Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 қарашадағы № 1182 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 213 және 120-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне тиесілі тұрақты жер пайдалану құқығындағы жалпы алаңы 13,8372 га жер учаскелері өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер санатынан Алматы қаласының әкімдігіне әкімшілік бағынысты болатын елді мекендердің жерлері санатына ауыстырылсын.
      2. Алматы қаласының әкімі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери клиникалық госпиталін орналастыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
      3. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери клиникалық госпиталін Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 қазандағы № 984 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 8 қарашадағы
№ 1182 қаулысына   
қосымша       

Елді мекендердің жері санатына ауыстырылатын өнеркәсіп, көлік,
байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына
арналған және өзге де ауыл шаруашылығы
мақсатына арналмаған жерлердің
экспликациясы

Р/с

Ауыстырылатын жер учаскесінің жалпы алаңы, гектар

Жер учаскесінің орналасқан жері

Ауыстырылатын жер учаскесінің мақсатты арналуы

1.

9,9792

Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Красногорская көшесі, 2/2

Қорғаныс мұқтажына арналған объектілерді орналастыру

2.

3,858

Алматы қаласы, Медеу ауданы, Фурманов көшесі, 222

Орталық госпитальді пайдалану үшін


13,8372



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады