1995 жылғы 26 мамырдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы көрмелік-жәрмеңкелік және конгрестік қызметті дамыту туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қарашадағы № 1244 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 1995 жылғы 26 мамырдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы көрмелік-жәрмеңкелік және конгрестік қызметті дамыту туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. 1995 жылғы 26 мамырдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы көрмелік-жәрмеңкелік және конгрестік қызметті дамыту туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қойылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Жоба

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 18 қарашадағы
№ 1244 қаулысымен  
мақұлданған      

1995 жылғы 26 мамырдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы
көрмелік-жәрмеңкелік және конгрестік қызметті дамыту туралы
келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын 1995 жылғы 26 мамырдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы көрмелік-жәрмеңкелік және конгрестік қызметті дамыту туралы келісімге (2008 жылғы 23 мамырдағы өзгерістермен) (бұдан әрі – Келісім) қатысушы мемлекеттердің үкіметтері,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы көрмелік-жәрмеңкелік және конгрестік қызмет жөніндегі мемлекетаралық кеңес туралы ережеде:
      1. I-бөлімде. Жалпы ережелер:
      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Кеңес көрмелік-жәрмеңкелік және конгрестік қызмет саласындағы ТМД-ның салалық ынтымақтастық органы болып табылады.
      4. Кеңес өз қызметінде ТМД Үкіметтері басшыларының кеңесіне есеп береді»;
      мынадай мазмұндағы 5, 6, 7-тармақтармен толықтырылсын:
      «5. Кеңес өз қызметінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Жарғысын, ТМД Мемлекеттері басшылары кеңесінің, Үкіметтері басшылары кеңесінің, Экономикалық кеңесінің шешімдерін, Достастық шеңберінде қабылданған халықаралық шарттар мен шешімдерді және осы Ережені басшылыққа алады.
      6. Кеңес ТМД Мемлекеттері басшыларының кеңесі, Үкіметтері басшыларының кеңесі, Сыртқы істер министрлерінің кеңесі және Экономикалық кеңесі қабылдаған шешімдердің орындалуын ұйымдастырады және үйлестіреді.
      7. Кеңес ТМД Атқарушы комитетімен, Достастықтың басқа да органдарымен, қажет болған жағдайда басқа халықаралық ұйымдардың хатшылықтарымен, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарымен өзара іс-қимыл жасайды.
      Кеңес ТМД-ның Атқарушы комитетіне өз қызметі туралы ақпаратты жыл сайын ұсынады.»;
      2. ІІІ бөлімде. Орындаушы органдар:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Кеңес құрамына кеңесші дауыс беру құқығымен салалық ынтымақтастық органдары хатшылықтарының басшылары, сондай-ақ ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері кіруі мүмкін».
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Кеңесті оның жұмысын ұйымдастыратын Төраға басқарады.
      Кеңесте төрағалық ету Кеңестің әрбір мүшесі кезек-кезегімен ротация қағидаты негізінде Келісімге қатысушы мемлекеттер атауларының орысша әліпбиі тәртібінде, әдетте, егер Кеңес шешімімен өзгеше белгіленбесе, бір жылдан аспайтын мерзімге жүзеге асырылады.
      Алдыңғы және кейінгі Кеңес төрағалары оның тең төрағалары болып табылады.
      Кеңес Төрағасы уақытша болмаған жағдайда оның міндеттері тең төрағалардың біріне жүктеледі.
      Кеңестің құрамына Кеңес Төрағасының орынбасары болып табылатын Кеңестің Атқарушы дирекциясының Атқарушы директоры кіреді. Кеңес Төрағасы орынбасарының функциялары Кеңес шешімімен айқындалады.
      Төраға ТМД Мемлекеттері басшылары кеңесінің, Үкіметтері басшылары кеңесінің, Экономикалық кеңесінің отырыстарында, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттермен Кеңестің қызметіне байланысты мәселелер бойынша қатынастарда Кеңесті білдіреді.»;
      мынадай мазмұндағы 6, 7-тармақтармен толықтырылсын:
      «6. Кеңестің қызметін ұйымдастырушылық-техникалық және ақпараттық қамтамасыз етуді Атқарушы директор басқаратын Кеңестің Атқарушы дирекциясы жүзеге асырады.
      Атқарушы директорды Кеңес төрағасының ұсынуымен Кеңес тағайындайды және босатады.
      Атқарушы дирекция Кеңес шешімдерінің, оның жұмысы жоспарының орындалуын ұйымдастырады, Кеңес төрағасының тапсырмасы бойынша Кеңес қызметінің құзыретіне кіретін басқа мәселелерді шешеді.
      Атқарушы дирекция, оның құрылымы, шығыстар сметасы және қызметкерлер саны туралы ережені Кеңес бекітеді.»;
      «7. Кеңестің Атқарушы дирекциясының қызметін қаржыландыру бюджеттен тыс қаражат есебінен жүзеге асырылады.
      Кеңес отырыстарын өткізуді қаржыландырумен байланысты шығыстар Келісімге қатысушы қабылдаушы мемлекеттің тиісті мемлекеттік билік органдары есебінен жүзеге асырылады. Кеңестің мүшелері мен отырыс қатысушыларын іссапарға жіберуге жұмсалатын шығыстарды жіберуші мемлекеттік билік органдары мен Келісімге қатысушы мемлекеттердің ұйымдары жүзеге асырады.».

2-бап

      Осы Хаттама депозитарийге Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы хабарламаны алған күнінен бастап күшіне енеді.
      20__ жылғы «___» _____________ қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жіберетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады.

      Әзербайжан Республикасының
      Үкіметі үшін

Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін

      Армения Республикасының
      Үкіметі үшін

Тәжікстан Республикасының
Үкіметі үшін

      Беларусь Республикасының
      Үкіметі үшін

Түркіменстан Республикасының
Үкіметі үшін

      Қазақстан Республикасының
      Үкіметі үшін

Өзбекстан Республикасының
Үкіметі үшін

      Қырғыз Республикасының
      Үкіметі үшін

Украинаның
Үкіметі үшін

      Молдова Республикасының
      Үкіметі үшін


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады