Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң әскери клиникалық госпиталiн Алматы қаласының коммуналдық меншiгiне беру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 1 қазандағы N 984 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 қарашадағы № 1182 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.11.2013 № 1182 қаулысымен.

      "Мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Алматы қаласы әкiмiнiң Алматы қаласы, Фурманов көшесi, 222 мекен-жайында орналасқан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери клиникалық госпиталiн (бұдан әрi - госпиталь) республикалық меншiктен Алматы қаласының коммуналдық меншiгiне беру туралы ұсынысы қабылдансын.

      2. Алматы қаласының әкiмi госпитальдi қабылдап алумен бiр мезгiлде Алматы қаласында госпитальдi орналастыру үшiн салынған мүлiктiк кешендi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiне берсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Алматы қаласының әкiмдiгiмен бiрлесiп, белгiленген тәртiппен госпитальдi Алматы қаласының коммуналдық меншiгiне және госпитальдi орналастыруға арналған мүлiктiк кешендi республикалық меншiкке қабылдап алу-беру жөнiндегi қажеттi ұйымдастыру шараларын жүзеге асырсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады