2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 130-бабына, 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 51-бабына және 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 213-бабы 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Бадам орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесінің жалпы алаңы 60,5571 гектар жер учаскесі мемлекеттік орман қоры жерлері санатынан елді мекендер жерлері санатына ауыстырылсын.
2. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджет кірісіне өтеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 1 қарашадағы
№ 1160 қаулысына
қосымша
Орман қоры жерлері санатынан елді мекендер жерлері санатына
ауыстырылатын жерлердің экспликациясы
Р/с |
Жер пайдаланушының атауы |
Жалпы алаңы, гектар |
оның ішінде: |
|||||
орманды жерлер |
алаңдар |
жайылым |
шабындық |
жолдар |
өзге де жерлер |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
1 |
Оңтүстік Қазақстан облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Бадам орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесі |
60,5571 |
50,9571 |
- |
- |
- |
- |
9,6 |
ЖИЫНЫ: |
60,5571 |
50,9571 |
- |
- |
- |
- |
9,6 |