«Cыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазимпэкс» республикалық орталығы» акционерлік қоғамының Алматы қаласы, Сәтпаев көшесі, 7-үй мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы алаңы 0,4194 га іргелес жер учаскесі бар, теңгерімдік құны 87 982 228,42 (сексен жеті миллион тоғыз жүз сексен екі мың екі жүз жиырма сегіз) теңге 42 тиын ғимаратты республикалық меншікке сыйға тарту шарты бойынша беру туралы ұсынысына келісім берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов