"Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесiн халықаралық қатынаста қолдану қағидасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 13 тамыздағы № 923 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 1211 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 783 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.09.2015 № 783 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесiн халықаралық қатынаста қолдану қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 13 тамыздағы № 923 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51, 708-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесiн халықаралық қатынаста қолдану қағидасында:
      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қағида меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде мынадай автокөлік құралдарына иелік ететін жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға қолданылады:»;
      19-тармақтың 4) тармақшасындағы «тасымалдауға беріледі.» деген сөздер «тасымалдауға;» деген сөзбен ауыстырылсын;
      19-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) бір бағытта орындалатын автомобиль тасымалдарына беріледі.»;
      27-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыру кезінде халықаралық қатынаста жолаушыларды автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысуға арналған лицензиясы болған кезде береді.»;
      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «28. Көліктік бақылау комитеті отандық тасымалдаушыларға күнтізбелік бір жылға қолдану мерзімімен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарды халықаралық қатынаста жолаушыларды автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысуға арналған лицензиясы болған кезде береді.»;
      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «44. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк рейстен керi бағытта бара жатқан шетелдiк жүк автокөлiк құралына Қазақстан Республикасының аумағында ілеспе жүк тиеуге Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өтуі үшін қосымша рұқсаты болған кезде ғана рұқсат етіледі.
      Егер автокөлік құралы тіркелген елге тасымалдау жоспарланған болса, қосымша отандық рұқсаттың болуы қажет.
      Егер үшінші елге (елден) тасымалдау жоспарланған болса, қосымша үшінші елге (елден) рұқсаттың болуы қажет.»;
      47-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «47. Өз мемлекетінің тіркеу және айырым белгісінсіз Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүретін шетелдік автокөлік құралының жүріп өтуі, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше ескерілмесе, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым сомасы төленгеннен кейін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде немесе кеден органдары Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде беретін транзиттік жол жүруге арналған рұқсат негізінде жүзеге асырылады.»;
      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «48. Мемлекеттерімен рұқсат беру құжаттарының бланкілерін тепе-тең айырбастау жүргізілмеген шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүруі, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше ескерілмесе, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым сомасы төленгеннен кейін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде немесе кеден органдары Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде беретін транзиттік жол жүруге арналған рұқсат негізінде жүзеге асырылады.
      Егер келісімдерде Қазақстан Республикасының аумағына шетелдік автокөлік құралдарының кіруі (шығуы) үшін рұқсат бланкілерін сату көзделетін болса, шетелдік тасымалдаушылар көліктік бақылау функцияларын жүзеге асыратын құзыретті органдардан тиісті рұқсатқа сұрау салады.
      Көрсетілген рұқсат оған Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде, теңіздегі өткізу пункттерінде немесе Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген ставкалар бойынша автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өтуі үшін алым сомасы төленгеннен кейін беріледі.».
      2. Осы қаулы 1-тармақтың алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтарын қоспағанда, 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады