"Конкурстан тыс рәсімдер арқылы 2013 - 2015 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 353 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 қарашадағы № 1161 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Конкурстан тыс рәсімдер арқылы 2013 - 2015 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 353 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы 10), 11), 12) және 13) тармақшалармен толықтырылсын:
      «10) ЭКСПО - 2017 шеңберінде 2013 - 2017 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының таза энергия көздерін әзірлеу;
      11) Қазақстан Республикасының аумағында жалпы сейсмикалық аймаққа бөлудің 2013 - 2015 жылдарға арналған картасын әзірлеу;
      12) эпидемиялық өзекті өңірлерде жабайы фаунаны қауіпті патогендердің болуына мониторингілеу және зерделеу және Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 2013 - 2015 жылдарға арналған кешенді профилактикалық іс-шараларды әзірлеу;
      13) 2013 - 2015 жылдарға арналған қазақ жазуын жаңа ұлттық әліпбиге көшірудің ғылыми негіздерін кешенді зерттеу.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     C. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады