын кесу, құқық бұзушының жеке басын анықтау, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманың жасалуы не қорғау нұсқамасының шығарылуы мiндеттi болып, оларды сол болған жерiнде жасау мүмкiн болмаса, хаттама жасау не, егер қорғау нұсқамасын шығару мақсатында жеке адамды, заңды тұлғаның заңды өкiлiн, лауазымды тұлғаны, ал осы баптың 1), 3), 4), 5), 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда көлік құралын және құқық бұзушылық жасаудың басқа да құралдар мына жағдайларда:
1) көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн, жүрiс тәртiбi мен қауiпсiздiгiн қорғау жөнiндегi ережелердi, көлiкте жүктiң сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған ережелердi, өрт қауiпсiздiгi ережелерiн, көлiкте санитариялық-гигиеналық және санитариялық эпидемиологияға қарсы ережелердi бұзғанда, егер оның жеке басын куәландыратын құжаттары және ол туралы қажеттi деректер хабарлауы мүмкiн куәгерлер жоқ болса, сондай-ақ оның көлiк құралына деген қажеттi құжаттары болмаса, уәкiлдiк берiлген адам iшкi iстер органына (полицияға);
2) орман бұзылғанда немесе аң аулау ережелерi, балық аулау және балық қорын қорғау ережелерi бұзылғанда және жануарлар дүниесiн қорғау мен пайдалану туралы заңдар басқаша түрде бұзылғанда - орман және аң шаруашылығы мемлекеттiк және ведомстволық күзетiнiң қызметкерлерi аң аулау ережелерiнiң сақталуына мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдардың, уәкiлдiк берiлген балық қорғау органдарының уәкiлеттi лауазымды адамдары, жануарлар дүниесiнiң қорғалуы мен пайдаланылуына мемлекеттiк және ведомстволық бақылауды жүзеге асыратын басқа органдардың лауазымды адамдары, қорықтардың және басқа да айрықша қорғалатын табиғи аумақтардың лауазымды адамдары, сондай-ақ iшкi iстер органдарының (полицияның) қызметкерлерi iшкi iстер органдарына (полицияға) немесе жергiлiктi басқару органына;
3) қорғалатын объектiлерге, басқа да бөтен мүлiкке қол сұғушылықпен байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғанда - әскерилендiрiлген күзет қызметкерлерi әскерилендiрiлген күзеттiң қызметтiк үй-жайына немесе iшкi iстер органына (полицияға);
4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк шекарасының режимi, шекара және кеден режимдерi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы және кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiндегi режим бұзылғанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi әскери қызметшiсiнiң, өзге әскерлер, әскери құралымдар әскери қызметшiлерiнiң, iшкi iстер органдары (полиция) қызметкерiнiң заңды өкiмiне немесе талабына қасақана бағынбағанда – әскери қызметшi, iшкi iстер органдарының (полиция) қызметкерi немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қорғау жөнiндегi мiндеттi орындайтын басқа жеке тұлға бөлiмшеге, әскери бөлiмге, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне, iшкi iстер органына (полицияға), жергiлiктi басқару органына;
5) кеден iсi саласында құқық бұзушылық жасалғанда - кеден органының, iшкi iстер органының (полицияның) қызметкерлерi кеден органының, iшкi iстер органының қызметтiк үй-жайына (полицияға);
6) кәсiпкерлiк қызмет, сауда және қаржы, салық салу саласында белгiленген басқару тәртiбiне және мемлекеттiк билiк институттарына қол сұғатын құқық бұзушылық жасалғанда, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасалғанда - қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi;
7) күзетiлетiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi күзет iс-шараларын жүргiзу кезiнде құқық бұзушылықтар жасалғанда - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң қызметкерлерi;
8) өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғанда прокурордың тиiстi тапсырмалары немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыруға уәкiлеттi лауазымды адамдар тарапынан тиiстi өтiнiш болған жағдайда - iшкi iстер органдары қызметкерлерi iшкi iстер органына (полицияға) немесе өзге де мемлекеттiк органға жеткiзудi, яғни мәжбүрлеп келтiрудi жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында, аумақтық суларында (теңiзiнде) және iшкi суларында құқық бұзушылық жасалған жағдайда кiм екенi жергiлiктi жерде анықталуы мүмкiн емес тәртiп бұзушы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында заңсыз әрекеттi жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын, тексеру кезiнде кiмдiкi екенi анықталуы мүмкiн емес кемелер мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралдары құқық бұзушылықтың жолын кесу үшiн, сондай-ақ тәртiп бұзушының кiм екенiн және ұсталған кемелердiң, құқық бұзушылық жасау құралдарының кiмдiкi екенiн анықтау және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшiн Қазақстан Республикасының портына (шетел кемелерi - шетел кемелерiнiң келiп кiруiне ашық Қазақстан Республикасы порттарының бiрiне) жеткiзiлуге тиiс.
3. Жеткiзу мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде жүзеге асырылуға тиiс.
4. Жеткiзу туралы хаттама жасалады не әкiмшiлiк құқық бұзушылық немесе әкiмшiлiк ұстау туралы хаттамаға тиiстi жазба жазылады.
Адамды әкімшілік жауаптылыққа тарту үшін оны көзделген мерзімде жеткізуді жүзеге асыру мүмкін болмаған кезде өтініш беруші органның (лауазымды адамның) атына жеткізілмеу себептері көрсетіліп, жазбаша хабарлама жіберіледі.
768-бап. Әкімшілік ұстау
Әкiмшiлiк ұстауды, яғни құқық бұзушылықтың алдын алу немесе іс жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында жеке адамның, заңды тұлға өкілінің, лауазымды адамның жеке бас бостандығын қысқаша мерзімге шектеуді:
1) Осы Кодекстің 661-бабына сәйкес ол туралы істерді ішкі істер органдары (полиция) қарайтын әкімшілік құқық бұзушылық анықталған жағдайда, не осы Кодекстің 786-бабының бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес ол туралы істер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасайтын – ішкі істер органдары (полиция);
2) төтенше жағдай режимi бұзылған жағдайда және төтенше жағдай кезiнде құқықтық тәртiптi бұзуға арандататын iс-әрекеттер жасалғанда - төтенше жағдай жарияланған жердiң комендатурасы мен әскери сақшылар;
3) терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимi бұзылған немесе терроризмге қарсы операцияның жариялануына байланысты белгiленген талаптар орындалмаған кезде - терроризмге қарсы операцияға белгiленген құзыретi шегiнде қатысатын лауазымды адамдар;
4) Осы Кодекстің 707-бабының үшінші бөлігіне сәйкес олар қарайтын әкімшілік құқық бұзушылық анықталған жағдайда, не осы Кодекстің 786-бабының бірінші бөлігінің 46) тармақшасына сәйкес ол туралы істер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасайтын – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметi лауазымды адамдары;
5) күзетiлетiн объектiлерге, басқа да бөтен мүлiкке қол сұғушылыққа байланысты құқық бұзушылық жасалған жағдайда – күзетiлетiн объект орналасқан жердегi аға әскери қызметшi, iшкi iстер органдарының, арнаулы мемлекеттiк органдардың қызметкерi, әскерилендiрiлген күзеттiң лауазымды адамы;
6) балық қорғау органдары, аң аулау ережелерiнiң сақталуына мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдар мен орман және аң шаруашылығы органдары сақталуын бақылауды жүзеге асыратын ережелер бұзылған жағдайда - осы органдар;
7) көлiк бақылау органдары сақталуын бақылауды жүзеге асыратын ережелер бұзылған жағдайда - осы органдар;
8) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларының көлiк құралдарын жүргiзетiн жүргiзушiлер мен басқа да адамдар жол қозғалысы ережелерiн бұзған жағдайда - әскери полициясының лауазымды адамдары;
9) табиғат қорғау заңдары бұзылған жағдайда - қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды, қорықтар мен басқа да ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау органдары;
10) салықтық құқық бұзушылық жағдайында - салық қызметi органдарының лауазымды адамдары;
11) белгiленген басқару тәртiбiне және мемлекеттiк билiк институттарына қол сұғатын кәсiпкерлiк қызмет, сауда және қаржы, салық салу салаларындағы құқық бұзушылықтарды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасаған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердiң ведомстволық бағыныстылығына сәйкес - қаржы полициясы органдарының лауазымды адамдары;
12) Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында, аумақтық суларында (теңiзiнде) және iшкi суларында рұқсат етiлген қызметтi регламенттейтiн лицензия шарттарының бұзылуына байланысты континенттiк қайраңда, аумақтық суларда (теңiзде) және iшкi суларда әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасалған, ресурстық немесе теңiзде ғылыми зерттеулердi жүргiзу қағидалары бұзылған, қалдықтар мен басқа да материалдарды көму қағидалары бұзылған, Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңын, аумақтық суларын (теңiзiн) және iшкi суларын қорғау органдары лауазымды адамдарының кеменi тоқтату жөнiндегi заңды талаптары орындалмаған немесе оның жүзеге асырылуына кедергi жасалған жағдайда – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тау-кен қадағалау органдарының, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң, геология және жер қойнауын пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның, қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғау жөнiндегi органдардың, балық аулау жөнiндегi республикалық органның лауазымды адамдары;
13) кеден заңдары бұзылған жағдайда - кеден органдарының лауазымды адамдары;
14) егер құқық бұзушылық күзетiлетiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi күзет iс-шараларын жүргiзу кезiнде жасалса - Президенттiң Күзет қызметiнiң лауазымды адамдары;
15) сот отырысы кезiнде залда, сондай-ақ атқару құжаттарын мәжбүрлеп орындату барысында құқыққа қарсы iс-әрекеттердi тоқтату туралы талаптар орындалмаған жағдайда - сот приставтары жүзеге асыра алады.
769-бап. Әкiмшiлiк ұстаудың тәртiбi
1. Әкiмшiлiк ұстау жөнiнде хаттама жасалады. Хаттамада оның жасалған күнi, уақыты және орны; хаттама жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi; ұсталған адамның кiм екенi туралы мәлiметтер; ұсталған уақыты, орны және негiзi көрсетiледi. Хаттамаға оны жасаған лауазымды адам мен ұсталған адам қол қояды. Ұсталған адам хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда бұл туралы хаттамада жазылады. Ұстау туралы хаттаманың көшiрмесi әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн ұсталған адамға тапсырылады.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн ұсталған адамның өтiнiшi бойынша оның қайда екендiгi туралы туыстары, жұмыс немесе оқу орнының әкiмшiлiгi, сондай-ақ қорғаушысы дереу хабардар етiледi. Кәмелетке толмаған адамның ұсталуы туралы оның ата-анасына немесе олардың орнындағы адамдарға мiндеттi түрде хабарланады.
3. Әскери қызметкерді немесе әскери жиынға тартылған азаматты әкімшілік түрде ұстау туралы әскери комендатура немесе ұсталған адам әскери қызметті өткеретін әскери бөлім, ал осы Кодекстің 32-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарды әкімшілік түрде ұстау туралы ұсталған адам қызметті өткеретін орган немесе мекеме тез арада хабардар етіледі.
4. Ұсталған адамға осы Кодексте көзделген оның құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі, ол туралы әкімшілік түрде ұстау туралы хаттамаға тиісті жазба жасалады.
5. Ұсталған адамға оның құқықтар мен міндеттерді түсіндірмеу әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізудің елеулі бұзушылық болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
6. Осы Кодексте белгіленген тәртіппен ұсталған адам оны ұстауға негіз болған жағдайлар жойылған кезде ол тез арада босатылуға жатады.
7. Әкiмшiлiк ұстауға тартылған адамдар арнайы осыған бөлiнген, санитария талаптарына сәйкес келетiн және оларды өз еркiмен тастап кету мүмкiндiгiн болдырмайтын үй-жайларда ұсталады.
8. Әкiмшiлiк ұстауға тартылған адамдарды ұстау жағдайларын, ондай адамдарды тамақтандыру нормасы мен оларға медициналық қызмет көрсету тәртiбiн атқарушы билiк органдары белгiлейдi.
9. Өздеріне қатысты әкімшілік түрде ұстау қолданылған кәмелетке толмағандар ересек адамдардан бөлек ұсталады.
770-бап. Әкiмшiлiк ұстау мерзiмдерi
1. Әкiмшiлiк ұстау осы Кодекстiң 772-бабында көрсетiлген мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қажеттi уақыт iшiнде жүзеге асырылады және үш сағаттан ұзақ болмауы керек.
Ұсталған адамның бас бостандығы оған қандай да бір процессуалдық мәртебе берілуіне немесе басқа бір формальды рәсімдер орындалуына қатыссыз шын мәнінде шектелген кезде, минутына дейінгі дәлдікпен сол сағат ұстау мерзімінің басталуы болып табылады. Мас күйде болған адамға әкімшілік ұстау мерзімі, - медицина қызметкерi оны айықты деп куәландырған уақыттан бастап есептеледi.
Нақты ұстау уақытынан бастап үздіксіз есептелетін үш сағаттан өтуі осы мерзімнің аяқталу сәті болып табылады.
2. Күзетілетін объектілерге заңсыз кіру, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк шекарасының режимiн, шекара және кеден режимдерiн немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы және кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өту бекетiндегi режимдi бұзғаны үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңындағы, аумақтық суларындағы (теңiзiндегi) және iшкi суларындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған адам - қажет болған жағдайларда жеке басын анықтау үшiн және құқық бұзушылықтың мән-жайын анықтау үшiн бұл туралы ұсталған кезден бастап жиырма төрт сағат iшiнде прокурорға жазбаша хабарланып, қырық сегiз сағатқа дейiн ұсталуы мүмкiн. Төтенше жағдай жарияланған жерде коменданттық сағат енгiзiлуiне байланысты белгiленген тәртiптi бұзуға жол берген адамдарды iшкi iстер органдарының қызметкерлерi (полиция) немесе әскери сақшылар коменданттық сағат аяқталғанға дейiн, ал қолдарында құжаттары жоқтарды - олардың кiм екенiн анықтағанға дейiн, бiрақ қырық сегiз сағаттан аспайтын уақытқа ұстай алады.
771-бап. Алып келу
1. Осы Кодекстiң 766-бабында көзделген жағдайларда, өздерiне қатысты әкiмшiлiк iс жүргiзiлiп жатқан жеке адамды не заңды тұлғаның заңды өкiлiн, әкiмшiлiк жауапқа тартылушы кәмелетке толмаған адамның заңды өкiлiн алып келу жүргiзiледi.
2. Алып келудi қаржы полициясы органдары қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша тиiсiнше Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi мен Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес жөнiндегi агенттiгi (қаржы полициясы) белгiлеген тәртiппен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарап жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) ұйғарымы негiзiнде iшкi iстер және қаржы полициясы органдары жүргiзедi.
772-бап. Жүрiп-тұру еркiндiгiн алдын ала шектеу
1. Жүрiп-тұру еркiндiгiн алдын ала шектеу белгiлi бiр тұрғылықты орны және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарға қатысты, оның iс-әрекеттерiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың және қылмыстық жаза қолданылатын әрекеттердің белгiлерi болмаған және оның жеке басын анықтаудың өзге тәсiлдерi мүмкiн болмаған кезде жеке профилактика шарасы болып табылады.
2. Жүрiп-тұру еркiндiгiн алдын ала шектеудi сот санкциясымен iшкi iстер органдары қолданады және адамды iшкi iстер органдарының арнаулы мекемесiнде отыз тәулiкке дейiнгi мерзiмде уақытша оқшаулаудан тұрады.
3. Жүрiп-тұру еркiндiгiн алдын ала шектеудi қолданудың тәртiбi мен шарттары, сондай-ақ iшкi iстер органдарының арнаулы мекемесiнен босатудың негiздерi Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
773-бап. Жеке тексеріп қарау және жеке адамның заттарын
тексеріп қарау
1. Жеке тексеріп қарау – құқық бұзушылықтарды анықтау және алдын алу, әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы не оның нысанасы болған құжаттарды, заттарды және өзге де заттарды табу және алып қою мақсатында адамның денесін және оның киімін мәжбүрлеп тексеру.
2. Жеке адамның заттарын тексеріп қарау – заттардың құрылғылық тұтастығын бұзбай адамның заттарын тексеру.
3. Жеке тексеріп қарауды және адамның заттарын тексеріп қарауды тек уәкілетті лауазымды адамдар жүргізеді, олардың тізбесі осы Кодекстің 768-бабында белгіленген және ол толық болып табылады. Көрсетілген шараларды басқа адамдарға жүргізуге тыйым салынған және заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
4. Жеке басын тексерудi тексерiлушiмен бiр жыныстағы адам және осы жыныстас екi куәгердiң қатысуымен жүргiзе алады.
5. Жеке тексеріп қарау және адамның заттарын тексеріп қарау тек әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу кезеңінде ғана жүргізілуі мүмкін. Адамның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны жеке тексеріп қарау және жеке адамның заттарын тексеріп қарауға негіз болып табылады.
6. Жеке адамның заттарын (қол жүгiн, теңдеме жүктi, аң және балық аулау құралдарын, олжалаған өнiмi мен өзге де заттарды) тексерiп қарау осы заттардың меншік иесі немесе иелігіндегі адамның қатысуымен және екі куәгердің қатысуымен жүргiзіледi.
7. Жеке адамның қолында айналасындағылардың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн қару немесе өзге заттар бар деуге негiз болған ерекше жағдайларда жеке басын тексеру, заттарын тексеру бұл туралы жиырма төрт сағат iшiнде прокурорға хабарланып, куәларсыз жүргiзiлуi мүмкiн.
8. Жеке тексеріп қарау және жеке адамның заттарын тексеріп қарауды (жетуге қиын жерде, тәуліктің түнгі уақытында, төтенше немесе әскери жағдайда) жүргізу кезінде куәгерлердің нақты қатысу мүмкіндігі болмағанда оны куәгерлердің қатысуынсыз техникалық құралдарды міндетті түрде қолдана отырып оның барысын және нәтижесін тіркеумен жүргізілуі мүмкін.
9. Қажет болған жағдайларда фотоға және киноға түсiру, бейнежазба жүргiзiледi, заттай дәлелдемелердi тіркеумен белгiленген өзге де әдiстерi қолданылады.
10. Жеке тексеріп қарау, жеке адамның заттарын тексеру туралы хаттама жасалады. Адамның жеке басын тексеру жөнiндегi хаттаманың көшiрмесi өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан адамға, оның заңды өкiлiне тапсырылады. Хаттамада оның жасалған күнi мен орны, хаттаманы жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi, жеке басы тексерiлген адам, заттардың түрi, саны, өзге де тақылеттестiк белгiлерi туралы, соның iшiнде қарудың тұрпаты, маркасы, үлгiсi, калибрi, сериясы, нөмiрi, белгiлерi, оқ-дәрiлер саны және түрi, арнайы жедел iздестiру шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдар және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдары туралы мәлiметтер көрсетiледi.
11. Тексеру хаттамасында фото- және кино түсiрiлiмiнiң, бейнежазбаның, құжаттарды көрсетудiң өзге де әдiстерiнiң қолданылғаны туралы жазба жасалады. Фото- және кино түсiрiлiмдерiн, бейнежазбаны, заттай дәлелдемелердi көрсетудiң өзге де белгiленген құралдарын қолданып, тексеру жүргiзу кезiнде алынған материалдар тиiстi хаттамаға қоса тiркеледi.
12. Жеке тексеріп қарау және заттарды тексеріп қарау хаттамасына оны жасаған лауазымды адам, жеке басы тексерiлген адам, тексерiлген заттар иесi, куәгерлер қол қояды. Жеке басы тексерiлген адам, тексерiлген заттар иесi хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, хаттамаға тиiстi жазба жасалады.
774-бап. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi тексеру
1. Көлік құралдарын, шағын көлемді кемелерді тексеру, яғни құрылымдық тұтастығын бұзбай жүзеге асырылатын зерттеу құқық бұзушылық жасау құралдарын не әкімшілік құқық бұзушылық нысанасын табу және алып қою мақсатында жүзеге асырылады.
2. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi тексерудi екi куәгердiң қатысуымен осы Кодекстiң 768-бабында санамаланған оған уәкiлдiк берiлген лауазымды адамдар жүргiзедi.
Ерекше жағдайларда (жету қиындық тудыратын жерлерде, тиісті қатынас құралдары болмаған кезде немесе басқа да объективті себептерге байланысты жеке тұлғаларды куәгерлер ретінде тартуға мүмкіндік болмағанда) көлік құралдарын, шағын көлемді кемелерді тексеру, яғни құрылымдық тұтастығын бұзбай жүзеге асырылатын зерттеу куәгерлердің қатысуынсыз, бірақ бұл ретте оның барысы мен нәтижелерін айғақтап көрсететін техникалық құралдар қолданыла отырып жүргізілуі мүмкін.
3. Мыналар:
- көлiк құралдарында, шағын көлемдi кемелерде әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралдары не нысаналары бар деп пайымдауға жеткілікті негіздердін болуы;
- алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық мас күйіндегі жүргізушінің, егер ол уәкілетті лауазымды адамдардың заңды талаптарына бағынбаса, көлік құралын басқаруы;
- уәкілетті лауазымды адамдардың іздестіретін көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелерді ұстау жөніндегі іс-шараларды жүргізуі;
- егер көлік құралымен тасымалданатын жүктің ұсынылған құжаттарға сәйкес келмейтінін пайымдауға жеткілікті негіздер болса;
- көлiк құралдардың, шағын көлемдi кемелердің тораптар мен агрегаттарын ұсынылған құжаттардың деректерімен салыстыруды жүргізу қажеттелігінің болуы;
- көлiк құралдарды, шағын көлемдi кемелерді пайдалануға жол бермейтін ақаулығы болуын анықтауы;
- көлік құралын ұстау, оны пайдалануға тыйым салуы көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелерді тексеріп қарау үшін негіздер болып табылады.
4. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi тексеріп қарауды оларды иеленушi адамдардың не оның өкiлiнiң немесе заңды негiзде көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi жүргiзетiн адамның қатысуымен жүргiзiледi. Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда, оларға аталған адамдардың қатысуынсыз-ақ тексеру жүргiзiлуi мүмкiн.
5. Қажет болған жағдайларда көлiк құралдары мен шағын көлемдi кемелердi тексеру кезiнде анықталған заттарды көрсету мақсатында фотоға, киноға түсiрiлiп, бейнежазба жасалады.
6. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi тексеру туралы хаттама жасалады. Бұл хаттаманың көшiрмесi тексерiлген көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi иеленушi адамға, не оның заңды өкiлiне немесе заңды негiзде көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi жүргiзетiн адамға тапсырылады.
7. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi тексеру хаттамасында оның жасалған күнi мен орны, хаттама жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi, тексерiлген көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi иеленушi адамның жеке басы туралы мәлiметтер, көлiк құралының, шағын көлемдi кеменiң тұрпаты, маркасы, үлгiсi, мемлекеттiк тiркеу нөмiрi, өзге де тақылеттестiк белгiлерi туралы мәлiметтер көрсетiледi.
8. Тексеру хаттамасында фото- және кино түсiрiлiмдерi, бейнежазба, құжаттарды көрсетудiң белгiленген өзге де әдiстерi қолданылғаны туралы жазба жасалады. Фото- және кино түсiрiлiмдерiн, бейнежазба, заттай дәлелдемелердi көрсетудiң белгiленген өзге де құралдарын қолданып, тексеру жүргiзу кезiнде алынған материалдар тиiстi хаттамаға қоса тiркеледi.
9. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi тексеру хаттамасына оны жасаған лауазымды адам, өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан адам, тексеру жүргiзiлген көлiк құралының, шағын көлемдi кеменiң иесi не оның өкiлi қол қояды. Өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан адам, тексеру жүргiзiлген көлiк құралының, шағын көлемдi кеменiң иесi, оның өкiлi хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиiстi жазба жасалады.
775-бап. Тексеру
1. Тексеру, яғни әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың iздерiн, өзге материалдық объектiлердi, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру үшiн маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында көлік құралды, сол жердi, заттарды, құжаттарды, тiрi адамдарды көрнекі зерттеу.
2. Тексеру әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалғанға дейін жүргізілуі мүмкін.
776-бап. Тексеру жүргiзудiң жалпы қағидалары
1. Тексеру, әдетте, қажеттiлiк туындаған жағдайда дереу жүргiзiледi. Тексеру жүргiзiлгенi туралы хаттама толтырылады. Хаттамада оның жасалған күнi мен орны, хаттаманы жасаған адамның лауазымы, тегi, аты-жөнi, тексерiлген адам, заттардың түрi, саны, өзге де ұқсас белгiлерi туралы, соның iшiнде қарудың тұрпаты, маркасы, үлгiсi, калибрi, сериясы, нөмiрi, белгiлерi, оқ-дәрiлердiң, арнайы жедел iздестiру iс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдардың және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдарының саны мен түрi туралы мәлiметтер көрсетiледi.
Қажет болған жағдайда, сондай-ақ тексеруге қатысушылардың талабы бойынша хаттама жасалады. Хаттамада оны жасалған күні мен жері, хаттаманы жасаған адамның лауазымы, тегі және аты-жөні, тексеруге тартылған адам туралы мәліметтер, заттардың түрі, саны, өзге сәйкестендіру белгілері, соның ішінде қарудың типі, маркасы, моделі, калибрі, сериясы, нөмірі, белгілері, оқ-дәрінің саны мен түрі, арнаулы жедел-іздестіру жүргізу үшін арнаулы техникалық құралдар және ақпаратты қорғау криптографиялық құралдар көрсетіледі.
2. Тiрi адамдарды тексерудi осы Кодекстiң 768-бабында аталған лауазымды адамдар жүргiзедi. Тiрi адамдарды тексерудi тексерiлушiмен жынысы бiрдей адам және жынысы осындай екi куәгердiң қатысуымен жүргiзедi.
Тiрi адамның заттарын тексерудi, яғни олардың құрылымдық тұтастығын бұзбай жүзеге асырылатын тексерудi осы Кодекстiң 768-бабында аталған, оған уәкiлеттi лауазымды адамдар осы заттарды меншiктенушi немесе иеленушi адамның қатысуымен және екi куәгердiң қатысуымен жүргiзедi.
Тiрi адамда айналадағылардың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн қару немесе өзге заттар бар деуге негiз болған ерекше жағдайларда оның жеке басын тексеру, заттарын тексеру бұл туралы жиырма төрт сағат iшiнде прокурорға хабарланып, куәгерлерсiз жүргiзiлуi мүмкiн.
3. Осы баптың 2-бөлiгiнде көрсетiлгендердi қоспағанда, орындарды, заттарды, құжаттарды тексеру, куәгерлердiң қатысуымен жүргiзiледi. Ерекше жағдайларда (жету қиындық тудыратын жерлерде, тиiстi байланыс құралдары болмаған кезде немесе басқа объективтi себептерге байланысты жеке тұлғаларды куәгерлер ретiнде тартуға мүмкiндiк болмағанда) тексеру куәгерлердiң қатысуынсыз, бiрақ бұл ретте оның барысы мен нәтижелерiн айғақтап көрсететiн техникалық құралдар қолданыла отырып жүргiзiледi.
4. Қажет болған жағдайда тексеру құқық бұзушының, жәбiрленушiнiң, куәлердiң, сондай-ақ маманның қатысуымен жүргiзiледi.
5. Табылған iздер мен өзге де материалдық объектiлердi тексеру әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде жүзеге асырылады. Егер тексеру үшiн қосымша уақыт қажет болса немесе табылған затты сол жерде тексеруге елеулi қиындықтар туындайтын болса, объектiлер алып қойылуы және буып-түйiлген, мөр басылған күйiнде, зақым келтiрiлмей, тексеруге қолайлы жерге жеткiзiлуi мүмкiн.
6. Тексеру кезiнде барлық табылған және алып қойылған заттар куәгерлерге, басқа да тексеруге қатысушыларға көрсетiлуге тиiс, ол жөнiнде хаттамаға белгi қойылады.
7. Iске қатысы бар объектiлер ғана алып қойылуға тиiс. Алып қойылған объектiлер буып-түйiлiп, мөр басылады және уәкiлеттi лауазымды адам мен куәгерлердiң қол қоюы арқылы расталады.
8. Тексеруге қатысушы адамдар олардың пiкiрiнше iстiң мән-жайын анықтауға септiгiн тигiзуi мүмкiн дегеннiң бәрiне уәкiлеттi лауазымды адамның назарын аударуға құқылы.
9. Қажет болған жағдайларда тексеру кезiнде тексерiлетiн объектiлер өлшенедi, олардың жоспарлары мен сызбалары жасалады, сондай-ақ суретке түсiрiледi және өзге де құралдармен түсiрiлiп алынады, ол туралы хаттамаға белгi жасалып, оған аталған материалдар қоса тiркеледi.
10. Тексеру хаттамасының көшiрмесi өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан адамға не оның заңды өкiлiне тапсырылады.
777-бап. Жеке адамның заттары мен құжаттарын алып қою
1. Құқық бұзушылық жасалған жерде не осы Кодекстiң 766-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қолдану кезiнде табылған құқық бұзушылық құралы не нысанасы болып табылатын құжаттар мен заттарды алып қоюды iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң тиiстi шараларын қолдануға уәкiлеттi лауазымды адамдар екi куәгердiң қатысуымен жүзеге асырады.
Ерекше жағдайларда (жету қиындық тудыратын жерлерде, тиiстi қатынас құралдары болмаған кезде немесе басқа да объективтi себептерге байланысты жеке тұлғаларды куәгерлер ретiнде тартуға мүмкiндiк болмағанда) құқық бұзушылық жасалған орында табылған құқық бұзушылық құралдары болатын не осы Кодекстiң 772-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қолдану кезiнде құжаттар мен заттарды алып қою куәгерлердiң қатысуынсыз, бiрақ бұл ретте оның барысы мен нәтижелерiн айғақтап көрсететiн техникалық құралдар қолданыла отырып жүргiзiлуi мүмкiн.
2. Заттар мен құжаттарды алып қою туралы хаттама жасалып, оның көшiрмесi өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан адамға немесе оның заңды өкiлiне тапсырылады, не әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға тиiстi жазба жасалады.
3. Құжаттар мен заттарды алып қою туралы хаттамада (әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада) алып қойылған құжаттардың түрi мен реквизиттерi, алып қойылған заттардың түрi, саны, өзге де тақылеттестiк белгiлерi туралы, соның iшiнде алып қойылған қарудың тұрпаты, маркасы, үлгiсi, калибрi, сериясы, нөмiрi, өзге де тақылеттестiк белгiлерi, оқ-дәрiлердiң саны мен түрi, арнаулы жедел iздестiру шараларын өткiзуге арналған арнаулы техникалық құралдар және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдары туралы мәлiметтер болады.
4. Хаттамаға оны жасаған лауазымды адам, тиiстi құжаттары мен заттары алып қойылған адам, куәгерлер қол қояды. Өзiнен тиiстi құжаттары мен заттары алып қойылған адам хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиiстi жазба жасалады.
5. Алып қойылған заттар мен құжаттар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қаралғанға дейiн алып қоюды жүргiзген лауазымды адам белгiлейтiн орындарда тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк орган
белгiлейтiн тәртiппен сақталады.
6. Алып қойылған атыс қаруы мен өзге де қару, сондай-ақ оқ-дәрiлер, арнаулы жедел iздестiру шараларын өткiзуге арналған арнайы техникалық құралдар және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдары Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi белгiлейтiн тәртiппен сақталады.
7. Iс қаралғаннан кейiн шығарылған қаулыға сәйкес алып қойылған құжаттар мен заттар олардың иесiне қайтарылады немесе тәркiленедi, немесе сатылады, немесе сақталады, немесе белгiленген тәртiппен жойылады. Жол жүрiсi саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша алып қойылған құжаттар iс бойынша қабылданған қаулы орындалғанға дейiн сақталады.
8. Егер адам жасаған әкімшілік құқық бұзушылық үшін осы Кодексте көлік құралды басқаруға құқығынан айыру түрінде санкция көзделсе, онда тек сол жағдайда ғана көлік құралды басқаруға құқық беретін жүргізуші куәлігі алып қоюға жатады. Басқа жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырғаннан кейін көлік құралды басқаруға құқық беретін жүргізуші куәлігі тез арада иесіне қайтарылады.
9. Жол жүрiсi ережелерiн бiлуiн тексеруге жiберу туралы қаулы бойынша алып қойылған жүргiзушi куәлiгi немесе көлiк құралын жүргiзуге құқық беретiн жүргiзушi куәлiгiнiң орнына берiлген куәлiк, иесi жол жүрiсi ережелерiн бiлуiн тексеруге арналған емтиханды тапсырған жағдайда жүргiзушiге қайтарылады.
Жүргiзушi емтиханға жiберу туралы қаулыны алған күннен бастап екi ай iшiнде жол жүрiсi ережелерiн бiлуiн тексеруге арналған емтихан тапсырмаған жағдайда, қаулы шығарған лауазымды адам Қазақстан Республикасының жол жүрiсi қауiпсiздiгi саласындағы заңнамасында көзделген шараларды қолданады.
Алып қойылған жүргiзушi куәлiгiнiң орнына жүргiзушiге уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша уақытша куәлiк берiледi.
10. Көлік құралдардың мемлекеттік нөмірлері тек екі куәгерлердің және (немесе) көлік құралының иесінің қатысуымен ғана алып қоюға жатады, бұл ретте мемлекеттік нөмірлерді алып қоюды жүргізетін уәкілетті лауазымды адам көлік құралының иесіне алып қоюды жүргізудің негіздерін түсіндіруге міндетті. Салынған айыппұлды өндіріп алу мақсатында көлік құралдардың мемлекеттік нөмірлерін алып қоюды жүргізуге тыйым салынады.
11. Алып қойылған орден, медаль, Қазақстан Республикасының, Қазақ КСР-iнiң, КСРО-ның және басқа да мемлекеттердiң құрметтi атағының омырауға тағатын белгiсi олардың заңды иесiне қайтарылады, ал егер ол белгiсiз болса, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жiберiледi.
12. Жеке адамның заттары мен құжаттарын алып қою тек айрықша жағдайларда осы Кодекстің 772-бабының бірінші бөлігімен көзделген мақсаттарына жету үшін жүргізіледі. Осы шараны осы Кодексте көзделмеген мақсаттары үшін қолдану заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
778-бап. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi жүргiзуден шеттету
және мас күйiн куәландыру
1. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi жүргiзетiн жүргiзушi, кеме жүргiзушi, ол мас күйде деуге жеткiлiктi негiздер болса, көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi жүргiзуден шеттетiлiп, мас күйiн куәландыруға жатады.
2. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi жүргiзуден шеттетудi, мас күйiн медициналық емес куәландыруды және медициналық куәландыруға жiберудi, тиiсiнше, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң және көлiк бақылау органдарының көлiк құралын жүргiзушi адам құқық бұзушылық жасаған жағдайда - әскери полициясының қызметкерлері жүргiзедi.
3. Мас күйiн куәландыруға жiберу, мас күйiн куәландыру және оның нәтижелерiн ресiмдеу Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi. Жүргiзушi, кеме жүргiзушi куәландыру нәтижелерiмен келiспеген жағдайда ол медициналық куәландыруға медициналық мекемеге жiберiледi.
4. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi жүргiзуден шеттету туралы, мас күйiн куәландыру үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға белгi жасалады.
5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада куәландырудан өткiзу үшiн көлiк жүргiзуден шеттетiлген күнi, уақыты, орны, негiздерi көрсетiледi. Хаттаманың көшiрмесi өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан адамға не оның заңды өкiлiне тапсырылады.
6. Мас күйiн куәландыру актiсi тиiстi хаттамаға қоса тiркеледi.
779-бап. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi ұстау, жеткiзу
және пайдалануға тыйым салу
1. Осы Кодекстiң 354, 355, 357, 359, 368, 369, 370, 379 - 383, 555, 556, 557, 558, 559, 564, 566, 569, 570, 571 (екiншi, үшiншi және төртінші бөлiктерiнде), 574 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 578 (үшiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 590 (бiрiншi, екiншi, төртiншi, бесiншi бөлiктерiнде), 591 (екiншi бөлiгiнде), 631 (571-591-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 645 (571 - 591-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлiгiнде)-баптарында аталған бұзушылықтар жасалған кезде, осы баптың екiншi бөлiгiнде аталған уәкiлеттi лауазымды адам көлiк құралдарын, шағын көлемдi кеменi уақытша сақтау үшiн оларды арнаулы алаңдарға немесе тұрақтарға, оның iшiнде басқа көлiк құралын (эвакуаторды), шағын көлемдi кеменi пайдалана отырып жеткiзу арқылы ұстау себептерi жойылғанға дейiн ұстауға, жеткiзуге және пайдалануға тыйым салуға құқылы;
осы Кодекстiң 571 (бiрiншi,бесінші - оныншы бөлiктерiнде), 578 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 588, 589-баптарында аталған бұзушылықтар жасалған кезде, осы баптың екiншi бөлiгiнде аталған уәкiлеттi лауазымды адам көлiк құралын пайдалануға тыйым салу себептерi жойылғанға дейiн мемлекеттiк тiркеу нөмiрiнiң белгiлерiн алып қою арқылы көлiк құралдарын пайдалануға тыйым салуға құқылы.
Көлiк құралын уақытша сақтау үшiн арнаулы алаңдарға немесе тұрақтарға жеткiзу (эвакуациялау) көлiк құралдарын жүргiзушiлер тоқтау немесе тоқтап тұру ережелерiн бұзған және өздерi сол жерде болмаған жағдайларда, сондай-ақ жүргiзушiлердiң қайда екенiн анықтау мүмкiн болмаса, олар жолда қараусыз қалдырған көлiк құралдарына қатысты да қолданылуы мүмкiн.
2. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi ұстауды, жеткiзудi және пайдалануға тыйым салуды ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа әскерлердің және әскери құралымдардың көлiк құралын жүргiзушi адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жағдайда әскери полициясының, өз өкiлеттiктерi шегiнде көлiк бақылау органдарының, орман және аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, балық қорғау органдарының (орман, балық, аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдарды бұзған кезде) қызметкерлері жүргiзедi.
3. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi ұстау, жеткiзу және пайдалануға тыйым салу туралы белгiленген нысандағы акт жасалып, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға қоса тiркеледi.
Пайдалануға тыйым салынатын ақауы бар немесе тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген немесе мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық тексеруден өтпеген, сол сияқты мемлекеттiк тiркеу нөмiрлiк белгiлерi жоқ не жасырын, қолдан жасалған немесе мемлекеттiк стандартқа сай емес нөмiрлiк белгiлерi бар көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi пайдалануға тыйым салынады.
4. Ұсталған көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi сақтау жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша құрылатын және коммуналдық меншiк болып табылатын арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда жүзеге асырылады.
780-бап. Заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды,
тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi
құжаттарды тексеру
1. Заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды тексерудi осы Кодекстiң 786-бабына сәйкес заңды тұлғалардың әкiмшiлiк құқық бұзушылығы туралы хаттамалар жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдар жүргiзедi.
2. Тексеру заңды тұлға өкiлiнiң және екi куәгердiң қатысуымен жүргiзiледi.
3. Тексеру жүргiзiлгенi туралы хаттама жасалады. Хаттаманың көшiрмесi өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан заңды тұлғаның өкiлiне тапсырылады.
4. Заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды тексеру хаттамасында оның жасалған күнi мен орны, хаттама жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi, тиiстi заңды тұлға туралы, сондай-ақ оның заңды өкiлi не өзге қызметкерi туралы мәлiметтер, тексерiлген аумақтар мен үй-жайлар, тауарлар мен басқа да заттардың түрлерi, саны, өзге де тақылеттестiк белгiлерi, құжаттардың түрлерi мен реквизиттерi туралы мәлiметтер көрсетiледi.
5. Тексеру хаттамасында оны жүргiзу барысында фото- және кино түсiрiлiмдерi, бейнежазбалар, құжаттарды көрсетудiң өзге де белгiленген әдiстерi қолданылғаны туралы жазба жасалады. Фото-, кино түсiрiлiмдерiнiң, бейнежазбаларды, заттай дәлелдемелердi көрсетудiң өзге де белгiленген құралдарын қолдану нәтижесiнде алынған материалдар тиiстi хаттамаға қоса тiркеледi.
6. Заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды тексеру хаттамасына оны жасаған лауазымды адам, тиiстi заңды тұлға болып табылатын ұйымның заңды өкiлi, кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда ұйымның өзге қызметкерi, сондай-ақ куәгерлер қол қояды. Аталған заңды тұлғаның заңды өкiлi немесе өзге қызметкерi хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиiстi жазба жасалады.
781-бап. Заңды тұлғаға тиесiлi құжаттар мен мүлiктi алып қою
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде не заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарға, үй-жайларға, көлiк құралдарына, тауарларға, өзге де мүлiкке тексеру жүргiзу кезiнде табылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған, заңды тұлғаға тиесiлi құжаттарды, тауарларды, өзге де мүлiктi, заттарды алып қоюды осы Кодекстiң 615-бабында аталған лауазымды адамдар, сондай-ақ осы Кодекстiң 222, 223, 224, 405-баптары бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға құқығы бар уәкiлеттi лауазымды адамдар жүзеге асырады. Заңды тұлғаға тиесiлi құжаттарды, тауарларды, өзге де мүлiктi алып қоюды, сондай-ақ оларды сақтауды ресiмдеу осы Кодекстiң 777-бабында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
782-бап. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына
және өзге де мүлiкке тыйым салу
1. Заңды тұлғаға тиесiлi әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралдары не нысанасы болған тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы, оларға билiк етуге (ал қажет болған жағдайларда пайдалануға да) тыйым салынғаны туралы iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлғаның заңды өкiлiне хабарлана отырып, аталған тауарлардың, көлiк құралдарының және өзге де мүлiктiң тiзiмдемесi болып табылады және егер осы тауарларды, көлiк құралдарын және өзге де мүлiктi алып қою мүмкiн болмаған және (немесе) олардың сақталуын алып қоймай қамтамасыз ету мүмкiн болатын жағдайда қолданылады. Тыйым салынған тауарлар, көлiк құралдары және өзге де мүлiк тыйым салған лауазымды адам тағайындаған басқа да адамдардың жауапкершiлiкпен сақтауына берiлуi мүмкiн.
2. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салуды, тауар, көлiк құралы және өзге де мүлiк иесi мен екi куәгердiң қатысуымен осы Кодекстiң 786-бабында, 636-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған уәкiлеттiк берiлген лауазымды адамдар жүзеге асырады.
Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда, тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу олардың иесiнiң қатысуынсыз жүзеге асырылуы мүмкiн.
3. Қажет болған жағдайларда фотоға және киноға түсiру, бейнежазба қолданылады.
4. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу туралы хаттама жасалады. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу туралы хаттамада оның жасалған күнi мен орны, хаттама жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi, өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлға туралы және иелiгiнде тыйым салынған тауарлар, көлiк құралдары және өзге де мүлкi бар адам туралы мәлiметтер, олардың тiзiмдемесi және бiрдейлендiру белгiлерi көрсетiледi, сондай-ақ фотоға және киноға түсiру, бейнежазба қолданылғаны туралы жазба жасалады. Фотоға және киноға түсiру, бейнежазба қолданып тыйым салуды жүзеге асыру кезiнде алынған материалдар хаттамаға қоса тiркеледi.
5. Тыйым салынған тауарлар, көлiк құралдары және өзге де мүлiк қажет болған жағдайларда буып-түйiледi және (немесе) оларға сүргiш салынады.
6. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу туралы хаттаманың көшiрмесi өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлғаның заңды өкiлiне тапсырылады.
7. Заңды тұлғаға тиесiлi тыйым салынған тауарларды, көлiк құралдарын және өзге де мүлiктi өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлғаның не тыйым салынған мүлiктi сақтауды жүзеге асыратын адамның иелiктен айыруы немесе жасырып қалуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
783-бап. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру
не оларға тыйым салу
1. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу уақытша, уәкілетті органдар (лауазымды адамдар) белгілеген жеті тәуліктен аспайтын мерзімге жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, оның ішінде заңды тұлға филиалдарының, өкілдіктерінің, құрылымдық бөлімшелерінің, өндірістік учаскелердің қызметті немесе оның жекелеген түрлерін, сондай-ақ агрегаттарды, объектілерді, ғимараттар немесе құрылыстарды пайдалануды, жекелеген қызмет (жұмыс) түрлерін жүзеге асыруды, қызмет көрсетуді тоқтатуы болып табылады.
Егер жасалған әкімшілік құқық бұзушылық үшін қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалу мүмкін болса, онда қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салуды қолдану мүмкін.
Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу айрықша жағдайларда ғана, егер бұл адамдардың өміріне немесе денсаулығына тікелей қауіп төндіруді, карантиндік объектілерден карантинге жатқызылған объектілердің эпидемиясының, эпизоотиясының, жұқтырудың (ластанудың) пайда болуын, радиациялық авария мен техногендік апаттың болуын, қоршаған ортаның жай-күйіне немесе сапасына едәуір зиян келтіруді болдырмау үшін, Қазақстан Республикасындағы еңбек қызметіне шетелдік азаматты немесе азаматтығы жоқ адамды тартуда не шетелдік азаматтарға, азаматтығы жоқ адамдарға және шетелдік ұйымдарға қатысты заңға сәйкес белгіленген қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыру шектеулерін сақтамауда не шетелдік азаматты және азаматтығы жоқ адамдарды сауда объектілерінде (оның ішінде сауда кешендерінде) жүзеге асырылатын еңбек қызметіне тарту қағидаларын бұзуда байқалған бұзушылықтарды жою үшін қажет болса және егер көрсетілген мән-жайларды басқа тәсілдермен болдырмау мүмкін болмаса, қолданылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заңнамасын бұзу кезінде қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу қолданылмайды. Күдікті операцияларды тоқтата тұру Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
2. Осы Кодекстің 792-бабына сәйкес қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу түріндегі әкімшілік жаза қолдануы мүмкін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасауға уәкілетті лауазымды адам қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салуды жүзеге асырады.
3. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы акт жасалады, онда осы шараны қолданудың негіздері, күні және оның жасалған жері, акт жасаған лауазымды адамның лауазымы, тегі және аты-жөні, өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізілетін адам туралы мәлімет, уақытша тыйым салынған қызметтің объектісі, қызметке нақты тыйым салынған уақыты, адамның түсініктемесі және істі дұрыс шешу үшін өзге да деректер көрсетіледі. Бұл ретте, қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы акті сот шешімін шығарғанға дейін қолданыста болады.
4. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы актіге оны жасаған лауазымды адам, оның қызметі уақытша тоқтатылған жеке адам немесе заңды тұлғаның өкілі қол қояды. Егер аталған адамдардың біреуі актіге қол қоймаған жағдайда лауазымды адам бұл туралы актіге тиісті жазбаны жасайды.
5. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы актінің көшірмесі қызметі уақытша тоқтатылған адамға қолхатпен беріледі.
6. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы актіні жасаған лауазымды адам пломбаларды салуды, ғимараттарға, тауарларды және өзге материалдық құндылықтарды сақтайтын жерлерге, кассаларға сүргі салуды жасайды, сондай-ақ актіде көрсетілген адамдардың қызметті уақытша тоқтатуға қажетті іс-шараларды орындау бойынша басқа да іс-шаралар қолданылады.
41-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау
784-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғаудың
дәлелдерi мен негiздемесi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауға:
1) уәкiлеттi лауазымды адамның осы баптың үшінші бөлiгiнiң ережелерiн ескере отырып, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiн тiкелей анықтауы;
2) құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттiк органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан түскен материалдар;
3) жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары немесе мәлiмдемелерi, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар;
4) сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдары мен аспаптарының көрсеткiштерi себеп болып табылады.
2. Іс бойынша іс жүргізуге жол бермейтін осы Кодекстің 722-бабында көзделген мән-жайлар болмаған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерiн көрсететiн жеткiлiктi деректердiң болуы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау үшiн негiздеме болады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасына сәйкес тексерілетін объектіге қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауға «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргiзiлген тексерудiң нәтижесi негiз болып табылады.
Осы бөліктің күші «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 3-бабының 3, 4-тармақтарында және 12-бабының 3-тармағында көзделген салаларда, сондай-ақ мемлекеттік статистика саласында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде және салық қызметі органдары бақылаудың өзге де нысандарын жүзеге асырған кезде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларға қолданылмайды.
4. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша осы Кодекстің 766-бабында көзделген іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларды қолдану туралы бірінші хаттама жасалған, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттама жасалған немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау туралы прокурор қаулы шығарған кезден бастап, сондай-ақ судья (сот) сот талқылауы барысында процеске қатысушы адамның тарапынан сотқа құрметтемеушiлiк бiлдiру фактiсiнiң анықталғаны туралы жариялаған кезден бастап әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған болып саналады.
Әкімшілік құқық бұзушылықты автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдар мен аспаптары тіркелген жағдайда, сондай-ақ салық қызметінің органдары олар бойынша істерді қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хабарлау (хабарлама) іс тиісті түрде берілген кезден бастап қозғалған деп саналады.
785-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама
1. Осы Кодекстiң 789-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы оған уәкiлеттi лауазымды адам жазбаша нысанда жасайды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жазбаша нысанмен бірге электрондық нысанда да қолданылу мүмкін.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада:
1) хаттама жасалған күнi мен орны;
2) хаттаманы жасаған адамның лауазымы, тегі және аты-жөнi;
3) өзіне қатысты ic қозғалған адам туралы мәлiметтер (жеке адамдар үшiн – тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде), туған күнi, тұрғылықты жерi, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, сәйкестендіру нөмірі, жұмыс орны, телефонның, факстың, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және (немесе) электрондық мекенжайы (егер олар болған кезде); заңды тұлғалар үшін – атауы, орналасқан жері, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу) нөмiрi және күнi, сәйкестендіру нөмiрi және банк деректемелері, телефонның, факстың, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және (немесе) электрондық мекенжайы (егер олар болған кезде).
4) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалған орны, уақыты мен мәнi;
5) осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнiң 2-бөліктің осы құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылық көзделетiн бабы; егер олар бар болса, куәлардың және жәбiрленушiлердiң тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), мекен-жайы;
6) өзiне қатысты iс қозғалған жеке адамның не заңды тұлғаның өкiлiнiң түсiнiктемесi; егер ол әкiмшiлiк құқық бұзушылықты анықтау және тіркеп жазу кезiнде пайдаланылса, метрологиялық салыстырып тексерудiң атауы, нөмiрi, күнi, техникалық құралдың көрсеткіштері;
7) iстi шешу үшiн қажеттi өзге де мәлiметтер көрсетiледi, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiн растайтын құжаттар қоса берiледi.
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезде іс жүргізудің тілі белгіленеді. Өзiне қатысты iс қозғалған адамға, сондай-ақ іс бойынша іс жүргізудің басқа да қатысушыларына олардың осы Кодексте көзделген құқықтары мен мiндеттерi түсiндiрiлiп, бұл туралы хаттамада белгi жасалады.
4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға оны жасаған адам және осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан адам (адамның өкілі) қол қояды. Жәбiрленушiлер мен куәлар болған кезде, сондай-ақ куәгерлер қатысқан жағдайда хаттамаға сол адамдар да қол қояды.
5. Соттар қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша, тиiстi түрде хабарланған өзіне қатысты іс қозғалған адам жоқ болған немесе келмеген жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамның жоқтығы немесе келмеуi туралы белгi қоя отырып, оны толтырған адам қол қояды.
6. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөнiнде хаттамаға қол қойып қабылдаудан бас тартқан жағдайда, хаттамаға оны толтырған адам тиiстi жазба жасалады.
7. Өзiне қатысты iс қозғалған жеке адамға немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiне әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамамен танысуға мүмкiндiк берiлуге тиiс. Аталған адамдар осы хаттамаға қоса берілетін хаттаманың мазмұны бойынша түсiнiктеме беруге және ескерту жасауға, сондай-ақ оған қол қоюдан өзiнiң бас тарту себебiн баяндауға құқылы. Бұл адамдар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиiстi жазба жасалады. Өзіне қатысты іс қозғалған адамның хаттамаға қол қою фактісі сол адамның хаттамамен танысқаны туралы куәландырады және әкімшілік құқық бұзушылықты жасауда өзінің кінәсін мойындау болып табылмайды.
8. Осы бөлiкте көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалғаннан кейiн, оның көшiрмесi қолхат алынып, өздерiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаға, заңды тұлғаның заңды өкiлiне, сондай-ақ жәбiрленушiге дереу тапсырылады.
9. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама осы Кодекстiң 790-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 4) тармақшасында көзделген, сондай-ақ осы баптың бесінші және алтыншы бөлiктерiнде негiздер бойынша өзiне қатысты iс қозғалған адам болмаған кезде жасалған жағдайда, ол өзiне қатысты iс қозғалған адамға хабарлана отырып, оны жасалғаннан кейін екі тәулік ішінде тапсырыс хатпен почта арқылы жiберiледi. Өзіне қатысты іс қозғалған адамның хаттаманы алған кезден бастап үш тәулік ішінде оны қайтармау фактісі оған қол қоюдан бас тарту деп танылады, ол туралы хаттама көшірмесінде тиісті жазба жасалады.
786-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға
құқығы бар лауазымды адамдар
1. Соттар қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша құқық бұзушылық туралы хаттаманы мыналардың:
1) iшкi iстер органдарының оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының (79, 121, 124-127, 141, 145, 152 (екiншi бөлiгi), 179, 187 (екінші бөлігі), 188, 369 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 370 (үшiншi және төртiншi бөлiктерi), 385, 405 (азаматтық және қызметтiк қаруларға және олардың патрондарына, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылған бұйымдардың айналымына байланысты химиялық өнiмдерге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылық бойынша), 414, 412 (екiншi бөлiгi), 416, 423, 424, 426 (үшiншi бөлiгi), 428 (екінші және үшiншi бөлiктері), 430, 431 (екiншi бөлiгi), 432 (бiрiншi бөлiгi), 433 (бiрiншi, оныншы және он бiрiншi бөлiктерi 435, 436, 441, 450 (үшінші бөлiгi), 451, 457 (екiншi бөлiгi), 464, 465, 466, 467, 468, 469, 471 (екiншi бөлiгi), 474 (екiншi-төртінші бөлiктері), 480 (екінші бөлiгi), 496 (екiншi бөлiгi), 498 (екiншi бөлiгi), 501 (екiншi және төртінші бөлiктерi), 550 (екiншi бөлiгi), 571 (төртінші бөлiгi), 574 (екiншi, үшiншi бөлiктерi), 577 (бесінші бөлiгi), 584 (бiрiншi бөлiгi), 585 (екінші бөлiгi), 586 ( екiншi бөлiгi), 588 (бiрiншi, екiншi бөлiктерi) 589, 591(екiншi, үшінші және төртінші бөлiктерi), 598 (үшiншi бөлiгi), 606, 631 (571-591-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 639, 642, 645 (571-591-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 651-баптар);
2) өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының (405 (өрт және жарылыс қауiпсiздiгi бөлiгiнде машиналар мен жабдықтарға, химиялық өнiмдерге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылық бойынша), 450 (үшінші бөлігі)-баптар));
3) жекелеген жерлер комендатураларының оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының (464, 466-баптар);
4) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полициясы органдарының оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының осы Кодекстің 571 (төртінші бөлiгi), 577 (бесінші бөлігі), 584 (бірінші және екiншi бөлiктерi), 585 (екiншi бөлiгi), 586 (екiншi бөлiгi), 588 (бірінші және екiншi бөлiктерi), 589, 591 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 597 (төртінші бөлігі), 598 (үшiншi бөлiгi), 606-баптарында көзделген жиынға шақырылған әскери қызметшiлер мен әскери мiндеттiлер және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа әскерлер мен әскери құралымдарының көлiк құралдарын жүргiзетін адамдар жасаған құқық бұзушылық туралы, сондай-ақ осы баптың 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, 628-бабы бойынша лауазымды адамдарға қатысты, 656-бабы бойынша әскери бөлімдердің (мекемелердің) командирлеріне (бастықтарына) қатысты;
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi әскери полициясы органдарының оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының осы Кодекстiң 571 (төртінші бөлiгi), 577 (бесiншi бөлiгi), 584 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi), 585 (екiншi бөлiгi), 586 (екiншi бөлiгi), 588 (бірінші және екiншi бөлiктерi), 589, 591 (екiншi, үшінші және төртінші бөлiктерi), 596 (төртінші бөлiгi), 598 (үшiншi бөлiгi)-баптарында көзделген арнаулы мемлекеттiк органдардың көлiк құралдарын жүргiзушi адамдар жасаған құқық бұзушылық туралы, сондай-ақ 656-бабы бойынша әскери бөлімдердің командирлеріне қатысты;
6) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлердің әскери полициясы органдарының оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының осы Кодекстің 571 (төртінші бөлiгi), 577 (бесінші бөлігі), 584 (бірінші және екiншi бөлiктерi), 585 (екiншi бөлiгi), 586 (екiншi бөлiгi), 588 (бірінші және екiншi бөлiктерi), 589, 591 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 696 (төртінші бөлігі), 598 (үшiншi бөлiгi)-баптарында көзделген жиынға шақырылған әскери қызметшiлер мен әскери мiндеттiлер жасаған құқық бұзушылық туралы, сондай-ақ 656-бабы бойынша әскери бөлімдердің командирлеріне қатысты;
7) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi органның оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының 450 (үшінші бөлiгi), 451-баптар;
8) ветеринария саласындағы уәкiлеттi органның оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының (405-бап (ветеринариялық бақылауға жататын тамақ өнiмдерiне қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылық бойынша));
9) орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы органдардың оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының (152 (екiншi бөлiгi), 369 (екінші, үшiншi бөлiктерi), 370 (үшiншi бөлiгi), 382 (екiншi бөлiгi), 383 (екiншi бөлiгi), 385, 450 (үшінші бөлiгi), 451-баптар);
10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органдардың оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының (131 (екiншi және үшінші бөлiктерi), 313 (екінші бөлiгi), 320 (екiншi бөлiгi), 382 (екiншi бөлiгi), 383 (екiншi бөлiгi), 384 (үшiншi бөлiгi), 386 (екiншi және үшінші бөлiктерi), 405 (химиялық өнiмдерге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылық бойынша), 450 (үшінші бөлігі)-баптар);
11) жер қойнауын зерделеу және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау органдарының оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының 405, 450 (үшінші бөлігі)-баптар;
12) мәдениет және ақпарат саласындағы уәкiлеттi органның оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының (72, 137-баптар);
13) туристiк қызмет саласындағы уәкiлеттi органның оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының (176 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктері), 450 (үшінші бөлігі)-баптар);
14) ойын бизнесi және лотерея қызметі саласындағы уәкiлеттi органның оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының (201 (бесіншi бөлiгi), 432 (бірінші бөлігі), 433-баптар);
15) өсiмдiктер карантинi және оларды қорғау жөнiндегi органдардың оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының (405 (химиялық өнiмдерге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылық бойынша)-бап);
16) тұқым шаруашылығы және астық нарығын реттеу саласындағы органдардың оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының (389 (төртiншi бөлiгi), 450 (үшiншi бөлiгi)-баптар);
17) биоотын өндiрiсi саласындағы уәкiлеттi органның оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының (161-бап (екiншi, жетiншi, он үшiншi (биоотын өндiрiсi бөлiгiнде) бөлiктерi);
18) биоотын айналымы саласындағы уәкiлеттi органның оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының (161-бап (оныншы, он бiрiншi, он екiншi, он үшiншi (биоотын айналымы бөлiгiнде), он төртiншi бөлiктерi);
19) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органның оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының (394 (екiншi және үшінші бөліктері), 451-баптар);
20) ауыл шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органның оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының (405-бап (машиналар мен жабдықтарға, химиялық өнiмдерге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылық бойынша);
21) мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының (299 (екiншi бөлiгi), 300, 301, 303 (екiншi бөлiгi), 304 (төртінші бөлiгi), 306, 450 (үшінші бөлігі) 451-баптар);
22) мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының (399 (үшінші бөлігі), 450 (үшінші бөлігі)-баптар);
23) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының (142 (екiншi бөлiгi), 181 (екінші және үшінші бөлiктерi), 269, 299 (екінші бөлiгi), 301, 402, 405 (тамақ өнiмдерiне, ойыншықтарға, химиялық өнiмдерге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылық бойынша), 414 (екiншi бөлiгi), 415, 450 (үшінші бөлiгi)-баптар);
24) байланыс және ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органның оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының (405 (байланыс құралдарына қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылық бойынша), 450 (үшінші бөлiгi), 451, 452 (екiншi бөлiгi), 613 (екiншi бөлiгi), 615 (екінші бөлігі)- баптар);
25) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының (450-бап (үшінші бөлiгi));
26) көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органның оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының (405 (машиналар мен жабдықтарға, химиялық өнiмдерге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылық бойынша), 450 (үшінші бөлігі), 451, 547 (екінші бөлігі)-баптар);
27) көлiк бақылау органдарының оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының (450 (үшінші бөлiгi), 451, 452 (екiншi бөлiгi), 566 (екiншi бөлiгi), 591 (екiншi бөлiгi), 606-баптар);
28) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi органдарының оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының (201 (бұл бұзушылықтарды аудиторлар, аудиторлық ұйымдар жасағанда), 232, 233-баптар);
29) iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының (450-бап (үшінші бөлігі));
30) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының (201 (бірінші-бесінші бөлiктерi)-бап);
31) акцизделетiн өнiм өндiрудi және оның айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi органдардың оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының (269(үшiншi, төртiншi, алтыншы, жетiншi және тоғызыншы бөлiктерi), 188 (үшiншi және төртiншi бөлiктерi), 268 (төртiншi-алтыншы бөлiктерi), 270, 451, 452-баптар);
32) қаржы полициясы органдарының оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының (142 (екiншi бөлiгi), 144, 145, 149, 165, 168, 172, 179 (үшiншi және төртiншi бөлiктерi), 269 (үшiншi және төртiншi бөлiктерi), 267, 268 (бесінші және алтыншы бөлiктерi), 270, 272, 385, 451, 452 (екінші бөлiгi), 467, 469, 637-646, 648, 650, 658-662, 664-баптар 461, 452, 631-640, 642, 644, 652-655, 657);
33) салық қызметi органдарының оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының (168, 171, 172, 269 (үшiншi, төртiншi, алтыншы, жетiншi және тоғызыншы бөлiктерi), 188 (үшiншi және төртiншi бөлiктерi), 265 (төртiншi-алтыншы бөлiктерi), 270, 451, 452, 474 (бесiншi, алтыншы, жетiншi, сегiзiншi, тоғызыншы бөлiктерi), 652-655-баптар);
34) кеден органдарының оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының (142 (екiншi бөлiгi), 512 (бірінші бөлiгi), 516, 525, 527 (бірінші және үшінші бөлiктерi), 528, 529, 532 (екiншi бөлiгi), 533, 534, 535 (екінші бөлiгi), 536 (екiншi бөлiгi)-баптар), сондай-ақ осы Кодекстiң 414 (екiншi бөлiгiнде), 451, 571 (төртінші бөлiгi)-баптарында көзделген Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автомобиль өткiзу пункттерiнде жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша);
35) әдiлет органдарының оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының (149, 201 (бесінші бөлiгi), 447, 450 (үшінші бөлігі)-баптар);
36) заңнамаға сәйкес лицензиарлар болып табылатын органдардың оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының (143 (екiншi бөлiгi), 299 (екiншi бөлiгi), 300, 301, 303 (екiншi бөлiгi), 379 (үшiншi бөлiгi), 344 (екiншi бөлiгi), 450 (үшінші бөлiгi), 451, 452 (екiншi бөлiгi), 598 (үшiншi бөлiгi)-баптар);
37) табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының (163 (бірінші және үшінші бөліктері (мұнай өнімдерін бөлшек сатып өткізудің шекті бағасын асырып жіберу бойынша) 450 (үшiншi бөлiгі)–бап);
38) кәсiпкерлiк жөнiндегi уәкiлеттi органның оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының (167, 450 (үшінші бөлігі)-баптар);
39) техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы органдар мен оның аумақтық органдарының оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының (181 (екінші бөлiгi), 404 (екінші және үшiншi бөліктері), 405, 406 (екінші бөлігі), 408 (екінші және үшiншi бөліктері), 433 (үшiншi, тоғызыншы, оныншы және он екiншi бөлiктерi), 450 (үшiншi бөлiгi), 451, 615 (екiншi бөлiгi)-баптар);
40) мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау органдарының оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының (164 (бірінші бөлігі), 164, 283 (екінші бөлігі), 287-291, 292 (электр және жылу желiлерi тораптарының күзет аймақтарындағы бұзушылықтар бойынша), 450 (үшінші бөлігі), 451 баптар);
41) индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкiлеттi органның оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының (405 (машиналар мен жабдықтар, химия өнiмi, ойыншықтар қауiпсiздiгi талаптарын бұзушылықтар бойынша) – бап);
42) сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi органның оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының (162 (осы бұзушылықтарды биржалық брокерлері және (немесе) биржалық дилерлері, сондай-ақ тауар биржалары қызметкерлерi жасағанда), 198 (бесінші бөлігі)-баптар);
43) заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу, бағалау қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының (173, 450 (үшінші бөлігі), 451-баптар);
44) мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi органның оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының (162, 163 (екінші және үшiншi бөлiктері (тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткiзудiң шектi бағасын асырып жiберу бойынша), 451-баптар);
45) атом энергия жөнiндегi органдардың оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының (402, 403, 405 (машиналар мен жабдықтарға қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылық бойынша)-баптар);
46) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының (369 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 370 (үшінші және төртінші бөлiктерi), 382 (екiншi бөлiгi), 383 (екiншi бөлiгi), 496 (екiншi бөлiгi), 497 (екiншi бөлiгi), 498 (екiншi бөлiгi), 501 (екiншi және төртiншi бөлiктерi)-баптар);
47) ұлттық қауіпсіздік органдарының оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының (441 (үшiншi бөлiгi) (мемлекеттiк құпияларға байланысты құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн), 450 (үшінші бөлігі), 465-баптар);
48) күзету iс-шараларын жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасы Президентi Күзет қызметiнiң оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының (141, 414 (екiншi бөлiгi), 424, 465, 468, 471 (екiншi бөлiгi), 491, 585-баптар);
49) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының (203, 206, 220 (үшiншi бөлiгi), 222, 223, 224, 234(бесiншi бөлiгi), 392 (бiрiншi бөлiгi), 450-баптар);
50) мемлекеттiк еңбек инспекциясы органдарының оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының (78, 405 (химиялық өнiмдерге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылық бойынша), 450 (үшінші бөлігі)-баптар);
51) бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының (396 (жетiншi бөлiгi), 450 (үшінші бөлігі), 451-баптар);
52) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының (307, 388 (жетiншi, сегiзiншi бөлiктерi), 391 (сегiзiншi, тоғызыншы бөлiктерi), 439, 440 (үшiншi, төртінші және алтыншы бөліктері), 441, 442 (екiншi бөлiгi), 443 (төртінші бөлiгi), 444, 451, 452 (екiншi бөлiгi);
53) банкроттық саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын органдардың оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының (450-бап (үшінші бөлiгi));
54) монополияға қарсы органның оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының (151, 152 (екінші бөлігі)-баптар);
55) медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау органдарының оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының (75 (екінші бөлiгi), 76 (екiншi бөлiгi), 396 (алтыншы және жетінші бөлiктерi), 413 (үшінші және бесінші бөлiктерi), 450 (үшінші бөлiгi), 452 (екiншi бөлiгi)- баптар);
56) дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналымы саласындағы мемлекеттік органның оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының (415 (екінші және үшінші бөліктері)-бап);
57) ғарыш қызметi саласындағы уәкiлеттi органның оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының (297, 298-баптар);
58) дiни қызмет саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының (475 (бірінші, үшінші, төртінші, алтыншы және жетінші бөліктері)-бап);
59) сот төрағасы немесе сот отырысында төрағалық етушi уәкiлдiк берген мемлекеттiк сот орындаушылары, сот приставтары және соттардың басқа да қызметкерлерiнің (630- 645, 649- 651-баптар);
60) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң уәкiлеттi қызметкерлерiнің (201 (бірінші-төртінші бөліктері), 232, 238, 239 (екінші бөлігі), 451-баптар);
61) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмдерi уәкiлдiк берген лауазымды адамдарының (630-бап);
62) Республикалық ұланның оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының (491-бап);
63) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының (93-бап);
64) қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органның уәкілетті қызметкерлерінің (174-бап) жасауға құқығы бар.
2. Осы Кодекстiң 661-716-баптарында көрсетiлген органдардың қарауына жатқызылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасауға осы органдардың оған уәкiлдiк берiлген лауазымды адамдарының құқығы бар. Бұдан басқа, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасауға:
1) көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының (566-баптың екiншi және үшінші бөліктері, 599, 600-баптар, 602 (автомобиль көлiгiнде және электр көлiгiнде құқық бұзушылық жасағаны үшiн)-бап);
2) орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдардың мамандандырылған ұйымдарының лауазымды адамдарының (130, 134, 135, 324, 326, 353-370, 372, 379 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 381 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi), 382 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi), 383 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi)-баптар);
3) жануарлар дүниесiн қорғау мәселелерiмен айналысатын аңшылық және балық аулау шаруашылығы қорықшыларының, директорларының (369, 370 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi)-баптар);
4) күзету iс-шараларын жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасы Президентi Күзет қызметiнiң (284, 592, 489, 651-баптар) құқығы бар.
787-бап. Прокурордың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс
бойынша іс жүргізуді қозғауы
1. Прокурор әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы қаулы шығаруға құқылы.
2. Прокурордың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы қаулысында осы Кодекстiң 785-бабында көзделген мәлiметтер болуы тиiс.
788-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасау
мерзiмдерi
1. Әкімшілік құқық бұзушылық жасалған фактісінен кейін тез арада әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалады.
2. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүргізілетін тексеру барысында әкімшілік құқық бұзушылық анықталған кезде тиісті тексеру аяқталғаннан кейін тез арада әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалады.
3. «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған монополистік қызметті жүзеге асыру кезінде әкімшілік құқық бұзушылық анықталған жағдайда, тергеу нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылдағаннан кейін тез арада әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалады.
4. Салық салу не бюджет қаражатын пайдалану саласындағы, техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған жағдайда, тиісті тексеру аяқталғаннан тез арада әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалады.
5. Осы Кодекстің 880-бабында айқындалған тәртіппен айыппұл төленбеген жағдайда осы Кодекстің осы бабында белгіленген мерзім өткеннен кейін хаттама бір тәулік ішінде жасалады.
6. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың мән-жайларын, өзiне қатысты iс қозғалған жеке тұлға жеке басын немесе заңды тұлға туралы мәлiметтердi және заңды тұлғаның өкiлiнiң жеке басын қосымша анықтау талап етiлген жағдайларда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама көрсетілген мән-жайлар анықталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, ал осы Кодекстiң 197, 204, 205, 207-баптарында, 214-бабының (бірінші және екінші бөліктерінде), 226(үшiншi және төртінші бөліктерінде), 230, 231, 238 және 239-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық бойынша, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі материалдарды аумақтық филиалдарға беру кезінде құқық бұзушылық немесе оны жасаған адам табылған кезден бастап он жұмыс күні ішінде жасалады.
7. Сараптама жүргiзу талап етiлетiн жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама сараптама қорытындысы алынған сәттен бастап екі тәулiк iшiнде жасалады.
8. 311 (бiрiншi бөлiгiнде), 324 (бiрiншi бөлiгiнде), 331, 334, 381(екiншi бөлiгiнде)-баптарда көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасының мөлшерiн белгiлеу талап етiлген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасының мөлшерi белгiленген кезден бастап бiр тәулiк iшiнде жасалады.
9. Осы баптың алтыншы бөлiгiнде көрсетiлген талаптар жеке адамның анықталмауына байланысты атқарылмауы мүмкiн жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама осы бапта белгiленген мерзiмдерде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсi бойынша жасалады.
10. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы материалдар бойынша дәлелдеме ретiнде сертификатталған, арнайы техникалық бақылау-өлшем құралдарының және аспаптарының деректерi пайдаланылған жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама құқық бұзушы болмағанда да жасалуы мүмкiн.
789-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайтын
жағдайлар
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама:
1) ескерту түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жағдайда, егер адам құқық бұзушылық жасау фактісін мойындаса;
2) егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарымен және аспаптарымен тіркелсе. Айыппұл арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралының немесе аспабының көрсеткіштері қоса беріліп, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама түрінде рәсімделеді, бұл туралы көлік құралының меншік иесі (иесі) тиісінше хабардар етіледі.
3) салық қызметінің органдары олар бойынша істерді қарайтын әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде;
4) жеке тұлғалар бұзылған құқықтарын қалпына келтiру туралы өтініш жазған жағдайда осы Кодекстiң 71-124 -баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi сот құқық бұзушылық туралы хаттама жасамай қарайды.
5) егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу прокурор қаулысымен қозғалған болса және судья (сот) тікелей сот қарау барысында осы Кодекстің 660-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісін анықтаған кезде жасалмайды.
2. Қаржы және сауда саласындағы құқық бұзушылықты қоспағанда, ескерту түрiндегi жазаны соған уәкiлеттiк берiлген лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде ресiмдейдi.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам ескерту жасау туралы қаулысының екiншi данасына қол қою арқылы қолданылған жазаға өзiнiң келiсетiнiн растайды.
790-бап. Хаттаманы (прокурордың қаулысын) iстi қарау үшiн
жiберу
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама (прокурордың қаулысы) қарау үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлдiк берiлген судьяға жасалған кезден бастап үш тәулiк iшiнде жiберiледi.
791-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс
жүргiзудi iстi қарауға бергенге дейiн қысқарту
Осы Кодекстiң 72, 723-баптарында көзделген мән-жайлардың тым болмаса бiреуi болған жағдайда iстi жүргiзiп жатқан лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi қысқарту туралы қаулы шығарады.
42-тарау. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша
қысқартылған іс жүргізу
792-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізудің негіздері
1. Лауазымды адам осы Кодекстiң 43-бабы бірінші бөлігінің бірінші абзацына сәйкес айыппұл түрінде әкімшілік жаза көзделген құқық бұзушылық фактісін оның жасалған орнында анықтаған жағдайда, өз кінәсін мойындаған және салынатын айыппұл мөлшерімен келісетін құқық бұзушылық жасаған адам анықталған жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу жүзеге асырылады.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша:
1) баптың санкциясында өзге жаза түрлері көзделген;
2) құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған жасаған;
3) құқық бұзушылықты артықшылық берілген немесе иммунитеті бар адамдар жасаған;
4) салық қызметінің органдары олар бойынша істерді қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықты жасалған;
5) егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс iстейтiн сертификатталған арнаулы бақылау-өлшеу техникалық құралдарымен және аспаптарымен тiркелген жағдайларда қысқартылған іс жүргізу қолданылмайды.
793-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша
қысқартылған іс жүргізудің тәртібі
1. Әкімшілік құқық бұзушылық табылған және оны жасаған адам анықталған кезде, лауазымды адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы оның жасалған жерінде жасайды және адамға жеті тәулік ішінде көрсетілген айыппұл сомасының елу пайыз мөлшерде айыппұлды төлеу құқығын түсіндіреді.
Лауазымды адам адамға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың көшірмесімен қоса қатаң қаржылық есептілік құжаты болып табылатын белгіленген үлгідегі түбіртекті береді.
2. Жеті тәулік ішінде көрсетілген айыппұл сомасының елу пайыз мөлшерде айыппұлды төленген жағдайда іс мәні бойынша қаралды деп есептеледі.
Осы тараудың қағидалары бойынша қаралған істі қайта қарау осы Кодекстің 46-тарауда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген құқықты пайдаланбау немесе тиісінше пайдаланбау жағдайында әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу жалпы тәртіппен жүзеге асырылады.
43-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау
794-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарайтын орын
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс оның жасалған жерi бойынша, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iсті қарау ведомстволық бағыныстылығына жататын лауазымды адамның (уәкілетті мемлекеттік органның) орналасқан жері бойынша қаралады. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша жүргізіліп жатқан адамның өтініші бойынша іс тұрғылықты жері бойынша қаралуы мүмкін.
2. Осы Кодекстiң 320, 321, 555, 556, 558, 571-609-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер көлiк құралдары, кемелер, соның iшiнде шағын көлемдi кемелер есепке алынған жер бойынша немесе өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның тұрғылықты жерi бойынша да қаралуы мүмкiн.
3. Осы Кодекстiң 365, 366, 369, 370 және 428-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер олар жасалған жер бойынша немесе өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның тұрғылықты жерi бойынша қаралуы мүмкiн.
4. Кәмелетке толмағандардың, олардың ата-аналарының немесе ата-аналарын ауыстыратын адамдардың әкiмшiлiк құқық бұзушылығы туралы iстер өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның тұрғылықты жерi бойынша қаралады.
795-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға
әзiрлеу
1. Судья, лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға әзiрлеу кезiнде мына мәселелердi:
1) бұл iстi қарау өзiнiң құзыретiне жататынын;
2) бұл iстi судьяның, лауазымды адамның қарау мүмкiндiгiн болдырмайтын мән-жайлардың болуын;
3) осы Кодексте көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама мен басқа хаттамалардың дұрыс жасалғанын, сондай-ақ iстiң өзге де материалдарының дұрыс ресiмделгенiн;
4) iс жүргiзудi болдырмайтын мән-жайлардың, сондай-ақ адамды әкiмшiлiк жауапқа тартпауға мүмкiндiк беретiн мән-жайлардың болуын;
5) өтiнiшхаттардың және бас тартудың болуын;
6) осы Кодекстiң 725-729-баптарында аталған адамдарға iс қаралатын орын мен уақыт туралы хабарланғанын анықтайды.
2. Осы баптың бірінші бөлігі 1), 3) және 6) тармақшаларының талаптары осы Кодекстің 660-бабының үшінші бөлігіне сәйкес қаралған сотқа құрметтемеушілік білдіру фактілері туралы істерге қолданылмайды.
796-бап. Судьяның, лауазымды адамның әкiмшiлiк құқық бұзушылық
туралы iстi қарау мүмкiндiгiн болдырмайтын мән-жайлар
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қарауға берiлген судья, лауазымды адам, егер ол адам:
1) жауаптылыққа тартылып отырған адамның немесе жәбiрленушiнiң, олардың өкiлдерiнiң, қорғаушының туысы болып табылса;
2) iстiң шешiлуiне жеке басы, тiкелей немесе жанама түрде мүдделi болса, бұл iстi қарай алмайды.
797-бап. Судьяның, лауазымды адамның өздiгiнен бас тартуы және
олардан бас тарту
1. Осы Кодекстiң 796-бабында көзделген мән-жайлар болған кезде судья, лауазымды адам өзiнiң бас тартатыны туралы мәлiмдеуге мiндеттi.
2. Осы Кодекстiң 796-бабында көзделген мән-жайлар болған кезде, өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан адам, жәбiрленушi, жеке тұлғаның заңды өкілдері мен заңды тұлғаның өкілдері, қорғаушы, прокурор судьядан, лауазымды адамнан бас тартатындығын мәлiмдеуге құқылы.
3. Өздiгiнен бас тарту, олардан бас тарту туралы мәлiмдеме тиiстi соттың төрағасына, жоғары тұрған лауазымды адамға берiледi.
4. Өздiгiнен бас тарту, олардан бас тарту туралы мәлiмдеменi соттың төрағасы, жоғары тұрған лауазымды адам ол түскен күннен бастап бiр тәулiк iшiнде қарайды.
5. Өздiгiнен бас тарту, олардан бас тарту туралы мәлiмдеменi қарау нәтижелерi бойынша мәлiмдеменi қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарылады.
798-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға әзiрлеу
кезiнде судья, орган (лауазымды адам) қабылдайтын
шешiм
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға әзiрлеу кезiнде судья, орган (лауазымды адам) мынадай шешiм қабылдайды:
1) iстi қарайтын уақыт пен орын тағайындау туралы;
2) iс бойынша адамдарды шақыру, қажеттi қосымша материалдарды сұрап алдыру туралы. Қажет болған жағдайда судья сараптама тағайындауға да құқылы;
3) iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы;
4) егер бұл iстi қарау өзiнiң құзыретiне жатпаса не судьядан, лауазымды адамнан бас тарту туралы ұйғарым шығарылса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы және iстiң басқа да материалдарын ведомстволық қарастылығы бойынша қарауға беру туралы;
5) осы Кодекстiң 794-бабына сәйкес iстi мәнi бойынша қарауға беру туралы;
6) осы Кодекстiң 722, 723-баптарында көзделген мән-жайлар болған кезде iс жүргiзудi қысқарту туралы.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген шешiмдер ұйғарым түрiнде шығарылады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 6) тармақшасында көзделген шешiм қаулы түрiнде шығарылады.
4. Судья, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдар (лауазымды адамдар) іс жүргізуде бір адамға қатысты қозғалған екі және одан көп істің барын анықтай отырып, бұл істерді бірге қарау үшін бір іс жүргізуге біріктіруге құқылы.
5. Осы Кодекстiң 725-бабының төртiншi бөлiгiнде, 727-бабының алтыншы бөлiгiнде және 735-бабының бесiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда жауаптылыққа тартылып отырған адамның, оның өкiлiнiң, куәнiң дәлелсiз себептермен келмей қалуына байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қайта қарауға әзiрлеу кезiнде iстi қарайтын судья, орган (лауазымды адам) аталған адамдарды күштеп әкелу туралы ұйғарым шығаруға құқылы.
799-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау
мерзiмдерi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер iстi қарауға құқылы судья, орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы және iстiң басқа да материалдарын алған күннен бастап он бес тәулік ішінде қаралады.
2. Сот талқылауы барысында процеске қатысушы адамның тарапынан сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі туралы анықталған істі судья (сот) соттың бірінші, апелляциялық немесе қадағалау инстанциясындағы тікелей осы отырысында қарайды.
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге қатысушылардан өтiнiшхаттар түскен жағдайда не iстiң мән-жайларын қосымша анықтау қажет болған кезде iстiң қаралу мерзiмiн iстi қараушы судья, орган (лауазымды адам) ұзартуы мүмкiн, бiрақ ол бiр айдан аспайды. Мерзімді ұзарту туралы дәлелді ұйғарым шығарылады.
4. Жасалуы Қазақстан Республикасының шегiнен тыс әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберуге әкеп соғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама мен iстiң басқа да материалдары алынған күнi, ал әкiмшiлiк ұстауға ұшыраған адамға қатысты – ол ұсталған кезден бастап қырық сегiз сағаттан кешiктiрiлмей қаралады.
5. Егер өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адам лауазымды адам соның негізінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғаған тексеру мен өзге де мән-жайлардың нәтижелеріне шағымданса, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарайтын судья, орган (лауазымды адам), соттың тиісті шешімі шығарылғанға дейін және заңды күшіне енгенге дейін немесе өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адамның шағымын қарайтын органның (лауазымды адамның) шешіміне шағымданудың мерзімі өткенге дейін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің қаралу мерзімін ұзартады.
800-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау тәртiбi
1. Судья, лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға кiрiскенде:
1) iстi кiм қарайтынын, қандай iс қаралуға жатанын, кiм және осы Кодекстiң қандай бабының негiзiнде жауапқа тартылып отырғанын хабарлайды;
2) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылып отырған жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкiлiнiң, сондай-ақ iстi қарауға қатысатын өзге де адамдардың келгенiне көз жеткiзедi;
3) iс бойынша іс жүргiзуге қатысушылардың жеке басын анықтайды және жеке тұлғаның заңды өкілдерінің немесе заңды тұлға өкiлдерiнiң, қорғаушының өкiлеттiктерiн тексереді;
4) іс бойынша iс жүргiзуге қатысушылардың келмей қалу себептерiн анықтайды және аталған адамдар болмағанда iсті қарау туралы не iсті қарауды кейiнге қалдыру туралы шешiм қабылдайды;
5) қажет болған жағдайларда iсті қарау кезiнде қатысуы мiндеттi адамды күштеп әкелу туралы ұйғарым шығарады, аудармашыны тағайындайды;
6) iсті қарауға қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен мiндеттерiн, соның ішінде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен тегін заң көмегін алу құқығын түсiндiредi;
7) іс жүргізу тілін айқындайды, ана тiлiнде немесе өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан адамның бiлетiн тiлінде арыз беру, түсiнiктемелер мен айғақтар беру, өтiнiшхаттар беру, шағым жасау, істің материалдарымен танысу, оны қарау кезiнде сөз сөйлеу, аудармашының көрсететін қызметтерін тегiн пайдалану құқығын түсiндiредi;
8) мәлiмделген бас тартуды және өтiнiшхаттарды шешедi;
9) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы, ал қажет болған кезде істің өзге де материалдарын жариялайды;
10) iсті қарауды кейiнге қалдыру туралы ұйғарымды: iс қарайтын судьяның не лауазымды адамның, егер одан бас тарту iстi мәнi бойынша қарауға кедергi келтiрсе, өздiгiнен бас тартуы немесе одан бас тарту туралы мәлiмделуiне; егер қорғаушыдан, уәкiлеттi өкiлден, сарапшыдан немесе аудармашыдан бас тарту iстi мәнi бойынша қарауға кедергi келтiрсе, көрсетілген бас тартуға; iстi қарауға қатысушы адамдардың келуі немесе iс бойынша қосымша материалдарды сұратып алу қажеттiгiне байланысты, сондай-ақ осы Кодекстiң 48-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда шығарады. Қажет болған жағдайда судья (лауазымды адам) сараптама тағайындау туралы ұйғарым шығарады;
11) осы Кодекстiң 798-бабында көзделген жағдайларда iстi мәнi бойынша қарауға беру туралы ұйғарым шығарады.
2. Төрағалық етуші тікелей сот талқылауы барысында процеске қатысушы адамның тарапынан сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісін анықтай отырып, факті туралы жария етіп, осы баптың бірінші бөлігінің 2), 4), 9) және 11) тармақшаларының талаптарын сақтамастан, кінәлі адамға осы Кодекстің 630-бабында көзделген әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығаруға құқылы.
Тікелей сот талқылауы барысында процеске қатысушы адамның тарапынан сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісінің анықталуы осы сот отырысының хаттамасында тіркеледі.
3. Судья, лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға кiрiсiп, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы оқып береді, iс бойынша өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкiлiнiң түсiнiктемелерiн, іс бойынша iс жүргiзуге қатысушы басқа адамдардың айғақтарын, маманның түсiндiрмесiн және сарапшының қорытындысын тыңдайды, өзге де дәлелдемелерді зерттейді, ал iстi қарауға прокурор қатысқан жағдайда оның қорытындысын тыңдайды.
4. Өкілдерінің әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғауға құқығы бар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істі қозғаған лауазымды адам немесе мемлекеттік органның өкілі істің қаралуына қатысқан жағдайда, олар құқық бұзушылықтың мәні бойынша түсініктемелерді және оны жасауда адамның кінәлілігінің дәлелдемелерін бірінші болып ұсынады.
5. Қажет болған жағдайларда осы Кодексте көзделген басқа да процессуалдық iс-әрекеттер жүзеге асырылады.
801-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде
анықтауға жататын мән-жайлар
1. Судья, орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғанын, оны жасауда осы адамның кiнәлiлiгiн, оның әкiмшiлiк жауаптылыққа жататынын, жауаптылықты жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлардың болуын, мүлiктiк залал келтiрiлгенiн анықтауға, сондай-ақ iстi дұрыс шешу үшiн маңызы бар басқа да мән-жайларды анықтауға мiндеттi.
2. Жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар анықталған жағдайда судья, (лауазымды адам) өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс қозғалған жеке тұлғаға салынған әкімшілік айыппұл сомасын, бірақ айыппұлдың жалпы сомасының отыз пайызынан аспайтын етіп қысқартуға құқылы.
802-бап. Сот отырысының хаттамасы
1. Сот отырысында хаттама жасалады. Егер өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргізуге қатысты адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезінде өз кінәсін толығымен мойындап, дәлелдемелерді зерттеу қажеттігі туралы мәлімдемесе, хаттама жүргізу міндетті емес.
2. Сот отырысының хаттамасында мыналар:
1) отырыстың орны мен күні, оның басталу және аяқталу уақыты;
2) өзіне қатысты іс қаралып жатқан адам туралы мәліметтер: жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен реквизиттері, идентификациялық нөмірі, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер, жұмыс орны; заңды тұлғаларға – атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу нөмірі мен күні, идентификациялық нөмірі және банк реквизиттері;
3) қаралып жатқан іс бойынша іс жүргізу тілі;
4) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы қаралып жатқан iстің оқиғасы;
5) судьяның, сот отырысы хатшысының қызметі, тегі;
6) істің қаралуына қатысатын адамдардың келгендігі туралы, келмеген адамдарды белгіленген тәртіппен хабардар ету туралы мәліметтер;
7) сот отырысының барысы;
8) бас тарту, өтінішхаттар және оларды қараудың нәтижелері;
9) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргізуге қатысушыларға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру;
10) сот отырысы қатысушыларының түсініктемелерінің, сұрақтары мен жауаптарының, сөйлеген сөздерінің мазмұны;
11) қаралған материалдар мен құжаттар;
12) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша сот отырысы барысында шығарылған қаулыларды, соттың шешімін көрсету, оған шағымданудың мерзімі мен тәртібін түсіндіру;
13) сот отырысының хаттамасымен танысу және оған ескертулер беру мерзімін түсіндіру көрсетіледі.
3. Хаттаманы іс қаралған күннен бастап бес тәуліктен кешіктірмей судья және сот отырысының хатшысы жасап, қолдарын қояды.
4. Судья өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адамның, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге басқа қатысушылардың сот отырысының хаттамасымен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргізуге қатысушылар сот отырысы хаттамасының толықтығы мен дұрыстығына қатысты өз ескертулерін оған қол қойылған соң бес тәулік ішінде беруге құқылы.
6. Сот отырысының хаттамасына ескертулерді судья бес тәулік ішінде қарайды.
7. Сот отырысының хаттамасына жасалған ескертулерді қабылдау немесе қабылдамау туралы судья дәлелді қаулы шығарады. Сот отырысының хаттамасына қаулы мен ескертулер сот отырысының хаттамасына қоса тіркеледі.
803-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау нәтижелерi
бойынша шешiмдердiң түрлерi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарап, судья, орган (лауазымды адам) мына қаулылардың бiрiн шығарады:
1) әкiмшiлiк жаза қолдану туралы;
2) іс бойынша iс жүргiзудi қысқарту туралы;
3) iстi осы әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн өзге түрде немесе мөлшерде жаза қолдануға құқылы судьяның, органның (лауазымды адамның) қарауына беру туралы, сондай-ақ осы Кодекстiң 794-бабында көзделген жағдайларда iстi көлiк құралының (кеме, соның iшiнде шағын көлемдi кеме) есепте тұрған жері бойынша қарауға беру туралы;
2. Істі қарау нәтижесінде жасалған әрекетке заңдық бағаның дұрыс еместігін мойындай отырып, судья, орган (лауазымды адам) құқық бұзушылықтың саралануын қатаң емес әкімшілік жазаны қарастыратын заңның бабына өзгертуге құқылы.
3. Көлік құралын жүргізушіні жол жүрісі қағидаларын білуін тексеруге арналған емтиханды тапсыруға жіберген кезде жол жүрісі қағидаларын білуін тексеруге жіберу туралы қаулы шығарылады, оның көшірмесі емтихан тапсыруға жіберілген адамға беріледі.
4. Өзіне қатысты іс қаралған адамның іс-әрекеттерінде осы Кодекстің басқа бабында немесе 2-бөлімі ерекше бөлімінің бабының бөлігінде көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайда, сот құқық бұзушылықтың саралануын заңның онша қатаң емес әкiмшiлiк жаза көздейтiн бабына немесе бабының бөлігіне өзгертуге құқылы.
5. Іс бойынша іс жүргiзудi қысқарту туралы қаулы:
1) осы Кодекстiң 722-бабында көзделген іс бойынша iс жүргiзудi болдырмайтын мән-жайлар болған;
2) осы Кодекстiң 723-бабында көзделген әкiмшiлiк жауапқа тартпауға мүмкiндiк беретiн мән-жайлар болған;
3) осы Кодекстiң 32-бабына сәйкес адамды тәртiптiк жауапқа тарту туралы мәселенi шешу үшiн iс материалдары тиiстi органдарға берілетiн жағдайларда шығарылады.
804-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөнiндегi қаулы
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөнiндегi қаулыда:
1) қаулыны шығарған судьяның, лауазымды адамның қызметі, тегі, аты, әкесінің аты;
2) iстiң қаралған күнi мен орны;
3) өзiне қатысты iс қаралған адам туралы мәлiметтер: жеке тұлғалар үшiн – тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi, тұрғылықты жерi, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен реквизиттерi, идентификациялық нөмiрi, тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенi туралы мәлiметтер, жұмыс орны; заңды тұлғалар үшiн – атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жерi, заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелу нөмiрi мен күнi, идентификациялық нөмiрi және банк реквизиттерi;
4) қаралып жатқан iс бойынша iс жүргiзу тiлi;
5) осы Кодекстiң әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылық көзделетiн бабы;
6) iстi қарау кезiнде анықталған мән-жайлар;
7) iс бойынша шешiм;
8) қаулыға шағымданудың тәртiбi мен мерзімдері;
9) айыппұлды ерікті түрде төлеу мерзімдері немесе әкімшілік жазаның өзге түрін орындау көрсетілуге тиіс.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөнiндегi қаулы заңды және негізделген болуға тиiс.
Егер судья әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жаза қолдану туралы мәселенi шешу кезiнде кiнәлiнiң мүлiктiк залалды өтеуi туралы мәселенi бiр мезгiлде шешсе, қаулыда өндіріп алуға жататын залалдың мөлшерi, оны өтеу мерзiмi мен тәртiбi көрсетiледi.
Қазақстан Республикасының шегінен тыс әкімшілік жолмен шығарып жіберу туралы шешім шығарылған кезде, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының аумағынан сол мерзім ішінде кетіп қалуға тиіс орынды мерзім көрсетіледі.
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөнiндегi қаулыда жеке тұлғада болған алынып қойған заттар мен құжаттар туралы, заңды тұлғаға тиесiлi алынып қойған құжаттар мен мүлiк туралы мәселелер шешiлуге тиiс, бұл ретте:
1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралдары не нысанасы болған және әкiмшiлiк жауапқа тартылған жеке немесе заңды тұлғаға тиесiлi заттар осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнің 2-бөлiмi нормаларының санкцияларында көзделген жағдайларда тәркiленедi не тиiстi мекемелерге берiледi немесе жойылады; қалған жағдайларда тиесiлiлігі бойынша қайтарылады;
2) айналысына тыйым салынған заттар тиiстi мекемелерге берiледi немесе жойылады;
3) құнды болып саналмайтын және пайдаланыла алмайтын заттар жойылуға жатады, ал мүдделi адамдар өтiнiшхат берген жағдайларда оларға берiлуi мүмкiн;
4) заттай дәлелдемелер болып табылатын құжаттар iсте оның бүкiл сақталу мерзiмi iшiнде қалады не мүдделi адамдарға берiледi.
4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөнiндегi қаулыға қаулы шығарған судья, лауазымды адам қол қояды.
805-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөнiндегi қаулыны
хабарлау және қаулының көшiрмесiн тапсыру
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөнiндегi қаулы iс қаралып бiткен соң дереу хабарланады.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өзіне қатысты қаулы шығарылған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкіліне, сондай-ақ жәбірленушіге, жеке тұлғаның заңды өкіліне, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғаған уәкілетті органға (лауазымды адамға) қаулының көшірмесі ол хабарланған күннен бастап үш тәулік ішінде тапсырылады және (немесе) жіберіледі.
3. Ұйым атыс қаруын, сондай-ақ оқ-дәрiнi қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты сенiп берген немесе уақытша пайдалануға берген адамға қатысты осы Кодекстiң 424 және 470-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулының көшiрмесi тиiстi ұйымға жiберiледi.
806-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша ұйғарым
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша ұйғарымда, шағымданудың мерзiмi мен тәртiбiн қоспағанда, осы Кодекстiң 804-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген мәлiметтер көрсетiлуге тиiс.
807-бап. Жаңылыс жазуларды, жаңсақ жазылымдарды және
арифметикалық қателерді түзету
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі қаулы, ұйғарым шығарған судья, орган (лауазымды адам) іс бойынша іс жүргізуге қатысушылардың, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі қаулыны орындаушы сот орындаушысының, органның (лауазымды адамның) мәлімдеуі бойынша немесе өз бастамашылығымен қаулының, ұйғарымның мазмұнын өзгертпей, қаулыда жіберілген жаңылыс жазуларды, жаңсақ жазылымдарды және арифметикалық қателерді түзетуге құқылы.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, ұйғарымға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелері бойынша қабылданған жаңылыс жазуларды, жаңсақ басылуларды және арифметикалық қателерді түзету осы бапта белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі қаулыдағы, ұйғарымдағы, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі қаулыға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелері бойынша қабылданған ұйғарымдағы түзетулер туралы арызды қарау, арыз түскен күннен бастап үш тәулік ішінде жүргізіледі.
4. Жаңылыс жазуларды, жаңсақ жазылымдарды және арифметикалық қателерді түзету ұйғарым түрінде жүргізіледі.
5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі қаулыға, ұйғарымға енгізілген түзетулер туралы ұйғарымның көшірмесі, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі қаулыға, ұйғарымға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелері бойынша қабылданған ұйғарымға енгізілген түзетулер туралы ұйғарымның көшірмесі тиісті ұйғарым шығарылған күннен бастап үш тәулік ішінде іс бойынша іс жүргізуге қатысушыларға, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі қаулыны, ұйғарымды орындайтын сот орындаушысына, органға, лауазымды адамға, олар тиісті арыз берген жағдайда жіберіледі.
6. Судьяның әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыға, ұйғарымға енгізілген түзетулер туралы шығарған ұйғарымының көшірмесі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасаған лауазымды адамға тиісті ұйғарым шығарылған күннен бастап үш тәулік ішінде жіберіледі.
808-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер
мен жағдайларды жою туралы ұсыныс
1. Әкімшілік құқық бұзушылықтардың, заңдылықты бұзушылықтардың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтаған жағдайда, сондай-ақ әкімшілік заңнаманы бұзушылықтар бар болған кезінде судья жеке қаулы шығарады, ал орган (лауазымды тұлға) тиісті ұйымға және лауазымды адамдарға оларды жою бойынша шаралар қолдану туралы ұсыным береді.
2. Мекеме басшылары және басқа лауазымды адамдар жеке қаулы мен ұсынымды оны алған күннен бастап бір ай ішінде қарауға және қолданған шаралар туралы ұсыным берген судьяға, органға (лауазымды адамға) хабарлауға міндетті.
44-тарау. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс
жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды адамның)
іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану
809-бап. Шағым беру тәртібі
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асырып отырған органның (лауазымды адамның) іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) шағым берілуі мүмкін. Жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) алдын ала өтініш жасау сотқа арыз ұсынудың және соттың оны қарауға қабылдау мен мәні бойынша шешудің міндетті талабы болып табылмайды.
2. Шағымдар заңмен шағымдарды қарау мен олар бойынша шешім қабылдау өкілеттігі берілген мемлекеттік органға немесе лауазымды тұлғаға беріледі.
Шағымды қарауды әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым берілген лауазымды адамға немесе судьяға тапсыруға тыйым салынады.
3. Шағымдар ауызша және жазбаша болуы мүмкін. Ауызша шағымдар хаттамаға енгізіліп, хаттамаға шағымданушы және шағымды қабылдаған лауазымды адам қол қояды. Тиісті лауазымды адамдардың қабылдауында баяндалған ауызша шағымдар, жазбаша түрде берілген шағымдармен жалпы негіздерде шешіледі. Шағымға қосымша материалдар қоса берілуі мүмкін.
4. Іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тілді білмейтін адамға шағымды өзінің ана тілінде немесе оның білетін тілінде беру құқығы қамтамасыз етіледі.
5. Шағым берген адам оны қайтарып алуға құқылы. Өзіне қатысты іс қозғалған адам, заңды өкілінің шағымын қоспағанда, өзінің қорғаушысының, өкілінің шағымын қайтарып алуға құқылы. Өзіне қатысты іс қозғалған адамның мүддесінде берілген шағым, тек оның жазбаша келісімі арқылы ғана қайтарылуы мүмкін. Шағымды қайтарып алу оның қайта берілуіне кедергі келтірмейді.
6. Шағым беру шағымданып жатқан іс-әрекеттің жүргізілуін және шағымданып жатқан шешімнің орындалуын тоқтата тұрмайды.
810-бап. Шағым беру мерзімі
1. Адам өз құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы өзіне белгілі болған күннен бастап екі ай ішінде жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) және (немесе) сотқа шағым беруге құқылы.
2. Шағым беру мерзімін өткізіп алу шағымды қабылдаудан бас тартудың негізі болып табылмайды. Шағым беру мерзімін өткізіп алудың себептері шағымды мәні бойынша қарау кезінде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тарту негіздерінің бірі болып табылуы мүмкін.
811-бап. Шағымды қарау тәртібі
1. Шағымды қарай отырып, лауазымды адам немесе судья онда жазылған барлық дәлелдерді жан-жақты тексеріп, қажет болған кезде қосымша материалдарды сұратып алуға, тиісті лауазымды адамдардан, жеке және заңды тұлғалардан шағымданып жатқан іс-әрекеттерге қатысты түсіндірмелер алуға міндетті.
2. Шағым түскен күннен бастап бес тәулік ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шағымды қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандыруыдан бас тарту туралы ұйғарым қабылданады.
3. Ұйғарымның көшірмесі кешіктірілмей жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкіліне тапсырылады, ал бұл тұлғалар болмаған жағдайда ұйғарым шығарылған күннен бастап бір тәулік ішінде оларға жіберіледі.
4. Шағымды қарайтын лауазымды адам немесе судья өз өкілеттіктері шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысушылардың, сондай-ақ өзге адамдардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерінің қалпына келтірілуіне дереу шаралар қолдануға міндетті.
45-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жөніндегі
заңды күшіне енбеген қаулыларды қайта қарау
812-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулыға
шағым беру, наразылық келтiру құқығы
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулыға осы Кодекстiң 725-729 баптарында аталған адамдар шағым беруі, сондай-ақ прокурор наразылық білдіруі мүмкін.
2. Мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк сот және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот судьясының әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулысына жоғары тұрған сотқа шағым берiлуi, наразылық бiлдiрiлуi мүмкiн.
3. Судьяның (соттың) сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі туралы іс жөніндегі осы Кодекстің 800-бабы екінші бөлігінің тәртібімен шығарған қаулысына жоғары тұрған инстанциядағы сотқа шағым берілуі, наразылық білдірілуі мүмкін. Жоғарғы Сот алқасының сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі туралы іс жөніндегі сот отырысында шығарған қаулылары қайта қаралуға жатпайды.
4. Органның (лауазымды адамның) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі шығарған қаулысына жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) немесе органның (лауазымды адамның) орналасқан жері бойынша мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк сотқа және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа шағым берiлуі, наразылық білдірілуi мүмкiн.
5. Осы Кодекстiң 725-729 баптарында аталған адамдардың жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) алдын ала жүгінуі, сотқа шағым берудің және соттың оны қарау мен мәні бойынша шешуге қабылдаудың міндетті талабы болып табылмайды
813-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулыға
шағым беру, наразылық білдіру тәртiбi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулыға шағым iс бойынша қаулы шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) жiберiледi, шағым, наразылық түскен күннен бастап ол үш тәулік iшiнде оларды iстiң барлық материалдарымен тиiстi сотқа, жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) жiберуге мiндеттi.
2. Сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі туралы іс бойынша қаулыға осы Кодекстің 812-бабының үшінші бөлігіне сәйкес шағым берілген, наразылық білдірген жағдайда, сот қаулыға қоса фактінің анықталған бөлігіндегі сот отырысы хаттамасының көшірмесін қоса береді.
3. Шағым берілуі мүмкін, ал наразылық тікелей оларды қарауға өкілетті сотқа, жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) енгізілуі мүмкін.
4. Егер шағымды, наразылықты қарау әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулыға шағым берiлген, наразылық білдірген судьяның құзыретiне жатпайтын болса, шағым, наразылық ведомстволық қарастығы бойынша жiберiледi.
814-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулыға
шағым беру, наразылық білдіру мерзiмi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулыға шағым, наразылық қаулының көшiрмесi тапсырылған күннен бастап он тәулік iшiнде, ал егер осы Кодекстiң 725-729 баптарында аталған адамдар iстi қаралуына қатыспаса, оны алған күннен бастап берiлуi мүмкiн.
2. Салықтық тексеру нәтижелері бойынша анықталған, Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген салық міндеттемесінің немесе Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы және міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасында көзделген міндеттердің орындалмауына немесе тиісінше орындалмауына байланысты шығарылған, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулыға шағым, наразылық қаулының көшiрмесi тапсырылған немесе алынған күннен бастап отыз тәулік iшiнде берiлуi мүмкiн.
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулыға жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) шағым берілсе, наразылық білдірсе, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген мерзім осы Кодекстiң
725-729-баптарында аталған адамдардың шағым (наразылық) бойынша шешімнің көшірмелерін алған кезінен бастап есептеледі.
4. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген мерзiмдi дәлелдi себептермен өткiзiп алған жағдайда, бұл мерзімді өзiне қатысты қаулы шығарылған адамның арызы бойынша шағымды қарауға құқылы сот, орган (лауазымды адам) қалпына келтiруi мүмкiн.
815-бап. Шағымның (наразылықтың) мазмұны
1. Шағым (наразылық) жазбаша түрде берiледi және онда:
1) шағым берiлiп отырған соттың, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) атауы;
2) шағым немесе наразылық берушiнiң тегі, аты, әкесінің аты (заңды тұлғаның нақты атауы), тұрақты тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi (пошталық мекенжайы);
3) құқықтық актiсiне немесе іс-әрекетiне наразылық берiлiп отырған органның немесе мекеменiң атауы не лауазымды адамның тегi мен лауазымы;
4) шағым берiлiп немесе наразылық білдіріп отырған құқықтық актiнiң немесе iс-әрекеттiң мазмұны, сондай-ақ шағым немесе наразылық берушi құқықтық акті немесе iс-әрекеттер өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын бұзады деп есептейтiн себептер;
5) шағым немесе наразылық берушi айқын тұжырымдаған өтінішхат көрсетiлуге тиiс.
2. Шағымға немесе наразылыққа оны берушi қол қояды. Заңды тұлға атынан берiлетін шағымға оның өкiлi немесе осыған уәкiлеттiк берілген басқа адам қол қояды.
3. Егер шағым немесе наразылық басқа адамның мүддесiнде берiлсе, онда мүддесi үшін шағым немесе наразылық берiлiп отырған адамның аты мен тегi, тұрақты тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi (пошталық мекенжайы) көрсетілу қажет. Шағымға өкiлеттiктi растайтын құжат қоса беріледі.
4. Шағым немесе наразылық екi данада, сот, орган, (лауазымды адам) шығарған, шағым берiлiп немесе наразылық білдіріп отырған құқықтық актінің, сондай-ақ шағымда немесе наразылықта келтірілген дәлелдерге негiздеме ретінде өзге құжаттар қоса беріледі.
5. Берілген шағым, наразылық осы баптың бірінші бөлігінде көзделген талаптарға сәйкес келмесе, олар берілді деп есептеледі, бірақ мерзімі көрсетіле отырып, толық ресімдеуге қайтарылады. Егер көрсетілген мерзім ішінде шағым, наразылық қайта жасалғаннан кейін сотқа, жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) берілмесе, олар берілмеген болып саналады.
816-бап. Шағым берiлуiне немесе наразылық білдіруiне байланысты
қаулының орындалуын тоқтата тұру
1. Шағымды белгiленген мерзiмде беру әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуын шағым қаралғанға дейiн тоқтата тұрады.
2. Прокурордың әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуын оның заңдылығын тексеру кезiнде тоқтата тұруға, уәкiлеттi лауазымды адамдар мен органдарға (соттан басқа) қосымша тексеру жүргiзу туралы жазбаша нұсқаулар беруге құқығы бар. Тексеру нәтижелерi бойынша прокурор тиiстi органға қаулының күшiн жою немесе оны өзгерту туралы наразылық білдіреді немесе қаулының орындалуын тоқтата тұрудың күшiн жояды.
3. Прокурордың наразылық білдіруі қаулының орындалуын наразылық қаралғанға дейiн тоқтата тұрады.
817-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулыға
шағымды, наразылықты қарау мерзiмдерi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулыға шағым, наразылық олар түскен күннен бастап он тәулік ішінде қаралуға тиiс.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге қатысушылардан өтiнiшхаттар түскен жағдайда не iстiң мән-жайларын қосымша анықтау қажет болған кезде шағымның, наразылықтың қаралу мерзiмiн iстi қарап жатқан жоғары тұрған судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) он тәуліктен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкiн. Сот, орган (лауазымды адам) шағымды (наразылықты) қарау мерзімін азаматтық, қылмыстық немесе әкімшілік сот ісін жүргізуде қаралып жатқан басқа істің шешілгеніне дейін оны қарау мүмкін болмаған кезде тоқтата тұруға міндетті. Мерзімді ұзарту туралы дәлелді ұйғарым шығарылады.
818-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі қаулыға
шағымды, наразылықты жоғары тұрған сот судьясының,
жоғары тұрған орган басшысының немесе оның
орынбасарының жеке-дара қарауы
Мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік сот және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот судьясының, органның (лауазымды адамның) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі қаулыға шағымды, наразылықты жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған лауазымды адамның немесе жоғары тұрған органның басшысы (оның орынбасары) жеке-дара қарайды.
Соттың осы Кодекстің 800-бабының екінші бөлігінде көзделген тәртіппен сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі туралы іс жөніндегі (сот) судья шығарған қаулыға шағымды, наразылықты жоғары тұрған соттың судьясы жеке-дара қарайды, ал мұндай қаулыны
апелляциялық немесе қадағалаушы инстанцияның соты шығарған жағдайда, жоғары тұрған инстанцияның сот алқасы қарайды.
819-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулыға
шағымды, наразылықты қарау үшін әзiрлеу
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулыға шағымды, наразылықты қарау үшін әзiрлеу кезiнде судья, жоғары тұрған орган, (лауазымды адам):
1) іс бойынша iс жүргiзудi болдырмайтын мән-жайлардың болуын анықтайды;
2) өтiнiшхаттарды шешедi, қосымша материалдарды сұратып алады, шағымды, наразылықты қарау үшiн қатысуы қажет деп танылған адамдарды шақырады; қажет болған жағдайда судья сараптама тағайындайды;
3) егер шағымды, наразылықты қарау өзiнiң құзыретiне жатпаса, оларды істің барлық материалдарымен ведомстволық қарастығы бойынша жiбередi.
820-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулыға
шағымды, наразылықты қарау
1. Жоғары тұрған сот судьясы, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулыға шағымды, наразылықты қарауға кiрiскенде:
1) шағымды, наразылықты кiм қарайтынын; қандай шағым, наразылық қаралуға тиiс екенiн; шағымды, наразылықты кiм бергенiн хабарлайды;
2) iс бойынша өзiне қатысты қаулы шығарылған жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкiлiнiң, сондай-ақ шағымды, наразылықты қарауға қатысу үшiн шақырылған адамдардың келгенiне көз жеткiзедi;
3) жеке немесе заңды тұлға өкiлдерiнiң, қорғаушының және өкiлдiң өкiлеттiктерін тексередi;
4) іс бойынша iс жүргiзуге қатысушылардың келмей қалу себептерiн анықтайды және олар болмағанда шағымды, наразылықты қарау туралы не шағымды, наразылықты қарауды кейiнге қалдыру туралы шешiм қабылдайды;
5) шағымды, наразылықты қарауға қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi;
6) мәлiмделген бас тарту және өтiнiшхаттарды шешедi;
7) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулыға шағымды, наразылықты, ал қажет болған кезде істің өзге де материалдарын жария етеді.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулыға шағымды, наразылықты қарау кезiнде iсте бар және қосымша берілген материалдар бойынша шығарылған қаулының заңдылығы мен негiздiлiгi тексерiледi. Жоғары тұрған сот судьясы, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) шағымның, наразылықтың дәлелдерiмен байланып қалмайды және iстi толық көлемiнде тексередi, бұл ретте ол жаңа фактiлердi анықтауға және жаңа дәлелдемелердi зерттеуге құқылы.
3. Жоғары тұрған сот судьясы, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) шақырылған адамдардың келмей қалуына, iс бойынша қосымша материалдардың сұратылып алынуына, сараптама тағайындауға байланысты және шағымды, наразылықты толық, жан-жақты әрi объективтi қарау үшiн қажет болған басқа жағдайларда шағымның, наразылықтың қаралуын кейiнге қалдыруға құқылы.
4. Егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулыға шағым сотқа және жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) бiр мезгiлде келiп түссе, шағымды сот қарайды.
821-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулыға
шағым, наразылық бойынша шешiм
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулыға шағымды, наразылықты қарап, жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) мына шешiмдердiң бiрiн:
1) қаулыны өзгертпей, ал шағымды, наразылықты қанағаттандырмай қалдыру туралы;
2) қаулыны өзгерту туралы;
3) осы Кодекстiң 59 және 722, 723-баптарында көзделген мән-жайлар болған кезде, сондай-ақ соның негізінде қаулы шығарылған мән-жайлар дәлелденбеген кезде қаулының күшiн жою және iстi қысқарту туралы;
4) iс бойынша қаулының күшiн жою және іс бойынша жаңа қаулы шығару туралы;
5) егер шағымды, наразылықты қарау кезiнде қаулыны оған құқығы жоқ судья, орган (лауазымды адам) шығарғаны анықталса, қаулының күшiн жою және iстi ведомстволық қарастығы бойынша қарауға жiберу туралы шешiм қабылдайды.
2. Шағымды, наразылықты қарау нәтижелерi бойынша шешiм iс жөніндегі қаулыға шағым, наразылық жөнiндегі ұйғарым түрiнде шығарылады. Ұйғарымда осы Кодекстiң 804-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген мәлiметтер қамтылуға тиiс.
3. Мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк сот және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот судьясының қаулысына шағым, наразылық бойынша жоғары тұрған сот судьясының ұйғарымы, сондай-ақ судьяның осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармақшасында көзделген жағдайда шығарылған қаулысы осы Кодекстiң 46-тарауында көзделген тәртiппен наразылық білдіруі мүмкiн. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулыға шағым, наразылық бойынша жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) ұйғарымына осы Кодексте белгiленген тәртiппен сотқа шағым берiлуi, наразылық білдіруі мүмкiн.
822-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулының
күшiн жою немесе оны өзгерту негiздерi
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулының күшiн жоюдың не оны өзгертудің және қаулы шығарудың негіздері мыналар:
1) судьяның, органның (лауазымды адамның) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулыда баяндалған iстiң нақты мән-жайлары туралы тұжырымдарының шағымды, наразылықты қарау кезiнде зерттелген дәлелдемелерге сәйкес келмеуi;
2) әкiмшiлiк жауаптылық туралы заңның дұрыс қолданылмауы;
3) осы Кодекстiң iс жүргiзу нормаларының елеулi түрде бұзылуы;
4) қаулымен қолданылған әкiмшiлiк жазаның жасалған құқық бұзушылықтың сипатына, кiнәлiнiң жеке басына немесе заңды тұлғаның мүлiктiк жағдайына сәйкес келмеуi болып табылады.
823-бап. Судьяның, органның (лауазымды адамның) әкiмшiлiк құқық
бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулыда баяндалған iстiң
нақты мән-жайлары туралы тұжырымдарының шағымды,
наразылықты қарау кезiнде зерттелген дәлелдемелерге
сәйкес келмеуi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулыда баяндалған iстiң нақты мән-жайлары туралы тұжырымдар шағымды, наразылықты қарау кезiнде зерттелген дәлелдемелерге сәйкес келмейтiнiн анықтап, жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) бұл қаулының күшiн толық немесе iшiнара жояды және шағымды, наразылықты қарау нәтижелерiне сәйкес жаңа қаулы шығарады.
2. Жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) шағымды, наразылықты қарау процесiнде зерттелген дәлелдемелердi бағалап, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулыда анықталмаған немесе қаулы шығарған судья, орган (лауазымды адам) қабылдамаған фактiлердi дәлелдендi деп тануға құқылы.
824-бап. Әкiмшiлiк жауаптылық туралы заңды дұрыс қолданбау
1. Әкiмшiлiк жауаптылық туралы заңды дұрыс қолданбау:
1) осы Кодекстiң 1-бөлiмiнiң және 2-бөлiмi Жалпы бөлiмiнiң талаптарын бұзу;
2) осы Кодекстiң 2-бөлiмi Ерекше бөлiмiнiң қолданылуға жататын бабынан немесе бабының бөлiгiнен басқасын қолдану;
3) осы Кодекстiң 2-бөлiмi Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабының санкциясында көзделгеннен анағұрлым қатаң әкiмшiлiк жаза қолдану болып табылады.
2. Шағымды, наразылықты қарау нәтижесiнде жасалған әрекетке берiлген заңдық бағаны дұрыс емес деп танып, жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) құқық бұзушылықтың саралануын заңның қатаң емес әкiмшiлiк жаза көзделген бабына өзгертуге құқылы.
3. Жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) шағымды, наразылықты қарау нәтижелерi бойынша анағұрлым қатаң әкiмшiлiк жаза көзделген заңды қолдануға немесе осы негiздер бойынша жәбiрленушi шағым берген немесе прокурор наразылық білдірген жағдайда ғана анағұрлым қатаң әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.
825-бап. Осы Кодекстiң iс жүргiзу нормаларының елеулі түрде
бұзылуы
1. Осы Кодекстiң iс жүргiзу нормаларын елеулі түрде бұзу деп іс бойынша іс жүргiзу және оны қарау кезiнде осы Кодекстің қағидаттарының және iске қатысушы адамдардың заңмен кепiлдiк берiлген құқықтарынан айыру немесе оларға қысым жасау, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу рәсiмдерiн сақтамау немесе iстiң мән-жайын жан-жақты, толық және объективтi зерттеуге өзге жолмен кедергi келтiру арқылы заңды және негiзделген қаулы шығаруға ықпал еткен немесе ықпал етуi мүмкiн өзге де жалпы ережелерiнiң бұзылуы танылады.
2. Іс бойынша іс жүргiзудiң бiржақтылығы немесе толық еместiгi iс үшiн маңызы бар болуы мүмкiн жол берiлетiн дәлелдемелердi зерттеуден қателесіп шығарып тастаудың немесе дәлелдемелердi зерттеуден негiзсiз бас тартудың; мiндеттi түрде зерттеуге жататын дәлелдемелердi зерттемеудiң нәтижесi болған жағдайда қаулының күшi жойылуға тиiс.
3. Егер:
1) осы Кодекстiң 718, 722, 723-баптарында көзделген негiздер болған кезде iс жүргiзу қысқартылмаған болса;
2) қаулыны әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау өкілеттігі жоқ судья, орган (лауазымды адам) шығарса;
3) iс заң бойынша қатысуы мiндеттi болып табылатын қорғаушының қатысуынсыз қаралса немесе өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан адамның қорғаушы алу құқығы өзге де жолмен бұзылса;
4) өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан адамның ана тiлiн немесе өзi бiлетiн тiлдi және аудармашы көрсететін қызметті пайдалану құқығы бұзылса;
5) өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан адамға iстiң мән-жайлары туралы түсiнiктеме беру құқығы берiлмесе;
6) қаулыға осы Кодекстiң 810-бабының бесiншi бөлiгiнде аталған адамдардан қайсы бiреуiнiң қолы қойылмаса, қаулының барлық жағдайда күшi жойылуға тиiс.
4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде осы баптың үшiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасында көрсетiлген iс жүргiзу нормаларының бұзылуына жол берiлгендiгiн анықтай отырып, жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) iс бойынша қаулының күшiн жояды және iс жүргiзудi қысқартады.
5. Егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде iс жүргiзу нормаларының қандай да бір өзгеше елеулі түрде бұзылуына жол берiлген болса, жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) iс қарауды жүргiзе отырып, бұл ретте жол берiлген бұзушылықты жоюға шаралар қолданады, сонан соң тиiсінше тиісті мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк сот және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот судьясының, төмен тұрған органның (лауазымды адамның) қаулысының күшiн жояды және iсті қараудың нәтижелерiн ескере отырып, жаңа қаулы шығарады.
826-бап. Қаулымен қолданылған әкiмшiлiк жазаның жасалған құқық
бұзушылық сипатына, кiнәлiнiң жеке басына немесе заңды
тұлғаның мүлiктiк қаржы жағдайына сәйкес келмеуi
1. Қаулымен қолданылған әкiмшiлiк жазаны оның тым қатаңдығы салдарынан әдiл емес, жасалған құқық бұзушылық сипатына, кiнәлiнiң жеке басына немесе заңды тұлғаның мүлiктiк жағдайына сәйкес келмейдi деп танып, жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк жаза қолданудың жалпы ережелерiн басшылыққа ала отырып, жазаны жұмсартады.
2. Жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) кiнәлi адамға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулымен белгiленген анағұрлым қатаң жаза қолдануы мүмкiн, бiрақ оны осы негiз бойынша прокурор наразылық білдірген немесе жәбiрленушi шағым берген жағдайда қолданады.
827-бап. Іс бойынша іс жүргiзудi қысқарту туралы қаулының
күшiн жою немесе оны өзгерту
1. Жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) iс бойынша іс жүргiзудi қысқартудың негiзсiздiгiне жәбiрленушiнiң шағымы бойынша не прокурордың наразылығы бойынша әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы шығара отырып, iс жүргiзудi қысқарту туралы қаулының күшiн жоюы мүмкiн.
2. Іс бойынша іс жүргiзудi қысқарту туралы қаулы өзiне қатысты iс жүргiзу қысқартылған адамның шағымы бойынша қысқартудың негiздерi бөлiгiнде өзгертiлуi мүмкiн.
828-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулыға
шағым, наразылық жөнiндегi ұйғарымды жария ету
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, наразылық жөнiндегi ұйғарым ол шығарылғаннан кейiн дереу жария етiледi.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулыға шағым, наразылық жөнiндегi ұйғарымның көшiрмесi ол шығарылғаннан кейiн үш тәулiкке дейiнгi мерзiмде iс бойынша өзіне қатысты қаулы шығарылған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне, шағымды өзi берген немесе оның өтiнiшi бойынша берген жағдайда жәбiрленушiге, наразылық білдірген прокурорға тапсырылады немесе жiберiледi.
46-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жөніндегі
заңды күшіне енген қаулыларды және оларға шағымдарды,
наразылықтарды қарау нәтижелері жөніндегі ұйғарымдарды
қайта қарау
829-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жөніндегі заңды
күшiне енген қаулыларды және оларға шағымдарды,
наразылықтарды қарау нәтижелерi жөнiндегi ұйғарымдарды
қайта қараудың ерекше тәртiбi
1. Осы Кодекстiң 832-бабының бірінші және екінші бөліктерінде аталған адамдардың наразылығы немесе шағымы бойынша мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік сот және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот судьяларының шығарған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жөніндегі күшіне енген қаулылары, аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының, мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік соттар және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттар, аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының қаулыларына шағым, наразылық жөніндегі жоғары тұрған сот судьяларының ұйғарымдары, сондай-ақ осы Кодекстің 821-бабының бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген жағдайда судьялар (аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары) шығарған қаулылар сот тәртібімен қайта қаралуы мүмкін. Сондай-ақ Жоғарғы Сот алқасының қаулыларынан басқа, судья (сот) осы Кодекстің 800-бабының екінші бөлігінде көзделген тәртіппен шығарған сотқа құрметтемеушілік білдіру фактілері туралы істер бойынша заңды күшіне енген қаулылар сот тәртібімен қайта қаралуы мүмкін. Соттың әкiмшiлiк жауапқа тартылған адамның не өзiне қатысты әкiмшiлiк iс жүргiзу қысқартылған адамның жағдайын нашарлататын жағына қарай қайта қарауына соттың немесе уәкiлеттi мемлекеттiк органның қаулысы заңды күшiне енген күннен бастап бiр жыл iшiнде жол берiледi.
830-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша
қаулыларды және оларға шағымдарды, наразылықтарды
қарау нәтижелерi жөнiндегi ұйғарымдарды қайта қарауға
құқылы соттар
Осы Кодекстiң 829-бабында көрсетілген заңды күшiне енген қаулыларды және ұйғарымдарды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы, ал осы Кодекстің 829-бабында көрсетілген сотқа құрметтемеушілік білдіру фактілері туралы істер бойынша қаулыларды жоғары тұрған инстанцияның сот алқасы қайта қарауға құқылы.
831-бап. Істерді сұратып алудың және заңды күшіне енген сот
актілеріне наразылық білдіру туралы өтінішхаттарды/
қараудың тәртібі мен себептері
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның орынбасарлары, облыстық прокурорлар мен оған теңестірілген прокурорлар қадағалау тәртібімен тексеру үшін тиісті соттан сұратып алуы мүмкін.
2. Осы Кодекстің екінші бөлігінде аталған адамдардың өтінішхаттары, сол сияқты осы Кодекстің 832-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген прокурорлардың өз құзыреті шегінде бастамасы істерді сұратып алудың себептері болып табылады.
3. Істі сұратып алу туралы прокурордың сұрауын сот оның сотқа келіп түскен күнінен бастап жеті тәуліктен кешіктірмей орындайды.
4. Істі сұратып алған жағдайда қадағалау наразылығын білдіру туралы өтінішхатты прокурор істің прокуратураға келіп түскен күнінен бастап отыз тәулік ішінде қарауға тиіс.
832-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жөніндегі
қаулыларға және оларға шағымдарды, наразылықтарды
қарау нәтижелерi жөнiндегi ұйғарымдарға наразылық
білдіру, шағым беру
1. Осы Кодекстiң 829-бабында көрсетілген заңды күшiне енген қаулыларға және ұйғарымдарға наразылық білдіру құқығы Бас Прокурорға, оның орынбасарларына, облыстардың прокурорларына және оларға теңестiрiлген прокурорлар мен олардың орынбасарларына тиесілі болады.
2. Осы Кодекстiң 829-бабында көрсетілген заңды күшiне енген қаулыларды және ұйғарымдарды қайта қарау туралы шағым беруге әкiмшiлiк жауапқа тартылған адамның, жәбiрленушiнiң, аталған адамдардың қорғаушыларының, заңды өкiлдерi мен өкiлдерiнiң құқығы бар.
833-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуын
тоқтата тұру
1. Осы Кодекстiң 832-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген заңды күшiне енген қаулыларға және ұйғарымдарға Бас Прокурордың және оның орынбасарларының наразылық білдіруі бұл қаулылардың, ұйғарымдардың орындалуын тоқтата тұрады.
Органдардың (лауазымды адамдардың) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жөніндегі заңды күшіне енген қаулыларына облыстардың прокурорларының және оған теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарларының наразылық білдіруі бұл қаулылардың орындалуын тоқтата тұрады.
2. Қалған жағдайларда осы Кодекстің 832-бабында көрсетілген заңды күшіне енген қаулылар мен ұйғарымдарға наразылық білдіру және шағым беру бұл қаулылардың, ұйғарымдардың орындалуын тоқтата тұрмайды.
834-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жөніндегі заңды
күшiне енген қаулыларды Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Сотында қадағалау тәртібімен қайта қарау
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының және оның орынбасарларының наразылығы немесе осы Кодекстің 832-бабының 2-бөлігінде аталған адамдардың шағымы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Алқасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кез келген іс жөніндегі заңды күшiне енген қаулының, сол сияқты қаулыға шағымды, наразылықты қарау нәтижелерi жөнiндегi ұйғарымның (қаулының) заңдылығы мен негiздiлiгiн тексеруге және қабылданған шешiмдi қайта қарауға құқылы.
47-тарау. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жөніндегі
заңды күшiне енген қаулыларды және оларға шағымдарды,
наразылықтарды қарау нәтижелері жөніндегі ұйғарымдарды
жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау
835-бап. Қайта қарау негіздері
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жөніндегі қаулылар және шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелерi жөнiндегi ұйғарымдар жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қаралуы мүмкін.
2. Қаулыларды және ұйғарымдарды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау негіздері мыналар болып табылады:
1) құқық бұзушыға, жәбірленушіге белгілі болмаған және белгілі болуы мүмкін емес іс үшін маңызды мән-жайлар;
2) соттың заңды күшіне енген үкімімен анықталған заңсыз не негізделмеген қаулы немесе ұйғарым шығаруға әкеп соққан куәнің көрінеу жалған айғақтары, сарапшының көрінеу жалған қорытындысы, қате аударманың жасалуы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың, құжаттардың не заттай дәлелдемелердің жасандылығы;
3) соттың заңды күшіне енген үкімімен анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуге қатысушылардың, іске қатысушы басқа адамдардың қылмыстық әрекеттері немесе судьялардың, уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) осы істі қарау кезінде жасаған қылмыстық әрекеттері;
4) осы қаулыны немесе ұйғарымды шығаруға негіз болған соттың шешімін, үкімін, ұйғарымын немесе қаулысын не өзге мемлекеттік органның құқықтық актісін жою;
5) Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі осы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істе қолданылған заңды немесе өзге нормативтік құқықтық актіні конституциялық емес деп тануы.
836-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жөніндегі
қаулыларды және оларға шағымдарды, наразылықтарды
қарау нәтижелері жөніндегі ұйғарымдарды жаңадан
ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарайтын соттар,
уәкілетті органдар (лауазымды адамдар)
Заңды күшіне енген қаулыларды, ұйғарымдарды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша бұл шешімді шығарған сот, уәкілетті орган (лауазымды адам) қайта қарайды.
837-бап. Арыз беру
1. Қаулыны немесе ұйғарымды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды әкімшілік жауапқа тартылған адам, жәбірленуші немесе олардың заңды өкілдері немесе прокурор қаулы немесе ұйғарым шығарған сотқа, органға (лауазымды адамға) береді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдар қаулыны немесе ұйғарымды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қайта қарауға негіз болған мән-жайлар анықталған күннен бастап үш ай ішінде беруі мүмкін.
838-бап. Арыздың нысаны мен мазмұны
1. Қаулыны немесе ұйғарымды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыз жазбаша нысанда беріледі. Арызға арыз беруші адам немесе оның уәкілетті өкілі қол қояды.
2. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызда:
1) арыз берілетін соттың, органның (лауазымды адамның) атауы;
2) арыз беруші адам туралы мәліметтер (жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), телефонның, факсінің, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және (немесе) электрондық мекенжайы (егер олар бар болса); заңды тұлғалар үшін – атауы, орналасқан жері, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу) нөмірі мен күні, телефонның, факсінің, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және (немесе) электрондық мекенжайы (егер олар бар болса);
3) арыз беруші жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы өтініш берген актіні қабылдаған соттың, органның (лауазымды адамның) атауы;
4) арыз берген адамның талабы; Кодекстің 835-бабында көзделген, бұл мән-жайдың ашылғанын немесе анықталғанын растайтын құжаттарға сілтеме жасай отырып, арыз берушінің пікірі бойынша қаулыны немесе ұйғарымды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қару туралы мәселені қоюға негіз болып табылатын жаңадан ашылған мән-жай;
5) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.
3. Арызға:
1) жаңадан ашылған мән-жайларды растайтын құжаттардың көшірмесі;
2) арыз беруші қайта қарау туралы өтініш берген қаулының немесе ұйғарымның көшірмесі;
3) іске қатысушы басқа адамдарға оларда жоқ арыздың және құжаттардың көшірмелері жіберілгенін растайтын құжат;
4) адамның арызға қол қою өкілеттіктерін растайтын сенімхат немесе өзге құжат қоса берілуге тиіс.
839-бап. Соттың, органның (лауазымды адамның) іс жүргізуіне
арыз қабылдау
1. Нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды сақтай отырып, қаулыны немесе ұйғарымды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы берілген арыз тиісті соттың, органның (лауазымды адамның) іс жүргізуіне қабылданады.
2. Арызды іс жүргізуге қабылдау туралы мәселе ол түскен күннен бастап үш тәулік ішінде шешіледі.
3. Арызды іс жүргізуге қабылдау туралы ұйғарым шығарылады, онда арыз қарау бойынша отырыс өткізудің күні мен орны көрсетіледі.
4. Ұйғарымның көшірмелері іске қатысушы адамдарға жіберіледі.
840-бап. Қаулыны немесе ұйғарымды жаңадан ашылған мән-жайлар
бойынша қайта қарау туралы арызды қайтару
1. Тиісті соттың судьясы, уәкілетті органның лауазымды адамы арызды іс жүргізуге қабылдау туралы мәселені шешу кезінде:
1) арыздың осы Кодекстің 838-бабында белгіленген қағидаларды бұза отырып, берілгенін;
2) арыздың белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін берілгенін және мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхаттың болмауын немесе арыз берудің өткізіліп алған мерзімін қалпына келтіруге бас тартылғанын;
3) арыздың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптардың сақталмағанын анықтаса, арыз берушіге қаулыны немесе ұйғарымды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызын қайтарып береді.
2. Арызды қайтару туралы ұйғарым шығарылады.
Ұйғарымның көшірмесі арыз берушіге арыз және оған қоса берілген құжаттармен бірге ол шығарылған күннен бастап келесі күннен кешіктірілмей жіберіледі.
Арызды қайтару туралы ұйғарымға шағым берілуі, наразылық білдіруі мүмкін.
841-бап. Арыз беру мерзімін есептеу
Арыз беру мерзімі:
1) осы Кодекстің 835-бабының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда – іс үшін елеулі маңызы бар мән-жайлар ашылған күннен бастап;
2) осы Кодекстің 835-бабының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда – сот үкімінің заңды күшіне енген күнінен бастап;
3) осы Кодекстің 835-бабы екінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген жағдайларда – қайта қаралатын қаулы немесе ұйғарым негізделген сот үкімінің, шешімінің, ұйғарымының, қаулысының немесе өзге мемлекеттік органның құқықтық актісінің заңды күшіне енген күнінен бастап;
4) осы кодекстің 835-бабы екінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген жағдайларда – осы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істе қолданылған заңды немесе өзге нормативтік құқықтық актіні конституциялық емес деп тану туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қаулыны қабылдау күнінен бастап есептеледі.
842-бап Арызды қарау
Қаулыны немесе ұйғарымды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды сот, орган (лауазымды адам) отырыста қарайды. Арыз беруші және іске қатысушы адамдар отырыстың уақыты мен орны туралы хабарландырылады, алайда олардың келмей қалуы арызды қарауға кедергі болмайды.
843-бап. Соттың, уәкілетті органның (лауазымды адамның) істі
қайта қарау туралы ұйғарымы
1. Сот, орган (лауазымды адам) қаулыны немесе ұйғарымды қайта қарау туралы арызды қарап, арызды қанағаттандырады және қаулыны немесе ұйғарымды жояды не қайта қараудан бас тартады.
2. Cоттардың, органдардың (лауазымды адамдардың) жаңадан ашылған мән-жайлар туралы қаулыны немесе ұйғарымды жою туралы және қаулыны немесе ұйғарымды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешіміне белгіленген тәртіппен шағым берілуі және наразылық білдіруі мүмкін.
3. Қаулыны немесе ұйғарымды жойған жағдайда сот, орган (лауазымды адам) істі осы Кодексте белгіленген қағидалар бойынша қарайды.
48-тарау. Ақтау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі
қарауға уәкілетті органның (лауазымды адамның) заңсыз
іс-әрекеттері мен келтірілген зиянды өтеу
844-бап. Әкiмшiлiк жауапқа тартылған адамның кiнәсiздiгiн тану
жолымен ақтау
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкілетті судья, орган (лауазымды адам) осы Кодекстiң 722-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 1)-7) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша өзіне қатысты iстi қысқарту туралы қаулы шығарған адам кiнәсiз болып есептеледi және оның Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының заңдарында кепiлдiк берiлген құқықтары мен бостандықтарына қандай да бір шектеу қоюға болмайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкілетті судья, орган (лауазымды адам) осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамды кінәсіз деп тану және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi судьяның, органның (лауазымды адамның) заңсыз әрекеттерi нәтижесiнде бұзылған жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтарын қалпына келтіру бойынша заңда көзделген барлық шараларды қолдануға міндетті.
845-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға
уәкілетті органның (лауазымды адамның) заңсыз
әрекеттерi нәтижесiнде келтiрiлген зиянның
өтелуіне құқығы бар адамдар
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi судьяның, органның (лауазымды адамның) кiнәсiне қарамастан, іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын заңсыз қолдану нәтижесiнде адамға келтiрiлген зиян республикалық бюджеттен толық көлемде өтеледi.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қарауға уәкiлеттi судьяның, органның (лауазымды адамның) заңсыз әрекеттерi нәтижесiнде келтiрiлген зиянды өтетуге:
1) осы Кодекстiң 726-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдардың;
2) егер іс бойынша iс жүргiзу әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзудi болдырмайтын мән-жайлардың болуына қарамастан басталса немесе олар анықталған кезден бастап қысқартылмаса, iс бойынша іс жүргізу өздеріне қатысты басталмауға тиiс, ал басталғаны осы Кодекстiң 722-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 1)-7) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша қысқартуға жататын адамдардың құқығы бар.
3. Жеке тұлға қайтыс болған жағдайда зиянның өтелу құқығы оның мұрагерлерiне өтеді.
4. Егер іс бойынша iс жүргiзу барысында ерiктi түрде өзiне-өзi кінә тағу жолымен ақиқатты ашуға кедергi келтiргендiгi және сол арқылы осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген зардаптардың түсуіне ықпал еткенi дәлелденген адамға зиянның өтелуi тиiс емес.
5. Осы баптың қағидалары осы баптың екiншi бөлiгiнiң 2) тармақшасында көрсетілген мән-жайлар болмаған кезде адамға қолданылған әкiмшiлiк жазаның және басқа да әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шараларының күшi жойылған немесе ескiру мерзiмiнiң өтуiне, әкiмшiлiк жауаптылықты жоятын немесе әкiмшiлiк жазаны жеңілдететін заңның қабылдануына байланысты өзгерген жағдайларға қолданылмайды.
846-бап. Өтелуге жататын зиян
Осы Кодекстiң 845-бабында аталған адамдардың мүлiктiк зиянның толық көлемде өтелуіне, моральдық зиян салдарының жойылуына және барлық іске аспаған немесе нұқсан келтiрiлген құқықтарының қалпына келтiрілуіне құқығы бар.
847-бап. Зиянның өтелуіне құқығын тану
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қарауға уәкiлеттi орган (лауазымды адам) адамды толық немесе iшiнара ақтау туралы шешiм қабылдап, оның зиянның өтелуіне құқығын тануға міндетті. Iстi қысқарту туралы, өзге де заңсыз шешiмдердiң күшiн жою немесе оларды өзгерту туралы қаулының көшiрмесi мүдделi адамға тапсырылады не поштамен жiберiледi. Сонымен бiрге оған зиянның өтелу тәртiбi түсiндiрiлген хабарлама жiберiледi. Зиянның өтелуіне құқығы бар қайтыс болған адам мұрагерлерiнiң, туыстарының немесе асырауындағылардың тұрғылықты жерi туралы мәлiметтер болмаған кезде, хабарлама олардың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қарауға уәкiлеттi органға (лауазымды адамға) жүгiнген күнінен бастап бес тәуліктен кешiктiрілмей оларға жiберiледi.
848-бап. Мүлiктiк зиянды өтеу
1. Осы Кодекстiң 845-бабында аталған адамдарға келтiрiлген мүлiктiк зиян:
1) олар айырылған еңбекақының, зейнетақының, жәрдемақының, өзге де қаражат пен табыстың;
2) судья қаулысының негiзiнде заңсыз тәркiленген немесе мүлiктiң өтелуін қамтиды. Мүлiктi қайтару мүмкiн болмаған жағдайда оның құны қайтарылады;
3) iстi шешуге уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) заңсыз қаулысын орындау мақсатында өндіріп алынған айыппұлдардың; iс жүргiзу шығындары мен заңсыз іс-әрекеттерге байланысты адам төлеген өзге де сомалардың;
4) заң көмегi көрсетілгені үшiн адамның төлеген сомаларының;
5) әкiмшiлiк жауапқа заңсыз тартылғаны нәтижесiнде келтiрiлген өзге шығындардың өтелуiн қамтиды.
2. Осы Кодекстiң 845-бабында көрсетілген құжаттардың көшiрмесiн зиянын өтеу тәртiбi туралы хабарламамен бiрге алған кезінде, осы Кодекстiң 850-бабының екiншi және үшiншi бөлiктерiнде аталған адамдар iстi қысқарту, өзге де заңсыз шешiмдердiң күшiн жою немесе оларды өзгерту туралы қаулы шығарған органға (лауазымды адамға) мүлiктiк зиянының өтелуі туралы талаппен жүгiнуге құқылы. Егер iстi жоғары тұрған орган (лауазымды адам) немесе сот қысқартса, зиянының өтелуі туралы талап заңсыз қаулы шығарған органға (лауазымды адамға) жiберiледi. Егер судья қараған iстi жоғары тұрған сот қысқартса, зиянның өтелуі туралы талап заңсыз қаулы шығарған судьяға жiберiледi. Кәмелетке толмағанды ақтаған жағдайда зиянның өтелуі туралы талапты оның заңды өкiлi мәлiмдей алады.
3. Арыз түскен күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей осы баптың екiншi бөлiгiнде аталған орган (лауазымды адам) қажет болған жағдайларда қаржы органдарынан және әлеуметтiк қамсыздандыру органдарынан есебiн сұрап ала отырып, зиянның мөлшерiн айқындайды, содан кейін инфляцияны ескере отырып, осы зиянды өтеуге төлем жасау туралы қаулы шығарады. Егер iстi сот қысқартса, аталған iс-әрекеттi iстi қараған судья жүргiзедi.
4. Елтаңбалы мөрмен куәландырылған қаулының көшiрмесi төлем жасауға мiндеттi органдарға ұсыну үшiн адамға тапсырылады немесе жолданады. Төлем жасау тәртiбi заңнамада белгiленедi.
849-бап. Моральдық зиянның зардаптарын жою
1. Адамды ақтау туралы шешiм қабылдаған орган (лауазымды адам) келтiрiлген зиян үшiн одан жазбаша нысанда ресми түрде кешiрiм сұрауға мiндеттi.
2. Келтiрiлген моральдық зиян үшiн ақшалай түрде өтемақы туралы қуынымдар азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен беріледі.
3. Егер адам әкiмшiлiк жауапқа заңсыз тартылса, ал бұл туралы мәлiметтер баспасөзде жарияланып, радио, теледидар немесе өзге де бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылған болса, онда бұл адамның талап етуi бойынша, ал ол қайтыс болған жағдайда – оның туыстарының немесе прокурордың талап етуi бойынша тиiстi бұқаралық ақпарат құралдары бiр ай iшiнде бұл туралы қажеттi хабарлама жасауға мiндеттi.
4. Осы Кодекстiң 845-бабында аталған адамдардың талап етуi бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi орган (лауазымды адам) өзінің заңсыз шешiмдерiнiң күшi жойылғаны туралы жазбаша хабарламаны он тәулік ішінде олардың жұмыс орнына, оқу орнына, тұрғылықты жерiне жiберуге мiндеттi.
850-бап. Талаптар қою мерзiмдерi
1. Мүлiктiк зиянды өтеуге ақшалай төлем жасау туралы талаптарды осы Кодекстiң 845-бабында аталған адамдардың осындай төлемдер жасау туралы қаулыны алған кезінен бастап бiр жыл iшiнде қойылуы мүмкін.
2. Өзге құқықтарды қалпына келтiру туралы талаптар құқықтарды қалпына келтiру тәртiбi түсiндiрiлген хабарлама алынған күннен бастап алты ай iшiнде қойылуы мүмкiн.
3. Бұл мерзiмдердi дәлелдi себептермен өткiзiп алған жағдайда, оларды мүдделi адамдардың арызы бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi орган (лауазымды адам) қалпына келтiруге тиіс.
851-бап. Заңды тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) заңсыз іс-әрекеттерiмен заңды тұлғаларға келтiрiлген зиянды мемлекет толық көлемде және осы тарауда белгiленген мерзiмде өтейдi.
852-бап. Құқықтарды қуынымдық тәртiппен қалпына келтiру
Егер ақтау немесе зиянды өтеу туралы талап қанағаттандырылмаса не адам қабылданған шешiммен келiспесе, ол азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен сотқа жүгiнуге құқылы.
49-тарау. Әкімшілік жауаптылықтан артықшылықтары мен
иммунитеттері бар адамдардың істері бойынша іс жүргізу
ерекшеліктері
853-бап. Қазақстан Республикасы Парламентiнің депутатына қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу талаптары мен тәртібі
1. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутатын өз өкiлеттiк мерзiмi iшiнде Қазақстан Республикасы Парламентi тиiстi Палатасының келiсiмiнсiз күштеп әкелуге, сот тәртiбiмен қолданылатын әкiмшiлiк жаза шараларына тартуға болмайды.
2. Депутатты сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соғатын әкiмшiлiк жауапқа тартуға, күштеп әкелуге келiсiм алу үшiн Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам депутаты болып табылатын Қазақстан Республикасы Парламентiнiң тиісті Палатасына ұсыным енгiзедi. Ұсыным әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс сотқа жiберiлер алдында, сондай-ақ депутатты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстерді қарауға уәкiлеттi сотқа, органға (лауазымды адамға) мәжбүрлеп жеткiзу қажеттiгi туралы мәселенi шешер алдында енгiзiледi.
3. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры енгізген ұсынымға Қазақстан Республикасы Парламентiнiң тиісті Палатасының шешімі ол түскен күннен бастап он бес тәулік iшiнде шығарылады.
4. Егер Қазақстан Республикасы Парламентiнiң тиiстi Палатасы депутатты сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соғатын әкiмшiлiк жауапқа тартуға келiсiм берсе, iс бойынша одан әрi iс жүргiзу осы бапта көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
5. Егер Қазақстан Республикасы Парламентiнiң тиiстi Палатасы күштеп әкелуге келiсiм берсе, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң бұл шарасын депутатқа қолдану туралы мәселе осы Кодексте белгiленген тәртiппен шешiледi.
6. Егер Қазақстан Республикасы Парламентiнiң тиiстi Палатасы депутатты сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соғатын әкiмшiлiк жауапқа тартуға келiсiм бермесе, іс бойынша iс жүргiзу осы негiзбен қысқартылуға тиiс.
7. Егер Қазақстан Республикасы Парламентiнiң тиiстi Палатасы күштеп әкелуге келiсiм бермесе, депутатқа осы Кодексте белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң өзге шаралары қолданылады.
8. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутатына қатысты сот тәртiбiмен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қараудың заңдылығын қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жүзеге асырады.
854-бап. Қазақстан Республикасының Президенттiгіне кандидаттың,
Қазақстан Республикасы Парламентiнің депутаттығына
кандидаттың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс
бойынша iс жүргiзу талаптары мен тәртібі
1. Қазақстан Республикасының Президенттiгіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттығына кандидаттарды олардың тiркелген күнiнен бастап сайлау қорытындылары жарияланғанға дейiн Орталық сайлау комиссиясының келiсiмiнсiз күштеп әкелуге, оларға сот тәртiбiмен қолданылатын әкiмшiлiк жаза шараларына тартуға болмайды.
2. Қазақстан Республикасының Президенттiгіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттығына кандидатты әкiмшiлiк жауапқа тарту туралы ұсынымды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс сотқа жiберiлер алдында енгiзедi.
3. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры енгізген ұсынымға Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының дәлелді шешімі ол түскен күннен бастап он күн ішінде шығарылады.
4. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Орталық сайлау комиссиясының шешiмiн алғаннан кейiн iс бойынша одан әрi іс жүргiзу осы Кодекстiң 795-бабында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
855-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің
Төрағасына немесе оның мүшесiне қатысты әкiмшiлiк
құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу талаптары
мен тәртібі
1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасын немесе мүшелерiн өз өкiлеттiк мерзiмi iшiнде Қазақстан Республикасы Парламентiнiң келiсiмiнсiз күштеп әкелуге, сот тәртiбiмен қолданылатын әкiмшiлiк жаза шараларына тартуға болмайды.
2. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасын немесе мүшелерiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соғатын әкiмшiлiк жауапқа тартуға, күштеп әкелуге келiсiм алу үшiн Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасының Парламентiне ұсыным енгiзедi. Ұсыным әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс сотқа жiберiлер алдында, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасын немесе мүшелерiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстерді қарауға уәкiлеттi сотқа, органға (лауазымды адамға) мәжбүрлеп жеткiзу қажеттiгi туралы мәселенi шешер алдында енгiзiледi.
3. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры енгізген ұсынымға Қазақстан Республикасы Парламентiнiң шешімі ол түскен күннен бастап он бес тәуліктен кешіктірілмей шығарылады.
4. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасы Парламентiнiң шешiмiн алғаннан кейiн iс бойынша одан әрi іс жүргiзу осы Кодекстiң 795-бабында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
5. Қазақстан Республикасының Президенттiгіне кандидатқа, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттығына кандидатқа қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзумен аяқталған іс осы Кодексте белгіленген тәртіппен бұл іс жүргізуді жүзеге асырған орган (лауазымды адам) Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры арқылы сотқа береді.
856-бап. Судьяға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс
бойынша iс жүргiзу талаптары мен тәртібі
1. Судьяны Қазақстан Республикасы Президентiнiң Республика Жоғары Сот Кеңесiнiң қорытындысына негiзделген келiсiмiнсiз не Қазақстан Республикасы Конституциясының 55-бабының 3) тармақшасында белгiленген жағдайда Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының келiсiмiнсiз күштеп әкелуге, сот тәртiбiмен қолданатын әкiмшiлiк жаза шараларына тартуға болмайды.
2. Судьяны сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соғатын әкiмшiлiк жауапқа тартуға, күштеп әкелуге келiсiм алу үшiн Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасының Президентiне, ал Конституцияның 55-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенатына ұсыным енгiзедi. Ұсыным әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс сотқа жiберiлер алдында, судьяны әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi сотқа, органға (лауазымды адамға) мәжбүрлеп жеткiзу қажеттiгi туралы мәселенi шешер алдында енгiзiледi.
3. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры енгізген ұсынымға Қазақстан Республикасы Президентiнің, Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының шешімі ол түскен күннен бастап он бес тәуліктен кешіктірілмей шығарылады.
4. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының шешiмiн алғаннан кейiн іс бойынша одан әрi іс жүргiзу осы Кодекстiң 795-бабында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
5. Судьяға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзумен аяқталған істі осы Кодексте белгіленген тәртіппен бұл іс жүргізуді жүзеге асырған орган (лауазымды адам) Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры арқылы сотқа береді.
857-бап. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорына қатысты
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу
талаптары мен тәртібі
1. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорын өз өкiлеттiк мерзiмi iшiнде Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының келiсiмiнсiз күштеп әкелуге, сот тәртiбiмен қолданылатын әкiмшiлiк жаза шараларына тартуға болмайды.
2. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорын сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соғатын әкiмшiлiк жауапқа тартуға, күштеп әкелуге келiсiм алу үшiн Бас Прокурордың бiрiншi орынбасары Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенатына ұсыным енгiзедi. Ұсыным әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс сотқа жiберiлер алдында, Бас Прокурорды әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстерді қарауға уәкiлеттi сотқа, органға (лауазымды адамға) мәжбүрлеп жеткiзу қажеттiгi туралы мәселенi шешер алдында енгiзiледi.
3. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бiрiншi орынбасары Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының шешiмiн алғаннан кейiн iс бойынша одан әрi іс жүргiзу осы Кодекстiң 801-бабында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры енгізген ұсынымға Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының шешімі ол түскен күннен бастап он бес тәуліктен кешіктірілмей шығарылады.
5. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты сот тәртiбiмен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараудың заңдылығын қадағалауды оның бiрiншi орынбасары жүзеге асырады./
6. Судьяға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзумен аяқталған іс осы Кодексте белгіленген тәртіппен бұл іс жүргізуді жүзеге асырған орган (лауазымды адам) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары арқылы сотқа береді.
858-бап. Судьяның Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
депутатына, Қазақстан Республикасы Конституциялық
Кеңесiнiң Төрағасына немесе мүшелерiне, судьяға,
Қазақстан Республикасының Бас прокурорына қатысты
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауы
1. Iстi қарау әкiмшiлiк жауаптылықтан артықшылықтары мен иммунитеттері бар адамдардың iстерi бойынша іс жүргiзу ерекшелiктерiмен бірге, жалпы ережелер бойынша жүргiзiледi.
2. Егер судья iстi қарағанға дейiн Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 4-тармағында, 71-бабының 5-тармағында, 79-бабының 2-тармағында, 83-бабының 3-тармағында аталған мемлекеттiк органдар күштеп әкелуге келiсiм беруден бас тартылған болса немесе мұндай келiсiм сұралмаса, судья осы Кодекстiң 853-бабының екiншi бөлiгiне сәйкес көзделген тәртiппен күштеп әкелуге келiсiм беру туралы ұсыным жасап, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутатына, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасына немесе мүшелерiне, судьяға, Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз ету шарасы ретiнде күштеп әкелуді қолдануға құқылы.
859-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықтан дипломатиялық иммунитеттері
бар адамдар
1. Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жауаптылықтан иммунитетті Қазақстан Республикасында мына адамдар пайдаланады:
1) шет мемлекеттер дипломатиялық өкiлдiктерiнiң басшылары, осы өкiлдiктердiң дипломатиялық персоналы мүшелерi және егер олар өздерiмен бiрге тұрып жатса және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса, олардың отбасы мүшелерi;
2) егер бұл қызметкерлер және олардың отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса немесе Қазақстанда тұрақты тұрмаса, өзаралық негiзде дипломатиялық өкiлдiктердiң қызмет көрсетушi персоналының қызметкерлерi мен олардың өздерiмен бiрге тұратын отбасы мүшелерi, Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, қызметтік мiндеттерiн орындау кезiнде өздері жасаған әрекеттерге қатысты консулдықтардың басшылары және консулдықтың басқа да лауазымды адамдары;
3) егер бұл қызметкерлер және олардың отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса немесе Қазақстанда тұрақты тұрмаса, өзаралық негiзде дипломатиялық өкiлдiктердiң әкiмшiлiк-техникалық персоналы қызметкерлерi және олардың өздерiмен бiрге тұратын отбасы мүшелерi;
4) дипломатиялық курьерлер;
5) шет мемлекеттердiң басшылары мен өкiлдерi, парламенттiк және үкiметтiк делегациялардың мүшелерi және өзаралық негiзде – Қазақстанға халықаралық келiссөздерге, халықаралық конференцияларға және кеңестерге қатысуға немесе басқа да ресми тапсырмалармен келетiн шет мемлекеттер делегацияларының қызметкерлерi не осындай мақсаттармен Қазақстан Республикасы аумағы арқылы транзитпен өтетіндер және олармен ілесіп жүретін аталған адамдардың отбасы мүшелері, егер бұл отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса;
6) халықаралық шарттар немесе жалпы танылған халықаралық әдет-ғұрып негiзiнде Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан халықаралық ұйымдардағы шет мемлекеттер өкiлдiктерiнiң басшылары, мүшелерi және персоналы, осы ұйымдардың лауазымды адамдары;
7) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетін, үшiншi елдегi шет мемлекеттердің дипломатиялық өкiлдiктерiнiң басшылары, өкiлдiктердің дипломатиялық персоналы мүшелерi және аталған адамдармен ілесіп жүретін немесе оларға қосылу үшін немесе өз елiне қайту үшiн бөлек бара жатқан олардың отбасы мүшелерi;
8) Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес өзге де адамдар.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1), 4)-7) тармақшаларында аталған адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес өзге де адамдар шет мемлекет иммунитет беруден айқын білдірген бас тарту ұсынған жағдайда ғана, әкiмшiлiк жауапқа тартылуы мүмкiн. Мұндай бас тарту туралы мәселе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi арқылы дипломатиялық жолмен шешiледi. Аталған адамдарға иммунитет беруден тиiстi шет мемлекеттiң бас тартуы болмаған кезде оларға қатысты әкiмшiлiк iс жүргiзу басталмайды, ал басталғаны қысқартылуға тиiс.
3. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң ережелерi, бұл адамдардың жасаған құқық бұзушылығы олардың өз қызметтік мiндеттерiн атқаруға байланысты болған және Қазақстан Республикасының мүдделерiне қарсы бағытталмаған жағдайларды қоспағанда, осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 2) және 3) тармақшаларында аталған адамдарға қолданылмайды.
860-бап. Дипломатиялық иммунитетті пайдаланатын адамдарды
тексеру, әкiмшiлiк ұстау және күштеп әкелу
1. Осы Кодекстiң 859-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 1), 4)-7) тармақшаларында санамаланып аталған адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес өзге де адамдар жеке басына қолсұқпаушылықты пайдаланады. Олардың өздерімен бірге дипломатиялық иммунитетті пайдаланатын адамдар ретінде олардың мәртебесін растайтын құжаттары өздерінің жанында бар болған кезде олардың әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн жеке басын тексеруге, ұстауға немесе күштеп әкелуге болмайды. Олардың өздерінде бар болған заттарына да тексеру жүргiзуге болмайды.
2. Егер шет мемлекет 859-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1), 4)-7) тармақшаларында көрсетілген адамдарға әкімшілік жауаптылықтан иммунитет беруден айқын білдірген бас тарту ұсынса, іс бойынша іс жүргізу жалпы тәртіппен жүзеге асырылады.
861-бап. Айғақтар беруден дипломатиялық иммунитет
Осы Кодекстің 859-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 1), 3)-6) тармақшаларында санамаланып аталған адамдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес өзге де адамдардың куә, жәбiрленушi ретiнде айғақтар беруiне болмайды, ал мұндай айғақтар беруге келiскен кезде бұл үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараушы судьяға, органға (лауазымды адамға) келуге мiндеттi емес. Аталған адамдарға тапсырылған сұрау үшiн шақыруда олардың келмегенi үшiн мәжбүрлеу шараларының қолданылу мүмкіндігі туралы ескерту қамтылмауға тиіс.
2. Егер бұл адамдар әкiмшiлiк iс жүргiзу барысында жәбiрленушiлер, куәлар ретiнде айғақтар берiп, ал iстiң қаралуына келмей қалған жағдайда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараушы судья, орган (лауазымды адам) олардың айғақтарын жария етеді.
3. Осы Кодекстiң 859-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 2) тармақшасында аталған адамдар өздерiнiң қызметтік мiндеттерiн орындауға байланысты мәселелерден басқа, куәлар және жәбiрленушiлер ретiнде айғақтар беруден бас тарта алмайды. Консулдық лауазымды адамдар куәлiк айғақтар беруден бас тартқан жағдайда оларға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қамтамасыз ету шараларын қолдануға болмайды.
4. Дипломатиялық иммунитетті пайдаланатын адамдар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараушы судьяға, органға (лауазымды адамға) өздерiнiң қызметтік міндеттерiн орындауға қатысты хат-хабарды және басқа да құжаттарды тапсыруға мiндеттi емес.
862-бап. Үй-жайлардың және құжаттардың дипломатиялық иммунитеті
1. Дипломатиялық өкiлдiк басшысының резиденциясы, дипломатиялық өкiлдiк орналасқан үй-жайлар, дипломатиялық персонал мүшелерiнiң және олардың отбасы мүшелерiнiң тұрғын үй-жайлары, оларда бар мүлiк және жүрiс-тұрыс құралдары қол сұқпайтын болып табылады. Бұл үй-жайларға кiрудi, оларды тексеріп қарауды, сондай-ақ жүрiс-тұрыс құралдарын тексерудi дипломатиялық өкiлдiк басшысының немесе оның орнындағы адамның келiсiмiмен ғана жүргiзуге болады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген иммунитет өзаралық негізде, егер бұл қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса, дипломатиялық өкiлдiктің қызмет көрсетушi персоналының қызметкерлерi және олардың өздерiмен бiрге тұратын отбасы мүшелерiнiң тұрғын үй-жайларына да қолданылады.
3. Консулдық орналасқан үй-жай және консулдық басшысының резиденциясы өзаралық негiзде қолсұқпаушылықты пайдаланады. Бұл үй-жайларға кiру, оларды тексеріп қарау тек тиiстi шет мемлекетінің консулдығы немесе дипломатиялық өкiлдiгi басшысының өтiнiшi бойынша немесе келiсуiмен ғана орын алуы мүмкiн.
4. Дипломатиялық өкiлдiктердiң және консулдықтардың мұрағаттары, ресми хат алысуы және басқа да құжаттары қол сұқпайтын болып табылады. Оларды дипломатиялық өкiлдiк, консулдық басшысының келiсiмiнсiз тексеріп қарауға және алып қоюға болмайды. Дипломатиялық пошта ашылмауға және кiдiртiлмеуге тиiс.
5. Осы баптың бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көрсетілген үй-жайларға кiруге, олардың ішіне тексеріп қарау жүргiзуге, сондай-ақ осы баптың төртiншi бөлiгiнде көрсетілген құжаттарды тексеріп қарауға және алуға дипломатиялық өкiлдiк немесе консулдық басшысының келiсiмiн прокурор Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi арқылы сұрайды.
6. Үй-жайларға кiруге,олардың ішіне тексеріп қарау жүргiзуге, сондай-ақ осы баптың төртiншi бөлiгiнде көрсетілген құжаттарды тексеріп қарауға және алуға дипломатиялық өкiлдiк немесе консулдық басшысының өтінішін немесе келiсiмiн алған жағдайда прокурордың және Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi өкiлiнiң қатысуымен жүргiзiледi.
50-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша
іс жүргізуді жүзеге асыратын органдардың шет мемлекеттердің
әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша құзыретті
мекемелерімен және лауазымды адамдарымен өзара іс-қимылы
863-бап. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша
құқықтық көмек көрсетудің жалпы талаптары
1. Қазақстан Республикасы құқықтық көмек туралы халықаралық шарт жасасқан шетел мемлекеттерiнiң соттарына, органдарына (лауазымды адамдарына) құқықтық көмек көрсету тәртібімен не өзаралық негiзде осы Кодексте көзделген iс-әрекеттер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да заңдары мен халықаралық шарттарында көзделген өзге де iс-әрекеттер жүргiзiлуi мүмкiн.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың ережелерi осы Кодекске қайшы келетiн жағдайда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, құқықтық көмек көрсетуге байланысты шығындарды сұрау салынған мекеме өз мемлекетiнiң аумағында өз мойнына алады.
864-бап. Ақпаратты және құжаттарды беру туралы сұрау салуларды
және жекелеген процессуалдық іс-әрекеттерді жүргізу
туралы тапсырмаларды жіберу
1. Ақпаратты және құжаттарды беру туралы сұрау салулар, жекелеген процессуалдық іс-әрекеттерді жүргізу туралы тапсырмалар Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда соттар, органдар (лауазымды адамдар) арасында жіберілуі мүмкін.
2. Ақпаратты және құжаттарды беру туралы сұрау салуды және жекелеген процессуалдық іс-әрекеттерді жүргізу туралы тапсырманы қандай сотқа, органға жіберуді айқындау мүмкін болмаған жағдайларда, олар сұрау салынатын Тараптың орталық органына жіберіледі.
3. Ақпаратты және құжаттарды беру туралы сұрау салу және жекелеген процессуалдық іс-әрекеттерді жүргізу туралы тапсырма жазбаша нысанда органның бланкісінде ресімделеді және:
1) тиісті Тараптың сұрау салынатын органының атауын;
2) тиісті Тараптың сұрау салушы органының атауын;
3) сұрау салушы Тараптың заңнамасына сәйкес қолданылатын заң мәтіні қоса берілген құқық бұзушылықтың және өзге де оған қатысты фактілердің егжей-тегжейлі сипаттамасын, тауарлардың құны туралы, залал мөлшері туралы мәліметтерді, әрекеттің заңдық саралануын;
4) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізіліп жатқан адамдардың, куәлардың аты, әкесінің аты, тегі, олардың тұрғылықты жері немесе келген жері, азаматтығы, кәсiбiнiң түрi, туған жері мен күні, заңды тұлғалар үшiн – олардың торлық атауы және орналасқан жерi (егер санамаланып аталған мәліметтер туралы ақпарат бар болса);
5) құжатты тапсыру туралы тапсырмада, сондай-ақ алушының нақты мекенжайы және тапсырылатын құжаттың атауы көрсетілген болуын;
6) ұсынылуға не орындалуға жататын мәліметтер мен іс-әрекеттер тізбесін (сауал жүргізу үшін қандай жағдайлардың анықталуы мен нақтылануы тиіс екендігі, сондай-ақ сауал жүргізілетін адамға қойылатын сұрақтардың жүйелілігі мен тұжырымдалуын көрсету қажеттілігі) қамтылуға тиіс.
4. Ақпаратты және құжатты беру туралы сұрау салу, жекелеген процессуалдық іс-әрекеттерді жүргізу туралы тапсырма сондай-ақ:
1) талап етілетін іс-шаралардың орындалу мерзімін көрсетуді;
2) сұрау салуда көрсетілген іс-шараларды белгіленген тәртіппен өткізу туралы өтінішхатты;
3) сұрау салушы Тарап органдары өкілдерінің сұрау салуда көрсетілген іс-шаралардың орындалуы кезінде қатысуға, сондай-ақ егер бұл Тараптардың заңнамасына қайшы келмесе, олардың орындалуына қатысу мүмкіндік беру туралы өтінішхатты;
4) сұрау салуды, тапсырманы орындауға байланысты өзге де өтінішхаттарды қамтуға тиіс.
5. Ақпаратты және құжаттарды беру туралы сұрау салуға және жекелеген процессуалдық іс-әрекеттерді жүргізу туралы тапсырмаға сұрау салушы органның басшысы немесе оның орынбасары қол қояды. Сұрау салуға, тапсырмаға сұрау салу, тапсырма мәтіндерінде сілтемелер берілген құжаттардың бар көшірмелері, олардың тиісінше орындалуына қажетті өзге де құжаттардың көшірмелері қоса берілуге тиіс.
6. Тараптардың органдары іс жүргізу құжаттарын пошта арқылы басқа Тараптың аумағында болған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуге қатысушыларға тікелей жіберуі мүмкін.
7. Қосымша мәліметтер алу, алдыңғы сұрау салуды немесе тапсырманы орындау шеңберінде алынған ақпаратты нақтылау қажеттігі кезінде ақпараттар мен құжаттарды беру туралы сұрау салуды, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша жекелеген процессуалдық іс-әрекеттерді жүргізу туралы тапсырманы қайталап жіберуге рұқсат беріледі.
865-бап. Ақпаратты және құжаттарды беру туралы сұрау салуларды
және жекелеген процессуалдық іс-әрекеттерді жүргізу
туралы тапсырмаларды орындау тәртібі
1. Сот, орган (лауазымды адам) өздеріне белгіленген тәртіппен берілген процессуалдық іс-әрекеттерді жүргізу туралы шет мемлекеттердің тиісті мекемелері мен лауазымды адамдарының тапсырмаларын осы Кодекстің жалпы қағидалары бойынша орындайды.
2. Егер де бұл Қазақстан Республикасының халықаралық шартында сол мемлекетпен көзделсе, тапсырманы орындау кезінде шет мемлекеттің іс жүргізу нормалары қолданылуы мүмкін.
3. Халықаралық шартта көзделген жағдайларда тапсырманы орындау кезінде басқа мемлекеттің құзыретті мекемесінің өкілі қатыса алады.
4. Егер сұрау салуды (тапсырманы) орындау мүмкін болмаса, алынған құжаттар оның орындалуына кедергі келтірген себептер көрсетіле отырып, тапсырма берген шетелдік мекемемеге қайтарылады. Егер тапсырманың орындалуы егемендігіне немесе қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін болса не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келсе, ол қайтарылады.
5-бөлiм. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулылардың орындалуы 51-тарау. Негізгі ережелер
866-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулының
заңды күшiне енуi
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы:
1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым берiлмесе немесе наразылық білдірмесе, оған шағым беру үшiн белгiленген мерзiм өткеннен кейiн;
2) шағым, наразылық бойынша ұйғарым шығарылғаннан кейiн, сондай-ақ осы Кодекстiң 821-бабында көзделген жағдайда қаулы шығарылғаннан кейiн дереу заңды күшiне енедi.
867-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының мiндеттiлiгi
1. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы барлық мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, лауазымды адамдардың, жеке тұлғалардың және олардың бiрлестiктерiнiң, заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi.
2. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы ол заңды күшiне енген кезден бастап орындалуға тиіс.
3. Арнайы құқықтан айыру түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы ол шығарылған кезден бастап орындалуға тиіс.
868-бап. Қаулыны орындауға жолдау
Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындауға жолдау қаулыны шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) жүктеледi. Қаулы оны орындайтын уәкiлеттi органға (лауазымды адамға) ол заңды күшiне енген күннен бастап бiр тәулiк iшiнде жiберiледi. Арнайы құқықтан айыру түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы оны орындайтын уәкiлеттi органдарға ол шығарылғаннан кейiн дереу жiберiледi.
869-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындау
1. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны осы Кодексте белгiленген тәртiппен соған өкілеттік берілген органдар орындайды.
2. Бiр адамға қатысты әкiмшiлiк жаза қолдану туралы бiрнеше қаулы шығарылған жағдайда, әр қаулы дербес орындалады.
3. Адамның әкiмшiлiк жазадан жалтаруы, бұл жазаны заңнамаға сәйкес мәжбүрлеу тәртiбiмен орындауға әкеп соғады.
870-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындауға
байланысты мәселелердi шешу
1. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны шығарған органға (лауазымды адамға) осы қаулыны орындауға байланысты мәселелердi шешу және оның орындалуын бақылау жүктеледi.
2. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуын кейiнге қалдыру, мерзімін ұзарту, тоқтата тұру немесе қысқарту, сондай-ақ кәмелетке толмаған адамға салынған айыппұлды оның ата-анасынан немесе олардың орнындағы адамдардан өндiрiп алу туралы мәселелердi қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) тиiстi мәселенi шешу үшiн негiз пайда болған күннен бастап үш күн мерзiмде қарайды.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетілген мәселелердiң шешiлуiне мүдделi адамдарға олардың қаралатын орны мен уақыты туралы хабарланады. Бұл ретте мүдделi адамдардың дәлелдi себептерсiз келмей қалуы тиiстi мәселелердi шешу үшiн кедергi болмайды. Әкiмшiлiк қамауды өтеуден жалтару туралы мәселенi қарау кезiнде әкiмшiлiк қамауға алынған адамның қатысуы мiндеттi болып табылады.
4. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетілген мәселелер бойынша шешiм қаулы түрiнде қабылданады.
5. Қаулының көшiрмесi өзіне қатысты қаулы шығарылған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне, сондай-ақ өзінің өтiнiшi бойынша жәбiрленушiге дереу қолхатпен тапсырылады. Аталған адамдар болмаған жағдайда қаулының көшiрмесi ол шығарылған күннен бастап үш күн iшiнде жiберiледi, бұл туралы iсте тиiстi жазба жасалады.
871-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының
орындалуын кейiнге қалдыру және мерзімін ұзарту
Арнайы құқықтан айыру немесе айыппұл салу (әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде айыппұл өндiрiп алуды қоспағанда) түрінде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының заңда белгiленген мерзiмдерде орындалуын мүмкiн етпейтiн мән-жайлар болған кезде қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) өзiне қатысты қаулы шығарылған адамның арызы бойынша қаулының орындалуын бiр айға дейiнгi мерзiмге кейiнге қалдыра алады. Әкiмшiлiк жауапқа тартылған адамның материалдық жағдайын ескере отырып, қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) айыппұл төлеудi үш айға дейiнгi мерзiмге ұзартуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Үкіметі «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының екінші бағытына қатысушы тұлғаға салық берешегін төлеу мерзімін кейінге қалдыру туралы шешім қабылдаған жағдайда, мұндай тұлғаға әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы шығарған салық органы мұндай тұлғаның айыппұл түрінде 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Үкіметі шешім шығарған күнге дейін жиналып қалған салық берешегіне қатысты өз қаулысының орындалу мерзімін осындай шешімде көрсетілген мерзімге кейінге қалдыру туралы шешім қабылдайды.
Екінші деңгейдегі банкке және (немесе) бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және екінші деңгейдегі банк болып табылмайтын ұйымға қайта құрылымдау жүргізу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі бар болған кезде, олардың өтініштері бойынша әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны, қаулы шығарған судья, орган (лауазымды адам) екінші деңгейдегі банкке және (немесе) бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және екінші деңгейдегі банк болып табылмайтын ұйымға қайта құрылымдауды тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кейінге қалдыруы мүмкін.
872-бап. Әкiмшiлiк жазаны орындаудан босату
Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам):
1) әкiмшiлiк жауаптылық белгiленетiн заңның немесе оның жекелеген ережелерiнiң күшi жойылған;
2) егер әкімшілік жауаптылықты белгілейтін заңның немесе оның жекелеген ережелерінің немесе әрекетті әкімшілік құқық бұзушылық ретінде саралау соған байланысты болатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы осы істе қолданылуға жататын өзге де нормативтік құқықтық актінің, оларды Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі конституциялық емес деп тануы салдарынан күші жойылған;
3) әкiмшiлiк жауапқа тартылған адам қайтыс болған немесе заңда белгiленген тәртiппен ол қайтыс болған деп хабарланған;
4) осы Кодекстің 873-бабында белгіленген әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындаудың мерзімі өткен;
5) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексін қолданысқа енгізу туралы заңнамалық актісінде көзделген жағдайларда қаулының орындалуын қысқартады және әкiмшiлiк жазадан босатады.
873-бап. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындау
мерзімінің өтуі
1. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы, егер ол заңды күшіне енген күннен бастап бір жыл ішінде, ал Қазақстан Республикасының салық салу және монополияға қарсы заңнама саласындағы құқық бұзушылық үшін ол заңды күшіне енген күннен бастап бес жыл ішінде орындалмаса, ол орындалуға жатпайды.
2. Қаулының орындалуы осы Кодекстiң 816-бабына сәйкес тоқтатыла тұрған жағдайда мерзiмнiң өтуi шағым немесе наразылық қаралғанға дейiн тоқтатыла тұрады.
3. Егер әкiмшiлiк жауапқа тартылған адам оны орындаудан жалтарса, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген мерзiмнiң өтуiне үзiліс жасалады. Бұл жағдайда мерзiмнің өтуін есептеу бұл адам табылған күннен бастап қайта жалғастырылады.
4. Осы Кодекстiң 871-бабына сәйкес қаулының орындалуы кейiнге қалдырылған жағдайда мерзiмнiң өтуi кейiнге қалдыру мерзiмi бiткенге дейiн тоқтатыла тұрады, ал қаулының орындалу мерзімі ұзартылған кезде мерзiмнiң өтуi ұзартылған мерзімге созылады.
874-бап. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындау
жөніндегі іс жүргізудің аяқталуы
1. Жаза толық орындалып, жазаның орындалғаны туралы белгі қойылған әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны, оны орындаған орган қаулыны шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) қайтарады.
2. Орындау жүргізілмеген немесе орындау толық жүргізілмеген әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда және тәртіппен әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны шығарған, хаттама жасаған органға (лауазымды адамға) қайтарылады.
52-тарау. Әкімшілік жазаның жекелеген түрлерін орындау тәртібі
875-бап. Ескерту жасау туралы қаулының орындалуы
Ескерту түрiндегi әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны осы Кодекстiң 805-бабына сәйкес қаулының көшiрмесiн тапсыру немесе жiберу жолымен қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) орындайды.
876-бап. Айыппұл салу туралы қаулыны өз еркімен орындау
1. Айыппұлды әкімшілік жауапқа тартылған адам қаулының заңды күшіне енген күнінен бастап отыз тәуліктен кешіктірмей төлеуге тиіс.
Айыппұлды осы Кодекстiң 871-бабында көзделген кейiнге қалдыру жағдайында әкiмшiлiк жауапқа тартылған адам кейінге қалдыру мерзімі өткен күннен бастап төлеуге тиiс.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін салынған айыппұлды, кейіннен айыппұл салу туралы қаулыны шығарған, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама берген судьяға немесе органға (лауазымды адамға) жазбаша нысанда хабарлай отырып, белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджетке жеке тұлға төлейді немесе заңды тұлға аударады.
877-бап. Жеке тұлғаға, дара кәсіпкерге, жеке нотариусқа, жеке
сот орындаушысына және адвокатқа айыппұл салу туралы
қаулыны мәжбүрлеп орындату
1. Айыппұл салу туралы қаулыны сот, уәкілетті орган (лауазымды адам) жауаптылыққа тартылған адамның еңбекақысынан немесе өзге де табыстарынан айыппұл сомасын мәжбүрлеу тәртiбiмен ұстап қалу үшiн ол жұмыс iстейтiн не сыйақы, зейнетақы, стипендия алатын ұйымның әкiмшiлiгiне жiбередi. Айыппұл ұстау алты айдан аспайтын мерзiмде жүргізіледі. Айыппұлды өндiрiп алу кезектілігі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген тәртiппен жүргiзiледi.
2. Жауапқа тартылған адам жұмыстан шығып кеткен не оның еңбекақысынан немесе өзге де табыстарынан айыппұл өндіріп алу мүмкiн болмаған жағдайларда, ұйымның әкiмшiлiгi жұмыстан босатылған немесе өндіріп алудың мүмкiн болмауына әкеп соғатын оқиға болған күннен бастап он күн мерзiмде, жауапқа тартылған адамның жаңа жұмыс орнын (егер ол белгiлi болса), өндiрiп алудың мүмкiн болмау себептерiн көрсетiп, сондай-ақ жүргiзiлген ұстап қалулар (егер мұндай жүргiзiлсе) туралы белгi соғылған айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы қаулыны шығарған сотқа, уәкілетті органға қайтарады.
3. Егер айыппұл салынған жеке тұлға жұмыс iстемесе немесе басқа да себептер бойынша айыппұлды еңбекақысынан немесе өзге де табыстарынан өндiрiп алу мүмкiн болмаса, қаулыны шығарған сот, уәкілетті орган айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы заңнамада көзделген тәртiппен мәжбүрлеп орындату үшiн мемлекеттік сот орындаушысына жiбередi.
4. Салық қызметiнiң органдары қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ дара кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға қатысты салық салу саласындағы өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша айыппұл салу туралы қаулыны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен салық қызметiнiң органдары орындайды.
878-бап. Заңды тұлғаға айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп
орындату
1. Айыппұл салу туралы қаулыны сот, уәкiлеттi орган (лауазымды адам) заңды тұлғаның банк шотынан оның келiсiмiнсiз Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында, Қазақстан Республикасының ақша төлемдері мен аударымдары туралы және атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен ақшаны алып қою үшiн сот орындаушысына жiбередi.
Салық қызметiнiң органдары қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ салық салу саласындағы өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша айыппұл салу туралы қаулыны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен салық қызметiнiң органдары орындайды.
2. Банк немесе банк операцияларының өзге түрлерін жүзеге асыратын ұйым айыппұл сомасын белгіленген тәртіппен бюджетке аударуға міндетті.
3. Заңды тұлғаның шоттарында ақша болмаған жағдайда сот орындаушысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес борышкерге тиесілі басқа мүліктен өндіріп алады.
879-бап. Айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындатуға
жіберудің тәртібі
1. Айыппұл салу туралы қаулы немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама сот орындаушыларына айыппұл салу туралы қаулыны ерікті түрде орындау мерзімі өткеннен кейін он күн ішінде жіберіледі.
Сот орындаушысына айыппұл салу туралы қаулыны немесе айыппұл төлеу қажеттiгi туралы нұсқаманы жіберген кезде оған мемлекет кірісіне айыппұл сомасының түспегені туралы мәліметтер қоса беріледі. Әкімшілік жаза жеке тұлғаға қатысты салынған жағдайда зейнетақы түсімдерінің болуы туралы мәліметтер қосымша қоса беріледі.
2. Осы Кодекстің талаптары бұзыла отырып, мәжбүрлеп орындатуға жіберілген айыппұл салу туралы қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама әкімшілік жазаны қолданған мемлекеттік органға қайтарылады.
3. Айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы жойылған кемшіліктерімен әкімшілік жаза қолданған органға қайтару, оларды мәжбүрлеп орындатуға қайта жіберу үшін кедергі болмайды.
880-бап. Әкімшілік жазалардың жекелеген түрлерін орындау
тәртібі
1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық қызметінің органы жіберген (тапсырған) салық органына келу туралы алынған хабарлама және (немесе) хабарлау қағазы негізінде құқық бұзушылықты жасау фактісін мойындаған және айыппұлды төлеумен келіскен адам хабарлама немесе хабарлау қағазы алынған (тапсырылған) күннен кейінгі күннен бастап он тәулік ішінде айыппұлды төлейді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар сондай-ақ олардың берілген күні, жаза қолданған лауазымды адамның қызметі, тегі, аты, әкесінің аты туралы мәліметтерді, әкімшілік жауаптылыққа тартылған адам, осы құқық бұзушылық үшін жауаптылық көздейтін осы Кодекстің бабы, әкімшілік құқық бұзушылық жасалған уақыт және орын, әкімшілік айыппұлдың сомасы, айыппұлды төлеу үшін реквизиттер туралы мәліметтерді қамтиды.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген талаптар орындалмаған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу осы Кодексте көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
881-бап. Айыппұл салу туралы қаулының орындалуы жөніндегі iс
жүргiзудiң аяқталуы
Айыппұл толық өндіріп алынған айыппұл салу туралы қаулы оның орындалғаны туралы белгi қойылып, қаулыны шығарған органға (лауазымды адамға) қайтарылады.
882-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы
болған затты, сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылық
жасау салдарынан алынған мүлікті тәркілеу туралы
қаулының орындалуы
1. Судьяның әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған затты, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлікті, оның ішінде табыстарды (дивидендтерді), ақшаны және бағалы қағаздарды тәркілеу туралы қаулыны заңнамада көзделген тәртіппен сот орындаушысы, ал қаруды, оқ-дәрiлерді, арнайы жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдарын және есірткі заттарын тәркілеу туралы қаулыны iшкi iстер органы орындайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған тәркіленген затты өткізу немесе одан әрі пайдалану Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргiзiледi.
883-бап. Арнайы құқықтан айыру туралы қаулыны орындайтын
органдар
1. Тракторларды, өздiгiнен жүретiн машиналарды және техниканың басқа да түрлерiн қоспағанда, судьяның көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыру туралы қаулысын iшкi iстер органдарының лауазымды адамдары орындайды.
2. Судьяның тракторды, өздiгiнен жүретiн машинаны немесе техниканың басқа да түрлерiн жүргiзу құқығынан айыру туралы қаулысын өздiгiнен жүретiн машиналар мен техниканың басқа да түрлерiнiң техникалық жай-күйiне мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдары орындайды.
3. Судьяның кемелердi, соның iшiнде шағын көлемдi кемелердi жүргiзу құқығынан айыру туралы қаулысын кемелердi, соның iшiнде шағын көлемдi кемелердi пайдалану қағидаларын сақтауға мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдары орындайды.
4. Судьяның радиоэлектрондық және жоғары жиiлiктегi құралдарды пайдалану құқығынан айыру туралы қаулысын байланысқа мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдары орындайды.
5. Судьяның аң аулау құқығынан айыру туралы қаулысын аң аулау қағидаларын сақтауға мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдары орындайды.
6. Соттың қаруды алып жүру және сақтау құқығынан айыру туралы қаулысын iшкi iстер органдарының лауазымды адамдары орындайды.
884-бап. Арнайы құқықтан айыру туралы қаулыны орындау тәртiбi
1. Көлiк құралдарын, кемелердi немесе техниканың өзге де түрлерiн жүргiзу құқығынан айыру туралы қаулыны орындау, егер жүргiзушi, кеме жүргiзушiсi немесе тракторшы-машинист (тракторшы) көлiк құралдарының, кемелердiң (соның iшiнде шағын көлемдi кемелердiң) және басқа да техниканың барлық түрлерiн жүргiзу құқығынан айырылған болса, тиiстi жүргiзушi куәлiгiн, кемелердi (соның iшiнде шағын көлемдi кемелердi) жүргiзуге құқық берілген куәлiктi немесе тракторшы-машинист (тракторшы) куәлiгiн алып қою арқылы жүргiзiледi.
2. Егер жүргiзушi, кеме жүргiзушiсi немесе тракторшы-машинист (тракторшы) көлiк құралдарының, кемелердiң (соның iшiнде шағын көлемдi кемелердiң), немесе өзге де техниканың барлық түрлерiн жүргiзу құқығынан айырылмаған болса, онда жүргiзушi куәлiгiнде, шағын көлемдi кеменi жүргiзу құқығы берілген куәлiкте немесе тракторшы-машинист (тракторшы) куәлiгiнде оның көлiк құралдарының, шағын көлемдi кемелердiң, өздiгiнен жүретiн құрылғылардың қандай түрлерiн жүргiзу құқығынан айырылғаны белгі қойылады.
3. Көлiк құралдарын немесе кеме жүргiзу құқығы берілген куәлiктi алып қою тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
4. Көлiк құралдарын, кеменi не тракторды жүргiзу құқығынан немесе өзге де өздiгiнен жүретiн машинаны жүргізу құқығынан айырылған жүргiзушi (кеме жүргiзушiсi) немесе тракторшы-машинист (тракторшы) жүргiзушi куәлiгiн, кеме жүргiзу құқығы берілген куәлiктi немесе тракторшы-машинист (тракторшы) куәлiгiн беруден жалтарған жағдайда, iшкi iстер органдары, кемелердi, соның iшiнде шағын көлемдi кемелердi пайдалану қағидаларының сақталуына мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдар, сондай-ақ өздiгiнен жүретiн машиналар мен техниканың басқа да түрлерінің техникалық жай-күйiне мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдар белгiленген тәртiппен жүргiзушi куәлiгiн, кеме жүргiзу құқығы берілген куәлiктi немесе тракторшы-машинист (тракторшы) куәлiгiн алып қояды.
5. Әкiмшiлiк жазаның осы түрi қолданылған адамға арнайы құқығынан айыру мерзiмi өткеннен кейiн алынып қойған құжаттар белгiленген тәртiппен қайтарылады.
885-бап. Аң аулау құқығынан айыру туралы қаулыны орындау
тәртiбi
1. Аң аулау құқығынан айыру туралы қаулыны орындау аң аулау билетiн алып қою арқылы жүргізіледі.
2. Аң аулау құқығынан айырылған адам аң аулау билетiн беруден жалтарған жағдайда, аң аулау қағидаларын сақтауға мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдардың аң аулау билетiн алып қоюы белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
886-бап. Радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиiлiктегi
құрылғыларды пайдалану құқығынан айыру туралы қаулыны
орындау тәртiбi
1. Радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиiлiктегi құрылғыларды пайдалану құқығынан айыру туралы қаулыны орындау радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиiлiктегi құрылғыларды пайдалануға арнайы рұқсатты алып қою арқылы жүргiзiледi.
2. Радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиiлiктегi құрылғыларды пайдалану құқығынан айырылған адам радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиiлiктегi құрылғыларды пайдалануға арнайы рұқсатты тапсырудан жалтарған жағдайда, тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiленген тәртiппен радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалануға арнайы рұқсатты алып қоюды жүзеге асырады.
3. Радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиiлiктегi құрылғыларды пайдалануға арнайы рұқсатты алып қою тәртiбiн ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
887-бап. Қаруды алып жүру және сақтау құқығынан айыру туралы
қаулыны орындау тәртiбi
Қаруды алып жүру және сақтау құқығынан айыру туралы қаулының орындалуын iшкi iстер органдары заңнамада белгiленген тәртiппен тиiстi куәлiкті және қаруды алып қою арқылы жүргізеді.
888-бап. Лицензиядан, арнайы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан
(куәлiгiнен) айыру не олардың белгiлi бiр қызмет
түрiне қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулыны орындау
Дара кәсiпкердi немесе заңды тұлғаны лицензиядан, арнайы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiгiнен) айыру не белгiлi бiр қызмет түрiне оның қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулы осы Кодексте және лицензиялау туралы заңнамада белгiленген тәртiппен орындалады.
889-бап. Лицензиядан, арнайы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан
(куәлiгiнен) айыру не олардың белгiлi бiр қызмет
түрiне қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулыны
орындайтын органдар
Дара кәсiпкердi немесе заңды тұлғаны лицензиядан, арнайы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiгiнен) айыру не оның белгiлi бiр қызмет түрiне қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулыны лицензияны, арнайы рұқсатты, бiлiктiлiк аттестатын (куәлiгiн) берген органдардың лауазымды адамдары орындайды.
890-бап. Лицензиядан, арнайы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан
(куәлiгiнен) айыру не олардың белгiлi бiр қызмет
түрiне қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулыны орындау
тәртiбi
1. Дара кәсiпкердi немесе заңды тұлғаны лицензиядан, арнайы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiгiнен) айыру туралы қаулы лицензияны, арнайы рұқсатты, бiлiктiлiк аттестатын (куәлiгiн) алып қою арқылы орындалады.
2. Дара кәсiпкер немесе заңды тұлға лицензияны, арнайы рұқсатты, бiлiктiлiк аттестатын (куәлiгiн) тапсырудан жалтарған жағдайда, лицензияны, арнайы рұқсатты, бiлiктiлiк аттестатын (куәлiгiн) берген орган лицензияны, арнайы рұқсатты, бiлiктiлiк аттестатын (куәлiгiн) алып қоюға немесе олардың белгiлi бiр қызмет түрiне қолданылуын тоқтата тұруға заңнамада көзделген шараларды қолданады.
891-бап. Лицензиядан, арнайы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан
(куәлiгiнен) айыру не олардың белгiлi бiр қызмет
түрiне қолданылуын тоқтата тұру мерзiмдерiн есептеу
1. Лицензиядан, арнайы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiгiнен) айыру не олардың белгiлi бiр қызмет түрiне қолданылуын тоқтата тұру мерзiмi лицензиядан, арнайы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiгiнен) айыру (қолданылуын тоқтата тұру) туралы қаулы заңды күшiне енген күннен бастап есептеледi.
2. Белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысуға лицензиядан, арнайы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiгiнен) айыру мерзiмi өткеннен кейiн сол әкiмшiлiк жаза шарасы қолданылған адам лицензияны заңнамада белгiленген тәртiппен алады.
Белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысуға лицензияның, арнайы рұқсаттың, бiлiктiлiк аттестатының (куәлiгiнiң) қолданылуын тоқтата тұру мерзiмi өткеннен кейiн, сол әкiмшiлiк жаза шарасы қолданылған адамға одан алынып қойған лицензия, арнайы рұқсат, бiлiктiлiк аттестаты (куәлiгi) белгiленген тәртiппен қайтарылады.
3. Лицензияның, арнайы рұқсаттың, бiлiктiлiк аттестатының (куәлiгiнiң) қолданылуы әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыда көрсетілген күннен бастап және сонда көрсетiлген мерзiмге тоқтатыла тұрады.
892-бап. Қызметтi тоқтата тұру не оған тыйым салу туралы
қаулыны орындау
1. Заңды тұлғаның немесе дара кәсiпкердiң қызметiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны судья шығарады және оны шешiмнің заңды күшiне енгеніне қарай заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе дара кәсiпкер дереу орындауға тиiс.
2. Еңбек шарттары бойынша есептеулерді, өздерінің қызметi нәтижесiнде келтiрiлген шығындардың орнын толтыруды және айыппұлдарды төлеудi қоспағанда, заңды тұлғаның және дара кәсiпкердiң қызметiн тоқтата тұру кезеңiнде олардың банк салымдарын пайдалану құқығы тоқтатыла тұрады. Қоғамдық бiрлестiктiң қызметiн тоқтата тұру кезеңiнде оған бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануға, үгiт және насихат жүргiзуге, митингiлер, демонстрациялар және көпшiлiкке арналған басқа да іс-шараларды өткiзуге, сайлауға қатысуға тыйым салынады. Егер қызметiн тоқтата тұру белгiленген мерзiм iшiнде қоғамдық бiрлестiк бұзушылықты жойса, онда қаулыда көрсетілген мерзiм өткеннен кейiн қоғамдық бiрлестiк өз қызметiн қайта жалғастырады.
3. Заңды тұлға құрылтайшысының (басқарушы органның, лауазымды адамның) немесе дара кәсiпкердiң қызметiн тоқтата тұру не оған тыйым салу түрiндегi судья қолданған әкiмшiлiк жаза өз еркiмен орындалмаған жағдайда, қаулыны уәкiлеттi орган атқарушылық iс жүргiзу тәртiбiмен орындайды.
893-бап. Қызметiн тоқтата тұру не оған тыйым салу туралы
қаулыны орындау тәртiбi
1. Уәкiлеттi лауазымды адам ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң жұмысын iшiнара немесе толық тоқтата тұрады, ғимараттарды, құрылыстарды, жекелеген үй-жайларды, қоймаларды, электр желiлерiн, жылыту аспаптарын пайдалануға тыйым салады.
2. Заңды тұлғаларды тiркеудi жүзеге асыратын орган заңды тұлғаның қызметiне тыйым салу (оны тарату) туралы шешiмдi ала отырып, заңнамада көзделген қызметке тыйым салу (оны тарату) тәртiбiнiң сақталуын тексередi және он күн iшiнде заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылғанын тiркейді, бұл жөнінде мемлекеттiк статистика саласындағы уәкілетті органға хабарланады.
894-бап. Қаулының мүлiктiк залалды өтеу бөлiгiнде орындалуы
Осы Кодекстiң 56-бабына сәйкес өндiрiп алынуға тиiстi мүлiктiк залалды өтеу бөлiгiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы заңнамада белгiленген тәртiппен орындалады.
895-бап. Қазақстан Республикасынан шетелдiктер мен азаматтығы
жоқ адамдарды әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу туралы
қаулыны орындау
1. Қазақстан Республикасынан шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу туралы қаулыны орындау шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды аумағына аталған адам шығарып жiберiлетiн шет мемлекет өкiметiнiң өкiлiне ресми беру не Қазақстан Республикасынан шығарып жiберiлетiн адамның бақылау жасалына отырып, өз бетiнше кетуi арқылы жүргiзiледi.
2. Егер шығарып жiберiлетiн адамды шет мемлекет өкiлiне беру Қазақстан Республикасының аталған мемлекетпен шартында көзделмеген болса, шығарып жiберу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі айқындайтын орында жүзеге асырылады.
3. Егер шығарып жiберу Қазақстан Республикасының аталған мемлекетпен шартында көзделсе, шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пунктінен шығарып жiберу туралы аумағына (аумағы арқылы) аталған адам шығарып жiберiлетiн шет мемлекеттiң өкiметi хабардар етiледi.
4. Әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу туралы қаулыны орындау екiжақты немесе бiржақты акт түрiнде ресiмделедi.
896-бап. Қазақстан Республикасынан шетелдiктер мен азаматтығы
жоқ адамдарды әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу туралы
қаулыны жүзеге асыратын органдар
Қазақстан Республикасынан шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу туралы қаулыны:
1) осы Кодекстiң 497-бабының екiншi бөлiгiнде және 798-бабының үшінші бөлігінде көзделген құқық бұзушылықтар жасалған кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметi;
2) осы Кодекстiң 103, 474 (алтыншы бөлігі), 475 (үшінші, жетінші бөліктері), 480 (екінші бөлігі), 481 (екінші бөлігі), 501 (төртінші бөлігі), 511 (төртiншi бөлiгi) -баптарында көзделген құқық бұзушылықтар жасалған кезде iшкi iстер органдары орындайды.
897-бап. Жол жүрiсi қағидаларын бiлудi тексеру туралы қаулыны
орындау
Жол жүрiсi қағидаларын бiлудi тексеру туралы қаулыны заңнамада белгiленген тәртiппен ішкi iстер органдары орындайды.
898-бап. Қаулыны медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын
қолдану бөлiгiнде орындау тәртiбi
Қаулыны медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану бөлiгiнде денсаулық сақтау органдарының ұйымдары заңнамада белгiленген тәртiппен орындайды.
53-тарау. Қорытынды ережелер
899-бап. Осы Кодексті қолдану тәртібі
Осы Кодексті қолданысқа енгізгенге дейін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті соттың, органдардың (лауазымды адамдардың) шығарған және орындалмаған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулылары, оларды заң әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін немесе жоятын не әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның жағдайын өзге түрде жақсартатын жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңның кері күшін белгілейтін осы Кодекстің 5-бабына сәйкес келтіру мақсатында қайта қаралуға тиіс. Бұрын шығарылған қаулыларды қайта қарауды адамның арызы бойынша оған қатысты қаулы шығарған соттың судьясы, органның лауазымды адамы жүргізеді.
900-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат; 2013 жылғы 25 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дербес деректер және оларды қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы Кодекс алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті